Latin Common Turkic

Ботагөз - 23

Total number of words is 3701
Total number of unique words is 2061
32.6 of words are in the 2000 most common words
45.8 of words are in the 5000 most common words
53.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
«Батыс майданның ұрыстағы оныншы армиясының қолбасшысы, Ұлы
дəрежелі генерал Петуховқа! Осыны көрсетуші – тіленіп келген қазақ,
Елемесов бұратана халықтардың жұмысшы партиясының 1 жəне 2
батальонына тілмаш ретінде жіберіледі. Ол батальондар бірінші
құрылысшы инженерлер тобының қарамағында. Земгордың канцелярия
начальнигі»
(Қол қойған).
Осы қағазды қалтасына салған Асқар, пəтеріне келе кешкі поезбен
жүрем деп еді, Булатов: «бірер күн жатып, партияға түсуіңді бір ыңғайлап
кет» деген соң қалды.
Сол күні кешке Булатов Асқарды Михаил Васильевич Фрунземен
таныстырды. Фрунзенің сол кездегі қызметі – бір мекемеде экономист екен.
Соз түрінен қазақ, қырғызды жақсы білетіндігі көрінгесін, Асқар шыққан
жерін сұраса, Піспек қаласында туыпты. Булатов кім екенін айтқан соң,
Фрунзе Асқарды жатырқаған жоқ. О да Асқарға Булатовтың ақылдарын
айтты.
– Мен Базархан Меделхановпен таныспын,– деді Фрунзе,– ол өзін
ұлтшылмын деп есептейді. Бірақ ол кадет. Кадет партиясының
программасы – отар ұлттардың тағдырына қайғырмайды. Олай болса,
кадетке ұсақ ұлттан кірген адам да ұлт .қамқоры бола алмайды. Барлық
ұлттарға бостандық əперетін коммунист партиясы ғана. Олай болса, сіз
сықылды халықтың қалың ішінен шыққан оқығандар коммунист болулары
керек.
Түнгі сағат екіге шейін кеңесіп отырған Асқар, барлық сырын Фрунзеге
де жасырмай айтқаннан кейін, сол үйде Асқар партияға түсуге анкет
толтырды.
Асқар кешікпей майданға кетті. Ол жіберілген 10 армияның штабы
Столбцы деген станцияда тұрады екен.
– Бұл маңайда 13 мың қазақ жұмыс істейді,– деді генерал Петуховтың
адъютанты Асқарға (генералдың өзі қабылдамады),– мың жігітке бір
поручик берілді. Мыңның ішінде бес жүзден екі батальон бар. Батальон
басына бір прапорщик қойылды. Егер де Земгордың осындағы уəкілі –
Меделханов сізге сеніп, жолдама қағаз берсе, мен қызмет берем.
Адъютант (книжкасынан қағаз жыртып ап Асқарға Меделхановтың
адресін берді.
Далаға шыққасын Асқардың ойына тағы да күдік кіре бастап еді,
«туғаныңды жасырасың, өлгеніңді қайтесің?» деген мақал түсті оның есіне.
«Қорқып жан сақтай алмаспын,– деп ойлады ол,– не де болса барайын!»
Асқарды жақсы танитын Меделханов, ол кіріп барғанда, ішіп отырған
шайын тастай түрегелді де:
– Сен қайдан жүрсің?!–деді.
– Елден.
– Елдің көтерілісінің жайы не болды?
– Үкімет əскері күшпен басты. Тауға паналаған азғана адам болмаса,
өзге халықтың көнбегені қырылып, көнгені осы жаққа майданға кетті.
– Шоқ-шоқ, өлде бар!–деді Базархан тістеніп,– ақымақ елге сол керек.
Сен сықылды «ақылды» жігіттері бар ел, осындай күйге ұшырамай
қайтушы еді...
Асқардың ашуы алқымына келіп қап еді: «əліптің артын бағайын» деді
ішінен.
– Адам кешетін қылығың жоқ!– деді Базархан,– қанша елдің обалына
қалдың! «Үйге келгесін үйдей күнəсін кеш» деген еді. Өзің келмегенде
саған сақтағаным көп еді. Енді амал жоқ, ия, сонымен неге келдің?
– Майдандағы жігіттерге көмектесейін деп келгенім ғой.
– Міне, мұның жі-гіттік. Енді күнəңді кешуге болады. Насыбайың бар
ма?
– Жоқ еді.
– Ия, шонымен қайдан зүйсін?– деді Базархан тілінің астына насыбай
салып.
Асқар Базарханға қысқаша, генерал Петуховтың
жолыққанын, оның жолдама сұрағанын айтты.
адъютантына
– Мен өзім Петногиятқа қайтқайы жати едім, Земгойға докият беймек
едім, зақсы келдің. Минскіде Сайымсақ миза Омаев бай. Ойнымда уақытса
сой қаяды. Сен соған помоснік боя түй.
– Жақсы.
