Latin Common Turkic

Ботагөз - 24

Total number of words is 3805
Total number of unique words is 2129
32.6 of words are in the 2000 most common words
46.1 of words are in the 5000 most common words
54.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
талаптарын көргеннен кейін, екі уақиғаның арасында жер мен көктей
айырма барын аңғарды: 1916 жылдың қозғалысы – қайда сарқарын
білмеген мылқау күш ағыны сықылды; ал, февраль революциясын жасауға
белсене қатынасып жүрген жұмысшы мен солдаттар арасында саяси мақсат
барлығы көрінді, ол –патшаны, капиталистерді үкіметтен қуып, билікті
халық уəкілінен сайлаған Совдепке беру. Совет үкіметін құру.
Петроградтағы революция қимылына, солдаттардың қозғалысына
араласқаннан кейін көпшілікті ұйымдастырып, саяси бағыт беретін
орынның қажет екенін Асқар айқын көрді. Сондықтан ол, қазақ
жігіттерінің елдеріне қайту мəселесін бір ыңғайлағаннан кейін,
Петроградқа қайтып келіп, Совдептен ақыл алып, жеріне қайтып, Совдеп
ашуды арман етті.
Майдан жиегіндегі жігіттерді аралап түскеннен кейін ол Минскіге келді
де, айға жақын отырып, жігіттердің көпшілігін жеріне қайтарып, қасына
Кенжетайды ертіп, марттың 28 күні Петроград келді де, Булатовтың үйіне
түсті.
5
Кенжетайды ертіп, майдың бесі күні еліне беттеп, поезға мінуге билет
алған Асқар, майдың төрті күні іңірде Кенжетайды жолға азық алуға
жіберді де, Булатовтың кішкене бөлмесінде нəрсе-қарасын жинастырды.
Нəрсе-қара дегенде Асқар мен Кенжетайда үстеріндегі солдат киімінен
басқа, не төсек-орын, не басқа багаж жоқ. Олардың жолға алатын жүгі –
ішетін тамақтан басқа: Петроград Совдепінен алған екі жəшік кітап,
жарнама, ұран. Бұл қағаздарға əдейі арналып істелген, түбі белуардан
қосқабат жəшіктер бар. Кітаптарды сол қос қабаттың арасына салып бетін
жапса, жəшікті ашқан адам ішінде кітап барын байқар емес, кітаптың
бетіне жапқан тақтайды, жəшіктің түбі деп ойлайтын.
Майдандағы қазақ жігіттерін жайғастырып, марттың аяғында
Петроградқа келген Асқар бір айдың ішінде жабайы уақытта бір жүз жылда
ала алмайтын білім алды. Ең алдымен ол Германия арқылы Швейцариядан
Россияға қайтқан Ленинді Петроград жұмысшылары Финляндия
вокзалында қарсы алғанда ішінде болды. «Ленинді өмірде бір көрсем!»
деген арманына ол жетті.
Бұл апрельдің 3 күні еді. Ленинді қарсы алу үшін вокзал алдына
мыңдаған жұмысшылар, солдаттар жəне матростар жиналды. Ленин
вагоннан шыға келгенде олар зор қуаныш үстінде еді. Олар Ленинді қолмен
көтеріп алып, өздерінің көсемін вокзалдың үлкен залына алып барғанда,
осы думанның ішінде Асқар да бар еді. Вокзалда меньшевиктерден –
Чхеидзе мен Скоболев «құттықтау» сөз сөйлей бастап еді, Ленин олардың
сөзін тыңдамады, олардың қасынан өте шығып, сырттағы жиналған
халықтың ортасына барды да, броневиктің үстінде тұрып ол өзінін, даңқты
сөзін сөйледі. Асқар ұлы адамның айтқан сөзін бар ынтасымен тыңдап, бір
сөзін де қалдырмай жадында сақтап қалуға тырысты.
Ленин бұл сөзінде еңбекшілерді социалистік революцияның жеңуі үшін
күресуге шақырды. Ол дүниежүзілік социалистік революцияның таңы
атқанын, Германияда да революция болып, Европа империалистерінің күлталқан болғалы тұрғанын, оған орыс революциясы жол бастап беретіндігін
айта келіп, сөзін «Социалистік революция жасасын!» деп аяқтады.
Лениннің сөзінен кейін вокзал маңайына лық толған халық уралап қол
шапалақтап, Петроградты басына көтерді. Броне-автомобильге мініп,
Ленин жүріп кетті.
Осыдан кейін Асқар, бірнеше партия жиылыстарына қатынасып,
революцияның ұсақ ұлттарға беретін бостандығы туралы, ұсақ ұлттар
революцияға қалай қатынасу туралы көп сабақ алды.
Асқардың жəне бір үлкен олжасы – большевик партиясының апрель
конференциясында жасаған Левиннің, Сталиннің баяндамаларын,
конференцияның қаулысын оқыды. Осы конференция кезінде Асқар,
Булатов тұратын ячейкадан партияға мүшелікке етті.
Міне, осындай олжаларға ие боп, жаны шаттана жолға қамданған Асқар
майдың орта шенінің бір кешінде жиынып-терініп алып, түнгі ұйқыға кетті.
– Аһ! Уһ!..– деген дауысқа оянса, тан, атып қалған екен. «Ыңқылдаған
кім?» деп басын көтерсе –Кенжетай!
– Немене, Кенжетай?–деді Асқар.
– Денем күйіп-жанып, əкетіп барады...
Асқар Кенжетайдың денесіне қол тигізіп еді, оттай лыпылдап тұр екен.
