Latin Common Turkic

Ботагөз - 11

Total number of words is 3906
Total number of unique words is 2051
36.9 of words are in the 2000 most common words
51.8 of words are in the 5000 most common words
59.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
осы мезгілде, көшеде байлар рисактарын жарыстырады. Егер сондайларға
кездесе қалсаң, алдыңа түсірмеуге тырыс! Ертістен өткеннен-ақ Бүркітбай
кесем атты қатар жегіп алған еді.
– Желдей жүйрік біреуі кездеспесе, біздің екі аттан озуы құдай-ақ та!–
деді Бүркітбай жиналып.
– Тек!– деді Итбай,– кепиет сөз айтпа!
Шеткі көшелерді біраз бойлап жүргеннен кейін жолаушыларға
Учительская семинарияның үйі кездесті. Бұл үй Асқардың көзіне
анасындай жылы ұшырап, оның барлық ой-сезімін өзіне тартты. Үйдің
жататын, оқитын бөлмелері оның көзіне елестеп кетті. Оның түсе қалғысы
келіп еді, ширыққан, қызған аттар жұлдыздай ағып өте шықты.
– Келіп қалды!–деді Бүркітбай, семинариядан өткен кезде, артына
қарап.
– Не кеп қалды?–деді Итбай елегізіп:
– Тырнадай ербеңдеген ана бір ұзын сирақ ат, əлгінде көлденең көшеден
ағызып келе жатыр еді, енді артымызға түсті. Екпіні сұмдық! Атты
айдайын ба?
Итбай артына қараса, сүттей жарық көшемен танауынан бу құшаққұшақ бұрқырап, жіліншігін ақпен ораған арғымақ, аяқтарын көсілте
басып, зымырап келеді екен. Шанасы – биік, өзі жеңіл.
– Алдыңды берме!– деді Итбай.
Сырылдаған шана мен сықырлаған тұяқтың дауысы естілген соң, қос
боз ат елеңдеп келе жатыр еді.
«Қырдағы малдың, желгіші еді,– деген ой келді Асқарға, Бүркітбай
аттарды айдай жөнелгенде,– «чистокровный» арғымақтарға сыр бермесе
жарар еді!..»
Аттардың жарысы Асқарға қаланы ұмыттырды. Омбының Кадетский
корпусы бар үлкен көшесін бойлай желген қос боз ат, ой қаладан дең қалаға
шығатын көпірге шейін арғымаққа оздырмады. Арғымақ иесі алдындағы
пар аттың жарыса жөнелгенін біліп, атын бастырмалап мазақ қылайын
деген ойға кіріп еді, қос боз ат жеткізбеді.
Бүркітбайға салса, сол қалпымен тарта беріп, арғымақ кейін оралғанда
бірақ тоқтау еді.
– Ағай!– деді Асқар Итбайға, көпірге жақындағанда,– енді жетер
жарысқанымыз. Кейін оралайық. Пəтерге түсу керек қой. Түн боп кетті.
– Əй, Бүркітбай! Тарт аттың басын!
Қызып алған аттар Бүркітбайдың қолын қарыстырып зорға саябырлады.
– Қалай жүрейін?–деді Бүркітбай аттарын тоқтатып.
– Кейін бұрыл, Сарыбастікіне барайық.
Сарыбас Итбайдың гимназияда оқып жүрген баласы. Асқар оны
естігенмен, көрген жоқ еді. Өткен жаз, оқу біткеннен кейін Сарыбас
ауылына барғанда, Асқар демалысқа кетіп жолықпаған. Кенжетайдың
айтуынша, ол мұрнын көкке көтерген тəкаппар. Тірі пендені менсінбейді.
Амандаспайды. Жаздың ыстық күнінде қолынан ақ перчатканы түсірмейді.
Үстіне ылғи хош иіс құяды. Қарға адым жердегі ауыл қонаққа шақырса,
пəуескеге пар ат жеккізіп барады. Сөйлеген сезінің жартысы орысша, əйел
құмар. Өзі ептеп өлең шығарады.
Желіккен аттардың божысын ұстап, қалай жүр, былай жүр!» деп
Итбайдың сілтеуімен жүріп отырған Бүркітбайға:
– Тоқта!– деді Итбай бір үйдің қақпасының алдында.– Жаңылмасам,
осы үй. Сен кіріп шық. Осы үйдің қабаған иті болатын. Қолыңа құнт ал,
қауып алмасын. Қақпаға кірсең, қора ішінде, оң қолда биыл салынған бір
ұзыншалау, тапал ақ үй тұрған шығар. Орта есіктен кipсең, Сарыбас сонда.
Кеткен Бүркітбай көп кідірмей қайтты. Үстінде қамзолша қасқыр ішік
киген, сақалды біреу онымен ере келді.
– Жаңбырбаймысың?–деді Итбай.
– Я, Итекеңбісің? Мал-жан аман ба? Əкелші қолыңды.
Екеуі қолдасты.
Аттар қақпадан кіріп, тапал ақ үйдің алдына келгесін, жолаушылар
үстін сілкіп, шанадан түсті.
– Үйге кіріңіздер.
«Сарыбас үйде жоқ шығар?»–деп ойлады Асқар, коридорда Итбаймен
бірге сырт киімін шешіп жатып, Жаңбырбайдан басқа ешкім көрінбеген
соң,– бар болса əкесін қарсы алар еді ғой!»
