Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25

Total number of words is 3942
Total number of unique words is 2338
32.4 of words are in the 2000 most common words
46.3 of words are in the 5000 most common words
52.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Апырай, бұған дейін сені қалай білмегем? Мынау шоқ шашқан
көздеріңнен он жетідегі бойжеткеннің ботакөзі садаға кетсін. Тулама,
жаным. Көзің қарайып, арқаң қышып, тақымың тартып жүрген шығар.
Реті келіп тұрғанда қажетіңді ашып, сауабыңды алайын.
Мақанның бір қолы босап, жалмажан төмен сырғыды. Сол-ақ екен
мынау өрескел зұлымдықтан жаны түршіккен Қатира шапшаң серпіле
беріп, қатты шіренді де, қос шынтақпен үстіндегі кеудеден түйіп
жіберді. Шалқалап барып аунап түскен бастықты атып тұрған бойда
жəне теуіп кеп қалды. Байқаусызда аяғы еркектің жанды жеріне аямай
тиіп еді, ыңқ ете қалған Мақан еденге сылқ құлады.
— Көзіңнің еті өскен екен əбден! Жетім мен жесірдің көз жасын
шараға құйып ішіп, есіріктеніп кетіп ең, ұзын елдің үйіріне, қысқа елдің
қиырына жаярмын сəуріктенгеніңді. Байсыз əйелдердің бірін тулақ,
бірін төсеніш еткеніңді жұрт білмейді дейсің ғой. Сен тіпті байы бар
əйелдер тұрмақ бүлдіршін қыздарды былғағанда, былайғы елдің бəрі
дүрліккен. Қашанғы сайрандап, қашанғы тайраңдап өтем дерсің. Сенен
əділет іздеп, көмек сұрап келген мен ақымақ.
Қатира алыс-жұлыста қисайып кеткен киімін жөндеп, үстін қағамаға есікке беттеді.
— Тоқта!
Жалғыз сөз мылтық шаңқылындай естілді. Жасқанып жалт
бұрылды. Мақан орнынан тұрып шүйіле қарап қалыпты. Екі қастың
арасын дүңките қосқан қалың қабақтың астынан кішкене жіпсік көздер
індете қадалғанда Қатира қарадай састы. Мұздап сала берген денесіне
діріл жүгірді.
— Сен қатын, кімнің қолын қақпақ болғаныңды білдің бе? Білмесең
— бұдан былай еңірегенде етегіңді жасқа толтырып білдірем! Жалғыз
ұлыңның өлігін құшақтатып еңіретем! Сен соны іздейді екенсің. Сен
соған бола қиқаңдайды екенсің. Саспа онда! Балтанды Қобланды
құрдасының соңынан жөнелтермін! Солай етпесем, Мақан болмай
кетейін!
Қадап қойғандай бір орыннан табжылмай қадала сөйлеп, ызалы от
ұшқындаған тышқан көздерімен тесіп барады. Дəл қазір төртпақ дене
зұлымдықтың ұясына, аранына ұқсап кетті. Қатираны үрей буды.
Мақанның діні қатты, сесі мықты, əмірі жүрдек жазалауы жылдам
екенін тəуір біледі. "Жасаған-ай! Өзің жар бола гөр! Жалғызымды
өлтіртем деді ме? Мынау Мақан аямайды. Айтса — жасайды. Жасаған,
мені шал құрбан ғып ұлымның жолына! Маған жібер зауалыңды!
Ұлымды аман қалдыр. Жауыздың қолын қақ!"
Жетім мен жесірдің желкесінде де жалынышты көзі болатыны
белгілі. Əркімге бір жалтақтап дағдыланған жанның қарсы шабар
дəрмені қас қаққанша жермешел боп шалқалай құлайтын əдеті.
Қатираның əлгіндегі шатынаған ызалы жанары шөлмектей бозарып,
сұрланған жүздің қаны қашты. Бар еркі тұлабойды қалшылдатып бара
жатқан ерекше үрейдің құшағына сүңгіді де кетті.
— Тоқта!
Зілді бұйрық сақ-сақ етід тасқа тиген қорғасын оқтай. Тоқтады ғой,
Тоқтамауға, естімеуге, орындамауға амалы бар ма. Екі иығы салбырап,
басы еңкейіп, көз жанары тез сөніп, назары төменшіктеп қалмады ма.
Шіренгенде жесір байғұс нені үзер, тартынғанда бұйдасы босар ма?
Тебінгенмен кімді жайқар? Құтқармас бұғалық пен ұзын шыбыртқы
əдетінен жаңылар ма. Бірі қыл мойылға оралмай, бірі сауырды
тілгілемей, мынау төртбақ шомбал денені тұрған орнында бронзаға
айналдырып, қимылдатпай тастай алар ма? Жоқ! Ендеше қабағынан
қар жауғызып, көзінен от шашыратып, зіркілді ашуына мінген
Мақанның жолын бөгеп, қолын қағар көлеңке бұл ауыл түгіл бүкіл
өлкеден табылмайтыны ақиқат емес пе. Бұріскен Қатира неге
тоқтамасын. Тоқтамақ түгіл... ''Неге келдім? "Қарға қарғаның көзін
шұқымас" дегенді естімей қалайын. Қол жұмсадым... Өзінде де бар.
Үлкен дəрежесімен өңкеңдеп... Əй, бұл бөлмеге ешкім енбей ме?..
