Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11

Total number of words is 4006
Total number of unique words is 2374
30.8 of words are in the 2000 most common words
44.4 of words are in the 5000 most common words
51.9 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
мақсаты арам екен-ay. Əй, зымиян- ау! Зымиян! Былғамаған несі
қалды. Шəкірттеріне адамдық, адалдық, білім дəнін себер дейтін
ұстазды дəл мынандай құбыжыққа айналдырып үлгерсе, бұл
Мақанның Ібілістен несі кем. Əй, бірақ... Əйелде де бар... Көзін сүзбесе,
бөксесін ойнатпаса еркек шіркін өздігінен ұрынбайды. Сорлы Тұрған.
Отым орнында, ошағым бүтін деп бұлғаңдап жүрсің-ау. Отың
шашылып, ошағың ойрандалғанын білмейсің-ау. Қатынның қар
екеніне көзім жетті. Бүгін жетті".
Бектемір өжет көкбеттікке басып, терезені салдыр еткізіп қиратып
кіріп баруға бекінді. Мақанды бір-ақ жайғап, бүкіл кек бүкіл ыза-шерді
қайтарса, анау жалаңаш секеңдеген шашты шайтанды тамағынан
орып, əйел мекерлігін, ұрғашы опасыздығын жояр еді. Содан соң
қанмен буланған қанжар өз көкірегіне қапысыз қадалады.
Бектемір жан-жағына алақтап тас па, бұта ма — əйтеуір терезе
сындырар "қару" іздеді. Анандай жердей тасты көріп еңкейе бергенде,
қолы қалтасындағы қанжардың басыла тиіп кетті.
"Қанжар!"
Суырып алып, орауды шешіп тастады. Қанжарды оң қолына
салмақтай қысты. Көтеріле бергені сол еді, үстіне тау құлағандай...
опырылып түсті. Аузына əлдебір алақан сығымдай жармасты.
"Қап! Аңдушысы бар екен ғой!" Ту сыртындағы адам екінші
қолымен желкеден тартып тұрғызды. Құйрықтан тіземен нұқып,
алдына түсіріп, шарбақ қақпасына қарай дедектетіп келеді.
Дəл қақпаға жеткенде қолдар босады. Босады да, Бектемірдің
уысында қаракетсіз тұрған қанжарды қағып алды.
— Бар!
Бұрылып қараған Бектемір Найманқұлды көрді.
— Бар, Беке!..
Найманқұлдың даусы жұмсақ естілді. Жүзі томсарыңқы көрінді,
Қанжарды белдігінде жүрген қынға салды.
— Менікі...
Бектемір бас изеді. Найманқұлдың сап-саулығына таң қалды.
Найманқұлдың мына мінез-қылығына таң қалды. Өзінің оп-оңай көне
кеткеніне таң қалды.
— Барыңыз, Беке. Бекер еттіңіз.
Бектемір қирапаң етіп отыра кетті. Ширыққан жүйке, қатайған дене
оп-оңай, жып-жылдам босаған соң дағдарыста қалған сананың
қапелімде жауап таба алмас сенделісі ғана кеудесінде толқыды.
— Əй, Беке! Босқа арандағанда... Ал, өлтірдің Мақанды... Сонда өзіңді
аман қоя ма?
— Өзіме де пышақ салмақ едім...
Енді Найманқұл таңданды.
— Беке, Алпамыс ше?.. Ол жетім қалмай ма? Əкесі мен ағасынан
айрылған соң... жас бала. Мен Қобландыны ойлаймын... Қимаймын.
Найманқұл көп сөйлемейтін. Бүгін сөзшең боп кетті. Найманқұл қара
күштің иесі, зұлымдықтың шоқпары болатын. Бүгін ақыл үйретеді.
Жүрегі ауыратынын айтады. Əлде əлмағайып дүние өзгерді ме? Əлде
Найманқұлдың кеудесінде жылтырап жатқан бір адамгершілік сезімі
оянды ма? Ұрған жоқ, соққан жоқ. Бір қылмысты... үш бірдей өлімді
тоқтатты.
Бектемір тұнжырап біраз отырды. "Мынау Найманқұл Мақаннан
гөрі адам боп шықты. Жай адам емес, адасқанымды ұғындырды.
Алпамысымды да өлтіріп ала жаздаппын-ау. Қалай мүлде мəн
бермегем".
— Сен ше, өзің ше... Мына жүрісің ше?
Найманқұл үндеген жоқ.
— Анау əйелді... Нəзияны білесің. Тұрғаннан обал емес пе? Сұмдық
қой! — Бектемірдің қыжылы қайта тұтана бастады. Соны білді ме,
Найманқұл Бектемірді орнынан тұрғызды да, қақпаны ашып, сыртқа
шығарып жіберді.
— Бар!
Қайтадан ызасы қозып, зығыры қайнаған Бектемір айғайға басып
мына Найманқұлды да, ана Мақан, Нəзияны да ата-бабасынан түк
қалдырмай сыбағысы келді. Одан не өнеді бірақ. Қабағы қайта
жабылып, түсі түнеріп кетті.
"Жасықпын! Бір тəуекелге бел байлап едім, онымнан да ештеңе
шықпады. Ал, Мақан ойына келгенін жасайды. Асыл періште тұтқан,
адамзаттың сұңқарына балаған Нəзияң тырдай жалаңаш күйі
Мақанның алдында ербең-ербең билейді? Неге билейді? Не үшін
билейді? Сондай нəзік кішіпейіл, сыпайы келіншекті тағылық күйге
түсіріп, адамдық қасиеттен айырып анау құл дəуіріндегі құл
иеленушідей менменсінген Мақанның алдында билететін құдірет не?
