Latin Common Turkic

Ботагөз - 01

Total number of words is 3875
Total number of unique words is 1990
36.3 of words are in the 2000 most common words
52.3 of words are in the 5000 most common words
59.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
БІРІНШІ БӨЛІМ
ЕКІНШІ БӨЛІМ
ҮШІНШІ БӨЛІМ
КӨКШЕНІҢ КЕУДЕСІНДЕ

БІРІНШІ БӨЛІМ
(Роман)
ТҰҢҒИЫҚТА
БІРІНШІ ТАРАУ
КЕЗДЕСУ
1
Ботагөз Бурабай көлінің нақ жар қабағына салынған, бір бөлмелі
кішкене қарағай үйдің терезесінің алдындағы айнаға түрегеп қарап тұрып,
иығынан аз-ақ төмен түсетін, толқынды бұйра қара шашын сүйріктей
саусағымен біресе иығына, біресе алдына түсіріп желпіп, өз шашымен өзі
ойнады. Шашын желкесіне қарай желпігенде, қарақаттай мөлдіреген қара
кезін Көкшенің құшағына бөленген Бурабай көліне тігіп еді, бураның
шудасындай желкілдеген толқын біресе жарды сүзіп, біресе кейін қайтып
бұрқанып жатыр екен.
Көлдің бурадай буырқануы Ботагөздің қуанышты сезімін өзгертпеді. Ол
біресе көлге, біресе айнаға қарап, көлдің толқынына еліктегендей,
толқынды бұйра қара шашын бұрынғыдан да жиі желпи түсті.
Оның бұл тұрған қалпын ағасы Балтабектің əйелі Айбаладан басқа
ешкім көрген жоқ. Айбала көлден алған екі шелек суды иығындағы иін
ағашқа іліп, есігі ашық тұрған үйге еніп еді, айна алдында өз шашымен өзі
ойнаған Ботагөзді көрді.
«Еркем, не ғып тұрсың?» – деп қала жаздаған Айбала, сүйікті көретін
қайын сіңлісінің қуанышты сезімін бұзбайын дегендей, аузына келіп қалған
сөзді ернімен бөгей қойды.
«Я, – деп ойлады, шелегін босағаға қойып, жүрісін сездірмей, ептеп
басып далаға шыққан Айбала,– қуанатын жөні бар. Бала ғой. Бүгін сабағым
басталады деген!»
«Қандай жігіттің бағы ашылып, маңдайы жарылып тұр екен, сені
құшуға?»–деген ой Айбалаға келе беріп еді, Ботагөзді шын сүйетін жүрегі,
балапандай жаңа ғана қанаттанып келе жатқан еркесін жігіттен қызғанды.
Айна есіктен бір қырын еді. Қуаныш толқынына сүңгігендіктен бе,
болмаса аяғын жолбарыстай жұмсақ басып, жүрісін сездірмегендіктен бе,
əйтеуір Айбаланың кіріп шыққанын Ботагөз сезген жоқ.
Өз денесіне, өз кескініне, өз шашына өзі сүйсінгендей болған Ботагөз
телегей теңіздей толқып жатқан көлдің сырт жағына қарап еді, желкесінде
найзадай шаншылып Оқжетпес тұр екен. Күзді күні қайыңның жапырағы
сарғаяды, теректікі қызарады, жасыл түсін өзгертпейтін қарағай ғана.
Оқжетпестің жиған жүктей текшеленген сұңғақ денесінің омырауына
шейін осы үш түрлі ағаш араласа өскен. Солардың түрлі түспен құлпыруы
Ботагөздің көңілін көлден тауға аударды. Оқжетпестің найза денесі
Ботагөзге түрлі түсті жібек лента араластыра өрген қыздың тұлымына
ұқсап кетті.
Тетелес өскен ағасы Кенжетай бұған бес-алты түсті лента сатып əперген
еді. Ботагөз бөлменің бұрышында тұрған кішкене қол сандығына жүгіріп
барып, ленталарын алды.
«Мынау, – деді, ол жасыл лентаны суырып ап, – қарағай!»
«Мынау, – деді, ол ақ лентаны суырып ап, – қайың!»
«Мынау, – деді, ол сары лентаны суырып ап, – қайыңның жапырағы!»
«Мынау, – деді, ол қызыл лентаны суырып ап, – теректің жапырағы!»
«Мынау, – деді, ол көк лентаны суырып ап, – теректің өзі!»
«Мынау, – деді, ол сұр лентаны суырып ап, – таудың тасы!»
Өзге түсті лентаға таудың бойынан түстес нəрсе таба алмады.
Оқжетпестің ұшар басының тасы жалаңаш еді. «Тұлымымның түбін
лентасыз өрейін, – деп ойлады Ботагөз, – таудың найза басына ұқсап, бір
түсті қарасұр боп тұрсын. Содан кейін шаштың ұшына қарай ленталарды
араластыра өріп, шашақтандырып қойсам, Оқжетпестің түрлі түсті етегі
болады да шығады!»
Ойы ұнамды шыққасын Ботагөз қуанып кетті. Шашын тарақпен
желкесіне қайырып алып, саусағымен үшке бөліп, жыпылдатып өре
бастады.
«Дəл өзі болды да қойды!» – деді Ботагөз айнаға айнала беріп бұрылып
қарап, көзі біресе тұлымына, біресе Оқжетпестің тауына түсіп.
