Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27

Total number of words is 4011
Total number of unique words is 2372
32.3 of words are in the 2000 most common words
45.5 of words are in the 5000 most common words
52.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сексот екен деп, түңіліп кете берем сонсоң. Жыл сайын Совет
Одағының Батыры бола беретіндей не тындырып отыр?
— Оны Балта Мұқатович, өзінен сұраңыз. Мүмкін мен де
жаратпайтын шығармын. Əңгіме онда емес, мына сізде. Сіз ғажап
өзгергенсіз. Тек жаман жағына, Балта Мұқатович. Ex, қандай кішіпейіл,
қандай ақкөңіл аңқылдақ едіңіз. Сол кездегі шефті Қадірбек Маргарита
үшеуміздің сағынатынымызды білсеңіз ғой, шеф. Сіз Василий
Сергеевичті қандай сыйлаушы едіңіз. Ал, Вася атайдың сізге ауған
көңілін... Ех, Балта Мұқатович! Адам адамға дос, туыс, бауыр дегенді
бізге сіз... сіз көрсеткендей болып едіңіз. Сондағы мейір, сондағы ізгілік
қайырымнан қалай ғана теп-тез айырылып қалдыңыз. Сіз Майсара
Тілеуғариновнаны сондай... сондай ұнататынсыз... сүйетінсіз. Оны біз
Қадірбек екеуміз білетінбіз. Сіз мерейленіп жүргенде біз екеуміз...
Қадірбек екеуміз қуанатынбыз. Ал, Маргарита... əрине, ол түсінетін.
Сіздің басқа адамды сондай қадір тұтқаныңызды ол да көретін... Енді...
енді сіз, шеф, мүлде басқа адамсыз. Əлде сіз анау машинаны алғалы
өзгердіңіз бе... Əлде ақшаға... байлыққа қызықтыңыз ба... əлде сізді
рэкетшлер азғырды ма... Сіз... сіз, Балта Мұқатович сондағы үлкен
жерлеу продессиясына да қатысқансыз. Мүмкін сізді кейбіреулер
шантаж жасап уысынан босатпай жүрген шығар? Онда біз сіз үшін
ештеңеден аянбаймыз. Қорғауға дайынбыз, - деп Сергей Туров бетіне
бір тамшы қан қалмаған сұп-сұр жүзін көлденеңдетті. - Айтыңызшы,
шеф, сізге жəрдем керек пе? Біз, біз бəрін, бəрін жасаймыз. Сіз үшін,
Балта Мұқатович, əлі де отқа түсеміз, суға да түсеміз. Сол бұрынғы шеф
болып, қол бұлғаңызшы. Сөйтіңізші! — деп ентелей төнген Туров бүкіл
ойнақылығынан айрылып, жанымен түгел жүдеп, кереметтілік күтеді.
Балтаға əлі де сене, дəмелене күтеді. Қадірбек те өкпе қыжылын
ұмытып, Сергей тосқан жауапты, Сергей күткен дос құшақты бұ да
аңсап, Балтаға жаутаңдай қадалып қалыпты.
Балта бірақ ыңғай білдірмеді. "Мына шіркіндер əлі бала екен-ау.
Шикі ғой əлі. Қабақ аңдып, қасқа қарап қашанғы күнелтпек. Сонда
осылардың көңілінен шығу үшін жалпақшешей болып жыртыңдай
беруім керек екен ғой. Неткен көрсоқырлар! Өмірдің тартыс-талас,
күрес екенін қашан ұғар бұл екеуі. Жалғыз осы екеуі ғана ма. Анау
миларын шірітіп, үгіттеп, өсиеттеп шырмап тастаған жастар қаншама.
Адам адамға бауыр... Тапқан екенсің бауырды. Сəнгерейге немесе
Уайске, Бараққа жолықшы. Сол бауырларың қабырғаңды сөгіп,
бауырыңды жұлып алып, итке тастасын. Адам адамға дос та, туыс та
емес. Василий Сергеевичтердің заманы өткен. Оларды қолыңа шырақ
емес прожектор ұстасаң да таба алмайсың. Бүгінде əркім өз көмейіне
тықпалағыш. Əркім өз үстіне жапсырғыш. Əркім өз кеудесіне таққыш.
Себебі Леонид Ильичтің өзі соған жетелейді. Ал бұлар соны түсінгілері
келмейді. Мені, мына мені қайта тəрбиелемек болады". Балтаның
езуіне мысқыл күлкі үйірілді. Көзінде суық ұшқын ойнады.
— Аянышты. Аянышты-ақ. Сендер өмірдің не екенін білмейсіңдер,
бауырлар. — "Бауырлар" деген сөзді созып айтты. — Ал өмір дегеніміз
— біреудің біреуге түсетін күні, мөлиетін қабағы, жайылатын алақаны.
Яғни бірін-біріне теліп қойған, тіркеп қойған сабақтастық. Бүгінің
мынандай болғанда ертеңіңнің қандай болатынын, Сережа, сен білесің
бе? Қадірбек сен білесің бе? Білмейсіңдер. Оп-оңай түп-тамырымен
өзгеріп жатады. Кімнің кімнен қабақ тілеп, кімнің кімге қажет
болатыны белгісіз. Аяқ астындағың аспанға шырқап, төбеңдегі əкімің
төмендеп жататын бүгінде ертегінің құдіреті емес, əшейінгі құбылысқа
айналып кетпеді ме. Сондықтан да сəл құбылудан ешқандай зиян жоқ.
