Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30

Total number of words is 4074
Total number of unique words is 2419
31.2 of words are in the 2000 most common words
45.3 of words are in the 5000 most common words
52.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
шешіліп қойылған. Бəрі мен үшін. Менің қамым үшін. Ғазиз
Құлтанович ештеңеден тайынбайды. Сонда бұл қыз өзі бірдеме сезе
ме? Мына ытырылуына қарағанда, қолымды қайта-қайта сілкіп
тастауына қарағанда пəленің қай тұстан басталғанын тұжырымдайтын
сияқты-ау".
Үшеу үн-түнсіз отырып, Майсараның үйінің есік алдына тоқтады.
"Сəуле түсер ме, түспес пе?" деп Майсара бекер қауіп ойлаған екен,
томпаңдап соңынан ілесті.
— Мен машинаны стоянкаға қойып келейін, — деп Балта зырғыта
жөнелді.
Пəтерге кірісімен Майсара Сəулені ваннаға кіргізді. Су толтырып,
əртүрлі қылқан, жапырақ, шоп салып, өтектеліп қатталған түкті
орамал, атлас халатты əкеліп беріп кетті.
— Көйлегіңді бері тасташы, Сəуле.
— Қайтесіз?
— Машинамен тігіп көрейін.
— Əй, жамап-жасқауға келмес, тəте. — "Тəтені" кешіктіріп айтса да,
Майсараны сондай қуантты. "Білмейді. Кешір, Сəулетай! Əркім өз
бақыты үшін күреседі". Бірақ күрестің адал-арамын ескермеген
келіншек сəтте өзгеріп, жүзі жайнап, ас үй мен зал бөлменің арасында
зыр жүгірді. Шай қойды. Кастрюльге ет салды. Жарты қазының
жартысын жəне салды. "Балта қазыны сондай жақсы көреді". Қазыны
жек көретін еркек жоғын, қазақ жоғын қайтсін. Балтасын тойғызса,
көңілдендірсе, Сəуленің көңілін тапса, Майсараның онда желі оңынан
есіп береді ғой.
Көйлек киюге жарамай қалған екен. Тездетіп өзінің көп көйлегінің
бірін əлгі көйлекпен салыстырып, етегін кесе қысқартып, демарасында дайындап қойды. Дəл қазір Сəулеге не сұраса да беруге əзір.
Есікті өз кілтімен ашып Балта кірді. Ұзақ уақыт командировкада
болғандай-ақ, өз от басына аңсап, шаршап оралғандай-ақ, арадағы ұзақ
үзілісті ескерер емес. Келген бойда ас үйден еттің көбігін алып шығып
келе жатқан Майсараны құшақтай алды. Құшақтай алған күйі
алқымына тұмсығын көміп иіскеп, сүйіп тұрды да, сол ынтыға,
құштарлана құшқан бойда жатын бөлмеге қарай сүйрелей жөнелді.
— Тоқта, Бал? Сəулетай ваннада отыр...
Балта құшағын босатып жіберді де, түкірігін қылғына жұтынды.
— Енді оны тезірек жібермейсің бе... көргім келмейді.
— Қатыгездік жасама, Бал!..
— Қатыгездік... Мен бе екем? Танымайтын еркектерге ілесіп несі
бар. Шошақайланып... Өзінен көрсін.
— Онсыз да жапа шеккен байғұсты сен екеуміз кінəламайық, Бал.
Жаны жаралы шіркін тіпті уатылып кетер.
— Маған енді бəрібір.
— Олай емес, Бал. Бəріміз кінəліміз. Аз-аздап болса да кінəліміз. Енді
қол ұшын беруге тырысайық. Тым ытырына бермегін.
— Не істе дейсің маған? — Балта күрсінді.
— Түк істеме. Бірақ Сəулені босқа күйдірме. Бекер жазғырма. Түсіңді
тым суытпа.
— Жарайды.
Балта жатын бөлмеге кіріп кетті. Дəл сонысы Майсараға: "Өзіңе
келдім. Біржола келдімін" білдіріп еді.
Кереуетке шалқалап құлай кеткен жігіт қалың ойдың тұңғиығына
шым батты. Құлаштағанмен малту қиын. Тырбаңдағанымен
бойлатпайды. Басынан аса көміп кеткен шытырманымен
тұншықтырып барады.
Мақсатына жетіпті. Тіпті жыл тəулігі оралмай-ақ тез жетіпті. Осыдан
тоғыз ай бұрын қиялын ғана қамшылаған кешегі жалаңаяқ студент,
тесік қалта инженер ғана еді. Баста үй, басқа күйдің бірі де жоқ еді.
Көше кезіп жүріп көп терезелерге көз сүзетін. Көп терезелердің ар
жағынан қараңдаған бейнелермен ұстасып, люстраларды быт-шыт
қиратардай қалшылдайтын. Өз үлесін өзгелер ұрлағандай, өз жерінде
өзгелерді төбесіне шығарғандай көретін. Соған ызасы қозып, ашуы
қайнап, шамасы келсе, Алатауды Алтайға қосып, Алтайды Қаратауға
жамап, тағы бір "Ақтабан шұбырынды" болса да, ана тілінен басқа өзге
тіл естілмес оңашалық жетсе деп шабынатын. Бірақ онысы тек көше
кезген сəттерде терезенің тұсынан "Степь да степь кругом"... немесе
"Арлекино, арлекино-лардың" төгілетін кездерінде ғана ширығатын.
