Latin Common Turkic

Ботагөз - 04

Total number of words is 3808
Total number of unique words is 2017
35.4 of words are in the 2000 most common words
50.5 of words are in the 5000 most common words
58.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сілтеп,– гүбірнадір көсти Итбай бойдит. Толда урядник мала-мала гауарим,
гүбірнадір бойдит...
Андрей жобалап түсініп басын изеді.
– Итбай гауарим, өткелі гүбірнадір бойдит, ашайт бойдит... Мені
гауарит, Итбай гауарит, Бүркітбай гауарит арак тəшшит гауарит, Бурабай
гауарит...
Бүркітбайға ендігі керек сөз – «купить» еді, оны білетін де еді, бірақ
сасып сөйлегендіктен аузына түспей-ақ қойды. Сондықтан ол:
– Мой лəпке пойдом бойдит, мала-мала арак тəшшит бойдит,– деп екі
алақанын кезек соқты.
– Арак коп...– деді Андрей, түсініп.
Асқар бұл кеңеске қосылған жоқ.
Бүркітбай келе жатқан жұмысын Асқарға айтқан жоқ еді, ол енді ғана
білді. Бүркітбайдың тілі жетпей тұрған жерлерін əуелі айтып жіберуге
ыңғайланып, артынан тыйыла қойды. Екі жағынын, да сөзін есту қызық
көрінеді оған.
– Күмəгі, күмəгі,– деді Бүркітбай бір кезде қойынына қолын тығып,–
песір гауарит, күмəгі Андрей гауарит, дабай гауарит, он гауарит (тағы да
«купить» аузына туспей ғап, алақанын соғып) Андрей гауарит, лəпке
тəшшит гауарит.
Бүркітбай қойнынан бір қағазды Андрейге алып берді.
– Мен қорды, Бурқуқбай Қоққозыш... қорошо...– деді Андрей қағазды
оқып...– Метропан Қабашқын знайт?
– Знайт.
– Поғреп қорғен?..
Бүркітбай басын шайқады.
«Үйдің астындағы ас қоятын жерін орыс «погреб» дейтін, соны айтып
тұрған шығар»,– деді Асқар. «Митрофан Кабашкин дегеннің погребінде
арақ кеп» деп тұр-ау деймін, осы қауға сақал.
4
Шай ішпей Балтабектікіне кетуге Асқар Бүркітбайдан ұялды. Бірақ шай
бөгеген жоқ. Андрейдің семіз, тапал сары қатыны самауырды тез қайнатты.
Столға пештен жаңа шыққан тəтті шəңгілерді, қалаштарды, жұмыртқаны,
сүтті, майды толтырды.
– Мынаны,– деді Андрей, шай ішілген соң жалшысы Антонды
шақырып ап, Бүркітбайды көрсетіп,– Митрофандікіне алып бар да, əр
түрліден жақсы арақтар алып бер.
Бүркітбай кеткесін Асқар Балтабектің үйіне беттеп еді, жолда
қолтығына конькилі бəтеңкесін қыстырып, көлге қарай кетіп бара жатқан
Алексей ұшырады. Офицер, чиновник дегендерді ол ит етінен жек көретін
еді. Екеуі түйіскен жерде офицер бұған, бұл оған ажырайысып қарасты.
Бірақ тіл қатыспады.
Қорған тастың оңтүстік жақ басын айналып, Асқар Балтабектікіне
келсе, үйде Айбаладан басқа жан жоқ екен. Айбала тарамыс ширатып отыр
екен.
Күннің, көбін үй шаруасымен өткізіп, жалғыздықтан іші пысатын
Айбала, Асқар келгенде қуанып кетті.
– Төрге шық!– деді ол, түрегеліп, етегін сілкіп.
– Денің сау ма, жеңгей?
– Шү... Мырзажігіт қалай? (Кенжетайды Айбала солай деп атайтын).
– Басын көтеріп, түрегеп жүр, ас ішеді. Таяқ ішке түскен жоқ, əйтеуір.
Неғып өлмегенін білмеймін, еті əлі күнге шейін көк-ала қойдай. Ит
урядник екен.
– Өзі қалаға да тиышсыз, ылғи едіреңдейді де жүреді.
– Еркең қайда?
– Оқуынан жаңа келіп еді. Лиза мен екеуі сырғанақ тебеміз деп кетті.
– Қайда?
– Көлге. Əлгі, етіктерінің табанына темір байлап сырғанайтынды не
деуші еді? Сонымен сырғанауға кетті.
– Ə, коньки ме?– деді Асқар күліп.
– Қайдан білейін, не дейтінін. Лиза Қызылжардан сондайлардың біреуін
өзіне, біреуін еркеме алдырыпты.
Бала сонымен сырғанаудың қызығына түсіп алды. Күнде кетеді.
– Мен барып көріп келейін.
– Шай қояйын...
– Қоймай-ақ қойыңыз, жаңа іштім...
Шайға отыруға Асқардың дəті шыдамайтынын сезген Айбала оған
«отыра көр» деп жабыса қойған жоқ. Асқар шығып кетті.
Күзден бері Асқар бұл үйге əлденеше рет келді. Бірнеше рет көрісіп,
сөйлескенмен, Асқар мен Айбала «сіз, біз» дегеннен артық сөзге барысқан
емес, сыпайы, əдепті қалыптарын өзгерткен емес.
