Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06

Total number of words is 3918
Total number of unique words is 2403
30.4 of words are in the 2000 most common words
43.2 of words are in the 5000 most common words
51.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жармасқандарды қағып-сілкіп шаңға аунатып тастамасаң, қойнықоншыңдағы байлық құмдай сауылдап, қолыңдағы билік сусып шығып,
бауырыңа басқан кермиықтар ту сыртын көрсетіп, безіп кетпей ме.
Ұрыста тұрыс болмайды. Ендеше Қоблан бала өз кесегін өзі
жасапты. Мəкең бастаған алып составтай жүйткіген топтың жолын
кеудесін тосып бөгемек ақымақ. Зымыраған ауыр салмақты поезд
елбектеген немеңе қарай ма, парс еткізіп соғады да, қан-көбелек
ойнатып ұшырып жібереді. Обал-зауалы, əрине, өзіне. Өзінің
көзсіздігіне. Сарылдап екпіндеп келе жатқан жүрдек локомотивтің
жолында тұрмауды білмегендігінде.
Бірнеше жыл станцияда кезекші боп істеген Тұрғанның көз алдына
прожекторы жарқыраған көкшіл электровоз елестегенде, соның
алдында тұрған құмырсқадай ғана боп дірілдеген Қобландының міскін
денесі мүлде шөгіп бара жатты. Тұрғанның жүзінде күлкі табы биледі.
Үнсіз ойға шомған серігін манадан бағып отырған Мақан тізесінен
салып қалды. Анау селк ете түсті.
— Ə-ə, не? Не айтасыз, Мəке?
Мақан суық қалпынан жібімеді.
— Конституция туралы баяндаманы сен жасайсың!
— Ойбай-ау, əлгіден... аңнан кейін... жол болып көлденең салып
əкелген соң сол жиналыс бола қояр ма екен, — деп қиялмен шарықтап
кеткен биігінен топ етіп жерге түскен Тұрған өмір тауқыметінің
салмағымен еріксіз шырылдады.
— Жиналыс емес, колхоз еңбеккерлерінің тойы. Қауырт еңбектен
кейін бой жазады олар. Сол қуанышын біз жасаймыз. Біз береміз.
Біздің міндет солай.
— Əлбетте ғой. Сөйтеміз ғой. Онда маған баяндамаға дайындалу
керек енді. Тығыз-таяңдау, əрине, — Тұрғанды баяндама жағдайы
қинай бастады.
— Сен əлгінде жолымыз болса дегенді неге айттың? — деп Мақан
қатайды. — Былқ-сылқ етіп босасаң, оныңды айт. Сенсіз-ақ бірдеме
етеміз.
— Ойпырмай, Мəке-ай, ауыздан байқаусыз, ретсіз шығып кеткен сөз
емес пе? Əйтпесе мен бірден бас шұлғыдым ғой.
— Байқа, Тұрған! Соңғы кезде тым керелеп барасың.
Тұрғанның көздері шатысты.
— Апырау, Мəке-ау, өздеріңіз емес пе... "бізді білмеген, танымаған
бол. Өңіңді берме. Суық қара" деген. Керелеп... Неме жетісіп сөйтем.
— Иə, сен жетісер ештеңе жоқ. Көмейлеп жұтқаннан басқа
тырнағыңды да қимылдатқан жоқсың əлі.
— Мақан диванның шетіндегі жастыққа қол созып, қолтығының
астына басты да, көлбеп қисая кетті.
— Рас, рас, Мəке! Оныңыз рас. Түбі тергеусіз дүние жоғы белгілі. Құр
аяққа бата жүрмейді дегендей менен де дəметкеніңіз дұрыс, — жанжағына алақтаған Тұрған жерде жатқан жейдені көтеріп, Мақанның
иығына жапты. Анау оны қайта серпіп тастады.
— Осы жолғың — сынағың! Суылдай бермей іс тындыр. Бар, жөнел!
— Сау болыңыз, Мəке! Апырай, мына жатысыңыз. Ең болмаса
жуынып алсаңыз... Əлде қазір біздікіне барсақ, Мəке!.. Тамақ дайын.
Бөтен ешкім жоқ... — Мұрнын жыбырлатып, танауына келер ас үйден
дəмді иіс таппады ма, батыл кетті. — Бүгін мұнда, əй, жағдайыңыз бола
қояр ма екен?!
Мақан басын көтеріп алды. Көздері қанталап, жүзі долырып кетті.
— Шық үйден! Жоғалт қараңды!
3
— Вася атай, бүгін Балтаны шығарады.
— Рас па, кеше барғанымда өзі маған ештеңе айтпап еді, — деп есік
ашқан Василий Сергеевич Майсараға "ішке өт" деген ишаратын
қолымен көрсетті.
— Мен əлгінде бас дəрігермен сөйлескем! "Киімдерін əкеліп, алып
кетулеріңізге болады" дейді.
— Кеше ғана түскен сияқты еді. Əрине киімдерін апару керек. Анау
қара костюмын өтектеп қойғам. Плащ керек... Онысы жоқ. Күздік
қыстық киімдерін ауылына шешесінікіне тастап кеткен, əлі
алдырмаған. Алуға үлгермеді. Ал, мен... Ойыма да келмепті. — деп Вася
атай қайта-қайта басын шайқап өзіне өзі кейіп тұр, — Қартайғанмын...
