Latin Common Turkic

Ботагөз - 02

Total number of words is 3835
Total number of unique words is 2043
36.5 of words are in the 2000 most common words
51.7 of words are in the 5000 most common words
59.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
арпалысқан сезімнің толқынына батып отырып, қуырдақтың қалай желініп
болғанын білмей де қалды. Бірақ кез жаңылғанмен, қол мен ауыз жаңылған
жоқ. Сыбағалы тамақтан аш, құр қалған жоқ. Ботагөздің магниті тартқан
көзді зорлықпен басқа жаққа аударып отырып, қуырдаққа мейлінше тойды.
Ауыл бозбаласының əдетін істесе, Асқар төсекке жатқаннан кейін көзін
жұрттан ұрлап, көрпенің астынан қыздың жатқан орнына қарар еді. Төрге
төсек салып бергеннен кейін Асқар оны істемеді. Əрі жас отау, əрі кедей үй
болғандықтан төсеніші шамалы екен. Сол араға барып, ол етігі мен сыртқы
қамзолын шешті де, шалбаршаң, пальтосын жамылып, теріс қарап, жатып
қалды.
Асқардың əдептілігіне сенді ме, болмаса қарындастарын бала деп
түсінді ме – ағалары да, жеңгесі де қызды қорғаған белгі көрсеткен жоқ.
Тар бөлмедегі Асқар мен Ботагөздің төсегінің арасы бір-ақ құлаш жер,
орталарында ешнəрсе жоқ.
Асқар ұзақ уақыт ұйықтай алмады. Бірақ жатқан қалпынан тырп етіп
қозғалған жоқ, қимылдаған жоқ. Сол түнгі ауа райы, Сібірдің күзгі
мезгілінде, əсіресе, тауда сирек кездесетін рай еді. Кешке қарай аспанды
бүркеп алатын күздің сұр бұлты ол түні жоқ еді. Түн ортасына жақын
туған, оң жағынан ойық ай, биікке шығып алып, сəулесін Бурабай көліне
сүңгітіп, қалқып бара жатыр еді. Сол айдың жарығы түскендіктен, үйдің
іші бозамықтау еді.
Ұйқысы келмеген Асқар пальтодан бетін ашып жатып, біразға шейін
құлағын көлдің жарына жұмсақ леппен ұрған əлсіз толқынға тікті.
Терезенің түбіне екі-үш-ақ саржан жерде тұрған көлдің суының болмашы
қимылы бұған түгел естілді.
Асқардың кеудесіндегі судай сапырылған ой толқыны ішіне
сыймағанда, демін қаттырақ алып қала жаздап, біреу-міреу біліп қалар
дегендей, өзін-өзі зорлады.
«Бұл қыз маған ұнады»,– деген қорытындыға тірелді Асқардың ойы
біраздан соң.– Бірақ сөз салуға əлі жас. Бұл бақытты қыз. Өйткені,
шаруалары кедей болғанмен, алтын асықтай ағалары бар. Мына екі ағасы
бір қызды есіре алатын жігіттер. Оның үстіне мына бір жеңгесі де табылған
адам екен. Қайын сіңлісін мұндай күткен жеңгені көрген жоқ ем...
«Бұл қыздың өмір сатысына басқан адымы əзірге дұрыс. Қазақтың
қандай ақылды, көрікті қызы надан ауылда, ең жетілді дегенде тəуір
күйеуге тиіп, өз қара басынан аса алмайтын, үй күңі болатын еді. Оқыған,
əлеумет ісіне даярланған қазақ қызын əзірге езім көргем жоқ. Бірен-саран
қалада тұрған байдың қыздары оқыса, олардың түпкі мақсаты: семья басы
– ана болу. Қазақ кедейінен Европа ғылымын алып, əлеумет кісісі болған
қызды өзім көргем жоқ...
«Мына қыз кедейдің қызы. Дер шағында оқуға түскен. Оқырлық
жағдайы толық. Тұлғасында, мінезінде кісі боларлық белгілер бар. Олай
болса түбінде бұдан əлеуметтік адам шығуында сөз жоқ. Олай болса менің
бірінші міндетім: осы қыздың осы оқу жолын білім өмірінің жайлауына
жеткізуге көмектесу.
«Екінші...– деген сөздің артынан Асқар біраз бөгелді. Ондағы айтайын
дегені: «бұл қыз түбінде мендік болуға тиісті» деген сөз еді. Бұл сөзді
айтуға бөгет болған себеп екеу: біреуі – «біреуге уəде қылып қойса
қайтем?», екіншісі –«қыздың көңілі менің көңілімнен тура шыға қоярын
кім біледі?»
«Біреуге уəде қылсын, қылмасын,– деді Асқар ойын қорытып,– мен
мұны сүйдім. Олай болса, осы ойымды орындауға тиістімін!..»
«Тиістімін!»–дегенде Асқардың дыбысы шығып кетті.
Ол сасып қалды. «Үйдегілердің біреуі оянып қалды ма?» дегендей
басын ақырын көтеріп қарап еді, ешкім оянған жоқ екен.
Ол аз отырды да, кезін Ботагөз жаққа аударды. Ботагөз көрпесін
кеудесіне шейін ғана жауып, беті ашық, шалқасынан ұйқтап жатыр екен.
