Latin Common Turkic

Ботагөз - 10

Total number of words is 3931
Total number of unique words is 2112
35.4 of words are in the 2000 most common words
50.1 of words are in the 5000 most common words
57.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
– Петербур.
– Германиянікі?
– Берлин.
– Франциянікі?
– Париж.
– Енді картадан Петербурді көрсет!
– Міне!– деді Сағит бөгелмей.
Одан терең сұрау беруге балалардың білім мөлшерімен есептесіп,
Асқар түсінікті тілмен, қысқаша, жүретін жолының мəнісін балаларға
əңгіме ғып айтты. Бірақ, бұл əңгіме оған өте қиынға соқты. Өйткені,
патшаны ол жек көреді. Жек көрген адамын балаларға жақсы кісі ғып
көрсетуге болмайды. Жамандайын десе жоғарғы жердің құлағына
шалынады екен деп қорқады. Сондықтан, ол патшаның атын немқұрайды
атап қана, балаларға Петербурды мақтады.
Əңгімесін бітіріп, балалардың біраз сұрауларына жауап беріп, жақсы
оқитындарына базарлық əкелуге уəде ғып, бос жүргенде тəртіпті болудың,
сабағын қарастырып жүрудің ақылын айтып, Асқар балаларды таратқанда,
Сағит жападан-жалғыз сытылып кейін қала берді.
– Жарайсың, Сағитім!–деді Асқар оны арқаға қағып,– жарайсың,
жетімегім! Ертең-ақ адам болып кетесің. Биылдасын ілгері оқуға жіберем.
Мен келгенше кітаптарыңды пысықтап жүр, жарай ма? Өзіңе базарлық
əкелем. Не əкелейін?
– Қызық кітаптар əкел, аға! Тіпті қызық кітаптар əкел, жаттап алайын,
жарай ма?
– Жарайды, əкелейін...
«Жарайды əкелейінді» айтып, жылы шыраймен Асқар арқаға қаққанда,
Сағит əлденені айтқысы кеп бата алмаған адамдай, Асқардың бетіне
күлімсірей қарады.
– Бірдеме айтайын деп пе едің?– деді Асқар.
Сағит күлкілі кескінін солғындырып, төмен қарап тұнжырады.
– Айт, шырағым, неге бөгелдің?
Сағиттің бетіне қараса, көзінде жас іркіліп тұр екен.
– Біреу тиді ме?
Сағит солқылдап жылады.
– Неге жылайсың, айт маған?
Сағиттің дауысы дірілдеп, айтайын деген сөзіне аузы келмеді.
– Сен сондай осал ма едің?– деді Асқар, балаға қайрат бергісі кеп,– мен
сені мықты деп жүрсем! Мынауың не, жаман, жасық балаша жылап
тұрғаның! Ер жігіт болатын бала жыламайды. Жылама, жаман балаға
ұқсап!
Баланың
неге жылағанын
жорамалдаған
Асқар,
қайрат айтқан
болғанмен, өзінің де жүйесі босап, көзіне жас келіп қала жаздады.
Бала бір кезде көзін жеңімен .сүртті де, қайратты кескінмен Асқарға
басын көтере қарады.
– Жігіт!– деді Асқар,– е, бəсе, сүйтші! Жаман, жасық неме деп балалар
күлер. Сен олардың көзінше жылаушы болма.
– Аға! Əлгі бір журналда жазылған жетім бала бар ғой... жетімге...
жетімді оқытып... оқытады... ақша беріп... деп... деген, журналдан оқып ем,
мені, сонда ала кетсең қайтеді, аға!
Асқар Сағиттің жалынышты кескініне ойлы көзбен қарап тұрды.
– Əке-шешең, аға-інің жоғын білем. Сенін, туысқан апаларын, бар ма?
– Күйеуге берген үшеуі бар.
– Мен келгенше солардың, біреуінде тұра тұр, Петербурдан қайтқан соң
өзім орналастырам.
– Апаларыма бармаймын.
– Неге?
– Барғам. Қуып жіберген. Күйеулері байлар, мені менсінбейді.
Кедейдің қызын не сауыншыға, не бала көтеруге тоқалдыққа алып күң
ғып ұстайтын қазақ байларының əдетін жақсы білетін Асқар, Сағиттің
намысына тимейін деп одан əрі сұрау берген жоқ.
Сағиттің ,«мені алып кет» деуінің аржағында тұрған тарихтың бəрі
Асқарға айдан ашық еді. Оның қолынан келетін еңбек–қой бағу, қозы бағу.
Асқар келгелі, жазды күндері ол сол кесіпті істеді. Қысты күні ауыр
жұмысқа жарамайды. Жеңіл жұмыс оған табыла қоймайды. Қылышын
сүйреткен қыс мынау. Жаз болса, ашты-тоқты болса да пана тауып күн
көрер еді. Қыс ішінде қайда сыяды? Есіркеген үй, көп болса бірер күн
тамақ берер. Күн саны көп, таныс саны аз. Жолатпаса қайда барады?
Асқардың басына осы сұраулар туып, ол біреуін де шеше алмады.
Ауылдағы жүн көрісі нашар бала жалғыз Сағит емес, Асқар
ондайлардың талайын көрді. Жетім балаларды асырайтын приют ауылда
жоқ. Аз жасында Асқар кемшілік тұрмыстағы талай адамды көрді, сол
кемдердің ішіндегі ең кемі, ең аянышты халдағы–қазақ ауылындағы
жетімдер. Асқардың бақылауында айуан малдан жетімнің күні анағұрлым
жаман.
