Latin Common Turkic

Ботагөз - 17

Total number of words is 3916
Total number of unique words is 2124
36.2 of words are in the 2000 most common words
50.8 of words are in the 5000 most common words
59.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Ол екеуі адам тізімін алдарына алып, ұзақ күбірге кетті...
25 июнь жарлығымен бірге əкелген Кошкиннің бір пакетінде, уездный
начальник Кривоносов Итбайға толық нұсқау алу үшін «Қотыркөл
қаласындағы приставқа барыңыз» деп бұйырған еді. Сол бұйрықты
орындауға Итбай қасына Горбунов пен бірнеше ауылнайды ертіп, тығыз
түрде түнделетіп жүріп кетіп, Қотыркөл қаласында 4–5 күн кідіргендіктен,
Итбайды іздеп келгендер орнын сипап қалды.
«Сандықтың аузын аша бер, əке!» деген еді Итбай Байсақалға,
Қотыркөлге аттанарда.
«Неге, шырағым?»
«Ақша түседі»...
«Неден, шырағым?»
«Жұрттан».
«Не ақша?»
«Баласын қалдырам десем, ақша түгіл кеудесіндегі жанын берер...»
Сауда-саттыққа араласпағанмен, ақшаның сандығы Байсақалда болатын
еді. Ақшаның жүзін ыстық көретін Байсақал, саудаға жұмсаған адамдар
сапар шегіп қайтып келгесін есеп сұрап, қанша пайда, қанша залал
болғанын біліп отыратын еді. Алым-салықтан, парадан ақша түссе –
Байсақал тіпті қуанатын. Соғыс басталғаннан бері елден жиналған
шығындардың біразын Итбай өз қалтасына басқаннан Байсақал дəндеп,
баласы бір жаққа барып :келсе, не ауылнайлар кеп есеп берсе, «қалтаға
қанша түсетін болды?» деп сұрайтын еді. Мына соңғы хабар Байсақалды
тіпті қуантып:
«Егер,– деді баласына,– реті келсе елдің көбін босатып алып қалсаң
қайтеді? Содан кейін малын кім аяйды дейсің?»
Итбайдың Қотыркөл қаласына кеткен хабарын естігенмен, келуін күтіп
ошарылып жатып алған топты Байсақал жылы қабақпен қарсы алып,
солдат алуға өзінің де жаны ашығансып, жыландай жылмаңдады.
«Итбайжан да қысылып кетті-ау, айналайын!–деді ол жұртқа,– қайтсін
қарғам!.. Ел үшін туған бала еді. Халыққа қиын болды деп қан жылап кетті.
Қолынан келсе аяр жаны жоқ. Жұртым үшін оққа байласа разымын, шамам
келгенше бермеуге тырысам деп кетті. Құдай не жон берерін кім білсін?»
Байсақалдың бұл сөзіне нанар-нанбасын білмеген жұрттың біразы,
«құрғақ аяққа бата жүрмейді» дегенді ескеріп, Байсақалға туралап айтуға
бата алмай, Елікбайға сөйлесіп, сыпайылауды қойып турасын айтты.
«Осы жұмысымды ағаңа орындатып, баламның жасын солдат жасынан
не кем, не артық қып жаздыр да, сұрағаныңды ал!» десті сөйлескендер.
Елікбай ашық айтқан өтінішке ашық жауап беріп, ат сататын адамдай
ашық саудаға кірісті.
«Не бересің?»–деді ол тура.
«Не сұрайсың?»
Бірер адаммен саудаласқаннан кейін Елікбай «бір кісінің жасын түзеуге
жүз сом» деген «таксы» шығарды. Пара беретін кісі келісуін оңаша
келіскенмен, неше сом беретінін басқалардан жасырған жоқ.
«Жүз сом бересі болып ем, біразы жетпей тұр, ертең тауып берем, бере
тұршы!» деп біреуден біреу ақша сұрау – екінің бірінде болды.
Ақшасы үйінде қалғандар, кісіден сұрап ала алмайтын болған соң, «жүз
сом алады» дегенді сырттан естіп, аулына шапқын жіберіп алдыртты.
Елікбайдың саудасы осылай .қызып жатқан кезде Итбай мен
ауылнайлар келді.
– Уа, не болды?– десті анталаған жұрт, амандық-саулықты қойып,
Итбайға арбадан түсуге мұрша бермей.
– Не болсын. Құдай ұрды. Ұлыған қасқыр жемей қоя ма? Алатын
болды.
– Сен не дедің?
– «Бермеймін!» деп таластым. Бірақ ұлық оған көне ме. Өзімді жазаға
тартамын деп, бір күн жауып қойып зəремді ұшырды.
– Сонымен көніп келдің бе?
– Көнгем жоқ.
– Оның жақсы болған екен.
– «Жұрт үшін өлсем разымын, мен қол қойып, солдат берем дей
алмаймын!» деп қасарып отырып алып ем пристав: «Итбай көнбей жатыр
деп, оязға кісі шаптырып, ояздан: «орнынан түсірсін» деген бұйрық келді.
Бақ елден қымбат па, түссем түсейін дедім.
«Алда садағаң кетейін, ел үшін туған ерім-ай!» деп біреулер жылап
жіберді.