Алдында отыратын хатшы қыз бар ма еді? Осында кіргенімде...
долданып жүріп бар-жоғын байқамаппын-ау. Бір емес екі нəн есік анаумынаудың қозғалтуға да шамасы жетпейді. Кеңсе маңайында да кісі
қара жүре бермейді. Жүрмейді емес, Мақанның ызбарынан ығып,
айбарынан сескеніп, осы үйді айналып қашады.
Балтажаныма құрық тастаймын дей ме?,.. Жауыз ғой! Сол құрықтың
тұзағын менің мойныма іліп қойыл отыр. Аямайды. Қыршыныңнан
қия салады!..
Тоқта дейді. Одан арғысын жасаса да енді кірпік қимылдатар шамам
бар ма... Одан арғысы дегенде... апырай, тағы əлгісін бастап жүрсе ше...
Неғып тұрмын? Неге кетпеймін? Ұстап тұрған жоқ қой. Əй,
ұстамағанмен жіпсіз байлаған құдіретін немен тойтарармын. Не демек
бұл сонда? Ұрысса екен тезірек жерден алып, жерге салсын. Тіпті
басқалардай етіп желкелеп шығарып-ақ жіберсін. Кімнен жемей
жүрген таяқ. Анаусын тілемесе... Соған ниеті қайта аумаса екен. Аузыбасы көпіріп, сəумендеп төніп келсе... жұдырықтай жүрек қақ
жарылып, тілге де келмей жүріп кетсем. Мұқат марқұмнан кейін басқа
тəнге тəнім жанасып көрмеп еді"..
— Тоқта!
Қатира селк етті. Қинала иек көтеріп, назар тіктеді. Дəл алдында
көзін сүзген бастықтың долырған жүзін көрді.
— Тұрмын ғой.,.
— Бері кел!
Сұқ саусақ шошаңдап қалып, кері тайқи бүгілді. Сол сұқ саусақ іліп
тартқандай Қатира саусақ иесіне кібіртіктей таянды.
— Сабаңа түстің бе?
— Сүйменқұлдың қысасы-ақ өлтірді! — Дауыс жайбарақат естілген
соң Қатира далбасаға көшті. Оны өзі де сезіп тұр. Мақанның қандай
ойы барын білмей, кеңседен аман-есен шығып кетудің жолын таппай,
бүйірін солықтата күрсінді.
— Болды енді Сүйменқұлың! Жетеді Сүйменқұлың! Аты өшсін
Сүйменқұлыңның! — Тасты тасқа соққандай қырылдақ дауыс түйдектүйдек лекілдегенде, "Сүйменқұлдаған" зіркілі сүйменмен төбесінен
түйіп жатқандай дірдек қақтырды.
— Онда мен... мен. Əлгінде сізге байқаусызда қолым тиіп... Байқамай
қалып... Аулымыздың бетке ұстар азаматы демей... "Түйенің танығаны
жапырақ" деп..,
— Қысқарт!
Қатираның тізесі дірілдеді.
"Не істе дейді? Аяғына жығылсам ба?.. Əйелден төмпеш көргенін
құбыжық санап тұр ма? Ойбай-ау, оны тісімнен шығарардай жынданып
кетіп пе ем... Тек Балтамды ұмытса екен"...
— Кешіріңіз, Мəке!.. Аяқ-қол жанталасып тырбаңдағанда бас-көзге
қарар ма. Əйтпесе, мен де өзіңізді пір тұтам ғой.Балтажан да сізді
сондай сыйлайды. Хат жазған сайын сұрап жатады.
— Доғар сөзді! Бері, мында өт! — Бұт құдайдай сол табжылмаған
күйі Мақан ызбарлы айбарын өзгертпей, иегімен диванды нұсқады.
Отқа айдаған жуас қойдай дəрменсіз əйел иек астында ырықсыз
қозғалды. Диванға жетіп тіреліп, оң иығына бұрылып, көзін тағы
мөлитті.
— Мəке! Бір ағаттық өтті. Білместік менен болды. Шарбағым құлап
жатыр... ешкі кебенектің жүрмейтін жері жоқ. Бақшамды таптап... Үйге
қайтайын, ə...
— Жат!!!
Манадан бүкіл болмысымен қалшылдай қорқыл, естігісі келмей
тұрған бір сөз, осы сөз екен. Естілді де, бұлтартпас бұйрық кесімін
жасады. Ширыққан дене күрт босады. Санадан түйсік қашты. Кеудеден
жан безінді. Көзден сұп-суық жас парлады. Ендігі бар қимылы мен
қозғалысында бұйрыққа бағынуды, үкімді қабылдауды түйсінген ессіз
мойынсұну мен сүлесоқтық қана қалды. Меңіреу халдің өң мен түстің
арасындағыдай есіріктігі бойын билеген Қатира қарсылық атты
құдіреттен баз кешті. Саусақтар машықты қимылмен шəлісін сипап
өтті. Диванға отырып, етігін шешіп тастады. Сырмалы кеудешесінің
түймелерін ағытты, сəл кідіріп қалды да, əлгіні иығынан сыпырмаған
күйі оң бүйіріне қисайды. Бір орнында қимылсыз қалшиып тұрған
Мақанның көк жолақ шалбарының балағынан тұмсығы шығып тұрған
қалың табан туфлиді — сабоны — (сабо екенін біледі. Балта арты жоқ
кебіс сияқты сүйретпені киіп келгенде атының сабо екенін естіген)
жанарына байлап алды. Осы сабо қозғалмаса, дүниесі түгелденетіндей
елегізу нышаны тіріліп барып, өшіп кетті.
