Latin Common Turkic

Ботагөз - 05

Total number of words is 3894
Total number of unique words is 2042
34.9 of words are in the 2000 most common words
49.8 of words are in the 5000 most common words
57.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Болсақ болармыз.
– Саған не болды, мені танымай?
– Не мен жатырқаған шығармын, не сен өзгерген шығарсың. Рас
танымай тұрмын. Кімсің?..
Кескінімді көрсін дегендей, Амантай сақал, мұртының қырауын сүртті
де, тымағының бауын шешпестен маңдайынан сыпырып, желкесіне
қайырды.
– Өзіңе мазақ керек пе?– деді Бүркітбай ашуланған боп,– жөніңді айтуға
ерінемісің?
«Көзіңе шел қаптаған екен!» деп бетінен алып тастауға Амантай бір
ыңғайланып, аузына келіп қалған сөзді айтпай, бетіне адырая қарады.
– Неге қарайсың?
– Неге танымай тұрғаныңды қайдан білейін, танитын сықылды ең, мен
Амантаймын...
– Қай Амантайсың?
– Тайбағардың.
– Ə, солай ма? Сапар оң болсын!
– Айтсын. Болыста бір жұмысым бар еді.
– Ертеңге шейін ол кісі келе қоймас, жолаушылап жүр.
– Көп кідірмей қайтам. Жаңа ғана үйде деген, кіріп қана шығам,– деді
ол Бүркітбайға.
– Қайтсаң сапарың оң болсын,– деді Бүркітбай көлденеңдеп,– рас үйде
жоқ.
Қалжыңбастанып тұруына қарап, Амантай Бүркітбайдың сөзіне сенбей,
онымен ұзақ сөйлескісі келмей, үйге қарай адымдай беріп:
– Жұмысым өте тығыз еді. Əдейі келгесін жолығып қайтайын.
– Жұмыс өлгенде бітеді, тірі болсаң неше көрмеспін дейсің, тағы да
келерсің.
– Өзіңнің денің дұрыс па? Жай қалжақтап тұрсын ба? Қалай-қалай
сөйлейсің!–деді Амантай ашулы кескінмен, үйге қарай аяңдады.
– Неге ашуланасың ақсақал?– деді Бүркітбай қатарласа беріп,– мына
қаңтарулы тұрған шаналарды көрмеймісің. Үйінде қонақ көп. Басқа үйге
түс.
– Көп болса қайтейін. Мен қонақ бола келгем жоқ.
– Еріксіз түсемісің? Лұқсат жоқ деп тұрмын ғой, саған.
– Аузыңды қан жалатайын ба?!–деді Амантай Бүркітбайға қолын
оқтанып,– кімді мазақтайсың, қар-р-рақ-шы неме?
– Ойдойт дерсін... қара шалыңның қимылын! Сен сондай ер неме ме
едің? Баяғыдан бері бұл қайратыңды қайда сақтап жүргенсің?..
Бүркітбай соңғы сөзді ауыр көріп, жанжалдасайын деп еді, Амантай
оның сөзіне құлақ қоймай, ағаш үйдің алдындағы құлын қораға кіріп кетті.
«Болыс мұның қайсысында екен?»–деп ойлады Амантай, есіктері
қораның ішіне қараған қатар екі ағаш үйдің алдына аз кідіріп.
Сол қолдағы үйге кірсе, бір əйел пештің алдында бауырсақ пісіріп
жатыр екен.
– Есенсіз бе?
Əйел ернін қыбырлатты.
– Итбай осы үйде ме?
– Жоқ. Мынау үйде.
– Кім бар?– деген дауыс естілді, төргі бөлмеден.
– Кел мұнда!
Амантай етігін ауыз үйге тастап, төргі бөлмеге кіріп еді, столдың
қасында қағаз жазып отырған Горбуновты көрді.
– Ə, Аламтайка (Амантайды ол солай атайтын), аман?
– Шүкір, Горбунов екенсің ғой. (Қолдасып). Өзің де есенбісің?
Амантай столдың қасындағы сандыққа отырды.
– Дяла жаман, Аламтайка! Саған дяла жаман айтады. Қағаз урядник
писайт кылган айтады, мен жаман писайт кылган айтады.
– Не қағаз?
– Губернаторға сен ат бермеймін айтқан. Аята не харашо... Башка далой
болады осы диялада, мен саган айтады. Ей богу! Жаман! Сен урядникке
против болган. Поетапом Сибирь атправить кылады! Понимаешь!
– Ақ жұмысыма басым кетсе, құдайдан күттім.
– Какой кудай саган? Патша – кудай. Начальник – кудай. Мен саган
айтады... начальникке против болган – шайтандікі бала болган айтады. Мен
саган айтады. Урядник писайт кылган. Саган Омбы пакет барады.
Амантайдың жүрегі аздап сескенейін деді. Оған екі ой келді: біреуі –
«аузы кең неме еді, мені қорқытып бірдеме жалағысы кеп отыр ма?»,
екіншісі–«кім біледі кəпірді, көрсетсе көрсетеді де. Басымды шатаққа
салып жүрмесе жарар еді».
– Пакет қайда?– деді Амантай.
– Менікі қолда...
