Latin Common Turkic

Спартак - 18

Total number of words is 4084
Total number of unique words is 2129
35.0 of words are in the 2000 most common words
50.0 of words are in the 5000 most common words
57.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бейнебір қылмыс істеп қойғандай қысылады.
Сондықтан Спартактың жаңа жеңісі туралы хабарды Арторикс
фракиялықтың шатырына бару үшін қуана-қуана пайдаланды. Қызбен
көрісу үшін бұдан өткен орынды сылтау болуы мүмкін емес деп
ойлады ол, орынсыз кіділікпен бұл сияқты өте қуанышты хабарды
Мирцаға жеткізбеу барып тұрған балалық та емес, тіпті есуастық
болатынына өзінің көзін əбден жеткізуге тырысты.
Осыдан соң алып ұшқан қуанышты жəне үмітке толы жүрекпен
қызға қарай жүгіргенде, оны көргенде өзінің апшысын қуырып ала
жөнелетін əлдеқандай бір албыртпа сөлекеттікті жеңемін деп
ұмтылған-ды. Ол қызбен жауынгер ер адамша ашық жəне батыл
сөйлесуге, өзінің бүкіл ішкі сырын оған ашып салуға белбайлады,
өйткені, деп ойлады Спартактың шатырына жақындай бере, бұл
таңқаларлық жəйіт күндерде бір күн тынуға тиіс.
Алайда, Арторикс Мирцаның қасына келісімен-ақ, бұл сияқты
тамаша ойларының бəрі тозғындап алды- алдына кетті де,
шалдуарлық істеген жерінде ұстаздың қолына түскен баладай
момақан болды да қалды; төкпек болған сөз тасқындары бірден
тартылды; оның бас-аяғы, бірі мен бірінің байланысы жоқ, ешқандай
естиярлық мағынасыз тек бірнеше сөз айтуға ғана мұршасы əрең келді.
Қыздың екі беті оттай ду етіп қызара қалған еді, аз күрмелістен
кейін, ол Арторикске сəл қалтыраңқы дауыспен, мұнысына орнықты
сипат бере:
— Өзің-ақ айтшы, Арторикс, ағасының ерлік істері жайында
қарындасына осылайша əңгімелей ме екен? — деді.
Мұны естіген жігіт қызараңдап қысылып қалған еді, дегенмен
алғашқыдай емес, бойы үйрене келе жандəрмен жөнеу тауып, Аквинум
жанындағы ұрыс жайында курьерлер əкелген хабарды қызға бастанаяқ түгел баяндап шықты.
— Спартак жарақаттанғаннан аман ба екен? — деп сұрады Мирца,
гладиатордың əңгімесін күдіктене қадағалай отырып.—Рас қой,
жараланған жоқ қой?.. Дін аман екені рас па?..
— Атай көрме! Саналуан қауіп-қатерден бұл жолы да бойына дəнеңе
дарытпай өтіпті.
— Ah, оның құдаймен де күш сынасудан таймайтын сол ерлігі,—деді
Мирца баяу үнмен,— мені сағат сайын, минут сайын үлкен уайымға
душар етіп қойған жоқ па?
— Қорықпа, аяулы бикеш; Спартактың қолында семсер тұрғанда,
оны ешбір қару ала алмайды.
— Əлбетте,— деді қыз күрсініп,— мен оның Аякстей алып екеніне
сенемін де, бірақ атса — оқ шапса — қылыш өтпес Ахиллес емес қой.
— Əділетті ісімізді желеп-жебеуші құдіреті күшті құдайлар
көсеміміздің ғазиз жанын сақтамас деймісің.
Осыдан соң екеуі де үн-түнсіз тына қалды.
Мүсінді жəне беденді аққұба қызға Арторикс махаббатты жүрекпен
егіле қарады.
Төмен қарап кеткен Мирца жігіттің өзіне көз тастап тұрғанын
көрмесе де, сезгендей болды жəне ғашық оты лаулаған сол көз
жанарына сүйсінгендей де, сонымен одан қысылып қымтырылғандай
да.
Бұл тым-тырыс бас аяғы бір минуттай уақытқа созылған еді. Соның
өзі де қызға бір ғасырдай болды; ақырында, басын көтерді де,
Арторикске тура қарап:
— Бүгін легионыңды үйрету үшін сыртқа алып шықпайтын ба едің?
— деді.
— Мирца, қасыңда тұрғанымды ұнатпағаның ғой, мұның? — деді
бұл сұрауға қатты қапаланған жігіт.
— Жоқ, Арторикс, атай көрме? — деп салды қыз алды-артын
байқамай жатып, бірақ іле-шала аузын тыйя қойып, қып-қызыл болып
кетті де, тұттыға сөйлеп тағы да:
— Жай əншейін... өз міндетіңе, əдетте өте ұқыпты қарайтын едің
дегенім ғой...— деді.
— Спартактың жеңісін мерекелеу үшін Крикс бүгін легиондарға
демалыс берген.
Осы араға келгенде əңгімесі тағы үзілді.
Бір мезетте Мирца шатырына қайтып баруға батыл бет түзеді де,
гладиаторға туралап қарамастан:
— Қош, Арторикс,—деді.
