Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26

Total number of words is 3886
Total number of unique words is 2328
30.8 of words are in the 2000 most common words
43.7 of words are in the 5000 most common words
49.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жасын бұлады. "Барайық, топырақ салып қайтайық" деп əйелі мен
баласын көндіре алмаған құнсыздығына қапаланды. Минскіде
қолында телеграммасы мен билеті бар мұны мінгізбей, билетсіз
футболшыларды салып алып кеткен самолетті де, "Аэрофлот"
қызметкерлерін де біраз жерге апарып тастады. Ең соңында марқұм
қайырымды əкесінің сүйікті əні еді деп "Степь да степь кругомды"
бөлмені басына көтере дарылдады. Балта Егор Васильевичті Василий
Сергеевичтің кроватына əрең деп апарып жатқызды.
Ертемен басы сырқырап, көзі бұлаудай боп ісіп, тамағы қаңсып,
берекесі қашып оянды.
— Үйде бірдеме қалып па еді, Балта Мұқатович?
Балта ерегісіп бар арақты жоқ қылды. Басын шайқады.
— Дүкен нешеде ашылушы еді?
— Қазір зиратқа барамыз, Василий Сергеевичтің басына...
— Ə, иə-иə... Барған дұрыс, əрине. Əй, мынау сынып бара жатқан
басты не істесем екен...
— Шай ішеміз.
Шай үстінде Егор Васильевич қипақтай бастады.
— Қарызданған шығарсың, Балта Мұқатович, — айналасына
қарады. — Ех, батя! Түк жоқ. Ештеңе жинамаған. Кезінде бар мүлкін
бізге контейнермен жөнелткен еді. Ылғи ескі-құсқы...
— Жоқ. Қарызданғам жоқ. Василий Сергеевичтің өз өсиеті бойынша,
аздаған тиын-тебені бар екен, өзіне жұмсадық. Қанша кеткені
тиынына дейін, əне жазулы. Сонсоң Вася атайдың немересіне
қалдырып кеткен мың сомы бар.
— Мың сом! Вот шал! Немересіне ме?
— Немересіне.
— Ну да! Бұнысы маған деген бунты, əрине, шалдың. Қайда ақша? —
Егор Васильевичтің ауруы айығып кетті.
— Міне! Ал, мына қағазға қолхат жазып бере қойыңыз.
— Ə, маған сенбейсің ғой...
— Жоқ, ақша жүрген жерде дəйектілік қажет.
Ақшаны қайта-қайта санап, қалтасына салған Егор Васильевич
көңілденді. Балтаны қағып-қағып қалды.
— Асықпайық, Балта Мұқатович, бүгін мен за упокой души
покойного қонақасы берейін.
— Қажеті жоқ, Егор Васильевич. Қонақасы берілген. Болдыңыз ба?
Тұрыңыз. Зират басына кеттік.
Екі-үш шыныны босатып үлгерген Егор Васильевичті ертеңінде
аэровокзалға əрең шығарып салды.
Егор Васильевичтен босасымен Балта Магомедты іздеді. "Түркістан"
мейманханасын ұзақ төңіректеді. "Тұлпарды" екі рет сүзіп өтті. Ақыры
сұр "Волга" мейманхананың қарсысындағы орталық базардың есігіне
жақындап тоқтады. Балта тұра ұмтылды. "Жүріп кетпесе екен" деп
асығып келеді.
Магомед жалғыз емес екен. Балтаны көрсе де көрмеген сыңай
байқатты. Балтаның көңілі су сепкендей басылды. "Əй, осылардың
мысық пен тышқандай ойындары таусылмайды. Танымағансуын
қарашы! Тағы біреуді қармағына түсірген-ау". Сол екі арада машинада
отырған белгісіз адам машинадан түсіп, базарға кіріп кетті.
— Əй, азамат, бері, мұнда кел, — деп дауыстады Магомед.
"Əй, қырт! Ерегескенде кетіп қалайын ба?" Бірақ кеткенде кімді
қорқытады. Магомед емес, бұл Магомедті іздеп шарқ ұрған. Аяғын
санап басып, ілбіп жақындады. Қабағын тарс жауып, сызданып түс
бермеді.
— Неге айқайлайсың?
— Оу, көргеніме де жазықтымын ба? Жақтырмасаң, жөніме таяйын,
— деп Магомед машинасын қыздыра бастады.
— Тоқтай тұр.
— Не айтасың, асығыспын, - деп енді Магомед қырыстанды.
— Əнеугүнгі шаруа не болды?
— Қай шаруа?
— Пəтер мəселесі...— Балтаның көзі мөлиді.
— Ол қиындап кетті.
— Қалай? Неге, Магомед?
— Кісідегінің кілті аспанда. Азырқанады.
— Сонда қанша керек?
— Тағы үш жүз қоссын дейді.
— Жарайды. Болсын.
— Онда шалдың өлгені туралы куəлік пен ақшаны бер. Ертең жоқ
бүрсігүні ордерды қолыңа ұстатам.
— Онда біздікіне барайық. Свидетельствоны алмай шығып едім, —
деп Балта артқы есікті ашып кірді. Бір ауыз сөзге бола үш жүз сомнан
айрылғанын сезеді. Енді Магомедтің ыңғайына жығыла беруге дайын.