Ақша ма? Алтын ба? Ақша мен алтынға сатылатын болса, ардың құны
болмағаны ғой. Арсыз жанда онда, əрине, қадір де, қасиет те қалмайды.
Нəзияға бола несіне арамтер болам. Тек анау Тұрған демесем.
Алданғанын білмесе, сезбесе ол бұрынғыдай жүре береді-ау. Сонда
арамдықты білдіртпей жасаса, өте бергені ме? Əнеугүні Мақан
"Ұсталмаған ұры емес" деп еді. Бұл енді біреудің... бір отбасының
ынтымағын да ұрлап, қызықтауға көшкені ғой".
Сүйретіліп кейін қайтты. Өрге қарай басқан жүрісі мандымады.
Түнгі суық қатая түскен бе, денесі қалтырады. Осыған дейін іштей
бекінген шешімі кеудесін сықап, толтырып, кекке суарылған өзек қызқыз қайнайтын. Қас қағымда бəрінен жұрдай болған соң кеудесі босап,
ішін суық жалап жүре берген еді. Əруағынан айрылғандай тірі сүлде
"Рахатханадан" ұзап барады.
3
— Жинал, Майсара, ауылға барамыз.
— Қашан?
— Ертең кешкі поезбен жүреміз. Билетті алып келдім.
Майсараның түсі өзгеріп кетті.
— Мен бара алмаймын, Балта.
— Неге?
— Қолым тимейді.
— Сонда не, мереке күндері де жұмыс істейсің бе?
Балта Майсараға шаншыла қарап, кірпік қақпай бағып қалды.
— Бір тығыз шаруа боп тұрғаны...
Майсара қипақтады. Ғазиз Құлтановичтың бұған қадап айтқан
тапсырмасы бар. Ол тапсырманы тек Майсара ғана орындауға тиіс.
Өйткені
Ғазиз
Құлтановичтың
саты-сатылап
жұмсайтын
адамдарының атқаратын істері өзіне ғана, міндеттеген адамына ғана
жəне сол міндеттеген адамының кездесетін жанына ғана мəлім болуы
шарт. Басқа кісі білді дегенше, басқа орындаушы іздеді дегенше, сартсарт қозғалысқа көшкен іс-əрекетке тұтқиыл төтенше кілтипан
араласты де. Ондайды Ғазиз Құлтанович жақтырмайды, жаратпайды.
"Саятқа" бұрынғыдай оңаша барудан тыйылған соң, сол кеңшілігін
өзінше үлкен бақыт санайтын Майсара Ғазиз Құлтановичтың:
"Алтыншы ноябрьде "Түркістан" мейманханасының ресторанында
болып, "Уəзірмен" кездесіп, сый-сияпатын қабылдайсың!" деген
бұйрығынан қалай бас тарта алар. "Уəзірмен" осымен үшінші рет
кездеспек. Оның кім екенін де, қайда істейтінін де Майсара білмейді.
Бірақ баяғының шын уəзіріндей нөкерін саусылдатып ертіп,
ресторанда шалқып отыратын осы əлде түрік əлде армян жігітінің тірі
граф Монте Коисто екенін де сезеді. "Сый-сияпаты" да граф Монте
Коистоға лайық. Бірде Майсара үйіне келіп уəзір берген қара дипломат
чемоданды ашып қап, шошып жаба салған. Дипломатка толы қат-қат
су жаңа ақша көзін қарып түскен. Түні бойы көз ілмей əрі қорқып, əрі
ойланып шыққан.
"Мұншама көп ақша! Санап шықсам қайтер еді? Қой, бəлесінен аулақ.
Бармағымның ізі қалса, əурелеп жүрер. Əй, соншама ақшаны Ғазиз
Құлтановичқа неге береді? Не үшін береді? Жəне жарты жылда, онда
да не май мерекесі күндері, не ноябрь мерекесі қарсаңында алымсалым төлегендей..."
Майсара өз ойынан өзі шошыған. Дəл сол күш қас қылғандай
түнімен жаңбыр жауып, күн күркіреп, май айының алғашқы найзағайы
жарқ-жұрқ жарқылдаған. Терезе əйнегін сабалап жауған нөсер жауын
одан сайын қорқынышын көбейткен еді.
Əрине, алым-салық! Əлдебір қылмысын қымтау үшін, жасыру үшін
анау Ғазиз Құлтановичтың көмейі не тықпалаған "асатуы". Қалай
қақалмайды? Асату тілеп əлде мүлде құнығып кеткен бе? Мен білетін
"асатулардың" өзі қаншама! Əй, менің қара дипломат қаны
алғанымды... онда ақша барын білгендер болса.. есікті бір-ақ теуіп кіріп
келсе қайтем... Ақшаны алып, жөнімен кете қойса... Ғазиз
Құлтановичтың тырнағына қайдан іліктім... Енді құтылу жоқ".
Осы сырды Балтаға қалай айта алар. Онсыз да соңғы кездері
секемшіл боп барады. Күдігі тым көбейді. Майсараға кейде түксие
қарап қалатыны бар. Қазір де, əне, көз алабы қанталап, бұған зəр төге
қадалады.
— Ол жұмысты... шаруаңды басқа уақытқа қалдыруға болмай ма?