Ботагөздің қуанышты сезімін қарағайды жаңғырықтырған қоңыраудың
даусы бөлді.
«Жəмшік əкелген Кенжетай шығар?» – деп ойлады ол.
Ботагөздің үш ағасы бар еді. Балтабек – ең үлкені. Айбала соның
келіншегі. Екінші – Темірбек ортаншы ағасы. Кенжетай – кенже ағасы.
Кенжетай жалданып қазынаның жəмшігін айдайды. Ағайынды бұл
үшеуінің жас мөлшерлері бір-біріне жақын: Балтабек жиырма алтыда,
Темірбек жиырма төртте, Кенжетай жиырма екіде. Əкелері Тұяқ ерте өлген.
Шешелері Ұлберген шаруадан қалмаған, жасы қырық бес шамасындағы
кісі. Ол ауылдағы Кенжетай мен Темірбектің қолында тұрады. Шаруалары
кедей. Балтабек Бурабай қаласында темір соғады, етікшілік кəсібін істейді.
Ботагөз соның қолында тұрып, орыс школында оқиды.
Кенжетай келді деп ойлаған Ботагөз, оны қарсы алмақ боп үйден
шықса, есік алдында Айбала жүр екен.
– Еркем! – деді, ол дыбыс беріп.
Кенеттен шыққан дауысқа Ботагөз «ə» деуге үлгірмей, жүгірісін кілт
доғарып, жалт қарады.
– Қайда барасың, еркем?
– Кенжетай келді білем.
– Апаңды сағындың ба?
Сабақ сентябрьдің басында басталады дегенге ауылдан Ботагөз ерте
шығып, қалаға келгеніне айға жақындап қалған. Школдың керекті жабдығы
түгелденбей, ертең-бүгінмен сентябрь аяқталуға айналған. Көптен
көрмегендіктен Ботагөз апасын сағынған. Сондықтан Айбаланың «Апаңды
сағындың ба?» – деген сөзі Ботагөздің жүрегіне тық ете түсіп, көзіне жасы
келіп қалды, оны Айбала көрер дегендей Ботагөз жүгіре жөнелді.
Балтабек үйі мен жəмшік тоқтайтын Андрей Кулаков үйінің арасында
текшеленген тастардан табиғаттың өзі жасаған қорған бар еді. Кулаковтың
үйіне оны жағалап барса, жолы недəуір ұзақ, сондықтан бала-шағалар
қорғанға өрмелеп шығып, үстінен асып түседі.
Ботагөз сол қорған тастың текшеленген жіктеріне ескен тырбық
қарағайлардың бірінен соң біріне жармасып, аздап ентігіп барып, төбесіне
шықты да, сатылап отырып ар жағына түсті. Кулаковтың көк шатырлы,
үлкен қарағай үйі қорғанның арғы жақ етегінен алыс емес еді. Бірақ бер
жағында сырғауылдан істеген малдың кең шарбағы болатын.
Қарағай арасымен шарбақты жағалап, Ботагөз келе жатыр еді,
Кулаковтың бір топ қазы кездесті. Қаздың айғыры тістеуік екенін Ботагөз
білетін. Сондықтан, топ қазды ораңқырап өтейін деп еді, айғыр-қаз мойнын
жерге төсеп, қаңқылдап бұған қарай тұра жүгірді.
Осы айғыр-қаз өткен жылы қапылыста Ботагөздің тақымынан тістеп ап,
көпке шейін тақымы көгеріп жүрген еді. Тағы да солай тістей ме деп, ол
ұмтылған қаздан қаша жөнелді.
Қорыққанын көріп, үрейлендіре түскісі келді ме, болмаса шын тістеуге
ниет етті ме, қаз қанатын жазып жіберіп, жүгіре ұшып Ботагөзге жетуге
айналды.
– Мама! – деді Ботагөз, қаздың қаққан қанатының лебі денесіне
жақындап қалғанын сезіп, орыс қыздарының дағдысымен. Əйтпесе,
шешесін бұл «мама» емес, «апа» дейтін еді.
– һе-е-ей!.. – деген дауысқа қысылған Ботагөз жалт қараса, жүгіріп келе
жатқан Кенжетай екен. Қаз одан қаймыққандай қанатын жинап, мамырлап
кейін жөнелді.
– Қалай, бала, қорықтың ба?! – деді Кенжетай қалжыңдап.
Ботагөз ұялғандай тұнжырап төмен қарады.
– Əй, балақай, қаздан қорыққан!...
Ботагөздің қалжыңға азық болғысы келмей:
– Қорықпағанда... тістеп алса... – деді басын көтеріп.
«Дəлел таптым ба?» – деген кісідей Ботагөз Кенжетайға қадала қарай
қойып еді, қайдан келгенін білмей қалды, қасында орысша киінген бір
қараторы, əдемі жас қазақ жігіт тұр екен.
Ботагөз бетін басып, Кулаковтікіне қарай жүгіре жөнелді.
– Бота! – деген жіңішке дауыс құлағына тигенше, Ботагөз бетінен
алақанын алған жоқ. Дауысты естіген соң қолын төмен түсіріп қараса –
Лиза екен. Лиза Ботагөзбен бір мектепте оқитын қыз, екеуі дос.