Енді міне, бəрі бар. Қаладағы ең əдемі үйлердің біріндегі атшаптырым
үш бөлмелі пəтер, қаласа, бұныкі. Қаладағы ең сұлу, ең сылқым, ең бай
келіншек қаласын, қаламасын бұныкі. Астында желқайықтай сырғыған
жүйрік "Жигули". Ертең ғылым кандидаты дейтін қатырма қағазды
жамбасқа басып, анау Жарқын-парқын, Сергей-мергей, ҚадірбекСəдірбектерге пысқырып та қарамайтын лаборатория меңгерушісі боп
шыға келейін деп отыр. Одан соң... ғылым докторы, бəлки
профессорлық, тек өзіңе ғана байланысты деп Ғазиз Құлтанович тағы
бір игіліктің құлағын көрсете қылтитып қойды. Бəрі өзіне байланысты.
Егер өмірдегі өз мақсатына шын жеткісі келсе... Яғни мынау тобанаяқ
көптің біріндей ұсақ-түйекке алданбай, анау... анау биікке қонжитатын
кесек мақсатқа қол созса, онда əрине, бəрі өзіне ғана байланысты. Онда
не?.. Құр тырбаңдай беруі керек не? Онда шаты айрылып, саны
салдырап, тізесі қалтырап болдырып барып, жер ортаға да жетпей
құлауы əбден мүмкін. Оған көзі жетіп болған. Бір басында он кісіге
татыр білім мен талантың болса да, жеке тырмысып түк өндіре
алмайтының бұл заманда аксиома ғана. Ендеше не істеу керек? Тəнді
тұғырға қондыру үшін жанды құрбан етер ме? Əулиелік пен ақ
көйлектік бүгінде кімге дəркер? Солар өзі қалды ма? Жаным — арым
деп əлденесін бұлдаған кəрі қызша тақуасып отырып алғаннан не
ұғады? Ұта қояр ма? Тақуа болғаннан не ұтады? Əулиемсінгеннен
тапқан пайдасы не? Сəулені қызғыштай қорып, асты-үстіне түсіп
өбектеп жүріп, бар асылынан бір-ақ түнде айырылып, жер тоқпақтап
отырысы мынау ғой. Сол ма ар мен жанның тазалығын күйттеуден
тапқан олжасы? Мейірбан да адал болам дейтіндердің алданып қала
беретінін ескеретін шақ əлдеқашан жетпеп пе еді. Əрине, Сəулетайды
бірден ұмыта қоюы қиын. Арманы мен арманы сабақтасқан.Үміті мен
үміті қабысқан. Бірақ өткенге енді оралу қажет емес. Емес. Өткеннің
есігін қатты жауып, кілттеп тастау керек. Өй, жабу да оңай емес-ау.
Айналып соғып өзі-ақ алдынды орағыта берер-ау. Сəулені ұмыт,
Василий Сергеевичті ұмыт, шұрым-бұрым Сергей, Жарқындарды
ұмыт, бірақ Барақтар ұмытылар ма?Анау кедей-кепшіктігіңнің
белгісіндей анаңның ұсақ күйкі тірлігі ұмытылар ма? Қайдан
ұмытылсын! Маңдайыңа ойып басылған қарғыс таңбасындай ғұмыр
бойы құрсауынан бір босатпас. Босану үшін тағы да сол бір-ақ жол арды тəнге құрбан ғып шалу керек. Тек өз жаныңды ғана емес, талай
жанды, талайдың арын. Сонда ғана биік МАҚСАТ табаныңның астында
жолбарыстың иленген терісіндей былқылдап жатады. Сонда ғана ар
соты, жан азабы дейтін күйрек күйгелек жандардың ойлап шығарған
дал баса тірлігінен аулақ тұрасың. Ал егер сол ар соты, жан азабына
сенер болсаң, ондат Майсараны ұмыт, Ғазиз Құлтановичты жауыңа
айналдыр, Барақты жендетің ет те, күл паршасы шыққан Сəулетайды
жамап-жасқап алып, қолтығыңа қыс та, анау техникалық этаждағы
сасық суы сарылдаған қапасқа тірідей көміл. Сенің адалдықпен алар
үлесің де, еншің де сол. Сол ғана! Басқаны дəметпе. Тісің қышымасын!
Ау, сонда қалай болғаны? Жылаған Сəуле жылай берсін. Жазықсыз
Бектемір темір тордың ар жағында қала берсін. Барақ, Магомедтер бел
алсын. Ғазиз Құлтановичтың биік лауазымы бет перде болып, талай
қылмысты жасырып жасата берсін. Мақан ауылдың кəрі-жасын бір
шыбықпен айдап, "əй" дер əже, "қой" дер қожа таппасын. Майсара ай
сайын уыс-уыс ақша əкеліп, Балтаның модалы киімінің санын
көбейтсін. Анау үй-күйсіз Светалар аурудан шықпасын. Осы ма жан
күйттегендегі алары. Көре тұрып, көрмеу, біле тұрып өзі де соларға
ілесіп, қосыла тепектеуі - сұмырайлықтың шыңы емес пе. Жай ғана
сұмырайлық па ол. Дөкір, мекер, жымысқы, жантүршігер лас
қылмыстың өзі емес пе.
Жо-жо-жоқ! Елден ерекше бола алмайды. Болуға қақысы да жоқ.
"Балық басынан шіриді". Леонид Ильичтің өзі осы аталғандарды
қылмыс санамайды. Ұшқарылық демейді. Кінəға қоспайды. Себебі ме?