Екінші қабатқа көтерілгендерінде есік аузындағы үш-төрт адам,
арасында "мұртты" апай да бар, бұларды көріп қуанып қалды.
— Кілт бар ма?
— Тез ашыңыз!
— Неге дікілдейсіздер? Сіздер кімсіздер? — деп Балта ширықты.
— Біз райсовет, үй басқармасы өкілдеріміз. Мына адам — пəтердің
иесі! — деді көзілдірікті əйел.
— Мен ше? Осында тіркелгем...
— Бұл квартирант! Пəтерге қатысы жоқ, — деді "мұртты" апай
Гаэне Рашидовна. — Қазір мынау пəтерде тұрады, — деп Майсараның
есігін көрсетті. — Бірақ онда тіркелмеген. Келіншекпен де заңсыз
тұрып жатыр. Міне, қандай хиқая! Бұл квартирант қана.
Балта шынымен састы. Бұрылып Магомедке қарап еді, анау "менің
қатысым шамалы" дегендей екі қолын жайып, иығын қиқаң еткізді де
тайып тұрды.
— Мен не істеймін енді? — деп Балта жүні жығыла сөйледі.
— Білмеймін. Егер жаңа квартиросъемщик келіссе, бұрынғыдай
тұра берерсіз, — деп көзілдірікті əйел жуып-шайды.
Ескі драп пальтосының етегі шұрқ-шұрқ тесілген, жақ жүні үрпиген
мосқал еркек безек қақты.
— Жо-оқ! Болмайды! Өзіміз де бес баспыз. Қайда сиямыз? Бізден
құтылу үшін мына ескі үйден екі бөлмелі пəтерді əдейі беріп
отырсыздар. Білем мен сіздерді! Маған тиесілі үш бөлмелі пəтерді жаңа
үйден біреуге сатасыздар. Ал, мен неммен ремонт жасатам. Түгім жоқ.
— Есікті ашыңыз, — деді үй басқармасының өкілі.
Драп пальтолы еркектің ойбайы табалдырықты аттасымен одан
сайын күшейді.
— Мынаған кіргелі ремонт болмаған ғой. Сыры кеткен.
Қабырғалары айғыз-айғыз. Мынау шұрым-бұрымды кім алады. Ойбайау, темір кереуетін қайда қоям? Лақтырып тастасам, басым тағы бəлеге
қалады-ау. Əй, жігіт! Мына барахлоларыңды дереу алып кет. Мен
босаған пəтерге кіргем. Барахлоның үстіне емес, - деп көкшіл көзі
шатынап Балтаға төніп келді.
Балта лəм демей, чемоданың көтерді де, түңіліп шығып кетті.
"Міне саған батпанқұйрық! Атаңның қақ шекесі алдың жеке пəтерді!
Кіргіздің жаңа отауға жас келінді. Шоқ! Шоқ! Саған сол керек!" Көзі
қарауытып есік алдында тұрып қалды.
— Əй, азамат бері кел!
Айқайлаған тағы да Магомед екен.
— Жауын жаумай су бопсың ғой. Өзің мүлде боркемік боларсың,
сірə! Отыр!
— Қайда барамыз?
— Мейманханаға. Əзірше сонда тұра тұрарсың. Бəкең, шефті айтам,
бір амалын жасар. — Машинасын қыздырып, жылжытып қозғаған
Магомед Балтаға мүсіркей қарады. — Бұл арада бір шикілік бар, Балта.
Пəтердің босағанын қалай тез біле қойған? Жəне райсоветтің
қаулысын шығарып та үлгерген? Сен осы пəтер туралы кімге айтып
едің?
— Сендерге... сонсоң Сəулеге... — Балта күмілжіді.
— Тағы кімдерге?
Балтаның көз алдына кенет Қадірбек елестеп кетті.
— Сол! Сол, күшік!
— Кім ол күшігің?
— Өзім білем, Магомед! Өзім сөйлесем онымен.
ОНЫНШЫ ТАРАУ
1
Көктем биыл кеш шықты. Бірде қары, бірде жаңбыры жауып əбден
мазалаған жазғытұрымның шуақты күні көріне қоймады. Ызғырығы
жылдағыдан да күшейіп, жер дегдімей қойған соң Бектемір үйінде
отырып қалды. Осы қол бостықты пайдаланып каникулдағы
Алпамысты сүндетке отырғызып жібермекші болды. Оған Рахметбек
шалдың тұңғышы — Ескеннің (Есенқұлдың) қаладағы хирург
баласының ауылға келе қалуы себепкер еді. Берік əкесінің інісі —
Сүйменқұлға Қатираның шарбағын сындырып, абыройсыздық
жасағанын бетіне басып, қатты ұрсыпты дегенді естігенде Бектемір
Берікке сырттай қатты ырза болған. Бір жағынан кешегі
Қобландыжанның құрдасына үйінен дəм татқызып жіберейін деп жем
беріп семіртіп отырған ісегін сойып тастады.
Мойнына талай мінгізген Берігі емес пе, Бектемірдің қолқасын екі
етпей, əлекей-шүлекей аспаптарын салған қобдишасын көтеріп келіп,
əп-сəтте Алпамыс "батырды" ыңғайлады да тастады. Алғаш шар еткен
бала қолына ұстатқан бір сомдықтар мен бас жағына тіреп қойған
тəтті-дəмділерге алданып, еш ауырсынған жоқ.
