Latin Common Turkic

Ботагөз - 06

Total number of words is 3848
Total number of unique words is 2153
33.5 of words are in the 2000 most common words
46.8 of words are in the 5000 most common words
53.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Мен,– деді Асқар.
– Жеңге түгіл шешемізді байға еріксіз зорлап берген, біздің не жанымыз
бар,– деді біреу.
– Соғымға сойғалы отырған биемізді ұрлап əкеткен ізімен қуып барып
та, Итбайдан жауап ала алмағамыз,– деді екінші.
– «Менің сол жаққа шошытып жіберген түлкім еді» деп, қақпаныма
түскен түлкімді де тартып алған,– деді үшінші.
– Ондайды айта берсең ат беріп сатып алған бүркітімді де: «былтырғы
қашқан бүркітім» деп, тартып алған жоқ па?–деді төртінші.
– Жалғыз тоқтымды шөпшілеріне ұрлап сойып бергенде де сұрап бара
алмағам,– деді бесінші.
– Итіме ине салған сен деп Итбайдың баласы Ерғазы школдан қайтқан
баламызды аттың бауырына алып сойып, таяқ ұшына тиіп, балам айдан
артық жатып, елді. Оның құнын сұрап отырмыз ба?– деді алтыншы.
– Қарындасыңның, қойнына апармадың деп, Ерғазы жалғыз құнан
өгізімді ұрысына шығарып берді, біліп отырып түк қыла алғамыз жоқ,–
деді жетінші.
– Ондайды тере берсе, үш жылғы еңбегіме бір тиын бермей шығарды,–
деді сегізінші.
Əңгіме көбейді. Аузы ашылған жарадай, аржағынан неше түрлі
зардаптар, сарсықтар тынымсыз ағып жатқанына Асқар таң қалды.
– Рас-ау,– десті əркімдер,– осыны тексеретін ұлық бар ма екен?
– Неге болмасын! Осында жанарал келеді деп жүр ғой, шулап айту
керек соған.
Амантайдың ойы да Асқарға жері туралы арыз жаздыру еді, мұңдарын
айтып, қара қарғадай шулаған көпті көргенде есі шығып кетті.
Мұндай шағымдардың Асқар бұрын да мыңын естіген еді. Талайлардың
өтінішін орындап, ол үкімет орындарына арыздар да жазып берді. Бірақ ол
жазылған арыздардан нəтиже шыққанын Асқар көрген емес. Арыздардың
көбі жауапсыз қалады да, бірен-сараны ғана ауылдағы үкімет сайлаған
билердің қарамағына келіп түседі. Билердің сыры мəлім: кім пара берсе,
соның ісі жөн. Параға шамасы келмейтін нашардың шағымы ешуақытта
оңға баспайды. Бірен-саран жұмыстарды орыстан тағайындалған мировой
судья қарайды. Онда да алым-пара! «Биге бара берме, пара бер» деген
мақал бар. «Сол рас сөз!–дейді Асқар,– параның заманы данышпан
айтқандай, азулыға бар заман, азусызға тар заман!»
Үкімет орындарына арызды жаза-жаза көңілі осылай қайтып болған
Асқар:
– Мен арыздарыңызды жазуға ерінбес ем,– деді, Кенжетай үйіне
жиналған көпке,– егер соны тыңдайтын ұлық болса (ол қатты күрсінді).
Амал нешік, арыз тыңдайтын үкімет əлі құрылған жоқ!
– Ойбай, енді!–десті көпшілік шулап,– ауылдың ұлығы жұртты күнде
бақыртып таласа, жоғарғы ұлық арызды тыңдамаса, сонда, ел не болғаны?!.
Қайда барып күн көреді?..
– Мен оны білмеймін!
5
Амантай Итбай ауылына біреудің шанасына мініп кетті.
Қонағасы жағынан күйі бапты болмағандықтан қобалжып отыр ма деп
ойлаған Ұлберген:
– Қон, нағашы? Түнде қайда барасың?–деді оған.
– Ишанның зікіріне түсейін деп едім, баяғы өзің білетін басымның
сақинасы əлі жазылған жоқ еді. Зікірден кейін қайтып келемін.
«Ишанның зікіріне Итбайдың бір ағаш үйін кешке қарай босатады», деп
естіген Амантай.
Амантайды шанасына мінгізген адам, шет ауылдан келген сырқат біреу
еді.
– Өткен жылы,– деді ол былай шыға беріп Амантайға,– үскірік боранда
адасып далаға қонып, содан өкпеме бір зақым жабысып еді, айықпай
қойды. Бақсы-балгерді тегіс өткердім. Талай дəрі де іштім, малмен де
емделдім, бір де бір сəті түспеді. Жалғыз жігіт ем. Ишаннан жəрдем бола
ма деп келем!
Сырқат кісіні жөтел буып, одан артық, кеңесе алмады. Асқар Итбай
ауылына Амантайдан бұрын қайтқан еді, ондағы ойы – аздап тынығып
алып, кешке ишанның зікіріне қатынасу.
Асқар дінге сенбейтін, ишанды, молданы жек көретін. Сөйте тұра оның
зікіріне қатынасуға ойлау себебі: бұрын «зікір» дегенді естігені болмаса, өз
көзімен көрмеуі, сондықтан бұрын көрмеген зат таңсық сияқтануы еді.
