Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12

Total number of words is 4053
Total number of unique words is 2280
33.7 of words are in the 2000 most common words
47.8 of words are in the 5000 most common words
54.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
шағынарсың? Құлыным-ай, сенен айрылған соң енді кім бар маған
сенетін. Кімім қалды тірек ететін? — деп көй-гөйге баса өкіріп жылап
қоя берді...
***
"Масқара ғой! Қалай көрем бетін? Арыстай азамат өліп жатқанда
екеуі... екеуінің дəті қалай шыдап барады? Апам қалай өзгерген?.. Бұған
дейін бұдан да жас кезінде бірде бір еркектің бетіне күле қарамаушы
еді ғой. Енді неге бұзылды? Неге? Не-ге?"
"Неге?" дейтін жауабын таппас сұрақ миына тікендей қадалып,
күйтабағы тесілген патефондай қайта-қайта тіл ұшына орала береді.
"Қаралы ана өтірік айтпайды. Айта алмайды. Сонда анау екеуі...
екеуі көптен бері... Мен оқуға кеткелі бес жыл... Онда тура қырықта
ғана... Қырықта ғана... екеуі бірге оқыған... Неге өзгерген? Қалай
өзгерген... Кетем!.. Бекер келген екем?.. Қобландыға келдім ғой?.. Иə,
соған келдім. Кешір, Қобланды! Мен саған келдім. Қазір барам. Бірден
өзіңе баруым керек еді".
Балта ауылдың сыртындағы зиратқа қарай бұрылып, төтелей
салды. Жолсызбен тартқан соң ебіл-себілі шығып, пора-пора терледі.
Пора-пора жас бетін жуды. Бірер рет сүрініп құлап тұрды. Бірақ
тоқтаған жоқ. Ауылдың теріскейіндегі шоғырланған қорым бұрын
жақын көрінуші еді, түнде жол ұзарып кетеді дейтін наным рас па,
əлде асыққан адамға барар жерінің жеткізбей қоятынынан ба,
Балтаның алқынуы күшейді. Кенет қарсы алдынан қарауытып бір
"ауыл" — "мəйіттер ауылы" — шыға келді.
"Қалай көбейіп кеткен? Əй, мынау не? Күмбез бе? Апырау, нешеуін
салып тастаған? Бұрын мұндайдың бір де бірі жоқ еді ғой?"
Балта зираттың шетіне жетіп, тайсақтап тоқтады.
Алғашқы қарқында Қобландыға барам, досымның басына барам
деген тілекпен батыл адымдағанымен, енді жүрегі дауаламай тұр.
Бірінен-бірі биік, бірінен-бірі еңселі, бірінен-бірі асқақ күмбез-белгілер,
күмбез-бейіттер түнгі қорымның суық сұсымен денесін түршіктіріп
жіберді.
"Мыналарды қай кезде салып үлгерген, ей? Соншама адам
шетінемеген сияқты еді ғой?" деп Балта жүрексіне басып ең биік ең
əсем салынған күмбезге жақындады. Күмбездің сыртқы қабырғасына
мрамор тақта орнатылған екен, қанша сығалап үңілсе де, əріптерді
шығара алмады. Кенет... əлдекімнің қыт-қыт күлгені естілді... Балтаның
жүрегі жарылып кетпесе де... тас төбесіне шықты.
Күлген дауыс жақындады. Қараңдаған əлдекімнің елесі көрінді. Қытқыттап күлген дауыс адам даусына мүлде ұқсамайды.
Жүрегі дүрс-дүрс ұрғылаған Балтаның буын-буыны босап, тұла
бойын сұп-суық тер жуды. Тізелері дірілдеп, дымы өшті. Түнгі зират
басы... Сорайған, серейген күмбез бен томпайған қабырлар... Əлде
күлген, əлде шегін тарта жылаған белгісіз дауыс... Қорқынышты дауыс.
Қашу қайда! Қашпақ түгіл Балтаның саусақ қимылдатар дəрмені
қалмады.
Əлгі қыт-қыт күлкі (күлкі екеніне күмəні қалмады) дəл қасынан
естілді. Қараңдаған бейне қарсы алдына тоқтады. Үсте шоқпыт, баста
— алба-жұлбасы шыққан қамыс қалпақ. Ырсиған тістің ақшыл түсі
білінеді. Күлгенде бүкіл денесі селкілдейді.
— Мен сені білем, — деді əлгі сұмдық күлкілі адам. Адам даусын
естіген соң Балтаның жүрегі орнына түсті.
— Сен кімсің? — деді.
— Мен сені білем. Сен Қатира тəтенің үйіне келдің. Мен сені көргем.
— Өзің кімсің?
— Мен Тілеумін. Сен мені ұрмайсың ба? "Тілеу!.. Сен əлі осындай ма
едің? Жазылмаған екенсің ғой əлі? Шіркін Тілеу! Тілеу-ай!"
— Мен — Балтамын ғой!
— Жоқ, Балта кішкентай... Сен гародскойсың... Мен Балтаны білем.
Балта кішкентай ғой. Алдайсың босқа. Ұрмайсың ба? Мені бəрі ұрады.
— Ұрмаймын, Тілеу!
Тілеу — Балтамен түйдей құрдас. Қобланды үшеуі үшінші класқа
дейін бірге оқыған. Осы Тілеу керемет алғыр еді. Алдына жан
салмайтын. Үшінші класта ауырды. Ауыруына жұрт осы Мақан
себепкер болды деп гуілдеуші еді сол тұста. Қазір ауызға да алмайды.