— Қолың жеңіл екен, Берікжан! — деп риза болған Бектемір жігітті
төсіне қысты. — Ал, енді мында өт! Жайғасып отыр. Бұ да өз үйің. Жас
кезінде Қобланды екеуіңнің осы арада асыр салып аунайтындарың
есіңде ме?..
Қобландының аты аузына оралса, кеудесі солқ етіп, көңілі босап,
түсі бұзылып қоя беретінін байқап қалған Берік Бектемірдің ойын
тезірек басқа жаққа бұруға тырысты.
— Аға, егістікті жыртып болып қалдыңыздар ма?
— Қайдағы! Жаңбыры бір сіркіреп, қары екі жапалақтап жіберіп тұр
ма... Ауа райы өзгерген бе, жүдə, қолайсыз боп барады... Жердің миы
шығып, трактор да, машина да жүруден қалды, — дегенде шаруа
уайымы Бектемірдің жүзіне қалқып шыға келді.
— Аға, мен кетейін. Нан ауыз тидім...
— О не дегенің, Берікжан! Апаң, əне қазанын көтеріп əуреге түсіп
жатыр. Қазір басқалар да келеді. Алпамысымның сүндет тойында өзің
бас қонағым боп Бекеннен де жоғары отырасың бүгін, — деп Бектемір
көңілдене күлді.
Бектемірді ренжітіп кете алмасына көзі жеткен Берік еріксіз Төрге
шығып, жайғасып отырды.
— Аздап... сендерге мынадан татуға болушы ма еді?
Берік күліп жіберді.
— Аздап, əрине, болады. Бірақ сіздердің "аздаптарыңыздың"
мөлшерін білмеймін ғой.
— Басқаларды қайдам, менің жобам сендердікінен ұзап кете қоймас.
Жалпы, балам, ішімдік атаулымен қарсы болам деп ауылдағы біраз
адаммен алакөз боп біттім.
Бектемірдің баласын сүндетке отырғызған хабары үй-үйге тез
тарады. Қар аралас суық жаңбырдан еңсесі көтерілмей отырған
көршілері Бектемірдің ауыз үй, төр үйін лық толтырды.
Бектемір аянған жоқ. Айғанша мен Қатира бастаған əйелдер қазанға
ет салып, бауырсақ пісіріп, қуырдақ қуырып əкелді.
— Жігіттер! Келіншектер! - деді Бектемір желпініп. - Тойдың көркі
əн мен күй. Əзіл-қалжың! Арақ ішіп, ауыз кергілеп боқтасып жату
дəстүрімізде жоқ еді. Мен сендерден арақ аямаймын. Көптен қуаныш
кірмеген
шаңырағымда
əн
салып,
күй
шертіп
дуылдап
отырғандарыңды қалаймын.
— Ал, онда өлеңді мынау Ескен бастасын. Бектемірдің бел құрдасы.
Алты қыздың ағасы.
— Иə, иə! Шырқататын жөнің бар, Есенқұл. Берігіңнің қолы сондай
жеңіл. Баяғы кішкене молдадан кейін ендігі жұрттың сауабын алатын
осы болды.
— Əй, Құспан, бас жаққа барыспалық.
— Ойбай-ау, Ермекбай-ау, қайдағы бас айтып тұрғаның! Кішкене
Алпамыстың "насыбайы" мен басты шатастырғаның қалай?
— Жə, жə! Қойындар түптей бермей. Жоқтан өзгеден ілік
іздейсіңдер ме, қалжыңға айналдырасыңдар ма, сендердің мінездеріңді
жан біліп болмайды-ау.
— Тынышталыңдар, Ескенді тыңдалық.
Ескен (Есенқұл) домбыраның құлақ күйін келтіріп күйлеп отырды
да, өзінің зор тынысты даусымен шырқай жөнелді.
Беріп кет, ай, сақинанды-ай, мыс та болса-ай-й,
Жүрейік күліп ойнап, ай, шіркін-ай, қыс та болса-ай,
Əншіге қызыға қадалып, əнге беріле ұйып, қыбыр етпей мелшиген
жұрт Ескенді көптен тыңдамай даусын сағынып жүрген екен, əн
үзілгенде əлденені əлі де ынтыға күткендей біраз үнсіз отырып қалды.
Содан соң əлдебіреуінің бастауымен тұс-тұстан дуылдап ала жөнелді:
— Əй, сабаз! Даусы əлі баяғыдай!
— Шіркіннің босқа қор болып ауылда жүргені. Əйтпесе біздің Ескен
анау Ермек Серкебаев, Ришаттардан бір де кем айтпайды ғой.
— Ə, əй, Ермекбай! Тым бөспе. Тегін адам таз бола ма деп... оларға
народный артист СССР-ды оңайлықпен берді деп пең!
— Түу, түу, Құспан! Сөздің парқын білмейтін надан екенсің! Мен
оларыңды кем деп отырмын ба. Əлгілеріңнің əрқайсысын шың санап,
Ескенді соларға жетеқабыл демедім бе.
Тамақтарын жеп болып, сүйек мұжып, сорпа ішіп жатқандары сол
еді, үйге екі-үш адамымен Мақан сау етіп кіріп келді. Колхоз
председателін көргенде іштегілер сасып қалды.
— Ассалаумағалайк-оө-өм, Мəке! Төрлетіңіз!
— Жоғары шығыңыз!
