Latin Common Turkic

Ботагөз - 19

Total number of words is 3964
Total number of unique words is 2060
36.1 of words are in the 2000 most common words
51.1 of words are in the 5000 most common words
59.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
тістесе «еле жатқан салттыға Амантай көз қырын салып еді – Темірбек
екен. Астында Итбай тартып алған Балтабектің Қоянкөгі. Одан кейін келе
жатқандардың қанша жан екенін шаңдақ көрсетпеді.
Амантай жартастың қасына кеп секіріп түсіп, атын Темірбекке ұстатып,
текшеленген тастың төбесіне өрмелеп шығып, екі тастың арасындағы бір
жарыққа тудың сабын қадады.
Осы кезде сатыр-күтір шабыспен артында келе жатқан топтың алды
жартастың маңайына үйіріле бастады. Аттанған жерлері онша жырақ
болмағанмен, жартастың айналасына жігіттер биенің екі-үш сауымы
кезінде зорға жиналды. Содан кейін əр жақтан бірен-саран бытыраңқы келе
жатқандарға қарамай, күні бойы тастың үстіне шегелегендей тік тұрған
қалпынан қозғалмаған Амантай: шоғырланған топты мөлшерлеп, «шамасы
30–40 мыңдай барсын,- ау!» деп жорамалдады.
– Ал, жұрт!– деді Амантай бір кезде айқайлаған дауыспен,– бүгін осы
маңда қонамыз да, ертең таң сəріден Ерейменге беттеп тартамыз.
Бүркітбай, бері келші! Сенька, сен де кел бері!
Үстіне жүк тиеген түйелердің алдында тұрған Бүркітбай мен Сенька
жартасқа өрмелеп, Амантайдың қасына барды.
– Қару-сайманның қағазы сенде еді ғой, Сенька,– деді Амантай,–
оқышы, мына жұрт естісін, не қару барын. Қазақ тілін жақсы білетін
Сенька қару-құралдың тізімін қалтасынан алды да, оқи бастады:
– Орыс винтовкасы – жетеу, бытыра мылтық – жүз он екі, шиті мылтық
– сексен үш, екі наган бар. Он бір алты атар бар...
Ар жағында атар мылтық болмаған соң Сенька кідіріп қалып еді.
– Неге бөгелесің?– деді Амантай,– оқи бер. Бізде мылтық соғатын завод
жоғын жұрт білмей ме? Əр жерден қайыршының бақырындай жинаған
мылтықтар емес пе? Оқ қанша?
– Шамасы бес жəшіктей винтовка оғы бар. Заводтың дүкенінен талаған
он жəшік қорғасын оқ бар. Жарты пұтқа жақын кесек қорғасын бар. Ішінен
қорғасынын жарып алатын бір қаптай балалардың сақасы бар.
– Əлгі бір алтын заводында, жер астының тасын сындыратын
бірдемелер бар еді ғой?
– Одан екі жəшігін қолға түсіріпті ғой. Егер, атуын білсек.
– «Басы қаранын, бəрі игі»,– деді Амантай,– қолда бары жақсы.
Қысылып бара жатсақ қалай ататынын білеміз.
– Ендігі қару,– деді Сенька күліп, оқыған қағазын бүктеп, көпшілікке,–
өздеріңнің қолдарыңдағы қамшыларың мен сойылдарың, сойылға
шанышқан істік темірлерің, белбеулеріңе қыстырған айбалталарың.
– Егер қолма-қол келтірсе, осы сойылмен де қырып шығамыз!– десті
жұрт шу етіп.
– Ал жігіттер!–деді Амантай таудың, тасқа қадаған сабын суырып,
шыңнан түсуге ыңғайланып,– күн кешкіріп қалды. Сонау бір қырдың
астында көгалды жер болушы еді. Соған барып түнейік. Бүркітбай, сен
жылқы жаққа бар. Қоналқы жаққа қарай айдат жылқыларды. Түйелерді
Темірбекке бер, сол жетектесін. Қолайымен сиырларға да бақташы тап.
Қару-құралға, Сенька, сен ие бол!
Көтерілісшілердің Байсақал тұқымы бар, басқа байлар бар –
барымталап алған малы: он мыңдай жылқы, мыңға жақын түйе, бес-алты
жүздей ту сиыр мен өгіз, төрт-бес мың қой еді. Бүркітбай соларды
жайғастыруға кетті. Биіктігі аташ бойындай жартастың текшеленген
қырларына аяғын қадай басып, төмен түскен Амантай, атына ырғып мініп
алды да:
– Ал, тарттық, Ереймен тауына!– деді.
– Тарт! Біз артыңда!– десті жұрт.
Ерейменге беттеп аттанған алғашқы екі күнде, артымыздан қуғыншы
жетіп қалар деп, Амантай суыт жүргендіктен, семіз айғырлардан бесеуалтауы ыстық күнге түтігіп өлді. Кенже туған құлындар болдырып, жүруге
жарамады. Қара мал тіпті кейін қалды.
– Бұл жүріспен отырсақ, малдың көбі қызыл май боп бүлінеді. Жанжаққа шалғыншы сала отыра, алдымызға қарауыл, артымызға тосқауыл қоя
отыра, енді малдың жайына қарау керек десті жұрт.
