Latin Common Turkic

Ботагөз - 16

Total number of words is 3886
Total number of unique words is 2023
36.1 of words are in the 2000 most common words
50.9 of words are in the 5000 most common words
58.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Қатын,– деді ол əйеліне қонақтары келгесін,– асың піскен шығар,
нанын сал! Жұмыстары болса тоқтамасын.
Үй иесі анықтап білмегенмен, жүріс-тұрыстарына, келбеттеріне қарап,
бір жамандыққа қара құстай түйілгендерін сезген еді.
Кебеже үстінде ысулы тұрған жұқа нанды үйдің əйелі жапырақтап кесіп
қазанға салды да, бірер қайнатып түсірді. Болыстың баласы келгендіктен үй
иесі жал-жая, қазы-қарта сықылды қадірлі мүшелерден салған екен. Жəне
семіздің сүрі екен.
Ет алдарына кеп, туралып желіне бастағаннан кейін, жігіттер
Бүркітбайдың шабан жеуін қалжың қылды.
– Айттым ғой, ішің ауырғанда ет жей алмайсың деп,– деді Ерғазы
күліп,– етті көргенде құтың түсіп кететін еді, аузыңа бір жапырақ сала
алмай берекең қашып отыр ғой.
Бұрын етке мешкей Бүркітбайдың жүрегі өрекпіп, құсқысы келгендей,
етті рас жей алмады. Неге жей алмай отырғаны оның өзіне аян. Бірақ жей
алмау себебін қасындағыларға сездірмеуге тырысты.
5
Заводтың бас иесі немістің капиталисі Штемберг компаньоны Кулаков
болғанмен, өндірісті күнбе-күн басқару, жүмысшы жалдау, я шығару
істердің көбі Қызылжардың белгілі бай татары–Муратов Ғабдоллада еді.
Оның арғы тегі ақсүйек емес. Ғабдолланың туған əкесі орта жасына шейін
қазақ ауылдарына айна, тарақ апарып сатып, ауылдан қыл-қыбыр жинап
алып, қайтып, ұсақ саудамен күн көрген адам. Бертін келе ол, Тойматов
деген байлардың саудасына араласып байып, ірі байлардың қатарына
қосылған. Қызылжардағы атақты ұн диірменін (үн заводы) Мұратов салған,
оны да азсынып, ірі капиталистермен компаньон болуға айналған. Оның
бірнеше компаньоны бар, соның біреуі Германияның Гамбург қаласынан
кеп, Ақмола облысына екі жерден (Қызылжар мен Бурабай) консерв
заводын салған Штемберг.
Əкесінің ұсақ саудамен ғана қалтақтап күнелткен кезін көзімен көрсе
де, бала кезінде жоқшылық, өз басынан өтсе де, Мұратов Ғабдолла
жұмысшыға өте қатаң. Жұмысшыны ол орыстан аз алады, қазақтан көн
жалдайды.
– Орыс пен татар ақшаны көп сұрайды,– деді ол, Штембергке,– өйткені
олар ақшаны қымбат төлейтін жер естісе кете барады. Қазақ кедейлері
алыстан кесіп іздеуге əлі үйренген жоқ. Алыста кесіп барын олар білмейді
де. Ауылда кесіп таба алмай аш отырған кедей, арзанға жалдана береді.
Қызылжардың консерв заводында орта есеппен, жұмысшының айлық
ақысы 15 сом, Бурабай заводының 75 проценті қазақ. Олардың орта
есеппен айына алатыны бес сом. Соның ішінде Ботагөз сықылды ішекқарын тазалау жұмысындағылар айына бес-алты сом ғана алады.
Мұратов жұмысшылардың азғана алатын ақшасын да мезгілімен
ақшадай қолына бермейді. Сол заводта оның қант, шай, кездеме, бұлғары,
ұсақ-түйек сататын дүкені бар. Жұмысшыларға ол екі бағамен несиеге
товар береді де, есептесерде еңбек ақысынан ұстап қалады.
Тамақ асырау үшін келген кедейлер бастапқы кезде Мұратовтың бұл
қулығын аңғармай, артынан біліп, еңбектері өнбейтін болғасын жанжал
.шығарып, жұмысты тастап, кейде десятниктерін ұрып жүрді. Бірақ басқа
барар жер болмағасын тулап барып тоқтайды, қайта жұмысқа түседі.
Соның бірі Ботагөз.
Айбаланың нашар жатқанын көре тұра жұмысқа амалсыз шыққан
Ботагөздің екі көзі ұзақ күнге барақта болды. Барак, жақтан біреу бері
қарай шыға берсе, Айбаланың өлгенін естірте келе жатқан адам ба деп
жүрегі тас төбесіне шығады. Дем алар өкпесі болмай, жөтелген сайын
танауы қусырылып бар денесімен ентіге дем алған Айбала оның көз
алдында елестеп, бір минут кетпейді.
Жұмыс таңның атуынан қас қарайғанға шейін созылатын еді. Ұзақ
күнге Ботагөз не істеп, не қойғанын білген жоқ. Бар ынтасы жұмысты
бітіріп, жұмыстан қайтқан жолда конторға соғып есебін алып, Айбалаға тез
жету.