— Болмайды, Балта. Əйтпесе, қуана-қуана барар едім. Апаңды...
апамды көруге мен де ынтықпын!
"Апамды" дегенді естігенде Балтаның іші жылығандай болып еді,
бірақ түсі өзгермеді. "Апасын" шын көргісі келсе, ешқандай сылтау
айтпас еді.
Балта Майсараның ауылға барғысы келмей, шаруа дегенді əшейін
сылтауратып отырғаны деп ұқты. "Бармаса бармасын, сен кеткен
ерегіске мен де кете алам. Шешемді менсінбесең, менің саған қажетім
шамалы" дейтін қыжыл тұтанған кеудесін əртүрлі өкпешіл
кіжінулермен қыз-қыз қайнатты да, ақыры, жасаулы дастарқанға да
бұрылмай, шешесіне алған шəліні қолтығына қысып шығып кетті.
Вася атайы шайды қайта демдеді.
— Жұмысың қалай?
— Жаман емес.
— Əлгі екеуі... Сергей мен...
— Қадірбек пе?
— Иə, Қадірбек екеуі келмей кетті ғой. Сен оларға атаң ренжіді деп
айтып қойсаңшы.
— Жарайды. Айтам.
— Қашан жүресің?
— Ертең... — Балта Василий Сергеевичке жалт етіп қадалды. Вася
ата! Жиналыңыз. Сіз де барасыз. Билет бар.
Василий Сергеевич жалпақ шыныдағы шайды аузына апарып,
ысылдай сораптады. Орындықтың арқалығында тұрған түкті
орамалмен маңдайының терін сүртті.
— Шақырғаныңа рахмет, балам... Бірақ бұл жолы мені қинама.
Ыңқыл-сыңқылым көбейіп жүр... Əлі де асықпа, аптықпа. Ертеңге дейін
күн бар. Майсара да ойланар.
Балта аң-таң. "Əй, осы қариялар адам ішіндегісін қайдан біліп, оқып
отырады? Майсараның сылтауратқанын да сезіп қойды".
Осыдан кейін екеуі де ол əңгімеге қайтып оралмады.
Ертеңінде Балта ауылына жалғыз кетті.
"Əлден əйелге бет-ажарым өтпейді. Сонда тұз-дəміміз жарасты дей
алам ба? Майсара екеуміздікі осы қандай тірлік? Қосылдық па? Əлде
орысша айтқанда сожительство дейтін беймəлім берекесіз əрекет пе?
Заңдантып, мөрлетіп айғақтап білдірмеген соң, екеуміз ұрлық
жасағандай болып жүрген жоқпыз ба? Бір-бірімізге есеп бермейміз,
бір-бірімізді қызғанбаймыз, бір-біріміздің жұмысымызға, қалыптасқан
тіршілігімізге араласпаймыз дейтін ауызша куəлігіміз бар. Ол не үшін
керек? Бір-бірімізді іздемесек, бірімізді-біріміз жанымыздың үнемі
жаңғырып тұратын дірілімен сезініп отырмасақ, біріміздің-біріміз
тыныстаған ауасымен, жұтқан сусын нəрімен қоректенбесек, несіне
жұбайлар атанамыз. Анама не деймін? Үйленіп жар таптым, отау
көтердім дей алам ба? Үйлендім десем, тойың қайда? Неге
шақырмадың десе, қайтем? Əлде əзірше апамды босқа алаңдатпайын
ба".
Тақ-тұқ поезд доңғалақтары құлақ шекесінде жаңғырды. Тақ-тұқ
дыбыс əртүрлі ойға батқан жігіттің миын шабақтады.
Ертеңінде поездан түскенде Балта аурудан тұрғандай жүдеп,
сүлеленіп қалып еді.
Вокзал басында Тұрғанды кездестіріп, қуана амандасты. Осыдан үш
ай бұрын келгенде жаңа парторгты көрген болатын.
— Келіп қалдың ба, Балта? — деп Тұрған қол ұсынған жігітке
көлденеңнен көз тастады да сұрғылт жүдеу жүздің бозарып кеткен
түгінен жанарын тайдырып əкетті.
— Кеп қалдым, Тұрған аға. Сіздің кездескеніңіз қандай жақсы болды.
Ауылға қалай барам деп тұр едім. Бүгін қайтасыз ба?
— Ия! Сен Балта, өткендегіге ренжіме. Онда машинам сынып тұрған.
Қазір қайтамыз. Жеңгең вагон-ресторанға келіп еді. Шампан
табылмайды. Бір жəшігін алам деп... — Оны неге айттым дегендей
Тұрған күмілжіді.
— Суытып бара ма, күн желеңдеу екен...
— Алматының жылы шуағы жоқ мұнда. Ыстық-суыққа төзген
жандармыз, — деп Тұрған күлген болды. — Əне, жеңгең де келе жатыр.
Екі дəу сумканы балаң жігітке көтертіп, бір əсем келіншек
маймаңдай басып жақындады. Тұрғанға анандайдан тіл қатты.
— Біреуін алсаңшы. Мына шіркіннің тізелері дірілдеп кетті,
сындырып алып жүрер, — деп сонан соң күйеуінің қасындағы қымбат
киімді сұңғақ бойлы көрікті жігітке кəдімгідей сұқтана қарады.
Сумканың біріне жармасқан Тұрған жас əйелінің жігітке ішіп-жеп
қарағанын жақтырмай қалса да, Балтаны таныстырудың қажеттігін
ұқты.
