Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23

Total number of words is 3988
Total number of unique words is 2208
31.7 of words are in the 2000 most common words
44.6 of words are in the 5000 most common words
51.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бетіне қарады.
— Не болды, Сəуле? Отыршы.
— Сені... сізді біреулер ұрып кетті деп.., — Сəуле алдыңғы орынға
сылқ етіп отырды.
— Кім? Қашан?
— Бүгін... Магомед айтты. Өткенде сіз вокзалға мені... екі адам сізге
жабылыпты дейді. Рас па, аяқ-қолыңыз аман ба? Сау ма? — деп
Сəуленің əлі сеніңкіремей отырғанын көргенде Балтаның жүрегі лүпіл
қағып кетті. "Мені шын сүйеді екен! Естіген бойда жүгірген. Əй,
Сəулетай! Сəулетай!"
Махаббат — тəңір ғой. Табындыруы да, жаңылдыруы да тез. Ал
сезім байлығы əсіресе подвалда, үйшікте, қапаста тұратындарда
мейлінше мол болатыны ежелден ақиқат. Арпалысты тірліктен, билік
таласынан алыс тұратын, заң — низам сияқты тежегіш, бөгегіш
өткелектерден cay, мөлдір бастаудан сусындайтын, табиғаттың
аясында табиғаттың төл перзенті қалпынан əлі қашықтай қоймаған
қарапайым жандар кеудеге дүниенің іңкəр лəззатын толтырып жетер
сүйіспеншілікті үлкен төзіммен тосып алып, ақыры сол сəт сағаты
соққан кезде бүкіл жанымен шиыршық ата түлеп, бүкіл болмысымен
сол сезімнің өзінде еріп, балқып кетеді ғой. Балта Сəуле жүзінен соны
ұқты. Өзі де дəл осы минутты аңсай іздеген екен.
"Саумыл, Сəулем, Сəулетайым!"
Балтадан басқа ешнəрсе сұраған жоқ. Сəуле жігіттің иығына басын
төседі. Дəл қазір еміренген қыз жаны түгел сайрап, əр түйіршік қаны
атқып тулап, жүрек соғуы əндетіп кетіп еді. Балта Сəулені қаусыра
құшақтап бауырына қысып, сыпырылып түскен ондатр бөркін артқы
диванға тастады да, шашынан ұзақ иіскеді.
— Сəулетай-ым!..
Сеуле ішінен ғана: "Балтам!" деді. Сыртына шығарған жоқ. Жіңішке
саусақтарымен жігіттің алақанын тауып алып, құшырлана қысты.
— Қатты қорықтым!.. Өзіңді көргенше шыдамым жетпей... Əйтеуір,
аман көрдім.
— Əй, Магомед, білмейтіні жоқ-ау. Кім ұрды дейді?
— Менің ухажерым дейді? Қайдағы ухажер?
Балта күлді. Күлді де басылды. "Əй, бір ғажабы əйелдер... бикелер
жынысы əрқашанда шынын айтады. Шындықты айтады. Қаншама
адам нанғысыз айлакерлік жасаса да, шындықты айтудан
жалықпайды. Біздерден гөрі тазалау. Сүйіп тұрса да, сыр бермеуге
бейім. Кейде тіпті іші өртеніп жатса да, сыртқы салқындығымен
тұзақтайтынын қайтерсің. Ал сенсе, иланса, тағдырын түгелдей бүкіл
ар, намысымен қоса біржола қолыңа ұстата салады. Сені пір тұтады,
тəңіріне айналдырады".
Сəуле Балтаға тазалығымен, пəктігімен асқақтап сала берді. Соны
ұғынғанда, іштей бір: "былғап алмаймын ба, тұнығын шайқап, лайлап
жібермеймін бе" дейтін сезіктену тұтана жаздап, тез өшті. Жоқ! Тазаға
шаң жуытпауға, мөлдірді лайламауға, лайлатпауға барын салады. Бірбіріне деген адалдық еш күдікті жолатпауға тиіс.
Балта моторды қыздырды да, бұрылып көшеге шықты.
— Қайда барамыз, Балта?
— Қыдырайықшы бір, Сəулеш! Тауға барайық. Табиғатқа барайық.
— Бүгін күннің ашық болғаны-ай! Көктем лебі есті.
— Иə, Сəулеш. Көктем туды! Жан көктемі! Сол күні Сəуледен
бақытты адам жоқ еді. Есігінің алдына əкеліп салған Балтаға қолын
ұсынып қоштасып жатқан. Балта бауырына тарта беріп еді,
жыпылықтаған кірпіктерден үріккендей тез босатты. Сəуленің разы
қарасы шарпып өтті.
— Сау бол, Балта!..
"Өзі сүйісе білер ме екен?" деген бір сауал соңынан қарап қалған
жігіт көкірегінде тірілді де сейіліп кетті.
***
"Сегізінші мартпен де құттықтамады!"
Майсара өкініші осы өкпеден туындап, осы маңды ғана төңіректеді.
Сəуледен күдіктенген жоқ.
"Сен елемесең, мен де қарап жатпайын" деген ерегіспен малына
киініп отырды да, Балта есіктен кіргенде Майсара сыртқа беттеді.
Балта өз қызығымен өзі боп жүріп, ертең сегізінші март екенін де,
келіншегін құттықтаудың қажеттігін де, тіпті бүкіл жылтырақ
киімдерін киіп, асыл тасты алтындарын тағынған Майсарадан "қайда
кеттің?" деп сұраған да жоқ. Бас изеді де өте шықты.