Əйтпесе ескеруім керек еді... Жатып қалған сырқат адамның мұршасы
да келмейді...
Ə-ə Майсара... қызым-ау, былай өтсеңші!.. Есік көзінде тұрып
алыппыз ғой. Қонағы аз үйдің салтын жасадым-ау... Мен дастарқан
жайып жіберейін... Шай дайын. Кеше заказ столынан үнді шайын
алғызғам. Балта сондай жақсы көреді кілегей қатқан үнді шайын.
— Ата, əуре болмаңыз...
— Жо-жоқ, қызым, қазақ "қуыс үйден құр шықпа" дейді. Болмайды,
қызым.
Василий Сергеевич шайды ғажап баптайды екен, қызыл күрең
шайдың дəмі таңдайдан кетпестей. Маңдайы жіпсіген Майсара
батылданды.
— Вася атай, мен... мен сізбен ақылдасайын деп ем, — дей беріп
кідіріп қалды.
Василий Сергеевич қасын керді.
— Неге бөгелдің? Ақылдасқаның дұрыс. Біздің орыста: "Бір бас —
əсем, екеу болса — көсем" деген мақал бар. Қысылма, қызым.
— Айтайын дегенім: Балтаның күздік киімдері бар ма, жоқ па деп...
Кеше плащ, костюм, жылы жейде алып едім...
— Оның жөн болған, қызым, жөн болған, — деп Василий Сергеевич
балаша қуанды. — Менің қатемді сен түзетсең, қызым-ау, оған бас
изегеннен басқа не айтам, Балтажан үшін жан пида деп жүргенде... Ə-ə,
дұрыс жасағансың, Майсара. Дұрыс! Мынау ауа райы да жасы жеткен
қарттың көңіліндей босайды да тұрады, сорғалайды да тұрады.
— Балта қалай қарайды екен? Неге алдың деп... Əлде киімдерді, ата,
сіз берерсіз?
Василий Сергеевичтің санасына əлдебір тықыр енді жеткендей,
аузына апара берген шайдың шыныаяғын столға қоя салды. Үңіліп
Майсараға шүңірек көздерді тесілтті.
— Иə-ə! Балтаның тіксінуі əбден мүмкін. Оны мен білем ғой,
Майсара. Ешкімге тəуелді болғысы келмейді. — Қария үнсіз біраз
отырды. — Жылы киім керек оған. Несі бар, екеуміз де бөтені емеспіз,
қызым. Апарайық.
Есік аузында əнеугүнгі кезекші əйел тұр екен. Майсараны көргенде,
əкесі тіріліп келгендей қуанды.
— О-о, сіңлім, сіз екенсіз ғой! Келіп қалыпсыз! Денсаулығыңыз
мықты ма? — Қалбалақтап келіп Майсараның қолындағы дəу қара
сумкаға жармасты.
— Маған беріңіз. Липтіге апарысайын. Ой, мынауыңыз зілдей ғой.
Сіңлім-ау, сізге мынандай нəзік талдырмаш денеңізбен ауыр көтеруге
болмайды ғой... Бір жеріңіз... Сізге тек сыртыңыздан қарап тамсанып
қана тұру керек қой. Бері өтіңіз, бері!
Қара сумканы бір қолымен көтеріп, екінші қолымен алыстан
сағынтып оралған туған қызын жаңа көргендей Майсараны қаусыра
құшақтап қозғала бергені сол еді, кілт тоқтады. Артына жалт
бұрылғанда көздері шатынап, қабағы қалыңдап түйіліп кеткен еді.
— Əй, шал, істəрік кода пошел! Əрі! Өңмендеп осы шалдар-ақ
өлермен! Қалталарында көк тиын жүрмейді. Жүрмейді емес, бермейді.
Бес тиынынан айрылса, өліп қалардай сараң боларын қайтерсің
шетінен. Кода? Кода? Нылза пасетителам! Глауным врачом уругаеться.
Осы бір көк көз шалдар əсіресе зəкүншіл-ақ. Бəрінен де алақандары бір
ашылмайды. — Əйел қапшықты қоя салып, ертегінің жауға ұмтылған
батырларындай омыраудағы төңкерілген тостағандай екі төмпешігін
солқылдатып кеуделей ұмтылды.
— Əй, қарындас-ай, қарындас!.. Менің алақаным ашылмайтының
қайдан білдің. Егер саған пасететелдердің тиын-бақыры нəпаха болса,
міне саған төрт бес тиындық. Енді өтуіме бола ма? — деп Василий
Сергеевич жиырма тиынды жарқырата көрсетіп, кезекші əйелдің
қолына ұстата салды. Анау аузы аңқия ашылып денесін шегелеп
қойғандай қозғалар емес тиын түскенде ғана ес жиды.
— Ойбай, көтек! Төбеңнің тесігі бар екен-ау!
— Төбемнің тесігі болса, айран құйып ішейін деп пе едің —деп Вася
атай белгілі анеқаотпен жауап қайырды.
— О не дегенің, істəрік... Ə-ə, қария. Бізге тапсырылған жұмыс —
рұқсат қағазсыз палаталарға ешкімді жібермеу. Ауруханаға кім
көрінгенді өткізе берсек — о-о, инспекция қаптап кетеді дейді.
Инпексияны білемісің! Ол — адамзаттың нағыз қаскүнем жауы...
— Аларыңды алдың ғой, қарындас, енді өтуіме бола ма?
Əйел қайта шамданды.