– Неден ұялдың осынша? – деді, Лиза жүгіріп кеп, Ботагөздің
қолтығынан ұстап.
– Жай!
– Жайдан жай сүйте ме екен?
Ботагөздің көз қыры кейінгі жаққа түсіп еді, Кенжетай, орысша киінген
жігіт жəне Кулаковтың жалшысы – Антон бұған қарап күліп тұр екен.
Кетейік, кетейік!... – деді асығып Ботагөз.
– Ендеше, біздікіне барайық!
Екеуі Кулаковтың қарағай үйіне жүгіріп кірді де кетті.
2
Орысша киінген жігіт – Досанов Асқар еді. Оның əкесі Досан. Бурабай
маңайындағы Шортан қаласының малын бағатын жатақ бола тұра, баласын
школға жасынан сабаққа берді. Екі класты школды 16 жасында, 1907 жылы
бітіріп, сол жылы күз, Асқар Омбының Учительская семинариясына түсті.
Бірақ оны аяқтауға қаражаты болмай, 1911 жылы, соңғы класын бітірмей
семинариядан шығып, Көкшетаудың ық жағында отыратын, Байсақалдың
Итбайы деген болыстың аулына балаларын орысша оқытуға жалданады.
Ауылға келгелі Кенжетаймен таныс болған ол, бүгін хат-мат бар ма екен
деп, Кенжетайға еріп қалаға келген еді. Ботагөздің күнəсіз қараған дөңгелек
қара көзінен Асқардың жүрегіне ұшқын шашырап түскендей, дір ете қалған
сияқтанды...
Бозбалашылықтың мектебін өтеген Кенжетай, Асқардың бұл сезімін
бетіндегі қан құбылысынан байқап қалды.
– Бұл бала менің қарындасым! – деді Кенжетай Acқардың сұрағысы
келгенін біліп.
– Туған қарындасың ба?
– Туған. Орыс школінде оқиды.
– Солай ма?!
Қазақтың қызды біреуге бесікте атастырып қоятын əдеті бар. Сол əдет
есіне түскен Асқар: «біреуге уəде қылып па едіңдер?» дей жаздап қалып,
аузын жия қойды.
– Мен почтаға барып, хат-хабар болса əкелейін,– деді Кенжетай.
– Мен де бірге барайын.
Екеуі почтаға келсе, жөнді кісі жоқ екен. Решетканың ішінде отырған
қыз бұлармен қалжыңдасып тұрып, бірсыпыра пакет, орысша газеттер жəне
бірнеше журналдар берді.
– Не əңгіме бар екен? – деді Кенжетай почтадан шыға бере Асқарға
орыс газетін ұсынып, – мынаны қарап жіберші!
Бурабай көлінің ығындағы кішкене қаланы сол көл атымен «Бурабай»
дейді. Қала тастың, қарағайдың арасына салынғандықтан, кеп жерінде
көше болмай, тастардың арасындағы алаптарды қуалап кетеді.
Көшедегі көп тастың біреуіне Кенжетай мен Асқар қатар отырып,
газеттің іші-сыртын үңіліп қарай бастады.
Газеттің бірінші бетінде сауда-саттықтың жарнамалары басылған екен.
Оған Асқар көп алданбай, ішкі бетін ашып, Балқан соғысының хабарларын
оқыды.
– Мынасы қызық екен? – деді Асқар бір кезде дыбысын шығарып.
– Неменесі? – деді іші пыса бастаған Кенжетай.
– Түрік пен Балқан патшалықтары соғысып жатыр еді ғой, оны естіген
шығарсың?
– Е, қайсысы жеңіпті?
– Жақында татулық жұмысын кеңесіп еді, қазір Түрікке қарсы бірігіп
соғысқан Қаратаулық пен Болгария деген патшалықтар олжаға таласып,
өзді-өзі қырылысқалы жатыр екен.
– Бірі өлсін де, бірі қалсын, оған менің не қимам қышыпты.
Асқардың ойы Кенжетайға Балқан соғысының себептерін, алдағы күнде
соғыс боп кету қаупін түсіндіруге бір кетіп тұрды да, оқымаған жігіт,
түсінбес деп айтпады.
– Тағы не бар екен? – деді Кенжетай.
– Қарайын.
Асқар кішірек келген қара көзін газеттің жалпақ бетіне жүгіртіп отыр
еді, бір кезде жүгірген көз бір жеріне барып қадала қалды.
– Е, не бар екен? – деді Асқардың жүгірген көзін қуып отырған
Кенжетай.
– Той болатын бопты.
– Не той?
– Романовтарға 300 жыл толыпты.
– Оларың кім?
– Осы күнгі Ресейдің патшасы.
– Несіне 300 жыл болыпты дедің?
– Бұдан 300 жыл бұрын, осы күнгі патшаның атасы Михаил Федорович
26 жасында таққа отырған.
– Біздің Итбай да 16 жасында болыс болды деп еді, о да жасында патша
болған екен. Ал, енді, оның несін тойлайды?
– «Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса».
– Біз де тойлаймыз ба?
– Тойлайсың! – деді, Асқар кекете күліп.
– Нақ біздің ауыл тойлай қоймас!
– Неге?
– Несіне тойлаймыз, патша сауырымыздан тісін бір алған емес.
– Е, саған ол не қылды? – деді Асқар сырын білгісі кеп.
