Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15

Total number of words is 4033
Total number of unique words is 2354
33.0 of words are in the 2000 most common words
46.4 of words are in the 5000 most common words
53.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
көлденең табыс көзімен қомағайлана құнығуы.
— Шырағым, келінжан, манадан бері бір байқағаным, Балта екеуіңе
бұл дүниеде тілегі түзу бір адам болса, осы Бəкең. Үлкен кісінің ішін
жарып шыққан шындығын көңіліңе ауыр алып қалма, — деп Бектемір
тігісін жатқызды. — Тілекшің болғаны жақсы. Əйтпесе адасу оңай.
Анау біз отырған жерде де ауыл дүкеніне дүние түсуді қойды. Не келсе
де, бастықтар бар, басқалар бар өздері қоймадан тік қотарып бөліп
алады. Сондайдан сақтан, келінжан.
Дəл он екіге он бес минут қалғанда Майсара дастарқанды жайнатып
жіберіп, үш еркекті стол басына шақырды.
Етті турап əкеліп қойыпты. Ішімдіктің де үш-төрт түрі саусылдап
тіреліп тұр. Василий Сергеевич Майсараға разы жанарды қыдыртты.
— Ну, доченька! Это же настоящий банкет!
— Бектемір аға, қалада қазір етті асүйден турап əкелетін салт бар.
Келініңіз сөйткен ғой.
— О-о, сол дұрыс. Сол жақсы! Өздерің де отырыңдар. Майсаражан,
қалқам, ұялма! Мынау Балтажанның əкесі менімен түйдей құрдас-тын.
Бұл шіркін баламнан бір де кем емес... Қазір бірі алыстап... бірі, — деп
күрсініп қалды.
— Тамақ алыңыздар. Вася ата, қолмен жейміз бе?
— А как же! Əлде сен менің қазақ екенімді ұмыттың ба, Балта. Давай,
айналдыр. Айналдыра бер өзің. Ыдыстар бос тұрмасын.
— Сізге қайыссын құяйын?
— Жүрек ауыртпайтынынан құя бер. Жаңа жылдың алдында жақсы
тілек үстінде отырмыз ғой. Əй, Бектемір, сен маған қарамай ала бер.
Асай бер, қарның ашқан шығар. Бұл, біздің келіннің не пісірсе де, дəмді
пісіретіні сондай... бармағыңды қоса жұтып жібере жаздайсың... Ə,
Балта, маған неге қарап кеттің? Е-е, тост, тост, тілек айт деймісің? Иə,
ол енді дұрыс. Əлгінде, айттым ғой жаңа жылдың қарсаңындағы жақсы
тілек үстінде отырмыз деп. Жақсылық аңсаған көңіл осындайда
алыстан жақын тұтатын адамыңды айдап келтіреді. Бектемір шырақ,
сен жақсы келдің. Тілеуіміз бір екен. Мерекенің ең бір абзалы — Жаңа
жылды қарсы алу. Бір жасқа ұлғайғанымызбен ылғи бір жақсылық
тілеген көңілмен аппақ қардай тазалыққа ұмтыламыз. Жаңаның басы
көреміз. Ескі ауру, ескі тірлік ескірген атаулының бəрі ескі жылда
қалсын дейміз. "Ыссы тары көженің де буы бар" деп менің Қамбар
досым айтып отырушы еді, ал тазалықтың, адалдықтың буы ой
қозғайды, бой жылытады. Көңіл сергітеді. Үйге үй қосылған, басқа бас
қосылған ескі жылға өкпеміз жоқ. Ұлды да, қызды да болдым мен,
Бектемір тамыр. Адам өз қуанышына сүңгігенде өзгенің уайым-мұңын
көрмей қалады. Сені де ұмытып барам-ау. Қайғы-шерің осы жылда
қалсын. Тасыған көңілмен, табысқан жанымызбен жаңа жылға
жайраңдап кірейік балаларым. Аман болайық! Сау жүрейік! — деп
ыдысын ілгері Бектемірге қарай созды. Сыңғыр-сыңғыр Рюмкаларға
телевизордан диктор даусы қосылды. Оған қоңырау ұрған сағаттың он
екісін көрсеткен тілдері қабаттасты.
Төртеу тілек пен шарап толы ыдыстарын тамшысына дейін
қалдырмай қағып-қағып тастады.
— Ух, тынысым кеңіп сала берді ғой. Уай, Жаңа жылдарың құтты
болсын, балалар!
— Өзіңізбен бірге болсын!
— Көп жасаңыз, ата!
— Бəке, ешқашанда ауырмаңыз!
***
— Шайды осы үйден ішсін, — деді Балта Майсараның əппақ иығын
сипалап.
— Онда тұрайын. Бүгін ешқайда бара қоймас.
— Кеше əбден ұялтты-ау. Мен... мен, Май, сірə, сұмдық қызғаншақ
болармын, ə.
— Оны енді өзің білесің де. Қарсы келуге мұршамыз бар ма.
— Əне, саған да жақпаймын.
Майсара аунап түсіп, басын Балтаның кеудесіне салды. Еркелігі ме,
елжірегені ме — қылығы қыздай-ау.
Василий Сергеевичпен қоса кірген Бектемірге мына пəтер жұмаққа
енгендей əсер етті.