— Тоқта, Мирца, тыңда мені, көптен бері көкірекке түйіп келген
саған айтар сырым бар... мұны қайткен күнде де бүгін айтып тынуым
керек!—деді Арторикс аптыға сөйлеп, қыз кетермен болған соң; өзінің
ішкі сырын ақтармайынша оның қыздан айрылғысы келмеді.
— Не айтпақ едің маған? Не сөйлеспексің менімен? — деп сұрады
жас галлдың сөзіне таңырқаудан да гөрі жабырқаған Мирца.
— Ендеше... тыңдай бер... жəне ғапу ет мені... айтайын дегенім...
айтпақ болғаным... бірақ сен сөзіме өкпелей керме... өйткені... мен
кінəлі емес... оның соңында... енді, міне екі ай болды...
Бас жоқ, аяқ жоқ бірдеңелерді ол осылайша былдырақтай келіп,
төбеге ұрғандай тұрды да қалды. Бірақ кешікпей-ақ сөз дегеніңіздің
арма бұзған тасқындай түйдек-түйдегімен жөңкімесі бар ма:
— Сенен несін жасырайын? Өзімнің жүріс-тұрысымнан, əрбір
сөзімнен, көз жанарым мен тыныстап демалуымнан да сайрап көрініп
тұрған, бұдан əрі бүркеп қалуға ешбір дəрменім жоқ, ашыналықты
сенен жасырмақ болмағым қай əуре? Мені бұған дейін тізгіндеп келген
сені өкпелетіп алармын деген қауіп, үзілді-кесілді күдер үзу
қорқынышы, мені жақтырмай ма деген күдік еді, ал қазір жүректі
елжіреткен көз қарасына, тəтті үніне ынтықдап, өзімді саған
етпеттеткен күшке қарсы тұрар менде дəрмен қалған жоқ; өзіме аян,
бұдан əрі бұл сияқты азапта, əбігерде тіршілік ете алмаймын жəне
тіршілік еткім де келмейді... Мен сені сүйемін, қадірлі Мирца, қасиетті
туымыздай, Спартактай сүйемін сені, өз жанымнан анағұрлым
артықсың маған. Егер осылайша сүюмен көңіліңе қаяу салып ренжітер
болсам, кеш: өз еркімнен де басым бір сиқырлы күш жан жүйемді
билеп, илан маған, мен оның əмірінен шыға алмадым!
Ол қатты тебірене, қалтыраңқы үнмен шыққан сөздерін осылайша
аяқтады да, қыз алдына бас иіп, дағаты қалмай оның шешімді жауабын
күтті.
Жас жігіттің жалынды сөздерін Мирца да аса күшті əсермен,
тебірене тыңдады; көз шарасы үлкейіп барып, мөлтілдеген жасқа
толды. Арторикс сөзін аяқтаған шақта, қыз жүрегін тербеткен күшті
сезім шегіне кəміл жетсе керек, ол демін екі иығынан деміге зорға
алды. Бірсыпыра уақыт бойы қыз сілейіп табан серіппестен тұрды;
жасып ірке алмады, жас жігіттің өзіне иген ақшудан басын аянышты
көз жанарымен аймалай берді. Аздан соң қыз жыламсыраған, баяу
үнмен тіл қатты:
— Ақ, Арторикс! Мені ешуақытта да есіңе алмағаның дұрыс еді, өз
махаббатыңды білдірмесең, ол тіпті жақсы еді.
- Демек, сен үшін мен барымнан жоғым артық жексұрын болғаным
ба? — деп сұрады галл мұңды кейіппен, сұп-сұр болған жүзін жоғары
көтеріп.
- Бейкүнə, абзал жігіт, мен үшін сенің барыңнан жоғың артық емес,
жеккөрінішті де емессің. Ең дəулетті деген қыз, атақты деген ару сенің
махаббатыңды мақтаныш етсе болғандай. Бірақ жүрегіңдегі сол
махаббатты батыл ерлікпен біржолата сөндіру үшін оны...
— Неге? Неліктен? — деп сұрады мұңды, жалбарынышты
гладиатор, қызға қарай қолын жая.
— Неге десең,— деді Мирца, жасқа булыққан баяу үнмен,— сен мені
сүйе алмайсың... неге десең, екеуміздің арамызда сүйіспеншілік болуы
мүмкін емес...
— Не дедің? Бұл қалай? Не айтып тұрсың? — деп қыз сөзін тағы да
бөліп жіберді жігіт, оны қолынан ұстап алайын дегендей, бірнеше
қадам ілгері аттай түсіп.— Не айттың?.. Мүмкін емес дедің бе?.. Heгe
мүмкін емес?..— деп ол жан ұшырғандай дауыстап жіберді.
- Мүмкін емес! – деді қыз бекем, əрі қайғылы үнмен. – Мүмкін емес
деймін саған!
Осыдан соң ол шатырына қарай қадам басты. Бірақ Арторикс
соңынан қалмай ере ұмтылған соң, тоқтай қалды да, оң қолын жоғары
сермей, жабырқаң дауыспен:
— Дəм-тұздың аруағы үшін енді қайтып бұл шатырға бас
сұқпауыңды сұраймын... Мұны саған Спартак атынан бұйырамын!—
деді.
