Latin Common Turkic

Ботагөз - 33

Total number of words is 1885
Total number of unique words is 1150
38.1 of words are in the 2000 most common words
52.5 of words are in the 5000 most common words
59.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сансыз кеме жүзіп бара жатқан сықылды.
Бұлттың, судың бетіне тігілген сансыз қызыл тулар, табиғаттың өзі
Қызыл Армияның келуін Құрметтеп, қызыл ту көтеріп, қарсы алуға бара
жатқандай əсер берді.
Табиғаттың бұл көрінісі көңілін есірген Ботагөз, қызыл тудай
желбіреген су мен бұлттың қызыл бояулы толқынына біраз қарап тұрып,
көзін көлдің шығысына, оркестр да уысы естілген жаққа тіксе, толқындай
ырғалып, тулары аспанның күн сəулесіне боялған бұлтындай желбіреп,
Қызыл Армияның қалың қолы келе жатыр екен. Бұл Қызыл Армияның
ішінде Антон Лукин – Гроза басқарған полк та бар еді. Амантай мен ол
құрған партизан отряды аз уақытта көбейіп, жергілікті ақтар үкіметінің
берекесін жылға жақын қашырған, жазалаушы отрядпен аңдыса соғысып,
1919 жылдың сентябрінде Магнитогор тұсынан Қызыл Армияғa қосылған.
Содан бастап ақтарды шығысқа қарай қуысқан олар Асқардың полкына
сəті түсіп, Бурабай тауының маңында ғана кездесті.
Алексей Кулаковтың қолында Ботагөздің аман кетіп бара жатқанын да
олар сол тұста естіді. Көрген адамдардың айтуынша, Ботагөздің халі өте
қауіпті, өйткені, қызылдардың тықсыруы күшейген сайын, Кулаковтың
айуандық қылығы да күшеюде. Өз дегенінен шықпаған адамдарға, оның
ешбір мейірімі жоқ жəне ол жазалағысы келген адамға атудан басқа да
неше түрлі жан түршігерлік жазалар қолданды, мысалы: тірідей кескілеу
немесе тірідей өртеу сияқты...
Жəне сол адамдардың хабарлауынша, қуып келе жатқан Қызыл
Армияның ішінде Ботагөздің ең жақын адамдары: Асқар, Кенжетай,
Амантай жəне Гроза барын Алексей Кулаков біледі, сондықтан да ол
Ботагөзге аса ызалы сияқты.
– Қоршауда қалса азапты өлімге бұйырмауы мүмкін,– дейді Кулаковтың
Ботагөзге деген құлқын көргендер,– онда сескенер, батылдыққа баруға
қорқар; ал егер қоршауға түспей, осы бетімен сырғи берсе, онда турасын
айту керек, енді ұзаққа сүйремес.
Бұл сөз Ботагөздің достарын аса қынжылтады. Ақтар ілгері жылжыған
сайын, қорқыныштары үдей түседі.
Сол қауіппен олар Шалқар көліне жетті. Бурабайдың батысында мықтап
бір қарсыласқан ақтар, таудан асқан соң-ақ табан тіреп ұрысудан қалды.
Шалқар тұсынан да олар осы қашқалақтай жылжыған қалпымен өтті.
Ботагөздің өлі-тірісін білмеген достары, егер тірі болса, Шалқардан əрі
сырғыған ақтардың ішінде болар деп жорыды. Оған қашан жетеді? Тірідей
жете ме, жоқ па?– ешқайсысы біле алмайды, көруге құмартқан сайын,
жүректері сыздай түседі...
Қызыл Армия Шалқардың екі жағын да орай жүрген еді. Оң жақ
қанатта кетіп бара жатқан Асқар өткен күндерді есіне түсіріп, қабағын
жауып келе жатып, Шалқардың ортасындағы діңгекке қарады.
– Жолдас командир,– деді ол қасында қатар келе жатқан командирге,–
сіз көлдің ортасындағы сонау тас діңгекті көресіз бе?
– Өзім де бұл не деп ойлап келе жатыр ем, маған кеме сықылды елестеп
еді,– деді командир – ол тау ма?
– Көлдің ортасына өскен тау. Сол таудың үстінде көзіңізге ешнəрсе
шалына ма?