Керек жерінде иіле білу, жағына білу — бүгінгінің таптырмас құралы.
Қолында билігі бардың алақанын алдымен ал. Дəрежесі жоғарымен
иық салыстырма, кішірейе сал. Бойы да, ойы да аласа болса да биік
отырған дөкейдің сесі күшті. Иілгеніңді, бүгілгеніңді, елпілдегеніңді,
жалпылдағаныңды, бас изегеніңді, қол шапалақтағаныңды, қол
көтергеніңді ғана қалайды. Басқасына барсаң мұрттай ұшасың.
Мұрттай ұшырады. Жабыла талайды, жабыла қуады. Жаппай іске
алғысыз қылады. Жоғарыдан теке көз едірейсе, қитар көз шадыраяды.
Пəлен көз су түбіне жібереді. Төлен көзі "онымен бізді салыстырма
деп" шыға келеді. Ал, сендер... Дос, туыс, бауыр іздейсіңдер. Таба
қоярсыңдар. Досың қасындай шабалансын басыңа кішкене ғана іс
түссе. Туысың жатыңнан əрмен жоламай кетсін. Бауырың елден бұрын
қызғансын. Анау, Василий Сергеевичтің Егорын алайық. Жалғыз ұлы.
Неге кешігіп келді. Ақша таппадым, əйел-балам көнбеді. "Аэрофлот"
бөгет жасады деп мың сылтауды шұбыртады. Ал Василий
Сергеевичтер жаяуласа да жетер еді. Өйткені оларда жауапкершілік
деген ішкі серппесі бар. Мықты пружина! Ал, біз... біздің ұрпақ босап
кеткенбіз. Оны мен өзімнен сезем. Жауапкершіліктен жұрдай боп
тоналып біткенбіз. Біз — кімбіз? Біз винтикпіз! Біздің шаруамыз
шамалы деп бүкіл жауапкершілікті жоғарыға... жоғарыда отырғандарға
жүктей салғанбыз. Ысыра салғанбыз.
— Олай емес! Олай емес! Жауапкершілік бар біздерде. Бар!
Шырылдаған Маргарита екен. Алакөлеңкедегі "Наташаның"
қасындағы үш жігіт Маргаританың келгенін байқамай қалып еді, жалтжалт қарасты. Балтаның қабағы жоғары серпіліп, сұлу жүзінде кекесін
тұнды.
— О, Рита-Маргарита! Солай дейік. Сенің айтқаныңдай-ақ болсын.
Сонда ел мен Отан алдындағы жауапкершілікке бəріміз ортақ болсақ,
соның іс жүзінде жүзеге асып жатқанын тағы бір мысалмен дəлелдеп
бере қойшы.
Маргарита қызарды. Сұрланды. Қайта қызарды.
— Бар, бар! Жауапкершілік жүрегімде. Қадірбектің, Сережанын
жүрегінде.
— Оның бəрі сөз ғана, сөз, көгершінім. Ал біз Ауғанстанға əскер
төккенде... əскер төккізгенде жауапкершілік сезіндік пе. Анау өз діні, өз
өкіметі, оз сенімі, оз суверенитет! бар басқа елге танкімізді гүжілдетіп
жетіп барғанда біз... əрқайсымыз оққа ұшқан өз азаматтарымыздың
тектен текке жоғалған болашағы үшін жауапкершілігімізді сезіндік пе?
Анау азамат соғысын бастап, екі бөлініп қарама-қарсы майдан ашқан
елдің халқының мүшкіл жағдайы үшін жауапкершілік сезіндік пе? Оны
да қояйын. Мынау күн сайын құрып бара жатқан, кеуіп бара жатқан
Арал теңізінің халы бізге... əрқайсымызға неге жауапкершілік
жүктемейді. Жоғарыдағылар біледі. Жоғарыдағылар бəрін жөндейді
деп қол қусырып отыра беру жауапкершілігіміз бе? Солай ма,
Маргарита? — деп Балта жақындап келіп қыздың иығына қолын төсеп,
көзіне қадала қарады. Маргаританың денесі дір ете қалды. Ақ
халатының қалтасына салып тұрған қолдарын шығарыл, төсіне
айқастырып ала қойды. Балтаның дəл қасынан алған деміне дейін
ынтық қыз жігіттің жүдеу тартқан жүзін көргенде аяп кетті. Тыныш
жүрегі толқып ала жөнелді. "Жалғыз! Қамқоршысынан айрылды.
Үйсіз, панасыз қалды. Əрине, Қадірбек — максималист. Балтаға обал
жасады. Ешкімі жоқ. Ал, көп нəрсені ойлайды екен-ау. Майсараны...
Мүмкін өзінің қателескенін сезген шығар. Сəуле жиені дейді. Қазақтар
бауырмал. Туыстарын сондай сыйлайды. Балта адасып жүр. Анау
ортасы... қармағына түсірген топ басын айналдырып алған. Əйтпесе..."
Маргарита Балтаға елжірей күлімсіреді. Жаны ширығып тұрған
Балтаға қыз қарасынан кеудесіне шуақ құйылғандай сезілді. Иықта
жатқан саусақтары бүріле қысты.
— Маргарита-Рита, сен... сен... Рақмет!
Балта бұрылып кетіп, сатымен екінші қабатқа көтеріле беріп еді,
Сережа дауыстап қалды.
— Шеф! Балта Мұқатович! Біздің пікірімізді тыңдамайсыз ба?
Біржақтылық солақайлыққа ұрындырады.
