Latin Common Turkic

Ботагөз - 14

Total number of words is 3932
Total number of unique words is 2200
35.8 of words are in the 2000 most common words
50.5 of words are in the 5000 most common words
58.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Отыр, шырағым!– деді Итбай, Асқарға төрге төсеулі шыт көрпесінің
үстінен орын көрсетіп,– шаршасаң қисай,– деп жастық тастады.
– Рахмет, ағай.
– Астапыралла!– деді Итбай (солай дейтін оның кейде əдеті болушы
еді), тізесін бүкпей тұрып,– əлгі ауылнайдың қазір кететіні бар еді. Бір
керекті жұмысымды ұмытқанымды қарашы, айтып қалайын: ұлықсат ет,
шырағым. Қазір келем.
– Барыңыз.
Сыртта топталып отырған ауылнайларға Итбай орындайтын істері
туралы əмір беріп аттандырды да, Қожантай деген біреуін «кішкене сабыр
ет!» деп алып қалды.
– Бері кел!– деді оған Итбай, үйден ұзағырақ жерге қарай жүріп,–
кеңесейік.
Қожантай Итбайдың не айтарын сезді де, соңына ерді.
– Отыр!–деді Итбай былай шығып бір бетегелі жерге. Қожантай
отырды.
– Кəне, айтшы, əлгі қыздың кеңесін не қылдың?
– Көнбейді, құдай соққыр.
– Ағасы қамауда əлі жатыр ма?
– Балтабекті айтасың ғой? Жатыр, Бурабайда!
– Ұрлаған майы қанша еді?
– Екі пұттай бар білем.
– Сен қызға ана бір сөзді айттың ба?
– Мен айтпаған сөз қалды дейсің бе? Бірақ құлағына қол апартпай
шапшып тұрған бір қыз. Айтатын сөзі:
– «Оған барғанша, өзімді өзім жарып өлтірем!» дейді.
– Ə-ə, солай дей ме? Қарай гөр пəлекеттің мықтысын!
– Рас, қажырлы қыз екен езі.
– Піш!.. сен де тапқан екенсің «қажырлы» кісіні. «Қатын қайраттанса
қазан қайнатады» дегенді білесін, бе? Төмен етекті əйел емес пе, қажырлы
боп қайда барады.
– Мен қажыдым.
– Əй, Қожантай!–деді Итбай, сыбырлаңқырап сөйлеп,– егер қыз үйтетін
болса, осыны қараңғы ұрлықпен алып қашсам қайтеді?
– Қайдан білейін?
– Мен бұл қызбен саудаласа-саудаласа шаршадым. Менің бұл қызды
алам дегенімді жұрт естіді. Енді мұны алмау – маған өлім. Жақсылықпен
көнбеді. Енді қол іс қылудан басқа жол қалған жоқ.
– Өзің білесің,– деді ауылнай жер шұқып.
– Неге жер шұқисың? (Қожантай үндемеді). Əлде жаның аши ма?
– Жаным ашып... маған не қарындас, не жиен, не жиеншар емес,
айдаладағы біреуді қайтем. Заңға сыйса дегенім ғой...
– Əй, заңыңды қоя тұршы! К,олда емес пе, ол заң.
Кеше Кошкин келіп еді, шет жағалап айтып ем, «ал да кел, артқы
жауабын маған бер!» дейді. Заң іздейтін ол к,ыздың кімі бар? Мен енді
барымтаға кірісем. Қыздың талайы осылай бұлқынатын. Алып қашқасын
көнетін. Аты əйел емес не. Сен енді сауданы қойып, осыны қалай алып
қашудың жолын айт. Бір барақта қыздың үйінен басқа неше жан бар?
– Кім білсін қанша жан екенін. Əйтеуір көп. Ұзындығы жүз кездей
барақ. Қаз-қатар төсеген тақтай. Жұрт өте тығыз жатады. Аралары
бөлінбеген.
– Онда алып шығуы қиындау екен. Алым берсе шығарып беретін
қасында өжет жігіттер бар ма?
– Сөйлесіп көрейін оны. Бір жаман жері – жеңгесі жөтел ауру, сырқаты
нашар деп естідім. Білте шамы сенбейді білем. Жəне қыз өзі жеңгесіне
сусын беріп түні бойы дамыл көрмейді дейді, ояу отырады дейді.
– Күндіз қайда болады қыз?
– Бойнада сойған малдардың ішегін аршиды.
– Ə, онда, күндіз де қиын екен. Алдастырып алып кетуге болмас па
екен, жолдан қағып əкететін?
– Қайдан білейін?
– Сен енді бір айласын тап. Осы сынымнан өтсең, мен де ұмытпаспын
жақсылығыңды. Сайлау да жақындап келе жатыр ғой, өзіме кандидат қып
алуға да бармын, айтқанымды орындасаң.
«Кəнделеттік» Қожантайдың арманы еді. Көптен кез алдына елестеп
жүретін құс қолына кеп қонуға ыңғайланған сықылды болғасын, оның ойы
қызды барақтан ұрлап алып шығу амалын тез қарастыра бастады.
– Бұған бір-ақ жол бар,– деді Қажантай,– таң қараңғысында барлық
еркек бойнаға кетеді. Барақ бойнадан алыс. Қыз кешірек барады. Таң ата.
