Latin Common Turkic

Ботагөз - 32

Total number of words is 3979
Total number of unique words is 2086
34.7 of words are in the 2000 most common words
50.0 of words are in the 5000 most common words
58.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Келгендердің Қызыл Армия бөлімдері екенін анықтаған олар, тобымен
келуге түсінбей атыс боп қалар деп ойлап, полкқа кісі жіберді.
Жолдан партизан отряды кездесу – Қызыл Армияға оның ішінде бұл
полктарға жаңалық емес еді. Ондайлар жолда талай жерден ұшыраған.
Сондықтан екі полктың соғыс советі тез ақылдасып, сақтық жағын еске
ала отыра, партизандарға келуге рұқсат берді.
Рұқсат алған қуанышты партизандар қызыл туларын желбірете:
«Жасасын Қызыл Армия. Жасасын Совет өкіметі!» деп ұрандап, даланы
басына көтеріп, тұс-тұстан ауылға қаптады.
Көпір басында Асқардың ауылына келгенін естіп, ұсталған
автомобильдердің біреуіне мініп ұмтылған Асан, аулына жан-жақтан
құйылған партизандармен бірге кірді.
– Асан мынау!– деді Сағит Асқарға. Асан үйіне кіргенде.
– Мен Асқарды танимын!– деді Асан.
Екеуі төстеріне төсін тақап, айқара құшақтасып, бірін-бірі қатты қысып,
қазақша көрісті.
3
Амандыққа қанып, Амантайды сүйіп мауқын басқаннан кейін Асқар
жүрмек боп еді, Асан рұқсат етпеді.
– Ботагөзге менің жаным сенен кем ашымайды,– деді ол Асқарға,–
əуелде сен үшін əкелгенмен, артынан бірге туған адамымдай болып кетіп
еді. Менен кінə жоқ.
Аман-есен үйіріне қосайын деп, не пəлеге, не бейнетке болса да шыдап
бағып ем, күшімнен асып кетті. Күштен де асқан жоқ-ау қапыда ұрылдым.
Көзбе-көз болғанда өзім өлмей жібермейтін ем. Ал енді, өзіңді көптен
тосып ем, аман көрдім. Жақсылығыңды өтедім бе, жоқ па, оған құдай куə.
Үйге кеп түскесін бір малымды жемесең риза емеспін. Содан кейін
ұлықсат. Ұлықсат емес-ау, өзім бірге кетем. Ботагөзді өз қолымнан
құтқармай мен тынбаймын.
– Саған мың алғыс, Асан!– деді Асқар,– менің жақсылығымды сен жүз
есе артық қып қайтардың. Ерлік істедің. Жан-тəнім риза. Жігіт екенсің.
Саған көмектескен халыққа да ризамын. Халық үшін қасықтай қанды
төгуге бейіл боп, не бейнетке болсам да шыдап ем, онымды халық ақтады.
Халық боп, халықтан шыққан біз боп бостандыққа ұмтылып ек, созған
арманға қолымыз еркін жетті, кедейдің күні туды, байлардың күні батты.
Енді бөгелмеу керек. Ботагөзді де құтқару керек... Асан Асқардың бөгелмей
тартуына көнбеді.
– Менің қонағасым сенен не қорқып, не жағынып беретін ас емес,– деді
ол,– қазақтың дəмді қадірлейтінін білесің.
Асқар командирмен ақылдасып еді, күн кешкіріп қалғандықтан тоқтауға
командир қарсы болған жоқ.
Қызылдардың бір ісі: жолшыбай соғысып алған жерлерге ревком құрып
келе жатыр еді.
– Осы маңда ел де көп екен,– деді командир, Асқарға,– жəне партизан
отрядының құрылған жері екен. Халықты жиып, митинг ашып, ревкомын
белгілеп кетейік.
– Жарайды!– деді Асқар.
Ұсталған қашқындарды Асан жақын деревнялардың біреуіне
қаматтырып, мықты күзет қойды да, өз қонағын күтудің жабдығына кірісті.
Асан малын сойып, етін асқанша, Асқардың өтінішімен жан-жақтағы
ауылдардың, партизан отрядының адамдары тайлы-таяғына шейін қалмай,
тегіс Асан ауылына жиналды.
Жиналған жұртқа орысшадан Орлов, қазақшадан Асқар – Совет
өкіметінің тұтатын жолы туралы баяндама жасады. Жұрт ол баяндаманы
шаршамай толық тыңдап, шаттық көңілдерін дауыстап, қол шапалақтап
білдіріп отырды. Баяндамалардан кейін халықтың өзі сөйлеп, ақтардан
көрген жапаларын айтып, жиылыстық аяғы түн ортасына шейін созылды.
Ревком сайлау жұмысы таңертеңге қалып əскерлер тынықсын деп жұрт
түн ортасы ауа тарады.
Асан өз үйіне жиырма бес шақты қызыл əскерлер түсірген еді. Ішінде
Орлов пен Асқар. Үйге кіре Асқардың құмартқаны ас болған жоқ –
Амантай болды. Бастан көргенде жалпы баланың біреуі сықылданған
Амантай, минут сайын оған жақын тəріздене берді. Митинг кезінде
Амантай оның көз алдында елестеді де тұрды. Ол Амантайды көруге
құмартты. Көргенше дəті шыдамады. Асқар митингіден келсе – Амантай
ұйқтап қалған екен. Ұйықтаған баланы сүюге оянып кетер деп, ашық
жатқан бетіне еңкейіп үңіліп еді, кескіні көзіне Ботагөз сықылданып кетті.