– Кеше кешке, сусағасын көшеден бір суық сыра ішіп ем. Сол пəле
болды,– деді Кенжетай, демін иығынан алып.
Кенжетайдың қатты ыңқылына Булатов та оянып кетті. Асқар Булатовқа
айтып еді, Булатов көрші бөлмеде тұратын дəрігерді шақырды, дəрігер:
«өкпесі іскен» деп тапты.
– Не істеу керек?
Петроградта бір ай тұрып, Асқарға ерген Кенжетай саяси сауаттанып
қалған еді, елге қайтып Совдеп ұйымдастырғанда: «Кенжетайды
пайдаланам, осыдан саяси кісі шығарам» деп Асқар қуанған еді.
Міне, енді ол қуаныштардың бəрі жоққа шыққандай болды. Енді
«Кенжетай елге тірі бара ма, жоқ па?!» деген қауіп туды. Кенжетайды
ауруханаға орналастырып Асқар 2–3 күн күтіп еді, дəрігерлер: «Ұзақ
ауыратын түрі бар» дегенді айтты. Жақын арада ғана Ботагөзден хат келіп,
ол хатта алашорда партиясы ұйымдасқандығы, алашордашылардың Совет
үкіметіне қарсы жұмыстар істеп жатқандығы айтылған еді. «Тез
қайтыңдар!» деп аяқтаған еді Ботагөз хатын. Асқар сасыңқырап,
Кенжетайға «енді қайтем?» деп ақылдасқанда:
– Тез қайт,– деді ол,– маған қарама. Халық бостандығы менен қымбат.
Қайтпауына Кенжетай ренжитін болған соң, Асқар еліне жүріп кетті.
ЖЕТІНШІ ТАРАУ
ТОЛҚЫНДАҒЫ ТОЙ
1
Темірбек пен Бүркітбайдың өлігін Кузнецов пəтеріне апарған еді. Оның
пəтері дөң қаланың үлкен көшесінің орталығында екен.
«Дарға асылған адамдардың өлігі осы үйде дейді» деген хабар қаланын,
ойы-қырына дүңк ете қалды. Темірбек пен Бүркітбайға жəне оның
серіктеріне сот болғанын, оларға қандай үкім шыққанын қаланың халқы да,
қалаға басқа жақтан қатынасқан халық та жақсы біледі; себебі, соттың
процесі жергілікті газетке жазылған, жергілікті үкімет сотталушыларды
жаманатты көрсету үшін жəне. жұртты олардың «қылмысынан»
шошындыру үшін газетке əлденеше жариялап, «айыптыларды» тіл
жеткенше сөккен; газеттің суретшілері қылмыстылардың, əсіресе, Темірбек
пен Бүркітбайдың суреттерінен ойыншық жасап, оларды малдың, аңның,
жын-шайтанның бейнесінде көрсеткен. Соттың үкімі газетке жарияланып,
ең ақтық мақаласын газет: «дұшпандар патша ағзамға құрған тұзаққа өзі
түсті де, қылғынып өлді. Бұл бірінші құрылған тұзақ емес. Мұндайлардың
талайы құрылғанмен, патша ағзамды рахымы күшті тəңірі сақтаған, бұл
жолы да сақтады, əлі де сақтамақ.
Алланың панасында монархия жасамақ, жасасын ұлы патшамыз!» деп
бітірген.
Газеттің бұл мақалалары айыптылардың беделін төмендеткен жоқ,
өсірді. Бұрын тиражы мың данаға жетпейтін газет сот процесі басталғаннан
кейін кенеттен 5-6 мыңға көтерілді. Жергілікті үкімет бұған қуанды,
газеттің көп тарауын–көпшілік арасына үкіметтің пікірі көп тарау деп
түсінді. Сол қуанышпен бір тоқсанға берілген газеттің қағазын 4-5 күнде
тауысып алған жергілікті үкімет Омбыдағы облыстық мекемеден
телеграммен қағаз сұратты. Облыстық үкімет қағаз беруден бұрын полиция
управлениесі арқылы газет оқушы халықтың ауанын астыртын байқап еді,
газет мақалалары үкіметтің мақсатына қарсы нəтиже бергені анықталды.
– «Үкіметке қарсы элементтер біздің газетті агитация құралы ғып
пайдаланады екен,– деп хабарлады полиция губернаторға,– сондықтан
газеттің өскен тиражын қысқарту керек, жəне сот процесін газетке жазбау
керек».
Осы хабардан кейін губернатор газеттің тиражын бұрынғы қалпына
түсіруге, соттың процесін сақтықпен, аз жазуға тапсырды. Тиражы азайған
газетке жұрт өшіретке тұрды. Аз тиражбен шыққан газет қолдан-қолға
тимеді, бір дана газет бір айналаны, бір көшені лезде аралап түсетін болды.
Газет оқыған көпшілік айыптыларды, əсіресе Темірбек пен Бүркітбайды
сот кезінде көруге құмартты. Жұрт санасына олар ақыл мен қайраттың
түйіскен бейнесі сияқты болды. Осылай көруге құмартқан жұрт, соттың
алғашқы күні полицияларды кимелеп, шанамен əкелген тұтқындарды
қоршап тұрып алған соң, келесі күні көптен оларды жасырып, таң ата алакөбеде алып кеп, соттың қорасындағы суық сарайға қамады. Содан кейін
қашан сот процесі біткенше, тұтқындар суық сарайға ерте кеп, кеш шықты.
Кузнецов патша тақтан түсерден бір жұма бұрын ғана Омбыдағы
большевиктер ұйымының жұмсауымен Қызылжарға жасырынып келген
еді. Қызылжарда сот процесі болып жатқанын, айыптылар кім екенін ол
газеттен көрді, үкімді оқыды.
