Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19

Total number of words is 3924
Total number of unique words is 2238
31.7 of words are in the 2000 most common words
46.1 of words are in the 5000 most common words
53.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
ыңғайсызданғаны, қысылғаны Сəулеге сондай ұнап кетті. Өзінің дəл
қазір Балтаның бар ерік-ырқын қолының ұшына жинап алғаның
əлдебір сұңғыла түйсікпен пайымдай қойды. Содан ба əлі де біраз
қажай түскісі келді.
— Нағашы-ау, бас-аяғы бір-ақ ай болды сіздің мені білгеніңізге. Оған
дейінгі он сегіз жылда жалғыз жүріп те ештеңеге ұрынбап едім. Енді
неге ұрынады деп қауіптенесіз. Əлде қыз он сегізге келгенде өзгеше
боп кетуші ме еді?
— Кешір, Сəулетай. Мен саған ондай бояу жағайын демеймін. Əрине,
сен менсіз де жүре аласың, ал бірақ мен...
— Неге күмілжисіз, нағашы? Сіз қорқақ екенсіз ғой.
— Ал бірақ, Сəуле... Сəулетай, мен енді сенсіз жүре алмаймын! —
Айтарын айтқанмен тынысы тарылып, өкпесі қабынып, жүрегі атша
тулаған Балта қызға тура қарауға дəті шыдамай, сырт айнала берді.
Сəуле тіл қатпады.
"Бүлдірдім. Көңілін қалдырдым. Нағашы деп туыс тұтып жүргенде...
емешем үзіліп... алыстатып алдым. Əй, неткен өзімшіл едім. Енді
жоламай кетеді. "Сенсіз жүре алмаймыным" не? Өстіп те төтесінен
дүрс еткізуге бола ма? Аялаймын деп аямағаным қалай? Əйелің, жарың
бар десе ше?.. Майсара екеуміздің ара қатынасымызды білмейді. Білген
күнде де көрсеқызар санауы орынды болар еді. Əрине, бас-аяғы бір
айдың ішінде өліп-өшердей болғаныма сенбейді. Бүлдірдім. Енді
нағашыға да жарамаймын".
— Нағашы, неге теріс қарап кеттіңіз. Əзіл айтқан кісі көзін ала
қашпайды емес пе?
— Сəулетай, кешір... Сені ренжіткім келмеп еді.
— Менсіз жүре алмаймын дейсіз. Ойнасаңыз да ойыңдағыңыз дейік.
Сонда Майсара тəтемді қайда қоясыз? — дегенде əлгіндегі кеудесінде
тұтанған тəтті қуанышы сөніп кетті.
Əне, Майсара ақыры алдынан шықты. Қайтіп түсіндірер? Қалай
ақталар? Ақтала алар ма? Майсараға да алғашқы кездерде құлай
ынтығып, аңсай ұмтылып еді ғой. Енді неге безінді? Шынымен безіне
ме? Алағызған көңіл гүлден гүлге қонған көбелекке ұқсап бара жатқан
жоқ па?
— Сəулетай, мен бір артықтау сөз айтып қалсам, көңіліне ауыр алма.
Дəл қазір анау еді, мынау еді деп жату маған қиын. Бірақ қай қиырға
ұзатсаң да, айтқаным айтқан. Тек өзің өкпелеме. Өкпелеп кетсең, менен
тыныштық қашады. Маза қалмайды. Басқа қосарым жоқ. Бар айтарым
осы ғана, Сəулетай, — деп қиналса да қимай қарады.
Сəуле енді күлген де, қағытқан да жоқ. Балтаның өзі түсінбес
шытырманың қыз түсінді. Түсінген сəтте көңілінде титімдей де реніш
қалған жоқ. Қайта мынау көрікті, сымбатты жігіттің өзі үшін қай
тəуекелге де бас тігерін сезді.
— Үйге қайтыңыз, нағашы. Уақыт біраз болды.
— Ренжімейсің ғой...
— Несіне ренжимін.
-— Бір өтінішім бар, Сəуле. Соны орындар ма едің?
Сəуле біраз бөгелді. Медеу болар тілек пе, жанды қинар талап па —
бере алар ма қолқасын. Ыстық үміт кеудені толқылдатып соғып
тұрғанда суынып кейін шалқыса, өкініші өмір бойы қинар ма?
Қиналып барып тіл қатты.
— Айтыңыз, нағашы. Қолымнан келсе, сіз үшін аянбаймын.
— Өтінішім, Сəуле, мені бұдан былай нағашы деп атамасаң екен...
Əрине, мен туыстық көңілден қашқақтамаймын...
— Сол-ақ па, наға... Балта?
— Сол! Сол ғана, Сəулетай. Рақмет.