— Мен ешкімге қарындас емеспін. Ағамды қу соғыс жұтқан.
Жалғызбын. Күйеуім арақтан өлген. Қолымда мүгедек жарымжан
қызым бар. Отыздан асса да мойнымда отыр. Арақтың кесірінен шала
есті боп туған дейді дəрігерлер.
"Аларыңды алдың" деп мұқатпақсың ғой. Айта бер, мұқата бер,
істəрік. Менің жетпіс сом жалақым неме жетсін. Қазір қымбаттамаған
не қалды? Ананың да бағасы шапшып, мынаның да құны өсіп, тақияда
тамтығымды қоймай баратқан соң, осылай алақан жаям. Қайыршы
десең, қайыршымын! — Əйел долырған жүзін жаспен жуыл алды да,
алақанының сыртымен əйелдерге тəн қимылмен көзінің екі ұшын
сүртіп тастады. — Өте бер! Неғып тұрсың. Кімің жатыр еді? — деп енді
жайбарақат күйге көшті.
— Балам!..
— Е-е, байғұс-ай! Бағанадан солай демейсің бе? Мə, мынауыңды өзің
ала ғой. Сендей пенсионер шалдардың жағдайы менен онша озып
кетпегенін білем, — деп əйел тиынды қайтармақшы болып еді,
Василий Сергеевич қып-қызыл боп бұрылмай өте шықты. — Қап!
Ұятың барын білгенде... Қол қысқалық не істетпейді адамға. Анау
бишара қызым демесем, баяғыда-ақ мынау жалғанмен қош айтысар
едім. Шылбыр ұзындығындай жіп таба алмай жүргем жоқ, əйтпесе.
Сол күңкілдеген күйі келіп, қара сумкаға қайта жармасты.
Майсараны көріп, есіне əлдене түскендей, қалт тоқтады.
— Əй, қызым, айналайын көп тосқызып қалдым ба. Жалғызілік
жанның осындай бейапар мінезі де, ашқарақ тірлігі де болады. Кешір,
қарағым. Сендер көрмеңдер біз көрген қорлық ғұмырды. Анау байғұс
шалды көзін көгертіп тұрып сөгіп жатсам, өзінің түбін түсіретін
қазақшасы бар екен. Жаман ұялтты. Қайбір жетіскеннен
шапылдаймын. Жүр, жүре ғой. — Анадайдан дауыстады. — Əу, Маша
падруга! Липті готоу. Мынау қызым — менікі детка! Шетіберти етаж.
Соңдарынан ілескен Василий Сергеевичқа қайтадан алара бұрылды.
— Ал, сен, істəрік... Бұл орысшаға үйреніп кеткен ауыздың əдеті осы.
Араластырмасаң сөйлей алмайсың. Сен анау баспалдаққа... леснисаға
бар. Лепті служебни.
— Василий Сергеевич менімен бірге келген. Менің... атам, — деді не
күлерін, не күлмесін білмей тығылған Майсара.
— Көтек! Бетім-ау, манадан айтсаң ғой... Əй, ақымақ басым!
Екеуіңнің бірге кіргендеріңді көрдім. Мені қайдан қара басты, ə! Оу,
ақсақал, онда қалма бізден. Липті үлкен. Бəріңізді көтереді. Маша, уот
ети шалабеки моя уродетібенник. Сестірə моя! Липті əтбези. Қарашо!
— Майсараға мағұрлана қарады. "Менің де кім екенімді көрдің ғой!"
дегендей кеуде керген түрі бар. — Маша пəдругам. Айтқанымды екі
етпейді. Апырай, сіңлім, осы өзіңізді... өзіңді сондай жақсы көріп кеттім.
Тап, бар ғой, туғанымнан артықсың. Тіфə-тіфə! Тіл-көзден сақтасын!
Аман жүр, əйтеуір. Қазағымнан туған дəл сендей қарақат көзі
мөлдіреген аяқ-қолы түп-түзу, үріп ауызға салғандай əп-əдемі
қыздарды көргенде, ішімнен ал кеп мақтанам. Мақтанбай, бізде де
мынау деген сұлулар бар болса.
Қара сумканы лифтіге қойып, өзі кейін шегінді. Майсара тұсына
жанасқан əйелдің қолына елу сомдық тұтас жасылала қағазды қыстыра
салды.
— Бұ не?
Əйелдің көзі бағжаң етті. Үш саусақтың арасындағы ақшаға
құбыжық көргендей состия қарап өтіп, Майсараға дүрсе қоя берді.
— Сіңлім! Мынау қылығыңа жол болсын! Сен мені кім деп тұрсың, ə!
Күнін көре алмай жүр деп пе ең. Аз,алам. Өқаа болса айлық алам.
Өкіметім тұрғанда жоқшылық тауқыметін тата қоймаспын. Адамды...
кісіні өстіп те қорлай ма екен, сіңлім! Əлгіндегі қайыршымын
дегеніме... Неге қайыршы болайын! Мə! Көрсетпе екінші бұндайыңды.
Өзіңді сондай ұнатып қалсам, көңілімді қалдыратындай не істедім
саған. Есік күзеткен дежурниды адам емес деп кім үйретті.
Əйел қатты абыржып, тіл қата алмай қипақтап тұрған Майсараның
елу сомды алақанын ашып салды да, басын қайта-қайта шайқап өз
орнына теңселе басып жөнелді.
