Latin Common Turkic

Спартак - 24

Total number of words is 3972
Total number of unique words is 2047
34.1 of words are in the 2000 most common words
46.6 of words are in the 5000 most common words
53.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
үнің мəңгі-бақи өшіруге тиіспіз. Miнe, Римді жеңудің бірден-бір айласы,
оның үстемдігін жоюдың бірден-бір жолы осы. Біздің қолымыздан
келмеген күнде, мұны біздің немерелеріміз, шөберелеріміз істейді, дəл
осылай болады да: Рим күшіне қарсы бұдан басқаша соғыстың,
басқаша күрестің болуы мүмкін емес; Ганнибал қалай талқандалса,
Митридат та солай талқандалады; карфагендіктер, гректер,
ибериялықтар қалай талқандалған болса, рейін халықтары мен
парфяндар да солай талқандалады; өзінің жантүршігерлік шентелін
ешбір тежеусіз, бірте-бірте бүкіл жер бетіне жаза бастаған, бұл сияқты
алып аждаһаны барлық езілгендер атаулыньың бір жағадан бас, бір
жеңнен қол шығарған одағынан басқа ешнəрсе жеңе алмақ емес!
Спартак шабытпен уыттана сөйледі. Оның көздері оттай жанып
кеткен еді. Шын мəнісінде адал, ақкөңіл, Спартакқа жан-тəнімен
берілген, Эномай осы сөздердің əсерімен өз жүрегіндегі, Эвтибиданың
сұрқиялығымен тұтанған ашу отынын, өшіп бара жатқанын сезгендей
болды. Гладиаторлардың көсемі сөзін аяқтағанда, германдық оның сол
минутта əлде қандай бір ерекше нұрға бөленіп тұрғандай болып
көрінген, келбетті жүзіне жалбарына қолын жайды. Қалтыраған
дауыспен: — Кешір мені, Спартак, кешір!.. Сен адамнан асқан
пайғамбарсың!..— деп күбірледі.
— Уақасы жоқ... Сенімен туысқандығым қайта жарасқандық мен енді
елден ерекше бақытты адаммын! — деп дауыстан жіберді көңілі босап
кеткен Спартак, құшағын жайып. Эномай да құшағын жая ұмтылып:
— О, Спартак, Спартак... сенің қадірің маған бұрынғыдан да арта
түсті, деп күбірледі.
- Бауырластық құшағын жазбастан бірін-бірі қыса түсіп, екеуі үнтүнсіз бірсыпыра тұрды. Спартак құшағын жазып, досынан қуанышты
үнмен:
— Мұнда не жұмыспен келдің, енді соныңды айт, Эномай? — деді
— Мен бе?.. Бірақ... Ол менің есімде де жоқ,— деді ол қатты ұялып,
оны еске түсіріп қайтемін.
Ол сəл кідіріп қалды да, соңынан серпіле:
— Мені қандай да болсын бір тілекпен келді ғой деп табатын
болсаң, онда сенен сұрайтыным: мені жəне менің германдықтарымды
консул Лентулмен болатын соғыстың ең қауіпті жеріне сал,— деді.
Спартак оған мейірімді, жылы жүзбен қарап:
— Əрқашан бір қалыптан жазбайтын, адалдығына ерлігі сай
ардагерім!.. Ең қауіп-қатерлі жер сенікі болсын,— деді.
— Осы уəдең уəде ғой?
— Уəде,— деді Спартак оң қолын Эномайға созып,— менің жанымда
өтірікке де, қорқынышқа да орын жоқ екенін өзің де білесің.
Осылайша тағы да біраз əңгімелескен соң, Спартак пен Эномай
преторийден түсіп кетіп бара жатты. Бірнеше қадам ұзап шығысымен
оларды Арторикс соңынан қуып жетті. Гладиатордың көсемі мың атты
əскерді бастаған жас галлды Геллийдің əскері жайында мағлұмат əкелу
үшін, осыдан үш күн бұрын Реатқа барлауға жіберген болатын. Ол осы
сапардан əлгінде ғана келген еді, Спартак пен Эномайдың шығып
кеткенін білген соң олардың соңынан қуа шықты.
— Амансың ба, Спартак!—деді ол.— Геллийдің аттылар бөлімі өзіне
келіп қосылған еді, ол Анагниядан аттанып та кетті. Бізбен енді бес
күннен қалмай кездесуге тиіс.
Бұл хабарды есіткенде Спартак ойланып қалды. Бірақ аздан соң ол:
─ Тіпті жақсы! Ертең кешке біз бұл арадан шығып Камеринумға
тартамыз, бүрсікүні түске жетпей онда барамыз. Лентул онда бүрсікүні
кешке немесе одан да кешірек одан арғы күні таңертең келуі ықтимал.
Оған дейін біз тынығып аламыз да, оның жорықтан шаршап келген
əскеріне батыл шабуыл жасап, талқандап жібереміз. Одан соң іле шала
Геллийге қарсы ұмтылып, оның армиясын да талқандаймыз. Бұдан əрі
ешбір бөгетсіз Альпіге қарай тарта береміз. Мұны қалай дейсің,
Эномай?
Ұлы қолбасыға лайық толғанымды ой!— деп жауап бер, Эномай.