Сөйте тұра, Асқардың бұл үйге келімпаз боп кеткен себебін Айбала
іштей жорамалдайды. Ботагөзді жанындай жақсы көретін Айбала, жігіттен
оны қызғанғанмен, қызғаныш толқыны «жат жұрттыққа жаралған бала»
деген жарға кеп соғылып, «тек, тəңірі теңін кездестіргей-де!» – деп тілейтін
еді. Сол теңі енді табылған сияқты, ол – Асқар.
Алғашқы танысқаннан кейін, Асқар бірер қабат келген соң-ақ, оның
ішкі ойын қас-қабағынан байқаған Айбала, «құда түсер басталар, Асқар
Балтабекке кісі сап, Ботагөзде ойы барын айтар»,– деп күткен еді. Содан
кейін, үйіне бейсауат кісі келсе: «құдалыққа келді ме, əлде» – деп ойлап,
оның сөзіне құлағын түре бастайтын еді.
Құда түсерді күте-күте Айбала қажығандай болды. Сонда да ол күдерін
үзбеді. Үміті ұзаңқырап кеткесін, кейде Айбалаға: «əлде, беті жылтыраған,
ішмерез жігіт болар ма? Аз күнгі ойнап-күлуді мақсат еткен к,у болар ма?»
– деген ой да келді. Ол ойды ойлауы ойлағанмен, Асқарды ондай арам
ниеттіге тағы да қимады; оның ойынша Асқар ондай бұзық жігіт болуға
тиісті емес.
Асқарды жаман ойға қимаған, бірақ қызды ұнататын белгі беріп, сырын
айтпауына түсінбеген Айбала, кейде, Асқар оңаша кездескенде оған сыр
сұрауға əлденеше рет оқтанса да батылы жетпеді. Ойы осындай толқыған
Айбаланың тілегі: Еркесі – Ботагөздің Асқарға қосылуы. Бұл əлі
ашылмаған сыр болғанмен, тез арада ашылуына жəне қуанышпен
ашылуына Айбаланың сенімі берік.
Көл бетіндегі сырғанақшыларға бармақ боп, Асқар үйден шыққан соң,
Айбала ашылмаған сыр туралы тағы да аз ойлап отырды да, сырғанақтан
Ботагөз бен Асқар бірге қайтар деген оймен шай қоюға кірісті.
Жасыл желегін бүркенген қарағайдың арасымен жүріп отырып Асқар
көлдің қабағына шықса, мұз бетінде бірсыпыра кісі сырғанақ теуіп жүр
екен. Көпшілігі ұсақ бала. Ішінде бірен-саран қыз, жігіттер де бар.
Сырғанап жүрген жерлері жағадан алысырақ.
Күн таудың төбесіне қарай еңкейіп қалғанмен ауа райы күндізгіден əлі
өзгерген жоқ еді. Асқар Көкшеге көзін салса, ызғар жалаған бергі жақ жар
қабағы қорғасын тəрізді сұрланып, күн сəулесі шағылысқан төбесіндегі қар
аппақ кіршіктей жарқырап тұр екен. Қардың үстінде алыстан қылтиып
көрінген қарағайлар түбітін қара қылшық шалған жазғытұрғы қоянның,
жоны сықылды. Таудың қойнауын басқан қалың қардың үстіне шөккен қара
бураның еркешіндей боп шаншылып, қысқа ажарын бермеген жалғыз –
Оқжетпес.
Асқар төңірегін түгел шолып, кеудесін кере демін алып, сырғанақ
тепкендерге қарай мұздың үстімен тайғанақтай беттеді. Мұз меруерт тасы
сықылды көкпеңбек, мөп-мөлдір екен. Суыққа шатынап жарылған
жерлерінен қарағанда ғана қалыңдығы білінеді, əйтпесе, үстінен жүргенде
жұп-жұқа, ойылып кететін тəрізді.
Етігінің табанында бүрі жоқ Асқар, əр жерде мұздың үстіне жабысқан
қарларды қуалап отырып, жиектен жырағырақ жерде сырғанап
жарысқандарға жетті.
Коньки Асқардың да құмар ойыны еді. Семинарияда оқыған кезінде
Ертіс үстіне тепкен конькиі сандығында əлі де сақтаулы.
– «Бəрекелді-ай!– деді ол сырғанағандарға көзі қызығып,– конькиді ала
келмеген екем!»
Келдің кен, мұзын жағалап алысқа кеткен сырғанақшылар, біраздан
кейін оралып Асқарға беттеді.
«Ботагөз мынаның бірі болар ма екен?» – деп ойлады ол толқындай
ырғалып келе жатқан топтың ішінен біреуді жобалап.
«Егер ол болса қолтықтасып келе жатқан анау ұзын бойлы манағы
офицер Кулаковқа ұқсайды».
Жарысқан жұрт зымырап, жұлдыздай ағып Асқарға келіп қалды.
Жобалаған ұзыны – Кулаков екен, бір жағында Лиза, бір жағында Ботагөз.
Асқарға
жақындағанда
Алексей
топтан
озды
да,
қолтықтаған
қыздарымен біресе оңға, біресе солға қарай толқып отырып, Асқардың
алдынан зымырап өте шықты.