Себебі — анау төсіндегі саусылдаған темірлер. Себебі — анау
министрдің орынбасарлығына ракетадан да жылдам көтерілген ұлы
мен күйеу баласы. Себебі — толып жатыр ғой себептер. Орындалмаған
жоспар орындалған боп жатса, салынбаған үйлер салынған боп жатса,
дүкенге түспеген ет пен сүт, май мен жұмыртқа сатылған боп жатса,
өзін-өзі маңдайға төмпештеп, өзін-өзі кінəлап, өзін-өзі жазаға тартып
бұл неге тыраштанады. Тəубеге келер-ау, сол тəубеге келіп адалдық
алдында, ар алдында бас ұрғанын дұрыс түсінетін жан таба алар ма?
Ақымақ санап, ауышқа балап, сырт айналып түңіліп кеткен жұрт содан
кейін маңайынан жүрер ме. Жұмақ дүниеден тозақ отына қашқан
жанды, əрине, ешкім саудың қатарына қоспайды. Ендеше, өзін өзі
қажайтындай сұмдық күнə жасаған жоқ. Кісі өлтірмепті. Ел тонамапты.
Қыз зорламапты. Шыны шишадай сыңғырап, мөлдіреп тап-таза тұр.
"Алтынды жерден, ақиқатты қайғы мен шерден табады" дейтіндер
шер-шеменін онда көмейлеп жұта берсін. Қасірет шегіп ақиқатқа
жеткенше, қызық көріп күнəға батқан көп артық.
Сəуле... Өкініш қана қырнайды. Сары майдай сақтағанының дəмін
тата алмағаны аянышты-ақ. Сыбағасынан қағылып жүретін қандай
ашықауыз жетім несібелі мүсəпір еді. Əйтпесе ғой Сəуленің қызығын
өзі көретін еді. Мүмкін күдерді бірден үзгені бекер ме екен. Кəрлен
кесе сынығындай емес пе ол. Қадірлей білсе, əлі де тояттауына жарап
қалар. Майсара да сынық күйінде кездессе де, шөл қандыруға жарап
жүр ғой. Біржола ысырып тастағанда не түседі. Жаман-жақсы болсын
өз қолымен мəпелеп өсірген қызғалдағы еді ғой. Біреу үзіп тастады деп,
сола қоймаған раушанды еңкейіп көтеріп, төсіне қыстырса, əлі де
жұпарына тұшынбас па. Əй, бірақ жұлынған гүлдің аты — жұлынған
гүл. Қайбір жұпар қалушы еді онда. Көп ойланғанда, көп қиналғанда не
түседі".
Кереуетті сықыр еткізіп аунады. Мұрнына жастықтан Майсараның
исі жеткендей болды. Етпеттеп жастыққа тұмсығын көмді.
"Майсара! Майсарама жан жетпейді. Мендегі жоқ қасиеттер
Майсарамда бар. Жаны нəзік жүрегі кең. Сонсоң қызғаншақ емес.
Сəулені əне, үйге ертіп келіп, жанашырлық көрсетіп жатыр. Ал, Сəуле
оны аямас еді. Мен Сəулені білем".
Қайтадан шалқасына аударылды. Енді танауына қазының дəмді иісі
жетті. Ғазиз Құлтановичтың дастарқанынан ауыз тигенімен, үлкен
адамның мысы басты ма, онша қарбытып тамақ жей алмап еді,
шұрқыраған қарын əлек сала бастады.
"Майсараның дастарқанына да ешнəрсе жетпейді. Сондай қолы
ашық. Жəне сондай дəмді пісіреді, не пісірсе де".
Балта орнынан тұрып, залға кірді. Майсара мен Сəуле шай ішіп отыр
екен. Сəуле тыжырынып, теріс айналған болды.
"Тыжырына бер, көгершінім. Ендігі қадірің қалайы қасықтай-ақ!"
деген қараспен Балта еп-ерсі күлімсіреп Майсараға өкпелеген балаша
торсиды.
— Өздерің оңаша шай ішіп, мені аштан-аш қамап тастайсыңдар, ə.
— Ұықтап қалды ғой деп... ас піскенше жата тұрсын деп оятқымыз
келмеп еді, — деп Майсара жуып-шайды.
— Қайсыңның оятқыларың келмеген?
Сəуле иық қушитты. Кесесін алақанымен басып, орындығын
сырғаната столдан кейін шегінді.
— Мен... Сəуле сенің келгеніңді де білген жоқ.
— Əу, Сəулетай, оның не? Ат құйрығын кесіскен сияқтысың ба, —
деп Балта тесірейді.
Сəуле жігітке ызалана қараған, бірақ көз тоқтатуға дəті шыдамай,
мойнын бұрып əкетіп үнсіз қалды.
— Шайыңды іш, — деді Майсара жайлап қана. — Алма мазасын.
Сəуле, болдың ба? Неге аз іштің?
— Рақмет... — Одан əрі дірілдеген дауыс көмейге тығылып, көзден
жас ыршытардай халге жеткен еді. Соны сезген Балта одан сайын
тақымдады. Мынау жазықсыз жапа көрген қызды жазғырып қинаса,
жаныла рақат табатындай көрді.
— Тойған ғой. Екеулеп-үшеулеп тойғызған ғой əбден.
Сəуле орнынан атып тұрды. Көздері ұшқын атып, шоқ шашып, бүкіл
денесі ашуға булыққан екен.