Сол кезде мықты жігіттер сайланып барып, үйден алып шығып, мықты
атпен тартып отырса кім қуып жетеді дейсің.
– Мынауың тапқан ақыл екен.
– Ендеше, бүгін-ертең жігіттеріңді жібер. Мен өзім барақ маңайында
болайын. Əркімдерге сөйлесейін де, егер шығарып беруші болса – нұр
үстіне нұр, шығарып беруші табылмаса – өзім реттеймін. Іңірде жігіттер
заводқа жақын ауылға келсін де, біреуі маған хабар берсін. Ұзақ түн
аңдысақ, алмай қоймаспыз.
– Жарайсың, Қожеке,– деп Итбай сүйсінгендей қарқылдап күлді.
Қолыма бір тигізсең, аржағын өзіме бер. Бір-ақ күнде жуасытып аламын.
Осы құрғырға жабыспай-ақ қойсам да болатын еді, бірақ жұрт естіп қапты.
Анау күні біреулер: «құсың құтты болсын!» деп қайырлы болсын айтып
жатыр. Алып қойды деп ойлапты. Шіркін, өлерін білмейтін қыз екен.
Есіктегі басы төрге жеткенге қуанып, өзі-ақ .келетін қыз. Амалың бар ма,
ақылы жоқ болғасын.
– Апыр-ай десейші, алтынға қолын малып отыратын реті бар ғой осы
үйде.
– Енді ме, егер осы босағаға дəм жазып келе қалса, саптыаяқтан сары су
ішкізермін ол мұндарға.
– Сол қыз закөншік дейді. Орысша недəуір оқып тастаған қыз болса
керек...
– Ə, қойшы, сондай сөзді!– деді Итбай кейіп,– законник!.. Неткен
закөншік?.. Закон осы күні мынада! (Итбай қалтасын қақты).
– Жаңағы бір немеңді тез аттандыр,– деді Қожантай Итбайға,–ол не
қылған неме өзі?
– Сен танымайсың ба? Баяғы біздің үйдегі учитель.
– Ə, со ма?–деді Қожантай «өзін едірейтіп.– Осы неме осы қызды алам
деп айтады деп естіп ем.
– Десе деген шығар . Бірақ бұған сыр бермей тез жөнелтіп жіберем.
Мана жылы қабақпен амандасып отырғаным да сол, əйтпесе өзін
ұнатпайтын ем. Ешнəрсе сезбеген адам сықылданып аттандырып
жіберейін.
– Біреуден сұрамас па екен?
– Кімнен сұрайды? Сұрайтын кісінің реті жоқ.
– Онда дұрыс. Бірақ сақ болғайсың. Кім біледі, қыз үйінде екенін білсе,
ауытқып кетуі мүмкін. Мұны көрсе қыз ширап кетеді.
– Жарайды.
3
Итбайдың жақсы күтуіне, Асқар қайран қалды. Бұрынғы кекірлік
мінезінің біреуі де жоқ: «жатып жастық, иіліп төсек болып тұрған» бір
адам. Екі сөзінің біреуі «сіз», «біз». Баяғыдан бері Асқардың қайда жүріп,
қайда тұрғанын сұрамай қалған жоқ. Ара-тұра: «үйреніп қалған екеміз,
көпке шейін өгейсіп жүрдік. Петербурда сен ұсталғанда ішім ауырды,
қолдан келер шара болмады» дегенді де айтып қойды. Бірақ Ботагөзге
жанасатын сөздің маңайынан алыстап үркіп жолаған жоқ. Бар сөзінде ол,
Асқардың есіне Ботагөзді түсірмеуге тырысты.
Астан ең алдымен қымыз келді.
– Əй!– деді Итбай бие байлап кеп, Асқарға амандасқан Бүркітбайға,–
қымыз құйдыршы! Жақында ыстан шыққан кең сабаға құйылып, қымыз
жарықтықтың өзі балдай тəтті боп тұр еді. Майдың қымызы қандай,
жарықтық! Тəтті асты дос-жарын, кеп отырғанда ішкеннен бұ дүниеде
қызық бар дейсің бе?
Бүркітбай даладан біреуді шақырып алып, күміс піспекті, иіндеп тұрған
үлкен қара сабаны, үйді басына көтере күпілдетіп пісті де, күмістеген үлкен
сары ағаш тегенеге көбігін бұрқыратып құйды. Жаңа ыдысқа құйған қою,
жас қымыздың исі сегіз қанат ақ үйдің ішін лық толтырғандай болды.
Көптен мұндай қымыз ішпеген Асқардың аузына сілемейі жиылып,
мұрнына кірген тəтті иіс – барлық тамырын қытықтап, қашан аяқты қолына
ұстатып, сіміре бір жұтқанша тағатын қалдырмады.
Беті көпіршіген, еріткен алтындай қою сары қымызды толтырған
кəрден кесе қолына тигенде, тілін тұшытқан қымызды Асқар жұтып-жұтып
жіберіп еді, сағынғандықтан ба, сусағандықтан ба –маңдайынан тер шыпшып шыға келді.
– Кəне, отырма, Бүркітбай,– деді Итбай, Асқар қымызға біраз
сусындағаннан кейін,– мал алдыр! Қысқы сыбағасы да бар шығар. Бірақ бір
малдың етін жемей реті келмес.
– Бар дəм болады ғой.