– Ендеше генеяй Петуховқа сояй деп записка бейейін. Базарханда: аты,
фамилиясы, қызметі көрсетілген «именной» блокнот бар скоп, сонысын
алып, жазғалы жатты да, насыбайын тастап:
– Генерал Петуховпен мен доспын, деді Асқарға,– соғыс алдында ол
Псковтың граждандық губернаторы еді. 1913 жылы Петербургте болатын
губернаторлардың жиылысында, губернатор болатын адамдардың тізімінің
ішінде болғандығымнан мен де қатнасып ем. Сонда танысып ек. Содан дос.
Князь Львов маған бір губернаға губернатор боп бар, мен министр
Советінің бастығына жібер деп айтайын деп еді, мен оған «кейінірек
болармын, əзірге отан қорғау жұмысында істегім келеді, Россияның
алдында қызметімді көрсетіп, сыйымды содан кейін, соғыс аяқтағасын
алғым келеді» деп жауап бердім. Ол менің бұл сөзіме алғыс айтты.
Меделхановтың мақтаншақтау екенін білетін Асқар, губернатор
боламын дегенін мақтаны деп түсінді.
– Ғафу етіңіз!–деді Асқар, Меделханов запискасын жазуға айналғанда,–
сіз менің фамилиямды білесіз ғой?
– Какжы! Менің памятым əзірге өзгерген жоқ, Асқар Досанов!
– Мен кəзір – Балапан Елемесовпін.
– Как так?!.
Асқар шынын айтты.
Көтеріліске көмекші болғандығы үшін ұрысқанда, Асқарға Базархан
баяғы – 1913 жылы Асқардың тұтқын боп жер аударылуы туралы ешнəрсе
айтқан жоқ еді. Үйткен себебі, ол жылы тұтқындалуына өзі көмектесуін
білдіріп алармын деп ойлады.
Асқардың мынадай жасырынып жүргенін білген Базархан, оны ұсынып,
қызметке жолдама беру түгіл, майданның саяси бақылау орнына айтып
жаптырып қоюға бір ойлады да, тағы да «сынап көрейін» деген пікірге
келді, «көнбей бара жатса, тізгіні қолда ғой».
– Жақсы, жазайын,– деді ол өзінің аты-жөні жазылған блокнотын
қолына алып.
Базарханның запискасымен генерал Петуховтан Сарымсақ Омаровқа
помощниктік назначение алған Асқар, майдан арасындағы жігіттердің
ішінде ай жарымдай қызмет істеді. Тез жіберем деп кеткен Базархан, не
себеп екені Асқарға мəлімсіз. Омаровты өзімен Петроградқа ала кетіп,
содан тез қайтпады.
Бұл уақыт соғыстың қызу қарқыны бəсеңдеп, екі жақтың да əскері
окопта аңдысумен жатқан кезі еді. Сондықтан, майданның аузындағы қазақ
жігіттері кейін шегеріліп, қалың орманды отан əскерге жол салу, өзендерге
көпір салу, кейінгі жақтан окоптар даярлау жұмысына түсті.
Асқар аралағанда жұмысшы жігіттердің халі өте ауыр екен. Ең алдымен
– жататын жылы үй жоқ. Майдан маңындағы қалаларға əскердің өзі де
сыймағандықтан қазақ жігіттері қазақ елдерінен жіберген киіз үйде жатады
екен. Қыстың орта шені болғандықтан, күн көбінесе, үскірік суық.
Жұмысының көбі жер қазу болатын жігіттер, қазатын жерлер қорысты,
батпақты томар болғандықтан, бір кез шұқыса астынан су шығып,
жұмыстан суға белшесінен малынып қайтады. Суға малшынып келген
жігіттерге аяқ киімін, басқа да киімдерін кептіретін жылы орын жоқ.
Сондықтан көп жігіт ауруға шалдығып өлген. Аяғынан ревматизм боп
домалап жатқандар да аз емес. Оларды қарайтын дəрігер жоқ. Жүздеген
аурулар, жұмыс кезінде мертіккендер дəрігердің жəрдемінсіз суық киіз үйде
сарнап, зарлап жатады.
Тамақ жағы да өте нашар. Қырдан келген жігіттердің көпшілігі капуста,
картоп сықылды астарды сүйсінбей, ара-тұра берген консерваларды арам
деп жемей, ашығып қапты. Күндері жалғыз жанға қарағандықтан, олар
кейінгі кезде мінген аттарына қастық қып, аттарының аяқтарын əдейі
сындырып, сойып жепті. Бұл қулықты сезген армия бастықтары өлген атты
жеуге бермей, қасақана көмдіріп тастаған екен, жігіттер қазып ап жепті. О
да сезіліп қап, жігіттердің ішінен атылғандары болыпты. Бірақ оған қараған
жігіттер жоқ. Ат өлтіру үдемесе кеміген жоқ. Асқар араласқан бастапқы
күннің өзінде-ақ, «атты жемегенде не жейміз?» деп аттың аяғына əдейі
бөрене құлатып сындырған жігітті ол көзімен көрді.
Жалдап –саудагер майданға да барған екен. Бұрын сауда қылған кейбір
жігіт, жігіттердің етке тарығуымен пайдаланып, жақын қаладағы
орыстардан ақсақ-тоқсақ семіз мастектерді арзанға алып, қымбатқа
жігіттерге сатып, көп пайда істеген.
