Latin Common Turkic

Спартак - 07

Total number of words is 4089
Total number of unique words is 2307
34.0 of words are in the 2000 most common words
47.8 of words are in the 5000 most common words
55.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
- Кешегі күні екі мың екі жүз алпыс болатын.
-Туатын жаңа жұлдыздар бар ма екен?
- Қашан сансыз жұлдыздар қаптаған мөлдір аспан əлемге нұр
шашқанға дейін олар қосыла бермек.
- Ескекке қара! — деді біреуі, шарап алып кірген эфноп күңді
көргенде.
Күң кеткен соң, галл нəсілді бір гладиатор латын тілінде
былдырақтатып:
- Біз мұнда оңашамыз, құр бекерге жұмбақтап, өз басымызды өзіміз
ауыртпай-ақ ашық сөйлейік те, сендерге жаңада қосылғандықтан бұл
тілге мен əлі де төселе қойғаным жоқ, сол себепті мен ешқандай
сиқырсыз-ақ мынаны сұрағым келеді: бізді жақтаушылар сан жағынан
өсуде ме? Өзіміз тік көтеріліп шыңдап ұрысқа шығатын, өркөкірек
төрелерімізге өздері сияқты біздің де ер екенімізді, тіпті олардан да ер
екенімізді көрсетер күн баp ма, жоқ па? — деді.
— Сен тым асығасың, Брезовир,— деді Крикс езу тартып — тым
асығып, күйгелектікпен айтасың. Одағымызға кірушілердің саны күн
санап, қасиетті ісімізді қолдаушылардың саны сағат санап, секунд
санап өсуде... мəселе, бүгін кешке, шам жамырай Сублиций көпірінің
арғы бетінде Авентин жəне Яникуль жоталарының аралығындағы
Фуррина құдайдың орманында Одаққа қабылдау ережелерін толық
сақтай отырып, айнымас жəне адал тағы да он бір гладиатор алынады.
— Фуррина құдайдың орманында,— деді күйгелек Брезовир,— емен
ағаштарының ну жапырақтары арасында Кай Гракхтың атаусыз қалған
аруағы əлі де азап шегіп, қасиетті топырағын патрицийлар кегі оның
ғазиз қанымен суарған жерде; нақ сол жерде өзіне бостандық алу үшін
езілгендер топтасып, бас қосулары керек.
— Мені алатын болсаңдар,— деді самниттер нəсілінен шыққан бір
гладиатор,— көтерілістің бұрқ етер сағатына дейін шыдай алар
емеспін; өйткені мен көтерілістің жеңіспен аяқталуына өте сенімді
екенімнен де емес, қасиетті азамат соғысында қырғын тапқан
самниттер мен марсийлықтардың кегін алу үшін римляндармен
шайқасуға асығамын.
— Əрине, біздің əділ ісіміздің жеңетініне сенбеген болсам,
езілгендер Одағына мен де кірмеген болар едім.
— Мен өлімге басым байлаулы адам болғандықтан Одаққа кіргемін,
өйткені циркте итжемеде өлгенше, ұрыс майданында жан бергенді
артық көремін.
Сол мезетте гладиаторлардың біреуінің семсері жерге түсіп кетті.
Ол семсерін алмақ болып еңкейе беріп:
— Ложаның астында біреу жатыр! — деп дауыстап жіберді.
Ол əлдекімнің аяғын, жасыл тогасының етегін көргендей болды.
Отырғандардың бəрі орындарынан тұрып, абыржыды да қалды.
Крикс дереу:
— Ескекке қара! Брезовир мен Торкват құрт-құмырсқаларды1 айдап
шықсын, балықты біз қуырайық, — деп дауыстады.
Екі гладиатор бұйрықты орындап, жүгіріп есікке барды да, бейхабар
адамдарша сол арада əрнемені былжырақтатып тұрды да қойды;
қалғандары ложаны көтеріп жіберіп, оның астында бүктүсіп жатқан
жасы отыздың шамасындағы біреуді суырып алып шықты. Төрт бірдей
қарулы қолдың қармауына іліккен адам рақым сұрай жалына бастады.
— Үніңді шығарма,— деді оған Крикс ызбармен, тырп етуші болма,
өлесің!
Қолға түскен адамның үстіне жарқ-жұрқ етіп төне қалған оншақты
семсер оған зəредей дыбыс шығарды-ақ сол секундте ол дүниеге
кететінін ескертіп тұрғандай.
- Ал!, стол үстіне есеп-қисапсыз сестерция тастап кетіп жүрген сабин
астық саудагері сен екенсің ғой? — деді қанды көздерінде ашу оты
лаулаған Крикс.
- Илана көріңіздер, батырекелер, мен... - деп сасқалақтады,
қорыққанынан өнебойы мұздап кеткен адам.
- Өшір үніңді, қорқақ неме! — деді гладиаторлардың бірі оның сөзін
бөле, кейінгі жағынан бір теуіп қалып.
- Эфмакл, сабыр ете тұршы,— деді Крикс ызбарлы үнмен...
- Ол өзінің мұнда неге келгенін жəне кім жібергенін айтсын, бізге
керегі сол.
Содан соң Крикс астық сатушы жалған саудагерлерге қарап:
- Сөйтіп, астықпен алып сатарлық істеу үшін емес, шпиондық,
екіжүзділік əрекетпен жүрсің ғой...