Балта қайырылып оралды.
— Ал, иə, оппонент жолдас, құлағым сізде.
— Сіз əлгінде арнайы буфет, жабық дүкендерді жабылсын дедіңіз,
шеф. Бұрын сіз Майсара Тілеуғариновнаның пəтерінде тұрған кезіңізде
бұлай деп айтпайтынсыз. Ал бүгінгі талабыңыздың негізінде сонда не
жатыр? Соны анықтап алайық алдымен. Жауапкершілікті білмейтін
кеще біздер... сіздің анықтауыңыз бойынша айтам, шеф... əрқайсымыз
өзімізге сұрақ қоя аламыз ба? Онда əрқайсымыз сұрайықшы: "Біздің
ішкі қыжылымызда əлеуметтік сезім əлде əлеуметтік қызғаныш сезімі
басым ба?" деп. Меніңше əрқайсымызда қоғамға бергенімізден
алғанымызға деген қоңылтақсу басым. Осыны айыру онша қиын емес.
Сіз, шеф, арнайы буфеттен қағылғалы бері дəл осылай сайрауды
шығардыңыз. Бүгінде дəл сіз құсап сайрайтындар көп. Өткенде мен
джинсы шалбарының кезегінде бір күн уақытымды өткіздім. Сонда не
көрді дейсіздер ғой. Кезектің соңындағы жуан қара: "Əй, соншама неге
таңдайсың? Аларыңды ал да қайқай! Бір қолға біреуден босатыңдар!"
деп өңеш жырта айқайлаған. Əлгі адам өзі прилавкаға жеткен кезде,
мен одан кейін үшінші тұрғам; ал кеп таңдасын. Анау размерді бір
алады, мынау түсті бір қарайды. Енді біздің арт жағымыздағылар
шулап қоя берсін: "Қаңтарма жұртты! Тездет!" деп. Жуан қара сонда:
"қанша таңдағым келсе, сонша таңдаймын. Қанша алғым келсе, сонша
алам. Мен өз ақшама сатып алам. Өз ақшама!" деп қарап тұр. Əне,
бəріміз де сондаймыз. Күншілміз, қызғаншақпыз. "Əділет!" деп
айқайлап өңеш жыртып, сол əділетті өз пайдамыз үшін оп-оңай сатып
жүре береміз. Сіздікі де сол мінез, шеф.
Бізде, халықта сан көп, сапа жоқ. Тұтынатын товарларды қалай
сапасыз тоғытып жіберсек тұтынушыларымыздың да сапасын солай
төмендетіп, құлдыратып алғанбыз. Сіз... сіз, шеф, бізге мына бетауыздары күйе-күйе лаборанттарға жұмысшы, қарабайыр тобыр деп
қарайсыз. Бірақ сол жұмысшыңыздың асқақ рух, адал жанына
маңайласа алмайтын талай күйкі профессорлар барын, өз қалтасы мен
өз аузынан басқаны танымайтын талай интеллигент барын білесіз бе?
Сіз əлгінде елдің бəрін ергежейлі етіп иілгіш-бүгілгіш, жарамсақжартыкеш қылып көрсетпек болдыңыз. Ол рас. Өйтетіндер
əкімсымақтар. Солардың кесірінен мансапқорлық, өзімшілдік көбейді.
Дөрекілік бел алып, топастық пен надандық өршіді. Білімсіздер мен
негізсіздер креслоларда шіренеді. Ал бірақ жұмысшы қауымы оз рөлін
əлі де атқарады. Атқара алады. Арағын азайтса, жалқаулығын тыйса,
қоғамды қайта дəуірлетеді, — деп Сережа шаншыла қарады.
— Иə, Сережа, дұрыс айтасың. Жұмысшы табың сенің үй түгіл жұмыс
орнында бөтелкенің аузынан сылқылдататын арағын қойса, бір сағат
істесе, екі сағат темекі тартып, анекдот соғатын жайылып кеткен
əдетін тыйса, онда біз зымырап барып коммунизмге кіріп-ақ кетер
едік — деп Балта мырс-мырс күлді. — Ал, арақ пен жалқаулықтан қол
үзер жұмысшыны өз басым көре қоям деп айта алмаймын.
— Тағы қателесіп барасыз, шеф. Бəрін жөндеуге, түзеуге болады. Ол
үшін жарамсақтануды, өтірік айтуды қою керек. Өмірге, дүниеге адал
көзбен, бүкпесіз қарау қажет. Ең бастысы, мəдениетті арттыру қажет.
Бар кезде де, барлық жағдайда да мəдениеттілік алға шығып отырса,
сонда ғана қоғамымыз мықты болады. Арақты да, жалқаулықты да, бірбірімізге көз алартуды да тияр едік сонда, — деп Сережа
"Наташаның"— футеровкасын түсіре бастады. — Қадири ибн Бек
жұмыс тоқтап қалды. Жалқаулықты жасыру үшін талас, диспут
ұйымдастырған болмайық. Сыбан білегіңді.
Балта үн-түнсіз тұрған Маргаритаға бас изеді де, жоғарыға көтеріліп
кетті.
ОН БІРІНШІ ТАРАУ
1
Мақан келген күннің ертеңінде Бектемір елең-алаңнан атқа қонды.
Осы ауыл, осы төңіректе атқа мінетін біреу болса, Бектемір шығар. Өзі
бағып-күтетін тоқпақ жалды торы бесті аяңшыл-ақ, тағалатқан тұяғы
алғаш қатқаққа кірш-кірш жіпсіді, біраздан соң жер жіпсіді ме,
ойнақтай басты.