– Пайдам пəлен мыңға барды,–- деп мақтанып отырған жігіттерді Асқар
талай көрді.
Жігіттер арасында карта ойнау басым екен. Жылпос жігіттер жуас
жігіттерді картаға еліктіріп, қалтасын қағып алады екен. Ұтылған жігіт
ашығады екен. Ондайларды сезген Асқар ақыл айтып еді:
– Қазынаның айыма беретіні 50 сом, ол тамаққа да жетпейді. Киім
бермейді. Олай болса аптап өлеміз бе? Карта ойнап ақша ұтқанның несін
сөгесің?– деген жауап алды.
– Ұтқанда өз жолдастарыңды ұтасыңдар. Олар ашыққанда не пайда?–
деп еді біреулер:
– О да дұрыс-ау!–деп мойындады. Ал, енді біреулері:
– Шынымды айтқанда өзімнің өлмегенім керек. Мен жұртты асырай
алмаймын!–деп теріс қарап кетті.
Көпшілік арасында көбірек «жұмыс» істейтін молдалар ғана екен.
Жігіттер ішінде жүз басы, мың басы молда болудың қажеттігін Базархан
Земгop арқылы үкімет алдында дəлелдеп рұқсат əперіпті. Жұмыскер
жігіттің айлық ақысы –: 50 сом. Батальондық молданың айлығы – 200 сом,
мың басы молданың айлығы – 275 сом.
Тамақты аз беретін үкімет құран мен дін кітаптарынан молдаларды
тарықтырмаған. Майдандағы жігіттерге арнап Қазан типографиясына
үкімет ерекше заказ беріп, қазақ тілінде дін туралы жазылған кітаптарды
көп бастырып, бараққа үйіп қоятын болған. Молдалар жігіттерге қызығып
тыңдайтын қыссаларды бермейді екен.
Осы кемшіліктің бəрімен күресу Асқарға қиын болды. Бірақ ол
қиындықтан қашқан жоқ. Жігіттерден ептеп шыжымдап сыр тартып,
біріндеп бастағы қиын халді ұғындырып, аздан кейін тіліне еретін
жігіттерді көбейтті. Асқардың үгіт жұмысына өте белсене ат салысқан
Кенжетай. Итбайдың өтірік жаласымен ұсталып кеткен Кенжетай,
абақтыдан қашып, елге беттеп келе жатқан жолында 16 жылдың оқиғасы
естіліп, орыс қалаларында жұмыста жүрген қазақ жігіттерін үкімет
аулағанда қолға түсіпті. Содан ол өзіндей қолға түскен бір партия жігітпен
осы майданға айдалыпты. Орыс тілін білетін жəне пысық жігіт болғасын –
оны жүз басы қойған екен.
Осылай, қызу қарқынды жұмыс арасында жүргенде Асқар Ботагөзден
алатын хаттарының ішінен – соғыс соты Итбайды өлтірген адамнан екі
кісіні дарға асуға үкім еткен хабарын естіді.
«Егер мүмкіндік боп қолыңнан .келсе,– деп жазыпты Ботагөз хатының
аяғында,– Петроград барып осы жұмысты бұздыруға тырыс!»
Асқардың бұл жұмыссыз да Петроградқа барып, майданның хал-жайын
доклад беріп қайтатын ойы бар еді. Ол Кенжетайға ақылдасып, жүрмек
болды.
– Мына хатты Базекең мен Мадиярға табыс етерсіз,– деді мың басы
молданың біреуі, штаб бастығынан Петроград барып қайтуға рұқсат алған
Асқарға. Февральдың он екісі күні Минскі арқылы Асқар Петроградқа
жүріп кетті.
3
Минскіден келе жатып, Москва да пересадка жасаған Асқар мерзімді
күннен кешігіп, Петроградқа февральдың он жетісінде кеп түсті.
Қолында жүгі жоқ Асқар, Невский проспектіні бойлай, «Европейская
гостиницаға» жаяу тартты. Жан-жақтағы көшелерге жолшыбай қарап келе
жатқан оның көзіне шалынған нəрсе: көшенің əр жерінде суыққа бүрсеңдеп
тізіліп тұрған халық. «Бұлар неткен халық?» деп Асқар жөн сұраса:
– Нанға очередке тұр,– деседі.
Осы жауапты Асқар жолда əлденеше жерден естіді.
Европейская гостиницада бос номер жоқ екен.
– Егер тоссаңыз,– деді директор,– кешке босайтын номерлер бар.
– Тосайын.
– Онда, задатка беріп кетіңіз!
Күні үш сомдық номердің үш күніне задатка тастап, Асқар далаға
шықты да, Таврический дворецтегі Земторға жөнелді.
Бұл Замгорға барса, Базархан да жақында келген, Мадияр да қызметте
екен. Базархан Асқарға Мадиярдан салқын амандасты.
– Хал-жай қалай?–деді Базархан қабақ шытқан сұраумен.
– Жаман.
– Несі жаман?
– Жігіттерде үй жоқ, киім жоқ, тамақ жоқ.