– Атай көрме! Біздікіне келгесін малдың басын жемей, о не дегенің? Бір
мал деппін-ау, өзің мұнда біраз күн жататын тығарсың?
– Жоқ, жүрем.
– Е, оның қалай? Дəмдес үйің. Аунап-қунап жат.
– Асығыс ем, рахмет!
– «Неге келдің?» деген кісідей жолыңды сұрап мазаңды алмайын дедім.
Жол болсын!
– Əлей болсын.
Асқар жол мəнісін толық айтты.
– Ə, жарайды. Бізге де санақ жүреді деген бұйрық келіп еді. Ретің келсе,
осы елге шықсаң жақсы болар еді. Бұл сөзді аузы айтқанмен, «осы кəпір
рас келіп қала ма?» дегендей, Итбайдың іші қорқа бастады.
– Мен келер ем,– деді Асқар,– бірақ облыста басқа жаққа бекітіп
қоймаса.
– Бəрекелді-ай, асығыс екенсің!– деп ренжіген болды Итбай,– сонда да
жатып кет бірер күн, тым болмаса.
– Рахмет, бүгін жүрем.
– Апыр-ай, онда асты тездет, Бүркітбай. Марқа пісіп жетпеген кезі еді
ғой. Жем жеп шыққан көпей қозының біреуін алдыра ғой.
Бүркітбай кеткеннен кейін Асқар мен Итбайдың кеңесінің көбі соғыс
туралы болды.
– «Қазақ» бар ма, ағай?– деді Асқар соғыс кеңесіне кіріскесін.
– Бар. Сандықта. Тігіп жүрмін. Алдырайық.
Итбай əйелі Жамалды шақырып алды да, Асқар амандасқаннан кейін
сандықты аштырып, тігілген газеттерді алды, Жамал шығып кетті.
Асқар «Қазақ» газетін ақтарып қараса, түгел екен. Бір жағынан
қымызды жұта отыра, Итбайға қарамастан, 1914 жылдан бергі номерлерін
Асқар тез-тез жүгіртіп қарап шықты.
«Алтын қорынан бір миллиард жеті жүз миллион сом Обращениеден
алынып, оның орнына екі есе қағаз ақша шығарылсын».
«Темекі мен арақты қымбаттатып, 175 миллион сом жиналсын».
«Сегіз айда Россиядан соғысқа төрт миллиард шығын ұсталды».
«Бір айда Англия соғысқа төрт миллиард шығын ұстаған.
«Екі жылда Франция қырық миллиард шығын ұстаған...» Осы сықылды
соғыс шығындарына жəне өлген адамдардың санып оқығанда, Асқар
таңдайын қағып, басын шайқады.
– Торғай облысының өзі,– деді Асқар Итбайға газеттің бір жерін
бармағымен нұсқап,– 191341 сом жəрдем беріпті ғой, биыл соғысқа.
– Көп емес екен,– деді Итбай,– Анау күні Көкшетауда, Кривоносовта
болыстардың жиылысы болып еді. Біздің бір үйез 146 мың сом ақшадай
беріпті. 5000-дай киіз үй, 12 мыңдай ат жіберіпті.
– Рас, қиынға соқты бұл соғыс.
– Арты қайыр болса ешнəрсе етпес.
– Арты да онша қайырлы болмайтын сықылды көрінеді ғой.
– Астапралда! Неге?
– Қазақтан солдат алу мəселесі көтеріліп жатқанын оқыдыңыз ба?
– Оқыдым. Бірақ жел сөз ғой деймін.
– Жел сөз көрінбейді. Міне, 171 санында үкімет пен Думаның арасында
отар ұлттардан солдат алу туралы талас болғанын жазады. 172 санында
солдат алынатындығы айқындалған сықылды. Міне, көрдіңіз бе, «қазақтар
солдатқа салт баратын болсын» деген ұсыныс тұрғанын? Газеттің өзі,
мынау 179 санында, қазақтың қазақ правосымен солдатқа баруын жақтап
отырғанын көрдіңіз бе?
– Қай айдағы номері?
– 30 апрель, 1916 жыл. Мынау 174 санында санақтан мал, жан
жасырмаңдар деп жазыпты. Мына бір сөздерге қарағанда солдат беруге
«Қазақ» газетін басқарушылар мойындаған-ау деймін.
– Кім білсін?–дей салды Итбай.
– Не болатынын кім білсін? Бірақ соғыс ауыртпалығын онсыз да еріксіз
көтеріп отырған қазақ бұған көнсе дұрыс, көнбесе үлкен бүліншілік болады
ғой деймін...
– Тəйірі-ай, құрғақ қолмен көнбегенде не қылады?
Асқар жауап бермей ауыр күрсінді.
– Уа, құрысын сол соғысың!– деді Итбай, Асқардың тұнжырай
қалғанын сезіп,– қазаққа алабөтен келген ауыртпалық емес. «Көппен
көрген ұлы той» деген. Қайтер дейсің. Тəңірінің жазғаны болар. Таста
газетті! Іш қымызды! Əкел кесеңді, құйып берейін!
– Болып қаппын. Далада жүріп келсем деймін азырақ.
– Оқасы жоқ. Əлгі Бүркітбай қайда? Əй, Бүркітбай!
– Əу!– деген дауыс келді сырттан.
– Болдың ба?
– Болдым.
– Мұнда кел, ендеше!
Бүркітбай келгенше, «өзім де шығам ғой» деп Асқар түрегеп тысқа
шығып кетті.