— Иə, тойдым! Бəрі сенің арқаң! Сенің кесірің! Сен қайырсыз
болмасаң, сен жеңілтек болмасаң, сен көрсеқызар болмасаң, мен
тоймас едім де қанбас едім! Сен арандатқан! Сен адастырған! Біресе
олай шалқыдың! Біресе бұлай шалқыдың! Тұрақты күнің, тұрақты сөзің
жоқ сенің! Иə, тойдым. Сенің арамдығың тойғызған мені. Сенің
залымдығың тойғызған мені. Мен сенің ішегіңнің қырындысына дейін
білем. Мені осындай қорлық кепке түсірген сен. Сенсің, Балта! Сенің
пиғылың! Сенің ниетің! Сенің қараулығың! Сен алдыңғы күні
Майсараны көрдің. Көрдің де нілдей бұзылдың. Оны мен сезбейтіндей
маубас емеспін. Кеше уəделескен жерге де келген жоқсың. Мүмкін анау
жігіттерді сен жіберген шығарсың? Мен сенің даусыңды естігем, Балта!
Сенсің бəрін ұйымдастырған! Сен — жауыз! Сен — жыртқыш! Жек
көрем! Ит етінен де жек көрем сені. Сенде ар жоқ, сенде ұят жоқ. Сен
оның бəрін тірідей көміп тастағансың. Лағнат жаусын саған! Қарғыс
атсын сені! Көз жасым тапсын сені! — деп Сəуле бір аттап жақындап
келді де, Балтаның бетіне былш еткізіп түкіріп жіберді.
Бетіне жұққан түкірікті жеңімен сүрте-мүрте атып тұрған Балта
жұдырығын түйе ұмтыла бергенде Майсара қолын қағып қалды.
— Болды! Отыр!
Балта сылқ түсті. Сəуле тұра жөнелді. Майсара дəлізге ілесе шықты.
Дірілдеп қалшылдаған жігіт көпке дейін өз-өзіне келе алмады.
Бетіне түкірік емес у тигендей қайта-қайта сүрткіштеп əбігерленіп
отыр.
"Жаман атқа жал бітсе"... Қарашы жерлеуін! Аяғанды білмейді-ау.
Əйтпесе баяғыңа-ақ бауырыма басып умаждап тастағанымда дəл
бүйтіп сайрамас еді! Қап! Басқа ұрғандай тұқыртып кеткені батты-ау
бəрінен бұрын. Жауызды көрмей жүр екен. Ақыры жауыз атанатын
болған соң бұл күнін де көп қылуым керек еді. Əй, Майсараға не жоқ.
Қолымды қағып... Еркекке қарсылық білдіреді, ə. Екеуін де дəл қазір
пəршек-пəршек етейін бе осы!.. Кімді басынады бұл шөпжелкелер?.."
Сəлден соң Майсара кірді.
— Сенікі жөн емес, Бал. Жаны онсыз да ширығып отырған
бишараны соншама мұқатқаның қалай. Жазығы қанша еді? Неге сонша
шүйілдің?
— Бар жазығы... Жазығы бар, — деп Балта қайталай берді.
— Ол не жазық? — деп Майсара əдемі жүзін түгел бұрып, Балтаға
қадала қарады.
— Оны өзі біледі.
— Білмейді өзі. Сəуленің білері: кінəсіз күйрегені. Сəуленің білері:
қанатын от шалған кезде қасынан су себер жақын адамының
табылмауы. Алдануы. Сол ғана Сəуленің білері. Соларды жазық пен
кінə санасаң, Бал, онда мен де сені түсінуден қалған шығармын.
— Майсара, сенің адамгершілік қасиет, ізгілік ниет, қамқор қол ұшы
дегеніңнің бəрі — бос сөз. Мынау қоғамдық ортада қалт-құлт етіп
ербеңдеп жүру үшін оларыңның бірде бірі қажет емес. Қайта ізгілік
мейірім, адамгершілік деп шырылдаған жанды Қожанəсір деп, Дон
Кихот деп күлкі етіп, апарып тастайды. Бір ғана өзгермес, ауытқымас
нəрсе, Майсара, ол өзіңді өзің сақтау, өзіңді өзің қорғау. Ол үшін
басыңды тауға соғасың ба, тасқа соғасың ба əйтеуір көздеген мақсатқа
қалайда жетіп жығылуға тырысасың. Ондайда жолыңда тас жатуы да
мүмкін. Жолында бас жатуы да мүмкін. Ілгері аттау үшін тірек керек
болса, аяқ астындағы яки тас, яки бас деп ажыратып үңіліп жатпайсың.
— Жо-жоқ, Бал! Мынауың біздің қоғамдық формацияға жат. Бізде
адам адамға туыс, дос, бауыр, — деп Майсара қол созып бері шақырды.
— Бауыр!.. Тапқан екенсің бауырды. Магомед, Барақтар қылдан
тайып көрші, бауырыңды қабырғаңды тірідей сөгіп суырыл алсын.
Адам — адамға əр заманда қасқыр. Əр қоғамда қасқыр. Ал қасқыр болу
үшін онда да арлан көкжалы болу үшін қай кезде де бай болуға
ұмтылған. Еңсесі биік кеудесі шалқақ, айбыны асқақтың байлығы ғана
құдіретті еткен. Ендеше жұлқысу, шайнасу ешқашанда бітпейді.
Əлсізді күшті домалатып жейді, шайнап шырылдатады. Əлсіздің
таланы — күнəға бату, абыройынан айрылу, еңсесін бір көтермей
ертеңнен кешке тырбаңдау. Сондықтан да əлсіздер əманда жазықты.