Спартак Арториксті жөніне жібергеннен кейін, ол фракиялықты өзінің
шатырына ертіп келді де, коптуберналийлерімен бірге оны дастарқан
басына отырғызды. Мұнда жалғыз ғана Эвтибида болған жоқ еді: оның
Спартакқа жолықпай сырғып кететін жəне оның көзіне көрінбейтін
себептері тым көп болатын.
Қышқыл əрі аяулы тронт шарабын сіміре, достық əңгімемен
отырғанда арада бірнеше сағат уақыт елеусіз өтіп те кеткен еді,
Спартак германдықтың шатырынан шыққанда, ымырт əлдеқашан
жабылып кеткен екен.
Эномай жалғыз қалысымен-ақ, өңі құп-қу болып тарқатылған
сарғыш шаштары иығын жапқан Эвтибида, германдықтардың
бастығының шатырында өзіне арналып жасалған дербес бөлмеден
шыға келді. Ол көкірегіне екі қолын айқастыра ұстап, Эномайдың
қарсы алдына келіп тұра қалды.
— Сонымен? — деп сұрады Эвтибида,— демек, Спартак сені
астындағы аты сияқты көңілінің ауған жағына қарай тағы да қақпалап,
өз абройын көтеру үшін күшіңді, алғырлығыңды пайдаланбақ болған
ғой?..
— Апыр-ай! Тағы бастадың ба?..— деді германдық зəрлі, ашулы
үнмен, қызға шатынай қарап.— Зымияндық өсегіңді сен қашан
тоқтатасың? Менің қаныма зұлымдық уын құюыңды қашан қояр
екенсің? Фенрис қасқырдан да қан-құйлы неткен жүзіқара едің!
— Жақсы! Олимптің барлық құдайларына аян... Сен маған оспадар
нойыс жəне малғұндығыңмен кейисің. Жек көруге тиіс бола тұра, сені
сүйген мен сияқты есуас, ынжыққа осы керек. Осы керек! Тіпті жақсы!
— Ендеше, мені сүю үшін саған менің ізгі, адал адам Спартакпен
өштесуімнің қажеті қанша?
— Оның жалған дегдарылығымен, ол адам емес пайғамбар деп
сенумен, мен ақымақ та адастым. Бірақ өзімнің сол ойларыма
қарамастан, Спартактың — суайт, арам ниетті жалғаншы екеніне, оның
кеудесінде тек лаулап тұрған зəндемі оттап — баққұмарлық отынан
басқа ешнəрсе жоқ екеніне көзім əбден жетті. Сенің қойдан қоңыр
сорлы екеніңе де көзім сонда жетті.
— Эвтибида! - деді ашу кернеп қалш-қалш еткен германдық
арыстандай гүр ете қалып.
— Мен сенің қоқанлоқыңнан қорықпаймын!—деді грек қызы жек
көрген пішінмен. Сенің сүйем деген сөзіңе сенбесем етті, онда мен сені
дəл қазіргіден бетер жек көрген болар едім.
— Эвтибида!—деп ақырды күндей күркіреген Эномай, жұдырығын
тас түйіп, орнынан атып тұра келіп.
— Ал тартынба! Қимылда!— деді қыз гладиаторға тепсініп.— Кəне,
кел, жаужүрек неме ұр жаншошырлық жыртқыш қолдарыңмен,
тұншықтыр алдында тұрған сормаңдай қызды!.. Бұл саған цирктегі
тайталастарыңда өлтіргеніңнен зорырақ даңқ əпереді!.. Қəне
қимылда!..
Эвтибиданың бұл сөздеріне шыдамаған Эномай оған тап бере
ұмтылды. Бірақ қызды бүре түсем деген қолдарын көтерген күйі, ақыл
сабасына түскендей болып ашумен:
— Батыр қараңды... мен өзімнің соңғы ақылымнан танбай тұрып...
құдай үшін... жоғалт көзіңді,— деді.
— Сондағы бар айтқаның осы ма?.. Өзіңді сүйген əйелге, жер басқан
адамдардың ішіндегі өзіңді сүюші бір ғана адамға айтар жауабың осы
ғой?.. Саған деген махаббаттан тапқаным осы ма? Сені аялап қам
ойлағаным үшін алған алғысым осы ма? Есі-дертім сен болып, сенің
абройың мен атағыңды тілегенім үшін алған сыйым ба, бұл? Онда
жақсы! Осылай-ақ болсын... Менің көрейін дегенім осы екен... Осыдан
соң басқаға жақсылық істеп көр! Басқаның бақыты үшін қам ойла! Мен
не деген ақымақ десейші!.. Бірақ мен сені ойлауға тиіспін ғой? Сенің
нойыс ашуыңа саған қарсы ойланған қастандықтан сені қорғаймын деп
тап болып тұрған жоқ па екенмін?!
Сол ғана кідірістен соң, ол бірте-бірте қалтыраңқы естілген
дауыспен, тағы да:
— Сені тапталуға... өлімге қиюым екен... əттеген-ай, сөйткенімде,
несін сұрайсың!.. Онда мен бүгінгідей өлімнен де күшті қасірет
шекпеген болар едім. Сенен, өзімнің сүйген адамымнан... мұншалық сөз
естіп, жəбірленбес те едім... Аһ, неткен қатал соққы!