Тілеудің үйіне Мақан түн ортасында есігін бұзып кірген бе, шешесін
сабаған ба, əлде басқа бір өздерінің күңкіл-шүңкілі болған ба, сол
түннен бастап шошымалы болған Тілеу, ақыры, жүріп кететін,
айдалаға шығып кететін кеселге ұшырады ғой. Жалғызбасты
шешесінің апармаған дəрігер, тəуібі қалмапты дейтін. Қайран Тілеу сол
он жасар бала дəуренінде біржола қалып қойды ғой. Шала есті, момын
жанға кім көрінген əлімжеттік ете беретіндіктен əбден зəрезап болып
қалған. Балтаға қайта-қайта жалынатыны да содан.
— Сен мені ұрмайсың ба?
— Неге ұрам, Тілеу? Сен менің досымсың ғой.
— Иə, саған. Мен сені бүгін ғана көрдім. Сен Қатира тəтемдікіне
келгенсің.
Балта Тілеудің бетіне қанша үңіліп қараса да, ананың жүзін анық
көре алмады. Мынау əркімнен бір таяқ жеп, ықылас таппай жүрген
Тілеуді дəл қазір өзінен гөрі бақытты санайтындай.
— Сіріңкең бар ма? — Далбасалап сұрай салды.
— Бар... — Қыт-қыт күлді. Одан кеңк-кеңк күлкіге ауысты. — Менде
сіріңке бар. Анада Сүйменқұлдың немісский əбшеркесі босанып кеткен.
Ой, сондағы қорыққаным-ай! Сіріңкені шағып лақтырса, ит тиіспейді.
Балалар сіріңкеден де қорықпайды. Ылғи тас лақтырады.
— Сіріңкеңді берші.
Тілеу шоқпытының бір қалтарысынан бір қорап сіріңке шығарып,
Балтаның қолына ұстатты.
— Сен Балтаны білесің бе? Балта біргадирский грузовекпен қалаға
кеткен. Ол əлі кішкентай.
Балта таң қалды. Өзінің осыдан бес жылдан астам уақыт бұрын
оқуға барарда Бектемір жүргізетін жүк машинасымен кеткені рас-тын.
Соны бұл Тілеу көріп тұрған екен-ау. Əлі ұмытпаған, ə.
Сіріңке шағып, тақтадағы жазуды оқыды. ..."Баласы Мақаннан".
Мақанның əкесінікі екен ғой. Сонда мұның əкесінікі де осы төңіректе
емес пе. Арасы таяу болатын-ды. Көңіл жобамен ілгері адымдады.
Тапты. Төрт құлақты кішкене бейіт. Қышы үгітіліп, шөгіп кетіпті.
Есігінен бас сұқты. Шөп өскен қабыр тым жұпыны. Шешеге деген өкпе
одан сайын ширықты. Ышқынған жүрек одан сайын соқты.
"Ең болмаса... қабырын да қарамағаны ма?"
Ең болмаса... Өкпе таққысы келсе, адам қандай сылтау тапқыш.
Жалғыз əйел бұдан артық не істей қойсын.
"Мақан əкесінің басына көк тас қойыпты".
Көктас!.. Жұрт айта беретін: "Пəленшенің баласы азамат-ақ əкесінің
басына көк тас қойыпты! Түгеншенің баласы жігітім-ақ,əкесінің үйін
əдемілеп, күмбездеп тұрғызыпты" сияқты тамсанулары, дəріптеулері
мынандай бақастыққа апарып соғады екен-ау.
"Əй, бірақ менің əкем Мақанның əкесінен кем бе? Несі кем? Менің
əкем кем емес. Бірақ Мақан биіктігін он метр етіп күмбез тұрғызыпты
ғой. Ал колхозшыларда... көпшілігінде жөні түзу үй жоқ. Апамның"...
Ойы үзілді... Шешесіне деген өкпе қыжылы аунап тұрды.
Кезінде шешесінің қатты жүдеп кеткенін де, көкесін... Мұқатты
ойлап, күндіз-түні бір тілек үстінде сарылғанын да сезетін тəрізді. Сəби
жүректің аянышымен, қарлығаш қанатыңдай су себуімен апасын
құсадан сейілтуге тырысатын.
"Сол күндерді ұмытқаны ма? Қалай ұмытады? Мен болмағанда қоса
өліп кетуге де дайын еді ғой... Жұбайының əруағын қорлағаны қалай?
Бектемір неге адасқан? Досы еді ғой. Құрдасы емес пе еді?.. Еркектің
ермекшіл болар əдеті ме? Апырау, осы еркектерде достыққа деген,
досқа деген қасиетті парыз болмаушы ма еді? Бектемір мені анау...
анау деймін тірі жүргендей-ақ... марқұм Қобландыдан да гөрі көбірек
еркелетпеуші ме еді. Соның бəрі алдамшы қылық, көз бояу үшін
істелген жалған тірлік болғаны ма? Кімге сенем?
Айғанша тəте алдамайды. Ашынбаса, жаны күймесе, аяp еді ол мені...
Мені сондай жақсы көретін...жақсы көреді... Жылы-жұмсағын алдыма
тосып келген. Көңілі əбден қалмаса... дəл манағыдай шала бүлінбес
еді... Шыдай алмаған... Апам!.. Əй, апам!.."
Көзден жас парлады. Кэкіректен ауыр... ауыр күрсініс лықсып
шықты.