— Сау болыңыз.
— Сау бол, Сəуле!
Сəуле ақырын басып жүріп кетті. Тық-тық басқаны асфальтта емес,
жүрегінде жаңғырып, кеудесінде дүрс-дүрс ұрып жатқандай.
"Əй, өттім-ау бір асудан! Серпкен жоқ! Қаққан жоқ қолымды. Əй,
Бектемір аға! Келгенің қандай жақсы болды! Əтпесе, мен мына
миллион тұрғыны бар қаладан Сəулені көрер ме ем. Кездесер ме ем.
Қолтығымның астынан қанат біткендей болды-ау! Ұшып кетердей,
қалықтап аспандап кетердей əсерленуімді қарашы! Дəл осындай құпия
сезімді Майсараға қызыққан кездерде сезінуші ме едім? Анау тық-тық
тиген өкшесінің өзі сөйлеп бара жатыр ғой. Көз байлаған бейнесінде-ақ
адам жанын əлдилеп ақырын тербеткен рақат тыныштық бар ғой.
Бұрылар ма екен? Бұрылды! Сəуле бұрылды! Шіркін-ай, құралай
көздеріне қарар ма еді! Көрер ме еді өмір ұшқынын! Наз тірілткен
қабақ қимылында тірліктің бүкіл қызығы сығылысып тұр-ау! Бұрыш
айналып кетті... Ертең көрем ғой. Уақыт жылжымайды осындайда".
Ілгері басқан аяғы кері тартып құр сүлдері келеді. Бар ындыны
артта қалған Сəулеге мүлде ауып кеткен.
***
Майсара Балтаның "бұзылғанына" көзі əбден жетті.
Василий Сергеевичке медеу тілеп кірді.
— Жоғары шық, Майсара. Жүдеусің ғой? Сырқат емеспісің?
— Жай белгілі ғой, ата. Балта жоламай кете ме деп қорқам.
Үйдегісінен түздегісі көп, — деп ықылас күткен қабақпен қарады.
Василий Сергеевич тосырқағандай біраз бөгеліп қалды.
— Орыста "зорлап сүйікті болмассың" деген мақал бар. Оның үстіне
екеуің де асығыстық жасадыңдар. Ех, молодежь, молодежь! Ардақ
тұтар не қалды сендерде? — Вася атай бас шайқады. Орнынан тұрып
шəйнекке су құя бастады. — Шай қойып жіберейін.
— Қажет емес, ата.
— Асықпа. Енді асыққаннан пайда жоқ.
— Жиенім деп... бір жап-жас қызды ертіп алған. Көзіме неге шөп
салады? — Майсара өксіп жылап жіберді. Вася атай сылбыр басып
келіп, арқасынан қақты.
— Жылама, қызым. Ертерек ойланғанда осылай болмайтын еді.
Семья — екеудің одағы. Мызғымас бірлігі. Ал, сендер ше... Не істедіңдер
мызғымас үшін? Түк жасаған жоқсыңдар. Күйіп-жану бітпейтіндей,
таусылмайтындай көрдіңдер... — Шал белін басып, қиралаң етіп отыра
кетті. — Көңіліңе ауыр алма, қызым. Байқағанымды айтам. Сен
Балтаның сүйіспеншілігін сатып алуға тырыстың. Бірақ бұл заманда да
кей нəрсенің ақшаға да сатылмайтының ескермедің. Қонақ үйдегі
көңілдес екеудей уақыт өткіздіңдер. Семья бірлігін қамдамадыңдар,
Майсара. Ақыры, міне... осылай болды. Əрине, Балтаны да ақтамаймын.
Жеңілтек пе, тез еліктегіш пе... Жігіттің тұрақтысы, əйелдің ұяттысы
жақсы. Əйтпесе ше... Еркектің ұрғашы атаулыға тегіс ұрынғысы
келетінін, оңтайын тауып бел суытып алғанды қалап тұратынын
ешкім жасырмайды. Жасыра алмайды. Бірақ еркектің құлпы — əйелі.
Əйелінің мінез-қылығы. Назы. Ары. Соның бəрін жарына көрсете білсе,
жеткізе білсе, иландыра білсе, еркек əйелдің айтқанына көніп,
айдауына жүретін жануары ғана. Ехе-хе, бүгінде, кімді кім
тыңдағандай... Кімнің ақылына кім зəру болғандай...
Шал қиралаңдап тұрып, шай салғышты алып аққұманға шай
демдеді. Дастарқанына ыңқылдап жүріп барып салған болды. Содан
кейін шəйнегін қолына қойып, қаймақ қатып, кесені Майсараға
ұсынды.