Əлсіздер əманда күнəлі һəм кінəлі. Алға түспесін, дауыс көтермесін,
қатарға ілеспесін. "Аяз əліңді білді" оларға еш ұмытуға болмайды.
Ұмытты дегенше омақасып, тоңқаяды да жатады. Əне олардың үлесі.
Əне, əлсіздердің сыбағасы! Əне, олардың орны, - деп екі езуі көпірген
Балта қызынып орнынан тұрып кетті.
Майсара жігіттің мынандай елеуреген қалпын бірінші рет көріп еді,
кірпік қақпай қарап қалыпты. Балта сөзін бітіргенде басын қайта-қайта
шайқады.
— Балта, мен бір нəрсе аңғарсам, сен сондай қызғаншақсың.
— Мен бе?! - Балта күлген болды. — Кімді қызғаныппын? Əлгі
шүйкебасты ма?
— Жоқ! Қызғаншақ дегенде мен басқаша мағнаны зависть деген
мəнді яғни күншілдікті, бақастықты айтам. Сенде сол бақастық көп.
Енді дəл қазір анық байқадым. Сен өзіңнен мықтыларды, дəрежесі
болсын, қызметі болсын, айлығы болсын, байлығы болсын сондай
қызғанасың. Сондай күндейсің. Сен солардан асып түскің бар. Сен
солардан озып кеткің бар. Сол үшін ештеңеден тайынып, ештеңеден
аянбайтын тəріздісің. Бұрын сен, Бал, мұндай емес едің. Қазіргі сенің
бар ниетің — баю. Елден ерекшелену. Атақ өсіру. Бірақ оның бəрі
еңбексіз келсе, тез өшетін май шам екенін ескергің келмейді.
Балта сылқ түсті. Майсараға сығалай қарап, көзін оң алақанымен
көлегейледі. Асүйден тасыған тамақтың қоңырсыған иісі жетті де,
келіншек жүгіре жөнелді.
"Керемет сезгіш! Рас! Қатарымнан озғым келетіні рас. Ешкімнен кем
емеспін ғой. Ендеше неге шаң жұтып кешеуілдеуге тиіспін. Еңбексіз
таппа деп ақыл үйретпек. Алдымен өзіне неге айтпайды ол ақылын.
Мынаның бəрі адал ақы, маңдай терімен келген-ақ шығар. Бүгінде
еңбекпен бəрін алам дейтіндер - кембағалдар. Олардың да көзі жоқ
емес. Олар да көп қарбағысы келеді. Бірақ соның ретін таба алмай қор
болып жүр ғой. Содан кейін "адалдық! Та-за-лық!" деп өңеш созатын
қызылкөздер солар. Мүмкіншілік беріп, көмейлеріне майлы сыбағаны
тығып-тығып жіберсе, өңештеріне құм құйылып, көздері жайнап,
қомағайланып шыға келер еді.
Сəулетайдың ашуланғандағы түрі керім екен! Жоқ, Сəулетай əлсіз
емес. Сəулеш, қарада тұр, Майсараны əлі-ақ он орап алады. Мен білетін
Сəуле болса, оның дүние-мүлік меншік-еншіге құмарлығы менікінен де
əрман. Ол бəрімізден де асып түседі. Əй, ашуланғаны- ақ ұнайды. Екі
аяғымды тура бір етікке тықты-ау. Тыз ете қалғаным жарамады.
Майсара қолымды қақпағанда салып жіберуім мүмкін еді..."
Майсара бір табақ етті қайқайтып көтеріп кірді.
— Қолыңды жу, Бал.
Туралған сап-сары қазы көзін қарып түсті.
— Ай да Майечка! Қазы ғой мынау!.. Жарықтықтың исін-ай, мұрын
жарып барады-ау!
Қолын жуып келген Балта енді стол үстіне қонжиган "Вардиханы"
көріп, Майсараға күле қарады.
— Май мерекесі ғой. Атамасақ бола ма?
— Болмайды! Май, болмайды!
Тамақ ішіп болысымен Балтаның басқаша ойынды тезірек
бастағысы келді. Қатарласа отырып Майсараның желкесіне алақанын
басты. Барқыттай жұмсақ терісі мап-майда, жып-жылы екен. Қара
шашты ашып жіберіп əлгі жерге ернін қадады. Танауына тек
Майсарада ғана, Майсараның жібектей судыраған шашында ғана
кездесетін нəзік иіс толқындап жетті. Жұмыр иық, атлас халатын
түймесін үзердей асығыс ағыта сыпырып жібергенде, аппақ... аппақ
мəрмəрдай боп жарқ етті. Осы мүсінге, осы денеге Балтаның көзі қанша
қадалса да бір тойған емес.
3
Аптабымен қуырып бара жатқан май айы да аяқталып қалды.
Күннен күнге ыстық үдей түсуде. Əлде осы ыстықты ауырсына ма,
əлде өзінің дертінің "жерік" деп аталатын төркінін анықтағаннан бері
ел бетіне қараудан қаймыға ма, Қатира фермаға жалғыз кетіп,
фермадан жалғыз оралады. Осындайда өзінің бұзау қарайтын оңаша
жұмысының қолайлылығын медеу көреді. Ал үйіне келсе, есік-терезені
қараңғылап, бір самаурын шайды алдына өңгеріп, ысылдай сораптап
отырғаны. Қышқыңдайтын ащыны да оңай тапты. Мына аңызақта сүт
ірімей тұрар ма, кішкене қапшыққа салып сүзбе қылып еді,
таңдайының дəмін қуырды. Маңдайының жетпіс жеті пора терін
ағызды. Екі-үш мəрте саусақ батыра шеңгелдеп алып көмейлей соғып
еді, жерігі қанды ма, содан кейін беттей алмай қалды.