Сыртқы киімін тастаған қонақтарды, Жаңбырбай ішіне кілем төсеген,
жүгі ауылша жиналған кең, бөлмеге кіргізсе, төрдегі айна алдында бір жігіт
теріс қарап, галстугін байлап тұр екен.
– Əкең келді, Сарыбас!– деді Жаңбырбай.
Салмақпенен бетін бұрып кейін қараған Сарыбасқа, Асқардың көзі
түссе: көнтек ауыз, домалақ мұрын, тұз көз, бет пернесі татарға ұқсас,
шашын «ёжик» қып қырыққан, тапал бойлы, талдырмаш сары жігіт екен.
Асқардың естуінше, оның жасы 17–18-де болуы керек еді.
Бойына қарағанда 13–14-те дейтін.
Асқар Сарыбасты сағынған əкесіне шүйіркелесіп амандасар деп
ойлаған еді, Сарыбас оны істемеді.
– Ə, саламатсыз ба?–деді ол əкесіне салқын леппен.
– Денің сау ма, шырағым?–деді əкесі.
Сарыбас қазақ əдетімен «шүкір» деген жоқ.
5
Жаңбырбай кеңесімпаз адам еді. Қонақтары шешініп жайланғаннан
кейін, екі терезенің аралығына қойған сандықтың үстіне малдасын құрып
алып, шай келгенше сөзден аузын жиған жоқ.
Кеңесінің бастапқы кезінде Асқар Жаңбырбайды ел жайын сұраған
адам екен деп ойлап еді, аздан кейін оның кеңесін тыңдауға жалықты.
Өйткені, Жаңбырбайдың сұрары да, айтары да ылғи сауда туралы ғана
екен: «Өгіздің бағасы не? Тері-терсек қымбат па? Жылқы терісі, сиыр терісі
неден? Мал терісін жинаушы көп пе? Көздеменің бағасы қалай? Еттің
бағасы, ұнның бағасы, қант, шайдың бағасы не?..» Міне, оның сұраулары
осылар.
Ал, өз жанынан айтар əңгімесі: биыл қай жердегі базарға барғаны, не
сауда істегені, көрген пайда-залалы, Омбыдағы сауданың жай-күйі, тағы
сондайлар...
Өзінің де сауданы жақсы көруінен бе, болмаса Жаңбырбайдың ажарына
қарағандық па – Итбай да оның кеңесіне ұйыған кескінмен анда-санда тіл
қатып қойып, тіл қатпағанда басын изеп қойып, Асқардай жалыққандық
белгі көрсеткен жоқ.
Тоңазып қалғанын үйге кіріп шешінгеннен кейін білген Асқардың
денесі шайдан кейін жылынды. Жол соқты боп шаршаған Бүркітбай атын
жайғастырғасын шайға шейін шынтақтап жатып қалғып алып, шайдан
кейін:
– Əй,– деді Асқарды санға түртіп сыбырлап,– сауда кеңесі бітетін емес
қой, далаға шығып келсек қайтеді?
– Шықсақ шығайық.
Қора кең еді. Тысқа шыққан Асқар мен Бүркітбай кең қораның
түкпіріне суытып қойған аттардың қасына барып, шананың үстіне отырды.
Ол күні түн қараңғы еді.
– Анау бір тұрғандар да аттар мен шаналар ма?– деді Асқар, қораның
басқа бір түкпірінде шоғырланған бірдемелерді нұсқап.
– Ие, аттар. Анау терезесі көшеге қараған, қақпанын, оң жағындағы
үлкен қарасай үйде де толған қонақ. Кім екен деп мана ат ағытқанда
сұрастырып ем, əр жерден келген болыс, билер дейді. Сол үйдің өзінің иесі
де болыс деген сөзді естідім.
– Ə, солай де.
– Əй, Асқар!– деді Бүркітбай аздан кейін,– осы сен залым жігітсін, бе
деп ойлаймын... Рас па?
– Қайдан білейін! Өзіме залым сықылды емеспін. Залым десең
дəлеліңмен айт.
– Шыныңды айтпай-ақ қойдың-ау!
– Не шын?
– Тұяқтың қызын алатыныңды неге жасырасың. Мені дұшпан көресің
бе?
– Неге дұшпан көрейін, дұшпан көретін қастығыңды көргем жоқ.
Расымды айтқан едім, нанбайсың.
– Неге нанайын қарап отырып.
– Неге нанбайсың?
– Қалжыңбастығыма қарап, сен мені түк білмейтін есер деп ойлайтын
шығарсың. Мен білмейтін жер үстінде не бар деп білесің?
– Білсең айт.
– Осы Омбыға сен не үшін келдің?
– Не үшін келдім?
– Тұяқтың қызы үшін келдің.
– Оны қайдан білдің?
– Біле-е-е-мін!.. Мен білмейтін жер астында. Амантайдың жұмысын
орындап қайт деп Балтабек жұмсағанын мен білмейтін шығармын. Сен
менен жасырма, несін жасырасың? Жасырсаң да білемін: Амантайдың
жұмысын орындап қайтсаң, қыз сендік болады да қояды. Ол маған тайға
таңба басқандай анық.
– Сенің бір жаман мінезің бар, Бүркітбай,– кісіге сенбейсің.
– Сенбейтінге неге сенейін, сенетінге сенем!