Мұратов Бурабай заводына сенімді «ісі қоятын еді де, өзі көбінесе
Қызылжарда тұрып, он – он бес күнде бір-ақ рет келіп жұмысшыға есеп
беретін еді. Айдың аяғы боп, жұмысшылардың есеп алатын уақыты жетіп,
«Мұратов келді» деген соң ымырт жабыла топталып конторға ағылды.
Ішінде Ботагөз.
Мұратов конторға жұмысшыларды біртіндеп кіргізіп, есептесе бастады.
– Маған есепті бұрын алуға ұлықсат етіңдер,– деп өтінді Ботагөз,
көпшіліктен.
– Жіберіңдер,– десті көпшілік,– бұл бала жеңгесіне алан, боп тұр.
Бейшара қайтсін, қудай басқа салғасын! Есебіңді тезірек алып, тез қайт,
шырағым. Жеңгең нашар жатыр ғой.
Көптің ұлықсатымен, үстіндегі киімі қанмен сауыс болған, Ботагөз
конторға кіріп барса, басында дөңгелек қара тақиясы бар, сымпиған ұзын
пальтосы бар, шегір көз сары жігіт столдың қасында отыр екен. Стол
үстіндегі кішкене сандықта толған ақша. Үйдің ішін күндізгідей
жарқыратқан төбеде үлкен айналма білтелі шам.
Мұратов қазақ арасында коп жүріп, қазақуар болған, қазақ ғұрпымен
алым беріп, бозбалашылық істеген қу жігіт еді.
– Сүйле,– деді ол, қазақ пен татар тілінің, арасынан сөйлеп, көзін
ойнақшытып, қасын бір жоғары шығарып, бір төмен түсіріп,– матур қыз.
– Есебімді алуға келіп ем.
– Пəмилиен, нишік, синің?
– Тұяқова.
– Қазір қарим.
– Есікті ішінен басып, сырттағы жұмысшыларды біріндеп жіберіп
тұрған шоқша сақал қазаққа татар жігіті көзін қысып, иегімен далаға шық
деп ымдағанын Ботагөз көріп қалды. Шоқша сақал шығып кетті.
– Қазір хисаплайық,– деді татар тізімнен Тұяқова деген фамилияны
тауып, Ботагөздің денесін ойнақшыған көзімен аралан.
Татардың ойнақшыған көзінде Ботагөздің жұмысы болған жоқ. Оның
ойы тез есеп алып, кету.
– Айлық хақыңыз,– деді Мұратов, столдың Ботагөз жақ шетіне аяғын
аса отырып,– биш сом икəн, дұрыс ма?
–•Білмеймін, солай болса солай шығар. Не де болса беріңіз.
– Борышларыңны қарим.
Мұратов бір книганы алды да, ішін ақтарып, бір жеріне бармағын
нұқып:
– Көп алған икəнсіз,– деді.
– Не алыппын?
– Жарты кяғаз шай алдың ма?
– Алдым.
– Бір сом жигірма биш тиін. Икі қадақ қант алдың ма?
– Алдым.
– 80 тиін. Биш қадақ ит алдың ма?
– Алдым.
– Отыз тиіннəн: бір сом иллі тиін. Жеті кез ақ алдың ма?
– Жеңгем нашар болғансың кебініне алып ем.
– Жігірмі сигіз тиіннəн: бір сом 94 тиін, пұт жарым ұн алдын, ма?
– Алдым.
– Бір сом он бес тиіннəн: екі сом отыз тиін. Барлығы жеті сом 79 тиін.
Икі сом 79 тиін артық алған икəнсіз. Балтабек синін, братың ма?
– Ағам.
– Оның төрт сом 40 тиін бирəшəгі бар икəн. Білəсіз бə оны?
– Білмеймін.
– Сіз төлейсіз, оны.
Ботагөз не айтарын білмей аз сасқалақтап тұрды. Үйінде ішер тамақтан
– ұннан басқа қалғаны жоқ еді. Сөзін «мұсылман баласы екенсіз» деп
бастап, Ботагөз жыламсырап тұрып, Мұратовқа жеңгесінің, нашар
жатқанын, өзінен басқа үйінде жұмысқа жарайтын жан жоғын айтып, аз да
болса ақша беруін өтініп жалынды.
– Сіздей матур қызға ақша қажет пе?– деді Мұратов, столдан түсіп,
Ботагөзге жақындап.
– Қажет болмаса айтам ба?– деді Ботагөз.
– Мин бирем сізге.
– Ағатай, өзің біл, өтінем!
– Бірақ...
«Бірақтың» артынан Мұратов жымыңдап, кескініне қарап, үндемегесін:
– Не айтасыз?– деді Ботагөз жорамалдап.
– Ашуланмайсыз ма?
– Несіне ашуланам?
– Мин дə матур жігіт. Рас па?
Ботагөз үндемеді.
– Син матур қыз... енді білдіңіз ме?
– Туралап айтыңыз,– деді Ботагөз бойын ашу кернеп.
– Сіз бала түгіл... борышларың сызып ташлимын. Алмаймын... Жəне
бес сом бирам...
– Не нəрсеге?–деді Ботагөз түсін суытып, көзін қадап.
– Түнде мына киімлəріңні ташлап кил мынау үйге!..
Мұратов қолымен терезеден бір үйді нұсқап еді, Ботагөз қараған жоқ.