Асқар шыдай алмай, маңдайынан ғана тұмсығын тақап тұрып, қатты
иіскеді. Түнгі салқын, таза ауаға рахаттанып ұйқтап жатқан бала оған
оянған жоқ. Митингі тарай, Асан ауылының маңайы осы күнгі
парккультуралар сияқты əн-күйдің, сауықтың мекеніне айналды. Партизан
мен қызыл əскерлер араласқасын гармондар тартылды, өлеңдер айтылды,
билеушілер көбейді. Бұл ойындарды тамашалап тұрған елдің қатын-қалаш,
бала-шағасы тегіс жиналып:
– Е, бəрекелді, міне, жаңа арқамыз кеңіді ғой!.. Е, тəйірі осындай бір
жақсылық болса керек еді!.. Мұндай да елге жайлы салдат болады екен!..
Ылғи бір ширатылған жібек сықылды жұмсақ мінез жігіттер. Қызылдарды
оңды деген қауесет бар еді. Көз көрді. Рас екен. Қарасы өшкір ақтың
салдаты қырып жібере жаздап еді, атаңа лағнаттың жеңілгені де елдің
қарғысы шығар. Елге жайлы əскер – мына қызылдар. Осындай халыққа
жайлы болғасын, халық тілегін тілеп, қызылдардың ақты жеңгені де сол
ғой. Көп жасаңдар!..– десті.
Асан үйінің дəмін ішіп, тарағаннан кейін Асқар төрге төсек салдырып,
Амантайды қойнына алып жатты. Ол түні бойы көз шырымын алған жоқ.
Бірақ оны екі нəрсе ауыр ойға түсірмеді. Біреуі – бауырына кіре ұйықтаған
Амантай, екіншісі – ауылдың айналасындағы ойын-сауық.
Таң сібірлей қалғыған Асқар, беті жыбырлағанға ояна келсе – Амантай
оның кеудесіне асыла, мұрнын ұстап отыр екен. Еті аршыған жұмыртқадай
аппақ, денесі толық баланы Асқар бауырына қысып сүйді. Оның ұйқысы
ашылып кетті. Бұл күн көтеріліп қалған мезгіл еді.
– Сөйлейді,– деді от басында самауыр қойып жүрген Қалима.
– Ə, солай ма? Атың кім, қалқам?
– Ə-мə-тай...– деді бала сөзін созып.
– Əкең кім?
Асқар қарқылдап күлді.
– Апаңның аты кім?
– Бө-тə...
– Ə, қалқам біледі екен!..
– Біледі,– деді Қалима,– тіл шыққасын-ақ апам сөйлетіп, үйретіп
отыратын.
Ботагөздің Амантайды ұстап түскен суреті Асқардың төсқалтасында
еді, соны алып:
– Мынау кім?–деп сұрады Асқар, Ботагөзді нұсқап.
– Бө-т-тə...
– Мынау кім?..
– Ə-мə-тай...
Асқар Амантайды тағы да қысып сүйді, сүйді де көзіне жас алды, көзіне
жас алды да күлді.
Таңертең екінші рет ашылған митингіден кейін, қызылдар жергілікті
халықтың ұнатуымен Асанды болыстық ревкомға председател сайлап,
ревкомның ел басқаруы жөнінде Асқар Асанға нұсқаулар беріп, содан кейін
Асқар əскерімен ілгері жүруге жиналған еді.
– Тарс есімнен шығып кетіпті!– деді Асан Асқарға,– кеше көпірден
біраз адамдар ұстап ек, өте күдікті адамдар. Біз ұстарда қапқа орап Есілге
лақтырған нəрселерін, мен сүңгіп алып шығып ем, біреуі пулемет екен, ал,
біреуі бір темір сандық. Оны ашқамыз жоқ.
– Олар қайда?
– Осы арадан бес-алты шақырым жердегі деревняның тас сарайында
қамаулы. Алдырсақ қайтеді?
Асқарға «жергілікті ревкомның өз қарауына қалдырсақ қайтеді?» деген
бір ой келді де, «жоқ,– деп ойлады тағы да ол,– пулеметпен, автомобильмен
жүрген адам тегін емес шығар. Алдырып білейік».
Асқардың бұл ойын командир де мақұлдады.
– Біз жүре берейік,– деді командир Асқарға,– сен біраз адамдармен
автомобильді ал да, осында қалып ұсталған адамдарды тексерістіріп,
артымыздан қуып жет. Осыған сөз байласып, Асқар біраз қызыл
əскерлермен Асан ауылында қалып қойды. Полк ілгері жүріп кетті.
Ұсталған адамдарға автомобиль жіберіп, ауылға алып келгенше Асанның
кеңесі – Ботагөзді қорғауда басынан кешкен қиындықтар туралы болды.
Автомобиль аз уақытта оралып келіп қалды. Асқар отырған орнынан
қозғалған жоқ. Асан далаға шығып, айдаушылардың қоршауымен, үйге
қамалғандарды алып кірді.