– Мен айттым ғой.
– Жоқ, сен айтқан жоқсың, сен маған сырыңды айт. Егер тісімнен
шығарсам кəпір өтейін. Сенің ойыңды білемін, Асқар. Сен мені аузын
басса, к... сөйлейтін, ішіне ас айналмайтын жігіт деп ойлайсың. Менің
ішімде жан ашпаған сыр мен жан көрмеген ызбот көбін білмейсің. Мен дос
болуға да жарайтын жігітпін.
«Ызботының ішіне сүңгіп көрсем қайтеді?» деген ниетпен Асқар
Бүркітбаймен сырласуға ойлап, тамағын кенеп кеңес бастағалы
ыңғайланып еді:
– Сендерді шақырады,– деді Жаңбырбай үйінің жігіті келіп.
«Қап!» деп өкінген Асқар, тағы бірде кеңесермін деп ойлап, шақырған
жігітке еріп, үйге қарай аяңдады. Бүркітбай да соңынан ерді.
6
– Мынау жас қонаққа,– деді Жаңбырбай Асқар тыстан келгеннен кейін,
əйеліне,– төсекті Сарыбастың бөлмесіне салып бер, жастар ойнап, күліп
бірге жатсын.
Бұл сөз Асқарға жағымды тиді. Ол Сарыбасты оқыған азамат көріп,
Ботагөздің басындағы ауыртпалықты жеңілдетуге жəрдемге шақырғысы
келді.
Сарыбас жататын бөлме кішкене екен. Ішіндегі кереует біреу екен.
Асқарға деген төсек кереует алдына, жерге салынды.
Оңаша бөлмеге кіргеннен кейін, Асқар Сарыбасты кеңеске ұйытпақ боп
тамырын басып көріп еді, ажары өте сырғақ. Асқардың бірер сұрауларына
ол жауап та берместен, кереуетіне шешініп жатып, шынтақтап роман оқуға
кірісті. Бұл қылық Асқарға ұнамады.
«Қарай гөр, мына шынашақтай неменің нығызын!– деп кейіді Асқар
ішінен,– қол тоқпақтай боп шіренуін!.. Қасқырдың бөлтірігінің қылығы
осылай келеді!..»
Теріс қарап жатып қалған Асқар, ұйқыдан оянса, басы аздап ауырып
қалыпты. Сарыбас жуынып кеп, бетін сүртіп жатыр екен. Құрысқан денесін
жазғалы керіліп, ыңыранған Асқардың дауысына Сарыбас орамал астынан
қарап еді, кешегі тəкаппарсығаны есіне түсіп, Асқар үндеген жоқ.
Асқар мен Сарыбас шайға да араз кісідей тымырайып, жауап
қатыспаған қалыптарымен келді. Сол үндемеген қалпымен Сарыбас оқуына
кетті. Асқар үйде қалды.
Шайға бірге отырған Бүркітбай, Итбайдың көзінше Асқарды біраз
ажуалады:
– Қалай батыр?-– деді ол қылмыңдап,– түсіңе ел жақ кірді ме? Ондағы
жұрт есен-сау ма екен?
«Ондағы жұрт» деген сөзден Ботагөзді жорамалдаған Итбай жымиып
күлді. Ол күлкіге түсінген Асқар, Бүркітбайға тігін келді.
– Сен-ақ еріге береді екенсің!– деді ол.
– Е, ерікпей, əкем Көккөз жаңа өліп отыр ма? Үйде ерікпе, Омбыда
ерікпе, енді қайда ерігеміз!..
– Қалжыңбастық не керек?
– Қалжыңдап мен саған не айттым? «Ел-жұрт аман ба екен?» деген сөз
де қалжың болғаны ма?
– Қойшы өзің!..
– Мына байғұс неден қысылды?.. Қарап отырып танауын, қусырылғаны
несі?..
Асқар шыдамай тысқа шығып кетті. Аздан кейін Жаңбырбай да шықты.
– Ағай!–деді тысқа шыққасын ашуын басқан Асқар,– осы қалада жақсы
адвокаттар бар ма?
– Неге болмасын. Бұл қалада нелер жан жоқ дейсің.
– Қазақ адвокат бар ма?
– Бар.
– Фамилиясы кім?
– Құзғынбаев. Семейден бе, анығын білмеймін, əйтеуір бір жақтан
келді. Жұрт осыны білгір деп тұр. Орыстар да мақтайды. Алған ісін іс қып
шығарады.
– Адресін білесіз бе?
– Білем. Осы арада жақын. Жаяу баратын жер. Қазір үйінде де шығар.
Немене, жұмысың бар ма еді?
– Жəй, əшейін, жолығатын азғана шаруам бар еді.
– Оған баратын болсаң, қақпадан шығасың да, оң қолға бұрылып екі
квартал жүресің. Содан сол қолға бұрылып екі адым жүргесін, алдыңнан
бір кішкене алап кездеседі.
Алаптың оң жақ бетінде терезесінің алдына қайың өскен, қызыл төбелі,
жаңа қарағай үй бар. Сол үй. Жаңбырбай сілтеген жобамен Асқар жүріп
келіп, терезесінің алдына ескен қайыңы бар, жаңа ағаш үйді тауып, сыртқы
есіктің басқышымен көтеріліп, есіктің тұтқасына қолын салса, тұтқаның
қасында алақандай жезге жазба қарыптармен ойған, «Кузгунбаев» деген
жазу тұр екен.