— Қолыңызды шаясыз ба... Ə-ə, су құйып жіберейін...
Мақанның қасындағының бірі - зоотехник Берден ақырып жіберді.
— Тəйт! Килікпей былай тұр! Қазан үстінен асқа шақыратындай
Мақан... Мəкең сенің шаңырақ түйеңе мініп келген құлың ба еді?
Бектемір сөз ыңғайын аңғарды. Ызғардың қай тұстан соғарын сезе
қойды да, маймақтады.
— Əй, Берден! Əй, құрдас ит-ау! Мен осы отырғандардың бірін
шақырып па екем. Қуанышыма өкпесін қолына ұстап өздері жетті. Бір
жыл туған төл едің. Бектемірдің қызығына ортақтасайыншы деп төбе
көрсетсең, хандығыңнан тайып қалар ма едің, — деп күлген сыңай
танытты да, Мақанға орын көрсетті. —Мəке! Дəл сіз келе қояр, бізді
елей қояр деп ойламап едік...
— Жетті, əй, қырт! - Берден Мақанның қисайған езуінен бастығының
тыжырынғанын байқап қалып, үйренген машықпен дүрсе қоя берді. —
Кімді басына- сың! Ауыл иесінсіз, ел жақсыларынсыз майда-шүйде
жиналып... — үні кілт өшті. Себебі Мақан оң қолын қылышша сермеп
қалып еді, Берденнің көзі жыпылықтап кетті.
— Берден, сен өзі не болса соны айтады екенсің. Мені сонда сорпасуға өкпелейтін тасыр санаймысың. Ел жақсылары мыналар құсап
көктемгі қызу науқан кезінде жиылып алып арақ ішпейді, — деп қайта
томсарды.
Ендігі сөздің тізгініне Хайролла жармасты.
— Бүйірлеріңді арақ тескірлер-ау, сылтау тапқышсыңдар, ə!
Бектемір, сен коммуниспін деп кеуде соққанда, жеткізбейсің. Мынау
қылығыңды... қыл-қызыл діншілдігіңді қалай түсінеміз? Сен бүгін
баланды сүндетке отырғызсаң, ертең тоқал да аларсың!
Мақан Қатираға қарады. Мақанның ыңғайымен отырғандар тегіс
Қатираға қабақ төңкерді. Қатира құлағына дейін қызарып, сорпа
құйған шараны көтеріп, сыртқа шығып кетті.
Ескен күліп жіберді.
— Тоқалға не жетсін...
Хайролла Ескенге қадалды.
— "Тоқалға не жетсін". Неменеңе жетісіп күлесің, ей, жетесіз-ау!
Тапқаны тақымына түспей жүріп, тоқалшылын! Сен, нақұрыс, мына
сүмелек ұлыңды жөнге салсаңшы шиқ-шиқ күлгенше, сылқ-сылқ арақ
көмейлегенше, — деп стол үстін көзімен тіміскіледі де, орта стакан
арақты еңкейіп барып іліп алды. - Міне, мынау ғой атау керең! —
Иіскеді. — Арақ! Таза арақ! — Қағып жіберді. — Айттым ғой арақ деп!..
Ескен шатынады.
— Менің нақұрыс екенімді сен, аламан, қайдан білдің,ə! Менің
күлгенімде-тұрғанымда, ішкенімде-тышқанымда сенің жұмысың
қанша, ə!
— Еркектің қоры күледі, Ескен, қоры! Тіл алмасаң, онда мына
ұлыңды екі бұттың арасына шоқитып қойып, балалардың шүметейін
уқалатқызып несібе тауып, үнем айыр! Құлқыныңды арақпен толтыр!
Берік Хайроллаға да, Мақанға да, Берденге де манадан жиіркене
қарап отырған, ызалана мырс етті.
— Ауыл басшылары, ел жақсыларымыз дейсіздер. Сондағы үлгі,
өнегелеріңіз, осы ма? Азаматтың қуанышының шырқын неге
бұзасыздар? Неге дікілдейсіздер?
— Жап аузын!
Мақанның шыдамының жеткен жері осы болды. Манадан үнсіз
тұрған "аткелтірі" — Найманқұлдың қамшысы шошаң етті. Беріктің оң
жақ шеке, оң жақ бетін қызыл жолақ із қалдырып бестемше өрім тіліп
түсті.
— Қап! Əкеңнің ғана аузын... — деп атып тұрған Ескенді екінші рет
сілтеген қамшы жалп еткізді.
Бектемір үстел үстіндегі қара сапты бəкісіне жармасты.
— Əй, Мақан! Жауым да жағама жармаспас еді бұндай күні! Мынау
қай мазағың? Берік - аулымыздың қонағы еді. Көрсеткен сыйымыз —
соққыға жығу ма? Қашанғы қор етіп намысымызды көме бересің?!
Зауалы болмас деймісің? — деп қалш-қалш етіп Мақанға жақындай
түсті.
— Зауал!... — Мақан қарқ-қарқ күлді. — Зауал — мына мен! Мен ғана!
Сен соққыны əлі көрмепсің. Бұл əлі соққы емес! — деп пышақ ұстаған
қолынан қағып жіберді. Бəкі ұшып түсті.
— Əй, көрсоқыр төбет! Сен кімге пышақ көтергеніңді біліп тұрсың
ба? Тұп-тура əупілдек əкең өлген түрмеде шіритініңді ескердің бе?