— Мынау жігіт — біздің колхоздың түлегі. Алматыда қызмет етеді.
Мерекеге қарсы ауылға келіпті.
Келіншектің көздері ойнақшып, жүзі балбұл жанып кетті.
— Оу, қайным екенсің ғой онда. Мына ағаң жүз жерден партком
секретары болса да, элементарный этиканы біле бермейді.
Таныстыруды ұмытып кетті. Əлде таныстырғысы келмеді. Ал, біз,
қайным, как граждане последней четверти двадцатого века, өзіміз-ақ
танысып аламыз, ə. Мен — Нəзиямын! — Сүйріктей саусақтарын оң
қолын аққу мойнындай иіп əкеліп, Балтаның қарсы созылған
алақанына сүңгітіп жіберді.
Саусақтары жып-жылы екен, Балтаның алақанын еміне қысып
барады.
— Балта! — деп қолын күштегендей суырып алды.
— Қандай жақсы ат! Бал-та-а! Опырып-жапырып түссін деп қойғанау, кім қойса да. Тауып қойған. Шіркін, саған қосылған қызда да арман
қалар ма екен! — деп сықылықтай күліп жіберіп, өз ойын еш қысылыпқылтырылмай еп-ерсі жеткізді.
Тұрған қақырынды. Сумканы жерге қойды.
— Ойпырмай, мына күннің репеті жаман ғой! Малдар не болар
екен!?
— Оу, қайным, бұл ағаң малшыл боп алды. Кейде айында бір
сағынтып құшақтағанда мені де тушам, тайыншам деп қала ма деп,
зəрем жоқ. — Нəзияның күлгенде ақ тістері жылтырап еріксіз назар
аударады екен. Əйелдің тұлғасы, көркі, мінезі, күлкісі қызық-тырады
еркекті. Сірə, мына Нəзия келіншек сол аталғандардан тұлға мен
көрікті мейлінше мол иемденгенін білетін тəрізді, енді күлкімен де
біраз олжа жинайын дейтін үмітте болса керек сылқыл күлкіні
жиілетіп барады.
Тұрған тек тұрмастыққа басып ыржиды. Сасқаны ма, сақтандырғаны
ма Балтаның иығынан қағып қалды.
— Бұл жеңгең, Балта, айта береді. Əу, Бораш, мынаны да апарып
салып қой, — деп қайырылып келген шофер жігітке иек қақты.
— Жеңгеммен танысқаныма қуанып тұрмын. "Жолы болар
жігіттің..." дегендей, -Балта күмілжіді.
Нəзияның буын-буынға түсер сылқым-сыңғыр күлкісі вокзал
терезелерінде жаңғырды.
— Əу, қайным! Өзіңді жол көрген, қала көрген, от пен суықты
өткерген наркескен санасам. Оның үстіне атың да осал емес. Екі
айналуға келмей-ақ бір мақалдың омыртқасын опырып, жартысын
жұтып қойғаның қалай? Əлде біз сияқты жаман жеңгең уысыңа толмай
тұр ма?
— Жоқ, жоқ! Сіздей жеңгеге жан жетер ме? Мен қайта сіз тұрған
биікке бекер талпынам ба деп қорықсам керек.
— Е, өстіп бір көтеріп қойшы, қайным. Мына бақташы, қойшы,
егіншіге айналған ағаңның көз қиығы анда-санда түсер ме екен.
Əйтпесе менің ұрғашы екенімді, жұбайы екенімді ұмытып кетіп жүрау.
Тұрған тұнжыраған күйі күңк етті.
— Кетейік. Сенің сөзің таусылмайды.
Нəзияға керегі сол болса керек одан сайын құтырына желікті.
Əйелге тəн дағдылы ибалық сақтаса, анау колхоздағы көң шығарып, қи
ойған салпы етек əйелдердің біріне айналам деп қауіптенетін тəрізді.
— Балта қайным-ау, осы ағаңда ұрғашы қауымына дейтін иненің
жасуындай ынтызарлық қалмай бара жатқан сияқты, ə! Əйтпесе, жар
төсектің жалыл ыстығында қақталса, дəл осылай ызғар шашып,
маңайын Антарктидаға айналдырып қоймас еді. Қар жаудырып, мұз
бүркіп жіберген жоқ па?
Шофер жігіттің соңынан ілесе қозғалғандарында, Нəзия өзі жанаса
келіп, Балтаның қолтығына қолын сұғып алды.
"Мына жеңгеміз қайтеді, ей? Тым еркіндеп кеткен жоқ па? Əй, анау
ағамыз неткен бос еді? Қолы... алақаны күйіп тұр ғой. Шынында өзі от...
өрт болар. Кісі жатырқамай ма? Əлде еркектерге ғана... онда да бөтен
еркектерге осылай ықыласты ма? Майсара қайтер еді осындай
жағдайда? Мүмкін ол да өліп түсер. Келмей қалды ғой мұнда... Мүмкін
менен зерігіп... басқа бір "қайын" тапты ма екен?!".
Балтаның түсі бозарып сала берді. Соны бағып қалған Нəзия
күлкісін күміс қоңыраудай сыңғырлатты.
— Əй, əй, қайным. Өзіңде үрей қалмады ғой. Соншама неге
шошыдың? Əне, қаның қашып кетті.
Балта оң иығына иегін сүйеді. Нəзияның от шашқан қара көздеріне
көзін қадап күлген болды.