— Мені тоспай жата бер. Кеш келем, — деді Майсара Балтаның
артынан қасақана.
Балта иығын қиқаң еткізді.
Майсара есікті құлаштап лақтыра жапты.
"Мынаған не болған? Сындыра ма? Aһ, Сəуле! Сəулеш қандай биязы!
Екі ай қалай шыдап жүрді екен, ө? Магомедтен ести сала жүгіргенін
айтсайшы! Қуанғаны-ақ жақсы! Бала! Əлі бала! Əй, сүйісу біле ме екен?
Бауырыма тарта бергенде дір ете қалғаны- ай!.. Дақ түспеген шымқай
көк-ау! Сүйетін қызыңның нағыз ұялшақ инабаттылығынан артық не
керек?
Дөрекілігі жігіттен де асып түсіп жататын қыздар ар, ұят тəрізді
қасиеттерді төсектерімен бірге жинап, қалдырып кететін сияқты-ау.
Сəулеш, Сəулетай, неткен сезімтал едің! Əр мінезіңнен, əр қимылыңнан
бүкіл шынайы болмысың қалтқысыз көрініп тұрады-ау. Қандай
мөлдірсің! Қандай нəзіксің! Сені майыстыру мүмкін емес. Сені
шытынатып сындырып алу оңай! Оңай! Шіркін, бақытыңды көрсем-ау!
Бақытты болсақ екеуміз!.. Ал, Майсара ше? Əй, осы мен қылша
мойныма дейін ұйыққа батып кеткем жоқ па?.. Ұйық қой мынау мен
қызыққан мақтаулы тірлік. Қабақ бағу, мықтылардың көзіне түсу,
шашпауын көтеру, алдынан кесе көлденең өтпеу, керек жерінде
кəдесіне асу, семіз жеңгей, арық жеңгейлердің көңлін табу, сый-сиялат
көрсету — əбден жалықтырды. Қыл үстінде жүргендей анау Барақ,
Магомед, Күржіктер қай тұсымнан үскірігін боратады деп
қылпылдаған жанынды қайда қоясың? Анау ауылдағы қас пен
қабақтан түсінісетін от басының мамыражай қуанышты өмірі қайда?
Солар істеген ісін, жасаған жұмысын, қызықтаған қуанышын ғана
білуші еді ғой. Солардан бойға қуат, жанға нəр алушы еді ғой. Ал,
мынау Майсара екеуміздікі не тірлік? Махаббат құдіреті екеуара
болатын шынайылық, тазалық, татулық, бірін-бірі пір тұту емес пе. Ал
біздікі... Өзімшіл тілектен ол да, мен де аса алмай, бір-бірімізден тек
қана дегенімді жаса дейтін сынар жақ үстемдікті талап ететініміз
қалай? Шынымен-ақ əдемілік əсемдік мөлдірлік аңсаған жанымның
күйрегенін сезбеймін бе? Өзімді өзім алдап, көргім де, сенгім де
келмей, ожданымды сұлу əйелдің сүйкімді қылықтары мен тиынтебеніне айырбастап жібердім бе?.. Еһ, Майсараның кінəсі да жоқ
тəрізді-ау... аңсарыңды қатайтып шегіне жеткізер... тұла бойыңды
қалшылдата құштарлық сезіміне бөлер құдірет бар онда. Босатпайды.
Неғұрлым əлгі асау құштарлықты басайын, тарқатайын деп тілесең де,
жалын төсекте рақат күй кешетінің... бүкіл ой-бойыңды тəтті уымен
жайлап алатын тылсым күй кешетінің, осы таусылмас құштарлықты
одан сайын күшейтеді-ау... Əй, Майсара, қан тасытқан сезім... жо-жоқ,
желік қуанышын кеудеме шелектеп құйған жомарттығыңды ұмыта
алармын ба?
Құныққан маскүнемдей, əй, босай алмаспын-ау құшағыңнан, босай
алмаспын...
Сəулеш, Сəулетай! Неге кездестік? Былғанған ой-бойымнан тазара
алармын ба? Тазара алмасам, өзіңді қоса былғап кетсем ше?" Балта
Майсараның келгенін де, кіргенін де сезбей қалды. Электр қосқыштың
түймесін басып қап, люстраны жарқыратып жіберген Майсара диванға
тесірейе қарап теңселіп кетті.
"Əй! Мынау мас па?!" Балта атып тұрды. Майсара бұл көргелі
ішімдіктен ауыз тиетіні болмаса, жарытып ішпейтін.
— Не болды, Майсара?
— Маған ба, — Майсара шайқалақтап барып, қабырғаға сүйенді. —
Маған ба, маған... жо-жоқ, Балта, маған ештеңе болмайды.
— Ішіп алыпсың ғой.
— Іштім. Неге ішпеймін. Ертең сегізінші март. Ал, бүгін, бүгін,
Балта... мені ешкім құттықтамады. Ал, мен іштім... неге іштім бе?.. Ішкім
келді. Сонсоң жылағым келді... Ал, сен... Ал, енді күлем...
— Отыршы, Майсара! Май!.. — Балта сүйеп əкеп диванға
отырғызды. Пальтосын шешті.
— Мен... менің тарс есіммен шығып кетіпті. Май... Өйтпесе...
Сегізінші мартыңмен құттықтайтын едім.
— Сен, Балта, енді ұмытпайсың, ə.