Василии Сергеевич Майсараға кіналай қарады. Екеуі де Маша
лифтершаның алдында кінəлі жандай көздерін жасырып, кабинаға
кібіртіктеп аттады.
Кезекші əйел əлі күбірлеп жүр.
"Елу сом. Жасылала қағаз. Тұтас елу сомды өмірімде ұстағаным осы
шығар. Не деп берді? Соншама қыруар қаражатты қиналмай-ақ сұға
салды. Ғани Құлтановичтың қарындасы екені рас болды. Əйтпесе
ақшаның парқын білер еді. Адамды аямайды-ау, бұлар, аямайды.
Жүрегім жарылып кетпегеніне тəубе...
Неге алмадым?.. Ғайшкенге пəлте əперетін едім. Қыс болса
дірдектеп сыртқа аттап шыға алмай отырғаны... Алмағаным дұрыс
болды. Қайта бетің бар, жүзің бар демей айтып-айтып тастамаған екем.
Ыбылжимын да жүрем. Мықтының мысы басады да, тəйірің.
Əйел ағыл-тегіл жылады. Екі иығы селкілдегенде, қомақты қос
өркеші солқылдады. Пора-пора жас жалпақ майлы беттің екі ұшынан
кедергісіз сауылдады.
4
Əдемі келіншектің жетінші палатаға күнде келетініне аурухана
қызметіпілері де, палатадағылар да тегіс үйренген. Қайта ақ маңдайы
жарқыраған, бота көздері мөлдіреген ақ жұқа жұмсақ бұғағы енді-енді
біліне бастаған құмырсқа бел Майсара əдеттегі уақытынан сəл кешіге
бастаса, шеттерінен тықыршитынды шығарды. Ондайда Төлегенов
яғни Мақсұтбек ағай қасындағы кереуеттес көршісімен ойнап жатқан
шахмат тақтасынан басыл көтеріп алады.
— Балалар-ай, балалар, сағат қанша болды?
Палатадағылар қыран-топан күлкіге батады. Күлкі — терапия деген
рас. Бөлмеде көңілділік орнайды. Бəрінің көмейінде "Майсара неге
кешікті екен?" дейтін сұрақ кептеліп тұрады. Қабақ тасасынан, көз
астынан бəрі Балтаға қадалады. "Бір білсе, себебін сол біледі" дейтін
елгезек дəме де, "бұл қалай шыдап жатыр?" дейтін əуесқойлық та əлгі
жасырынған қарастардан сезіліп қалатын. Сөйткенше есік те ашылып,
ақ маңдайы жарқырап, бота көздері елжіреп ақ халатты Майсара кіріп
келетін. Сұлулық көз сүйіндіреді, көңілді тойындырады. Жамбастарын
төсек тескен жарақаттанған науқастардың жəудіреген қарашықтары
əсем тұлғаның əрқайсысы өздері ұнатқан мүшесіне сүйсіне қадалады.
Сыңғыр күлкісін кеуделеріне құйып алады. Хош иісіне, жұпар иісіне —
əйел тəнінің тылсымдай сиқырлы арбағыш иісіне танауларын елеусіз
тосып, құныға сіміреді.
Майсараның қомақты қара сумкасы "Мың бір түннің" ғажайып
қапшығына бергісіз. Қып-қызыл апорт та шығады, жіп-жіңішке
сервелат колбаса да шығады. Сауытының өзі неше алуан қаймақтың
түр-түрі, сүзбенің, ақ ірімшіктің əлденеше құтысы... бармақтайбармақтай мейіз... қызғылт сары апельсин, қара өрік сары өрік жаңғақ
— түбі жоқ-ау қапшықтың түбі жоқ! Балта да жомарт. Əлгі тағамдарды
түгел ортаға қояды. Тұра алмайтындардың төсегінің қасындағы
тумбочкаға үйіп тастайды.
Мақсұтбек ағаның əсіресе ұнататыны — қуырған тауық пен пепсикола. Басқасына пысқырып та қарамайды. Дөңгелете тураған қабырға,
туырылған қазыңызға кірпік те төңкермейді. Айтуынша, мал етінен
шошынған. Құс еті əзірше жеуіне жарап жатыр.
Майсараның өзіне көзін, əкелгендерімен қарның тойғызған
еркектер кекірік атып отырып, əзіл-қалжыңды қардай боратады.
"Бағың бар, Балта, егер мынау тəтті-дəмдіні Майсараның өзі
пісіретін болса, онда бұл өмірде сенен өтер гурман болмас".
"Бағың бар, Балта, мынау астатөк тағам мен жеміске қарап
Майсараның қолы ашық екенін əбден пайымдауға болады".
"Бағың бар, Балта, мынау саған деген тілек-пейілі ғұмыр бойы
таусылмағай, азаймағай".
"Бағың бар, Балта, Майсара бір қалтасы қалың ағамыздың қызы
болса керек".
Тұс-тұстан жамыраған дауыстардың қажап айтқан қалжыңдарының
арғы жағынан екеуіне деген ықласты мейірді, екеуіне деген қамқорлық
тілектерін Балта жанымен сезетін. Сондайда Майсара одан сайын асыл
тартып, биіктеп, асқақтап сала беретін.
Бүгін де палатаның есігі айқара ашылып Майсара мен Василий
Сергеевич кіріп келгенде Мақсұтбек көршісімен шахмат ойнап жатыр
еді, қуанғаннан айқайлап жіберді.