Сақалы қауғаланып өскен Мадиярды Асқар тани кетті. Асқарды Мадияр
да таныды. Асқардан рахым күтуге дəлелі жоқ Мадияр, оның кескініне тура
қарай алмай, көзін аяғының астындағы жерге тікті. Басып тұрған жер –
оған енді жер сияқты емес, түпсіз тұңғиық қара үңгір сияқтанды. Қараңғы
үңгірден басы айналған Мадияр ешкімнен рұқсат сұрамастан отыра кетті.
Асан мен Асқар Мадиярдан жауап алудан бұрын, темір сандықтың
аузын сындырып ашып, ішін ақтарды. Сандықта алашорда комитетінің,
документтері, соғыс мəліметтері салынған екен. Есілге тастағанда ішіне су
кіріп, көп документ сиясы еріп, бүлініпті. Аман қалғаны аз.
Осы суланған документтерді ақтарып отырып Асқар,
бұйырылған адамдардың тізімінен Асан мен Ботагөзді тапты.
атылуға
Сандықтағы қағаз көп екен. Бəрін ақтарып, айырып оқуға ұзақ уақыт
керек болды. Сондықтан Асқар суланған қағаздарды кептіру үшін күнге
жайғызып, өзі Мадиярмен сөйлесті.
Асқардың Мадиярдан білгісі келгені: қайдан шыққаны, қайда
беттегендігі, алашорданың өзге адамдарының қайда екені, алаш
армиясының, ақтардың хал-жайы еді, Мадияр мұның біреуіне де жауап
берген жоқ. Асан: «ұрып айтқызайық» деп еді, Асқар оны істемеді.
Мадиярға күзет қойып, далаға шығып, Асқар Асанға ақылдасқанда:
– Сен құй ұлықсат ет, құй етпе!– деді Асан,– бұл иттің, қылығы өткен.
Мен мұны аттырам.
Асқар Мадиярды Н... қаласына алып кетейін деп еді, Асан сөзінде
қарысып отырып алды.
– Жаудың жауының жауы осы!– деді Асан,– мен мұны тірі жібермеймін.
Бұл талай адамның қанын осы араның өзінен төктірген. Қанға қанмен
жауап беретін кезегі келді.
Асқар ойланып барып көнді.
Үкім орындалды...
Амантайды бауырына қысып сүйген Асқар, Асанмен де сүйісіп
қоштасып, тез оралуға уəде қылып, автомобильмен жүріп кетті.
4
Н... қаласында ақтар үлкен қарсылық көрсетті. Қызылдар Оралдан
Сібірге қарай беттегеннен бері, Орскийден кейін ақтардың мықты
қарсылығы осы Н... қаласынын, тұсы болды.
Соғыс тактикасы жағынан Н... қаласынын, маңайы өте қолайлы еді.
Оның күнбатыс жағын ораған таудың бітімі қорған сықылды екендігі
романның – «Сəбиден сəлемдеме» деген тарауынан оқушыға белгілі. Осы
қорған тау, қаланы жақын жерден ғана қоршап қоймайды, оңтүстік жағы
бұйраттанып созылып, 50 –60 шақырым жерге кетеді. Ал, таудың солтүстік
жағы мен қаланың солтүстік жағын орайтын үлкен көлдің сол жақ
бүйірінен құйылатын өзеншік бар. Бұл өзеншіктің суы аз болғанмен, жары
терең, ой-шұқыры көп, жарының екі жақ қанаты тоғай, ұзын тұрқы жүз
шақырымдай.
Бас штабын Н... қаласынын, өзіне құрған ақтар, қаланың оңтүстігіне
созылған бұйраттың өн бойына, солтүстігіне созылған өзеншіктің өн
бойына шеп құрып үлкен ұрысқа күні бұрын əзірлік жасаған еді.
Ақтарды Орскийден шығарғалы үлкен қарсылық көрмеген Қызыл
Армия Н... қаласына сол қарқынмен келіп қалып, жердің жағдайы
разведканы алдап, осы арадан біраз адам шығын болды.
Н... қаласын алу төрт-бес күнге созылды. Қызылдардың бірінші күні
бетін қайтарған ақтар, шабуылға ойланып еді, қызылдар ен, алғаш жиырма
шақырымдай шегінгенмен, тез қарсы шабуылға кірісті.
Бір беткей, қаланын, күнбатыс жағынан соғысқанда, ақтар қаланы жуық
арада алдыра қоймайтын еді. Өйткені қызылдар келе жатқан жақ жазық
жалаңаш жер. Таудың арасына, өзеннің жыраларына бекінген ақтарға
зеңбіректен де, пулеметтен де оқ жаудыруға жəне жаудырған оғын дəлдеп
жіберуге қолайлы.
Бұл араның жер жағдайын Асқар жақсы білетін еді. Сондықтан қала
маңайының топографиялық схемасын жасауға, бекініс жерлерді дəл
көрсетуге оның кеп көмегі тиді.
Бұл кезде қызылдардың позиция қанатынын, солтүстік жағы – Қорған,
Түмен қалаларымен, оңтүстік жағы – Атбасар Қызылордамен қанаттасып
кеткен еді. Осы ұзақ шептің ойық жері Н... қаласынын, тұсы болды да, екі
жақ қанат ілгері сұғынып, солтүстік қанат – Ешім, Қызылжар қалаларына,
оңтүстік қанат – Ақмола, Шымкент қалаларына барып, позициялардың
сызығы доғаға айналды.