Бұл сөз ақылына қонған Амантай малдың бабына қарап, күн ысыған
соң қозғамай, таң салқынымен, кешкі салқынмен көшіп, түнде малды да,
жігіттерді де ұйықтатып, күніне жақсы бір көштік жерден артық жылжыған
жоқ. Бірақ мықты атпен, сенімді жігіттерден сайлап алып қарауылды,
шолғыншыны, тосқауылды мықтап қойды. Тосқауыл артында бір кеш жер
қалып, қарауыл алдында бір көш жер жүріп отырып, шыңдауыл қос
маңындағы биікке шығып қарап, шолғыншылар екі қанатты айнала, бір
көштік жерді күнінде əлденеше рет ,орап шолып отырды.
«Қай жақтан жау кеп қалады?» деп сескенген ет жүрек, бірер күннен
кейін жасанған жау кездесе қоймаған соң басылды.
– Əйтеуір жылқының бабына қарап айдайтын болғасын,– десті
жігіттердің кейбіреулері,– биені қосақтап, жолшыбай қымыз іше отырайық.
– Ноқта, желіні қайдан табамыз, көнек, торсық та жоқ, ашытатын қор да
жоқ,– дегендер болып еді, Амантай қарсы болмағаннан кейін оның бəрі де
табылды. Тіс қаққан сақа жігіттер бұл жайды күні бұрын ескеріп, желі,
ноқтаны елден ала шыққан екен.
Қымыз да, ет те, өзге тамақ та болып жатты. Жүре бара қару-құрал да
қосылуға айналды. Сенька «темірдің тілін білетін» жігіт екен. Мылтықтың
ұңғысын қолдан құйып, ішін қолдан бұрайтын өнер шығарды ол. Оқ
құятын қалыпты да ол қолдан жасады. Оның бұл өнерін көрген соң,
Амантай оған көшпелі көрік жасап, қару-құрал істеуіне бір топ адам бөлді.
Əскерлік өнерден хабары жоқ Амантайға бұл мəселеде ақылшы болған
– фельдшер Потапов.
– Егер,– деді :ол Амантайға,– патша əскерімен соғысар күн туып қалса,
жапа-тармағай сапырылысып қамшы соғатын ауыл төбелесіндей болмайды
ол. Оған əскерлік айла-əдіс керек.
Одан əрі Потапов Амантайға əскерлік қосын қалай бөлінудің, соғыс
өнерін қалай үйренудің əдісін айтты.
– Бұның бəрі ойға қонады,– деді Амантай,– бірақ үйрететін кім соны?
Потаповтың тілі ғана болмаса, əскерлік ойынды бастауға білімі жоқ
екен. Бұл топқа араласып жүрген қырық-елуден орыс пен татар
солдаттарынан қалың топты басқаруға ешқайсысы жұлқынып шыға
алмады. Аз адамды бөлімшені əрқайсысының үйреткісі келеді, көпті
басқаруға жүрексінеді.
«Кім басқарады?» деген сұрау туғанда, көпшіліктің аузына Ташбулатов
Тұхфатолла деген башқұрт жігіт түсе берді. Ол офицерлік курсты бітірген
жəне соғыста болған екен. Майданда жараланып жазылғаннан кейін,
демалысқа Көкшетау оязындағы Имантау станциясына келген; ол
большевиктік үгіт жүргізем деп көзге түсіп қалады да, тұтқындалу қаупі
туған соң тауға тығылып, біртіндеп отырып Амантай тобына қосылады.
Амантай оны үш себептен жақсы «өретін еді, біріншіден, өтірігі,
жалғаны жоқ, шыншыл адал жігіт; екіншіден, патша үкіметіне, байларға
қаны қас; үшіншіден, соғыста əскер басқарған жігіт,– ротаның командирі
бопты.
Осы жайларын айта кеп, бастығы Амантай боп, топты басқарушы
адамдар одан командир болуын өтінгенде, Ташбулатов шынын айтты.
– Мыңдаған қолды басқаруға менің тəжірибем де, білімім де жетпейді,–
деді ол,– мен тек, білген мөлшерімде, Амантай ағайға ақылшы ғана бола
алам.
Ташбулатовтың жəне басқа білемін деген адамдардың ақылымен
Амантай соңына ерген адамдарды мыңға, жүзге, онға бөліп, əрқайсысына
тағайынды, сенімді адамдардан бастық қойды. Ең алдымен сол
бастықтардың өздерін əскерлік өнерге үйрету керек. Бұл жұмысты
басқаруға Ташбулатов қарсы болған жоқ.
Күндер өтіп жатты. Асқардан хабар келгенше Ереймен тауына бекіне
тұруға беттеген Амантай тобы қолдан келген қаруын даярлап, шамашарқынша əскерлік өнерін үйретіп жүріп жатты...
Бірақ Асқардан хабар жоқ. Қайда жүр ол?.. Не бітіріп жүр?.. Əлде қолға
түсіп қалды ма?.. Осы ойлар Амантайдың да, оның серіктерінің де басын
даң қылады...
Тиыштық болса бір сəрі-ау!.. Жан-жаққа жұмсаған жансыздар, тұстұстан бұл топты қусырып келе жатқандығын хабарлайды. Бұл құрсау,
Ереймен тауына бекінуге мүмкіндік бере ме, жоқ па,– о да бір шиеленіп
бара жатқаң сұрау...