— Сен неге жылап тұрсың? Мынау сенің əкеңнің бейіті ме?.. Бұл —
Балтаның көкесінікі ғой.
Тілеудің көзі қараңғыда да күндізгідей көретін тəрізді. Тілеудің
сөзінен селк ете түскен Балта өзінің жалғыз емес екенін ұмытқанын
түсінді.
— Бұл — менің көкемнің бейіті, Тілеу...
— Қатира тəтем бұрын ылғи келетін.
"Бұрын ылғи келетін... Енді келмейтін болғаны ғой... Кемегені —
ұмытқаны. Ұмытпай... Енді оның оған қажеті жоқ. Жоқ! Əрине
келмейді! Əрине ұмытады!"
— Əрине келмейді! Əрине ұмытады! — дауысы қатты шығып кетті.
— Кімді ұмытады? — Тілеу сап-сау сұрақ қойды. Дем-тынысы да
жиілеп естілді.
— Жай, əншейін. Тілеу, сен Қобландының қабырын білесің бе?
— Білем. Ол анау жақта... Білəл ше... Сол Білəлдің қасында. — Тілеу
кеңк-кеңк күлді. Тілеу қорс-қорс жылады.
Күліп тұрған адамның тез жылағаны қандай қорқынышты. Ал
шалаесті, ауыш жанның түнгі зират басында кеңк-кеңк күлкісін тептез қорсылға жалғастырғаны тіпті үрейлі болады екен. Балта
шегіншектеді.
— Білəл... сенің інің Білəл ма? Ол... оған не болды?
— Білəл кəрой болған. Ол көп-көп пəшесті атқан... Сосын анау
Дұшман деген ше... Сен Дұшман дегенді білесің бе? — Тілеу жақындап
келіп, ентелей төнді.
— Иə, білем.
— Сен оны көрдің бе?
— Жоқ.
— Ол дұшман ше... О-о! Оның бойы бар ғой — сталбадай! Сұмдық
ұзын. Көзі — тостағандай. Мен оны көрге-ем! — Тілеу Балтаға тығыла
түсті. — Мен одан қорқам! Мені түсімде қорқытады. Саусақтары
арбиған!.. Ой, буындырды-ау саусақтарымен!.. Саусақтары десе ғой,
темір! Дұшман жаман!
Тілеу тағы қорсылдады. Екі қолымен көздерін сықпалады. |
— Мен Дұшманнан қорқам десем... мені бəрі мазақтайды. Балалар
тілін шығарады ылғи... Ешкім болыспайды! Темір саусақтары қатты.
Мойнымнан буындырғанда...
— Жылама, Тілеу! Дұшман енді саған тимейді. Мен оны қуып
жіберем! — деді Балта Тілеудің иығынан қағып. Қатты аяғаны сонша,
өстіп далбаса жасады.
— Қуып жібересің бе? Сенде əптамат бар ма?
— Бар! Менде бəрі бар.
— Оны неге ұстап жүрмейсің?
— Тығып қойғам. Дұшпан келгенде атып тастаймын. Тілеу қуана
күлді.
— Сен оның басынан ат, ə. Əйтпесе өлмейді. Біздің Білəлді де
өлтірген ол. Басынан атқан. Білəлдің басы жоқ.
— Не дейсің?! — Балта Тілеуді шап беріп ұстай алды. Анау
қорсылдап жылап жіберді.
— Мен емес!.. Дұшман атқан оны. Балалар айтады басы жоқ екен
деп. Темір қораппен əкелген...
Тілеу алақанымен бетін көлегейледі. Балта қолын босатып, Тілеудің
арқасынан қақты.
— Жылама, Тілеу. Жүр көрсетіпі...
Тілеу алға түсті. Қабыр-қабырдың арасынан жыланша ирелеңдеп
бастап келеді. Бір рет артына бұрылып сəл кідірді.
— Сен мынау томпақты баспа. Оның астында өлген адам ұйықтап
жатыр. Басып кетсең, о-о-ой, аяғың ақсақ боп қалады. Жарай ма?
— Жарайды.
Тілеу қоянжондана үйілген екі жас қабырдың дəл ортасына тоқтады.
— Мынау Білəлдікі... Мынау Қобландынікі.
Балта тізе бүкті.
"Қобланды, мен сені енді ешқашанда көре алмаймын. Сен қалай
сақтанбадың, Қобланды? Мен кеш естідім. Хабарың жеткенде
қолымнан топырақ салар едім". Қол созып бір уыс топырақты
алақанында сығымдады. Түйіртпекті саусақтарымен үгіп, қабыр үстіне
қайта тастады.
"Қош бол, Қобланды!"
"Қош бол деймін. Естір ме енді қайтып ол мені? Ең болмаса рухы тірі
жүреді дейтін дінді де аластап қуып, атеист болып алдық. Ештеңеге
сенбейміз. Егер сенсек... дінге сенсек онда мынау Қобландымен о
дүниеде кездесер едік қой. Енді ешқашан да кездесу жоқ. Ал мен ол
даусымды... не ойымды еститіндей-ақ "Қош бол" деймін. Рухты рух
сезінсе ғой... Сонда... Бəсе сонда не дер едім? Не деп жұбатар едім. Əй,
жұбата алмаспын. Өмірден тым ерте... тым ерте кеткен адамды...
рухын жұбатар не бар? Үлкендерше "өзекті жанға бір өлім, бəріміздің
түбінде бір баратын жеріміз" деп ділмарсығаннан не өнеді. Өзекті
жанға бір өлім болса, өздігінен соған бас тігіп, көне қоятын кім бар?
