Latin Common Turkic

Ботагөз - 20

Total number of words is 3874
Total number of unique words is 2125
36.0 of words are in the 2000 most common words
50.6 of words are in the 5000 most common words
59.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жаздаған адамдардың ісін ұрлап əперіпсің ғой, терезеден түсіп. Бұл жолы
да солай істе!
– Ел ақсақалдарының сөзін қимай, терезеден түсуін түскенмен, өмірде
мұндай саспан!– деді Жампейіс, жасаураған көзін орамалымен сүртіп,–
күндіз дело тұрған жерді көріп шығып, ұрлауға .келсем, есік алдында
күзетші тұр екен. Ашпалы сыртқы терезенің біреуінің ілгегін күндіз əдейі
ілмей кетіп ем. Тəуекелге бел байлап, терезе сыртынан басқышты қойып
жіберіп, екі қабат үйдің үстіңгі қабатына өрмелеп шығып, жалма-жан
күршегі ашық терезені тартып қап ем, ашылып кетті. Үйге сып беріп
қарғып кіріп, сіреңкені тартып жіберіп, делоны қолтыққа қысып, ашық
терезені жабуға əлім келмей, басқыш-масқышты қойып, тұп-тура жерге
домалай қарғыдым. Терезе алдындағы жұрт жүретін тақтайға етпетімнен
түсіп ем, мұрным бұзылып қала жаздады. Оған қарамай жыттым. Бір
жақсысы – жан көрген жоқ. Өзімде зəре қалған жоқ. Енді дүниенің
алтынын берсе ол істі істемеспін деп ант ішіп ем...
– Жоқ, сен тағы ,бір ерлік көрсет!
– Апыр-ай, білмеймін, Ержан...
– Білмейтін дəнеңесі жоқ. Менің екі дүниедегі тілегім болсын...
– Өлімге бар деген тілек бола ма? Мынауың өлім ғой.
– Сонда да... сұрағаныңды ал! Ашып айтайын: мендегі күміс ертоқымды сұрап ең ғой. Бермей көңіліңді қайтарып ем. Онымды кеш. Сар
бауыр атты қоса берейін!..
– Апыр-ай...
– Түк апырайы жоқ. Сенің қолыңнан келеді. Екі дүниеде ұмытпаспын.
Мен де тірі адаммын ғой, бір күніңе керек болармын.
– Жарайды!– деді Жампейіс ұзақ уақыт жер шұқылап ойланып
отырып.– Болсын. Ұрлап əперейін. Атың да, ер-тоқымың да езіңде қалсын.
(Ержанды сөйлетпей бөгеп.) Пара алатыным рас, бірақ мен көрсе қызар,
боққа жығар емеспін. Бір еңбегімді саған сатпаймын. Есіңде болсын
онымен бұл жігіттің соңынан қуғын қалады деп ойлама!.. Бұл анау-мынау
емес. Көптен қуғында жүрген жігіт. Мұның соңына түскелі бес-алты жыл
болды. Бұдан құтылғанмен бір жерде ұсталмай қоймайды. Оның манағы
суреті жайылмаған жер жоқ.
– Не істе дейсің онда, бұл жігітке? Сенен артық ақыл табатын кісі жоқ
қой.
– Ақмола облысынан оған кету керек.
– Қайда барады?
– Кəзір қазақтың оқыған жігіттері тіленіп, солдатқа алынған жігіттерге
бастық боп кетіп жатыр. Соған барам десе, үйез бүгін қағаз береді.
– Үйез ұстамай ма, оны? Сурет оның қолында жоқ па?
– Уа, қайдан білсін үйез!.. Біз сорлы ғой көрімпаз. Ол керсе де
танымайды.
– Онда жақсы екен.
– Əңгіме былай болсын: жігіт үйезге кіріп, паспорт алып, майданға
кететін болсын. Содан кейін мен үйезге: бұл жігіт елде соғыста өліпті деген
хабар апарайын. Үйезді сол хабар нандырғансын, деланы ұрлап алып,
жігіттің көзінше күйдірейін. Содан кейін іздеу қойылады. Əйтпесе, мұны
таппай қоймайды.
– Құлдығың кетейін, осылай істесең!– деді Ержан Жампейістің қолын
ұстап қысып,– не дейін саған! Айтқаныңды істе. Содан кейін мені бір сына!
5
Таңертеңгі асын ішіп, Асқар, Ержан, Ботагөз үшеуі Қызылжарға
жүргелі дайындалып жатыр еді, кескіні таныс бір жігіт кіріп келді.
– Мен сені қайда көрдім?– деді Асқар, жігітке амандасқасын.
– Амантайдың қасында көрген шығарсың.