– Онда қайтесіз?– деді Ботагөз жігерлі дауыспен.
– Қайтемін... білəсін бит... мин яш жігіт, син яш қыз!
– Собака!– деді Ботагөз бетіне едірейіп бір қарап, бұрыла жөнеліп,–
шошқа!.. Сволочь!..
Иығынан ұстаған Мұратовты сілкіп тастап, ашулы адыммен есіктен
шыға бергенде, Ботагөздің көзінің жасы домалап-домалап кетті.
Ботагөз баракқа келсе, Айбала нашарланып қалған екен. Күндегі
дағдысында Айбала жұмыстан шаршап келген Ботагөзді ренжітпейін деп
«қалайсың?» деген сұрауына, «тəуірмін» деп жауап беретін. Сырқаты
жанына батып отырса да, көңілі ,көтеріңкі отырған адам сықылданып, аратұра қулық айтып, Ботагөздің қайғылы ойын сергітуге тырысатын. Сол
күндегі дағдысымен Ботагөз бараққа кіріп, қасында май шам жанып
тұрған, шалқасынан жатқан Айбалаға жақындап:
– Қалайсың?–деп еді.
– Тəуірмін,– деген сөзді дауысы əлденеше рет бөгеліп-бөгеліп зорға
айтты.
Күндегі дағдысымен Ботагөз Айбаланың маңдайына қолын салса,
жылбысқы суық тер шып-шып шығып жатыр екен. Басы күндегідей ыстық
емес, қоңыр салқын. Ботагөз заводтың фельдшерінен өкпе туберкулезі
туралы түсінікті тілмен жазылған кітапшаны сұрап алып, оқып шығып еді.
Маңдайына суық тер шығып, басы салқындаудың арты жаман екенін ол
білетін. Сондықтан, жүрегі жылдам соғып, бойы дірілдей бастады.
Өз жайын өзі шамалап жатқан Айбала Ботагөзді ендігі алдауының жөні
жоғын біліп, тілі күрмелгенше бақұлдасып қалуға ойлады.
– Сəулем, басымды көтерші,– деді ол, осы үш сөзді əлденеше бөліп
айтып.
– Сусын ішесің бе?– деді Ботагөз.
– Берші, тамағымды жібітейін.
Аузына берген сусынды Айбала жұта алмай, көже омырауына төгіліп
кетті. Бұл қалға түскенін көрген Айбала, мұңын сөзбен шағуға шамасы
келмейтін болғасын, ішкі сезімін көздің жасымен білдірейін деп еді, көз
жасы таусылғандай жылай алмады.
– Еркем!–деді Айбала өз сөзіне өзі қақалып,– Сəулем, жан досым...
бауырым... бауырым... бақұл бол!..
Ботагөздің көзінен жас ыршып-ыршып кетті. Айбаланың аузынан
бөлшектеніп шыққан əрбір сөз Ботагөзге жан алатын əзірейіл, не болмаса
атқан оқ тəрізді көрінді. Айбаланың арық денесін ауыртпай сүйеп, егіліп
жылап отырып, оның айтқаны:
– Апатай-ай, жаман сөзді айтпашы!
Басқа сөз айтуға əлі келмей, шаршағандай болған Айбаланы тынықсын
деп, Ботагөз оны жатқызды. Айбала сол жатқаннан тан, қараңғысына шейін
Ботагөзге тіл қатқалы əлденеше рет оқталса да, дауысы шықпай, ерні ғана
қыбырлап, бір ауыз соз айта алмады.
Түні бойы екі көзін Ботагөзден алмаған Айбалаға келген ой: «Апыр-ай,
адамның көз жасы мұндай коп болады екен-ау!» Расы солай: іңірден
жылаған Ботагөздің жасы омырауына жаңбырдай саулап, тан, қараңғысына
шейін бір тыйылған жоқ.
Айбаланың нашарланғанын, Ботагөздің жылағанын көріп аяған
көршілес жатқан жүмысшылардың əйелдері, түні бойы жұбатқысы кеп,
Ботагөзге əртүрлі сөздер айтып еді, ол сөздер Ботагөздің миына бармай, бір
құлағынан кірсе, екінші құлағынан ағып кетіп жатты.
Өткен күн Айбаланың қасына тастап кеткен кемпір, өлікті көп көрген
тəжірибелі кісі еді. Жүмысшылар тан, қараңғысында күндегі дағдымен
киініп жұмысқа кетіп болғасын, Айбаланың жан тəсілім қылуға
айналғанын жобалап:
– Шырағым,– деді кемпір Ботагөзге,– сен далаға шығып келші. Көп
жыладың ғой. Таң атуға жақын. Бүгін жұмысқа бармассың. Қайтып кеп
ұйықта. Далаға шығып келмесең, көп жылағасын басың ауырады.
– Бар сəулем!–деді Айбаланың күрмелген тілі сол арада кенеттен
шешіліп кетіп, сөзін бөліп айтса да,– бойыңды сергітіп кел!
Айбаланың тілі шыққасын, Ботагөз қуанып кетті. Түні бойы жылай
бергендіктен басы қаңғырып, миы меңзең боп ауырған еді. «Шықсам
шығайын» деген ой түсті оған. Бірақ «шығайын» деген сөзді ол айтпады,
шығуға ыңғайланып төсектен түсіп Айбалаға қарап еді, көзі баяғы дені сау
кезіндей нұрлы екен.