Желімі жапсырылмаған бір конвертті столдың тартпасынан суырып ап,
Горбунов Амантайға алыстан көрсетті де, қайта орнына салды.
– Сенікі бас осында.
Амантайдың күдігі күшейді. «Не істеймін?»– деген ой келді оған,–
«əлде бірдеме беріп көзін жоғалттырсам ба екен?.. Жоқ, аққа зауал жоқ
деген. Ісім ақ, не істейді?..» Амантайдың ойы қорғасындай толқып
тұрғанын Горбунов сезді.
– Мен сені жəлейіт кылган. Грех болады ойлаган... Көзі көрді. Теперь
сам знаешь.
«Теперь сам знаешь»– «ақша берсең пакетті жыртам, əйтпесе, жіберем»
деген сөз екенін Амантай білді.
«Жоқ,– деді Амантай ішінен, өзіне өзі, Горбуновтың түлкідей ойнақшып
күлімдеген көзіне қарап тұрып,– ақтан өлсем өлейін. Ақ ісіме неге пара
берем? Мал басқа тебер!»
Горбуновтың көрсеткен пакетінде Амантайға арналған қағаз жоқ еді.
Оның ат бермеуі туралы урядник Горбуновқа айтқаны болмаса, қағаз
жазған жоқ та. Горбуновтың өзіне де пакет дегенді ойлау Амантайдың
кескінін көргесін түсті.
Үрейлендіріп мойнын ием бе деген Горбуновтың айла қақпандарына
Амантай түспеді.
– Болыста жұмысым бар еді,– деді ол Горбуновқа енді сөйлесудің
қисынын таппай, есікке қарай жөнеле беріп.
Горбунов Амантайды есіктен шыққанша жаман көзімен жөнелтіп
салды.
«Итбай жылы жауап берер деймісің?– деген ой келді Амантайға тысқа
шыға,– сонда да əдейі келгесін кірейін, нем кетіпті!»
Амантай Итбаймен араз еді. Амантай кедей шаруалы адам. Солай бола
бұла «туысым бір адамнан кем емес», деп санаған ол, кеудесін жас күнінен
біреуге бастырмады. Итбаймен ол тұстас еді. Жұртты ықтырып ұстаған
Итбай, Амантайды да қорғалатам деп еді, оған Амантай көнбеді Тілге
көнбеген адамға Итбайдың қолданар шарасы: малын ұрлату, қара басына
пəле салу болатын. Итбай Амантайға осы екі əдістің екеуін де қолданды.
Астынан бір жақсы атты, қолынан бір жақсы құсты кетірмейтін Амантайға,
Итбай атын да, құсын да тартып алып, талай зорлық істеді. Сөзін сөйлейтін
ауылнай билерге өтірік акт жасатып «ұры» деп те көрсетті. Амантай оған
сонда да иілмей, көптің қолдауымен «жарға жығылар» деген істерден де
құтыла берді. Итбайдың Амантайға ең соңғы істеген қастығы –
Амантайдың жерін переселенге беру еді. Итбай үйіне Амантайдың келу
себебі осы жерге байланысты.
Амантай етігін ауыз бөлмеге тастап, төргі бөлмеге кірсе, үйдің ішін
айнала отырған лық толы халық дуылдаған кеңесте екен.
«Ассалаумағалайкүм!»–деп дауысын көтере берген мұнын, сəлемін ешкім
ести қойған жоқ. Кіргенін елеген жанды көрмеген соң Амантай босағаға
отыра кетуге бір ойлады да, сол арадағы Атығай мен Керейдің ақсақалқарасақалы түгелге жақын болғандықтан, айнала қолдасып өтті. Ортарақ
кезде ұшын қырыққан дөңгелек ақ сақалды, ала шапанды, сəлделі бір жат
адам отыр екен. Ол Амантайға қолының ұшын ғана ұсынды да, кескініне
қарамады. «Қолы мақтадай мап-майда, мен көрмеген бұл қай молда
екен?»–деп ойлады Амантай. Қолдасып болғаннан кейін ешкім қағылып
орын бере қоймаған соң Амантай есік алдына, ең шетке отырды.
Итбай оң жақ босағада қымыз сапырып отыр екен. Амантайға ол иегін
қақты.
Жол жүретін болғасын Итбай қысыр байлатты деген хабарды
Амантайдың құлағы шалған. Отырған соң оның көзі Итбайдың алдындағы
шараға түсіп еді, қымыз шүпілдеп толып тұр екен. Аржағында үйдің
босағасындағы жуан ағаш қазыққа байлаған бір үлкен қара сүйретпе тағы
да иіндеп, лықылдап тұр.
Жаңа ыдысқа ашыған қымыздың исі мұрнына келгенде, Амантай одан
қанып ішпеймін деп ойлаған жоқ.
– Амантайға əперіп жіберші мына аяқты!– деді Итбай, кішкене кетік
қара аяқтың түбіне бір шəшкеге толмайтын жарты ожау қымыз құйып.
Бүркітбай əкеп берген қымызды Амантай ауыз тиді де, ішпей қайтып
берді.
– Сөйле!– деді Итбай Амантайға, қымызды ішпеуін ұнатпай, тез кетсін
дегендей ғып.
– Губернатордың қай күні келетінін білейін деп келіп ем.
– Оны қайтесің?
– Айтатын арызым бар еді.