– Соғысқа келген кісі тойға келмейді,– деді Базархан кескінін
тыржитып,– жігіттер жанжал шығара бастады деген хабар дұрыс па?
– Білмеймін,– деді Асқар.
– Қайдан білмейсің?! Ішінде болсаң да білмейсің бе?
– «Ішінде болды» деп кім айтты сізге?
– «Кім айтты!..»–деді Базархан кекетіп,– кім айтсын, келген хаттар бар.
– Кімнен, ол хаттар?
– Ел ішін ала тайдай бүлдіріп келіп ең, деді Базархан Асқарды көзімен
атқылап, – сол ылаңыңды мұнда істейін дедің бе? Мен сені оқыған азамат
деп сенін ем, елге мұндай арам ниетіңді білсем...
Базархан тұтығып қалды.
– Бөгелмеңіз!–деді Асқар.
– Өлгеніңді де білмей қаларсың!
– Халық үшін өлуге мен даярмын.
– «Халық үшін...»– деді Базархан ернін, қолын шығарып,– халықты
жаман қатты жарылқап ең.
– Сенің жарылқағаның да белгілі.
Күтпеген жерден мұндай жанжалды кездестірген Мадияр Базарханға
тоқтау айта алмай, Асқарға:
– Саған не болды, Асқар?! Ұрысса оз ағаң, жалғыз сенің ғана ағаң емес
– алты алаштың ағасы, үлкен кісімен бұлай таласуың қате.
– Мен елде де, мұнда да көптің, халықтың жолына құрбан болатын
адаммын!– деді
Асқар – бір емес, екі емес тіліңді найзадай неге сұға бересің. Сақалды
сыйлайтын хан заманы жоқ!
– Асқар, енді жетер!–деді Мадияр қабағын түйіп.– Тілің шығып болған
екен. Мына көрші бөлмеде отырғандардан ұят та. Дауыңды доғар!
– «Дауың» дейтін менің əкемнен қалған малды барымталап алған кісі
жоқ!– деді Асқар дауысын бəсеңдетіп.– Менің дауым – халықтың дауы.
– Мына неменің халықшылын қарай гөр!..
Денесін ашу кернеген Асқар, сөзі сарқылып қалғандай болғасын есікті
тарс жауып, шығып жүре берді.
Көшеге шыққан Асқардың ашуын «Нан! Нан!» деген əр жердегі шоғыр
адамдардың шуы бөлді. Сол топтардың ішінде, кейде: «Құрысын соғыс!»,
«Жойылсын патша!» деген дауыстар да шықты.
«Бұл айқайлар тегін емес шығар» деп ойлаған Асқар, көшелерді біраз
аралап еді, шоғырланған халықты қуған полицияларды, полицияларға
көрсеткен халықтың қарсылығын кездестірді.
Бұл көріністер бір үлкен уақиғаның ұшқыны сықылды көрінгесін,
қарны ашқанына қарамай трамвайға мініп. Асқар Ивановтікіне барып еді,
үйінде жан жоқ. Есігі құлыптаулы. Көршілерінен сұрап еді, «білмейміз»
деген қысқа жауап айтты. Көшеге қайта шығып, трамвайға қайта кеп мінген
Асқар, Европейская гостиницаға екі сағат жүрді. Бұл екі сағатты ол қыдыру
ниетімен өткізген жоқ. Мінген трамвайлары жолшыбай полициямен
жанжалдасқан топтарға кездесіп, тоқтай берді.
Трамвайдан күдер үзген Асқар, жанжалдасқан топтарда аралап отырып
гостиницаға іңірде келді де задатка төлеген номерін алды.
Қарны ашқан Асқар тамаққа заказ беріп, официант кеткесін, тамаққа
төлейтін ақшаны алып қояйын деп қалтасына қол салып еді, қолына мың
басы молданың «Базарханға бер» деген хаты ілекті.
«Не жазған екен, ашып көрейін» деп ойлаған Асқар конвертті сөгіп,
хатқа көзін салса, былай деп жазған шен:
«Базеке!
Алланың жəрдемімен жүріп жатырмыз. Сізге бұдан бұрынғы бірер
хаттарымда жігіттер арасына іріткі кіре бастағанын жазып ем. Оларды
азғырып бұзатын өзіңіз орныңызға тастап кеткен Елемесов деген жігіт пе
деп, күдіктенем деп ем. Ақыры рас болды. Анығын білдім. Жігіттерді
үкіметке, дінге қарсы үгіттейтін осы екен. Бұл туралы полицияға білдірейін
деп бір ойладым да, сізді қимай, тағы да «Базекеңе ақылдасып алайын»–
деп ойладым. Ендігісін өзіңіз білесіз. Менің өтінішім: бұл жаққа енді
жібермеңіз.
Мыңдық имам Құдайбергенов».
– Ə, мынадай хат екен ғой!–деді Асқар, қарқылдап күлді.
– Котлет,– деді официант.
Айырмен шетінен үзігі алған котлетті Асқар аузына сала бере, қайтадан
қағазға тастады.
– Бұл қалай?– деді Асқар.
