Latin Common Turkic

Спартак - 11

Total number of words is 4008
Total number of unique words is 2162
35.1 of words are in the 2000 most common words
48.6 of words are in the 5000 most common words
56.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Мінсіз таралған шашын бұзып алмайыншы деген оймен, Цезарь сол
қолының шынашағымен желкесін қаси тұрып, оң қолының сұқ
саусағымен ишараттап Метробийді өзіне шақырды.
Метробий искусство саласындағы жолдастарынан дереу сытылып
шыға берген еді, олардың біреуі соңынан:
— Біз сені Эскулап асханасынан күтеміз,— деп дауыстады.
— Мақұл!— деді де мим, сонан соң Цезарьдің жанына келіп,
мүлəйімсіген сиқырлы күлкімен:— Юлийлер əулетінің шам шырағы,
сымбатты Кай, бүгін жазмыш саған қызмет көрсетуімді нəсіп етсе,
онда құдайдың мені шын желеп-жебегені.
Цезарь өзінің əдеттегі болар-болмас кекесінді күлкісімен езу тартты
да:
— Қайрымды Метробий, менің сенен күтетін қызметім ауыз
толтырып айтарлықтай емес. Сен Кней Юний Норбанның үйіне барып
тұрамысың?..— деді.
— Ол не дегеніңіз,— деді қуанған Метробий жақын адамның
кейіпімен.— Норбан маған ертеден-ақ... тіпті өзімнің даңқты, өлмес
досым Луций Корнелий Сулланың тірі кезінен-ақ ниеті дұрыс адам...
Бұл сөзді есіткен Цезарь сəл тыжырынғандай болды, бірақ қасақана
жайдарысып:
— Жарайды, жақсы...— Ол кенет ойлана қалды да тағы да: — Бүгін
кешке қонағы біздікіне кел, Метробий, істің жайын сонда оңашада
айтайын,— деді.
— Бұл неткен бақыт, неткен құрмет!.. Өле өлгенше ризамын саған,
аяулы Юлий!..
— Жақсы, жақсы!.. Осы алғысың да жетер. Жолдастарын күтіп тұр,
тезірек бар. Кешке көрісерміз.
Осыны айтты да, Цезарь қолын маңғаздана созып Метробиймен қош
айтысты; ал анау тағы да қошаметпен алғысын жаудыра түсіп, Эскулап
асханасына қарай тартты.
Цезарьмен сөйлескен адамның сұйықтығын, сондай-ақ əйелге
жұлдызы ыстық Цезарь сияқты жас жігіттің зор беделін еске алатын
болсақ, оның Метробийден сұpaп білмек болған мағлұматтары
сүйіспендік істері жайында екені тым-ақ ықтимал нəрсе еді.
Цезарьдің шақыруын өзі үшін аса зор құрмет санап, шын жолым
болды деп қуанышы қойнына сыймаған Метробий, Эскулаптың
асханасына келіп, ондағы стол басына орналасып отырып алған өзінің
достарына көріп-білгендерін масаттана баяндады.
Енді бірнеше сағаттан кейін салтанатты мол қонақасыға кездесетіні
туралы ой, оның мұндағы тамаққа, өте-мөте үздік тамаша велитерн
шарабына сұғына араласуына бөгет бола алған жоқ.
Стол басында болып жатқан əзіл жəне күлкі думаны ішінде
комедиант, уақыттың қалай өтіп жатқанын мүлде аңғарған жоқ жəне
босап қалған соншалық көп бокалдардың санынан да жаңылып қалды;
үсті-үстіне төпелеп толассыз ішкен велитерн шыдатсын ба, арада екі
сағат өтісімен-ақ байғұс комедиант əбден есеңгірен, шамалы жеріне
жетпестен бірден күрт кетті. Алайда миды тұндырып, есті алған
бұлыңғыр түнек ішінен: қой бұлайша сілтей беруге мұрша келмес, енді
бір сағаттан соң орнымнан тура алмай қалып, Цезарьдің қонақасына
бара алмаспын деген бір ой, бас көтергендей болды. Ол осындай
шешімге келді де, екі қолымен столды тірене əрең дегенде орнынан
тұрды, сонан соң табақтастарымен қош айтысты да, оларға күрмелген
тілмен өзін Це... Це... Цезарьдің үйі қонаққа келеді деп күтіп отырғанын,
сондықтан кетуі керек екенін түсіндірді.
Бұл сөзден соң мастар қарқылдап дүрліге күлді. Ол аяқтарын
шалыстыра басып, асханадан шығып бара жатқанда, кекесін қағытпа
сөздер оған жаңбырдай жауды.
— «Цезарьдікіне» барып жетісерсің!—деп дауыстады біреуі.
— Тілін мүлде күрмеліп қалыпты ғой, сорлы Метробий-ау!— дейді
екінші біреу.
Билеме, сахнада тұрған жоқсын! Түзу тұр... Үйдің қабырғасынан түк
қоймадың!
— Ол штукатурлармен келісіп қойған!
— Өзі жыланша ирелеңдей басады екен!
Метробий де далаға былдырақтап сөйлей шықты...
— Күле... ерсіңдер... күл... ерсіңдер... Қарасирақтар! Бірақ мен...
Цезарьға қонаққа барамын... ол жақсы адам ғой... Цезарь үздік жақсы
адам... ар... ар... артистерді жақсы көреді! Капи Юпитері... лотий... Капи...
куə! Түсінбеймін..., бұл арамен қалай жүру керек екенін... Мынау
велитерн шарабы деген... онда қоспа бар.., жəне Эв.., Эв... тибиданың
жаны сияқты... бұл да жалғаншы!