– Ботагөз!– деді Асқар қатты дауыстап.
Ботагөз сырғанақтың қызығымен алдындағы кісіні аңғармай ете
шығып, құлағына таныс дауыс сап ете түскесін артына жалт қарап,
Асқарды танып:
– Мен енді қайтам,– деді Ботагөз Алексейге, екінші рет Асқарға
жақындағанда,– жұмысым бар еді.
– Пож-жалыста!
– Мен де қайтам!– деді Лиза.
Қатты екпінмен келе жатқан Алексей, қыздар құлап мертігер деп
жіберіп қалмай дөңгелеп барып бұрылып, саябырлап тоқтады.
– Пож-жалыста!..
– Сіз ше?– деді Лиза ағасына.
– Мен де қайтам, аздасын.
Ботагөз бен Лиза қолтықтасып, конькилі аяқтарымен кібіртіктеп
Асқарға қарай жөнелгенде ғана Алексей Ботагөздің артынан қарап тұрып:
«Киргизка ничего! Прекрасная девушка!» – деді ішінен.
Қыздарға Асқар солғын амандасып, қалаға қарай жөнелгенде
соңдарынан Алексей ере түсті де, Асқар екеуі ұнатпаған кезбен бір-біріне
қарасты.
– Оқыған жігіт қой,– деп ойлады Алексей өте беріп,– киім түрі учитель.
Кім екен?
Сұрағысы келмеді.
«Торыған тоқтыңды білемін, қасқырым!– деп ойлады Асқар, Алексейді
кезімен жөнелтіп,– бірақ оның күзетшісі мықты, оңайлықпен алдыра
қоймас!..»
Митрофанның үйінен керек арақ табылмай Бүркітбай қалаға қонды.
– Не бүгін түнде, не ертең ерте Петропавлға кеткен подвод келеді,– деп
сендірді Митрофан.
Бүркітбайдың қайтпайтынын білгесін, Асқар іңірде Балтабектікіне
барды.
– Серігіңді шай ішуге шақыр!– деді Кулаковтың əйелі Бүркітбайға.
– Он прапал бодит, толда я өткөлі тəщит бойдим, мене құрсақ прапал,–
деді ерінген Бүркітбай.
Андрейдің өз үйінің іші кешкі тамағын ымырт жабылмай ішті. Ол кезде
Бүркітбай пештің қасындағы скамейкада отыр еді, оған асқа кел демеді.
Орыстың асына шошқа араласпай қоймайды деп түсінетін Бүркітбай
шақырмағанға онша ренжіген де жоқ.
Андрейдің үйі Бүркітбайды жеркеніп отыр дегендіктен шақырмаған
жоқ... Ол үйдің қазақтан жиренуі, Бүркітбайдың шошқадан жиренуінен кем
емес еді. Мəселен, өздері ішетін ыдысқа олар қазақтың аузын тигізбейді.
Əлдеқалай тисе, ыстық сумен сабындап жуады. Көп араласатын
болғандықтан, қазаққа арнап алған темір ыдыстары болады. Бүркітбай мен
Асқар түскі шайды қазаққа арналған қаңылтыр кружкамен қолдары,
ауыздары күйіп зорға ішкен.
Өз астарынан кейін Андрейдің əйелінің Бүркітбайға берген тамағы,–
кішкене шөгеңкеге асқан тауықтың еті мен сорпасы, үлкен бір қалаш.
Денесінің шағындығына қарамай Бүркітбай тамақты, əсіресе, етті жегіш
еді. Сондықтан тауықтың сорпасы мен еті оған жұғын да болған жоқ.
Асын ішіп болғасын Бүркітбайдың ойы Асқарды іздеуге кетіп тұрды да,
өткен түні жолаушылап аз ұйықтағандықтан көзіне ұйқы тығылып, есінеп,
денесі жатуды тіледі.
«Балтабектікінен басқа қайда кетті дейсің?–деді ол пештің үстіне
шығып жата беріп,-– байқайтын, ұйқымның келуін қарашы!..»
Балтабектікіне барған Асқар, ең алғаш көңілсіздеу отырды. Оны сезген
Ботагөз:
– Жұмбақ айтысайық, Асқар ағай,– деді, іңір шайынан кейін.
– Айтыссақ айтысайық.
– Əуелі мен айтайын, ағай: «Айдалада ақ сандық, аузы-мұрны жоқ
сандық».
– Қазық.
– Таппадыңыз:–жұмыртқа! Тағы айтайын: «Ти десем тимейді, тиме
десем тиеді».
– Ерін.
– Бұл дұрыс. «Ақ күшігім жүгіре-жүгіре буаз болды».
– Ұршық.
– Енді езіңіз айтыңыз, ағай!
– Айтайын:
«Ізі бар, адымы жоқ аяғының,
Тимейді ұшы жерге таяғының.
Қолдарын хайуанға артып алып,
Əніне салады екен баяғының».
– Сырнай.
– Ол емес.
– Гармонь...
– О да емес.
– Домбыра...
– Тағы да таппадыңыз. Ботагөз састы.
– Телеграм...
– Жоқ, о да емес.