Асқар құлағын тігіп еді, алған демі естілмеді. Оған Ботагөз дем алмастан
ұйқтап жатқандай көрініп, кеуде жағына көзі түсіп еді, ішкі ақ көйлегінің,
шеті көтеріліп-басылған кеудеден азғана қозғалып жатыр екен.
Қадала қараған Асқардың көзіне күңгірт жарықтан елестеген Ботагөз,
күндізгісінен де сұлу сықылданып кетті. Оның ашық жатқан денесі Асқарға
адам бейнелі ғып құйған нұр сықылданды.
5
Асқар таңертең кешірек тұрды.
– Шайға тұр!–деп Кенжетай оятпаса, ол ұйықтай беретін еді.
Асқар басын көтеріп, төңірегіне қараса, бұдан басқа үйдің іші түгел
тұрып, төсек-орын жиналып, босағаға қайнаған ескілеу жез самауыр келіп
тұр екен. Айбала жиналып, шыныаяқ жасап жатыр екен.
– Ұйқыны да сойдың, мырза!–деді Кенжетай, ашық тұрған есік алдында
жуынып жатып.
– Ағай кетіп қалған ба?–деді Асқар Айбалаға.
– Еркем мен екеуінің шайын ертерек беріп ем, біреуінің сабағы,
біреуінің ісі болғасын...
Айбала Асқарды алғашқы көргенде қымсынғанмен, бүгін кешегіден
еркінірек сөйлесті. Адамның ішкі сезімінің айнасы көз. Сөздің жасырған
сырын көз айтып бере алады. Палуан Шолақтың:
«...Сұлу қыз, жас келіншекке тиышсыздаумын. Жалғыз-ақ тал бойымда
мінім сол-ақ!» – деген өлеңі Айбаланың есінде. Жас жігіттің қыз бен
келіншекке қызығымпаз келетінін ол біледі. Алғаш көргенде Асқарды да
Айбала əйелқұмардың бірі ме деп ойлап еді, сыр таратқыш көз ондай
белгісін бермеді. Үкідей желкілдеп, гүлдей нұрланып келе жатқан
Ботагөзге, Асқардың көзі қадалмауы Айбалаға тамаша көрінді.
«Əдепті жігіт екен» деген ой туды Айбалаға, «Еркемнің бағына осындай
біреуі кез келсе...» деп ойлады ол.
«Қалың беріп пе едіңіз?» деген сұрауды Айбала шайға отырғанда
Асқарға айтып қала жаздап, өзін-өзі тоқтатты.
Шайға қанғаннан кейін Кенжетай ат жегіп, екеуі елге беттеп көшемен
тарта жөнелді. Ат тынығып қалған екен. Сүйегі пысық жылқы еді, қамшы
салдырған жоқ.
– Өй!– деді Кенжетайға бір кезде Асқар иығынан тартып.
– Немене?
– Доңғалағыңның құрсауы түсіп қалды.
Кенжетай оң жағына қараса, доңғалақтан шығып кеткен құрсау
екпінімен дөңгеленіп, арбамен бір қырындап жарысып барады екен.
– Қап!–деді Кенжетай,– ұстаға барамыз-ау, енді.
Кенжетай атты тоқтатқанда Асқар арбадан түсе жүгіріп, құрсауды алып
келді.
Екеуі дүкен алдындағы діңгекке атты байлап ішіне кірсе: соққан
темірдің, уілдеген көріктің дыбысымен ың-жың екен. Дүкенде Балтабек,
қасында орта жасты, ұсташа киінген орыс.
Кенжетай доңғалақтың мұрындығын бұрап алып жатқан кезде орыс
ұстаның кезі Асқарда болды.
«Мұны қайда көрдім?»–деп ойлады ұста.
Асқарға да ұста орыс таныс сықылданып еді, бірақ ол «кімсің?» деп
сұрауды ерсі көрді.
Құрсаудың салынуы көп бөгеген жоқ.
– Сіздің фамилияңыз кім?–деді ұста орыс Асқарға, далаға бірге ере
шығып.
– Досанов. Оны неге сұрадыңыз?
– Жай.
– Өз фамилияңыз кім?
– Кузнецов.
«Апыр-ау,– деп ойлады Асқар арбаға мініп, былай шыға бере,– жаңағы
Кузнецов деген маған бір таныс адам сықылды, мен мұны қайда көрдім?»
Григорий Максимович Кузнецов 1880 жылы, Москвадағы электр
заводында қызмет істейтін жұмыскер семьясында туды. Он жасынан
заводта жұмысқа араласқан ол, 15-16 жасында Петербургте тұратын апа,
жездесіне барды да, Путилов заводына жұмысқа орналасып, содан
Москваға қайтпады.
1902 жылдан бастап ол социал-демократия кружогына орналасып, екі
жылдан кейін: Россия социал-демократиялық жұмысшы партиясына мүше
боп өтті. 1903 жылы РСДЖП-ның екінші съезі болып, бұрынғы социалдемократия: большевик, меньшевик боп екі жарылғанда, Григорий
Максимович большевиктер жағында қалды.