– Сен қайдан жүрсің?– деді Асқар сабырсызданып. Жігіт оқиғаны
бастан-аяқ баяндаса, оқиға былай екен: алдынан əскер шығып, Амантай
тобы соғысқаннан кейін қорқақтар қашып кетіп, іріктеліп бес-алты мың
ғана жігіт қалған. Осы жігіттер бірнеше күн тауға паналай соғысып
алдырмаған. «Нағылса да Ерейменге өтейік» деп бір күні Амантай шабуыл
жасап, жігіттердің жартысы əскердің бөгетін бұзып өтіп кеткен, жартысы
шыға алмай қалған. Амантай өте алмай қалған. Содан кейін жан-жақтан
əскер көбейіп қусырып əкеткесін, Амантай қаша соғысып, көп адам шығын
боп, шегініп, Бурабайға одан Меңіреуге паналаған. Содан кейін ағашқа өрт
беріліп, паналағандар түтінге қақалып, өртке күйетін болғасын амалсыз
қашып қырға шыққан. Сол арада тосып жатқан əскер жігіттерді қырып,
біразын тірі ұстаған. Тірі ұсталғанның ішінде Амантай, Темірбек,
Бүркітбай бар. Амантайдың қолымен соғысқан əскердің бастығы Бурабай
қаласындағы Кулаков дегеннің Петрімпордан келген əпесер баласы дейді.
Омбыдан келіпті.
Бұл жігіт те бірге ұсталып Қотыр қаласында Амантаймен бірге
қамалған екен. Қамалған үйлері қарағай үй екен. Соның сəкісін бұлар түнде
қопарып, іргеден қашқалы жатқанда күзетші көріп қап мылтық атқан. Үй
тола жігіттен осы жігіт пен жəне бір жігіт қана жаңбырдай жауған оқтың
астынан қашып құтылып, өзгелері қалып қойған. Амантайдың құтылғанқұтылмағанын білмейді.
– Қамауда жатып естіп жаттық,– деді жігіт,– өлген болыс Итбайдың
Сарыбас деген оқыған баласы бар екен ғой. Сол жігіт прием басында
отырып алып, əкемнің құнын төлейсің деп көрінгенді көзге шұқып
қылықты қылса керек. Ұсталған күні Амантайды жұбапқа апарып еді,
Сарыбас тергеушінің қасында отырып, тергеуші шығып кеткенде, екі
урядникпен үшеулеп ұрып, өкпеге тепкілеп, мұрнынан қанын ағызып
талдырып тастапты, Амантай қамалған үйге сүйемелдеумен зорға кірді.
– Жай солай болған екен,– деді Ержан, лəм деп жауап қатпай тұнжырап
отырған Асқарға,– қайтесің. Амал жоқ. Уайымдағанмен болмайды. Бұл бір
келген апат. Жампейіске уəделі күн бүгін еді ғой, жүрейік.
Асқар жауап берудің орнына Ботагөзге ойлы қараспен көзін төңкеріп, аз
отырды да:
– Ержан ағай,– деді,– сіз сөкпеңіз. Бірге келген жолдасым ғой,
Ботагөзбен ақылдасайын.
– Онда не сөгіс бар?
– Ботагөз, далаға шығайық.
Ауылдың сыртында сай бар еді. Соған Ботагөз екеуі барып отырғаннан
кейін, Асқар сөз бастады:
– Көп сөйлеп қайтем, Ботажан,– деді Асқар ауыр күрсініп,– өзің
білмейтін сыр да, оқиға да жоқ. Мен састым. Маған не ақыл айтасың?
Менің дүние жүзіндегі досым енді Ержан мен сен ғана.
– Мен бала емеспін,– деді Ботагөз,– мен ауылдың надан қызы да
емеспін. Мен аз болса да оң-солымды, жақсы мен жаманды айыру
дəрежесіне жеткен адаммын. Біздің үйдің адамдары енді таусылды... Бұл
маған өте ауыр қайғы. Бірақ қазіргі елдің, басына түсіп отырған
ауыртпалықты ойлағанда, қайғыратын да орын жоқ. Кім жыламай, кім
зарламай жатыр? Көпке бірдей түскен қайғы. Менің қайғым ол емес.
– Енді не?
– Маған ауыр болатын ой: сенін, аяғыңа оралғы болуым.
– Ол не дегенің?
– Халық мұңын жоқтайтын, халық үшін туған жігіт екеніңді білмейтін
мен бала да, надан да емеспін. Халық ақылшы көріп, көзі ашық азамат деп,
қысылғанда жол табады деп соңыңнан ергенде, халықтан бөлініп, жалғыз
мені ғана қорғауын, маған қандай ауыр екенін сен өзің де ұғуға тиістісің.
– Өткен іске өкінгенмен бола ма?– деді, Ботагөздің бұл сөзіне ішінен
қатты риза болған Асқар.– Өкінгенмен амал жоқ. Болар іс болды.
– Жоқ, əлі болар іс болып болған жоқ. Əлі болмаған іс көп. Жұрттың
көксеген бостандығы əлі алдында.
– Ол рас қой бірақ сен қайтесің?– деп Асқар қынжылыңқырады.
– Асқар,– деді Ботагөз,– сен енді романтиканы қой. Енді мен біреу
қолынан өлтірмесе, өз бетіммен қандай қиындыққа ұшырасам да өлмеймін.
Көптің біріндей күнелтемін. Мынадай жайлы орынға орналастырдың. Сен
енді маған қарама! Сенің бақытың жалғыз менің басыма байланған жоқ.
Ердің атын жалғыз əйел ғана шығармайды. Сен енді бақытты өзің сықылды
оқығаннан жəрдем күтіп, тарыққан кепті басқарудан ізде! Сен майданға
аттан!
– Болды!– деді Асқар.
Кешікпей олар Қызылжарға аттанды.