Осыны айтып ол еңіреп жылап қоя берді.
Байғұс Эномайды алжастыру үшін осының өзі де жіткілікті болған
еді, оның ашуы бірте-бірте тарқап, күдік пен сенімсіздікке, одан аяуға,
аялауға, сүйіспеншілікке орын бере бастады. Эвтибида қолымен бетін
басып тысқа қарай ұмтылғанда, ол алдынан кес-кестей тұра қалып:
— Кешір мені... Эвтибида... Мен не айтарымды... не істерімді
білмеймін... Мені бүйтіп тастап кетпе, өтінемін— деп қиылды.
─ Афинның желеп-жебеуші құдайлары үшін былай тұр, былай тұр
жолымнан!— деді куртизанка Эномайға долы пішінмен асқақтай
қарап.— Аулақ жүр... Мені енді мазалама, бұл масқаралық пен қасіретті,
адыра қалған махаббат күйігін басқа жерге барып тартуыма мүмкіндік
бер...
— Атама, ешуақытта да олай болмайды!.. Мен сені қоя беріп тұра
алмаймын... Мен сені бұлайша жібермеймін...— деді германдық қызды
қолынан алып, шатырдың төріне қарай саумалай тартып.— Құлақ сал
маған... Кешіре гөр, Эвтибида! Тыңда мені, өтінемін сенен.
— Тағы да балағат, боқтық сөздер есті дейсің бе? Босат деймін,
Эномай, ең ауыр қасіретке тап болмай тұрып, сенің екінші рет тап
беруіңді көзіммен көрмей тұрып жоғалайын.
— Жоқ... Жоқ... Эвтибида... Мені ондай адам деп ойлама. Тандырма
мені ақылымнан! Тыңда мені немесе сенің алдыңда өзімді-өзім
бауыздаймын.
Осыны айтты да ол беліндегі қанжарын суырып алды.
— Ойбай, қой! Қоя гөр! Юпитердің найзағайы сақтасын!— деп
дауыстап жіберді, өтірік шошынған болып куртизанка, сүйріктей
қолдарын алыпқа қарай жалбарына созып.
Жабырқау баяу үнмен, ол тағы да:
— О, ардақты Эномай... сенің өмірің маған өлшеусіз қымбат...
сүйгенім менің!
— О, Эвтибидам!—деді гладиатор махаббат лебіне толы үнмен,—
кешіре көр, менің ұрда-жық ашуымды... кешір... кешір...
— О, асыл зат, қасиетті жан!— деді қыз жүйесі босағансып; жүзі
жайран қағып, ол аяғына бас ұрған алыпты мойнынан қапсыра
құшақтап алып.— Саған қарсы тұрып, сені қатты ашуландырған
өзімнің долылығым үшін мен де кешірім сұрауға тиіспін.
Сəлден кейін ол егілген үнмен:
— Мен сені жанымдай сүйемін. Сенсіз маған тіршілік жоқ! Бірімізді
біріміз кешіріп, бəрін де ұмытайық...— деді.
— О, абзалым... О, мархаббатты Эвтибида!..
Бір мезетте қыз Эномайдың қолынан бұлқынып шығып кетіп,
сайқалдана:
— Сен менің сүйетініме нанамысың? — деп сұрады.
— Одиннің құдіретті күшіне қандай нансам, бұған да сондай нанам.
— Олай болса Диананың алтын оғына аян, мені өзіңе жақсылық
тілемейді деп қалай ойлайсың?
— Мен бұл жөнінде ешбір шүбəленген де емеспін!
— Ал, сен бұған шүбə келтірмеген болсаң, онда менің айтқан
ақылымды неге алмайсың? Жанымдай сүйіп, сенің бақытты, ұлы адам
болуыңды тілеуші əйелден де гөрі өзіңді жарға жығушы опасыз досқа
сенетінің қалай?
Эномай ауыр күрсініп, бұған ешбір жауап қатпастан, орнынан тұрды
да, шатыр ішінде сенделіп жүрді.
Арада осылайша екі минут өтті, ол да, қыз да бір-біріне лəм-мим деп
тіл қатпады. Бір мезетте Эвтибида өзімен өзі сөйлескендей:
— Мен мұны сақтандырғанда оны өзімнің əлдеқандай бір бас
пайдам үшін істей ме екем? Мен мұны өзінің ақкөңіл ала-көйлек
мінезіне тəн не болса, соған сенгіштіктен тыймақ болсам, бұған жəне
бақытсыз гладиаторларға құрылған зұлымдық торын нұсқап
көрсетсем, ол да менің пайдам үшін бе? —деп күбірледі.
— Осылай деп жақ жазған, ойға алған кім бар? — деп сұрады Эномай
қыздың алдына келіп тоқтай қалып.
— Сен!—деді куртизанка зілмен.— Сен!
— Мен бе? — деп сұрады таңырқаған Эномай.
— Ия сен! Шын мəніне келгенде, екінің бірі — өзіңді менің
сүйетініме, жақсылық ойлайтыныма сенсең, онда Спартактың
екіжүзділік істеп, өздеріңді жарға жыққалы жүргеніне де сенуге тиіссің.