Кенжетай үйінен пəтеріне кеп, аз қалғып дем алған Асқар оянып сағатына
қараса, сағат түнгі тоғыз боп қалған екен. Зікір осы шамада басталмақ та,
бірақ бастала қоймағанын Асқар біледі, өйткені, мектепте оқитын, естияр –
Сағит дейтін бала, зікір болатын үйді бақылап жүріп, зікір басталарда
Асқарға хабар бермек болған. Сағит əлі келген жоқ.
Мызғудан миы зерігіп қалған Асқар кереуетінен тұрып, беті-қолын
жуынып тысқа шықса, іңірде ашық аспан бұлттанып солғындау жел тұрып,
аздап қар жапалақтап тұр екен. Ол зікір болатын үйдің алдына келсе, есік
алды сыңсыған шаналы ат; қақпағы ашық терезенің біреуінен ол сығалап
еді, үй лық тола адам; ишан көрінбейді.
«Кірем бе, кідіре тұрам ба?»– деп ол аз ойланып тұрды да: «кірейін!–
деді есікке қарай аяңдап,– біраз ауру жиналған екен, сөздерін естиін, не
айтар екен!»
Ол үйге кірді де, ауызғы бөлмеден өтіңкіреп барып, төргі бөлмеге
кіретін есіктің босағасында тұрған сандыққа шоқиып отыра кетіп, төрт
бөлмелі үйге лық толған адамдардың сездеріне құлақ тікті.
– Екі тіземе сарсу түсіп бастырмайды, соны қаратайын деп ем.
– Менің, белімнің құяңы бар еді, бірдеме көтерсем шойырылып қалам.
Балам жас еді, шаруама қиын болды. Соған шипа болама деп ем.
– Осы көзімді жел қарып, содан ұшынды да, енді ақ түсіп, басұр боп
өлетін болдым. Жарық сəуле көрсетпей түйіледі де отырады. Ишанға
үшкіртейін деп ем.
– Сап-сау бала еді,– деді бір кемпір, жеті-сегіздегі бір ұл баланың басын
кеудесіне сүйеп,– біреулер тəттіні көп жегендіктен дейді, неден екенін
қайдан білейін, құлағына бұлақ пайда болды. Əуелі шығу шығып жарылды
да, артынан тынбай ағатын болды.
Оң жақ ұрты ісіп кеткен біреу қабағын түйіп, көзін жұмып, бетін
алақанымен басып, мықшиып отыр еді:
– Тісін, ауыра ма?–деп, сұрады көршісі.
Ұрты іскен алая қарап, жауап бермеді.
– Жарықтығым,– деді ,оң жақ аяғының жараға толған жіліншігін
жұрттың көзінше ашып қойып, іріңін сүртіп отырған бір қара сақалға
бірнеше кісі,– жапшы жараңды, жеркендірмей!
– Мен құдайдан сұрап алды деп отырсың ба,– деп ашуланды жаралы,–
бұл сырқат пай да болғалы биыл 18 жыл. Əдейі іздеп барғалы жүрген
ишанды алла айдап қолға берді. Фатихасы тиер деген үмітім зор.
– Екі бетің нарттай жап-жас қатынсың,– деді бір жігіт бір əйелге
қалжыңдап,– сенікі не сырқат?
Əйел күлімсіреп төмен қарады.
– Не сырқат дерің бар ма?–деді, ол əйелге көрші отырған құлағы
ауырған баласы бар кемпір,– құдай құрсақтан тарықтырып қойғаны
болмаса, сап-сау кісі! Түскелі он жылдан асты. Талай əулиенің бейітіне де
түнеді, бақсыға да қаратты. Өспеген атаның баласы еді, ишаннан бір
жəрдем болар деп келіп отыр да.
– Алла, ақырын!.. Ойбай... Өлдім!..– деген аянышты дауыс естілді
есіктен.
Жұрт кеңесін доғарып, кескіндері өзгеріп, есікке қарады. Киізге ораған
бір адамды төрт кісі көтеріп есіктен кіргізе берді.
– Көлден ат суара барғанда аты мұзға тайып, аяғы астына түсіп,
жіліншігі сынды,– деді көтеріп кіргізгендер.– Сынықшы салған еді, аяғы
сырқырап, кезінің шырымын алдырмай қан-қақсата берді, зікірге əкелді.
Аяғы сынған, үйдің ішін беймаза қылды.
– Жол беріңдер!–деді есік жақтан біреулер,– Азнабай келді.
Үйдегілер үрейлене бастады.
«Неге үрейленді?» деп ойлаған Асқар, есікке көзін салса, 13–14 жастағы
бір баланың аяқ-қолын байлап, екі кісі көтеріп кіргізіп келеді екен. Бала
бірдемені сандырақтап келеді.
– Жынданған еді,– деді біреулер күңкілдеп,– ишан келгелі ерегісіп кетті.
– Е, ерегіспей!.. Неге ерегіспесін! Иесі бар сырқат емес пе, жын буған...