Жампейіс Қызылжардың бай қазағының біреуі– Қарабалиннің
қорасының ішіндегі екі бөлмелі, іші-сыртын сылаған қарағай үйде тұратын
еді.
Сарыбауыр атты жегіп, Асқар мен Ботагөзді мінгізіп Қызылжарға іңірде
кірген Ержан, ол үйге тура баруға батпады. Ержан Қарабалиннің үйінен
ағып өтіп, Крайная көшесін бойлап отырып, сол көшеге, Есілдің құлай
беріс жарына салынған Жампейістің жақын адамы – Сақтаған деген
жігіттің үйіне барып түсті. Іңірде Сақтағанды жіберсе, Жампейіс үйінде
екен.
«Астарың піскен кезде барам, қазір жұмысым бар еді», депті ол.
«Тамақсау неме, ет жегісі келген екен!» деп Ержан қасаптан ет
алдырып, ет пісуге жақындағанда Жампейіс келді.
– Уəдем – уəде!– деді ол Ержанға,– үйезге бүгін елден келе: «Асқар
Досанов деген патшаға қарсы болып, Амантайдың шайқасына қосылған
учитель, соғыста оққа ұшып өліпті. Өлігін танып көмген кісілер айтты»
деген сөзді естірттім! «Подлец, қолға түспеді-ау!» деп үйез кіжінді.– Нанса
жақсы болған екен!–деді Ержан.
– Айтқаным – айтқан, Асқар!.. Делаңды ұрлап берем.
Жобалап қойдым. Ас піскенше алып келем. (Ол шығып кетті.)
Қонақтар Сақтаған үйінің шайын ішіп, етін піссе де кешіктіріп
отырғанда, түн ортасы ауа бір қолтық қағазды құшақтап, Жампейіс жетіп
келді де, «мə диялаң!» деп Асқардың алдына тастай берді.
– Уай, ерім, жарадың!– деді Ержан қуанғаннан ұшып тұрып.
Есікті бекітіп қойып папкаға тігілген қалыңдығы бір қарыстай қағазды
үйдегілер ақтарып қарап еді, Асқардың төбе шашы тік тұрды: делоның
бірінші қағазы, баяғы Асқар семинарияға түскен кезде басталған екен,
содан бері аяқ басқан жерінің бəрі қағазға түсе беріпті.
– Ағай!–деді Асқар Сақтағанға, қағазды көре беруге жүрегі айнығандай
болғасын,– ұлықсат етсеңіз, мен осы қағаздарды жағайын.
– Е, жақ! Сенен отты аяйды дейсің бе? Күйсін, құрғырлар!
Қазандағы етті түсіртіп, сорпасын қотартып алып, қазанға су құйдырып,
Асқар делоны қазандықтың астына тықты да от берді. Шетінен от тиген
қағаз, пештің ауа тартқан екпінімен гүр ете түсіп, дауылдап жанды. Жанып
жатқан қағазға қарап тұрған Асқар, иығынан албастыдай басып жүрген
салмақ түсіп, бойы жеңілденген сықылданды.
Ол күні ас ішіп тынығып, ертеңіне Асқар: «Майданға барып патшаға
қызмет қылғым келеді, рұқсат сұраймын», деп, уездныйға арыз кіргізді.
– Молодец!–деді ол Асқарға, жылы ұшырап,– міне жігіт!..
Оқығандардың ішінде иттер де бар, мəселен, Асқар Досанов. Оны білесің
бе?
– Жоқ.
– Мерзавец!.. Шошқа!.. Тірідей көрге көметін ит!..
250 статьямен айыптап, губернатор жан-жаққа телеграмма берді...
«Ұстаған жерде ат!» деп. Қолға түссе қойдың мүйізіне бұрап тығар ем!..
Міне, маған губернатордың телеграммасы!..
Ұсынған телеграммаға Асқар қараса:
«Ұсталған жерде атылсын!» деп жазған екен губернатор.
– Ату керек!– деді Асқар түсін бұзбай,– патшаға қарсы кісіні аяп не
керек?!
Уездный, полиция управлениясына: «мына қазаққа майданға баратын
паспорт бер!» деп қағаз жазды да:
«Осыны қайда көрдім!– деп ойлады ол, Асқар шығып кеткесін, көзін
есікке түйілте қарап отырып,– таныс кескін сықылды. Əлде алдап жүрген
иттің бірі ме?..»
Уездный түрегеліп, комнатада ерсілі-қарсылы жүрді де:
– Ну, к черту его!– деді, столына қайта отырып.– Қайтем, көрінгеннен
күдіктене беріп!..
БЕСІНШІ ТАРАУ
ТАҢ АТҚАНДА
1
«...Жанарал-губернатор тергегенде,
Қара жер солқылдатып басқаным-ай...»
Халық өлеңі.
Итбай өлгеннен үш күн кейін автомобильмен Омбыдан келген генералгубернатор Сухомлиновтың жиналған жұртқа айтқан сөзі қысқа болды.
– Үкіметке қарсы бас көтергендер рақымсыз түрде қиратылсын!
Ауылдарының күлі көкке ұшырылсын! Елге бастық болғандардың тірідей
жонынан қайыс алынсын. Оларға оқ шығын қылмай аңдай азаппен
өлтірілсін. Қазақ енді қайтып бас көтере алмастай болсын! Патшаға адал
қызмет атқару үстінде қаза тапқан Итбай Байсақаловтың семьясының
пайдасына осы арадағы бес болыстан жылына бес мың сом шығын
берілсін.