Есіктің маңдайшасынан салбырап тұрған ілмегі бар сымды
қоңыраудың, сабағы деп жобалаған Асқар, ақырын тартып қалып еді,
қоңырау даусы шылдыр ете түсті. Аздан кейін есіктің ішкі жағынан ит
абалап, есікті тырнап, коридорды басына көтерді.
– Перестань!.. Цит!..– деген əйел дауысы естілді ішкі жақтан.
– Мүмкін бе?– деді Асқар есік ашқан бұйра шаш, зор денелі, толық,
ақшұбар орыс əйеліне.
– Сізге кім керек?
– Кузгунбаев.
Əйел, Асқардың бас-аяғын көзімен бір шолып өтіп, бар деуге де, жоқ
деуге де білмей аз тұрды. Бұл Құзғынбаевтың əйелі – Антонина Евгеньевна
еді. Адвокат болғаннан бері Құзғынбаевтың үйіне кісі көп келетіндіктен
жəне келген кісілердің жүзден тоқсан бесі ылғи даумен келгендіктен, сол
даушылардың қайсысының, қалтасы қалың, қайсысынікі жұқа болатынын
Антонина Евгеньевна кескініне, киіміне қарап ұғатындай болған. Қалтасы
жұқа адамдардың дауына кіргісі келмейтін Құзғынбаев, «үйде жоқ деп
айтыңыз» деген сөзді Антонина Евгеньевнаның құлағына сіңірген.
Бастапқы кезде өтірікке аузы бармаған Антонина Евгеньевна біртіндеп
дағдыланып, аздан кейін «бар» деп айтатын кісіге де, «жоқ» деп қалатын
күйге ұшыраған. Осындай «жоқ» деп қалу салдарынан үлкен даумен келген
бай қазақтар орыс адвокатын жалдап, оны естіген Құзғынбаев артынан
өкінген. «Сіз ойлап, түріне қарап жауап беріңіз» деген ол əйеліне. Содан
бері əйелі кескініне, киім-кешегіне қарап, ойланып алып, «бар», «жоқ»
дегенді содан кейін айтатын болған. Антонина Евгеньевнаның Асқарға іле
жауап бере қоймағаны осы.
Келген кісінің қалталы, қалтасызын айырып беруге Құзғынбаевтың да,
Антонина Евгеньевнанын, да бір көмекшісі иті – неміс овчаркасы еді.
Құзғынбаев овчаркаға арнап сыртқы есіктің босағасынан кішкене тесік
істеп қойған. Сырттан кісі тықырын естігенде овчарка үнсіз жүгіріп кім
сығаланды да, келген адамның киімі жөнсу, кескіні жүдеу болса үреді;
киімі бүтін, денесі толық адам болса, маңқ еткен бір ғана дыбыс беріп,
артынан кісі шыққанша үндемей тұрады.
Асқардың кескін-кейпіне қараған Антонина Евгеньевна өз көзіне
сенерін, я итінің көзіне сенерін біле алмады. Өз кезіне сенсе, Асқар онша
жөнсу кісі сықылды емес, ал, егер жөндем кісі болса ит неге үреді? Ол
қалай қаталасты? Антонина Евгеньевнаның жауаптан кідіруіне тағы бір
себеп осы еді.
– Ғапу етіңіз,– деді Асқар, Антонина Евгеньевна тез жауап бере
қоймағасын,– ол кісі үйде бар ма, жоқ па? «Жоқ» деген сөз шығып кетті
Антонина Евгеньевнаның аузынан.
Осы кезде, Антонинаның өтірігін əдейі ашуға шыққан адамдай, денесі
еңкектеу келген, зор мұрын, орта бойлы қара сұр кісі шыға келді.
– Сізге кім керек?– деді ол Асқарға, Антонинаның сасып қалғанынан
аздап қаймығып.
– Құзғынбаев.
– Құзғынбаев мен болам,– деді орысшалап.
– Өте сүйкімді,-– деді Асқар да орысшалап,– менің сізде азғана
жұмысым бар еді, мүмкін болса үйіңізге кіріп айтайын.
– Пожалуйста.
«Өтірігімді шығардың», деп ренжіген кескінмен Антонина Евгеньевна
кетіп қалды. Құзғынбаев Асқарды кішірек бөлмеге кіргізді.
Оңашаланғаннан кейін Асқар Құзғынбаевқа ең алдымен өзін
таныстырды. Содан кейін елдегі қалың бұқараның ауыр халын, үкімет
адамдарының, болыс, билердің зорлығын айтып өтті. Бұл сөздерге
Құзғынбаевтың жабайы кескінмен қарауы Асқарды қайран қалдырды.
Асқардың сынауынша, Құзғынбаев ел тағдырына қайғырмайтын, өзіне-өзі
тойған адамдай көрінді. Ел жағдайына Құзғынбаевтың бүйрегі бүлк
етпейтінін көргесін, «қазақ» оқығанында да мұндай адамдар болады екенау!» деп таңданған Асқар, кеңесін қысқартып, Амантай уақиғасын айтты.
– Бұл өте ауыр жұмыс екен,– деді Құзғынбаев Асқардың кеңесін тыңдап
болғасын,– губернаторға покушение жасау оңай емес.
– Покушение жасаған жоқ қой, шынында.