– Орныңа кім болды?– деді біреулер.
– Елікбайды қойды.
– Қай Елікбайды?
– Білмей тұрсың ба, қай Елікбай екенін?– десті біреулер күңкілдеп,–
інісі! Бəрібір емес пе, екеуінің арасында қандай айырма бар? Мынау
қулықпен қойылған екен.
«Не қулық болсын? десті біреулер,– інісін оққа байлап, өзі аман
қалғанда бұған не пайда түседі?»
«Елікбай да болмайды, екеуміз бір əкеден туған бір кісіміз деп ем,– деді
Итбай күрсінген боп,– кəнделетің сол Елікбай, одан басқаны заң
көтермейді!» деп болмады.
Елікбайға сөйлесіп пара беріп қойғандар «тілегіміз болды» дегендей
жадырай бастады. Бірақ көпшіліктің түсі суық.
– Елге тез жетейін деп қатты жүріп түтігіп өліп кете жаздадым,
таңдайым қатып тұр, қалғанын сусындап алып айтайын,– деп Итбай
арбадан түсіп отауына кіріп еді, жұрт бірге кірді.
Далада жолыққанда да, үйге кіргенде де Итбайдың көзі ауылын
қоршаған адамдардың қайдан екенін, кім екенін білу болды. Ол өз қол
астындағы елдің еркек атаулысын түгел танитын. Тыста да, іште де
Итбайдың көзіне ұшыраған адамдар ауыл-ауылдың атқа мінерлері, бірліжарымды болмаса, ішінде момын шаруадан кісі жоқ.
«Ауыл-ауылдың басты адамдарына жасырып айтын,- дар,– деген еді
Итбай, приставтың тапсыруымен Қотыркөлге еріп барған ауылнайларға,–
олардың балаларын сылтау тауып алып қалам. Не тізімдегі жасын
бұздырам, не осы маңдағы жеңіл жұмысқа қалдырам. Олар көтерілген елді
басуға себеп болсын. Қарулы күшке қарсы тұрып қырылмайық, сұраған
солдатын берейік дегенді айтсын».
Итбай сусындауға кіргенде, үйге сыймайтын болғасын, ошарылып
далада қалған өз елінің атқа мінерлеріне, ауылнайлар Итбайдың сөзін
оңашалап айтты. Біразы бұл сөзге сенді, біразы сенбеді. Бірақ сүтке құйған
іркіттей «балаң қалады» деген сөз болыстың ауылына бір ауызды боп
келген атқа мінерлердің арасын ыдыратты, дуылдаған айқай бəсеңсіді.
«Жұрт қан жылағанда біз қуанғанмен не болады?» деп ренжіген біренсаран ел қамын қайғыратындар болмаса, көпшіліктің ширатылған жібі
босады, шідер үзгендей асаусыған мінезін баяулатты.
3
Омбыдағы санақ комиссиясына арыз беріп, Асқардың Итбай болысын
таңдап алған себебі – Ботагөзді іздеп табу еді. Оңашада қиылып сұраған
соң, Асқарға Бүркітбай Ботагөз жайын айтты. Бірақ, Бүркітбайдың сөзіне
нанар-нанбасын білмеген ол, «Бурабайда жұмысым бар еді» дегенді сылтау
ғып, қасындағы санақшы серіктерінен рұқсат алып, заводқа анықтауға
кетті.
Асқар заводта Сағитты кездестірді. Сағитқа жолыққанша, оған Балтабек
үй ішінін, хал-жайын завод халқы біле тұра айтпады, «пəлесіне қалармыз,
білмейміз деп құтылайық» десті олар.
Сағит соқтауылдай жігіт боп қалған екен, үш жылдан бері заводта
учетчик боп қызмет атқарады екен. Балтабектің үй ішіне кездескен
бақытсыздықты барлық себебімен Сағит Асқардың қолына қондырды.
Ботагөздің осы күні Амантай қолында екенін де Сағит біледі екен.
Алғашқысына күйінген, ал Ботагөздің Амантай қолына түсуіне сүйінген
Асқар, енді Амантайды іздемек болды. Санақ жұмысына Асқармен бірге
Итбайдың баласы Сарыбас та шыққан еді. Заводтан қызметіне қайтқан
Асқар Итбайдың айуандығын баласына айтып еді, Сарыбас оның кекті
сөзін күле тыңдады. Екеуі қатты сөзге кеп, араздасып, қызметті бөлініп
атқарысты.
Қиянаттарын айтып, Асқар Итбайдың үстінен жоғарғы ұлыққа арыз
жолдады.
«Ел арасына, үкіметке қарсы пікір таратады» деп, жоғарғы ұлыққа
Асқардың үстінен Сарыбас та арыз айдап, оны бұл арадан кетіруді өтінді.
Елдің басындағы ауыр халді көріп, жаны азаптана қайғырып жүрген
Асқардың құлағына, қазақ даласын тітіреткен хабар – июнь жарлығы
шалынды.
Ешбір газет-журналсыз, кітапсыз, пікір алысатын оқыған адамсыз,
жазы-қысы мал бағып көшіп жүрген надан елдің ортасында үш жылдай
тұрған Асқар біліміне білім қосу түгіл, білгенінен айрылып қарайып
қалған.