– Неге шақырдың?– деді Бүркітбай үйге кіріп.
– Əлгі Асқармен жүріп кел дейін деп ем.
– Сіз Асқармен тым құда түсіп кеттіңіз-ау, мырза?
– Жағың қарыссын!..
– Ұзап кетті. Естімейді.
– Ал, сен бар, олай болса. Бірақ аузыңа сақ бол. Тұяқтың қызын сұраса,
жөніңді айтпай теріс сөйле. Аржағын өзің біле жатарсың.
– Өзі қашан кетеді екен?
– Бүгін жүрем дейді. Кетсе екен.
Итбай Қожантаймен байласқан уəдесін Бүркітбайға түгел айтты.
– Дұрыс,– деді Бүркітбай,– ниетің оған ауса, жалғыз өзім барып ұрлап
əкелуге қолымнан патпеске берейін. Өзі де қыз? Толығып болған.
Бурабайдың семіз шортаны сықылды, жүргенде ырғаң-ырғаң етеді...
– Бар болғыр, бар енді!..
– Жоқ-а деймін, шіркін піскен екен езі. Жасы да 18- 19-ға келіп қалмады
ма екен? Нешеге келсе, оншаға келсін, бірақ піскен шиедей толып тұр. Өзі
де бойы сұңғақ, кеуделі келген аршын қыз.
– Бар, бар!..
– Қолыңа құдай тигізсе...
– Бар деймін, доңыз!..
– Бүркіттей...
– Болды, болды, кет тез! Əлгі ойлап қалар, неге кешікті деп.
– Барайын!– деді Бүркітбай, есікке қарай жүре беріп, іште қалған сөзін
бетінің, көзінің құбылысымен ұқтырып.
– Сақ бол!– деді Итбай, Бүркітбай аяғын табалдырықтан сыртқа аттай
бергенде.
– Білем ғой, өзім де.
Бүркітбай шыққанша Асқар ауылдан ұзап, Шалқар көлінің жағасына
жетті.
Бурабай тауының айналасы Асқардың алақанында. Ол білмейтін құз, ол
білмейтін сай, ол білмейтін бұлақ, ол білмейтін көл жоқ. Кейде Көкшенің
ең биік өркешіне шығып жан-жағына қараса, Бурабайдың іші-сырты,
айналасы – тостағанға құйған қымыздай дөңгеленіп жатқан қаптаған көл.
Солардың ішінде Көкшенің солтүстік жағын жиектей, тауды құрсаулаған
шабақ көлі ғана сиырдың имек мүйізі сықылды. Өзгелерінің бəрі біркелкі,
дөп-дөңгелек. Жасыл барқыт камзолдың үстіне қадаған теңгеліктей əр
жерде аппақ боп, дөңгеленіп күнге шағылысқан ол көлдерді көруге Асқар
тойған емес.
Аспанмен астасқан Көкшенің асқарынан аяқтағы астай көрінген
көлдердің жиегіне барғанда, теңіздей телегей екенін ол біледі. Биіктен
қарағанда бір түсті көрінген көлді ол, қасына барса, түгі басқа жылқыдай,
өзді-өздерше арнаулы қасиеттерімен айырып ала алады. Көлем жағынан:
Шалқар, Торыайғыр, Шортан, Жөкей, Қотыр, Үлкен шабақ, Кіші шабақпен
бірдей. Бұл аталған көлдердің бəріне де бергі шетінен арғы шетіне
қарағанда көз жетпейді. Таудан қарағанда аяқтағы астай бұл көлдер,
жиегінен қарағанда жер мен көктің астасқан тұсына баратын үлкен бір
теңіз тəрізденеді. Егер Жөкей көліне: кеменің тұмсығы сықылданып,
Бүркітті тауының бір жақ шыңы сүйриіп барып сұғынып тұрмаса;
Қотырдың оңтүстік жағынан: келді жара орта кезіне шейін құлынның
жалындай боп қарағай ескен, тілген қайыстай арал кірмесе; Бурабайдың
орта кезінен суды жарып екі тау шығып, биіктеп барып текенің мүйізіндей
айқаспаса; Шабақ көлінің орта кезі құмырсқаның беліндей үзіліп тұрмаса –
бұл көлдерді бірінен бірін көлем жағынан да, көркемдік жағынан да
айырып алу қиын.
Шалқардың өзге көлден айырмасы – оның күнбатыс жақ жиегіне таман,
жағадан жарты шақырымдай жерінде тас діңгек бар. Бұл діңгек көлден
найзадай шаншылып тік шыққанмен, найзаға үйлес тас емес. Айта берсең
ол, тас та емес, тас емес те емес. Тас дейін десең, діңгектің үстіне өскен
жабағыдай ұйысқан бетеге, бетегелердің арасына өскен бұйра тобылғы. Тас
емес дейін десең, желді күні айнала ұрып жатқан толқындар діңгектің бетін
бір шаймайды. Бір жері жай топырақтай суға опырылмайды. Діңгек
алыстан қарағанда найзадай шаншылып жіңішке көрінгенмен, қайықпен
қасына барсаң, кішігірім ауылдың қотанындай көлем! бар, төбесіне
шыққанда төңірек түгел көрінетін кəдімгі тау. Осы діңгектің ен бойына
жазғытұрым қаз-үйрек, шағала жұлдыздай жиі жұмыртқа салады. Кесіп
іздеген қайықшылар ол діңгектегі жұмыртқаны қайық-қайық қып тасып
шығарса да тауыса алмайды. Одан басқа жерінде ұя салар орын жоқ, дария
көлдің беті, шілде кезінде құстың балапанына құмырсқаның илеуіндей
қаптайды да кетеді. Қайықшылар бұл балапандардың қайдан сая болғанына
қайран қалады.