«Көзі түзелді, ешнəрсе етпес!» деп қуанды Ботагөз барақтың есігіне
қарай жөнеліп. Ботагөз есікке қарай жөнеле бергенде, Айбала кірпігін ең
ақтық рет қағып, ақтық демін ышқына алып, аз күн дүние көрген көзін
біржола жұмды...
Ботагөз барақтан шықса, даланың ауасы тамаша таза екен. Майдың
майы шыққан гүлді жасыл даласының исі жұпар сықылды. «Осы ауадан
Айбала бір жұтса,– деп ойлады ол, барақтың шығыс жағында бір саяңдау
жерге қарай адымын кеңірек басып жөнеле беріп,– жазылып кетер еді-ау!»
Қаннен-қаперсіз сайға қарай аяңдап бара жатқан Ботагөз, артынан біреу
шап беріп ұстай алғанда селк ете түсіп, қатты қысқан құшақтан сытылып
шығуға жанталасты.
Аш белден темір құрсаудай қатты ұстаған қол, Ботагөздің есін
жинатпай, жетіп келген пар атты арбаға алды да ұрды.
– Тарт!– деген дауысты естіді Ботагөз.
Божысын қағып қалған пар ат, поездай қатты екпінмен тартып кете
барды.
Бетіне таңның салқыны соғып, аздан кейін есін жинай бастаған Ботагөз
демін ышқына алып:
– Кім де болсаң босат денемді, өліп барам!– деді қорғасындай ауыр
салмақпен басып жатқанға.
Басып жатқан қатты қысқан құшағын босатып, Ботагөздің арбада басын
көтеруге ерік берді.
Денесі темір құрсаудан босанғаннан кейін, Ботагөз арбаның ішінде
басын көтеріп отырып, екі жақ қолтығынан ұстаған екі адамға кезек-кезек
қарады.
Бүркітбайды да, Ерғазыны да ол танитын еді. Ерғазы өткен жаз «ойнапкүлейік» деп кісі сап маза бермеген, Ботагөз оған көнбеген.
«Бұлардан басқа кім бар екен?» деп ойлап Ботагөз алды-артына қараса,
божы ұстаған бір жігіт отыр. Одан басқа ешкім жоқ.
– Жібер!–деді Ботагөз қолын екі жақтағы қолтықтаған қолдардан
суырып.
Бүркітбай да, Ерғазы да: «қайда барар дейсің?» дегендей босатты.
– Мені қайда апарасыңдар?– деді Ботагөз ашулы дауыспен.
– Ауылға!– деді Ерғазы.
– Қай ауылға?
– Біздің ауылға?
– Неге?
– Қатын қылуға!
– Кімге?
– Əкем Итбайға.
Ботагөздің жұдырығы мұрнына қалай сарт ете түскенін Ерғазы
аңғармай қалды.
– Мына қыз қайтеді?–деп, ду ете түскен мұрнына қолын апарып еді,
жып-жылы бірдеме біліне кетті. Қараса, қан екен.
Ботагөз екінші ұмтылғанда, екі жақ қолы да баяғы темір қақпанға түсті.
– Əй, имансыздар, мүртеттер!– деді ол, қатты ышқынған дауыспен.–
Ұят бар ма сендерде? Сендер аңсыңдар ма, адамсыңдар ма?
– Адамбыз!– деді Ерғазы.
– Сендер аңсыңдар, шошқасыңдар!.. Неғып батылдарың барды, жеңгем
өлейін деп жатқан күні алып қашуға?!
Бойын ашу кернеген Ботагөз ұстап отырған екі жігітті көтеріп кете
жаздады.
– Əй, Бүркітбай!–деді Ботагөз, бұлқынғаннан түк шығары жоғын біліп,–
тілеуің бар жігітсің. Жаның неше жерден қара тастай қатты болғанмен ая
мені!
– Не істе дейсің аяғанда?– деді Ботагөздің сездері арына инедей
қадалған Бүркітбай.
– Итбайдың мені алғысы келеді ғой?
– Алғысы келмесе, алып қашамыз ба?
– Мен бұл күнге шейін көнбей келдім. Енді көнейін...
– Е, бəсе, солай деші...
– Жалғыз жаным бар,– деді Ботагөз жалбарынып,– өтірік сезім емес.
Итбайдың есігінде күңі болуға, он қатын үстіне тоқал боп баруға, олдабілдə, шыдайын, сен менің бір тілегімді бер!
– Не тілек?
– Өзімнен артық көрмесем, кем көрмейтін, өмірдегі шын сүйіскен
досым, жеңгем – Айбала, бүгін-ертең өлгелі жатыр. Қасында жан ашыр
жан жоғын білесің. Өлсе, көметін де кісі жоқ. Жеңгемді көмген күні
Итбайдікіне өзім барайын.
Ботагөз бұл сөзді шынымен айтты.
– Ойбай,– деді Ерғазы дауысын созып,– болмайтын кеңес не керек.
– Əй, шіркін, адам емеспісің тілеуің бар емес пе?–деді Ботагөз, ұялтам
ба деп.