Патша тақтан түскен хабарды естіген Кузнецовтың алдымен қолға алуға
ойлаған бір мəселесі – өлімге бұйырылған жазалыларды құтқару еді. Бірақ
ол бұл мақсатына жете алмай, патша түскен күні үкім орындалып қойды.
Темірбек пен Бүркітбайдың өлігінің үстінен шыққан Кузнецов оларды
пəтеріне алып келгеннен кейін, құралды бірнеше адаммен типографияға
барып, митинг ашып, наборщиктерге патшаның түсуі туралы сөз сөйледі
де, далада шығатын газеттің атын «Бостандық таңы» деп өзгертіп, халықты
бостандығын қорғауға шақыратын мақалалар бастырды. Жазықсыз
жазаланып, ауыр қазаға ұшыраған Темірбек пен Бүркітбайды Кузнецов
шын жүректен аяумен қатар, олардың ажалын монархияға қарсы үгіт
құралы ғып жұмсауға тырысты. Сол мақсатпен ол «Бостандық таңы»
газетінің бірінші бетіне Темірбек пен Бүркітбайдың суреттерін басып,
оларды халық батыры, бостандық жолында құрбан болған күресшілер деп
мақала жазды.
Өткен күндері Темірбек пен Бүркітбайды сот процесінде көруге
ынтыққан жұрт, Кузнецовтың пəтеріне жан-жақтан ағыл-төгіл құйылды.
Шағын екі бөлмелі Кузнецовтың пəтеріне келушілер сыймайтын болған
соң, Ботагөзбен ақылдасқан Кузнецов өліктерді үй алдындағы кең қораның
ішіне, арбаның үстіне қойды да, жұмысшылардан, коммунистерден
кезекпен құрметті қарауыл тұрғызды. Көше-көшеден шұбырып келген
халық тасыған өзендей сарқылмады, қақпаның аузын, қораның ішін
босатпады. Жиналған жұртқа Кузнецов та, оның жолдастары да əлденеше
рет митинг жасап сөз сөйледі.
Елікбай мен Сарыбастың пəтері Кузнецовтың пəтеріне қарама-қарсы
еді. Темірбек пен Бүркітбайдың өлігіне жасалған құрметті көрген олар
ызадан не істерге білмеді. Іші күйген олар, өздеріне тілектес адамдармен
ақылдасып, Ботагөз бен оның елінен келген серіктерінің арасына іріткі
салуға кірісті. Бұл ойларына жетуде олар өз бойларын көрсетпей
Қызылжардың Асылхан деген саудагерін жұмсады. Асылханның ойлап
тапқан амалы: Темірбек пен Бүркітбайдың мəйіттері жатқан Кузнецовтың
үйіне бару болды.
– Ажал – құдай бұйрығы,– деді Асылхан олардың ағайындарына,–
біреудің ажалы оттан, біреудікі судан. Сіздің кісілерге тəңірі лаухылмахфузда дарға асылуды жазған. Сендер олардың ажалы неден болуынан
күлкіге ұшырамайсыңдар, қазақша өліп, орысша көмілгеннен күлкіге
ұшырайсыңдар. Бəріміз мұсылманның баласымыз. Айтпады демеңдер,
ұлыңның ұлы, қызыңның қызы күлкі болатын жұмысқа кездестіңдер.
Асылханның бұл сөзі Ботагөздің серіктерін желіктірді. Онсыз да
Ботагөзге наразы олар мына азғырудан кейін көтеріліп, аттарын жегіп,
өліктерді алып қайтуға аттанды.
Олар іңірде келсе, қораның ішінде, өліктердің маңында фонарлар
жағылып қойылған екен. Көруге келген кісілер əлі де қаптап жүр,
еліктердің қасында мылтықты қарауыл.
Кузнецов бұл кезде пəтерінде жоқ еді, ол шойын жол бойындағы
митингіге кеткен. Ботагөзді көршілес бір үй дəмге шақырып, сол үйде ол
астан кейін қалғыған. Ботагөздің серіктері қораға кірді де, əй-түйге
қарамай, өліктерді көтеріп ала жөнелмек боп еді, қарулы қарауылдар
бермеді, жанжал болды, шу көтерілді.
Ботагөзге хабар жетті. Жүгіріп келген ол серіктерін тоқтатпақ болып
еді, мылқау намыс санасын бүркеген олар оның сөзін тыңдамады.
Осы кезде Кузнецов та кеп қалды. Оның тоқтау сөзі де ашулыларға
дарымады.
– Босатыңыз!– деді Ботагөз Кузнецовқа.
Кузнецовпен келіскен Ботагөз еліктерді алып, серіктерімен бірге кетті.
Даудың үлкені пəтерге барған соң көтерілді. Елден келгендер еліктерді
түн ішінде елдеріне алып жөнелмек болды.
– Ерсен, өзің біл,– деді олар Ботагөзге,– ермесең жəне өзің біл; ал, біз
сүйегімізді қалада қалдыра алмаймыз, кіндігін кесіп, кірін жуған жеріне
апарамыз.
Ботагөздің ойы: ағаларға осында жерлеп, қызметке орналасып, Асқар
мен Кенжетайды күтпек еді, ол план енді бұзылғалы тұр.
Не істеуге білмей сандалған Ботагөз ауыр ойдан тұншыққандай демін
əрең алып отыр еді, есіктен біреу кірді, қараса – почтальон. Почтальонның
ұсынған телеграмын Ботагөз оқыса – Асқар жазыпты: «Бостандықтың
атқан алтын таңымен құттықтаймын, Кенжетай екеуміз кешікпей барамыз,
бізді тос» депті.