Жиырма қадамдай жерге жүріп барып тоқтаған қарт маскүнем сəл
ойланып біраз тұрды да, Юлий Цезарьмен кездесуге дейінгі қалған екі
сағат уақытты велитерн шарабынан мең-зең болған басын таза ауада
сейілтіп алу мақсатына пайдаланбақ болды.
— Қайда барсам екен?.. Əрине, жотаға... шығуым керек қой... онда
самал соғып тұр-ау... ал мен күйіп-жанып барамын... мына бір
календарь деген де мені февраль қыста келеді деп... иландырмақ
болады... Апыр-ау февраль қыстың айы ма еді?.. Ол қыстың айы болса...
арақты мұншалық ішпейтіндер үшін шығар... Осы жолмен тарта
бергенде мен не табар едім?.. Мен онда... əлгі қайрымды патша
Нуманың зиратына... кездесер едім.., шарапты жек көргені үшін... мен
осы Нума дегеннің өзін зəредей де сыйлап көрген емеспін... Жек
көрген... ол шарапты жек көріпті дегенге мен ешбір сенбеймін...
Ынтымақтың он екі құдайы куə... деп айтайын... ол нимфа Эгериямен...
мемлекеттік мəселелер жайында ғана сөйлесіп қойған жоқ... солай...
Аяқтарын тəлтіректей, шалыныстыра басқан Метробий. cay
адамдарды, өте-мөте байғұс Нума патшаны пəлеғаттай отырып,
дауылдардың құдайы Фурринаның орманына да келіп қалды.
Бұл орманның жалғыз аяқ соқпақтарымен біраз сенделіп келгеннен
соң, ол орманның нақ ортасында тұрған бір үлкен ағашты көрді.
Ағашқа таяу дөңгелек алаң жатыр. Метробий осы арадан орын теуіп,
ежелгі жуан ағашқа арқасын сүйей келіп отырды.
— Шынында да осымның өзі қызық болды-ау,— деп күбірледі
комедиант,— өзімнің тынышымда алған дауылдан қашып
дауылдардың құдайы атындағы нақ осынау орманға келіп сергімек
болғаным не...
Көздерін бір ашып, бір жұмып қалғи бастаған Метробий, аузына
келгендерін қоқи отырып, кешікпей ұйқтап та кетті.
Ол түс көрді: қылтанақ жоқ қу далада жатыр екен, күн шыжып тұр.
Метробийдің таңдайы кеуіп қаталап... кеудесі қысылып, тынысы
тарылып бара жатқандай... Оның құлағына сылдырап аққан су дыбысы
шалынды да, солай қарай тұра жүгірді... Жүгіріп келеді... бірақ зілдей
болған аяқтары қарысып, табаны жерге жабысып қалғандай... жылжи
алар емес... бұлаққа дейін əлі де алыс жатыр... Метробий қалай екенін
өзі де түсінбестен, бұлақ болып ағып жатқан фалерн шарабы екенін
көріп тұр... Бірақ бір ғажабы сол — судың сылдыры адамның
сыбырласқан даусына ұқсайды... Метробий қаталап барады; ес кетті,
жан шықты дегенде, ол бұлаққа келіп жетті; жата қалып тамаша
фалерн шарабынан қанып ішпек болып, енді бас қоя бергенде, қарсы
алдынан Нума Помпилий шыға келді де, оған ішкізбей қойдым аппақ
сақалы беліне түскен Нума Помпилийдің түсі тым түнеріп кеткен еді;
ол Метробийге ызғарлана қарады да, оны жер-жебіріне жете
пəлағаттап тілдеді. Нума Помпилийдің даусы бейне бір қоңыраудай
сылдырайды. Нума Помпилий сөзін аяқтай бергенде, Метробий бұлақ
сұм ішінде сыбырласқан дауысты тағы да естіген еді, бір мезетте бұлақ
суы фалерн шарабы орнына кенеттен қып-қызыл қан болып ақты.
Нума Помпилий сесті дауыспен ақырып қоя берді.— Сусаған екенсің
ғой?.. Сен қорқау аңсағаның қан екен ғой? Ал енді сусындай бер, өз
бауырларыңның қанымен, опасыз қорқақ!
Түс барған сайын түнектене түсті. Метробийдің кеудесі қысылып,
тынысы тарылып барады; бұл шалдың зəрлі даусынан ол қатты
қорықты да жол-жөнекей бұталарға сүріне-қабына қаша жөнелді...
Ояна келе ол алғашқы бетте қайда тұрғанын, өңі екенін, түсі екенін
біле алмады; көздерін уқалап айналаға қарады да, oның орман ішінде
екенін, түн болып, ағаш бұтақтары арасына ай сəулесі шашырап
төгіліп тұрғанын көрді. Ол есін жиып, өзіне-өзі келуге тырысқан еді,
бірақ оянғаннан кейін де құлағынан кетпей қойған Нума Помпилийдің
ашулы сөздер айтып тұрған даусы бұған мұршасын келтірмеді.
Сондықтан да ол алғашқы секундтарда өзін шырт ұйқыда түс көріп
жатыр екем деп ойлады. Бірақ кешікпей-ақ өзінің шын оянғанына
оның көзі жетті, бұл араға қалай келгені еміс-еміс есіне түсіп, ал
түсінде естілген дауыстың жақын жердегі алаңнан естілгенін, кəдімгі
тірі адамның даусы екенін түсінді.