Айғаншаға кеше ымыртта кіріп шыққан. Жайшылықта да
Бектемірге "еркелеп" жиі бүркеніп қалатын байғұс, енді ұлынан өлі,
байынан тірі айрылған соң тіпті божырап кетіпті. Бөксесін көрпемен
орап алып, ыңқыл-сыңқылды бұрынғыдан да көбейтіп жіберіпті.
Алпамыс бала балалық ойыннан ерте ажырап, томпаңдап су тасып,
тымпыңдап аула сыпырып, құнтыңдап торы атты жайғайтын боп
апты. "Əй, бірақ, ойын баласының ересек тартқан көзқарасы қиын
екен, төменнен саған ергежейлі шал қарап тұрғандай өз-өзіңнен
қуыстанады екенсің" деп Қатира талай запыланған.
Кеше де Айғанша төсек тартып қалған екен, Қатираның қарасын
көргенде кəдімгідей ес тұтты. Бұрынғы атырынып тұратын əдетін
ұмытып, жүзіне мейірім шақырды.
— Қалайсың, Айғанша?
— Менікі белгілі жай ғой, Қатира. Осы бір ауру шұғылынан қатты
жабысты ғой. Мынау бүйірімнен, у- ух, жалған-ай, қанжардай қадалып
барады-ау. Қимылдасам, оһ аллам-ай, сүйек-сүйегімді сырқыратып,
жанымды көзіме көрсетеді. Қайтейін, анау кішкентай Алпамысымның,
ух, тəңірім-ай, көңіліне қаяу түсірмейінші деп қайрат жинаған болам.
Əйтпесе, қан қақсататын шеріме дерт қосылғанын құдайдан тілеп пем.
Қатира үйдің ішін жинастырып, самаурынға су құйып, от салып,
сиырды сауып, сүт пісіріп, қаймақ қайнатып, үйдің берекесін кіргізіп-ақ
тастады. Алпамыс та "тəтелеп" жанынан қалмай, қолынан келген
көмегін жасап жүр.
— Ойнап келе ғой, Алпамысжан.
— Апам іздеп қалар.
— Іздесе, мен бармын ғой. Іздемейді.
— Жалғыз қалса, ылғи мені шақырады да жатады.
— Біз, апаң екеуміз шай ішеміз. Сонсоң мен апаңның басын жуып
берем. Қасында болам ғой. Ойнап келе ғой. Ой, айтпақшы, қарның
ашқан жоқ па?
— Ашпайды. Кешегі етті де мен таусып жегем. Апам түк ішпейді.
Мені көрмесе, жылай береді, ухілей береді.
— Енді жыламайды, Алпамыс.
— Көкем қашан келеді, тəте?
— Жақында келіп қалар...
— Анау Сағит келмейді дейді.
— Қай Сағит? Сүйменқұлдың шешегі ме?
— Сол! Сенің əкең кісі өлтірген дейді. Кісі өлтірген кісіні стенкаға
қойып атып тастайды дейді. Тəте, стенка деген не? Қабырға ма?
— Қоймайды стенкаға! Сенің көкең нағыз азамат, Алпамыс! Сенің
көкең сондай жақсы адам, Алпамыс. Ол өлмейді. Ол келеді. Қайтып
келеді, - деп Қатира баланы құшақтай алып, еңкейіп маңдайынан сүйді
де, бауырына қысты.
— Көкем кісі өлтірмейді. Көкем... көкем!.. — Алпамыс иығы
селкілдеп, солқылдап жылап жіберді. Мынау өксікте сəби жүректің
наласы, өкпесі, жалғыздығы, қысасы — бəр-бəрі бар еді. Қатира қосыла
жылаудан қорқып, бетін баланың иығына төсеп, қатайып алды да,
Алпамыстың арқасынан қақты.
— Жылама, Алпамыс. Сен жігітсің ғой. Ендігі, көкең келгенше, осы
үйдің бас көтерері өзіңсің. Апаң, əне, ауырып қалды. Сенің
жылағаныңды көрсе, одан сайын ауырады. Ал сен жігітсің. Əне, үйдің
маңайын сыпырып, тазалап қойыпсың. Көкең келгенде өзіңді
азаматым дейді.
— Тəте, рас па? Көкем келе ме? Мені азаматым дей ме? — деп бала
тез тұтанды.
— Дейді. Айтады, Алпамыс. Бар енді аздап ойнап кел.
Көңілі жайланған бала құлдыраңдап жүгіре жөнелді. Алпамыстың
соңынан елжірей қарап қалған Қатираның екі бетін тіле аққан
қорғасын жас кешкі шапақта оттай болып алаулады.
Айғанша шайды ұзақ сораптады. Іштегі құса ғана ауырта ма, көңілі
сəл бөлінсе, кəдімгідей жүзіне шырай жүгіріп, өңі кіріп қалады екен,
соны байқаған Қатира жайшылықтағы аузы ауырлығын ұмытып,
талай əңгіме, талай өсекті айтып тастады.
— Ойпырмай, десе, Айғанша, анау Нəзия, Алпамыстың мұғалімі ше,
сол өзі қызық адам екен, — деп сəл кідірді. Айғанша елеңдей бастады.