Жоқ қой ондайлар. Сен ше... өзің ше? Мен бе? Мен де қимаймын. Өмірді
қимаймын".
Тілеу жеңінен тартты.
— Не?
— Сенің əптаматың қайда?
— Автомат па? Оны қайтесің?
— Қазір Дұшман келсе, қайтеміз?
— Дұшман келмейді. Сен бекер қорықпа, Тілеу.
Балта орнынан тұрып Білəлдің бас жағына қойған тақтадан (тас па,
темір ме айырған жоқ) сіріңке жағып, "погиб при исполнении
служебного долга" дегенді оқыды. Сəл төмендеу бояумен: "умер при
исполнении интернационального долга в Афганистане" деп қолмен
жазыпты. Тілеу əлгіні алақанымен сипап қалды.
— Қобланды жазған мынаны. Сонда кəмандір неге жаздың деп
ұрысқан оған... Мен қорыққам. Қобланды күшті... Ол кəмандірден де
қорыққан жоқ.
"Иə, Қобланды қорықпайтын. Қобланды батыл болатын. Адал
болатын. "Бар! Сен де кет! Бəрің кетіңдер. Сонда колхозда кім істейді?
Мынау төбесінен тоқпақ түсірмейтін əке-шешелерімізді Мақанның
езгісінен кім құтқарады? Кетіңдер! Қорқақтар!" дегенді кластастарына.
Бəрімізге... Енді Қобланды жоқ.
Мақанмен кім айқасады? Мақанды кім жеңеді? Əлде Қобландыны
Мақан жеңді ме? Оқыс оқ соның езуімен бұрылмады ма екен?"
Екі жас жігіттің жас қабырлары жүдеу, жұпыны. Бірімен бірі жарыса,
бірімен-бірі бақ таластыра, айбын-атақ таластыра салған күмбездер
қара түнде жоқшылыққа, кедейлікке, қол қысқалыққа бір шекелеп
қарағандай шаншыла-шаншыла қалыпты. Балтаның жан-жағына
сұғына қараған басы осы теңсіздікті көрмейін дегендей салбырап
кеудесіне түсіп кетті.
"Əрине, көк тас керек. Керек-ақ! Жер бетіндегі ақтық демін жұтып
таусып, ақырғы жолын шалқалап келіп осы араға тіреген жанның атыжөні жазылып тұрғаны дұрыс-ақ. Əбден дұрыс. Көкеме қарыздармын.
Иə!.. Тас қоямын. Ол — балалық борышым!"
Тілеуге бұрылды.
— Қайттық, Тілеу.
— Мен апамды тосам... Апам бəлністе... Келіп қалса, алдынан шығам.
— Апаң бүгін келмейді. Ертең келер.
— Рас ертең келе ме?! — Тілеу қолынан шап берді. — Сен оны көрдің
бе? Сен қаладан келдің, иə? Сен неге жаяу келдің? Анау Тұрған ше... Сол
бастық қой... Машинамен келді. Сен оның машинасын көрмедің бе?
Жаяу келдің...
— Көргем жоқ...
— Ол бəрібір мінгізбейді... Бораш бар ғой, шофыр Бораш ше, сол
əнеукүні мені машинаға жолатпай, қуып жіберген.
— Жүр, қайталық.
Кенет Балта Тілеудің үйіне қонып шығып, ертемен ауылдан тайып
тұрғысы келді. Оған тұсынан өтіп бара жатқанда Мақанның əкесінің
күмбезінің іргесінде тəутиіп тұрған өз əкесінің төртқұлақ бейітінің
қораштығы да от тастағандай болды. "Неге қарамайды? Неге
жөндетпейді? Анау ғой көп ұзамай құлайды. Өзін шикі кірпіштен
қалапты. Жауын-шашын шақ келтіре ме, шайып, мүжіп барады?
Аяйды, көкемнен аяйды".
Əрине, кінə таққыш көңілдің мұндай сəтте сыныққа сылтау іздеп,
бар күнə-сұмдықты үйіп-төккіш болатын əдеті ғой. Балта да сондай
қазымырлықпен шешеге деген өкпені қалыңдатып жатыр. Қапалы
жанды мұңдана түскен сайын соның бəріне бір ғана жанды кіналап,
өкінішке толы өмір кешкендей күрсінісін көбейтті. Бүкіл өткенін
ұмыттырды. Əйтпесе, мынау ата-бабасы өсіп-өнген жерге, атабабасының сүйегі жатқан жерге, ата-бабасының қаны сіңген қасиетті
жерге тіл бітсе, мынау түнгі сыбдырлы желі адамша сөйлесе, былай
деп шешіліп кетер ме еді:
"Жоқ, Балта балам! Балта əулетім! Сен адасып барасың. Мүлде
адасып барасың. Сен анаңды бекер жазғырма. Сенің анаң сары аурудай
сарғайып сені ойлайтын. Сенің қамыңды ойлайтын. Тілегі де, үміті де
— жалғыз сен болатынсың жесір əйелдің. Тапқанын аузыңа тосқан.
Ұстағанын үстіңе жапсырған. Бір көйлегін үш аударып киетін.
Мұқатты ұмытқан жоқ. Ұмыта алмайды. Мақанның əкесіне күмбез
орнатқанда Мұқаттың қалқайған ғана бейітінің ұсқынын көріп үш күн
жылаған. Амал не, қысқа жіп күрмеуге келмейді. Таңның атысы, күннің
батысы көң жалдап, сарысу кешкендегі бар тапқанын саған салатын.