— Дұрыстап жат!
Өктемдік уысына бір түсірген соң санасы бітеуленген кеудені саусақ
ұшында билетеді екен. Қатира үн-түнсіз шалқасынан аунады.
Паркет еден еңірей сықырлады.
Сықырлаған дыбыс бөлмені біразға дейін кернеп кетті.
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
1
— Отыр!
Барақ басқа сөз айтқан жоқ. Қайда баратынын да, не істейтіндерін
де білмей, Балта ымырт жамыла бастаған қаланың терезеден көрінген
көшесінен көз алмайды. Əйтеуір, бағыты белгілі. Кеше Магомед
телефон соғып əлгінде өзі тосқан аялдамада пəлен сағатта дайын
тұруын өтінген. Міне енді Магомед емес Барақтың қарауына көшті.
Барақтың сесі мығым. Үндемей-ақ қарадай қалтыратады.
"Қайда барамыз? Жөндерін айтпай, əрі-сəрі ұстайтындары жаман.
Əлде бұлардың дағдысы солай ма? Қылмысына куə... қайдағы куə,
қатысты етіп, батпақтатып, мойынға қыл тұзақ салып қояды. Əй,
мынау апақ-сапақтағы жүрістері тегін емес "Орбитадан" бір-ақ шықтық
қой. Бұл жақта не бар еді?"
— Шық. Ілес соңымнан!
Барақтікі келте бұйрық. Жүрісі де шапшаң. Бүгін мүлде басқа
адамдай. Бұрынғы кең көсіліп отырып, сапырып сөйлейтін Бараққа
ұқсамайды. Курткасының жағасын көтере, қара беретін көзіне түсіре
киіп, адымдай аттаған бойы бес қабат кірпіш үйдің шеткі подъезіне
бет алды.
"Танысы бар-ау. Қонаққа шақырды ма екен?" деп ойлаған Балтаны
артында келе жатқан Магомед бүйірден нұқып қалды.
— Жүріп келе жатып қалғуға болмайды. Мүрдем кетесің онда, — деп
езуі күлгенде, қабағы қатуланды. — Тез! Қалма шефтен!
Үшеуі екінші қабатқа көтерілді. Барақ электр қоңырауды екі қысқа
бір ұзын өлшеммен ұзақ басты.
Есік ашылды. Бұйра бас ұлан таңырқай қарады.
— Сіздерге кім керек?
— Папаң үйде ме?
— Иə.
— Қайда отыр?
— Кабинетінде... Мында кіріңіздер, — деп ұлан жарма шыны есіктің
аржағындағы кішірек есікті нұсқады.
— Рақмет, бара бер, — деп Барақ Магомедке əлденені ымдады да,
Балтаға, "ілес" деген белгі беріп, кабинетке кіріп барды.
Бөлмеде шашы түсіп, төбесі жалтырай бастаған мосқал адам
марқаларды лупамен қарап отыр екен, келгендерге жалт қарап,
алдындағы ашық жатқан маркаларды екі білегімен жаба қойды.
— Білесің, ə, құнын. Қымбатыңды жасырасың. Жасыр, жасыр,
Викензон. Бəрібір бізден тыға алмайсың, — деп Барақ креслоға сылқ
түсті.
— Сіз кімсіз? — деді л езде төбесінің жалтырына дейін бозарып
кеткен филателист.
— Мен бе? Шынымен мені білмеймісің? — Барақ аппақ тістерін
ақсита күлкі сыңайын танытты. — Мен Сингапурецпін! Син-га-пу-ред!
Естуің бар ма?
Викензон аталған адам орнында ытқып түсті.
— Шоршы, шоршыма — бүгін қолыма түстің. Мен сені көп іздедім.
Көптен бері іздегем.
— Мен... мен сізді танымаймын...— деді тісі-тісіне тимей сақылдаған
үй иесі, біресе Бараққа, біресе Балтаға жалынышты көзін жағалатып.
— Керісінше мен! Мен танимын сені! Сол жетіп жатыр. Түсінесің бе?
Түсіндің бе?
— Иə-ə... — Викензон бас изеді.
Барақ қолын созды.
Викензон алдындағы ашық альбомға бетін төсеп жылап жіберді.
— Ендеше жиырма мыңды алақаныма сал. Сырттағы "Жигулиіңнің"
кілтін, техпаспортын бері таста.
Филателистің тілі байланды. Мұрнымен альбомды сызғылап, бас
шайқаған нобай көрсетті.
Барақ орнына атып тұрып, жалтыр бастың қалқиған құлағынан шап
берді де, жұлқып қалды.
— Жауап бер! Тез!
Бас тағы шайқалды.
Барақ құлақты қоя берді де, жағадан уыстай ұстап, шілтиген арық
адамды столдан бері суырып шығарды. Сол бойда əлгінің оң білегіне
наручник-кісенді сарт еткізді.
Балтаға иек қақты.
— Апар ваннаға!
Балта еріксіз ілгері аттады. Есеңгіреп тұрған үй иесінің қолынан
жетелеп еді, əлгі тартынбай ілесті. Дəлізде Магомед қана тұр екен...