"Балтажанның бағы бар екен. Енді Қатираны қолына алса, қатып
кетер еді. Қолын жылы суға малды деген осындай-ақ болар. Не
керектің бəрі бар. Келін пысық-ау. Пысық болмай... Саудада істейтін
тəрізді ғой. Əй, ол орын да берекесіз. Адамды тез бұзады. Қолында бəрі
тұрған соң, саған кім көрінген көзін сатқан соң — кеудесіне нан
піснегенде қайтушы еді. Анау жылдары ғой, дүкенде бəрі бар, өтпей
тұратын кезде осы дүкенші, сатушы, қоймашы деген қызметтерді
қызмет-ау деп кім менсінуші еді. Енді дүниенің бəрі тапшы боп кетіп
еді, аяқ астынан сауда қызметкерлері дүрілдеп шыға келді. Келін
сондай инабатты жан екен. Бұзбаса... бұзылмаса..."
Шайдан кейін Бектемір Балтаны оңашалады.
Бектемір қатты дағдарыста еді. "Өзекті жанға бір өлім" деп түйіліп
түскенде, шеңгеліне Мақан түгіл тышқан да ілінбей, қайта өзі арандап
қала жаздаған. Байманқұлдың дабыр-дұбыр шығармай, ың-шыңсыз
шығарып жібергеніне əлі де қайран. Енді азуын сындырған аш бөрідей
қарсы шабар дəрмені жоқ. Ес пен түстен бір кетпей жазықсыз мерт
болған ұлдың жəудір көзі көз алдына жаутаңдап тұрып алып,
тынышынан баз кештіріп барады. Аудан мен облысқа, обком мен
райкомға, прокурорларға қуынып, "баламның өлімінің себебінің аныққанығын ажыратып беріңдер" деп жазып бағып еді, хабарсыз қалды.
Ешкімнен, еш жерден ештеңе келмепті. Енді республика астанасы ғой,
осы арадан əділдік табармын деген далбасасы осында жетелеп келіпті.
— Москвада оқыдың, көрген-білгенің көп, Балтажан, сен осыған
қандай ақыл қосасың? — деп үміттене қарады.
— Ойланбаған нəрсем еді, аға. Болған жайды түгел жазып алып
"жығылсаң нардан жығыл" деп тұп-тура Орталық Комитет пен
республикалық прокурорға кірсе қайтер еді. Анау-мынау нəрсе емес,
адам өлімі. Тексерусіз қалып барады, — деп Балта өз көмейін білдірді.
Соны естігенде Бектемір қопаңдап кетті.
— Өзім де ауылдан дəл осыны көздеп шығып ем, Балтажан.
Ойымыздың бір жерден тоғысқанын қарашы. Жəне өзіңді көздеп
шыққам. Орысшаң жетеді. Онда сен əдемілеп жазып жібер. Ал үлкен
адамдардың алдына кіре қалғандай болсам, Мақан сұмның бүкіл
сұмдығын жайып салам ғой. Қанша бір дүниенің тірегі сонда тұрса да,
бұл жолы бір зобалаңды туғызармын ол алаяққа. Əй, Балтажан, сен
онда жаза ғой...
Екеуі екі сағаттай, түскі ас піекенше бір жазып, бір сызумен болды.
Арыз жазудың қиындығын Балта алғаш рет өз басынан кешірген еді.
— Балта, анау менің Гүлшат апам осында ғой. Барып шықсақ
қайтеді? — деп Бектемір ауыл адамының асығыс əдетіне басты. —
Көптен хабарласпаушы еді. Қолы да тие бере ме қала адамының.
Жақында əдірісін айтып хат жазыпты. Осы орталық бөлікте. Соған
қарағанда тəуір үй алған ба деймін. Келінжан, сен де киіне ғой, үшеуміз
ағайынды-келінді боп сау етіп кіріп барайық.
— Өздеріңіз бара беріңіздер, аға. Мен де демалысты пайдаланып
кəкір-шүкір шаруаларымды бітіріп алайын. Əйтпесе жұмыстан қол
тимейді.
— Ə, келінжан, о да дұрыс. Саған бөгет болмайық онда. Балтажан,
онда анау Бəкеңнің балконындағы шабаданды алып түсе берейін. Азмаз ет алып келіп ем. Тумаса да туғандай боп кеткен апайым ғой.
Менен бір-ақ жас үлкен. Детдомда мені туған бауырындай арқалап
өсірді. Əй, сол кездегі көп мейірімін ұмытармын ба?
Ой, уақыт қалай зымырап кеткен. Сағат үш боп қапты ғой.
— Мен онда машинаны қыздыра берейін.
— Машинаң бар ма еді?
— Иə!
— Əй, Балтажан, тіфə-тіфə, тіл-аузым тасқа, оқығанның қызығын
көрген өзің болдың. Қыздыр, балам, қыздыр. Өзіңнің машинаңмен
Алматыда емін-еркін сайрандап, айды аспанға, күйсін-жансын бір
шығарайын!
Іздеген көшесін де, керекті үйін де екеуі тез тапты. Бірақ хатта
көрсетілген пəтер үшті-күйлі жоқ.
— Мүмкін емес, Гүлшат əпкем алдамайды мені. — Бектемір қинала
бас шайқап, "мүмкін емесін" күбірлеп қайталаумен болды.
