Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16

Total number of words is 4074
Total number of unique words is 2412
32.0 of words are in the 2000 most common words
45.1 of words are in the 5000 most common words
53.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жылдың басы. Жылды қалай қарсы алсаң, солай шығарып саласың.
Биыл бізде қонақ көп болады. Солай ғой, Гуля тəте.
— Солай-ақ болсын. — Гүлшат сыртқа шығып кетті.
— Хал қалай, студентка? — Анна Константиновна Сəуленің иығынан
құшақтады. — Сессия жақындап қалды ма?
— Осы айдың аяғында ғой, тетя Аня.
Балта аң-таң. Манадан Сəулені көп болса он төрт, он бестерде деп
отырған, студентка дегенде елең етіп еді, Сəуле де бұған жалт қарады.
Ендігі Сəуле мүлде басқаша рең тапқан. Кең үлкен көздер айналасына
нұр шаша, қуана елжірейді екен.
— Қай институтта оқисыз? — Балта еріксіз сізге көшті.
— Университетте, тарих факультетінің бірінші курсында оқимын.
— О-о, бұл Сəулешка медалистка! Бір-ақ сабақ тапсырып түскен.
Гуля тəтей екеуміз Саулешка келгенше шыдай алмағанбыз экзамен
тапсырған күні. И из нашего технического помещения выходят на
орбиту ученье. С нами шутки плохи!
Гүлшат ет көтеріп кірді. Мүшелеп бұзылған қолдың еті. Жуып
кастрюльге салды. Сонан кейін Бектемір əкелген шабаданды тысқа
алып кетті.
— Сəулешка давай, лото ойнайық. Балта, сіздер ше?..
— Ойнауға болады...
Осы қабаттағылардың лото сүйікті ойындары болса керек Сəуле мен
Аня мəз. Аздаған тиын тебенді бір де ұтқызып, бірде ұтып жадырап
отыр. Тамағын салып, шайын жасап қойып Гүлшат біраз тосты.
— Оу, ойыншы жолдастар, қашанғы күтем.
— Мама, сəл-сəл. Мен қазір міне, мына-ан-дай ұтам.
Нағашыларымның қалталарындағыны түгел сыпырып алам, — деп
Сəуле еркінсіді. Сол ашық əдемі күлкісі өзіне сондай жарасады. Сəбилік
пəктік қалыптан əлі арыла қоймаған қыздың өзімсінгені, еркелегені,
қуанғаны бəріне де келісті бір рай енгізген еді.
— Қырық серкешіңді қашан алсаң да дайынбыз, — деп Балта
Сəулеге жымия қарап еді, қыз қып-қызыл боп кетті. Қырық серкештің
қандай қырық серкеш екенін білмей, қырық жетімен шатастырып
алып еді, Гүлшат құрық созды.
— Сəулетай, жиенінің нағашыларынан алатын қырық серкеш назы
болады. Бұл нағашың соны айтып отыр. Сен бірден қырқын түгел
алмай-ақ, екеу-үшеуін босағаға байлата сал.
Сəуле мəз бола сылқылдап күлді. Өзінің түсінбей қателескеніне
күлді. Балтаның нағашылық танытып, өзімсіне іш тартқанына қуана
күлді. Шуақ шашқан қара көздерге ақсия күлген аппақ тістердің қатары
қосылғанда жіңішке мойындағы шалқақ бастың бет ажарын тіпті
сүйкімді етіп жібереді екен. Балта сол ажарды, сол қуаныш құлпыртқан
жүзді қапысыз аңдиды. "Анау айтқандай алып бара жатқан сұлулық
жоқ. Бірақ сондай сүйкімді. Адамды өзіне тартып тұратын нəзік
сүйкімділік бар. Қарай бергің келеді. Қараған сайын жаныңды бір
тазалық шарпып, кеудеңде тұнық судан нəр алғандай рахат сезім
шүпілдейді. Əлі əлжуаздау. Толыса келе тіпті əдеміленеді. Күн көзі көп
түспеген көлеңкенің шөбіндей жасаң кейіп бар. Ол түк емес. Түк емес.
Уақыт пен сезім гүл атқызады! Бір ғана сəтте дүр сілкінтіп, өзгертіп,
құлпыртып шығара салады. Күлкісі-ақ əсем! Еш жасандылық жоқ!"
Еріксіз Майсараның сыңғыр күлкісімен салыстырды. Салыстырды
да мына күлкінің табиғилығына, тазалығына ден қойды. Майсара
сыңғырлап күлгенде алғаш естіген адамын естен тандырардай
құдіретке ие болады. Бірақ зейін бұрған, қадағалаған жан əлдебір
жасандылықты, əдейілікті сезіп қалар еді.
— Дастарқанға жақындаңдар. Шай суып барады.
Гүлшат бір шампан бөтелкесін кереует астынан суырып шығарды.
Аннушка шап берді.
— Ой, Гуля тəте! Мынаны білгенде мен азаннан келетін едім ғой.
Полусухое!
— Жаңа жыл болған соң... Сəуле де, мен де татып алмаймыз... От
жаққан үй аталған соң, біреу-міреу келсе деп... Тілеуіміз бір екен.
Бектемір, Балта, міне өздерің келдіңдер... Аня, сен андағыны аша
алушы ма едің?
— Ашпай!.. Еще как ашам. Дать салют?.. Тарс еткізіп ашам. Көрсін
біздің бұл техникалық қабаттың да шампан атқылайтынын. Е, біз,біз...