– Не арыз?
– Мына қар аяғы жіби, жерімізге қала келіп түскелі отыр. Барар жер,
басар тау жоқ. Мұңымызды шақ деп ел жұмсады.
– Жер қазнанікі емес пе?–деді Итбай.– Алам десе еркі.
– Ел қазнанікі емес пе?
– Сонда осы жер туралы губернатор сенімен тілдеседі деп ойлайсың ба?
– Е, неге тілдеспесін. Ұлығымыз емес пе, бағып отырған елі емеспіз бе?
Мұңымызды кімге шағамыз, оған айтпағанда?
– Арызшыл болсаң Омбыға барып берерсің. Мен үйіме келген
қонағымның мазасын алғызбаймын. Маңыма жолаушы болмаңдар...
– Қағаз да бергізбейсің бе?
– Бергізбеймін!
– Оның ағайыншылыққа жата ма?
– Ағайыншылығыңды көргем. Маған өкпең өтпейді! Кеңшілікте
шаңыңа ілестірмейтін ең, тарыққанда табайын деген екенсің!
– Онда оқасы жоқ,– деді Амантай түрегеліп,– маған ұсынған найзаңмен
Таңатардың төрт ауылын түгел түйрегің келген екен. Біз де кешіп қонған
елміз. Көрерміз қырғаныңды.
– Ер болсаң шыда. Ақ үйлі ғып шұбыртып жібермесем менің «Итбай»
атым құрсын!
Осы кезде жылқының бір астау семіз етін ауыз бөлмеден екі жігіт
көтеріп алып кірді.
– Дəмнен үлкенбісің жарықтығым, дау еншісі басқа. Асқа отыр!– деді
көлденең біреу.
– Дəмімнің садағасы кетсін! Шық үйімнен, оңбаған мұндар!.. Тапқан
екесін үзеңгі теңестіретін адамыңды!
– Көрерміз, тау құлатқаныңды!
– Күліңді көкке ұшырармын!
Амантай шыға жөнелді.
3
Ашулы адымын үйден шыға жылдамдата басып, Амантай атына барса,
қойған орнында жоқ. Мінген атынын, мінезі шəлкестеу еді, жəне түйеден
үркетін еді.
– Апыр-ай, үркіп кетіп қалды ма?– деп ойлады ол, шарбақ ішінде
мойындары иіріліп, өркештері тікірейіп тұрған бір топ түйеге көзі түсіп.
Шананың бұрылған ізіне қараса, атты біреу орағытып, жетектеп əкеткен
сықылды.
«Өштескен адамның атын, үйіне келгенде Итбайдың жоғалтып
жіберетін əдеті бар» деген сөз тиетін еді, Амантайдың құлағына. Сол сөз
есіне түскенде оның ойы қобалжи бастады.
– Əй, жігіт!– деді ол, шарбақ ішінде түйеге жеккен шананың қорабына
қар күреп салып жатқан біреуге,– бері келіп кетші!
Жігіт адырая бір қарады да, жалпақ ағаш күрекпен қарды бұрқыратып
қорабына сілтей берді.
«Саңырау неме ме?»–деп ойлады Амантай екі-үш рет дауыстағанына
жігіт келе қоймағасын.
Жігіт үлкен тоқыма қораптың ернеуінен қарды асыра үйіп, түйесін
жетектей беріп еді, оқыс тартқандықтан ба, болмаса осалдықтан ба –
жетектің бір жақ түп жібі үзіліп кетіп, түйе бір жетекпен жұлқығанда, шана
аударылып түсті. Қар төгіліп қалды.
– Əй, қу шұнақ құдай-ай, көзін, шыққыр қу құдай!– деді жігіт кейіп.
Басын тоқтатқанша түйе шананы құлаған қораптың астынан сүйреп
алып шықты.
– Өй, ар-рам қат, ар-рам қатқыр, танау құрт келгір, əкеңнің аузын...
Ойбай-ай, енді қайтейін, ойбай!.. Құдайы құрғыр, қу құдай, шұнақ құдай!..
Əй иттің ғана малы-ай, шашымды ағарттың-ау, ойбай!
Жігіт түйені ноқтаның сабағымен басқа ұрайын деп сермеп еді, сілтеген
жіп иығына тиді. Екінші ұра бергенде, түйе «һап!» деп бетіне жынын
шашып жіберді.
– Өй қатпа бол, қатпа болғыр!–деді жігіт, бетіне баттасқан жынды
сүртіп.
– Жігіт түп жібі үзілген жетекті байлайын деп еді, таяқ жеген түйе бір
орнында тұрмады.
– Енді қайтейін, ойбай?–деді жігіт долданып, Амантайдың жігітке
көмектескісі келді.
– Мен ұстайын басын,– деді ол қасына барып.– Сен байла!
Жігіт жауап қатпастан Амантайға бұрылып бір қарап, түйенің басын
ұстатты да, түп жіпті байлауға кірісті.
Жігіттің үстінде тысы тозған қой жүні күпі, бұтында тері шалбар,
аяғында табандатқан ескі қара пима екен. Сирағын көтерген кездерінде
шалбар ішінде дамбал жоғы шалбардың айырылған ауынан көрініп тұрды.
Жігіт біраз азаптанып, жетегін байлады да түрегелді.