- Құдіреті күшті құдай куə, маған...— деп діріл қақты қолға түскен
адам.
- Кімсің өзің? Сені мұнда кім жіберді?
- Бір шыбындай жанымды қия көріңдер... мен сендерге бəрін де
айтайын...Рақым ете көріңдер, өлтірмеңдер мені.
- Оны кейін көре жатармыз, əзірге айта бер.
- Менің аты-жөнім Сильвий Кордений Веррес...грекпін... бұрын құл
едім... қазіргі уақытта Кай Веррес басыма бостандық берді.
- Солай ма! Сен мұнда соның бұйрығымен келген екенсің ғой?
- Ия, соның бұйрығымен.
- Ал, Кай Верреске біздің жазығымыз не, сонда? Біздің ізімізге түсіп,
үстімізден шағым жүргізгендегі оның ойлайтын мақсаты не? Біздің
астыртын басқосуымыздың не үшін екенін білгісі келгеніне қарағанда,
тəрізі, сонан соң оны Сенатқа хабарламақ екен ғой.
- Білмеймін... ол арасын біле алмадым,— деді Кай Веррестің еркіне
босатқан адамы, қолды-аяққа тұрмай дірілдеп.
- Қулықты қой... Ақмағың жоқ мұнда! Веррестің саған мұндай
сыпайы жəне қатерлі аманатты сеніп тапсыруына қарағанда ол мұны
аяқтап шығуға сені қабілеті жететін адам деп санаған. Олай болса,
білгеніңді жасырмай тегіс айт, біз сенің бұлталағыңа төзе алмаймыз.
Бұл адамдармен ойнауға болмайтынын, өлімнің алқымнан алып
тұрғанын Сильвий Кордений сезейін деді, суға кеткен тал қармайды
дегендей ашықтан-ашық мойындап, шыбын жанын сақтап қалу
əрекетін жасауға бел байлады.
Ол білгенін түп-түгел баяндап берді.
Кай Веррес гладиаторлардың Римге қарсы көтеріліс жасау үшін
ұйымдасқан Одағы бар екенін Катилинаның триклинасында отырып
естігенде өлімнен тайынбайтын бұл өжет адамдар өздері ойға алған
жəне ұтпаса, ұтылмайтын қимылдан оп-оңай бастарта қойды дегенде
сене алмаған-ды. Сол күнгі кеште Катилинаның триклинасында ол
Спартактың көтеріліс туралы ойдан ада-күде тиылдық деген сөзіне де
нанған жоқ. Қайта Кай Веррес заговор астыртын күшейіп ұлғаюда
екен, бір сəтті күні гладиаторлар патрицийлардан ешқандай көмек
күтпестен-ақ көтеріліс туын көтереді екен деп түйді.
Бұл мəселе жайында істі неден бастау керек екенін əбден
ойластырып болғаннан кейін, өлердей ақшақұмар, тек оңай олжа етуге
қаржы біткеннің жаттығы жоқ ден санайтын Кай Веррес,
гладиторлардың ізін аңдып, олардың заговорының мəн-жайын əбден
біліп алуға, сөйтіп оны Сенатқа хабарлауға бел байлады; бұл үшін ол
сыйға күрделі сома алармын немесе квесторлардың, преторлардың
жəне проконсулдардың əдетінше жергілікті халықты қанай отырып,
байып алуға мүмкіндік туатын бір провинцияны басқару тізгінін
ұстармын деп үміттенді — езілушілердің шағымы екі жүзді жəне
сатылуға əрқашан əзір тұратын Рим Сенатын ешуақытта да селт
еткізіп көрген емес-ті.
Веррес өзінің осы мақсатын іске асыру үшін гладиаторларды аңдып,
олардың барлық жоспарларының мəн-жайын əбден біліп алуды өзі
бостандық берген сенімді адамы, адал қызметшісі — Сильвий
Корденийға осыдан бір ай бұрын тапсырған болатын.
Римнің өте-мөте кедей-кепшікті аудандарындағы гладиаторлардың
ең бір жиі жиналып тұратын жерлері притон, қабақ, жезөкшелер үйі,
асхана атаулыны Кордений бір айдың ішінде түгел адақтап болған;
астыртын тыңдай бақылай жүре ол кейбір айғақтарды жинап,
ақырында егер қаскүнемдіктің бар екені рас болса, оның басшысы
Крикс екен деп түйген. Сондықтан ол Криксті аңдумен болды, Венера
Ливитинаның асханасына галлдың жиі келіп тұратынын білген
Сильвий Кордений де онда алты-жеті күндей ізін суытпастан, күн
сайын бір, кейде, тіпті, екі рет келіп-кетіп тұрды; сөйтіп дəл бүгінгі
кеште топ басылардың жиналысы болатынын, онда Крикс келетінін
білген соң, ол қулық жасап, Жалғызкөзді Лутацияның назары келген
гладиаторларға ауа берген сəтте ложаның астына кіріп кетті.
Сильвий Кордений бірі мен бірі байланыссыз, дегбіреген сөздерін
аяқтай бергенде, аңысын аңлап, біраздан бері үн-түнсіз отырған Крикс
жай жəне байсалдылықпен:
- Сен барып тұрған сұмның өзі екенсің! — деді.