Егер Спартакты адал жəне мархаббатты адам деп сенсең, онда мені
жалғаншы, опасыз адам деп санауға тиіссің.
— Жоқ, айта көрме!..— деп жігі-жапар болды, логикаға орашолақ
жəне бұл дəлелдердің ұтымдылық күшінен құтыла алмай қалған
германдық,— кешір мені, періштем Эвтибида, сені өзіме опасыздық
істеді немесе істемек болды деп ешуақытта да ойламан. Сен маған
деген махаббатыңды сан рет дəлелдегенсің, бірақ... мені кешірерсің...
Спартактың қалайша опасыздық ететініне мен түсіне алмаймын.
— Қалайша?.. Қалайша? — деді Эвтибида.— Не болса соған иланғыш
жаңғалақ-ау, өзің-ақ айтшы, Фунди жанында болған соғыстан соң,
консул Варрон Лукулл, маған келіп, гладиаторларды тастап шықсаң,
Испания армиясынан немесе Африкада префектурадан үлкен қызмет
беремін деп ұсыныс жасады, деген Спартактың өзі емес пе еді?
— Солай дегені рас, бірақ Спартактың консулға не деп жауап
бергенін білесің ғой...
— Ал сен кеше, оның неге бұлай жауап бергенін білемісің? Өйткені
бұл ұсыныс одан талап етілген маңызды қызметке сай келмеді.
Эномай басын төмен тұқыртып, лəм-мимсіз тағы да шатыр ішінде
ерсілі-қарсылы жүре бастады.
— Қазіргі уақытта ұсыныстар қайта жасалды, уəде екі есе, үш есе
арттырылды, ол сендерге бұл жайында ешнəрсе де айтқан жоқ.
— Сен мұны қайдан білдің? — деп сұрады Эномай, Эвтибиданың
қарсы алдына келіп тоқтап.
— Катилинаға гладиаторлар қолын басқаруды ұсыну үшін Римге
жіберілген Рутилийді қайда қоймақсың... Оны тек осы үшін ғана кетті
деп сенемісің?
─ Ал егер...
─ Арам ойлы, зымиян адамға сенетін сендер ғой деймісің...
Шапқыншының Римге консул мен арадағы келіссөзді бастау үшін
жіберілгенін мен кəміл түсінгем.
Эномай тағы да шатырды кезіп жүре бастады.
─ Егер бұлай болмаса, онда азаттықта туып-өскен латинян Рутилий
жіберілер ме еді?
Эномай жақ жазбады.
─ Pутилийдің дерексіз өлімінен соң, Спартак өзі сияқты көсем
сендердің ешқайсысына тіл қатпастан, сиқыршы етіп, өзінің сенімді
досы Арториксті неге жұмсады? Қарындасы Мирцаның ғашығы
Арториксті ғана жұмсауы қалай? Басқаны неге жұмсамайды? Арторикс
Римнен қайтып келісімен-ақ Спартактың сендерге қайткенде де
Италиядан кетуге бел байлаңдар деп ықтияттай бастауы неліктен
дейсің?
Эномай тоқтап тұра қалды.
─ Осының бəрі қисынды, дұрыс, адал істелген ic деуге болар ма? –
деді Эвтибида аз үзілістен соң.— Қалайша?.. Барлық күшін сарқып
болған Рим Испанияда Серторийға, Азияда Митридатқа төтеп беру
үшін қазіргіден артық легиондар таба алмай діңкесі құрып отыр, ал
Рим үшін осындайлық қатерлі жағдайда, жақсы жарақтанған сайдың
тасындай жетпіс мың адамды ұстап отырып, жау қаласына аттанудың
орнына, қайта біздің одан түсуіміз қалай?.. Осы да ақыл ойға сыя ма?
Эномай басын шайқап тапжылмастан тұр.
─ Лентул, Гекллий, екі армия... Бұл масқаралық жəне ешкімге
түсініксіз қашып-пысуды ақтау үшін алданған адамдардан ақиқат
екіжүзділікті жасыру үшін Спартактың ойлап шығарған жалған
хикаясы... Лентул... Геллий олардың армиялары!..— дейді қыз өз
қабырғасымен өзі кеңескенсіп.— Жорамалдағы Лентул армиясының
беталысын барлау үшін қасына мың адам атты əскер алып, оның өзі
неге барды, сол сияқты, ойдан шығарылып алынған Геллий қолын
байқастау үшін тағы да Арториксті жұмсауына жол болсыншы? Ол
сендердің біріңді неге жібермейді?
─ Сенікі дұрыс... не дегенмен... сенікі дұрыс,— деп күбірледі Эномай,
естілер-естілмес үнмен.
─ Аспан шеңберінің құдайлары куə!—деп Эвтибида ышқына
айқайлап жіберді.— Екіжүзді адам басына орнатқан мəңгі ұйқыдан
осылайша сен де бір серпілсейші!