оңайлықпен шыққысы келеді деймісің? Жынданған бала үйге кіргенде баяу
сықылды еді, бір жерге əкеп отырғызғаннан кейін – көтеріліп кетті.
Баланың айқайы, шатасуы үй ішін үрейлендіргені сондай: сау адам түгіл,
аяғы сынған адам да сарнауын қойып, доғарып, екі көзін ежірейтіп,
жындыға қарай қалды.
Осы кезде үйге Амантай да кірді. Оған: «байтал түгіл, бас қайғы»
болды. Амантайдың қайтқысы кеп бір тұрды да, «əдейі келгесін зікіріне
түсейін» деп, мазасы кеткенге қарамай шыдады.
Сандырақ, сарнау, шулау көбейіп кеткесін жұрттың бəрі де, əлсін-əлсін
есікке қарап, минут сайын ишанды күтті.
«Барып біліп қайтшы!»–деген күңкілдер шықты əр жерден.
«Ұят болар, жайланғанша сол боп жатқан шығар» десе де əркімдер
барып қайтты.
«Кеңесіп отыр екен!»–деп қайтты біреуі.
«Намаз оқып жатыр екен»,– деп қайтты екінші.
«Ет жегелі жатыр екен»,– деп қайтты үшінші.
«Қымыз ішіп жатыр екен»,– деп қайтты төртінші.
«Құран оқып жатыр екен»,– деп қайтты бесінші.
«Дəретке шықты»,– деп қайтты алтыншы...
«Жол беріңдер!»– дегенде жұрт сергіп есікке қараса, ишанның
қасындағы молда екен. Тегі қазақ болғанмен, ол молда қазақша мен
татаршаны араластыра сөйлейтін еді.
– Жамағат!– деді молда есіктен басын сұға,– баршаңыздың
таһараттарыңыз саф ба? Паксыздар ма? Насыбай, шылым шикіллі харам
шайлар жоқ па? Ишан хəзрəтлəрі шонди əйбірлəрні білсə, бик арамас!»
– Тазамыз,– десті жұрт.
Күткен халықты молда алқа-қотан отырғызды. Ортаға Мекеден келген
мешіт суреті бар жайнамазды жайды да, оның үстіне бір құман су қойды.
– Жамағат!– деді молда жайнамаз үстіне жүгініп отырып,– ишан
хəзрəтлəрі килгəш зікір салады. Баршаңыз ол кішінің салауатын айтуға
тиішлісіз! Үш мəртəбə оқып шығам, фаһамлап алыңыздар: «Əсфи раббім,
жəлле алла, мəуфи қалби Ғайролла, Нұрмұхаммед салла алла- лə илəһə
илла алла!» Ұшпу зікіріні айтқаш, үш мəртəбə уһһүу млла алла!»–деп
айтасыздар...
Молданың артынан еріп көпшілік шулап айтып көріп еді, көбінің тілі
келмеді.
– Жамағат!– деді молда,– тəртіп шушы. Шамды сөндірəбіз. Ишан
хəзрəті зікір уақытында халық үстінде ұшып жүруі мүмкін, оған бір дə
хауып ойламаңыздар... Мен хəзрəтні келтірейін!..
Келіп отырған сырқаттардың бірсыпырасы ишанды əлі көрген жоқ еді.
«Көрсем жазылам» деген сенім кірді біразының ойына. Ал, кейбір
емделгенге жазылмай жүргендер: «кім білсін?» деп күдіктенді. Бірақ аяғы
сынған мен жынданған баладан басқалардың бəрі ишанды өте
шыдамсыздықпен асығып күтті.
Асқар баяғы отырған сандықтың үстінен қозғалған жоқ. Үйге басын
сұққалы əр сырқатқа бір жаутаңдап қараған ол, осы үйдегі барлық
сырқаттың ауруымен ауырғандай болды. Оның жаны қай сырқаттан болса
да артық азаптанды. Ауыр сырқаттан сарнаған, бебеу қағып зарлаған
адамдардың дауысын естігенде, оның шымырлаған денесі бірде суып, бірде
ысып, аяныштың қысылуынан, маңдайынан тер шықты.
«О, сорлы ауыл!– деп өкінді Асқар ішінен,– жаралы ауыл!.. Сырқат
ауыл!.. Ем күтіп келіп отырғаның ишан!.. Ол сенің сырқатыңды үдете
түспесе, жаза ма?.. Сорлы ауыл, сенің де сырқаттан айығып, жаның
жадырар күн болар ма екен?!»
Сарнау, зарлаудан құлағы керең боп, тұлабойы түршіккен Асқар,
жыртылуға жақындаған шыдамын əрең төздіріп, өзін өзі зорлап, не
қылғанмен зікірді көргісі келді.
Бір кезде үйге ишан кірді. Жарыла жол берген көптің арасымен ол
жорғалай аяңдап, жайнамаздың үстіне барып жүресінен отырды да,
ызғарлы қараспен айналасын бір шолып өтті. Содан кейін, қалтасынан
ұзындығы бір құлаштай тəсбихты алды да, оң жақ қолының басымен бір
сыдыртып өтіп, тəсбихтың тастарын екі алақанына толтыра ұстап, еріндері
күбірлеп ішінен дұғалық оқып, уысындағы тэсбихтарын иіскей,
алақандарымен бетін сипады.