— Анна Константиновна "бізінің" қандай екенін айтып жатуды артық
санады ма, əлде теңеуін таппай қиналды ма, сымтемірді бұрап үзді де,
ақ қалпақты тарс ытқытып жіберді. Ақ көбік леп берді де, тынды. —
Көрдің ғой, Гуля тəте! Бір грамын ысырап еткем жоқ! О-о, мұның
кезінде талайын аштық қой. Сəулешка, стакандарды бері жылжыт.
Қасық сал, шай қасықты. Сонда көпірмейді. Əйтпесе, асып төгіледі. А
каждая капля на вес золота этого царского напитка! Қалай, дəл
құйылды, ə! — Келіншектің көз алдындағы көгіс көлеңке ұлғайып, қос
шекесіндегі көк тамыры бүлк-бүлк соғып ала жөнелді. "Əй, ішімдікке
тым үйірлеу болар! Соңына түсіп алса, анау Света мен Лешканың күні
не болмақ?" Осы беймаза ой тағы да жадыраған түріне көлеңке түсіріп
өтті ме, Балта қайтадан Сəуленің бетіне үңілді. Сəуле де жігіттің дəл
қазіргі күйін бағып қалған екен, неге күйзелгенін де түсінгендей, əнтек
бас шайқады. Сол шайқалған бастың кімге арналғаның білдіргендей
Аня тəтесіне бұрылды.
— Ағайындар, мынау менің құдай да, адам да бермеген, құдайдың
да, адамның да санағында жоқ ілдебай баспанам — менің құтханам боп
отыр. Бас сұғатын қуыс, кеуде жасыратын қалқа, бой жылытатын пана
— бəрі осы. Буы бұрқырап, суы шашырап, иісі мүңкіп жатса да, əркімнің
босағасында бір сүмеңдеген кездегі үй иесінің күрең қабағынан
құтылдық. Ақша сұрап, еселеп сұрап дікілдейтінінен арылдық. Əрине,
мұнда да құлағымыз тыншыды деп айта алмаймын. "Шық, шыққа!"
басатындар əлі де көп. Əйтеуір үмітсіз — шайтан деп жүріп жатырмыз.
— Не айтайын деп ем... Иншалла, түбінде бір қайыры болар. Əлде
тəңір, əлде тағдыр бір жарылқар. Дүние кезек деген бар. Қашанғы
түнегі төбемізде тұра берер. Ашылар жадырап, шашылар шуағы.
Ендеше сол ашылар аспан, шашылар шуақ үшін. Сол шуақтың
шапағатымен шаттыққа бөленер мына балалар үшін!
— Гүлшат стаканын ілгері ұмсынды. Сəуле де қымсына қол созды.
Ана тілегі əрі тосын, əрі ыстық. Шуақ шашылса, түнек ыдырарын
сезеді. Қуана сезеді. Сол шуақты жанымен, аналық махаббатымен
ұдайы құйып келе жатқан анасына сенеді. Анасы қасында жүргенде
Сəуле түнекті түнек деп те білген емес. Суықты суық деп те сезген
емес. Ана мейірімінен өтер жылу жоқ. Ана жанынан ардақты сезім жоқ.
Ана еміренуіне жетер жарық жоқ. Сəуле стаканын ерніне тигізді. Ана
тілегі үшін, ана тілегінің орындалуы үшін. Қышқыл дəм тіліне білінді.
Түшіркене сімірді. Арақ, шарап атаулыдан алғаш дəм татқаны осы еді.
— Пəлі, біздің Сəулеша алып қойды!
— Несі бар, студентка емес пе! — Балта ересек тұтты.
— Қалай ішкенімді білмей қалдым... — Сəуле сақылдап күліп
жіберді. — Мама, сіз ұрыспайсыз ба?
Гүлшат ыдысынан ауыз тиіп қана алдына қойды.
— Қызым, заманыңның сусыны ғой... Мен саған іш деп те, ішпе деп
те айтпаймын. Қинап жəне мазаңды алмаймын. Қашанғы қасыңда
жүрем. Жетең болса, шараппен салиқалы болды дегенді естімегенімді
ғана айтам.
Ой, мен сендерді ұмытып, қызыма өнеге үйретіп кетіппін-ау.
Бектемір, кесеңді бері бер. Үнді шайы... Айғаншаның шайындай
болмаса да, шөл басуға жаман емес.
Аня, шишаны таусып құйып қой. Несіне бөгейсің бұл шіркінді. Енді
сен өзің бірдеме де. Бүгін тек əйелдер тілек айтсын. — Гүлшат
жымиғанда күлкісі күлімсірегені Сəулеге ұқсайды екен. Немесе
Сəуленің күлкісі анасының жымиғанына ұқсайды екен.
Шай жиналған соң Анна Константиновна өз үйіне кетті.
Сəуле мен Балта шахмат ойнауға отырды. Алғаш Сəулені онша
менсініңкіремей, баласынып ойланбай бірер жүріс жасаған Балта көп
ұзамай-ақ мат алып қалды.
— Жиен, бұл ойын жолы, — деді қызарақтаған жігіт. — Қайта
ойнайық.
— "Жығылған күреске тоймастың" кері емес пе сіздікі.
— Жо-жоқ! Қапы қалып сан соқтым ғой, — деп Балта шынына
көшкенде Бектемір мен Гүлшат қосыла күлді.