– Шырағым,
шырамытқандай.
кім
баласысың?–
деді
Амантай,
жігіттің
жүзін
– Тұяқтың,– деді жігіт.
– Атың кім?
– Темірбек.
– Алда, шырағым-ай, жиенім екенсің ғой!– деп Амантай қайта
қолдасты.
Амантайдың əкесі Тұяқтың туған нағашысы болатын. Сондықтан
жасырақ кездерінде Амантай мен Тұяқ ілік-шатыс боп жүріп бертінде
суысқан. Тұяқ Итбай аулына көшкелі Амантай қатынасқан жоқ та. Көшкен
кезде Тұяқтың балалары жас болатын. Темірбек ол жылы 8–9 жаста да.
Амантай оны əкесіне тартқан кескінінен шырамытты.
Күпінің екі жаққа қарай жайылған ашық жағасынан көрінген
Темірбектің төсіне Амантайдың көзі түсіп еді, күп-күрең, боп, құстың
етіндей бөртіп тұр екен. Аяз жалаған екі бетінің терісі қабыршақтанып,
кескіні қап-қара. «Адам өзгереді екен-ау!– деп ойлады Амантай,– жасында
бетінен қаны тамған қызылшырайлы бала еді!»
– Насыбайың бар ма, отағасы?– деді Темірбек, туысқан көңілмен
шүйіркелесіп сөйлескісі келген Амантайға езеурей қоймай.
Амантай шақшасын алып берді.
– Жұмыстан көк жұлын болып өлер болдым,– деді Темірбек насыбайды
молырақ қып ерніне атып,– биыл құдайдың қысы да қағынып кетті. Соғып
тұрған ылғи бір үскірік. Малдың қорасын тазалап, шөп салып суарудың өзі
діңкеңді қатырады. Оның үстіне мына бір қар төгу де бəле болды. Ала
сəуледе тұрғаннан ымырт жабылғанша тізе бүгу жоқ. Бүгін оразамды да
ашқам жоқ.
– Қашан тұрып ең мұнда?
– Биыл бесінші жылға кетті.
– Қысыңа не аласың?
– Бір құнан өгіз.
– Арзан ғой оның.
– Арзан болғанда не істейсің? Кесіпсіз үйде отыра алмайсың. Басқа
барар жер жоқ.
Амантайдың сырт естуі – Тұяқ балаларының ішіндегі иіс алмасы осы
Темірбек еді. «Онша боз ауыз емес екен» деп ойлады Амантай.
– Боратаның сыртында тұрған шаналы жирен қасқа атты көрдің бе?–деп
сұрады Амантай одан.
– Көрдім. Осы үйдің бір баласы, əлгінде, міне жөнелген.
– Қандай бала?
– Он жеті, он сегіздегі жігіт.
– Ол қайда кетті?
– Мына, алдыңғы ауылға беттеп кеткен, қайда баратынын білмеймін.
– Е, есі дұрыс неме ме? О не қылғаны, біреудің атын сұраусыз мініп?
– Бұл үйдің балалары сұрамай да міне береді.
– Қап, иттің баласы-а, ə? Басынуын қарай көр!
Темірбек шарбақ ішінде тау-тау болып үйіліп жатқан қарларға айнала
қарады да, Амантайға: «енді жұмысыма барайын» деген кескінін сездірді.
– Қош,– деді онысын түсінген Амантай,– Итбайға баласының қылығын
айтқалы үйге қарай аяңдап.
Үйге кіре бергенде, Амантайдың құлағына, оқылған құранның сарыны
естілді.
«Ағузы беллəһи минəшшайтан ер-ражим...» – деді Амантай ауыз
бөлмеге етігін тастай беріп, күбірлеп. Бұл төр үйге кіргенде аят оқылып
болып, жұрт қолын жайып жатыр екен. Алдарында еттің дастарқаны.
Босаға жаққа отыра кетіп, басын салбыратып, Амантай да қолын
жайды.
Батасын оқып болып, басын көтерген Амантайдың көзіне манағы
танымайтын сəлделі ақсақал тағы да түсе кетті.
Сəлделі кісі ернін анда-санда бір қимылдатып, ұзақ отырып, жұрттың
қары талған кезде алақандарын маймитып əкеп бетін сипады.
Үйге кіргендегі Амантайдың ойы – басын кесіп алса да Итбайды бір
тілдеп шығу еді, аузына келген сөзін бөгемей, көкірегін кернеген ызаның
уын лықылдатып құсу еді. «Жат жерден келген қадірлі кісі бар,– деп
ойлады ол кіргеннен кейін,– ұят болар, жұқалап айтайын». Атын мініп
кеткенін Амантай Итбайға сыпайылап айтайын деп еді, Итбай мұны
елемеген кісі боп, бетіне қарамады.
– Кішкене шаруам бар еді,– деді Амантай Итбайға, аз отырғасын.
– Уақытым жоқ, бірде келерсің дедім ғой мана.
– Айтайын дегенім: мініп келген атым жоқ.
– Маған оны не қыл дейсің? Байлап қойсаң еді, кетіп қалған шығар,
үйге келген кісінің атына мен күзетші бола алмаймын!
– Сенің балаң мініп кетіпті.