Егер бұл адамды опасыздыққа ұрындырушы сатылғандықтың басқа
да себептері мен екіжүзділігіне дəлел керек қылсаң мынаны есіңе тұт:
ол Сулланың жесір əйелі, Рим патрицианкасы Валерия Мессалаға
өлердей ғашық. Сол əйел үшін, оған деген махаббаты үшін-ақ ол
сендерді Рим Сенатына ұстап береді, ал Сенат оны — сүйген əйеліне
қосып, сонымен бірге оның вилласын да, байлығын да, сəн-салтанатын
да қоса береді...
— Рас!.. Бұл рас екен!..— деп дауыстады, соңғы жорамалдарға ұйып,
фракиялықтың екіжүзділік ісін сорғалата дəлелдеген сыпаттамаларға
əбден иланған Эномай.— Спартактың сатылғаны ақиқат болды!..
Көздері шатынай жайнап кеткен Эвтибида, германдықтың жанына
жақындай түсіп, қиылған дауыспен:
— Тездет! Күтетін не қалды?.. Жансерік германдықтарыңмен бірге
өзіңді əлдеқандай бір тау шатқалының тығырығына апарып тыққанды,
онда шайқасуға мүмкіндік таба алмай, масқара болып қаруларыңды
үйіп, қалта қарап отырып қалуды тілеймісің? Сонан соң өздеріңді
креске керіп өлтірсін немесе цирк алаңында жыртқыш аңдарға жем
етсін деймісің? — деп тіл қатты.
— Жоқ! Жоқ! Top құдайдың бүтіндей найзағайлары куə!— деп ашу
кернеген германдық айқайлап жіберді де, шатырдың бір бұрышында
жинаулы тұрған сауытын кие бастады. Дулығасын түзеп, семсерін
беліне байлап жатып, ол тағы:
— Жоқ! Оның маған екіжүзділік істеуіне шыдап отыра алмаймын.
Өз легиондарымды алып... сатылғандар лагерінен дереу кетемін...—
деп айқайлады.
— Күні ертең қалғандардың бəрі де сенімен бірге кетеді. Галлдар,
иллириялықтар, самниттер сенен қалмайды, ал Спартакпен бірге
фракиялықтар мен гректер ғана қалады. Бас көсем де боласың, шабуыл
жасап Римді алу даңқы да өзіне тиеді... Ұмтыл... легиондарың ешбір
дыбыссыз тік көтерілетін болсын... қамда... біз бүгінгі түннен қалмай
кетуіміз керек... Өзіңді сүйген əйелдің жаннан асқан ұлы жəне аты
шулы адам болуыңды тілеген жанның берген ақылын күй құлағыңа?
Арада бірнеше минут өткен соң, герман легиондарының
кернейшілері таңғы дабылды тартып, бір сағатқа жетпейтін уақыттың
ішінде Эномайдың он мың солдаты шатырларын буып-түйіп,
жауынгерлік сапқа тұрды.
Лагерьдің бұл легиондар орын тепкен бөлімі сол жақтағы басқа
қақпаға жақын болатын. Kүзеттi басқаратын деканға Эномай құпия
белгісін айтты да, сонымен ешбір дыбыс шығармастан өз
легиондарын алып шығып кете барды. Германдықтардың берілген
белгісімен галлдар мен олардың көршілері де оянды: бұлардың
кейбіреулері бүтіндей қол шеру тартып аттанбақ болған екен деп, енді
біреулері - гладиаторлардың лагеріне жау төніп келіп қалған екен деп
ойлады. Орындарынан ұшып-ұшып тұрып, жаушы-жалам қарулана
сала, шатырларынан шығып жатты, кернейшілерге ешкімнің
бұйрығынсыз-ақ таңғы дабылды қағу тапсырылды. Сонымен азғантай
ғана уақытың ішінде гладиаторлардың бүтіндей лагері аяғынан тік
тұрып, барлық легиондар қаруға қол қойды. Тұтқиылда жау тигенде
қаншалықты тəртіпті деген қолдардың өзінде де пайда болатын астанкестен əбігершілік болды да қалды.
Төсегінен атып тұрып, шатырдың есігіне қарай ұмтылған Спартак,
претория күзетінде тұрған солдаттардан не болып қалғанын сұрады.
─ Тəрізі, жау жақындап келіп қалса керек, - деп жауап берді олар.
─ Қалайша? Қайдағы жау? – деп ол бұл жауапқа онан бетер қайран
қалды.
Ол тез қарулана салып тысқа шықты да, лагерьдің орталығына
қарай беттеді.
Онда барған соң, өз легиондарын алып Эномайдың лагерьден
шығып бара жатқанын жəне бұл аттаныс туралы Спартактан бұйрық
болған екен деп ойлап, басқа легиондар да мұздай құрсанып, оның
соңынан кетуге əзір тұрғанын естіді.
─ Аһ! Бұл не сұмдық? Шынымен солай ма екен? — деп дауыстап
жіберді, фракиялық өзін-өзі маңдайға маңдайға түйгіштеп. - Жоқ! Олай
болуы мүмкін емес! Анда-мұнда жарқ етіп қалып жатқан факелдер
сəулесімен қақпаға қарай ұмтылды.
Спартак келгенде германдықтардың екінші легионы сыртқа шығып
жатқан еді. Спартак шынтақтарымен бұза-жара ұмтылып легионның
соңғы тізбектерін басып озып өте берді. Қақпадан шыға, төрт-бес жүз
қадамдай алаңды жүгіріп өтіп, екінші легионының тегіс өтуін күтіп,
өзінің контуборналийлерінің арасында ат үстінде тұрған Эномайдың
тұсына келді.