Ауылдағы жетімдердің тұрмысын жеңілдету ниетімен Асқар үкімет
орындарына олар туралы запискалар жазды, журналдарға хабарлар
бастырды, бірақ одан шыққан нəтиже жоқ.
«Ең болмаса оқу жасындағы жетімдердің біразына көмек болсын» деген
оймен, ол Итбай аулындағы школа қасына интернат аштырам ба деп жыл
сайын талпынады, жыл сайын бұл ойы іске аспай, арман боп қала береді.
Сағит Асқарға ұнайды. Адам болатындығы, ақылы барлығы, зеректігі
оған мəлім. Кітап, газет, журналға құмарлығына, оқыған заттарын ұғуына
қарағанда, 12–13-тегі бала дейтін емес, ер жетіп, жігіт боп қалған дейтін.
Білімі, ойы, ақылы, тоқуы жас мөлшерінен үздік артық. Егер жағдай болса,
бұл бала кісі болайын деп тұр. Жағдай – ақша. Ақша қайда?
«Мен келгенше не күн көреді?» деген сұрауына, Асқар жауап таба
алмай біраз тұрды да:
– Сағит! Сен Кенжетайдіжін білесің ғой?– деді оған.
– Білем.
– Оның Бурабайда тұратын ағасы Балтабек дегенді білесің бе?
– Көргем жоқ, естуім бар еді.
Соның үйіне қалдырып кетсем қайтеді?
– Егер тұрғызса.
Мен айтсам тұрғызады. Өзім қайтып келгенше тамағыңа жетерлік ақша
қалдырам. Бұған ризасың ғой?
– Ризамын.
– Ендеше, бүгін кешке Кенжетай Бурабайдағы ағасына жүреді, сені
соған ертіп жіберейін.
2
– Үлкен үйге шайға шақырады,– дегенге оянып, тұрып, жуынып, киініп,
Байсақалдікіне барған Асқар, сонда отырған Итбайды тани алмай қала
жаздады.
Көкшетау еліне ол кезде Европа киімі жайылмаған еді. Костюм кию
былай тұрсын құлақшынның өзін, молдалар, кіреске шатыс киім деп,
құлақшынға əуестенген жастарды, оны киюден қатты тиятын. Ат арқасына
мінген елдегі «игі жақсы» да, Европа киімін үстіне ілген Итбайдан басқа
бір жан болмайтын. Итбайға «неге киесің?» деуге молдалар батпайтын.
Асқар үйге кіріп келсе, Байсақалдың оң тізе жағында: үстінде сарыға
бояған ешкі терісінен кестелеп тіккен құндыз жағалы тоны бар кестелеген
айыр балақ кең тері шалбары бар, басында шұғамен оюлаған айыр ақ киіз
қалпағы бар біреу отыр.
Кривоносовтың: «Петербурше қазақтың ұлт киімімен баруың қажет»
деп Итбайға жазған қағазын оқығанын есіне түсірді Асқар.
– Шырағым, ана тұсқа отыр!–деп Байсақалдық нұсқаған орнына Асқар
отырғасын, оның да жол жүретінін естіген халық:
«Сапарын, оң болсын, шырағымды» тұс-тұстан жаудырды.
Баяғыда патшаға қазақ бағынып, елдің Шорман, Ыбырай, Зілғара,
Тұрлыбек сықылды басты билері Петербургке Көкшетаудан атпен кетіп,
жылдан артық, жол жүріп қайтқанын естігені болмаса, бертін заманда
Думаға член болған Қосшығұлдың Шаймерденінен басқа кісі Петербургке
барыпты дегенді ел құлағы шалған жоқ еді. Петербург былай тұрсын,
Көкшетауды айнала қоныстаған Атығай мен Керейден Омбыға Итбайдан
басқа барған кісі бар деп естілмеген. Петербург түгіл Омбының өзін, кедей
шаруа былай тұрсын, атқа міндім деген пысықсымақтар да Меке мен
Мединедей алыс жер деп түсінеді. Итбайды жөнелтуге келіп отырған елдің,
«игі жақсы» дегендерінің көбі осындайлар. Солар ертеңгі шайды ішіп,
жинап, оның артынан ет жеп болғанша Итбайға əртүрлі сұраулар беріп
мазасын алды.
– Кетрампорыңның өзі жердің түбі дейді той, білетіндер?–деп сұрады
біреуі.
– Мырзаның баратын жері Кетрампор емес. Орынбор деп естідім бе
қалай?– деп оның сөзін түзеп жатқан бір қартаңдау ауылнайдың сөзіне
Асқар күліп жіберді.
– Неге күлесің, шырағым?
– Кетрампорға да, Орынборға да бармайды мырза, бұл кісі Петербурға
барады.
– Кетрампор-сетрампорыңның қайсысын біліп жатырмыз, елдегі қара
қазақ! Орыс қаласының санына құдай болмаса адам жете ме,– деп ауылнай
кейіп қалды.
– Өзі осы арадан неше шақырым екен?– деді біреу.
– Осы тұрғанда қай жағымызда өзі?– деп сұрады екінші.