Қадір тұтқан көсем есімін естіген Арторикс басын төмен иіп, тар
еңіреп қоя берді де, ойда-жоқта тап болған бақытсыздық зілі жаншып
мең-зең болған күйі тұрып қалды.
Көкірегін шер алған Мирца жүзі қу шүберектей болып, көз жасын
əpeң іркіп, шатырға барып енді.
Жаны жаралы галл есін жия алмай тұрып, естілер-естілмес үнмен
ауық-ауық күбірлей берді:
— Мүм... кін... емес... Мүм... кін... емес...
Оны бұл күйден лагерь оркестрінің айналаны басына көтерген
қатты үні құтқарды.
Самайдан лыпып соққан қан серпінін басу үшін, басып екі қолымен
қыса ұстап алған Арторикс, мас адамдай теңселе басын преторийден
кетіп бара жатты.
Гладиаторлардың шатырларынан өлең, күй жəне көңілді дауыстар
естіледі: əскерлер Спартактың Аквинум жанындағы жеңісін келістіре
мерекелемек болған.
Бұл уақытта Спартак өзінің үш жүз аттыларын бастап, Римге қарай
төпеп келе жатты. Аппий жолының бойымен, бас-аяғы үш жүз ғана
кісімен күндіз жүруге тəуекел еткісі келмеген Спартак түн қатып, ал
таң ата орман ішіне немесе патрицийлердің жол бойынан оңаша
пиллаларына бой тасалаумен отырды. Аквинум лагерінен шыққаннан
кейін үшінші күні түн ортасында ол Лабикке келіп жетті.
Гладиаторлардың көсемі аттыларына қауіпсіз бір бекініске
орналасуды бұйырды да, отряд командирі самнитті шақырып алып,
оған мені осы арада жиырма төрт сағат күтіңдер деп тапсырды. Егер
бұл уақыттың ішінде қайта орала алмаса, онда отряд осы келген
жолдарымен Аквинум лагеріне қайтып жүре беруге тиіс болды.
Сөйтті де, ол жалғыз өзі жолға түсіп Тускулумге тартты да кетті.
Бұл ежелгі қаланы аясына ала жатқан барқыттай, белестердің
үстінде рим патрицийларының виллалары самсап көрінеді, олар
Лациумның гауһардай таза ауасында демалу үшін жаз айларында
осында жиналатын.
Қалаға екі мильдей қалғанда, Спартак жер жыртуға шыққан бір
шаруадан, Сулланың жесір əйелі Валерия Мессаланың вилласының қай
тұста екенін сұрады. Дəл мегзеген шаруаға алғыс айтты да, Спартак
атып тебіне түсіп, оның сілтеген жөніне қарай шаба жөнелді. Виллаға
айтқанша-ақ келіп жетті. Дулығасының бет пердесін көзіне түсірді де
привратникке қоңырау соқты.
Привратник үй басқарушысын оятуға жəне оған консул Лукуллдың
армиясындағы Марк Валерий Мессала Нигер когорталарының бір
солдаты Валерияға немере ағасынан аса маңызды хабар əкеліп тұр деп
хабарлауға көнбей-ақ қойды.
Спартак привратникті зорға көндірген еді, үй басқарушысымен
біраз сөйлескен соң, мұның анадан да өткен бір қарыспа неме екеніне
көзі жетті.
Үй басқарушысы Спартактың ешбір сылтауына көнбеді, түн ішінде
ханымның тиышын алып, оны ерте оята алмаймын деп болмады.
— Онда мақұл,— деді Спартак, ойлағанына жету үшін амал
қолдануға белбайлап,— мақұл; қайрымды жан, өзін грекше хат
танимысың?
— Мен грек əріптері таңбасын танымаймын, неге десең, тіпті латын
əріптерінің өзін де шала танимын жəне неге десең...
— Сонда да Мессала қолыма беріп, өзінің немере қарындасына
жолдаған хатты оқып бере алатын осы виллада, бəлки, бір грек-құл
немесе басқа да біреу-міреу бар шығар?
Үй басқарушы не деп жауап берер екен деген күдікпен, сауытының
астынан пергамент іздеген болды. Егер вилладан грекше хат білетін
құл табыла қалса, онда Спартак хатты жоғалтып алдым дегелі тұр.
Бірақ үй басқарушы қатты бір күрсініп қойып, басын шайқап:
— Осы вилладағы құл атаулының бəрі — грегі де, грек емесі де
гладиаторлардың лагеріне қашып кетті...— деді.
Сөйтті де даусын бəсеңдете түсіп, тағы да:
— Құдіреті күшті Юпитер арам ниет гладиатордың қарғыс атқан
гладиатордың күлін көкке ұшырар-ау! — деді.
Мұны ашып тұрған адамның шал екеніне де қарамастан, алғашта
ашу кернеп кеткен Спартак оны періп жібере жаздады. Бірақ өзін-өзі
ұстап, Валерияның үй басқарушысынан:
— Гладиаторларды боқтағанда сен даусыңды неге бəсеңдеттің? —
деп сұрады.