Сондай ауыр ойлы күндердің біреуінде Ереймен тауын деңгейлеп барып
түнеген Амантай тобы түнді еңсеріп барып ұйқыға кетіп еді:
– Жау, жау!– деген хабар ду ете түсті.
Амантай да бұл кезде қалғып кеткен еді. Бірақ оның еншіге алған қарусайманы қасында, киімі үстінде еді. Дуылдаған дауыс құлағына тигесін ол,
орнынан атып тұрып саймандарын асына, киіз қостан шыға келсе, таң
ағарып қалған екен. Қасындағы қостың бірінен Ташбулатов, бірінен
Темірбек бері қарай жүгіріп келеді. Айнала у-шу, азан-қазан... сапырылған,
жүгіріскен халық... Осы кезде сапырылған топтың арасымен астына
Итбайдың ақ бақай жүйрік қарагерін мінген Бүркітбай қылт ете түсті.
Өткен кеш ол ілгерірек қарауылға кеткен еді.
– Уа, немене?– деді Амантай Бүркітбайға.
– Бес жігіт!–деді ол ентіге сөйлеп.– Тан, біліне, бір жартасты бетке
ұстай ілгері баратыр ек, тегі салдат-ау дейміз, Ереймен жолымен .беті бері
қарап келе жатқан бір көп адам қонып жатыр екен. Қапы болмайық деп екі
жігітті тастап, соның хабарын бергелі келдік...
– Шамасы қанша жер?
– Он бес, жиырма бар ма дедім...
– Ə, онда саспайық, жина қос-қостан басты жігіттерді. Бүркітбай
жортып жүріп, басты жігіттерді жинап əкелгесін, Амантай кеңес құрды.
– Көп сөзге уақыт тар,– деді ол,– сақтықта қорлық жоқ. Бейқам болмай
жиналайық. Бірақ, жігіттер, естеріңде болсын, жау бола қалған күнде,
үрейленіп берекелеріңді кетірмеңдер. «Тозған қазды топтанған қарға
жейді». «Қашқан жауға қатын ер». Бет бір қайтқасын жау маңына
отырғызбас. Шу дегенде қимылдап қалайық. Бетін бір қайтарып тастайық.
– Дұрыс! дұрыс!–десті жігіттер.
Қысқа уақыт ақылдасып, басты жігіттер мен Амантайдың келген
қорытындысы мынау болды: «тағы да шолғыншы жіберіп, анығын білейік,
егер жау екені рас болса, алдымызға жылқыны сала шабуыл жасайық, бетін
қайтарайық!..»
– Сөз осы, ал жігіттер, аттарыңды қамдаңдар!– дегеннен кейін, жүз
басы жігіттердің бəрі қос-қосына барып, өз қарамағындағыларды түгелдеп,
аттарын əзірлетті. Тəуір мылтық атаулы, іріктеліп шыққан жүзден аса
мерген жігіттерде еді. Олар Ташбулатовтың қарамағында. Өзгелерінің,
көбіне үлестіре келе, сойыл мен найзадан басқа қару тимеді.
Жүз-жүзден шоғырланып аттанған жігіттер, Амантай қосын айнала
қоршаған кезде, туды Темірбекке ұстатып, Амантай да атқа мінді.
– Анығын білуге Бүркітбайды тағы жібердім,– деді ол топқа,– жылқыға
да кісі кетті. Біз енді сонау алдыңғы бетіміздегі бұйратқа барып хабар
тосайық, егер жау болса, бекініс мықты жер. Ең алдарыңа мен түсейін.
Менен кейін мергендер жүрсін. Темірбек, сен менімен қатар жүр. Жүкке ие
жігіттер кейінірек жүрерсіңдер.
Əскерше қаз-қатар тізіліп, жерді қайыстыра бұйратқа қарай беттеген
топтың алдына Амантай мен Темірбек түсіп, топ созыла тартты.
– Солдат!– деді Бүркітбай жігіттер бұйратқа сіңген кезде оралып кеп,–
бізді біліп келе ме, білмей келе ме?
Əйтеуір, жер қайысып келе жатқан қалың қол.
– Қанша бар екен, шамасы?
– Кім білсін. Əйтеуір көп.
– Алыс жерде ме?
– Алыс емес. Он шақырымға жетпес.
– Ендеше, Бүркітбай, сен жылқыға шап. Ана бір белестің аржақ
етегінде жатыр. Кісі кетіп еді. Сенің баруың жол. Ойыстыра, алдымызға
ұстай айдаңдар!
– Жарайды!– деп Бүркітбай шаба жөнелді.
– Ал, жігіттер,– деді Амантай, қоршаған жігіттерге,– «жау аяған жаралы
қалады». Өлер, я тірілер жер келді! Саса көрмеңдер, аянбай қимылдаңдар.
Кəзір саспаңдар. Аттың таңертеңгі шабысы жер-дүниені басына көтереді.
Жортақпен ғана жүрейік. Жау сезбесін. Қапысын табу керек. Осы
бұйраттың арғы шетіне кіргізбей тосайық. Амантай алдына түскен топ,
бұйраттың арғы жақ шетіне барып бекінген кезде, көлденең сайдың біреуін
бойлап жылқылар да келді.