Көккемердің күнгей тұсы құйқалы, қыртысты жазық. Мол сулы
шеген құдығы бар бұл араны бұрын Хайролланың қайын атасы
жайлайтын. Шөбі шүйгін, орталыққа таяу болғандықтан ба, отары
шығынсыз, қойлары қонды болатын.
"Иə, Хайролланың да десі қайтқан-ау. Қайын атасына енді кімнің
жайылымын тартып алып берер екен? Қаншама жерге пияз, қауынқарбыз еккізбек... Анау құдыққа насос орнатады. Су кенде емес. Əй-и!
Мақан сескенбейді. Тағы да мыс-мыс ақшаны жамбастайды. Əрине,
осы бастан қайда апарып, қалай сатуды да жоспарлап қойды ғой ол.
Вагон-вагон етіп Сібірге жөнелтеді де, сауылдай құйылған ақшамен көз
алартқандардың көмейін бітей салады.
Мақанға ешкімнен, еш жақтан келетін түк жоқ. Шырылдайшырылдай сөзімді жан адамға өткізе алмадым. Бұл заманда мені
тыңдайтын, əй, көлеңке де табыла қоймас. Құр босқа жанымды
жегенше, бəр-бəрін түгел жазып, шарасыз халімнің белгісіндей етіп
партбилетімді Москваға, Орталық Комитетке салып жіберсем қайтеді?!
Дүниеден əділет таппаған соң өмір сүрудің өзі қорқынышты болады
екен...
Əй, күн бүгін ашылайын депті-ау! Шіркін дала таңы-ай десеңші!
Босанайын деп жатқан анадай еміренетін жарықтық таңғы далаға не
жетсін! Бу ұшты- ау! Түтілген ақ түбіттей-ау! Мына бір самалды-ай!
Мұрынға қайдағы бір ұмыт қалған иістерді тықпалап, ұмытылған
естеліктерді ойға сала ма, қайтеді. Жеңіс жылы дəл осы арада Қатира
бар, Ескен бар, Берден бар, онда колхоз тым қораш, анау сиыр қораның
ар жақ қырқа тұс қайқаңында отыратын, бəріміз гүл тергенбіз. Ол
кездің қызғалдағы қандай еді шіркін! Əрқайыссы бір-бір алақандай едіау. Ой сонда анау жақтан, аудан жақтан шұбатыла шыққан шаң
шұбырып бері салғанда мұғалима апайымыздың қорыққаны-ай! Ал,
біз... Бізге аттың шабысы ұнаған. Атта отырған адамның жер түбінен
даусын қарлықтыра айқайлағаны ұнаған.
Сөйтсек "Жеңіс! Жеңіс!" деп шырылдап келе жатқан Рахметбек екен.
Ескен мен Сүйменқұлдың əкесі. Онда жас еді. Отыздың ішінде ғана.
Аттан секіріп түсіп, шойнаңдап жүгіріп келіп алдымен Есенқұлды
құшақтаған, содан Берденді, содан мені. Алқынған кісінің көзінен жас
көріп: "қуанған адам жылай ма екен? Жылауға тиіс емес қой" деп
ойлағам. Кейін білдім. Қуанған адам көбінесе жылайды екен. Сонда
Берден де жылаған. Соғыста қаза болған əкесін іздеді ме екен. Мен
жылай алмағам. Əкем "халық жауы" дегенге иланатынмын ол кезде.
Балалар үйінен сол үшін қашып шығып, нағашы апайымды тапқан
едім.
Сол дəл осы ара! Анау тұстан Рахаң шауып келген.
Əне, күн көрінді! Түу, дала қалай құлпырып кетті! Жігітін аңсай
күткен қалындық та дəл бүйтіп сылаңдай алмас. Əй, жер! Жер-ана деп
өзіңді Шыңғыс байке тауып айтқан. Төсіңде қыбырлаған жанжануарды асыраумен келесің-ау. Дəл осы жанкешті қасиетің қай
адамның бойынан табыла берер. Анау бір жылдары ерсілі-қарсылы
айғыздап кең сауырыңды тілгілеп-тілгілеп тастадық. Құнарыңды
желге ұшырдық, нəріңді буға айналдырдық. Қыртысыңды құм басты,
суың тартылды. Өзен-көлің азайды. Бірақ ойландық па, шектелдік пе?
Қайдағы! Дусты да, гексахлоранды да, гербидид пен пестидидті де
құйдық кеп, құйдық кеп! Тасыраңдаған дүлей ұлдан не қайыр. Сөйтіп
жүріп "жер-ана!" деп күңіреніп қоятынымыз бар-ау. Жер-ананы күннен
күнге өзіміз күйретіп, өзіміз құлазытып отырып, "апырау, бұ не боп
барады? Жер азып-тозып кеткен бе, тыңайтқышты қанша сепсек те,
төксек те өнім өсудің орнына кеміп барады?" деп сан соққылаймыз. Ол
аздай мынау алып даланың əр түкпірінен дүрк-дүрк жарылатын атом
бомбаларының əсері болмас деймісің. Өсімдіктің тамырын бойлай,
сумен таралмай сол улы заттар жер астында қала берсе жақсы...
Па шіркін! Көкірек сарайыңды ашып жіберетін туған жердің исі-ай!"