— Неге деймісің...— деді сасып қалған үй басқарушы,— неге десең,
Спартактың бұрынғы иесі Валерияның семьясы мен оның ері — ұлы
Сулла болатын, ол осылардың гладиаторларының ланистасы еді... ал
біздің аяулы ханым Валерияның—құдайым оны желеп-жебеп, дегеніне
жеткізе берсін — сол Спартакты ұлы адам деп санайтын бір осал жері
бар... оған зəредей кіршік жуытқысы келмейді.
— Өзі бір салдақы əйел болды ғой!..— деді Спартак əдейі қайтер
екен деп.
— Ой, мына оңбаған солдат қайтеді? — деді жұлып алғандай, екі
қадамдай шегініп кеткен күйі, үй басқарушы əңгімелесіп тұрған
адамының бас-аяғына түксие қарап,— біздің аса қадірменді ханымға
тіл тигізгендей ойың бар-ау, өзіңнің!
— Ал керек болса!.. Менде оған тіл тигізейін деген ешбір ой жоқ...
Бірақ ол зерделі рим матронасы болса, гладиаторды неге жақтайды...
— Мұның дұрыс... Мен айтпадым ба... осал жері сол деп...
— А солай де, түсіндім. Бірақ бұл сияқты осалдықты сөгуге
тұрарлық іс деп сен құл санамағанмен, азат адам, мен оны нақ солай
деп танимын.
— Бірақ бəріне де Спартак айыпты!
— Плутонның скипетріне аян, əрине, солай!.. Мен де осыны айтқан
болатынмын — бəріне де айыпты сол Спартак. Ғазиз матронаның
көңілін аударуға батылы барып жүргенінші...
— Ол — асқан зымиян гладиатор емес пе!
— Спартак саған нендей жаманшылық істеді? Оған мұнша неге
өшіктің?
— Маған не жаманшылық істеді деймісің? Сен менен оның қандай
жаманшылық істегенін сұрап тұрсың ғой?
— Соны сұрап тұрмын, өйткені есіткен құлақта жазық жоқ деген, ол
бұзық барлық құл атаулыға азаттық жариялапты, сен де сол
құлдардың бірісің, дұрысына көшетін болсақ, сен де сол жалғаншыға
ниеттес болуға тиіссің ғой.
Ол үй басқарушының жауабын күтіп тұрмай, тағы да:
— Егер қасақана жасырып тұрмасаң...— деп қойды.
— Мен жасырамын ба... менің жасыра қойғаным!.. Мақшар күні
мүңкір-нəңкір алдында Минос жарылқағырдың айтып тұрған сөзін!..
Мені жасырады дегенді қайдан шығарып тұрсың?.. Сол жексұрын
Спартак есуастық əрекетімен мені зор бақытсыздыққа душар етіп
қойған жоқ па? Мен құл да болсам, екі балам бірдей өз қолымда
тұрғанда жұрттан асқан бақытты жан едім. Екі бірдей қыршын еді! Сен
оларды көрген болсаң! Сен оларды білген болсаң! Екеуі егіз еді,
құданың рақманымен сұлу жаралған жəне Кастор мен Поллукстей
біріне-бірі ұқсас еді.
Ал жарайды, солай-ақ болсын. Ол балаларыңа не болды?
— Олар гладиаторлардың лагеріне кетіп қалды, міне үш айдың жүзі
болды, олардан ешбір хабар-ошарсыз отырмын... ол, тірісін де
білмеймін! Кім біледі, не боларын... О, Самниумның желеп-жебеушісі
ұлы Сатурн, сүйікті ұлдарымды өлімнен қақас ете көр!
Осыны айтты да шал еңіреп қоя берді, бұған Спартактың жаны
ашып, қабырғасы қайысты..
Бір минут өткен соң Спартак үй басқарушыға:
— Сонымен Спартактың құл атаулыға азаттық əперем деуі дұрыс
емес деп ойлайды екенсің ғой? Балаларыңның оған кетіп қалуы да қате
болған ғой?— деді.
— Самниумның желеп-жебеуші барлық құдайлары куə. Əрине,
Римге қарсы көтерілу — жақсы нəрсе емес. Сол есуас гладиатордың
ойлағаны қандай азаттық болды екен? Мен Самниум тауында
еркіндікте туып өстім. Азамат соғысы басталды. Біздің көсемдеріміз:
«өзімізге жəне бүкіл италия халқына азаматтық праволар аламыз!»—
деп даурықты. Біз көтеріліс жасадық, басымызды өлімге тігіп,
шайқасқа шықтық... Ақыры не болды... Самниумның еркін өскен
малшысы, мен, Мессала əулетінің құлы болдым. Бір жақсысы əйтеуір,
бұл сияқты бекзада ізгі адамдарға кез келдім. Еркін өскен самниттің
əйелі де күң болды. Балаларын да сол күңдікте жүріп тапты. Осы араға
келгенде шал сəл тыныс алды; содан соң сөз аяғын сабақтай түсіп
былай деді:
- Есуастық... арман!.. Бос қиял... Дүние ежелден-ақ төрелер мен
құлдарға, байлар мен кедейлерге, тектілер мен плебейлерге бөлініп
келді жəне солай бөліне де бермек... Бос арман... қиял... Соның соңында
ғазиз жандардың — біздің балаларымыздың қаны босқа төгіліп келеді.