– Аузыңның қанын жақпай аулақ жүр. Бұл үйдің баласының өз
жылқысы да мінуге жетеді. Егер бергенің болмаса, шықшы үйімнен,
жарықтығым, қонағымның мазасын алмай. Е, тəйірі, бір пəлеге қалған екем
ғой, жабысып айрылмайтын!.. «Кет» дегенде ит те кетеді.
Кет үйімнен, кет деген соң!
Итбаймен жанжал сөздерге келген Амантай тысқа шықса, Темірбек қар
төгіп келе жатыр екен.
– Əй, тоқташы, жиен!
«Не айтасың» дегендей, Темірбек кідірді.
– Мына Итбайдың үйіндегі сəлделі қарт кім?
– Ғайнолла хазрет.
– Ол кісі қашан келген?
– Бүгін үш күн болды.
– Шақырып əкелді ме? Өзі келді ме?
– Жолға жүретін болғасын, патиқасын аламын деп Итбай шақыртқан
білем. Ептеп ауру-сырқауды да қарай ма, немене?
Амантайдың сырт естуінше: «Ғайнолла хазреттің үшкіргені ем, не
сырқат болса да жазбай қоймайды». Осы хабармен талай сырқаттың
«хазретке барам» деп кеткенін Амантай көрген. Олардың кейі жазылып,
кейі жазылмайтын. Ғайнолланың «əулиелігіне» шек келтіргісі келмегендер:
«садақаны аз беріпті» деп сырқат адамның езін кінəлайтын.
Пірəдəр боп қол тапсырған адамдар Ғайнолланың емшілдігін айтып
келетін. Ол кеңестерге құлағы қанған Амантай, хазретті бір көруге құмар
да. Кейде ұстап қалатын басының сақинасын «Ғайнолла көрсе жұлып алар
еді-ау», деп ойлайтын.
Ғайнолланың тұрған қаласы онша алыс болмағанмен, шаруа жайы келіп
оған бара алмаған.
«Енді сəті келген шығар» деген ой түсті Амантайға, Ғайнолла екенін
есіткесін. «Бірақ зікіріне қалай түсем? Қиын-ау үшінші рет баруым əлгі
үйге!.. Қиын болса болсын, Тұяқ үйіне қонайын да, егер зікір салса, түнде
кеп отырайын».
Сол арада Итбайдың баласы мінген аты кеп қалып, Амантай Тұяқтікіне
қонуға кетті.
4
– Əй, Асқар!–деді Темірбек, күн батып бара жатқан кезде, школ
алдынан түйесін жетектеп өте беріп, екі қолын қалтасына салып, есік
алдында аяңдап жүрген Асқарды көріп.
Асқар жалт қарап тұра қалды.
– Мана Кенжетай келіп кетіп еді, сен ол кезде бала оқытып жатқасын
жолыға алмады. Апам шақырған екен сені. «Кенжетайдың тəуір болған
тойына келсін» депті.
– Сен барасың ба?
– Бармаспын. Əлі жылқыларға шөп те салғам жоқ. Іңірге шейін
жылқыны жайлаймын да, жатқанша қар төгем.
– Ертең төксең болмай ма?
– Ертең боран болмасын қайдан білейін.
Темірбек жүріп кетті.
«Бұл өзі бір қызық жігіт,– деп ойлады Асқар,– сырт қараған адамға:
тұйық, топас, алып қара күштен басқа бойында түк қасиеті жоқ сықылды.
Кісіге онша үйіріле қоймайды. Жөнді сөйлеспейді. Жөнді күлмейді.
Қайғыдағы адамдай үнемі қабағын жауып, тұнжырайды да жүреді. Жиын
жерде қалжыңбас бозбалалардың қол жаулығы. Оған намыстанбайды,
ашуланбайды. Келген кезде мен мұны не мылқау, не есуас деп ойлайтын ем.
Бертін келе олай болмай шықты...»
Асқардың ойына өз кезімен көрген Темірбектің екі оғаш қылығы түсті:
Біреуі – өткен жаз. Асқар жолаушылап салт келе жатса, жолда
шөпшілердің қосы тұр екен. Күн қайнаған ыстық болғандықтан қосқа
бұрылып еді, жолаушыны таңсық көрді ме, болмаса тамақ мезгілдері ме?–
шалғыларын иықтарына салып, шөпшілер де қосқа аяңдады. Ағаштың
бұталарын түйістіріп, сыртына шөп жапқан қосқа Асқар мен шөпшілер
бірдей жетті. Ішінде Темірбек бар.
Апанға кірген қасқырдай қостың тар аузынан шөпшілер еңбектеп кірді.
Асқар да кірді.
Босағада құрысып жатқан үлкен қара торсықты Темірбек тартып алып,
түбін сығып тоңқайтып еді, бырылдап қою, ащы іркіт шықты. Быжылдап,
көпіршіп тұрған іркітке ешкім қолын созбады.
– Маған берші!– деді сусаған Асқар.
Сусаған екпінмен Асқар тартып кеп қалып еді, удай іркіт өңешін тіліп
кетті. Екінші жұта алмады.
Шөпшілер қосқа келгеннен кейін, бурыл сақал біреуі күп-күрең боп тер
аққан бетін бөркімен сүртіп, жамбасынан қисайып жатқанын Асқардың
көзі шалған еді. Сол шал, дуылдап кеңесіп отырғандардың біреуін иығынан
тартып, бірдеме айтуға оқтанды да, қарлыққан дауысы дірілдеп, сөйлей
алмай ернін жалап, қақырынды.