– Немене екен?– деп жабырласты серіктері.
Ботагөз телеграмды оқып берді.
– Енді қайтесіздер?– деп сұраған Ботагөзге олардың ақылдасып берген
жауабы:
– Сенің дегенің болсын!
2
«Патша түсіпті» деген хабар бергеннен кейін қала халқында дабыл
болмады. Алғашқы бірер күндерде делебесі қозғанмен: «рас па, өтірік пе»
деп бойын жинаңқыраған халық, бірер күн өтіп, хабар үстіне хабар шығып,
уақиға анықталған соң, тасыған өзеннің сеңіндей сықысып, көше-көшеге
сыймады.
Осы көптің ішінде ағаларын жерлегеннен кейін Кузнецовқа еріп,
Ботагөз де жүрді. Митинг дегеннің не екенін Ботагөз сол күні ғана білді:
қай жерге барса да шоғырланған көпішілік, ағаларында əлдекім биікке
шығып ап, əлденемелерді сөйлеп кеңірдегі қызарғанша айғайлайды, Сол
айғайшылардың біреуі боп топқа Кузнецов та араласады.
Бір күні бір топ адамның ішінде Ботагөз бен Кузнецов келе жатыр еді,
алдарынан: шудасы желкілдеген, өркештері тікірейген семіз қара бура
кездесті. Бураның үстіне ауыл өрмекшілері тоқыған алаша жапқан, еркеш
үстіне шалқасынан киіз үйдің шаңырағын орнатып, шаңырақтың, төңірегін
киізбен қоршаған, өркештің екі жағына бумалар теңдеген; шаңырақ үстінде
бір шал, бір жемпір, бір қыз, бір жігіт отыр, бəрі де ауылша сəнді киінген.
Бураның ноқтасың бидасынан ұстап, қалпақты европаша киінген біреу
жетектеп келе жатыр, оның қасында да, бураның екі қабырғасы мен
артынан да қалаша жəне ауылша киінген əйел-еркегі, кəрі-жасы топталған
адам. Шаңырақ үстінде отырған адамдар кезек-кезек қолдарын бұлғап, бар
дауыстарымен:
– «Жасасын алашорда! Жасасын алаш автономиясы!»–деп айғайласады.
– «Алаш» дегені не?
– Қазақша ол не деген сөз?
– Білмеймін.
– Мен де білмеймін. Бірақ жақсы сөз емес. Жақсы емес екенін кеше
сөйлеген сарындарынан байқағам. Кузнецовтың сөзіне құлағын тама тосып,
көзі бурада болған Ботагөз, шаңырақ үстіндегі адамдарға тесіле қараса,
қазақша киінген жас жігіт – Сарыбас! Бураны жетектегенге қараса –
Құзғынбаев!
Бураны қоршағандар шығысқа қарай жүріп, слободкадағы мешіттің
алдына тоқтады.
Мешіттің кең қорасының іші, есігінің алды топырлаған адам екен,
араларында бірнеше европаша киінген қазақ жігіттері жəне сəлделі
молдалар.
Түйенің үстіндегілер түскен кезде, молдалардың ішіндегі сақалды біреуі
мешіттің есігіне шығатын басқышпен жоғары көтерілді де, оң жақ қолымен
оң құлағының ұшын ұстап, дөрекілеу, қырылдаған дауыспен азан айтты.
Азаннан кейін Құзғынбаев митинг ашып, сөз сөйледі.
– «Ақ түйенің қарны жарылды», алла алаш баласының көзін ашты,
хұррият болды,– деп бастады ол сөзін. Содан кейін алашорда комитеті
құрылғалы жатқаны туралы, алашорданың саяси мақсаты туралы қысқаша
баяндады, оның сөзін Ботагөз Кузнецовқа түсіндіріп тұрды.
– Сөз қазақтың жас зиялыларының біреуі, қазақ халқын сүйетін ақ
жүрек, жас учитель азаматымыз Сарыбас Итбай ұлына берілді!– деді
Құзғынбаев өзі сөйлеп боп.
Ботагөздің құлағы селт ете қалды. Сөйлеуге жоғары шығып, басынан
бөркін алған Сарыбасқа Ботагөз қадала қарай қалды. Сөйлерден бұрын
Сарыбас айналасып көзімен шолғанда, Ботагөз ұшырай кетті. Ботагөздің
шұқшия қарауына дəті шыдамай Сарыбас теріс айналып кетті.
– Азаматтар!–дап бастады Сарыбас сөзін,–бостандық бізге оңай келген
жоқ, біз оған қиыншылық арқылы, талай ардақты адамдарымызды соның
жолында құрбан қылу арқылы əрең жеттік. Бостандық күресінде азап
көріп, құрбан болған ардақты адамның біреуі – менің əкем марқұм– Итбай
Байсақалов.
– Жалған!.. Өтірік!..– деген ащы дауысының қалай шығып кеткенін
Ботагөздің өзі де сезбей қалды. Оның дауысы көптің көңілін бөліп, көзі
көргендер таңдана қарап, көрмегендер: «Ол кім? Қайда?» деп шулап,
көрмек боп анталаған жұрт, тоғысқан қойдай үйме-жүйме боп, бірін-бірі
басып кете жаздады.
Дүрліккен жұртты тоқтата алмай Құзғынбаевтың даусы қарлықты.
Сөзін ешкім тыңдамаған Сарыбас аңырып тұрып қалды.
– Маған сөз!.. Маған!..– деді Ботагөз айғайлап.