Н... қаласында ақтардың қатты қарсылық көрсеткен жəне шықпай
жатып алған хабардан естіген Қызыл Армияның екі жақ қанаты қаланы
орап алу амалына кірісті. Бұл амалды қолдануда Асқар жасасып берген
топография схемасы көп себеп етті. Сонымен, 249 полк қаланын,
күнбатысында аңдысып, атысып жатқанда, Қызыл Армияның екі жақ
қанаты қаланы орап қусырып кеп, қатты соғыспен түнде алды. Ақтардан
мыңдаған адам пленге алынды. Көп құрал олжа болды...
249-полк қалаға таң ата кірді. Бұл кезде ақтар қаладан ұзап, арттарынан
қуғын кетіп, қала қызылдардың қолына түгел көшіп болған еді. Өйткенмен,
қала іші абыр-сабыр, сапырылған адам.
249-полк қаладан өтіп, күншығыс жақ бетіне тынығуға түсті. Полк
тыныққанмен, қалада ақтардан алынған кеп плен бар деген хабармен:
«Ботагөз қолға аман түспеді ме екен?» деген ой кеп, Асқар қалаға қайта
барды да, қаланын, штабынан пропуск алып, тұтқын ақтарды түске шейін
аралады. Бірақ оның қыдыруы босқа кетті. Ботагөзден ол сыбыс білмеді.
Оның білген сыбысы – Кулаков дивизиясының пленге алынбай ілгері кетуі.
Іздеп-іздеп, Ботагөзден күдер үзген Асқардың есіне баяғы пəтерде
тұратын Салиха кемпір түсті.
«Ол қайда екен? Бейшара тірі ме екен? Əлде өлді ме екен?» деп ойлады
ол.
«Көрейін» деп Асқар жортып кетіп, бұрынғы жобасымен барып еді,
«осы ара еді ғой» деген мерзімді жерінде үй жоқ; күйген, я бұзылған үйдің
орны сықылды үйілген бір сары топырақ бар, айнала ермен, алабота
шығып кеткен. «Осы ара болу керек еді, қасындағы үйден сұрайын», деп
Асқар қалын, ерменнің, алаботаның арасымен, аржағында тұрған бір үйге
жөнеле беріп еді, аяқ астынан аты үркіп, жығып кете жаздады.
Жалт берген аттың үстінен түсіп қала жаздаған Асқар тізгінін тез тежеп,
тақымын орнықтырып, ат үріккен жаққа қарап еді, үй орнындағы үйілген
сары балшықтың ортасындағы бұзылған пештің кірпішінің үстінде – киімі
жалба-жұлба бір қартаң əйел отыр.
Аты үріккенмен: «бұл неғылған жан?» деп таңданған Асқар атын
тебініп, əйелге жақындады. Əйел ат үріккенде басын төмен салбыратып
отыр еді. Асқар үріккен атын тебініп жақындағанда, белін бүкірейтіп,
таянып түрегелді.
Əйелдің кім екенін Асқар таныған жоқ. Оның кескін-кейпінде, киімкешегінде адамға ұқсар жері жоқ, жəй ғана тірі əруақ.
– Шеше, кім боласыз?– деді Асқар кемпірге атын жолата алмай,
анадайдан.
– Шушы үйінін, хозяйкасы,– деді кемпір зорға сөйлеп.
– Үйіңіз күйген бе?
– Нəрсə булганын һиште билмим...
– Өзіңіз қайда едіңіз?
– Түрмəдə.
– Сіз Салиха апай емессіз бе?
– Ə-əйі, мин Салиха амай...
– Мен Асқар!–деді Асқар, атынан түсе қап, тартынған атын Салихаға
қарай жетектеп.
Салиха тəлтіректеп Асқарға жақындап, жылайын деп кемсеңдеп еді,
көзінен жас шықпады.
«Мен Асқармын!» деген сөзді естіген көрші үйдің жігіті жүгіріп кеп,
Асқарға амандасып, Салиханың басынан кешкен оқиғаны қысқаша
баяндады.
– Сенің əйелің бір жаққа кетіп қалып,– деді жігіт Асқарға,– соны тауып
бермедің деп ақтар бұл бейшараны ұрып-соғып, түрмеге жапқан еді. Содан
мана шықты. Үйін ақтар отқа жақты. Бірақ, расын айтқанда, соғыстың арты
неге соғарын білмей, маңайдағы үйлер қорқып кіргізбей, Салиха апайдың
далада отырған себебі сол еді.
– Осы маңайда бос үй бар ма?– деді Асқар жігітке.
– Анау тұрған Савелий Кабановтың үй іші ақтармен бірге қашып, үйі
бос қалып тұр.
– Жүріңіз, Салиха апай!– деді Асқар, Салиханы қолтықтап,– сол үйге
апарып орналастырайын. Əй, жігіт, атыңды ұмыттым, атың кім еді, өзіңді
танимын.
– Аманқұл.
– Əке-шешең бар еді, аман ба?
– Аман. Мен де сені білем. Дауысыңды танығасын келдім. Əйтпесе,
танымаған адамда не жұмысым бар. Аманқұлды Асқар біледі. Ол грузчик.
Салиханы Асқар қолтықтап, атты Аманқұл жетектеп, үшеуі Савелий
үйінің алдына келді де, атты қақпаға байлап, қарағай үйге кірді. Үй төрт
бөлме болатын еді. Сенегі, ас бөлмесімен алтау. Үй ішінде қираған
орындықтардан басқа жасау жоқ екен. Бірақ есік, терезесі, пеші бүлінбеген.