– Да,– деді официант күрсініп,– Петроград жайы, қазір осы лай!
4
Қатты сөзге келген Асқар үйден шығып кеткесін, долы ашуын баса
алмай, Базархан одан жаман долданып, кең бөлменің ішінде ерсілі-қарсылы
аяғын жылдамдата басып жүрді.
Мадияр Базарханды жас жағынан да, білім жағынан да, саясат жағынан
да өзіне аға, жолбасшы көреді. Базарханның əрбір сөзі оған таласқа,
талқылауға жатпайтын хадис сықылды. Базархан алдында ол үнемі əдеп
сақтап, бірдемелерді сұрағаны, ақылдасқаны болмаса, ақыл айтуды өзіне
ерсі көреді. Базархан туралы осылай ойлайтын Мадияр, Асқарға
ашулануын көре отыра, лəм деп жауап қатпай, жүрісіне көзінің астымен
ғана қарап қойып, қағазға шұқшия берді.
– Да, бұл тегін емес!– деді Базархан бір кезде тұра ғап, өзіне-өзі
дауыстап сөйлеп,– мен енді мұның, тамырын жобаладым!
– Ало!– деді Базархан телефонды құлағына тосып,– полиция
департаментын... его превосходительство... Господин Белецкийдің
кабинетін!..
Белецкийдің, телефонына телефоны қосылған Базархан, оған қысқа
сөзбен Асқардың мəн-жайын айтып, арестовать етуін өтінді. Белецкий:
«қайда тұрады?» деп Асқардың адресін сұрап еді, Базархан айта алмады.
– Табармыз!–деді Белецкий Базарханды жұбатып, дауысынан денесінде
ашу барын сезіп.
Бірақ Белецкий ол уəдені Базарханның көңілін жұбату үшін ғана берді.
Шынында Белецкийдің өз басында сол минуттағы ашу – Базарханнан
əлденеше артық деуге болатын еді.
Артық болатын себебі: соңғы кезде жұмысшы көтерілісі күшейді. Завод,
фабрикаларда, қала гарнизонының солдаттарының арасында, оқушылар
арасында көтеріліске күшті даярлық жүріп жатқанын – ол сағат сайын,
минут сайын біліп отыр. Соңғы кезде оның қолына түскен материалдар
шпиондардың тіміскілеуімен тапқан өте құпия хабарлары емес, ашық
хабарлар. Қайда не боп, не даярланып жатқаны қазір ашық. Көше-көшеге
қаптап кеткен: «Жойылсын патша! Бітсін соғыс!. Жасасын бостандық!»
деген ұрандар, жарнамалар. Қаланың көп жерінде революция жырларын
айтып шулап жүрген топ. Оларды тыюға, ұрандар жазылған қағаздарды
жоюға полицияның əлі келмей жатыр.
Ереуілшілерді басуға патшаның əмірімен қала гарнизонының
начальнигі – генерал Хабалов та .қатынасады. Бірақ, оның ереуілді басуға
жұмсаған солдаттары ереуілшілерді не атпайды, не ереуілшілер жағына
шығып кетеді.
Хабаловқа да, Белецкийге де Николайдың бұйрығы қысқа: «Ереуілді тез
тоқтатыңдар!» Бұл бұйрықты Хабалов та, Белецкий де орындамайын
демейді. Бар ақылын, бар күшін сарып қылады, бірақ əлдері келмейді.
Ереуілді баса алмай, февральдың 17 күні түні бойы кірпік қақпаған
Белецкий февральдын, 18 күні Асқар туралы тағы да звонить еткен
Базарханға ренжіді.
– Борис Николаеч!–деді Базарханға,– сіздің жаңа ғана Америкаға
келгендей сөйлейтін себебіңіз не?
– Неге олай дейсіз?
– Қалада неше мың Досанов, қатты сөз былай тұрсын, қатты қимылға
кетіп жатқанын сіз білмей отырсыз ба?
– Балам!–деді Базархан,– оларды тыю керек. Тыйылуға тиісті көп
бұзықтың біреуі – Асқар Досанов, ол мемлекетке залалды кісі.
– Ну... ладно!..– деп ашуланған Белецкий трубканы іліп қойды.
Белецкий Базарханды жақсы білетін еді, есептесетін де еді.
16 жылдың декабрінде кадет партиясының съезі болып, мемлекет
билеудің конституциясы монархия жолын тез іске асыруды талап еткен еді.
Съезде Базархан да болған. Бұл қаулыға патша: «Анархиямен қатты күресіп
жатқан кадеттің мұнысы қалай?» деп ренжігенін Белецкий біледі.
Белецкийдің өз басы конституциялы монархияға қарсы. Оның ойынша –
монархия бұрынғы қалпынан түлемеуге тиісті.
Кадеттің сол съезі ойына түскен Белецкий, Базарханның Досанов
туралы екі рет айтуын «болып жатқан уақиғаға жеңіл қарағандық, я
тілектестік» деп, көңіліне қатты ауыр алды.
Забастовка тоқтатылған соң,– деп ойлады Белецкий,– Меделхановтың
бұл аяқ алысын тексеру керек!»