Торы бесті тұрып қалған екен. Бектемір атынан секіріп түсті. Аяқ
астында қылтиып бəйшешек көз ашыпты. Еңкейіп қол тигізді. "Өс! Өсе
тұр!" Белін жазғанда ертең дəл осы араға соқа түсетінін ойлағанда
мынау бəйшешек гүлді аяп кетті.
Болмыс солай. Кідірту мүмкін емес. Күні кеше осы маң қалың
көрпесін қымтай салған қыс қойнында мүлгіп жатқан. Бүгін көктем
келді де табиғатқа жан кірді. Жан-жануар, өсімдік біткен бусанып
оянды. Өмірге көз ашты. Жылу мен жарыққа талпынды. Ал... ал адам...
Адам осы табиғат заңына көлденеңнен килігеді. Соқа салады, жер
жыртады. Көз ашқан, қол созған жас өскіндерді көктей қырқады.
Қырқады!
Бектемір атына мінді. Жер дегдіген екен. Ертең емес, дəл бүгін соқа
салса да мыңқ етпес.
Торы ат кейін бұрылып, бүлкілдей жөнелді.
Туған дала бүрісіп қалып барады артында.
Бектемір соқаны бүгін салдыруға асығып, атына қамшы басты.
***
Түн ортасында əлдекім есікті сындырардай қағып-қағып жіберді.
Айғанша Бектемірді түртіп оятты.
— Біреу келіп тұр!..
— Келсе, кіргіз. Аш есікті, - деп шаршаған Бектемір екінші қырына
аунады. Есікті тағы тоқпақтады сырттағы адам.
— Қорқам! Мына қағыс тегін емес.
— Əй, Айғанша-ай! Отыз жетінші жыл деп пе едің! — Бектемір
басын көтеріп, еденде жатқан шалбарын алып киді. Сол бойда дəлізге
шығып кетті де, екі-үш бөтен адамды ілестіріп кірді.
— Жоғары шығыңыздар...
— Шығамыз. Шақырмасаң да шығамыз. Фамилияң кім? — деді
аудандық милиция бастығының орынбасары. Оны Бектемір жақсы
таниды. Мына түн ортасында келулерінен, есіктен енбей жатып
шытынауынан Бектемір еш жақсылық күткен жоқ. Тағы да Мақанның
бір бүк түсіріп алу үшін жасап отырған зобалаңы шығар деген оймен
онша ығыса қоймады.
— Фамилиямды сен менен артық білесің. Алдыңа талай апарғансың.
Ал үйіме кіріп алып, бала-шағамды үркітіп айқайлауыңа жол болсын,
— деп капитанның бетіне тура қарады.
— Сен, Бүркітбаев, баяғы қыршаңқы мінезді əлі тастамапсың. Əй,
осы жолы отармын үшкір тілінді түбінен, — деп капитан стол шетіне
жайғасып, офицер сумкасынан қағаздарын шығара бастады.
— Сендерге салса мені баяғыда-ақ түп орныммен өртеп жіберер
едіңдер. Бірің сүйек тастап, иек қағудан, бірің арсылдап ұмтылып,
айбат шегуден жалықпайсыңдар.
— Айт, айта түс, Бүркітбаев, тіл тигізгенің үшін де қосымша жамап
алатыныңды білмей тұрсың, — деп капитан кекете күлді.
— Əй,
шырағым-ай,
сендер
маған
жамап-жасқаудан
жалықпассыңдар. Одан да келген шаруаларыңды айтыңдар, — деді
Бектемір.
— Азамат Бүркітбаев, сенде торы ат бар ма?
— Бар.
— Оны неге ұстап жүрсің?
— Мен бригадирмін. Бригадирге жаяу жүру қиын. Колхоздың жер
көлемі Люксембургтың территориясынан кем емес.
— Мен сенен Люксембургты сұрап отырғам жоқ. Ат туралы сұрап
отырмын, — деп капитан дікілдеді.
— Сен теріңді босқа тарылтпа. Маған мініп жүруіме колхоз
правлениесі бір жүк машинасын беріп қойған. Білесің бе, жүк
машинасын, Мазды! Шоферімен! Ал машина қат. Мен анау участоктен,
мынау егіс басына баруым үшін ауыр машинаны салдыратып,
шаңдатуым керек ерсілі-қарсылы. Содан əрі ойлап, бері ойлап, торы
тайды сатып алғам. Өз ақшама. Сол қазір бесті болды. Машина колхоз
жұмысына жегілді. Мен торы бестіммен анда барам, мыңда барам.
Бензин сұрамайды, жол таңдамайды. Оның үстіне ат үсті — ем. Ынқылсыңқылды түгел қойдым, — деп Бектемір ақтарылды.
— Сен, Бүркітбаев, өйтіп алыстан орағытпа. Сөздің тоқетерін ғана
айт. Торы ат сенікі ме? — деп капитан шұқшиды.
— Айттым ғой, менікі деп. Ешкімнің таласы жоқ. Бүгінде қазақ,
бірен-саран малшылар болмаса, атқа мінуді ұмытып барады. Осы
ауылда менен басқада ат жоқ.
— Осыдан он шақты күн бұрын Көккемерге бардың ба?
— Бардым. Одан кейін де үш-төрт рет барғам.
— Басыңа не киесің?
— Не кием? — Бектемір күлді. — Баланың ойыны сияқты қайдағы
жоқты көйттің ғой. Əне, анау шегеде ілулі тұрғанды кием, — деп
Бектемір шетен шляпаны иегімен нұсқады.