Ішін абойлаған жаңа қарағай үй саңғырап тұр.
– Əй, Аманқұл!– деді Асқар, Салиханы бір скамейкаға отырғызып, жанжағына қарап тұрып,– сен осы үйге ие болсаң қайтеді?
– Айта көрме...
– Жоқ, сен қорықпа. Ақтар енді оралады деп ойлама!
– Ақтар оралмаса да, Кабановтың мұндағы тұқымдары мені түтіп жер.
– Түк те қылмайды. Қалаға енді біздің үкімет орнайды. Жалғыз бұл
емес, Кабановтың өзге байларының үйін де тартып алып, сендейлерге
береміз. Сен мына Салиха апаймен осы үйге түс. Үйге екеуің ортақ
болыңдар. Ақша беріп кетейін, мен қайтқанша апайды сен күт.
Аманқұл ризаласты. Соғыс біте Н...ға оралмақ боп, сəби Амантай мен
Ботагөзді Салихаға көрсетпек боп, Асқар аттанып кетті.
Алексей Кулаковтың ақылымен Н... қаласынан кейін ақтардың
қызылдарға үлкен қарсылық жасаймын деген жері – Бурабай тауы еді.
– Қызылдарды тосып, қапыда ұшырататын Бурабай тауында екі жер
бар,– деген еді Алексей, корпустың командирше,– біреуі «Көкше» мен
«Өркешті» тауының аралығы арқылы – Шабаший қаласынан Бурабай
қаласына тік түсетін асу; екіншісі – Шабаший қаласынан шығып,
«Көкшенің» солтүстігімен Шабақ келінің жарын жағалап отыратын асу.
Сырттан келген қызылдар бастапқы асумен аспай амалы жоқ; ал егер бізді
алдымыздан орағысы келсе, соңғы асу қиын болғанмен, онымен де өтеді.
Ол асуды білетін іштерінде Асқар Досанов деген бар. Егер осы екі асуда
пулемет құрып отырсақ, қызылдардың біразын отаймыз. Мүмкін олар
шегінуі.
Таудың картасына қарап отырып, корпус командирі, Алексейдің
ұсынысын қабылдап еді, бірақ «алдымызды ораған қызылдар бар» деген
үреймен ол пландарын іске асыра алмай, үрейленіп дүркіреген солдаттарын
тоқтата алмай, Бурабай тауынан ақтар ағып өте шықты.
Олар Итбай ауылына барып түсті. Қызылдардың келе жатқанын естіген
Итбай тұқымдарында үрей жоқ екен, еркек кіндіктісі тығылуда екен.
Ауылына келген ақтардық ішінде Алексей Кулаков пен Сарыбас барын
естіген Итбай тұқымдары жиналды. Итбай өлгеннен бері болыстың
қызметін атқарып, «қызылдар жақындады» деген хабардан беpi, тауға
паналаған Елікбай да келді.
Сарыбасқа жылап көріскен Елікбай: «əйтеуір, шашылуға жиналған мал
ғой» деп, 40–50 қой сойып, 2-3 ту бие сойып, ақтарға қонағасы берді.
Кейінгі жағына қарауыл қойып, ақтар ас ішіп жайлағанда, Елікбай
Сарыбасты оңаша шығарып, қолына бір конверт ұстатты. Сарыбас ашып
көрсе, Базарханның хаты екен. Хат былай жазылыпты.
«Сарыбас!
Бұл хат сенің қолыңа тие ме, жоқ па? Сондықтан қысқа жазам. Ұзын
жазатын сөз де жоқ қой.
Менің көкейімдегі сөздердің бəрі сенің де көкейіңде. Өзің білетін
сөздердің несін қайталайын. Біз сіздің үйден дəм ішіп аттандық. Бетіміз
Семей. Құдай оңдап, біздің əскер қызылдың бетін қайтарса тоқтадық.
Əйтпесе, əрі қарай жылжимыз да. Арғы жолдың шеті Қытай екенін айтып
сені несіне мұңайтайын. Қытайға бір шыққан соқ, бұл жердің топырағын
басамыз ба, жоқ па?– Оны бір тəңірі біледі.
«Жаудың жеріне де бір қос тік» деген мақал бар, Сарыбасжан! «Үмітсіз
сайтан!» деген. Қытайға кеткенмен, болашақтан күдер үзбейміз. Бізде енді
қалған жалғыз жол: Совет үкіметіне аз адамдарымызды білдірмей
орналастырып, оны іштен шіріту.
Осы оймен, мен сен сияқты бірнеше алашорда жастарының совет алған
жерде қалуын, советтің қызметіне араласуын мақұл таптым. Менің бұл
ақылымды алған біздің біраз жастар, кейінгі: Қостанай, Ақтөбе, Орал
жақтарында совет қызметіне араласа бастаған болу керек: қызылдарға
тіленіп кіргендері де жоқ емес шығар.
Саған да айтарым: Қытай бізді жарылқаса да аз болмас. Сен ебін тап та,
ақтардан сытыл!.. Ар жағы белгілі ғой.
Базархан».
Бұл хатты оқыған Сарыбас, Елікбайдан мазмұнын жасырмақ болды.