Бұл топтың ішінде орыс əйелдері болмаса, қазақ əйелінен ешкім жоқ
еді. Сондықтан, Ботагөздің сөз сұрауын таңсық көрді ме, болмаса атыжөнін білді ме, əйтеуір, бір топ адам:
– Сөйлесін!–деп шуласты.
«Сөйлесін» деушілердің дауысы тұтасырақ, қалыңырақ шықты.
– Енді неғып тұрсың?–деді Кузнецов Ботагөзге,– шық, жоғарыға!..
Жақсылап сөйле!..
Ботагөз қоршаған қалың топты кимелеп, Сарыбас тұрған биікке шыға
келді де:
– Жолдастар!– деді айғайлап.
«Жолдастар!» деп бастаған Ботагөз ағын судай ақтарыла жөнелді. Бұдан
бұрынғы бір митингіде Ботагөздің аузына сөз түспей, бойы дірілдегенін
көрген Кузнецов, мынадай суырылып сөйлеуін көргенде, өз көзіне өзі
сенбеді.
Ботагөз ұзақ сөйледі. Ұнатпаған азшылық тарап кетті. Ұнатқан
көпшілік орнынан қозғалмады.
– Жойылсын патша!–деп аяқтады Ботагөз сөзін,– жойылсын патшаның
асыранды иттері!.. Жойылсын Итбай тұқымы!.. Жасасын еңбекші халық
бостандығы!
Ботагөздің бұл ұранына үн қосқан дауыс аспанның астын керіп кетті.
3
Бүркітбайдың елінен келген ағасы Серікбай:
– «Өлген артынан өлмек жоқ». Тірі кісіге тіршілік керек. Бұл қыс аяғы
шұбалаңқылау. Ауылдағы қара-құраның азығы да таусылуға жақын шығар.
Біз енді, аманшылық болса елге қайтамыз, сен қайтесің, шырағым?– деді
Ботагөзге.
Бұл күндері Ботагөз Совдептің қызу жұмысында еді. Большевиктер
партиясына тілектес боп өткен оны Совдеп əйелдер бөліміне бастық қып
қойған. Өмірдің талай қиын талқысынан өткеріліп, ысылған, əрі сауаты
ашық Ботагөз, советтік жəне партиялық істерге араласқаннан кейін, саяси
басқарушылық жұмыстарды тез баурап кетті. Қызу істің үстінде ерекше бір
қасиетін көрсетті ол, онысы үгітшілігі, үгіт ісіне шешендігі. Бұл қасиетін
көрген Совдеп Ботагөзді жиі ұйымдасатын митингілердің көбіне
пайдаланатын болды. Қазақша да, орысша да шешен сөйлейтін ол патша
үкіметінің, қанаушы таптың еңбекші көпшілікке көрсеткен қорлығын өз
басынан кешкен мысалдармен байланыстырғанда, тыңдаушыларын талай
рет жылату халіне келтірді... Осындай іскерлігін жəне жанының адалдығын
көрген партия комитеті ерекше қаулымен, кандидаттар қатарынан бір
айлық стаждан кейін, партияға мүшелікке өткізді... Ботагөздің белсенділігі
күшейе түсті...
Сондай жұмыстағы Ботагөзді Совдеп қалай жібермек, ол қалай кетпек!..
Ботагөз осы жайларын айтып еді:
– «Өзің біл, шырағым!–деді Серікбай, оған,– ал, тілім екен я ат өтті
сезім екен деп ойлама! Мен де, мінің мына серіктерім де, шын көңілден
айтамыз, жүр біздің елге! Ұлы сөзде ұяттық жоқ. Петербор, Мəскеу жақта
ойыңа сақтаған адам барын естідік. Амандық болса, ол жігіттің де елге
қайтатын ойы бар көрінеді. Тым болмаса, біздің елде сол жігіт келгенше
тұра тұр. Не деп қарған дейсің; тар кезеңде жолдас болған адамның, өсер
мал, өсер басымыз бар, сені бөтен көрмеспіз, шамамыз келгенше күтерміз.
Қалада қалам деген сөзің бір есептен жөн сияқты, бірақ көңіліңе келмесін,
сен аттың құлағында ойнайтын ер азамат емессің, төмен етекті əйелсің,
мына заманның ыңғайы белгісіз, жел оңынан тұра ма, солынан тұра ма?
Жаман айтпай жақсы жоқ, егер солынан тұрып кетсе, еркекпен үзеңгі
қатысып атқа міне алмассың. Біздің елде, тым болмаса, заманның беті бір
ыңғайланғанша тұра тұр.
Ботагөз өз сөздерін, олар өз сөздерін айтып, ақыры келісімге келе
алмаған соң, Серікбай да, оның қасындағылар да елдеріне қайтып кетті.
Патша түскеннен кейін көп кешікпей-ақ саяси ағымдардың беті
айқындалды. Қазақ оқығандарының большевиктерді жақтайтындардан
басқалары екі жікке бөлінді, біреуі–алашордашылдар, екіншісі– үш
жүзшілдер. Алашордашылдар мен үш жүзшілдер жиылыстарда да,
газеттерінде де өзара керілдесіп жатады; сөз жүзінде үш жүзшілдер
большевиктерге бейім сияқты, бірақ іс жүзінде байшыл – ұлтшылдық
бағыттағылар.
Бұл қаладағы алашорда комитетінде бастаушы адамның біреуі Сарыбас.