– Бұл бұйрат бізге жақсы бекініс,– деді Амантай басты жігіттерді жинап
алып,– шама келгенше жауды ішіне кіргізбейік. Олардың қарауылы ендігі
бұйратқа кіруге жақын шығар. Біздің тосқанымызды сезбесе, олар қапыда
ұрылады. Жүретін жалғыз жолы осы. Жолға тосқауыл қойып, қарауылын
атып түсірсек, қаннен-қаперсіз бұйратқа келіп қалады. Сол кезде жылқыны
алға сала, кенеттен шабуыл жасап, берекесін алу керек. Егер олар бұйратқа
таласса, мергендер даяр болсын. Жолдың екі жағын ала, бытырай аңдып
жатсын.
– Дұрыс!–десті жұрт.
Оңтүстіктен солтүстікке қарай созылған бұйраттың ұзындығы 50–60
шақырымға кететін еді де, көлденеңі бес-алты шақырымдай еді. Əр жерінде
текшеленген тастан өскен биік шыңдар бар. Бұйраттың күншығыс жақ
шетінде ортасын жарып жол өтетін қақпа сықылды шың тұрушы еді, сол
шыңның екі жақ қабырғасына Амантай өзі барып мерген жігіттерден
тосқауыл, басына шыңдауыл қойды. Шыңның ішкі жағындағы алаптау бір
жерге жылқыны иіртті. Содан кейін шыңға шығып қараса салт əскерлер
шоғырланып, лек-лек боп келеді екен. Арт жағында шұбалған арбалар.
Түрлеріне қарағанда бұйратта тосқан адам барын аңдамаған сықылды. Жер
шамасы бұйратқа алты-жеті шақырымдай бар. Жан мөлшерін, Амантай,
алыс болғандықтан ала алмады. Бірақ көп көрінеді.
Бұйратқа бес-алты шақырым жер қалғанда, келе жатқан əскерден үш
салтты бері қарай шыға шапты.
– Ал, мергендер!–деді Ташбулатов,–қарауылы бері қарай шықты. Қақпа
шыңынан өткізе беріп атайық. Үшеуіне үш оқтан артық шығармаңдар.
Біреуін мен өзім атам.
Қарауыл солдаттар қауіп-қатерсіз бұйратқа шауып кіріп, шын, қақпадан
ете бергенде Ташбулатов біреуін, екі мерген екеуін атып түсірді!
– Жол болды, ырым жақсы!–деді Амантай,– күн тымық. Мылтық
дауысы қатты шықты, естуі мүмкін. Ал енді, сақтанайық.
Амантай шың басына шықса, арба маңындағы əскер манағыдай емес,
көбейін жəне тəртіптеліп, шоғырлана бастаған екен. Алды тоқтап тұр.
– Мылтық дауысын естіген екен!– деді Амантай
етегіндегілерге.– Жан-жаққа хабарлаңдар, сақ тұрсын.
шыңның
Амантай бір тасты бетіне ұстай, шың басында əскердің қимылын
бақылап тұр еді, алдыңғы жағынан лек-лек боп салттылар бұйратқа қарай
шоқыта тартты. Амантайдың жүрегі аттай тулады. Денесі бір суыды, бір
ысыды. Жүректен ытқи тепкен қан, біресе секіріп басына шықты, біресе
сарқылып төмен құйылды.
«Ə, жасаған!–деді ол бойы дірілдеп,– абұйыр бере көр!..»
Аздан кейін Амантай буынын бекітті. «Бастап жүрген мен сасқанда,
өзгесі қайтеді?– деп ойлады ол,– не де болса болды. Енді қайрат керек!»
Бұйратқа үш шақырымдай қалған кезде, атты əскер қылыштарын
жалаңаштап, уралап ат қоя шапты.
– Ал жігіттер!– деді Амантай шыңнан жүгіре түсіп,– тықсырыңдар
жылқыларды шыға беріс ауызға!.. Келіп қалды. Тез айдап шығыңдар
қаптатып!..
Мың шамалы бір бөлек жылқының жан-жағынан зырылдауық тартып,
құрық үстіне құрық салып, қиқулап үркітіп, жігіттер бұйраттан шауып
шыға келсе, солдаттар бұйратқа шақырымдай ғана жер қалған екен.
Жан-жағынан айқай шыққан, іріктелген жылқылар шаңды аспанға
көтеріп, алдына қарай дүркірей шапқанда, күтпеген жерден алдынан мұнша
топ кездескен əскер, кейін қарай жапырылды.
– Жылқы екенін білмеді!– деді, жылқылардың артын ала қаптап шауып
келе жатқан жігіттеріне Амантай,– ал, тартыңдар, жігіттер!
– Тартыңдар, жігіттер!–деген дауыс жан-жақтан шығып жылқылармен
араласа, əп-сəтте Амантай тобы солдаттарға араласты да кетті.
Солдатқа араласқаннан кейін маңында не боп, не қойғанын Амантай
көпке шейін білген жоқ. Винтовканың біреуі оның мойнында еді. Елуалпыстай оғы бар еді. Қызу соғыс басталғасын «оқты шамалаңдар!» деген
сөзі есінен шықты. Оғының тиген тимегеніне қарамай атып, ол лезде
тауысты. Қолма-қол төбелесте оның басына қылыш тиді. Бастан сорғалаған
жылы қан, көзін жабатын болғасын, ол бір қаға берісте көйлегінің алдыңғы
өңірін, қолын тығып жіберіп, суырып жыртып ап, басты айқара қатты
таңды. Содан кейін қан саябырлаған тəрізденді.