– Несін жалтақтайсың, шырағым,– деді Елікбай,– қорыққанның жөні
осы екен деп, менен де сақтанайын деп пе ең? Хатты Базархан маған
оқыған. Бізде осы күні не ес бар. Сонда да осы ақыл маған өте қонады.
Сарыбас ұзақ ойланбай ағасының сөзін қостады.
Тауға жылысуға бел байлаған Сарыбастың бір ғана алаңы болды. Ол –
Ботагөз. Асан ауылынан тартып əкеткелі Ботагөз Алексейдің қарындасы
Елизавета Андреевнаның қасында. Алғашқы күндері инеліктей бүгілген
Ботагөз, тағдырына бас иді ме? Əлде қаталданды ма? Əйтеуір, аздан кейін
дағдылы адам қалпына түсіп алды. Сарыбас оның бұл қылығын «Алексейге
пенде болғандықтан» деп ойлап, оның өзінен, оны төңіректейтіндердің
кейбіреулерінен сыр тартайын деп еді, түйсінді ешнəрсе қолына ілікпеді.
Сарыбастың алғашқы жорамалы: «Алексей Ботагөзді аз күн
пайдаланады да, өлтіріп кетеді» деді. Кейінгі шамалауынша, олай
болмайтын сияқты. Қытайға ала кететін сияқты. Алексейдің Ботагөзді ұзақ
сүйреуі Сарыбасқа ұнамайды. Ол, Алексейге ықпал жасап, Ботагөз көзін
жоюға талай тырысты, бірақ өзеуреп жүрген Алексейге оспақтап болмаса,
ойын тура айта алмады.
Базарханнан хат алып, тауға тығылуға ойы кеткен Сарыбас, тəуекелге
бел байлап, Алексейге Ботагөз туралы ойын айтты. Оған Алексейдің берген
қысқа жауабы:
– Бұл менің ғана жұмысым.
Сарыбас ілінісейін деп еді...
– Мен сізге айттым, господин Итбаев,– деді Алексей,– «менің
жұмысым» деп. Түсінікті де, ұғымды да сөз.
Екеуі қабақ шытысып тарқасты.
Итбай ауылы тауға жақын күздікке қонған еді. Алексейден ажырасқан
Сарыбас, Елікбайға ғана сездіріп, орманы қалың тауға жытты.
Кейіндегі қарауылдан: «қызылдар жақындап қалды» деген хабар кеп,
ақтар Итбай ауылынан аттанарда Алексей Сарыбасты іздеді. Жоқ!..
Не қулықтың болғанын Алексей айтпай ұқты. Сондықтан ол Елікбайға
бұйрық беріп: «өзің біздің қасымыздан қозғалма! Кəрі əкеңді жібер!
Сарыбасты тапсын! Егер таппаса өзіңді атам, əкеңді атам, мал-мүлкіңді
талаймын, қора-қопсыңды, тауды өртеймін!»
Сасқан Елікбай əкесін жіберіп еді, таба алмай қайтты. Ызадан
тұншыққан Алексей Елікбайды өз қолымен атты да, өзге жандарына тимей,
малы мен мүлкін талауға, қонысын өртеуге бұйрық берді.
Ақтар аттана, ауылды өрт қаптады...
5
Ақтардың қолында Ботагөздің тұтқын болуына айға жақындады. Бастап
қолға түскен күндері ол, Кабановқа тиген Елизавета Андреевнаны өзіне
пана көрді.
– Лиза!– деді ол, Алексейдің бейбастақ мінезін көргесін, бірінші күні,
Елизаветаға,– біз екеуіміз бір кезде жанымыз бір дос ек, бірнеше тату
күндеріміз мектепте өткен еді. Оған көп уақыт болды. Мен мынадай күйге
ұшырадым. Бұрынғы достығың үшін, мені айуандық жəбірлеуден
қорғауыңды тілеймін.оқығаның бар адамсың. Мені атып тастаса, сен ара
түспе. Оған мен бейілмін. Бірақ мені мазақтауға, арымды аяғына басуға
ойлайтын адам болса, сен одан қорға. Панасыз, күшсіз мені мазақтың қол
жаулығына айналдырам деушілерден арашала!..
Бұл сөздер арына ауыр тиген Елизавета Андреевна Ботагөзді біраз күн
мазақ қиянатынан арашалап, айуандық мінез көрсеткен ағасы – Алексейді
ұялтты. Алексей қанша бейбастақ болғанмен, қарындасының жалынышты
жəне ұятты сөздерінен қаймығып, зұлымдық ниетін тежей берді.
Алексей ойға алған ісін орындап шығуына қашан да сенетін еді. Оның
бір мықты сенгені – қызылдарды жеңу еді. Бурабай тауынан шыққанша осы
сенім Алексейді жігерлендіріп келді де, Бурабай тауын соғыссыз
қызылдарға бергеннен кейін – сенімі буалдырланды. Оған жасынан үйір
болған оптимизм Бурабай тауын соғыссыз бергеннен кейін, өкпелегендей
артында қалып қойды да, оның орнына пессимизм ұялады.
Бурабай тауы артында бұлдырап алыстаған сайын, Алексейдің іші
өртене түсті. Іші өртенген сайын, оның ақылын ашу билеп, егер қолынан
келсе, таудың тасын талқандап, ағашын өртеп, күл ғып кеткісі келді. Осы
ашумен Шалқар көлінің жағасына кеп қонған ол, іңірде қарындасының
жалбарынған сөзіне болмай, наган ұсынған қолымен Ботагөзді алдына
салып айдап, əскер маңынан алысқа алып шықты.