Мынау колхозшыларды арақ беріп лəйлітіп, жұмысқа шығармай
зиянкестік жасағаныңмен қоймай, Мəкеңе пышақ салмақ болғанына
осы отырғандар тегіс куə, — деп Берден Бектемірге түкірігін
шашыратты. — Хайреке, мыналардың тізімін жасай қойыңызшы.
Біріншіден, жұмысқа шықпай саботаж жасағандарын айыптау үшін
керек. Екіншіден, мынау сұмдық қылмысқа куə болады.
Мақанның кірпігінің ұшында қимылдап қалған колхозшылар енді
мүлде жасып, бастарын төмен тұқыртып, тұнжырай қалысты. Босаға
жақтағы біреуі жылыстап есікке бет алғаны-ақ мұң екен, қалғандары
да əне-міне дегенше жым-жылас жоғалып үлгерді.
Үйде Бектемір, Ескен жəне Берік үшеуі төртеуге қарсы қалды.
— Осы зорлығыңызға жауап бересіз! — деп бетіндегі тілігі қызыл
күреңдене долырып ісіп шыға келген Берік Мақанға бетпе-бет түйіліп
келді.
— Күшік! Кімге шабаланғаныңды білесің бе өзің?
— Жауыз екенсіз! Көзім əбден жетті.
Мақанның тарғыл күлкісі тағы жаңғырды.
— Балтырдан сен де алам дейсің, ə. Əй, əлін білмеген əлек осы-ay.
Сен кешегі Қобландыдан артық емессің. Сені де жайғай салуым боқтан
да оңай.
— Көп асқанға бір тосқан. Сізге де əділет табылады! Табылады да
дəл сіздей хансымақты тулақтай ұшырады!
— Балақай! Сенде көз бар ма? Мен хансымақ емеспін. Ханмын!
Əділет те - мен! Менің қалтам! Бұл заманда ақшаға сатылмайтын заң
да, əділет те жоқ. Жоқ! Бəрін, бəлекейінен бастап дүріне дейін қойынқонышына тығып, бас шұлғытып қойған мына мен - Мақанмын!
Əй, Ескен! Ақырғы рет ескертем. Күшігің қолымды жалап, алдымнан
кішірейіп өтсін! Əйтпесе аудан түгіл ауылдан жұмыс тапқызбай
тентіретіп жіберем!
Ескен есін жинап алған екен, Мақанның зіркілін тыңдаған сайын
құрысып, кішірейіп, шөгіп бара жатқан. Ұшып түрегелді. Қалбалақтап
Мақанға қол қусырды.
— Құлдығың болайын, Мəке! Бізден бір білместік өтті. Арақ шіркін
ақылды ұрлайды екен... Əйтпесе, бетіңізге жел боп тием бе... Не
істесеңіз де қолыңыздамын. Мені аямаңыз. Бұдан былай
айтқаныңызды екі етпеймін. Балама, Берікжаныма назарыңыз өтпесе
екен. Бала шіркін балалық жасамай тұра алмайды ғой.
Бектемір құрдасының қалбақ қаққанын жақтырмады. Ызамен
түйілген қалың қабақ астынан Ескенге ысылдай тіл қатты.
— Əй, Ескен! Жендетке соншама жалынғаның не? Уа, ұлынан
айрылып та өлмей жүргендерді көрмейсің бе! Тəйт əрі! Жи есіңді!
Жыртқыш алдында азамат бас имейді.
Ескен қалш-қалш дірілдеді. Қалш-қалш селкілдеді. Қабақ астынан
сүзілген көзі алдымен баласына, одан Мақанға тоқтап-тоқтап өтіп,
содан соң жылжып барып Бектемірге оқтай қадалды.
— Сен... сен ит! Кімді арандатпақсың! Мені ұлымнан айрылтып, өз
қатарыңа қоспақсың ғой. Жауыз сенсің, Бектемір! Қастан шықпаған
қаскүнем де сенсің! - деп сүзетін бұқадай басын тұқыртып Бектемірге
төніп келді. Сіңірлі саусақтары жуан жұдырық боп түйіліп алыпты.
Құрдасы бірдеме десе, сарт етіп соғып жіберуден тайынбастай. Берік
бір-ақ ұмтылып, əкесін иығынан жұлқып қалды.
— Көк-е! Кейін, көке!..
Ескеннің ашуы одан сайын қозды. Ұлының иығынан жұлқып
қалғанын өзіне қол тигізгенге балап, бет бақтырмас долылықпен
қайнап кетті.
— Ой, атасына шапқан күшік!
Жуан жұдырығы шекеден сарт етіп Берікті ұшырып түсірді.
Арашалауға ұмтылған Бектемірді екінші жұдырық ыңқ еткізді. Ыңқ
еткізді де, енді оған қайрылмастан Ескен жерде сұлап жатқан ұлын
теуіп ала жөнелді.
Бектемір қатты бұзылды. Құрдасының жанды талмау жерінен
жүдемелдете тиген екі соққысы Ескенді жүн салған қанардай сұлата
салды.
Мақан езуін қисайта, тіс арасынан сыздықтата түкіріп тастап,
ентігіп тұрған Бектемірдің иығынан қақты.
— Сөз тыңда, бригадир. Сен ертең анау Көктемердің күңгейіне
соқашыларды жібер. Жыртып тастасын.