– Менің əкемнің жас кезінде қонысымызды алып, елді бір шұбыртқан
екен. Қазіргі біздің ауылдың отырған жерін тағы да алатын боп қағаз
түсіпті. Енді қайда барарын ел білмей отыр.
– Солай болуға тиісті, – деді Асқар, Кенжетайды шабындыра түсейін
деп, – жер қазнанікі. Қазына иесі – патша.
– Ойбай-ау, енді, – деді Кенжетай ызаланып, – қазнанікі болғанда жұрт
жел оба ма? Патшаның таптырған жері бар ма? Бағып отырған елі қайда
мекендейді деп ол ойлай ма екен?
Асқар ызалы күлкімен тағы да мырс ете түсті.
– Осы Байсақал ауылының жеріне патшаның тырнағы тимейтін себебі
не, сен білесің ғой?... Пайғамбар заманынан бері ата жерінен табанын əлі
аударған жоқ.
– Ондағы себеп біреу-ақ...
– Немене?
– Ресейге қазақ бағынғанда, осы елден Орынбордағы Неплюев деген
жанарал алдына барып, патшаға ант берген алпыс ақсақалдың біреуі
Итбайдың атасы. Сонда оларға патша ақсүйектік даража беріп, солдат
алмауға, жеріне тимеуге қағаз берген.
– Ə, солай де...
– Солай!...
3
Кенжетайдың ауылы Бурабайдан отыз шақырым жерде еді. Егер қалаға
келе сала аулына қайтса, күнде жегілетін ат алпыс шақырымдық жүрісті
ауырлайды.
Жəмшік тартуға екі-үш кедей бірігіп күштерін қосқан. Жегетіндері
маңдайларына басқан жалғыз аттары.
Соның бірі Кенжетайдікі. Егер ол жалғыз көлігін арықтатып, жүргізбей
тастаса, оның арты күн көріске кеп соқпақ, күрмеуге келмейтін қысқа жібін
одан артық қысқартпақ.
Жəмшік жұмысымен осы ретте жүрген Кенжетай, газет хабарларын
Асқардан біраз естігеннен кейін: – «Мен атты Балтабектікіне барып
ағытайын», – деп орнынан түрегелді.
– Қашан қайтамыз? – деді Асқар.
– Төре-мөре кеп қалса, бүгін. Əйтпесе, ертең. Сен қайда барасың?
– Мен... – деп, Асқар азғана кідіріп, бірдемені қиял еткендей бөгеліп
тұрды да, – көлді жағалап қайтам, – деді.
Екеуі орнынан тұрып екі жаққа кетті.
Асқардың туған жері Шортан қаласы дедік қой. Шортан қаласы
Бурабай тауының оңтүстік жақ етегіндегі, Бурабайдың сексен келінің бірі –
Шортандының жағасында. Көлдің желке жағынан жоталана көтерілген
жүндес тау, қырқалана созылып барып, Бурабайдың ең биігі – Көкшемен
тұтасып кетеді. Таудың биігінен бастап бұйралана өскен қарағай, қайыңы
аралас ағаш етекке түсе кең жайылып, ұшы-қиырына көз жеткісіз қалың
орман боп кетеді.
Осындай орасан сұлу табиғаттың құшағында туып, балалығын
Шортандының түпсіз терең күмістей көліне сүңгумен, меруерттей құмына
аунаумен, текшелі тастарына өрлеумен өткізген Асқар, ержеткен соң туған
тауының сұлулығымен ғана қанағаттанбады. Ұшар басынан етекке шейін
екі жақ қабырғасын табиғаттың өзі тіп-тік қиып түсірген, бұлттан бөрік
киген, төбесі аспанмен астасқан, бар тауды бауырына алып, өзі соларды
айнала қоршап, бəрінен басын асыра қарауыл болған Көкше Асқарды
алыстан шақырды. Басын бұлтқа сұққан Көкшенің төбесіне ол сан рет
шығып, алтын кесенің аясындағыдай сексен көліне сан рет сүйсіне қарады.
Көкшенің көлеміндегі сұлу жерден оның араламағаны болған жоқ.
Бірақ не Көкше, не оның балапан таулары, не көлдері ешуақытта Асқарды
тойғызған емес, оның тəтті дəмдері ешуақытта айныған емес. Омбыға
оқуға барған жылдары да оның ойынан Көкше шыққан жоқ. Жазғы
демалысты ол үнемі Көкше маңында өткізді. Қысқы демалыста он-он бес
күнге босаса, неше күн атпен азаптанып, жол жүріп кеп, Көкшеге тым
болмаса бір-екі қонып қайтатын еді. Көкшені ол анасындай сағынатын еді.
Сондай сұлулығына тоймайтын Көкшені Асқардың тағы да бір
аралағысы кеп, Кенжетайдан бөлінгесін Бурабай келін жағалай Оқжетпеске
қарай тартты.
Оқжетпестің етегіне келгенге шейін ол ешнəрсе ойлаған жоқ. Өзгені
ойлау түгіл ,ол өзін-өзі ұмытып кетті. Оқжетпестің нақ етегіне кеп, төбесіне
қарағанда бұл араға қалай кеп қалғанына, аяғы басын билеп, адастырмай
көңілдегі жеріне қалай жеткізгеніне, екі кісі қатар жүргенде зорға сиятын
көлдің жарындағы жолдан суға қалай құлап кетпегеніне Асқар таңқалды.