Сухомлиновтың бұйрығымен Омбыдан шыққан азаптау отрядының
бастығы –Алексей Кулаков, бұл бұйрықты бұлжытпай орындады.
Алексей Кулаковтың Петроградтан Омбыға келуіне азғана уақыт болған
еді. Дүние жүзілік соғыс басталып, орыс дворяндары мен буржуазиясының
«Патриоттық» ұраны күшейгеннен кейін патша ордасына жаны ашитындар,
əсіресе монархистер Распутин мəселесін Николайдың алдына ашық қойған.
– Распутинді қу, оның адамдарын тарат!– деген олар. Николай бұл
шартты шет пұшпақтап орындап, Распутинді Тобылдағы деревнясына
жіберіп,
оның
«обществосындағы»
гвардейский
офицерлердің
кейбіреулерінің чинін кішірейтіп, орын-орынға таратқан. Осы компанияға
Алексей де ілігіп, Омбыдағы Казачий полктің кіші офицері боп
тағайындалған.
Бұл жазаға Алексей онша ренжіген де жоқ. Егер гвардейско-гусарский
полктен кетпей Петроградта тұрса, оның соғысқа баруында дау жоқ еді.
Ішінде болған гусарский полк бұл Петроградтан Омбыға аттанғаннан кейін
майданға кеткенін Алексей оқып, «кеткенім жақсы болған екен» деп
қуанды. Омбыға келіп, жүз басы офицер боп орныққаннан кейін де,
Алексей казактармен қосып майданға жөнелтіп жібере ме деп қатты қауіп
қылатын еді. Сондықтан «қазақтардың көтерілісін басуға жүз казакпен
аттан!» деп бұйрық алғаннан кейін, ол қуанып кетті.
Омбыдан аттанғанда қазақтың көтерілісін басу Алексейге ең ауыр
болғанда – ағаш кесу, шөп шабу сықылды, онша қиындыққа түспейтін істің
біреуі сықылданды. Тегі қазақ халқы туралы ол өте төмен ойдағы жігіт еді.
Бала кезінің өзінде-ақ балаларды жинап ап, ермегі -– көшеден өткен
қазақтың атын үркіту, байлап қойған атын шешіп жіберу, не мініп кету, үйге
кірген қазақтың арбасындағы затын ұрлау, тас лақтыру, боқтау, ит қосу
болатын. Жігіт кезінде де бұл мінезін өзгертпей сынықтан сылтау тауып
талай қазақты ұрған. Патша өкіметі өшіктіріп қойған казактардың таяғына,
мазағына қарсы келуге шамасы жоқ қазақтардың көбі ұрса жауырынын
тосып, сөксе құлағын тығып, ішінен сыздап жүре беретін. Қазақтардың бұл
«көнбістігін» Кулаков: жасықтығы, намысының жоқтығы, жаратылысының
нашарлығы деп ойлайтын.
«Сол жасық қазақ,– деп ойлады Алексей Омбыдан шыға,– көтеріліс
жасап қайдан батыр бола қалды дейсің. Ол əлдеқалай бір түсінбестік
шығар?»
Алексейдің алғашқы назначениесі – Ереймендегі көтерілгендерді басу
еді. Бұлар барған кезде Ереймен маңынан көтерілген қазақтар əскер
шыққанын естіп, ауыл отанымен таудың басына бекініп, жол-жолға
жүздеген мерген жігіттерді қойған. Қызу қарқынмен барған Алексейдің,
жүз қазағының біразы тауға өрмелегенде, тасқа бекінген мергендердің
оғына ұшқан. Қан төккен соғысты Алексейдің бұл өмірде бірінші көруі еді.
Қаннен-қаперсіз келе жатқанда, алдынан мұндай қауіп шыққаннан кейін ол,
сасып қалып кейін қашып еді, артынан атты қазақтар қуып, тірі қалған
казактардың кейбіреуімен бірге бұ да қолға түсіп қала жаздады.
Қазақты қырып тастау оңай емес екенін, қазақтың да жігері бар ел
екенін, қазақ көтерілісі қауіпке айналғанын ол енді ұқты. Содан кейін ол
алаңғасарлықты қойып, кəдімгі белгілі соғыстың əдісін қолдана бастады.
Ерейменнің етегінде ол жарты айға жуық жүрді. Оның азайған отрядына
Ақмоладан, Шарлақтан, Керенің бастығы Алексей боп, əскер саны мыңға
барды. Бұл əскер сан рет таудың төбесіне бекінген қазақтарға шабуыл
жасап еді, қазақтар тау басына бұларды шығармай-ақ қойды. Тұрқы онша
биік болмағанмен, Ерейменнің басына асатын жол бес-алты-ақ жерде еді.
Қазақтар осы жолдардың бойынан күні-түні мергенді айырмай, жоғары
өрмелеген əскерді тосқауылдап, атып түсіре берді.
Жарты айдан кейін Алексей «Көкшетауға беттеп, Амантай отрядын
жой!» деген бұйрық алды. Жоғарыдан келген сводкаға қарағанда Амантай
отряды Бурабайға жақын жерде болуға керек еді. Соған тез жетуге асығып
келе жатқанында күтпеген жерден жау кездесіп көп шығынға ұшырады.