Үйдің үш подъезін түгел ақтарып шықты. Түнімен жаңа жылды
қарсы алып, таң ата жастыққа бас қойған жұрт беймезгіл (қайдағы
беймезгіл болсын басқа күндері) шырылдаған есік қоңырауынан
үрпиіп тұрып келіп, танымайтын адамдарды көргенде, əлдекімнің
мұнда тұратын-тұрмайтынын сұрағанда, көздері ежірейіп, азулары
егеліп, денелері қалшылдап кетеді екен. Дəл сол сəтте қолдарына не
мылтық, не қанжар ұстата қойсаң, атып салудан да, жарып тастаудан
да тайынбас еді.
Ақыры оныншы ма, əлде он бірінші есікті қаққанда ма, бір жіптің
ұшы қолдарына іліккендей болды.
Осы үйде, бірінші қабаттағы дүкеннің үстінде техникалық қабат деп
аталатын канализация тұрбалары, вентиляция құбыры өтетін
аласалау қабат, қайдағы қабат — қуыс бар екен. Сол техникалық
қабатта үй басқармасында жұмыс істейтіндер тұратын көрінеді. Бір
табылса, бұлардың кеш бойы шарқ ұрып іздеген адамы сол арадан
табылып қалар. Айтпақшы, ол қабаттың өзінің бөлек есігі бар. Ауланың
іш жағынан, үй айналып барып, дүкеннің қоқыр-соқыр, жəшіктараларының тасасынан табуға болады ол қақпаны.
Тілеуің бергір азамат соқырға таяқ ұстатқандай етіп жол нұсқаған
екен, Балта мен Бектемір үйді айналып, кідіріп, кібіртіктемей жəшік
сынығына, қағаз қораптарға сүріне-қабына жүріп елеусіздеу есіктің
тұтқасына жармасты. Əбүйір болғанда кілттелмепті, бірақ есік
ашылған бойда дымқыл ауалы ауыр иіс танау жыбырлатып, қолқа
қапты. Қараңғы, тар лас сатымен көтеріліп төбедегі жуан құбырларға
бас соғып алмау үшін үш бүктетіліп подвал тəрізді қаракөлеңке қуыста
кібіртіктеп қалды. Төбедегі хал анау болса, табанжол мүлде қиямет
екен. Санитарлық техниканың быжынап шашылып жатқан əртүрінен
баррикада жасап қойғандай, аяқтан шалып, балаққа жармасып мүлде
адым аштырмайды. Кенет, əлгі аласа төбе, биіктеп еңсе тіктеп, бой
жазуға мұрсат бергені. Жарық та сəл көбейгендей, көз тоқтатуға жарап
қалғандай болды. Балта енді ғана жүрек тіксінтер бір пайыммен: дəл
осы арада адам... Адам мекенжайы, тұрағы барын түршіге сезді. Сол-ақ
екен буын-буыны босап, тізелері дірілдеп, жүрек лоблытар дəрменсіз
күйге ұшырады. "Рас па? Шын ба? Жиырмасыншы ғасырдың аяғында,
социалистік қоғамда, Ұлы Октябрь революциясының жеңісіне алпыс
төрт жыл толып өткенде, ортағасырлық құжыралардан да, өткен
ғасырлық Париж подвалдарынан да бетер адам түгіл мал байласа
тұрғысыз жерде əлдекімдер баспана етеді... Адам тұрады, адам! Ақылойдың иесі, гуманоид осындай кісі нанғысыз қапаста күнелтеді?!"
Өлеусіреген электр шамының жарығында ағараңдап есіктің...
ергежейлі есіктің (есіктің де ергежейлісі болады десе, бұрын сенбес
еді) нобайы шалынды.
Бектемірдің алакөлеңкеде не ойлап келе жатқанын Балта көрмесе
де, сезеді. Өйткені дəл қазір əділетсіздікке, қысастыққа... иə,
қысастыққа деген өз ішінің өре түрегелген ереуілі əділет деп жаны
шырқырайтын Бектемір ағаны күйзелтпеуі мүмкін емес.
Бір жарым метр биіктігі бар панер есікті саусағының сыртымен
тықылдатты.Ар жақтан аяқ тықыры естілді де, жақындап келіп, біразға
дейін үнсіз қалды. Жұқа есіктен бəрібір алқынған ауыр демнің тынысы
жетіп тұр. Балта дауыс берді.
— Кешіріңіз. Біз бір адамды... туысымызды іздеп жүр едік.
Есік сарт ашылды. Отызға кеп қалған орыс келіншегі түбіт шəлісін
бүркеніп алып, есік көзіндегі екеуге кезек-кезек қадалып өтті.
— Сəламатсыздар ма. Тықыр шықса, əбден жүрек шайлығып
қалғандықтан үрейленіп бітеміз. Үндемей жатқаным да сонан. Сіздер
де кешіріңіздер, — деп əйел жүзін жібітті.
— Неден қорқасыздар?
— Оу, бізге ұрыспайтын, бізді қорқытпайтын кім жоқ? Алдымен
астымыздағы магазинның директоры-ақ кідіңдеп бітті. Ол аздай үй
басқармасының, аудандық тұрғын үй шарушылығы басшыларының
дікілдеуі бар. Милициясын ертіп жетіп келіп тұрғаны. Қайда барасың?
Үй алу, пəтер алу бұл қалада күн сайын қиындап барады. Мектепте
мұғалім едім. Үй алу үшін домоуправлениеге жұмысқа ауысқам. Екі
балам бар. Балалы адамдарды жекеменшік үйіне ешкім пəтерге
тұрғызбайды. Содан осы техникалық жайдан, міне, мына қалқаны
жасап алдық. Осындағылардың көбісі өстіп қолынан келгенше бірдеме
қалқайтып алған.