1913 жылы Петербургте жандармерияның қолына түскелі ол, содан бері
Россияда болып жатқан саяси халдің бəрінен саңырау.
Тұтқын болардың алдында, Смирнов пен Булатов арқылы қолына
түсіріп, Петербургте оқыған саяси кітаптары, əсіресе, Ленин мен Сталиннің
еңбектері оның есінде. Сол кітаптардан ол қазіргі қоғамда қанаушы,
қаналушы екі тап барын, қанаушы тапты жоймай, қаналушы тапқа өмір
жоғын түсінген. Қанаушы тапты жою үшін революция қажет екенін, ол
революцияны пролетариат бастауға тиісті екенін Асқар сол оқыған
кітаптарынан көрген. Осы революцияда, еңбекші шаруалар да зор күш
екенін, пролетариат оны көмекші күш қып пайдаланатынын да ол біледі.
Міне, қазір, қазақ даласы толқындана бастады. Бұл толқынның сыртқы
себебі, майданға жігіт сұрау болғанмен, ішкі себебі тереңде жатыр.
Қазақ даласында да бірі қанап, бірі қаналып отырған екі тап бар. Шоқан
Уəлихановтың бір еңбегінде Асқардың оқығанында: даладағы қанау –
қанаудың ең мейірімсіз түрі.
Мысалды алыстан емес, жақыннан-ақ, Итбайдың маңайынан-ақ табуға
болады. Ботагөздің үйі, еңбекші семья еді, сол семьяны Итбай не халге
ұшыратты!.. Оның жазығы не еді, осы еңбекші семьяның? Осы семьяға
Итбай қолданған айуандықтан артық айуандық бола ма?.. Жалғыз осы
семья ғана ма, бұндай қорлық көрген?.. Даланың барлық кедейінің халі осы
емес пе?.. Уəлиханов айтқандай, мəдениетті елде де еңбекші тап
қаналғанмен, онда адамның элементарлық правосын қорғайтын заң-закон
бар, мемлекеттік тəртіп бар, далада ол да жоқ. Итбай сияқты жыртқыштар
ойына келгенін істесе, оған «ай» дер əже, «қой» дер қожа жоқ.
Сондай қыспақта отырған даланын, еңбекшілері сіреңке тиюін ғана
күтіп тұрған қу шөп сияқты. Сол қу шөпке сіреңке міне, енді тиді ол –
майданға жігіт алу.
Жігіт алу заңы бүкіл қазаққа бірдей шыққанмен, іске асуға келгенде,
ауыртпалықтың бəрі еңбекші көпшілікке түсетіні Асқарға мəлім. Бұрынғы
ауыртпалыққа мына ауыртпалық қосылған соң, халықтың жұқарған
шыдамы, əрине, жыртылады.
Оның арты – көтеріліс.
Көтеріліс!..
Халық сөз жоқ көтеріледі!
Содан кейін?..
Қайда барады ол көтеріліп?.. Күші қанша оның? Кім бастайды оны?
Ұраны не?
Бұл сұраулардың біреуіне де ойы тоқырарлық жауап таба алмаған
Асқар, «əуелі көтерілістің бетін байқап ап, содан кейін ойланайын,
«аржағын» деп шешті.
Оның құлағына, «Меңіреуде» жасырынып жүрген Амантайдың
маңайына ереуілші жігіттер топтала бастағаны шалынды. Амантай тобын
тауып ап, ақылдасу ниетімен Асқар «Көкшетауға барып уездный
начальникке жолығам» дегенді сылтау ғып, «Амантайды табам» деген
біреуді божаққа ап, пар атпен жүріп кетті.
Асқар аттанған түн: аспанды қалың бұлт жапқан, желі ышқына соққан
дауылды түн еді. «Күн жауа ма?» деп қауіптенсе де, оқиға ұласып
баратқансын Асқар күннің ашылуын күтпеді.
...Түн. Көзге түртсе көрінбейтін қараңғы. Арбаның алдында отырған
божақ зорға көрінеді. Жел қарсы. Жолаушының жолын бөгегісі келгендей,
минут сайын дауыл күшейген тəрізденеді. Жел ме? Аттың жал-құйрығы
ма? Жылан ба? Əйтеуір, бірдемелер айнала ысылдайды. Ысылдаған леп,
адамның барлық тамырларына суық көлбақа соқтыққандай жиіркенішті
тиіп, түршіккен тұлабойы шымырлайды. Жарық дүние енді қайтып
оралмастай болады. Қараңғы түнге сүңгіген ат, түнге емес, көрге сүңгіп
бара жатқан сықылды көрінді. «Не деген қорқыныш!..»
Жөкей көлінің солтүстік жақ қабағында «Аюлы» дейтін бір кішкене
таусымақ бар. Сол таусымақ пен көлдің арасынан өткенде, біразға шейін
жолдын, екі ,жақ шетіне сирегірек ескен қарағай жарысып отырып барып
қалады. Осы қарағайға кіргенде Асқардың үрейі тіпті ұшты. Оған қарағай
атаулының бəрі аңдып тұрған жаудай елестеді. Асқардың үрейленгені
сондай: егер біреу жолдың езуінде «һап!» десе, жаны шығып кететіндей
көрінді. Денесі, аяқ-қолы мұздады. Денесінде жан қалмай жаны аузына
жиналып, егер жұмған ернін ашса, өліп кететіндей көрінді. «Не деген
қорқыныш!..»