Бірақ Амантай бекінген бұйрат, оның жігіттеріне Ереймен тауындай берік
пана бола алған жоқ. Бұйратқа кіргізбеуге Амантай жігіттері қанша жан
таласқанмен, Алексей отрядының мықты қаруы шыдатпады, бірнеше
күннен кейін қазақтар бұйраттан сырғып, бетін Бурабайға бұрды.
Қырға шыққасын да қазақ жігіттерін Алексей отряды оңай жеңе қойған
жоқ. Қазақтан ерлік шығатынын ол көрді. Аңдысып атысқанда оғын далаға
жібермейтін, қолма-қол төбелесте найзасын теріс сілтемейтін, қаннан
қорықпайтын талай өжет қазақтардың қимылын көріп, ол ішінен сүйінді
де. Өйткені, өзі ер жүректі болмағанмен, ер жүректі кісіні ол ұнататын еді.
Соғыста жігіттері шығынданып отырғанмен, Амантай отряды Көкшетау
қарағайына негізгі тобын жазбай кірді.
Олардың із өкшесінен қалмай қуа соғысып отырған Алексейдін, бір
«ерлігі»–жолшыбай кездескен ауылдарды талау, өртеу, еркегін қыру, əйелін
зорлау...
Ереймен елі түгелімен тауға бекінгенде, «тым болмаса ауылы да етекте
қалмаған екен, егер салмақты ауылға салсақ, қатын-баласына, əкешешесіне жаны ашығандар өз еркімен берілер ме еді, қайтеді?» деп арман
еткен еді Алексей, қолына ешбір ауыл түспеген соң, «əй, бəлем-ай!» деп ол
кіжінген еді.
Көкшетауға қарай беттегенде жолынан ауылдар кездескеніне ол қуанды.
«Ит ашуын тырнадан алады» дегендей, Ерейменнің ашуын осы елден
алғысы келді.
«Бəрі бір ит,– деді отрядына ол,– келешектегі үрім-бұтағы, заузаты бас
көтере алмастай болсын, кездескен ауылды талқандап отырайық. Генералгубернатордың бұйрығы осылай!»
Бір жағынан соғысқа еті үйренген, екінші жағынан губернатордан «тез
жой» деген бұйрық алған Алексей, Көкшетауға кірген Амантай отрядының
соңынан мықтап түсті. Көкшетау тауларының ой-шұқырын тегіс білетін ол
Амантай отрядын қақпайлап отырып, таусыз, бірыңғай қарағайға шығарды
да, қабырғалап кеп, тау жақ бекіністі өз қолына алды. Бұл кезде оның
отряды көбейді. Содан кейін əскер торын кең жайып, тауға таласқан
Амантай отрядын отап қиратты да отырды.
Бірақ қанша қырғынға ұшырағанмен, Меңіреуге тығылған Амантай
отряды, əскерді біразға шейін кіргізбей жанталасып қорғанды.
«Ағаштан шығара алмадық, күйдіруге рұқсат етіңіз?» деген Алексейдің
рапортына губернатор:
«Рұқсат!» деп бұйырды.
Содан кейін Алексей қалың қарағайға өрт беріп, түтінге қақалған, өртке
шырмалған жігіттер қарағайдан амалсыз шығып еді, қаруын құрып отырған
əскер, қазақ жігіттерін шапқан шөптей отады да салды. Мыңнан аса
жігіттен қолға түскені жүзден аса ғана, ішінде: Амантай, Темірбек,
Бүркітбай бар.
Амантайдың атын естігенмен Алексей оны танымайтын еді. Сондықтан
қолға түскендердің көбін табан аузында атқанмен, оны атпай біраз
жігіттермен Қотыркөл қаласына əкеп тірі қамады.
Бүркітбай мен Темірбек те соның ішінде.
Қамаған үйдің терезелері темірмен құрсауланып, есігіне жуан темірден
баспа істеліп ол баспаға үлкен құлыптар салынып, маңайына мықты күзет
қойылды.
Итбай оқиғасын зерттеуге Омбыдан келген ерекше істердің зерттеушісі
Қотыркөл қаласына келіп, губернатордың «зерттеу жүргіз» деген бұйрығы
бойынша, Итбайдың туысқандары айыпты деп көрсеткен адамдарды
абақтыға алып, жауап сұрап жатқан. Амантайларды осы қамауда жатқан
адамдарға қосты.
Абақтыға ең алғаш «Амантайды қолдаған осылар!» деп, Итбай
тұқымдарының көрсетуімен отыз шақты кісі алынған еді. Ұлықтар дегенін
істей беретінін көрген Итбай тұқымы, артынан баяғы заманда өкпе-сапқасы
бар адам болса да, кек алу үшін «осы да ішінде бар» деп көрсетіп,
қамалғандарға күн сайын кісі еселеп қосылды да отырды. Амантайларды
қамаған күні абақтыдағы адам жүзге жақындап қалған еді.
Бұрын қамалғандардың сөзіне қарағанда елдің əскерден, ұлықтан,
Итбай тұқымдарынан көрген қорлығын адам ауызбен айтып болар емес.