Бір кезде Амантай жан-жағына қараса, өз кісілері сиреген сықылды,
жау бірыңғай сабын түзеп, ұрысуға айналған сықылды. Жау жақтан сатыркүтір атылып жатты. Жігіттер бұйратқа қарай жапырылып қашып барады.
«Жігіттерден қалып, жауды жеңбеспін, енді есті жинап алып көрейік»
деген оймен, Амантай жігіттердің артын ала шаба жөнелді.
«Мал да, адам да біраз шығын болған екен!» деп ойлады ол, атын
борбайлап, бұйратқа беттей шауып бара жатып.
Артынан жаңбырдай жауған оққа ол саспады. Бір кезде жауырыны
шымыр ете түскенге «оқ тиді ме?» деп сол қолын қолтығына тығып жіберіп
еді, жып-жылы қан білінді. Оған қарауға уақыт болмай, Амантай ілгері
шауып келе жатыр еді, көзіне алдыңғы жағынан желбіреген туы түсті.
«Ə,– деп қуанды ол,– ту жығылған жоқ екен!..» Жігіттердің артын шала
бұйратқа кіре берген Амантай артына қараса, жау жырағырақ екен, бірақ
ұрандап шауып келеді.
– Мергендер!– деп айқайлады ол кезде Ташбулатов,– ал, қимылдаңдар!
Мергендер аттан түсе-түсе, бір-бір тасты бетке ұстай жүгіріп,
мылтықтарын құра-құра отыра қалысты.
Ұрандап, қылыштарын жалақтатып шауып келе жатқан солдаттардың
алды бұйратқа кіре, мергендердің оғынан аттан құлап түсе бастады. Оннан
аса солдат оққа ұшып жығылғасын, қалың əскер кейін жапырылды. Бірақ
қашан оқ жетер жерден алыстағанша, мергендер атудан тыйылған жоқ.
Атқан оқты далаға жіберген жоқ. Соның бірі – Амантай.
4
Қасына Ботагөзді ертіп жолшыбай түнделетіп жүрген Асқар, Ержанның
үйіне таң біліне келіп, Ботагөзді сыртқа тастап үйге кірді.
– Бұл кім?– деді біреу қара көлеңке үйдің ішінен, Асқар есікке басын
сұққасын-ақ.
– Мен Асқар!–деді Ержанды дауысынан таныған Асқар, «жобалап
келуім келу-ақ екен!» деп ойлап.
– Не дейді, жаным-ау!.. Асқар?..– деп Ержан көйлек-дамбалшаң
төсектен домалай түсіп, көзін уқалай, Асқарды қаусыра құшақтап
бауырына қысты.
Ержанның əйелі – Айжан, мінезі еріне үйлес, бауырмал, сыпайы адам
еді. Шымылдық ішіндегі жеңіл киімдерін үстіне тез іле салып, о да шыға
келді.
Ержанның төсіне төсін тақап құшақтасып біраз тұрып мауқын басқан
Асқар, құшағын жазып, Айжанға қолдасып амандасты.
– Түндік ашайын!–деді Айжан, амандықтан кейін, далаға шығуға
ыңғайланып.
– Қасымда кісім бар еді,– деді Асқар.
– Ол кім?
– Бір əйел.
– Не əйел?– деді Ержан таңданғандай дауыспен.
– Бір қыз.
– Неге күмілжіп тұрсың? Əлде, қыз алып қашып келдің бе, қайырлы
болсын, онда!
– Алып қашып келгем жоқ. Жай бір жолаушы адам. Бірге келе жатқан.
Ботагөздің мəн-жайын Асқар жата-жастана айтқысы келді.
– Кім болса ол болсын,– деді, «жас жігітке қыз жайдан жай еріп жүруші
ме еді?» деп ішінен күдіктенген Ержан,– Айжан, түндік аш та, Асқардың
серігін үйге алып кір. Бар, тез!..
«Келіншек алып келгенін Асқар жасырып тұр» деп ойлап, Айжан далаға
шықса, пар атты арбаның қасында: сұңғақ бойлы, қоңыр киімді, əдемі
қараторы қыз тоңазығандай бүрісіңкіреп тұр екен. «Келіннің бетін кім ашса
сол ыстық» дейтін еді,– деп ойлады Айжан,– бетінен сүйейінші!».
– Денің сау ма, шырағым?–деп Айжан Ботагөздің қасына келді де, екі
бетінен кезек сүйді.
Ботагөзге Айжан Айбала сықылданып кетті. Көптен бері мұндай жылы
ұшыраған адамды көрмеген оның есіне Айбала түсіп, көзіне жас келіп
қалды. Бірақ бұрын танымайтын адамның алдында жылауды ерсі көріп,
көзінің жасын, бетін теріс бұрыңқырап сығып жіберіп, жылағанын
сездірген жоқ.
Бұл кезде таң атып қалған еді. Айжан түндікті ашып, Ботагөзді ертіп
үйге кірді.
– Денің сау ма, шырағым?–деді Ботагөзге Ержан, ішінен: «ə, жолдас
болуға жарайтын бала екен, өмірлі болсын!» деп ойлап.