— Төрлетіңіз, қарындас! А-а, Василий свет Сергеевичке сəлем!
Иннокентий, сен Тілектес, екеуің қонақтарға орындық ұсыныңдар.
Балта, сен Майсара қарындасты каридорға ертіп ала жөнелме.
Əдемілікті көрер бізде де көз бар, шырақ! Нəзіктікті ұғынар бізде де
жүрек бар, шьфақ! — Төлегенов өз сөзіне өзі мерейлене қарқ-қарқ
күлді. Күлкісін жəне тез тиды. — Əу, Василий Сергеевич, Майсара,
сендер менің күлгенімді басқаға жорып жүрмеңдер. Мен жақсы көрген
адамдарды көргенде бір жасап қалам осылай.
Қара сумкадан жалғыз піекен тауық пен үш жүз грамдық банкідегі
орман арасының балы, бір целлофан пакеттегі алмадан басқа
күнделікті мол тағам алынбады.
Вася атай қара сумканы Балтаға жылжытты.
— Балта, мынау киімдерің. — Василий Сергеевич Майсараға иек
көтерді. — Киініп шықсын. Майечка, сен əлгі бюллетенін алып келе
ғой. Майсара кетісімен, аурулар тұс-тұстан жамырады.
— Əй, Балта! Сен шығатыныңды бізге неге айтпадың?
— Обходта дəрігер шығарам демеп еді ғой?
— Сен бізге келіп тұрасың ба?
— Ұмытып кетпе, Балта!
— Тез сауыққаныңа қуанам, бауырым! Сен анау бақыт құсыңды
қолыңа тезірек қондыр. — Мақсұтбек күрсініп қойды. — Мен бірдеме
білсем, қарындастың сенен шығарда жаны бөлек. Ал мен алпысты
алқымдап қалдым. Көргенім де, бастан кешкенім де көп. Атаң қазақтың
"Өзің сүйгенді алма, өзіңді сүйгенді алын" ескер.
— Рақмет, аға. — Балта қоржындағы су жаңа киімдерді суырып алып
кереуетінің үстіне жайып салды да, "мынау қайдан келген?" дейтін
сұраулы пішінін Вася атайына тоса қойды.
— Күн суық, жаңбыр сіркіреп... Жер лайсаң, қалың табан туфли
кимесе... Бол, Балта! Тезірек киін, балам. — Қарияның қипақтаған түрі:
"Киімнің қайдан келгенін сезіп тұрсың ғой өзің де, мені несіне
тергейсіңін білдіріп еді. Аурухананың жұқа пижамасын үн-түнсіз шеше
бастады. Содан асықпай түгел жаңа киімдерді киюге кірісті.
"Размерімді қайдан білді екен?"
Жейде — жылы, жұмсақ. Фасоны бөлек шет елдікі. Қағаздары жоқ.
Ішкі жапсырмасынан "Нидерланды" дегенді оқыды. Костюм ақ жолағы
сəл білінген шымқай қара. Жүз проценті де жүн. Финляндияныкі. Ақ
сарғылт жеңіл каучук табанды ағылшын туфли. Туфли ішіндегі
шұлықтар да — бұрын бұл өмірі көрмеген өзгеше шұлықтар. Астары
жалт-жұлт атласты қара-қоңыр плащ та өзіне құйып қойғандай жараса
кетті. Балта енді етегі қысқа қоңыр велюр шляпаны төбесіне
төңкергенде, манадан бұның киінгеніне қарап жатқан палаталастары
тағы шуылдады.
— Балта! Ну, Балта! Қандай көркем жігіт едің!
— Нағыз артист!
— Ален Делон!
— Министр! Министрлерінде дəл мынадай сымбат пен көрік
болмайды.
— Ханзада да дəл сендей болмас!
Василий Сергеевич те қызыға қарап қалыпты. Іштей: "адам көркі —
шүберек" дейтін қазақ мақалына қатты ден қойғаны осы шығар.
Майсара кірді. Майсара дем арасында өзгеріп шыға келген Балтаны
көзімен ішіп-жеп барады. Шыдамай жетіп барды. Қолымен қолынан
ұстады.
— Болдың ба?
— Ия... Қағаздар дайын ба екен?
— Алдым. Мөрін де бастырып келдім.
Мақсұтбек ағай кеудесін көтерді.
— Шырақтарым, бұрын көрмесем де бүгін қимасыма айналдыңдар.
Ақылгөйсініп кетті демессіңдер мендей жаман ағаларыңды. Бірінді
біріңе құдайтағала сай етіп жаратқан екен. Анау-мынауды қойып,
уақыт оздырмай, ЗАГС-тен бір-ақ шығындар осы бойда. Бас екеу
болмай мал екеу болмайды. Дəм-тұздарың жарассын қарақтарым! —
Ырым етті ме, өзінің ағалық көңіл күйін батамен бекіткісі келді ме, екі
алақанын түйістіріп бетін сипады.
— Рахмет, інім! Айтқаның келсін! — деп Вася атай Мақсұтбекке
басын сəл иді.
— Тез жазылып шығыңыздар, — деді даусы булыққан əрқайыссын
көзімен жағалап өтіп.
— Сауығуларыңызға тілектеспін, — Майсара даусы сондай көңілді
естілді.
— Аман-есен аяқтарыңызға мініңіздер, — деді атай.
Сұлап жатқандар мен бүгіліп отырғандар үнсіз бас изесті.