"Бəрі дұрыс" дегенді ымдады Бараққа.
Үшеуі ваннаға кірді. Жылтырақ кафельдерден көз тұнады. Ванна
бөлмесінің төбесіне ұсақ-ұсақ айна жапсырып қойыпты. "Неткен
ысырапшылдық! Əй, бірақ, əдемі! Кірсе -шыққысыз деп осындай
əсемдікті айтатын болар" деп Балта ойланып тұрып қалып еді,
Барақтың келте бұйрығы тағы естілді.
— Екінші ұшын турбаға бекіт кісеннің! Əй, түс ваннаға! Түс деймін,
миллионерщик! Жоқ, миллионщик!
Викензон ваннаға аттап шықты.
— Отыр! Бекіттің бе?
— Иə! — деді Балта.
— Ал, Викензон, альбом менде. Альбомды жүз елу, екі жүз мыңға
сатуға болады. Мен сенен небəрі жиырма-ақ мың сом мен салдырлап
қалған ескі машинаңның кілтін сұраймын. Ақырғы рет. Қалай?
Викензон бас шайқады.
— Онда мен де ерегіске кеттім. — Балтаға бұрылды. — Əлгі
кислотаны, қышқылды əкеліп, ваннаға құй! Анау күшігін де əкеліңдер.
Тірі куə қалмасын!
Балтаның қозғала бергені сол еді, Викензонның жіңішке даусы шар
ете қалды.
— Сингапурец! Келістім... келісем мен.
— Ақылдысың, Викензон, ақылдысың. Тиын-тебенге бола, сен үшін
ол тиын-тебен ғана, жаннан безу неге керек. Эпикуред жолдас, босат.
Қолын да босат. Қане, бері өтіңіз. Кабинетіңізге...
Сəлден соң үшеуі жайғасып отырды.
— Ал, мынау альбомыңыз. Түгендеп қарап шығыңыз. Түгел ғой. Біз,
Викензон жолдас, қылмыскер де, қарақшы да емеспіз. Бізге келісім
керек. Біз əлгінде мына альбомды алып жүре берсек те болатын еді.
Бірақ бізге артық ештеңе қажет емес. Солай ғой?
— Солай шығар... — деп Викензон бас изеді. — Егер мүмкіндік
болса... Сəл шыға... мен əлгі сұрағандарыңызды...
— О, оған сөз бар ма. Қысылмаңыз, Викензон жолдас. Құпияңызды
сақтауға, əрине, толық правоңыз бар. Эпикуред жолдас, біз сəл шыға
тұрайық, — деп Барақ Балтаны ертіп дəлізге беттеді.
— Қалай, жаңғақ шағылатын ба? — деді Магомед.
— Шағылды. Қазір дəнін жейміз. Бала қайда?
— Өзінде... бөлмесінде. Ештеңені сезер емес.
— Үйрен, Эпикуред жолдас, — деп Барақ Балтаға көз алартты да,
жымиған болды. Есіктен Викензонның басы көрінді. — Ə, кірейік пе?
Филателист жиырма бес сомдықтың сегіз бумасын стол үстіне
қатарлап қойыпты. Барақ қара дипломаткасын Балтаға ұстатты.
— Салып ал. Санап сал. Ал, сіз, Викензон жолдас, қаламыңызды,
қағазыңызды шығарыңыз. Иə, иə, сол парақ жарап жатыр. Жазыңыз.
"Осыны ұсынушы адамға берешек жиырма мың... Жиырма мыңды
сөзбен жазыңыз... жиырма мың сом ақшаны төлегенімді куəландырып
бір данасын оған, бір данасын өзімде қалдырамын". Қолыңызды
қойып, бүгінгі күнді көрсетіңіз. О пəле, қатып кетті. Енді келісім толық
болу үшін машинаңыздың кілті мен техпаспортын беріңіз, — деп Барақ
алақанын ілгері созды. Викензон кілтті де, техпаспортты да стол
үстіне тастай салды.
— Былай болсын. Егер машина туралы тісіңнен бір сөз шығатын
болса, анау ұлыңды... бұйрабасыңды жер бетінен таба алмай қаласың.
Сау бол!
Барақ беретінің маңдайын сəл көтере бас изеп, бұрылды да, есікке
беттеді. Тұтқадан ұстай бере қалт тоқтады.
— Есіңде болсын, Викензон жолдас, кешке қарай жинақ кассасынан
үлкен сумма алма. Алсаң, үйіңде ұстама.
Сыртқа шығысымен Барақ Балтаны арқадан қағып қалды.
— Жарайсың, Эпикуред жолдас. Сен енді солай аталасың. Қалай,
ұнай ма жауынгерлік жаңа атың?
Балта үнсіз ғана бас изеді.
— Бұл — тырнақалдың. Əлі өзің-ақ мықтыға айналасың. Магомед,
сен кете бер. Біз Балта екеуміз "Жигулиді" сынаймыз, — деп Барақ
қонақтан шыққандай жайбарақат қолын ұсынды.
"Жигули" тез қызды. Бірінші маркасы екен. Шынымен салдырап
қалыпты.
— Ескі ғой, — деді Балта.
— Кержік заводтан шыққандай қылады. "Түркістанға" тарт!
Балта қасында отырған Бараққа жалт қарады.
— Тура қазір ме?
Барақ кеңкілдеп күлді.