Бүркітбай қуып жеткенше, көлдің жағасында ерсіл-қарсыл жүрген
Асқардың көзі Шалқардың діңгегінде болды. Бұрын да Асқар ол діңгекке
қызығып, қайық жалдап бір рет түскен еді де, бір жақтан жолаушы келе
жатып, жолдасының «жете алмассың, алыс, суға кетерсін» дегеніне
қарамай малтып та барған еді. Екі барғанында да ол өмірде есінен
кетпестей əсер алған. Діңгектің құйқалы төбесіне шығып, жан-жағына
қарағанда, ойы Шалқар көлдің, желді күнгі толқынындай тулап, сол
минуттағы бойындағы қайратын қайда қоярға білмеген. Сезіміне қатты
əсер еткен діңгекті ол ұмытпайтын, кейде оның төбесіне шыққан
минуттары түсіне де кіретін.
«Уа, шіркін!– деп ойлады ол діңгекке қарап тұрып,– соның басына
Ботагөз екеуміз бірге шықсақ!..»
Ойға батып тұрған Асқар, артынан Бүркітбай кеп «һап!» дегенде селк
ете түсті. Ол жарқабақта тұр еді. Суға құлап кете жаздады.
– Сен осындай қорқақ па ең, Асқар?– деді Бүркітбай, Асқарды белінен
құшақтап, үрейлі кескініне күлімсірей қарап.
– Ия, аман жүрсін, бе, Бүркітбай?–деді Асқар салқын.
– Бізді не жау алады дейсің?!
Екеуі қатарласып, көлді жағалай аяңдады. Бүркітбайдың ыңғайын
Асқар көріп келе жатыр: баяғы қылжақбастығынан басқа кеңес шығатын
сықылды емес.
– Бүркітбай!–деді Асқар біраздан кейін,– екеуміз құрбымыз ғой, рас па?
– Онда кімнің дауы бар?
– Екеуміз де кедейдің баласымыз ғой?
– Сенің аспанда, менің жерде жүргенім болмаса, солайын солай.
– Мен де қай бір шырқап ұшып жүрген адаммын. Қанат-құйрық менде
де қысқа емес пе?
– Сенің қанатың қысқа болса, ол шіркін бізде атымен жоқ десейші.
– Қалжыңды қойып, мен саған бір шын əңгіме айтайын деп ем.
– Маған сол шының керек.
– Шын керек болса, мен сені бұрын жеккөріп те жүрдім.
–Неге байғұс-ау!
Асқар ұзақ уақыт Бүркітбайға өзінің оған неге ренжитін себептерін
айтты.
– Мұның біреуінен де таңбайын!– деді Бүркітбай.– Енді маған қыл
дегеніңді айтшы! Бірақ мен өзім оспақ сөзге шорқақпын, сен маған
жұмбақты қойып, тура айтатыныңды айт!
– Айтсам: сенен бір сыр сұрайын, шыныңды айтасың ғой ?
– Айтайын білгенімді.
– Айтсаң: Тұяқтың қызы қазір қайда, үйінде ме?
– Сиырдай болған қыз үйінде отырушы ма еді? Қатын боп отыр біреуде,
балалы-шағалы боп.
– Кімде?–деді Асқар сұрланған кескінмен Бүркітбайға төне қарап.
– Сен кімді білесің. Мына, Қойлы-атығай ішінде Даңқой деген елдегі
біреуде.
– Ағалары қайда?
– Балтабек кансер зауытындағы мал сою жұмысына араласып жүретін
еді, анау күні бір май ұрлап қолға түсті деп естідім. Өткен күз Кенжетайы
жылқы ұрлап, ұсталып кетіп еді, содан жоқ. Сырт хабар: іш жақта қашып
жүр дейді.
– Темірбек қайда?
«Асық ойнаған азар,
Доп ойнаған тозар.
Бəрінен де қой бағып,
К... жеген озар...»–
дегендей, түптегенде Тұяқ балаларының ең оңдысы сол жаман болып
шықты. Өзгелері қолынан келмейтін ерлік істеймін деп басын жұтты,
жаман Темірбек мына алтын заводына барып жұмысқа түсіп, шешесін
асырап түр. Іштегі сезім толқынының қатты екпінімен, Асқардың аузына
келген сұраулар ерніне ілекпей, жаңқадай қалқып кете берді. «Нанайын ба,
нанбайын ба?» деп ойлады ол. Бір кезде туғанындай жақын болған сүйікті
семья, мынадай апатқа ұшырағаны оған қатты батты. Сұрауға өтірік жауап
берген Бүркітбай, Асқардың кескініне қарап еді, қабағы түнеріп, кескіні
бұзылған тəрізді екен. Бүркітбайдың жүрегін басқан өтіріктің шаңы,
Асқардың бетіне қонғандай, ол оны аяп, шынын айтуға бір ойлап тұрды да,
артын ойлап Итбайдан бата алмады. Сонда да, Асқардың қасына енді ерсе,
сыр айтпауға болмайтын сияқтанған соң «Ас пісті, тез қайт!» деп өзі кетіп
қалды.