«Бұл не?–деп ойлады Ботагөз,– ізі бар, адымы жоқ» деген телеграмға
келеді. Онда із бар, адым жоқ, «Тимейді ұшы жерге таяғының» деген
домбыраның құлағы сықылды. «Əнге салады» дегені гармонь. Жоқ, ол
емес, грамофон!.. Дұрыс, грамафон адамша сөйлейді... «Қолдарын хайуанға
артады» дегені – адамның, қолы араласпаса ойнала ма?»
Ботагөздің ойы шатасты. Атаған заттарының бойынан жұмбақта
айтылған сипаттарды түгел таба алмады.
Балтабек бұл кезде үйде жоқ еді. Айбала Ботагөзге жəрдемдесуге
бірнеше рет оқталғанда, Асқар «айтпа» деп көзін қысты.
– Білмеймін,– деді ол, таба алмағанына қызараңдап.
– Тап! Ойлан.
– Рас білмеймін.
– Қазақ арба емес пе?– деді Асқар.
– Қандай қазақ арба?
– Кəдімгі, екі доңғалақ, көшкенде мінетін. Тағы бір жұмбақ айтайын.
– «Кішкене ғана тостаған, көтеріп мені тастаған».
– Қайық.
– Емес.
– Кебіс,– деді Айбала. – О да емес.
– Енді не?
– Үзеңгі. Тағы біреуін айтайын:
«Қабағы түнде жабық, күндіз ашық,
Адамзат құтылмайды одан қашып,
Алыстан лебіменен тартып алып,
Жақындаса жалмайды аузын ашып».
– Ағаш үй.
– Оны қайдан білдің?
– Күндіз терезені ашады, түнде жабады, үйге кісі түспей қоймайды.
Алыстан адам келеді де, жақындағанда ішіне кіреді.
Табуға жақынсың, бірақ ол емес.
– Жоқ, сол.
– Ол емес...
– Ал енді не?
– Киіз үй...
Бəрібір емес пе...
– Неге бəрібір болсын.
Асқар таласып отырып, өзінің жеңілгенін білді. Ботагөз оған: қазақ
арбаны, киіз үйді ұмытып баратқан, көңілі гармонға, телеграмға, ағаш үйге
көбірек ауып, жаңа дүниеге аяқ аттаған адамды елестетті.
«Тағы айтар жұмбағың бар ма?» –дегендей Ботагөз Асқарға қарап еді,
Асқар жұмбақ айтудың орнына көп мағыналы қараспен Ботагөзге төне
қойды. Неге бұлай қарады дегендей ыңғайсызданған Ботагөз кезін ұзын
кірпігімен жауып, темен түсірді.
Не Асқар, не Ботагөз тағы да жұмбақ айтар деп күткен Айбала, оларға
кезек-кезек жалтақтады да, екеуі де үндемеген соң, ішкі сезімдерін
кескіндерінен ұққандай боп, «ендігі айта алмай отырған жұмбақтарыңды
мен білемін,– деп ойлады ол,– араларыңда бір жұмбақ айтусыз-ақ
басталып, əлі шешілмей жүргені рас. Менен жасырсаңдар да ол
жұмбақтарың маған мəлім. Оны шешуге мен я қатнасармын, я
қатнаспаспын, бірақ қайсысы болса да, менің тілегім: «Ылайымда
бақыттарыңа шешілсін!»
Асқар мен Ботагөздің жұмбақтары тоқталуына себепкер боп отырмын
ба деп ойлаған Айбала, өзі іштей жорыған олардың шешусіз жұмбағы тез
шешілсе игі деп тілеген Айбала, кездерімен сөйлескен екі жасты оңаша
тастамақ боп:
– Самауыр қояйын, еркем!– деді Ботагөзге,– ағаң да кешікпей келер.
Үйде су жоқ еді. Көлден барып, мұз əкелейін.
Айбала орнынан тұрып, үстіне күпісін, аяғына пимасын киіп, тысқа
шығып кетті.
Жігітшіліктің, жастықтың фарқын айыра білетін, қазақ ғұрпынан
хабары бар Асқар, Айбаланың Ботагөз бен өз арасында дəнекер болғысы
келетінін əлдақашан-ақ аңғарды. Бірақ Ботагөзбен ауыл əдетінше «ойнапкүлуді» мақсат етпеген Асқар, Айбаланың бірнеше рет жеңге боп
сырласқысы келгенін абайлай тура, əдейі аңғармаған боп, ол темада
сөйлескісі келмейтінін кескін, құбылысымен ұқтырды.
Ботагөзбен қосылуына Айбаланың тілектес екенін, тілектес ғана емес,
жақтас екенін сезетін Асқар, егер, Айбаланы Ботагөзбен оңаша қалдырсаақ, ол қалдырудың себебін ұға қойды. Нақ, осы жолы да, Айбаланың
«көлден мұз əкелем» деп кетуі, мұз үшін ғана емес, Ботагөз бен езіне
сөйлесуге жағдай жасау үшін екенін Асқар білді.
Айбаланың шығып кетуі, Ботагөзге бөтен ой түсірген жоқ. Ботагөздің
басына: «ер жеттім, қыз боп болдым» деген ой ешуақытта кірген емес.