– Əрине, адаммын. Бірақ босат деген өнбейтін сөзді айтпа!
– Сен ит болғанмен, мен ит емес,– деді Ботагөз тағы да шын
ықласымен,– айтып келем ғой, жеңгемді көмген күні өзім барайын деп, бұл
шын сөзім!
– Тапқан екесің сенетін кісіні,– деді Ерғазы кекетіп күліп.
Осы кезде қыз алып қашқандар Ақсақсары тауының беліне шығып,
асудағы айыр жолға жақындап қалған еді. Айыр жолдың қоспағында қалың
қарағай болатын. Жол қарағайды жағалап кететін. Бұлар жолдың сол
жағына түсе қалғанда, он шақты салт кісі дүрсе қоя берді.
– Мынау не сұмдық?–деді Бүркітбай сасқан боп.
– Бұлар кім?–деді Ерғазы да үрейленіп.
Салт аттылар шауып келген бетімен пар атты басқа қамшымен тартыптартып жіберіп, біреулері аттардың шаужайынан ұстап, енді біреулері аттан
түсе ғап, арбадағыларға ұмтылды.
Бұлар кім екенін'білмей Ботагөз аң-таң болғанмен, Ерғазыларға дос
адам емес екенін жорамалдады.
Жанын қайда қоярға жер таба алмай, денесін тарантастың тар қорабына
сыйғыза алмай сасқан Ерғазы мен Бүркітбайға аналар тимей, Ботагөзді
арбадан жұлып алды да:
– Мін мына атқа!– деді бір салт атты тосып.
– Кімсіңдер?–деді Ботагөз...
– Оны кейін білесің. Мін тез!
Кім екенін білмеген Ботагөз, салт атқа тақымы тигесін, достық желдің
лебізін шығарғандай болған жат адамдардың дүрмегімен қалың қарағайға
сіңді де кетті.
6
Темірбектің Итбай үйінен шығуына себеп: Итбайдың Ботагөзде көңілі
барын естуі айтқаныма көніп қарындасыңды бермедің деп Кенжетайды
Итбайдың пəлемен ұстатуы еді.
Үйінде жұмыс істеп жүргенде Итбайдың Темірбек ырысы сықылды еді.
Əкесі – Байсақал да, баласы – Итбай да кісі жалдай жүре, Темірбектей
жұмысқа адал, ерінбейтін жəне мықты жалшыны ұстап көрген емес.
Сондай есігінің құты болған, Темірбектің кетуіне Итбай қатты қынжылды.
– Менің есебімді бер!– деді ол Итбайға, Кенжетай ұсталып кеткесін.
– Неге?
– Шығам.
– Неге шығасың?
– Шығам.
– Неге?
Итбай қанша шұқшиып сұрағанмен Темірбек «шығамнан» басқаны
айтпады. Біреулер:
– Осы неме Кенжетайдың намысын жыртып жүрген шығар?–деп еді
тағы біреулер:
– Бұл немеге ондай намысты кім берді дейсің, өгіз сықылды неме емес
пе, ішкен асы мен істеген жұмысын білетін,– дегенді айтты.
Неге екенін Итбай білмей-ақ қойды. Темірбек «шығамнан» бір танбады.
Ақырында Итбай – рұқсат берген соң, ақы-пұл сұрамай өз бетімен .кетіп
отырып, алтын іздеуші старатель артеліне кірді. Оған міне, жыл жарым.
Шешесі қолында.
Старатель партиясының Темірбекке жыл жарымда жарытып берген
ақысы да шамалы. Күн көретін ғана пайда табады. Сонда да завод, шахты
маңынан ол кетпейді. Темірбектің құлақ тігетін кеңесі біреу ғана. Ол –
Ботагөзге Итбайдың қызығуы. «Алып қашты» деген хабарды ол жыл
жарымнан бері күнде күтеді. Жыл жарымнан бері оның жамбасынан
қайраулы ақ балта түспейді. Оның өзіне берген мықты серті: «Ботагөзді
алып қашқан күні Итбайдікіне барам да, Итбайды да, оның балаларын да
шауып өлтірем, өзімді де шауып өлтірем!»
Консерв заводына егізбен барып .қайтқаннан бері Темірбек:
– Неге алып қайтпадым?–деп өкінді.
Оның үстіне Айбаланың нашар жатқанын естіген Ұлберген ағыл-тегіл
жылап:
– Неге əкелмедің?– деп мазасын алды.
Бұл өкініш жанына батқан Темірбек алтын заводына бара, артель
бастығына: «тағы да жібер!» деп өтініп еді, анау:
«Кеше неге əкелмедің? Істегің келмесе артельден шық, əйтпесе, күнде
қыдыруды өзгелер көтермейді» деп, рұқсат етпеді.
Артельден шықса күн көруі қиынға түсетінін біле тұра, Темірбек шыдай
алмады. Бір таныс адамына жалынып-жалбарынып атын сұрап алып,
артельдің бастығына:
– Шығарсаң да амал жоқ, барып қайтам,– деп жүріп кетті.
Темірбектің алып күшіне, адал қимылдауына қызыққан артель бастығы
үзеңгіге аяғын салғанша «шығарамын!» деп қорқытып, аттанған соң:
– Енді тезірек барып кел!– деп, рұқсат берді.