- Мені ине сабақ жіпке тұрады екен демеңіз, абзал Крикс жəне...
- Жоқ, жоқ олай емес, сен өзің елеусіз болғанмен орныңды дəл
тапқансың. Қойдан қоңыр момақандығыңа қарамай, өзің бір жер-су
баспаған қу көрінесің.
- Ондайлық сіздерге еш жаманшылық істеген жоқпын ғой... мен тек
патронымның бұйрығын ғана орындадым... ешнəрсе бүгіп қалмаған
адалдығымды, естіп білгендерімді ешкімге тіпті , Веррестің өзіне де
айтпауға тамұқтың құдай біткені алдында ант ететінімді еске алып,
мені аярсыңдар, босатып, қоя берерсіңдер деп ойлаймын.
- Сен тым асықпа, Сильвий, ол жағын сөйлесе жатамыз ғой, - деді
Крикс мысқылдап.
Осыны айтты да ол, бірнеше гладиаторды шақырып алып:
- Бір минуттай оңаша сөйлеселікші!– деді.
Өзі шығып бара жатып ол қалғандарына:
- Мынадан көз жазбаңдар... Жəне өзіне де тиюші де болмаңдар- деді.
Гладиаторлар асханадан шықты.
- Мына жексұрынды не істейміз? – деп сұрады Крикс көшенің
мүйісіне шыға бере тоқтай қалып, өзін қоршап алған жолдастарына
қарап.
- Бұл не деген сөз? – деді Брезовир.- Оны құтырған иттей сеспей
қатыру керек.
- Оны босатып қоя берсек, - деді екінші біреуі, - онда мұнымыз
өзімізді өзіміз ұстап бергендік болар еді.
- Оны өлтірмей-ақ, тұтқындап бір жерде ұстап отырсақ онда тағы бір
пəле, - деді үшінші пəле.
— Оны тығып қоятын жеріміз қайсы? — деді төртінші біреу.
— Сонымен, өлтіру керек
маңындағыларға жағалай қарап.
қой?

деп
сұрады
Крикс,
— Қазір түн...
— Көшелерде тірі жан жоқ...
— Біз оны осы көшенің басындағы төбеге алып шығып кетеміз де...
— Mors sua — vita nostra1 — Брезовир үкім өкіміндегі латынша бұл
төрт сөзді варварлық нақыспен айтты.
— Ия, солай ету қажет болар, — деп Крикс қабақтың есігіне қарай
бір адым ілгері аттады да, тоқтай қалып:
— Оны қайсың өлтірмексің? — деді.
Бұл сұраққа бірден ешкім жауап бере қоймады, тек бірнеше
минуттай үн-түнсіз тұрғаннан соң барып, біреуі:
— Қарусыз, қарсылқсыз адамды өлтірудің өзі...— деді.
— Тым болмаса қолында семсері тұрса екен...—деді екіншісі.
— Егер ол өзін қорғайтын немесе қорғауға тырысатын болса, онда
бұл тапсырманы мен-ақ міндетіме алар едім,— деді Брезовир.
— Қарусыз адамды жарып тастау деген...— деп күңк етті самнит
Торкват.
— Алғыр да, ізгі де жансыңдар-ау,— деді Крикс серпіле түсіп,—
бостандыққа да татитын адамсындар! Дегенмен, бəріміздің игілігіміз
үшін біреу өзін-өзі билеп, езілгендер Одағы сотының мен айтқан бұл
үкімін орындауға тиіс.
Бəрі де бастарын төмен тұқыртып бұған мойығандық білдірді.
— Екіншіден,— деді Крикс сөз аяғын жалғай түсіп,— ол бізбен
теңбе-тең қару ұстап, ашық майданда сайысқалы келіп пе еді? Оның
шпион екені өтірік пе? Егер біз оны інінен суырып алмасақ, арада екі
сағат өтісімен-ақ, біздің үстімізден тиісті жерге хабар түсірер еді. Екі
күннен соң Сессор алаңында креске қағылып өлтірілу үшін Мамертин
түрмесіне қамалған болар едік.
— Рас, рас! —деді бірнеше дауыс бірден қостап:
- Ендеше, езілгендер Одағының соты атынан бұл адамды өлтіруді
Брезовир мен Торкватқа бұйырамын.
Аттары аталған гладиаторлардың екеуі де ризалық білдірді, сонан
соң Крикс бас болып бəрі де асханаға қайтып келді.
Өз тағдыры туралы үкімді күткен Сильвий Кордений Веррес қатты
үрейленген күйі дегбірі қалмай қалтыраумен отырды. Оған əрбір
минут ғасырдай болды. Ол үрейлі көздерін Крикс пен оның
жолдастарына қадап, құп- ақ болып кетті, бірақ олардың жүзінен
ешқандай рақым нышанын көре алмады.
- Сонымен не істедіңіздер? — деді ол жыламсырап – сіздер маған
рақым етер ме екенсіздер? Жанымды қияр ма екенсіздер?.. Мен атааналарыңызға, үрім-бұтақтарыңызға жақсылық тілеп, батамды
берейін...
- Бізде, ата-ана бер ма? – деп дүрсе қоя берді, ашумен өңі бұзылып
түтігіп кеткен Брезовир.