Алашорданың жиылыстарында өзгелерден көп сөйлейтін, газетінде көбірек
жазатын сол. Жиналыстарда, газетте жазған мақалаларында патшаның
тақтан түсуін қуаттап, патшаны жамандап жазғанмен, іштей ол осы
сөздеріне қарсы еді. Өзінің ішкі сенімінде ол монархист. Мейлі қай түрі
болсын, республика дегенге оның қаны ұйымайды, оның ұғымында,
республика – анархия.
Сондай ұғымдағы Сарыбас патша түскеннен кейін, жалпы көпшіліктің
ау-жайына қарады да, монархияны жақтаудан түсер пайда жоғын көріп,
«заманың түлкі болса, тазы боп бір шалып қал» əдісіне түсті, патшаның
түскеніне іштей жылай отыра, көптің көзін бояп, «жойылсын патша!» деп
айқайлап шыға келді.
Сарыбастың да, басқа алашордашылардың да сескенетін адамының
біреуі Ботагөз болды. Слабодка мешітінің маңында болған митингіде
Ботагөздің сөйлеуін, сол сезден кейін беделінің көтерілуін көрген
алашордашылдар сол күні кешке болған жиналыстарында Ботагөз туралы
екі жақты қаулы алды: біреуі – шама келсе оны өз жақтарына қаратып алу,
екіншісі – егер оған болмаса – көзін жою.
– Бойжеткен қыз,– деп ұйғарды алашордашылдар,– соңына өзіміздің
епті дейтін бозбалаларды салып көрейік, бірі болмаса, бірінің қақпанына
неғып түспес екен. «Осы дəмелі» дейтін алашордашыл бозбалалардың
тізіміне Сарыбас та кірді. Əуелгі жұмсаған біреулер берекелі іс шығара
алмаған соң, əйелге əрі епті, əрі жұлдызымын дейтін Сарыбас, тəуекел деп
өзі атқа мінді. Көп кідірмей ол Ботагөзге былай деп хат жазды:
«БОТАГӨЗ!
Өзіне жазған хаттың ең алдымен аяғындағы подписіне қарап алатын
қыз атаулының əдеті. Біз бозбалалар да, қыздан хат алсақ сөйтеміз.
Осы хаттың ақырында менің атым «Сарыбас» тұруы сізді қайран
қалдырар. Сіз ашуланарсыз да. Бірақ сізден өтінішім: хатты лақтырып
тастамай, я жыртпай тұтас оқып шығыңыз, содан кейінгі өкіміңізге хат та,
мен де ризамын.
Біз қанымыз бірте қазақтың баласымыз. Бірақ бақытсыздығымызға
қарай кер заманда тудық. Дауылды заман бірімізге бірімізді еріксіз
соқтықтырды. Ойда жоқ жерден біз бір-бірімізбен дұшпандастық. Былай
қарағанда, біздің арамыз өте алшақ сияқты, бірақ қазақта «тау тауға
қосылмайды, адам адамға қосылады» деген мақал бар еді. Біз бір-бірімізге
жақындай алмас ек, егер надан адам болсақ. Шүкіршілік, ондай көкірегінде
көзі жоқ адам емеспіз. Мен туралы сіздің қандай ойда екеніңізді мен
білмеймін, ал сіз туралы мен, мақтағаным емес, я жағынғаным емес, өте
үлкен ойдағы адаммын.
Қазақта: «досың да, дұшпаның да ер болсын» деген мақал бар жəне
«ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық» деген мақал бар. Сіз менің
тұқымыммен жауластыңыз, дұрыс жаулық! Заңды, адал да, əділ де жаулық!
Сіздің орныңызда болсам, мен де сөйтер едім. Бірақ сіздегі бір қателік:
тұқымдарыммен бірге мені де жау көрдіңіз. Менің оқыған адам екенімді,
дүнияға əділдік көзбен қарай алатынымды ұқпадыңыз. Мүмкін, менің бұл
соңғы сөзіме сіз ызамен күлуіңіз: əділ болса солдаттарға еріп шығып елді
неге шапты? Ағаларымды неге ұстатты? Кеше сот кезінде айыптыларға
неге болыспады?» деп ойлауыңыз.
Ойлаңыз!.. Күдіктенуіңіз дұрыс. Менің жалғыз-ақ айтарым: заман
толқын, адам жаңқа екен, толқын қалай қарай беттесе, ықтиярыңнан тыс
сен де солай ағады екенсің. Менің халім сол жанқадай болды. Наныңыз,
нанбаңыз – ықтиярыңыз: іштей, мен əкеме емес, тұқымдарыма емес, сізге,
сіздің тұқымдарыңызға болыстым. Менің айыбым: «осылаймын» деуге
батылым жетпеді.
Міне, енді, мынадай бостандық заман туды. Езілген қазақ халқының
жығылған шаңырағын көтеріп, үйін тігіп жатырмыз, ол – алашорда. Сіз,
«битке өкпелеп тонды отқа салды» дегендей, менің тұқымыма, маған
өкпелеп, көптен бөлініп, əлдекімдерді сағалап жүрсіз. Ашу не істетпейді,
бірақ ойлансаңыз, мұныңыз жол емес. Қазақтың қалың бұқарасынан
шыққан сіз сияқты жөн-жоба білетін қызы бармақпен ғана санарлық.
Сіздей қыз алашордаға өте қажет. Сонымен бұл хатта, алғашқы өтініп
айтайын дегенім: қайтыңыз райдан! Тастаңыз ашуды! Қарындас боп
қатарға кіріңіз! Құшақ жайып, қарсы аламыз!
...Басқа айтар сөздерім де көп еді, бəрін бір хатқа қалай сыйғызайын.
Бұл хатым –бозбаланың емес, ағаның хаты.
Жауап күтем!
Сарыбас».
