Latin Common Turkic

Ботагөз - 22

Total number of words is 3807
Total number of unique words is 2017
34.9 of words are in the 2000 most common words
49.9 of words are in the 5000 most common words
58.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қабатының түкпірдегі бөлмесінде тұрады екен. Жоғарыға басқышпен
өрмелеп шыққан Ботагөз коридорда жолыққан əйелден сұрап, Алексейдің
есігін қақты.
– Кіріңіз!– деді еркек даусы.
Ботагөз кіріп барса, Алексей гитар тартып отыр екен, үстінде комната
киімі.
– Ə, ғафу етіңіз!– деді ол, ұшып түрегеліп.– Мен сізді көптен күткен
едім. Жоғары шығыңыз!
Алексей гитарын сандық үстіне сүйей салып, Ботагөзге қолдасып
амандасты да, шешінуін өтінді.
– Рахмет, ұзақ болмаймын,– деді Ботагөз.
– Неге?
– Асығыс жұмысым бар еді.
– Оқасы жоқ. Жұмыс ештеме етпейді. Шешінуіңізді өтінем!
Алексей Ботагөздің күпісінің түймесін ағытуға айналып еді.
– Тағы да келем, ғафу етіңіз, қазір асығыс едім,– деді Ботагөз түймесін
ағыттырмай.
Бөлменің ішін Ботагөз көзімен айнала шолып еді, іші жасаулы, сыры
əдемі, шағын бөлме екен.
– Асығыс болсаңыз да аз уақыт отырыңыз, шешініңіз!–деп Алексей
қолқалағасын Ботагөз күпісін шешті де, Алексейдің көрсеткен орындығына
отырды. Алексей Ботагөздің қасына отырды.
Қатар отырғаннан кейін екеуі де бірін-бірі тез сынап, тез арбай бастады.
Алексейге келген ой: «сұлу қызды құдай қолға берді. Егер көңілі
болмаса неге оңаша келеді? Бұл маған қызығуға тиісті. Есінеп отырып
қалмай, не де болса ашық қимылдап көрейін!»
Ботагөзге келген ой: «көзінің қимылдауы жаман екен. Айтарымды
айтып, тез қайтайын!»
Алексейдің алғашқы сөзі қалжыңнан басталды.
– Сіздей сұлу қыздарға мен өте сабырсыз қараймын,– деді ол,–- мен
қазақтың ғұрпын білем. Қазақ үйіне келген қонақты ең алдымен аспен
сыйлайды. Менде тоқты мен қымыз жоқ. Бірақ қымызға бергісіз тəтті арақ
бар! Əйелге арақ ұсынудың неше түрлі əдісін білетін Алексей, Ботагөздің
рұқсатын алмай-ақ, айналы шкафтан екі бөтелке қызыл арақ алып, стол
үстіне қойды.
– Сиырдың тілінен істеген жақсы консерв бар еді, ол арам емес,– деп
бір банк консерв алып, бəкісімен қақпағын ашып, оны да стол үстіне
қойды.– Тəтті кəмпиттер де бар!– деді Алексей, қағаз қораптағы
кəмпиттерді де столға қойып.
Тағы бірдемелерді столға қойғаннан кейін, Алексей бəкісінің
желкесіндегі бұрғымен қызыл арақтың тығынын ашты да, екі рюмкаға
толтырып құйып, Ботагөздің қасына кеп отырды.
– Таныстығымыз үшін ішейік,– деді ол, рюмканы көтеріп.
– Рахмет, мен ішпейтін едім!– деді Ботагөз.
– Ішіңіз! Дəмін көріңізші. Аумаған қымыз!–деп жалынды Алексей.
Алексей қанша өтінгенмен Ботагөз не тамаққа, не араққа ернін
тигізбегесін:
– Мұныңыз қалай?– деп жымиған кескінмен Алексей Ботагөзді аш
белінен құшақтап өзіне қарай тартты,– мен сізді сүйемін,– деді Алексей,–
мен сізге ғашықпын. Менің жүрегім сіздікі!
Алексей Ботагөзге бетін тақағалы басын жақындатып еді, Ботагөз атып
түрегеліп, құшағынан шығып кетті...
– Шыдауға мүмкін емес!– деді Алексей құшағын жазып ұмтылып,– мені
сіздің махаббат отыңыз шалды. Мен əлек болам. Сақтаңыз мені!
– Қолыңызды тартуыңызды өтінем!– деді Ботагөз, Алексейдің қолын
қағып,– сіздің махаббатыңызға мен күмəн келтірмеймін. Бірақ тез жанған
махаббат тез сөнеді. Мен ауылша киінгенмен ауылдық надан қызы емеспін.
Мен Пушкин мен Толстойдың қызымын. Бұл сөз сізге ұғымды болуға тиіс.
– Ұқтым!–деді Алексей созған қолын түсіріп.
Алексей Ботагөзді шынында жаңа ұқты. Оның бұл минутқа шейінгі
ойы: «қазақ қызы қақпанға тез түседі. Егер түспесе, зорлап түсірем. Онда
маған не қылады?» деген еді. Енді ол Ботагөздің ой өрісін мөлшерледі.
Зорлыққа да, алдауға да тез түспейтінін шамалады.