Не үшін? Құлдар азат-ақ болсын, ал сол азаттық үшін балаларым өліп
кетсе, одан маған не пайда? Бұл азаттық маған не керек? Көз жасымды
селдетіп төгу үшін керек пе? Ал, тіпті менің балаларым тірі-ақ,
қалсын... Айталық, дегеніміз болып, күні ертең мен де, олар да азат
болайық. Ал, сонан соң? Ол бостандықпен не мұратқа жетеміз,
қолымызда дəнеңе жоқ, құралақан отырып? Қазіргі уақытта аса
қайрымды ханымнан керегіміздің бəрін алып, үріп ішіп, шайқап төгіп
отырмыз, ал ертең азаттық алған біз, болымсыз ақы үшін біреудің егіс
даласына жұмыс істеуге барады екенбіз, ол алғанымыз күнелтуге
жетпейді екен... Алған азаттығымыз... аштан өлу болса, онда жетіседіақ екенбіз! Шын бақытқа қолымыз жетеді екен!..
Үй басқарушы қарт сөзін осымен аяқтады. Ту баста тігісі жаттықпай,
ойлы-қырлы болып басталып, келе-келе нəрі арта, еттен өтіп, сүйекке
жеткендей болған бұл сөздер Спартакқа үлкен əсермен естілді. Басын
төмен тұқырта, ол мұңды, ауыр ойға кетіп, көп тұрды.
Бір мезетте ол басын көтеріп алып, үй басқарушыдан:
— Сонымен, бұл вилладан грекше білетін жан шықпады ма? — деп
сұрады.
— Ешкім жоқ.
— Маған бір қалам мен тақта əкеп берші.
Үй басқарушы солдатқа балауыз жағылған тақтаны əкеп бергенде,
ол Гомерден алып, грек тілінде төмендегідей екі жол өлең жазды:
Келдім саған алыстан, сүйген жар,
Аяғыңды құшпақ болып, қабыл ал.
Тақтаны үй басқарушыға беріп жатып:
— Қызметші əйелге тапсыр, ханымды дереу оятсын да, мына
тақтаны соған табыс етсін, əйтпесе екеуіңнің де сорың сорпадай
қайнайды,— деді.
Үй басқарушы біресе өзіне түсініксіз шимайларға, біресе ойлы
пішінмен аллеяны кезіп жүрген Спартакқа қарады. Ақырында, шал
өзіне берілген тапсырманы орындамақ болды білем, вилланың басқы
үйіне қарай беттеді.
Спартак аллеямен ерсілі-қарсылы жүрді де қойды. Аяқтарын кейде
баяу, кейде тез басып, бірде тоқтап, бірде жүріп, алып ұшпа астанкестең ой толқынымен алысты. Үй басқарушы қарттың өзіне мейлінше
қатты əсер еткен сөздері құлағынан кетпеді. Ол ойға кетті:
«Олимптің барлық құдайлары куə!.. Ол дұрыс айтады... балалары
өліп кететін болса, қартайған қу бас шалға бостандықтан не пайда?
Жезтырнағын сала жаланып келген аштық бейнесіндегі бостандық
бұған не бермек? Əрине, ол дұрыс айтады! Олай болса... Осы мен не
іздеп жүрмін? Түбейлеп соңына түскенім не?.. Мен кіммін?.. Көздегенім
кімнің мүддесі?.. Ойға алғаным не?..»
Өзінің осы сұрауларынан өзі шошынғандай ол қалт тоқтап тұра
қалды; сəлден соң басы төсіне құлаған күйі, аяқтарын баяу басып, жүре
бастады. Тағы да ойға кетті.
«Сөйтіп, мен өзіме ақиқаттай болып көрінген сиқырлы арман
соңында жүр екемін. Сарпалдаң болып қуғаным ешуақытта да қолыма
түспейтін елес болды. Менікі əлде сандырақ па... немесе қиял ма?.. Адам
қанын селдей ағызып жүргенім сол қиял үшін бе?..»
Аздан соң ол басын көтеріп алып, аяқтарын нық баса аяңдады.
«Олимп Юпитерінің құдіретті қаһарына аян,—деп ойлады ол,—
бостандық аштықты ала жүреді, адам деген ат қайыршылықтың
жамау-жасқау құндағына ораулы болады деп еш жерде айтылған емес!
Олай деп кім айтыпты? Құдайдың қай бұйрығында жазылған екен?»
Спартактың еңсесі көтеріліп, жүрісі ширап, саңлақтана бастады.