– Ылғи кəпір тұра ма екен, болмаса мұсылман да бар ма екен?
– Қызылжардағы Ганшиннің астылы-үстілі дүкені сықылды үйлері
керемет шығар-ау, оның?
– Онда шымқай алтыннан салған үйлер де бар шығар?
– Шам шаһарының төбесі күндіз ашылып, түнде жабылып қалады
дейтін. Бұ да сондай емес деймісің?
– Тек, Шамға теңгермеші, өңгеге теңгерсең де! Жарықтық Шамға не
жетсін, алланың береке берген жеріне!.. Петербург қаласы туралы осындай
сұраулар қойып дуылдасқандардың сөзіне Итбай жауап берген жоқ. Асқар
түсіндірем деп алғашқы кезде тырбанған еді, көпшілік түсінбей орынсыз
сұраумен басын қатырғасын о да қойып, самбырлаған кеңесті қызық көріп,
құлағын түрді де отырды.
– Ұлықсат етіңіздер, жол жабдығын қамдатайын,– деп Итбай етті жеп
болғасын шығып кетті.
Ертең жұрттың ендігі айналдырғаны патша болды.
– Патшаның аты кім екен?– дегенге, қартаң ауылнай:
– Мекалай,– деп келе жатыр еді...
– Тəй, жағың қарысқыр, оттама! Осы неме қайдан білгір боп кеткен,
тəштиіп, «естірген бұқадай! Саған көсемсіген не керек?– деп, бір би
қайырып тастады.
– Білгенімді айтпайын ба?– деп ауылнай мыңқылдап еді.
– Сол ма, білгенің,– деді би екіленіп,– аузыңа келгеніңді шатып
отырсың! Шабашидың қақолы деп отырмысың, патша жарықтықты, аты
Мекалай болатын?
– Патша екені рас. Бірақ «тегін жасырған мүртет» дегендей, ол
жарықтықтың тегі орыс екенін" жасырамыз ба?–деді бір ақсақал, ауылнай
үндемей қалғасын.
Азырақ сырқаттаумын дегесін Ғайнолла ишанды оңаша үйге күтіп,
дəмін сонда оңаша беріп, көп отырған үйге келмегендіктен шариғат айту
теңдігі Ақбас молдаға тиген еді. «Ишан келгелі осы молданың берекесі
қашты, иығынан су құйылды» деп кейбіреудің қалжыңдағанына Ақбас
молда да, амалы жоқ, үндемейтін. Бұрын бір елдің текесі болғанмен, ишан
келгелі оған сөзден сыбаға тимегені рас та.
– Мына отырған молдадан сұрау керек,– десті біреулер патшаның кім
екендігі туралы жұрт таласып жатқанда.
– Сұрасақ сұрайық,– деді би,– Ақбас молда, сен айтшы, патшаны кəпір
деуге бола ма?
– Əлбетте болмайды. Аллаһу-тағала...
– Е, бəсе, солай деші!– деді би Ақбасты бөгеп,– əуелі құдай, екінші
патша ағзам емес пе, бізді бағып-қағатын, рас па, молда?
– Рас.
– Ендеше, не бар таласатын. Патшаны кəпір деудің өзі күпірлік. Дұрыс
па, молда?
– Дұрыс емес!– деді таласқан ақсақал,– Наморот Шəддəт патша болды
ма?
– Болды.
– Ол кəпір ме? Кəпір! Перғауын патша болды ма? Болды! Ол кəпір ме?
Кəпір! Патшаның ішінде кəпір жоқ деуге бола ма, онда? Жоқ, болмайды.
Ақсақалдың сөзі дəлелді көрініп кеткесін, би бөгеліп қалып еді. Ақбас
молда өзінше дəлел тапты:
– Кəпірді кəпір деуге бола ма? Сіз оны білесіз бе?– деді ол, ақсақалға.
– Е, енді кім дейміз, мұсылман дейміз бе, кəпір демегенде?
Жұрт ду күлді.
– Онда рауаят бар, яғни, расулымыз айтқан: Һешбір пəндені кəпір деуге
туғрилап айту шариғатқа хилаф деген. Кімнің кəпір, кімнің мұсылман
екенін бір алланың өзі біледі деген.
Дау көбейді. Əркім əр жақтан əртүрлі сөз айтып, бірін-бірі тыңдамай,
Ақбастың басын əнкі-тəңкі қылды.
– Асқар, сені Қақаң шақырады,– деді Бүркітбай кіріп Асқардың өзі де
сөзден мезі боп қашқалы отырғанда.
– Барайын.
– Қайда?–деп сұрады Асқар, дуылдаған жұрттан сытылып далаға
шыққасын.
– Өз үйіне.
Асқар келсе Итбай, Горбунов, Елікбай – үшеуі стол. қасында отыр екен.
– Жүрейік енді. Күн түске тармасып та қалды,– деді Итбай.
– Міне!– деп Горбунов ұсынған қағазды Асқар оқып көрсе, сұлу əріппен
тізілтіп жазған паспорт екен.