Оның ойында балалық пен оқудан басқа əлі ешнəрсе жоқ. Сондықтан да,
ол, Айбаланы ауылдың бой жеткен қызының ұғымындағы жеңге көрмейді,
не шешесі, не апасы сияқты көріп, оған əлі күнге шейін балаша еркелейді:
мойнына асылады, арқала деп əурелейді, бетінен сүйгізеді, құшақтатады,
төсіңді сорам деп қинайды, кейпі келмеген кездерін ұшыратса, жадыратпай
жай таппайды, болмашы сезін ауырлайды, жоқ нəрсеге өкпелейді,
Айбаланың оған Асқар туралы тіл қата алмауы да осыдан.
Асқардың Ботагөзде ойы барын, оның көзқарасын Айбала сезгенмен,
Ботагөздің өзі əлі түк сезген емес. Оның əзіргі ұғымында Асқар – аға,
бауыр. Сондықтан да, ол Асқармен сөйлесуге қымсынбайды, онымен
оңаша кездесуден именбейді, оның алдында өзін еркін ұстайды.
«Мұз əкелем» деп Айбаланың шығып кетуі Ботагөзге бөтен ой
түсірмегенмен, Асқардың осы жолғы қадала қараған көзі Ботагөзге оның
бұрынғы қарастарынан басқа əсер берді.
«Неге бұлай қарайды?» – деп ойлады ол. Сол ойдан кейін, Асқардың
төнген көзінің қарашығы оған ашық аспанда қалқыған өткір күннің сəулесі
сияқтанып, қарауға көзі шыдамаған соң, ол көзін кірпігімен жауып, темен
қарады. Көзін кірпігімен жабу, Ботагөзді Асқардың көзінен ұшқан өткір
сəуледен құтқара алмады; ұшқын көзінің ішінде қалып, қарашығын
қарығандай болған соң, жұмған кірпігін ол ұзақ қысып тұра алмай,
қорғасындай салмақтанған ұзын кірпіктерін зорға деп көтерді.
Бұл Айбала «мұз əкелем» деген сылтаумен орнынан тұра берген кезде
болған құбылыс еді. Айбаланың қимылы, үйден шығуы, Ботагөздің көзіне
тыныс алдырып, Айбала үйден шыққан соң, «неғып отыр екен» дегендей
ол Асқарға көзінің қырын түсірсе, Асқар көзін үйдің бұрышындағы
əлденеге аударған екен.
Үйде Асқар мен екеуі оңаша қалғанын жаңа ғана түсінген Ботагөз,
Асқардан қауіпті сөз шығып қала ма деген сезікпен, оның ойын басқа бір
сөзбен бөлуге тырысты.
– Ағай,– деді Асқарға ол,– саған мен кітаптан сұраулар берейін, айтасың
ба?
Сыйлайтын кісіге «сен» емес, «сіз» деп айтуды Ботагөз біледі. Асқарды
ол бастапқы кезде «сіз» деп жүретін еді, артынан Асқар мені
жатырқаймысың деп «сенге» еріксіз көндірген.
– Сұра, айтайын, білгенімді,– деді Асқар.
– Телеграфтың знактарын алғашқы шығарған кім?
– Морзе.
– Дұрыс.
– «Анчар» деген ағаш қайда өседі?
Асқардың есіне Пушкиннің «Анчар» деген өлеңі түсті:
«Құрғақ құмда тамыры кепкен,
Топырағы күнге күйген.
Қарауылдай айбынды Анчар,
Тұр жалғыз сол маңайда»...
«Осы «Анчар» қай жерде еседі?» –Асқар таба алмады.
– Ява аралында емес пе?–деді Ботагөз...– учитель бізге «Анчарды»
жаттатқанда əңгіме ғып солай деген. Учитель айтады: Пушкин
айтқанындай, Анчар ағашы залалды ағаш емес дейді.
– Жатқа білесің бе, сол өлеңді? Оқышы! Айтшы!
Бармайды оған құс та ұшып,
Жолбарыс та бармайды, қара құйын ғана.
Айдайды өлім ағашқа.
Одаң əрі зырлайды, мақсатына жетіп ап.
Адамды бірақ адамзат
Айдайды күштеп анчарға,
Бас иіп, анау жол шекті,
Уланып қайтты ертеңіне.
– Дұрыс,– деді Асқар, орыстың таза тілімен айтқанына сүйсініп.
– Учитель айтады: Анчардың ыстық құмда өсетіні, қасына барғанда
уландыратыны қате,– дейді.
– Олай болмас,– деді Асқар,– Пушкин білмей жазбаса керек еді ғой.
– Білмей жазды дейді учитель. «Ол кезде Анчарды солай түсінген»
дейді. Анчар екіге бөлінеді,– дейді, біреуінде аздап у болса керек, ал, біреуі
усыз,– дейді.
Ботагөз екі түрлі Анчардың атын жатқа айтайын деп еді, ұмытып қалды.
– Қазір айтам,– деді ол ілулі тұрған сумкасына жүгіріп барып, тетрадын
суырып ап,– міне!..
Ботагөз саусағымен нұсқаған тетрадтың бетіне Асқар кезін салса, латын
əрпімен жазған екі термин тұр екен. Біреуі–«антиарис токсиксариа».
Екіншісі–«антиарис интоксиа».
Екеуінің қайсысы улы, қайсысы усыз екенін Ботагөз айырып бере
алмады.
– Учитель айтады,– деді ол ыңғайсызданып,– Анчар ыстық құмда,
шелде емес, нағыз жаңбырлы, шепті жерде еседі,– дейді.
