Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28

Total number of words is 4127
Total number of unique words is 2313
34.0 of words are in the 2000 most common words
48.5 of words are in the 5000 most common words
55.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
толқыны кернеп кетті. Мынау тау, мына дала, анау аспан... ғұмыр...
тірлік сондай аяулы... аяулы көрініп, дүниедегі ең бақытты екі адамды
табиғаттың төл бесігінде аялап, əлдилеп тұрғандай сезінді. Қолын
созып Сəуленің сүйрік саусақты алақанын уыстады. Сəл-сəл қысты.
Сүйрік саусақтар өртеніп тұр екен. Олар да қарсы жауаппен жыбырлай
түртінектеді. "Өзімдікі! Тап-таза, мөп-мөлдір Сəулем! Мынау даладай
таза, анау аспандай мөлдір болашақ жарым! Жан жарым! Сүйісе де
білмейді əлі! Қандай ғажайып! Менен де ұялады. Қандай пəктік! Пəк
дүние!"
Айқай салғысы келді. Жер кіндігі — енді екеуі ғана. Айқайлап соны
əлемге жайғысы келді. Жар салғысы келді.
— Шіркін, осындай жерде тұрар ма еді! — деп Сəуле басын
шалқайтты. — Қандай кең! Жүгіргің келеді. Ұшып кеткің келеді. Балта,
қолыңды құс қанатыңдай жайып, анау, ана-ау тауға қарай қалықтап
ұшсаң ғой, ə? Сен ғана, мен ғана — екеуміз! Екеуміз ғана иеміз мынау
əсем дүниеге! Тау мен далаға! Шіркін оңаша тұрса ғой. Əнеу бір тұста,
анау қолатта сондағы қорықшының үйіндей үйіміз болса!..
Сəуле қиял құшағына шомды ма, үнсіз қалды. Балтаның есіне
"Қалың мал" — романының соңғы беті келді. Сонда да екі жас үйленіп,
төрт-бес балалы боп оңаша тұрып жатушы еді. Бірақ Балтаны ондай
тірлік қызықтырмады. "Жоқ. Ол — арман шыңы емес. Сəулеге үйленіп,
ауылға тартып кетуге де болады. Ол ертең-ақ орындалатын шаруа.
Балтаға ол қолай емес. Балтаның құжынаған қала тұрмысынан
ажырағысы келмейді. Армандаған мақсат-мұратына Балта қала
арқылы ғана жетеді. Тезірек кандидаттықты қорғауы керек. Одан əрі
докторлық тұр қол бұлғап. Профессор! Академик! Несі бар.
Басқалардан Балта кем бе? Əлде маңдайы тайқы ма? Əлде шекесі
қушық па? Жоқ! Тай — құнан, құнан — дөнен, бесті болмас па. Сөзсіз
болады! Болғанда қандай! Анау екі сөздің басын қосып айта алмай
тұрып, ат пен атақтың бəрін, сыйлық пен лауазымның неше түрін
қанжығасына бөктерген ақадемик сымақтар аяғы салбырап аспаннан
түсе қалып па екен? Қайдағы! Олар да біреуді əкелеп, біреуді жəкелеп,
креслосы барларды жағалап, лауазымы мықтыларды сағалап жүріп
жеткен бəріне. Ондай тірліктен Балта неге жерінеді. Саяқ жүргеннің
таяқ жейтіні рас. Топ құрған тоқ жүреді. Ендеше "тəңір" шалдың өзіне
жол табу қажет. Майсарадан да қол үзбеу керек. Майсараның жебеушісі
де осал адам емес. Мүмкін сол — "тəңір" шалдың өзі боп жүрмесін!
Балта ыңыранды. Дəл осы дəмесі көкейіне қона кетті. "Тəңір" шалдың
көзіне бір түссе, қыбын табарына сенімді-ақ. Онда ма онда!.. Қиял —
ұшқыр. Оған ракетаңда жете алмай қалады. Балта қиялы небір əсем
суреттерді көлденеңдетті...
Балта! Балта деймін!.. Сəуленің уысындағы алақаны қолынан
жұлқып қалды.
— Əу, Балта! Сен ұйықтап қалғанбысың?
— Ə, не, Сəулеш? Ұйқың не... неге ұйықтайын, — деп жігіт əдемі
əсерінен айықпаған нұрлы жүзін бұрды.
— Балта, егер əлгі Бəке деген құдіретті адамыңның қолынан келсе,
пəтерді бар ғой орталықтан əперсін. Ия, ма? Əйтпесе
микроаудандардан, ой, қатынау қиын болады. — Сəуле үйді алып
қойғандай, жолдың алыстығына кəдімгідей қиналып жатыр. Балта
күліп жіберді.
— Əй, Сəулеша! Сенікі "іші бұдан табылды, сырты қайдан
табылардың" кері болды-ау. Асықпа, əр істің өз реті бар.
— Асықпа дейсің! Василий Сергеевичтің пəтерінен айрылып қалдық.
— Ол, иə, өзімізден... өзімнен болды. Енді ондай қателік жібермеспін.
Əрине, Сəулеша, үйді орталықтан алуымыз керек. Содан кейін екеуміз
той жасаймыз. " Ия ма?" деді Балта. "Иə маны" Сəулештің даусына
салып айтты. Екеуі де қуана күлді. Дəл қазіргі дала төсінде кең көсіліп
емін-еркін жатқан кездерінде біріне бірі қараудан, бірімен бірі
сөйлесуден сондай бір рақат күй тапқан еді. Əлгіндегі алғашқы
сүйістен соң бір-біріне деген шын көңіл ынтығуын ұғынысқан да
тəрізді. Енді сол қуанышқа толтырған кеуделерін шайқап алғысы
келмегендей екеуі бір-біріне қарап қойып, қимыл-қыбырсыз жатыр.