Оқжетпес бұрын көргенде, төбесіне жетпей ой құсы ұя салмайтын
фантазиялы биік шың сықылданатын еді, бұл жолы ондай əсер бермеді,
тəртіппен текшеленіп жиылған тастар боп қана көрінді. Бұрынғы
дағдысында ол Оқжетпестің тас діңгегін айнала бір шолып, содан кейін
Көкшеге қарай беттейтін еді. Бұл жолы Көкшеге ол көзін де салған жоқ.
Оның бұл жолы көзін тартқан мұнарланған биік тау емес, көлдің үстін ала
қарағанда көзге зорға ілінетін Бурабай көлінің ық жақ жар қабағындағы
қарағай үйлер.
Оқжетпестің шығыс жағында, Бурабай көлінің жағасында көлге төне
өскен шың бар, аты – Жұмбақтас. Оның неге Жұмбақтас аталуы туралы
ертегіні Асқар жақсы біледі.
Оқжетпестің түбінен Бурабай көлі арқылы Бурабай қаласына қараған
Асқар, еркін көріне қоймаған соң, қалың қарағайдың арасымен аяғын сараң
басып Жұмбақтасқа келді де, шың басына өрмелеп шығып, құстан басқа
мақлұқ отыруға жүрексінетін биік шыңнан суға еңкейе төнген бір сүйір
тасқа аттай міне отырды.
Сол арада мұның есіне Ботагөз түсті. Асқар оқыған жылдары ол оқыған
семинарияда сегіз жүздей семинаршылар бар еді, солардың ең аз дегенде
алпыс проценті қыздар. Сонша қыздың арасында қазақтан бір қыз жоғы
Асқарды қапаландыратын. «Семинарияда қазақ қызы қайдан болсын, – деп
ойлайтын онда Асқар, – ауылда не орысша, не қазақша мектеп жоқ,
семинарияға я сол сияқты орта, я жоғары мектептерге түсу үшін қазақ қызы
оқитын бастауыш мектеп керек».
Ауыл халқынан қанша алым-салық алғанмен, ауылға арнаулы мектеп
ашпағандығы үшін патша үкіметін Асқар сөзі жеткенше сөгетін.
Семинариядан Итбай ауылына учитель боп орналасқанда, Асқардың
алдына қойған ең зор мақсатының бірі – қыздардың оқуына айрықша көңіл
бөлу еді. Бірақ Итбай ауылында бала оқытуына үшінші жыл болғанмен,
мектептен оқитын бір де қазақ қызы жоқ. Мектеп жасында қызы барларға
Асқар талай рет барып: «балаңды оқуға бер!» деп, түсіндірді де, жалынды
да; қанша жалынса да, оның сөзі өтпей-ақ қойды. «Қыз оқып молда
болмайды»,– десті оған қызы барлар. Асқардың: «мен өзім де оларды молда
болсын демеймін, менің ойым: олардан халыққа пайдалы оқыған адам
шығару», – деген сөзіне, олар: «əуелі ұлдар оқып, содан пайда көріп,
аузымыз тұшысын, содан кейін қызды оқытармыз»– деп, жауап берді.
Алғашқы жылы сөзін өткізе алмаған Асқар, келесі жылы көндірермін
деп дəмеленген еді, ол ойы да іске аспады, жыл сайын дəмеленіп, жыл
сайын көпшілікті көндірем бе деп талпынған Асқардың мектебіне бір қыз
да түспеді.
Ауылда қалыңға сатылмайтын қыз жоқ. «Он үште отау иесі» – деп,
талай қыздар 12-13 жастарында ұзатылып жатады; талай кедей қалың,
алып, қыздарын шалға, кемге беріп жатады. Оны тыятын ешкім жоқ. Асқар
бұл жөніндегі өзінің пікірін сол кездегі баспасөз бетіне жазды, оның жазған
мақаласы басылды да, бірақ ол мақала арқылы шара қолданған, қалыңға
тыю салған үкімет жоқ. Журналды оқығандар: құда түсер, қыз ұзатар
тойларына Асқарды əдейі шақырып: «осыны да кітапқа жаз, шырағым», –
деп мазақтайтын болды.
Баспасөзге жазған мақаласынан нəтиже шықпаған соң, Асқар бірнеше
табақ қағазды толтырып, үкіметке арыз берді. Ол арыздан да хабар-ошар
болмаған соң, Асқар іштен сыздап, амалсыздан аузын жапты...
Міне, сондай, «қазақ қызы қашан оқыр екен!» – деген арманда жүрген
Асқарды Ботагөздің орысша школда оқуы аса қуандырды. Бұрын, алдында
сағымдай бұлдырап, қуса жеткізбей жүрген үмітіне, енді қол ұшы
іліккендей болды.
Жұмбақтасқа аттай мініп отырып, Бурабай көлінің үсті арқылы,
Бурабай қаласына қараған Асқардың қуанышты ойын бөлмейін дегендей,
шыңға өрмелеген жыланша толқынданып жарды сүйіп жатқан көлдің беті,
Асқар шың тастың сүйіріне мінгенде бəсеңдеп, оның ойына Ботагөздің оқу
қуанышы түскенде, моп-момақан боп тұна қалды.