– Ол бізше ғой. Ал, губернатордың көзқарасынша, ол – покушение.
Губернатордың пікірі – пікір. Мұндай жұмысқа адвокаттар аяғын байқап
басады.
– Оңай деп өзім де айтпаймын,– деді Асқар Құзғынбаевқа біраз
кеңескесін,– бірақ сіз осы жұмысқа кірісіңіз. Адамгершілік үшін кірісіңіз.
– Жарайды. Кірісейін,– деді Құзғынбаев аз ойланып.
Ендігі мəселе ақша. Жалданбай адвокат жұмыс алмайтынын Асқар
көзбен көрмесе де, естіген. Күші келген жердей Асқардың тартынғысы да
келмейді. Бірақ оның басына келген ой: «оқыған адам нашар кісіден ақша
сұрай қоймас!..»
«Ақша аласыз ба? Қанша аласыз?» деген сұрақ, лықылдап
жұтқыншағында тұрғанмен, Асқар ол сөзді айта алмады, айтуға ақшаны
емес, Құзғынбаевты қимады.
– Жарайды, жақсы!..– деді Құзғынбаев қобалжып, Асқарға тарайық
дегендей ғып.
«Ақша аласыз ба?» деген сөзді айта алмай, Асқар киініп есікке бара
берді де, ұятын қайратына жеңдіріп алса, алмаса да бетін ашып кетейін деп
ойлап, солғын қоштасып отырып қалған Құзғынбаевқа тағы келді.
– Ғапу етіңіз!– деді ол,– ұмытып барады екем. Жұмыс алғандығы үшін
адвокатқа сый болуға тиісті ғой.
– Əрине.
– Ұят болса да сұраймын: ол қанша болады?
– Бұл сауда емес, тиісті заң бар.
– Мөлшерін білгім келіп еді.
– Мұндай ауыр жұмыс мың сом!
Асқардың төбе шашы тік тұрды. Қатты қаққанның өзінде, оның
қалтасында ең көп дегенде, екі жүз сом шығатын еді, өзгесі жолға керек
қаражат.
– Мың сомсыз мұндай істі алуға болмайды,– деді Құзғынбаев,
Асқардың қысылғанын сезгендей,– бірақ оқыған азамат екенсіз, жеңілдік
жасайын: жеті жүз сом.
Саудаласудың ретін таппаған Асқар, шынын айтты.
– Оған ретім келмейді,– деді Құзғынбаев.
«Бір есептен бар ақшаны осыған беріп, Петербург баруды қойып, елге
қайтсам қайтеді?» деген оймен Асқар Құзғынбаевты қалта мөлшеріне
қарай бұрмалайын деп еді. Құзғынбаев: «болмайды!» деп отырып алды.
Ренжіген Асқар Құзғынбаевқа қош айтыспастан үйден шығып, көшеде
жүріп келе жатып ойға батты. Оны реніш теңізіне тұншықтырған бір ой:
Құзғынбаев сықылды оқыған адамның мынадай қара ниеттігі. Оқығаннан
мұндай ақшақұмар шығады деген ой Асқардың басына бұл күнге шейін
келмеген еді.
«Жауыз, қара ниет!–деп сөкті ішінен Құзғынбаевты Асқар,– халықтың
дұшпаны!.. Оқығаннан да мұндай арам ниеттер болады екен!.. Оқығанның
да Итбайы болады екен?..»
– Мырза, тоқта!– деген дауысқа Асқар басын көтеріп қараса, Бүркітбай
екен, Жаңбырбайдың үйіне келгенін білмей қапты.
– Неғып тұрсың?– деді ол Бүркітбайға.
– Сені аңдып тұрмын.
– Менің немді аңдисың?
– Ие, жолың болды ма?
– Не жол?
– Жəй, əлгі адвокатқа сөйлескеніңді айтам...
– Уа, қойшы, Бүркітбай. Сен-ақ дүниедегі бар пəлені тіміскілей береді
екенсің...
– Рас айтам, келістің бе?
Асқар үндемей өтіп кетті.
– Қабағың тым түсіп кеткен екен,– деді Бүркітбай орнында тұрып
қалып,– жемқор неме дейтін еді, аранын кең ашқан екен ғой. Менен, əзірге
сырыңды жасыра тұр, түбінде ең пайдалы кісің мен болам... Осы сөзімді
ұмытпа!..
7
– Һа-һа-һа-һ!..– деген өзінің қатты айқайынан шошып оянған Асқар,
есеңгіреп, аз уақыт орнынан тұрмай отырды.
Қатты ұйқыдан зырқылдап ауырып қалған шекесін, екі жақтан
саусақтарымен басып, шынашағымен кезін уқалап, аздан кейін есін
жинаса, маңайындағы адамдардың бəрі шырт ұйқыда. Асқардың өз даусы
өз құлағына өте қатты естілген еді. Сондай қатты дауысқа маңайында
жатқандардың оянбауы оны қайран қалдырды.
Асқардың бұл жатқан орны – үшінші кластың вагонының іші еді.