Осылай біраз уақыт өтті. Қар еріп, ала-сапыран бола бастады. Сарыбас
Ботагөзден жауап хат алмадым демей тағы да екі-үш хат жазып, жолығуын,
сөйлесуін өтінді. Ішкі сыры берік Ботагөз бір кезде: «жолықсам, сөйлессем
қайтеді? Мен оған алданатын кісі емес, нем кетеді?» деп ойлады. Егер
апрельдің орта кезінде Орынбор қаласында алашорданың жиылысы
шақырылып, Сарыбас coғaн жүріп кетпегенде, Ботагөзбен бір кездесуге
кездесетін еді.
Орынбордағы жиылыстың қаулы-қарарын алашорда газеттері жариялап
жатты.
Ол
қаулы-қарарлардың
байшыл-ұлтшылдық,
сарында
жасалғандығын əшкерелеп, Совдеп газеттері шықты. Совдептің
жиылыстарында
да
алашорданың
қаулы-қарарлары
сөз
боп,
кертартпалығы, революцияға, халық тілегіне қайшылығы айтылып жатты.
Бұл сіздерге Ботагөздің құлағы қанды. Оның үстіне Асқардан келген
хаттардан да алашорданы жамандау аз болған жоқ.
Орынбор жиылысына кеткендер қайтып оралғанша қар кетіп, көк
шықты; ағаштар жапырақтанды. Орынбордан келе Сарыбас Ботагөзді тағы
да айналдырды, тағы да жолығуын өтініп хат жазды.
Қар кетіп, жер қарая, Ботагөздің бір дағдысы: күн сайын Темірбек пен
Бүркітбайдың қабырларына бару еді. Қабыр қалын, ормандағы
мұсылмандар зияратында. Ботагөз қабыр күзетшілеріне сөйлесіп, жас
қабырдың маңына ағаш, гүл ектірді. Кешікпей орнатқан жас ағаштар
жапырақтанды, гүлдер шешек атты. Жас қабырларға осындай көрік
берумен қанағаттанбай, Ботагөз тасшы тауып алып, Темірбек пен
Бүркітбайдың аты-жөндерін тасқа қашатты да, екі қабырдың аралығынан
орнатты.
Бір күні Ботагөз Совдепте күндізгі қызметін атқарып боп, пəтеріне кеп
тамақтанды да, күндегі дағдысымен қабырға жөнелді.
Ботагөз аурухана бақшасын айналып, қабыр жақ шеткі бұрышына өте
бергенде, бұрыштың екінші қабырғасынан біреу қақырынып қалды. «Бұл
кім?» дегендей Ботагөз жалт қараса, Сарыбас.
– Саламатсыз ба, Ботагөз?–деді Сарыбас қолын ұсынып (Ботагөз қолын
берді).– Тағдыр деген тамаша-ау, ойда жоқта бізді кездестіруі-ай,
шіркіннің!
– Өкінішіңізбе, бұл?– деді Ботагөз қолын алып.
– Жоқ, Ботагөз, қуанышым? Неге өкінем? Көптен бергі тілегім емес пе,
бұл! Жолымды тосты деп ойламаңыз, имандай шыным: қырда туып, қырда
өскен адаммын; жаз шығып, жер көктеген соң, қырдың баласы қалаға сыя
ма? Күнде осылай, қаладан далаға шығып, көкірек кере дем алатын əдетім
еді. Бүгін осы жаққа бірінші шығуым еді, тағдыр сізге кездестірді. Мұнысы
– əділдік. Енді, ұят та болса, жан сұрасамыз ба: жол болсын? (Ботагөз
үндемеді.) Əлде, мен сізге бөгет болдым ба?
– Мен сізге бөгет болдым ғой деймін.
– Неге?
– Саяхатқа шыққан адамның жолы жалпақ.
– Сіздің жолыңыз ше?
– Менікі сүрлеуленген дағдылы жіңішке жол. (Ботагөз күрсінгендей
болды.)
– Қандай, қайда?
– Қабырға!
– Қабырға? Қабырға!.. Қабыр!..– деді Сарыбас дауысын құбылтып,
түсінбегенсіп. Ботагөз үндемеді.– А... білдім... Жаңа ұқтым!..
– Ұқсаңыз сізге ұлықсат. Хош болыңыз.
Ботагөз жөнеле берді. Ботагөзді бұлай келмес деп ойлайтын Сарыбас,
оның мынадай иінің жұмсақтығынан дəмеленді, оны бұрын қатты мінезді
қыз деп санайтын ол, бұл жұмсаруын, хаттарынан шыққан нəтижеге
жорыды.
– Ғафу етіңіз!–деді Сарыбас, Ботагөздің артынан ере сөйлеп,– егер
ұлықсат етсеңіз, мен сізді ұзатып келейін.
– Рахмет, өзім де барам. Күнде барып жүрген орын.
– Жоқ, енді, сіз ренжімеңіз. Сізді бұлай жолықтырмағай ем, ал
жолыққан соң жалғыз жіберуім адамшылығыма мін болады. Сізге серік
болудан басқа ойым жоқ. Баратын жеріңізге апарып қайту борышым!
Тоқтамаған Ботагөздің рұқсатына қарамай, Сарыбас қатарласа жөнелді.
Қабырдың бақшасына жеткенше олар берекелі сөз сөйлескен жоқ.
Сарыбас жалпақтап ол-пұлды айтқан болады, Ботагөз оған салқын, сараң
ғана жауап береді.
Қабырды айнала кең қоршаған кірпіш діңгекті, тамыр торлы шарбақтың
ішінде, қабыр араларында өскен орман өте қалың еді. Жол қабырлардың
арасымен жүреді. Темірбек пен Бүркітбайдың қабыры бір жақ түкпірде,
жолсыз шытырманның арасында.