Көптің көзі ишанда. Ишан молдаға көз қырымен ымдағандай болып еді,
молда мөңіреген бұзау сияқты қырылдаған даусымен «Тəбəрəк» аятын оқи
жөнелді. Асыққан жұртқа бұл аятты молданың бастан-аяқ оқып, шығуы –
құранды түгел оқып шығудан кем көрінген жоқ. Аят тез біте қоймаған соң,
біреулер аятты да, молданы да іштерінен сөкті.
Аят оқылып боп, батасы істелгеннен кейін, молда көпшілікке зікірдің
тəртібін тағы айтты.
– Білеміз! Ұқтық!–деп шуласты көпшілік. Жұрттың көзі ишанда..
Терезенің қақпақтары жабылды. Шам сөнді. Нысанасыз қараңғылықтан
адамның басы айналатындай болды.
Қараңғы үйде күңіренген дауыспен дұғалық, оқып, анда-санда су бүркіп
айнала үшкіріп отырған кісінің молда екенін, ишан екенін жұрт айыра
алмады. Тілі келсін-келмесін, үйреткен дұғалығын айтпаған жан үйде
қалған жоқ. Біріне-бірі үйлеспей, қосылмай шулап жатқан дауыстан: кімнің
не дегенін ешкім естіген жоқ, сезді айыруға болған жоқ, шулаған жұрттың
құлағына ызың қаққан жалғыз дыбыс – «һу... һа... һу!..»
Шу мен қою қараңғылықтан Асқардың басы айналды, жүрегі лоблып,
құсқысы келді. Одан артық отыруға дəті шыдамаған Асқар, «естісе естісін»
деген оймен ишанды дауысын шығара бір боқтап, жолындағы жұртты басакөктей, сүріне-қабына, жобасымен есікке əрең жетті де, есікті ашып тысқа
шықты. Ол кезде, манағы əлсіз жел күшейіп, мана ұшқындаған қар, енді
борай, қалың жауып, дала алай-түлей сұрапыл екен.
Асқарға бұл сұрапыл – қайғылы халықтың ышқына алған демі
сияқтанып кетті.
БЕСІНШІ ТАРАУ
КҮТКЕН ГУБЕРНАТОР
1
Бүркітіне бірнеше қоян ілдіріп түс ауа ауылына беттеп, соны қардан
жолды қиып алуға келе жатқан Амантай алыстан бір көсем аттыны көрді.
Жолаушының жүрісі асығыс, аттары шапқынмен келеді. Амантай «бұл кім
екен?» деген оймен жортып барып алдынан тосайын деп еді, маңайлап
ұшып жүрген бүркіт шақырғанына келе қоймай, жолдан қырындап кетті.
Жолды қиғаштай ұшқан бүркіт, біраздан соң шырқап биікке шығып
алды да Амантайдан шақырымға жақын жерде шаншыла темен қарай
құлдырады.
– Тіфе-тіфе!– деді Амантай, астындағы атын тебініп, сүріне-қабына
шоқытып,– қанды басың бері тарт!
Қан сонар болғандықтан Амантай аңға таң біліне шығып, астындағы
аты босаңси бастаған еді.
Сондықтан ат Амантайдың алып ұшқан көңіліне серік болмай, аяғын
аттаған сайын күртікке сүрініп, бүркіт түскен орынға зорға жетті.
Бүркіттің басып жатқаны қарсақ екен. Аң алғанына масаттанғандай
болған бүркіт, иесі аттан түскенде қарсақты тастай беріп, секіріп барып
саржан бойы жерге қонды.
Амантай қарсақтың қасына келсе: аузын аңырайта ашып, иегін əлсіздеу
қағып жатыр, тырнақ кірген көзі ағып кетіпті. Өлгелі жатқан қарсақты
Амантай қалақпен бір беріп, артқы аяғынан көтерсе, белдемесі омырылып
қалған екен.
Бүркітіне жемді қайтар алдында ғана жегізетін Амантай, қындағы
кездігін суырып алды да, қарсақтың оң жақ қолының, бауырының терісін
іреп, төсін сөгіп, жылыдай жүрегі мен бауырын жұтқызды. Содан кейін ол
етінің жұмсақ жерлерінен бір-екі кесегін қылғытты. Оған разы болған
бүркіт, терісін сыпырып жатқан қарсақтың етіне ұмтылмай, тұмсығын
қанатына үйкеп отырған орнынан қозғалған жоқ.
Амантай қарсақты сойып болып, терісін қанжығаға байлағалы атына
қарай жүргенде, көзіне жол үстінде тоқтап тұрған манағы шаналы түсті.
Шанада біреу түрегеп, қолын бұлғап тұр.
Бүркітті балдаққа қондырып, шаршаған атының жалқау аяңымен ілбіп
отырып Амантай жолаушыға келсе – екі орыс, алдында божы ұстаған қазақ,
түрегеп тұрған екі орыстың біреуі екен.
– Аман? Қай ауылдікісін?–деді түрегеп тұрған Амантайға
– Мына ауылдікі,– деп Амантай ауылын иегімен нұсқады.
Бүркіт балдаққа отыруға жалыққандай талпынды.