Сен оқыса екен, тарықпаса екен, аш-жалаңаш болмаса екен деп қу
жаны ышқынатын. Жоқ, Балта! Қатира Мұқатты неге ұмытсын!
Ұмытпайды. Мəңгі-бақи ұмыта алмайды. Сен қатты адастың! Мықтап
алжастың!"
Əттең, не керек туған жердің тілі жоқ. Қараңғы түннің құрсауында
ызыңдаған желді кеудесінде жүйткітіп үнсіз жатыр. Булығып жатыр.
4
Алматыға жақындаған сайын поездың тоқтауы жиіледі ме, əлде
Балтаға солай көрінді ме, жүрісі өнбей қойды. Қаладан кеткеніне үш
күн емес үш апта өткендей дегбірі қалар емес. Əрине Алматыға бауыр
басып қалғаны да рас. Бірақ дəл қазір сағынып көргісі келетіні —
Майсара. Алыстаған сайын жақындай түсетін, аңсата түсетін махаббат
құдіреті болады дегенді талай естіген. Енді мына вагон дəлізінен
терезеге қарап, жер түбінен мұнарланып Алатау көзіне шалынғанда,
əлгі тұжырымдардың ақиқаттығына ден қоя бастады.
"Əй, мен Майсараны шын ұнатам-ау. Шын сүйем-ау осы. Үздігіп
бара жатқан тəріздімін-ау. Анау Алатау əппақ тұлғаланып тек
Майсараға ғана ұқсайды-ау. Əлде Алатау аясында Майсара болған соң
ыстық тартып бара ма?.. Неге ашуландым? Неге ренжіттім? Бармағаны
қандай жақсы болды. Барса... бəрін естір еді. Əй, апам... Апам. Неге
айтып-айтып кетпедім. Қартайғанда желік буып несіне құтырынады?
Нанға өкпелеген баладай тұра қашқаным қалай? Қозғасам ғой... ішкі
жегіні ақтарсам ғой... дəл бұлай қиналмас ем. Бетіне батырып-батырып
айтып кетуім керек еді...
Майсара!.. Мені ұғатын да, мені түсінетін де бір-ақ адам өзі. Мынау
кеудемнің тоңын... шешеме деген көңіл тоңын сол жібітпесе... Əй, онда
ешкім жібіте алмас.
Адалдық... Махаббат... Қазақ əйелдері адалдықты көзінің
қарашығындай сақтамаушы ма еді. Махаббат мəселесін күшті сезінеді
деп кесіп айта алмаймын. Мүмкін анау жапырайған үй, анау бес-алты
үйлі разъездегі анау... анау артта қалып бара жатқан... поезд терезесіне
күн салып қарап, орамалы қисайып қалып бара жатқан əйел үшін өз
отағасына деген көңілі, тазалығы, адалдығы, алдын кесіп өтпейтін
сыйластығы, кішілігі махаббат деген айқай-дабылды сөзден гөрі
қымбатырақ, қадірлірек шығар. Соны неге ескермейді апам? Неге
ұмытады?"
Алатауға тұмандатып, шілтер тұтып жауын себелеп тұр. Сол
жауынның лебі ауада дымқыл боп жайылып, ашық терезеден бетіне
тиген соң, терезені көтеріп жапты. Сызды, тұманды болса да қала
төңірегінің əсем табиғаты көз суарып, көңіл қуантады.
"Майсара үйде ме екен?"
Балта түршігіп кетті. Күдік неме қайдан сап ете қалып еді, өз
еркінен тыс ойына оралды да, табиғатқа сұқтана желпінген көңілді су
құйып өшіре салды.
"Ол əнеукүні тегін қалып қойған жоқ. Екі-үш күн менсіз сайрандамақ
болған. Сайрандасын. Біз де өлмеспіз. Қайта ара жікті ашуға жақсы
болады. Əйтпесе, бітеужара тірліктен пайда жоқ. Білер ме еді? Қайда
баратынын, қайда жүретінін білер ме еді? Əрине Майсараға анаумынау адам жоламайды. Жолай алмайды. Сұлу. Ақылды. Іскер.
Атаңның басы іскер. Қалалық рыноктардың бастығы. Əне,
Майсараның іскерлігі. Басқа жұмыс табылмағандай. Саудагерлермен
істес".
Балта терезеге сүзілді. Алатаудан төмен жылжыған жауын бұлты
жер шылап жақындап қалған екен. Айнала төңірек енді дəл мұның
ауырлаған еңсесіндей лезде сұрқай түске ауысып үлгеріпті.
"Майсара мені алдамайды. Алдауы мүмкін емес. Ол мені сүйеді..."
Өзінің Майсараға қатты ұнайтынын сезеді. Сезіп қана жүрген жоқ.
Көбінесе Майсараға ұнағаны үшін де қаталдық жасайды. Бір емес
бірнеше рет көңілін қалдырған да өзі. Арадан қыл өтпес дейтін
татулықты бұзатын да өзі.
"Иə, өзімшіл болармын. Мүмкін мен оны қызғанатын шығармын.