Аспан биік дала кең, тау асқақ. Қызыл-жасыл түске ене құлпырған
қыз-дала кеудесімен көк тіреген тəкаппар жігіт-тауға ентелей сүйсініп
тоқтапты. Басына ақ қар, көк мұздан сəлде ораған асқақ тау мойнын
соза, түпсіз заңғарға тесіліп қалыпты.
3
Майсара бүгін де ресторандағы зал меңгеруші құрбысымен
сырласып қайтпақ болып, жұмыстан шығысымен үйіне бармай,
ресторанның тұсында машинадан түсіп қалды.
Сағила Майсараны көргенде қуанышын жасырған жоқ. Анадайдан
қолын екі жаққа жайып жіберіп, елпілдеп келді де, құшағына көмді.
Содан соң Майсараны үш қайтара сүйді.
— Тіфə, тіфə! Күн өткен сайын құлпырып барасың, Майечка! Саған,
сірə, бойдақтық жарасады. Анау "студентигің" жоламай кетті ме? —
Майсараның көзін жасырып, кірпігін түсіріп жібергенін жақтырмай,
кіржің ете қалды. — Соны қойшы. Не қоң, не қалжа жоқ. Майечка, бүгін
сені мынау деген жазушымен таныстырам. Оллаһи! Сол өзі саған
көптен бері ғашық! — Сылқ-сылқ күлді. Құрбысын қолтықтай алып,
бөлмесіне ерте жөнелді. Сағиланың күлкісі бөлек. Сағиланың жүрісі
бөлек. Сағиланың мінезі бөлек. Сағиланың сылқ-сылқ күлкісі - еркек
шіркіндердің құлағына ғана арналған "мен мұнда!" күлкі. Сағиланың
жуан бөксесін кезек бұлтита, аумақты омырауын теңселте жүрісі —
еркек байғұстардың көзін арбайтын "мені көр!" жүріс. Сағиланың
ойнақшыған шапшаң мінезі — еркектерді тез қоздырып, буынбуынына түсіп кететін "естен тан!" мінез. Майсараны қолтықтап, кең
үлкен залды қақ жарып келе жатқан Сағала өз бойына біткен осы үш
қасиетін түгел іске қосқанымен залда отырған еркек атаулының қасыкөзі Майсараға ғана қадалып қалып еді. Келіншектің екеуі де нарттай
қызарды. Бірі ұяттан өртенгенде, бірі қызғаныштан күйген еді.
Сағиланың күлкісі сап тыйылды. Былқ-сылқ жүрісі бұзылды. Қабағы
түйіліп, ойнақы мінезден із де қалмады.
— Əй, осы еркектер! Шетінен нахал! Көзімен шешіндіріп,
тұлабойыңды тіміскілеп, аймалап, сипалап жатқаны. Айғырлар!
Бұқалар! Буралар! — деп бөлмесіне кіріп орындыққа сылқ отыра кетті.
Майсара күлкіге булықты.
— Əй, сары қыз! Сықсыңдама! Неменеңе жетісіп мəз боласың, ей, —
деп Сағила диванда жатқан балаға асылып барып қарап қойды. —
Мына бала ұйықтай бере ме, ей. Ауру емес пе өзі.
Майсара енді ғана диванға бұрылды. Күлкісі тыйылды. Жүзіне
мейірім оралды.
— Марат па? Ой, Маратик екен ғой!..
— Байқа! Оянып кетпесін. Онан соң қыңқылдап мазаны алып бітеді.
Бұл садиктегілер де, біз де мерекелейміз деп... балаңды алып кет деп
звондап... Əй, демалыс, мереке күндері бір жаққа шыға алмайтын
болсаң, ондай апталық садиктің қажеті қанша... Майечка, сен əлгінде
неге сықсыңдадың? Менің еркектерді айғырлар, буралар дегеніме ме?
Ол өтірік пе? Осы ресторанға келген еркектер тұп-тура тоқсан Тоғыз
проценті ауыздарына арақ тиіп, моторы қыза бастасымен-ақ ал кеп
ұрғашы іздейді-ау. Тіпті бар ғой, кейбіреулері отыз үш жыл елсіз
аралда жападан-жалғыз Робинзон боп күн кешіп, осы бүгін ғана
босанып шыққандай əйел атаулыға тап-тап береді-ау. Құдды бір
шынжырдан босаған төбеттей. Кəрі-жасына, түр-келбетіне қарамайдыау, қарамайды. Албастының апасындай кемпір болсын, ұртты, мұртты
қатын болсын емешесі үзіліп, ал кеп өлердегі сөзін айтсын! Ал кеп
жалынсын! Ал кеп құмартсын! Сонсоң ал кеп суарсын! Ал кеп
сыйласын! Ақыры... ақыры кейбіреуі тұттай тоналып қалып, ішкенжегеніне төлейтін ақша таппай, милиция шақыруға мəжбүр етеді-ау
біздерді. Əне, айғыр, бұқа, бура дейтін себебім. Бұларды қой, бұларды.
Мен сені Майечка, əп-əдемі, кеп-келісті, тойған қозыдай тыңқиған,
романдарды бірінен соң бірін бұрқыратып жазатын мынау деген
жазушымен таныстырам. О-о, ол аналардай емес! Нағыз интеллигент!