Итбайдың орнына болыс болған Елікбай, ағасының өлімін пайдаланып
талай жазасыз адамды өтірік айтып абақтыға қаматқан. Қаматпағандарын
қорқытып, жақсы ат, жақсы қыз, жақсы ит, жақсы құстан көңіл еткенін
қоймаған. «Ұлыққа білдірем!» десе, үрей ұшып отырған жұрт сұрағанын
бере берген.
Түні бойы кірпік қақпай, таңды кеңеспен атырған Амантай, тан, атып,
үй іші жарық болғасын маңайындағыларды көзімен шолса, ішінде
Қожантай да отыр.
– Мына неме қайдан жүр?–деді ол ұнатпаған көзбен.
– Мені де көрсетті, «Итбайды өлтірді» деп,– деді Қожантай мүлгіп.
– Апыр-ай, ə?– деп, Амантай таңданған кескінмен таңдайын қақты.
Көкшетаудың уездный начальнигі: «келіп кетіңіз, тығыз жұмысым бар»
деп шақырғасын Амантайлар жабылған күннің ертеңіне зерттеуші жүріп
кетіп, содан төрт күнде оралды.
Амантайдың қолға тірі түскенін Қожантай арқылы естіген Елікбай
Алексейге тамырлығын айтып, көп ақша берем деп, зерттеуші келгенше, не
қылсаң да өлтіріп бер деп еді, қолға түскен адамды өлтіруге Алексей əрі
заңнан аса алмады, əрі жауабында ішінде отырып, Амантайдың не қылған
адам екенін білгісі келді.
«Халықты соңына ерте білді,– деп ойлады Алексей.
Ертегінің батырларындай-ақ қайрат көрсетіп арпалысты. Енді бұл
жауап алғанда өзін қалай ұстар екен? Соны көрейін».
Зерттеуші Көкшетаудан қайтып кеп Амантайдан, оның серіктерінен
жауап алғанда, Алексей ішінде отырды. Амантай орысша білмейтін еді.
Оның сөздерін орысшылаған уез-дің тілмашы – Боқтыбаев.
Боқтыбаев Амантайдың сезін өзі айтқандай ғып аударды. Берген
жауабында Амантай істеген ісінің ешқайсысынан танған жоқ. Барлы.қ
жауабында ол екі жерде ғана шынын айтпады.
Біреуі – «Итбайды өлтірген жалғыз өзім,– деді ол,:– үйден өзім алып
шығып, басын балтамен өзім шаптым. Бұл жұмысқа менен басқа айыпты
адам жоқ».
– Мынау балта сенікі ме?–деп Темірбектің Итбайды шауып өлтірген
балтасын зерттеуші сұрағанда:
– Менікі!– деді Амантай.
Зерттеушінің өте шұқшиып сұрағаны – Асқар болды. Оған Амантайдың
берген жауабы:
– Бізге ере алмай қашып кеткен, содан кейін қайда кеткенін білмеймін.
Ботагөз мəселесінде де ол осыны айтты. Зерттеуші қысып та, өтініп те
сұрап еді, «көргем жоқ, білгем жоқтан» танбады.
Күндізгі жауап сонымен бітіп, Амантайды қайта апарып қамағанда,
үйде отырғандардан ол не айтып не қойғанын жасырған жоқ. Амантайдың
жауабын естігеннен кейін, бастығы Бүркітбай боп ренжіді:
– Оның жарамаған екен,– деді олар Амантайға,– сені ақтап, жазаны біз
тартуға жол еді. Ер азамат сенің, мыңға балап етегіңнен ұстаған адам ең.
Сен жазатайым болсаң, елдің қабырғасы сөгіледі. Ал, біз – көптің біріміз.
«Жоқ, мен мойынға алайын», «жоқ, біз мойынға алайық» деген
таласпен Амантай мен жігіттер біраз отырды.
– Енді болары болған,– деді кейбір ара төрешілер,– Амантай мойнына
алып қойса, танғанмен оны тандырмайды. Олай болса тəуекел деп осы
сөзге табан бекітіңдер. Бір жөні болар.
Кешкі жауаптан Амантай əлсіреп қайтты. Жауап алғанда ішінде
Итбайдың Сарыбасы отырып, урядникке ұрғызып өзі де ұрып денесін
көкала қойдай ғып, басы-көзін көнектей ісіріп жіберіпті. Өзге жігіттер уəде
бойынша жауапты Амантай ізімен берген екен.
Кім қалай əкеп беретініне Амантай қайран қалады: қамалғалы абақты
ішіндегілердің аузынан қымыз бен ет кеткен жоқ. Біреулер кескен еттің
ішіне: «Ішіміз ауырады, амал жоқ, тілегіміз сенде» деп хат салып жібереді.
Кешкі жауапта қатты соққы жеп қайтқан Амантай, «ас іш!» дегендерге
алғыс айтып қана «тұла бойым таяқтың зардабынан ашып, дуылдап бара
жатыр» деп, қисайып ыңқылдап жатыр еді:
– Амантай!– деді, бір табақ сүрді алдарына алып жеп отырғандардың
біреуі. Басыңды көтерші.
– Немене?
«Көтерші басыңды!» деген сөз құлағына жағымсыздау тиген соң
Амантай басын ақырын көтеріп, «тұр» деген жаққа қараса, жылтыраған
май шамға біреу бір қағазды тосып, үңіле ішінен оқып отыр екен.