— Ұмытпаймын, Май...
— Мен сені тостым, тостым. Терезеден қарадым. Қарап тұрдым...
Бəрі, бəрі əкелді. Еркектер гүл əкелді. Подарка... Сен жоқсың, Балта...
Сен қайдасың, Балта?
— Осындамын. Қасыңдамын, Май.
— Өтірік. Сен жоқсың! Сен басқа жердесің.
— Осы қазір осындамын.
— Келмедің. Еркектер əйелдерге... басқа əйелдерге гүл əкелді.
Терезеден көрдім. Василий Сергеевич те жоқ.
— Ол қайда?
— Василий Сергеевичті əкеткен... Ауруханаға салуға əкеткен... Сен
келмейсің. Қайда болдың, Балта? — Майсараның шаршаған, жылаған,
қызарған көздері жігітке азап тартқан періштенің жанарындай боп
сезілді. Өтірік айтып, бұлтара алмай қалды.
— Сəулені кездестіріп... Екеуміз қыдырдық.
Майсара көмейімен ыңыранды. Əлгі телмірген көздерге домалапдомалап жас ыршып шыға келді.
— Сəуле... Тағы да Сəуле... — Кеудесін сығымдай қатты күрсінгенде
люстраның жарығында жылтыраған домалақ тамшылар төмен
сырғанады. — Мен... мен сені құр ұмытты... келмеді деп... Сен Сəулемен
қыдырдың... Онда мені ұмытасың, Балта.
Майсара ағыл-тегіл еңіреді. Жаспен бірге мастығы да ыдырай
бастады. "Жылағанның аузы жаман" деген бос сөз екен. Майсара
жылаған кезде тіпті ерекше көріктеніп кетеді екен. Балта қасына
отырып, келіншекті құшағына қысты.
— Əу, Май, Майечкам, жыламашы. Қойшы, Майечка!
— Сен мені ұмыттың ғой?
— Жоқ! Ұмыта алмаймын.
— Рас па, Бал?! — Майсара бұлқынып жігіттің көзіне қарады. Сенген
болуы керек асыға сөйлеп кетті. — Бал, мен бар ғой, мен
махаббатымнан айрылып қалам ба деп сондай қорқам, сондай қорқам.
Мен үшін сен, Бал, бəрі-бəрісің! Өмірім, қызығым, қуанышым сенің ғана
қолыңда. Сенің ырқында ғана. Мен тек сені жоғалтпасам, сенен
айрылып қалмасам, басқа ештеңені қаламаймын. Маған саған деген
махаббатымнан қадірлі түк жоқ... Мен саған қажет болсам, сені Бал, сені
қуанта алсам, онда ма, онда менен бақытты ешкім болмайды. Мен
саған ұнасам, үнемі ұнай алсам... сен менен жерімесең, Бал, онда мен
тек өмір үшін жаралған, сүю үшін жаралған жер бетіндегі ең
тағдырына разы жалғыз əйелге айналар едім. Маған жұрттың сөзі,
кіналауы, жазғыруы өтпейді. Өйткені сен маған бүкіл қауымнан да,
бүкіл жұрттан да, барлық ғұмырымнан да артықсың. Қадірлісің! Менің
туыс-туғаным, ағайын-жақыным, құрбы-құрдасым — өзің ғанасың, Бал!
Сыртымнан мені қаралай берсін! Қара күйесін жаға берсін! Мен сені
көргелі тазамын! Саған кездескен сəттен бері менің иненің жасуындай
қараулығым болған емес! Сен мені ұмытпасаң, Бал, сен мені ұмыта
қоймасаң, Бал, мен, мен сен үшін бəріне... бəріне дайынмын. Ал, бүгін...
сені көп тостым. Сен мені ұмытты деп ойладым. Содан... ресторанға
бардым. Завзалом менің подругам. Ол мені құттықтады. Ол мені
коньякпен сыйлады. Ол да жалғыз. Мен... мен, бүгін, Бал, сондай
жалғыз болдым. Сені іздедім, Бал! Мен сені іздеп жыладым, Бал!
Подругам екеуміз қосылып жыладық. Ол өз күйігін арақпен көмді. Мен
ше?.. Мен де күйік тарттым. Сен, Бал, əйел жүрегінің еңірегенін
тыңдасаң ғой. Жүрек шері ғаламат! Ғаламат, Бал! Өмірден мүлде
түңіліп кетесің ондайда. Өзіңді өзің тұзаққа аса салғың келеді, Бал... Сен
ұмытпадың ғой мені, Бал?
— Ұмытқам жоқ, Май...
— Рақмет, Бал! Жо-жоқ, мен саған кінə тақпаймын. Кейде тірліктің
запыран ішкізетіні болмаса... сен менен жерімесең, мен қандай
бақытты əйел болар едім. Беге болар едім деймін. Мен қазір — керемет
бақыттымын, Бал! Кеудемде жаз күні шуақ төгіп тұрғандай.
Жанымның елжірегенін білсең! Анасына еміренген, қол жайған сəбидің
күлкісіндей денемде дуылдаған қанның тасқыны!
Сен мені ұмытпашы, Бал!..