4
Асқар Итбайдың үйінен шығып, Шалқарға қарай беттегенде, солтүстік
күнбатыс жақта аспанда белдеулеген Көкше, көк йен жердің астасқан
тұсына шөккен көктемнің қара сұр бұлт сықылданып тұр еді. Шалқарға
жеткен кезде, қызған күннен күн дария боп толқыған сағым, Көкшенің
етегін толқынына бөлеп, мұнартқан басы теңіз үстінде алыстан жүзіп келе
жатқан ұлан-байтақ, үлкен кеме сықылданды. Сағымның ұлан-асыр
теңізінде толқынға көміліп жүзіп келе жатқан кеме сықылды Көкшені
көргенде, оның есіне: Абай аударған Лермонтовтың «Парус» деген өлеңі
түсті:
«Жалғыз жалау жалтылдап,
Тұманды теңіз өрінде.
Шет жерде жүр не тыңдап,
Несі бар туған жерінде.
Ойнақтап, толқып, жел гулеп,
Майысар діңгек шақырлап,
Ол жүрген жоқ бақ іздеп,
Қашпайды бақтан бойды ұрлап,
Астында дария – көк майдан,
Үстінде сəуле – алтын күн.
Қарашы, бүкіл құдайдан,
Сұрайды дауыл күні-түн...»
«Не деген тамаша сурет!– деп ойлады ол.– Шіркін, Абай-ай, ақынсыңау! Арқаның шелінде, Шыңғыстың тасында өсіп, өмірінде теңіз көрмесең
де, шарықтаған ақындық қиялың теңізді ұшып тапқан екен!»
Бүркітбайдың Ботагөз туралы, оның үйі туралы айтқан сөздері
Асқардың көз алдына қары жапалақтаған қыстың боранды суық күніндей
елестеді. Оның манағы алтын күндей ашық үмітін, қайғының қара бұлты
торлады. Осы кезде Асқардың ойын еліктіргендей, Көкшенің басына
түтіндене қара бұлт шөгіп, содан сескенгендей таудың етегінде еркелеп
ойнаған сағым тау жақтан қашты. Əлгінде, теңіздегі кемедей сағым үстінде
қалқыған Көкше, сағым тарағаннан кейін, Асқардың көзіне өртке
ұшыраған, бүлініп, күйіп жатқан бір зор үйге ұқсады.
Көкшетау, Қызылжар елдерінің көктем, жаз мезгілдерінде «амал»
дейтін күндері болады. Ол күндерде: күннің көзі таңертең қайнап шығады
да, түске шейін жердің жүзін шыжытып жібереді. Жылқыға бүгелек,
сиырға сəйгелді тиіп, малдың мазасы кетеді; жан-жаққа шапқылап,
барқыны бар сулы жер іздеп, көлге, өзенге паналайды. Бұл кезде аздап
үрлеген ыстық желді ол елдер – «аңызғақ» дейді. Үйге кірген аңызғақ
адамның өңешіне жармасып, түкірігін кептіріп, тамағын құрғатады, адам
қымыз ішсе «ақ таңдай» боп, тамағына қақырық қатады, аңызғақта
адамның шөлін қандыратын жалғыз ғана қаймақ құйған қою шай.
«Шай,
Шай ішсем көңілім жай,
Əттең, ақшасын бергенде –
һай-һай-һай!»–деп өкінеді ол кезде шайы жоқ кедейлері. Осындай
сəйгелді, бүгелекті аңызғақтың артынан ол елдер нөсерлеп құйып өтетін
жаңбыр күтеді. «Көктемдегі бұлт көңілшек». Ілуде бір күндер болмаса,
көктем кезінде аңызғақтан аңсасы кепкен адам мен айуандарды түстен
кейін салқын ауамен сусындатын жауып өтпейтін күндер аз кездеседі.
Аңызғаққа шыжыған Асқардың да аңсасы кеуіп, ақ таңдай бола
бастағасын ауылға беттеді.
Асқар үйге кірсе, Итбай түндікті жапқызып, іргені түргізіп, төрт қабат
шыт көрпенің үстінде екі жастыққа шынтақтап, дамбалшаң, жалаң аяқ,
көйлекшең, жалаң бас шай ішіп отыр екен. Қасында бəйбішесі Асылтас
аяғын сипап отыр, тоқалы – Жамал шай құйып отыр. Итбайдың бет-аузын
тер басқан.
– Апыр-ай, құдайдың мына күні күйді-ау!– деді Итбай терін орамалмен
сүртіп, есіктен кірген Асқарға,– далада күнсіп көп жүрдің ғой. Үш сағатқа
жақын жүрдің,– деді ол, күміс бақанның бір бұтағында ілулі, тырсылдап
соғып тұрған шынжырлы үлкен сағатқа қарап,– шөлдеген шығарсың. Түтеп
өліп бара жатқансын мына бір шайды жаңа алдыма алып ем, мұндайда
жанның рақаты шай ғой. Кепкен сықпа құртпен қаймақ құйдырып, қою ғып
ішкен шайдан дүниенің жұмағы бар деймісің мұндайда. Кəне, отыр, шешін!
Ұятты қой, көйлек-дамбалдан басқаны сыпырып таста!..