- Бізде іске татыр не қалды? – деді көздерінде кек аралас ашу оты
жанған бір гладиатор.
- Түрегел, қорқақ! – деп ақырды Торкват.
- Тоқтаңдар! – деді Крикс, сөйтті де Кай Веррестің еркіне жіберген
адамына қарап, тағы да: - Сен бізбен бірге жүр. Осынау кішкентай
көшенің басына барып ақылдасамыз да, сенің тағдырыңды сол арада
шешеміз, - деді.
Бүкіл көшені бақырып басына көтермес үшін Сильвий Корденийді
зəредей болса да жаннан үміттендіріп болған соң, жолдастарына оны
алып шығуға ишараттаған Крикс, кеудесінде жаны бар адамнан да гөрі
өлікке ұқсас Корденийді сүйрелеп келе жатқан гладиаторларды бастап
тысқа шықты. Анау қарсыласу былай тұрсын бір ауыз сөзге де келген
жоқ.
Лутациямен есеп айырысу үшін бір гладиатор қалды. Сыртқа
шығып бара жатқан осынау жиырма гладиатордың арасынан ол өзінің
астық саудагерін көре де алмай қалды. Басқа гладиаторлар асханадан
шыға бере оңға қарай бұрылып, қала сыртындағы қорғанға барып
тірелетін қисық-қисық көшенің бойымен өрлеп келе жатты. Одан əpi
де- жазық дала жатыр.
Осы араға келген соң олар тоқтай қалды. Сильвий Кордений жүгініп
отыра кетіп, зар еңіреген күйі гладиатордан рақым тілей бастады.
— Қолыңа теңбе-тең қару алып, біздің біреуімізбен жекпе-жек
шайқасуды қалаймысың, сен қоян жүрек? — деп сұрады Брезовир.
— Аяй көр, аяңдар!.. Шиеттей бала-шаға үшін рақым тілеймін...
— Біздің баламыз жоқ!— деп ақырды гладиаторлардың бірі.
— Біз өмір бойы баласыз өтеміз! — деп күжілдеді, екінші біреуі:
— Бұғып жүріп шпиондық жасаудан басқа, шыны мен-ақ сенің
қолыңнан келетін дəнеме жоқ болғаны ма? Бетпе-бет адал шайқасқа
баспайды екесің ғой?
— Өлтіре көрмеңдер!.. Қиыңдар, бір шыбындай жанымды...
— Сенің барар жерің жаһаннам, қорқақ неме! — деп Брезовир өзінің
келте семсерін еркіндік алған адамның өңменіне сүңгітіп те қалды.
— Намыссыз, екіжүзді құл атаулы сенімен бірге кетсін,— деді
самнит Торкват, жығылған адамды семсермен есіп-есіп жіберіп.
Өліп бара жатқан адамды айнала қоршап алған гладиаторлар ойлы
жəне тұнжыраған пішінмен үн-түнсіз: оның ақырғы рет жан тəсілін
беруін қадағалап қараумен тұр.
Брезовир мен Торкват, ұйып қалмай тұрғанда қанын сүртіп тастау
үшін, семсерлерін бірнеше рет топыраққа сүңгітіп алды да, қынабына
салды.
Осыдан соң жиырма гладиатор үн-түнсіз томсарған күйі иесіз
көшеден шығып, Римнің думандырақ көшелеріне келіп түсті.
Осы айтылған оқиғалардан кейін арада сегіз күн өткен еді, өкше ізі
Аппий жолы жақтан шыққан бір сал татты Капуан қақпасы арқылы
шам жамырай Римге келіп кірді, ол қаланың көшелеріне бірнеше сағат
бойы толассыз шүмектеп төгіп тұрған қатты жаңбырдан аз да болса
қорғану үшін жамылғысын оранып-шымқанып алған. Адам да,
астындағы аты да ұзақ-сонар жол соғып əбден қалжыраған еді, өне
бойларын балшық басып кетіпті.
Сал татты айтқанша-ақ Священная көшесіне барып түсті де,
Эвтибида тұратын үйдің алдына келіп тоқтады. Атынан қарғып түсе
сала есік көзіндегі қола балғаны алып, онымен есікті бірнеше рет
салып-салып қалды. Солақ екен оған Рим үйлерінің босағасынан
кетпейтін күзет иті абалап қоя берді. Бірнеше минуттан соң,
күзетшінің келе жатқан тықыры естілді, ол итке «жат» деп зекіді де,
есікті жалма-жан аша бастады.
- Құдай көсегеңді көгертсін, қайрымды Гермоген, мен Метробиймін.
Кумыдан келіп тұрмын...
- Ат көлігің аман ба!..
- Өне бойым шылқып, суда жүзген балықтай болып кеттім...Жауыншашынның тəңрісі Юпитер өзінің шүмектерінің жұмысты қалай
істейтінін маған бір көрсетіп қалғысы келдім білем... Қызметшілердің
біреуін шақыр, мына жануарды көрші асхананың атқорасына енгізіп,
сұлы бергін.
Күзетші ортан қолымен бармағын түйістіріп алақанына шырт
еткізді де,- бұл құлдарды шақырғанда берілетін белгі – атты
шаужайынан алып:
- Кірсейші, Метробий! Үйдің жай-жапсары өзіңе таныс сол галереяда
бикештің үй қызметшісі Аспазия бар. Сенің келгеніңді қабарлайтын
сол. Атыңды маған тапсыр, айтқандарыңның бəрі де орындалады, деді.