«Келші көз алдыма қасиетті ақиқат, көрінші, кіршіксіз таза
тұлғаңмен, жаныма қажымас қайрат бер, адал инабаттан, ақ ниеттен
тайдыра көрме!.. Адамдардың арасында теңсіздікті туғызған кім, кім
екен сол? Анадан туғанда біз тең болып тумайтын ба едік?.. Бəріміздің
де тұтынатын қажетіміз, ылтипатымыз бір емес пе?.. Біздегі сезім,
түйсік, ақыл, сана бірдей емес пе?.. Өмір игіліктері жұрттың бəріне
бірдей ортақ емес пе?.. Біздің бəріміздің дем алатын ауаның қорек
еткен нанымыз, таңдай жібітер бұлағымыз бір емес пе?.. Жер бетіндегі
адамдар арасындағы ала-құлалық табиғаттан ба екен?.. Біреулерге күн
шұғласын мол төгіп, енді біреулерге арылмас қара түнекті жазып
қойған сол ма екен? ІІІық біреулерді көгертіп, енді біреулерді қурату
үшін түсетін бе еді? Патша ұлы қалай туса, құл баласы да солай
тумайтын ба еді? Ханымды кедей шаруа əйелінің басындағы толғақ
азабынан құтқарған құдай ма екен?.. Патрицийлар мəңгі өмір сүріп
немесе плебейлерден басқаша өлетін бе еді? Немесе, малайлардың
сүйегі қалай қураса, төрелердікі де солай құрамай ма? Байлардың өлігі
мен сүйегінің кедейлердікінен бөлек ерекше бірдемесі бар ма? Өз
күшіне сүйеніп бір адам мен екінші адамның арасында ала-құлалық
туғызған кім, ту баста: «Мынау саған, ал мынау менікі» деп өз
бауырларының праволарын тартып алған кім?.. Егер ең алғашқы
əділетсіздіктің тұтқасы қара күш болған екен, онда біз теңдікті
əділеттік пен бостандықты қалпына неге келтіре алмаймыз? Біз өз
балаларымызды асырап, өсіру үшін маңдай терімізбен басқаның жерін
көгертумен келеді екенбіз, онан да сол балаларды азат жəне правоға
не өту жолына қанымызды төксек болмай ма?»
Осы араға келгенде Спартак ой тасқынын тежеп тоқтай қалды,
мауқы басылғандай қатты бір күрсініп, ой сарабын мынаумен
тындырды:
«Мұны солай делік... Əлгі не деп кетті?.. Құлдықта əбден тұралап,
топас тартқан ол адамдық қасиет пен əділетті сезуден қалған, өзгеше
адам санатынан шығарып, айуан өкімінде күн кешуде».
Бұл екі арада, үй басқарушы қайтып келіп, Спартакқа Валерияның
оянғанын, сөйтіп мұны өз бөлмесінде күтіп отырғанын айтты.
Жүрегі алып-ұшқан Спартак асыға ұмтылды. Ол бөлмеге енгізілді,
ондағы шағымдау бір диванның үстінде матрона отырды. Спартак
өзінің бетіндегі пердесін ашып жіберіп, Валерияның аяғын құша
жығылды.
Валерия оны мойнынан құшақтай алған еді, лəм-мим деп тілге де
келіспей, еріндері жабыса кеткен екі ғашық жалындап ұзақ сүйісумен
болды. Ауызбен айтып жеткізгісіз бақыт құшағында, дүниеде теңдесі
жоқ тəтті сезім лебіне балқыған екі жан бірін-бірі қыса құшақтап, үнтүнсіз ұзақ тұрды.
Бір мезетте бейне бір белгі берілгендей екеуі де құшақтарын жаза,
əдейілеп бірінің бетіне бірі қарасты. Екеуінің де өңі қашыңқы, тəтті
лəззат, шексіз қуаныш қатты тебіренткен күйде еді. Үстіне аппақ
қардай стола киіп, қою қара шашын арқаға төге тастаған, қуаныш оты
шалқи тұрса да, моншақтай болып жас іркілген қарақат көзді Валерия
бірінші болып тіл қатты. Жаншылын шыққан үнмен:
— О, Спартак... Спартагім... Сені тағы да көрген мен қандай бақытты!
— деп күбірледі.
Осыдан соң Спартакты тағы да құшақтады, аймалай сүйіп, күрсіне
тыныстап:
— Мен қандай уайым шекті десейші... Не көрмедім... төгілген көз
жасым қаншама... Жатсам-тұрсам, қандай қауіп-қатерге тап болады
деп... сені ойлап, уайымдаумен болдым... Менің жүрегім... Сенер
болсаң». Менің жүрегім тек сен деп қана соғады... ең сүйгенім сенсің өз
өмірімде бірден-бір жəне ең соңғы... нағыз жалындап сүйген жаным сен
боласың,— деді.
Спартакты құшағында аялай отырып, ол үсті-үстіне сұраулар
берумен болды:
— Айтшы маған, Аполлоным, айтшы, мұнда сен қалай келдің? Мұнда
сен қауіп-қатерге ұшырамайсың ғой, солай емес пе? Сен маған соңғы
соғыстың мəн-жайын баяндамас па екенсің? Сен Аквинум жайында он
сегіз мың легионерді талқандапты деп естіген едім. Мені сағат сайын
уайымға салып қойған бұл соғыс қашан бітер екен? Сен бостандыққа
жетпей тынбайсың, солай емес пе? Сонан соң бір кезде құдайлардың
тұрағы болған бақыт құшағындағы еліне, өзіңнің фракияға қайтып
баратын боласын.
Сəл тоқтала қалып ол майысқан, биязы үнмен тағы да:
— Онда... сенің соңыңнан жазмыштың айдауымен мен де барамын...
Марстай өжет, Аполлондай аяулым, сені жан-жүрегімнің бүкіл сезім
күшімен мəңгілік сүйін, бірге тұрып өмір сүретін боламын, қадірлі
Спартак,— деді.