Балтаға Майсара осы сəтте еш бүкпесіз ашылуымен, ұрғашылық
шындығымен, жайдарыланған жан тыныштығымен асқақтап, биіктеп
кеткендей сезілді. Өзін əлденеге қораш тұтқан сезік оянды. "Мен мына
Майсараға да серіктікке жарамаймын-ау, сірə. Ниеті таза, қылығы жуас,
əрекеті адал. Мен ше... неге əурелеймін. Неге əрі-сəрімін. Бірде Сəуле,
бірде Майсара деп бұлқынам. Өзім ғана бұлқынам. Жүрек əмірі
берілмейді. Берілген жоқ. Неге солай? Мүмкін нағыз тасжүрек мен
емеспін бе? Менікі алашақ-берешекті ғана салыстыру сияқты ғой. "Қай
жағына бұлтарсам, қанша алам, қанша жоғалтам" дейтін есепқорлық
қана. Шын махаббат сананы сезімге жығып береді..
Майсара! Мен үшін жанынды да құрбан етуге дайын екеніңді білем.
Мүмкін соны пайдаланып жүрмін бе? Онда Сəулеге неге біржола бой
ұрмаймын. Əлде анау... тар қапас, техникалық сасық қуыс үрейлендіре
ме?.. Мені сол жүрексіндіретін шығар?"
Балта əрі-сəрі тірлігінің жауабын тапқандай болғанда, өзін-өзі жек
көріп, өзінен-өзі жиіркенді. Көң арасынан шыққан тірлік иесінің сол
көнді неге жаратпайтынын, неге жатырқайтынын енді түйсінді. Анау
тірлік анау қоңторғай тірлік құлатөбел тіршілік өмір бойы балалық
дəуренде де, өспірім кезде де өзін өзгелерден кем тұтқызған, өксіте
қорлантқан кебі екен ғой. Содан енді құтылдым ба, енді еркін бой
жаздым ба дегенде қайтадан бұрынғы таз қалпына түсуден жаны
ышқына безе қашады екен-ау.
— Майсара, тұр. Етігіңді, киіміңді шеш.
— Сен тамақ іштің бе?
— Жоқ.
— Мен торт пісіріп кеткем.
— Мен кухняға кіргем жоқ.
— Еһ, Бал, Бал! Сен менсіз тамақ та ішпейсің, ə? Сен мені тостың ғой,
ə? Мені ғана!..
— И-иə...
Майсара қуанды. Орнынан атып тұрды.
— Маған, Бал, сегізінші мартқа осыдан артық сыйлық қажет емес!
Мен ас дайындайын, шай қояйын.
Майсара шығып кетті.
"Сəулеге қандай сыйлықалсам екен? Ой, мен бүгін оны да
құттықтамаған екем ғой. Қап! Əй, Сəулеге ертең қандай сыйлық алсам
екен? Кулоны жоқ. Сол дұрыс болар. Ой, тəтті тамақтың исі келді ғой
мұрынға! Майсара керім кулинар! Бүгін арақ ішкені жарамады.
Өткенде бір жігіт "темекі тартқан қызбен сүйіскенше, пепельнцаны
сүй" деп күлдіріп еді. "Арақ ішкен əйелдің қасына жатсаң, закускаға
тойып ал" деу керек шығар. Əй, мынау əдемі шықты. Ұмытпайын.
Жігіттерді күлдіруге жақсы болды. Түу, шегім шұрқырап барады ғой.
Мəссаған! Сағат он екі. Сонда он бір сағат нəр сызбаппын ғой...
Сəулеш! Мені ойлап жатыр-ау. "Жастықтың өзі - сұлулық" дегенді
қай жазушы айтып еді? Білген-ау! Сəуле — ашылып келе жатқан жұпар
шашқан гүл!..
Кулон алғаным дұрыс болар. Сəл ақшам жетіңкіремейді. Жарайды,
анау шкатулкадан жиырма бес сом, елу сом алып қоссам... Майсара
қайта қуанады мен шығындалсам... "Бай келіншектің нансоғары".
Айтқыш-ақ. Айта берсін. Қызғаншақтың қайсысының аузына қақпақ
қоярсың. Іші күйсе, түз жаласын".
— Май! Май-еч-қа-а! — Айқай салды. — Дайын ба тамағың?
2
Василий Сергеевич екі күннен бері есік ашылса, басын көтеріп
алаңдаумен болды. Балта естіген сəтте жетіп келетініне сенімді. Ішінен
тек: "айтсам ба екен, айтпасам ба екен?" дейтін таласын жеңе алмай
жатыр.
Ақыры бəрі анықталды. Анализ түгел сол ауруды... бейдауа ауру ракты - дəлелдеп берді. Емханаға барып, қаралып жүрген. Аурудың
беті анықталған соң Төртінші басқарманың ауруханасының" жедел
жəрдемі" алды да кетті. Екі-үш күн дайындап, операцияға жатқызбақ.
Өмір... Өлім. Əткеншектің екі басы. Дүниеге келген адам түбінде бір
өледі. Бірақ жүрер жолыңды өткеріп барып, береріңді беріп барып,
молырақ тындырып барып көз жұмғанға не жетсін. Василий Сергеевич
өлімнен қорықпайды. Қорықпайды деу артықтау болар. Дəрігерлердің
шешімін естігенде онша үрейлене қойған жоқ. "Қандай жылдам еді!"
деген тіл ұшына оралған сөйлеммен таңданғанын білдіріп еді.
Немененің жылдам екенін ажыратпаған. Аурудың ба, əлімнің бе, əлде
дəрігерлер тұжырымының ба.
Сегізінші март та, Тоғызыншы март та өтті. Балтаның төбесі
көрінбеді. "Əй, ішіп қойып, машинасын соғып алды ма? Келер еді ғой.