— Ауа райы...
— Ауа райының мəліметін естіп кеп отырмыз. Ертеңнен бастап
жауын-шашын болмайды. — Қарқ-қарқ күлкі рəсімін жасады. — Қолың
қатты екен. Бірақ қара күшіңе сенбе, Бектемір. Босқа арандайсың. Анау
Көккемердің тұсы тың. Трактор тоқтамайды.
— Ол арада егістік жер жоқ! — деді Бектемір.
— Иə, жоқ! Жоспарда жоқ. Жыртылғанын сен білесің. Мен білем.
Тракторшы біледі! Мыналар, мынау серейіп жатқан əкелі-бала, мынау
едірейіп тұрған үшеу естіген жоқ.
— Иə... иə, - деді Ескен.
— Ол араға пияз егіледі. Қауын-қарбыз егіледі. Егетін де, бағып
күтетін де нағыз білгірлер.
— Корейлер ме?
— Біліп тұрып сұрайтын жаман əдетің бар, Бектемір.
— Ол ара елу гектарға жуық қой, — деп Бектемір енді Мақанды
көктей өткен сұраулы əрі дағдарысты жанарды басқарманың
жандайшаптарына жылжытты.
— Əй, көксоққан-ау! Саған бұйрық берілді ғой. Ертеңнен бастап соқа
сал деді ғой. Енді сенің де тəжікелеспек түрің бар ма, — деп Берден
суырылып алға шықты да, жерде жатқан бəкіні іліп алды. — Айтқанды
орындамасаң, милау неме, мынамен сен өз кесігіңді өзің кесіп
қойғаныңды біл. Мынау — айғақ! — деп қара сапты бəкінің жүзін
жалаңдатып құрдасының көз алдына тосты. — Əлгіндегі зытып кеткен
тойшыларың матап береді сені!
Берік орнынан тұрып, əкесін қолтығынан көтерді.
— Көке-ай, мынау қарақшылардан жақсылық күтіп қашанғы
адасасыз?..
Мақан
Найманқұлға
қиыстады.
Найманқұлдың
қамшысы
сартылдады. Төргі үйден Алпамыстың шыңғыра жылаған даусы
естілді. Найманқұлдың қолына қысқаштай жармасқан Бектемір
баласының даусы шыққанда морт сынды.
— Жарайды, Мəке...
Езу қисайды. Суылдаған қамшы басы езілген қара шұбар жыландай
шұбатылып сылқ түсті.
Мақандар шығып кетті.
Ескен отырған жерінде қорсылдап жылады.
Берік күйіп-пісті.
— Не болғансыздар? Құлдан да бетер кіріптар етіпті ғой. Құлдың да
қол көтерткізбейтін намысшылы болған. Қай заман, қай дəуірде өмір
сүретіндеріңізді ұмытқансыздар ма? Мұншама көнбістік қайдан
келген? Бұндай сорлылыққа, қорлыққа шыдағанша өлгеніміз жақсы еді
ғой. — Ескен көзінің жасын сүрткен боп əлек. Танауын қайта-қайта
тартып, Бектемірге қарай алмай, құрдасынан жауап күтіп еді, анау
үндей қоймады. Баласына бұрылды.
— Ой, Берікжан-ау, ұлым-ау... заман деп, дəуір деп, бізді бір иісалмас
көремісің. Заман да, дəуір де бүгінде Мақандікі. Қит етші, сүйегің де
табылмай кетсін. Не жазықсыз шырылдаған жанын темір тордың
аржағынан безілдесін! Біз — құлмыз ба, кімбіз? Құлмыз! Кесік құлақ
құлымыз Мақанның! Бұлқынбап па едік? Бұлқынғанбыз! Білекті
көрінбейтін қыл арқан қиып түскен! Арқаға дүре, жанға жара салынған.
Сен құрдасың Қобландыжанның қалай өлгенін білмейсің? Білмейсің.
Ал оны...
Бектемір тіксінді.
— Бықсытпа, Ескен! Тырнама жарамның аузын. — Есік жаққа айқай
салды. — Айғанша! Əу, Айғанша! Əй, осы ауылдың əйелдеріне таңым
бар. Мақанның төбесі көрінді дегенше, жеті қырдың астына жоғалады
бəрі.
Айғанша бір қырындап табалдырықтан аттады. Көзіндегі үрейді бір
ауылға бөліп берсе де таусылмастай.
— Неге шақырдың? — дей берді де, Айғанша Беріктің бетіндегі
талаураған ісікті көргенде баж ете қалды. — Ойбүй, Берікжан! Не
істеген саған!
— Жə! Бажылдап елді үркітпе. Алпамысжан қыңқылдап жатыр.
Қасына баршы.
— Құдай шебер-ай, осы көрсеткен күніңді итке де берме! —
Айғанша қорсылдап жылап Беріктің басын ұстап, тілік түскен бетін
сипап, емірене сүйді де, төргі үйге кетті.
Ескен бөксесін көтеріп, қолымен жер тіренді. Тізерлеп бойын жазды.
— Əй, құрдас ит! — Күлген боп аузын ыржитып еді, түрі
жылағаннан жаман өзгеріп кетті. — Қолыңның қаттылығы қайтпапты
əлі. Аямайсың ғой, аямайсың сен адамды.
Бектемір шырт түкірді.