Толық қару-жарақтанған біреу Спартакты басып озды. Бұл Крикс
еді. Ол Эномайға жүгіріп жетіп келіп:
─ Мұның не сұмдық, Эномай? Не болды? Бүтіндей лагерьді аяғынан
тік тұрғызғаның не? Қайда кетіп барасың? — деп айқай салды.
— Сатылғанның лагерінен бойымды аулақ саламын,— деп күркіреді
германдық, айылын да жимастан.— Ал алдаудың құрбаны болмайын
десең, өз легиондарыңмен бірге, зұлымдықпен жауға ұсталып берілгің
келмесе, сен де маған ілес. Тізе қосып Римге аттанамыз.
Осы сəтте екі иығынан демін əрең алған Спартак та келіп жеткен еді,
ол:
— Қандай сатылған туралы айтып тұрсың, Эномай? Кімді мезгейсің?
— деп сұрады.
— Сен туралы айтып тұрмын, мезгейтінім де сен; Мен Римге қарсы
соғысамын жəне сол Римге аттанамын. Альпіге барамын деп құз
қойнында кездейсоқ, бақытсыздықпен, əрине, жау тырнағына түсер
жайым жоқ!
─ Рақымы күшті, құдіретті Юпитерге аян! —деп дауыстап жіберді,
ашу кернеген Спартак.— Егер сен мұны ойнап айтып тұрсаң, мен
мұныңды ақылға сиярлық ойындардың ішіндегі ең жаманы деуге
тиіспін!..
— Фрея куə... Мен ойнап тұрғаным жоқ, бұл сөзді барлық шыныммен
айтып тұрмын, ақылымнан да танғаным жоқ!
— Сен мені сатылған деп санайсың ғой!—деді ашуға булыққан
Спартак.
─ Солай деп сапаймын, сонымен бірге бұған кəміл көзім жетеді,
мұны естір құлаққа солай деп жариялаймын да.
— Өтірік айтасың, ұрда-жық маскүнем!..— деп ақырды Спартак
семсерін қынабынан суырып ала, Эномайға тап беріп,
Анау да атына қамшы басып, семсерін жалаңдата, Спартакқа қарсы
ұмтылды.
Бірақ, Крикс Эномайды шаужайдан ала түсіп, кейін шегіндіре:
— Эномай! Егер сен жынданғаннан аман болсаң, мына қылығыңа
қарағанда, римляндердің алтынына сатылып, желіктіруіне ерген,
нағыз екіжүзді сенің өзіңсің жəне...— деп ақырып қоя берді.
— Сен не айтып тұрсың, Крикс?..— деді ашу билеп қалш-қалш еткен
германдық.
— Белен сəулесінің құдіретті күшіне аян!—деп дауыстады, қатты
ыза болған галл — Егер сенің орныңда Рим консулдарының бірі болса,
мынауың тек соның ғана істейтін ісі!
Спартакты Арторикс, Борторикс, Фессалоний, тағы басқа да əскер
басылар қоршап алған еді, ол ашуын басып, семсерін қынабына қайта
салды да:
— Сенің бұл айтып тұрғаның Эринниялардың бірінің сөзі екеніне
мен ешбір шүбəланбаймын: Римнен шығып Капуяға келетін қатерлі
сапарда, біздің көтерілісіміз басталғаннан бері қарайғы қиын-қыстау,
ұлы істер мен қуанышты оқиғаларды бастан бірге кешіп келе жатқан
жолдасым, Эномай, сен маған əлгіндей сөздер айтпас едің. Білмеймін...
түсіне алмай тұрмын... алайда, сен екеуміз Римнен шығып, қалай екені
өзіме де белгісіз жолмен, біздің арамызға келіп кірген қырқыстыру,
айдап салу əрекетінің құрбаны болғанға ұқсаймыз. Бірақ əңгіме қазір
мұнда да емес, егер əлгінде ғана өзімнің туған баурымдай көрген сенің
айтқан сөздеріңді басқа біреу айтса, ол ендігі өліп жатар еді... Жүре
бер... Бауырластарыңның ісін тастап, туларыңды лақтырып кет... Сен
айтып тұрған сияқты арамдық істер істеп, өз атыма зəредей кіршік
келтірмегендігіме, сенің легиондарыңның алдында марқұм атаанамның аруағын, қарындасымның өмірін аузыма алып, көктің де,
тамұқтың да барлық құдайларын атап ант ішемін. Өзімнің тар жолда
табысқан жолдастарымның алдында берген антымнан зəредей тайған
жерім болса, Юпитердің жайы түсіп, күлімді көкке ұшырсын, есімім
екіжүзді деген қарғыс таңбамен кейінгі үрім-бұтаққа жетсін!—деді.
Спартактың аузынан, мызғымас жəне салтанатты үнмен естілген
бұл ант естігендердің сай сүйегін сырқыратқандай болды. Ол мəрт
мінезді томырық Эномайды да жібіткен сияқты еді, нақ сол мезетте,
басқы қақпаға тақау жерден үшінші легионның (галлдардың бірінші
легионының) керней даусы естіліп, тұрғандардың назары соған ауды.