Сəлден соң Бектемір мен Гүлшат шүйіркелесіп кетті.
— Өткенде... Қобланды өздеріңнің басқа, екі бөлмелі үйлеріңді
мақтап келіп еді...
— Ə, ол ұзақ əңгіме... — Гүлшат ол жаққа аяқ басқысы келмейтін
тəрізді.
— Бағы бар, ауласы таза, тыныш жерде екен дегенде мен де біраз
көңілденіп қалып ем... айрылып қалғандарың қиын болған екен, — деп
Бектемір күмілжіді.
— Ол үйдің де қызығы көп... Бағы бары рас. Ауасы да аза болатын.
Иə, айрылып қалдық...
— Қалай? Сонда... қуып шықты ма?
Мына жақтан Сəуле дауыс берді.
— Милициямен келіп соттың шешімімен айдады да шықты. Ой,
сонда милицияның көптігін бірінші рет көргем.
— Неге өйткен? — деп Балта қолындағы шахмат фигурасын тастай
салды.
— Себебі ол үйді... баракты басып алғанбыз.
— Қалай басып алғансыздар?
— Қалай басып алады... Штурммен, атакамен! Бір-ақ күнде... жо-жоқ
бір-ақ түнде кіріп алғанбыз! Оң, сондағы біздің шабуылымыз-ай! Мама,
есіңде ме, Шура тəтенің тортын балалардың жеп қойғаны. — Сəуле
сықылықтады. Есіне қызықты жайлар түскен болу керек.
Мəселенің жай-жапсары төмендегідей екен. Ескі барак бір-ақ күнде
босап, есік-терезесін жел сартылдата бастайды ғой. Авариялық
жағдайдағы үй, қиратылуы керек деп ұйғарылған осы үйге июль
айының ортасында тоғыз семья кіріп алған. Ертең бульдозер келіп
бұзады деген күннің түнінде көшіп алған тоғыз отбасының
қуанышында шек болмаған. Кəдімгідей қоныс тойын жасап,
балалардың шат күлкісіне маңайын түгел бөлеп жіберген. Бұзуға
келген бульдозерші жігіт қоныстойды қоса тойлап, біраз сілтеп алған.
Баракты жаулап алу операциясы осылай жеңіспен аяқталған. Есік-
терезелерін жөндесе, барак əлі біраз тұруға жарайтын еді. Аспаннан
күткен, адамнан күткен баспананы шеткі көшедегі елеусіз қалған ескі
барактан тапқан бақытты жандар аз ғана күннің ішінде жаңа қонысын
жаңғыртып, жасартып жіберген.
Шіркін өз төрің, өз шаңырағың болғанға не жетсін. Əрқайсысы əр
түкпірден, əр подвал, əр босағадан келген осы тоғыз семья бір
туғандай болып кетіп еді. Тоғыз семьяның жиырма екі баласы сондай
тату еді.
Біріне бірі көмектесіп, бірін-бірі қуаттап, жұмылып кеп кірісіп
кеткенде авариялық аталған барақ өзгеріп шыға келген. Жарылған тұс
бітеліп, қисайған қабырғалар тіреумен бекітіліп, қайтадан еден
төселіп, шатыр дұрыстап жабылып, біраз қаржы-қаражатты да алып
кеткен. Жыртық жамалған сайын көңіл бүтінделетіні бар. Ескі
жаңарған сайын жанның жасаратыны бар. Жамап-жасқап алған барак
осы тоғыз семьяның адамдарына жұмақтан кем көрінбеп еді! Ауласын
қандай құлпыртып жіберіп еді. Гүлзар жасап, əткеншек турник
орнатып, балалар алаңына құм əкеліп төгіп, беседка-күрке қалқайтып,
қаңырап қалған мекенді кісі танығысыз еткен-ді.
Бірақ жаңа тұрғындардың қуанышы көпке ұзамаған. Бір-ақ күнде
əлдебір бірлестіктен келгендер үйді босатыңдар деп зікір салсын.
Шырылдап балалар жыласын, жылаған балаларды жұбатып кемпіршалдар зарласын. Əйелдер бажылдасын.
Енді қайда барады? Қай қуысты сағалайды? Қай жекеменшік үйдің
иелеріне жалынады? Жалынғанды, жылағанды мекеме басшылары
көрмегенде, əр бұрышын хан сарайындай бұлдайтын жекеменшік
үйдің иелері оларды қайтсін. Артық пейілден гөрі тиынды тебендеп
жинайтын ол шіркіндерге көрмейтін, естімейтін бітеу көңіл болу көп
пайдалы емес пе. Жан ашырдың ауылы алыстап кеткен дейтін
сылтауды ту ғып ұстап алғандар басқаның зарын тыңдар ма.
Қайда барады енді? Қыраулы қыс болса құрығын сүйретіп келіп
қалды. Панасыз күйдің көйгөйі кеудеден арылмайтын болғаны ма?
Кімге барса, жан қалады? Кімге көз сатса, көңіл демдейді? Кімге
жалбарынса, мынау жиған-тергенді түгел жұтып қойып, бірақ
кəдімгідей адам тұрарлық баспанаға айналған барак өздеріне тиеді?