Үміт тұлпарына мініп, қолы іліккен мақсатын еркін ұстауға
ұмтылғандай, Асқар астындағы сүйір тастың бүйіріне тебініп-тебініп
қалды.
Асқар қайтып қала шетіне кіре берген кезде, күн еңкейіп барып,
Көкшенің төбесіне таяқ бойы келген кезі еді. Егер таудың төбесінде тұрып
қараса, күннің ұясына қонуына əлі төрт-бес сағат уақыт бар.
Күннің кешкіруін Асқардың тілеу себебі – бүгін қалаға қонбақ, жас
қызды анықтап көрмек.
Балтабектің үйін Асқар білмейтін еді.
– Жеңгей, сіз білесіз бе, жəмшік Кенжетайдың ағасы қайда
тұратынын?– деді Асқар жолда жолыққан бір орыс əйеліне.
– Саған Балтабек керек екен ғой? Анау жуан қарағайға барсаң, соның
аржағында алыс емес, сол арадан тағы сұрарсың.
Жуан қарағайдың аржағына өте беріп, анықтап сұрап алатын адамды
жан-жағынан іздей бастаған Асқардың көзіне бір кішкене қарағай үйдің
алдында тұрған Кенжетайдың арбасы ұшыраса кетті.
Асқар үйдің алдына келгенде, Айбала самауыр қойып жатыр еді.
– Есенсіз бе? – деді Асқар Айбалаға кеп, кім екенін танымай.
– Ш-ш...у...
– Балтабек деген жігіттікін білесіз бе?
Айбала жымиып күлді.
– Неге күлдіңіз, əлде осы үй ме?
Айбала тағы жымиды.
– Ə, тура тапқан екем ғой, – деді Асқар енді біліп.
– Кенжетай үйде ме?
– Лапке жаққа кетіп еді.
Айбаланың əдепті мінездері Асқарға ұнады. «Кескін-кейпі, денетұлғасы да сыпайы екен»,– деп ойлады ол. Бірақ Балтабектің əйелі ме,
болмаса басқа біреудікі ме? – Ол арасына көзі жетпей, біліп алғысы келді.
– Сіз осы үйдің кісісі боласыз ба? – деді Асқар, сыпайы дауыспен.
– Иə.
– Балтабек ағайдың жамағаты деп түсінеміз ғой, сізді?
Айбала тағы жымиды.
– Балтабек қайда?
– Ұста дүкенінде. Кешке келеді.
– Атыңыз кім?
– Айбала.
Осы кезде есік алдындағы қорған тастың аржақ бетінен күле сөйлеп
келе жатқан екі жас қыздың дауысы естілді. Асқар құлағын тігіп, көзін
қадай қойды.
– Еркемнің сабағы біткен екен ғой, шайы даяр болмады-ау! – деп,
Айбаланың өзіне-өзі күңкілдеуін Асқар естіп қалды.
– «Ə,– деп ойлады Асқар,– жас қызды бұл «еркем» дейді екен ғой. Аты
сол ма екен, я еркелетіп қойған аты ма екен?»
Тас қорғанға көзін тіккен Асқарға ең алдымен тасқа тырмысқан
қыздардың қолы, содан кейін бастары көрінді, бастың біреуі сары, біреуі
қара. Асқар шашқа қарап: «біреуі орыс, біреуі қазақ екен», деп ойлап
тұрғанында, мана шарбақтың қасында көрген екі жас қыз күліп шыға келді.
Қыздар Асқарды абайлаған жоқ. Екеуі қорған тастың бер жағындағы
баспалдақтардан қолтықтасып секіріп түсті де, қазақ қызы жүгіріп кеп,
Айбаланың, мойнына асылды, қолтығында қайыспен таңған екі-үш кітап.
– Бұның қалай, Ботагөз?– деді қасындағы орыс қызы, қазақ қызына.–
Мен оны жақсы көрем.
Қыздың аты Ботагөз екенін Асқар осы арада білді. Ботагөздің бойы жас
мөлшерінен сұңғақтау екен. Үстінде орысшалау тіккен, түгі қырқылған
қызыл барқыт қамзол. Кескіні қараторы. Мұрны кішірек келгенмен,
қырланып, əдемі біткен. Қара көз. Мойны ұзын. Денесінің балалық
бейнелері əлі өзінде. Шашын сəнмен өргеннен басқа, қыз болған белгіні
Асқар Ботагөзден таба алмады.
– Шайыңды даярлайын, босатшы, еркем!– деді Айбала, Ботагөздің
қолын мойнынан жазып, бетінен сүйіп.
Ботагөз босатпап еді, Айбала құлағына бірдемені сыбырлағасын
құшағын жазды да, Асқар тұрған жаққа ақырын айналып қарады.
– Саламатсыз ба, қарындасым?–деді Асқар қолдасып амандасқалы,
аяғын Ботагөзге қарай аттап, танысудың басын осыдан бастауға ойлап.
Ілгері аттай берген кезде Асқарға: «жас қыз, манағыдай тағы қаша
жөнеле ме?»–деген қауіп туып еді, қыз күтпеген мінез көрсетіп, кескініне
тура қарап, ұсынған қолына қолын берді.
Салалы келген жіңішке ақ саусақтарды ұстаған кезде, Асқарға олар жас
сүйіріктің басы сықылданып, үгітіліп кететіндей көрінді. Сондықтан, ол
өзгеге амандасатынындай қыспай, демеп қана қолын қайтып алды.