Қызғаныш — махаббаттың серігі деуші еді ғой. Бірақ асқақ сезімді
қызғаныш тəрізді қарақшы тілек қорғаштап жүрсе, ондай тірліктің несі
сəн. Қызғаныш көңіл күн көзін алақанымен жаппақ боп тыраштанған
пенденің күйкі қылығы емес пе. Не жаба алмай, не сол əрекетін тия
алмай өзін-өзі сенделткенде не түседі? Қызғаныштың түпкі жетер жері
— жауығу ғой. Ал бір үйдегі əйел мен еркек əу баста бірінсіз бірі тұра
алмастай өліп-өше үздіккен жұбайлар жауықты дегенше, дүниенің
бейбіт тірлігінен не пайда. Көкіректі тырналаған əлдебір өшпенділік
тырнағы сəт сайын ақ-қараны ажыратқызбас кінə-жаланы қандай
күшіктеткіш. Бар сұмдық қызғаныштан... Мен Майсараны қызғанамын.
Неге қызғанам? Сүйем ғой... Сүйеді екем ғой".
Поезд бірінші Алматы вокзалына тоқтады. Осы арадан такси алып
жүріп кетсе, тездетіп үйіне... (үйіне, өз үйіне) жетеді. Плащын иығына
сұға салып, сыртқа ұмтылды. Жүгі жоқ, екі қолы да бос. Портфельді
шешесінікінде тастап кеткен. Өйткені шешесімен қоштаспай қашып
кетпеді ме.
Сылбыр жауын бетке ұрды. Тұтаса төнген сұрғылт бұлт шоғыры
ауыр қозғалады. Терек ұштары əлгі бұлттарды тіреп тұрғандай.
"Такси табыла қояр ма екен?"
Балта қайтадан салғырт тартты.
Сүмірейіп вагонына мінді.
"Кімге асығам? Артым анау... Біреудің шыжығынан қызық аулаған
жесір əйел... Апам менің. Алдым жəне жұмбақ. Мендей күйеуі... жо-жоқ
тамыры бар болса да, жесір əйелдің тірлігіндей тірлік кешкен Майсара.
Себебі ол маған есеп бермейді. Қайда жүрді? Қайда болды? Неге
кешікті? Кіммен кездесті? Оларды менің білмек түгіл сұрамауым да
керек. Ay, неге білмеуге тиіспін. Бір жақсысы Майсара əлі басқа жақта
əзірше түнеп қалған жоқ. Бірақ əлдекімдермен кездесетінін рас қой.
Кешігетіні... талай кешіккені бар. Сол кездесулерде не шеше береді?
Əрине, əйел мен еркек оңаша кездескен кезде шошқа тағаламайды.
Мемлекеттік мəселелерді де көп шеше бермейді. Ендеше..."
Жұдырығымен көлденең белдеу ағашты салып қалды. Киініп,
жиналып вагон дəлізінде тұрған жолаушылар Балтаға жалт-жалт
қарасты. Əдемі, сұңғақ бойлы жігіттің балшық жұққан балағына,
туфлиіне көз жүгіртіп, əлдекімге жорыды ма, кейбір əйел жолаушылар
ығыса аулақтауға тырысты.
"Үйде ме екен?"
Майсара үйде отырса, бүкіл күдік сейілердей, бүкіл кірбең
арылардай көреді.
Ақша маңдайы жарқырап есікті өзі ашып кеп жіберсе... құшағын
жайып төсіне қысып бар-бар қажытқан ойдан сергір еді-ау! Мынау
алаңшыл, секемшіл көңілдегі құртша кемірген əбігерден құтылар едіау! Сонда мүмкін шешесінің "мінезіне" де кешірімшіл кеуденің бір
түкпірінен бұлтартпас сылтау табар ма еді?!
"Үйде болса екен!"
Майсара бірақ үйде болмай шықты.
Көше-көшедегі демонстрациядан кейін үйіліп қалатын қағаз
гүлдердің, балмұздақ, конфет қағаздарының қоқысын кешіп, жаяу
жеткен Балта, киімінің суын тамызып есік көзінде біраз тұрып қалып,
қоңыраудың ақ түймесіне саусақ басты. Екі-үш қайталап басты.
Майсара жүгіріп келген жоқ. Ақша маңдайы жарқырап есік ашқан
жоқ. Құшақтар айқасқан жоқ.
Балта есікті қалтасындағы өз кілтімен ашып кірді.
Үй іші жып-жылы екен. Су киімдерін тастап, спорт костюмын киіп
залдағы диванға қисайды.
"Қайда жүр екен? Менің аяқ астынан қайтып келгенімді білмейді.
Білмеген соң асықпайды. Қазір қайда кеткенін білсем, үстінен түсер
едім. Сонда не істеймін? Некелі жарым ба еді ол соншама. Күшік
күйеу... тіпті күшік күйеуден де төмен емеспін бе?"
Ұрлық істеп қойғандай басын жастықтан жұлып алды. Алақтап жанжағына қарады. Креслоның үстінде жатқан қара дипломат чемоданды
көрді. Мұндай дипломатканың бұл үйде үшеу, төртеуі бар. Бірақ олар
мынаған ұқсамайды.
"Біреу келген бе? Кім келген? Енді тура үйде кездесетін болғандары
ма?"
Өзін-өзі күшпен көндіріп, əлгінде əрең тежеген еді, күдік құрты
кеудесінде қайтадан тірілді. Атып тұрып қара дипломаткаға жармасты.
Құлыптарын кілттемеген екен, сарт-сұрт босады. Қақпағын ашып кеп
қалды. Көздері шарасынан шығып барады. Кілең қызылала он
сомдықтардың бумасы. Үстіндегі қатарда он бумасы жатыр.
"Шешінген судан тайынбас" деген өжеттікпен қолын сүңгітіп жіберді.
Бес қатар боп текшеленген екен.