– Осы шалды,– деді Темірбек түйілген қабақпен,– ораққа салмайық,
ауырып жүр, жата тұрсын дегенімде, «ақыны бірдей алады, бірдей жүрсін!»
деп болмадыңдар, көрмейсіңдер ме, титығына жетіп қалғанын!
Үрейленген көздер, күрең түсі сұрлана бастаған шалға үңіліп еді, бет
пернесі бұзылып барады екен.
– Өліп кетпесін осы шал,– десті əркімдер күбірлесіп.
– Су...– деді шал дыбысы əрең шығып, ернін тамсанып. Темірбек
бөшкеден су əкеліп, ағаш аяқпен аузына тосып еді, ұрттаған судың
жартысы жұтылып, жартысы езуінен төгіліп кетті.
– Мына кісі өліп барады!– деді Темірбек шегіне беріп,– неғып
отырсыңдар, келіңдер!
– Қамамаңдар, ыстық өткен шығар, дамылдасын.
.
..Шал өлді!..
– Жасы алпыстан асқан кісі еді,– деді біреуі, қатын-баласы жоқ. Ес
білгелі Итбайдың есігінде жүрді. Биыл, шөпке жарамас дегенде, Байсақал:
«əлі де бір жігіттің күші бар» деп болмап еді. Өзі де Байсақалдың жұмысын
өз жұмысындай көретін бір сорлы еді; ерте тұр, кеш жат деп дамыл
бермейтін. Үш-төрт күннен бері сырқатпын деп денесін зорға сүйретіп жүр
еді, титығына жеткен екен ғой!..
– Бəріміз де бұл қалыпта осы жаздан қалмай өлеміз,– деді біреуі,– е,
өлмегенде қайтеміз, ащы іркіттен басқа татарымыз жоқ. Көл-дария боп
жатқан құдайдың қымызы да бұйырмайды. Сықпа құрттан басқа шайнама
көрмейміз!
Шөпшілер солай керілдесіп жатқанда, арба дауысы естілді. Өлген
шалды тастап, бəрі тысқа жүгіре шықты. Қоста Асқар-ақ қалды. Арба
қостың сыртына тоқтады.
«Өлгенімнің өзі жақсы болды» дегендей кескінмен демсіз жатқан
шалдан көзін аудармай, ауыр ойда отырған Асқардың құлағына сырттан
шалынған сөздер:
– Əкелгенің осы ма?
– Айраннан басқа ас бізге арам ба?
– Айранның өзі де ашыған айран ғой, тым болмаса тұщысын неге
əкелмейсіңдер?
– Қымыз қайда? Əкелеріңе күнде ас бересіңдер ме, бір жұтым бізге
татырмайтын?!
– Нан қайда?
– Ет бізге арам боп па? Ала жаздай қызыл тістегеміз жоқ!
– Ит деп білесіңдер ме бізді? –
– Кеңірдегіңді суырып алайын ба?
Жанжал көбейді. Ас əкелгеннің бірдеме деген сөздерін шөпшілер шулап
естіртпеді.
Біреуді біреу ұрып жатқан сықылды болғасын, Асқар далаға жүгіре
шықса, Темірбек біреуді алып ұрып тепкілеп жатыр екен. Өзгелер
арашаламағасын, Асқар арашаласа – Байсақалдың Елікбайы! Бет-аузы
көкала қойдай, мұрнынан қан дірдектеп тұр.
– Мына Асқар болып, жаның қалды,– деді Темірбек жұдырығын безеп,–
əке-бабаңның аузын... Құныңды бір-ақ беретін!.. Жұмысыңды істейміз...
Аштан қатыратын əкеңді өлтірдік пе, əкеңнің аузын...
Темірбек тағы ұмтылды. Асқар жібермеді. Кескініне қараса, Темірбек
қанын ішіне тартып алған екен. Егер жіберсе, Елікбайды жеп қойғалы тұр.
Темірбектің Асқар көрген бір ерлігі осы.
Екінші ерлігі – Кенжетайды урядник соққыға жыққан күні түн ортасы
ауа Асқар пəтеріне қайтты. Есікті кеп тақылдатып еді, қатты ұйқтап қалған
ба, болмаса бір жаққа кеткен бе?– күзетші ашпады. Ондайда, Асқар Итбай
үйіне барып жататын. Сол дағдымен Асқар Итбай үйіне келсе, қораның
қақпасы ашық тұр. Итбайдың ағаш үйінің есігінің маңдайшасында ылғи
панар жағылып тұратын еді. Есікке жақындай берсе, босағасында біреу тұр,
қолында балта. Зəресі ұшып кетті.
Балталы адам Асқарды аңғармады ма, болмаса қорықпады ма, орнынан
қозғалмады.
– Темірбек!–деді Асқар жақындап барып, танып.
Темірбек жалт қарады да, шауып жіберетін адамдай балтасын оқтанып,
қолын көтерді.
– Темірбек!.. Мен Асқар!..
– Ə, сен бе едің?–деді де қолын түсіріп, сүзіле қарады.
– Неғып тұрсың?