— Бұнда тұрғаныңызға қанша болды?
— Бес жыл толады ноябрьде. Екінші баламды осы жерде туып, осы
арада өсіріп келем. Əй! — əйел қолын ызалана сілтеді. — Сау күнінен
ауруы көп. Ауырмай... жарық жоқ. Күн көзі түспейді. Қашанғы электр
жарығымен отырарсың. Оның үстіне сыз, ауа дымқыл. Мынау
бұралаңдап, көлденеңдеп жатқан құбыр, тұрбалар ай сайын, апта
сайын жарылып, канализацияның сасық суы үстімізді көміп жатады.
Оған да үйрендік қой. Адам бəрін көтереді. Бəрін.
Əйел кемсеңдеді. Əдемі жүзінде толқынды дірілі жүгірді. Мына екі
адамның басқалардай емес, пейіл қойып, қабақтары түсіп, мұңдас боп
тұрғанын көргенде тап бір бұған жақтас бүкіл бір жасақ көшіп
келгендей, жел жағынан тас қабырға орнағандай іш тартып қалды.
Жүдеу өңіндегі жабырқау ажар сейіліп, назары ашылып барып қайта
төменшіктей берді.
— Кезекте... пəтер алудың кезегінде үй басқармасы бойынша
бірінші тұр едім. Балам ауырып, қазір жұмысқа шыға алмай жүрмін.
Жұмыс істемейсің деп... уақытша істемегенімді көлденеңдетіп "қашан
жұмысқа шыққаныңша, үй алмайсың" деп маңайлатпайды. Жұмысқа
бүгін-ақ шығар едім, ауру ұлымды кімге тастаймын?
— Күйеуіңіз қайда?
Əйел түбіт шəлісіне қолдарын тығып, иығын қиқаң еткізді.
— Күйеу... Мынандай жерге қандай күйеу шыдасын. Кеткен.
Баяғыда-ақ кеткен. Мүмкін БАМ-да, мүмкін түрмеде. Көптен хабары
жоқ. Да ну его к лешему, қайта құтылғаныма қуанам. Арақтан cay күні
болмайтын. Лешканы кекеш қып тастамады ма ол. Папасынан жаман
қорқатын. Бойы ұзын еді. Мынау құбырларға, төбеге сарт-сұрт соғып
алып жүретін. Ал Лешка онда ес білмейтін. Ақыры кекеш боп қалды.
Ой, мына жер суық. Бері, ішке кіріңіздер, — деп Əйел Балтаның
білегінен ұстай алды. Мынау суық та меңіреу дүниеден өз қасіретіне
ортақтасатын, шерін тыңдап бас изейтін біреулердің табылғанына
қуанатын тəрізді. Дəл қазір жүздері жылы, мұңды бөлісер екеуден
айырылғысы жоқ. Тілсіз табыстырған жақындық сезініп, екеудің көңіл
қойғаны Жанына жылы тиіп барады.
Балта мен Бектемір еріксіз табалдырық аттады. Аядай ғана ауыз үй,
төр үй боп бөлінген бөлмесымақ. Арбақ-сарбақ құбыр, тұрбалар. Ағаш
панерден тұрғызған қабырғаны əктеп қойыпты. Тұрбалардың сыртқы
қара қағазын шытпен орап көз алдар далбаса жасаған. Кіреберістегі ең
бір құнды зат — ванна, кəдімгі ванна. Сумен қосып қойыпты.
— Иə, иə. Бар байлығым осы! Жиған-тергенімді беріп слесарларға су
тартқызып жасатып алғам. Лешаның бұл ваннасыз күні жоқ. Əсіресе
жаңа туған кезінде көп пайдасы тиді. Əйтеуір, дала емес, баспана. Не
істейін егер бізді ешкімнің көргісі келмесе. Мынау екі балам түбінде
мен көргенді көрмесе екен деймін. Ау, мен өзі көп сөйлеп кеттім ғой.
Бізге қонақ келмейді. Келуден қорқады. Мынау қапасты көрген адам
көпке дейін дұрыстап ұйықтай алмайды. Біздің қонақ — бізді
қуушылар ғана, бізді қорқытушылар ғана. Мұнда... бері өтіңіздер...
Еңкейіңіз...
Ой! Маңдайыңызды қатты соғып алдыңыз ба? Бұл жақ тіпті аласа.
Кереуетке отыра беріңіздер.
Света, көгершінім, станкандарды жуып жіберші, қызым. Лешенька,
жылама, қорықпа, ұлым, Бұл ағайлар — жақсы ағайлар. Саған конфет
əпереді. Ұрыспайды. Қорықпа, балам. Бұл балам əбден кісікиіктеніп
барады. Далаға көп шықпаған соң, кім көрінгенді жатырқап тұрғаны.
Балта безек қақты.
— Сіз, əуре болмаңыз. Біз... біз...
— Отырыңыз. Мен түнде жаңа жылды мына балалармен ғана қарсы
алдым. Жалғыз десе де болады. Бүгін январьдың бірі. Ең болмаса, бір
стакан сыра ішіп... маған... балаларыма жақсы тілек айтыңыздар...
Мүмкін, шайтанның қалжындамайтыны жоқ дегендей, биыл үй алып
қалармын.
— Иə, иə. Тілектеспіз... тілектеспіз.