Омбыдан шыққандарына үшінші күн. Проводниктің айтуына қарағанда,
алдағы таңда поезд Петербурге бармақ. Бұлардың келе жатқан составы –
Маньчжуриядан Петербургке тура жүретін экспресс. Ол составта үшінші
кластың вагоны əдетте болмайтын. Экспрестің, жұмсақ вагонына билет
алуды шығынсынған Итбайдың тілеуі қабылданғандай, экспреске сирек
тіркелетін үшінші кластың қатты вагоны Итбай билет алған күні тіркеліп,
«Петерборға жеткізсе бəрібір емес пе?» деп, Итбай билетті қатты вагонға
алған. Осы вагонның ішінде Асқар мен Итбай бір купеде қарсыма-қарсы
жатады. Ұйқыдан шошып оянған Асқар, көзін кеңірек ашып, екінші купеде
жанған май шамның əлсіреп келген жарығымен кескіні күңгірттеніп
шалқасынан жатқан Итбайға қараса, демін біресе аузынан, біресе
мұрнынан алып, бірде тамағы, бірде мұрны қырылдап, о да шырт ұйқыда
екен.
Есін жиған Асқар, неге шошып оянғанын ойлады. Ол түс көрген еді.
Түсінде: «Бурабай қаласына келіп Балтабектің үйіне қонған екен дейді. Сол
үйде ұйқтап жатқанында біреулер тапыр-тұпыр үйге кіріп келген екен
дейді. Асқар да, үй іші де ояна келсе, үйге келгендер – Итбай бастаған бір
топ жігіт екен дейді. Сол арада Итбайдың жігіттері Балтабекті де, Асқарды
да, Айбаланы да байлап тастап, Ботагөзді үйден сүйреп ала жөнелген екен
дейді, басқа істер қайраты таусылғаннан кейін, байлаулы Асқар, көрші
үйлер естір ме екен деп ойлап, қатты айқайлап жіберген екен дейді...»
Міне, Асқардың шошып оянған дауысы – осы дауыс. Купенің ауасы өте
нашар, жəне ыстық екен. Тынысы тарылған Асқар пальтосын жамылып,
дем алғалы вагонның буфері жаққа шықты. Вагонда ояу тірі жан жоқ. Бəрі
де шырт ұйқыда. Буферге таяу купеде панарын алдына қойып,
проводниктің өзі де қалғып отыр. Асқардың олай еткенін вагоннан ешкім
сезген жоқ.
Вагонге кірер сыртқы есікті ашып, Асқар далаға қараса, алашұбар
бұлты бар, айлы түн екен. Келе жатқан жерлері қалың орманның іші. Асқар
есікті жаппай біраз тұрды. Оған поезд тоқтап тұрған сықылды, тоқтаған
поездың астынан жердің өзі сырғып жүріп жатқан сықылды болды. Қасқыр
тиген жылқыдай орманның қалың ағашы үркіп қашып бара жатқан
сықылды көрінді.
Ботагөз туралы ойлағаны: «Алдында не күн күтіп тұр! Торлаған қасқыр
көп. Тоқтыдай солардың аузына түсіп кете барасың ба? Бақыт сəулесін
көресің бе?
Тамбурда бірсыпыра уақыт тұрып, дем алып, аздап бойы тоңазыған соң,
Асқар вагонға кіріп, купесіне беттеді. Жатқан купесіне бұл жақындағанда
екі адам қарсы келіп, қымсынып өте берді. Кескіндері күңгірт. «Бейсауат
жүрген неғылған адамдар?» – деп ойлады ол.
Купесіне кеп, орнына отырғаннан кейін, Асқарға: «əлгі қан жауғырлар
ұры боп, бірдемемізді сыпырып кетті ме?» деген ой келді. Сол ойдан кейін,
ол түрегеп, өз чемоданын қараса, орнында тұр.
Итбайдың жолға алған сандықшасы төсегінің астында еді. Оның ішінде
патшаға əкеле жатқан сыйлар бар.
«Итбайдың сандықшасы аман ба екен?» – деп ойлаған Асқар, еңкейіп
көйке астына қолын тықса, дəнеңе жоқ! Асқардың жүрегі су ете түсті. Не
қыларын білмей сасып қалды.
– Итеке! Ау, Итеке!– деді ол Итбайды оятып.
Итбай өте қатты ұйқтап жатыр екен. Дауыстап оятқанына тұрмағасын,
Асқар қолын батыра түртті.
– Һа-һа!..– деді шошып түрегеп Итбай.
– Итеке!..
– Һа-һа!..
– Есіңді жинашы, ояншы, Итеке!..
– Һа-һа!.. Асқармысың? Немене?..
– Сандықшаңызды қайда қойып едіңіз?!
– Жамбасымның астында да. Оны неге сұрадың?
– Ендеше сандықшаңыз жоқ!
– Е, ол қайда?– деді Итбай атып тұрып, астын сипалап,– ойбай, жоқ!
– Жаңа осы арадан бір ыңғайсыз адамдар өтіп еді, солар ұрлады оны!
– Ойбай қуайық!– деді Итбай ұмтылып.– Ə, құдай, ə, жасаған, я бабам,
я əруақ!.. Өзің жөн бер!–деді Итбай жалаң аяқ Асқардың артынан
коридорды бойлай жүгіре басып.
Бұлар вагонның басына тақалғанда, көзін уқалап панарын көтеріп
проводник өз бөлмесінен шығып келеді екен.
– Багажымыз ұрланды,– деді Асқар оған.
– Қашан?
– Жаңа. Ұры ұзаған жоқ. Жүріңіз!..