— Адам сен бе? Сенен доңыз артық.
— Берікжаным дедім ғой... Тарпа бас салған соң...
— Осалсың! Көңіл қалдырдың, Ескен. Жауыма жығып бердің. Əй,
əттең! Қатарыма тұрар ешкім табылмай мысым құрып бітті ғой!
Əйтпесе Мақан дəл осылай тайраңдамас еді.
Берік екеуін де жақтырмады.
— Үйде отырып жұдырық білемдегеннен не шығады?
— Қарсы ұмтылғанда
шатырламады ма.
не
өндірдік?
Қамшысы
төбемізде
— Өлтірем! — деп Берік қиястанды.
— Есің дұрыс па? Мақанмен ұстасып өле алмай жүр ме едің.
Өлтіргішін! Маңайына жуып көрші, Найманқұл мойныңды жұлып
алсын. — Ескен ашуланса, ысылдап қалады екен. Мақанның созса —
қол жетпес, кезенсе — мылтығы от алмас, сілтесе — қылышы
майырылар мықтылығын ойлағанда шарасыз жаны тағы шырылдады.
Соны сезді ме, Бектемір Берікті райынан қайтармақ болды.
— Берікжан, бекер қиналып қайтесің. Сенің жолың, жөнің бөлек.
Алысатын, айтысатын біз бармыз. Қарағым, осы былыққа сен
араласпа. Сен таза жүр. Сен таза кет.
— Бектемір аға! Сонда зорлықты ұмыт, қиянатты көрме демексіз
бе? Ардағы дақты, жандағы жараны қайтем? — деп Берік жыларман
боп жақындады.
— Əй, əкіреңдеме! Бектемірге сен түгіл əкең мен дауыс
көтермейтінмін, — деп Ескен адалына көшті. — Айтқаныңа құлағыңды
ас! Ар дейді ғой, жан дейді ғой. Мақан сенің арынды біліп, жаныңды
ұғып, жаналғыштығынан тыйылар деген.
— Жарайды, алқынба, Ескен. Екеулеп баланың кеудесіндегі шоғын
өшірмейік. Ал, Берік сен сақ бол! Ауданда енді саған жұмыс жоқ.
— Неге?
— Мақандікі қоқанлоққы емес. Ол сені ертең-ақ қуғызады. Жай қуса
жақсы... Шулатып, күйе жағып, анкетаңды былғап, шала байлап
жібермесін де. Оған да барады ол. Өйткені сен оған жұрттың алдында
тіл тигіздің. Ол ондайды кешірмейді.
— Көрерміз кімді кімнің кешірмегенін...
— Балам, тілімді ал...
2
—Шеф, сізді жұмыс басынан көруден қалдық қой.
— Қыңқылдама, Сережа. Мен жалғыз жанашыры қайтыс болған
қаралы жанмын. Үш күн жұмыстан босануыма рұхсат бар, — деп Балта
Туровқа көз алартты.
— Сіз, шеф, тура бес күнге жоғалып кеттіңіз ғой. Біз Кадири ибн Бек
екеуміз "Наташаның" игрек циклын өзімізше бастап, нəтиже шығара
алмай қойдық.
— Əрине, шығара алмайсыңдар. "Юпитерге жазғанды қарапайым
бұқа жасай алмайды". Сендер соны ұқпайсыңдар да бойдан биік
секірем деп омақа асасыңдар да жатасыңдар. "Аяз əліңді, құмырсқа
жолыңды біл" дейді қазақтар.
— Иə, иə, аға... Жоқ аға емессіз. Сіз əліңізді де, жолыңызды да
білмейсіз. Сіз араласқан жер бүлініп, іріп-шіріп жатады. Сіз — арамсыз!
— деп манадан үнсіз тұрған Қадірбек қалш-қалш етті.
— Күшік! - деді Балта сызданып. — Күшік! Əкеңнің министрдің
орынбасарлығын бу етесің ғой. Мен білмейді деп пе едің əкеңді салып
мені үйден айдап шығарғаныңды. Бір қазақты баспанасыз қалдырып
менің пəтерімді маскүнем орысқа тартып əперген əкеңе бірдеме түсті
ме, əлде саған бірдеме түсті ме? — деп қазақшалап кетті. — Содан
əкеңнің ұшпаққа шыққанын көрермін. Қазақты жамандап, іске алғысыз
қылып, жеп қойды, ішіп қойды, оқып қойды, қой бағуды қойды деп
сенің əкең сияқты оз ұлтын жамандап, өз халқының жендеті болғандар
ғана дəрежесін өсіреді, қызметін жоғарылатады, беделін асырады,
сенім жинайды. Тағы айтыңдар. Анау үйде де, анау пəтерде де қазақтар
отыр. Неге отырады? Отырмасын. Шыдамаса, даласына кетсін. Киіз
үйінде бұтын отқа қақтап, арқасына мұз қатырып қойын бақсын. Солай
ғой. Сенікі, сенің əкеңдікі осы мүдде ғой. Сонда көзге түсесіңдер.
"Күшім, күшім, кə-кə!" деп орыстар шақырып алып сүйек тастайды.
Арқаңнан сипайды. Жақтырмаса, ыңқ еткізіп бүйірден теуіп қалады.
Бəрібір кете алмайсыңдар. Айналып келіп қолын жалайсыңдар.