– Ту сықылды бірдеме көрінеді, қасында адам бар сықылды.
Екеуі де дүрбілерін көзіне ұстап қарап еді: діңгек үстінде адам!..
Адамның қолында – Қызыл ту!..
– Бұл не жұмбақ?–десті екеуі қосынан,– көл ортасына бұл жалау қайдан
пайда болды?
Діңгекке тігілген Қызыл жалау туралы əркім əр түрлі сөздер айтты.
Біреулер: ақтар бізді алдап тіккен жалау болмасын деді. Біреулер: ақтардан
қашқан бізге тілектестер болмасын деді.
Асқарға келген ой:
«Əлде бір себеппен діңгекке тығылған Ботагөз болар ма?»
Асқар бұл ойын командирге айтты.
– Кім де болса барып көру керек. Қайық бар ма екен?– деді командир.
Асқар мен командир көздерін көлдің жағасына жүгіртіп еді, екі қайық
ұшырай кетті.
– Мен барайын!– деді Асқар командирге.
– Біз барайық,– десті Гроза мен бір командир.
– Мен де барам,– деген сезді Амантай мен Кенжетай қосынан айтты.
Жеті кісі екі қайықпен суға түсе ғап, тас діңгекке тура тартты. Діңгек
басындағы Қызыл туды олар анық көрді. Бірақ адам еркін көрінбейді.
...Түнде тас діңгекке аман жеткесін, Ботагөздің есіне Асқардың: «Қызыл
тумен қарсы ал!» деген Омбыдан Сағит арқылы жазған хатындағы сөзі
түсті. Сол сағаттан кейін, ол үш кездей қызыл матаны – шүберекті туға
арнап, Асанға саттырып алып, көйлегінің ішіне орап жүруші еді. Ақтарға
тұтқынға түскеннен кейін де, қызыл шүберекті ол тастаған жоқ та.
Тас діңгекке түнде жеткеннен кейін қызылдарға, Асқарға аман қосылуға
сенген ол таңертең көлге жақындаған Қызыл Армия бөлімдері екенін
көргесін, қызыл шүберекті ағытып алды да, ескекке байлап, ту көтерді. Ту
көтерген Ботагөз, қызылдардан бірнеше адам қайыққа мініп, суға түскенін
көргесін, «Асқар» деп жорамалдап, қуанышын қойнына сыйғыза алмай,
қайықпен келе жатқандарға дауыс жетеді-ау деген жерден бар дауысымен:
– Жасасын Қызыл Армия!– деп, бірнеше рет айқай салды.
«Жасасын Қызыл Армия!» деген дауыс – Алексейдің төбесінен жайдың
оғындай ұрды. Ол діңгекті ықтап, Қызыл Армияның қимылын көргісі
келмей бұғып отыр еді, діңгекте өзінен басқа адам бар деп ойламаған еді.
Нақ қасынан дауыс шыққасын ол, діңгекке өрмелеп жоғары шықса –
басында желбіреген Қызыл ту тұр. Туды ұстаған Ботагөз!..
Шинелінің ішінен беліне байлаған наганды қабынан қолының қалай
алып шығып, тұп-тура Ботагөзге қалай оқтанғанын Алексейдің өзі де
білмей қалды. Мылтық ұсынған қолдың үстінен сол көзін қысып, оң
көзінің қарашығын наганның қарауылы арқылы Ботагөздің дəл қарақұсына
тікті. Оның көзі де, қолы да нысанадан жаңылған жоқ.
Ол наганның құлағын бармағымен қайырып, үсік саусағымен тілін
тартуға ыңғайланып еді, Ботагөзге қадалған көзі таңғы сағыммен нақ
Шалқар көлінің жағасында тұрғандай боп қарауытып, аспанды белуардан
жиектеген Бурабай тауына түсті.
Ашу теңізіне батқан оның ақылы қайтадан қалқып бетіне шықты. Оның
көзіне Бурабай тауының етегіндегі қала, қаладағы үйі елестеді. Содан
бірте-бірте сабасына құйылған оның ақылы – өзінің болашағын есіне
түсірді. Наган ұсынған қолын сол қалпынан қимылдатпай, бірақ көзін
Ботагөзден мұнарланған Бурабай тауына аударып, ол екі нəрсені ойының
таразысына салып, салмақтап өлшеді. Оның біреуі: Ботагөзді өлтіру,
екіншісі – өлтірмеу.