— "Түркістан" дегенім — мейманхана. Біліп ал, Балта, мені іздесең,
не сол арадан табасың, не администраторынан сұрарсың. Не дегенмен
нервный жұмыс қой біздікі. Аздап профилактика жасау керек.
— Екінші данасын неге жазғызбадыңыз?
— Ненің?
— Қолхаттың. Екіншісін өзімде қалдырам деді ғой.
— Əй, Эпикуред жолдас, шикісің-ау! Мен сонда айғақ қалдыруым
керек пе. Қолхат бір дана болса жетеді. Викензон енді ауыз аша
алмайды. Біз одан қарызымызды алдық, қарыз ақшамызды ғана.
— Ə-ə! — Балта дауыс созды.
— Сенің үлесің — екі мың.
Балта қуана жалт қарады.
— Бірақ сен оны алып қойғансың. Машинаңа төлегенсің. —
Балтаның қабағы түсіп кетті.
— Бірақ бір мың сомды табудың реті келіп тұр.
Балтаның көз қиығы серігін шалып өтті.
— Екі адамға барасың...
— Жаңағыдай жасаймын ба?
— Жоқ! Бұлар сақа емес, кенейлер. Бірақ сауда төңірегіндегілер.
Көмейлері кең. Көп асауды ұнатады. Сыбағасынан сипатқысы
келмейді. Ал біз оған қарамаймыз. Əділеттікті сақтауға тырысамыз.
Көп асап қақалып қалмауы үшін, табақтан үлес аламыз. Яғни салық
саламыз. Ол бізге апталық бес жүз, мың сомға дейін айлық төлеп
отырады. Біз оның амандығын қауіпсіз етеміз. Басқаларды
жолатпаймыз.
— Қашан барам?
— Мұның азаматтық! Жігерің барын көрсеттің. Асықпа. Барасың.
Қасыңа сенімді жігіттерді қосып берем.
"Іздегенге сұраған осы-ay. Мың сомның дəл керек кезінде
табылайын деп тұрғанын қарашы! Апамнан əлі хабар жоқ. Менен қасқа
сиырын жақсы көрсе, жатқанынан тұрмасын. Қысылып қол
созғанымда, теріс айналса, мен де келмеспін оған. Анам өлді деп,
біржола түңілермін. Əй, шаруаның сəті түсейін десе біріне бірі
қиюласып, ыңғайы келе беретіні бар-ау. Василий Сергеевичке оперция
жасалған екен, шал реанимацияда жатыр. Екі-үш күннен ұзамас.
Сəулетайға шет жағасын айтып ем, пəтерді күніне жуып-сүртумен əлек.
Əрине, өзіндік дүниеге, жеке меншікке не жетсін. Анау қараңғы
қапастан құтылғысы келеді де. Енді, міне, аяқ астынан мың сом
табатын болып отырмын. Əй, Бəкем! Қандай шебер! Бір сағатта
жиырма мыңды жамбасқа басты да, қайқая берді".
— Көзіңе қара!
— Ə-ə... Не дейсіз, Бəке?
— Қызыл жарыққа өтіп кеттің ғой.
— Солай ма? Ойланам деп...
— Рульде отырған адам ойланбайды. Ойланатын адам рульде
отырмайды.
— Мақұл, Бəке!
Барақ еңсеріле бұрылып Балтаға көлденеңнен сүзіле қарады. Бірақ
ештеңе деген жоқ.
***
Екінші адам рынок директоры екен. Балтаның екі нөкері - КоляКержік пен Сəнгерей. Сəнгерей — аты ма, басқасы ма — мұрны
қоңқиып қазаққа ұқсамайды. Бірақ жуан жұдырығымен, батыл
өктемдігімен Балтаға бірден ұнады.
Микроауданда ашылған жаңа рыноктың директоры отыратын
бөлменің есігінің сыры кеппей жатып кете бастапты. Сəнгерей есікті
теуіп ашты.
— Кіріңіз, шеф! — деп екі бүктетіле иіліп, Балтаға құрмет жасады.
Балта вокзалда өзін ұрған шойқара мен Уайсты бірден таныды.
Аналар да танып қалып, орындарынан атып-атып тұрды.
— Сіздерге кім керек?
— Кім керек дейді? Кім келгенін білмейді, ə. Шеф, білдірейін бе? —
деп Сəнгерей жауап күтпестен жетіп барды да шойқараны бүйірден
ыңқ еткізді. — Қонақ сыйлап үйренуді білмей, креслоға отырма!
Отырма деймін саған. Кім келгенін білдің бе енді? Келуімізге келіскен
өзің емес пе едің? Сингапурецпен сөйлеспеп пе едің?
Шойқара бүйірін ауырсына басып тұрып, Уайске ымдағандай болып
еді, Кержік-Коля шапшаң екен, қолы шошаң еткенде ашылып
үлгермеген қанжар Уайстің қолынан еденге ұшып түсті. Сəнгерей енді
Уайске жақындады. Кең ашылған күректей алақаннын саусақтары
ашадай тарбиып барып Уайстің шақша басының бір уыс бетін
шеңгеліне бүріп кеп алды. Бүріп кеп алды да, шүйдесін қабырғаға
соғып-соғып жіберді.
— Қол көтермек! Aһ, сүмелек төбет! Қыңсыла, кəне! Қаңсыла деймін
саған!
— Ке-ке-ші-ріңіз...