– Өлдім!..– деді бір кезде божы ұстап отырған атшы, жан дауысы
шығып.
Асқардың дыбыс естігенде жаным шығып кетер дегені бекер екен.
– Не болды?–дегенше болған жоқ, басына бір зілдей ауыр нəрсе сарт ете
түсті. Жасқанып, еңкейген Асқардың беліне зілдей ауыр, қылыштай өткір
нəрсе тағы да сарт ете түскенде, белі үзіліп кеткендей көрінді. Ол есінен
танып қалды. Бұл не екенін, одан əрі не болғанын ол білген жоқ. Шалашарпы есі бар оның құлағына қою қараңғылықтан естілген үн:
«Алып жүр иттерді! К,осқа апарып өлтірейік!»
Аздан кейін есін жинаңқыраған Асқардың сезгені: жеккен аттарын салт
біреулер жетектеген, біреулер жеккен атты екі жағынан да қабырғалап
сойып келеді. Жолсыз жермен шапқандығынан доңғалақтың табаны андасанда жерге бір-ақ тиеді. Арба секірген кезде, үстіндегілер түсіп қала
жаздайды.
Біраздан кейін Асқар есін жинады да, арбадан басын көтерді. Беті
дымқостанған, қолымен сипап еді, желімденген бірдеме қолына тигесін «ə,
басымның қаны екен ғой» деп жорыды ол. Төбесін сипап көріп еді, басына
біреу артық бір бас жамағандай, қос жұдырықтай боп ісіп кеткен, қол
тигізбейді. «Арқам не болды екен?» деп қол апарайын деп еді, қолы
жақындай алмады. Удай ашып, ешнəрсе тигізгісі келмей тітіркеніп тұрған
бір арқа. «Не пəле болды? !»
«Маңайымда не бар екен?» деген оймен шапқынмен келе жатқан
арбаның екі жағына қарап еді, қатарласа екі салт шауып келеді екен.
Аттардың да екі жағынан жарыса шапқан екі кісі. Арбаның артында да
аттың дүбірі естіледі.
– Мына бір неме басын көтерді, арбадан түсе қашпасын?!–деді салттың
біреуі.
– Тапсырып жіберсейші бірді, тырп ете алмайтын ғып!– деді екінші.
«Тағы да ұрады екен?» деп Асқардың зəресі ұшып кетті.
– Уа, қайтесін соны ұра беріп?– деді біреуі,– қолыңды ауыртып! Қосқа
апарайық. Содан кейін бір жөні болар.
Жол тосқан кім екенін, не хал болғанын біле алмаған Асқар, белі мен
басының ісігі сыздап, қиналып отыр еді, қалын, қарағайдың арасынан
көзіне жылтыраған оттың жарығы шалынды. «Бұл не?»
Көп кешікпей жылтыраған отқа жақындады. От əр жерде лаулап жанып
жатыр. Оттардың қасында қостар, ереуілдеген адамдар.
– Уа, бұларың кім?– десті ереуілдегендер.
– Кім екенін өзіміз де білмейміз, əйтеуір, жақсылыққа жүрген адам
емес. Жүрісі суыт. Түнделетіп қалаға тартып барады екен, əкеңнің аузын...
Құдай қолға түсірді. Бəлемнің сазайын да бердік.
Жан-жағына қараған Асқарға қалын, қарағайдан адам кəп сықылданды.
– Сұрайықшы əзінен, кім екен?– десті арбаны қоршаған топтан
біреулер,– уа кімсің, əй?
– Санақшымын,– деген сөз түсіп кетті, қорыққанынан тісі тісіне тимей
сақылдап, денесі қалшылдаған Асқардың аузына.
– Солдат алардың алдында əдейі жігіттердің есебін алуға Омбыдан
шыққан қазақтар бар деп еді. Солар екен ғой!– десті жұрт дуылдап.
– Олар болса, иттерді теріс қаратып бауыздау керек!– десті топ.
– Бауыздап, қолыңды қандандырып қайтесің,– десті біреулер,–
қылғындырып мойнынан ағашқа аса қою керек...
– Не бар, ендеше, тұратын?–деген дауыс ду еткенде, əлдекімдер
Асқарды арбадан жұлып та алды. Денесінің əр тұсынан жабысқан қолдар
оны жан-жаққа кергілеп көтере жөнелгенде, «енді өлдім» деп ойлаған ол:
– Оу, жұрт, мен Асқар Досановпын... учитель... Итбай аулындағы!..–
деді үрейлі бар даусымен.
– Асқар?!. Босатыңдар?..–деген əйел даусы сап ете қалды Асқардың
құлағына... Ботагөз даусы сияқтанып кетті...
– Босат, босат!..– деп əйел қалын, топты кимелеп жақындай берді, топ
жарылып жол бере берді...
Жол бергенмен, босата қоймаған топтың қолынан Асқарды «босат,
босат!» деген ентіккен ащы үнді əйел жұлып алды... Асқар талықсып
кетті...