– Солай ма екен?
Ботагөз «солай» деген жоқ.
«Бəсе,– деп ойлады Асқар,– айтам ғой, сенен кісі шығады деп. Əлі
төртінші класта оқиды, мұның ойлап жүрген жерін қара... Бұл ма, бұл
болашақ ботаник...»
6
Асқар тағы да бірдеме дегелі ыңғайлана беріп еді, есік алдынан тықыр
естілді. «Бұл кім?» дегендей, Ботагөз де, Асқар да есікке қарай қалғанда,
аяғында ақ пимасы, үстінде жамаулы шолақ, сары тоны, басында
құлақшыны бар, сақал-мұртын қырау басқан бір орыс үйге кіре берді.
– Здравствуйте, Бота!– деді ол, есікті жаба беріп.
– Здравствуйте, дядя,– деп жауап берді Ботагөз.– Балтабек қайда?– деп
сұрады орыс.
– Бір жұмысым бар деп кетіп еді, кешікпей келер, отырыңыз!
Орыс босағадағы сандыққа отырды да, құлақшынын шешіп, тоңының
түймелерін ағытып, қалтасынан темекі салған кисетін алды. Үйдің
жылуынан оның сақал-мұртының қырауы еріп, тамшылай бастады. Асқар
тани кетті: Кузнецов.
Өткен жаз темір дүкенінде арбаларының шинін тарттырып алғаннан
кейін, Кузнецовтың кім екенін жорамалдай тұра, Асқар одан қайтып
соқпаған. Оның бұлай сырғақсуына екі себеп болған: бірінші – бір
келгенінде Балтабекке Кузнецовты шырамытқанын Асқар айтқанда: «болса
болар,–деген Балтабек,– патшаға қарсы боп жер ауып келген орыс деп жүр
ғой осыны. Патшаға қарсы екенін оңашада жасырмай: «оны құлатпай, сені
мен біз сияқтыларға жарық өмір жоқ» деп отырады. Оның сөзіне қарасаң,
өкіметке кедейдің өзі ие болу керек».
«Саясаттан тысқарымын, менің міндетім: жұртқа өнер-білім ғана жаю»
деп ойлайтын Асқар Балтабектің мына сөзін естігеннен кейін, Кузнецовтан
сырттай безініп, оған жоламайтын бір себебі осында. Екінші себебі – өзін
бұқарашыл адамның бірімін деп ойлай жүре, Асқардың кеудесінде «көп
білем» деушілік болушы еді, оқымаған біреумен кездессе, ол өзін одан
жоғары қойып сөйлесетін еді. Баяғы Омбыда оқып жүрген кезінде,
пристаньда жолыққан шақтарында, Кузнецовтың қанаушы жəне қаналушы
тап туралы айтатын сөздеріне де ол менсінбеген көзбен қарап: «Осы неге
ақылдымсиды» деп ойлайтын, өзінен оқуы аз деп түсінген одан ақыл алуды
намыс көретін. Сол намыс оның бойынан əлі де кеткен жоқ-ты.
Солай жолағысы келмей жүрген Кузнецов Балтабектікіне келе қалған
соң, Асқардың онымен ептеп қажасқысы келді.
– Кешіріңіз,– деді ол, шылым бұрай бастаған Кузнецовқа,– мен сізді
білетін сияқтымын.
– Қалай?–деді Кузнецов.
Асқар Омбыда болған оқиғаны қысқаша еске түсірді.
– Сондағы сіз бе едіңіз?– деді Кузнецов.
– Ие, мен едім, Григорий Максимович.
– Ендеше, неге амандаспадыңыз менімен?
– Кешіріңіз, танып алмай бассалуға қымсындым. Қол алысуға рұқсат
етіңіз!– деп Асқар түрегелді.
– Кешірілмейтін іс,– деді Кузнецов та түрегеп, қолын ұсынып.–
Танымаған мен айыпты емеспін, таныған сіз айыптысыз.
– Мойныма алам.
Екеуі қолдарын қатты қыса амандасты.
Саяси сезімі əлі оянбаған Ботагөз, олардың қашаннан таныс
екендіктерін сөздерінен ести отыра, мəн берген жоқ. Тек, оның ұққаны:
«осы екі адам ұзақ ажырасып жүріп көріскен, сондықтан сөйлесетін сөздері
көп болу керек».
Сондай ойға келген Ботагөз, бөгет болғысы келмей, түрегеп, ілулі
тұрған күпісін киді де:
– Ағай,– деді Асқарға,– көрші үйдің қызында оқу кітабым бар еді, соны
алып келе қояйын.
– Барыңыз.
Ботагөз шығып кетті.
Қолдарын жазып, қатар отыра беріскен екеуінен, Григорий Максимович
бұрын тіл қатты.
– Сондай бір жігіт есімде бар еді де, дəл сіз деген ойымда жоқ еді,– деді
ол.– Омбыдан оқып келгеніңізді, кедейдің баласы екеніңізді Балтабектен
естідім. Сол жігіт болар деген ойыма да келген жоқ. Ал, енді, айтыңыз мəнжайыңызды!..
Омбыда айрылған күннен бергі көрген-білгенін Асқар Кузнецовқа
қысқаша айтып берді. Өз көргенін Кузнецов та қысқаша айтты.