— Aһ, залым! Енді кешірім сұрамақ. Қане, жығыл! Сүй! Шефтің
аяғын! — деп жұлқып қалып шөкелетіп түсірді. — Сүй!
Уайс еңбектеп Балтаның аяғына жақындады. Балта ақырып қалды.
— Тұр!
Ұшып тұрған Уайстің шықшытынан дəлдеп тұрып жұдырығын
нығарлап қондырды.
— Кім көрінгенге қараңғы қалтарыста əлімжеттік жасама! Жасаушы
болма, Уайс!
— Шеф! Сіз бұларды білесіз бе?
— Білем! Еще қак білем! Сондықтан да таныстық үшін бұлар
басқалардан қадірлірек. Сондықтан да бұлар жеті жүз сом берешек
болады. — Балта Сəнгерейге иек қақты. — Атын сұрашы!
— Фамилиясы белгілі ғой...
— Маған аты қажет.
— Əй, сен неге меңіреуленіп тұрсың. Шеф сенің атынды сұрайды.
Сенің, бұқамойын! — деп Сəнгерей қарқылға басты. — Шеф, мұның
кличкасы "бұқамойын" болсын. — Сəнгерей жақындай беріп,
шойқараның басын қолтығына қысып кеп алды. - Атың кім?
— Жалау... Тұншықтым... Өл-ді-ім!..
Балта қысқа мойыннан қылқиған бастың күреңітіп кеткен жүзіне
ызбарлана қарап тұрды да, қысқа шашы тікірейген төбесінен
шынтағымен түйіп-түйіп жіберді.
— Соққан осылай болады, Жалау! Дүние — кезек екенін ескер. Қоя
бер. Отыр!
Жалау жұмған аузын ашпай тобарсыған қалың бетінен ешқандай
сыр байқатпай орнына барып отырды. Қабағы салбырап, іштей сіресіп
алыпты. Соны аңғарған Кержік-Коля бір-ақ атқып шығып, Жалаудың
стол үстінде жатқан қолын тізесімен баса қойды да, шынашағын
қанжардың сабымен езгілеп кеп қалды. Жалаудың жан даусы шықты.
— Жетер! Түс! — деді Балта жайбарақат қана. - Енді қасарыспайды
ол. Қағаз-қаламыңды ал!
Жалау басын қайта-қайта изеп, стол тартпаларын ақтара бастады.
— Мына қағаз... Əлде басқасы ма?..
— Жаз осыған. Қолхат де. Мен... аты-жөнің, фамилияңды жаз...
Жаздың ба? Жазсаң əрі қарай. "Мен пəленшеев Эпикурьевтен алған 25
мың сом қарызымды ай сайын 700 сомнан қайтарып, 3 жылда өтеймін
деп осы қолхатты беремін". Қолыңды қой. Бүгінгі датаны жаз. Міне,
Жалау жолдас, мына қағаз бойынша қане 700 сомды дереу қолыма сал.
Сонда сен біздің қорғауымызға өтесің.
— Қазір жоқ қой... Ертең...
— Жарайды ертеңіңе де шыдайық. Ал, сен бұдан былай
қиқаңдауыңды көрсетпе. Мен ондай мөңкуді көтермеймін. Учти.
Сəнгерей дəл кете бергенде Уайсті бүйірден тағы бір ыңқ еткізді.
— Бұл менің тапсырмам. Ақшаны "Түркістан" мейманханасына сен
əкелесің. Сен! Администрадияға тастайсың да таясың. Естідің бе?
— Иə, — деп Уайс күңк етті.
Машинаға мінгенде Сəнгерей Балтаны мақтап ала жөнелді.
— Шеф, сіз шынында нағыз шефке лайық екенсіз. Əрине, шеф қол
жұмсамайды. Былғанбайды. Ал, сіз... Бұрыннан білсеңіз оларды, онда
мықтылық көрсеттіңіз. Үлкен шефке солай жеткізем. Үйіңіздің
қасынан түсіп қаласыз ғой?
— Иə, — деді Балта. Аузына сөз түспей қалды. Сəнгерейдің шын,
əлде өтірік бөстірткенін білмей дал.
— Анау сұлу келіншекпен араларың бұрынғыдай ма? — Оқыс сұрақ
еріксіз жалт қаратты. Сəнгерейдің қарақоңыр көздері кірпік қақпай
қадалып қалыпты.
— Онда жұмыстарың болмасын! Болмасын!
— Болады, көкетайым! Болады жұмысымыз. Əбден болады. Оу,
келіп қапсың ғой. Түсе ғой, шеф. Екіншілей сен де қиқаңдауды
көрсетпе. Мен де ондай мөңкуді көтермеймін.
Кержік-Коля рульге еңкейе беріп, сылқ-сылқ күлді.
Балта артқы есікті лақтыра жапты.
2
Түн ортасында ауруханадан телефон соғып, Василий Сергеевичтің
қайтыс болғанын хабарлады. "Қазір келіп көрем десеңіз, реанимация
бөліміне келіңіз" деді бəйек əйел даусы.
Балта трубканы қоя салды.
"Аяқ астынан жұмыс табылды. Басқа бейнет болды. Енді оны
ауруханадан алу керек жерлеу комбинатына барып, жер алып табыт
жасатып, қонақасы беріп деген сияқтылармен бас қатыруға тура
келеді.