— Шынында да от екенсіз, жеңеше! Ағам қорықса, қорыққандай
екен. Қайта мен ол кісінің өртеніп кетпей тірі жүргеніне таңым бар, —
деп Тұрғанға естіртпей сыбырлады.
— О-о, қайным, осал болмадың. Тегін болмадың. Ағаңды аясаң, өзің
кеуде тосарсың. — Қардағы қолы сығымдай бүріп əкетіп барады.
Балта жауаптан тосылып, жүзін бұрып əкетті.
— Жүрсеңдерші... Түнге қалмайық.
Тұрған екеуіне де жақтырмай сыздана қарады.
— Көрдің бе, қайным. Бұл ағаң — нағыз феодал! Əнене сен
екеуміздің бес метр қатарласып жүргенімізді көтере алмай, прямо
тульским самоваром кипит. Ерегіекенде мен тұп-тура артқа, өзіңмен
бірге отырам. Тұрған, марш алдыңғы орындыққа! — деп өзі алдымен
"уазиктің" артқы есігіне қол соза беріп, артына бұрылды. Балта түсіне
қойды. Қолтығынан демемек еді, Нəзия былқылдады да қалды. Еріксіз
екі қолтықтың астынан екі қолды сұғып, көтеріп мінгізді. Оң
алақанының саусақ ұштары тып-тығыз анарға тиіп кетті. Денеде
дуылдап лепіріп қан тасып ала жөнелді. Ду етіп екі беті қызарып шыға
келді.
Қасына қымсына отырған жігіттің құлағына қызулы ернін тақап
əкеліп, келіншек құмыға сыбырлады.
— Қолың жүрдек екен өзіңнен гөрі, қайным-ау! Əттең оңаша
кездеспедің. Жеңгеңнің бір өнерін көретін едің.
Тар көйлектен бұлтиған саны жол шоқырағында машина секеңдеп
кеткен сайын Балтаның санын жанши түседі. Сығылыса-сығылыса
есікке тірелсе де, қуалаған сан құтқарар емес.
Бір абыройы Тұрған аға машинаға отырғалы артына бір бұрылып
қараған жоқ. Əлде əйелінің оғаш мінезіне қанық па, əлде Балтаны
ұялтпайын дей ме, тіпті əңгіме бастауға да құлықсыздық танытты.
Балта əбден қиналды. Болмаған соң Тұрғанды көмекке шақырды.
— Тұрған аға, Қобланды... құрдасым еді. Сол қаза болғанда, аңға кімкімдер шыққанын білесіз бе?
Нəзия самбырлады.
— Білесіз бе дейсің. Неге білмейді. Өзі болған ішінде. Қаңғыған оқ
тиіпті ғой. Сол қаңғыған оқтың біреуі, керек десең осы ағаңдікі.
Балта құп-қу боп кетті. Қарсы алдындағы желке шұңқыры үңірейген
қушық бас — жендеттің басына айналып сала берді. Қарақұстан періп
жіберуден өзін күшпен əзер тежеді.
"Апырай, Қобланды өлді дегенде... бір жақтан əдейі жау кеп өлтіріп
кеткендей мəн бермеп ем... өлтірушісі қасында жүрген екен-ау. Міне,
тіпті менің де қасымда отыр... Бірақ үндей алмаймын. Кек қайтара
алмаймын. Ақ-қарасын айыру қиын. Əдейі атпаса да... адам өлтірген
адам қалай шіміркпей жер басып жүре алады? Қалай ойын ойнап, той
тойлай алады? Адам қанын жүктеген жаны сыздамай ма? Ауырмай ма?
Түнгі ұйқысы қашпай ма? Желкілдеп өсіп келе жатқан азаматтың
байқаусызда ғұмырын қиып алса да, сол ерте үзілген, жазықсыз
үзілген кінəсіз жастың айтылмай қалған əні, жүрілмей қалған жолы,
көтерілмей қалған отауы, тумай, өніп-өспей қалған ұрпағы ойлантпай
ма? Сенделтпей ме?.. Кейде шыбын өлтіргенде де селт етіп, обал
жасадым-ау дейтін түйткілді кеудемізден ауламаушы ма едік. Бұл неге
қиналмайды? Бір ай өтпей жатып, тəйтік-түйтік əйелінің ырқымен
вагон-рестораннан қапшық-қапшық шампан тасиды, Ең болмаса
шыбын өлтіргендей шіміркенбеуі қалай? Санасы бітеу, кеудесі қараңғы
əлдекім болса бір сəрі, колхоздың пілдей партком хатшысы. Көзі ашық,
ойы саналы коммунист. Қолы қан... Қан!"
Балта шофер жігітке айқай салды.
— Тоқтат! Машинаңды тоқтат деймін!
Шыңғырған тормоз колодкалары машинаны тұсап жұлқыды, тұсап
жұлқыды. Балта иегімен алдындағы Тұрғанның желкесін соғардай
итініп қалды.
— Не болды, қайным-ау! Ішің ауыра ма? Сəл қалды, шыда!
Күлмейтін жерде күлегеш бола қалған əйелге жиіркене қараған
Балтаның Тұрған жеңінен тартты.
— Неге тоқтаттың?
Балта Тұрғанның қолын қағып жіберді.
— Ұстама! Жолатпа! Қан! Қолың қан сенің! Адам өлтіріп отырып,
азамат қанын жүктеп шіміркпейсің! Ұстама! Ұстама дейім қан-қан
қолыңмен!