– Шабайын деп ем!..
– Кімді?
– Əлгі, Кенжетайды ұратын төрені.
Итбай іңірде губернатордан келген қағазды оқуға шақырғанда,
Кенжетайды урядник талдырып ұрып кеткенін Темірбекке Асқар айтып еді.
Артынан, Темірбек үйіне келіп, Кенжетайдың жарасын көріп, тұнжырап,
үндемей шығып кеткен еді. Біраздасын, шайға шақыр дегенде, іздеп таба
алмай:
– Өзі бір түрлі,– деген еді əркімдер кейіп.
Сол кеткеннен Итбайдың үйіне барып жатып қалған шығар деп ойлаған
Асқар, Темірбектің мына қылығына қайран қалды.
– Қалай өлтіресің оны?– деп сұрады Асқар, Темірбекті қорадан əрең
алып шығып,– оның сақ жатпайтынын қайдан білесің?
– Қып-қызыл мас. Итбайдың қонақ бөлмесінде жалғыз жатыр. Үйге
кіргелі тұр ем, есік ашық...
Өлтірудің арты неге соғатынын Асқар айтып біраз ұғындырып еді:
– Мен Кенжетайдан аяулы емеспін. Өлтірем де, мен өлтірдім деп
айтам... Білгенін қылсын,– деп Темірбек көпке шейін көнбеді.
– Темірбек,– деді Асқар жалынып,– Кенжетай ешнəрсе ететін емес. Ол
сөзіңді қой! Өлтірді деп сені ғана жазаламас, Кенжетайды да, Балтабекті
де, тіпті...
Ботагөзді де іліктірер.
– Ботагөзді дейсің бе?
– Я, Ботагөзді де!
– Ə, онда... қойдым!..
Өткен күндердегі Темірбектің осы қылықтарын еске түсірген Асқар,
Темірбек түйесімен шарбаққа кірген соң, Кенжетай отырған ауылға жаяу
жөнелді.
Кенжетайдікіне Асқармен бірге кірген бір құшақ суық, көмескі жанған
білте шамды үрлегенде жалп етіп сөнді де қалды. «Ассалаумағалайкүм»
əдетінде жоқ Асқар: «кеш жарық!» деді есік алдында тұра қалып, жолда
бірдемені басармын деп ойлап. Үй іші күбірлеп кеңескен кісі екен.
Бірақ ол пештің аузындағы жанған оттың жарығында отырған
Ұлбергеннен басқаларын танымады.
– Төрге шық!– десті əркімдер, шамды Ұлберген тұтатқасын.
– Асқармысың? Жоғары шық.
– Той қайырлы болсын, апа!
– Айтсын!
Асқар үйдегілерге амандасып, төрге кеп отырды.
– Кенжетай,– деді Ұлберген,– дастарқан сал, қалқам, кісілерге шай
берейін. Қолдарына су құй!..
Су құйылып, дастарқан салынғаннан кейін, табаға піскен сары нанды
Кенжетай мол ғып турады. Бір құлағы жоқ, ағаш шүмегі бар, майысқан
сары самауыр келді. Ұлберген самауырдың қасына кеп шыныаяқ жасап шай
құйды.
– Несіне шақырды демеңдер,– деді ол қонақтарына,– баланың азғана
тіршілігіне сүйенген адаммын. Осы қалқаларым тірі болса, мал бітпеді деп
ренжімеймін. Жауыздың таяғы ұшына тиіп, қалқам əлде қайтып кетеді деп
қорқып ем, аллаға шүкір, жазылды. Соған, шай да болса ықыласыммен
берейін деп шақырғаным ғой.
– Апам жасырып отыр,– деді Кенжетай күліп,– осы шай ғана деп
ойламаңдар. Артында еті де бар.
– Қойшы, қалқам, жылбысқаның етін айтамысың?
– Неге жылбысқа болсын. Ортан қолдай семіз торпақ.
– Кенжетайға сорпа болсын деп, осындағы жалғыз торпақты сойдырып
ем,– деді Ұлберген,– соның бір жілігін Ботажанға қойып, қалған етін асып
отырмын. Тістерін, тістеріңе тисін деп. Əйтпесе,тіске сыздық болатын ет
емес.
– Оқасы жоқ, дəм татқанымыз да болады, балаңның жаны қалғанына
бəріміз де қуанамыз,– десті əркімдер. Шай жиылып жатқан кезде: «кеш
жарық!» деп біреу кіріп келді.
– Ассалаумағалайкүм!– деді кірген, ортадағы ашаға жақындап.
– Уағалайкүмұссалам, жоғары шық!– десті үйдегілер, кім екенін
танымаса да.
Кірген адам етігін, сыртқы киімін шешіп, араларын ашқан көптің
ортасына келіп отырды.
– Ұлберген есенбісің?– деді ол, маңындағыларына бір-бір иек қағып
амандасқаннан кейін.
– Шүкір!– деп ерні қыбыр ете түскен Ұлберген, шамның жарығы
күңгірттеу болғандықтан амандасқан адамның кескінін айыра алмай,
қадала қарауды ерсі көріп, көз
қырын салып аз отырды да,– осы сен, нағашым емеспісің?–деді бір
кезде.
– Ие Амантаймын. Дені-қарын, сау ма, аман-есен отырсың ба?