4
Долырып ісіп кеткен көзін ол сығырайтып əрең ашса, таң сібірлеп
келеді екен. Аспанды қоршаған қалың бұлт жөңкіле көшкен бетінде аздап
сіркірейді... Төңірегіне көз тіксе, тұнжыраған қалың жұрт... Бəрі де ояу,
бірақ бəрінде қимыл бар да, дыбыс жоқ!.. Өз жанына енді қараса,
тұнжыраған қалың топтың бірі боп, буынып-түйінген бір жас адам отыр!..
Ботагөз сияқтанып кетті бұл адам Асқарға... «Бота!..» деген сөз оның
аузынан шыққанша, ісік жапқан көз сызығымен жас та төгіліп кетті...
– Я, Асқар, мен Ботаң!– деген əйел даусы ширақ, жинақы шықты.
Əлдекім Асқардың іскен жасты көзін жұмсақ орамалмен сүртті... Ол көзін
сығырайта тағы ашты... көзін сүртіп отырған Ботагөз!..
Есін аздап жинаған Асқар, жоғалған Ботагөздің ойда жоқта табылуына
емес, оның сұрланған жинақы кескінін бұзбай сақтауына қайран қалды...
Сүйемелдесумен əрең көтерген денесін Асқар шамалап көрсе, түндегі
таяқтан күп боп ісіп кеткен... Бет-ауыз да, бас та сондай, жалқылдаған ісік...
Оның кім екенін білген қалың топтан əркімдер «обал болған екен!..»,
«бұны қайтеміз...», «ісік ішіне түсіп кетпесін...», «емдеу керек!..» деген
сияқты мүсіркеу сөздер айта бастап еді:
– Оу, жұрт!–деді Асқар, бар күшін жинап,– ешкім де айыпты емес
бұған. Айыпты біреу-ақ, ол – патша!..
– Рас!–деп, ду ете түсті топ...
– Бір кісінің жарасы түк те етпейді,– деді Асқар,– ол не жазылар, не
өлер, одан құритын дүние жоқ. Мəселе мұнда, көптің жарасында – сол
жараны жазуда!.. Ауыр ойдан ба, ауыр ісіктен бе,– Асқардың дыңылдаған
басы айналып, көзі қарауытып кетті...
– Су!.. Су!..– десті, оның талықсып бара жатқанын көрген жұрт...
Асқар енді көзін ашса, кішірек шөп күркенің ішінде жатыр. Мезгіл
күндіз... Басын əлдекім шүберекпен шандып байлап тастапты, қасында
Ботагөз отыр. Бұл жолы оның сөзі ширақ шықты:
– Бота!–деді ол.
– Əу, Асқар!– деді Ботагөз өңін əлі де қалпында сақтап, демін ғана ауыр
ап.
Аздан кейін білсе, осы топта жүрген орыс фельдшері Асқардың
басындағы, денесіндегі таяқтан түскен ісікке ем жасап, байлапты. Түнде
бұл топта жоқ Амантай, жолаушылаудан жаңа ғана кепті. Аз сөзбен ғана
айрылғаннан бергі өткен-кеткенін түсіндірген Ботагөздің қазіргі өз жайы –
осы қалың, топтың штабында хатшылық екен. Асқар да жайын Ботагөзге
қысқаша ғана айтып, Амантайға тез жолықтыруын өтінді.
Шөліркеп қалған Асқар сусындағанша, Амантай келіп те үлгерді.
Жалпы жобасы сақталғанмен, оның киім киюі де, бет бейнесі де, соз əлпеті
де бұрынғы Амантай емес. Қазір ол бұрынғыдай олпы-солпы қазақ
киімінде емес, орысша ықшам киініп, тас-түйін боп буынып алған!.. Қазір
онда бұрынғыдай қаудиған қалың ұзын сақал жоқ. Қарабурыл тартқан
сақалын ықшамдай кесіп, иегіне бір-ақ тұтам ғып қойыпты. Соз əлпеті тіпті
ықшам,– өзі аз сөйлейді. Асқарды көбірек сөйлетеді, аз сөзінің көпшілігі –
Асқарды сынай берген сұрақтар, сонысына қарағанда, əуелі қандай ойлы
адам екенін біліп алғысы кеп отыр. Оның бұл сыны төрт-бес күнге
созылды. Оған дейін Асқардың жарасы да жеңіліп, басының, денесінің ісігі
қайта бастады. Жұрттың қимылына, сөзіне қараса, тасуға беттеген өзендей
жоғары көтеріліп келеді, көтеріліп келеді... Тасымай қояр түрі жоқ оның...
Бірақ қайда ақтарылады тасыса?–Оны білер бұл топта ешкім жоқ... Бұлдыр
болса да, бұл топтан болашағын болжайтын Амантай ғана сияқты.
Сібірде айдауда жүріп орыс большевиктерімен танысқанын Асқардан ол
сырласа келе жасырған жоқ. Патша үкіметінен оның тірегі – байлардан
құтылмай, еңбекші көпшілікке жарық жоғын, жолыққан большевиктері
Амантайға берік ұғындырыпты. Патшаны құлатуда ең зор күш – орыс
халқы екенін де Амантай жақсы ұғыпты. Бірақ, сол ұлы күш қашан, қалай
көтерілетінін, сауатсыз Амантай шамалай алмайды екен.