Бұл сөздерді айтқанда, Итбай Асқардың кескініне қарап, сусаудан басқа
ішінде зілді бірдеме барын ұқты. «Бүркітбай бүлдіріп келмесе жарар еді?»
деп ойлады ішінен. Бірақ сыр бергісі келмей, Асқарға жылы сөздерімен
бірге күлімдей қарады.
«Жылуы жоқ бойының,
Жылмиғаны неткен?!»–
деген Абайдың сөзі түсті Асқардың ойына. «Жолбарыс адамға шабарда,
еркелеген иттей жүзі жылып қылмыңдай кетеді» деп еститін еді Асқар.
Итбайдың жылмыңдауы оған сол жолбарыстың еркелеуі сықылды көрінді.
– Отыр!–деді Итбай тағы да Асқарға.– Əй, тоқал, сен етті білші! Піскен
шығар. Жидіп кетпесін. Бəйбіше, шай құй! Асқар ет алдында сусындап
алсын, əйтпесе ет жей алмайды. Далада жүріп келді ғой, қымызы сіңген
шығар.
Дастарқан қасына кеп отырғаннан кейін, келгелі көрмеген Итбайдың
бəйбішесі Асылтасқа Асқар:
– Есенсіз бе?– дей салды.
Ботагөзге бүгін-ертең жігіттерін жібергелі отырғанын Итбай Асылтасқа
шет жағалап айтып еді.
Асқардың салқын амандасуынан «осы жігіт біліп қойды ма, əлі?»деп
ойлады Асылтас.
Ренішті ойда отырғанмен, сусаған Асқар сықпа құртты к,анттай тістеп
аузының дəмін алып отырып, шайды қанып ішті.
– Асты əкелейін бе, пісті,– деді бір кезде Бүркітбай кіріп.
– Əкел!
Шығып кеткен Бүркітбай аздан кейін бетін дастарқанмен жауып, буы
бұрқыраған сары табақпен етті алып кірді.
ЕКІНШІ ТАРАУ
ӨЛІМ ҮСТІНДЕ
1
Айбаланың тық-тық жөтелген дауысына Ботагөз оянып кетсе, барактың
он бойында сықсиған білте шамдар жанып, жұмысшылар жапыр-жұпыр
киініп алып, кетіп жатыр екен. Бірақ əлі таң атпаған сықылды. Барактың
ішіндегі қою қараңғылықты сығырайған білте шамдардың жарығы жеңе
алмай, барак күңгірт.
Ботагөз басын көтергенде, бір жағы кетілген шашкенің табағындағы,
білтесін ескі шүберектен есіп, сиырдың майына малған шам, майы
таусылып, білтенің шүберек исі шығып сөніп барады екен. Ботагөз ұйқы
тығылған көзін қолымен уқалап жіберіп, төсегінің басында тұрған май
салатын аяқты қараса, түбінде түк жоқ.
– Қалқам-ай, неге тұрдың, ұйықтасаң едің!– деген Айбаланың сөзіне ол
жауап бермей, əркімдерден май сұрап, алысырақ бір көйкеден тауып алып
келді де, ақтық жалыны əлсіз ғана лапылдап тұрған білтеге майды
тамызды. Май тигеннен кейін білте əуелі шыжылдап, артынан жарқырай
бастады.
Ботагөз шам сөнердің алдында биенің бір сауымы бұрын қалғыған еді.
– Жата тұрсайшы, сəулем,– деді Айбала тағы да,– ағаң кеткелі бір күн
дұрыс ұйықтаған жоқсың. Қаның қашып, ажарын, қуқылданып кетті. Ауру
менен сен жүдеу сықылдысың. Əлі ерте ғой, қалқам. Аз да болса жатып
ұйықташы. Болмаса, бүгін бармай-ақ қой жұмысқа.
Ботагөз білте шамның жарығымен Айбаланың кескініне қараса,
күндегіден өзге екен. Біраздан бері Айбаланың еті түгел тарап, қу сүйегі
қалған. Бұрын толған айдай дөп-дөңгелек беті солбырайып, ұртының
сыртынан тісін санап алатын халге жеткен. Қолының, аяғының сүйектері,
дорбаның ішіне салып қойған қу сүйектер сықылданып, буындары
бұлтиып, шығып кеткен. Шілбиген қылдырықтай мойнына қарағанда,
«басын неғып көтеріп тұр?»–деп ойлайтын Ботагөз. «Арық адамның көзі
өткір болады екен-ау!– дейтін Ботагөз ішінен.– Қарағанда өңменімнен өтіп
кете жаздайды!»
Май тамызғаннан кейін жарқырап жанған білте шамның жарығымен
Ботагөздің көзі Айбаланың кескініне түссе, екі бетінде құлпырып қан
ойнап тұр екен. Дені сау кезінде Айбаланың, беті осындай қан ойнаған
нұрлы болатын еді. Көзқарасы да бүгін күндегідей өткір емес, дені сау
кезіндегі сыпайы қарайтын əдемі қарасының қалпына келген.
Қатты ұйықтағандықтан Ботагөздің басы ауырып қалған екен. Кешегі
жұмыстан тынықпаған денесі құрыстап жатуды тілеп еді, дененің еркіне ол
көнбей керілді де, бойын аздап сергітіп, бірер рет аузын кере, демін қатты
ала есінеп, жинала бастады.