Асқар паспортты оқып тұрғанда Горбунов көзін оның кескінінен
айырған жоқ. Кошкин соңғы бір келгенінде, Горбуновқа айтқан еді:
«Губернаторды Андрей қонақ қылған түні, таңға жақын мен көшеде
Кузнецовтан шығып желе: жатқан біреуді көрдім. Өзім мас едім, кескінін
айыра алмадым, Досанов сықылды көрінді. Губернаторға доложить етуге
анығын білмегесін болмады. Ол Петербургке барады екен. Сіз оны
бақылаңыз. Сөздерін, жүрісін аңдыңыз. Егер жат мінезі білінсе маған тез
білдіріңіз», деп.
Горбунов Асқарды содан бері сынап, оғаш мінез таба алмады.
Горбуновтың күдікті көзқарасын сезген Асқар, «неге үңілдің?» дегелі
тұр еді, ойын Итбайдың сөзі бөліп жіберді. Итбайдың інісі Елікбайға
айтқан ақылына қарағанда, болыстың кандидаты Елікбай екенін Асқар сол
арада білді. Бұрын ол, кандидат басқа біреу шығар деп жорамалдайтын еді.
– Ел ұстау оңай емес,– деді Итбай інісіне,– ел деген мұз сықылды:
ақырын ұстасаң түсіп кетеді, қатты ұстасаң сынып кетеді. Мынау ел
қолыңда қалып барады, аз күн болса да бағып-қаққалы отырсың. Жинап
ұстамай, айғырсыз байталдардай бытыратып алма. Қорыққанын сыйлайтын
заман. Бір жағын сыйлап, бір жағын ықтырыңқырап ұстамасаң болмайды.
Жасы отыздың жуан ортасына келіп қалғанмен, алдында Итбай
сықылды ел бағатын ағасы болғасын, Елікбай жастықтың тізгінін тежемей,
балалы-шағалы боп қалғанына қарамай, əлі де болса ойын-тойдың,
бозбалашылықтың базарын қуып жүрген жігіт еді. Итбайдың жанына
жамандық ойламайтын ол, ел меңгерем деген ойды басына ешуақытта
келтірмеген. Болысқа кандидат сайлады деген атағы болмаса, билік
жұмысына араласуға ойы болмаған.
Табан аузында ел басқарам деуді өзіне ауырсынғандай болған Елікбай:
– Басқа біреуді қалдыра тұрсаң қайтеді?– деп еді:
– Өзің не айтып отырсың!–деп ағасы ұрысты.– Байқамай сөйлейтін сен
бала емессің, айтып отырғанын, не өзіңнің? Қара шаңыраққа берген
құдайдың бақытын біреуге қиям деп рас айтып отырсын, ба? Періштенің
құлағына шалына көрмесін мына сөзің. Маған ондай сөзді бұдан былай
естіртпе!
«Болыстықты кішірек патшалықтай түсінеді екен-ау, мұның өзі!–деп
ойлады Асқар,– Борис Годунов елерде баласы Федорға осылай өсиет айтып
еді, үлкен патша мен кіші патшаның ойының арасында айырма аз болады
екен-ау!»
– Міне мөр!– деді Итбай, қалтасынан дорбаға салған мөрді Елікбайға
алып беріп,– сақ бол, ұры-қары мөріңді ақ қағазға басып алып, сыртыңнан
подлог жасап басын, кетіп жүрмесін. Ал, отырма енді, əлгі Бүркітбай қайда
кетті? Атты жектіріңдер. Жүріп кетейік.
Итбай «түс аумай жүрейік» дегенмен, өз тұқымының үлкен үйлерінен
дəм татып шыққанша, əруақтарға дұға оқылып болғанша күн еңкейіп кетті.
Бурабай, Қырауқамыс арқылы Омбыға тура алып баратын, сұлыға жараған
денелі екі ақбоз ат көсем жегіліп, есік алдында көп уақыт тұрды.
Жайшылықта саждаға басы тимейтін Итбай, ағайын-туғанымен
амандасып болғаннан кейін, ишанның айтуы бойынша мешіттен бесін
намазын оқып, содан аттанбақ болды.
Үйінен мешітке біржола киініп шығып, Асқарды қасына мінгізіп,
Бүркітбайға божы ұстатып, ширығып тұрған күмістей екі ақбоз атты
ойнақшытып Итбай мешіт алдына кеп тоқтады.
– Асқар, сен намазға кіресің бе?–деді ол, шанадан түсіп.
– Өзіңіз барыңыз.
3
Омбыға бірге жүрейік деп хабар салғанмен, келем деген күнінен
кешіккесін Алексей тоспай жүріп кеткенін, Итбай Бурабайға келіп бір-ақ
білді. Ол кезде күн таудан асып кешкіріп қалған еді.
– Олай болса жолдағы елдің біреуіне барып қонайық,– деп Итбайдың
ілгері жылжығысы келгенмен:
– Осы арадан ерте аттансақ болады ғой,– деді Асқар.
– Алыс жолға барасың, нан-тұзымды татып кет,– деп Андрей де
жабысты.
Асқардың қонамыз дегендегі ойы Ботагөзді көре кету екенін Итбай
аңғарды. Соған қарағанда, «к,ой, жолдан қалмайық» деп тарта жөнелгісі
кеп бір тұрды да, тағы да, ойлана кеп, бөгелуді мақұл көрді.