Өңешінен қанжар сұққандай қадалған сөздерден Тұрған бүрісті де
қалды. Жақ жазуға дəрмені болмай, көздері бадырайып, аясынан
шығып барады.
Балта портфелін алып машинадан секіріп түсті. Секіріп түсті де,
өзіне əлдене айтқалы ұмсына берген Нəзияның бетінің алдынан есікті
сарт жапты.
— Бар! Кетіңдер!
— Уай, қайным! Тұрғанды пісіріп же маған десең, Мені неге
күйдіресің. Жазығым не? Əп-əдемі жігіт те аяқ астынан ашуланады
екен-ау. Қой, қайным! Бір жолға ашуыңды маған бер. Кел, мін
машинаға. Ауыл əлі біраз жер.
— Жүргіз! Кетіңдер, құрыңдар бəрің де!
Балта плащының жағасын көтеріп ілгері жүріп кетті.
Үйіне қас қарая жетті. Терезесінен жарық көрінген жоқ. Соған
қарағанда апасы үйінде жоқ болуы керек.
Қақпадағы қара құлыпты сипалады. Ес білгеннен осы құлып сондай
таныс. Іргедегі шешесі екеуіне ғана белгілі қуысқа қол сұғып кілтті
алды.
"Мені ылғи келіп қалар деп жүреді екен-ау! Əйтпесе, бұл кілтті бұл
араға қалдырмас еді ғой".
Шешесін аяды. Өзін аяды. Мынау жүдеу аулын, қараңғылыққа
сүңгіп, мүлгіп тұрған аулын аяды. Бұрын бұндай болмайтын. Дəл осы
көшенің, "кедейлер" көшесінің өзінде əр баған сайын шам жарқырап
тұратын.
"Лампа шақ келмей ме екен? Əлде соған құнт жоқ па? Балшық, лайы
көп көшемен түнде жүрген адам əбден батпақтап бітеді ғой. Басшылар
қайда қарайды. Ауыл мəдениеті тазалығында, көшесінің жарығында,
адамдарының жарқын жүзінде тұрмай ма? Мынау сүреңсіздікті кім
жояды?"
Осыдан үш ай бұрын келгенінде осы ойын Қобландыға айтып,
"комсомолдар не тындырып жүр? Өздерің қолға алмасаңдар, өздерің
қимылдамасаңдар, сендерге біреу бəрін сырттан кеп жасап береді
деймісіңдер" деп біраз ұялтқан.
"Қобланды уəде беріп еді ғой. Неге орындамаған?" Досына тірі
тұрғандай-ақ кəдімгідей өкпеледі.
Есіктің құлпын ашып ішке кірді. Электр шамын жақты. Үй іші жылы
екен. От маздап жанып тұр. Апасы əлгінде кешке қарай шығып кеткен-
ау.
Апасы еденге қылшық жуытпайды. Қолы сəл босаса, су шүберекпен
еденді сүртіп алып жүргені. Сонысын кейбір абысындары жаратпайды.
"Қашан көрсең сүртініп, тазартып жан-жағын сипалап жалақтап
отырғаны. Келмей жатып сол пиғылымен Мұқатты жұғып алып еді.
Енді анау жалғыз ұлды жоғалтып, айналасын тақырлап сипап қалар-ау
бүйтіп сипалана берсе" деп күңкілдейтін.
Шешініп, жуынып-шайынған Балта ескі əдетімен плитаның үстіне
шəйнекті қойып, шешесінің келуін күтіп, дастарқанды жасап қойды.
— Құлыным, Балтам! — Апасының еміренген даусынан оянып кетті.
Еміренген ана баласының маңдайынан сүйіп, құшағынан көпке дейін
босатпады. Бұрын мұнша босамайтын.
— Апа, өзіңіз қалайсыз? Денсаулығыңыз қалай?
— Шүкірмін. Мені қойшы, өзің қалайсың?
— Жақсымын.
— Əлгі "күйіп қалды. Жатып қалды" дегенді біреулерден естіп
сондай уайымдағанымды білсең,..
— Əй, ол ешнəрсе емес, — Балта аң-таң. "Кім айтты? Қалай жетті?
Неге жеткізді?" деген сұрақтар кеудесінде үймеледі,
— Мен де тыңмын.
— Жұмыстан ылғи осылай кеш қайтасыз ба?
Кеш қайтатынын біледі. Бірақ "бүгін ғана" дегенді естігісі келеді.
Сонда ғана көңілі жайланатын сияқты.
— Əлгі бір қызыл тайыншаны сүзіп тастап... Жеке байлап, жеке
күтіп жүрмін оны... Оу, шай қойып, дастарқанды жайнатып тастапсың
ғой. Түу, мына кəмпиттерді қайдан алғансың? Алматыда табыла ма
осындай тас кəмпит? Айғаншаларға ауыз тигізейін ертең... Айғанша
демекші, байғұсқа əбден батып жүр. Қобланды қандай еді. Жігіттің
сырттаны еді. Айрылып қалдық құрдасыңнан.
Екеуінің де қабақтары салбырады, Екеуі де Қобландыны ойлап
құлазыған көңілдің күрсінуін кешті.
— Оу, мен қазанға ас салмай неғып отырмын.
— Апа, бүгін соған əуре болмаңыз. Қай уақта піседі ол?
Піседі, Балтажан. Онда ма... анау Бектемірлерді шақырып жіберелік.