Метробий ғайып кетем бе деген күдікпен кіреберіс есіктің
табалдырығын сақтана аттады, өйткені кіре бере тығылу ең жаман
ырымның белгісі болатын. Ол ауызғы үйге келіп кірді, оның əшекейлі
еденінде шам сəулесінен salve1 деген жазу көрінді; қабырғаға таяу
ұядағы ішін де қонақ ілгерілеп қадам басқан сайын, осы сөзді тақылдап
қайталап тұрды (ол заманның салты солай болатын).
Ауызғы бөлме мен атриумнан өтіп, ол галереяның қораларына кірді
де, қызметшіге өзінің келгенін Эвтибидаға бұйырды.
Бұл кезде Эвтибида өзінің неше түрлі қымбат жиһаздар қойылған
хош иісті қысқы қабылдау бөлмесінде еді. Ол өзінің оң жағында
отырған жас жігіттің ғашықтық назын ұйып тыңдауда. Эвтибида
жігіттің ұяң қара шашын сипай түседі, ал анау ынтызарлықпен өзінің
сүйіспеншілік нəзік сезімдерін баяндайды. Бұл жігіт Тит Лукреций Кар
еді.
Бала жасынан-ақ Эпикурдың ғылымына берілген ол,ұстазының
өсиетін өмір жүзінде қолданатын еді жəне кəдімгідей ашына терең
махабатты қаламайтын... жеңіл-желпі, соқпалы жұбаныш іздейтін.
Туды тағы ашындыру ақылыңды алдырған,
Құнықтырып бір затқа тілегіңді жандырған.
Жаңа махаббаттың отымен ескі махаббаттың
Зардабын жою үшін...
Алайда, бұл жағдай, бас-аяғын топшылай келгенде сол үмітсіз
махаббат салдарына қырық төрт жасында оның өзін-өзі өлтіруіне аратұра алған жоқ.
Лукреций — көз тартатын жəне талантты жігіт болды, мол
дəулеттің де иесі еді жəне оны өз қызығына ірікпей жұмсады. Ол
Эвтибиданың үйіне жиі келіп, онда бірнеше сағаттай болып кетіп
жүрді. Аса тапқыр жəне мінезді болған соң Эвтибида басқалардан гөрі
оны жылырақ шыраймен ішке тартатын.
— Сонымен, сен мені сүйесің ғой? — деп құйтыңдады куртизанка,
жігіттің шашымен ойнап.— Мен сенің мазаңды алғам жоқ па?
— Жоқ, саған деген махаббат барған сайын күшейе түсуде, өйткені
махаббат деген шіркін — неғұрлым өзіңді билеген сайын көкірегіңде
ынтызарлық отын өршіте түсетін бірден-бір құдіретті нəрсе емес пе.
Осы сəтте біреу келіп саусағымен есік шертті.
— Бұл қайсысың? — деп сұрады Эвтибида.
— Кумыдан Метробий келіп тұр,— деген Аспазияның талмау даусы
естілді.
— Апыр-ай! — деп төсектен атып тұрған Эвтибиданың жүзіне қан
жүгіре қалды.— Келіп-ақ қалған екен ғой? Экседраға ертіп бара тұр...
Мен қазір барайын.
Ол Лукрецийге қарап аптыға, бірақ назбен:
— Мені күте тұр... Қазір қайтып келемін... Осыда бұл адамның алып
келген хабары нақ сегіз күн бойы дəл өзімнің ынтыға күткенімдей
болып шықса, осыдан ойға алған кегім қайтар болып, бүгінгі кеште
мауқым басылар болса, онда мұратыма жетіп шын қуанышқа
батқаным, ол қуаныштан сен де құралақан қалмайсың,— деді.
Осыны айтты да ол таң-тамаша болған, байыбына бара алмай
наразылау қалған Лукрецийді жалғыз тастай беріп, саңлақты пішінмен
асыға-аптыға бөлмесінен шықты.
Ойға шомған жігіт, басын шайқай түсіп бөлме ішінде ерсілі-қарсылы
кезіп жүре бастады.
Дауыл екілене соғып, найзағайдың ауық-ауық жарқ еткен оты
бөлмені күңгірт сəулеге бөлейді, жайдың сатырлаған серпінінен үй
шайқалғандай; бұршақ аралас жаңбыр нөсерлеп төгіп тұр, ал
терістіктен тұрған қатты жел екілене соғып, есік-терезеден, саңлау
атаулының бəрінен ызыңдай үрлейді.
- Қарақұрық тобырдың құдайы Юпитер ойына алғанын істеп, өзінің
тау бұзып, тас жарғандай құдіретін бір көрсетейін деген екен, - деп
күбірледі жігіт, мысқылмен сəл жымия түсіп.
Бөлме ішінде тағы да біраз əрлі-берлі жүріп келді де, Лукреций
кушеткаға отыра кетіп, табиғаттың осынау дүлей күресінен пайда
болған бейнебір сезім дүниесіне енгендей, əсем шкафтың үстінде
жатқан балауыз тақталардың бірін алып, оған теміртек ұшы бар күміс
қаламмен сусылдатып жаза бастады.