Қалтасы да қалыңдау. Бірақ, əрине, саған ақша зəру емес. Ұрынған соң
ат-атағы, беделі бар, ел сыйлайтын жазушыға ұрын. Одан бала тусаң да
жаман болмайды. Кімнің баласы? Атақты жазушының баласы! Саған
деген пікір де, көзқарас та өзгереді. Ал мен... — Сағила стол үстіндегі
қораптан сигарет алып, ерініне қыстырды да француз оттығымен
тұтатты. Ысылдай сорған түтінді көзін қысыңқырай, ернін сүйірлей
дөңгелетіп, будақ-будақ ытқытты. — Ал, мен, Майсара, кезінде
қуборбаймен шатасып қалдым ғой. Маған ақыл айтатын ешкім
болмады ғой, ешкім. Əйтпесе, құлынды биедей көзтүрткі боп жүрер ме
едім осылай?!
Осы кезде беті бұлтиып, танауы пысылдап ұйықтап жатқан бес
жасар Марат кенет оянып кетті. Басын көтеріп, қайда жатқанын білмей
біраз отырды да, Майсараны танып топ-толық қолдарын созды.
— Мая тəте!
Майя тəтесі тұра ұмтылып Маратты іліп алып бауырына қысты.
Бұйра шашына бетін басып, бала исін құшырлана иіскеді.
— Мая тəте, сен қашан келдің? Мен ұйықтап жатқанда келдің бе?
Мен сені сағынғам. Сонда жылағам, Мая тəте.
Мараттың екі қолы айқасып, тас қып құшақтап алыпты. Майсараның
иығы селкілдеді. Баурындағы баланың сағынышы аш өзегіне түсіп
кетті. Жалғыздықтың жебеушісі — бала екен. Бала екен! Сағиланыкі
астамшылық. Сағила құлынды бие емес. Сағила — балалы ана. Алдан
үміті бар. Бүкіл ғұмырын сарп етер, барлық тіршілігін арнар қойнында
ұлы бар. Мараты бар. Кішкене ғана адам! Жұдырықтай жүрегі
дүрсілдей соғып "Мая тəтесін" іздейді екен-ау. Ұнатқанды бұл да біледі
екен-ау. Неге білмесін. Тазалық балалықта ғана қалмады ма бүгінде.
Тас қып құшақтап алғанын қарашы. Əй, анда-санда келіп тұруды да
ұмытқам. Бала көңілді алаңдату, алдау қиянат қой. Сағила Маратын
неге тəулік бойғы бала бақшаға береді екен. Қасынан естілетін шат
күлкісі, қарсы алдынан қадалатын сəби қарасы жанын сипап, көкірегін
исінтпей ме... Балтадан неге бала сүймеген? Тіркелуді күтті ғой...
Тіркелмей туған некесіз баладан қашқақтады ғой. Əй-й! Сонда бір
жапырақ қағаз жас нəрестенің тағдырын шешетіні қалай? Бұл қағаз
неткен құдірет еді! Қағазсыз қадам баса алмайсың. Туғаныңа да,
өлгеніңе да қағаз ал. Тіпті өмірге келуің үшін де, Тууың үшін де қағаз
керек! Қаптаған қағаз бораны! Ұйтқыған қағаз дауылы! Əйтпесе, қағаз
тілемесе, Майсара да мынау Маратик сияқты қара домалақты исініп
құшақтамас па еді. Сонда таңды таңға ұрғызып, Балын аңсап, төсек
тепкілемес еді. Ышқынған жанының жұбанышы — кішкене бөбегі
толық ернін таусап, жанында жатар еді!..
Майсара Маратты өзінен, кеудесінен ажырата созылған қолдарымен
тік көтере баланың қуанышты жүзіне мейірімді мұңды жанармен ұзақ
қадалды да, бетін бетіне тақап əкеп емірене сүйді.
Сағила Маратты ту сыртынан көтеріп апарып, үстелдің қасына
отырғызды.
— Қазір тамақ əкеліп берем. Қарның ашты ма?
— Торт жеймін...
— Майечка, біз сол залға кірмей-ақ осында... осы араға жасатсақ
қайтеді дастарқанды? — деп Сағила құрбысына жалына қарады.
Майсара үндемей, басын изеді. Осында ресторанға келгенде көппен
бірге отырып, көңіл көтермек болғанын Сағила біледі. Бірақ бүгін
Майсарадан залды қызғанды ма, еркектерден Майсараны қызғанды
ма, тар жерге тықпалап отыр. Маратты көріп босаған əйел көңлі енді
еш қызыққа алаңдар емес. Майсараның бас изеп келіскені содан.
— Онда ма, жазушыны ертіп келейін, ə?
Майсара ештеңе деген жоқ.
Сағила шығып кетті.
— Марат, садик ұнай ма?
Мараттың үлкен көздері дөңгеленді. Ұзын кірпіктері дірілдеді.
"Неткен əдемі!" Сəлден соң əлгі ұзын кірпіктерге жас оралып, үлкен
көздерді басып қалды. Марат басын шайқады. Майсара тағы да
ұмтылып келіп баланы бауырына қысты, басынан сипалады. "Қап!
Жарасының аузын бекер тырналадым-ау. Бұл шіркіннің де өзіне лайық
мұңы бар екен ғой. Əй, тірлік тірлік! Сенің суығыңның шалмайтын жері
болмағаны ма? Жұдырықтай Маратты күрсінтіп қойғанда саған не
түседі. Əлде... əлде менің бала таппағаным дұрыс болғаны ма? Дəл
мына Мараттай өгейсітіп, жас жанын өксікпен бусам..."