«Ботагөзді өлтірсем,– деп ойлады ол қайықпен жүзіп келе жатқан
Қызыл əскерлерге қарап,– бəрібір аналар мені тірі құтқармайды. Мүмкін,
мен қапысын тауып, қолдағы қаруыммен оларды да өлтірермін. Бірақ сонау
көлдің жағасын тегіс қоршаған қызылдың қалың əскері мені құтқара ма?
Жоқ, олар құтқармайды!»
«Черт с ним! Құтқармаса құтқармасын, құтылғанда қайбір тіршілік!..
Жоқ!.. Оным қате екен!..»
Алексейдің есіне, ақтардың жеңілуі анықталғаннан кейін сырлас
офицерлерімен бір кеңескені түсті.
«Россия советтік боп қалуға мүмкін емес,– дескен еді офицерлер,– біз
оны қалдыруға мүмкін емеспіз. Олай болса монархияны қайтадан аяғына
бастырудың екінші жолын қарастыру керек!»
«Жоқ,– деді ол, ішінен өзін-өзі шегелеп,– мен тілегіме жетуге
тиістімін!.. Мен енді күшімнен асқан жерде жаудың оғынан өлем!.. Өзімді
өзім өлтірмеймін де, көрінер көзге өлімге ұстап бермеймін де!.. Маған
өзімнің қара басымнан, қара басымның намысынан – монархия қымбат...
Мен тығылам!..»
Осы ойдан кейін ол наган ұсынған қолын түсіріп, артымен кейін қарай
діңгектің тасасына сырғыды да, таңертең оянғанда көзі түскен бір тастың
үңгіріне кіріп: «Мен енді апан түбіндегі қасқыр!»–деді ішінен, ызалы
күлкімен.
Ботагөз Алексейдің өзін де, қимылын да сезген жоқ. Қайықтар
жақындаған сайын ол, желбіреген туын жоғарылата түсіп, үсті-үстіне:
«Жасасын Қызыл Армия! Жасасын Совет өкіметі!..» деп даусын көтере
айқайлады. Оған – дауысы жер мен көктің арасына түгел толып, жер, көкті
түгел жаңғыртқан сықылданды. Ол ұрандап тұрып жылады, жылап тұрып
күлді...
Діңгекке жеткен қызылдар, ту ұстаған Ботагөз екенін көрген соң,
қайықтан түсе, діңгекке өрлей жүгірді. Ботагөзге əуелі бұла кеп қалған
Асқар болды. Құшақтаса кеткен екеуінің де кездерінен жас шықпай, бірінбірі қатты қысып сүйісті.
Ботагөз екенін көргеннен-ақ ұмтылған Кенжетай, құшақтап керіскелі
даяр тұр еді.
– Асқар!– деді Амантай, күлімсіреп,– біз де сағындық, амандасып
бетінен сүйейік, босат!
Амантайдың дауысын естіп, Асқар құшағын жазайын деп еді, Ботагөз
босатпады.
– Жиенжан, жібер!– деді Амантай, қуанышты дауыспен,– біз де сені
сағындық!
Амантайды Ботагөз байқай алмай қалған еді.
Дауыс Амантай дауысы сықылданып кеткесін, ол құшағын жазып
қараса, қасында Амантай тұр.
– Келші, сəулем!– деді Амантай, Ботагөзді құшақтап, бетінен сүйіп.–
Мен жыламаймын, қалқам!
Кенжетай Ботагөзбен қазақша жылап көрісті. Сағынышты жолығысуға
мейірі түсе шаттанған Гроза, өз кезегі келгенде, Ботагөздің қолын қатты
қысып, құттықтау сөздер айтты...
– Амантай да бірге келді!– деді Асқар қалтасынан сəби Амантайдың
суретін Ботагөзге ұсынып,– жолда көрдім. Аман!..
Ботагөздің тыйылған жасы, Амантайды көргенде қайта ағытылды. Ол
жасты көзін алақанымен əлденеше рет басып, əлденеше рет суретке
қарады. Қуаныш, құттықтау сөздер айтылып жатты.