«Бəрібір, қазір қиратып жатқан іс жоқ,– деп ойлады Алексей,– қол бос.
Іш пысады. Іш пысқан уақытта ермек болсын, бұл қыздың еркіне
жіберейін!»
– Сіз мені ғафу етіңіз!–деді Алексей орындыққа отырып,– сізге мен
кейбір асығыстық мінездер көрсеттім. Оған мен айыпты емеспін, менің
еркімнен шыққан жүрек айыпты. Бірақ сіз менің бұл қылықтарымды сізге
ақылсыздық көзбен қарағандық деп ойламаңыз. Мен сізді бағалаймын.
– Мен сізге айттым,– деді Ботагөз,– «сенемін» деп. Бірақ мен тұрмысқа
өте жауапты қарайтын адаммын. Алдағы күннің ісін көп ойлану керек.
Көңіліңізді қайтарып, қолыңызды қаққандық үшін сіз де мені ғафу етіңіз.
Менің бұл жолы сізге келуім: біріншіден танысу болса, екіншіден бастағы
ауыр халімді айту еді.
– Айтыңыз!
Ботагөз бар оқиғаны, өзінің Қызылжарға келген себебін түп-түгел
жасырмай айтты. Оның жасырғаны Асқар ғана. Асқар туралы ол «лəм» деп
аузын ашқан жоқ. Асқарды білетін белгі көрсеткен жоқ.
– Сізде адамшылық жүрек барына мен күмəн келтірмеймін,– деді
Ботагөз сөзінің ақырында,– көңіліңізге ауыр алмаңыз, егер мына тұтқында
жатқандардың халін жеңілдетсеңіз, сіз далада қанданған қолыңызды жуған
болар едіңіз.
– Сіздің бір тілегіңізді орындай алсам, мен өзімді бақытты деп
санаймын,– деді Алексей, орындай алмайтындығын біле тұра, Ботагөзге
кең тұсау салғысы келіп,– кірісіп көрейін.
– Рас айтасыз ба?–деді Ботагөз, қуанып кетіп.
– Рас!– деді Алексей.
– Уəдеңізді күтем!–деді Ботагөз қолын ұсынып.
– Сіздің уəдеңізді мен де күтем!–деді Алексей, қолын қысып.
– Маған енді рұқсат етіңіз!–деді Ботагөз,– асығыс едім.
– Мен енді отыр деп сізді қыстамаймын, рұқсат. Бірақ менің көңілім
үшін тым болмаса мына тамақтардан дəм татыңыз!–деп өтінді Алексей.
Алексейдің көңілін қалдырғысы келмеген Ботагөз, «ауыз тиейін» деп
бір кəмпит алып жеді.
– Жоқ, оған мен разы емеспін,– деді Алексей, Ботагөзді білегінен
ұстап,– сіз мына арақты ішіңіз! Біреуін ғана. Бұл арақ емес, қымыз.
Көтерген арақты үстіне төгетін болғасын, Ботагөз тəуекел деп жұтып
салды. Бұдан бұрын ол арақ затты нəрсенің ешбіреуін татқан емес еді. Арақ
дегеннен оның түсінігі: кеңірдекті күйдіретін ащы зат еді. Мынау арақ олай
емес екен.
Расында қымызға жақын қышқылтым, бірақ қымыздан тəтті.
«Бекер іштім-ау!» деп өкінді Ботагөз, жұтқаннан кейін. Олай деп
өкінген себебі, басына екі ой келді: біреуі – «мына кəпір араққа бірдеме
қосып беріп отыр ма!»–деп қорықты Ботагөз. Екіншісі – «арақ адамды тез
бұзады, бір дəмін алса, артынан одан қашып құтыла алмайды, ішкісі келеді
де тұрады»,– деп еститін еді.
Осы екі ой келгеннен кейін ол, «бұдан былай басымды кессе де
ішпеспін!» деп өзіне өзі ішінен ант берді.
Ал, Алексейге келген ой: «Араққа аузы тиген əйелдің сыры өзіме мəлім.
Сен қыздың жайыңды енді білдім!» Алексеймен танысқаннан кейін,
жазалылардың құтылуы туралы Ботагөздің сөнген үміті қайта тұтанған еді.
«Мен сенің құлыңмын,– деген еді Алексей бірер көріскеннен кейін,–
өлімге жұмсасаң да барамын, бар тілегіңді орындаймын. Менің сенен
жалғыз ғана тілегім бар, ол – «сүйем деген сөзің».
Распутин төңірегінде көп болған Алексей əйелдің талайымен кездескен:
княгиня, дворянка, жабайы мещанка, крестьянка деген сықылды əр түрлі
əлеуметтік ортаның əйелдерін түгел көрген. Оқығанды да, сауатсызды да
жолықтырған. Талай түрлі ұлттың əйелдерімен де танысқан. Сондықтан
Алексейге əйелдің шыққан тегі, ұлты, білімі қандай болса да бəрібір. Оның
жалғыз-ақ қасиеттейтіні – сұлулық.
Сұлулық жағынан Ботагөз Алексейге өте ұнады. Өмірлік серік болу
туралы ойламағанмен, Ботагөзбен аз күн рахат өмір сүруге Алексей шын
ниетімен құмартты. Бастапқы танысқан кезде бұл тілегіне жетуіне ол шек
келтірген жоқ.