Тек Мақсұтбек қана:
— Е-е, біздікі... менікі күлге шөккен кəрі атанның халі ғой, — деді.
Бөлмеде көңілсіз тыныштық орнады.
Василий Сергеевич қара сумкаға Балтаның тумбочкасындағы ұсақтүйек заттарын салып алып, есікке беттеді.
— Енді не тұрыс бар?
Соны күткендей əр бұрыштан үздік-создық тіл қатылды:
— Сау бол, Балта!
— Ендігəрі аурухананы көруші болма.
— Вася атай, келіп тұрыңыз.
— Майсаражан, мынау əкелі-балалы екеуді ренжітіп алма.
Василий Сергеевич Мақсұтбекке жалт қарады.
Көңілі бұзылып кетті ме, көздері жаспен бұлдырап ештеңе көре
алған жоқ. Тек қана басын екі-үш изеп, ернін жыбырлатты.
— Көңіліне ырзамын, жігітім!
Арттарынан жабылған есік қимас туыстарын алып қалғандай
үшеудің де көңілдерін жабырқатып, бір-бірімен сөйлеткізбей үнсіз
жүргізіп келеді.
— Лифтімен түсеміз бе? — деп Вася атай үнсіздікті ұнатпай,
Майсараға бұрылды.
— Балтаға жүру қиын болмаса... Ауырмай ма?
Балта жымиды. Жылыған жүздің мейірленген жанары екеуін
шарпып өтті.
— Қайдағы ауырған!.. Ауырмайды. Атам мінбесе, маған лифтің
қажеті емес.
— Ал, мен бүгін онда сенен де дыңдаймын, — деп Василий
Сергеевич жадырады.
Кезекші əйел Балтаға біраз сұқтана қарады.
— Ой, балам, сен екенсің ғой ауырған. Сақайдың ба?
— Əбден.
— Тіфə-тіфə! Келіншегіңнен де əйбат екенсің. Ə- ə, бұл сіңліме де
ұрғашыда адам жетпейді.
Майсараның сыңғыр күлкісі жаңғырып барып басылды. Əйел
көңілденген келіншектің білегінен ұстап, жекелеп шығарып, сыбырға
көшті.
— Сіңлім, əлгінде өкпелеп қалған жоқсың ба?
— Тəте-ау, неменеге өкпелейін. Қайта, сіз... мені кешіріңіз... Бір
ағаттық жасап алғаным...
— Жə, оған бола қиналма. Менің қаныма сіңген əдетім ол. Бірде түйе,
бірде бүие шығам. Оған мəн берме. — Əйел қипақтай бастады. — Мен
олай ойлап, былай ойлап... қолыңды бекер қақтым-ау деп...
— Жоқ! Жоқ! Мен оны ұмытып та кеттім.
— Ұмытпа! Кім көрінген қолыңды қағып, көңіліңді қалдыра берсе,
не болғанын? Тегін жердің адамы емессің... — Əйел бөгелді. Соңғысын
бекер айттым-ау деп абыржығаны бетіне қалқып шықты. — Көркіңе
мінезің сай деуді айта алмай жатырмын, сіңлім. Адал ниетіңе шалалық
еткен айыбымды түсіндім. Маған бір сом бере ғой. Мен де, сен де бүгін
тыныш ұйықтаймыз сонда ғана.
Майсара қайта-қайта бас изеді. Қол сумкасын ашып ойлай қарады,
былай қарады. Жүзі бір қызарды, бір бозарды. Ақыры үш сомдықты екі
саусағының ұшымен іліп алды.
— Бір сомдық жоқ екен...
— Жрайды. Көңілің қалмасын. — Əйел ақшаны алап омырауына
сүңгітіп жіберді. — Анау жігітіңнен айрылып қалма, сіңлім. Жан
біткеннің келбеттісі екен. Қарап тұрған еркекке қыз артылатын заман
туды ғой.
Ауылға шыққандары сол еді, Сергей мен Қадірбек балтаны екі
жақтан бас салды. Таласа құшақтап, таласа жұлқылап жатыр.
— Ну,шеф! Ремонт қалай өтті?
— Ойдағыдай, Сережа, ойдағыдай!
Бізде "Наташаны" бұрынғысынан да сəндендіріп жібердік. Балта
Мұқатович, тура бар ғой танымай қаласыз — деген Сережа
қалғандарды енді байқады. — Кешіріңіз, Василий Сергеевич,
сəламатпысыз, Майсара Тілеуғариновна, сізге де Қадир ибн Бек
екеумізден холостяцкий привет. Шефты сағынғанымыз сондай... ну
оны сөзбен айтып жеткізу қиын. Оны тек анда-сана ғана сайрап
кететін мына менің аса мəртебелі құрдасым əрі биік дəрежелі досым
Бек оғлан Қадири жеткізе алар еді. Увы, увы, увы! Ол үшін сыр
сандықты сыңғыратып ашатын сиқырлы кілт керек. Ол кілттің түртүсін, белгі-бедерін бұл ұлұғ қасиетті уа дархан құрметті мырза əзір
маған көрсетпей жүр. Сондықтан, Балта Мұқатович, өзіңізді тағы бір
құшпай, мауқым басылмайды.
Сергей Балтаны қаусыра құшақтап төсін төсіне тигізе қысқанда, ту
сыртындағы Қадірбектің алақаны жауырынынан сипалады.