Күндіз жұмыстан қалжыраған Темірбек бір ұйқтап алып, таң
қараңғысында аттанды. Жолшыбай оның ойын улаған нəрсе–«Айбала не
күйге ұшырады?»
Ақсақсары тауының асуына ол таң біліне жетіп еді, жолда Бүркітбай
мен Ерғазы кездесіп, өте шықты.
Темірбек бараққа жеткенде күн шашырап шыға бастап еді, атын
барақтың алдындағы діңгекке байлап, барақ ішіндегі Айбала жатқан жерге
жетіп барса, бетін ескі шапанмен жапқан Айбаланың қасында екі-үш əйел
томсарып отыр екен.
– Балтабектің қатыны осында ма?– деді Темірбек, беті жабулы Айбала
екенін, я емес екенін білмей.
– Осында. Өзің кім боласың, шырағым?–деді бір кемпір.
– Балтабектің інісі едім.
– Əнеугі келген жігіт қой,– деді бір əйел, күбірлеп.
Кемпір Темірбектің кескініне ойлы кескінмен үңіле аз қарап тұрып:
– Жеңгеңді бердік, қазаның қайырын берсін, шырағым!–деді күмілжи
сөйлеп.
Кенеттен естіген жамандық хабар ақылына тез қона қоймағандықтан ба,
болмаса нашар жатқанын көргесін көңілі суығандықтан ба, əйтеуір,
Айбаланың өлу хабары оған шу дегенде онша əсер ете қойған жоқ.
– Ботагөз қайда?–деп сұрады ол.
– Сол бала мана шығып кетіп еді, əлі келген жоқ. Білмейміз қайда
жүргенін.
– Қайда кетіп еді?
– Далаға шыққан. Мына жеңгесінің жаны шығуға жақындағасын,
қорқар деп алдап шығарып жіберіп ек.
– Содан бері қайда жүр ол?
– Білмейміз, бейшара баланың қайда жүргенін əлде жұмысқа кетіп
қалды ма екен?
– Қой, неге кетсін, кетем деген жоқ та, айтпай кете ме?–деді бір əйел.
– Кетпесе қайда жүр? Биенің бір сауымы болды ғой,– деді кемпір.
Айбаланың өлу хабары удың уытындай Темірбектің денесіне
шыжымдап жайылып, бір кезде оның барлық денесі өртке шалынғандай
дуылдай бастады. Бірақ ол жайшылықтағы сыр бермес мінезінен бұл жолы
да айрылмады.
– Ботагөзге не болды?– деді ол іші өртеніп тұрып.
– Білмейміз,– деді əйелдер.
Демін ышқына алып, қатты күрсінген Темірбек далаға шығып,
əркімдерден сұрау салып еді, Ботагөзді ешкім көрмеген екен. «Бойнаға
неғып кетіп қалады?» деп ол, атына міне сала, барып сұрау салып еді, онда
да жоқ.
«Бұған не болды?» деп таңданған Темірбек, бараққа кеп тағы сұрау
салып еді, барақ ішінде бір əйел мынадай сөзді айтты:
– Таң қараңғысында дəретке шығып сайға қарай бара жатыр ем, пар
атты арбаға біреулер бір адамды басып салып, алып қашып кетті. Кім
екенін білмедім. Сол болмаса.
«Пар атты» дегенде, Темірбектің есіне қарсы жолыққан Бүркітбай мен
Ерғазы түсті. «Олардың арбасында Ботагөз жоқ еді ғой?» деп ойлады ол.
Түске шейін сұрау салып, еш жерден Ботагөздің хабарын біле алмаған
Темірбек Айбаланың сүйегін арбасына салды да, қайғы мен ыза араласқан
қара түнекті кескінмен үйіне қайтты.
Жолшыбай оның көз алдынан елестеп кетпеген екі нəрсе: Ботагөз бен
балтасы.
Балтасына оның тез жеткісі келді. Балта оған: Бурабайдың бойындағы
бар орманды отайтын, бар тасты талқандайтын, сүйтіп Ботагөзді ұрлаған
адам қайда жасырынса да таппай ,қоймайтын қару сықылды көрінді.
«Балтама тез жетейін!»–деді ол, атын айдай түсіп.
ҮШІНШІ ТАРАУ
БАС КЕСКЕН БАЛТА
1
Ботагөзді құтқарып алғаннан кейін Амантай серіктерімен ақылдасты да,
Меңіреу аталатын қалың қарағайдың жолдан алысырақ түкпіріне кіріп
бекінді, азықтары – Итбайдың малы.
Бұл істің кімнен болғанын білген Итбай, уезге мəлімдеме жіберіп, уезд
шаралар қолданып көріп еді, одан іс шығара алған жоқ. Қанша іздегенмен
Амантайлар мекенің таптырған жоқ. Əбден кектесіп алғаннан кейін,
Амантай тобы тығыла беруді қойып, көрініс беруге, топтанып Меңіреуден
далаға шығып жүруге айналды. Қауіп пен қатерге ағайындасып алғаннан
кейін: «бір түн жалынсын, Итбай сақ болсын, бауыздап кетем!» деп хабар
айтты Амантай.
Бір күні күтпеген хабар сап ете қалды.
– Уа, немене?!– десті Амантай тобы шуылдап.