«Бұл маған басына қысымшылық іс түскен кезде танысты,– деп ойлады
ол,– сондықтан негізінде берік қыз болғанның өзінде де, осы жағдайда
дегеніме амалсыз көнеді. Өйткені, жазалылардың халі жеңілденуінің бір
тетігі менде деп түсінеді. Үкіметке қарсы шыққан мұндай іске менің
жақтап кірісе алмайтынымды білмейді. Олай болса, құдай ғайыптан қолға
түсірген бұл менің азығым!..»
Ботагөз Алексейдің ойынан шықпады. Алексейдің алдаған, арбаған
сөздеріне берілмеді. Ұзын арқан, кең тұсаумен:
– Асықпаңыз, күн жетеді, тұрмысқа шығу оңай мəселе емес, сыр
алысайық, бір-бірімізді жақсылап білейік, ұғысайық,– деп сырғыта берді.
– Мен сенімен мəңгілік өмір жасауға тиістімін. Аз күндік бояма
махаббаттың адамы мен емеспін, сенен басқа адам маған жар болуға тиісті
емес, менің жүрегім сені сүю үшін ғана жаралған,– деп жалбарынды
Алексей.
– Ол сөзіңізге күмəн келтірмеймін, сіздік емеспін деп жəне кесіп
айтпаймын, бірақ сабыр етейік, əлі де ойланайық,– деді Ботагөз.
Жалынышты сөздің қақпанына Ботагөздің түспейтінін көрген Алексей,
екінші əдіс қолданып, «енді мұны қорқытып көрсем қайтеді?» деп ойлады.
– Егер сенің жүрегің менің жалынды сөзіме жібімейтін тас болса,– деді
Алексей бір күні,– ондай тас жүректі уатудан басқа шара жоқ.
– Не айтқыңыз келеді, бұл сөзбен?– деп сұрады Ботагөз.
– Мұндай орынсыз қатал мінезбен оң ісіңді теріс бұратыныңды білесің
бе?
– Егер сіздің баяғыдан бері айтқаныңыз жалған боп, ондай іске барамын
десеңіз өзіңіз біліңіз, мен сізді тоқтата алам ба?
Əлі де үмітін үзбеген Алексей, біржола араздасып айрылғысы келмей,
көңіліне қорқыныш салумен ғана қанағаттана тұрғысы келді.
– Мен сіздің ойыңызды аздап ұғам,– деді ол, тағы да сыпайылап, қатаң
сөздегі «сеннен» «сізге» көшіп,– сіздің сүйгеніңізді де білем.
– Кім ол?
– Асқар Досанов! Оның қайда екендігі туралы да бізде аздап мəлімет
бар.
Ботагөздің жүрегі су ете түсті. Ол: «Асқарды біліп қойған екен ғой» деп
қорықты.
Итбай тұқымдары Алексейге: «əлгі Амантайға басшы болатын учитель
Асқармен осы қыз бірге жоғалған еді, бұл қыз оның қайда екенін біледі,
қысып сұраса табады» деген еді. Бірақ Ботагөзді əзірге ренжіткісі келмеген
Алексей, ол туралы ешнəрсе айтқан жоқ болатын.
Асқар туралы сөз қозғалғаннан кейін Ботагөз Алексейге баруын
доғарды:
Осыдан кейін Ботагөз Алексеймен танысқанына қатты өкінді.
Шалқайған Ботагөзге Алексей де еңкеймеді. «Арбауға көнбейтін сен
сияқты қасқырдың қаншығына енді күш қолданбай болмас» деп ойлаған
ол, Сарыбас пен Елікбайға ақылдасып, «қашқын қыз, Асқар Досановты осы
біледі, табады» деп Ботагөздің үстінен зерттеу орнына арыз берді. Осы
арыздың артынан Ботагөзді жаппақ боп, зерттеу орны іздеді.
Жампейіс арқылы іздеуден күн бұрын хабар алған Ботагөз жасырынды.
Оның орнына серіктері ұсталып, зерттеуші «Ботагөзді тап» деп қысса да,
«еліне кеткен, содан кейін көргеміз жоқ» деп, олар айтпады.
Қуғынға ұшыраған Ботагөз жазалыларға сот құрылғанда да көзге көріне
алған жоқ.
Кешікпей сот үкімі естілді: «Темірбек пен Бүркітбайды дарға асу,
өзгелерін 25 жылдан каторгіге жіберу».
5
Түрмедегілерге тамақ əкелушілердің тұратын мекені – түнде
қақпасының алдындағы екі жүз саржандай жерде ат байлайтын діңгектің
түбі болатын. Сол араға Ботагөз ымырт жабыла келсе, жан адам жоқ екен.
Ол күні аспан бұлтсыз ашық еді. Мұндай жұлдызды жалтаң күндері
Қызылжарда аяз болатын. Түрмеге жеткенше Ботагөзге күн суық
сықылданған еді, діңгек түбіне келіп, діңгекке ұзақ сүйеніп қимылсыз
тұрғанмен, аяғы аздап тобарсығаны болмаса, басқа денесі тоңған жоқ.
Далада ұзақ тұрған Ботагөз, түн ортасы болғанын əлдеқайда қала ішінде
шақырған тауықтың əлсіреп келген дауысынан, одан кейін қала мен вокзал
арасындағы Мұратов диірменінің гудогінен білді.