— Алғаш Көккемерге жалғыз бардың ғой?
— Жалғыз бармай... Əрине, жалғыз.
— Не іздеп бардың?
Бектемір ойланып қалды. Жоспарда жыртыпуға тиіс емес жерді
жыртқызуға бардым десе, Мақанның қылмысы ашылады. Əй, бірақ...
— Ол араға биыл соқа салғыздық. Соны көріп, трактор жүре ала ма,
жоқ па деп байқайын деп...
— Шынымен жалғыз бардың ба? Жасырып тұрған жоқпысың?
— Мен өтірік айтып көрген жан емеспін. Мені өтірікші дегенді бұл
ауылдан таппайтыныңа ант ішем, — деп Бектемір қызуланды.
— Ал сені сыртыңнан көрген адамдар бар.
— Көрсін. Неге көрмейді. Мен де мал қараған, жоқ іздеген жолаушы
кетіп бара жатқан талайды сыртынан көрем. Дала жазық. Ағаш сирек.
Қалтарыс аз.
— Қалтарыс аз дейсің, ə.
— Сен, капитан , адамды босқа əурелемей, айтарыңды айт та, жөніңе
қайқай. Мен жұмыстағы адаммын. Ұйқымнан қалдырма, — деп енді
Бектемір шытынады.
Капитанның көзінде жымысқы күлкі тірілді.
— Ұйықтатам. Ұйқың қанатын, ұзақ ұйықтайтын жерге апарам,
азамат Бүркітбаев. Ол жағынан қам жеме. Сен Көккемерде кіммен
кездескеніңді, кіммен болғаныңды неге жасырасың?
— Мен Көккемерде ешкіммен де кездескен, ешкіммен де болған
емеспін.
— Торы ат сенікі ме?
— Менікі.
— Сұр шетен шляпаны кидің ғой?
— Кидім. Күнде кием.
— Онда неге танасың. Осыдан тоғыз күн бұрын сені Көккемердің
күнгейінде бір келіншекпен... атап айтам, келіншекпен кездесіп
тұрғаныңды көрген кісі бар.
— Білмеймін кімді кіммен бірге көргенін. Бірақ мен Көккемерден
ешкімді көргем жоқ. Бардым да қайттым.
— Бардың да қайттың, ə?
— Иə.
— Бостан босқа барып қайтуға атынды да аямайсың, ə.
— Жер көріп қайттым. Соқа салуға болатынын көріп қайттым. Сол
күні соқа салғыздым!
— Осы ертегіңе жұрт сенеді деймісің?
— Оны жұрттан сұра.
— Келіншек қайда?
— Мен ешқандай келіншекті білмеймін.
— Қалай өлтірдің? Немен өлтірдің? Неге өлтірдің?
— Кімді? Не деп сандырақтап барасың?
— Алдымен масқаралап алып, артынан қылмысыңды бүркеу үшін
тұншықтыра салып, ескі апанға тастап, бетін жасыра салдың,ə? Іздеген
адам қалтарыс табады, ə?
— Жаппа бəлені! Енді осындай қылмыс таңайын дедіңдер ме?
— Адам қанын жүктеп отырып танып кетпексің, азамат Бүркітбаев.
Міне, мынаны оқы. Куəгердің көрсеткені. Торы ат мінген сұр шляпалы
адам сұр теректің түбінде əлдебір келіншекпен айқайласып тұр екен.
Асығып жүріп қарайлағам жоқ деп жазған, ə. Сенен басқа бұл ауылда
ат мінетін кім бар?
— Жоқ... Ə, парторгтың қоңыртөбелі бар-ау...
— Көккемерге сен бардың ғой.
— Иə.
— Онда жинал. Сенімен енді басқа жерде сөйлесеміз.
Айғанша дауыс қылды. Жылап келіп Бектемірді бас салды.
Бектемірді басқаға қиса да, күйеуінің қиянатқа жоғын білетін жұбайы
дəл бұл қылмысқа қимайды.
— Бектемір-ау, Алпамыстың көкесі-ау, маған не айтасың? Кімге
барайын? Жала ғой мынасы! Жауыздық қой.
— Айғанша, сен бекер даурықпа. Алпамыстың жүрегін шошытпа.
Бұлардың домбытпасы белгілі. Заң бар, сот бар. Ақ-қарасын
анықтайды. Бірақ мешкей деген жақсы ат емес. Əурелейтіні болмаса,
— деп Бектемір Айғаншаның жас жуған бетін алақанымен сипалады.
Одан үрпиіп оянған Алпамысқа жақындап, кекілінен саусақтарымен
салалай тарап, маңдайынан сүйді.
2
Балта анасының хатын тағы оқыды.
"Қасқа сиырды Бектемірге қасаптатқызып, ақшасын салып
жібергем, алған шығарсың. Алсаң, алдым деп хат жаз. Анау Бектемір
ағаң істі болды. Облыста қамалып жатыр. Бір əйелді өлтірген деген
айыппен жазықсыз байғұсты алып кеткен. Алдында ауданда еді, енді
облысқа əкетіпті деп естідік. Айғанша апаңа қиын болды бəрінен де
бұрын. Қобландысынан айрылып зарлап жүргенде, енді мына жаласы
Бектемірді түйреп түсіп, байғұсты одан сайын сорлатып кетті. Елдің
бəрі Бектемірдің адалдығына шек келтірмейді. Бірақ біздің қол қысқа.
Кімге бара аламыз.
Балтажан, балам, мені анам десең, көзің ашық қой, осы туралы қуын.