– Менімен неге амандаспайсыз?– деді Лиза Асқарға.
– Кешіре көріңіз...
Асқар Лизаға қолын ұсына беріп еді, Лиза: «Уже поздно!» деп күліп,
жүгіре жөнелді.
Асқардың Лизаға көңілі оншалық бөлінген жоқ. Оның бар ойы
Ботагөзде болды.
– Оқып жүргеніңді,– деді Асқар, «сіз» деп сөйлесуге Ботагөзді тым сəби
көріп, «сенмен» сөйлесуді лайық тауып,– Кенжетай айтып еді. Оқуларың
бүгін басталды ма?
– Бүгін 4 сағат оқыдық.
– Не сабақ оқыдыңдар?
Келе жатқан Кенжетайды көріп ұялды ма, болмаса басқа себептері
болды ма – Ботагөз Асқарға, кеткісі келген қалпын білдірді. Асқар да енді
бөгегісі келген жоқ.
Ботагөз, Айбала, Лиза үшеуі үйге қарай кеткенде, «бұл бір өткір қыз
болайын деп тұр екен. Кескін-кейпі де, мінезі де кісі шығатын адамның
қалпын көрсетеді екен»,– деп ойлады Асқар.
4
Іңірдегі Асқардың ойы қызықты бір ермек тауып, түнді еңсеріп барып
жату, Балтабектің үй-ішіне де, Ботагөзге де бойын үйрету еді. Ол ойын
Лиза бұзды.
– Бота!..– деген Лизаның даусы естілді ымырт жабылғаннан кейін,
Асқар Балтабекпен үйде кеңесіп отырғанда. Ботагөз ол кезде далада еді.
– Ə-əу!
– Қайдасың?
– Мен мында!..
Асқардың көңілі екі қыздың дауысына бөлініп, Балтабекке айтып
отырған кеңесінен жаңыла берді.
– Ойын боп жатыр, бармайсың ба,– деді Лиза Ботагөзге.
– Білмеймін, жеңешемнен ұлықсат сұрайын.
Айбала ауылдың қызы еді. Қаланың бетін көруі Балтабекке шыққалы
ғана. Сондықтан, орысша сөйлеген сөздің біразына түсінгенмен, қайырып
айтуға шорқақ.
«Қызға қырық үйден тыю», деген мақалды Айбала жақсы біледі. «Он
үште отау иесі» деп қаршадайынан үйден шығармай қызын сынға салып
қоятын ауылды ол əлі ұмытқан жоқ. Бірақ ондай сынға салуды Ботагөзге
əрі ерте көреді, əрі қимайды. Жүріс-тұрысына, мінезіне, ақылына қарап,
Ботагөздің орынсыз отқа түспейтініне сенеді. Сондықтан:
– Барғың келсе бара ғой, еркем!–деді Айбала, Лиза жүр деп
қолқалағаннан кейін.– Кеп кешікпе, еркем, тамақ піскен кезде кел.
Қыздардың дыбысы сенген кезде, үй сыртынан аттың дүсірі мен
ауыздықтың сылдыры естілді.
Кенжетай атты үйдің іргесіне тұсап, үйге кірместен, даладағы
Айбаладан Ботагөзді сұрады.
– Лиза екеуі ойын боп жатыр деп кетті.
– Асқар, үйдемісің?– деді Кенжетай сырттан.
– Үйдемін.
– Шығып кетші.
– Қазір.
– Шал мен кемпірдің қасында отырамыз ба? Ойынға барайық,– деді
Асқарға, далаға шыққанда Кенжетай.
– Барайық.
– Ас...– деп Балтабек үйде дауыстай беріп еді...
– Асты түсіре тұрыңдар, ойын табылмайды. Ас қайда қашар дейсің?–
деді Кенжетай.
Екеуі қараңғы көшемен құлағын тігіп келе жатыр еді, бір үйдің
терезесінен шулаған дауыс, тартылған сырнай естілді.
– Осы үйде екен,– десті екеуі де.
Бұлар үйге кірсе, екі бөлмелі үйдің іші лық толған қыз-бозбала екен.
Орталарын алқа-қотан ашып қойып «Камаринскаяны» билеп жатыр.
Ойында көзге ерекше түскен Антон. Билеуші де, қалжың айтып
күлдіруші де, билеуге қыз-бозбаланы еріксіз шығарушы да сол.
– Сен биле, сен биле!– деп əркімді бір ұстап алып еріксіз ортаға
шығарып жүрген Антонның көзі бір кезде Кенжетай мен Асқарға түсті.
– Кел мұнда, кел билеуге,– деді Антон Асқардың қолынан шап беріп
ұстап.
– Білмейтін ем!– дегеніне қарамастан Асқарды Антон ортаға сүйреп
алып шықты.
– Ну-ка,– деді Антон, үстелде сырнай ұстап отырған таңқы мұрын, кең
танау жас жігітке. Ол жігіт Бурабай көлеміндегі барлық қалаға сырнайшы
атанған белгілі жігіт еді; мұндай жиында оның арқасы қозып кетеді.
Сондықтан, сырнайдың көрігін құлашын кере үрлетіп, саусақтарына көзі
ілеспей, «Русская плясоваяны» тарта жөнелді.