Қамкөңіл жүр ғой. Қазір шай ішкен соң екеуміз кіріп шығамыз.
Балта портфелінен сыған бөртпе шəліні алып шешесіне ұстатты.
Шəліні жайып қарап, Қатира көп отырды. Көзінен моншақ-моншақ жас
ытқыды.
— Неге жыладың, апа?! — Балта əкелгенімді жақтырмай, жаратпай
қалды ма деп сезіктенді ме, əлде əжім сызығы маңдайында біліне
бастаған шешесінің жалғыздығын аяп кетті ме, өзі де кенет жүдей
қалды.
— Куанғанымнан жылаймын, құлыным. Азамат болғаның осы емес
пе. Қызметке тұрып, табыс тапсаң, шешеңе керегін əкелсең — одан
артық мен не тілеймін. Енді бір келін түсіріп берсең, — деп сəл кідірді
де, көзін қолының қырымен сүртіп тастады. Нұры тая қоймаған
қарақоңыр көздері елжірете қадалды. — "Шүйкебас алмай шыр бітпес"
деген бар. Сенің отау көтергеніңді керсем, немеремді əлдилесем, менен
бақытты ана болар ма.
"Келініңіз бар ғой, бар, апа" дей жаздап қалды. Дəл қазір Майсарадан
қымбат адам жоқ тəрізденді. Анасын көріп, көңілі тоғайған соң,
шыдамсыз жүрек алыстаған адамды аңсай бастайтын əдетіне сайды.
Балта ішінен Майсараны бекер өкпелеттім-ау дейтін өзін-өзі
кінəлайтын күйге түсті де, əлгінде ғана аяп, қолынан келсе əлемнің
бүкіл асылын, бүкіл байлығын, бүкіл жақсылық-рақатын үстіне үйіп
қоярмын-ау деп жанымен құлшынған анасын да ұмытты.
— Шайың суып кетті ғой, — деп Қатира сəтте өзгерген Балтаның
алдына жентті сырғытты. Бұл жент — Балтаның сүйіп жейтін асы.
Бала кезден ұнататын. Қатира аш отырсын, тоқ отырсын, өксіп жүрсін,
көңілді жүрсін — бəрібір келі түйіп, талқан дайындап, жент жасап —
ұлының алдын бір босатып көрген емес. Ал, бүгін, Балта сол жентке де
қасық салған жоқ.
— Женттен де алмай отырсың...
— Ə, иə, алам... О-о, сондай тəтті, апа, Мен анау Тулада жүргенде осы
жентті көп сағындым... Сағын- ғам.
Əңгімелері үйлеспеді.
Екі-үш кеседен соң Балта ыдысын төңкерді.
Қатира шып-шып біліне бастаған терін алақанымен сыпырып
тастап, орнынан тұрды. Қимылы əлі ширақ. Қырықтың ішінде дегенге
адам иланғысыз.
— Онда, Балтажан, Бектемірдікіне кіріп шығайық.
Үйден шыққанда дала тіпті қараңғы, көзге түртсе көргісіз тəрізденіп
еді, шешесі алдына түсіп алып, сүрінбей, мүдірмей бастай жөнелді.
"Үйреніп кеткен-ау. Көзі қалай көреді? Мен тіпті табан жолды да
көрмеймін".
— Мынау көшеге неге шам орнатпайды.
— Октябрь мерекесіне қарсы шам болады деп Қобланды айтып
жүруші еді, енді кім білсін...
— Оған дейін жақса, бірдеме бола ма?
— Анау Тұрған парторг пен Мақан салтанатты түрде күндізгі түстей
болатын лампалар салғызып, көшені жайнатып жібереміз. Ол — үлкен
мероприятие, оны үлкен мейраммен тоқайластыру керек деп айтты
деп əрі күліп, əрі ызаланып жүрген досың. Мінезі тіктеу еді ғой.
Парторгқа да, Мақанған да дес бермейтін. Енді... Əй, бірақ...
Шешесінің шарасыздықпен қиналған даусы үзіліп кетті. "Əй, бір
шикілік бар-ау дəл осы қазада" деп ойы ауырлап кеткен Балта
Бектемірдің табалдырығынан үнсіз аттады.
Бұларды көргенде пеш түбінде отырған Айғанша тарғыл даусын
аңыратып зарлай жөнелді. Состиып тұрып қалған ұлына сыбырлап:
— Екеуін... Бектемір мен Айғаншаны құшақта, — деп сəл итерді
Қатира.
Бектемірдің құшағы — əке құшағындай сезілді. Бірі көкесін, бірі
ұлын іздеген екеудің үнсіз жылауы тілсіз солқылдауы ұзап бара
жатқан соң, Қатира Балтаны ажыратып Айғаншаға қарай бұрды.
Айғанша Балтаның басын кеудесіне, кең омырауына қысып алып ал
кеп боздасын, ал кеп аңыратсын ана шерін, ана зарын, ана мұңын.
Балта енді бой-бой босады. "Қыршын еді, Қобланды! Қыршыныңнан
қиған кім? Алғыр еді-ау, құрдасым! Неге үзді ғұмырын? Адал еді-ау,
жолдасым! Арамдық па оқ атқан? Бала қайда анаға? Ана зары бітер ме?
Жұбанар ма шер көңіл?"
Балта қосыла өксіді қаяулы анамен. Қосыла жоқтады іштен тел
құрдасын. Орны үңірейген суық қазаның сұмдық қасіретін енді ғана
ұқты. Жастай солған қыршынның қабыры қара жерден ғана қазылмай
жылаулы жүректерге тілініп түсетінін сезді.