Бұл уақытта Эвтибида экседраға барған еді; Метробий де сонда
болатын, ол үстіндегі жамылғысын шешіп, оның шұрқ-шұрқ тесіктерін
əрлі-берлі қарап жатты. Куртазаның шығуға оңтайланған күңін:
- Тұрма, отты молырақ жақ. Метробийге құрғақ киім əзірлеп,
триклинийге тəтті-дəмді тамақ келтір!— деп дауыстады.
Ол іле-шала Метробийге бұрылып:
- Сүйікті Метробиім, жақсы хабар əкеле алдың ба, немене? – деп
сұрады.
- Кумыдан алып шаққан хабарым онша жаман емес еді, бірақ жолдікі
нашар болды.
- Көріп тұрмын, байғұс Метробийім. Бері мына отқа таман отыршы!
– деді, ол орындықты пешке қарай жылжыта түсіп, - кəне, айтшы енді,
қолыңа көңілдегідей айғақ түсіре алдың ба, жоқ па?
- Аяулы, Эвтибида –ай, өзің де білесің Даная мұнарасының қола
қақпағын Юпитерге алтын ашқызбады ма...
- Көкімеші!.. Мойныңнан сорғалаған су сені қысқа сөйлеуге
үйретпегені ме, шынымен-ақ?
- Мен бір күңді сатып алу арқылы Спартактың құлқын сəрде
Валерияның бөлмесіне кіріп бара жатқанын есіктегі болымсыз
саңылаудан сан рет көрдім.
- Иə, тамұқтың құдайлары, жар бола көріңдер маған!- деп дауыстап
жіберді Эвтибида зəрлі қуанышпен.
Ашулы жолбарыстай түгін сырқа теуіп, тұнжырап кеткен қыз,
Метробийді жұлқылай түсіп, аптыққан, дегбірсіз үнмен:
— Бұл қаныпезерлер... Сулланың... ардақты атына... талайдан бері
кір келтіріп... жүрме екен...— деп сұрай бастады.
— Албыртқан құмарлық құшағында олар бірде-бір қара күңді бос
өткізбесе керек деп ойлаймын.
— Тырп етпе, енді олар қатерден құтылып көрсін! Олардың бəтуəсіз
бастарын,— деді Эвтибида тепсініп,— мен тамұқтың құдайларына
бағыштаймын!
Ол кетуге оңтайланды да, табанда тоқтай қалып Метробийге тағы
да:
—« Киімдеріңді ауыстырып ки де, триклинийге барып тамақ іш.
Мені сонда күте тұр.
«Қандай болсын жаманшылық іске басымды шатастырайын деген
бе едім мен», деп ойлады қарт актер, киім ауыстыру үшін қонақтарға
арналған бөлмеге қарай кетіп бара жатып.
Алайда, киімдерін ауыстырып киіп, тəтті-дəмді тамақтар мен
фалерн шарабы күтіп тұрған триклинийге келген соң, сенімді
ақтарлық ерше, жол азабын жəне кешікпей бір жаманшылықтың
боларын ішінің сезінуін ұмытуға тырысты.
Өңі қашқан, бірақ байсалды Эвтибида қолына ширатылған бір
папирусты алып триклинийге келгенде, ол тамағын ішіп болған да
жоқ еді. Бұл қымбат бағалы қағаздың сырты суретпен əшекейленіп,
кендірмен шандылған жұқа пергаментке оралған екен, шет-шеті
балауызбен желімделіп, оның үстінен Эвтибиданың жүзігінің мөрі
басылыпты. Мөрде теңіздің долы толқыны арасынан шығып келе
жатқан Венераның бейнесі тұр.
Эвтибиданың бұл келісінен сəл сасып қалған Метробий:
— Айтпақшы... аяулы Эвтибида..., мұның кімге жолдаған хат екенін...
білуіме болар ма екен? — деп сұрады.
— Соның несін сұрап тұр екенсің? Бұл — Луций Корнелий Суллаға.
— Мом құдайдың маскасы куə, осы ісіміз жөнінде асығыстық істеп
алмайықшы, шырағым...
— Ісіміз деймісің? Саған келер-кетер не бар, бұл арада.
— Юпитер рақымын салар да... Ал өз ісіне қол сұққанды Сулла
жақтырмай қалып жүрсе қалай болады? Өзінің жарына ашуланып
жүрсе қайтеміз? Ақырында ол - пəле болғанда жəне мұның болуы да
өте ықтимал – бəрімізге ашуланып жүрсе ше?..
- Ондағы менің жұмысым қанша?
- Солай ғой... қызым яғни... Сулланың ашуы сенің бақайыңнан
келмей-ақ қойсын... бірақ ол маған əжептəуір жүк.
- Сенің қамыңды ойлаған кім бар?
- Құдайға да, адамға да сүйікті Эвтибида, мен,— деді Метробий
екілене, — мен мұны өзімді өзім өте жақсы көтеретіндігімнен
айтамын.
- Мен сенің атыңды аузыма да алғаным жоқ... Нендей бола қалған
күнде де саған келер-кетер дəнеңе жоқ.
- Түсінемін... өте дұрыс... бірақ, қызым, мен Сулланың отыз жылдан
бергі жан досымын.