1905 жылғы Петербургте болатын жұмысшылар көтерілісінде Кузнецов
үкімет көзіне ерекше көрінгендердің біреуі боп, екі жыл Петропавловск
крепостында абақтыда жатқаннан кейін, 1907 жылы Сібірге каторгіге
айдалды... Сібірдің алыстағы тайгасында үш жыл тұрған Кузнецовқа,
патша үкіметі Омскіге кеп тұруға ұлықсат етіп, 1910 жылы ол Омбы келді
де, Ертіс өзеніндегі пароход пристанына жұмысқа кірді.
Кузнецов
Омбыға
келе,
онда
жасырын
жұмыс
істейтін
большевиктермен танысып, пристань жұмысшыларының арасына
революциялық үгіт таратты. Асқарды Кузнецовтың алғашқы көруі осы
пристаньда. Сол жылы Асқардың стипендиядан басқа қаражаты болмай,
стипендия күн көрісіне жетпей, оқуды тастағысы келмеген ол, басқа қызмет
табылмаған соң, бір мезгіл пристаньға барып, к,ара жұмыс істейтін еді.
Кейде, əсіресе, жексенбі күндері жұмыстан шаршаған Асқар, пристаньнан
қайтпай, сонда қонып қалатын.
Пристаньда Асқардан басқа да жүмысшы қазақ кеп еді. Солардың
ішінен Кузнецов Асқармен тез танысады. Бірақ Путилов заводында да:
«оқушымыз... қаражат жоқ болған соң жұмысқа түстік» дейтіндердің
арасынан провокаторлар шығып, одан Кузнецовтың аузы күйгендіктен, ол
Асқарға тым құшақ ашпады, оны алыстан торлап, сырын шыжымдап
тартты.
Асқардың өмірбаянын, оның халыққа пайдалы кісі болуға тырысып
жүргенін Кузнецов білді. Сонда да, аптыға қоймай, өзінің кім екенін,
атқарып жүрген саяси ісін оған жарияламады. Асқардың ыңғайына қарай
бейімделіп, революция отын оның, кеудесіне ептеп жақпақ болды.
Бірақ ол арманына Кузнецов жете алмады. 1910 жылдың аяғында, қыс
ішінде, тұрмысы ауыр тартқан пристань жұмысшылары забастовка
жасамақ боп, бір күні жұмыс істемей отырып алды да, үкімет
жұмысшылардың бұл қылығын Кузнецов пен тағы сондай білгілікті
бірнеше адамдардан көріп, бəрін де тұтқынға алды.
Кузнецовтар ұсталатын күні Асқар пристаньда жұмыста еді. Пристаньға
кеп, Кузнецовтарды ұстап, пароходтар мен барактарға тінту жасаған
полицейскілер, бір барактың үстінен қайықтың ескегіне байлап, көтеріп
қойған, ұзындығы кере құлаш қызыл шүберекті түсіріп алды. Оны кім
байлағанын, неге байлағанын Асқар білген де жоқ.
Сол күні кешке, жауапқа, жұмысшылармен бірге Асқар да шақырылды.
Полицейский пристав Асқарды оңаша бөлмеге кіргізіп, əуелі: «пристаньда
не сездің?» деп жайлап сұрап, артынан: «білгеніңді жасырасың» деп қысты,
«Сібірге айдаласың!» деп қорқытты. Расында, пристаньда саяси ұйым
барын білмеген Асқар, приставтан ешнəрсе сезбегеніне илануын өтінді.
Біраз айналдырып, күдікті сыр таба алмаған пристав, Асқарға
революциялық ой түсірмейін деген ниетпен, «большевик» деген сөзді
аузына алмады. Бірақ «большевиктер» дейтін саяси адамдар барын Асқар
білер ме екен деген оймен, ол одан жіңішкелеп сұрап көрді.
– Барактың үстінен біз сыпырып алған қызыл шүберекті («ту» деп
атағысы келмеді) көрдің бе?
– Көрдім.
– Оны неге қойған онда?
– Білмеймін.
– Қой, білерсің!– деді пристав, бетін құбылтып, көзін ойнақшытып.
Асқар білмейтіндігін айтып қарғанды.
Пристав Асқарды 4–5 сағат айналдырып: «бұл жөнде жан адамға
айтпа!» деген сақтандырумен босатты.
Полицейское управлениеден түн ортасы ауа шығып, көше бойлай
семинарияға келе жатқан Асқар ойға қалды. Ең алдымен, ол забастовка
болады дегенді бұдан бұрын естіген жоқ еді. Бұл сөзді ол полицейскілерден
ғана, өмірінде бірінші рет естіді.
Асқардың ойынша жұмысшылардың жұмыстан бас тартуы дұрыс,
себебі – олар өте ауыр халде тұрады. Ал, сондай ауыр халін айтып,
тұрмысымызды жақсыла дегендігі үшін, оларды полицейскілердің
қудалауына, жазалауына Асқар түсінбейді. Жауапқа барғанша да, жауап
бергенде де, жауаптан шыққанда да оны ауыр ойға қалдырған бір жағдай
осы.
Оны екінші ойландырған «қызыл шүберек». Бұл шүберекті «ту» деген
ой оның басына да келген жоқ. Себебі: бұл күнге шейінгі оның ұғымында,
туды не əскер, не үкімет мекемесі ғана ұстайды.