Проводник те сасқан болып, Асқар мен Итбайға еріп тамбурға шықты.
Осы кезде ашық есіктің алдында тұрған екі адам қолдарындағы сандықты
сыртқа лақтырып жіберіп, өздері де секірді.
– Қап!– деді Асқар мен Итбай қосынан.
Итбайдың көзі қарауытып, басы айналып кетті. Ол сол араға отыра
қалды.
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
ПЕТЕРБУРГТЕ
1
Петербургке енді жарты сағатта жетеміз деген проводниктің сөзі
Асқарды аса қуандырды. Аспандағы жұлдыздай жарқырап, көзін
қызықтырып, бойы жетпей арманда жүрген қиялы енді, баулыған құстай
қолына кеп қонған тəрізденді.
Асқар Петербургті ең алғаш, бастауыш мектептің 2–3 кластарында
оқып жүргенде естіген еді. Зиректігіне қызығып, Асқарды жақсы көретін
учитель, «осы қалпыңмен жақсы оқысаң, бұдан кейін орта мектепті бітіріп,
содан кейін Петербургтің университетіне барасың», дер еді, оған учитель,
сөйтіп, Петербургтің қаласын, каналдарын, үйлерін, ескерткіштерін мақтап,
Асқардың аузынан қызығу сілекейін ағызар еді. «Шіркін, сол қаланы бір
көрсем!» деген арман Асқардың жүрегінде бала жасынан орнаған еді.
Петербургті жердің жұмағы деп ұққан Асқар, бертін келе, семинарияға
түсе, Достоевский мен Некрасовтың, тағы сондай Петербургтің көлеңке
жағын көп көрсететін жазушылардың шығармаларын оқып, «жердің
жұмағында да» кемшілік барын білді. Петербург туралы тарихи жəне
көркем шығармаларды кеп оқыған Асқар, оны көруге құмартты.
Семинарияға түскенде, Асқардың ойы: оны төрт жылда бітіріп, содан
кейін, жоғары білім алуға Петербург бару еді. Ол тілегіне қолының
қысқалығы жеткізбеген Асқар, «ең болмағанда бір көрсем» деген арманнан
қол үзбейтін.
Міне, сондай, көрмей сағынған Петербургке ол келе жатыр.
Жарты сағат уақыт, асыққан Асқарға жарты жылдан артық сияқтанды.
Терезеден қараса əлі – түн. Түнге терең сүңги зымыраған поезд Асқарға,
поезға мінген халықты сүйремей Асқардың шыдамын сүйреген сияқтанды.
Поезд ілгері зырлаған сайын, Асқардың жуан шыдамы жіңішкере
бергендей, қалын, шыдамы жұқара бергендей болды.
Поезд тоқтады. Тысқа жұртпен бірге Асқар мен Итбай да шықты. Дала
қою тұман. Сонда да түн реңкі бозамық тартқан. Бұл таңның білінуі ме,
əлде вокзал маңында жиі жанған электр сəулесінің жарығы ма, оны Асқар
айыра алмады. Носильщиктер келіп, қызмет еткісі келгендігін білдіріп еді,
ауыр жүктері болмағандықтан, Асқар оларды қабылдамады.
Сапырлысқан көп халыққа, төбесін шынылаған вокзалдың кең үйіне
таңдана қараған Асқар, Итбайды залда бір жерге орналастырды да, газетте
жазылған хабар бойынша, юбилейге келген өкілдерді қарсы алатын Ішкі
Істер министрлігінің комнатасын іздеді.
«Осы бөлмеде» дегенге Асқар кіріп барса, ішін салтанатты жасаулармен
безеген кең бөлме екен, төрінде стол сыртында, соғыс генералының
формасында, ұзын айыр сақалды біреу отыр, одан басқа: ала жібек
шапанды, өзбек тақиялы, ақ сəлделі, шығысша сəнді киінген он шақты
адам бар.
Шығыстықтармен генерал сөйлесіп отырғандықтан, Асқар əдеп сақтап,
генералға бас изеп қана сəлем берді де, босағадағы орындыққа отыра кетті.
Сөз түрлеріне қарағанда, шығыстықтар – бұхарлықтар екенін байқады
Асқар. Олармен сыпайы сөйлескен генералдың өзін елемеуін Асқар
ауырлады. Аздан кейін есіктен офицер формалы бір жас жігіт кірді де,
автомобиль даярлығын айтты.
– Сіздер гостиницаға барыңыздар,– деді генерал бұхарлықтарға,–
сіздерді (офицерді көрсетіп) мына господин бастап апарады.
Бұхарлықтар генералға шығысша қоштасып, офицерге еріп шығып
кеткесін, генерал телефонный, трубкасын қолына алып, əлдекіммен
болмашы бірдемелерді сөйлесіп отырып алды. Асыққанын кескінінен,
қимылынан ұқтырған Асқарға ол, көз қырын бірер рет елеусіз аударды да,
қайтып қараған жоқ.
«Мынау қайтеді?» деп ойлаған Асқар шыдамсызданды да, генералдың
телефонмен сөйлесіп болуына қарамай орнынан тұрып барып,
губернатордан алған мандатын ұсынды. Генерал Асқардың бұл
батылдығын ұнатпағандай кескініне тура қарады да, трубканы ілместен,
сөйлесіп жатқанына: «Одну минутку» деп, көзін Асқардың қағазына
жүгіртіп өтіп, стол үстіндегі бір кнопканы бармағымен басты.