- Оныңды білемін ғой... Сен онымен өзіңнің зор даңқына лайықты
дəрежеден де өткен жан аямас доссың...
- Əңгіме онда емес... мен бұл жыртқыштың... астапыралда, бұл
адамның... жайын жақсы білемін,.. бірнеше жылдан беpгi арадан қыл
өтпес достығымызға қарамастан, ол менің мойнымды торғайдың
мойнындай жұлып алудан тайынбайды. Мен оның сүйегімді өртеген
ошақ басында елу гладиаторды сыйыстырып үлкен салтанатпен
жерлеуге əмір беретініне де шүбəланбаймын. Бірақ, сорлы басым бұл
тамашадан ешқандай лəззат ала алмаймын ғой...
- Қорықпа,— деді Эвтибида,— қорықпа, саған келер ешбір пəле жоқ.
Дəл осы сəтте, жол киімін киінген бір құл триклинийге келіп кірді.
- Менің аманатым, есіңде болсын, Демофил, Кумыға жеткенше
ешқайда алаңдаушы болма.
Қызметші Эвтибиданың қолындағы хатты алып қойнына – көйлегі
мен пенжегінің арасына тықты, бикешке тəжім етті де плашын
қаусырына түсіп, шығып кетті.
Эвтибида өз ойындағы күдігін қайтадан сөз ете бастаған
Метробийдің көңілін жұбатты. Оған ертең тағы көрісерміз деді де
триклинийдан шығып, қонақ үйіне келді. Онда Лукреций, тақтасын
қолына алып, жазғандарын қайта оқып шығуға оңтайланған еді.
- Ғафу ет, мен-сені тым көп уақыт жалғыз қалдырып қойдым... бірақ
уақытты текке оздырмағаныңды көріп тұрмын. Осы өлеңіңді маған
оқып берші, сенің ой шабытың тек өлеңмен... онда да үздік жақсы
өлеңмен көрінуге тиіс.
— Бұл өлеңді менің көкейіме салған сыртта долдана соғып тұрған
дауыл мен екеуің. Сондықтан мұны саған оқып беруге тиіспін. Ал үйге
бара жатқан бетте дауылға оқимын.
...Бейне бір жел теңіздей толқын атып,
Жемірген кемелерді, бұлт қарпып,
Немесе жүйткіп, ойнап соғат кенет
Екпіні қалың орман құз құлатып,
Долданып екілене ұйтқыр кейде.
Ысқырып айдаһардай ішін тартып.
Ендеше айта аламыз зат болар жел
Шайқалтар асау теңіз, кездессе бел...
Сапырып көктің бұлтын тербеп, айдап
Жосылтқан арнаменен ағынды сел,
Ол-дағы со сияқты сырғи тасқам
Аунатып ту бəйтерек алып нелер...
Эптибиданың грек қызы екенін бұдан бұрын айтқан болатынбыз,
сондықтан бұл өлеңнің əдемілігі мен əсерлі күшіне ол қатты сүйсінбей
тұра алмады, өйткені ол уақытта латын тілі кедей болатын, онда
Энний, Плавт, Луций мен Теренцийден басқа атақты ақындар да жоқты.
Ол сондықтан Лукрецийге өзінің мейлінше сүйсінгендігін шын
ниетімен білдірген еді, орнынан тұрып кетуге оңтайланған ақын,
бұған жауап ретінде, күліп тұрып:
— Сен өзіңнің осы сүйсінуің үшін мынау тақтаңды беріп құтыласың,
мен мұны ала кетемін...— деді.
— Бірақ жазуын папирусқа көшіріп алған соң, тақтаны өз қолыңмен
табыс етерсің.
Лукреций кеткен соң, өзі істеген істерін тағы да бір топшылап, кек
қуанышына кенеліп, серқұмардан бір шығайыншы деген Эвтибида
Аспазияны ертіп, өзінің ұйықтайтын бөлмесіне келді. Бірақ оның
көрейін деген рақаты нақ өзінің ойлағанындай жанға жайлы болып
шықпады; тіпті өзінің не себепті мұндай күйге түскенін де түсіне
алмады.
Ол өзінің не жазғанын оның ақыры немен тынарын ойлаумен
болды; кім біледі, қаны қайнаған Сулла кекті ашуын түн ортасына
дейін ішке бүгіп, ғашықтарды аңдыр, құшақтасып тұрған жерінде
ұстап алып өлтірер де.
Өз басында күнəсі бола тұра маған асқақтай қараған бұл тəкаппар
жəне сайқал матрона Валерияның өлімі, масқаралық ісі туралы
хабарды кешікпей-ақ естірмін; бұл екі жүзді əйелдің қазасы туралы
хабарға қансам деген ой оның көкірегін қуанышқа толтырып, əлі де өз
басынан арыла қоймаған қызғаныш азабын сергіткендей болды.