– Бір жаманат естіп келдім.
– Не жаманат?
– Патша қазақтан солдат алатын бопты.
– Оны қайдан естідің?
– Кеше урядник осы хабарды əкелген екен, бүгін ел іші шапқын.
– Сенің кейде қулығың болушы еді. Абайла! Бұл ойыншық сөз емес!–
деді Амантай хабаршыға.
– Мені жауырын деп тұрмысың, не бала деп тұрмысың – деп хабаршы
кейіді.– Бұндай сөзбен ойнайтын мен жынды ма?
– Неше жастағыны алады екен?
– 19 бен 31-дің арасын алса керек.
– Бұл бұйрық кімдікі екен?
– Қайдан білемін кімдікі екенін. Мен қасында отырып жаздырды
деймісің?
– Ел неғып жатыр.
– Не қылсын. Азан-қазан, у-шу. Қасқыр талаған қойдай үрей. Ерсіліқарсылы шапқын.
Жігіттер «енді не істейміз?» дегендей, салбыраған бастарын көтеріп,
Амантайға қарады.
– Тағы да кісі жіберіп білдірейік,– деді Амантай, аз ойланып,– мүмкін
өтірік қауесет боп, жұрт жəй дүрлігіп жүруі.
2
Орта атты желдіріп, шеткі атты шаптырып, Бурабай жақтан келетін қара
жолдың шаңын аспанға шығарып, қатты келе жатқан пар атты Кошкин
екенін Итбай алыстан болжады.
Бұл кезде Итбай ауылы Көксеңгірдің көк төбесінен өтіп, Сілейті өзені
жақтағы кең жайлауға шыққан еді. Ол ара Бурабайдан суыт жүрген кісіге
күн жарымдық жол болғанмен, соңғы бір айдың ішінде Кошкин ат ізін
суытпай өте жиі келіп кететін. Келген сайын бір үлкен жаңалық хабар
əкелетін.
Басқа күндерде келетін əдетіндей Кошкин: орта аттың барлық
желісімен, жəне қамытын ауыз омыртқасына апара, арбаны күшін сала
тартқан шеткі аттың барлық шабысымен, доғаға байлаған екі қоңыраудың
тымық далада ызыңдап шіңгірлеген дауысымен, жолдың шаңын
бұрқыратып отырып, үйдің түбіне екпінмен кеп тоқтай қалды.
– Аман!– деді Кошкин Итбайға, қылышын сол қолымен ұстай, арбадан
қарғып түсіп, кескіні күп-күрең боп.
– Здрасти,– деді Итбай қолдасып.
– Мен сізге өте тығыз бұйрық əкелдім.
– Не бұйрық?
– Кіргесін айтам.
Болыстың кеңсесі Итбайдың отауында еді. Горбунов сонда аяқтағы
қымызды анда-санда бір жұтып, столдың қасында қағаз жазып отырған.
– Ə, Платон Трофимович!– деді Горбунов ұшып түрегеліп,– Қош
келдіңіз, төрге шығыңыз!
– Мое почтение, Гавриил Гаврилович.
– Сусаған шығарсыз?–деді Итбай, Кошкин Горбуновтың қасына
отырып, ернін тамсанғасын,– қымыз ішесіз бе?
– Əкеліңіз!
Үлкен сары аяқпен берген түнемел қымызды Кошкин аптыға бір-ақ
жұтты да, маңдайынан бұрқ ете түскен терді саусағымен сыпырып, ұртын
толтыра бір кекіріп алып, сумкасына қол сала бастады.
Ботагөзді Ерғазы мен Бүркітбайдан біреулер жолда тартып əкеткен
хабарын естігеннен кейін, Итбай ол кісіні Амантайға жорып, уезге бұл
туралы мəлімдеме жіберген. Уезд: «тез ұстап əкел!» деп Кошкинге бұйрық
берген.
Ізіне біраз түскеннен кейін Кошкин Амантайды анықтаған. Бірақ
ұстауға қолданған шаралары іске аспаған. Соңғы келіп кеткен жолы ол
Амантайды не қылған күнде, серігімен қолға түсірем деп кеткен. Итбайдың
Кошкиннен күтіп отырғаны осы хабар еді.
– Не хабар бар Амантайдан? – деді Итбай, Кошкин түрген іргесінен
самал соққан үйде, аздан кейін тері кеуіп демін алғасын.
– Еш хабар жоқ. Таптырмайды. Қазақтар өтірік айтады. Жасырады
иттер, көргеміз жоқ дейді. Қонып кетті деген үйге барып сұрасам да
айтпайды. Но, енді ұрдым талайларын аузынан қанын ағызып! Сол
маңдағы талай қазақтарды жауып та көрдім. Талайын ұрдым да. Айтпады,
иттің балалары. Қазақтың бəрі подлец емес пе... Ғафу етіңіз!–деді Кошкин,
Итбайдың көңіліне келіп қала ма деп,– сіздей жақсы қазақтарды
айтпаймын. Жаман қазақтарды айтам.
– Ояз не айтады?
– Мен уезге: «Меңіреудің қарағайын өртегеннен басқа жол жоқ!» дедім.
Уезд «əуелі қазынаның көп ағашы күйеді, маңындағы ел күйеді» деп
көнбеді. Мен: «Амантайдың шайкасы көбейіп, бірнеше жүзге жетті.