Əйтпесе, пəтер көзден бір-бір ұшады. Əу, баласы бар еді ғой. Тоқтатоқта! Адресін бір жерге жазып алып едім-ау. Əй, Майсараның
пəтеріндегі қойын дəптерімде екен-ау. Ақат керек... Біраз ақша. Баласы
əкелер. Оған шейін Майсарадан қарыз ала тұруға болады...
Майсараға айтайын. Ақылдаспаса болмайды. Арыстай адам өліп
жатқанда ол ұйықтап жата бере ме?"..
Балта халатын жамылып дəлізге шықты. Есігі сарт жабылды. Жүрегі
су ете қалды. Қолын жалма-жан халатының қалтасына салып, саусағы
кілтке тигенде, есін жиды. Осы есіктен талай запыланған, сарт етіп
жабылып қала беретін болған соң артық кілт жасатып алып,
халатының қалтасынан тастамайтын. Соның пайдасын талай көрді.
— Əй, Майсараның есігін кілтіммен ашсам қайтеді? Қоңырауын
шылдыратып жүрем бе? Ол екеуміз теңізде ажырасқан кемелердей
аулақтап кеттік қой. Есігін қаққаным жөн болар".
Майсара есікті ашып қалып, Балтаны көрді. Халатшаң жеңіл киімді
— майке трусилы — өз жігіті күйінде тұрған соң іші жылып кетті.
— Келдің бе, Бал! — деп мойнына асыла кетті.
Майсараның жұпар исі, Майсараның оттай ыстық денесі,
Майсараның ешкімде кездеспес қылығы Балтаны ерітіп жібере
жаздады. Соншама күн жеке жатып жүрген жігіт келіншекті сағынған
екен, жүрегі атқақтап тулап сала берді.
— Келдің бе? Кірсейші, Бал!
Балта есін жиды. Мойнына асылған Майсараны өзінен сəл ысырды.
— Майсара, Василий Сергеевич қайтыс болыпты.
Майсараның құшағы босап кетті. Бір аттап кейін шегінді. Көздері
кең ашылып, мұң шақырды.
— Өмір-ай!.. Өте шығасың зулап...— Бұрылып жүріп кетті. Балта
ілесе кіріп есікті жапты. Екеуі залға енді.
— Бардың ба?
— Қайда?
— Ауруханаға бардың ба? Көңілін сұрадың ба?
Балта тұнжырай қалды. "Өзің не бітірдің? Сен неге бармадың?" деп
шақ етуге оқтала беріп бөгелді. "Мұның шалда шаруасы қанша?"
Күрсінді.
— Бара алмадым. Əне барам, міне бараммен... Ақыры, көре алмай
қалдым...
— Сені көп іздеп еді байғұс. Есік ашылған сайын алаңдап жатушы
еді... — деп, Майсара көз жиегіне іркілген жасын саусағымен сылып
тастады.
Балта таң қалды.
— Сен... сен, Май, барып па едің?!
— Барғам. Операциядан кейін де кіріп шыққам. Рухы сондай күшті!
Өзі əл үстінде жатып менің көңілімді жұбатқан... Қап! Бара алмағаның-
ай, Балта! Алаңдаумен кетті-ау! — Майсара жүдей сөйледі. — Жаны
таза адам еді-ау! Мен... мен ол... Вася атай мені жек көретін шығар
деуші едім... Ол мені саған... сені маған тапсырды... — Келіншектің ерні
кемсеңдеп, жасы саулап кетті. Дəл қазір аяныш сезіміне бөккен
Майсара ұрғашы жынысының ажал атты құдіретпен бетпе-бет
кездеcкенде сай-сүйегі сырқырай босайтын əйелдік аналық қасиетін
тапқан.
— Қашан барып едің?
— Төрт күн бұрын... Алдыңғы күні де... Қолымнан тас қып ұстап
алып еді... Қоштасқаны, бақұлдасқаны екен-ау атайдың. Көзіме көзін
қадап біраз қарап жатты... — Майсара тағы жылады. — Нұры қашып
кетеді екен көздің. Тереңнен жылтыраған тұнық судай... Сені тағы
сұраған. Командировrада дедім... Не ойлады екен? Өлетінін білетін
адам соңғы минуты жақындаған сайын не тілейді екен? Не айтқысы
келеді екен? Айта алатын қасында жақыны болса ғой сондайда... Ал,
біз... біз ешқашанда өзімізді өлмейтіндей көреміз. Ойламаймыз.
Мазамызды алмаса екен дейміз. Ал, ол... Вася атай суық ажалмен...
өліммен кездесейін деп... кездесіп жатты-ау!.. Ең болмаса сол сəтте
күдігін бөлісер біреу қасында болмады-ау. Əй, қаншама өкініш запыран
боп ішіне шөгіп кетті екен.
Майсара өкіріп қоя берді. Мынау жыласта бүкіл жақын-жанашырын
жоқтау, өзінің жалғыздығына налу, бөтен болса да мұның қамын ойлап
отыратын көршісін аяу сияқты əртүрлі себептердің басы қосылып еді.
"Əйелдің қолынан бар келері — көз жасы. Айдаладағы біреу үшін
соншама егілгені несі. Осыдан кеңес сұрағалы келген мен ақылақ.
Мынаны жұбатуға бір адам керек қой" деп ойлаған Балта тықырши
бастады.