Тойдан кейін неге жатпадым? Несіне асықтым? Мен үйде отырсам,
Балта ішпес еді. Əрине, ол мені сыйлайды. Жасқанады".
Есік тағы ашылды. Есік ашылғанда басын жұлып алып елеңдеген
қарияны көргенде палаталас көршісі шыдамады. Ішінен: "Əй, кімде
болса нағыз безбүйрек- ақ екен! Баласы əлде келіні болар. Осыдан
келсе, төбесі көрінсе, əй, оңашалап алып, сыбап берермін-ау!" деп өзіне
өзі уəде еткендей болды.
Сестра екен кірген. Шприцін дəріге толтыра келіпті, Василий
Сергеевичке үнсіз ым қақты. Бір жамбастаған шалдың күдірейген қу
сүйек жауырынын, қылқиған мойнын, тереңдеп кеткен желке
шұңқырын көргенде көршісі: "Қандай аянышты, қандай қиын жасы
жеткен дімкəс адамға" деп ойлады. Үшкір ине сүйекке қадалғандай.
Медбике қыз қаны бұрқ еткен жамбасты мақта тампонмен бір сүйкеді
де, тайып тұрды. Көрші жігіт қанның тоқтамағанын байқап қалды да,
айқай салды.
— Медбике! Бері қайтыңыз, сестра!
Медбике едірейіп оралды.
— Не? Сіз бе мені шақырған?
— Алдымен қанды тоқтатыңыз. Василий Сергеевич, откиньте,
пожалуйста одеяло... Əне, неге асығасыздар? Дұрыстап неге укол
салмайсыздар. Онсызда ауру адамды одан сайын ауыртқанда бірдеме
түсе ме? Сіздер ғой мейірім періштелерісіздер. Ал, мына
жасайтындарыңыз... — Жігіт күрсінді.
Медбике басқа мақта тампонмен укол еккен жерді біраз уқалады.
Ұяты бар екен, құлағының ұшына дейін қызарды.
— Рақмет, қарағым. Бара бер, — деді Василий Сергеевич, таза
қазақшасымен. — Сізге де рахмет, балам.
— Оу, атасы-ay, өзіңіз мығым шықтыңыз ғой! Түу, тіпті қызық
болды-ау. Қазақшаңыз ағып тұр ғой!
— Ол рас енді. Бір қақпайым бар, балам. Пайдасынан басқа зиянын
көргем жоқ тіл білгеннің. Қазақ дейтін тамаша халықтың дарқан
жанын жете таныдым. Өз тілімен сөйлеп кеткенімде өзімсініп іштарта
сен құсап қуанғанын көріп, талай мерейлендім. Өз тілін, туған ана тілін
ардақтау — халықтың дана қасиеті. Əсіресе, сендерде, балам, қазақ
жақсы көргенін сен дейтінін ескер, ана тілі яғни анамның тілі деген
əсем тіркес бар. Өйткені өмір нəрін ана төсінен сорып өссең, туған
халқыңның тілін ана əлдиінен, бесік жырынан ұғынасың. Сондықтан
ана тілі деу өте орынды.
Жігіт бір шынтақтап Василий Сергеевичке ұзақ сүйсіне қарады.
— Рақмет, ата. Немереңіз бар ма?
— Бар... — Шалдың кірпіктері айқасып кетті... "Қап! Жанды жеріне
бекер тиіскен екем" деп көршісі жастығына құлай кетті. — Бар,
немерем! Биыл институтқа түскен... Ə-ə, былтыр екен ғой. Бресте.
— Алыста екен... Келіп тұратын шығар?
— Жоқ. Ол шіркін папасы екеуі туған жерін, үйін ұмытқан...
Келмегендеріне көп болды. — Василий Сергеевичтің самайынан жас
сорғалады. Бірақ оны өзі сезіп жатқан жоқ. "Хабар бердіңіз бе?" деп
сұрағысы кеп тұрды да, көршісі ол ойынан тез айныды.
— Сірə, келініңіз сол жақтан болар?
— Иə. Егор Москвада МЭИ-ді, энергетикалық институтты бітірген.
Сонда танысқан ғой келінмен. Алматының ауасы жақпайды деп... Ол
кезде Алматының ауасы дəл қазіргідей ме еді... Тазалау еді ғой. Келінге
сылтау үшін керек болды ол. Кемпір-шал сопайып қала бердік. Мамасы
қайтқанда үшеуі бір рет келіп кеткен. Үш жыл бұрын... Бресте екі
мəрте болғам. Үшінші рет болуға міне, тағдыр да... келін де жазбай
отыр.
Күрсінді ме, əлде өксіді ме, дірілдеген кеуденің дыбысы айырғысыз.
Қария теріс қарап алыпты. Əлгі келеңсіз əңгіме қай-қайдағысын есіне
түсіріп, бітеу жарасының аузын алып кетті ме деп жігіт қысылды.
— Ата, əу, ата?
— Не, Серік? Бірдеме айтамысың? — деген жайбарақат дауыстан
көңіл орнықты.
— Сіздің ауырғаныңызды олар біле ме?
— Жоқ. Жұмыстағы, оқудағы адамдарды несіне əурелеймін.
Қолдары тисе, жақсы. Жер түбінен келу де қиын...— Вася атай күрсінді.