Соңғы үш жылдың ішінде айдауда боп, бар өмірін қаладан алыс
көшпелі елдің ішінде өткізген Асқар да Амантайға түйін боп жүрген
мəселенің жауабын тауып бере алмады.
Осы арада Петька Грозаның аты кеп шықты. Ботагөздің айтуынша, ол
баяғы Андрей Кулаковтың үйінде жүретін батырақ – Антон екен. Жүріп
жатқан соғыс алдында ол солдатқа алынады да, Ботагөздің айтуынша
«майданда большевик боп, ел арасында саяси жұмыс жүргізу үшін қашып
келеді».
– Қазір көрсең танымайсың оны,– дейді Ботагөз Асқарға,– қазір ол ойсанасы өскен дыңдай ақылды адам. Амантай тобын басқаруда көп еңбек
сіңіре бастаған Гроза жуырда ғана сəтсіздікке ұшырап, бір провакатор оны
полицияның қолына алдап түсіріпті. Амантай бұған қатты қайғырады екен.
Мына топта темір ұстасы Сенька, фельдшер Потапов Ягор жəне бірнеше
орыс солдаты бар, екі-үш татар солдаты бар, бірақ олардың Гроза
мөлшерінде айтар ақылы жоқ.
Ботагөздің өз жайы да Асқарға бұрын көргенінен əлдеқайда ерекше
сияқтанды. Бойы да, ойы да еркін ержеткен сияқтанды Асқарға. Мына
топта, Гроза жүргізген саяси үгітті одан терең ұққан кісі жоқ тəрізді.
Онысы Асқарға заңды да көрінді. Жобасын байқаса, ауыр азаптың ішінде
күн кеше жүре Ботагөз көп кітап оқып, білімін тереңдетіп алыпты. Бірақ
Грозаны көргенше оның оқығаны əрқилы жазылған романдар екен. Аз күн
серік болғанда, Гроза оның басына бірталай саяси ой құйып тастапты, ол
ойды Ботагөздің əрі жас, əрі зирек миы оқыған, саналы көзбен қабылдапты.
Соз түріне қарап, Асқар оны саяси көзқарас жағынан өзінен де жоғары
қойды,– идеясы ашық, саналы большевичка есептеді.
Көп кеңестің түйіні бір ғана сұрауға кеп тоқталды: «не істеу керек?»
Қазақ қана көтеріліп патшаны түсіре алмайтынына көтерілген топты
бастаушылардың көзі жететін сияқты. Грозадан, Амантайдан, Ботагөзден,
олардан кейін Асқардан естулерінше, патшаны түсіруге орыс халқының
ғана əлі келеді, «бірақ қашан?»
«Ендігі ақылшымыз осы» дегендей төне қараған көп көздің, бұл
сұрауына Асқардың берген жауабы – «бері салғанда Қызылжар мен Омбы
ғана, əрі салғанда Петроград қана бере алады бұл сұраудың жауабын!»
Амантай боп, көпшілік боп, Асқардан тез арада, Қызылжарға, одан асса
Омбыға, тіпті болмаса Петроградқа барып, ақыл алып қайтуын өтінді.
Асқар жүрмек болды.
Ақыл осыған құйылғаннан кейін Амантай, қасында Асқар мен Ботагөзді
ғана қалдырып, өзгелерді таратты.
– Ал, балалар,– деді ол, оңаша қалғаннан кейін,– кең отырып айтатын
сөздің тынысын мына қыспақ заман тарылтып тастады. Келте қайырды деп
кіналай көрмеңдер, қарақтарым!.. «Ұлы сөзде ұяттық жоқ» депті
аталарымыз: ұялсам да айтайын, көп уақыт аңсап көріскен екеуіңе мен бата
бергелі отырмын.
Күн қатып қуқылданып жүрген Ботагөздің бетінде қан ойнап қызара
қалды да, төмен қарай қойды.
– Жөн сөз айтасыз, ағай,– деді Асқар.– Рақмет, аталық мейіріміңізге.
Бірақ уақыт көтере ме бұл қуанышты ұсынысыңызды ?
– Бота бұл топта əйелден жалғыз,– деді Амантай,– жəне, ертең, жаман
айтпай жақсы жоқ, арпалыс заман басталып кетсе, əйелге қиын да бола ма
деймін...
– Нағашы ата,– деді Ботагөз ширақ үнмен киліге кетіп,– бұл сөзіңізге
қосыла алмаймын мен!..
– Қай сөзіме, қарағым?–деді Амантай түсінбей.
– Мұндай арпалыс шақта қару асынып, ерлердің қатарында майданға
шыққан талай əйел бар. Мына Асқар балаңыз біледі: Франция деген елдің
Жанна д’Арк деген батыр қызы болған, орыстың Надежда Дурова деген
батыр қызы болған...
– Рас,– деді Асқар,– екеуі де арпалыс күндерде ерекше ерлік көрсетіп,
ұлы екі елдің тарихында аттары мəңгі сақталған.
– Олар мінген атқа мен міне алмаймын ба?– деді ол Асқарға қарап,–
Олар асқан қаруды мен асына алмаймын ба?..
– Əрине, асына аласың,– деді Асқар.
– Ендеше сөйтем мен!..