Жеткен жеріңе түгел айтып шық. Азаматты бекер қаралағанын білдір.
Бар пəле Мақаннан. Астанада отырсың. Аяна көрме, балам. Сеніп
оқуыңа көп көмегі тиген əкеңнің құрдасы ғой. Қолыңнан келгенін
аяма"...
Балта хатты умаждап лақтырып жіберді.
"Екі сөзінің бірі — Бектемір. Бектемірден басқа білері жоқ. Аянба
қуын дейді. Несін біліп, несін жоқ тап қуынам. Келіншек кім? Оны
өлтірді ме, өлтірмеді ме, мен қайдан білейін. Ауылда отырып алып,
бəрі оп-оңай шешілетіндей көреді-ау. Онсыз да үй-күйсіз қаңғырып
жүргенімді қайтсін. Бектеміршіл-ақ! Əкеңнің құрдасы деп
əспеттегенше, əкеңнің орнын басты деп ашығын неге айтпайды. Кетсе,
кетсін. Құрысып көзі. Енді кіммен əмпей-жəмпей болар екенсің?"
Сəуле жүгіріп келеді екен, айнадан көріп, қолын бұлғады.
Машинаның есігін ашты.
— Ой, Балта! Сен көп тостың ба?
— Иə, біраз күтуге тура келді.
— Білемісің, химиялық завивка жасаймын дейді. Ал, мен оған,
мастерге: "жоқ, маған ол қажет емес" десем, мені студентка деп
менсінгісі келмеген соң, халатының қалтасына үш сомды таста-ап кеп
жіберіп-ем... — Сəуле сықылықтап риза боп күлді. — Ой, Балта, сен
қандай психологсың! Тура сен айтқандай болды да шықты. Прямо мені
королевадай құрметтей бастады. Көзім жетті! Деньги, деньги решают
все! Сондықтан мен ақша табуым керек! Сенің, Балта, мол ақша табуың
керек. Непременно!
— Сəулеша, апамнан хат алдым...
— Не дейді? — Сəуле машинаның ішіндегі кішкене айнаны олай
бұрып, бұлай бұрып, қоқита жасатқам жаңа прическасын қарауға
кірісті.
— Біздің общий танысты — Бектемір ағаны жауып қойыпты.
Сəуле алғаш бажаң етіп Балтаға бір тесірейді де, сонау жер түбіндегі
Бектемірден гөрі мынау жаңа жасатқан модалы прическасының əсерін
артығырақ санады ма, қайтадан айнаға қадалды.
— Неге? Қайда? Түрмеге ме?
Балта Сəуленің немқұрайлығын жақтырмады.
— Əрине түрмеге жабады! Кісі өлтірген дейтін айып тағатын
көрінеді.
— Вот тебе на? Бектемір нағашы сөйтеді дегенге кім сенеді. Вот что,
Балта, сен мұны мамама естіртпе. Ия ма? А то, ол босқа переживать
етіп бітеді. Мен мамамды білем ғой. Бірге тумаса да, туған інісіндей
көреді. Детдом кісілерді жақындастырып жібереді. Əрине, и его жалко.
Сонда көргенде, жаңа жылда келгенде жүзі жылы екенін сезгем. И еще
ол болмаса біз, Балта, таныспас едік екеуміз.
— Жоқ! Бəрібір кездесер едік — Балта күрсінді.
— Сен не? Күрсіндің ғой. Тебе что, скучно? Менімен отырғанда да
көңілсіз бе? Сен менсіз тұра алмайсың дейсің. Оның бəрі выдумка ма?
— Сəуле қара бояуды қалыңдата жаққан кірпіктерін сұқ саусағымен
сілкілеп жатып, жігітке өкпелей бұртиып, бұрылған болды.
"Қандай жараспайды. Бүкіл жастықтың өсем көркін, өз табиғи
сұлулығын əлем-жəлем бояулармен көміп тастағаның білмейді-ау. Əр
қылын сояудай еткенде көрік қосылар дей ме екен? Ерінді де қан
жалағандай етіпті".
— Сəуле, сен бұрын қазақша өте əдемі сөйлеуші едің. Енді соңғы
кездері орыс сөздерін қосып, араластырып жіберетін болыпсың, — деп
Балта қабақ шытты.
— А я что, мамба тебе? Мен — қалада өскен қызбын! Бізде только
мамбейки на чисто қазахском языке разговаривают. Əйтпесе балдар
күледі... Парни.
— Мамбейкаң кім? — деп алғаш рет тіксінді Балта.
Сəуле сықылықтап күлді.
— Ой, Балта! Сен немене, мамбаны білмейсің бе? Олар — ауылдан
келген қыздар! Аульчане! — Сəуленің өзіне өзінің көңілі толса керек
айнаны жайына қалдырып, Балтаға толық ыңғай білдірді. — Кстати,
кооперативная квартира жайы не болды, Балта?
— Болады. Кешікпес енді. Бəкең өзі араласса, тындырмай қоймайды.
Екі бөлмелісін ұзамай алып қалармыз.
— Бəкең — кім? Мен оны көрдім бе?
— О-о, Бəкең — нағыз құдіретті адамдардың бірі! Сен оны көрген
жоқсың. Көрмей-ақ қой.
— Неге?
— Сəулеша, кеттік!
— Қайда?
— Қаланың сыртына. Ертең — бірінші май. Қол бос. Гүл теріп
қайтайық.
— Қандай гүл бар? — Сəуле қызығып, жас балаша елеңдей қалды.