Асқардың идеологиясы қай бағытта өскенін білмейтін Григорий
Максимович, танысқан бірнеше жылғы сөздерден кейін, ойын мөлшерлеу
мақсатымен, ауылдың хал-жайын білгісі келген адам боп, бірсыпыра сұрау
берді. Ол сұрауларға Асқар іркілмей тура, ашық жауап берді. Осы
жауаптардан Григорий Максимовичтің аңғарғаны – мына, алдында отырған
жас учительдің бар арманы,– халқын бақытқа жеткізу. «Бақыт» деп оның
түсінетіні – оқу. Ауылда бірі ;жеп, бірі желініп отырған екі тап барын ол
жақсы аңғарады. Жеп отырған таптың сүйеніші патша өкіметі. Оған куə:
Итбайдың, патшаның ауылдағы қолшоқпары болуы, сондықтан да
губернатор оны Романовтардың 300 жылдық тойына шақырды. Асқардың
жақтайтыны – еңбегі желініп қорлықта отырғандар. Сол қорлықтағылар
қайтсе адам қатарына кіреді деген сұрауға оның берер жауабы – оқу-білімге
тарту. Бірақ қазіргі жағдайда, ондай талаптың бос қиял екенін де ол
білмейтін сияқты емес. Оның алдында жер мен көкті тұтас қапсырып,
ілгері аттауына кедергі боп, «не істеу керек?» деген зор сұрау тұр...
Асқармен кеңесіп отырып, оның жанын азаптайтын осындай ойлары
барын көрген Григорий Максимович Асқарды сынап та, расымен берген
сұрауларына да тура жауап айтпады, айтқысы келген жауаптарын жүре,
сынаса кеп айтуға ойлады.
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
СЫЗДАҒАН СЫРҚАТ
1
– Һок былай, һа!..– деген дауысқа шанада қалғып келе жатқан Кошкин
оянып кетіп, былшық басқан қызыл көзін кең ашып алдына қараса, көшірі
тоқтап тұр екен. Өткен түні қонған қаласынан арақты ішіп-ішіп сілесі
қатып құлаған Кошкин, таңертең тұра похмель жасаймын деп, жарты
бөтелкені тағы да төңкерген еді. Сол арақ бойын алып кетіп, шанаға мас
боп мінгенде, қаладан шыға ұйқыға кіріскен.
Арақтың уыты сіңген миы Кошкин оянған соң да зырқылдап, басына
түк ой келтірмеді.
Ашқан көзін қайта жұмып, тұмсығын тонының жағасына суға түскен
Кошкиннің құлағын көшірдің «һа, һок!» ызыңы қаққасын:
– Немене?– деді ол бетін ашып, көшіріне.
– Мына бір сиырлардың, жол бермей тұрғаны.
Зырқылдаған басы денесін зілдей басқанмен, Кошкин бойына бар күшін
жинап:
– Кəне!..– деп түрегелді де,– башка ауырады,– деді тəлтіректеп құлай
жаздап,– похмель болса!..
Зырқылдаған шекесін саусақтарымен қатты басып, сүріне-қабына
Кошкин шанадан түсіп, аттың алдына қараса, боранның артынан
сүрлеуленген жіңішке жолдың үстінде он шақты сиыр маңдайдан өткен
ызғырыққа бастарын шайқап, дірілдеп, бүрсеңдеп тұр екен.
– Айда жолдан!– деді ол көшіріне ақырып.
Көшір шанадан түсіп, құнытымен шайпап, сиырларды айдап еді,
сиырлар тар жолдын, екі жағындағы оппа қарға аяқтарын салып көріп,
терең болған соң түспей тұрып алды.
– Иесі бар ма?–деді Кошкин көшірге.
Осы сиырлардың арт жағында тұр.
– Шақыр оны мұнда!
– Əй, бері кел!
Маңдайынан тұмсығына тура түскен қасқасы бар қызыл жирен атты
жетектеген біреу сиырларды қақпайлап, арасымен жүріп отырып, шанаға
жақындады.
– Сен кім?–деді дауысы қырылдаған Кошкин оған, көзін шарасынан
шығара едірейтіп, жұдырығын түйіп.
– Қазақпын.
– Мен біледі сенікі казак. Атай кім?
– Атым Амантай.
«Жолда неге тұрсың?» деп Кошкин Амантайды қойып жіберуге бір
ойлады да, бірақ ұрмады.
– Сен ақсақал,– деді Кошкин таза орыс тілімен,– генерал губернатор
жүретінін білемісің бұл жолмен?
– Жоқ.
– Білмесең мен саған айтайын: губернатор Ақмолаға барған. Жақында
осы жолмен Петропавлға қайтады.
Губернатордың Итбайдікіне келетінін Амантай естісе де, Ақмолаға
өткенін есіткен жоқ еді.
Кошкин шекесінен қолын алып, басын дірілдете сілкіп көріп еді,
бастапқыдан жеңілденіп қалған екен.
– Ауылнай келді ме ауылыңа?
– Жоқ.
– Ах, подлец!.. Ол қайда?
Амантайдың көзі урядниктің кескініне түсіп еді, беті сұрланып, көз еті
томпайып, іскен екен.
– Мен ауылнайға көрсетем...– деді Кошкин,– оған бұйрық берілген, ат
жина деп, неге жинамайды?