– Шай қояйын ба?–деді Айжан Ержанға.
– Жоқ, қоймаңыз,– деді Асқар,– бұл кісі,– деді ол Ботагөзді иегімен
нұсқап,– өте шаршап келді, төсек сап беріңіз, дамылдасын. Ержан екеумізге
төрге көрпе-жастық тастаңыз, қатар жатып кеңесейік, біраз сөздер бар.
Айжан Асқардың айтқандарын түгел орындап далаға шығып кетті. Арба
соғып, əрі ұйқысы қашып, кірпігі қатып келген Ботагөз, бір қабат киімімен
кереуеттің бас жақ қуысына салған төсекке қисая салысымен ұйқыға кетті.
Ержанмен қатар төрге жатқан Асқар, Ержанға жолшыбай көрген
машақатын, жүрген жол мəнісін түгел баяндады.
– Амантайды естіп ек!– деді Ержан,– бұл жақта даңқы өте күшті. Осы
елден Амантайға қашып кеткен жігіттің біреуі өткен түні қайтып келді.
Ерейменнің бір жағында Амантай тобына кеп солдат кездесіп, үлкен соғыс
болыпты. Қазақ жағы тауды паналай соғысқан екен, екі жақтан да көп адам
шығын болса керек. Солдат жағынан көбірек өлген көрінеді. Ылғи мерген
жігіттер тасты бетіне ұстай атысып, көп өлтіріпті. Атыс басталғаннан кейін
қазақ жігіттерінің біразы қорқып қашқан екен, мына жігіт те қашып кепті.
– Бұл елден көп кетіп пе еді?
– Екі-үш жүзге тарта жігіт кетіп еді. Қашып келгені жалғыз осы.
Амантай тобының одан кейінгі жайы не болғанын біле алмай
тиышсызданған Асқар, бұл жақтағы елдің халін сұрады.
– Несін сұрайсың,– деді Ержан,– қалаға жақын ел тырп ете ала ма?
Басында қопаңдап көтерілген болып еді, Қызылжардан солдат шығып, елді
қиратып ұрып, малын талап, əйелін басып, қарсыласқанды атып
шыдатпауға айналғасын, атқа мінген азамат атынан түсіп, нəлет қамытқа
мойнын ұсынды. Болыс, билерден де нысап, ар-ұят кетті. Мына Сарыайғыр
болысының болысы Бекен деген еді. Осы араның болысы – Қабылдың
Нұғманы. Аңдағұл болысының болысы Қанқожаның Ысқағы. Ырсай
болысының болысы Сүлейменнің Сұрағаны. Дұрыс күннің өзінде қан
қақсататын жебір мұндарлар еді, елді мына жұмыстан кейін сүліктей сорып
барады. Параны жасырып алуды қойды, ашық алады. Қабылдың
Нұғманына жүзден артық ірі қара кірді. Ақша қаптап жиналған шығар. Аз
уақытта саудасы көтеріліп жүре берді. Біздің болыстың писарі Жəшке
дейтін крешін еді. Жақын арада осы Есіл бойындағы Дəнежін қаласында
біздің болыстың жігіттеріне прием болып, сонда жұрт жағасын ұстады.
– Неге?
– Өз жасында бір жігіт болсайшы!.. Ауқатты адамнан бір жігіт
іліксейші!.. Приемға іліккен ылғи қу кедей, жетім-жесірлер, жақтайтыны
жоқтар. Елудегі, қырық бестегі кедейлер –25-те, 30-да боп жазылыпты. Он
алты, он жетідегі кедейдің балалары 20–25-те боп жазылыпты. Не деген
сұмдық!.. Мынау бізге көрші ауылда 45 жастағы бір қойшы нашар адам бар
еді, үй-күйі жоқ, өмірінде жалшы боп келе жатқан. Соның жасы тізімде 27де боп шықты. Осы ауылда бір жесір қатын бар еді, байы отыз жасында
өліп, қолында үш жасар жалғыз ер баласы қалып, күн көрісі нашар болса
да байға тимей, талай бейнетті бастан кешіріп, бейшараның баласы биыл
он беске келіп еді. Сол баланың жасы жиырма бірде боп шықты деп
естігенде, жүрегі жарылып кетіп сорлы опат болды.
– Апыр-ай, ə!..
– Прием дегенді кім көрген!– деді Ержан басын көтере түрегеп (Асқар
да тұрды).– Адамның, иманы қасым болатын іс екен. Жаны қысылған
жігіттер өздерін неше түрлі азапқа салған: саусақтарын балтамен шапқан,
аяғының жілігін сындырған, көзіне біз түйреген жігіттерді көрдік.
Приемщиктің алдында ауру боп көрінем деп иод, насыбай ішіп барып, аузы
көпіріп құсып жатқандарды көрдік. У ішіп өлгендері де болды. Кейбір
жігіттер əдейі Есілдің суына батып өлді. Азан-қазан жылау. Адамның жаны
түршікті.
– Яп-пыр-р-р-ай!..
– Кем-кетік те жиналып баққан екен. Ақсақ, соқыр, таз, тағы сондай
аурулар қаптап жүр. Жан қысылғанда адамнан ұят кетеді екен. Осы ауылда
салсымақтау боп, домбыра тартып, өлең айтып, жақсы ат мініп, мырзаларға
ергіштеп жүретін бір жігіт бар еді. Сол жігіт жарық ауру деп еститінбіз.