— Өлімге өлім!.. Өзіміздің əміршілеріміздің көңіл көтеруі үшін емес,
тым болмағанда өз пайдамыз үшін өлуге жаһəт етіп көрелік!—дейді
əлгі дауыс, жалынды жігермен.— Адам бейнесіндегі бұл қорқау
жыртқыштар Ливий шөліндегі жолбарыстардай-ақ қанға құмартулы.
Жарайды! Олар қолдарына семсерлерін алып, біздің семсеріміздің
күшіне қарсы шығып көрсін, біздің қанымызбен аралас олардың да
қаны сел болып ақсын, құлдардың да, гладиаторлардың да,
езілгендердің де жүректерінің соғатынын түсінетін болсын...
Олимптегі құдай атаулы куə, күн нұрын көпке бірдей төгіп, жер
жемісін оларға алаламай беруге, өмір жұрттың бəріне бірдей игілік пен
қуаныш көрсетуге тиіс екеніне, олардың көзін онда жететін болады!
Бұл айтылған жалынды сөздерді мақұлдаған дауыстар естіледі.
Бұл арада республикаға əлдеқандай бір қастық ойлаған адамдардың
жиналысы болып жатқанын, Метробий бірден түсіне қойды. Бұл
естілген күшті дауыс оған таныс сияқтанды.
Бұл дауыс кімдікі? Мұны Метробий бұдан қайда естіп еді? Қашан?
Қанша ойласа да бұл Метробийдің есіне түспей-ақ қойды. Метробий
демін ішке тартып, айтып жатқан сөздерді жақсы естуге тырысты.
- Сөйтіп, төрт жыл ұдайымен астыртын жүргізілген табанды
жұмыстан соң, көптен күткен азаттық таңы жетті деп біз айта аламыз
ба, жоқ па?—деп сұрады екінші қарлыққан дауыс, шала-шарпы латын
тілінде.
- Ұрысты бастай алар күн бар ма, жоқ па? — дейді біреу, əлгіден де
өткен қарлығыңқы дауыспен.
- Бастай аламыз!—дейді, ояна сала Метробийдің естіген алғашқы
дауысы.— Арторикс ертең жүреді...
Осы есім құлағына шалынғанда, Метробий сөйлеп тұрғанның кім
екенін таныды: бұл Спартак еді жəне бұл арадағы болып жатқан
əңгіменің де туралы екенін де Метробий ұға қойды.
Арторикс ертең Равеннаға жүреді,— деді Спартак, сөз аяғын жалғай
түсіп,— Равенкке біздің əскеріміздің бірі легионы болып құрылатын
өзінің бес мың екі үш гладиаторын сақадай сай етуді ескертеді. Сенің
басқаратының, Крикс, екінші легион болады; ол біздің Одағымыздың
Римде тұратын жеті мың жеті жүз елу мүсінен құрылады. Үшінші,
төртінші легиондарды Эномай екеуміз басқарамыз. Бұл екі легион
Капуядағы Лентул Батиат мектебінің он мың гладиаторынан
құралады.
Легиондарға бөлінген жиырма мың гладиатор осыны айтады!—
деді, Эномай күндей күркіреген зор қуанышты дауыспен. — Жиырма
мың!.. Сұмдық емес пе!.. Тамұқтың құдайларына аян!.. Сұмдық!.. Сулла
мен Марийдің дандайсыған легиондары сауыт-сайманын қалай
тартынып шыққанын көзбен көретінімізге бəс тігейін!
— Сіздерден сұрайтыным — езілген елімізге қабырғамыз
қайысқандықтан, ісіміздің жемісті болуы үшін, бəріміздің басымызды
қосушы адалдық сенім үшін,— деді Спартак,— сақ жəне ұстамды
болыңыздыр. Өжеттік істейміз деп ісіміздің нəтижелерін зая жіберіп
алмайық, Мезгілсіз жасалған батылдық қимылдың қандайы болсын
қазір барып тұрған қылмыс болып табылар еді. Біздің алғашқы
қимылдарымызды бес күннің ішінде естесіндер жəне Капуяға
көтерілісшілер
не
болғанын
көресіңдер.
Эномай
екеуміз
отрядтарымызды деревняға жинағанымызбен, мүмкіндік бола қалған
бетте-ақ, біз Кампанья астанасына батыл соққы беруге ұмтыламыз:
сол уақытта сендер Равеннада да, Римде де өздеріңнің барлық
күштеріңді
жиып
жіберіп,
бізге
қосылуға
ұмтыласыңдар.
Капуядағылар қаннан тік көтерілгенше, сендердің араларында
бұрынғыдай бейбіттік пен тыныштық сақтала тұрсын.
Осыдан соң іле-шала, езілгендер Одағының жоғарғы штабында
болып есептелетін гладиаторлардың бəрі қатынасқан қызу жəне ойлықырлы əңгімелер басталды.
Өзара бірін-бірі сақтандырып, жігерлендіруші жəне үміт
арттырушы сөздер айтысып болған соң, гладиаторлар тарай бастады.
Бəрі де қызу əңгімемен Метробий отырған жаққа қарай беттемек
болған еді, бірақ Спартак оларға:
— Туысқандар, бəрің бір бағытпен жүрмеңдер! Екіден немесе үштен,
бөлініп, бірінен-бірін бес жүз, алты жүз қадамдай шалғай отырыңдар.
Қалаға кіргенде біреулерің Цестий көпірі, екіншілерің —
Сублицийский, қалғандарың — Эмилий көпірлері арқылы өтіңдер,—
деді.