Аспан жалтаң болғанмен түн көрдей қараңғы еді. Түрмені айнала
соққан биік тас қорғанның үстіңгі бұрыштарында əлсіз жанған электр
шамының жарығы Ботагөз тұрған жерге жетпейді. Көзге түртсе көрінбейтін
қараңғы түнде Ботагөздің көзіне шалынатын қорғанның үстіңгі
бұрышындағы үйшік маңайында мылтығын көлденең ұстап ерсілі-қарсылы
қимылдап жүрген күзетші солдат.
Түнде түрмеге баратындығын Ботагөз серіктеріне айтқан жоқ. «Бүгін
түні жазалылар дарға асылады» деген хабарды Жампейіс арқылы естіген
ол, «Темірбектен жаным ардақты емес, азар болса мені де ұстап дарға асар,
оған шыдадым. Жазалыларды дарға түрмеден шығарып асады деген, түрме
алдында тұрып, оларға тым болмаса қоштасып қалайын» деп ойлады.
«Халіңнің ауырлығын өзіңнен кем түсініп отырғам жоқ» деп аяқтаған
Асқар жақында кісі арқылы жазған бір хатында. «Өте ауыр хал. Амал жоқ.
Заман осындай. Заң осындай. Бұл заманмен, бұл заңнан бұдан артық рахым
күтуге болмайды. Заман осы қалпында тұрғанда үкімнің орындалуында дау
жоқ. Өзі кейістікте жүрген сенін, ойыңа бұл сөздер қатты тиетінін білем.
Жасырғанмен бола ма? Тағы да айтам: заман солай, заң солай. Бұл заман
мен бұл заңнан рақымшылық күтуге болмайды. Бірақ бұл заң мұндай қара
күшімен халықты тұншықтыра беруге мүмкін емес. Қара заңның қараңғы
түні серпіліп, халықтың үміт күні жарқырап шығуы тиіс. Тан, алдында
түннің қараңғылығы қоюланатынын өзің білесің. Қазақтардың «таң
қараңғысы» дейтін мезгілі таңның алды жəне түннің ең қараңғы мезгілі.
Түн неғұрлым қараңғылығын қоюлатса, таң солғұрлым тез атады. Жазалы
бейшаралардың ол таңды көрер-көрмесін кім білсін. Бірақ таңның атуы,
күннің шығуы алыс емес. Үміт дүниесі: мүмкін, жазықсыз, рахымсыз
жазаға ілеккен бейшаралардың тілегі қабыл болуы!»
«Осы хаттағы «түн», «таң», «күн» деп жазғаны не?» деп ойлады
Ботагөз. Кеңірек ойлап қараса, «түн» дегені – патша үкіметінің заңы
сықылды, «таң» дегенінен – ол заңды жоятын біреу сықылды. «Бірақ ол
кім?» деп ойлайды Ботагөз. Кім екенін ойлап-ойлап таба алмады.
Түрме алдына келгелі Ботагөздің есінен Асқардың осы хаты шықпады.
«Уа, жалған!–деп арман етті ол.– Асқар атады деген тан, бүгін атса!»
Ататын таңның не таң екенін Ботагөз білмесе де, оны арман етті.
Сүйтіп, не екені белгісіз таңнан бірде үмітті, бірде үмітсіз боп, тоңған
аяғын тебініп, бірақ діңгек түбінен қозғалмай Ботагөз түрмеге көзін
телміртіп тұр еді, сырылдаған шананың тұяғы қарды шықырлатқан аттың
дыбысы естілді.
Ботагөздің жүрегі су ете түсті. Түні бойы тоңбаған денесі кенет,
қалтырап жүре берді.
Түнге көзі үйренгендіктен бе, я болмаса, түршіккен жан көздің отын
күштірек жандырғандық па?– шана сырылдаған жаққа ол үрейлене қарап
еді, аттарын cap желдіре түрмеге тура келе жатқан бірнеше шаналы
күңгірттеніп көзіне ұшырай кетті.
Шаналылардың кім екенін жорамалдаған Ботагөздің «жазалылар
құтылар» деп ойлайтын үміті сөнді. Оған жаналғыш əзірейіл келе
жатқандай сезім пайда боп, тіршілікке тырысатын дене қасқырдан үріккен
қойдай дір-дір етіп, паналар жер іздеді. Үрейден шарасынан шыққан
Ботагөз діңгекті құшақтай, діңгекпен діңгек боп жабыса қалды. Егер де
діңгектің іші қуыс болса кіріп кеткісі келді. Жанталасқан оған діңгек пана
көрінбеді. Мұздай суық діңгек оны «əрі кет!» деп итергендей болды.
Қысылғаннан оның маңдайынан тер бұрқ ете түсті, көзі қарауытып, басы
айналды.
Бір кезде Ботагөз есін жинап, күбірлескен кеңеске құлағын түрсе,
оншақты адам шанадан түсіп, түрмеге қарай беттеп барады екен. Бəрінің де
сырттарында ішік, тон сықылды қалың киім.
Ботагөзге бұрын сезілмеген батырлық пайда болды. Жабысып тұрған
діңгектен құшағын жазған ол, түрмеге аяңдап бара жатқан топқа тұра
жүгірді.