— Алыңыз... аласыз. Мынандай жерден көшіру керек қой. Қалай
көрмейді, ə?
— Көрген. Арызымызды да оқыған. Мықты бастықтың өзі. Əй, оны
енді айтты не, айтпады не. Бір амалы болар.
Əйел столдың бетін жапқан газетті алып тастады. Қуырған балық,
ащы қияр, картоп, тұздаған помидор жасаулы тұр екен.
Екі бөтелке сыра, басталған "Талас" шынысын жəне əкеліп қойды.
— Света, көгершінім, жуып болсаң стакандарды бері əкел.
Сары шашты үрпекбас қыз бала тым жасқаншақ. Қыбыры
білінбейді. Адамға қараған көздері сондай мұңлы, сондай сабырлы.
Балтаның жүрегі сыздап қоя берді.
— Сыра ішесіз бе? Мен шарап ішем.
Əйел өзіне мөлие қарап қапты. Түбіт шəліні тастағанда қаз мойны
кəдімгідей иіліп, көз тартады екен. Көз алдындағы көкшіл белгілер
болмаса бір көрмеге тəп-тəуір келіншек. "Ең құрмаса көзіңмен-ақ
аймала, қасымнан дыбысың естіліп отырсын" дейтін еркексіреген
қарас жасыл жапыраққа түскен шықтай жылтыраған жасыл көздерден
леп беріп қалды.
— Ішейін. Бəке, сіз сыраға қалайсыз? Айтпақшы, танысып алайық. —
Балта Бектемір мен өзін таныстырды.
— Мен Анна Константиновна Суховскаямын. Аня дей бер, Балта.
Ресмилікті жаратпаймын... Леша, сен тағы да шұлығыңды шешіп
тастағанбысың. Мен саған қашанғы қақсаймын, полды жалаңаяқ баспа
деп... Қандай тілазар баласың, ұлым. Света, көгершінім, сен үлкенсің
ғой, кигізе салмайсың ба. Əне аяғы мұздай...
Кешіріңіздер, балалардың қылығы шаршатады... Қадағалап
отырмасаң, істейтіндері осы. Мынау еден — бетон. Тастай суық. Ауру
баланың жалаңаш табанын қарып түседі. Содан да тық-тық жөтеліп,
аурудан бір шықпайды. Əне, көрдіңіздер ғой, екі иығынан дем алып,
шиқылдап болды да қалды. Света, көгершінім, сен оған анау жылы
сүтке кішкене бал салып ішкізе қойшы. Бал аз, сен үлкенсің, қызым,
жалап қойып жүрме. Мынау канализация турбасы қайта-қайта дəл
мына бір тұстан ылғи су атқылайды. Қосқан жері босаңдау. Ой,
сүйкімді қонақтарым-ау, менің осылай көп сөйлеп кететінім бар кейде.
Сіздерді құр сөзбен сыйлап отырмын ғой. Мына балықтан
алсаңыздаршы. Қияр мен помидоры өзім тұздағам. Базардағының
нарқы... ой-ей-ей! Жолап кетсең, көз жасыңа ие бола алмай қаласың.
Саудагерлердің қорқатын құдайы жоқ. Неден қорықсын, өздері —
құдай. Біз сияқты əр тиынды он рет санасыншы күн сайын...
— Қане, сыра да болса соғыстырып, сыңғырлатып алып жіберелік ə?
— стаканын көтеріп Балтаға сүзіле қарады. Жасыл көзде көмескіленіп
көгілдір ұшқын дірілдеді.
— Сіздердің... Лешеканың, Светаның жаңа үйі үшін, бақыты үшін,
болашағы үшін!.
— Рақмет.
Анна Константиновна ұлы мен қызына бұрылып қарап отырды да,
солықтата күрсініп салды. Содан соң стаканды тауыса ішті.
Алақанының сыртымен ернін сүртті.
— Бақыт үшін дедіңіз... Адам, əрине, бақытты болам деп туады.
Бақытқа талпынады. Бірақ жұрттың бəрі бақытты бола бермейді. Бірақ
кеудесін шалқақ ұстайтындай, өзінің адамгершілік қасиетін
сақтайтындай болуы керек қой. Итшілеп күн көрген жанда қандай
қасиет қалмақ... Əлеуметтік тендік совет азаматтарына бірдей ортақ
деп келеміз... Ұрандап келеміз. Сонда біздің əлеуметтік теңсіздігімізді
кім көреді? Кім қорғайды? — Келіншектің көзінен жас парлады. Қыр
мұрнының екі жағынан домалай ағып, екі езуді суарды.
Балта дəл өзі кінəлі жандай-ақ келіншектің бетіне тура қарауға жүзі
шыдамай төменшіктей берді.
"Апырау, мына əйелге, мынау екі балаға көз қырын салар шыныменақ ешкімнің табылмағаны ма? Республикадағы ең мықты əкімге де
жетіпті арызы. Бірақ неге қол ұшын созбаған? Неге созбайды? Өзінің
отырған үйі — патша сарайынан да артық. Сонда оның бұл əйелден
несі астам? Қызметі ме, дəрежесі ме? Ал адамгершілігі сондай биік
дəрежесінің деңгейіне неге көтерілмеген? Адамды қызмет орнымен
ғана есептеу біздің қоғамымызға жат қылық емес пе? Онда неге
алалайды? Басқаға иек көтеріп нұсқамай-ақ, Майсараны алайық.