Бірақ біреу өзіне солай десе ашуланып төбелесетін. Сол ұятты былай
қойып крестьянский начальникке «жарықпын» деп арыз берді.
– Сонымен аяғы не болды?–деді Асқар, прием маңында болған
қиянаттарды енді тыңдауға жүрегі айнып,– жігіттерден қаншасы алынды?
– Көп жігіт алынды. Бүгін үшінші күн, Қызылжарға айдап барып
қамады. Жақын арада жөнелтсе керек. Жан қысылғанда адам малдан безеді
екен. Жасым солдатқа іліккен соң бар күшімді төгіп болысқа пара беріп,
жан сақтап қалған жайым бар, қанша отырғызарын кім білсін!
Асқар Ботагөздің мəн-жайын Ержанға түгел айтты.
– Ə, солай де!– деді Ержан.– Оқасы жоқ. Əкелгенін, жақсы болған.
Саған не деп мақтанайын. Алдағы күн көрсетер. Шыбын жаным кеудемде
тұрып, мен бір тапсырған жұмысыңды орындамай қоймаспын. Өз басыңды
уайымдамасаң, .мұны уайымдама! Жаным тірі болса, «қанаттыға
қақтырмаспын, тұмсықтыға шоқыттырмаспын!»
Асқар мен Ержан киініп далаға шықса, үйдің сыртына жалғыз ат
жектірген, үстінде полициялық урядниктің киімі бар, көзілдірікті,
қылышты біреу түсіп жатыр екен.
– Мынау кім?– деді сескенгендіктен жүрегі тулай бастаған Асқар, мені
ұстай келген екен деп ойлап.
– Жампейіс қой!– деді Ержан.
– Оның кім?
– Кейін айтармын. Қорықпа одан.
Ұрты солыңқы, қыр мұрын, ұзын бойлы, талдырмаш денелі, оң жақ көзі
жасаураңқыраған ақ бұжыр жігіт, қылышын сол қолымен жамбасына
қысып, аяғын жылдамдата баса, Ержанға, Асқарға кеп қолдасып
амандасты.
– Қызылжардан шықтың ба?–деді Ержан оған.
– Ия.
– Ерте шыққан екесін. Жол болсын?
– Əлей болсын. Торанғұл жағына бара жатыр ем. Содан əрі бір есептен
Көкшетау, Шортанды орап қайтуым мүмкін.
Жампейіс Асқардың денесін бастан-аяқ шолды да:
– Мына жігітті танымадық па?–деді Ержанға.
– Жүргінші жігіт. Бізбен ілік-шатыстау еді.
Жампейіс тағы да сұрау бергісі келгендей ыңғайланып еді, Ержан
ұнатпаған белгі көрсеткесін:
– Қымыз бар ма, сусап келдім,– деп сөзін бөтен жаққа аударып жіберді.
– Не қылды, таң атпай сусап?
– Түнде ішіңкіреп алып ем. Пахмел керек боп тұр.
– Қымыз пахмел бола ма саған?
– Одан артық пахмел бар ма? Закуске жасайтын ептеп сүрін, болса,
жеңгейге астыра қойсаң қарсылығым жоқ.
– Айжан-ай!– деді Ержан, бұл кезде түндікті ашып үйге кіріп кеткен
Айжанға дауыстап.– Үйді жинашы тез!
– Қазір!
Аз уақыттан кейін бастарына шапан бүркенген Айжан мен Ботагөз
есіктен шығып, үйдің оң жақ босағасын айнала берді.
– Үйге кір!–деді Ержан Жампейіске,– қатын қазір келеді. Сен
сусындайтын қымыз бар.
Жампейіс үйге кіріп кеткенде Асқар мен Ержан тыста қалды.
– Мұның кім?–деді Асқар тағы да.
– Ояздың кеңсесінде істейді.
– Онысын өзім де біліп тұрмын ғой. Не қылған жігіт, бұл өзі?
– Мұның өзі былай жігіт: шыққан тегі мынау Қостанай жақ шеттегі, бес
болыс керейдегі Көшебе деген ру. Əкесінің аты Омар. Омардың əкесі –
Тілен би дейді. Əкеден жетім қалған үш ағайынды жігіт екен. Нұртайдың
Мұқышы деген азулы бай ағайыны болып бұған көп тізе көрсетсе керек.
Соған еті тірі неме кектеніп, ержеткесін Мұқыштың малын ұрлап, үйін
күйдіріп ен, аяғында жақын адамының қатынын алып қашып осы
Қызылжарға келді. Бала жігіт кезінде орыстың малын көп баққан екен.
Орыс тіліне судай. Сол кезде ептеп орысша хат-қаламға да үйреніпті. Содан
Қызылжар келіп, ояздың помощнигі Дүйсембай қажы Тұрановқа мəнжайын айтқасын, Дүйсембай қажы қызметке алған. Сол күннен əлі
урядник. Оған шамасы төрт-бес жыл болды. Осылай қызметте жүре тұра,
бұл осы елдің Мұстариза, Жетпіс сықылды атақты ұрыларымен
байланысты. Қызылжардың ұрылары да бұдан сырын жасырмайды. Өзі
ұрлық істемегенмен ұрылармен жемтіктес. Ал мұның сондай жаман
жағымен бірге жақсы жағы: өзім деген жігітке ер көңіл. Астындағы атын
түсіп беруге, жолдасын жауға бермеуге əлі келетін жігіт.