Оның үстінде белін бүрген орысша ұзын тон, басында малақай бар еді.
Сондықтан артынан жүгіріп келген оны, кетіп бара жатқан топ атшы екен
деп ойлап:
– Сен қайда барасың?–деді біреуі жекіп.
Ботагөз үндемей қатарласа берді.
– Қал!–деді əлгі жекіген тағы.
Ботагөз қалмады. Бірақ үндемеді.
– Саған не керек, қал деймін!–деді тағы анау, топ қақпа алдына
келгенде.
Қақпанын, алды электр жарығынан күндізгідей екен. Жағаларын
көтеріп, беттеріне қырау тұрғанмен, топтың ішінен Кулаков, Құзғынбаев,
Ғайнолла хазірет–үшеуін Ботагөз таныды.
– Алексей Андреич!–деді Ботагөз еркін дауыспен.
– Мен сізді танымаймын,– деді Алексей расында танымай ғап, бірақ
əйел дауысын естіген соң «бұл кім?» деп ойлап.
– Мен Ботагөз!..
– Ботагөз!..
– Бұл кім?– десті қасындағылар.
– Мен танитын бір адам,– деді Алексей жасыра алмай.
– Алексей Андреич!– деді Ботагөз жалбарынған дауыспен,– сіздердің
неге келгендеріңізді мен білем. Менің сізден дүниеде жалғыз тілегім
болсын: мен ағаммен бақұлдасайын.
– Менің тілегім ше?..– деді Алексей кекетінді дауыспен.
– Алексей Андреич!.. Ондай сөздің орны бұл емес... Сіз ең алдымен
адамсыз...
– Не могу!.. Айыпты өзіңіз!..
– Ит, шошқа, аң!– деді Ботагөз даланы басына көтерген ышқынған
дауыспен.
Алексейдің құлағына бұл сөздер балқыған ыстық қорғасындай
құйылды.
Келген топ қақпаға кіргенде, Ботагөз де таласты.
– Мынау бір жынды əйел,– деді аналардың біреуі, қарсы алған түрме
күзетшілеріне,– қуып жіберіңіз!..
Бұл сөзді естігеннен кейін екі жандарм қақпадан шығып, Ботагөзді
сүйреп, аттар байланған діңгекке апарды.
– Мен жынды емеспін,– деді Ботагөз сүйрегендерге бəсеңдеген
дауыспен жасқа булығып,– менің есім дұрыс...
– Мұнда неғып жүрсің?
– Түрмеде ағам жатыр, əлгілер оны дарға асуға келді.
– Неге бақырасың?.. Сен бақырады деп олар үкімді орындамай
қоймайды.
– Жіберіңіз мені!– деп жалынды Ботагөз.
– Сөзге түсінбейді. Мынау рас жынды!– деді сүйрегеннің біреуі.
– Ағасын дарға асса жұрттың бəрі жынданар,– деді екіншісі.
Жалбарынғаннан ешнəрсе шықпағансын:
– Босатыңдар!– деді Ботагөз қолын жұлқып.
– Енді бармайсыз ғой?–деді жандармның біреуі.
– Жарайды, бармайын!
– Ендеше біз кетейік. Сіз үйіңізге қайтыңыз... Тұруыңыз пайдасыз...
Енді қақпа алдына барсаңыз жаман болады.
– Тоқта, атамын!– деген қорған бұрышындағы күзетшінің айқайына
қарамай Ботагөз қақпаға тағы келді. Күзетші атам десе де, атпады.
Бірақ бұл жолы Ботагөз дыбысын шығарған жоқ. Қақпаның түбіне
адымдай басып келді де, көз сиятын тесік тауып алып, қақпаға денесін
жапсыра, содан сығалады. Қорғанның іші де жарық екен. Қақпадан жүз
саржандай жерде екі қабат үлкен ақ үй тұр екен. «Кісі қамайтындары осы
шығар?»–деп ойлады ол.
Ақ үйдің сыртқы үлкен есігі қақпаға қарсы екен. «Егер дарға далаға
асатын болса, осы есіктен алып шығатын шығар, тым болмаса көріп
қалайын, жақын жерден алып өтсе, дыбыс берейін» деп ойлады Ботагөз.
Бір мылтықты адам:
– Жүр!– деді Ботагөзге, қақпадан шыға кеп.
– Қайда?
– Ол сенің жұмысың емес!..
Мылтықты адам Ботагөзді қақпа ішіне кіргізгенде, «Алексей тілегімді
орындап, ағама амандастырғалы кіргізді ме?» деп ойлады Ботагөз.
– Жүр менің артымнан!– деді мылтықты Ботагөзге түрме есігіне қарай
аяңдап.
Бұл «жүрдің» не «жүр» екеніне түсінбеген Ботагөз, ананың артынан
аяңдап түрменің есігіне жақындап еді, есік ішкі жағынан ашылып,
сылдырлаған кісен дауысы естілді.
– Былай, былай!– деді бастап келе жатқан мылтықты сасқалақтап,
Ботагөзге жалт қарап, иығынан жұлқылап, оң жаққа қарай сүйрет.