Майсараның көзінен мөлт-мөлт жас ыршыды.
Ыршыған жас баланың маңдайына тамып кетті. Марат басын
көтеріп, келіншектің бетіне таңдана қарады.
— Май тəте, сен неге жылайсың? — Кішкене саусақтар түртінектеп
жанасып кеп, тəтесінің көзін сүрткен болды. Сол-ақ екен Майсара
еңіреп қоя берді. Мына елжіреген бала көңіл, аялаған сəби саусақтар
өзінен туар, бірақ тумай қалған сəбиін аңсатты. Нəрестесін жоқтатты.
Есіктен Сағила даурыға сөйлеп кірді.
— Əй, Майечка! Майечка десе, сен менің кімді көргенімді білдің бе?
Ойбуй! Сен өзі тым күйрек боп барасың, Майсара. Əйел жылауық
болды дегенше саудасы бітті дей бер. Қой! Тəйт əрі! Сүрт бетіңді.
Ағызба сораңды. Мə! Мына айнаға қарап, дұрыстап сүртін! Ал, сен,
Марат, тəте-сəтені қойып, тыныш отыр...
Е-е, солай сүртіп таста. Бұл жас... көз жасы — əйелдің нағыз қас
жауы! Беттің əрін қашырып, жанардың нұрын алатын у ғой ол...
Шашыңды басып жібер... Ой-ой, Майечка, менің кімді көргенімді
сұрасаңшы! — Сағила Майсараны құшақтай алды.
— И-ə-ə? — деді Майсара еріксіз елең етіп.
— Залда Балта отыр...
Майсара ұшып кете жаздады. Қолымен құрбысының білегінен шап
беріп ұстай алды.
— Рас па?! Келгені рас па?!
— Рас... Əй, Майечка... Майечка-ау! Ойпырай, сен оған өлердей
ғашық екенсің. Көзім енді жетті, — деп Сағила əлгіндегі екпінінен
айрылып қалды. Енді өзімен өзі сөйлегендей Майсараның бетіне
қараудан тайсақтап, жүзін бұрып əкетті. — Əй, еркек иттер-ай! Бұтаға
саңғудан басқаны білмейсіндер-ау... Сендер деп өліп-тірілген
ұрғашыны ойласаңдар, жетім мен жесір көбеймес еді ғой. Жалғыздық
иықтан басып, көрінген қалпақтыға көз сүзгізбес еді ғой.
Майсара құрбысының білегінен тартып қалды.
— Сағила-ау, Балта қай тұста отыр? Жүдеу емес пе?
— Жүдеу емес пе дейді ғой! Ол текешіктер неменеге жүдеуші еді?
Оларда ар-ұят болушы ма еді? Беттерінде қызыл қалып па еді? Жүдеді
ме дейді ғой. Екі беті шартабақтай боп бір уыздай жас қызбен отыр
мəре-сəре боп. Əне, оның жүдегені! Сағиланың білегінен қоя беріп сылқ
отыра кетті. Көзіне... əлгінде ғана Балтаның осында отырғанын
естігенде от шашқан үлкен көздерге жас тұнып шыға келді.
— Сəуле ғой ол...
— Сəуле болса қайтушы еді. Ол тұтақ кімнің шікірəсі еді соншама. Не
еті, не беті, не көті жоқ. Сенің қасыңда жіп есе ала ма ол шөпжелкең?
"Сəуле ғой ол, Немене, құдай ма екен? Неге жүнжисің? Өзің ғой, өзің
безіп кеткен Балтадан. Еркек ит сүйек тастағанды, еркелеткенді,
шақырғанды, сипағанды жақсы көреді. Ал, сен, Майечка, бетіңді басып
жатып алдың. Əрі-беріден соң "келіншектің бетін кім ашса, сол ыстық"
деп Балтаны алғаш ауыздандырған сен... — Сəл ағаттау айтқанын сезді
ме, Сағила кібіртіктеді. — Ойбай-ау, ақ некелі төсектің ыстық сəтін ол
немең сенен бастаған. Құдай алдында да, жұрт алдында да ешкімнің
таласы жоқ меншігің ол. Иə-иə, меншігің! Сотқа берсең де — сенікі жөн.
Бірге жатып, бірге тұрдыңдар. Анау шүйкебас шөпжелкені мен болсам,
бес тал шашын бір талдап жұлып айдап шығар едім. Əй, Майечка,
Майечка, қайда барасың?
Майсара есікке беттеді. Бұрылып артына қарады. Марат "Мая
тəтесіне" бағжиып қадалып отыр екен. Екі аттап келіп маңдайынан
сүйіп, кекілінен сипады да, ештеңе деместен кері айналды.
— Əй, Майечка! Залда бүгін халық көп... Мейрамның қарсаңында
ылғи осылай жұрт симай кетеді. Елден ұят болар. Сен... сен бүгін
жанжал шығарма.
Майсара құрбысына жалт бұрылды.
— Сау бол, Сағила.
— Əй, Майечка, отырмаймыз ба? Мен заказ беріп қойдым. Қазір
осында əкеледі.
— Жоқ. Кейін. Рақмет, Сағила, — деп Майсара шығып кетті. Сағила
соңынан тұра ұмтылды.