– Маған қадала қарауы жаман!– деді Асқар,– мен өзім урядникке
ешуақытта сенбеймін. Ауытқып кетіп жүрмей ме, кəпір?..
– Жоқ, олай істемейді.
– Əй, білмеймін!..
Асқар мен Ержан далада недəуір уақыт кідірді. Түзге кеткен Ботагөз бен
Айжан бұл кезде оралып келіп, Ботагөз есік алдында қалды да, Айжан үйге
кірді.
– Сусын қанды!– деді Жампейіс Айжанмен далаға ере шығып, Ержанға
қарай жүріп,– қымызың бал боп тұр екен. Шіркін, жеңгей-ай! Ұстаған асың
алтын-ау!.. Неғып тұрсыңдар, далада?
– Бері келші!– деді Ержан, шөптесін жерге таман аяңдап Жампейіске.
Жампейіс Ержанның соңынан аяңдағанда, Асқар кідіріп қалып еді,–сен де
жүр, жиен!–деді Ержан артына қарап.
Үйден аулағырақ кəделі жерге барып отырғаннан кейін, Ержан
Жампейіске Асқардың мəн-жайын жасырмай түгел айтты.
– Өзім де біліп ем,– деді Жампейіс сумкасынан бір кішкене книжкасын
суырып ашып, ішіндегі суретті көрсетіп,– мынау осы жігіттің кескіні
шығар?
– Апыр-ау, қайдан білдің?!–деді Ержан таңданып.
– Біз білмейтін пəле бар ма? Білдік, қалай білсек те. Ол ол ма: менде
осы жігітті ұстап əкел деген бұйрық бар. Өтірік айтады десеңдер оқып
шығайын. (Жампейіс орысша жазылған қағазды оқып шықты). 250 статья
дегеніміз,– деді Жампейіс книжкасын жауып,– патшаға қарсылық. Оның
жазасы – атылу.
– Астапыралда!– деді Ержан шошып кетіп,– айта көрме, жарықтығым?..
– Патшаға қарсы шығу оңай деп тұрсың ба?
– Асқар, сен бара тұршы!–деді Ержан Асқарға,– Жампейісте бір
оңашалау жұмысым бар еді.
– Оқасы жоқ.
Түсі сұрланған Асқар, түрегеп үйге аяңдап еді, кескіні қуқылданған
Ботагөз тыста, босағада сүйеніп тұр екен.
– Неғып тұрсың?– деді Асқар қасына кеп,– ұйқың қанбаған ба? Өңің
қуқылданғаны несі?
– Ұйқыны к,ойшы, тəйірі! Əлгі кім?
– Урядник.
– Ол неғып жүр?
– Үрейлене бермеші, Ботагөз! Жай жүрген біреу. Ержанның жақыны
екен. Жүр, үйге кірейік!..
– Ал, Жампейіс!–деді Ержан, Асқар кеткесін,– «найза бойы қан жауса,
шыдамайды туысқан» деген сез бар еді. Əлгі жігіттің мəнін айттым. Тым-ақ
қатты сасып келіп отыр. Жұмысының бір ұшы сенде екен, не жақсылығың
бар?
– Қайдан білейін, тетігі менде емес қой,– деді Жампейіс, салған жердей
шоп етіп түсе қалмайын деп ойлап.
– «Ер мойнында қыл арқан шірімес» деген. Жақын бола жүре сатан
салған бір салмағым. Сен маған бір жігітшілік көрсет. Мен де тірі жанмын
ғой. Ұмытпаспын.
– Не қыл дейсің, сонда?
– Осынын, деласы бізде дедің ғой.
– Бізде. Бұрын Омбыда болады екен. Губернатор жуық арада осында
жіберіпті. Тегі бұл жігітті осы Қызылжар уезінде деп естіген-ау деймін.
– Сен соны ұрлап алып бер.
– Ойбай, қиын ғой ол.
– Түк те қиыны жоқ. Анау күні «жігіт бермейміз» деуден басы кете
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ботагөз - 20
  • Parts
  • Ботагөз - 01
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 1990
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 02
    Total number of words is 3835
    Total number of unique words is 2043
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 03
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2116
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 04
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2017
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 05
    Total number of words is 3894
    Total number of unique words is 2042
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 06
    Total number of words is 3848
    Total number of unique words is 2153
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 07
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2123
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 08
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2003
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 09
    Total number of words is 3912
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 10
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2112
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 11
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2051
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 12
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1988
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2200
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2095
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 16
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2023
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 17
    Total number of words is 3916
    Total number of unique words is 2124
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 18
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 2066
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 19
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2060
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 20
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2125
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 21
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2108
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 22
    Total number of words is 3807
    Total number of unique words is 2017
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 23
    Total number of words is 3701
    Total number of unique words is 2061
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 24
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2129
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 25
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2145
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 26
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2103
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 27
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2063
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 28
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2001
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 29
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2142
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 30
    Total number of words is 3880
    Total number of unique words is 2028
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 31
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 1962
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 32
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2086
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 33
    Total number of words is 1885
    Total number of unique words is 1150
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.