Қабыр орманына кіре, Ботагөздің көңіліне Сарыбастан қауіп пайда
болды. «Сақ бол!» деген еді оған Совдептегі жолдастары, «жауларың
қапыңды тауып өлтіріп кетпесін!» «Осы Сарыбас, ойда жоқта қалай
кездесті?– деп ойлады Ботагөз, жолдастарының сақтандыруы есіне түсіп,–
бұл мұнда неге еріп келеді ?»
«Сақ болды» ойына алып, Ботагөз қалтасынан револьверін тастамайтын
еді. Ойына қауіп кірген ол Сарыбасқа білдірмей, қалтасын сипап еді, жоқ!..
Үйінде қалып қойыпты.
Оның қаупі күшейді. Тамырларына суық қан жүгірді. «Осы арадан
кейін қайтсам қайтеді?» деп ойлады ол. Бірақ қайтпады: недəуір ілгері
сұғынып барып қалған, содан қайтам десе, Сарыбас: «неге?» демей ме?
Оған не жауап айтады?
«Тəуекел!– деп бекітті Ботагөз толқыған ойын,– маған бұл не істейді?
Мылтығы болмаса, жекпе-жекке маған бұның шамасы келе ме?»
Осы ойдан кейін ілігері жүрісін бөгемеген Ботагөз білдіртпей,
Сарыбастың екі қолын аңдыды, егер қалтасынан мылтық суыратын болса,
бұрын қимылдауды мақұл көрді.
Олар қабыр басына келді. Топырағы торқаланып, гүлденіп тұрған
қабыр!.. Айнала сайраған құс!.. Мейірленген табиғат!..
Жас қабырдың бұл салтанатына Сарыбас таңданған, тамашалаған
болды. Ботагөздің ойы Сарыбаста, көзі қолында. Сезіктенген сайын
Ботагөзге Сарыбастың көз қарауы, бет құбылысы, дене қимылдары
күдіктендіре түседі.
– Ал, Ботагөз!– деді Сарыбас қабырларды айнала шолып көргеннен
кейін.– Енді бірдеме демейміз бе?
– Не дейміз?
– Дұға-мұға оқымаймыз ба?
– Мен дұға білмеймін.
– Менің ептеп «құлқуалда» қайыратыным болатын еді. Отырыңыз,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Ботагөз - 25
  • Parts
  • Ботагөз - 01
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 1990
    36.3 of words are in the 2000 most common words
    52.3 of words are in the 5000 most common words
    59.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 02
    Total number of words is 3835
    Total number of unique words is 2043
    36.5 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 03
    Total number of words is 3843
    Total number of unique words is 2116
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 04
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2017
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 05
    Total number of words is 3894
    Total number of unique words is 2042
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 06
    Total number of words is 3848
    Total number of unique words is 2153
    33.5 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 07
    Total number of words is 3837
    Total number of unique words is 2123
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 08
    Total number of words is 3863
    Total number of unique words is 2003
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    51.5 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 09
    Total number of words is 3912
    Total number of unique words is 2050
    37.3 of words are in the 2000 most common words
    51.7 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 10
    Total number of words is 3931
    Total number of unique words is 2112
    35.4 of words are in the 2000 most common words
    50.1 of words are in the 5000 most common words
    57.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 11
    Total number of words is 3906
    Total number of unique words is 2051
    36.9 of words are in the 2000 most common words
    51.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 12
    Total number of words is 3799
    Total number of unique words is 1988
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 13
    Total number of words is 3882
    Total number of unique words is 2197
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.4 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 14
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2200
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.5 of words are in the 5000 most common words
    58.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 15
    Total number of words is 3900
    Total number of unique words is 2095
    35.7 of words are in the 2000 most common words
    49.5 of words are in the 5000 most common words
    57.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 16
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2023
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    50.9 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 17
    Total number of words is 3916
    Total number of unique words is 2124
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    59.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 18
    Total number of words is 3875
    Total number of unique words is 2066
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 19
    Total number of words is 3964
    Total number of unique words is 2060
    36.1 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    59.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 20
    Total number of words is 3874
    Total number of unique words is 2125
    36.0 of words are in the 2000 most common words
    50.6 of words are in the 5000 most common words
    59.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 21
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2108
    36.6 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    60.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 22
    Total number of words is 3807
    Total number of unique words is 2017
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    58.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 23
    Total number of words is 3701
    Total number of unique words is 2061
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.8 of words are in the 5000 most common words
    53.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 24
    Total number of words is 3805
    Total number of unique words is 2129
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 25
    Total number of words is 3901
    Total number of unique words is 2145
    34.4 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    56.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 26
    Total number of words is 3808
    Total number of unique words is 2103
    33.6 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 27
    Total number of words is 3985
    Total number of unique words is 2063
    36.2 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 28
    Total number of words is 3944
    Total number of unique words is 2001
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 29
    Total number of words is 4005
    Total number of unique words is 2142
    35.6 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 30
    Total number of words is 3880
    Total number of unique words is 2028
    34.8 of words are in the 2000 most common words
    49.3 of words are in the 5000 most common words
    56.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 31
    Total number of words is 3818
    Total number of unique words is 1962
    37.0 of words are in the 2000 most common words
    52.4 of words are in the 5000 most common words
    60.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 32
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2086
    34.7 of words are in the 2000 most common words
    50.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Ботагөз - 33
    Total number of words is 1885
    Total number of unique words is 1150
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.5 of words are in the 5000 most common words
    59.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.