Асқардың Ботагөзде ойы барын, ол ойын орындауға құрып жүрген
планын Итбай əлдеқашан білген. Ботагөзді көрмей тұрғанда, Асқардың бұл
ойына бөгет болу ниеті Итбайдың басына келген жоқ еді. Ботагөзді
көргеннен кейін, оған қызыққаннан кейін, түбінде оны Асқар емес, өзі
алатындығына Итбай күмəн етпейді. Бұл жөнде, Асқар мен екеуінің
майдандасатынын да Итбай жақсы біледі. «Бірақ,– деп ойлады Итбай,–
Асқарда менімен белдесетін не шама бар азар болса, жоғарғы ұлыққа арыз
беріп тырбанған болар, одан не шығарады ол? Беделімді былай қойғанда,
мен оны қалтаммен ұрып жықпаймын ба?»
Соңғы кезде, əсіресе Мадияр келіп кеткеннен бері, Асқарды Итбай жек
көре бастады. «Мынадан бойыңды тарта ұста!– деп кетті Итбайға Мадияр,–
мынауың теріс жолға кетіп бара жатқан жігіт!»
«Теріс жол» дегені – социал-демократия жолы екенін, ол жолдар не жол
екенін Мадияр Итбайға қазақы жалпақ тілмен ұғындырды.
Бұрын да Асқарда күдігі бар Итбай, Мадиярдың сол сөздерінен кейін
Асқардан аяғын тарта бастады, сөйте тұра, Асқарды оның Петербургке
алып бара жатқан себебі мынау: Итбай орыс тілін шала біледі. Петербургте
осы жолы: министрлерге, кəтте, патшаның езіне жолығуына оның күмəні
жоқ. Үлкен ұлықтың алдында дарақыланып, аузына келген сөзді оттайтын
адам Итбай емес. Өзінің салмағын жеңілдететін жерден ол, бойын тартып
ұстайды.
«Патшаға, министрлерге жолыққанда,– деп ойлады Итбай,– шала білген
орысшаммен былдырақтағаным бойыма мін болар, одан да тілмəш арқылы
сөйлескенім келісер, менің орыс емес екенімді олар біледі. Сондықтан
орысша білмеуімді сөкпейді. Тілмəш арқылы сөйлесуім, салмағымды
ауырлатуы мүмкін, тілмəшті менің күтушім деп ойлауы мүмкін!»
Асқардан басқа тілмəштің ретін Итбай ойлап-ойлап келтіре алмады.
Орыс тілін білем дейтін, жəне Асқардан көрі сенімді əркімдер бар, бірақ өзі
білетін адамдардың, əсіресе, маңайдағы қалалардың
айтуынша, Асқардай орыс тіліне жетік адам қазақта жоқ.
орыстарының
– Қазақ былай тұрсын,– дейді Итбайға тамыр орыстары,– орыс тілін
сенің учителіңдей білетін орыс та аз. Ол, жабайы орыс түгіл, урядник
сияқты, кішігірім төрелерден де орыс тілін артық біледі.
Итбайдың да ұлттық тəкаппарлығы бар.
«Патшаның, министрлердің алдында Асқар орыс тілін маймаңдатып
сөйлеп тұрса, мен түгіл, бүкіл қазақ атаулының шоқтығы көтерілмей ме?»
деп ойлайды Итбай. Міне, осы ойлармен, бір жағы – Асқардан артық
тілмəш таба алмай, екіншіден – Асқарды ұзақ жолда қаттырақ сынағысы
кеп, бірақ бұл ойын Асқарға да, басқаға да сездірмей, Итбай Асқарды жолға
алып шықты.
Олар Андрей Кулаковтың үйіне түсті.
– Əлгі Асқар қайда жоғалды?–деп сұрады Итбай Бүркітбайдан, шай
ішіп болған соң.
– Балтабектікіне кеткен шығар. Ол соншыл ғой өзі.
– Осылардың ілік-шатысы бар ма, немене, келген сайын жампаңдап
бара береді?– деді Итбай Бүркітбайдан тағы сыр тартып.
– Бұрын «жоқ» дегенім қайда, енді болмаса!
– «Енді болмасаның» мəнін айтшы!
– Талай айтқан сөзім болса да, маған осы сөзді қайталата бересіз-ау,
Қақа! Мынау қалың бермеген, жүзіктің көзінен еткендей, қылыштай
қылпылдаған жас жігіт, анау аққудың көгілдірігіндей желкілдеп өсіп келе
жатқан бүлдіршін қыз. Ол қыз «Ботагөз» десе – ботагөз. Тұнжыраған
қарақаттай екі көзі жаутаңдап мөлдірейді де тұрады. Асқар соны сағалап
жүр.
– Сен осы сөзді жай қалжыңмен айтасың ба, болмаса бірдемесін
білесін, бе? Немесе жай «солай-ау» деп жорамалдайсың ба?
– Көзім көріп, қолым ұстаған белгім бар дей алмаймын. Бірақ егер мен
кісі танитын болсам, осы қызда Асқардың олда-білдə, көңілі бар.
– Ə, солай ма?–деді Итбай түк білмегенсіп.
Итбайдың сөз түрін, ернінің емеурінінен аңғарып үйренген Бүркітбай,
көмекейінде бірдеме тұрғанын шамалады. Ботагөзді айттыру туралы ойын
Итбай айтпағанмен, «осы қызда көңілі бар» дегенді Бүркітбайдың құлағы
шалған да еді.
– Қақа!– деді ол, сондықтан қылмыңдай сөйлеп,– ілуге тұратын аң. Егер
шын ықласыңыз кетсе, мен ағасының тамырын басып көрейін, неміз
кетіпті. Ат-тонымызды алып қалмас, не дер екен?