Əрине, далбасалап, əрекет жасайды. Еті тірі, сөзі өтімді, заңжосықты білетін көзі ашықтарынан делегация құрып, тұрғын үйкоммунальдық шаруашылық басқармасына, бірлестікке, қалалық
атқару советіне жəне қалалық партия комитетіне жөнелтеді. Осындағы
қырық шақты адамның мұң-зарын, тілек-талабын, үміт-сенімін білдір
деп жөнелтеді. "Біз де совет азаматы
Біз ғой. Конституция бойынша баспаналы болу правомызды кім
қорғайды? Бізді неге қинайды? Бізді неге жайымызға қалдырмайды?
Үйді өзіміз жөндеп алдық. Ешкімге кедергіміз жоқ" дегендерді
дұрыстап жеткіз деп жөнелтеді.
"Бізді де бір тыңдасын. Мұңымызды естісін. Арыз-өтінішімізге құлақ
тоссын" деп жөнелтеді. "Басқа жақтан ауып келген жоқпыз. Осы
қаланың өзінде тұрғанбыз. Осында жұмыс істеп жатырмыз. Бізді де
адам санатына қоссын" дегенді айт деп жөнелтеді.
Арызға қарыз болғысы келмегендер, өтінішке бас изеп қалғысы
келмегендер əр қиырдан бір шаң беріп: "Пəтер ақысын төлеп жүрген
жоқсыңдар ғой!" деп сес көрсетеді ғой. "Төлемейік деп жүрміз бе,
өздеріңіз алмай отырсыздар" дейді бұлар. Олар одан сайын
шатқаяқтайды. "Сендер онда ол баракта заңсыз тұрып жатырсыңдар —
мүмкін сендерді тіркеуіміз керек шығар? "Несі бар, тіркесеңіздер, тіпті
қатып кетер еді. Біздің сұрағанымыз да осы емес пе?"
Қойшы, онда барып табалдырық тоздырып, мұнда барып, босаға
сығалап сөзін де, өзін де өткізе алмаған шіркіндерге əлдебір кеңседе
əлдекім əлде əзілдеп, əлде ойнап, "Онда сендер сол баракты сатып
алыңдар!" демесін бе.
Тоғыз семья тағы да бас қоссын. Олай ойлап, бұлай толғанып, халқауқарларын екшеп, ақыры "сатып алсақ, алайық!" дейтін нар тəуекел
шешімге тіреледі.
Тағы да сабылыс жүріс басталады. Тағы да екі жақтың дау-дамайы
одан сайын күшейеді. Тағы да екі жақ та тығырыққа тіреледі. Бірлестік
баланстан шығарылып тасталған үйді сатуға болмайды деген
инструкцияға сүйеніп, сатудан үзілді-кесілді бас тартады. Сонда не
істемек дейсіздер ғой, баракты қирату керек деп отырып алады.
Баракты босатпаған тұрғындарға бір күні сотқа шақырту қағазы
келеді.
"Сіздер заңсыз кіріп алғансыздар".
"Білеміз. Бірақ ол үй бос тұрды ғой".
"Бос тұрған үйге кіріп алсын деген заң бар ма?"
"Біз ол үйді өзіміз жөндедік. Адам тұратын қалыпқа келтірдік.
Кемінде он жылға төтеп береді".
"Ал, солай дейік. Егер жер сілкінсе, Алматыда жер жиі сілкінетінін
білесіздер, əлдебір мəтке əлдекімнің төбесіне түсіп кетсе, сонда кім
жауап береді?"
"Кездейсоқтық кез келген жағдайда бола береді. Одан ешкім
құтылмайды".
"Міне сондықтан да мен заңсыздыққа жол бермеймін.
"Біз енді не істейміз?"
"Ау, осындай сұрақты маған неге қоясыңдар? Мен сендердің не
істейтіндеріңді қайдан білейін? Ал үйді босатыңдар. Сот шешімін солай
шығарамыз".
Ақыры былтыр майда тоғыз семья жан-жаққа жылап айырылысады.
Бауыр басып қалған жандар үйді бір қимаса, бірін-бірі тағы қимай,
оның үстіне баспана таба алмай əбден қиналған.
Үй басқармасына аулашы боп жұмысқа түскен Гүлшат мына
техникалық қабатты сағалап, əйтеуір бас сұғар қуыс тауып алыпты.
Сонысын дəтке қуат қылады.
— Балта нағашы, бұл жер қараңғылау демесе, сондай тыныш. Адам
аяғы сирек. Бір ғана кінəраты, осы үйде ылғи дөкейлер тұрады.
Совминнің үйі. Сол дөкейлердің жұбайларымен міне былай, — Сəуле
орнынан атып тұрып, Балта білетін кейбір əйелдердің басқан жерін
ойып кететіндей салмақты жүрісін айнытпай салды. — Міне, былай
мамырлап аспандағы көзін бір шекеден анда-санда жерге қадайтын
кезде ұшырасып қалсақ бар ғой, бізді осы техэтажда тұратындарды,
инопланетянин санай ма, əлде бақа-шаян көре ме, май басқан
мұрындарын тыржитып болады да қалады. Балалары да мазақтап,
шуылдап тас лақтырып маза бермейді. Ал мен... көшеде нем бар. Маған
осы арам ұнайды. Өзіңмен өзіңсің... — Сəуленің үлкен көздеріндегі
өжет ұшқын алыстап жоғалып бара жатты. Сол ұшқын мүлде өшіп
кетер ме деп қорыққан Балта орнынан ұшып тұрғанда басын төбедегі
құбырға соғып алды. Сəуле сықылықтап күліп жіберді. Көздердегі
ұшқын көгілдір түспен құбылды.