Бұйрықты құп алған гладиаторлар орманнан шығып, əртүрлі
жолмен қалаға қайта бастағанда, Спартак Метробийдің қалт-құлт етіп
жасырынып жатқан ағашының жанынан өте бере, Крикстің оң қолын
қысып ұстап тұрып:
— Сен екеуміз кейінірек, түн ортасы шамасында, Жалғызкөзді
Лутацияныкінде кездеселік, айтылмыш қару-жарақты бес күн ішінде
келіп жетеді деп күтуімізге болатын-болмайтынын сонда айтарсың,—
деді.
— Мен осыдан шыға қашыр айдаушыға барып жолығамын, бұл
жүкті ол мүмкіндігі болғанша тез тасуға уағда еткен болатын.
— Э!— деді Эномай жақтырмаған пішінмен.— Бізге ол қару-жарақ не
керек? Өзіміздің антымыз, семсеріміз, ерлігіміз — бізге серік осылар
емес пе.
Крикс аяқтарын тез басып, Цестий көпіріне қарай кеткен Спартак,
Эномай, Арторикс үшеуі Сублицийский көпіріне қарай беттеді.
- Мə, саған безгелдек! — деді гладиаторлар ұзаған сайын, есін жиып,
ерсіне бастаған Метробий.— Ал, керек болса... республикаға осындай
дауыл төнген екен ғой! Құралды жиырма мың гладиатор...
Сицилиядағыдай құлдардың екінші соғысының басталуына осының өзі
де кəміл жетерлік... Ол, ол ма... Мынау Спартак өзінің рухының
күштілігі жəне тапқырлығы жағынан Сицилия құлдарын бастаған
Эвнадан əлдеқайда басым... Мені бұл орманға сəуегейлік айдап келген
екен-ау... Құдіреті күшті құдайлар республиканы апаттан сақтап
қалудың құралы етіп мені қалаған болды ғой... Дəл солай.,. Осындай
іске бір кезде қаздардың да пайдасы тимеп пе еді? Бұл іс дегенге мен
неге жарамаймын?.. Тіпу Алжасқан басқа қайдағы бір жоқ сандырақ
салғастырулар келе береді екен!
Осы сияқты салғастырудан туған қорытындыларға өте қатты
қынжылып ренжіген Метробий, орнынан тұрып, гладиаторлардың
бəрі шын кетті ме екен, олардан бұл араны бақылап ешкім қалмады ма
екен деген оймен орман ішімен ептеп бірнеше қадам ілгері жүрді.
Сол мезетте, оның есіне, өзін апақ-сапақта кешкі тамаққа келеді деп
күтіп отырған Цезарь түсті; түн ортасы таянып қалған еді. Метробий
қатты ренжіді, бірак, ол Фуррина құдайдың орманынан аман-есен
шығып кете қалсам, Цезарьға тезірек жетіп, бұл аса маңызды құпия
сырды оған баян етейін деп ойлады. Мұндай заговорды ашқаным үшін,
деп ойлады комедиант, Цезарь менің кешіккенімді кешіреді.
Гладиаторлардың барлығының кетіп қалғанына көзі жеткен
Метробий, ағаш арасынан шықты да, Цестий кəпіріне қарай беттеді,
егер мас болмасам, гладиаторлар жиналыс ашып жатқан сағатта
Фуррина орманына тап болмас едім-ау, сондықтан ішкілікке де,
жығыла ішетін əдетіме де рақмет деп ойлады ішінен; Эскулап
асханасынан ішкен велитерн шарабын ол əлгінде ғана даттаған еді,
енді ол да зəм-зəмдай болып көрінді.
Осындай ойлармен Метробий Цезарьдің үйіне келді
Ол кітапханаға келіп оңаша жолығып кетсін, Римнің тағдырына
байланысты аса бір маңызды хабарларды баяндаймын деп Юлийге кісі
салды...
Метробийді бəтуасыз, маскүнем деп санайтын Цезарь алғашта оның
сөзіне ешбір мəн бермеген еді, дегенмен, сəл ойланды да оны
тыңдамақ болды. Ол өзінің қонақтарынан рұқсат сұрап кітапханаға
барып кірген еді, онда Метробий гладиаторладың заговорлары
туралы көрген-білгенін асыға-үсіге, қысқаша айтып шықты.
Бұл хабар Цезарьға ерсі көрінді. Баяндалған оқиға мас адамның
шатасқан сандырағы болып жүрмесінші деген оймен Цезарь мимға
бірнеше сұрақ берді; бірақ мұның бəрінің шындық екеніне көзі жеткен
ол, қабақтарын түксите түсіп, бірнеше секундтай үн-түнсіз, ойға кетті.
Содан соң, кенеттен бір тоқтамға келген адамдай, селт етіп сенбейтін
пішінмен езу тартты да, Метробийге:
- Сенің айтқандарың нағыз ертегіге ұқсайды, бұл ертегі Эскулап
асханасынан ішкен велитерн шарабының əсерінен пайда болған ба деп
ойлаймын,— деді.
— О, аяулы Юлий, велитерн шарабын, əсіресе оның жақсысын
ұнататынымды бекер дей алмаймын,— деді Метробий,— бүгінгі
кеште басымның сау болмағанын да. мойындаймын. Бірақ Фуррина
орманында естіген сөздер жөніне келетін болсақ, мен оларды сізге
дəлме-дəл айтып тұрғаныма ант ете аламын, өйткені тəтті ұйқы,
Яникуль жотасының таза ауасы ол уақытқа дейін мені əбден сергіткен
болатын. Сонда сен консулдар мен Сенатқа мұны ескертпей,
республиканы шынымен-ақ қатерде қалдырмақпысың?