— Бəрібір келмейді... Шешесі, аналары өлейін деп жатқанда, үш
телеграмма бергенімде, өлгеннен соң əрең келген... Əй-й, Қазақ-тың:
"Əкенің көңлі балада, баланың көңлі далада" дегені менің Егорыма
айтылған. Жалғыз ұл еді. Бетінен қағып көрдік пе... Ехе-хе, Серікжан,
баланың қандай екенін өлеріңде ғана білесің. Қатыгез бе, қайырымды
ма, өлім ғана ажыратып береді. Қайырымсыз ұлдың салған топырағы
тоннадан ауыр болар. Мəңгілік үстіңнен басып, жаншып жатар... ехехе... Ал мен адамның қатыгездігінің қайдан нəр алатынын... мынау бас
ұнға тыққандай болды... əлі күнге шейін білмеймін, Серік балам. Кейде
ұзақ ойлаймын, ол мейірімсіздік ана сүтінен сіңе ме деп. Бірақ Анна
Михайловна, марқұм, бəйбішемді айтам, сондай елгезек сондай
мейірбан жан еді. Егорушка кішкентайында тіпті мейірлі болатын.
Мен базардан тауық əкеліп, ұмытпасам, май мейрамы қарсаңында...
онда Тастақта өз үйімізде қазақтардың арасында тұратынбыз.... əлгі
тауықты əкеліп, басын балтамен шауып кеп қалғанымда, тауықтың
денесі ыршып секіріп тулаған... Соны көрген Егорушка өксіп жылап
еді! — Шал тағы күрсінді... — Тауық етін жемей қойған. Мүмкін сонда
ұлымның көзінше тірі жандықты аяусыз өлтіріп, жауыздық танытып
алдым ба екен... Кейде əр əрекетімізді ойланбай жасай салатынымыз
бар-ау. Ехе-хе! Əкенің бақытының не екенін білесің бе, Серікжан? Ол
дегенің баласының жанарындағы ата-анаға бағышталған мейірімнен...
махаббаттан жанының жылынуы ғой. Дүниеде бала жанарынан
сезімтал не бар. Жаныңды сүйінтетін де, күйінтетін де сол мөлдіреген
жəутең көздер ғой. Соған жас келмесе екен, кірбең шалмаса екен, мұң
оралмаса екен дейтін тілек бүкіл ғұмырыңның мағынасына айналмай
ма. Ал, сол жанар, ұлың жанары саған шатынай қадалса, сенен мейір
күтпесе, саған еркелік танытпаса... онда... онда оның сүйіспеншілігін
сұрап алам деу... сатып алам деу бос əурешілік Серікжан. Ехе-хе...
Сенбеймін! "Ұяда не көрсе ұшқанда соны алады" деген тұжырымға
сенбеймін. Адалдыққа үйретпедік пе біз? Тазалықты бойына сіңірмедік
пе біз? Егорушкаға біреуге қылдай қиянат жасатпауға тырыспадық па
біз. Анасы Анна Михайловна қандай адам еді! Ангел, періште ондай
болмас. Ал соншама тəрбиенің нəтижесінен не шықты. Бір шүйкебас
бəрін төңкерді де тастады. Ехе-хе, тəрбие дейміз, тəлім дейміз.
Мектепте де кінə бар. Барлығы қағаз бойынша. Бала біткенді бір
қалыпқа құйғандай етіп шығаруға құлшынады кеп, өршеленеді кеп...
Ехе-хе. Кірпіш емес қой. Ойы, қабылдауы, сезімі бөлек. Ал, бізде
мектепте, балабақшада, институтта: "Болмайды! Рұхсат жоқ! Тəртіп
сақта! Айтқаннан ауытқыма! тəрізді тежеулер басым. Сол кезде бұзып
алып жүрміз бе екен...
Василий Сергеевич содан кейін үндеген жоқ. Түскі тамаққа дейін
басын да көтерместен, көршісімен де сөйлеспестен, газетті де
қарамастан бүк түскен күйі жатып алды.
"Қиналады екен-ау. Жалғыз ұлдан қалған көңілді енді кім тағы
алаңдатып жүр екен? Қарияның шыдамсыз тосатын біреуі бары анық.
Ұлынан да артық көретін тəрізді. Бүгінде туған туыс емес, ұғынысқан
туыс дейтін ақиқатқа айналып барады. Кім де болса, жаны ауырған
байғұсты одан сайын бүрістірмей,тезірек келсе екен. Рак екенін сол
шіркін біле ме екен? Білмейтін шығар. Ал, Василий Сергеевичтың рухы
мықты! Өлем-ау дейтін түңілуі жоқ".
Шалға тамақты палатаға əкеліп береді. Түстен кейін де орнынан
қозғалмай жатып алды.
— Василий Сергеевич, қыдырып келмейміз бе?
— Рахмет, Серікжан. Бүгін соған көңілкүйім болмай жатыр. Өзің
бара бер, балам.
Есік алдына шығып, аулада бір-екі рет айналған Серік палатасына
тез қайтты. Василий Сергеевич əлі сол бүріскен қалпынан айнымапты.
— Тез оралдың ғой, балам? Осы бүгін келушілерді жіберетін күн бе
еді?
— Жоқ, ата. Бүгін бейсенбі. Кеше сəрсенбіде кіргізген. Енді демалыс
күні -жексенбіде жібереді.
— Ə, жөн-жөн...
Сөйткенше палата есігі тықырлады. Вася атай елеңдеді. Серік
"Кіріңіз!" деді. Есіктен Сергей Туров мен Қадірбек кіріп келді.
— Ата!