— Мак...
— О-о, алыс маки Иссык-куля! Кеттік онда.
Тау бөктері қызыл-жасыл түспен құлпырып тұр еді. Машинадан
түскен екеу қып-қызыл өрт боп алаулаған қыратқа, жасыл теңіздей
толқыған етекке, аппақ шəлісін бүркенген Алатауға ұзақ сүйсіне қарап,
даланың таза жұпар исіне мас болардай исіңді. Көк майса, қызыл гүл
қыз көзін қызықтырмай тұра алар ма. Сəуле ақ балтыры жалтырап
тұра жүгірді,
— Ой, мак! Алқызыл мак! Қандай көп! Кө-өп!
Айқайлаған шат күлкілі дауысы беткейден жоғары өрлеп анау
қарлы шыңға жетіп тірелердей біразға дейін жаңғырығып тұрып алды.
Табиғат сұлулығы адам бойындағы бүкіл асылды, бүкіл əсемдік
атаулыны өзіне тартып, ой-бойдың барлық шынайы қасиетін, кербез
көркін сыртқа шығартатын болса керек гүлден гүлге еңкейіп шын
ынтасымен беріліп, шын ынтасымен даланың табиғи перзентіне
айналған Сəуле сондай құбылып, өзгеріп кеткен еді, Балтаның көзі
қыздан басқа сұлулықты көруден қалды.
"Қандай əсем! Қимылы нəзік жеңіл! Солқылдаған тал шыбықтай!
Жо-жоқ! Сəулеге жан жетпейді! Өзіне еріксіз тартып, бас шұлғытатын
бір дүрлік бар бұнда. Бояу! Қыз таранып-сыланбаушы ма еді,
Шаштарын бес күн тарап, он күн өрген сұлулардан артық болмаса, кем
емес. Əне, əне аяғын секіріп басқаны керім-ау! Аяқтары түп-түзу! Балет
кружогына қатысқан. Денесін тік шалқақ ұстап, кербез жүретіні содан!
Əй, шіркін тау мен даланың тоғысқан тұсы қандай ғажап! Бірі қазақтың кендігі, бірі - асқақтығы-ау! Бірі - қазақтың дарқандығы, бірі -
қайсарлығы-ау, Бірі - халқымның жомарттығы, бірі - тəкаппарлығы-ау!
Осылай сұлулық пен қайсарлық əманда жымдасып жатса ғой! Кеңдік
пен биіктіктің үйлесе қалғанын қарашы! Осылардың дəл ортасы кіндігі - Сəулеша! Менің Сəулем... Менікі ме? Неге бауырыма
қыспаймын? Неге батылданбаймын? Неден үркем? Үрікпеймін.
Жүрексінем. Сəулемді сындырып, уатып алардай қорқам. Қорқам? Жоқ!
Қазір барам. Мынау ақбас тау, жасыл белес, алау беткей аясында жан
жарыммен табысам! Айқасқан құшақтар айрылмастай болып
табысамыз!"
Ой-бойын билеп алған осы тілек жүректе құйын соқтырғандай
қалшылдатты. Сол-ақ екен алқызыл даланың алтайы түлкісіндей
секеңдеп, секіріп жүрген қызға қарай ентелей жүгірді. Өзіне қарай
жүгіріп келе жатқан Балтаны көргенде Сəуле қолындағы, құшағындағы
гүлді əуелете шашып жіберіп əлдене деп айқайлап қалып, жасыл
майсаға шалқалап жата кетіп, аяқ-қолын төрт жаққа жайып жіберді.
Ентігіп, еліріп жеткен Балта қалт тоқтады. Анау дəрменсіз,
қорғансыз жатқан қызға қарай енді бір адым аттаса, өзін-өзі ұстай
алмасын білді де, тұрған жерінде сылқ түсті. Сəуле сықылықтап күліп
ала жөнелді.
— Оу, Балта! Біреу ұрып түсіргендей опырылдың ғой. Бері, мұнда
кел! Аспанға қарашы! Қандай биік ə! Түпсіз! Тұңғиық!Сондай таза! Ең
болмаса меңдей де бұлт жоқ. Ғажап! Ал сəл оңға көз қиығын салсаң, сол
биікке тіке шапшыған ғашық болған жігіттей еңсесін көтере мойын
созған, үнемі аңсай созған тауды, шыңды көресің! Асқақтау мөлдір
аспанға мəңгі ғашық! Мəңгі үздігумен атылып кетердей қанат
қомдайды да отырады! Ой, Балта! Балта! Адамдар да солардай болса
ғой! Мəңгі аңсаса ғой бір-бірін!
Балта ентелей жылжыды. "Аңсайды, неге аңсамасын! Қазір соны
көрсетеді".
— Адамдар да аңсайды, Сəулеш!..
Жақындап бауырымен жылжып келген Балта Сəулеге көз салып еді,
қыздың алаулаған жүзі аспанға қадалып қара көздері ұшқындап кеткен
екен. Мынау сұлу табиғаттың өзіндей боп... өзі боп елестеп жүре берді.
Балта шыдай алмады. Бір-ақ ұмтылып Сəуленің қып-қызыл ерніне
қадала жабысты.
Сəлден соң Сəуле бұлқынды. Басын босатып, бір қырына аунап,
Балтаның бетіне сəл таңдана, сəл жалына қарады.
"Сүйіседе білмейді. Білмейді!" Балтаның кеудесін ыстық қуаныш
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.