Цезарь ойға кеткен күйі сілейіп тұрып қалды.
— Əрбір секунд жағдайды қиындата түседі.
Ал Цезарь да үн жоқ.
Бүкіл қиянатынан, тықыршуынан «патриоттық» сезім жанына
батып тұрғаны айқын көрінгенімен, Метробий де лəм-мимсіз қалды.
Бір минут өтісімен ол:
— Сонымен, енді не істеу керек?..— деп сұрады.
Цезарь басын жоғары көтеріп:
— Отанымызға қауіптің қаншалықты төніп тұрғанын
таразылап көрсем деймін, Митробий!— деп жауап берді.
өзім
— Құрметті Юлий! Бұл заговорды ашу жөніндегіден бегімді, қаласаң
саған-ақ берейін, өйткені мен Кай Юлий Цезарь өзінің зор
парасаттылығы арқасында ешқашан ешкімнің ақысын жемейтінін іс
жүзінде көрсете алатынын білемін жəне солай деп бекем сенемін де.
Ықласың үшін де жəне ұсынысың үшін де саған рахмет, Метробий.
Бірақ мен істің жайын сенің қолыңа үлкен құпия сырдан пайда табу
үшін емес, мұндай қиын жағдайда не істеу керек болатынын шешу
үшін тексеріп шыққым келеді.
Метробий мақұлдап басын изегенде, Цезарь оған:
— Триклинийға барда, мені сонда күте тұр, бірақ ешкімге лəм деуші
болма! Ұқтың ғой мені, Метробий, Фурунша орманында естігендерін
туралы да, осы арада екеуміздің не сөйлескеніміз туралы да жақ
жазушы болма. Менің дəл қазір қайда кеткенімді ешкім білмесін. Бір
сағатта мен қайта ораламын, республиканың игілігі үшін нe істеу
керек болатынын сонда ақылдасамыз,— деді.
— Айтқаныңды екі етпейін, Цезарь...
— Менің жүрегімнің ықласына ғана емес, Кай Цезарьдің цирктердегі
жарыстарда қол жеткен болымсыз атақтармен ғана жерге кіреді деп
тағдыр кітабында жазылмағанына, көзің жетіп, көңілің толатын
болады.
Кай Юлий Метробийді сонда қалдырды да, кітапханамен қатарлас
бөлмеге барды. Үстіндегі стол басы ақ киімдерін тастап, плащ киді,
құлдарының біреуіне менің соңымнан ер деп бұйырды да, үйден
шығып жүре берді.Ол адымдай басып, Венера Либитинаның асханасы
тұратын қысылшаң көшеге қарай беттеді.
Палатинадағы үйінен басқа, Субурраның дəл ортасында Цезарьдің
тағы бір үйі болатын. Римнің осы ауданында тұратын кедейлердің
арасында өзінің даңқын көтеру мақсатымен ол көбінесе осы үйінде
тұратын. Латиклава орнына жабайы туника киген Цезарь сан рет
Субурра мен Эскивилиннің қараңғы, лас көшелерін аралай жүріп
кедейлерге жомарттық істеп, көмек беретін болғандықтан да ол азап
пен сор жайлаған бұл түкпірдің барлық ықпыл-жықпылын бес
саусағындай біледі.
Жалғызкөзді Лутация қабағына кірген бетінде екінші бөлмеге қарай
өткен Цезарь, ондағы стол басында отырған гладиаторлар мен
рудиарийларды көрді.
Бұл топқа ол əдеттегіше salvete деп амандасты да, бұрышқа таман
барып отырып, эфиопиялық күнге екі керсен шарап келтір деді. Сөйтті
де бейхабар пішінмен, қасындағы қосшысымен əлдеқандай төркінсіз
сөздерге келе отырып, гладиаторлардың арасында не болып, не қойып
жатқанын жіті бақылап, олардың əңгімесіне құлақ түрді.
Крикс пен Эномайдың аралығынан орын алған Спартактың жүзі
қуарыңқы, тұнжырап ой соңында отырғандай. Сулла өлгеннен бергі
төрт жыл ішінде фракиялық өте-мөте байсалды болып алған,
маңдайдан түскен терең əжім ондағы ауыр ой мен ішкі уайымның
белгісіндей еді.
Спартак деген ат құлағына шалынғанда Цезарь, бірден-ақ: ол
ержүректі, алғыр ақыл иесі дерліктей сонау бір отырған еңгезердей,
сұлу адам болар, деп түйді. Гладиаторды шын кемеңгер адамға тəн,
тіпті көзбен түйрей отырып, Цезарь бас-аяғы бірнеше минут ішінде-ақ
Спартактың ұлы істер істеп, ерліктер жасау үшін туған acа ер, зор
талантты адам екенін таныды.
Азур күң екі керсен шарап əкелген еді, Цезарь бірін өзі алды да,
екіншісін құлына ұсынып:
— Іш!— деді.
— Шарапты құлы ішіп жатқанда ол керсенді аузына тосып, өзі де
ішіп отырған адам болды; бірақ ол шарапқа ернін де тигізген жоқ.
Цезарь судан басқаны ұрттап алмайтын.
Арада шамалы уақыт өткен
гладиаторлардың жанына келді де:
соң,
Цезарь
орнынан
тұрып
— Сəлем бердік, ер Спартак! Тағдыр саған күле қаpaп, жұлдызың
оңынан тусын, сен бұған лайық адамсың!—деді.— Менімен аз
сөйлеспес пе екенсің?