— Майсара, қойсаңшы енді... тап бір əкең бүгін өлгендей еңіремей, —
деп айтып салды Балта.
Майсара ваннаға кіріп көзін, бетін жуып келді.
— Не істемексің? — деді Балтаға жақындап отырып,
— Баласына хабар беремін. Сонсоң... — Балта бөгелді.
— Сонсоң дейтін түгі жоқ, Балта. Қарияны, атайды дұрыстап
жөнелтейік. Екеумізден басқа ешкімі жоқ... Баласы келе алса, жақсы.
Ертең мен жұмыстан екі-үш адамды бөлем. Спецкомбинатпен барлық
шаруаны солар тындырады. Ет, тамақ, тағы басқаларды мен алғызам.
Бұрынғы жұмыс істеген орны — министрлікке телефон соғарсың.
Ескерілмей қалмасын. Атайды олар қадірлейтін. Ертең кешке моргтан
алып, бүрсігүні жерлесе...
— Жо-жоқ. Ол ерте тым. Баласы үлгермей қалуы мүмкін. Асығудың
қажеті жоқ. Ақша іздеу керек...
— Айтпақшы, Вася атай жұбайының қасында жер бар деп еді...
Ақша... Жұртпыз ғой, бірдеме етерміз, — деп Майсара оған онша мəн
бермеді. — Жатын бөлмедегі қара портфельде документтерім,
қағаздарым бар деп еді. — Майсара сағатқа қарады. Бестен асып
кетіпті. Енді бəрібір ұйқы жоқ. Жүр, Балта, документтерінің арасынан
паспортын алайық.
— Əлгі менің қойын дəптерім осында еді... Ə-ə, ана тұр екен. —Балта
қойын дəптерін шифонерден алды.
Майсара шығып кетіп, сəлден соң киініп келді.
Қара портфельден Документтермен бірге жинақ кітапшасы шықты.
Балта қолы дірілдеп, саусақтары жыбырлап кітапшаны ашты да "бес
мың" деп күбір ете қалды.
— Бес мың деймісің? Айттым ғой ақшадан қысылмаймыз деп. Бір
мыңы-ақ жерлеуге де, қонақасына да жетеді. Қалғанын баласына
береміз... айтпақшы өсиет жазбап па екен. Василий Сергеевич ұқыпты
адам, жазбауы, қалдырмауы мүмкін емес, — деді Майсара.
Балта дереу іске кірісті. Бүкіл ынта-ындыны қара портфельдегі
қағаз, документтерге ауып кетіпті. Бір кез қолын ыстық шоққа қарып
алғандай ыршып түсті.
— Ой, Майсара! Таптым. "Завещание" депті! — деп көз жүгіртіп өтті
де, үні өшті.
— Оқышы.
— Мə, сен оқышы. Сенер емеспін, — деп бір парақ қағазды Майсараға
ұстата салды.
Майсара іштей оқып шығып, Балтаға тесіле қарады. Үлкен қара
көздерде ырзалықта, кінəлау да, жазғыру да бар еді. Балта жүзін
тайдырып əкетті.
— Мен білмедім ғой... білмедім ғой, Ма-айсара-а!..
— Ұлынан да артық көрген сені. Екі жарым мың сомды саған
қалдырған... Ал, сен, Балта, Балта, ең болмаса бес минутқа кіріп
шықпадың.
— Мың жарымды өзіне жұмсаймыз сұрағанындай. Ал, мың сомды
немересіне береміз бе?
— Неге бермейміз? Марқұмның тілегі солай ғой, — деп Майсара
тікірейді.
— Жо-жоқ, əкесіне... шалдың баласына берсек пе деп едім. Ол ақша
даулап жүрмесе.
Майсара үндеген жоқ, паспортты алды да орнынан тұрды.
Баяулатып күрсінді.
"Қандай сұлу! Əрі ақылды. Нағыз жар болуға лайық ұрғашы осы-ay.
Мынау өз бөлмемде бауырыма бассам... еңсем биіктер ме еді. Бұрын
мен бұның пəтерінде кіріптар боп жүріп... Қандай фигура! Ғажап!"
— Май! Май-са-ра!.. — Даусында екеуіне ғана белгілі ойнақы
тілемсек əуен тіріліп еді, Майсара жалт бұрылып, шатынай қадалды.
Өткір қарастың ұзын кірпіктері бір-бір найзадай шаншыла қалған
екен, Балта еріксіз жым болды.
Майсара тіл қатпастан шығып кетті.
Василий Сергеевичті жерлеп қойған күннің кешіне баласы жалғыз
ұшып келді.
Балта екеуі түннің бір уағына дейін отырды. Бір бөтелкені өзі
таусып тастаған Егор Васильевич бірде жылады, бірде күйзелді, бірде
кеудесін соққылады. Əйелінің табанында, онда да өкшесінің астында
емес, - жалаңаш табанында өтіп бара жатқан каторгаға бергісіз
ғұмырын азалады. Реанимация палатасында жападан-жалғыз ұлы мен
немересін бір көре алмай күңіреніп көз жұмған жетім шалды — əкесін
жоқтады. Қайғылы хабарды естіген сəттен бастап əйелінен олай
жалынып, былай жалынып бес жүз сом ақшаны ала алмай, жолдасжоралардан тиын-тебендеп қарызданғанын, жергілікті комитеттен
көзін сатқандай боп отыз сомды əрең жазғызып алғанын айтып көз
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.