с Василий Сергеевич!
— Оу, менің сұңқарларым! Жоғарылатыңдар! Төрлетіңдер! — деп
Василий Сергеевич басын көтерді.
— Сəламатпысыз, атай?
— Қалайсыз, дедушка?
— Мен бе? Оу, менікі, ұлдарым-ау, үйреншікті ыңқыл-сыңқыл ғой.
Өздерің қалайсыңдар? Менің жатып қалғанымды сендерге Балтажан
айтқан ғой.
Сережа мен Қадірбек бір-біріне қарады. Екеуі де бірдей бас изеді.
— Əрине, Балта Мұқатовичтан естідік.
— Сіз ауырып қалды деп... Балта Мұқатовичтың, біздің меншікті
шефтың қабағы түсіп кеткен соң біз мынау Қадир ибн Бек екеуміз
өзіңізге тартып кеп кеттік.
— Өзі қайда?
— Балта Мұқатович па? — Қадірбек күмілжіді.
— Сен білмейсің, ибн Кадири, ол шефты үлкен шеф бүгін
Академияғадағы жиналысқа алып кеткен. Бірге келмек болғанбыз.
Бүгін конференц-залда үлкен мəжіліс бар сияқты. — Сережа
қолындағы торын тізесінің үстіне қойып, қып-қызыл алмаларды
тумбаға салды. — Мамам сізге витамин қажет дейді. Ал, мынау, дед,
тұздалған саңырауқұлақ. Өзім тергем. Нағыз ем. Осыдан ауыз тисеңіз,
жазылып кетесіз. Мен сəл сырқаттансам, осы саңырауқұлақпен
емделем.
— Рақмет, Сережа. Менің саңырауқұлақты жақсы көретінімді
білгендей əкеліпсің, — деп сіңірлі саусақтарымен Сережанын білегін
қысты.
Қадірбек қара сумкасынан кастрюльді шығарды.
— Ата, менің мамам да... сіздің қазақша етті ұнататыныңызды біледі.
Суымапты. Қазір жейсіздер ме?..
— Əй, Қадірбек! Мамаңа алғысымды жеткіз. Сережа, сен де мамаңа
менің ризашылығымды білдір. Жейміз. Серікжан екеуміз бір
тойлайтын болдық.
— Ата, көп жатасыз ба?
— Білмеймін, Қадірбек. Біраз тексеретін шығар тағы. Бір кішірек
операция жасаймыз дей ме... дəрігерлер біледі ғой, — деп атай кейін
шалқалай беріп еді, Сережа мен Қадірбек жастығын жотасына төседі.
— Ем-дом жаман емес. Ширап қалдым. Шипасын салса, айығып
тұрармын... Майсара жеңгелеріңді көрмедіңдер ме?
— Көрдік...
— Көргенде біз, дед, Майсара Тілеуғариновнаны мерекесімен
құттықтағанбыз.
— Оларың өте дұрыс болған, балалар.
— Ата, қандай дəрі керек? Мүмкін табылмайтыны болса... —
Қадірбек қып-қызыл боп ұялып кетті. "Əй, тағы бүлдірдім. Бұлар ғой,
əсіресе, Сережа, мен папамды айтып отыр деп ойлайды. Жоқ, мен бүкіл
аптекаларды аралап шықсам да табар едім".
— Дəрі жеткілікті мұнда, Қадірбекжан. Оған əуре болма... Балта
жиналысқа кетті дедіңдер, ə... Өзі жүдемеп пе?
— Кім, шеф па? Қайдағы жүдеген! Екі беті тұп-тура тамбуриндей!
Жоқ! Біздің шеф жүдемейді. Нервісі мықты! Жүдеу білмейді.
— Операцияны қай жеріңізге жасайды, ата?
Василий Сергеевич естімеді ме, естігісі келмеді ме, тумбочканың
аузын ашып екеуіне бір-бір алмадан ұстатты.
— Əне жерде су бар. Жуып жеңдер.
— Ну, дед! Өзіміз əкеліп, өзіміз жейміз бе?
— Сендердің көңілдеріңе тойдым, балалар. Сендердің жегендеріңе
қарасам, өзім жегендей болам.
Қадірбек алмаларды жуып əкелді.
— Дед, сіз қай жеріңізге операция жасайтынын айтпадыңыз ғой?
Ауыр операция емес пе?
— Жо-жоқ! Жай əшейін бір профилактика үшін ғана дейді. Əйтпесе,
жатам ба. Ау, қараңғы болып кетіпті ғой. Қайтыңдар онда. Ертең
жұмыстарың бар.
— Тез айығып шығыңыз, ата!
— Дед, біз тауға барамыз деп ек қой. Барамыз, дед!
— Барамыз, немерелерім...
Қадірбек сыртқа шыққан соң да біразға дейін көңілсіз келе жатты.
Ақыры жаңбыр бүріккен асфальтқа түкіріп тастады.
— Неге шынымызды айтпадық? Конференц-зал... шеф... үлкен
мəжіліс... Сенің аяқ астынан шұбырта жөнелген ертегіңе Вася атай сене
қоятындай...
— Сенеді. Өйткені ол кісінің көңілі соны ғана қалайды. Балтаның
жақсы болғанын тілейді. Əлі де үмітті одан. Ал, сен, Қадірбек... Əрине,
атайға қиын. Қатты қиналады. Рак екенін біледі. Ал рухы мықты.
Шіркін осындай жандарға бейдауа ауру қайдан келеді екен!..