Барак үстінен полицейскілер қызыл шүберек байлаған ескекті алып
түсіп, жұмысшыларға: «Мынау не?» «Үкіметке қарсылық па?!» деп
жекіргенде, Асқар: «бұнысы қалай!» деп ішінен ойлаған да қойған еді.
Артынан, полицейский урядник өзінен жауап алғанда ол тағы ойланып
қалды. Урядниктен қызыл шүберек мəнісін Асқар сұрауға бір оқтанды да,
«пəлесін шығарып алармын» деп тыйыла қойды.
Полициядан босанып семинарияға келе жатқан ол: «апыр-ау, сол қызыл
шүберек, не шүберек?!» деп ойлады тағы.
Семинарияға келген соң ол қызыл шүберектің жайын əркімдерден
сұрастырмақ болды да, урядниктің: «аузыңды жап» деуі, «жабам» деп уəде
беруі есіне түсіп, «қайтем!– деді ішінен,– пəлеге қалармын!»
Бірақ көпке шейін ол, өз ішінен: «япырау, бұл не қылған жұмбақ
жалау?!» деп ойлайтын еді.
...Күндер өтіп жатты. Омбының тұрғын қазақтарынан учитель жалдап
балаларын үйінде орысша оқытатын адамдар табылып, Асқар бос уақытын
соларға жұмсап қаражат тапқан соң, пристаньға баруды қойды. Біраз
күндерден кейін, пристань да, забастовка да, жұмбақ болған жалау да оның
есінен шықты...
...Бурабай қаласындағы ұста дүкеніндегі Кенжетайдың арбасының
шеңберін тарттырып ап, Кенжетаймен бірге қаладан шыға берген Асқар,
əлгінде, ұста дүкеніндегіні «қайдан көрдім» деп ойлаған Асқар, ол адамды
Омбының пристанында көргенін есіне түсірді. Ол кезде, ол адамның атын,
фамилиясын Асқар білетін сияқты еді, қазір, қалай ойласа да білер емес.
Ойлана келе: «Ім-м-м!– деп қорытты Асқар ойын,– сол, сол! Нақ соның
өзі! Дəл сол адам! Дəл емес-ау, анық сол!»
Сол арада Асқардың есіне қызыл жалау да түсе қалды.
«Əлде, сол жалауды тіккен осы ма екен?– деп ойлады Асқар,–
урядниктің жалауға қадалуына қарағанда, мына адамның ұсталуына
қарағанда, жалауды тіккен осы емей кім дейсің. Қап, сұрастырмаған екем,
сонда!.. Несіне өкінем? Ол адам, міне, тағы кездесті. Келесі жолы əдейі
жолығып сұрайыншы! Нем кетіпті, айтса айтар, айтпаса қояр!»
ЕКІНШІ ТАРАУ
ПАКЕТ
1
Ноябрь айының түтеген бір боранды үскірік, суық күнінде Бурабай
қаласынан шыққан урядник Кошкин шананың алдында божы ұстап
отырған Кенжетайды желкеден əлсін-əлсін түйгіштеп маза бермеді.
– Айда деймін, сволочь!– деді түйген сайын Кошкин, ақырып.
Өткен түні жауған қалың қар, жолды тып-типыл ғып басып қалған екен.
Кенжетайдың аты жолшыл, жасамыс жылқы еді. Оның үстіне бұл жолмен
сан рет жүрген. Сондықтан оппа қарды қайықтай есіп, жолдың жалпы
жобасынан жаңылмады. Бірақ аяғы үнемі жол үстіне дəл түсе бермеді,
бірде оңына, бірде солына жаңылыс кетіп отырды. Ақылды ат оған
саспайды. Жолдың сүрлеуін басқан жерінін, қатты я жұмсақтығынан біліп,
жаңылған жерде оң жағынан да, сол жағынан да жолды тұяғымен тез
шолып тауып алады.
Жолды тура тауып жүріп отыруға аттың басы түгіл барлық денесі, төрт
тұяғы түгел қатынасып келе жатқанын Кенжетай түсінді. Сондықтан:
«Сенде жазық жоқ,– деп ойлады ол, ат жолдан хата басып қалғанда,– жолда
түк белгі жоқ. Аппақ кебіндей тұтасып жатқан дала, қайта тауып келе
жатырсың, жануар! Жолды қар басқанмен, күн ашық болса, сен басқан
аяғыңнан аса жаңылмас та ең. Саған не кінə бар. Тіфу десе түкірік жерге
түспейтін аяз мынау, маңдайға найзадай қадалып, бетті темірдей қарып
барады; ішін тарта, қарды құйындай үйіріп ұлып тұрған долы дауыл анау,
алдыңнан арқан бойы жер көрінбейді!..»
Ақылды аттың жол іздеп, боранмен арпалысып, жалпы бағыттан
жаңылмай келе жатқанында урядниктің жұмысы болған жоқ. Итбай аулына
тез жетуден басқа ой оның басына жоламады.
Кошкиннің бұлай асығу себебі – қолтығында сургучпен печаттап
тастаған бір үлкен пакет келе жатыр. Сыртындағы жазуына қараса,
Омбының генерал-губернаторынан Итбай болысқа арналған. Пакетте не сөз
барын ол білмеді. Бірақ ішінде бір зор хабар барын жорамалдайды.
Өйткені, Азат қаласында тұратын Становой приставтан пакетті əкелген
алғашқы урядник Кошкинге мынадай сəлем тапсырып кеткен еді.