Мылтықтының тырмысқанымен, Ботагөзге əлі келмеді. Осы кезде
есіктен баяғы топ шыға келді. Алдарында маңайын қарулы жандармдар
қоршаған Темірбек пен Бүркітбай. Екеуінде де үн жоқ.
– Темірбек, бауырым!–деді Ботагөз айқайлап,– бақұл бол, мен Ботаң!
– Бас аузын!–деді бір жуан дауыс.
Осыдан кейін зарлы ызыңның Ботагөздің дауысы екенін, я ұлыған
желдің дауысы екенін Темірбек біле алған жоқ. Аузын басқан Ботагөзді үштөрт жандарм түрме есігінен көтеріп кіргізіп, бір камераға əкеп қамады.
Камера кең екен. Ішінде жиырмадан аса əйел бар екен. Бəрі үрпиіп ояу
отыр.
– Неге қамады?–деп сұрады олар Ботагөзді қоршап. Жасқа булыққан
Ботагөз, əйелдерге қысқаша мəн-жайын айтты.
Абақты бастығын, сот адамдарын, үкіметті, патшаны əйелдер шулап
қарғады. «Өздеріне осы күн туса, еттерін тірідей кесіп жер ек!» деп кіжінді.
Бұл сөздердің ешқайсысына Ботагөз құлақ қойған жоқ. Оның
құлағынан ызыңдап кетпей қойған дауыс Темірбекке: «Бақұл бол, сəулем!»
дегені.
...Таң атты. Шуылдасқан əйелдердің біразы қалғыды. Біразы Ботагөзден
жауап ала алмаған соң, өзара күбірге кірісті.
Бір кезде азан-қазан шу, сатыр-күтір атылған мылтық дауысы шықты.
Үйдегі əйелдер де, Ботагөз де үрейленіп, өре тұра келісті.
– Бұл не?!–десті бəрі де.
Не боп, не қойғанын жан адам білген жоқ. Шу көбейді, атыс үдеді.
Аздан кейін мылтық дауысы бəсеңдеп, азан-қазан шулаған дауыс түрменің
ішіне кірді. Салдырлаған кілттердің, сындырылған есіктердің дыбысы
естілді. Коридор іші сатыр-күтір жүгіріспен дүңгірлеп кетті.
– Шығыңдар, босандыңдар!–деді
əйелдердің есігін ашып.
күңгірт
коридордан
біреулер,
Сасқан əйелдердің біразы коридорға көйлекшең, жалаң бас, жалаң аяқ
шығып кетті. Не болғанын, есік ашқан кімдер екенін түсінбеген Ботагөз де
дүрмекпен коридорға, одан тысқа шықса, қорғанның қақпағы далиып
ашылып қалған. Ағылып кіріп-шығып жатқан адам. Айнала опыр-топыр
жүгіріс, айқай, у-шу...
Араның ұясындай ызыңдаған шудан Ботагөздің құлағына көбірек
естілген сөздер: «Жойылсын патша, жасасын бостандық таңы!» Ботагөз
бұл сөздерге түсінбеді, түсінгісі келмеді де. Оның есіл-дерті Темірбек.
– Дядя!–деді ол орысшалап, алдынан өте берген біреуге,– сіз дарға
асқан кісілер көрдіңіз бе?
– Көрдім,– деді анау Ботагөздің бетіне қарап,– оны қайтесің?
– Қай жерде? Олардың ішінде менің ағам бар еді.
– Ағам!..– деп таңданған дауыспен жолыққан адам Ботагөзге жақындап
еді, Кузнецов сықылданып кетті.
– Сіз Кузнецов емессіз бе?–деді Ботагөз.
– Ия, мен Кузнецов. Сен кімсің?
– Мен Балтабектің қарындасы – Ботагөзбін,– деді Ботагөз жылап
жіберіп,– менің ағамды бүгін дарға асты.
– Балтабекті ме?
– Жоқ, Темірбекті! Балтабектің інісі.
– Жылама!– деді Кузнецов,– бостандық таңы атты.
– Əй, жолдас!–деді Кузнецов қасынан өте берген біреуге, сен мына
кісіні ағасына апар!
– Қайдағы ағасына!–деді анау.
– Дардан босатып алған... Мен асығыс барам.
Кузнецов аршындай басып ілгері кетті, «ағасына апар» деп тапсырған
адамға еріп, Ботагөз түрменің сыртына айналды.
«Дардан босатып алған» деген Кузнецовтың сөзі, Ботагөздің сөнген
үмітін қайта тұтандырды. «Босатып алған» деген сөзден ол «тірі қалған»
деген мағына ұқты. Сондықтан оның дірілдеген денесі қайраттанып, аяғы
қаздаңдап кетті.
Бастаған адам түрмені сырт айналып, қорғанның күншығыс жақ бір
бұрышына алып барса, тұзақ жіптер салбыратқан өре ағаш тұр екен.
Өренің қасына барса, күртік қардың үстінде бастарын бітеу қаппен
тұмшалаған екі кісі қатар жатыр.
– Ағаңды танисың ба?–деп сұрады ертіп барған.
– Танимын.
Ертіп барған адам қатар жатқандардың шеткі біреуінің басындағы
қабын сыпырып алып еді, ол Бүркітбай екен. Жан жоқ денесі былқ-сылқ
етеді.
– Мынау ма?–деген дауысқа ол төмен қараса – Темірбек!