– Держи!–деді түрегеп тұрған қолын көтеріп.
– Кісіге тимейді.
– Бұл не құс?
– Бүркіт.
– Жаңа не ұстады ол.
– Қарсақ.
– Көрсет.
Амантай аттан түспей қарсақтың қанжығадағы терісін қамшысының
басымен көтерді. Оның екі жақ қанжығасында бірнеше қоян, сирақтарынан
байлаулы еді.
– Нешеуі қоян?– деді орыс.
– Тоғыз.
– Бəрін бүркіт ұстады ма?
– Енді мен ұстады деп тұрмысың?
– Бүркітпен қоян ұста деген кім саған?
– Ешкім де емес. Өзім!
– Қоянды лұқсат қағаз алмай аулауға болмайды. Қағазың бар ма?
– Жоқ.
Сөйлесіп тұрғанда «бұл кім?» деген оймен үңіле қараған Амантай,
біраздан кейін Кошкинді таныды. Кошкин мұны танымады. Өткен жылы
кісі өлімінің дауы болып, сол даудан Кошкин алты қасқыр, жүз сом, бір
алтын жүзік пара алғанын Амантай жақсы білетін еді. Кошкиннің үстіндегі
көк шұғамен тыстаған, жағасы қайырулы қасқыр тұлыпты, Амантай сол
параға алған қасқырлардан істеткен екен деп ойлады.
Кошкиннің бүркітке жабыса бастауынан Амантай сескенейін деді.
Салқындаған денесі ширыққан бүркіт, тағы да талпынып еді, қаққан
қанатының астындағы көбік қар борап кетті.
– Ұста, ұста!–деді Кошкин денесін шегіндіре, қолын көтеріп.
Бүркіт талпынуын тоқтатпағасын, Амантай Кошкиннің «əрі кет»
деуімен шанадан алысырақ барып тұрды. Бүркіт қайта тиышталды.
– Бұл неге талпынады?–деді Кошкин.
– Иесіне жаман сөз айтқанды біледі,– деді Амантай қуланып.
Кошкиннің естуінше – «бүркіт адамдай ақылды. Иесіне жау кісіге о да
жау».
– Орысша біле ме?– деді үрейленген Кошкин.
– Біледі,– деді Амантай жымиып,– алып кетем десеңіз мə бүркіт!
– Жіберме!.. Жіберме!..
– Егер, мен тиме десем тимейді.
– Ендеше, айт, тиме деп,– деді Кошкин.
Амантай бірдеме айтқан боп, бүркіттің басын, топшысын сипап, басына
томағасын кигізді.
– Бөркі ме оның?
– Иə, бөркі.
– Оны неге кигіздің, басы тоңа ма?
– Басы тоңбайды. Сендердің кескіндеріңді көңіліне сақтап қалмасын
деп көзін жауып жатырмын. Егер, кескіндерің есінде қалса, ол сендерді
қайдан болса да тауып алады.
– Мына кісіні танисың ба?–деді Кошкин қасындағысын нұсқап.– Бұл
становой пристав.
– Қай жақтан келесіңдер?
– Алексеевка жақтан.
Кошкин губернаторға даярланған аттарды тексеріп жүргенін айтты.
– Бүркітпен аңшылық өте қызық,– деді пристав урядникке,– егер
губернаторға көрсетсе, қандай жақсы болар еді.
– Бурабайға тоқтайды деген сөз бар, сонда шақыртамыз бұл қазақты.
Əй, киргіз?.. Атың кім сенің?
– Амантай.
– Но, вот, Амантайка, сен келесің бе, губернаторға бүркіт салуды
көрсетуге...
– Кел десең келем.
Приставпен екеуі күбірлескесін:
– Губернатордың өткенін байқап жүр де, Итбай ауылына кел,– деді
Кошкин.
– Жарайды.
Урядниктің көзі қарсақтың терісіне бір-екі рет қадалды да, сұраудың
жөнін таппады.
«Аң байлап келе жатқанда, жолда жолыққасын, орыс та болса сауға
сұрайтын реті бар,– деп ойлады Амантай, Кошкиннің көзқарасын сезіп,–
сұраудың ретін білмей тұрған шығар, бір қарсақтан байымаспын, байланып
кетсін».
Амантай бүркітті ердің қасына қондырып, аттан түсті де, қарсақты
қанжығадан шешіп алып, урядниктің алдына тастады.
– Қырғыз,– деді Амантай,– мала-мала держал қарсақ, қоян... он маламала сауға дабайт бойдит, ежли он дороги бидит шелабек.. Не дабайт
жаман бойдит... поймал?..
– Понимаю...
Урядник қолына тиген қалың түбітті қарсақты қолына алып, қуанышпен
сипады да:
– Маған кушайт надо?– деді.
«Ет асып бер дегені ме?»– деп бір ойлап қалған Амантай урядниктің
көңілі қоянға да ауғанын кейінірек түсінді.
– Даем... кояндікі мақан жернай бойдит...
Амантай қанжығадан екеуіне екі қоян шешіп берді.
Жолаушылар жүріп кетті.
– Бүркітін губернаторға əкелер ме екен?– деді урядникке пристав былай
шыға беріп.