— Сол шіркінді əркім-əркім сөз қылатын боп жүр ғой. Жеңілтек
деседі.
— Тіпті айтпа! Əбден ұшқалақ екен. Алдыңғы күні қара торпақты
іздеп жүрсем... мектеп оқушыларымен өзен жағасында жүр. Тырдай
жалаңаш!..
— Қой, Қатира, тырдай жалаңаш емес шығар?!
— Төсі мен бутында бір-бір тартары ғана... Баламен бала боп су
шалпылдатып шомылып мəз. Өзі араққа да үйір деседі. Əлгі Мақанның
"Рахатханасында"... — Мақанның аты тіліне оралысымен үні өшті.
— Мақанның "Рахатханасында" не бопты?
— Соған жиі барады дейді өзін. Айғанша, шайды болдың ба, кесеңді
неге төңкердің?
— Болдым, əбден қандым.
— Онда мына қалған сумен басыңды жуып берейін.
Айғаншаның басын жуып, төсегін қағып-сілкіп қайта салып, енді
шашын тарауға кірісті. Екеуі дəл қазір біріне-бірі сондай жақын, бірінбірі сондай іш тартып отыр. Бастарына жалғыздық түсіріп,
кіріптарлық көрсеткен тас бауыр дүниеге иық тиістіргенде кəдімгідей
сес байқататын айбар тапқандай көреді. Əркім сыйлағанның құлы.
Айғанша Қатирадан Бектемірін қызғанып қанша тіксінсе де, дəл
мынандай жанына шоқ түскен кезде су себелеген құрбысын қиянатқа
қимайды. Содан болар Қатираның əр қимылы, əр сөзі жанына майдай
жағып барады.
— Айғанша, шашың əлі ұзын, — деп құлаштап тараған Қатира кенет
үңіліп, тоқтап қалды.
— Не? Немене? — деді Айғанша.
— Ақ! Ақ түсе бастапты.
— Ақ түседі ғой, Қатира... Түсірді ғой дертім. Əйтеуір Бектемірге бір
алла өзі жар болып, əділет арашалап алса, шаштың ағы, беттің əжімі сөз
бе, тəйірі, — деп еңкейіп отырды да, іле Айғанша, артына бұрылып,
Қатираның бетіне тесірейе қадалды. — Сенде əлі əжім аз... Əй! Əй,
Қатира! Ойпырмай, бетіңе ноқта түскен бе?!
Қатира селк ете қалды. Жүзіндегі мейірім сəтте сусып, дір ете
шошынып, боп-боз боп кетті. Дем арасында көзіне құйылып келген
ыстық жасты, күйік жасын кірпігімен жасырып, ернін тістелеп, төмен
тұқырды.
Қатираның дəл осы абдырауын Айғанша өзінше түсінді. Тұла бойын
суық шалғандай қалтырап, құрбысының қолындағы шашын сусытып
босатып алды да, кейін сырғыды.
"Беті мен мұрнының үстіне анық ноқта түсіпті. Бектемір екеуінікі
расқа айналды. Қандай қарабет! Не бетімен көзіме қарайды?
Шімірікпеуін кəпірдің! Əй, Бектемір, Бектемір! Жаным жабырқап
жүргенде енді мына опасыздығыңды қалай кешірем. Кешіре алармын
ба? Ертең-ақ бəрі белгілі болады ғой. Қарашы қаншықты! Күле кіріп,
күңірене шығады екен-ау! Нем қалды енді қадір тұтатын? Бектемірдің
жолын тосқанда қай қылығына сүйініп тосам? Енді де емірене қоям ба?
Кеткен екен біржола. Тапқан екен қалаулысын. Салдақыны!"
Ойылдағысы еріксіз тіліне оралды.
— Салдақы!
Жалғыз сөзде қаншама жиіркеніш, қаншама кек қаншама зіл
жататынын Қатира алғаш сезді. Құрбысының бетіне бұрылып қарауға
да шамасы жетпей, көзіне құйылған жасты саулатып жіберді.
"Ақыры салдақы атандым. Атандым. Айғанша айтты. Бұдан былай
жұрттың бəрі менен безіп кетеді. Оба шыққан жердей айналып қашады
менен. Салдақымын".
Екі иығы солқылдап булыға жылаған əйелге Айғанша одан сайын
жаны түршіге жауыға қарап қалып еді.
"Көр жыла, жер жыла бəрібір енді ақтала алмайсың!
Опасыздығыңды кешіруге дəрменім жоқ. Құрбым едің, күйеуімді
жадылап, ноқталап əкеттің. Өл де маған, енді исінерім жоқ! Енді
илігерім жоқ! Қандай аяр едің, Қатира! Ақыры міне, ұсталдың.
Тағдырдың жазуын пенде тоқтата алмайды. Масқаралап таңба басып,
тəңір хақ күні ертең бар мекерлігіңді ел-жұртқа айғақтайды".
Айғанша шашы қобыраған қалпы шұқшия қадалып, Қатираның дəл
қазір қатал тағдырының сотына ұқсап кетті. Қатира сол аузын ашып,
тіл қатпаған күйі орнынан тұрып есіктен шығып жүре берді.
— Əй, салдақы! Бектемірді саған енді басы бүтін бердім! — деген
Айғанша сөзі қуалап естілді.