Отырғандардың бəрі де оған жалт қарасқан еді, таңырқаған бірнеше
дауыс бірден шықты:
— Кай Юлий Цезарьмысыз!
— Кай Юлий Цезарь!—деп Спартак дауыстап жіберді, орнынан тұра
беріп. Ол Цезарьді тек сыртынан ғана білетін, бұған дейін жүзбе-жүз
көріскен емес-ті.
— Сабыр... сабыр,— деп болашақ диктатор жылы жүзбен езу тартты.
— Понтификтердің бірі түн қатып Субурра мен Эсквилиннің
қабақтарын кезіп жүр деген лақап ертең бүкіл Римге тарап кетер.
Юлийлер əулетінің ұрпағына бірсыпыраға дейін үн-түнсіз қарап
тұрып қалған рудиарий оған:
— Кай Юлий, қандай істе болсын менің көмегім саған пайда келтіре
алатын болса, мен өзімді аса бақыттымын деп санаймын,— деді.
— Əлде сен мынау түлектердің қауымын азғантай уақытқа қалдыра
тұрып, менімен бірге қаланың ең жақын қорғанына дейін барып
қайтуға ризалық білдірерсің? Гладиаторлар таңырқап біріне-бірі
қарасты. Спартак қанағатты шыраймен:
- Римнің сен сияқты аса атақты, бекзада ұлдарының əскерімен сейіл
жасау біз сияқты атақсыз байғұс рудиарий үшін мақтан емес пе,— деді.
- Ержүректі адам ешуақытта да байғұс болмақ емес, - еді Цезарь
есікке қарай беттеп, құлына мені осы жерде күте тұр деген ишаратпен.
- Ай,— деді Цезарьдің соңынан ере келе жатқан Спартак күрсініп, —
бұғаудағы арыстанға күштен не пайда?
Сирек кездесетін бұл екі адам қабақтың басқа бөлмесінен өтіп, тысқа
шықты да, үн-түнсіз оңға бұрылып, ескі қорғанының осыдан төрт жыл
бұрын гладиаторлар Кай Веррестің азат еткен адамын өлтіретін
тұсына қарай жүрді.
Қаланың ең шеткері үйлері мен Сервий Туллий жолдағы
аралығындағы иесіз жазықта, ай сəулесіне шомып бейнебір елестей
болып көрінген Цезарь мен Спартак екеуі қалған бірін-бірі əбден
зерттеп баға берейін дегендей, лəм-мимсіз тұрды. Бұлардың екеуі де
өздерінің бір-біріне қарама-қарсы екі принциптің, екі мақсаттың
адамдары екенін, екі істі: деспотизм ісі мен бостандықты
бейнелейтіндей іштей түсінетін еді.
Ең алдымен тіл қатқан Цезарь болды:
- Жасың нешеде?
- Отыз үштемін – деді Спартак, не ойлағанын табайыншы дегендей
Цезарьға тесіле қарай.
- Фракиялықсың ғой?
- Солай.
- Фракиялықтар ұрыс майданында жəне қандай қатерлі істе болса да
алғыр келеді. Ал сен тек күш иесі, ержүрек адам ғана емес, сонымен
бірге, қасиетті мінез бен білім жағынан да үздік адамсың. Мұным рас
емес пе? Сен мұны қайдан білесің?
- Бір əйелден естіген едім... Бірақ саған жəне өзің бүтіндей берілген
іске аса зор қатер төніп тұрған қазіргі сағатта, біздің шұғылданатын
ісіміз бұл емес қой.
Сенің бұл айтып отырғаның қандай іс, қандай қатер?
- Мен бəріне де қанықпын, бірақ мен саған қандай да болсын бір
зиян тигізу үшін келіп тұрғаным жоқ, Спартак. Қайта менде сені аман
алып қалайын деген, ниеттен басқа ешнəрсе жоқ. Əлдекім Фуррнна
орманындағы бір ағаштың түбінде отырып, сендердің бүгін түнде
сонда болған өңі əңгімелеріңді бастан-аяқ есітіпті.
- О, қу шұпақ құдай! — деп Спартак шошына дауыстап жіберді.
- Өзінің көріп білгендері туралы ол адам консулдарға хабарлай
қойған жоқ, бірақ мен оны бөгей тұрайын деп қаншалықты
əрекеттенгеніммен де, оның бұл түннен немесе таңсəріден қалмай
хабарлауында сөз жоқ, онда сенің гладиаторларыңның төрт легионы
басын біріктіріп үлгере алмастан, торғайдай тоздырылады.
Спартак қатты назаланды; өз басын өзі екі қолымен қыса ұстап, қою
біткен ақшудап шаштарын бұтарлап жұла тұрып, ол жыламсыраған
дауыспен өзіне-өзі күбірлей сөйлей берді:
- Бес жыл бойғы үміт, күрес, еңбек əп-сəтте зая кеткені-ау!.. Бəрінің
де біткені ме, езілгендер үшін үміт атаулы өшіп, мынау лағнат
тұрмыстың қамытын киіп қайтадан құл болғанымыз ба?..
Оның мұншалықты ізгі, аянышты жəне ауыр азасын сыйлап,
Цезарьдің қабырғасы қайысқандай болды. Гладиатор оны ықтиярсыз
таңырқатты. Грек немесе рим геройларының ғана қолынан келерлік іс
істеу үшін өзінің, бостандыққа деген қасиетті сүйіспендігінен күш таба
біліп, қиын-қыстаулы жағдайда табандылықпен, сақтық жəне
батылдықпен жиырма мың гладиатордан шын мəніндегі армия
құрастыра білген бұл адамға ол қайран қалды.