Бірақ забастовка басылмады. Февральдың он сегізінде ашық ереуілге
шыға бастаған жұмысшылардың саны 23 февральда тоқсан мыңға жетті. 24
февраль күні 200 мың болды. 25 февраль күні Петроградтың барлық завод,
фабрикасы тоқтап көтеріліске қатынаспаған бір жұмысшы болған жоқ.
Əскердің хал-жайы да осылай болды. 27 февраль күні таңертең
көтеріліске қатынасқан солдаттың, саны – он мыңдай еді, кешке – жүз
мыңға жетті. Көтерілісті басуға жіберген солдаттардың көбі
жұмысшыларға қосылып кетіп, мылтықтарының аузын патша үкіметінің
қорғаушыларына қарсы бұрды. Революция оты қызды, революция дауылы
көтерілді!..
Петроградтың көшесіне ереуілге шығып, патша үкіметіне мылтық
ұсынушы осы көптің ішінде Асқар да жүр еді. Қасында Булатов.
18 февральдың таңынан Булатовқа еріп, көтеріліске қатынасқан Асқар,
тамақ пен ұйқы дегенді ұмытты. Кезі келген тамақты ішіп, кезі келген
жерге мызғыған ол, күні-түні ереуілшілерге еруден бір шаршамады.
Бастапқы күндері ереуіл оған 1916 жылғы қазақ кедейлерінің патша
үкіметіне қарсы көтерілісіндей тəрізді халықтың мылқау күші сықылданды.
«Ауыз күйген үріп ішеді» дегендей, көтеріліс толқынының қай арнаға
құярын жақсылап біле алмаған Асқарға, аздан кейін ойдың күңгірт бұлты
айықты, революция аспаны ашылып, алдағы нысананы ,аздап болжады.
Бұл нысана – Россия социал-демократ жұмысшы (большевиктер)
партиясының патша түскен күні жариялаған манифесі еді; онда жазылған
сөздер мыналар:
«РОССИЯНЫҢ БАРЛЫҚ АЗАМАТТАРЫНА!
Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!
Азаматтар! Орыс патшалығының қамалы бұзылды. Еңбекші халықтың
сүйегінің үстіне орнатқан патша талаушыларының рахат тұрмысы бүлінді.
Астананы көтерілген халық қолына алды. Революцияшыл əскер бөлімдері
көтерілісшілер жағына шықты. Революцияшыл пролетариат пан
революцияшыл армия отанды патша үкіметі төндіріп тұрған қатер мен
бүліктен аман сақтап қалуға тиіс.
Орыс халқы қаны мен жанын аямастан зор күш жұмсап, басынан
өткерген ғасырлық құлдық бұғауын күл-талқан етті. Жұмысшы табы мен
революцияшыл армияның міндеті: жаңадан туып келе жатқан
республикалық құрылымының басында отыруға тиіс – Уақытша
Революциялық Үкімет құру.
Революциялық уақытша үкімет халықтың барлық праволары мен
бостандығын қорғап, монастырьлар мен помещик жерлерін, кабинеттік
жəне сыбағалы жерлерді конфискалап, оларды халықтың қолына беретін,
сегіз сағаттық жұмыс күнін орнататын жəне жалпыға бірдей, төте, тең
сайлау правосы негізінде жасырын дауыспен құрылтай шақыратын
уақытша заң қабылдауды міндетіне алуға тиісті.
Уақытша революциялық үкімет халық пен армияны тезінен азықтүлікпен қамтамасыз етуді міндетіне алып, бұл үшін бұрынғы үкімет пен
қалалық басқармалардың даярлаған астықтарын тегіс конфискалауға тиісті.
Сұмырай реакцияның əлі де бас көтеруі мүмкін. Халықтың, жəне оның
революциялық үкіметінің міндеті: халыққа қарсы контрреволюцияшыл
арам ниет атаулының бəрін жаныштау.
Уақытша үкіметтің кезек күттірмейтін, жедел міндеті: бүкіл дүние жүзі
елдерінің халықтарын өз қанаушылары мен құлданушыларына қарсы,
патша үкіметі мен капиталистік итаршыларға қарсы революциялық күрес
жүргізу үшін жəне құлдық бұғаудағы халықтарға зорлап жасатқан қантөгіс
қырғын соғысты тезінен тоқтату үшін, соғысып жатқан барлық елдердің
пролетарларымен қарым-қатынас жасау.
Фабрик пен завод жұмысшылары жəне көтеріліске шыққан əскерлер
революциялық уақытша үкіметке өз өкілдерін тезінен сайлап жіберуге
тиісті, бұл үкімет көтеріліске шыққан халық пен армияның бақылауымен
құрылуға тиіс.
Азаматтар, солдаттар, əйелдер мен аналар! Бəріңіз де күреске
шығыңыздар! Бəріңіз де патша үкіметі мен оның құйыршықтарына қарсы
ашық күреске аттаныңыздар! Бүкіл Россияда көтерілістің қызыл туы
көтерілді! Бүкіл Россияда бостандық ісін өз қолдарыңызға алыңыздар,
патшаның малайларын құртыңдар, солдаттарды күреске шақырыңдар.