«Бауырым!» деп ол құшақтай жығылды. Бірақ есінен танбады, көзінен
жас шықпады. Бетіне бетін тақағанда Темірбек оған ұйықтап жатқан
адамдай əсер берді.
Темірбекті Ботагөз маңдайдан, беттен шопылдатып сүйді де, мауқы
басылғандай түрегелді.
Ботагөз түрегелгенде, көптен оның қабағын көтертпейтін қайғының
зілді қара тасы домалап жерге түскендей, қалпына келгендей болды.
Сондай сезіммен Темірбекке телмірген көзін жоғары қаратса, абақты
қорғанының еліктей мелшиген қимылсыз кеудесін баса, ашық аспанға
өрлей, сəуле қанатын кең жая алтын күн көтеріліп келеді екен.
Ол Темірбекке қарап еді, күннің алтын сəулесі себілген беті сау, еркін
көзіндей нұрланып кетті.
«Қалқам, Ботам!– дегендей болды Темірбектің нұрлы кескіні,– бұл күн,
тірі сен түгіл, өлі маған да ортақ. Мен сыбағамды саған берем. Мен үшін
екі есе, апаң үшін үш есе, Айбала үшін төрт есе бақытты бол!»
– Кеттік!–деген дауысқа Ботагөз жалт қараса, Кузнецов екен.
– Қайда!
– Бақытқа!
АЛТЫНШЫ ТАРАУ
ПЕТРОГРАДТА
1
Петроградтың табалдырығын биыл екінші рет аттаған
Николаевский вокзалдың қала жағына шығып аз уақыт тұрды.
Асқар
Қызылжардың уездный начальнигінен Елемесов боп алған Асқардың
командировкасы– Земгорға жолданған еді.
Земгордың бастығы князь Львов, орынбасары Базархан екенін Асқар
газеттен оқыған.
«Қазақ» газетінің бір санында көтеріліс жасаған қазақтарды, əсіресе
Асқарды Базарханның қатты сөгіп жазған мақаласын Асқар оқыған еді.
«Мұндай көзсіз көбелектердің жазасы – ату, асу, тірідей отқа үйту!» деп
аяқтаған еді Базархан Асқар туралы сөзін.
Земгорға тура баруға Базарханнан жүрексінген Асқар, Смирновтың
үйіне барып еді, əйелі Булатовтың майданда жасырын жұмыста екенін
айтты.
Майданға баруға бел байлаған Асқар Земгорға астыртын кісі сап білсе,
Базархан Минскіге кеткен екен, оның орнында Қарамұрзин деген қазақ
қалған екен. Қарамұрзинді Асқар естіген де, көрген де жоқ еді. Сондықтан,
ол Петроградқа келген күні Смирновтың үйіне қонды да, ертеңіне Земгорға
барып, Қарамұрзинге өзін «Елемесов Балапан» деп таныстырды.
Қарамұрзин Асқарды сыпайылықпен қарсы алып, майданға қызметке
келгеніне рахмет айтып, хал-жаймен оны таныстырды:
– Түркістанды қоспағанда,– деді ол,– қазақтың бес облысынан 227500
жігіт алынбақ еді, соның тең жартысынан артығы алынған.
Алынбаған жігіттер қайда екенін білу үшін Асқар Қарамұрзинге сұрау
беріп еді:
– Жігіт бермей, қатты к,ырғынға ұшырап, Қытай ауып кеткен ел –
Жетісу облысындағы Үйсін-Дулат, Албан-Суан,– деді ол.– Одан басқа жігіт
бермей əлі де соғысып жатқан Торғай елінің қазақтары.
– Бастығы кім екен?
– Амангелді Иманов деген дейді. Қырылып бітпей көнетін қалпы жоқ.
Одан басқа жігіт бермей отырған Адай елі. Шет пұшпақтап границадан
шығып кеткен азын-аулақ елдер болмаса, одан басқа халық жігітін беріп
жатыр. Окопқа жігіт берген жалғыз қазақ емес. Түрікпен, Тəжік, Өзбек,
Ұйғыр сияқты бұрын əскер қызметіне алынбайтын елдерден де алып
жатқан көрінеді. Олар да басында көтеріліп, артынан көніпті. Жетісу мен
Торғай жəне Ереймен елдерінен басқа патша жарлығына қатты қарсы
шығып, қырғынға ұшыраған ел – қырғыз.
Қарамұрзиннің айтуына қарағанда қазақтан алынған жігіттердің бəрі
окоп жұмысында емес екен. Біразы: Орал бойындағы заводтарға, шойын
жолдарға, Петроград, Москва. сықылды үлкен қалалардың заводына
орналасыпты. О.копта 50 мыңдай жігіт бар екен. Олар Минскі мен Варшава
қалаларының аралығында істеп жатқан көрінеді.
– Маған не қызметті лайықтайсыз?–
Қарамұрзиннің берген жауабы:
деген
Асқардың
сөзіне
– Елден жөнелткен жігіттердің ішінен ауырып қалған адам көп. Оларды
орналастыру міндетім деп білгенмен, жұмсайтын адам жоқтығынан Земгор
жəрдем көрсете алмай отыр. Мына: Пермь, Вятка қалалары арқылы
Екатеринбург қаласына шейін Солтүстік жолмен барып қайтқаныңыз
жақсы болар еді.