«Господин Кошкин!
Бұл пакетті волостной управитель – Итбай Байсақаловқа өз қолыңнан
тапсыр. Бөтен кісіге сенбе. Егер айрылып қалсаң – сотқа кетесің».
– Айда сволочь!– деді Кошкин бір кезде Кенжетайды бар пəрменімен
түйіп қап. Бейғам отырған Кенжетай, түйіп жіберген екпінмен шананың
алқымынан аз-ақ құлап түспеді.
Кенжетай ашуланып, аузына сөз туспей, кейін айналып, Кошкинге
адырайып қарады, Кошкиннің мұрты үлкен, қабағы қалың, қасы ұзын, түсі
суық, денелі адам еді. Сыртында үлкен қара сеңсең тұлыбы бар, басында
жүндес қара сеңсең папахы бар. Кенжетайдың көзі түскен кезде Кошкиннің
мұртына күректей боп мұз қатып, қабағына да қалың қырау тұрған.
– Неге қарайсың, подлец!– деді Кошкин Кенжетайға көзін тесірейте
қадап, қабатын иттей ернін тыржитып, тісін ақситып, шанадан түрегеп,
тағы ұруға қолын көтеріп.
– Не қыл дейсің, тақсыр?
– Мə саған не қыл деген!–деп Кошкиннің құлаштап сілтеген қолы
Кенжетайдың басынан асып барып шананың алқымына тиді. Ағашқа тарс
ете түскен жұдырығы ауырып қалды.
– Тоқтат атты, собака!– деді урядник аюдай ақырып, тағы ұруға қолын
көтеріп.
Кенжетай атты тоқтатқанша урядник оның үстіне міне түскенде, шана
ауып кетіп, екеуі ұмар-жұмар қарға құлады. Үстіне қырау қатып, буы
бұрқырап қалжыраған ат, шанадағылар құлаған кезде божысынан ешкім
тартпағанмен тоқтай қалды.
Денесі талдырмаштау болғанмен Кенжетайдың бір кісіден таяқ
жемейтін күші бар еді. Шанадан құлаған кезде «өлім біреу-ақ, алқымынан
сығайын ба, бəлемді?»–деген ой түсіп кетті оған. Бірақ ашуын ақыл жеңіп,
ол қол қатпады. Қазір төбелесіп жеңгенмен, артынан «күштінің арты
диірмен тартатынын» білді.
Шанадан құлағанда урядник Кенжетайдың астын ала түсіп еді. Оппа
қарға кіріп кеткендіктен Кенжетай тез тұрып үлгіре алмағансын: «осы
менімен төбелескелі жатыр ма?»–деген қауіп туды Кошкинге.
Өткен қыста бір урядникті айдалада біреу өлтіріп кетіпті деп есітіп еді
Кошкин. Кенжетайдың тайсалмаған кескінінен ол сескеніп, өлтіріп тастар
деген ой келіп қалды.
– Жібер!– деді урядник өзі тұра алмай жатқан Кенжетайды кеудеден
итеріп, əдейі басып жатыр екен деп ойлап.
Екеуі де оппаға сүріне-қабына түрегелгенде, урядник қорыққандығын
білдірмеген оймен:
– Мен... саған!–деді
көрсетермін!.. Айда атты!
он,
жақ
қолының
екі
саусағын
безеп,–
Олар шанаға отырып, жүріп кетті.
Жолды басқан оппа қарды соқадай тіліп отырып, Кенжетайдың жирен
қасқасы Итбайдікіне күн бата зорға жетті. Бұл кезде боран толастап, жел
бəсеңдеді, бірақ аяз күшейе түсіп, жел жаққа адам түгіл малды да бет
қаратпады.
Болдырған атты, «шүу-шүулеп» божымен қағып, Кенжетай жылқы
шарбағының алдына келгенде, басында түлкі тымағы бар, үстінде жағасын
қайырған, белін буған ноғайша қасқыр ішігі бар – Итбай қақпа алдында
жүр екен. Сылдырлаған қоңырау дауысы құлағына тигенде ол шүйделі
желкесін бұрып, айналып қарады.
Үйіне төре келу – оған таңсық емес. Келген төренің чинінің үлкенкішілігін ол жеккен аттан, арба, шанадан байқайды. Жазды күні пар ат
жегіп, пəуескелетіп келсе, қысты күні көсем салып пəуескелетіп келсе –
олар үлкен төрелер. Ал, жалғыз ат, жабайы шанаға мінетіндер – урядникмурядниктер. Болыстардың ішінде урядниктерден ығысатындары да
болады. Итбай ондайдың кісісі емес. Урядникке ықласы түспесе, ол жөнді
қонағасы бермей де қояды. Итбайдың уезбен байланысы барын білетін
урядниктер өзгеге қоқаңдағанымен, бұған ол мінезін көрсетпейді.
Осы 1912 жылы болыс сайлауы болғанда, Итбаймен таласқан Ағайдар
деген адам елді өзіне қаратып алып кетіп, болыс болған. Итбай төрт таспен
ғана қалған. Дəрмені кеткен Итбай, іле Омбыға барып, генералгубернаторға жолыққан, губернатор 1891 жылғы «Степное положениенің»
70-параграфына сүйеніп, болыстықты Итбайға сайлаусыз беруге əмір
еткен. Оны да урядник Кошкин жақсы біледі.