"Неге айтпадым? Шындықты неге ашпадым. Мынау күйдің
күнəқары Бектемір деп ойлайды екен ғой Айғанша. Қайырылып
барып, ішімді ақтарсам ба екен. Əй, сенбейді-ау ол. Күнəқар əйелге кім
илансын. Тарт енді азабыңды. Адам түгіл жаратқанның өзі теріс
айналғанда, қай пендеден рақым табарсың. Атты ғой тəңір қарғысы!
Қараңғы көшеде ілбіп келеді. Етекте дуылдаса ойнаған балалар шуы
болмаса, қарсы беттегі клубтан тараған дарылдақ музыка болмаса,
бөтен дыбыс жоқ. Ауыл демін ішіне тартып, мына жаралы жүрек жаны
ыңқылды əйелді үн-түнсіз бақылап тұрғандай.
Өмірде періште аз, пері көп. Аңдысып, жұлқысып жатқан
пиғылдардың қараулығын көбейтетін де əлгі көп перінің əрекеті. Соны
ойламай адасып жүре беріпті. Сенгені жаратқан тəңір еді. Жаратқан
тəңір сенімін сындырып, тағдыр гүрзісімен төбесінен соғып жіберді.
Енді табар тірегі жоқ. Жалғыз-ақ өкіне қиналатыны — Мақан
жауыздығының Бектемірге телінуі. Жазықсыз шіркіннің кінəлі аталуы.
Ең болмаса сол азаматтың арын қалай ақтап алар. Ақтай алмаса, өзіне
таңылған өсектің кірін оған да жағып, қаралап өтеді ғой. Қайтсе жан
тыншығар? Қайтсе ғана аласұрған көңілдің дауасы табылар?
Сүрініп кетіп ұшып түсті. Тізесін оңдырмай соғып алды. Бүктетіліп
отыр. Орнынан тұрғысы жоқ. Дəл қазір жұлдызы жамыраған даланың
өгей баласындай жатбауырлық сезініп, дүниені түгел тəрк етіп,
жоғалып кетсе дейтін қытымыр ойға бейім. Төмендегі балалар шуы
мен жоғарғы жақтағы дарылдақ музыка əуені де құлағына жетер емес.
Дүние бөлек бұл бөлек. Таразының екі басында бір-бірінен
аулақтанған қапалы əйел мен бүкіл əлем. Бірақ біріне бірінің өсері жоқ,
қатынас əрекеті жоқ. Ол да оқшау, бұл да оқшау.
Əлдекім иығынан тартқылады. Қатира шошынған да, түйсінген де
жоқ. Иығынан ұстаған адамға селқос қана бетін бұрды. Қаракөлеңкеде
онша танымады.
— Қатира тəте, сен топырақта неге отырсың? Үстің былғанады ғой.
— Ə-ə, Тілеу?! Сенбісің?
— Сен неге жығылдың, тəте? Аяғың астына қарамайсың. Сонсоң
отырсың, отырсың. Тұрмайсың. Тұра ғой, Қатира тəте. Мен апамды
сүйеп жүрем. Апам тағы бəлніске кетті. Ан-а-ау жолмен машинаға
мінгізіп əкеткен. Грузовек машинамен.
— Ə, Тілеужан, апаң жазылып келеді. Сонсоң сен оны өзің тағы да
сүйеп жүресің.
— Мен ылғи жол тосам, тəте. Бүгін де келген жоқ. Үйде отырсаң іш
пысады. Күндіз Білəлге барғам.
— Қайда? Қайда дейсің? — Қатира селк етіп ес жиды. Орнынан
көтерілді. Білəл Тілеудің Ауғанстанда қаза болған інісі. Сонда Тілеу
оған қалай барады?
— Бейіттерге барғам. Білəл керой деген жазуды балалар тас
лақтырып сындырып тастамасын деп барғам. Олар неге тас
лақтырады, тəте?
— Ойнайды ғой...
— Керойды өйтуге болмайды. Олар дұшманды жақтай ма, тəте?
— Жоқ, Тілеу. Неге жақтасын.
— Анау Сағит — жаман. "Мен — дұшпанмын!" деген.
— Иə, ол нашар бала. Жүр, Тілеу.
— Қайда?
— Біздікіне барайық. Шай ішейік.
— Мен шай ішкем.
— Сен мені сүйемейсің бе?
— Сүйеймін...
Жұмыртқа қуырып, қаймақ салып, қант-кəмпитін Тілеудің алдына
жақындатып қойып Қатира өзі де столдың шетіне отырды. Дүниеден
бөлектеніп қалғанда, сол дүниенің елшісі боп қол созған Тілеуді
кəдімгідей қара тұтып ес жиды. Ішіндегі қап-қара түс ыдырап, ішіндегі
өкпе-қыжыл мысқалдап азайып барады. Мынау өзі ауру, шалаесті Тілеу
бұған деген мейірімімен-ақ дүние қаталдығын жұмсартып жіберген
тəрізді.
— Іш, Тілеу! Шайың суып кетті.
— Тəте, мына кəмпиттерді Балта əкелді ме?
— Иə-ə...
— Мен оны көргем. Балта городекій жігіт, ə?
— Қашан көрдің?
— Сонда келгенде ол менен Қобландының моласын сұраған. Мен
оны бөтен кісі деп қалғам. Ол Балтаның көкесінің бейітінің басында
жылаған.
— Сонсоң қайда бардыңдар?
— Біздің үйге барғанбыз. Мен үйге барғанда Балтаны таныдым.
Балтаның мына жерінде — Тілеу оң білегін түріп көрсетті. — Осы
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.