Агыл-тегіл жасы көзін бұлады. Ағыл-тегіл жасы омырауды шылады.
Қатира ес берді.
— Болды, Айғанша! Жылағаннан не өнеді енді? Қайтеміз,
Қобландыжан енді қайтпайды бізге...
Айғанша аяқ астынан Бүлінді. Тарғыл даусы тіпті барылдап кетті.
— Сөзді қойшы сен, Қатира! Жынымды келтірме! Ұлың қасында,
ұялмасың жанында, сен ненің күйігін тартып отырсың?
Қатира қысылды. Қипақтады.
— Əй, Айғанша! Сөз емес сөзді қалай айтып отырсың? Қобланды
мынау Балтамнан кем бе еді маған. Сен айқайлап жылағанда, мен
іштей егілмей ме екем. Алыстан құрдасының қазасын естіп жеткен
Балтамның жазығы не?
— Түнделетіп неге келесің? Соңымнан қадалған сұғынды қашанғы
қадай бересің? Алпамысымды да алғыз құдайға. Қу құдайға! Жалмауыз
құдайға! Содан соң мынау қу басты қолынан жетелеп ал да, жүре бер.
Талассам, қаншық боп кетейін. Оған дейін баламның əкесінің
маңайынан баспа!
Жасы тыйылмай солықтап отырған Балта төбесінен мұздай су
құйып жібергендей сілейді де қалды. Бас көтеріп ешкімге қарауға дəті
шыдардай емес.
"Не деді?! Рас айтты ма? Қаралы адам, қазалы адам өтірік айта ала
ма? Сонда... сонда?"
Ішін ыстық алау қарып ала жөнелді. Қызғаныш өрті бір тұтанған соң
жуық арада сөнбейді. Балтаның мойны салбырап, басы екі тізесінің
арасына еніп барады.
— Əй, Айғанша! Жаман қасындағысын қарақтар деп, сен мықты
болсаң сіркесі су көтермей жүрген маған тап бергенше, анау Мақанға
неге жармаспайсың! Неге сонан дауламайсың Қобланжанның қазасын!
Бектемірді неге телисің маған? Жесір əйел желкелегенге жақсы
дегенді қашан қоясыңдар. Əлде Бектемірді өргізіп-тұрғызатыныңды
басқаға да жасағың келе ме? Түнде келсек шыдамай келдік. Бірге өскен,
бірге ойнап-күлген төлдер еді. Əке-шешесіне көңіл айтыл, мауқын
басайын дегеніме жазықтымын ба?
Айғанша одан сайын тұлданды.
— Əй, Қатира! Бетпақтанба бекер! Қобландым өлген күні бүкіл
ауылды шарлап мына шірік байымды сенің қойныңнан тауып алғанын
кімнен жасырасың. Мына баламнан ұят болса да шындықты айтпай,
бетіңе баспай тұра алмаймын!
— Тəйт! Доғар былшылды! — деп Бектемір қалшылдады.
— Ə, жарасып қалған екенсіңдер. Тіл табысып алған соң құдай
тоқпақтаған мені енді сендер тоқпақтайын дедіңдер ме? "Тоқал байдың
бауыр етінен жаралады" деп бауыр басып қалғаныңды мен білмеймін
бе?.. Ұлымның жетісі өтер-өтпестен түнімен қайда жоғалдың, мынау
беті жылтыраған беті қараға бармағанда? Əлде иіс алмас көремісің
мені. Неменеге маған қожаңдайсың, əй! Қожаңдама маған!
"Үйіңе келгенде үйдей өкпеңді айтпаны" білсе, Айғанша Айғанша
бола ма, ақ жаулықты атана ма. Шапылдап, шабаланып Қатира мен
Бектемірді апарып тастамаған жер қалдырмады. Балта одан əрі төзіп
отыра алмады. Орнынан атып тұрып есіктен шыға жөнелді.
— Ой, Айғанша-ай, сенімен бірге өсіп, біте қайнастым десем де, əлі
жұмбағың көп екен-ау. Баламның алдында тірі өлтіріп, қарабет
етердей иненің жасуындай жазығым болса қайтерсің. Текке
жазғырдың ғой, жарқыным.
— Тілінің тəттісін!.. Жарқыным деп іші-бауырыма кіріп алып, тіпті
алдамақ екенсің ғой, тұтақ. Аулақ! Аулақ əрі! Баламнан бір, байымнан
екі айрылар жайым жоқ. Мың жерден қойның құтты болса да бұдан
былай қараңды көрсетпе, — деп долданған əйел сөз тыңдаудан қалды.
— Қатын, əй! Доғар енді! — деген Бектемірдің қатуланған түрін
көргенде ойбайды тіпті үдетті.
— Ойбай-ай! Ойбай! Мынау жатыры қағынған қар енді мені өзі
байыма өз үйімде сабататын болды-ау. Қай пейілімнен таптым? Қай
арам пиғылымнан таптым, ойбай!
Қатира үн-түнсіз шығып жүре берді.
Бектемір бүктетіліп отырған орнында ауыр жұдырығымен еденді
түйіп-түйіп жіберді.
— Құлыным-ай, Қобландым-ай! Қор қылды-ау мынау қу қатын!
Адалдығымды... бишара əйелдің адалдығын кімге айтарсың? Кімге
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.