– Бүркітбай! Бұл жолы сөз қозғамай-ақ қояйық. Ұзын тұсауы қолда ғой,
(қайда барар дейсің, сен Асқардың ізін аңдып, сол жаққа барып қайт, неғып
отыр екен? Мен кеше қонақтармен отырып кеш жатып ем, ұйқым қанған
жоқ еді, сен қайтқанша аздап мызғи тұрайын.
Бүркітбай жөнеле берді.
– Əй, Бүркітбай!–деді Итбай,– мынау Андрей итің аш жатқызбай ма
екен бізді?
– Бір семіз қаздың басын қырыққан.
– Ендеше бар, көп кешікпе, бірақ!
Бүркітбай шығып кетті.
Бұл кезде Асқар, Балтабек, Кенжетай үшеуі Балтабектің үйінде кеңесіп
отыр еді. Қастарында Айбала, Сағит, Ботагөз. Соңғы үшеуі тыңдаушы ғана.
– Сапарың оң болсын, Асқар,– деді Балтабек амандықтан кейін,– түсі
игіден түңілме деп, тумасаң да туған інімдей көремін сені, міне түн
жамылып отырмын ғой. Аман барып, сау қайтуыңа тілектеспін.
– Мен білмеймін бе оны?
– Саған айтайын деген бір сөзім. Анау күні көзің көрді, Амантай
нағашым жазықсыз ұсталды, сүйегім деп іздеп келіп үйіме əлдеқалай бір
дам жазып түскені еді, мұндай күйге ұшырағаны шымбайыма қатты
батады. «Күш қазандай қайнайды, күресерге дəрмен жоқ» дегендей.
Асқардың көз қыры Ботагөзге түсіп еді, оның көзінде мөлдіреген
жастың тамшылары маржандай тізбектеліп, омырауына домалап жатыр
екен. Асқар қарағанын көрген Ботагөз, көңілдегі ойын ашығырақ білдірейін
деген кісідей, немесе, Асқарға шаққандай, өксіп-өксіп алды. Айбалаға
қараса, о да көзін сүртіп отыр екен. Бұл көрініс Асқардың сезіміне ауыр
тиді.
– Ол кісі кəзір қайда?– деді ол күрсініп.
– Поетаппен Омбыға жөнелтіп жіберді. Кошкин əкетті.
– Ешкім ізденді ме?
– Кім ізденсін. Мықты тырнаққа іліккесін ізденгенмен бола ма? Баласы
мен əйелі келіп еді, тамақ бергеннен басқа ештеңе бітіре алмады. Мал
жүрер жер бар ма екен деп, барын даярланып келген екен. Оны өткізе
алмады. Реттеуге тырысып көрейін деп урядник Кошкин, баласынан 50 сом
алған еді, қолынан келмеді ме, болмаса алдады ма – түк те шығарған жоқ.
– Жақында жөнелтті ме?
– Жақында. Өзіміз баруға жүрексіндік. Тамақты Ботагөз тасып беріп
жүрді. Жөнелтер алдында ғана мен бір рет сөйлесіп шықтым.
– Не айтады?
– Ол кісінің айтқаны көп... Ботажан– деді Балтабек Ботагөзге
жалтақтап,– Айбала екеуің Степанның үйінен бір байлам темекі сұрап
əкеліңдерші, насыбайым таусылып қапты. Айбала екеуін, барып келіңдер
тез. Əй бала,– деді Балтабек Сағитқа,– сен де баршы, мыналар қорқар.
Айбала, Ботагөз, Сағит үшеуі киініп, далаға шығып кетті.
– Сенен жасырар сырымыз жоқ, Асқар,– деді Балтабек, оңаша
қалғасын,– малға емес, басқа сүйенген адам екенімізді көріп жүрсің. Əлгі
бала жат жұрттыққа жаралғанмен, аз күн қолымызда тұрғанда ренжімесін
деп күтіп отырған бала еді. Малға қызықсақ алдақашан біреуге қолынан
жетектеп шырылдатып беретін ек. Одан мал алмағанмен аштан өлмеспіз
деп, жасы жетіп келе жатқанмен əлі ешкімге атастырғанымыз жоқ. Тіпті,
айта берсең, оң қол, сол қолын танығасын, өз теңін өзі тауып кетсе, оған
ренжитін мен жоқ. Көрші орыстың қыздарымен елігіп сабақ оқыған боп
жүр. Оқытатын кісілер зирек дейді. Тіл-ауыздары тасқа! Оқығанмен оны
молда болады, не төре болады демеймін. Керексіз дегенде өзі де қояр деп
бетке қақпаймын. Мен саған бір сұмдық айтайын, Асқар, Амантай айтады,
Итбай айтты дейді, осы Балтабектің қарындасын маған алып бер деп дейді.
Мұндай сұмдықты естіп пе ең, Асқар? Естіген жоқ шығарсың. Амантайға
сен осыған кіріс депті.
– Амантай не депті?– деді Асқар сызданып.
– Кірісе алмаймын, біреудің қаршадай баласын аузыңа алып, құдайдан
қорықпай ол не дегенің,– деп қайырып тастапты. Амантай айтады, Итбай
дейді, түрмеде шірітуге қолдан келгенін істеп бағады, дейді. Иттің тілеуін
құдай беріп, мен мынадай кіріптар болып қалдым, дейді.