Өзінің сүйген жары келешекті гүлдендіріп жайнатып қоймақ болған
бұл сияқты жанға жайлы жəне алмағайып елестерге самарқаулана езу
тартқан Спартак, оның қара шашын сипап, маңдайынан сүйді де баяу
ғана:
— Соғыс сұрапыл қатты болады, ұзаққа созылады... Азат болған
құлдарды туған ел-жұртына бастап алып баратын күн туса мен зор
бақытты адам болар едім... Бірақ дүние жүзінде əділет, теңдік орнату
үшін халықтардың соғысы керек, олар тек Римге қарсы емес, сонымен
бірге өз елдеріндегі қорқау қасқырларға, араны ашылған
патрицийларға, ханзадаларға қарсы шығатын болуы керек! — деді.
Соңғы сөздерін гладиатор басын шайқап, қабырғасы сөгілгендей
күйзелісті үнмен айтты: тəрізі ұлы істің нəтижесін көзімнің тірісінде
көремін деп, бекем үміттенбейтін сияқты. Валерия Спартакты аймалап
сүйіп, оның көңілін жұбатпақ болды. Оның аймалаған ыстық лебі
гладиатордың маңдайына қатпар-қатпар əжім ізін салған қайты
бұлтын ыдыратқандай болды.
Бұл бөлмеге кішкентай Постумияны алдырған еді. Оның сəби
мінездері, күлкісі, сықылықтаған үні өлшеусіз сүйкімді, биязы, қалың
сарғыш шашына орай үлкен қара көзді жүзі жан тойғысыздай еді.
ЬІмырт жабылып, жер бетіне түн төне бастағанда уайым
Валерияның жалғыздықпен жапа шеккен күйін азғантай ғана уақыт
жеңілдеткен қуанышты да біртіндеп жетелей бастады; батқан күннің
сəулесі бұл үйден қуанышты да ала кеткендей болды.
Спартак мұнда қалай келгенін Валерияға айтып берді де, өзінің
бұзылмайтын қасиетті борышы осы түннен қалмай, Лабикте күтіп
жатқан атты отрядына қайтып баруды міндеттейтінін баяндады.
Əрине, бұған сүйген жар қатты қамықты. Кішкентай Постумиясын
басқа бөлмеге жіберді де, жасын төге ғашығының құшағына қайта
кірді.
Сөйтіп, Спартак пен Валерия бірін-бірі құшып, сүюмен алты сағат —
ымырт жабылғаннан түн ортасы ауғанға дейін бірге болды. Валерия
өксіп жылау үстінде көңілі бір жаманшылықты сезгендей жүрегі
қобалжуда екенін, егер осыдан кете қалса, енді қайтып оны еш уақытта
да құша алмайтынын, бұл оның өз жүрегін нағыз берік махаббатпен
мейлінше тебіренткен адамды ақтық рет көріп жəне аймалауы
болатынын айтып зар иледі.
Спартак Валерияның қорқынышын кетіріп көз жасын құрғатуға
тырысты. Спартак жалындап сүю мен аймалау үстінде үміт сөздерін
айтып, Валерияға дем берді, оның уайымшылдығына, қорқынышына
күлді де; бірақ Валерияның басындағы қорқыныш Спартактың да
жүрегінен орын алған еді. Оның езу тартқан күлкісі тым ебедейсіз,
ызғар тартып, ал əрбір сөзі аузынан əрең шығып тұрғандай. Оның өзі
де алда не боларын, ауыр ойлар меңзете түскенін сезгендей жəне
қаншама əрекеттенсе де бұл ойдан құтыла алмады.
Олар шкафтың үстіңгі жағын ала қабырғада тұрған клепсидраның
əйнек шарына тамшылап тұрған су түңгі сағат алтыны көрсететін
алтыншы белгіге жеткенге дейін осы күйде болды. Сол мезетте,
Валерияға аңлатпай клепсидраға əлсін-əлі қарай түсіп жатқан Спартак
ложадан атып тұрып, Валерияның құшағынан шыға бере, сауыты мен
дулығасын киіп, семсерін асына бастады.
Спартакты мойнынан қапсыра құшақтап алған Валерия, қарақат
көзді жүдеу жүзін оған төсей, жылап тұрып жалына бастады:
— Жоқ, Спартак, жоқ... кетпе... қайғы-қасіретке салма... құдай үшін...
қымбатты
жандардың
аруағы
үшін...:
кетпе...
жалынып,
жалбарынамын... гладиаторлардың ісінің басталысы жаман емес...
олардың алғыр басшылары... Крикс... Эномай... Граник бар...
гладиаторларды солар бастап апарады .. ал сен... жоқ... жоқ... Спартак...
Сен осында қаласың... мұнда сен шексіз берілгендік... аялау... махаббат
құшағында... қуанышты... өмір сүресің...