Жалғыз келіншекке үш бөлмелі пəтерді бере салған дөкей мына екі
ауру баласы бар əйелдің ит байласа тұрғысыз жерде күнелтіп
жатқанын байқағысы келмейтіні қалай? Мынау деген Американың
негрлеріне арналған Гарлемнен де жаман ғой. Ау, осы біз қашанғы
жаманымызды жасырумен боламыз? Баспасөзде де, радиода да,
телевидениеде де бізде бəрі жақсы, бəрі керемет. Адамға не керектің
бəрі бар. Бəрі адам игілігі үшін. Сол барлықты мынау Анна
Константиновна, Света, Лешалар неге пайдаланбайды? Неге адам
игілігі үшін жасалып жатқан жақсылықтардың ең бастысы — жұпыны
баспанаға неге кірмейді? Осындай құжыра, тауық күрке болар деп
бүгінге шейін ойлап көріп пем мен. Осындай теңсіздіктерді жоймаса,
жоя алмаса, езу көпіртіп несіне мақтана береміз... Омырауына
саусылдатып орден таға бергенше, мына келеңсіздікті болдырмауға
тырыспай ма ел басшысы... Əй-ий!"
— Анна Константиновна, сіз бекер босамаңыз. Əрине, мынау
баспана... жоқтан бар ғана. Бірақ бəріміз... бəріміз кінəліміз.
Үндемейміз. Қуансақ та, қорықсақ та əрқайсымыз өз қуысымызға
тығылып алып, бүрісіп жата береміз. Əбден ет үйретіп алдық. Бізді
сорлатып бара жатқан бойкүйездік. Басқаның қайғысына жан ауыртып
əуре болмаймыз.
Балта Бектемірге сүйсіне қарап қалыпты. "Қалай дəл тауып айтып
отыр. Бəріміз жауап беруіміз керек. Иə, үнсіз, тілсіз айуаннан
айырмамыз шамалы. Əркімнің ойлағаны — бас қамы, тыныштығы".
Анна Константиновнаның жасыл көздері қаттырақ ұшқындап,
мерейленіп отыр. Сөзіне құлақ асып, бірге мұңайып, қабырғалары
қайысқан екі еркек туысындай болып кетті. Бұрыннан бірін-бірі
білетіндей емін-еркін ашылды. Келіншек бір кез күлімсіреп Балтаға
жалтаң етті.
— Ой, сіздер əлгінде туысымызды іздеп жүрміз деп едіңіздер-ау. Ол
кім еді?
Жауапты Бектемір берді.
— Гүлшат! Гүлшат Каменова.
— Ой, Гуля тəтем екен ғой! Ой, ол кісі сондай жақсы адам. Мынау
Лешканы баласындай көреді. Жақында, алты-жеті-ақ ай болды мұнда
келгендеріне. Гуля тəтейдің рухы мықты! Көрмеген бейнеті жоқ. Өзі
айтқанда, көзімнің жасы тыйылмай қойған.
Анна Константиновнаның көздері мөлтілдеп жасқа толып кетті.
Сəлден соң əлгі мөлт-мөлт жастар кесек-кесек домалады. Бағы, бет
ажары бар кісілер бөтеннің алдында əліп бара жатса да жыламақ түгіл
күрсінбес те еді. Мына келіншек енді өз мұңын ұмытып, көршісінің
хикаясын шерлеп кетті.
— Əкесін, бір жасында 1937 жылы "халық жауы" деп ұстап əкетіпті,
шешесі де қоса кетсе керек. Туғаннан бағы ашылмаған Гуля тəтей
балалар үйінде тəрбиеленген. Жылы алақан маңдай сипамағаны қиын.
Мынау жерде... — келіншек көкірек тұсын қолымен басты. — Мынау
жерде ерімес түйнек қалады. Ол — əке алақанына дейтін мəңгілік
бітпес сағыныш. Ана мейірімін аңсаған бала көңілдің жалтаңдауы...
Света, көгершінім, Лешаны горшокке отырғыза қойшы. Лешка, сен
ұялма, айттым ғой, бұл ағайлар — жақсы адамдар деп...
Жұбайдан да жолы болмаған Гуля тəтейдің. Как назло жолың бір
болмады ма, біздің заманымызда, ақырына шейін көзің ашылмайды.
Күйеуі қайтыс болып, шиеттей екі баламен жалғыз қалған. Жалғыз...
Ол да жалғыз — мен де жалғыз. Біздің таңбамыз, қарғыс таңбамыз —
жалғыздық! Шеңгелі күшті оның — босатпайды. Біз енді ешқашанда ол
құрсаудан құтыла алмаспыз.
Света көгершінім, горшокты сыртқа шығарып қойшы...
Балтаның қабағы түсіп кетті. Бірінен бірі қиын тағдырлар еңсесін
езіп бара жатыр. Қолдан келер дəрмені жоқ. Дəрмені болса мына
Аннаны да, Гуля тəтейді де жалғыздық дейтін қақпаннан босатар еді.
— Қағазын оқыдым. Əлгі Гуля тəтейдің əкесін ақтаған анықтама
қағазды. Жаттап алғам. Айтайын ба? "Решение тройки НКВД по
Кызыл-Ординской области в отношении Каменова Салима
Каменовича отменено, и дело производетвом прекращено за
недосказанностью обвинения"... Бірақ одан Гуля тəтейге пайда не.
Өліп кетті ғой ол.