– Ə-ə-ə!– деді Асқар ауыр дем алыспен,– солай де, Балтабек!
– Солай, Асқар,–деді Кенжетай тұнжырап.
– Өз көңілің қалай?–деді Асқар сынағалы, Балтабекке.
– Нені қалай дейсің?
– Итбайдың сөзіне қалай қарайсың дегенім ғой...
– Асқар, шын айтасың ба? Ол не дегенің! Тірі боп жер үстінде жүргенде
неге көнейін ол қорлыққа. Мен өлгенде ғана Итбай дегеніне жетер. Өлмей
көне қоймаспын.
– Ағайынды үшеуміз,– деді Кенжетай да екіленіп,– үшеуіміздің біреуміз
тірі қалсақ та Итбайға мұны істетпеспіз.
Жеуге ниет еткенде алды-артына қарамай қомағайланып, өжеттеніп
кететін, бет алған жерін ойып түспей, қансыратпай, жалмамай қоймайтын
кəрі қасқыр – Итбайдың Ботагөзге қарап ұлығаны Асқардың жанын
түршіктірді. Өмірі жаңа гүлденіп келе жатқан Ботагөзге нөсер бұршақ
төгіп, күл-талқан қылатын дауылды қара бұлт жылжып келе жатқан
сықылданды.
– «Не істеу керек?– деп ойлады Асқар тұнжырап отырып,– дауылдың
бетін бұрып, қара бұлтты кері көшіруге менің əлім келе ме, жоқ па? Əлім
келмесе қайтем? Шешегін жаңа жайып құлпырып келе жатқан нəзік гүл,
шынымен сұрапыл ұрып сола ма? Рақымсыз, көзсіз соқыр қара күштің
уысына түсе ме? Шынымен пана бола алмаймын ба? Онда маған тірімін,
кісімін деп керегі не?.. Жоқ!.. Мен кісімін!.. Мен тірімін!.. Мен де дауылға
қарсы тұрарлық қайрат бар! Мен оған қорған болам!.. Шамамнан асқанда,
Ботагөзбен бірге мен де солам!..»
– Жəй солай, Асқар,– деді ауыр оймен аз уақыт еңсесі түсіп, төмен
қараған Балтабек басын көтеріп,– дос-жар болғасын шағып отырғаным ғой.
Бірақ «иттің иесі болса, бөрінін, тəңірісі бар» деген Итбайдың аранын
ашқанына күйреп отырғам жоқ. Өлім біреу. Оның зорлығына тірі боп
көнбеймін. Əуселесін көрейін, қарақшы кəзəптің!..
– Не істер дейсің?..– деп Асқар Балтабек пен Кенжетайды жұбатқан
болды.
– Бірді айтып, бірге кетіп қалам,– деді Балтабек,– менің саған айтайын
дегенім: сен Омбыға бара жатырсың. Заң-закүнді кісіден сұрайтын жігіт
емессің. Амантайды бұдан қуынатын кісінің жоқ екенін көріп отырсың. Ақ
іс. Сұрап табарсың, тілеуің алдыңдағы жігітсің, сен осы жұмысты
қарастырып көр, сəті түсер жері бар ма екен? Оның айып-шамы жоқ,
қалтаңа ептеп тиын-сиын да салайық, əлімізше. Біреу-міреудің аузына
жалатуға керек болар. Алымның заманы ғой.
Итбайдың ниетін естіген Асқар, «Омбыға бармай қайтып кетсем
қайтеді?»–деп ойлап отырған еді. Мына сөз оған қамшы болды.
«Ботагөз бен Балтабектің керегіне жарауымның бұл бірінші жолы
екен,– деп ойлады ол,– əрі қарай барар-бармасымды Омбыға бара көрермін.
Мына жұмысқа əдейі арнап барайын. Ізденіп көрейін. Мүмкін,
адвокаттардан ретін табатыны бар шығар».
– Оқасы жоқ,– деді Асқар Балтабекке, ойын қорытқасын,– ізденейін.
Сəті түсуі мүмкін.
Ендеше, біз қамданайық.
– Түк те қамданба. Ақшаңның маған керегі жоқ. Адвокат жалдасам өз
ақшам жетеді. Шыққан шығынды қайтып келгесін алармын. Ал, жасырын
параны мен бере алмаймын.
– Егер ісіңді реттеймін деп тұрса ше?
– Онда да бере алмаймын.
– О не дегенің, Асқар? Е, онда не болды? Құрғақ аяққа бата жүре ме?
Сен олай деме, Асқар құдай оңдап алымға ілігетін жер болса аянба!
Осы кезде Ботагөз, Айбала, Сағит Степандікінен темекі алып қайтып,
үй алдындағы кішкене қараңғы қораға кіріп, есікке жақындаған кезде
біреудің тықыры естілді.
Тықырлаған, Айбаланы ұстай алып еді, қолы төсіне тиді.
– Бұл кім еді, ойбай!–деді Айбала дауысы қаттырақ шығып.
Ботагөз Айбаланың артына тығылды.
– Əлгілер бірдемеден қорқып жүр ме, дауысы шығады?– деді Балтабек
орнынан қозғалып.