Бақытты семьяның,, бақытты достардың – бақытты сөздерін тыңдағысы
келмеген Кулаков, екі саусағымен екі құлағын қатты тығындап алған еді.
Сондықтан діңгек басында сөйлескен бақыт сөздерін ол естіген жоқ. Сөз
оған сөз емес, күңгірлеген бірдеме боп естілді.
Біраздан кейін күңгір де тыйыла қалғасын, ол өрмелеп, діңгекке шықса,
Ботагөз көтерген Туды, сол көтерген қалпымен желбірете ұстап, екі қайық
жағаға жүзіп барады екен. Жағада Қызыл туы толқынданған – қалын, əскер
күтіп тұр.
Іші күйген Алексей, өз бармағын өзі тістеп, бір отырды, бір тұрды.
Оның көзі қадалған сайын Ботагөз тіккен Ту желбірей түсті.
КӨКШЕНІҢ КЕУДЕСІНДЕ
(Эпилог)
Азат тауын айналып, күнгей бетіне шыға келіп ем, мөлдір көк гауһар
тастан жасаған күмбездей Көкше, аспанға асқақтаған кербез бойымен
көзімді тартып жүре берді.
Сібірдің салқын самалды көктемінде, көктен күндіз де, түнде де
арылмайтын кілегей қоңыр бұлт, сол күні аспанның, жерді жиектеген
жағалауына шегіп, жерден өзеннің жар қабағындай ғана жоғары тұр екен.
Көктің кең, биік сарайында одан басқа көзге ілігер шөкім бұлт жоқ. Сондай
ашық көгілдір аспанның астында көрінген Көкше – аспан астынан өскен
кішірек бір аспан секілді. Бірақ Көкше көктен көрі көгірек!..
Көгілдір Көкшенің көркін көркемірек көрсетіп тұрған басына оралған
кілегей ақ ұлпа бұлт пен етегін көмкере тоқыған бұйра сағым.
Бұдан аттай он жыл бұрын, дəл осы мезгілде, осы арадан нақ осындай
бейнемен көзіме шалынған Көкшеге мен ара қонып атпен зорға жеткен
едім. Бұл жолы астымда желдей жүйрік автомобиль. Жол үсті кең даланың
көк орай шалғын бəйшешегімен тұтасқан салалы қалың селеу. Селеуге
сүңги жүйткіген автомобильдің, астына жер жиырылып, кіріп, көз
ұшындағы Көкше толқыған биік бетегенің үстінде, теңіздегі кемедей бізге
қарай өзі зымырап жүзіп келе жатқан сияқты.
Көктемде түгі де, тоғайы да кектеп, келбеті көркемденген Көкше,
аңсаған мені құшағын жайып қарсы алды. Мен оның шалғынын шолып,
орманын оранып, көлін көлбеп, кең өлкесін кезіп, етегін ентелей басып
тұрып, көзімді кербез кеудесіне тіктім.
Көкшенің кек гауһардай күмбез кеудесі аспанмен астасып, көркің күн
нұрымен бояп тұр екен.
– Кел!– дегендей болды Көкше.
– Кеудеме жат!–дегендей болды Көкше.
– Күмбезіме шық!– дегендей болды Көкше.
– Көкке төбеңді тигізейін!–дегендей болды Көкше.
– Күнге бетіңнен сүйгізейін!– дегендей болды Көкше.
Көкше солай «кел» десе,– кімнің дəті шыдайды?!
Кілемдей жайнаған етегін көлбеп, Көкшенің кеудесіне мен өрледім.
Құлдыраған құздың да, қиялаған шыңның да біреуін бөгет көрмедім.
Көкшенің кеудесіне шығып, келемін шолғанда – кезіме кеп өлке ілікті:
«Азат»–аяқ астында; «Сырымбет» – сырық сілтер жерде; «Жыланды» –
жанында; «Бұқпа» – бауырында; «Айыртау» – аясында; «Имантау» –
иығында; «Сандықтау» – сағасында; «Ақан» – ағайыны; «Зереңді» –
замандасы; «Шортан» – шөбересі; «Торыайғыр»–тұстасы; «Көксеңгір» –
көршісі; «Ереймен» – ерулесі; «Баян» – бауыры; «Қарқаралы»–құдасы;
«Ақтау» – аңдасы; «Ортау» – одақтасы; «Ұлытау» – ұйымдасы; «Қаратау»
– қайыны; «Алатау» – ағасы; «Алтай» – атасы...