"Елу мың!"
Балтаның елу мың ақшаны бірден көз алдында көріп, қолымен
ұстағаны осы. Елу мың!... Қып-қызыл боп алдында текшеленіп,
сықалып тұр. Мұның жиырма бес жылдық үздіксіз табысы!.. Елеусіз
ғана қара чемоданда, кресло үстінде жатыр.
"Əй, мынау тегін емес! Майсара мұншама ақшаны қайдан алған?
Мұншама ақшаны елу сомдай етіп кресло үстіне қоя салған. Ұрлап
кетер-ау деп қорықпайды, ə... Əлде ұрлық ақша шығар. Əрине ұрлық
ақшаның жарасы жеңіл. Ақша қалай келсе, солай кетеді. Сонда мен де
ұрлық ақшамен күн көріп жүрмін бе?.. Майсараның қолы былғанса, мен
тазамын деп айта алам ба?"
Бөлме ішінде ерсілі-қарсылы сенделіп жүрумен болды. Дəл қазір
Майсара кіріп келсе түтіп жердей-ақ кіжінуі керім. Өз əлінше адалдық
үшін, əділет үшін айқасуға дайын. Тордағы жолбарыстай асыға
адымдағанда паркет еден сықыр-сықыр ойбайлады.
— О-о! Балта-аш!
Майсараның келгенін байқамай қалыпты. Тұра ұмтылған
келіншектің шын қуанғанын көрсе де, жібіген жоқ. Кеудесінен
итергендей тоқтатты. Тоқтатты да, кресло үстінде ашық жатқан
чемодандағы ақшаға ертіп келді.
— Мынау не?
Майсараның көздегі, жүздегі нұры, шаттығы сөніп кетті.
— Ақша-а...
— Көріп тұрмын ақша екенін. Не қылған ақша деп тұрмын ғой саған?
— деп Балта одан əрі шұқшиды.
Майсара диванға сылқ түсті де, егіліп кеп жылады. Көп жылады.
Жəбір көрген, онда да жазықсыз жəбір көрген баланың ықылық ата
жылауымен екі иығын селкілдетіп отыр.
"Не дейді. Айтқанын ұғар ма, түсінер ме ашумен əбден түтігіп алған
адам? Асылы, үлкендердің айтқаны рас-ау, "шөлмек мың күн сынбас,
бір күн сынар". Көмбе ақтарылар, күлман ашылар. Осылай боларын
сезгенсің. Қорқатынсың бірақ... Балта білмесе, көрмесе деп ұйықтап
жатып та үрейленетінсің. Ал енді... тайынба судан. Əйтпесе жалаңаш
денеңді суық алады".
Бəрі... бəрі ойда жоқта басталып еді. Кооперативтік институттың
соңғы курсында оқитын. Екі-үш айдан кейін диплом алады. Жан-жаққа
кетеді. Сөйтіп жүргенде... OЛ келді. Қасындағы нөкері де біраз. Атағы,
дəрежесі зор, күнде газет бетінен фамилиясы түспейді. Бұлардың
институтына келіп қарапайым адамдай-ақ
Студенттердің сұрақтарына жауап берді.
кездесу
өткізді.
Майсараға ОЛ сонда қатты ұнаған. Алғашқы қатарда отырған
Майсараға ОНЫҢ да көзі жиі түсіп... жиі түсіп кеткен-ді. Түсі жылы
екен. Көздері бірер рет ұшырасып қалғанда əппақ қыздың жүзі нарт
қызарған. Қызарып кеткенін ду еткен беттерінен өзі де сезгенді.
Неге екені белгісіз, толқыған көңілмен анау айбынды, атақты, биік
мансапты адамның кəдімгі адам екенін, ОНЫҢ да сұлулыққа
əсерленгіш, əсемдікке сүйсінгіш жан екенін түйсінген-ді.
Дəл осы кездесуден кейін бүкіл ғұмыр жолы кілт өзгерді.
Майсараны əлдекім іздеп келді.
Жатақхананың қыздары ондайда қандай əуесқой: "Киімі қандай!
Жүрісі қандай! Нағыз сылқым! Даусын айтт, даусын! Бархатный
баритон! Əй, Майсара! Майсара! Бақытты екенсің! Мынау деген
жігіттің төресі сені іздеп келіп, астында тосып тұр...Əй, қара
"Волгамен" келіпті өзі. Су жаңа! Оу, Майсара-ау неге бұлдандың.
Бұлданбай, тез киін. Анау менің ақ газон шарфымды сал. Əй, əдемісіңау, шайтан қыз! Аузының салымы бар жігіт кездесер-ау саған".
Қыздардың шуы мен дуы таусылар ма? Майсараның өзі де көргенше
асық. Мақтауын тым асырып жіберді ме қыздар, əлде танымайтын
жігіттің өзін неге іздеп келгеніне таңданды ма, қоянның көжегіндей
ағараңдап төмен түсті.
— Сіз Əлдибекова Майсарасыз ғой. Сəламатпысыз, — деп келісті
келген жігіт қол ұсынып амандасты. — Сіз... уақытыңыз болса, маған
ілессеңіз. Сондай қажет боп тұрсыз. Көп емес, жарты сағатқа... Машина
дайын.
Майсара ыңғайсыздана басын изеді... "Қайда, кім шақырды?" деуге
шамасы жетпеді. Оның үстіне мынандай жігіт əдейілеп машинамен
тегін келмей, жұмыспен жүретінін шамалады.
Машина қала сыртына, тау бөктеріне бет алды.