Құйрық бұлғандатасыңдар. Айта бар əкеңе. "Өз елінде, өз жерінде, өз
астанасында отырып, баспанасыз қалған бір қазақ тап əкесінің
аузынан жіберді" де. Осым — саған аманат.
— Қандай нахалсыз! — Қадірбек құр бас шайқаудан басқа жауап
қата алмады.
— Не? Немене дейді? — деп Сережа Қадірбекті құшақтай алды. —
Тілдеді ме, Қадірбек? Неге үндемейсің?
— Ол не айтады? Не айта алады? Əділет жақтағыш болса өзінен, өз
үйінен бастасын. Сен, Сережа, сіңір жесең, бұл май асайды. Неге? Əкесі
— мықты. Сен ауырсаң — он екі кісілік палатаға жатасың. Бұл ауырса,
екі кісілік люксте шіренеді. Себебі, əкесі — əкім. Осы ма əділетің? Осы
ма сенің əділет үшін күресетін Қадірбек досыңның тірлігі? — деп Балта
өзеуреді.
— Білем, мен бұлардың үйін білем. Олай емес... Олар, оның мамасы
дүкеннен алады бəрін, — деп Сережа күйіп-пісті.
— Иə, алады дүкеннен. Қай дүкеннен алады? Мəселе сонда. Жабық
дүкеннен! Жабық буфеттен! Ал дүкендерде... жай дүкендерде вакуум кеңістік қана. Ет түспейді. Май түспейді. Сүт бірде бар, бірде жоқ.
Қаймақ əрі ащы, əрі сұйық. Ал, Қадірбектің үйіндегі қаймаққа қасық
салсаң — тік тұрады. Неге? Əңгіме, гəп осында, осы неде. Негізі —
əлеуметтік теңсіздікте. Қағаздағы есепте бəрі бар. Ет те, сүт те, овощ та
жеткілікті. Бірақ ол жұмысшы қауымға неге жетпейді? Қарапайым
еңбекшінің дастарқанына неге түспейді? Оны ешкім ойлағысы
келмейді. Себебі, мына Қадірбек сияқтылардың əкесіне, əкім əкелеріне
тиімді ол. Сондықтан азық-түлік мəселесінде ешқандай серпіліс
болмайды. Жабық дүкендер жойылмай, астыртын "сен — маған, мен
— саған" дейтін байланыстар құрымай, солармен күресті бірінші,
астын сызып айтам, бірінші басшылар өздері басқармай жəне
дүкендердегі ет үшін жан беріп жан алысқан алыс-жұлыс кезекте
қалалық, аудандық, облыстық, тіпті республикалық партком
секретарлары не солардың əйелдері көптің арасында басқалармен
бірге қысылып тұрмай, азық-түлік мəселесі ешқашанда шешілмейді.
Қайдағы шешілу - анау бұрынғы мен тұрған пəтерде тұратын бұрынғы
горисполком председателіне күн сайын жəшік-жəшік боп келетін
əртүрлі тағамды көргенде сілекейлері шұбыратын көршілерінің əділет
бар дегенге бір де біреуі сене қояр ма екен. Қайдағы сену. Ал
председатель де, паң кербез əйелі де аспанға қарап, мұрнын шүйіріп,
ешкімді менсінбей, аспаннан сол қалпында аяғы салбырап түсе-түсе
қалғандай шірене басқанда əділет алты қырдың астына безіп
кеткеніне көзің жеткендей болады. Ал, Қадірбек сенің əкім əкең де
солардың бірі. Босқа мақтай берме, олардай емес деп. Бер жағымен бəрі
əділетшіл. Бəрі адалдық деп ұран тастағыш. Жаяу жүрмейді. Автобус
тоспайды. Дүкен араламайды. Дефицит киім де, мүлік те іздемейді.
Ендеше оларға бұдан артық не керек? Елуге, алпысқа, жетпіске келген
сайын кеудесіне орден тағады. Бесжылдықтың нəтижесі деп өз
саласындағы жұмысты одан сайын құлдыратқаны үшін орден тағады.
Басқа бір жерде, басқа бір облыс, яки ауданда əлдебір жұмыс алдажалда тыңғылықты істелсе, жай сыйлықтан бастап, Мемлекеттік
сыйлыққа дейінгіні осы əкімдер алады. Мəселен мынау "Наташамен"
сегіз айдан бері екі жүзден астам тəжірибені үшеуміз жасадық.
— Кейінгі кезде, шеф, сіз де сұйылып кеттіңіз...
— Ол жеке мəселе. Сол тəжірибелер бойынша мен екі статья
жаздым. Ал соған соавторлар кім? Анау Шымкенттегі заводтың бас
инженері. Институттың директоры, лаборатория меңгерушісі, аға
ғылыми қызметкер. Ең соңында ғана менің фамилиям. Жазған мен.
Авторлары сендер түгіл мен білмейтін басқа біреулер. Əне, қазіргі
кезеңнің əділеті. Балық басынан шіриді. Саусылдатып кеудесіне теміртерсекті таға бергенше, осы мəселелерді шешуге көңіл бөлсе, бұндай
болмас еді.
— Кімді айтасыз?
— Бірінші басшыны, Леонид Ильичты
айтқанымнан қайтпаймын да, қорықпаймын.
айтам.
Мен
жəне
Көрсететін жеріңе көрсете бер, Сережа. Сен де Қадірбек тəрізді
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.