Осы аталған таулардың біразын мен көзіммен көрдім, көзім жетпеген
тауларды, аспанда шарықтап ұшқан сұңқар қанатты сезіммен көрдім.
Сүйтіп, сезімімді серуенде сайрандатып тұрғанымда құлағыма бір
сыбдыр сезілді. Көкшенің кеудесінде шыңға ұялаған лашын мен қарағайға
ұялаған қаршығадан басқа ешбір жанды мақұлық жоқ секілді еді. Бірақ,
біреулер маған: «Бұл таудың басында барлық аң да бар... адам таудың
басына шықса – аю аңдиды да, алып жейді» дескен.
Сол сөзден сескенген сезімім самал салқындатқан денемді одан кері
суытып, сыбдырға сезігім күшейіп, соқтығатын аңның сазайын беруге,
мылтығымды ыңғайлай бастадым.
...Бір кезде текше тастардың арасынан менің көзіме тасқа тырмысқан
адамның алты қолы шалынды. Қолға қарап тұрғанымда, қылтиып қаз-қатар
үш кісінің басы көрінді: біреуі – бұйра ақ бурыл сақалды, екіншісі – қою
қара мұртты, үшіншісі – бетінде аздап ажымы бар, əдемі кескінді əйел.
Мен оларды текше таспен төменірек түсіп, қарсы алдым. Үшеуі де
орденді: қарт пен əйелде – Ленин ордені, қара .мұртта – Еңбек Қызыл Ту
ордені.
Біз жөн сұрастық: қарттың аты – Амантай – МТС-те директор; əйелдің
аты – Ботагөз – агроном; қара мұрттың аты – Асқар – Райкомның
секретары. Үшеуінің курортқа келуіне он шақты күн болыпты.
Біз Көкшенің кеудесіндегі биік шыңға шығып, төңіректі тамашалап,
біраз отырдық. Бұл егіннің көктеген кезі еді.
– Маңайда егіннен ине шаншар жер жоқ екен-ау!– деді Амантай, жасыл
барқыттай жайнап тұрған далаға жаны сүйсініп.
– Көкшенің кілемдей келбетті даласындағы көп көл, күміс теңгедей
дөп-дөңгелек боп, күнге шағылысуын қарашы!–деді Ботагөз.
– «Көкшенің астында алтын дария бар» деп қиял еткен халықтың сөзі
расқа шықты-ау!– деді Асқар, бұйра түтіні бұрқырап, бұлтқа жалғасып
жатқан «Степняк» алтын заводын нұсқап.
Кеңес көбейді. Кең өлкенің келбеті осылай көркеюіне көңілдері
шаттанған курортшылар: маған өткен күндерінен де баяндады. Мен
тамашалап тыңдадым.
Бұл кеңес дəл осы арада əлденеше күнге созылып, кеп кеңестен –
«Ботагөз» романы туды.
Күн көзіндей жарық бар
Ботагөздің кезінде.
Телегей теңіз тарих бар
Ботагөздің сөзінде.
Февраль, 1935 жыл,
Январь, 1953 жыл.
Романның соңы.

You have read 1 text from Kazakh literature.
  • Parts
  • Ботагөз - 01
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 1990
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 02
    Total number of words is 3835
    Total number of unique words is 2043
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 03
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2116
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 04
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2017
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 05
    Total number of words is 3894
    Total number of unique words is 2042
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 06
    Total number of words is 3848
    Total number of unique words is 2153
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 07
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2123
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 08
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2003
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 09
    Total number of words is 3912
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 10
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2112
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 11
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2051
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 12
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1988
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2200
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2095
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 16
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2023
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 17
    Total number of words is 3916
    Total number of unique words is 2124
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 18
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 2066
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 19
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2060
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 20
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2125
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 21
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2108
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 22
    Total number of words is 3807
    Total number of unique words is 2017
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 23
    Total number of words is 3701
    Total number of unique words is 2061
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 24
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2129
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 25
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2145
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 26
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2103
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 27
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2063
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 28
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2001
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 29
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2142
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 30
    Total number of words is 3880
    Total number of unique words is 2028
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 31
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 1962
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 32
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2086
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 33