— Сəуле, сен оларды маған көрсетіп қойшы.
— Кімдерді?..
— Анау сені мазақтайтын балаларды. Көкесін көздеріне танытып
берейін. — Балтаны ашу иектеп, түтігіп алыпты. Сəуленің сыңғыр
күлкісі одан сайын жаңғырды. Гүлшат ыңғайсызданып, Балта мен
Бектемірге кезек қарап өтті.
— Бұл қыздың осындай күлкісі бар. Өздеріңді көргелі бүгін есі
қалмай отыр. Əй, тентек шіркін, болды енді. О нес, соншама
шықылықтап.
— Мама, Балта нағашым анау Мурик Нуриктерді тиып берем дейді.
Это же невозможно! Мурик Нурик Шуриктерге аудандық милиция
бөлімінің шамасы жетпегенде, сіз, нағашы-ау, бекер əуре боласыз ғой.
Олар сізді жайыңызға қалдырса жақсы. Нашасын тартып, наркотигін
егіп, лəйліп, кайфовать етіп тұрған кезіне тап келсеңіз... О-го-го, кімге
кімнің көкесін танытатын кім білсін. Я же их, головорезов знаю. —
Сəуле қайтадан сабырлы кейіпке көшті. — Жоқ, нағашы, сіз оларды
білмей-ақ қойыңыз. Маған сіздің амандығыңыз керек. Жаңадан нағашы
тапқанда, айрылып қалғым келмейді.
Балта сылқ отырды. Əрине, "мамасы" мен "папасының" балалары
қандай болатынын біледі. Бетіне жел тимей өскен жекебатырлар
желпініп шыққанда бүкіл үйді, ауланы аяғынан тік тұрғызады. Неден
қорықсын. Айбарлы əкенің беделі мықты. Адуын шешенің қамқорлығы
керемет. Оқ өткізбейді, суға батырмайды, отқа күйгізбейді. Ендеше, ал
кеп сайранда! Ал кеп тайраңда! Өмірге билік құру үшін туғансың. Əкім
болу үшін келгенсің. Əмір беру үшін жаралғансың. Олай болса билікті
де, əмірді де осы бастан жасап бақ. Үйреніп өс. Тəжірибе жинақта.
Билікті кімге жүргізуге болады? Əмірді кімге беруге болады? Пəле-е,
сол да сөз бе екен. Қаладағы қыбырлаған екі аяқты пенде осы төңіректі
маңайлап кетсе, "патшалығына" сұраусыз енгені емес пе, "сыбағасын
дұрыстап сыйлай" жібер. Аулашы, почташы, айдаушы, тасушы сияқты
келте танаулар аз ба. Алдын кескесте, иығыңмен қағып өт. Аяғынан
шалып қал. Əйтпесе ең бір Жанына тиетін осал жерін тауып ал да,
шуылдап айқайла. Жабыла мазақта. Сонда сенің жанын кіреді.
Əкімдіктің алғашқы рахат дəмін татасың. Міне, жекебатырлардың
тəлім-тəрбиесі.
— Солай болса да, сен, Сəулетай, маған басшысын, главарін
көрсеткін. Иə ма?
— Иə, иə. Көрсеттім дейін. Не істейсіз сонда? — деп Сəуле
ойнақылана қалды. Балтаның өзі үшін ештеңеден тайынбайтынына
көзі жеткендей. Соған қуанып та отыр.
— Оны өзім білем.
— Балтажан, сол бұзақылармен шатасып қайтесің — деп Гүлшат
бозарып бара жатты. — Мен білем ғой оларды. Адамдық бейнеден
айрылып бітуге тақау. Əй, соларды балам, болашағым деп бағып
отырған анау пілдей бастық азаматтарға таңым бар. Ана тілін
ұмыттырғанмен, азаматтықты бойларына сіңіру ата-аналық борышы
емес пе. Балтажан, сен соларды білмей-ақ қой, балам. Құдіретті
көкелері шіреніп-шіреніп көк тіреп отырғанда, бұл ерке тентектер
ештеңеден тайынбайды.
Бектемір де сөз қосты.
— Балта, "буынсыз жерге пышақ ұрманы" ұмытпа. Ал, Сəулетайға
бас-көз болам дегенің жөн. Нағашысың. Бүгінде туған туыс емес, көңіл
туыстырады. Жанашыр жүрек жақындастырады.
Балтаны Сəуле шығарып салмақ болды.
— Сəулетай, əуре болма. Өзім-ақ...
Сəуле жымыңдады, басын шайқады.
— Маған сіздің шекеңіз қымбат. Сатыға жеткенше он рет шекеңізді
соғатыныңызды, нағашы-ау, біліп тұрмын ғой. Ал мен бір де бір
соққызбай алып өтем.
Есік алдында Сəуле қолын ұсынды.
— Келіп тұрыңыз, нағашы.
Даусынан наз да, қимастық та сезілді. Қолы күйіп тұр екен. Балта
шошып кетті.
— Ауырып тұрған жоқсыз ба, Сəуле?!
— Жоқ! Əзір ауырғам жоқ, Балта!
— Сау бол, Сəулетай. Келіп тұрам.
Балта бас изеп бұрылып жүріп кетті. Жəшіктің сынығына сүрініп
құлап түсе жаздап еді, артынан Сəуленің ащы даусы естілді.
— Байқаңыз, нағашы!..
"Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас"... Ызыңдап екі жол
өлең тіліне оралды. "Қарындас"... Қарындасым болар ма еді. Неге
болмасын. Жиен қарындасым болды ғой. Қандай таза! Неткен мөлдір
жаны! Күн көзі түспес қапаста да исі мұрын жарар əсем гүл өседі екенау! Қарындас қой... қарындас қана ма... одан да жақын..."
Өз ойынан өзі шошыды. Жаяу біраз жер ұзап кеткен екен.
Машинасы есіне түсіп, қайырылып оралды.
Машинасының қасында милиционер жүр екен.
— Сіздікі ме?
— Иə.
— Неге кешіктіңіз?
— Немене, мен енді кешіккен себебімді де айтуым керек пе, — деп
Балта шытынай бастап еді, милиционер қолын шекесіне төсеп,
қалшиып тұра қалды.
— Кешіріңіз, азамат. Бұл үйдің маңайында тентек балалар көп. Кеш
бойы бірдемесін бүлдіріп кете ме деп... Əрине, мен сізді неге
тексерейін. Машинаны сондай ұнатам. Бұл машина... əсіресе "Жигули"
нағыз мүлік қой. Сырын біліп алсаң, бұл "Жигулиден" өтер дос
болмайды... Ал, мынау үйдің... осы төңіректің бал ал ары бөтен номерлі
машинаның иесіз тұрғанын көрсе... Машинада қандай жазық бар... Бұл
да ит сияқты адамның нағыз досы. Иесі қазір шығар, қазір шығармен
осы арада жүрдім.
Милиционер жас жігіт екен. Ыржиып күлгені Балтаны елжіретіп
жіберді.
— Атың кім, жолдас?
— Мен бе? Митя... Дмитрий Серегин.
— Машинаң, əрине, жоқ. Былай болсын, Митя. Мен — Балтамын.
Қызметіңе кеп рахмет. Сен... Митя, керек кезінде машинамды мініп тұр.
— Қалай? — Митяның көзі шарасынан шығардай үлкейді. Тұлып
жағасынан қылдырықтай мойын қылқиды.
— Мен саған қолхат беріп қоям. Бір кілтін де берем. Керек кезінде
стоянкадан алып тұрасың.
— Өзіңіз ше?
— Мен көбінесе жұмыстамын. Қазір машина мініп жүруге қол тие
бермейді.
Балта кілтімен есігін ашып, ішіне отырып, тілдей қағазға
телефонын, аты-жөнін жазып, состиып тұрған милиционердің қолына
ұстата салды.
"Жигули" бірден қызды.
— Əй, машина-ау! Машинаның машинасы "Жигули" ғой!..
Дмитрий Серегин қайта-қайта таңдай қағып қала берді.
"Маған бүгін басқа дүниенің есігі ашылды-ау, тəрізі. Жаңа жылдың
ең алғашқы күні. "Ұлыстың ұлы күні" десе де болады. Қаншама нəрсеге
көзім ашылды. Мынандай əсем қаланың адамның сай сүйегін
сырқырататын əлеуметтік теңсіздігі болады деп ойлап па ем бұрын.
Көзім кермесе сенбес едім. Жоқшылық қалай бүрсеңдетеді. "Баспана!"
Қандай терең мағналы сөз. Гүлшат тəте, Анна Константиновналар
басына пана етіп əлгі сулы, шулы, иісті, қоқысты қапасты мекендеп
отыр. Баспана... Соның өзін қимайтындар, қуатындар бар екен... Сəуле!
Қапаста шуақ шашқан сəуле. Жанынан нұр құйған сəуле. Жанына
ызғырық жолатпаған Сəуле. Қандай кереғарлық! Анау маменькины,
папенькины сынки не істеп, не бүлдіріп есіріп жүр. Аппақ төсек жеке
бөлме, дарские хоромы... Тəр-бие-тəлімі бұзық. Лас подвал, тар босаға,
қараңғы қуыста тамыр тартып, бой көтеріп келе жатқан Света,
Сəулелер қандай! Мүлде бөлек. Бөлек! Күн көзін баққан күнбағыстай
жақсылық аңсайды. Туыс көңіл тілейді. Жанашыр қабақ күтеді.
Соларды керек кезінде өз кеуделерінен табады. Əйтпесе əлгі Митя...
Аяз өтінде үш-төрт сағат əлдекімнің машинасын бұзақы балалардан
сақтап, күзетіп тұр. Жоқ! Ізгілік жоғалмайды! Жойылмайды. Ол халық
көкірегінде. Кеңпейіл пиғылында".
3
Бектемір үш күн қатарынан түк бітірмей қайтып келді. Күн өткен
сайын қабағы түсіп, жүдеп барады.
— Əй, Балта, осы мен əбден түңіліп біттім. Қайда барсам да есік
күзеттіріп қояды. Прокурорды екі күн тостым. Қайда... маңайлатпайды.
Ал Орталық Комитет басқаларға қарағанда əділет орны ғой, бұқарамен
тығыз байланыста болар десең, бұл жерің тіпті биік жатыр. Қол түгіл
көзің де жетпейді. Өзін де бір биік тұсқа салған екен. Төбеңнен төніп,
еңсеңді басып, мысыңды құртып бітеді. Анау əкімшілік органдар
бөлімінің не бастығына, не орныбасарына кіре алмай қор болдым емес
пе. Хатшы қызы телефонмен жөндеп сөйлеспейді де. Олардың
рұхсатынсыз ішке кіргізбейді. Есік көзінде мөлиюмен-ақ жаным езілді.