– Неге жатпадың, сəулем?–деді Айбала тағы.
– Ұйқым қаныпты.
– Қайдан қансын ұйқың, бұрын төрт көзіміз түгелде көп ұйықтайтын
ең. Басыңа ауыртпалық түскесін амалың бар ма!..
Аржағынан ағытылып көзіне саулап келген жасты Айбала еріксіз бөгеп
босатпады. «Өзі қажып жүрген баланы жылап қажытпайын» деп ойлады
ол.
Өткен күні егізбен Темірбек келіп: «не көрсек те бірге көрейік» деп
көшіріп əкеткісі келіп еді, оған Айбала мен Ботагөз қарсы да болған жоқ
еді, қасындағы көршілері: «нашар сырқатты қалай апарасың, жолда жазым
болса қиын болар, аздап шыда!» десті. «Ат емес өгіз, жолда қазақ арбаның
үстінде шайқалып қиын болар, ауырлап қаласың!» деп көршілері Айбалаға
да ақыл айтқасын, Айбала мақұл екен деп, Темірбекті – рұқсат беріп
қайтарды да, «жақын арада келіп кет, тəуірленсем оны көрерсің,
тəуірленбесем, ендігі келгеніңде не қылсам да қалмаймын!» деген сөзді
айтты. Біраздан бері сырқаты өзіне ауырлаған сықылды көрініп, түні бойы
жөтеліп шығатын Айбала, бүгін түнде кірпік қаққан жоқ. Жөтеліп отырып,
оның түні бойы ойлаған ойы: «Сал жігіттен (Темірбекті ол Сал жігіт дейтін
еді) неге қалдым. Осындай есім барда əжемнің қолына барғаным жақсы еді.
Ертең олай-пұлай боп кетсем, еркеме қиын болады-ау!»
Бұл үйдің бұлай күйзелушілікке ұшыраған себебі былай: 1913 жылы
Петербургтен қайтқаннан кейін Итбай Балтабекке: «Қарындасын маған
берсін» деп кісі салды. Бұл сөзге Балтабек ыршып түсіп, маңына
жолатпағасын, сыпайы сөзге көнбейтінін көрген Итбай мықтылық айтып
қорқытты. Итбаймен ұстасуға белі шыдамаған Балтабек Итбайдың
«елшілері» соңынан қалмай мазалай берген соң, қайысып бір келіп «бұны
қайтеміз?» деп Кенжетайға ақылдасып еді:
– Қорықсаң Ботагөзді өз қолыма бер,– деді Кенжетай,– мен жер жүзінде
тірі жүріп, қарындасымды оған бермеймін.
Кенжетайдың сөзі Балтабекті қайтадан қайраттандырды.
Қайысқан Балтабекті Кенжетайдың қатайтқанын Итбай естіді. «Өзін
көндіріп көріңдер» деп Кенжетайға да «елші» жіберіп еді, Кенжетай
көнбеген соң, ерегіскен Итбай ұрыларын жұмсап, жақын қаладан жылқы
алдырды да, Кенжетайдың қорасына жасыртып, жылқы иелерін үстінен
түсіртті. Сол пəлемен Кенжетай ұсталып, сотталып айдалып кетті.
– Мен жазықсыз кетіп барам,– деді Кенжетай, жөнелтерде амандаса
келген Балтабекке,– тірі болсам бір келермін. Егер осалдық қып Ботагөзді
Итбайға берсең, менің қас дұшпаным сен боласың, алдымен сенін,
қаныңды ішем.
Інісінің ақылын алған Балтабек тағы да «елші» салған Итбайға баяғы
жауабын қайтарды. Бұрынғыдан жаман өшіккен Итбай ұясын бұзайын деп,
ең алдымен Балтабектің үйін күйдіртті. Одан кейін, жалғыз сиырын
ұрлатып жойып жіберді.
Күн көрісі күйзеушілікке ұшыраған Балтабек, Бурабай қаласына жақын
жердегі консерв заводына көшіп кеп жұмысқа түсті.
Оған, міне, екі жыл. Содан бері тұратын орындары – жүз шақты үйлі
жан бірге тұратын ұзын, кең барақ. Айбала көрінер көзге осы барақтан
ауырды: бұлардың төсегін салған тұстағы терезе сынып көпке шейін
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ботагөз - 15
  • Parts
  • Ботагөз - 01
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 1990
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 02
    Total number of words is 3835
    Total number of unique words is 2043
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 03
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2116
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 04
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2017
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 05
    Total number of words is 3894
    Total number of unique words is 2042
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 06
    Total number of words is 3848
    Total number of unique words is 2153
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 07
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2123
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 08
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2003
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 09
    Total number of words is 3912
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 10
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2112
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 11
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2051
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 12
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1988
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2200
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2095
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 16
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2023
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 17
    Total number of words is 3916
    Total number of unique words is 2124
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 18
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 2066
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 19
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2060
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 20
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2125
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 21
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2108
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 22
    Total number of words is 3807
    Total number of unique words is 2017
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 23
    Total number of words is 3701
    Total number of unique words is 2061
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 24
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2129
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 25
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2145
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 26
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2103
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 27
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2063
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 28
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2001
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 29
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2142
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 30
    Total number of words is 3880
    Total number of unique words is 2028
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 31
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 1962
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 32
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2086
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 33
    Total number of words is 1885
    Total number of unique words is 1150
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.