Амантай үндемей қалды. Екі жас одан жауап күтті. Ескілік ұғым
басынан түгел шығып болмаған Амантай, Ботагөз ерлік сөздің шетін
шығарғанмен, əйелден жауынгер болады дегенге ұйып отырған жоқ.
«Жаугершілікке қатынасса,– деп ойлап отыр ол,– Асқармен бірге
қатынасар, əйтпесе, көп еркектің ішінде жалғыз қыз не бітіреді».
Бұл ойын ол тіктеп айтпай, өз ырқына Ботагөзді еппен көндірмек
болды.
– Ол рас қой, Ботам,– деп бастады ол сөзін,– ел намысын жоқтасам
десең, сені бетке кім қағады. Бұл топтан бір жола айырыл демеймін мен.
Мына Асқармен бірге жолаушылап қайт дегелі отырмын. Бұл келмей
қозғала қояр түріміз жоғын көріп отырсың. Жолда Ұлбергенге соғыңдар.
Ол бейшара да сені бір көруге зар боп аңырап отыр дейді, өзі сырқат
дейді...
Топпен бірге болуға шын бекінген Ботагөздің жүйесін шешесінің аты
аталуы бұзыңқырап кетті, көзіне жас кеп қалды. Шешесін ол аса аңсаулы
еді, Ермоловқа алтын прискасында, Темірбектің қолында тұратынын
естіген, сырқаттығын естімеген.
Шеше туралы оның ау-жайын байқап қалған Амантай сол пернесін баса
түскісі кеп:
– Сөйт, шырағым,– деді Ботагөзге,– өлі-тіріңді біле алмай, өзегі талып
жүрген бейшараның мауқын басып, көзіне көрініп кел. Одан əрі Асқарға ер,
ерме – ерік өзіңде.
Осыған Ботагөзді көндірді де, екі жастың қосылуына ерік беріп, тілеулі
жарқын жолға оларды ертеңіне қолынан аттандырды.
5
Қазіргі «Степняк» алтын заводының орнында революциядан бұрын
шахтыдан шығарылған тау-тау сары балшықтардың арасында жүз шақты
əр сайға бытырай салынған жермен-жексен кішкене үйлер болатын. Соның
шеткерірек біреуі – Темірбектікі еді.
Іргесі қаланғаннан бергі осы кішкене жер үйдің ішінде Ұлбергеннің
көзінен аққан жасын жинай берсе, үйге сыймай, төбесі ашық болса төгіліп
кетер еді.
«Төрт құлыным тірі болса – маған одан артық дəулеттің керегі не?»
дейтін еді Ұлберген, басы аман күнде. Азамат балалары болғанмен, қысқа
жіп күрмеуге келмей, ішімдік-киімдіктен кейде тарығып қалса да, Ұлберген
ол тілегінен ешуақытта жаңылмайтын еді.
Кенжетай қолға түсуден бастап, Ұлбергеннің тиыштық ұясы бұзылды.
Қайғы үстіне қайғы жамала берді. Кенжетай қайғысын ауырлап жүргенде,
«көз ашып көрген қызығым» деп туған баласынан кем көрмейтін Айбала
ауырды. Одан кейін, «тұлабойы тұңғышым» деп жақсы көретін Балтабек
ұсталды. Одан кейін Айбаланың қайтыс болуымен, Ботагөздің жоғалу
қайғысы қабаттасты.
Қайғының қара бұлты төбесінен төне басып, жан-жағын тұмандай
торлаған Ұлбергеннің бар əлінен келгені көзінің жасы. Ол ояуында да
жылады, ұйқысында да жылады, тұрса да жылады, отырса да жылады.
Басы аман кезде Ұлберген жайқындай ет-женді семіз кісі еді.
«Осы несін жеп семіреді?» деп таңданатын еді біреулер. «Қайғысыз
қара суға семіреді» деген. Ұлы-қызың түгел тұрса, сен де семірерсің,–
дейтін еді біреулер.
Сол еттен, сол нұрлы кескіннен Ұлберген аз күнде айрылып, екі беті
солып, қан жоқ, сел жоқ – сүзектен тұрған кісідей құп-қу, боп-боз болды да
қалды.
Шешесінің бұл қайғысына ішінен еншілес болған Темірбек сыртқа сыр
бермеді. Айбаланың сүйегін Бурабайдан алып келіп жерлегеннен кейін
Ұлбергеннің:
«Ботагөзді ізде, сұрастыр, тап! Сенен басқа оны кім іздейді?» дегеніне
қарамай, Темірбек шахтасына түсіп, жұмысын істей берді.
Бейпіл сөзді, баланы қарғауды білмейтін Ұлберген бір-екі рет
қыңқылдағанмен, Темірбек қозғала қоймағасын, ішінен тынып, Ботагөз
туралы мазалауын доғарды. «Жаман шірік неме!– деп сөкті көршілес
жұмысшылар, Темірбектің бұл қылығын көріп – ынжық, жасық туған!..