— Шай ұрттап жібер, қызым. Қобалжыған көңілді, кікіген жүректі
басатын бірден бір сусын — осы! Кейбіреулер арақ, шарап жақсы деп
құнығып жатады. Бəрі бекер. Сырт сұлулыққа қызыққан сияқты
алдамшы тірлік ол. Мəселенің негізі ішкі əрде. Көзіме шөп салды дедің,
Майсара. Адамды қаралау оңай, саралау қиын. "Жақсылық көрсем —
өзімнен, жамандық көрсем — өзімнен" деген өлең сөзі бар. Есіңде
шығар, Майсара. Адамның əрекеті əрдайым алдынан шығады. Алдаса
— арандайды. Алқаласа — арындайды. Ехе-хе, зымыраған өмір. Жизня
быстротечная! Ту сыртымнан кешікпей соңғы қақпасын жабады. Маған
сондықтан, қызым, көлгірсуден өтер қиямет жоқ. Көзіңе айтып
отырғаным содан. Шөп салды дедің. Өзің бастап салмап па ең сол
шөпті.
Бүгін
салмасаң,
Бұрын
салғансың.
Қиналмағансың.
Күйзелмегенсің сол кезде, — деп зілдене қарап қадалып қалғанда
Майсара жүз тоқтата алмады.
— Мен... мен... — деп кемсеңдеп кетті. — Мен Балтаны көргеннен
бері, кездестіргелі оның бəрін қойдым ғой... Мен тек соны, Балтаны,
жалғыз өзін сүйем ғой, ата!
Шал Майсараны бекер қинағанын сезді. Келіншектің Балтаны шын
ұнататынына да көзі жеткендей болды.
— Онда, қызым, күрес. Сендір оны. Онсыз тұра алмайтынына
иландыр. Əйтпесе,тірлікте мəн қалмайды. Ехе-хе, мен білем ғой. Білем.
Василий Сергеевичтің осы пікірі бұл жолы Майсараның көңіліне сай
келген сияқты. Ертеңінде түске таман Ғазиз Құлтановичқа телефон
соқты да, ұғынысу тілеген көңілдің пəрменімен "Саятта" — кездесетін
болды.
Ғазиз Құлтанович өзгелер тарапынан туындайтын осындай
кезексіз кездесулерді жаратпайтын. Майсараны салқын қабылдады.
— Не шаруамен келдің? Тағы да тексеріс пе?
— Жоқ, Ғазиз Құлтанович! —деп алдындағы қабағын түксите қатты
түйіп алған адамға "мынау өзі қалай қарайды?" деген тəрізді
таңданғандай бөгелді де, екі қолымен бетін басып ышқына өксіп,
жылап жіберді.
— Айт! Не боп қалды? Бəрін айт!
Ғазиз Құлтановичтың ең жек көретіні — жылаған əйелдің
кемсеңдеген ерні. Зəбір көрген баланың жаутаңдаған көзі. Ақиқатты
қорғап қарсы сөйлеген оппонентінің тайсалмас қайсар жүзі.
Майсара сол кемсеңдеген əдемі еріндерін əрең қозғап бір жылап, бір
қорсылдап Балтадан көрген қорлығын, Балтаның жауыздығын,
Балтаның
арамзалығын,
Балтаның
опасыздығын,
Балтаның
арсыздығын, Балтаның сатқындығын тілі жеткенше жеткізді.
— Жə! Түсіндім. Ондай сүмелектің өз обалы өзіне. "Иттің ішіне
сарымай жақпайды" деп көзінің еті өскен екен. Жазасын алады. Ешкім
сүйегін де таба алмас етіп көзін құртқызам!
Майсараның көзі атыздай болды. Ғазиз Құлтановичтың аяғын
құшақтай құлады.
— Жоқ! Жоқ! Жоқ! Ол өлсе, мен де өлем! Маған онсыз тірліктің мəні
жоқ.
Ғазиз Құлтанович орнынан тұрып кетті. Кілемге сұлап жатқан
əйелге əрі қызыға, əрі жиіркене қарап, ырғалып тұр.
— Жарайды. Жылама.
— Кешірдіңіз ғой, Ғазиз Құлтанович? — деп жас жуған жүзін
жасырмай Майсара "тəңіріне" жалына қарады.
— Айттым ғой. Əй, бірақ сөз ұғушы ма еді соның. "Татуластық —
табыстық" деп едің өткенде. Табысқан сиықтарың осы ма. Əттең сен
деймін, Майсара. Араға сына боп кірді. Сырымызды алып, сыртқа
шашса, қайтеміз? Көгендеп ұстар деген сенің түрің мынау. Екі көзден
төрт пора жас ағызғаннан басқа дəрменің жоқ. Өліктің аузына құлып
қажет емес. Бұйда үзем дегендер тыпырлаған кезде айналасына
құсығын шашатын. Шашып жүрмесе...