Бірақ Спартак жөнінде Эвтибида мүлде басқаша сезімде еді. Ол
Спартактың бұл теріс мінезін қалайда кешіруге бейім, Валерияға
қарағанда, мүсəпір фракиялықтың күнасы оған əлде қайда жеңіл
сияқты. Не дегенмен де, ол сорлы рудиарий емес пе: Сулланың əйелі,
тіпті сұлу болмаған күннің өзінде де, оған хордың қызынан да артық
көрінген болуы тиіс; бұл бұзылған əйел, дəуде болса, оны сайқалдық
сиқырмен арбап алған да, ана байғұстың онан əрі төтеп беруге дəрмені
қалмаған ғой... нақ осылай болуға тиіс, əйтпесе, Сулланың əйеліне көз
салуға əлдеқалай бір гладиатордың батылы қалай бара қоймақ? Əрине,
өзін анадай əйел сүйіп тұрған соң, байғұс Спартактың есі-дерті сол
болып, басқа əйелге деген сүйіспеншілік оның ойына да кіріп
шықпайды. Сондықтан да Спартактың, өлімі Эвтибидаға енді əділетсіз
жəне орынсыз сияқты болып көрінді.
Осындайлық əралуан жəне бір-біріне қайшы итжығыс ой серпіні
билеген Эвтибида, дөңбекшіп көпке дейін ұйықтай алмады. Дегенмен,
əбден шаршағандық салдарынан бірте-бірте оның көзі іліне берді.
Бірақ, бip мезетте шошыған үнмен ложадан атып тұрған Эвтибида
жыламсыраған дауыспен:
- Жоқ, Спартак, сені өлтіретін мен емес!.. Анау!.. Сен өлмейсің! айқайлап жіберді.
Үнемі бір ғана ойдың соңында болған Эвтибида, осы аз уақыт көзі
ілінген шақта, əлдеқандай бір түс көріп шошыған еді; оның үстіне азап
шегіп, өлім аузында жатқан Спартактың бейнесі енгенге ұқсайды.
Төсектен ұшып тұра сала ол кең ақ плашын иығына жамыла салып,
Аспазияны шақырып алды да, дереу Метробийді оят деп əмір етті.
Осыдан үш сағат бұрын, өзі жазған хатты Сулланың қолына түсірмеу
үшін, Демофилдің соңынан төпеуі керек екеніне актердің көзін
жеткізуге Эвтибиданың қаншалық күш жұмсағанын біз баяндап
жатпай-ақ қойдық.
Сапардан əбден шаршаған Метробий, баса ішкен шараптың
əсерімен, мамық көрпенің арасына кіріп бұйыға ұйқтаған еді, оны екі
сағаттың ішінде есін жиғызып, атқа мінгізу үшін Эвтибида барлық
амал-айланы қолданып бақты.
— Демофил,— деді Эвтибида —сенен қазір бес сағаттай озық кетіп
барады. Сондықтан сен өз атыңа міне сала жай ғана шаппай, тура
ұшуың керек.
— Егер, ол Пегас болса, мен оны ұшырған-ақ болар едім...
— Ана-мына дегенмен, ұшыртқаның өзіңе де жақсы...
Арада санаулы минут өтісімен-ақ шыға шапқан аттың қатты дүрсілі
Квирин балаларының кейбіреуің шырт ұйқыдан оятып та жіберді.
Дүрсілге құлағын тоса жатып, олар қайтадан көрпесін шымқап бұйыға
түседі, мұндай мезгілсіз уақытта көптеген мүсəпір жандар жапан
далада, жол үстінде баспанасыз, өкпек желдің өтінде келеді-ау деп
іштерінен тəуба кетіреді.
VII ТАРАУ. АЖАЛ ДЕМОФИЛ МЕН МЕТРОБИЙДЕН ҚАЛАЙ БҰРЫН
ЖЕТТІ
Капуя қақпасы арқылы Римнен шыға, Аппий жолымен Капуяға дейін
барып, Кумыға қарай бет түзеген жолаушы табиғаттың небір
кереметтей əсем суреттерін көретін еді. Апельсин жəне олип
ағаштары, жүзім жəне жеміс бақшалары сыңси мəуелеп тұрған барқыт
белестер, құнарлы егінжай, қалың қой, сиыр жайылып жатқан көкорай
кең, жайылым оның көз алдында алма-кезек ауысып отырады. Бұл
хош иісті өңірден əрі көлбей жатқан жағалауды қуалап бірімен бірінің
арасы таяқтастам жатқан Литернум, Мизенум, Кумы, Байн, Путеслы,
Неаполь, Геркуланум, Помпея сияқты қалалар, деревнялар бірінен соң
бірі тізбектеле береді. Ал одан əрі — көкпеңбек тымық теңіз, сүйген
жардай құшақ жайып, өзінің жағалауларын аймалай түседі. Ақырында,
сонау ту-туда теңіздің дəл ортасында — құшағында мəуелі ағаш
өсімдіктері, қымбатты сарайлары бар жасыл желекті аралдар — Исхия,
Профита, Негиз не Капрея көрінеді. Табиғаттың осындайлық бай
көрінісіне күн өзінің нұрын емірене төгіп, самал жел баяу ғана желпіп
тұрады.
Өлгендерді бұл əлемнен Елисей даласына тасымалдаушы Харон
өзінің қайығымен осы араға аялдайтын болыпты деген аңызды
туғызған да осы айтылған жұмақтай жайнаған тамаша көрініс екенiне
таңдануға болмайды.
Бір бөлегі жақпарлы таудың қыр үстін, қалған бөлегін оның бөктері
мен теңіз жағалауындағы жазықты алып жатқан, халқы көп, əрі бай, əрі
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 08
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.