– Елизавета Андреевна!– деді ол, Ботагөзге ара түскісі келген
қарындасына,– сіз маған бұл мəселеде өкпелей алмайсыз. Егер менің сізді
сыйлайтын жүрегімді өзіңізге дұспан қылғыңыз келмесе, мен сізден енді
бұл мəселе туралы өтініш етпеуіңізді өтінем. Бұл сөз сізге ашық болуға
тиіс!..
Қарындасы күмілжіп қалды.
«Ботагөз де: «қорға!» деген жоқ. «Не де болса көрейін!» деп, «жүрдік»
деген жағына қарай, алдына түсіп аяңдай берді.
Түн ол күні бұлтты, кезге түртсе көрінбейтін қараңғы еді. Əйткенмен,
Ботагөз қайда келе жатқанын шамалайды. Көлге су сарқылатын бір терең
жыра кешке кезіне шалынған еді, соған қарай əкеле жатқан сияқты.
Не ниетпен əкеле жатқанына түсінбеген Ботагөздің бойына онша
қорқыныш кіре қойған жоқ. Оның жүрегі дұрыс соғып, денесі əлденеге
ширап кетті. Оған əлденеге «құтылам» деген сезім пайда болды.
Қостан алып шыққанда Алексейдің ойы – Ботагөзді ату еді. Былай
шыққаннан кейін оның айуандық тілегі оянып: «Осы Ботагөзге жасынан
қызығып ем, мен қалайша осыдан «махрұм қалам?»–деп ойлады. Осы
қорытындыға келгеннен кейін:
– Ботагөз!– деді Алексей қатарласа беріп, жылы сөйлеп,– мен сізді неге
оңаша алып шыққанымды білесіз бе?
Алексей Ботагөзге ғашықтық сөздерін айтты.
Бұл арбау сөздердің артында не барын білген Ботагөз, Алексей
ғашықтық сөздер айтып келе жатқанда, қайткенде оны алдап құтылудың
айласын іздеді.
Аздан кейін ол айланы таптым деп ойлаған Ботагөз:
– Алексей Андреич!– деді дауысын дірілдеткен болып,– мен де сізге
қатал боп келдім. Сізді мен сөкпеймін. Сіздің мені сүйетініңізді мен енді
анық ұқтым. Мен сіздің еркіңізде, ендігісін өзіңіз біліңіз...
Ботагөз жылаған болды.
– Жыламаңыз!– деді бұл сөзге сенген Алексей, наганын кабурына
салып, Ботагөзді оң жақ белінен айқыра құшақтап,– мен енді сіздің
құлыңыз!..
Ботагөз Алексейдің бетіне бетін тақап, сол қолымен оның сол қолын
қысты. Алексей бетінен сүйіп еді, Ботагөз қарсыласқан жоқ.
Суық бетіне ыстық бет, суық қолына ыстық қол тиген Алексей, сезімнің
толқынына көміліп, өзін-өзі ұмытты, осы кезде Алексейді оң қолымен
құшақтап келе жатқан Ботагөз, оның наганын кабурынан ақырын суырып
алып, қалтасына салды. Оны Алексей сезген жоқ.
– Мен сізден өтінем!..– деді Алексей, демін ышқына алып, Ботагөзге,
жырақаның жағасына келгенде.
– Мен көндім!..
Алексей Ботагөздің қолтығынан қолын алды. Ботагөз екі-үш адым
шегініп барып, қалтасындағы мылтықты алды да, жақындай берген
Алексейге:
– Атам!–деді оқтанып.
Қараңғыға үйренген Алексейдің көзі өзіне ұсынған мылтықты көрді. Ол
сасқанынан жанын сипап еді, наганы жоқ!..
Наганды Ботагөз алғанын Алексей білді. Сол минутта одан жан тəтті
көрініп кетті. «Ашулы кісі атып жібереді» деп ойлаған ол, денесі дірілдеп
шегіне берді.
Ботагөздің атып қалуға ойы бір кетіп тұрды да, «мылтық дауысы
шықса, қуғыншы кеп қалар» деп, атпады. Алексей барып, кісі ертіп
əкелгенше жасырынармын деп:
– Менің сізге істер рахымым,– деді Алексейге ол,– жаныңызды қиям.
Тез кетіңіз!..
«Атып қала ма?» деп ығысқан Алексей, «атпаймын» дегесін
жылдамдата басып қосына жөнелгенде, Ботагөз жыраға түсті де кетті.
Жыра бытықы-шытықы, біріне-бірі жалғасқан көп екен. «Құтылдым
ба?» деп қуанған ол, сүріне-қабына, жыраны бойлап отырып, ентігіп,
шаршағанда, көлдің жағасына жетті.
Ол еңбектеп, жардың биігіне шығып, артына құлағын түріп еді, дыбыс
жоқ. Бірақ көлді айнала жылтылдаған от.
Ол оттар ақтардікі екенін Ботагөз біледі. Сондықтан ентігін басқан
оған, ертеңгі күннің қаупі елестеді.
«Таң ата мені іздесе,– деп ойлады ол,– қалың əскер тауып алады. Енді
қолға түссем оңбаймын. Не істеу керек?»