Залдың түкпір есігінен бері өткен Майсараға еркек көздері түгел
төңкеріліп еді, Сəуле мен Балта да байқап қалды. Майсара да Балтаны
көрген еді, басын шалқақ ұстап, бір өзіне ғана тəн кербез жүріспен
залды кесіп өтті. Тұстарынан өте бере Балта мен Сəулеге сəл бас изеп
амандасқан нышан танытты.
"Қандай сымбатты! Қандай мүсін! Əй, Майсара! Ұрғашының
көріктісісің-ау! Осындағы еркек атаулының көзі бір саған байланып
қалғанын білмейсің-ау. Қайран, Май! Осы алыстағаның алыстағаның ба
шынымен-ақ? Сол бір күндер ұмытылғаны ма? Мен ұмыта алмайтын
тəріздімін-ау. Мен сені ұмытпаймын-ау осы. Ұмыта алмаспын,
Майсара".
Балтаның жүзіндегі дəл осы ойды қапысыз оқып қойғандай Сəуле
жігіттің жеңінен тартты.
— А-а, не, Сəуле?
— Кетейікші, Балта, — деп Сəуле боп-боз жүзін қашыртты.
— Неге? Заказ беріп қойдық қой. Уақыт əлі ерте, — деп Балта əлгі
ойынан арыла алмай, Майсараны көзімен ұзатып салды.
Майсара екеуін бір ғана сəтке көз қиығымен шалып өтіп еді, тым
бақытты жас жұбайларды көргендей көңілі қатты бұзылды.
"Біріне бірі лайық. Нағыз жарасымды жұп. Отырыстарының өзі
ерекше. Қос аққудай. Ал мен... Мен өмір бойы жалғызбын!"
Көзден ыршыған жасы көз алдын бұлдыратып жіберді. Дəл шыға
берісте əлдекіммен қақтығысып қалды.
— Кешіріңіз...
— Ə-ə, ештеңе етпейді... Сіз... сізге көмек керек емес пе?..
— Рақмет. Қажет емес.
"Жылағаныма жол болсын. Қимаймын. Ал, ол... Ол жас қызбен отыр.
Мен... мен одан үлкенмін. Бақандай төрт жас. Сағила көнбе дейді.
Көнбегенде не істеймін? Қыр соңынан қалмай "мені де қонаққа ала
кет!" деп қыңқылдайтын баладай болайын ба? Болар едім- ау, көз
қиығы түсер болса. Қазір ғой екеуіне бір-бірінен басқа адам жоқ
дүниеде. Өліп-өшіп отыр ғой".
Үйіне кірісімен шай да қоймастан диванға бүк түсіп жатып қалды.
Кенет қызыл телефон шар етіп безілдеді.
Майсара жақтырмаса да, еріксіз трубканы көтерді.
— Неге алмайсың? Қайда жүрсің? Осымен үшінші рет телефон соғып
тұрмын.
— Кешіріңіз, Ғазиз Құлтанович, көңіл күйім онша болмай тұрғаны.
— Əй, Майсара, Майсара! Көктем болса мынау! Шуақ болса ғаламат! Ал сен көңіл күйім жоқ дейсің. Жоқ болса табу керек.
— Отыр ғой... Екеуі отыр ғой, — деп Майсара булығып жылап
жіберді.
— Кім отыр? Кімдер? Қайда отыр? Сенікінде ме? - деген тақ-тақ
сұрақтар телефон мембранасын ұрғылады.
— Балта мен Сəуле... Ресторанда.
— Ə-ə. Тағы Балта де. Сен, Майсара, оны ұмыт!
— Ұмыта алмаймын, Ғазиз Құлтанович! Мен оны... мен оны ұмыта
алмаймын ешқашанда... — деп Майсара енді еңіреп ала жөнелді. Екі
телефон да көпке дейін үнсіз қалды.
— Майсара, сен естіп тұрсың ба?
— Иə, Ғазиз Құлтанович.
— Былай болсын. Ертең "Түркістаннан"... мейманханадан
"сəлемдемені" аласың... Өзің білетін. Содан соң... тыңдап тұрмысың,
екісі күні сəлемдемені "Саятқа" алып келгін. Сен Балта менімен
кездескісі келеді деп едің ғой. Онда оны да ертіп кел. Күндізгі сағат он
бірге. Естідің бе? Балтаң сонсоң өзіңдікі болады.
— Рас па, Ғазиз Құлтанович!? Шын айтып тұрсыз ба, Ғазиз
Құлтанович?!
— Ғазиз де мені, Майсара! Тек қана Ғазиз де!
— Рас па, Ғазиз?!
— Мен айтпаймын, Майсара. Айтсам - орындайтынымды сен ендігі
білуің керек еді.
— Ой, рақмет, Ғазиз! Келеміз. Мен апарам оны!
Майсараның аспаны ашылып, түнегі серпіліп сала берді.
"Күн сондай шуақты екен-ау, ə! Ертең — бірінші май! Мереке! Менің
де мерекем таяу. Ғазиз Құлтанович айтпайды. Айтса — орындайды.
Ой, Балтам қайтадан өзімдікі болады! Ешкімнің таласы жоқ. Бал!
Балым менің!"
Адам көңілі де — табиғат перзенті. Көлеңке басса, бүрісіп, шуақ
құйылса - ашылып, тасып, шалқып шыға келеді. Майсара əп-сəтте
өзгерді. Шифонерін ақтарып, көйлектен көйлек таңдай бастады.
"Қайыссын кисем екен? Осыны алғаш кигенімде Балта ұнатып еді-ау.