Сезіктендірмейтін түрде Асқар Базарханның соғысқа көзқарасын сұрап
қойып еді:
– Ол кісінің достары: кəдет партиясының мүшесі князь Львов пен
меншебек Чхеидзе ғой,– деді Қарамұрзин,– кəдеттер де, меншебектер де
соғысты жеңгенше созайық деген ұранға басшы боп жүр. Базекең солардың
ұранын қолдайды. Сондықтан князь Львов Базекеңді өзіне – Земгорға
орынбасар қып алды.
– Орыс дворяндарының арасында осы кісі бағалы-ау деп ойлаймын,–
деді Асқар.
– Какжы. Кəдеттің цекасына шлен болу оңай емес. Оған орыстың
светская интеллигенциясының қаймағы ғана мүше бола алады. Милюков,
Гучков, Львовпен тең болғандықтан Базекең кəдетке мүшелікке ілегіп жүр.
Выборгское воззваниеге 1907 жылы қол қоятын 17 кісінің біреуі Базекең
емес пе? Атасын алсаң – хан тұқымы. Өзін алсаң – ғалым кісі. Сонысын,
есептеспей қоймайды.
– Елден келген адамбыз, біз наданбыз ғой,– деді Асқар Қарамұрзинге,–
сұрауды көп берді деп сөкпеңіз.
– Сұраңыз, сұраңыз!..
– Базекеңді бəріміз де аға көреміз, басшымыз көреміз. Меніңше осы
соғысқа жəрдем бергеннен қазаққа тиер пайда шамалы сықылды. Пайдасыз
іске белсене көмектесетін бұл кісінің не білгені бар?
– Ол жағы маған да мəлім емес. Бірақ Базекеңнің айтатыны: «Патшамыз
Николай Романов: Поляк, Фин, Латыш елдеріне соғыстан жеңіп шыққасын
бостандық берем деп уəде қылды» дейді. «Менің достарым Милюков,
Львов, Родзянко маған: «сіздерге де бостандық əпереміз, соғысқа белсене
жəрдем беріңіздер» деп айтады дейді. Үлкен саясаттың адамы ғой. Ол
кісінің де бір білгені бар шығар.
Қарамұрзинмен екі-үш сағат кеңескеннен кейін, Асқар Солтүстік темір
жол бойында ауырып-сырқап қалған жігіттерді орналастырып, мəліметін
алып қайтуға мандат алды да, жүріп кетті.
2
Петроград пен Екатеринбург арасындағы қалаларда əр түрлі
себептермен серіктерінен қалып қойған жəне жұмысқа орналасқан
жігіттерді аралап, тиісті көмегін көрсетіп, Петроградқа декабрьде қайтқан
Асқар, сол кезде Базарханның қалада жоғына тағы да қуанып, мандатын
жаңартып, Земгордың Минскідегі бөлімінің қарауына кетті.
Бұл жолы да, ол Петроградта Смирновтың үйінде болып, «Минсікіде
тұрады» деген Булатовтың адресін алды. Минскіге келе, Асқар тура
Булатовтың үйіне түсті. Екеуі құшақтасып амандасқаннан кейін, сұрауына
жауап күтіп, достық жылы кескінмен қараған Булатовқа, Асқар барлық
жайын қысқаша айтты.
Ол күні көздері ұйқыға кеткенше, екеуі де өткен күннің тарихынан
шыға алмады.
Қазір Булатов – Железов деген фамилиямен қалалық Управаның электр
монтері боп істейді екен.
Ертеңіне Асқар Земгорға барса – сетік танау, сойдақ тіс қазақ жігіт бар
екен. Ол өзін Сарымсақ Омаровпын деп таныстырды да:
– Қазақтың азғана оқығаны бірін-бірі білетін еді, сені біз білмей
отырмыз. Біз білмейтін де оқыған азамат болғаны ғой. Сапарың оң
болсын,– деген сықылды суық тілдермен Асқарды біраз қажап отырып,
Земгордың бастығынан Асқарға жолдама алып берді.
Қолына берілген жолдаманы Асқар былай шыға оқыса, жазған сөздері
төмендегі екен:
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ботагөз - 23
  • Parts
  • Ботагөз - 01
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 1990
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 02
    Total number of words is 3835
    Total number of unique words is 2043
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 03
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2116
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 04
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2017
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 05
    Total number of words is 3894
    Total number of unique words is 2042
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 06
    Total number of words is 3848
    Total number of unique words is 2153
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 07
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2123
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 08
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2003
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 09
    Total number of words is 3912
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 10
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2112
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 11
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2051
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 12
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1988
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2200
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2095
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 16
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2023
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 17
    Total number of words is 3916
    Total number of unique words is 2124
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 18
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 2066
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 19
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2060
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 20
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2125
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 21
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2108
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 22
    Total number of words is 3807
    Total number of unique words is 2017
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 23
    Total number of words is 3701
    Total number of unique words is 2061
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 24
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2129
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 25
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2145
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 26
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2103
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 27
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2063
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 28
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2001
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 29
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2142
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 30
    Total number of words is 3880
    Total number of unique words is 2028
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 31
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 1962
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 32
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2086
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 33
    Total number of words is 1885
    Total number of unique words is 1150
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.