Содан кейін, Асқарға тағы бір қарап қойып, телефонмен сөйлесе бастап
еді, бөлмеге біреу кірді. Асқар берген қағазды генерал соған ұсынды.
– Жүріңіз, мұнда!– деді ол Асқардың қағазын оқып шығып.
Генералға ренжіген Асқар, оған қош айтыспастан, шақырған адамға
еріп коридорға шығып еді, ол оны тағы бір бөлмеге апарып, даяр бланкіге
Асқардың жəне Итбайдың аты-жөнін жазып қолына берді. Асқар оқып
көрсе, «Европейская гостиницаға» түсетін ордер екен. Ордер берген адам
Асқарға қай трамваймен қалай барудың жобасын айтты.
Екеуі трамвайға кеп мінді. Сол кезде тұман сұйылып, аспанды иектеген
күн көзі көріне бастады.
Тура, кең көшелі, биік, сұлу үйлі қалаға трамвайдың, терезесінен
жаутаңдап қараған Асқар мен Итбай сол қалыптарымен кешке шейін жүрер
еді, егер «түсер кезде айтарсыз» дегендіктен, праводник «келдік!» демесе,
Олар гостиницаға кіріп, оның қожасына ордерлары мен документтерін
берді де, үшінші этажға, аралары шалғай, екі номерге орналасты.
Мұндай əдемі гостиницаға, мұндай əдемі номерге Асқар бұрын түсіп
көрген жоқ еді. Асқар ұялса да, ертіп əкелген есікшіден номердің,
гостиницаның бар тəртібін сұрап алды.
Асқар таза киімін киіп, «не халде екен» деген оймен өз номерін жауып,
Итбайдың номеріне барса, ол жолдан келген кір киімімен, ақ одеял жапқан
никель кереуетке қисайып, қалғығалы жатыр екен. Асқарды көріп, Итбай
басын көтерді.
Əуелі жуынып, таза киініп, содан кейін мынандай таза төсекке жатудың
қажеттігін, гостиницаның, номердің тəртібін айта кеп, Асқар Итбайға
былай деді:
– Мұндай үлгілі жерде, жақсы болсаң да, жаман болсаң да, өзің үшін
ғана емес, халқын, үшін боласын. Мұндағылар жаман қылығыңды көрсе,
сені ғана емес, халқыңды кінəлап, алған тəрбиесі, өскен ортасы сондай
дейді. Ал, жақсы қылықтарыңды көрсе, үлгілі, тəрбиелі елдің баласы екен
деп, халқын, туралы жақсы пікірде қалады. Олай болса, ағай, сіз, өзіңіз
үшін ғана емес, халқыңыз үшін бұл арада аса таза, аса əдепті болыңыз.
Расын айту керек, сіз былайша, ауқатты адам болғанмен, əкімшілік
жұмысына көптен араласқанмен, шаһардың мəдениетті тəртібін аз білесіз.
Ақылдымсыды деп мені сөксеңіз де айтайын.
– Айт, шырағым, айт!– деді Итбай Асқардың сөзін бөліп,– «көп
жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» деген. Сен жас та болсаң көпті
көрдің. Залалды сөз айтып жатқан жоқсың. Танымайтын, мойны алыс
жерге келдік. Мынаның қасында Омбы да ауыл сияқты екен. Мұндайда
намысқа тырысып, сыр бермегеніміз жөн.
– Рахмет, ағай. Сөздің қысқасын айтайын: сіздің үстіңіздегі киіміңіз
Петербургке лайық көрінбейді. Сізде ақша мол. Алдымен, осы қалада ен,
жақсы киінетін адамдай болып киініңіз.
– Мақұл, шырағым. Сен де қалаған киіміңді ал. Борыш-қарышы жоқ,
«бір жолға қоян терісі де шыдайды» деген. Құдай десіп жолға бірге шыққан
соң, бір ауыртпалығыңды көтерем.
– Рахмет, ағай, оны ыңғайына қарай көрерміз.
Екеуі тысқа шығып, Пассажға барды да, Итбай өзіне: құндыз жағалы
күзен ішік, дөңгелек құндыз бөрік, жақсы екі костюм, галошымен шегрен
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ботагөз - 12
  • Parts
  • Ботагөз - 01
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 1990
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 02
    Total number of words is 3835
    Total number of unique words is 2043
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 03
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2116
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 04
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2017
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 05
    Total number of words is 3894
    Total number of unique words is 2042
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 06
    Total number of words is 3848
    Total number of unique words is 2153
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 07
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2123
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 08
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2003
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 09
    Total number of words is 3912
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 10
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2112
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 11
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2051
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 12
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1988
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2200
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2095
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 16
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2023
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 17
    Total number of words is 3916
    Total number of unique words is 2124
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 18
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 2066
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 19
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2060
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 20
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2125
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 21
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2108
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 22
    Total number of words is 3807
    Total number of unique words is 2017
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 23
    Total number of words is 3701
    Total number of unique words is 2061
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 24
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2129
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 25
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2145
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 26
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2103
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 27
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2063
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 28
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2001
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 29
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2142
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 30
    Total number of words is 3880
    Total number of unique words is 2028
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 31
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 1962
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 32
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2086
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 33
    Total number of words is 1885
    Total number of unique words is 1150
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.