Сондықтан, шарбақ алдында тұрған Итбайды көргесін Кошкин шанадан
секіріп түсті де, аяғын кердең-кердең басып кеп, қолдасып амандасты.
– Мен сізге ете маңызды хабармен келіп отырмын,– деді, Кошкин
қолдасқаннан кейін.
– Айтыңыз.
– Үйге барайық... Ех! Тоңдым?.. Арақ бар?
Урядник алақанын уқалап, аяғын қаға бастағасын Итбай тоңғанын көрді
де:
– Сіз мынау үйге кіре тұрыңыз,– деді өз үйін нұсқап,– мен малды
жайғастырып қазір кірем: Горбуновта арақ бар.
«Бір жаққа апар дей ме?»– деген оймен, тоңған Кенжетай дірдектеп тұр
еді.
– Жүре бер,– деді урядник қолын безеп,– мен саған!...
Итбайдың ағаш үйінің бөлмесі алтау еді. Соның біреуінде болыстың
кеңсесі жəне писарь Горбуновтың пəтері.
Кошкин кіріп келгенде Горбунов керуетінде шылым тартып,
шалқасынан жатыр еді, үстін қырау басқан біреу кіре бергенін көріп, атып
түрегелді.
– Здраю, желаю!..– деді Кошкин Горбуновты танып, тоңған аузы сөзді
шала айтып,– Гаврил Гаврилович!..
Горбунов танымай қалды.
– Шам жақ,– деді ол урядникті алып кірген Бүркітбайға.
– Танымадыңыз ба, Гаврил Гаврилыч?..
– Никак ни могу... Темно!..
– Платон Трофимович деген кісіні естігеніңіз бар ма?
– А-а-а!.. Жақсы келдіңіз,
Шешініңіз, Платон Трофимович!..
Платон
Трофимович!..
Тоңыпсыз...
Бүркітбай лезде шамды жағып, тоңған қолымен түймесін ағыта алмай
жатқан урядниктің тұлыбын шешіндірді, папахасын урядник өз қолымен
алып берді.
– Жылыныңыз!.. Пешке барыңыз!..– деді Горбунов жалбалақтап.–
Мүмкін, русский горькиймен жылынарсыз?
– Егер, болса.
– О, не дегеніңіз? Сізге, жоқ болса да табам!
Шкафта тұрған жарты бөтелке арақтан бір стакан құйылды, Кошкин
қағып салды.
– Рахмет, Гаврил Гаврилович!.. Рахмет!.. Мен сізге ете қымбат хабар
əкелдім!..
Горбунов Итбайға 17 Жыл писарь болған, қазақ ауылының неше түрлі
қулық-сұмдығына қанған, қазақша сөйлей білетін, жанасымпаз, бір қу еді.
– Не хабар?– деді Горбунов.
– Ол міне!– деп, Кошкин «қымбат хабарды» суыруға қойнына қолын
тығып еді, жоқ боп шықты. «Ах!..» деді Кошкин есі шығып кетіп, көзі
бақырайып.
– Не болды?!..
– Жоғалттым, Гаврил Гаврилович!..
– Нені?
– Пакетті.
– Не пакетті?..
– ...Мен құрыдым!..
Бір сұмдықтың болғанын Горбунов түсінді. Бірақ Кошкиннен сұрауға
батылы бармады. Өйткені, кескініне қараса, адам пернесі бұзылып, көзі
шарасынан шығып кеткен екен.
Пакет!.. губернатордан!.. жоғалттым!..– деді Кошкин Горбуновтың
құлағына аузын тақап, сыбырлап.
– Қайда?!
– Білмеймін далада түскенін, шанада қалғанын.
Қорыққаннан ба, тоңғаннан ба – урядниктің иегі иегіне сақ-сақ етті.
Арақтан ба, қорқудан ба, басы айналып көзі қарауытты.
– Іздейік... Шанаға кісі жіберейік...
– Ж-ж-жоқ... мен... өзім барам... Кісіге сенуге болмайды... Бірақ əлгі
подлец жоғалтып жібермесе...
– Оныңыз кім?
– Ямщик...
Итбай далада қалғанда мал жайлауды аяқтайын дегендіктен емес,
урядникке онша кішіреймегендіктен қалып еді. Сондықтан далада көп
тұрмай, аяңдап үйге кірсе – урядник абыржып жатыр екен. Горбунов
Итбайға мəн-жайды айтты.
– Жəмшік жоғалтпас, я ұрламас та,– деді Итбай салмақты дауыспен,–
далада түсіп қалған шығар.
– Жоқ, ол подлец, жоғалтты. Ол сволочь!..
«Бұл не пакет, мынаны осынша абыржытқан?»–деп ойлады, урядниктің
сұры кеткен, дірілдеген түсіне таңдана қараған Итбай.
2
Кенжетайдың үйі Итбайдың қоңсы ауылында еді. Бірақ ол, байдың
аулына келгенде, школдың қасындағы учительдерге салынған екі бөлмелі
үйде тұратын Асқарға бір соқпай кетпейтін. Жəмшіктіктен қолы бос
күндерін школ маңында, Асқардың қасында өткізетін.