– Не қағаз, не қағаз?– десті жұрт, оқып отырғанға.
– Сырттан əкелген дəмнің ішіндегі жаяның қыртысын кесіп отырсам,
мына бір қағаз шықты, біреудің бізге жазған хаты.
– Кəне оқышы!–деді жұрт.
Хат оқыған жігіт Нұғман деген мұғалім еді. Амантай отрядына
қатынасың бар деп ұстаған.
Мұғалім хатты оқып шықса, дəм берген адам былай деп жазыпты:
«A3AMATTАР!
Мен сендерге осымен төртінші рет дəм əкеп отырмын. Елдің жинап
жіберген дəмі. Осыдан басқа қолынан келері жоқ. Көп жазуға орын тар.
Бүгін түнде Амантайды өлтірмек. Елікбай мен Сарыбас Кулаковқа,
зерттеушіге, Кошкинге ақша беріп, «қашқан жерінде аттық» дегізіп
өлтіртпек болғанын естіп отырмын. Бұған елдің іші қатты ауырады.
Шамаларың келсе Амантайды қашырыңдар. Іргені бұзып шығуға жарар ма
екен деп, осы дəмнің ішіндегі қос қазының бір жақ қабырғасының орнына
бір мықты пышақ салып жібердік. Сонымен сəкіні қопарып көріңдер. Сəті
келсе бірдеме болар. Біздің қолдан келгені осы».
Бұл кезде түн ортасы ауған еді.
– Ал, неғып отырсыңдар?!–десті пышақ табылған соң іштеріндегі
естиярлары,– қамға кірісіңдер, сəкіні қопарып көріңдер.
– Жоқты айтады екенсің!– деді оған, манадан сөзге қатынаспай, əркімге
жалақ-жұлақ қарап отырған Қожантай,– пышақпен іргені қопарғанды қай
аталарыңнан көріп едіңдер?
– Не өзің, сандалып басты ауыртып отырсың!– деді оған басқа біреу.
– Сандалмасаң сандалма! Сен тамұқта, мен ұшпақта отырғамын жоқ.
Екеуміз де қамаудамыз. «Буынсыз жерге пышақ ұрма!» деген. Аққұла
қиналатын жұмыс болғасын айтам. Əйтпесе, ретін тап та бəрін, шық, оған
мен қуанбасам қайғырмаймын, қайта маған жақсы болады!– деді Қожантай
өршеленіп.
– Тісіңді сындырып жіберейін бе!– деп ана жігіт оған ұмтылғанда:
– Қойыңдар!– деп өзгелері жібермеді.
– Ал қопардық!– деп қолы қарулы жігіттер сəкінің тақтайларының ірге
жақ бұрыштарын мыжғылап жона бастағанда:
– Қолдан келмейтін іске кірісулерін қарашы!– деп Қожантай күңкілдеді.
Жігіттер оған қараған жоқ. Суы қатты, темірі майырылмайтын өткір
пышақпен тақтайды екі жақ басынан мыжғалап жонды. Біраздан кейін екі
тақтайдың төрт жақ басынан қол сиятын төрт тесік жасалды.
– Я, сəт! Қопарып көріңдер!– десті əркімдер.
Мықшия тартқан төрт-бес жігіт, тақтайды қозғай алмады.
– Айттым ғой,– деді тағы да Қожантай,– бай орыстың үйі емес пе,
шегесін тастай ғып қаққан? Үлкен сүймен болмаса, құр қолға не
қопарылсын.
Темірбек сөзге де, тақтайды тесуге де араласпай бір бұрышта отыр еді.
Қожантайдың сөзіне ыза боп кеткендей, орнынан ұшып тұрды да,
тақтайдың тесілген жеріне кеп, Қожантайға алая, қабатын қасқырдай бір
қарап алып, Польша түкіріп, алақанын ысып-ысып жіберіп, бақандай
саусақтарын тесікке тықты.
– Тақтайдың үстін баспаңдар!–деді ол, көтергелі мықшия беріп.
– Манадан бері, басып тұр екеміз ғой, бəсе, неғып қопарылмайды
десем!–деді манадан бері тақтайды екі-үш рет көтеріп қозғалта алмаған
жігіт, Темірбек көтеріп кете ме деп ойлап.
Көтеретін тақтайдың үстінен жұрт екі жарылған кезде, аяғын екі жақ
қабырғадағы тақтайларға басып, «һауп!» деп Темірбек денесін жоғары
қарай жазып қалғанда, ұзындығы қарыстан артық екі шегесімен бірге
тақтай шақыр ете түсіп қопарылып шыға келді.
– Жарайсың, сабазым!– десті үйдегілер.
– Япыр-ай, қарулы екен.
– Е, атаққа шыққан мықты жігіт емес пе, құдыққа түсіп кеткен
Итбайдың атан өгізін мүйізінен суырып шығарған.
Қопарған тақтайды орнынан жұлып алып аунатып тастаған Темірбек
оның орнына адам денесі сиятын болмаған соң, басқаларын да қопарайын
деп еді, олар бола қоймады.
– Мына қопарылған
қопарылады,– деді біреу.