— Тамұқтың құдайлары сақтасын!— деп дауыстап жіберді жүзі қу
шіберектей болған Спартак.— Демек, галлдардың да кеткені ме?
Жұрттың бəрі бөгет алдындағы қақпаға қарай жүрді.
Сол мезетте өзінің жатаған келген сұлу атына мініп, манадан бері
Эномайдың жайында тұрған Эвтибида германдықтардың екі бірдей
легионы кетіп бара жатқан жолға қарай оны шаужайынан алып
жетелей жөнелді. Германдық пен Эвтибиданың соңынан Эномайдың
басқа контуберналийлері ерді.
Крикс пен Спартак лагерь қақпасына қарай қайта ұмтылған шақта,
германдықтардың бұл уақытқа дейін лагерьде бөгеліп қалған атты
отыз садақшысы жаңа шығып келеді екен. Өздеріне қарсы кездескен
Спартак пен Криксті көре сала:
— Міне Спартак!
— Көрдіңдер ме опасызды!
— Өлтіру керек, оны!— деп айқайлап қоя берді.
Бұлар екі бірдей көсемге садақтарын кезеп тұра қалғанда, олардың
деканы да:
— Спартак — сені, Крикс — сені атамыз, опасыз сатылғандар!— деп
дауыстады.
Зуылдаған отыз оқ Спартак пен Крикске жаңбырдай жауды.
Екеуі де беттерін қалқанмен бүркеп қалған еді, бірнеше оқ оған
үйдек-түйдек келіп қадала түсті. Спартакты өзінің денесімен
қалқаламақ болып, Крикс оның алдын кес-кестей берді:
— Қасиетті ісімізді сүйгендік үшін, ордан қарғып өтші!—деп
дауыстады ол.
Спартак жолдың бойын қуалай жатқан ордан қарғып, арғы бетке
шықты, оның соңынан Крикс ұмтылды. Спартак пен Криксті елең
қылмастан германдықтардың легиондарының соңынан кетіп бара
жатқан қашқындардың шабуылынан олар тек осылайша ғана
құтылды.
— Оңбаған қашқындар!—деді Крикс.
— Бара қойыңдар, консул Геллий быт-шытыңды шығарсын!—деді
ызаға булыққан Спартак.
Лагерь қақпасына келген Спартак пен Крикс онда Арторикс пен
Борторикс лагерьден шығып, германдықтардың соңынан кетпек
болған үшінші легионның солдаттарын бөгеп жүргенін көрді.
Оларды Крикс тоқтатып, өз тілдерінде қарақшылар мен
екіжүзділердің сүрең тобы опасыз арамзалар деп жер-жебірлеріне
жетті.
Ол өзінің сөзін аяқтап, бұл жексұрындық жанжалға жел беруші
сатылған опасыздарды күні ертең тауып, креске керіп өлтіруге
бұйыратынын айтып қарғанғанда, галлдар лəм-мимсіз, қоғадай
жапырылған бетімен өздерінің лагеріне қайтты.
Сөзін аяқтай келе Крикстің өңі қашып, ту баста екпінді жəне үнді
естілген даусы біртіндеп бəсеңдей берді. Бүлік шығарған легионның
алғашқы саптарының кейін қайта бастағаны сол еді, ол теңселіп барып,
жанында тұрған Спартактың қолына сұлқ түсіп құлай кетті.
─ Ия, құдай, сақтай гөр! — деді фракиялық қабырғасы сөгілгендей.—
Мені қорғаймын деп, оқтың өтіне тұрғаныңда жаралап кеткен екен ғой.
Шынында солай болып шықты: бір оқ саннан тиіп, ал екінші оқ
сауыттың шығыршығынан етіп, бесінші жəне алтыншы қабырғаның
аралығынан келіп қадалған екен.
Криксті шатырға алып келіп, жарасын жайғастырып таңып тастады.
Азапты ауыр ойға шомған Спартак оның жанында болып, түні бойы
көз ілмеді. Эномайды, оның ойда жоқта қашу жайын ойластырып, таңтамаша болды, зор қатерге қарсы кеткен, он мың германдық үшін
қайғы шекті.
Келесі күні таң сəріде легиондарына қос-қолаңды жинатты да,
Спартак Камеринумға аттанды. Айтқандай-ақ онда түн ортасында
келіп жетті, ал консул Лентул — одан бір күн кейін келді.
Соғыс ісінде асып кеткен тəжрибесі жоқ консул, латиндық
менмендігі басынан асқан патриций, қарауымда жиырма төрт мың
адамы бар римдік төрт легион, оған көмекші тағы да он екі мың əскер
тұрғанда жетпіс мың гладиатордың нашар қаруланған, намыссыз,
сенімсіз, тəртіпсіз сүрең тобын талқандамайтын не бар деп лепірді.