Қорқыныштан ба? Түнгі салқыннан ба?– Ботагөздің денесі қалтырап
кетті.
Осы арада оның ойына – Шалқар көлінің ортасындағы тас діңгек түсті.
Ол діңгекті Ботагөзге Асқар толық сипаттаған еді.
«Соған тығылайын» деген оймен Ботагөз көлді жағалап келе жатыр еді,
жиекте екі қайық тұр екен. Соның біреуіне мініп, Ботагөз келдің ортасына
тартты да кетті. Сəті түскенде, тас діңгекті ол тура тапты да, ескегін алып
қап, қайықты толқынмен қайтарып қоя берді.
Діңгектің төбесіне шыққасын көңілі жайланған Ботагөз, айналасын
сипап еді. Асқар айтқандай тобылғы, шөптесін орындар бар екен. Ботагөз
сипап жүріп, бір қалың тобылғылы жерді тапты да сол араға кесіле жатты,
аздан кейін ұйқтап кеткенін өзі де сезбеді.
Қосына ашумен барған Алексей, Ботагөзден қорқып келгенін айтуға
ұялды, ол туралы тревога жасауға да ұялды. Одан ешкім жөн сұраған жоқ.
Серіктері – «Ботагөзді өлтіріп келді» деп жорыды.
Жан-жағына разведка жіберген ақтың əскерлерінің көбі, Алексей қосқа
қайтқанда, ұйқыда еді.
О да ұйқыға жатты, бірақ ұйықтай алмады. Оны кеп ойландырған екі
зат болды. Біреуі – Ботагөздің айласын өткізіп құтылып кетуі; екіншісі –
келешегінің күңгірттенуі.
«Ие, алдым күңгірт,– деп ойлады ол, шинелінің жарасына тұмсығын
тыға, қос алдына жатып.– Совет өкіметі жеңді. Оның осы жеңуі жеңу. Енді
біздің тілек бітті.
Ол не бақыт? Құрысын ол бақыт!»
Қытайға қашып барудан Алексейдің ойы жиренді. Оның қалғысы келді.
Осы ой басына келгесін Сарыбастың қашқан себебін түсініп, ашумен
азаптаған оның туысқандарын аяп, өзі де Сарыбастың жолын қууды мақұл
көрді. Сол оймен ол, түрегеп жан-жағына қарап еді, айналасы түп-түгел
шырт ұйқыда екен.
«Қайда тығылып қалам?»–деген ой келді оған.
Оның есіне де Шалқар көлінің тас діңгегі түсті.
– «Дұрыс!– деді ол, шинелінің ішінен беліне наган байлап, бомбаны
қалтасына салып, аяңдап қостан шыға беріп,– сонда тығылам. Қытайға
мына ұйқтап жатқандар-ақ өтсін!..»
Алексей жүгіре басып, көлдің жағасына келді де, жағалап жүріп,
қайыққа кездесіп, қуанып кетіп, тас діңгекті бетке ұстай, қайықты есіп
жөнелді.
Тас діңгекті тура тапқан Алексей, шығатын күн болса, малтып та
шығармын, қайықпен белгі бермеймін деп қайықты толқынмен қайтарып,
Ботагөз ұйқтап жатқан жердің екінші жақ тасасынан өзіне жайлы орын
тауып, жаны жай тапқандай боп, о да қисая кетті.
6
Жер мен кекті тегіс солқылдатқан духовой оркестр күйінің дауысына
шырт ұйқыда жатқан Ботагөз оянып кетті. Оның ұйқысы қанып, денесі
тоңазып қалған екен. Ол орнынан атып тұрып, көзін уқалап, жан-жағына
қараса – аспан да, су да, жер де оттай жайнаған қып-қызыл ту.
Мезгіл – күн шығардың алды екен. Шығыстан Батысқа қарай кешкен
аспандағы күздің бұлты – шығар күннің алтын сəулесіне боялып, аспанға
ілген сансыз қызыл тудай желбіреп тұр. Аспанды түгел жапқан қызыл
бояулы бұлттың сəулесі, таңғы самалға толқыған көлдің бетіне
шағылысып, Батысқа қарай сапырылған судың толқынында қызыл тулы
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ботагөз - 33
  • Parts
  • Ботагөз - 01
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 1990
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 02
    Total number of words is 3835
    Total number of unique words is 2043
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 03
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2116
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 04
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2017
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 05
    Total number of words is 3894
    Total number of unique words is 2042
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 06
    Total number of words is 3848
    Total number of unique words is 2153
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 07
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2123
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 08
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2003
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 09
    Total number of words is 3912
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 10
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2112
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 11
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2051
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 12
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1988
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2200
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2095
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 16
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2023
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 17
    Total number of words is 3916
    Total number of unique words is 2124
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 18
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 2066
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 19
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2060
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 20
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2125
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 21
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2108
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 22
    Total number of words is 3807
    Total number of unique words is 2017
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 23
    Total number of words is 3701
    Total number of unique words is 2061
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 24
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2129
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 25
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2145
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 26
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2103
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 27
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2063
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 28
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2001
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 29
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2142
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 30
    Total number of words is 3880
    Total number of unique words is 2028
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 31
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 1962
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 32
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2086
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 33
    Total number of words is 1885
    Total number of unique words is 1150
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.