– Əкелер. Тіл біледі дегені рас па екен?
– Менімше рас. Өтірік болса ол құс қазаққа еріп жүре ме, босанғасын
қашып кетпей ме?
Иесінің тілін сөз білгендіктен алатын шығар. Оның қандай киргиз
екенін білесің бе?
– Жоқ. Танымадым.
– Губернаторға бүркітімен қастық жасамас па екен, ол?
– Қайдан білейін!
– Бүркіті тілін білсе, оңашада үйретіп қойып, мен айыпты емеспін, құс
айыпты деп жүрмесе!
– Оны ойлану керек екен!..
2
Жолдағы ауылдың біреуіне қонып, урядник пен пристав Итбайдікіне
ертеңіне түске тармаса келді.
Губернатор келетін мезгіл жақындағасын, ауылдың солтүстігі мен
күншығысынан келетін екі жолдың да үстіне Итбай салт атты қарауыл
қойған еді. Сол қарауылдың біреуі көсем атпен көсілтіп келе жатқан
урядник пен приставты көргесін ауылға тұра шапты.
«Есі дұрыс па, шаба жөнелгені несі?»–деп ойлады жолаушылар.
Қарауыл жігіт аттан қарғып түсіп, үйге жүгіріп кіргенде, Итбай ертеңгі
шайын жаңа қолға алып жатыр еді.
– Келіп қалды!..
– Кім?
– Білмеймін, əйтеуір жүрісі қатты. Көсем жеккен...
– Бір ғана шаналы ма?
– Біреу.
– Ə, онда апы кіріп, күпі шықпай-ақ қой.
Итбайдың олай деген себебі губернатор ең кемінде он пəуескемен
келеді деген хабар алған. Сондықтан ол: «Кошкин-мошкиннің біреуі болар»
деп ойлап орнынан қозғалмады да, артынан «уезни боп қалуы мүмкін»
деген ой түсіп, орнынан түрегелді.
«Его высокопревосходительство генерал-губернаторды мен Ақмола
жөнелтіп барам,– деп жазған еді. Көкшетаудың уездный начальнигі
Кривоносов Итбайға,– қасында Ақмола облысының гражданский
губернаторы бар, прокурор бар, чиновник особых поручений бар, лакейі,
повары, тағы басқалары бар – барлығы он бес кісі, алты пəуеске.
Ақмоланың уездный начальнигімен екеуміз губернаторды Петропавлға
шығарып саламыз. (Мүмкін, Бурабайлатып, Омбыға тура кетуі).
Барлығымыз он шақты пəуеске, 25-тей кісі болармыз. Мен қолымнан
келетін бар мүмкіншілікті қарастырып, генерал-губернаторды сіздің үйге
түсіруге тырысам. Бұл қонақтың өзгеше екенін сіз ұғуға тиістісіз. Бір
үйіңізді түгел босаттырып, ішін жақсылатып жинатыңыз. Город тəртібін сіз
өзіңіз білмеуіңіз мүмкін. Олай болған күнде, маңайдағы казак-орыс
қаласынан білетін адамдарды алдырыңыз. Қонақ асы ретінде солармен.
ақылдасарсыз. Петербургке сізді жіберу керек деп, губернаторға өтініш
еткен мен болатынмын. Жақсылап, сыйлап жіберерсіз деп сенемін. Ішік,
құндыз сықылды лайықты затыңыз болса, сыйға тартқаныңыз да жаман
болмас еді»..
«Қарауылшының көргені – губернатордың алдын ала келе жатқан
Кривоносов емес пе екен?»–деген оймен Итбай далаға жүгіре шығып еді,
шанадан түсіп жатқан урядник пен приставты көрді.
– Ат даяр ма?– деп сұрады, амандасқаннан кейін пристав Итбайдан.
– Даяр, тақсыр.
– Неше ат байлаттың?
– Қырық ат.
– Түктері қандай?
– Он пəуеске келер деп шамалап бір пəуескеге төрт аттан даярлаттым,
бəрінің түктері, тұлғалары бір келкі.
– Көрейік.
Урядник те, пристав та тұлыптарын сыпырып тастап, бүрме бел тонмен
Итбайдың артынан ерді.
Аттар төбесінің жартысы ашық қорада қаз-қатар байланып, шөп жеп
жатыр еді.
Итбаймен арасында азырақ салқындығы бар пристав, міні барларын
табам деп, қорадағы аттарға көзін қадай кірген еді, бəрі де бір келкі денелі,
түктері парланған, күйлі жылқылар екен.
– Қарнын шермитіп, аттарды шөпке неге қойдыңыз?– деді ол аттардан
кінə таба алмағасын.
– Мал үнемі сұлы жемейді. Бір мезгіл шөп бермесе болмайды. Аттың
ішін өсіретін бұл жас шөп емес, былтырғы қураған қаудан.
Жабайы кісі болса «молчать!» дер еді пристав, Итбайдың
Кривоносовпен жақындығы барын білетін ол олай жекіре алмады. Бірақ
«молчаты» көзқарасымен ұқтырам дегендей адырая қарады.
– Көрерміз, господин волостной управитель, чині үлкендерімізге қалай
ұнарын!.. Əлі мақтануға ерте... Күттіріңіз жақсылап. Үйді даярлаттыңыз
ба?