Осы Алматыға екі баласын шұбатып келгеніне он төрт жыл, міне. Əр
қуысты, əр подвалды паналап, дірдектеумен келеді. Қыздары қандай!
Үріп ауызға салғандай. Үй алу үшін істемеген жері жоқ. Екі баланы
мына үлкен қалада асырау да, өсіру де қиын.
Бектемірдің төбе құйқасы шымырлап жүре берді. Өзіне таныс хал,
өзі білетін жағдай мынадай жерде, жалғыз басты əйелдің жаны ашып,
күйзеліп күрсініп айтуында тіпті сондай ауыр əсер етеді екен.
Гүлшатқа қолынан келгенді жасауға іштей бекініп отыр. Бұрын
сырттай хабарласып, хат жазысып тұрғанда, дəл мынау кедейлік
жоқшылық күйді Гүлшат сездірмеуші еді, бұл сезбеуші еді.
— Екі кішкентайының аузына тапқанын тықпалаумен, тосумен өзінөзі ұмытып, шала құрсақ жүргендіктен Гуля тəтейдің қаны азайған,
оның үстіне бронхит, жүрегі де ауырады. Ана байғұстың бала-бала деп
өлетіні рас. Міне, осы екеуі деп-ақ мен де қартайғанымды білмей қалам
ғой бір күні... — Келіншек "Таласты" қолына алды да, екі баласына
кезек-кезек қарады. Светаның көзі бақырайып шарасынан шығып
барады екен, бөтелкені итеріп қоя салды.
"Əй, ішесің-ау! Сені де жеңер-ау бұл шөлмек!" Балта балаларды аяп
кетті. Мойны қылқиған Светаның ұяң жүдеулігіне көз тоқтатудың өзі
қиын. Жемпірінің дəл шынтақ тұсы жыртылған екен, үп-үшкір шынтақ
сүйегі тесіп шыққандай жүрек сыздатты.
— Гуля тəтейге білетін біреулер бірінші хатшыға əкем жазықсыз
сотталған деп үйге көмек сұрап хат жаздырған екен. Бірінен біріне
сырғытып, ақыры Ішкі істер министрлігінен көмектесеміз деген
қатынас қағаз келген екен, бірақ соны күте-күте шаршапты. Ең
соңында қалалық совет "Сізге көмек бере алмаймыз, заң бойынша
ақталған адамдарға жасалатын көмек олардың балаларына жүрмейді"
деп крест қойыпты.
Света, көгершінім, Лешканы кереуетіне
Көрмеймісің, көздері жұмылып барады ғой...
жатқызшы,
қызым.
Тамақ алмадыңыздар... суып кеткен балық, əрине, желінбейді.
Мынау Лехам ауырып, дүкендерге шыға алмадым. Əйтпесе бір
күркетауық, тіпті болмағанда, қаз сатып алуға болатын еді. Жаңа жыл
ғой.
Бұрын
күркетауық
алатынмын.
Сөйтіп
екі-үш
күн
балаларымызбен мəре-сəре болып қалатынбыз. Биыл шыға алмай
қалдым. Базарға барып, Света мен Лешаға апорт əкеліп бергенде... —
Келіншек сөзін үзіп, тағы да бұрылып ұл мен қызына қарады. Света
алманы естігенде тамсанып қалып, сонысына ыңғайсызданғандай
інісінің қабат-қабат киімдерін шеше бастады. — Бала ғой, уəде беріп
едім... Базарға шығуға уақыт таппадым.
— Рұқсат болса, біз тұрайық.
— О-о, кетесіздер ме?!.. Ə-ə, Гуля тəтейге өзім ертіп барайын. Света,
көгершінім, мына жерді жинай саларсың, ə.
Көкшіл көздер мұң ала туғандай. Анау жабығыңқы қабақ, бала
қабағы Балтаның райын мүлде өзгертіп жіберді. Кенет қалтасына
қолын салып, он сом ақшаны суырып алды. Ақшаны көргенде өзінің екі
беті ду ете түсті. Қайта салудың ыңғайын таппай, кібіртіктеп Светаға
жақындады, басын турбаға ұрып алды, оған бөгелген де жоқ. Жəудір
мұңды көзді қыздың басынан жайлап сипады.
— Света, алма сатып ал. — Ақшаны ұсынды. Қыз қашқақтап басын
шайқады. Мамасына қарады.
— Ала ғой, Света, көгершінім, бұл ағайың — жақсы адам. Мен кісі
танимын ғой.
— Рақмет... — Света алғаш рет тіл қатты. Осы бір ауыз сөздің
тасасында тығылып көмейлеп тұрған жас бар еді, Балта тез айналып
кетті.
Манағы жалғыз шамның жарығы мүлде көмескі тартып қалыпты.
Анна Константиновна ширақ аттайды. Аузы жабылмайды:
"Аяғыңыздың астында астау жатыр". "Оңға бұрылыңыздар. Бұл арада
тіреу бар", "Еңкейіңіз... ə, соғып алдыңыз ба, нешауа, тойға дейін
жазылады".
Ағараңдап есік көрінді. Дəл кіре берісте унитаз тұр екен. Балтаның
көзі түскенін байқаған келіншек.
— Қажеттілік не жасатпайды. Бұл арада бейсауат ешкім болмайды.
Слесарлар демесек. Бір-бірімізді жатсынбаймыз. Гуля апайдың хоромы
осы. — Есік тықылдатты. Іштен: "кіре беріңіз!" деген дауыс естілді.