Мылтықтары бар дейді. Егер де ол шайканы таратпаса, үкіметке қауіпті»
дедім. Уезд ойланып-ойланып, кеше осында аттанарда: «осы жолы ұстай
алмасақ күйдірейік» деді.
– Дұрыс!–деді Итбай.
Урядник сумкасынан сургучпен печаттаған пакетті алып, Горбуновқа
берді. Горбунов пакетті ашып оқыды. Жайшылықта дыбырлаңқырап тез
сөйлейтін Горбунов қағаз оқығанда ерні ерніне жұқпай, ылғи «р» мен «л»
дан құралған сөз сықылдандырып, түсініксіз ғып жіберетін еді. Сол
əдетімен, қалың сары қағазға ірі қарыппен жазылған сөздерді Горбунов
көзін қағазға тайғанақтатып отырып, өте тез оқып шықты да, «не
түсіндің?» дегендей Итбайға көзінің астымен қарады.
– Не екен?–деді Итбай.
– Сез билесіз?–деді Горбунов, қазақ сөзін бұза сөйлеп,– усу согыс.
– Ие, соғысты білем...
– Тыл білесіз?
– Не тіл?– деді Итбай «тыл» дегенді «хабар» екен деп түсініп.
– Усу ору сөз «тыл»,– деді Горбунов.
– Ол не деген сөз?
– Соғыс барады. Солдат соғысады. Солдат окоп қазады. Усу орус – тыл
айтады.
«Тылға» да, «окопқа» да Итбай түсінбегесін, Горбунов қағаз бен
қарындаш алып, майданда нендей атпен аталатын орындар болатынын
суретін салып отырып, біраздан кейін зорға деп түсіндірді. Содан кейін осы
«тылға» қазақтан 19 бен 31-дін, арасы алынатынын айтты.
– Алса береміз,– деді Итбай.– Патшаның бұйрығынан кім бас тартады?
Əкелген жаңалықтарын Итбайға естірткеннен кейін, Горбуновпен біраз
оңаша қалып сөйлесетін, урядниктің дағдысына үйренген Итбай:
– Менің, бір жұмысым бар еді. Сіз тынығыңыз,– деп шығып кетті.
Солдат алыну оқиғасы Итбайға оны толғандырарлық жаңа оқиға
көрінген жоқ. Көкшетауда Кривоносов болыстардың жиылысын шақырып,
соғысқа беретін көмектерін айтып таратқанда, Итбай сықылды сенімді
болыстарды іркіп алып қалып, қазақтан солдат алынуға мүмкіндігі барын
айтқан. Өзге болыс үндемегенде: «алса береміз,– деген Итбай,– елді мен
бір күнде көндіріп берем».
– Болыста бөтен ой жоқ па?– деді урядник Горбуновқа, Итбай
шыққаннан кейін. (Бұл сұрауды ол келген сайын беретін еді.)
– Жоқ. Бұл жақсы болыс. Қызметті адал істейді.
– Енді дəурен сүреміз ғой!– деді Кошкин Горбуновқа жымия қарап.
– Сүреміз!– деді Горбунов та жымиып, «сүреміздің» мағынасы «пара
аламыз» екенін түсініп.
– Адамның тізімі қайда?
– Сандықта.
– Енді оған берік болыңыз. (Горбунов «неге»? дегендей Кошкинге
телміре қарады). Ол список бізге енді «доходная касса», Гавриил
Гавриилович! (Горбунов түсініп, басын изеді.) Əлде, менен олжаны
қызғанасың ба?
– О не дегеніңіз, Платон Трофимович, адам аз олжаны қызғанады. Осы
елдің бар малы біздікі болғалы тұрғанда несін қызғанам! Сізге де, маған да
жетеді.
– Итбайдың ниеті тар, Гавриил Гавриилович. Дүниенің бар малын
қолына берсе де ол азсынады. Олжаның бəрін оның өзі алғысы келер. Оған
көнбеңіз.
– Неге көнем? Тізім менде.
– Но, енді, байимыз, Гавриил Гавриилович.
– Да, байимыз, Платон Трофимович!..
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ботагөз - 17
  • Parts
  • Ботагөз - 01
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 1990
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 02
    Total number of words is 3835
    Total number of unique words is 2043
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 03
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2116
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 04
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2017
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 05
    Total number of words is 3894
    Total number of unique words is 2042
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 06
    Total number of words is 3848
    Total number of unique words is 2153
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 07
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2123
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 08
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2003
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 09
    Total number of words is 3912
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 10
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2112
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 11
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2051
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 12
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1988
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2200
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2095
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 16
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2023
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 17
    Total number of words is 3916
    Total number of unique words is 2124
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 18
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 2066
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 19
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2060
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 20
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2125
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 21
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2108
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 22
    Total number of words is 3807
    Total number of unique words is 2017
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 23
    Total number of words is 3701
    Total number of unique words is 2061
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 24
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2129
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 25
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2145
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 26
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2103
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 27
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2063
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 28
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2001
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 29
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2142
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 30
    Total number of words is 3880
    Total number of unique words is 2028
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 31
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 1962
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 32
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2086
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 33
    Total number of words is 1885
    Total number of unique words is 1150
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.