– Даяр, көріңіз жүріп.
Əр түрлі кілеммен, жібек кестеден өрнек тіккен жабулармен, шұғамен,
оюлаған ақ киіздермен, киіз үйдің кілем бауларымен, асыл киім, асыл
саймандармен əшекейленген алты бөлмелі ағаш үйдің ішін аралағанда,
приставтың таңданғаннан есі шығып кетті.
«Міне байлық!» деп ойлады ол.
Оған əсіресе ұнаған губернаторға даярланған бөлме. Ол бөлмеде: бір
жақ басы еденге төселіп, бір басы үйдің қабырғасына өрлеп шығып, ар
жағында кеп жері бүктетіліп тұрған, гүлдері жақұт тасындай жалтылдап
көз тоқтатпайтын шым жібек кілем бар еді.
– Мынау неше кез?– деп сұрады туғалы ондай кілем көрмеген пристав.
– Ұзындығы он екі кез, көлденеңі сегіз кез.
– Да-а-а!
Төрдегі екі терезенің аралығындағы қабырғада жанат қаптал ішік, тамақ
ішік, қара құлын жарғақ, қамшаттың ұзындығы кере құлаштан артық ақ
қылшық екі қара құндызы ілулі тұр екен.
– «Морозной пылью серебрится,
Его бобровый воротник ,–
деді пристав құндыздың жүнін алақанымен сипап, шіркін-ай, жаға
қылар ма еді? Бірақ біздің қолға бұл не түссін, қымбат та. табылмайды да!..
Екі терезенің аралығында оюлаған сұлу өрнекті қызыл ағаш рамаға
салып, бетіне шыны жауып, раманың айналасын шашақты қызыл жібек
белбеумен төгілдіре қоршаған бір затқа пристав пен урядник үңіле қарады
да, оған таңданғандай, я одан қорыққандай біріне бірі қарады.
Бұл үңіліп қарағандары – 1739-жылы Итбайдың арғы атасы Байқадамға
Россия патшасынан берілген грамота еді. Грамотаның басындағы
«Жалованная грамота почетнейшему аксакалу, бию Киргиз-Кайсацкой
Средней Орды »– деген тасқа басылған сөздермен жазылып кеп,
«Байкадаму Худайбергенову» деген сөздер қолмен жазылып, одан кейін,
тағы да грамотаның аяғына шейін таспен басылған сөздер екен.
Құдайбергенов» деген фамилиядан кейін айтылған сөздер: «о принятии им
в числе 75 аксакалов Российского подданства» .
Одан кейін, Анна Иоановна Байқадамға, Россияға бағынғандығы үшін
рахмет айтып, «дворян» деген атақберіп, оның барлық ұрпағын нақ өзіндей
қадірлейтінін жазған.
Пристав грамотаны қадала оқып тұрғанда, «бəлем, біліп қой, менің кім
екендігімді»,– дегендей, Итбай оған күлімсірей қарап тұрды.
Итбайдың атасы бұндай грамота алғанын пристав бұрын білмейтін еді.
Сондықтан ол: «ə, мынау мынадай қазақ екен ғой!»–деген оймен Итбайға
қарады. Итбайдың тəкаппарсып жымиғаны приставқа ұнамады. Қазақты
кем халық, деп түсінетін ол, патшаның мына сияқты грамотасын Итбайдың
атасынан қызғанды. Приставтың ол қызғанышы« сезген Итбай, «ішің,
күйсе тұз жала»,– деп күбірледі де:
– Біздің атай осылай болған!-– деді приставты ашуландыра түсейін деп.
Итбайдың ол сөзін ұнатпаған пристав бетін есіктің екі жақ босағасына
бұрса, төгіліп тұрған əртүрлі, аттың саймандары екен. Бəрі алтындалған,
күмістелген. Олардың ішінде приставқа аса ұнамды көрінген: жалпақ бас
қазақ ер мен ердің: тоқым, тебіңгі, үзеңгі, айыл, тартпа, құйысқан,
өмілдірік, жүген сықылды саймандары. Ердің ағашына да, саймандарына
да қақтаған күмістер шегеленіп, олардың бетіне алтын сымнан мəнерлер
тартылған екен. Құйысқанның, өмілдіріктің, жүгеннің шашақтары алтын
шок,. Енді приставтың көзі соған түсті.
– Баяғыда император II Николай наследник боп келіп мені Омбыға
шақыртқанда,– деді Итбай приставқа, зəресін ұшырғысы кеп,– мен осы
ерге мініп барып ем.
– Сізге мұны кім істеп берді?
– Жер ауып келген бір черкес үйімде жатып, осыны бір жыл істеді.
Ақысына бір ат, бір пұшпақ ішік бердім. Бір жыл тамағын асырадым.
– Қанша күміс кетті барлығына?
– Жүз сомнан артық шығар деймін.
– Алтын ше?
– Күміске жалатқаны 50 сом, анау алтын шоқтарды Ірбіттен əдейі
саттырып алдырғам.