Бүкіл Россияның қалалары мен деревняларында революцияшыл
халықтың үкіметін құрыңыздар!
Азаматтар! Қираған самодержавияның орнына бостандықтың жаңадан
туып келе жатқан жаңа құрылымын көтерілісшілердің туысқандық, бірлік
күшімен нығайтамыз!
Ұмтылыңдар алға! Өткенге қайту жоқ! Рақымсыз күрес күшейе түссін!
Революцияның қызыл туының астына бірігейік!
Жасасын, демократиялық республика!
Жасасын, революцияшыл жұмысшы табы!
Жасасын, революцияшыл халық пен көтеріліске шыққан армия!
Россия социал-демократ жұмысшы партиясының Орталық
Комитеті»
Көтеріліс жасаушылар мен полиция арасында қандай үлкен жанжал
болғанмен, кейде баррикаданың екі жағынан революцияшыл халық пен
патша айдап салған жалдама əскердің арасында қырғын соғыс болғанмен,
талай ауыртпалықты басынан кешіргенмен, Асқар екі нəрсені қолына берік
ұстады: біреуі – төрт бұрышты фанер тақтайға желімдеп алған жоғарғы
манифест, екіншісі – винтовка.
Февральдың жиырма жетісі күні Петроградта құрылған жұмысшы жəне
солдаттар депутатының Советі (Совдеп), сол күні кешке бірінші мəжілісім
құрды. Ол мəжіліске Булатовқа еріп барған Асқар да қатынасты.
Николайдың тақтан түскенін, орнына ағасы Михаилды ұсынғанын,
буржуазия партиялары болашақ үкімет туралы Николаймен саудаласып
жүргенін, революцияның жаршысы социал-демократияның большевиктер
қанаты ғана екенін Асқар осы мəжілісте естіді.
Мəжілістің күн тəртібіне қойылған мəселенің біреуі – майдандағы
солдаттар арасына империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру
туралы үгіт жүргізу еді. Совдептің бұл жөніндегі қаулысы: Минскідегі
Михаил Васильевич Фрунзеге арнаулы кісі жіберіп, хат жазу.
Хатты Булатов əкететін болды.
Майданға алынған қазақ жігіттерінің халі туралы Асқардың қысқа
информациясына Совдептің берген ақылы: майданға тез барып жігіттерді
жеріне қайтару, жеріне қайтатын жігіттерге жергілікті Совдептерді
қолдауды, Совдеп ісіне белсене қатынасуды тапсыру.
Осы тапсырмаларды орындау үшін Асқар мен Булатов сол күнгі поезбен
жүріп кетті.
Петроградтан сөтке жарымда жететін Минскіге Булатов пен Асқар жеті
жүнде зорға барды. Жолшыбайғы поезд өз уақытымен жүруден қалған.
Ерсілі-қарсылы ағылған поездардың бəрінде де лық толған солдат.
Паровоздардың, вагондардың қабырғасына іліп қойған: «Жойылсын
патша!» «Бітсін соғыс!» «Жасасын революция!» «Жасасын бостандық!»
«Жасасын барлық елдің еңбекшілерінің туысқандық бірлігі!» деген
ұрандар. Солдаттардың лебізінде революция өлеңдері. Революция
ұрандарына, революция өлеңдеріне дүние лық толып, қазанына сыймай
тасып, төгіліп жатқандай.
– Қайда барасыңдар?–деп сұрағанға:
– Қайтып барамыз!–деп жауап береді солдаттар.
– Қайда қайтып барасыңдар?– деп сұраса:
– Жерімізге!–дейді.
– Сендерді кім босатты?– деп сұраса:
– Өзіміз!– дейді.
– Бастықтарың рұқсат етті ме?– деп сұраса:
– Рұқсатына қарағамыз жоқ!– дейді.
Петроградтан аттанғанда, «солдаттар əлі түк сезбей Германия əскерімен
аңдысып, окопта «тиыш жатқан шығар?–деп ойлаған еді Асқар,– біз
революция хабарын алып барғанда қалай қуанар екен?» деп ойлаған еді ол.
«Өзіміз апара жатырмыз» деген революция, сұрапыл дауылда тасыған
теңіздей, толқыны аспанға шапшып, алдынан шыға келгенде, Асқар қайран
қалды.
Асқар мен Булатов Минскіге барса, онда да Совдеп құрылған. Бастығы
Михаил Васильевич Фрунзе. Бірақ Фрунзенің өзі Минскіде жақ екен.
Майданға кеткен.
Булатовпен Минскіде айрылып, Асқар Столбцы станциясына барса,
қазақ жігіттері жұмыстарын доғарып, алда не боларына құлақ түріп қана
тым-тырыс жатыр екен. Асқар барғанша олардың оғаш істері:
маңайларындағы астық, кездеме складтарын талап бөлісіп алыпты.
Майданды жиектей созыла жатқан қазақ жігіттерін Асқар бірнеше күн
аралап, патшаға соғысқа қарсы үгіт жүргізді. Осылай аралап жүргенде
оның білгені: патша түскенін қазақ жігіттері шала-шарпы естіген.