Осы ойлар келгенде Цезарьдің көздері шатынай ұшқын атып, басы
шыр айналды. Албан жоталарының шыңына тесіле көз тіге тұрып, ол
шексіз қиял құшағына енді; жиырма мың жауынгердің төрт легионын
маған берсе, бас-аяғы бірнеше жыл ішінде-ақ бүкіл дүниені аузыма
қаратып, Римнің билеушісі, патрицийлердің əміршісі, ал қара халықтың
сүйіктісі болып отырар едім-ау деп ойлады, ол.
Бірі — қауіп пен жабығуға, екіншісі — баққұмарлық арманына
шомған екі адам бірнеше минуттай тіл қатпастан тұрды. Бұл
меңіреулікті ең алдымен Спартак бұзды. Ол қабағын тас түйіп,
жігерлене:
— Жоқ, Юпитер Карательдің найзағайлары куə, олай болмақ емес!
— деді.
— Ал, сонда не істемексің? — деп сұрады Цезарь жұлып алғандай.
Спартак Цезарьдің байсалды жүзіне тесіле қарап, одан:
— Цезарь, сен бізге елмісің, жаумысың? — деп сұрады.
— Мен ел болсам деймін жəне ешуақытта да жау болмақ емеспін.
— Онда біз үшін не істеймін десең де сенің қолыңнан келеді: біздің
аман қалуымыз сенің қолында.
— Қалайша?
— Біздің сырымызды білген адамды ұстап бер.
— Демек, мен, римлян бола тұра, Римді құлату үшін Италияның
барлық құлдарын көтерілдіріп қоя бермекпін бе, қайта бұған бөгет
жасау қолымнан келе тұрса да?
— Сенікі рас, римлян екенің есімде де жоқ.
— Мен бүкіл дүние жүзі Римнің қоластында болса екен деймін.
— Əлбетте, солай! Жер жүзіндегі барлық халықтарға үстемдік етсем
деген латындар тирандығы сенің өз басыңда. Демек, сенің ойың
Александр Македонскийдің ойынан да басым екен! Римнің сұңқарлары
дүние жүзі халықтарына тегеурінін батырып меңдетіп болған шақта,
сен оларды бұғаулап, темірдей берік уысында ұстай қоймақ екенсің
ғой? Халықтардың билеп-төстеушісі — Рим, Римнің билеушісі — мен
болам десейші!
Цезарьдің көздерінде қуаныш оты лау ете қалған еді, бірақ ол
əдеттегі қалпына түсіп, Спартакқа жымиып тұрып:
— Менің нені арман ететінімді ешкім білмейді жəне тіпті өзімнің де
білмеуім ықтимал. Бірақ, Спартак, сен ұлы қолбасшыға лайық қайыспас
табандылықпен құлдардың қалың қолын құрып, легиондарға
ұйымдастырдың жəне оларды ұрысқа бастап алып шығуға бел
байладың. Сондағы сенің ойға алғаның не, соны айтшы маған? Неге
көзін жетеді? — деді.
— Мен,— деді рудиарий көздерінен ұшқын атып,— мынау жан
түршігерлік рим дүниесін талқандап, оның орнына барлық
халықтардың тəуелсіздігін орнатсам деймін. Біреуді-біреуге бас игізіп
телміртіп қойған, өзі үшін де емес, еңбексіз-толғақсыз біреу үшін
қызмет етумен азан шектіріп қойған əділетсіз заңдарды күл-талқан
етсем деймін. Езілгендердің шеккен азабын езушілердің қанымен
жусам, Рим жеңістерінің арбасына байлаулы бақытсыздардың
бұғауларын талқандасам деймін. Сол бұғаулардан семсерлер соқсам,
қай халық болсын сол семсердердің күшімен сендерді өз жерінен айдап
шығып, Италияға əкеп иіріп қойса деймін, өйткені ұлы құдайлар
сендер үшін ғана жаратқан, сендер оның шегінен ешуақытта аттап
шығуға тиіс емессіңдер. Бізді варварлар деп атап, мəдениет үшін,
сүйіспеншілік үшін туған, бірақ оның орнына бірін-бірі өлтіруге душар
болған бақытсыз адамдардың кескілесуі жəне қырқысуымен тояттаған
жыртқыш халықтың жиналатын жері амфитеатр атаулыға əрі салсам
деймін. Құдіреті күшті Юпитердің барлық найзағайлары үшін жер
бетінде құлдық жойылып, азаттық күшінің туғанын көрсем деймін.
Менің іздегенім, аңсайтыным, күткенім азаттық жəне жұртты соған
шақырамын, менің іздегенім жеке адамдарға да, сол сияқты ұлы жəне
аз халықтарға да, азулы мен нашарға да бірдей ортақ азаттық, ол
азаттықпен бірге бейбітшілік өркендеу, əділет, жер бетіндегі адамға
лəзатты дəурен сүру үшін мəңгі құдайлар берген бақыт дүниесі.
Цезарь Спартактың сөздеріне қабырғасы қайысып, оны қозғалмай
тұрып тыңдады.
- Сонан соң, қиял иесі асыл жан, сонан соң?
- Сонан соң үміті право, нəпсіні сана билейтін болады, - деп жауап
берді рудиарий, оттай ойнаған жүзінен көкірегін кернеген күшті сезім
шалқығандай болып,— ал сонан соң, адамдар арасында туысқандық,
адам қауымында марқабаттылық үстем болады.
— Осы айтылған игіліктердің бəрі де бола қалады деп сенемісің,
қиялшыл байғұс,— деді Юлий Цезарь сəл кекесінмен.