тақтайды
астынан
тығып
көтерсе
оңай
– Онысы рас!– дегеннен кейін, қалыңдығы төрт елі тақтайды көлденең
астына тығып жіберіп, екі-үш жігітті зерлеп басып еді, тақтайлардың басы
қопарыла бастады.
– Ал, кəне шығыңдар, алдымен Амантай шықсын!– десті, ірге
ашылғаннан кейін жұрт.
– Тез болыңдар!–деп Амантайды алдына сала, жұрт іргеге жұмылғанда,
Қожантай кейін қалып, үйдің қабырғасын екі жұдырығымен кезек-кезек
сартылдатып ұрып, аяғымен есікті тепті. Сол кезде сыртта сатыр-күтір
мылтық атыла бастады.
Мінезі тұйық болғанмен, Темірбек адамның адал-арам пиғылын жақсы
айыратын еді. Абақтыға жабылғалы оның аңдығаны Қожантай да.
Қожантайдың қимылы оған күдікті көрінетін де тұратын.
Жұрт іргенің тесігіне таласқанда, сабырлы мінезін өзгертпей Темірбек
кейін тұрып қалған еді, құлағына есікті тепкілеп, қабырғаны ұрған дауыс
естілді.
– Сен кімсің, əй!– деді кім екенін қараңғыда айыра алмаған Темірбек
қасына барып.
Анау дыбыс бермей тарсылдата бергесін, Темірбек жағасынан шап
беріп ұстап:
– Кімсің деймін, айт жанын, барда, əйтпесе, жоқтауыңды бір-ақ
асырам!– деді қатты сілкіп.
– Мен Қожантай,– деген сөз түсіп кетті сілкіленген адамның аузына.
– Сенікі не?!– деді Темірбек, Қожантайдың кеңірдегінен ұстай алып.
– Жай!– деді Қожантай сасып қап.
– Ұлыққа хабар бергің кеп тұр ма?
– Ия!–деді Қожантай, аузына «жоқтың» орнына «ия» түсіп кетіп.
Қожантай шынын айтты. Оны зерттеушімен Елікбай ақылдасып, əдейі
тыңшылыққа қаматқан еді.
Басқа сұрау беруге Темірбектің денесін ашу кернеп кетіп, жалаңаш
кеңірдекті қапсыра қолын салып кеп жіберді. Қарулы уысын Темірбек
мытып-мытып қалғанда, Қожантайдың өңешіне саусақтары найзадай
қадала қалды. Қылғынып өкпесі аузына тығылған Қожантайдың көзінен
жас ыршып кетті; жалбарынайын деп еді, арам сөзге адал уыс жол берген
жоқ. Ол қырылдады...
Осы кезде есік ашылып, фонарь ұстаған бір топ солдат мылтықтарын
ұсынып үйге кіріп келді. Іштерінде Елікбай мен Сарыбас. Жəне іргеден
қашқан біраз адам.
Солдаттар кіргенде басқалар сасқанмен, Темірбек сасқан жоқ.
Қожантайдың былқ-сылқ еткен денесін ол бұрышқа қарай лақтырып
жіберді. Бірақ өлтірісін білген жоқ.
2
Ботагөздің басында қайғы мен қуаныш бірдей түйісті. Қуанышы:
майданға Елемесов болып кеткен Асқардан, сол фамилиямен жұмасында
бір хат келеді. Бұл да жұма сайын хат салады. «Кенжетай да осында, аман»
деп жазады Асқар.
Қайғысы: Амантай мен Темірбектің халы не күйде екенін анық біле
алмайды.
Ел ішіне тараған өсек-аяңға қарағанда, Итбайды өлтіру жөнінде жүзден
аса адам ұсталған екен, солардың ішінен іріктеліп 15 кісі айыпты саналған
да, өзгелері залог салып, пара беріп босанып кеткен. Біраз адам жауаптан
кейін ақталған.
Амантай
мен
Темірбек
есіне
түскенде,
жүрегі
сыздап
көңілсізденгенмен, Ботагөздің күнделік өмірінің көбі көңілді өтті. Айжан
оған Айбаладан кем болған жоқ.
«Ержан үйіне ғайыптан бір сұлу қыз пайда болыпты» деген қауесетпен
сол маңайдағы Атығай, Қарауылдың шек шығар бозбалалары іздеп кеп,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ботагөз - 21
  • Parts
  • Ботагөз - 01
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 1990
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 02
    Total number of words is 3835
    Total number of unique words is 2043
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 03
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2116
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 04
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2017
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 05
    Total number of words is 3894
    Total number of unique words is 2042
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 06
    Total number of words is 3848
    Total number of unique words is 2153
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 07
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2123
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 08
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2003
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 09
    Total number of words is 3912
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 10
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2112
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 11
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2051
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 12
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1988
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2200
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2095
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 16
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2023
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 17
    Total number of words is 3916
    Total number of unique words is 2124
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 18
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 2066
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 19
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2060
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 20
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2125
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 21
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2108
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 22
    Total number of words is 3807
    Total number of unique words is 2017
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 23
    Total number of words is 3701
    Total number of unique words is 2061
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 24
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2129
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 25
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2145
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 26
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2103
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 27
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2063
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 28
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2001
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 29
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2142
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 30
    Total number of words is 3880
    Total number of unique words is 2028
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 31
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 1962
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 32
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2086
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 33
    Total number of words is 1885
    Total number of unique words is 1150
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.