Жылтырағанның бəрін ала бергісі келетін, хатта алып та жүрген
пристав: «реті келсе,– деп ойлады ішінен, бөлмеде көрінгеннің бəріне
қызығып,– мен алар едім бұларды... Егер біреуін ғана ал десе, қайсысын
таңдар ем?.. Бəрі де керек... Міне қайда байлық!..»
Жасаудан кейін Итбай ыдыс пен арақ қойған шкафтың ішін ашса:
портвейн, коньяк, мускат, кагор, шампанский, ликер ақ арақтың əр түрлері,
тағы басқа түрлі арақтың бөтелкелері лық толып тұр екен.
– Азырақ бой жылытасыз ба?–деді Итбай приставқа, көзі араққа қарап
бозарып баратқанын көріп:
– Закускамен!.. Соңырақ!..
Губернатор жататын бөлмеде приставқа бір кем көрінген нəрсе –
кереует жоғы еді:
– Губернатор қайда жатады?– деген сұрауға:
– Мынада жатады,– деп Итбай ақ никель кереуетті алдыртты да, үстіне
мамық құс төсек салдырып, оның, үстіне қаңылтырдай саңғырлаған жаңа
жібек көрпелер жаптырып, шайымен тыстаған жастықтар .қойғызды.
– Дұрыс!
Жасаудан, үйден, ыдыстан, тамақтан кемшілік таба алмаған пристав,
музей қараған адамдай əр нəрсеге бір үңіліп жүргенде: «ас даяр!»–деген
хабар əкелді Бүркітбай.
Пристав, Кошкин, Итбай үшеуі ас бөлмеге шықса, табаққа салған
қуырдақтың буы бұрқырап тұр екен.
– Отырыңыздар.
Итбайды манадан таңдандырған бір нəрсе: Кошкиннің пристав алдында
мысы түсіп, аузын буған өгіздей «лəм» деп үндемегені, болмашы айтқан
сөзіне де «ваше благородие» дей беруі.
«Жалғыз жүргенде екпіні тау жығарлық еді, өзі не деген жасық неме?»
деп ойлады Итбай.
Кошкиннің үндемеуі қорыққандық, яки жасықтық емес екенін, қызмет
кезінде өзінен үлкен ұлыққа сұрамай сөз қату дұрыс емес деп түсінетіндігін
Итбай білген жоқ.
Қуырдаққа отырғаннан кейін Кошкин үнін шығарды.
– Семен Семеныч,– деді ол столдағы коньякты көріп,– енді ішеміз,
сіздің денсаулыққа.
Пристав жымиды да, рюмкаға құйған коньякті оң қолымен көтеріп
орнынан түрегелді.
– Мен бұл бакалды ішемін,– деді пристав,– губернаторға жақсы
даярлық жасағандығы үшін, волостной управитель – Итбай Байсақаловтың
денсаулығына, ура! Соғысқан рюмкалар сыңғыр-сыңғыр етті.
3
Балалардың сабағын бітіріп, түстен кейін таратқан Асқар, терезеге
қарап біраз түрегеп тұрды. Ол күні қалың тұман түскендіктен, бұтағын
қырау басқан жақындағы селдір ағаштар болмаса, көзіне жөнді нəрсе
ілеккен жоқ.
«Журнал оқиын» деген ой келді оған, бір түсті аппақ қарлы далаға
қарауға жалыққасын.
«Айқаптың» бірнеше саны почтада жиналып жатып, жақын арада бір-ақ
келген еді. Соларды шкафтан алды да терезенің алдына отырып, оқуға
тұтынды.
Қазақ тілінде шығатын жалғыз журнал болғандықтан, оның нендей
мəселе көтеретінін білгісі келген Асқар «Айқаптың» барлық санын оқып
шығатын еді.
«Айқаптың» 2-3 сандарында Романовтардың 300 жылдық тойы туралы
бірсыпыра кеңес жазылған екен. Тойға баратын қазақтарға «Айқап»
ақылдар айтқан екен. Соларды өзінше талқылап, қалың ойда отырған
Асқардың құлағына:
– Аманбысың Асқар!–деген дауыс сап ете түсті. Асқар жалт қараса:
қара құлын жарғағы, түлкі тымағы бар, кең танау бір қара сұр адам.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ботагөз - 07
  • Parts
  • Ботагөз - 01
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 1990
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 02
    Total number of words is 3835
    Total number of unique words is 2043
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 03
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2116
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 04
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2017
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 05
    Total number of words is 3894
    Total number of unique words is 2042
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 06
    Total number of words is 3848
    Total number of unique words is 2153
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 07
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2123
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 08
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2003
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 09
    Total number of words is 3912
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 10
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2112
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 11
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2051
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 12
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1988
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2200
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2095
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 16
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2023
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 17
    Total number of words is 3916
    Total number of unique words is 2124
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 18
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 2066
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 19
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2060
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 20
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2125
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 21
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2108
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 22
    Total number of words is 3807
    Total number of unique words is 2017
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 23
    Total number of words is 3701
    Total number of unique words is 2061
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 24
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2129
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 25
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2145
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 26
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2103
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 27
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2063
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 28
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2001
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 29
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2142
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 30
    Total number of words is 3880
    Total number of unique words is 2028
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 31
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 1962
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 32
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2086
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 33
    Total number of words is 1885
    Total number of unique words is 1150
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.