"Қайда келеміз?" Майсара сезіктене бастады. Шофермен қатарласа
отырған алдындағы жігітке тіл қатқалы екі-үш рет оқталды. Соны
сезгендей жігіт артына бұрылды.
— Келіп қалдық... Əне, анау шарбақты көремісіз... Сонда... сол арада
сізді Ғазиз Құлтановичтың өзі күтіп отыр.
— Неге? — Майсараның жүрегі дір ете қалды.
— Оны өзінен сұраңыз. — Жігіт күлімсіреді. Сіз — бізден асып
кетпей, сыпайы ғана сөйлейді екен.
— Сонда да... Біртүрлі ыңғайсыз тəрізді.
— Ыңғайсыз болмайды. Өзіңізбен сөйлескісі... танысқысы келген
болар. Ол кісі сондай кішіпейіл...
Майсара қайда кіріп, қайда тұрғанын ұмытты. Есінде Ғазиз
Құлтанович... Құдіретті адам. Биік тұғырдағы ұсынған қол түгіл,
қанатты қиял шалмайтын алып бəйтерек.
Бірінен бірі өткен бөлмелер. Жиһаз-мебельдері кездің жауын алады.
Ең соңында кең залға кіргізді. Ұзын стол. Стол жасаулы екен, биік
вазадағы гүлге ғана көзі түсті.
"Март айында осыншама гүлді қайдан алады?"
— О-о! Саламатпысыз, қарындас!
Оқыс дауыстан селк ете қалған Майсара жалт қарап төрдегі есіктен
кіріп келе жатқан кешегі Ғазиз Құлтановичты көрді. Басын иіп, ізет
білдірген болды.
"Сол! Өзі! Күледі. Күліп келеді. Мені неге шақырды? Апырай, бұл
кісіге де мен сияқты студентка қажет болады екен-ау!" Ғазиз
Құлтанович жақындап келіп қолын ұсынды. Майсараның батылсыз
созған қолын уыстап алып, екінші қолымен алақанының сыртынан
сипады. Майсараның бүкіл денесінен дір еткізіп ток өткендей болды.
— Менімен бірге ауқаттануға қалайсыз?
Даусы майда. Тембрінде қатқылдық сезілмейді. Жымиғанда еріндері
сəл ашылыңқырайды екен.
Майсараның үні шығар емес. Сасқалақтап тағы да бас изеді.
Алақанын суырып алудың ретін таппай, əлі де қимылсыз тұр. Ғазиз
Құлтанович қыздың бетіне көз суара қадалып қалып қолын босатты.
— Марқабат етіңіз.
Өзі бастап келіп, ауыр шомбал орындықты кейін сырғытып "осыған
отырыңыз!" дегендей ишарат етті. Майсара орындықтың алдына
өткенде, əлгіні қайтадан кейін сырғытты.
"Қандай кішіпейіл! Қандай сыпайы! Тең тұтып сөйлеседі. Кеуде
керуі жоқ".
Столдағы əр ыдыстан Майсараға əртүрлі тағамды өзі салып берді де,
бір шөлмекті жоғары көтерді.
— Тəбет ашу үшін мынадан сəл алсақ қайтеді?
Майсара ерік-ырқын түгел ұстатқан. Бар білері — қызара түсіп бас
шұлғу.
Хрусталь рюмкаға қоңыр күрең ішімдік құйылды. "Көптеу емес пе?"
осыны ойлап үлгергенше хрусталь рюмканы қолына ұстата қойды.
— Денсаулық үшін, Майсара қарындас.
Хрусталь сыңғыр еріндерде үзілді. Майсара коньякты бұрын татып
алмаған. Үлкен кісі өзі бастап ішкен соң тайсақсуды жөн көрмеді. Көзін
жұмып жұтып жіберді. Өңешті от... сұйық от тіліп өтті. Тынысы
қиындап, жөтел буды. Көзінен жас ытқыды. Шашалып қалғанына
үлкен адамнан... Ғазиз Құлтановичтан қатты қысылды.
— Ештеңе етпейді. Ұялма, Майсара. Əлі-ақ үйреніп кетесің. Коньяк
аз-аздап ұрттаса, ем болады. Тонус көтереді. Тамақ ал.
Үні де, өңі де жылы-ақ. Биік мінбелерден суық қарап сөйлейтін
адамға мүлде ұқсамайды. Бұрыннан білетін, етене танысындай ішібауырына кіріп барады.
— Биыл оқуыңды бітіресің ғой енді?
— Иə...
— Қайда жіберіп еді?
— Созақ ауданына...
— Осындай періштені сонау жер түбіне жіберіп жүргендерде көз бар
ма екен?
Майсара иек көтерді. Ғазиз Құлтановичтың көздері күледі екен.
Басқа жүз, еріннен күлу түгіл жымию нышаны байқалмайды. Ал күлген
көздің сыңайы ет көрген мысықтың бейнесін елестетіп жіберді.
— Сол жақтан бастағаным да дұрыс қой...
— Жо-жоқ, қарындас! Басқалар бастай берсін. Саған Алматыдан
кетуге болмайды.
— Неге, аға-а?..
Қалай "аға" деп қалғанын өзі де сезбеді. Күліп тұрған көздер жел
ұрып өткендей көмескіленіп барып қайта жылтырады.
— Онда мына əппақ жүзді күн қағып тотықтырады. Мынау сүйір
саусақтардың тырнағына маникюр жұқпайды. Тілінеді, жарылады.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.