Есікті сықырлатып ашқан Анна Константиновна табалдырықтан
айқай салды.
— Гуля тəте, Гуля Салимовна, білесіз бе, мен сізге кімдерді ертіп
келдім. Туыстарыңызды! — Анна Константиновна əлгіндегі жүдеу
халін ұмытып, Балталарды өзі шақырып келтіргендей лепіріп сөйледі.
— А-а, Аня, сен бе... — машина тігіп отырған əйел сығыраңдай қарап
қалды да орнынан опыр-топыр атып тұрды. Жолындағы орындық,
ыдыстарды салдырата, құлата құшағын жая тұра ұмтылды.
— Бауырым-ау, Бектемірім-ау! — Күліп жатқаны, жылап жатқаны
белгісіз. Бектемірді босатар емес. — Қашан келдің? Қалай таптың?
Құшағын босатып Балтамен ернін жыбырлатып амандасты.
— Ой Гуля тəте, мені неге құшақтамай сыз. Мен ғой, туысыңды ертіп
əкелген, — деп келіншек тақымдады.
— А тебе, Аннушка, мое большущее спасибо!
— О-о, рахметпен құтылмайсыз.
— Ой, неге тұрып қалдыңдар? Жоғары шығыңдар! Сəл еңкейіп...
Аласа, оның үстіне тұрбалар... Сəуле! Сəулетай, бері шық, күнім.
Нағашың келді. Бектемір нағашың!
Шүберек перденің тасасынан талдырмаш қана қыз бері шығып бас
изеп амандасты. Балтаның бір байқағаны көзі тым үлкен екен. Үлкен
көздердің кірпіктері ұзын болатын əдеті ме, жапырыла құлағанда,
көлеңкесі бетті жауып кетеді екен.
"Оқушы бала боларсың. Жүдеулеу-ау. Мына сыз ауыртпай қойсын
ба? Көп-көрім боп өсіп келеді. Күл арасындағы маржандай". Балта
өзінің осындай өрескел мінезі барын соңғы кездері көп сезіп қалып
жүр. Қыз көрсе, бойжеткен көрсе сұқтанып қарауы көп.
— Сəулетай-ау, барсаңшы нағашыңа. Əй, мұнша ұялшақ
болармысың. Мен көп айтып отырам ғой өзіңді, Бектемір-ау. Бауырым
бар деп. Ана жылы келгенінде, бұл Сəулетай пионер лагерінде
болатын. Сонда сені көре алмадым деп маған біраз өкпелеген. Ал,
Сəулетай, менің жалғыз бауырым, жалғыз туысым, барым да — осы
нағашың. Көрімдік бер. — Гүлшат ақжарқын адам екен. Ойындағысын
бүгетін түрі жоқ. Əлде тымырсық тіршілік иығынан басқан сайын,
жаныштаған сайыл тілеулес жан іздегіш көңіл əркімді жақын
тұтқызып, осындай сəттерде сөйлетіп, сайратып қоятын да шығар.
— Келе ғой, Сəулеш!
Бектемір қасыла жақындаған қыздың маңдайынан сүйді.
— Жұпар қайда? Көрінбейді ғой?
— О, Жұпар биыл мектепте мұғалім боп істейді. Училищені
бітіргенін білетін шығарсың. Каникул ғой қазір. Үш-төрт мұғалім
оқушыларды поезбен Ташкентке алып кеткен.
Үлкен қызының əжетке жарағанына кəдімгідей марқайып сөйледі.
Өстіп-өстіп жетерміз дейтін тоқ-мейілсу бар жүзінде.
— Отырыңыз, — деп Балтаға бұрылды. Соны көріп Бектемір
Балтаны таныстырды.
— Бұл — Балта деген баламыз. Əкесі менімен түйедей құрдас еді.
Москвадан оқу бітіріп келіп, Ғылым ақадемиясында қызмет істейді, —
Бектемірді де мақтаныш сезімі биледі. — Айтпақшы, Гүлшат-ау, мына
шабаданды өзің ашып көрші, ет бар еді, күн суық қой, сонда да Бүліне
қойған жоқ шығар.
— Қазан көтеріп жіберейін.
— Мен бүгін осындамын. Балта, сен асықпасаң...
Балта сағатқа қарады.
— Пəле, мынау тұрып қалыпты.
Сəуле дыбыс берді. Даусы ашық. Сыңғырлап тұр.
— Жетіден он бес минут кетті.
Балтаның ықыласы ауып барады. "Кісі жатырқамайды екен. Көзі
қандай үлкен! Қандай мөлдір! Адамға іш тарта қарайды. Анау Светадан
бес-алты-ақ жас үлкен болар. Бала ғой əлі. Бірақ жанарында
жасқаншақтық жоқ. Жоқшылық көріп, подвалдарда өсті деуге
келмейді".
— Əлі ерте екен. Бұл інім де бөтен болмады. Тамақ жеп кетсін.
Сəулетай, қастрюль таза ма еді, су құйып қоя салшы, — деп өзі сыртқа
бет алды. — Аннушка, отыр. Отырсаңшы. Сен шынымен маған зор
жақсылық жасадың. Қандай туыстарымды əкелгеніңді білесің бе?
— Білем, Гуля тəте! Мен бұл кісілермен сөйлескем.
— Қашан?
— О, бұ кісілер алдымен менде қонақ болды. А как же. Бүгін жаңа
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.