– Білмеймін.
Кошкиннің көзі Амантайдың жетегіндегі атқа түсті.
– Жақсы ат! Бұл кімдікі? Бері əкел атты!
Урядник қалжың ғып тұр екен деп ойлаған Амантай орнынан
қозғалмады.
– Бер деймін мен саған?–деді урядник оппа қарға сүріне-қабына,
Амантайға жақындап.
– Себеп?– деді Амантай, тізгінге жармасқан урядникке тізгінді бермей.
– Губернаторға жегеміз, жібер!..
– Губернатор қазір келіп тұрған жоқ. Керек болса, кезінде берем!
– Молчать!.. Сволочь!.. Отпусти!..
Қабатын қасқырдай бетін тыржитып тізгіннен тартқан урядникке,
Амантай атты бермеді.
Тізгінге таласқан Амантайды жақтан періп жіберем дегенде, Амантай
жасқанып қалып, Кошкин өз екпінімен қарды қаба құлады.
– Сібір айдасаң да бермеймін!– деді Амантай аттың тізгінін Кошкиннің
қолынан жұлып алып, ырғып міне жөнеліп.
Кошкин орнынан тұрып, бетіне жабысқан қарды сүрткенше Амантай
алыстап кетті.
– Қайт кейін, подлец!– деді Кошкин айқайлап.
Амантай ұзаңқырай түсті. «Мылтығы болып атып қала ма?»–деп
сескенді ол шауып бара жатып, «не де болса енді шыдадым!»
– Асықпа, подлец... Атты басымен берерсің...
Ашу кернеген Кошкин не қыларын білмеді. Протокол жасайын деп ішкі
қалтасындағы қарындашқа қолын салуға бір ойлап еді, тоңу мен ашу
қабаттасқандықтан денесі де, қолы да қалшылдап кетті.
– Əй,– деді ол көшірге,– ол подлец жердің астына кірсе де менен
құтылмас! Айда мына сиырларды ауылға! Сиырынан безгенін көрейін
оның!.. Егер ол табылмаса, сиырларын қалаға айдаймын.
Көшір ерінгенмен, Кошкиннен қаймығып, сиырларды зорға дегенде
ауылға қарай бұрды. Ауыл шақырымға жақын жерде еді.
– Мен ауылға бара берейін. Сен сиырларды жаяу айдап кел,– деді
Кошкин.
Атын оппалата жолдан бұрып, сиырларды орап, қайта жолға түскен
Кошкин шауып отырып ауылға келді. Бірақ қанша қысқанмен, ешкім оған
Амантайдың жөнін айтқан жоқ. «Қиратам, жоям»– деп бұрқанған Кошкин
ілгері жүріп кетті.
2
Күн шуақ болғасын, қолдағы арық-тұрақ жылқыны салт атпен тебінге
айдап шығарып салып, Итбай үйіне кеп түскен кезде, ауылдың алдыңғы
жағындағы жолмен жортып келе жатқан бір шаналы көзіне ұшырай кетті.
«Итбай Петрборға жүреді» деген хабар естілгелі «қайырлы болсын» айтқан
адамның ат ізі күн сайын басылмайтын еді. «Бұл кім болды екен?»–деп
ойлады Итбай.
– Мына біреуді шырамытамысың?–деді ол, шөп шарбағы жағынан келе
жатқан Бүркітбайға.
– Кəне? Ə, анау ма? Ол ма? Ол дəу де болса, Амантай.
– Оны қайдан білдің?
– Аты соның жирен қасқасына ұқсайды, осындай пысық жүрісті, ашаң
жылқы еді.
– Ол болса мен үйге жүре берейін. Мені үйде жоқ дерсін, үйде кісі бар
деп, басқа бір үйге түс дерсін.
Итбай үйге кірді. Бүркітбай аттыны тосып қалды.
Терлеп бусанған атын ентелетіп, жолаушы есік алдына тоқтады.
Амантай екен.
– Итбай үйде ме?– деді ол шанадан түспей, Бүркітбайға иек қағып
амандасқаннан кейін.
– Қай ел боласыз, əуелі жөн сұрасып алайық?
– Сен Бүркітбай емеспісің?
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ботагөз - 05
  • Parts
  • Ботагөз - 01
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 1990
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 02
    Total number of words is 3835
    Total number of unique words is 2043
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 03
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2116
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 04
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2017
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 05
    Total number of words is 3894
    Total number of unique words is 2042
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 06
    Total number of words is 3848
    Total number of unique words is 2153
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 07
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2123
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 08
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2003
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 09
    Total number of words is 3912
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 10
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2112
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 11
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2051
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 12
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1988
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2200
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2095
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 16
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2023
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 17
    Total number of words is 3916
    Total number of unique words is 2124
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 18
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 2066
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 19
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2060
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 20
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2125
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 21
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2108
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 22
    Total number of words is 3807
    Total number of unique words is 2017
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 23
    Total number of words is 3701
    Total number of unique words is 2061
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 24
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2129
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 25
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2145
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 26
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2103
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 27
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2063
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 28
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2001
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 29
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2142
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 30
    Total number of words is 3880
    Total number of unique words is 2028
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 31
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 1962
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 32
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2086
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 33
    Total number of words is 1885
    Total number of unique words is 1150
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.