Құшағын жазған Сергейдің жүзі құбылып кетті.
— Ауыртқан жоқпын ба?! Ауырған жоқ па?
Балта ақ тістерін жарқырата күлді.
— Неге ауырсын... Онда тек жамау ғана бар, — деп тұрды да, зілсіз
қалжыңдады. — Соншама сағынғанда есіктен төбеңді бір көрсетпедің
ғой, Сережа.
Сережа кеудесін жұдырығымен түйіп-түйіп жіберді.
Мынау Қадірбектен сұраңыз. Күнара жұмыстан шыға осы арадан
табылып жүрдік. Одан не пайда. Aнау есік аузындағы — Сережанын
қолдары сөйлеп кетті — Анаусы анандай, мынаусы мынандай бөлекбөлеҚ салақ-салақ привратнидадан өтіп көріңіз. Азуы сақылдаған
нағыз Цербер! Əйтпесе... — Сергей қолын ызалана сермеп қалғанда
Вася атай да, Балта да, Майсара да қарқ-қарқ күліп, кенеліп қалды.
— Білем, білем ғой сендерді! Мен де өздеріңді қатты сағындым.
Сережа, такси ұста.
— Таксиды қайтеміз. Əне машинамыз манадан күтіп тұр! — деп
Сергей ақ "Волгаға" иек қақты.
— Оны қайдан алдыңдар?
— Пəле, Балта Мұқатович, сол да сөз боп па! Қадири ибн Бек... ə-ə,
бізді осал санайсыз ба? Шефты ауруханадан шыққанда қайдағы
таксимен апаруға бола ма.
Балта сөз ыңғайынан машинаның Қадірбектің əкесі мініп жүрген
көлік екенін түсіне қойды.
Əне-міне дегенше жетіп келді.
"Қайда кіреді?"
Майсараны осы ой билеп алғаны сондай, тілі күрмеліп жақ жазуға
шамасы жоқ.
Балта подъезде қонақтарына жол көрсетіп ілгері озды. Вася ағайдың
пəтерінің есігінің алдына тоқтады да, қалтасына қол салып, күліп
жіберді.
— Кілтім бар екен деп...
Бəрі дуылдаса кіріп бөлмені толтырып жіберді.
Майсара да дереу ширады. Белгісіздіктің асуынан бір өтіп алған соң
бəрі ыңғайланып жүре береді екен. Газға шай қойып, пəтерінен арақшарап, тағамдарын тасып, Сережа екеуі стол үстін жайнатып жіберді.
Вася атайдың қуыс үйінде күлкі төгіліп, əн айтылды. Төріне қуаныш
қонақ болды.
Түннің бір мезгілінде Майсара мен Балта екі жас жігітті аялдамаға
дейін шығарып салды.
Майсара Балтаның қолтығынан қолын өткізіп, иығына иығын тигізе
жанасып келеді.
Сонау ауруханадағы алғашқы күнгі сүйістен кейін бір-бірімен дəл
ондай аймаласуға бара қоймаған екеу дəл қазір жұлдызы сирек суық
түндегі жақындықты сезгенде не істерін білмей дағдарысқа түсті.
Күйіп-жану бар да, күдікпен қысылу бар екен. Күдігі күйіп-жануға
жібермесе, күйіп-жанған сезімге əлдебір күдік бу себелеп əлек. Иін
тіресе қозғалған екеуінің аймаласа қалуына бөгет боп келе жатқан да
осынау бір түсініксіз күдік. Ол күдіктің төркіні қандай? Нəр алатын
бастауы ше? Мөлшер аумағы қанша? Сейілер ме, əлде ұлғайып өршір
ме? Бəрі-бəрі тағы да екеуіне байланысты.
Екінші қабатқа көтерілгенде екеуі сəл іркілді. Дір еткен дененің
қимылы бүйірін танкпен соққандай сезінген Балта күліп ала жөнелді.
Осы жарқын күлкі күні бойғы күдікті таяқтап қуып тастады. Майсара
бір-ақ асылып, мойнына оралды. Жұмсақ ерін ерінге қадалды. Бүкіл
тұлабойдағы дуылдай тасыған ыстық қанның бар аңсауы, бар
сағынышы, бар құштары жұмсақ тəтті еріндердің қимылына көшті.
Дірілдеген дененің бұлтиған қос өркеші төсіне тигенде Балтаның
өнебойы жылы-ы-ып, ысы-ып сала берді.
Майсара есігін тіпті кілттемепті де, қолымен итеріп қап ашты да,
құшақтасқан күйі екеуі табалдырықтан бірге аттады.
Есік жабылды ма, жабылмады ма есінде жоқ. Білетіні: жатын
бөлмеге ертіп əкелген Майсараның шығып кеткені. Екі кісілік
атшаптырым əсем ағаш кереуеттің бас жағындағы торшердің көкала
шұғыла шашып тұрғаны. Білетіні: ұзақ, ұз-а-ақ шешінгені. Неліктен
неге шешініп жатқаны қаперіне кірген емес. Əйтеуір көгілдір
шұғылалы көгілдір жібек жамылғылы, көгілдір шілтерлі, көгілдір
перделі бөлменің жатуға, демалуға ыңғайлылығы себеп болды ма, əлде
түйсігіндегі əлдебір басқару тетігі сол сəттегі жағдайға үйлестірілді ме,
ұзақ шешінді. Білгені: көгілдір жайманы, аяқ жақтағы креслоның
үстіне серпіп тастап, ақ төсектің айдынына сүңгігені. Білгені:
дуылдаған қанның шекеде соққылаған дүрс-дүрс томпақтауымен
ваннада жүріп алған Майсараны шыдамсыздана тосқаны. Білгені: “
Ұзақ таңға ер жігіт қайтып шыдар, сары майдай толықсып қыз
жатқанда" деген əн жолдарының үзік-үзік миында жаңғырғаны. "Сары
майдай толықсыған қайда сол қыз? Неге келмейді? Неге сарылтады?"