Бектемір аға қанша ренжісе де, қанша кейісе де мил осылай қабақ
шытқанын сездірмейтін. Іштен тынғанын білдірмейтін. Балта ойы
ауырлап, жаны күйзеліп отырған жерлесінің көңілін аулауға тырысты.
— Онда, Бəке, ертең мен сізге ілесейін.
Алдымен республикалық прокуратураға келді. Ылғи еңсесі түскен,
көзін əркімге бір сатқан сұраншақ қарасты жандардан аяқ алып
жүргісіз екен. Əркімге бір жалтақтап, қайғысын, қасіретін арқалап
келген байғұстарды мұндағылардың елегісі жоқ. Аяқ астында
жорғалаған жəндікке де кейде елеңдеп қарайды ғой. Ал бұлар...
жалтаңдаған шіркіндерді көзіне де ілмейді. Сөл жібісе, сəл бас изесе,
сəл құлақ түрсе, кім білсін мына көзде мұң, жүзде қасірет тұнған
бишаралар сілкініп шыға келер ме еді, еңселері көтеріліп, қабақтары
ашылып, жадырап қалар ма еді.
Сөзіңді шала естиді, салғырт тыңдайды. Көнді
жыбырлатады. Əйтпесе ол да жоқ. Тоқтамай өте шығады.
түссе
ерін
"Біз — құл емеспіз, құл — біз емеспіз!" Қобланды досының осы
тіркесі ми шұқылады. Орысшасы мозгасын шаққылады. "Мы — не
рабы. Рабы — не мы!" Əйтпесе "рабы — не мы". Яғни құлда тіл жоқ.
"Сонда кім құл? Кім тілсіз? Кім құнсыз? Неге? Неліктен? Біз құл емеспіз
ғой. Құл болмасақ неге тыңдамайды? Неге зейін қоймайды? Неге
санатқа қоспайды? Ау, осында келгендердің бəрі істі боп келмейді емес
ме? Сонда кінəсіз адамды кінəліге балап, сөзсіз құлға, тілсіз малға
айналдырған кімге қолайлы? Неге соншама сөлпектетеді? Міне,
келгенімізге үш сағаттан асты. Үш ауыз сөз ала алған жоқпыз. Тіпті
мынау есік көзіндегі милиция да жөнін айтпайтыны қалай? "Біз — құл
емеспіз! Құл — біз емеспіз". Əліппеден неге алып тастады екен? Неге
айқайлаудан қорқамыз? Неге аттандамаймыз? Ой-бойымызды
шырмап алған үрейдің тегі мен төркіні əлі сол отызыншы жылдарда
жатыр ма? Ол үрей қашан таусылады? Қашан сейіліп бітеді? Əлде
шырмаған үстіне шырмап, торлаған үстіне торлап, мүлде езгілеп, ет
өлтіріп, көндіктіріп, меңіреулетіп тастар ма? Меңіреу кеуде, бітеу
көңілдер кімге керек? Олардың орнына роботтарды көбейткен дұрыс
болар. Əлде біз құл емес, кіжінуі де жоқ, күйінуі де жоқ ессіз, сөзсіз
роботқа неге айналмаймыз. Мүмкін айналып кеткен де шығармыз.
Бірақ əлдеқашан айналып, өзгеріп кеткенімізді өзіміз сезбейтін
шығармыз. Əйтпесе "Біз — құл емеспіз, құл — біз емеспіз!" деген жан
ышқынысындай тіркесті əліппеден алғыздырып тастатпас едік.
Жабыла бас шұлғып, жабыла қол көтеріп, жабыла қол шапалақтап
үнсіз иек қағып отыра бермес едік. Біз — құлмыз ба, кімбіз? Жоқ! Біз —
құл емеспіз! Ендеше мына чиновниктер неге көзіне ілгісі келмейді.
Неге тыңдағысы келмейді? Неге АДАМ деп қарамайды?"
Осындай оймен сақырлап ашу қайнатқан Балта тұсынан өтіп бара
жатқан мосқал адамның алдын кескестеді.
— Жолдас! Бұл не боп барады? Адамға адамша қарауды неге
ұмытасыздар. Мұнда келгендер жайылып жүрген мал емес, жанын
жеген, ұйқысын бұзған, қасірет-қайғысын арқалап жеткен совет
азаматтары ғой. Неге дəнекер болмайсыздар? Неге көңіл
бөлмейсіздер?
Əлгі адам Балтаға төменнен шаншылып қарады. Содан кейін
милицияға бұрылды. Ашулы беті жыбырлап, кірпік қақпай қадалып
тұрды да:
— Мыналарды кім ішке енгізіп жіберген? — деді.
— Жолдас полковник... Ə-ə, күндегісі осы ғой. Дала суық. Аяз. Есік
алдындағы аядай қуысқа симайды.
— Тоқтат! Түгел шығар! — деді де, Балтаны бағанды айналғандай
айналды да, дəліз бойлап жүріп кетті.
Милиционер сөгіс естіген соң бірден қаһарға мінді. Əлгіндегі
бастығы алдындағы міңгірлегенін өзіне кешірілмес күнə санаған
шолақ қамшы шіркін екі езуден көбік бұрқыратты.