– Өй, кімсің?– деген Айбаланың сөзі құлағына тигесін, Балтабек ұшып
түрегеліп, босағадағы балтаны қолына ұстай жүгіріп барып есік ашып еді,
Айбаланы біреу құшақтап тұр екен.
«Ботагөзді Итбай алып қашып кетті ме?» деген қауып кіріп, есік алдына
жүгіре шыққан Балтабек, Айбаланы құшақтап тұрған Бүркітбайды жағадан
алды да, балтаны тастай беріп шекеден жұдырықпен періп кеп жіберді.
– Өй, есің дұрыс па? Мен!– деді Бүркітбай сасып қап.– Оның не?
Қатыныңды жейді дедің бе?
– Кімсің?
– Бүркітбаймын!
– Неғып жүрсің?
– Езуіңді ұрайын, мұндай қатынжанды боларсың ба? Тапа-тал түсте кім
жейді дедің қатыныңды, сонша алабұртып, айдың, күннің аманында?
– Ботагөз қайда?– деді Балтабек, Бүркітбайдың жағасын босатып,
Айбалаға.
– Мен мұнда, аға!– деді Ботагөз.
4
Асқардың оқыған тарихи материалдарына қарағанда, Омбы қаласы
1714 жылы Петр Біріншінің бұйрығымен салынған.
Ондағы ниеті – қазақты, маңғұл тұқымдас елдерді ішіне ала, Қытайға
қанат жаю; Балтық теңізінің бергі жағасынан Шведтерді қуып, Европаға
Россиядан терезе ашқаны сықылды, Омбы арқылы Қиыр Шығысқа,
Орынбор арқылы Орта Азияға терезе ашу. Петрдың бұл ниеті Россия
патшалығының екі жүз жылдық отарлану саясатымен аяқталды, оның
жеңіл өткен жерлерінің көбі алынды. Соның бірі – қазақ даласы.
Осындай тарихына қарап бастапқы кезде Омбыны жек көрген Асқар,
оның школында біраз жыл оқып, білімнің дəмін татқаннан кейін, қала
туралы ол пікірін өзгертті.
«Патшаның саясатына қала айыпты емес,– деп ойлады ол,– Омбы –
мəдениет .кіндігі!»
Оқып жүрген кезінде елді сағынатын Асқар, елде жүргенде Омбыны
сағынатын еді. Оның сол сағынуы Омбыға бет алып шыққаннан кейін
бұрнығысынан күшейген тəрізденді. Ол тез жетуге асықты. Бірақ суыт
жүрген кісі атпен арада үш қонып жететін Омбыға, Итбай табандатқан он
шақты күн жүрді. Жолдағы елдер: Керей, Қыпшақ, Уақ рулары еді.
Солардың басты адамдарында Итбайды білмейтіні аз екен. Оның үстіне
құданың құдасы, жиеннен туған жиеншар сықылды, іліктері де көп болар
ма? Соларға қонақтап асықпай жүргендіктен Омбыға он шақты күнде зорға
жетті. Жолшыбай көңілсіз келе жатқан Асқар, Омбыға жететін «үні түлкіге
түсетін бүркіттей бойы елегізіп, бұйыққан орнынан көтеріліңкіреп отырып,
тымағын сыпырып қолына алды. Күндіз аздап қырауытып буалдырланған
ауа райы кешке қарай жадырап, аспан ашылған еді.
Омбыны сағынған Асқарға, қаланың шет жағындағы тапал қарағай
үйлердің өзі аспанмен таласқандай биік көрінді. «Омбы – білім ордасы»
деп ұққан оған, Омбының ауасынан білім исі шығып тұрған тəрізденді.
Көше бойындағы діңгектердің үстінде əлсіздеу жанған электр шамдарының
барлығы оған күндей көрінді. Суыққа бойы шираған бағана басындағы
сымдар, өз бетімен шыңғырып, гитар күйінің дыбысын бергендей болды.
Көшенің жолы тақтайдай даңғыл екен.
– Əй!–деді Итбай Бүркітбайды иығынан тартып, Бүркітбай «не
айтасың?» дегендей бұрыла қарағанда,– енді божыңа ие бол. Біреуді қағып
кетпе, мұнда кісі құмырсқадай көп жүреді. Бірақ есіңде болсын: Омбыда,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ботагөз - 11
  • Parts
  • Ботагөз - 01
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 1990
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 02
    Total number of words is 3835
    Total number of unique words is 2043
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 03
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2116
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 04
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2017
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 05
    Total number of words is 3894
    Total number of unique words is 2042
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 06
    Total number of words is 3848
    Total number of unique words is 2153
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 07
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2123
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 08
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2003
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 09
    Total number of words is 3912
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 10
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2112
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 11
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2051
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 12
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1988
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2200
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2095
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 16
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2023
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 17
    Total number of words is 3916
    Total number of unique words is 2124
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 18
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 2066
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 19
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2060
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 20
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2125
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 21
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2108
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 22
    Total number of words is 3807
    Total number of unique words is 2017
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 23
    Total number of words is 3701
    Total number of unique words is 2061
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 24
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2129
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 25
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2145
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 26
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2103
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 27
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2063
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 28
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2001
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 29
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2142
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 30
    Total number of words is 3880
    Total number of unique words is 2028
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 31
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 1962
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 32
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2086
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 33
    Total number of words is 1885
    Total number of unique words is 1150
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.