– Ну-ну... Давай-давай!– деп шуласты Асқарға қыз-бозбала.
– «Мен танцы болмаса, орыс пляскасын білмейтін ем»,– деді Асқар.
– Таңдағаныңды тартам,– деді сырнайшы жігіт, сырнайға шеберлігін
білдіргісі кеп.
– Краковякты тарт, ендеше...
Сырнайшы желпілдете краковякты тарта жөнелгенде, Асқар топтың
ішінен серік қыз іздеп еді, қатар тұрған Ботагөз бен Лизаны көрді. Ботагөз,
əрі би білмес деп ойлады, əрі Кенжетайдан ұялды. Сондықтан:
Сізді биге шақырам,– деді ол Лизаға қолын созып, Лиза шегінейін деп
еді, Антон еріксіз ортаға сүйреп алып шыққасын:
– Пожалуйста,– деді ол, күле сөйлеп Асқарға.
Лизаның талдырмаш денесін ұршықтай үйіріп, Асқар
ортасында біраз биледі. Топтан бұларға серік төрт-ақ.пар шықты.
топтың
Асқар мен Лиза қатарласа жорғалай жөнелгенде, Ботагөзге ол қызық
сықылданып еді, артынан екеуі тесіне төсін тақап дөңгеленгенде:
– «Мен де солай билесем!»–деді ол ішінен...
Ойыннан бұлар түн ортасы ауа қайтып үйге келсе, Балтабек ұйықтап
қап, Айбала көйлек жамап отыр екен. Бұлар есіктен кіре берген кезде:
– Тұр!–деді Айбала, Балтабектің аяғынан ақырын қозғап.
Балтабек көзін уқалай түрегелді.
Айбала далаға шығып кетіп, бетіне табақ төңкерген кішкене қазанды
алып кірді.
– Құрауыз жатпасын деп,– деді Балтабек Асқарға, Айбала буы
бұрқыраған қазанның бетін ашқанда,– осындағы бір-екі тауықтың біреуін
сойдырып ем. Қазақтың мақалы бар ғой:
«...Бар болса сойыстықтың жөні бар,
Бір тоқтыда он кісінің құны бар,
Сойса қозы өледі,
Соймаса өзі өледі,
Соймаса қан шықпайды,
Қу тілден май шықпайды»,–
деген.
«Қонғанша қонақ ұялады, қонғасын үй иесі ұялады» дейді. Қол
өнерімен ғана күн көріп отырған адамбыз! Күнде келетін жігіт емессің.
Бабың болмады, қонағым! Ықласыма ғана риза болмасаң.
– Айта көрмеңіз! Дəм таттым, сынайтын кісі мен емес, тауықты да
бекер сойғансың, ағай!
Тауықтың етін Айбаланың пісіруі, тоқтының етіне тұрарлықтай екен.
Табақ алдына келгенде Асқар көзін салса, майын шылқылдатып қаймаққа
қуырыпты. Табаққа қуырдақты төккеннен кейін, əр жеріне аршыған он
шақты жұмыртқа қойыпты. Табақтың шетіне бір-бір ағаш қасық салыпты.
– Өздеріңіз неге келмейсіздер?–деді Асқар Айбалаға.
Ондағы ойы – бір жағынан Айбаланың тазалығы мен асты дəмді
істеуіне риза болғандық, екіншіден – Ботагөзбен табақтас болуды
тілегендік еді.
– Ботажан, сен кел!– деді Балтабек.
Ботагөз Кенжетай мен Балтабектің арасына келді де, Балтабектің
тізесіне шынтағын тірей отырды.
– Жеңгей, сіз де келіңіз!– деді Асқар тағы да Айбалаға.
– Алдында асы бар ғой,– деді Балтабек.
– Асы болса да келсін. Бəріміз де жаспыз, кімнен ұялады?
Асқар «келіңіз» дей бергесін, қымсынып кеп Кенжетай жақтан Айбала
да отырды.
Асқардың көзін тəтті қуырдақ емес – Ботагөз тартты. Бірақ ол өз
сезімімен өзі қатты күресіп, Ботагөзге қарамауға, қараса ағаларына
сездірмеуге, көзқарасынан Ботагөзге ой түсірмеуге тырысты. Сондай
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ботагөз - 02
  • Parts
  • Ботагөз - 01
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 1990
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 02
    Total number of words is 3835
    Total number of unique words is 2043
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 03
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2116
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 04
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2017
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 05
    Total number of words is 3894
    Total number of unique words is 2042
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 06
    Total number of words is 3848
    Total number of unique words is 2153
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 07
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2123
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 08
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2003
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 09
    Total number of words is 3912
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 10
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2112
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 11
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2051
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 12
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1988
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2200
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2095
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 16
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2023
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 17
    Total number of words is 3916
    Total number of unique words is 2124
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 18
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 2066
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 19
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2060
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 20
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2125
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 21
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2108
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 22
    Total number of words is 3807
    Total number of unique words is 2017
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 23
    Total number of words is 3701
    Total number of unique words is 2061
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 24
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2129
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 25
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2145
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 26
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2103
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 27
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2063
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 28
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2001
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 29
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2142
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 30
    Total number of words is 3880
    Total number of unique words is 2028
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 31
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 1962
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 32
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2086
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 33
    Total number of words is 1885
    Total number of unique words is 1150
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.