— Қане, босатыңдар! Шығыңдар! Ақсақал, мен шорт-мортты
білмеймін! Маған айтты, бітті! Сендер үшін жұмыстан қуылар
жағдайым жоқ. Болыңдар! Босатыңдар!
Жасқаншақ көздер жапақтаудан басқа не тындырсын. Төмен
еңселер бүріекен күйден қандай қауқар тапсын. Тапқанда не істей
қойсын. Өзін көрмеген тібақай дөкей шырылдаған сөзін тыңдар ма.
Бəрі бүрсеңдеп екі есіктің арасына ұйлықты. Ондайда бар ашуын, бар
ызасын, бар кегін бір-бірінен алатын əдеті бар емес пе, тұрғандар
Балтаға дүрсе қоя берді.
— Əй, қарағым-ай, қарап тұрмай, нең бар еді?
— Жоқ-ау, мұң мұңдап, жоқ жоқтағышын қайтерсің, "ада-ам-быз!"
деп тілін шайнап несі бар еді, ей! Əне, айдады да шықты.
Осындай ақикөз пəлелердің кесірі жұртқа тиеді де жүреді.
— Əділетшіл болам деп тыраштанғанда не өндірем дейді екен.
— Ақымақ дейін десем, көп-көрім түрі бар. Ақылды дейін десем,
ақымақтың ісін жасады.
— Қап! Құяңым əрең босатып еді, енді тағы екі бүктетіліп қалатын
болдым-ау! Мынау суық албар жан қойсын ба.
— Өзімізді өзіміз арандатамыз да жүреміз. Енді бізді тіпті тыңдамай
қояды, айтпады деме.
— "Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді" деген осы.
— Шырақ, көзге түрткі болмай жөніңді тапсаң қайтеді? — деп жуан
жұдырық бірі Балтаға төніп келді. Сүзетін бұқадай иегін омырауын
тесердей кеудесіне тіреп, көздерін қабақ астынан шатыната қадап
алыпты. Дəл қазір жылжып кетпесе, мынау қалың қабақ адамның
төбелесуден тайынбасын сезген Балта мүсіркей бас шайқады.
— Əй, қорғалаған шіркіндер! Біз — құлмыз ба, кімбіз? Қорғалаңдар!
Жорғалаңдар! Одан сайын адамдық бейнелеріңнен айырсын. Қолын
сүйіп, етігін жалаңдар! Екі бүктетіліп, етпеттей жығылыңдар! Одан
сайын малға балап, құлға санасын!
— Əй, шырақ, тілінді тарта сөйле! Сен кімді балағаттап тұрсың.
Совет өкіметін! Совет прокуратурасын! Жігіттер, куə болыңдар! Мынау
əлде жау, əлде арандатушы, — деп əлгі жуан жұдырық тіпті екіленді. —
Осылардың кесірінен бəрімізді бірдей көретіні. Айтып тұрғанын
қараңдаршы, ей! Сонда шауып ал демек пе бұл тылтиған неме. Бұзып
кір дей ме жабық қақпаға. Бізге салмақ қай ылаңы мынау?
Балта əлгіге жиіркене қарады да, қолын ызалана бір сілтеп,
бұрылып жүріп кетті.
Ертеңінде екеуі Орталық Комитетке бет алды.
Бұл жерде де өтініш айтушы, арыз берушілер біраз екен. Бірақ не
хатшыға, не əкімшілік органдары бөліміне кіруге еш мүмкіндік
болмады. Қайта-қайта рұхсат сұрап, телефон трубкасына маза
бермеген соң екі хатшы келіншектен кəдімгідей сөз естіп қалған
Балтаның мысы құрыды.
— Бəке, мына тірлігімізден түк шықпайтынына көзім жетті.
Осылардың да айтқанын бір орындайық. Арызымызды қалдырып
кетейік. Бүгін қарамаса, ертең қарар. Əйтеуір бір қарар. Əділет орны
ғой. Ақ-қарасын тексерер, — деп ылдилап қалды.
Бектемір де көңілсіз еді, бір апта уақыты құмға сіңген судай босқа
кеткеніне уайымдай ма, əлде қайда барса, "Қорқыттың көрі" дегендей
ылғи кеудеден итерген тоңторыстық запы қылды ма, Балтаның уəжіне
қарсыласқан жоқ. Тек қана қылғына жұтынып теріс айнала беріп,
күңкілдеді.
— Ауызба ауыз сөйлескенде болатын еді... "Жоққа жүйрік жетер
ме"... Əлгі Мақанның бүкіл қылмысын жайып салам ба деп едім...
Өкінішін тіпті анау əдеттен тыс бүкірейіп кеткен жауырыны да
жасыра алмады. Балта аяп кетті.
— Оны да жазып қалдырамыз, Бəке. Ауызша айтылды не, қағазға
жазылды не, бəрібір. Бір данасын Москваға жөнелтеміз. Шешінген
судан тайынбас, біз де бір жағына шықпай тоқтамаймыз.
Кешіне Балта Бектемірді поезға шығарып салды.
— Ал, Балта, апаңа не деймін!
Бектемір ашық жүзді туралады. Балта жүзін тайдырып əкетті.
Əрине, мына кісіге сенеді. Шешесін де анандай іске қимайды. Бірақ
өзімшіл көңілдің сірескен өкпесі оңайлықпен тарқар ма? Əсіресе
əкесінің аруағы алдында өзін де, анасын да кінəлі санайтын бір түйсігі
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.