Өлең жолдарын дүркірете айдап шыққан осы шыдамсыз сұрақтар ми
шабақтады. Білгені: аласұрған жүректің дүрсілінен қуат алған ыстық
қанның ерекше тасқындауы, тынымсыз жүйткуі.
Білгені: Ақ торғын, əлде ақ жібек əлде ақ шілтер əйтеуір ақ халаты
аяғына шұбатылған аппақ, аппақ. Майсараның кіріп келгені! Одан
арғыны білген жоқ, одан арғыны тек көңілінде жаттап қалған. Ақ
үлбірек матадан аппақ, аппақ тəн жарқыраған. Өрекпіген кеуденің
бүкіл қызулы аңсарымен атып тұрған Балта əлгі халатты Майсараның
иығынан сыпырып жібергенде, сыпы-ры-ып жібергенде: Венера
Милосская немесе сұлулық тəңірісінің ақ мрамордан сүйіспеншілікпен
қашаған мүсініне кездескен. Кездескен де кілт қалшиып, əлгі мүсіннің
құлын денесіне: аққу мойнына жұп-жұмыр иығына, тып-тығыз қос
томпақ төсіне, терісі босаңдау қарныңа, топ-толық мықындарына...
толық санына кідіріп-кідіріп көз қандырған...
Майсараның ақ білегі көтеріліп еді, көгілдір шуақ өшті
Аппақ мүсін де, сол аппақ мəрмөр мүсіннің бір де бір
дегізерлік кемшілігі жоқ мүшелері де жоғалып-жоғалып
Балтаның құшағына құлаған жалаңаш дененің алаулы
өртімен қайта сезілді.
де кетті.
əттең-ай
кетті де,
отымен...
... Көзін ашып алғанда Балтаның ең алдымен көргені құшағында
жатқан Майсараның жалаңаш иығы, иықты көмкерген қарақоңыр
шашы. Ботакөздері жұмулы екен.
Түндегі тасқын əсердің бірі де жоқ. Түндегі құмарту, алқыну, өліпөшу көрген түстей, ендігі сананың шабуылы өкініш қана туғызғандай,
мұны кінəлі санап, жауап алғандай. Бойдағы, қиялдағы асау желік сап
тиылған соң, бүкіл дене былқ-сылқ босап, қаны ұйып, зілбатпан ауыр
тартып қалыпты. Ештеңеге зауықсыз. Жан күйзелтер енжарлықтың
уысына түсіп бара жатқаның үрейлене пайымдады.
"Апыр-ау! Қиялдаған махаббат лəззаты осы ғана ма? Бар болғаны
бір-ақ түнде күйдіріп жандырып, артынша-ақ күлге айналдырып
құлазытып өте шыққаны ма? Қалайша болғаны сонда бұның өзінің?
Əлде махаббат құдіретінің екеуара өтетін алғашқы оңаша түннің
қойнындағы ентігіспен тəмамдалғаны ма? Онда несіне асыққанбыз.
Алыстан көріп қана, құмартып неге жүре бермегенбіз".
Балта осындай түсініксіз таңдану мен дағдарудың арасында біраз
жатты. Қолы жеткеніне қуанудан гөрі өкініші басымдау жұмбақ халден
арыла алмаған соң, кеудесін көтеріп маужырап ұйықтап жатқан
Майсараның жүзіне ұзақ үңілді. Ақ маңдай, ақша маңдай піл піл
сүйегіндей əжім-сызығы білінбейді. Сол ақша маңдайдан тік тартылған
əппақ сызық қарақоңыр қою шашты қақ айырған. Кірпіктері əрі ұзын,
əрі қою, əрі қайқы. Қасы жіп-жіңішке, доғаланып иілген нағыз
ертегідегі хор қызына бітер қиғаш қас. Бота көздер жұмулы. Қыр
мұрыны хас шебердің қолымен орнатқандай. Қызыл ерін бүріле
жымдасып, сəл леп-дем шығарып жатыр.
"Дəмді-ау, құрғыр! Елгезек те сезімтал-ау!"
Балта жұмсақ еріндерге еңкейіп барып, басын көтеріп алды.
"Əдемі! Бет ажарында кіршік жоқ, кілтипан жоқ". Құмарта төніп
тұрды да орнынан көтерілді. Майсара сезген жоқ. Майсараның
халатын иығына желең жамылып, дəлізге шықты. Ас үйге кіріп
тоңазытқыштан "Боржоми" алып ішті. Шөлдегенін сонда білді. Жанжағына көз салды. Аяздатқыш сырылдап назарын аударды. "Əй,
жалғыз өзі ғана. Мынау қымбат мүлікті қайдан алады?"
Кеудедегі кешегі күдігі қайта тірілді. Тірілді дегенше-ақ, аюдай
тырнақтарын арбитып, қадасын кеп, қадасын кеп. Көкірегіне тырнақ
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.