Осыны киейін" деп қызыл велюр көйлегін, соған сəйкес астары қызыл
атлас ақсұр жеңіл жұқа пальтосын, пальто матасынан тіккізген, қызыл
атластан лента ораған шляпасын шығарды да дереу киіне бастады.
Үлкен шарайнадан көзі ұшқын атқан, екі беті албырай қызарған əпəсем, кеп-кербез, сып-сымбатты келіншек... Қайдағы келіншек... жапжас бойжеткен Майсараға қадала қалғанда, өзіне-өзі риза болған
бойжеткен аппақ тістерін тегіс көрсете күліп жіберді.
Сыртқы есікке жете бере, бөгелді.
"Ресторанға барам ба қазір? Анау... анау қызбен бірге отырғанын
көргім келмейді".
Киімдерін шешіп тастап, қайтадан диванға қисайды.
"Магомедпен бірге тұратын көрінеді. Алғаш бір жұма қонақ үйде
жатқан. Магомедты қайдан тапсам екен. Ертең "Түркістанда"
кездестіріп қалармын. Əйтпесе ақшаны алған кезде Барақтан неге
сұрамаймын? Сұраймын!" Осы шешімі Майсараға қолайлы көрінді.
Барақтан Балтаның адресін сұрап алады да, таксимен зыр еткізіп
жетіп барады.
"Бірақ... анау Сəуле отырса не деймін? Неге келдім деймін? "Ғазиз
Құлтанович шақырып жатыр, соны айтқалы іздеп едім" дегенім құр
сылтау сияқты көрінбей ме? Əрине, екеуі дəл солай ойлап қалуы
мүмкін. Сəуле сөзсіз солай ойлайды. Кеткен еркекті қуалап жүрген
əйел, əрине, көзге түскіш. Өсекке таңылғыш. Балтаның да секемденуі
мүмкін... Сонда мен оған қалай айтам? Балтаны екісі күні сағат он бірде
Ғазиз Құлтановичке апара алмасам, онда бəрі бітеді. Бəрі құриды. Бал
оралмайды!"
Майсара бетін жастыққа көміп, екі иығы селкілдеп жылап жатты да,
қалжырап ұйықтап кетті. Бір кезде тарғыл мысықша бажылдаған
телефон шарылы шошытып оятты.
"Əй, анау жүз жиырма сомның сыңғыр үнді телефонын қойғызу
керек екен. Даусы қандай ащы мынаның!"
Трубканы ықылассыз көтерді.
— Ало-оу!..
— Май! Сəлем, Май!
Балтаның даусын естігенде Майсараның көзі шырадай жанды.
Ұйқысы шайдай ашылды. Бірақ сыр бермеді.
— Сəлеметсің бе, Балта...
— Май, сен кешір... Өзіңді Май мерекесімен құттықтайын деп...
Көптен хабарласпай кеткен соң... Өзіңді бағана көргенде... Мен сені
ұмытпайды екем, Май!.. — Трубадағы дауыс тембрі толқыған кеуденің
дем-тынысын түгел жеткізіп еді, Майсара бүкіл жанымен исінді.
— Өзіңді де құттықтаймын, Балта. — Əлі де салқын көрінуге
барынша тырысты. Қуанғанын даусынан да жасыра білетін
ұрғашылығына бақты. — Сəуле екеуіңді... Сондай жарасасыңдар. —
"Қап! Бекер айттым-ау! Қызғанышымды білдіріп алдым-ау!" - Жақсы
өткіз мерекені...
— Рақмет, Май!.. Мен... мен өзіңді... сені көрсем деп... — трубкадағы
дауыс үзіліп кеткенімен алқынған демі жетіп тұр. — Көргім келеді,
Май!..
— Бүгін көрдік қой бір-бірімізді, Балта. Мен шаршап жүрмін. Қол да
тие бермейді.
— Май, мен сені ұмыта алмаймын!..
Майсара біразға дейін үнсіз қалды.
— Айтпақшы, Балта, есімнен шығып барады екен. Сен өткенде маған
"мықтыңмен" кездестірші деп өтініш айтып едің ғой. Соның реті келді.
— Қашан?
— Екісі күні сағат күндізгі он бірде ертіп апарам.
— Ол кім, Май? Атын білуге бола ма?
— Ғазиз Құлтанович.
— Ғазиз. Құлтанович!!? - Трубкадағы Балта даусы қаттырақ шығып,
үзіліп кетті де сəлден соң екпіндеп толқып жетті. — Анау Ғазиз
Қултановичтың өзі ме, Май?! Рас па? Сол үлкен кісі келсін деді ме?
— Сол үлкен кісі өзі келсін деді. Неменеге асып-сасып қалдың! - деп
Майсара шын ашуланды. Өйткені бұған дейінгі құлағына жағымды
дауыс тембрі басқаша реңмен өзгеріп кеткенін қапысыз байқап қалып
еді.
— Кешір, Май! Ол дегенің республикадағы алғашқы бес адамның
бірі ғой. Əй, жарадың, Май! Жарадың! Мен сенсіз кіммін? Нольмін, Май!
Таяқсыз, сығырайған ғана нольмін!
— Жоқ, Балта! Сен ертең жоқ, бүрсігүні сағат онда подъездің алдына
машинаңмен кел! — деп Майсара трубканы орнына қоя салды.
"Вот так! Түсті уысыма! Мықтап түсті. Мен білем оны. Екі күнді əрең
жылжытар. Бірақ, дегенмен ол менсіз тұра алмайды. Айтты. Білдірді.