Мұнда сүйек жоқ... намыс жоқ... аузын буған өгіз...» Темірбек жұмысқа
ерте кетеді, кеш қайтады. Үйіне келсе шешесінің тым болмаса көңілін
көтеріп кеңеспейді де, асын ішеді де, теріс қарап жатып қалады. Оның
іштен таусылып жүргенін сезген Ұлберген, біраздан кейін «өзі қажып
жүрген сорлыны қажытпайын» деп, ол кете жылағаннан, қашан жұмыстан
келгенше жылайды да, оның келе жатқан дыбысын естіген соң көзін сүртіп,
жылағанын сездірмейін деп, асын даярлай бастайды. Жылай-жылай əрі
қызарып, əрі ісіп кеткен шешесінің көзіне Темірбектің көзі түссе өзегі
өртенеді. Сонда да үндемейді. Темірбектің үйіне келе, қолы боста ермегі –
балта қайрау. Заводтың дүкенінен сатып алған, темірі жұқа, жүзі жалпақ ақ
балтаны ол ұйықтаса да басына жастап жатады да, тұрса жүзін бармағымен
сипап көріп, ұстарадай қылпылдап тұрған балтаны күнде бір рет «мұқалып
қалды ма» дегендей, қайрақпен сипап қояды.
«Бұл балтаны қайтеді?» деп ойлайды Ұлберген.
– Апа,– дейді ол күнде жұмысқа барарында,– балтаны қинамағайсың.
Бірдеме шабамын деп ала көрме! Біреу сұраса берме!..
– Жаман балта бар ғой, қарағым,– дейді Ұлберген,– алмаймын. Кімге
береді дейсің.
Осындай көңілсіз кештің біреуінде жұмыстан келген Темірбектің
шайын бергелі Ұлберген қара көлеңке үйдің ішінде күйбеңдеп жүр еді, есік
ашып екі кісі кіріп келгенде:
– Апа!– деген Ботагөздің даусы құлағына сап ете түсті.
«Апа!» деген дауыс Ұлбергенге найзағайдың оғы сықылданып,
бойының бар қуатын алып, Ұлберген қолына ұстаған шəшкенің
сандықшасымен етпетінен түсе құлады. Шəшкелер қирап қалды.
– Апа!– деді Ботагөз құлаған шешесінің басын сүйеп.– Мен ғой, апа!..
Ботаң!.. Қорықтың ба, апа!.. Есіңді жинашы, апа!..
Басын көтергеннен кейін бетіне тақаған Ботагөздің ыстық лебі
Ұлбергеннің əлсіреген денесіне жан беріп, талықсыған жүрегіне ыстық қан
жүгіртіп бойын сергіткендей болды.
– Сəулем, құлыным, Ботам!..– деді Ұлберген əлсіз дауыспен,– көзіңнен
айналайын!.. Өзіңнен айналайын!.. Құлыным!..
Есін жинаңқыраған Ұлберген «апалаған» жəне біреуге көз қырын салып
еді – Асқар сықылданды.
– Мынау, Асқаржан ба, жаным-ау!– деді Ұлберген көзін кеңірек ашып.
– Ия, апа!..
– Қалқам-ау, денің сау ма?..
Темірбекті əуелі күңгірт үйден абайламаған Асқар артынан көзі түсіп
амандасты.
Тағдырдың дауылы əр жаққа ұшырған ұяның табысқан
құстарының қуанышына ұзақ ортақтасуға Асқарда уақыт бар ма!..
тату
Ботагөзбен қосылуына Ұлбергеннен де ерік алған Асқар со күні жүрем
дегенмен, ана рұқсат еткен жоқ. Жəне кетіп қалуға болмайтын да бір
жағдай туды, ол жаңа қосылған жас жардың магниттей тартқан ыстық
құшағы ғана емес, шектен шыға қуанудан ба, не денсаулығының кемдігінен
бе,– Ұлберген Ботагөзді көргелі талықси берді. «Өліп кете ме» деп
қорқыныш туды үй ішіне. Сондай жағдайда Ботагөз кете ала ма, ол кетпесе,
Асқар кете ала ма!
Ол күні қонған Асқар Ұлбергеннің халі ертеңіне де ауыр болған соң,
«алаңдамаңдар, балалар, маған бола жолдан қалмаңдар!» деп ана қайталай
рұқсат бергенмен, Қызылжардан оралғанша қала тұруға Ботагөзді көндірді
де, ымырт жабыла аттанбақ болды. Асқар Ұлбергенмен қоштасып, тысқа
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ботагөз - 18
  • Parts
  • Ботагөз - 01
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 1990
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 02
    Total number of words is 3835
    Total number of unique words is 2043
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 03
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2116
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 04
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2017
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 05
    Total number of words is 3894
    Total number of unique words is 2042
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 06
    Total number of words is 3848
    Total number of unique words is 2153
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 07
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2123
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 08
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2003
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 09
    Total number of words is 3912
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 10
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2112
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 11
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2051
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 12
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1988
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2200
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2095
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 16
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2023
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 17
    Total number of words is 3916
    Total number of unique words is 2124
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 18
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 2066
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 19
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2060
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 20
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2125
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 21
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2108
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 22
    Total number of words is 3807
    Total number of unique words is 2017
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 23
    Total number of words is 3701
    Total number of unique words is 2061
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 24
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2129
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 25
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2145
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 26
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2103
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 27
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2063
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 28
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2001
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 29
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2142
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 30
    Total number of words is 3880
    Total number of unique words is 2028
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 31
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 1962
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 32
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2086
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 33
    Total number of words is 1885
    Total number of unique words is 1150
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.