Цезарь бір минуттай үндемей тұрды да, тағы былай деп сөзін
жалғады:
— Спартак, сен маған құлақ ас та, көкірегіме өзің ұялатқан сезімнен
туған мына сөздерімді таразыға сал. Цезарь өз сезімін, онан да гөрі—
өзінің сый құрметін кім көрінгенге үлестіре бермейтін адам екенімен
қатар, оның бұл сезімі өз ойлағаныңнан əлдеқайда орнықты жəне берік
те. Сен ойға алған бұл істің ешуақытта қолдан келмейтіні былай
тұрсын, өз алдыңа қойып отырған мақсат, сол сияқты қолыңда бар күш
жағынам алып қарағанда да, тек бос қиял екені сөзсіз. Қолындағы
жиырма мың құл Римді бүрліктіреді деп, əлбетте, өзің де ойламассың.
Сенің бірден-бір арқа сүйейтінің—«бостандық» деген ұранмен өз
туыңның астына жиналатын құлдардың қалың бұқарасы екен делік.
Айталық, сол құлдардың саны жүз мыңға, тіпті жүз елу мыңға,—
ешуақытта мұншалық болмайды да,— жетсін, олар сенің арқаңда
жасалған темірдей тəртіпке түсіп, көзсіз ерлік қимылдар көрсетіп,
барып тұрған табандылықпен-ақ, шайқассын. Солай делік. Бірақ бұдан
не шықпақ? Сонда олар Азия мен Африка патшаларын бағындырған
төрт жүз мың легионерлерді жеңеді деп ойлаймысың? Легионерлер —
азаматтық правоның жəне меншіктің иелері, олар өздерін талап
күйзелтуші мал-мүліктен жұрдай құлдарға — сендерге қарсы
мейлінше қатты шайқасады. Сендер жанкештілікпен шайқассаңдар,
олар — өздерін сақтау сезімімен шайқасады, сендер — право алу үшін,
ал олар өз меншігін сақтау үшін алысады. Сендерден сан жағынан
басым бола отырып, олар əрбір қала сайын, муниципия сайын өздеріне
одақ тапса, сендер — жауға кездесесіңдер. Мемлекет қазынасының
барлық байлығы, оның үстіне əсіресе патрицийлардың бар дəулеті
солардың қолында болады, бұған қоса Рим даңқының беделі,
тəжрибелі қолбасшылардың өнері, барлық қалалардың жəне
азаматтардың мүдделері, республиканың толып жатқан қисапсыз
кемелері мен барлық жерлерден келіп жататын көмекші əскерлер
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Спартак - 12
  • Parts
  • Спартак - 01
    Total number of words is 4038
    Total number of unique words is 2257
    31.1 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 02
    Total number of words is 3994
    Total number of unique words is 2133
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 03
    Total number of words is 3975
    Total number of unique words is 2161
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 04
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2215
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    54.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 05
    Total number of words is 4055
    Total number of unique words is 2241
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    54.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 06
    Total number of words is 4115
    Total number of unique words is 2178
    34.5 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 07
    Total number of words is 4089
    Total number of unique words is 2307
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 08
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2199
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    54.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 09
    Total number of words is 3973
    Total number of unique words is 2265
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    44.8 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 10
    Total number of words is 4000
    Total number of unique words is 2246
    33.2 of words are in the 2000 most common words
    45.6 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 11
    Total number of words is 4008
    Total number of unique words is 2162
    35.1 of words are in the 2000 most common words
    48.6 of words are in the 5000 most common words
    56.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 12
    Total number of words is 3935
    Total number of unique words is 2229
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 13
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2051
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.1 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2166
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 15
    Total number of words is 3953
    Total number of unique words is 2147
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    45.0 of words are in the 5000 most common words
    52.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 16
    Total number of words is 4035
    Total number of unique words is 2072
    31.0 of words are in the 2000 most common words
    43.8 of words are in the 5000 most common words
    51.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 17
    Total number of words is 3976
    Total number of unique words is 2184
    34.3 of words are in the 2000 most common words
    48.0 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 18
    Total number of words is 4084
    Total number of unique words is 2129
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    57.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 19
    Total number of words is 3948
    Total number of unique words is 2139
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 20
    Total number of words is 3965
    Total number of unique words is 2129
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    52.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 21
    Total number of words is 4012
    Total number of unique words is 2114
    35.0 of words are in the 2000 most common words
    49.4 of words are in the 5000 most common words
    56.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 22
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2157
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 23
    Total number of words is 3993
    Total number of unique words is 2199
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 24
    Total number of words is 3972
    Total number of unique words is 2047
    34.1 of words are in the 2000 most common words
    46.6 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 25
    Total number of words is 3927
    Total number of unique words is 2130
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 26
    Total number of words is 4066
    Total number of unique words is 2114
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 27
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2082
    33.4 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 28
    Total number of words is 4014
    Total number of unique words is 2109
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.2 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 29
    Total number of words is 4070
    Total number of unique words is 2212
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.1 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 30
    Total number of words is 3974
    Total number of unique words is 2262
    31.9 of words are in the 2000 most common words
    45.9 of words are in the 5000 most common words
    53.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 31
    Total number of words is 3656
    Total number of unique words is 1938
    24.8 of words are in the 2000 most common words
    35.7 of words are in the 5000 most common words
    42.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Спартак - 32
    Total number of words is 1161
    Total number of unique words is 767
    30.1 of words are in the 2000 most common words
    40.8 of words are in the 5000 most common words
    46.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.