Кешір, Сəуле- Сəулешка! Но, Бал — менікі ғана!"
Майсара осыдан бірер сағат бұрынғы жабығыңқы күйін ұмытып, аяқ
астынан құлпыра өзгеріп, бұрынғы Май-Майечкаға ауысып сала берді.
"Енді созғызбаймын. Дереу ЗАГС-ке тіркелеміз. Содан соң
Маратиктей кішкенелі... бөпелі боламыз!.. Атын кім қойсақ?.. Жанбота
дұрыс-ау. Мен соны бір жерден естідім. Мамасы Жанбота дегенде əпəдемі ұл бала жүгіріп келген. Жанбота!.. Қаңдай əдемі ат! Əрі жаным,
əрі ботам!.. Мен оны жылатпас едім. Ренжітпес едім. Садикке бермес
едім. Садик баланың еркін басып-жаншып тастайды. "Өйтпе-бүйтпе!"
дей берген соң ұл балада жігер қала ма. Ұлдың... ұлымның қайсар боп
өскенін қалаймын".
Майсара асүйге барып шай қойды. Ваннаға су құйды. Дəліздегі
айнаға сығалай қарап, қызарған көзін байқады. Басын шайқады.
Болашақ Жанботаның анасына кеюге бола ма? Аштан аш бұралуға
бола ма? Мынау атластай аппақ құлын денені баптамауға, əртүрлі шоп
пен қылқан салған ванна қабылдамауға, сылап-майламауға бола ма?
Болмайды!
Асықпай ванна қабылдады. Асықпай сыланып-сипанды. Асықпай
шайға отырды.
ОН ЕКІНШІ ТАРАУ
1
Фермадағы жұмысын тындырып үйіне қайтқан Қатиpa орта жолда
екі рет дем алды. Бұлтсыз аспаннан шақырайған күннің ыстығы өтті
ме, əлде соңғы кездері денесі дел-сал болып, əлдебір науқасқа душар
болды ма, қазір де тал түбіне қалжырап кеп құйрық басты. Неге екенін
білмейді, оңаша қалса болғаны көзіне жас тығылып, көңілі босап сала
беретінді шығарып алды. Əлде анау жол сыртындағы қорым ерсіліқарсылы салпақтайтын əйелдің көзіне бұрынғыдан гөрі жиі
шалынатын болды ма екен? Бұрын онша назар аудармаушы еді, енді
қалжырай тізе бүккен сайын сол зират жаққа ындыны ауғандай көп
тесілетінін өзі де аңдап қалатын болды. Жылдан жылға көлемі
ұлғайып, қарасы молайып, еңсесі көтеріліп бара жатқан қорым талай
жақсыны жалмап жұтып жатыр ғой. Мұқатының басына бармағалы да
көп бопты. Бұрын барар еді, енді қалай барар? Не бетімен барар?..
Қатира біртартарын шешіп алып, бетін, алқымын, шекесін сүртті.
Сыздықтата күрсініп, орамалын қайта тартты. Сүзіліп зират жаққа
қарады. Өлі арауаққа дұға тиеді деп ойлайтын. Іштей білгенін
оқығансып, ернін күбірлетті. Онысы қыршын кеткен Мұқат,
Қобландыларға деген шын тілегі. Онысы мынау өлі мен тірінің
арасындағы сарсылма ғұмырлы өзіне деген аянышы. Онысы жүрек
шымшылаған ауыр азабын... тəңірден де адамнан да жасырған күнəсін
қалай жуам деген дағдарысы. Онысы өлі жар мен тірі баладан
айрылған жалғыздығына деген наласы. Онысы ешнəрседен, ешкімнен
мейірім мен рақат көрмеген баянсыз тірлігіне деген əлсіз бұлқынысы.
Дұғасын аяқтап, дірілдеген саусақтарын біріне-бірін қалай тіреп,
желпіп апарып бетіне тигізгенде, көзден ыршыған жас алақанын жуып
кетті.
"Неткен таусылмас пақыр еді, ə! Күндіз де ағады, түнде де
сауылдайды. Қайдан шыға береді? Əйел жасын бір жерге жинаса,
əлемді топан су алып жүре берер ме еді? Неге жылаймын? Не іздеп
жылаймын? Жылағанмен не өндірдім? Кім ыңғайыма қарады? Кім
жасымды сүртті? Кім көңілімді көншітті? Жылаған сайын қайғым
азаюдың орнына өршіп өсіп барады. Жұбаныш етер ілік жоқ. Бектемір
ғана жай-күйді қабақтан танушы еді. Енді ол да жоқ. Темір торды
талқандай алар ма? Əй, қайдам? Жаны сірі демесең, ол байғұсты да
əбден талады ғой. Талады-ау. Темір өзек жан қалмай барады-ау. Еңіреп
етек толтыратын əйел біз түгіл Мақан сұм Ескенді де етпеттетіп кетті
ғой. Берік баланы ойдан, қырдан қуғызып, ақыры қаңғыртып жіберді.
БАМ-ға кетті дейді. Көп-көрім-ақ еді, Мақанның суық назары еркіне
қоймады ғой. Балтадан хат-хабар жоқ. Діні неткен қатты еді!.. Іштен
шыққан шұбар жылан... Шұбар жыланым не?.. Жасаған, асылық көрме!