Сондықтан қолайлы тұрғыдан орын теуіп, солдаттарын қыздырма
мақтан сөздермен қайрап-қайрап алып, ертеңіне гладиаторларға қарсы
ұрысқа шықты. Спартак өзіне тəн данышпандық көрегендікпен, өз
қолының сан жағынан басымдылығын пайдаланды да, үш сағатқа
жетпейтін уақыттың ішінде консулды барлық жағынан бірдей қоршап
алды. Рим легиондары аса ерлікпен соғыса тұрса да, дұшпан ту
сыртынан шабуыл жасайтын болғандықтан, кері шегінуге мəжбүр
болды.
Дұшпанның мұндай қобалжуын да Спартак шебер пайдалана қойды.
Ұрыстың не қызу жерлерінде болып, өзінің ерлігімен гладиаторларды
жігерлендіргені сонша, олар римляндерге уытты шабуыл жасап, шебін
бұза талқандап шықты, жаудың бүкіл қос-қолаңын басып қалды.
Бұл үздік, жаңа жеңістің онда да консулдардың біpiн талқандап ие
болған даңқты жеңістің қуанышы Спартакты жұбата алмады, осы
уақыттың ішінде Эномайға шабуыл жасап, оның əскерін жойып жіберуі
ықтимал, екінші консул Геллий туралы ойлады.
Сондықтан ұрыс болып өткен күннің ертеңіне Спартак шатырларды
жық деп əмір берді де, бетті кейін қарай қайта түзеді, əдеттегідей жай
туралы мағлұматтар жеткізіп отыру үшін алға көптеген атты əскерлер
жіберді. Келесі күні кешке таман бүкіл атты əскердің бастығы
Мамилий Спартакқа келіп, Эномайдың Писцель тауы баурында лагерь
ашып алып жатқаны, ал гладиаторлардың əскерінен он мың
германдықтардың бөлініп кеткенін есіткен Геллий Эномайдың
отрядын талқандамақ болып, суыт аттанғаны туралы жедел хабар
жеткізді.
Спартак легиондарын алты сағаттай ғана дамылдатып алды да,
Апенниннің құз жақпарлары арқылы Писцель тауына қарай тартты.
Бұл уақыттың, ішінде консул Геллий Публикола жиырма сегіз мың
солдатпен барып, таңсəріде Эномайға уытты шабуыл жасаған еді,
теңбе-теңсіз бұл ұрысқа германдық алды-артын ойластырмай килікті.
Ұрыс сұрапыл қатты болды. Екі сағаттан аса уақытқа дейін ұрыста
ешқандай өзгеріс болмады, өйткені екі жақ та асқан табандылықпен
аянбай ұрысты. Бірақ Геллин өз əскерінің шебін тез кеңітіп жіберіп,
германдықтардың екі легионын бірдей орағыта қоршап алды.
Германдықтар тұяқ серіптірместей қоршаудың қыспағында қалды.
Бас сауғалаудың ешбір жолын таба алмаған соң, олар ерлікпен
соғысып жан беруге бел байлады да, екі сағаттан аса уақыт бойына
созылған жан алып, жан беріс ұрыста римляндерді орасан көп
шығынға ұшырата отырып, түгелімен қырғын тапты.
Ең соңғы өлгендердің бірі Эномай болды. Ол өз қолымен бір соғыс
трибунын, бір центурионды, толып жатқан легионерлерді өлтірді.
Өнебойында оймаққа құрам cay жер жоқ жəне жотадан бірнеше семсер
қосқабат тиген ол, өзінен бұрынырақ жығылған Эвтибиданың жанына
келіп, күрс етіп құлап түсті.
Бірақ ұрыс аяқтала берісімен-ақ, шабуылға шығарда берілетін
керней дабылы жеңушілерге тағы да бір дұшпанның тап болғанын
хабарлады.
Бұл ұрыс болған жерге салып ұрып келіп қалған Спартак еді. Ол ұзақ
сапардан легиоидарының қажып келгеніне қарамастан, оларды
жауынгерлік сапқа қойып жіберді де, əскер қатарларын аралай жүріп,
солдаттарды қырылған бауырлар үшін кек алуға шақырды.
Консул Геллий де өз легиондарын тезінен қайта жасақтауға
қолынан келген барлық күшін салды.
Алғашқыдан да өткен сұрапыл шайқас басталып кете барды.
Бұл уақытта өлім аузындағы Эномай, жанталаса ыңыранып, əлсінəлі Эвтибиданы атын атап шақырумен жатты.
Бұл жаңа шайқаста римляндердің екінші жаққа қарай ығысуымен
германдықтар қырылған майдан даласы иесіз қалған еді, қалың
өліктер қаптаған бұл жалпақ өңірде жан берген, жаралы болған
адамдардың өлер алдындағы күңіренген үні ғана естіліп тұрды.
Эномайдың өнебойындағы сірескен жараларынан қан саулап ағып
жатқанымен, оның жүрегі əлі де соғудан тоқталған жоқ еді. Ол өлім
алдындағы жанталаста сүйген қызының атын атап шақырып жатқан
мезгілде, Эвтибида жығылған жерінен түрегелді. Өзінің жанында өліп
жатқан контуберналийдің туникасының өңірін жыртып алды да,
онымен қатты жараланып қанға боялған ол жақ қолын танды.
Геллийдің шабуылы тым тұтқиыл болғандықтан, римляндер жаққа
қашып шығудың немесе ұрыс майданынан кетіп қалудың есебін таба
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 25
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.