— Балтаны іздейді... Қатты бауыр басып қалған. Сережа, екеуміз
ылғи келіп тұрайықшы, ə?
— Келеміз, келіп тұрамыз? Ал, Балта Мұқатович. Ох, қалай өзгерген!
Қандай өзімшіл!
Осыдан кейін екеуі де үнсіз қалды.
Сегізінші мартта Майсара Тілеуғариновнаны құттықтап шықпақ боп
келіскен-ді. Екеуі гүл базарынан бес тал қызғалдақ сатып алып,
басқышпен екінші қабатқа көтерілген. Электр қоңыраудың түймесін
біраз басқан. Сағат күндізгі үш. Бір жаққа кетіп қалды ма деп те
күдіктеніп еді, ақыры есік ашылып, ар жағынан екі көзі бұлаудай ісіп
кеткен Майсараны көрген.
— Майсара жеңеше!..
— Майсара Тілеуғариновна!..
Одан əрі екеуінің де дымы өшкен. Ал, Майсара, Майсара
Тілеуғариновна өкірген күйі кейін бұрылып, залға кіріп кеткен.
Екеуі екі жақтап келіншекті əрең жұбатқан. Орамалы шылқыған су
болған Майсара мына екі жас жігітке күйігін шағып, опасыздық
көргенін баяңдаған.
— Балта... Түнде ғана сені сүйем деп... Қандай сеніп едім! Неге
алдайды? Сережа, Қадірбек айтыңдаршы еркектің бəрі солай ма? Бəрі
алдағыш па? Түнде басқаша айтып, күндіз жалт бергені қалай?
Алдымен ертемен ауруханаға телефон соққан. Мен Василий
Сергеевичтің жағдайын, халін білді ғой деп қуанып едім... Сөйлесіп
болып, кірді. "Василий Сергеевич рак екен" деді. Жүрегім шаншыды.
Василий Сергеевичті сондай аядым. Ал ол... ex, Балта, Бал!.. Қандай
қатыгез! Қуанатын тəрізді. Алақанын алақанына уқалап-уқалап
жіберді. "Вот и везение! Пəтер маған қалады!" дегені. Содан бір жаққа
шығып кеткен... Мен... мен көп тостым. Тағы тостым. Əйел халқы тек
тосуды ғана біледі. — Майсараның қайтадан иығы селкілдеді. —
Жыламайын десең де, ызаң келеді. Бір кезде ол... ол келеді екен...
Терезеден қарап тұрғам. Біздің терезе подьездің дəл үстінде. Қасында
кім дейсіңдер ғой? Сəуле! Қолында гүлі бар... Нағашы-жиенді боп мені
құттықтағалы келе жатқан шығар деп ойладым. — Майсара одан əрі
еңіреп жылап жіберді. Диванға бетін төсеп солқылдап ұзақ жылады.
Қадірбек те, Сергей де көпке дейін жұбата алмады.
Қадірбек ас үйден су əкеліп ішкізді.
— Жеңеше,
жұқартпаңыз.
жылағаннан
түк
өнбейді.
Жүйкеңізді
босқа
— Сонда олар қайда? — деді Сергей Туров.
— Отыр... Василий Сергеевичтің пəтерінде екеуі тойлап отыр... Ех,
Бал, Бал! Қандай қатыгез едің! Маған көрсетпей, басқа жақта жүрсең...
Көз алдымда, дəл іргемде жасағаны мынау.
Сергей басын шайқады. Балтаға көңілі біржола қалған еді. Қадірбек
орнынан асыға тұрды.
— Қайда барасың? Тоқта!
Қадірбек қолын бір сілтеді де, есікке беттеді.
Василий Сергеевичтің есігін қағып-қағып жіберді.
Есік сарт ашылып, Балта көрінді.
— Сен бе, Қадірбек?! Не боп қалды?
— Сіз... сіз... сіз...
— Иə! Мен... Алдыңда тұрмын айта бер.
— Сіз нағыз жауызсыз, Балта аға! Жоқ, аға емессіз. Аға бола
алмайсыз.
— Сол ма бар айтарың, Қадірбек? Соған бола есікті сындыруға бола
ма, — деп Балта күлімсіреді.
— Əттең, Вася атайдың пəтері, əйтпесе...
— Жоқ, Қадірбек! Енді бұл менің пəтерім! Менің! Василий Сергеевич
бөлмесіне ақтық рет шалқалап кіріп, шалқалап қана шығады.
Сондықтан, Қадірбек бауырым, мен өз меншігімді сұмдық қорғағыш
жанмын. Сен есікті емес, менің басымды соқтың əлгінде. Оман да
шынтуайтқа келсек есіктен гөрі басымды соққылағанын əлдеқайда
тиімді. Краска... бояу дефицит бүгінде.
— Оны да жасармыз. Соғу қашпас, — деп Қадірбек күрсінді.
— Ой, тілің шыға бастапты. Сонда сен үлкенге қол көтермекпісің,
Қадірбек? — деп Балта еп-ерсі көзін бақырайтты.
— Жауыздықты тұмсықтан соғып қана тұқыртады.
— Сол тұмсық кімдікі боларын білмей тұрсың-ау.
— Балта, кім ол? — Ар жақтан алжапқыш таққан Сəуле жақындап
келді. — Сəлеметпісіз. Неге кірмей тұрсыз?
— Сəулетай, сен асүйге бара бер. Бұл жігіт адресті шатастырып
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.