Жан қиналған соң айтам да. "Анам-ay, өтініп еді, бір айтқанын
орындайыншы!" десе анау Бектемірдің жазықсыз жапа шеккенін тиісті
адамдарға білдірер еді ғой. Алматыда, астанада отыр. Бірі тыңдамаса,
бірі тыңдар. Шетінен бітеу кеуде, меңіреу көкірек емес шығар ол дөкей
азаматтар да. Солай да солай деп ақ пен қараны ажыратқыштарға
ақтарып салса, кім білсін, дом тартып, Бектемір ауылына оралар ма еді.
Азаматтың орны бөлек екен де. Шын жалғыздықты енді сезінгендей
болдым-ау. Айғанша шіркін əйелдігіне бағып, əлі де қызғаныш
танытады. Хабар-ошарын білейін деп Бектемірдің от басына бас
сұқсаң, қабағы кіртиіп, тыржыңдап қалады байғұс. Əй, құсқым келе
беретіні нес? Ұшынғам жоқ па? Тəбетім қашып, ештеңеге зауқым жоқ.
Ұйқы басып бара жатқаны қалай?"
Бұға түбінен бас қылтитып жан-жағына қарады. Маңайдан
қараңдаған ешкімді көре қоймады. Көлеңкеге қарай құйрығымен
жылжып, басын жол шетіндегі биікке беріп, созыла қисайды.
"Сəл дамылдайын. Үйге барғанда да маған біреу бірдеме дайындап
қойған жоқ. Бектемір "келінің - тəуір адам" деп еді. Хайролла да мақтап
қояды. Əй, анау менің ұлымнан ғой бəрі. Соншама кімге тартып кекшіл
болған? Өсекке бола кешірмей жүргенде... анау Мақанның... Мақанмен
арадағыны сезсе, онда мүлде көрмей кетеді ғой. Сол үшін дедім ғой.
Мақан аямайды. Мəйітін көлденеңдетіп əкелем деді ғой. Ол жауыз
айтқанын жасайды. Жə! Жалғызым үшін жаным құрбан.
Ойпырай, тағы да құсқым келгенін қарашы. Құдай біледі, ұшынып
қалғанмын. Бірақ ұшынатындай кеше кеште не іштім? Бүгін азанда не
жедім?"
Қатира қайтадан басын көтеріп, етегін түріп аяқтарының арасын
ашып, лоқси бастады. Еңкейген бойы саусақтарын көмейіне сұғып,
қылғынғанда, жалқаяқтан басқа ештеңе түспеді. Түйір дəм татпаған
іштен не құсылсын. Өзін-өзі қанша қинағанмен бабы табылмады.
Қышқылдағысы келді. Ащы құрт тауып, əсіресе тері жидітетін ащы
ійден жұтқысы келді. Қазір тері илейтін жан қалмады ғой. Ійдің не
екенін білетін де адам табу қиын. Қатира қатты таң қалды. Ійді бала
кезінде Сəрсенбай етікшінің үйінен бір көрген. Дəмінің қандай екенін
де білмес-ау. Енді кеп соған зауқы соғып, тəбеті шауып тұр. Кенет...
көздері кең ашылып, əдемі ашаң жүзінде ішкі түйсіктен дуылдаған
толқын бетіне алаулатып нұр ойнатты. Артынша суық үрей қызғылт
нұрды сыпырып əкетіп, түсін сұп-сұр ғып жіберді.
"Жерік емеспін бе?!"
Осы мазасыз ой, осы күдік сап етті де, бүкіл бұған дейінгі делсалдығын да, белгісіз сырқатын да ысырып тастады. Енді кеудесіне
сұмдық ғаламат қорқыныш үйеледі. Еңсесін зілдей ауыр мұң басты.
"Сорлатқанда мен сұңқадам жерік болған екем- ау. Бұдан артық
сұмдық бар ма? Албасты басқанда мықтап басады екен-ау! Қарғыс
таңбасы маңдайыма тіліп ойылып, бетім мен мұрнымның үстіне ноқта
боп түскен екен-ау! Құбыжықтың ұрығы жүрек түбінен нəр алып,
қылтиып өсіп келеді екен-ау!"
Қатира ағыл-тегіл еңіреді. Өзінің шарасыздығына налып бой-бой
босады. Мынау құпиясының көп ұзамай жалғанға жария болатын
опасыздығына қапаланып шерленді. Дүниеден тазалық, іңкəрлік
адалдық күткен жанының жауыздықтың құрбаны боп аяусыз
былғанғанына, қорланғанына күйініп ықылық атты. Желі жоқ, шаңына
дейін ап-ауыр қорғасындай қыбырсыз қалған даланың көктен ыстық
леп боп, аңызақ боп сорғалаған аптабы, жапырақтарына дейін
жыбырламай тыншыған тал-теректің мүлгіген түрі, қара жолдың
таспалана ирелеңдеген бойында қараңдаған жан иесінің көрінбеуі дəл
қазір Қатираға біртүрлі сезілді. Мынау иесіздік шексіздік мүлгіген
қыбырсыздық өлі дүниенің көшірмесіне ұқсап кетті. Анау сұрғылт
аспан, сұрғылт дала, сұрғылт сəуле сұрғылт тіршіліктің бейнесіндей
боп жəне көзін алдады. Екі қақпа, екі өткелдің дəл жиегінде кібіртіктеп
тұрғандай жүрегі кенет дүрсілдей тулап соғып ала жөнелді. Мынау өлі
дүниеге бейім тыншу иесіздік анау тіршілік бейнесін танытқан
сұрғылт аспанның сұрғылт шырағы меңіреуленген жанды əрі тарт,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.