Амантай мен Тұяқ жас кездерінде егіз қозыдай еді. Ұлберген түскенде
Амантай қосшы болып алысып келген. Нағашылық, құрбылық, татулық –
бəрі бір жерден шыққасын, үшеуі жандай дос-ты. Бертін келе қоныстары
алыстағаны болмаса, араларын салқындататын ешбір реніштері болып
көрген емес-ті. Тұяқ өлгеннің артынан Амантай бата оқып бір келіп, содан
кейін араласпаған. Ұлберген Амантайды кейде сағынатын. Көргісі келген
күндерінде, кейде Амантай оның түсіне де кіретін. «Неғып бір көрінбес
екен?» – деп ойлайтын ол. Сондықтан, амандасқаннан кейін Ұлберген
көзіне жас алып, жаулығының ұшымен сүртті. Амантай да өткен күндерді
еске түсіріп, күрсінді.
Амантайдың бұл келуі күтпеген жерден болды. «Бəрекелді-ай,– деді
Кенжетай ішінен кейіп,– əлдеқалай дəм айдап бір келе қалғаны екен,
сыбаға беретін мүшелі астың, реті жоқ. Бұл сүйекке таңба болды!..»
Бірақ тырбанғанмен, намыстанғанмен қолдан келері аз болғасын, ас
орнына қасын беруді ойлап, үйдегілермен қабаттаса Кенжетай да
Амантайға жалпаңдап амандасты. Амандық-саулық сұралып болғасын,
Ұлберген жаңадан шай жасап, нан турап, Амантай қанып ішті.
– Кеш жарық!– деді тағы біреу кіріп, дастарқан жиналып болған кезде.
– Жоғары шық!–дегенмен оған төрде отыра қоятын орын жоқ еді.
Сондықтан ол ашаның түбіне кеп, шешінбей, жүресінен отырды.
– Таныспадық. Жол болсын?
– Əлей болсын. Атығаймын, жолаушылап келем. Ел жағыма бара
жатырмын.
– Шешін, жолаушы болсаң, асқа қара!
– Алла разы болсын. Қазір жүрем. Ана жігітте бір жұмысым бар еді.
«Атығай» иегімен Асқарды нұсқады.
– Оңаша ма?– деді Асқар.
– Осында айтсам да болады. Айтайын дегенім: ініме бір қыз айттырып
ем. Малын дендеп беріп болып ем. Соны қашан алудың жағдайын сөйлесе
барып жатқанымда, түнде кеп бір топ жігіт тартып алып кетті. Бізді байлап
тастады. Артынан сұрастырсақ: мына Итбайдың нағашысы екен.
«Арамызда сөз болған жоқ еді» деп құдам зарлайды. Содан теңдігімді əпер
деп Итбайға келіп ем, «алып қаш деген мына мен!» деп кеудесін қағады.
«Неге?» десем: «былтыр қаршығаңды сұратқанымда бермегенсің,
білгеніңді қыл!» дейді. «Анау-мынау» деп ем, жауап бермей, қуып шықты.
Енді басым кетсе де осының соңына түскелі отырмын. Не алсаң да бір арыз
жазып бер, губернатор келгенде ұсынайын...
– Кеш жарық!– деді осы кезде тағы біреу кіріп.
«Жоғары шық» деп оған ешкім айтқан жоқ.
– Ағайынды екі жігіт ем,– деді ол амандасып болға сын,– ағам өлген
еді. Үш баласымен қатыны қалған еді. Жасы 37-де, байға тимеймін деп
отыр еді. Аруақ сыйлағасын еншім басқа болса да, күтіп отыр ем. Соны
кеше ауылнай кеп, қасымыздағы көрші ауылдың бір атқа мінеріне зорлап
апарып қосты. Болыс осылай істе, деп айтты дейді. Соны білейін деп
болысқа келсем, «жесір қатынды жемдеп соғымға соясың ба?» деп мазақ
қылды. Осында жақында ұлық келеді дегенмен бір арыз жаздырып алайын
деп ем, əлгі бір бала оқытатын жігіт бар дегенге, сол арыз жаза біледі
дегенге іздеп келіп ем, ол қайсың?
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ботагөз - 06
  • Parts
  • Ботагөз - 01
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 1990
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 02
    Total number of words is 3835
    Total number of unique words is 2043
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 03
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2116
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 04
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2017
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 05
    Total number of words is 3894
    Total number of unique words is 2042
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 06
    Total number of words is 3848
    Total number of unique words is 2153
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 07
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2123
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 08
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2003
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 09
    Total number of words is 3912
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 10
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2112
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 11
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2051
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 12
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1988
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2200
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2095
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 16
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2023
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 17
    Total number of words is 3916
    Total number of unique words is 2124
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 18
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 2066
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 19
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2060
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 20
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2125
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 21
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2108
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 22
    Total number of words is 3807
    Total number of unique words is 2017
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 23
    Total number of words is 3701
    Total number of unique words is 2061
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 24
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2129
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 25
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2145
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 26
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2103
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 27
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2063
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 28
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2001
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 29
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2142
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 30
    Total number of words is 3880
    Total number of unique words is 2028
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 31
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 1962
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 32
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2086
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 33
    Total number of words is 1885
    Total number of unique words is 1150
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.