Патшаның түсуін əркім əртүрлі ғып айтқан. Солардың ішінде Асқардың
қызық көріп тыңдағаны үшеу:
Біріншісі – «Асқардың өзі барып, өз қолымен түсіріпті» деген əңгіме.
«Осындай бір қауесет шықты, рас болса қалай түсіргеніңді, кəне, айтшы!»
деген сұрауларды Асқар өз құлағымен естіді.
Екіншісі – «Патша ол заманда ит терісіне мөр басып солдат алмаймын
деп қазаққа ант берген екен. Сол антын бұзып, қазақтан солдат алғасын ант
соғып, тағынан түсуге сол себеп бопты» деген əңгіме.
Үшіншісі – «Болшебек, меншебек деген бар екен. Болшебек халықтың
қамқоршысы екен. Ол патшаны тақтан түсіріп, халыққа бостандық əперуге
аттаныпты. Болшебек кедейлермен бірігіп, патшаны тақтан құлатқанда,
меншебек байлармен бірге, патшаның орнына өзі əкім болғысы келеді
екен» деген əңгіме.
Большевик, меньшевик жөнінде жігіттердің кейбіреуі осылай
түсінгенімен, көпшілігі бұлардың арасындағы күресті ашық түсінбейді
екен.
Бұл екеуінің қайсысы жеңер екен деген сұрауға, жігіттер өзара əртүрлі
жауап табады екен.
«Меншебек жеңер!» дейді екен біреулері.
«Жоқ, болшебек жеңер!» дейді екен біреулері.
«Бұл туралы кітапта ие айтады?» деп жігіттер молдалардан сұраған
екен, олар:
«Бұл ақыр заман белгісі. Кітап: ақыр заман боларда халық осылай
əкімге бағынбайды деген. Бұл алланың адам баласына бұзық ниеті үшін
жіберіп тұрған кереметі» депті.
Болып жатқан саяси халдің анығын жігіттер бірінші рет Асқардан
естіді. Асқар патшаның түсуі, бостандық күннің тууы туралы түсіндіре кеп,
сол бостандықты қорғау үшін елде Совдеп ашуға жəрдемдесудің
қажеттігін, Совдеп кедейдің үкіметі екені, Совдептің байға қас үкімет
екенін де айтты. 16 жылы байлардың, болыстардың кедейге көрсеткен
зорлығын айта кеп: «Үкіметке ие болсаңдар байлардың желкесіне енді
сендер мінесіңдер!» деген Асқардың сөзіне ұюшылар көп болды.
– Осыдан елге аман бара қалсақ па?– деп кіжінді ол жігіттер,–
байлардың бізге тартқан табақтарын біз өз алдарына тартамыз, «дүниенікі
дүниеде қайтады» дейтін еді.Жақсылықтың исі шыға бастады. Тек арты
қайырлы боп, ұзағынан сүйіндірсін. Ал енді, елге аман барсақ па...
байларға!.. Əй, бəлем-ай!..
Майданды жиектей жатқан жігіттерді жағалап жүргенде Асқар
солдаттарға да көп кездесіп еді, олардың революция туралы ұғымы қазақ
жігіттерінен анағұрлым озық. «Революциядан не түсінеді екен?» деп
ойлаған Асқар, жолыққан солдаттарға сұрау беріп еді, олар: «Патша
жойылсын!», «Соғыс тоқталсын!» деген ұрандардан басқа алдарына
болашақтағы үкімет туралы саяси мақсат қояды екен. Олардың тілейтіні –
жұмысшы мен шаруа үкіметі екен. Капиталистің завод, фабрикасын,
помещиктің жерін – еңбекші бұқараның, көпшіліктің мүлкіне айналдыру
туралы пікірлері ашық екен.
Петроградтан басталған революцияның бірінші күндерінде көпшіліктің
қимылын, 1916 жылғы қазақ қозғалысына ұқсатқан Асқар, Петроградтағы
Совдеп жиылысына қатынасқаннан кейін, майдандағы солдаттардың
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ботагөз - 24
  • Parts
  • Ботагөз - 01
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 1990
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 02
    Total number of words is 3835
    Total number of unique words is 2043
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 03
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2116
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 04
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2017
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 05
    Total number of words is 3894
    Total number of unique words is 2042
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 06
    Total number of words is 3848
    Total number of unique words is 2153
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 07
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2123
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 08
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2003
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 09
    Total number of words is 3912
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 10
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2112
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 11
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2051
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 12
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1988
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2200
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2095
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 16
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2023
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 17
    Total number of words is 3916
    Total number of unique words is 2124
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 18
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 2066
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 19
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2060
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 20
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2125
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 21
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2108
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 22
    Total number of words is 3807
    Total number of unique words is 2017
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 23
    Total number of words is 3701
    Total number of unique words is 2061
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 24
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2129
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 25
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2145
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 26
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2103
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 27
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2063
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 28
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2001
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 29
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2142
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 30
    Total number of words is 3880
    Total number of unique words is 2028
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 31
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 1962
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 32
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2086
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 33
    Total number of words is 1885
    Total number of unique words is 1150
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.