– Сен қазақша білесің,– деген, Асқар оған осы күз,– бұдан былай ылау
тартқанның арасында аздап орысша оқы. Сүйтіп жүріп орысша біліп
кетесің.
Асқардың ақыл беруімен, қолы боста оқуға жұмылған Кенжетай, тез
арада бұрын оқыған төрт амалды – есепті пысықтап, дробты айналдыра
бастады. Оның өте қызығып оқыған сабағы – орыс тілі. Татар тілінің
«сарфын» мұғалімнен оқыған оған, орыс грамматикасының заңы онша жат
көрінген жоқ. Оны қинаған – тіл жағы, орысша словарьдың жоқтығы.
Біраздан кейін Кенжетай ол бөгетті де аздап бұзды.
Міне, осындай əрі құрбысы, эрі досы, əрі ұстазы Асқарға аты болдырып
келген Кенжетай соға кетейін деп, барса, Асқар мектеп алдында жүр екен.
– Барасың ба, біздің үйге?– деді Кенжетай.
– Барам.
Тоңғандықтан ба, я аулына келгенін білгендіктен бе?– Асқар шанаға
мінгеннен кейін, жирен қасқа болдырғанын білдіртпей тарта жөнелді.
Кенжетай жолшыбай урядниктің қылығын айтып, екеуі біраз күлісті.
– Бұрын да қақырайған қатты неме еді,– деді Кенжетай кеңесін аяқтап,
үйінін, алдына келгенде,– осы жолы тіпті сіресіп кетіпті. Бір тығыз
жұмыспен келе жатқан сияқты, не жұмыс екенін кім білсін.
Кедей болғанмен, Ұлберген үйін, ыдыс-аяғын, жамау-жасқаулы
болғанмен киім-кешектерін кірсіз, таза ұстайтын еді. Сондықтан, оның
қатықсыз қара шайының өзін Асқар майлы астан кем санамай, сүйсініп
ішетін.
Кенжетай мен Асқар үйге кірсе – Ұлберген пешке от жағып жатыр екен.
Шам жағылған жоқ, үй іші қара көлеңке.
– Апа!– деді Кенжетай есіктен кіре.
– Əу, құлыным! Тоңдың ба?
– Мен атты ағытып келейін, жылдам бір шай қойшы.
– Жарайды, сəулем.
Кенжетай далаға шыққанда,Асқар терге қарай барды.
– Бұл қай бала?– деді Ұлберген.
– Асқармын, апа!
– Ə... қалқам-ай, отыр, сəулем!
Асқар етігін тастап, сеңсеңмен астарлаған пальтосын шешіп, төрге
барып отырды. Ұлберген самауырға су құйып, шоқ салды.
– Бүгін кəрəсін де бітіп еді,– деді Ұлберген, пұзыры жоқ үштік шамды
жарыққа тосып, түбіне қарап,– Кенжетай кəрəсін əкелді ме екен, біліп
келейінші.
Асқар шынтақтап бейғам жатыр еді.
– Ойбай!..– деген əйел даусы естілгенде, орнынан шошып тұра келді.
Ойбайлаған əйел есікті аша беріп етпетінен құлады.
– Апамбысың?– деді Асқар жүгіріп барып, басын көтеріп,– немене? Не
болды, апа?
– Ө-ө-өлтірді!
– Кімді?!.
– Кенжетайды...
– Не дейсің, апа!..
– Ойбай!.. Қалқам... бар!..
Ұлберген қолын дала жаққа сілтегесін, Асқар үйден жүгіре шығып еді,
құлағына иттің ырылдауы секілді бір дауыс естілді. Үйдің алдында қараңғы
қора бар еді. Сасқан Асқар, жүгіріп келе жатыр еді, маңдайы ашаға тарс ете
түсіп, есі ауып к,ала жаздады, көзінің, оты жарқ ете түсті. Асқар оған да
қарамастан, маңдайын қолымен ұстай, қора алдына жүгіре шықса – біреуді
біреу жығып сап, ұзындығы құлаштай ағашпен ұрып жатыр, қасында біреу
қарап тұр.
Ұрып жатқанды Асқар ұстай алды.
– Кім бұл?– деді ол орысшалап, Асқарға да ұмтылып.
– Байқа! Мені ұруға хақың жоқ. Мен халық учителімін.
– Тап жылдам, оңбаған!–деді урядник, ұрып жатқанға тағы ұмтылып.
Асқар бұл жолы урядникті жібермей:
– Не болды?–деп сұрады.
– Его превосходительство генерал-губернатор... с нарочным... со мной...
на имя волостного управителя... отправил пакет весьма важного значения, а
этот подлец его по пути украл .
– Ұрлаған жоқ шығар.
– Сіз оны жақтайын дейсіз бе?
– Іздеңіз...
– Қайдан?
– Оның пакеті,– деді орнынан тəлтіректеп əрең тұрған Кенжетай
жыламсырап, мұрнын қолымен басып,– маған не керек?.. Жазықсыз
осынша сабап... бұдан өлген жақсы!..
Қараңғыға көзі үйренген Асқар Кенжетайдың бетіне қараса, мұрнынан
қан дірдектеп ағып түр екен.
Асқар ашуланып кетті. Урядникке бірдеме дейін деп еді, екпесі
алқымына тығылып, аузына сез түспей қалды.