— О, Валерия, менің Валериям... шынымен-ақ мені ар-намыстан
безсін дегенің бе? — деді Спартак жар құшағынан сытылып шықпақ
болып.— Жоқ, болмайды, кетемін. Құрал ұстап шығуға өзім шақырған,
өзіме сеніп үміт артқан, қашан келеді деп тосып жатқан адамдарға екі
жүзділік істемекпін бе?.. О, қадірлі Валерия, олай істей алмаймын... тар
жолдағы жолдастарымды сатып кетуге тиіс емеспін! Өйтпейінше мен
саған серік адам бола алман. Барлық жанға жəне өзіме де жексұрын
көрінуімді тілеме!.. Сенің билеп алған сиқырлы сүйіспеншілік күшің
мені ерліктен ада етпей, қайта оны бұрынғыдан да күшейте түссін!
Босат мені... босатсайшы, Валерия... періштем Валерия!
Осындайлық қызу арбас кезінде Валерия Спартактың баурына
тығыла түскен еді, фракиялық оның құшағынан егітеп сусып шығуға
тырысты.
Спартактың өңі мейлінше қашып, көздеріне мөлтілдеп жас келді.
Өзінің бар күшін жұмсап Валерияның қолынан сытылып шықты да,
оны диванға апарып жатқызған еді, егіліп жылаған матрона сілесі
əбден қатып, дəрменсіз сүлк қалды.
Жылы жəне жұбату сөздерін айта жүріп, сауыты мен дулығасын
киіп, қару-жарағын асынып болған соң, фракиялық ғашығын ақтық рет
сүюге оңтайлана бергенде, өзін-өзі ұмытып, диваннан тұра ұмтылған
Валерия есік алдына құлап түскен күйі мүлде əлжуаз үнмен тағы да
жалынды:
— Спартак... О, Спартагім... мен сезіп тұрмын... мынау ара сезіп тұр,—
осылай деп ол жүрегін нұсқады,— егер сен осыдан кетер болсаң, мен
сені енді қайтып көре алмаймын... Сен де мені көрмейсің... Бұл маған
аян... кетпеші... тоқташы бүгінше... саған шексіз берілгендік
махаббатымды айтып жалынамын... кетпеші бүгінше.
— Болмайды... Менің кетуім керек...
— Спартак... Спартак,— деді болар болмас қана естілген əлсіз
дауыспен, бақытсыз əйел оған қарай қолдарын созып,— кішкентай
қызымыз үшін... жалынамын... қызымыз үш...
Ол аузындағы сөзін аяқтай алмады, өйткені фракиялық оны жерден
көтеріп алып, көкірегіне баса қатты қысқан бойы суық тартқан
еріндерінен үсті-үстіне сүйе берді.
Ғашықтар осылайша құшақтасқан күйі қатып қалды. Бөлме ішінде
олардың бір кеудеден шыққандай ойлы-қырлы дем алғаны ғана
естіледі.
Спартак өзінің құштарлықпен аймалауын бірте-бірте тежеп, басын
сəл шалқайта бере Валерияға қалтқысыз жылы үнмен:
— О, сүйген жар, бас иіп, қадір тұтқан бірден-бір періштем деп
жүрегіме тумар еткен, ең ауыр қатерлер үстінде медет-қуат болған,
есімде жүрегіңнің өзі де мені ізгі ақыл-ойға жəне ұлы істерге
жігерлендірген сен, Валерия, шыныңмен-ақ мені замандастарым мен
кейінгі ұрпақтың қарғысына жолыққан ар-намыссыз жексұрын болсын
деймісің? — деді.
— Жоқ... Мен сені ар-намыссыз болсын демеймін... Алапатын асқар
таудай болуын тілеймін,— деді Валерия əлжуаз үнмен.— Бірақ мен...
дəрменсіз əйелмін... ая мені... ертең жүр... бүгін тоқта... мұншалық тым
асықпа...
Ол жас жуған жүдеу жүзін Спартактың иығына арта тұрып, əрі
жабырқаң, əрі жылы іреңмен:
— Бұл жастықтан мені айыра көрме... маған соншалық жайлы... өте
жақсы,— деп күбірледі.
Осыны айтып, бұл лəззатқа сусындайыншы дегендей, көзін жұмды;
оның əлі де болса болар болмас күлімдеген реңін жоя қоймаған жүзі,
тірі əйелдің емес, жаңа ғана өлім құшағына енген жанның өңіне ұқсас
еді.
Спартак оған еңкейіп, шексіз сүйіспеншілікпен, күйзеліспен қарады;
қауып-қатерлер мен өлімнен тайлығып көрмеген отты көкшіл
көздерінен бұршақтаған жас бетін жуып, үстіндегі сауытына
тамшылады.
Ал Валерия жұмған көзін ашпастан əбден əлсіреген үнмен күбірлеп
сөйлей берді:
— Маған қарашы... Спартак... махаббатты пішінмен емірене...
қарашы... Мен көзімді ашпай-ақ көріп жатырмын... Соншалық жазық
біткен маңдай... Сенің көздерің оттай жанып тұр, сонымен қатар жылы
да. О, Спартак неткен аяулы едің!
Осылайша бірнеше минуттар өтті.
Валерияны көтеріп диванға жатқызбақ болып, Спартак сəл қозғала
берген еді, ол көздерін сол ашпаған күйі, гладиаторды мойнынан қыса
түсіп:
— Жоқ... болмайды... тырп етпе! — деді.
— Мен жүруім керек... Валерия!— деп сыбырлады Валерияның
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 19
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.