– Мынау емес пе?– деді бір а дам шанадан бірдемені еңкейіп ала беріп.
Асқар оған үңіле қараса Горбунов екен.
– Пакет пе?– деді Асқар.
– Я... Сол сияқты,– деді Горбунов.
Кенжетайға əлі де ұмтылып жүрген Кошкин, жалт беріп Горбуновқа
бұрылып, пакетті оның қолынан тез жұлып алып, қойнына тығып,
алақанымен баса қойды.
– Елді билейтін ұлықсыз,– деді Асқар,– шанадан табылды... Анығына
жетпей нашар адамды осынша ұрдыңыз!
Бұл сөздерге Кошкин əрі ұялды, əрі намыстанды.
– Молчать!..
3
«Өте маңызды пакет» жоғарыдан келетін жабайы бұйрықтың біреуі
шығар деген оймен отырған Итбай, урядник пен Горбунов үйге келгенде:
– Бар ма екен?– дей салды.
– Бар.
– Қалай таптыңдар?
– Тығып қойған, подлец!..– деді Кошкин.
– Апыр-ай... ə?..
Үстіне кісі отырғандықтан пакеттің сургучы уатылған екен.
– Ашып оқымасын əлгілер!– деді урядник.
– Оқыса оқиды да,– деді Горбунов.
«Оқымаған шығар»,– деген Итбайдың сөзіне болмай, пакетті ашпай
тұрып сургучының сынғанын, пакет жоғалып табылғанын урядник актілеп
алғысы келді.
– Акт жаз!..– деді ол Горбуновқа.
Горбунов стол қасына отырып, қарындаш пен қағаз алды.
«1912 жылы осы ноябрь айының 18 күні, полицейский урядник –
Платон Трофимовичтің қойнынан түсіп қалған пакетті, ямщик киргиз... аты
кім еді!..
– Кенжетай Тұяқов...
– Так... так... сол ұрлап алып... түсіп қалып... жоқ-жоқ... не так, түсіп
қалып емес, қойнынан қастық ниетімен ұрлап алып...
Горбунов мұртынан жымиды да, урядниктің ойынан шатасқанын біліп:
– Əуелі ашып оқиық, содан кейін акт жазамыз,– деді.
– Жоқ, əуелі актілеп алу керек.
– Ерік сізде.
Акт жазам дегенмен, урядник не жазуға білмеді. «Түсіп қалғаннан
ұрлады» деп жазайын десе, «неге түсірдің» деп айыптауы мүмкін.
«Қойнымнан ұрлап алды», деп жазайын десе, «онда өзің қайда отырдың?»
деп айыптауы мүмкін. Жоғалғанын атымен айтпаса, жəмшік ішінен керек
қағаздарын ұрлап алып, бөтен қағаз салып, білдірмей жапсырып қоюы
мүмкін. Сургучтың үгітіліп қалуы – бұл күдікті күшейтеді.
Урядник састы. Не істерін білмеді. Көзі қарауытып, маңдайынан тер
шықты.
– Ə, құдай, сақтай гөр!..– деді ол ішінен, шоқынып – мен-ақ көтерейін,
ашыңдаршы!..
– Ладно.
Жабайы бұйрықтарды Горбунов салмақпен ғана ақырын оқып шығып,
Итбайға кейін естіртіп, кейін естіртпейтін еді. Урядник сасқанмен Горбунов
пакетке оншалық үлкен маңыз бермей, салмақпен оқи бастап еді, аздан
кейін кескіні өзгеріп, қағазға көзін жылдам жүгіртіп, орнынан ұшып
түрегелді...
– Итбай Байсакалович!..
– Немене, Гаврил!..
– Маған сен ақша береді, давай!..
Горбуновтың айтайын дегені «Сүйінші» еді, ол сөз аузына туспей
қалды.
– Немене... не ақша?..
– Саған құдай берген!
– Ие, айт!..
– Патшаға, император үш жүз жыл болған, мен саған айтқан ?
– Айтқансың.
– Юбилейге сен барған айтады, кагаз!..
– Оның не?
– Қатын алады – той!.. Бала, матайды кеседі – той!.. Сен не айтқан
біледі...
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ботагөз - 03
  • Parts
  • Ботагөз - 01
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 1990
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 02
    Total number of words is 3835
    Total number of unique words is 2043
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 03
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2116
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 04
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2017
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 05
    Total number of words is 3894
    Total number of unique words is 2042
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 06
    Total number of words is 3848
    Total number of unique words is 2153
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 07
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2123
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 08
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2003
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 09
    Total number of words is 3912
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 10
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2112
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 11
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2051
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 12
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1988
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2200
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2095
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 16
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2023
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 17
    Total number of words is 3916
    Total number of unique words is 2124
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 18
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 2066
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 19
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2060
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 20
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2125
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 21
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2108
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 22
    Total number of words is 3807
    Total number of unique words is 2017
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 23
    Total number of words is 3701
    Total number of unique words is 2061
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 24
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2129
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 25
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2145
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 26
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2103
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 27
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2063
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 28
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2001
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 29
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2142
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 30
    Total number of words is 3880
    Total number of unique words is 2028
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 31
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 1962
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 32
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2086
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 33
    Total number of words is 1885
    Total number of unique words is 1150
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.