— Үндемейді ол, Ғазиз. Мен кепілмін оған!
— Жə! Болды! Бар жуынып кел.
Майсара Ғазиз Құлтановичты құдайдай көреді. Əкесінен ықылас
көргендей өңі құбылып, жүрегі орнына түсіп, жайнап кіргенде Ғазиз
Құлтановичтың аңсары ауып сала берді.
Отыр... Отыра ғой, Майсара! — Даусында бір кездегі еркелете
емексіту бар екен. Майсара үркіп кетті. Бірақ сыр берген жоқ. Ғазиз
Құлтанович келіншектің ту сыртынан жанасып келді де, екі қолды
иықтан асылдыра ілгері сұғып қос томпақты уысына қысып алды.
Тұмсығын Майсараның басын шалқайта түсіп, алқымына көмді.
Иіскеді, сүйді. Алақанындағы анарды уқалады. Исінді. Ыңыранды.
Иіскеледі. Күрсінді де, кейін шегініп кетті.
Майсараның сонда ғана жүрегі орнына түсті.
— Былай істе, Майсара.
Майсара бұрылды. Ғазиз Құлтановичтың сабырлы жүзінде түк
өзгеріс жоқ екен. Келгендегі қатулы, қалың түйілген қабақ сол
қалпында сақталып қалғандай. Əлгіндегі ыңыранған да, исінген де бұл
еместей, мына салқын қанды əміршісі еместей. Майсара алақанымен
шашын сипап өтіп, бейіл білдірді.
— Былай істе. Микроаудандағы жаңадан ашылар рынокқа директор
керек деп едің ғой. Ертең саған біреу барады. Менің атымнан. Дипломы
жоқ. Бірақ іскер. Сыналған. Облыстан келді. Сенің əлгі Балтанды да
мықтап беретін сол. Документтерін өзің ретте, тездетіп.
— Жарайды, Ғазиз Құлтанович! Ə, Ғазиз...
Ғазиз Құлтанович қол сілтеді. Теңселіп жүр.
— Əй, жұмбағы мол өмір! Еш алтынға ашылмайсың-ау!
"Ғазизы не? Ғазиз Құлтановичы не? Жібімеген көңіл, жадырамаған
қабақты қай ықыласпен тартарсың. Сен бұған құштарсың, ол —
басқаға. Басқа тағы басқаға құмар. Еңкейтіп-шалқайтып қойған дүниеай!"
Ғазиз Құлтанович бас изеп қана қоштасып, қайрылмастан шығып
жүре берді.
2
— Шымкентке барамыз!
Сəуленің қуанғанда көздері жайнап кетеді екен. Балтаның қолынан
ұстап алып, жас балаша мəз болып т9р.
— Онда не бар? — Балтаға бұл хабар ұнаған жоқ.
— Пəлі, Балта, сіз... сен... Не бар деп... Біздің группа факультет ішінде
үлгірімі бойынша бірінші орынға шыққанын айтпап па ем. Комсомол
комитеті мен деканат группамызды туристік саяхатпен Шымкентке
жіберуді ұйғарды. Ой, мен, Балта, тура он жылдан бері поезға мінбегем.
Қандай ғажап!
— Сельхозработаға немен барып едіңдер?
— Автобуспен. Ал, поезд!.. Терезесінен қарап тұрсаң — тура
кинодағыдай көз алдында алмасып жатқан көріністер! — Сəуле
Балтаның қолын жіберер емес. — Сіз, наға... Сен, Балта, неге
қуанбайсың?
— Несіне қуанайын... баратын сен, қалатын мен. Сен келгенше қайда
сиям?
Балтаның шынымен мұңайып тұрғанын білгенде Сəуле
қуанышының қалың ортасынан сытылып бері шықты. Өзі де бес-алты
күн Балтасыз болатынын енді пайымдады. "Əй, қалай ойламағам? Мен
де іздейтін сияқтымын ғой. Іздеймін бе? Көре алмасам, тұра
алмайтындай алағызып бітер ме екем? Барғаным да дұрыс екен. Осы
жолы өзімді бір сынайын. Сағынсам, шыдай алмай іздесем, онда
нəртəуекелге мен де бекірмін".
— Сиясың, Балта! Бес-алты күн өте шығады. Жұмысың бар. Майсара
тəтем бар...
— Айтпа оны... Тəтең екеуміздікі басқа тірлік.
— Мен сендерді түсінбеймін... Үйленбедік дейсіндер — бірге
тұрасыңдар. Сүймейміз дейсіндер — бөлек кетпейсіңдер.
Сəуле құралсыз, əлсіз көңілдің өз түйгенін айтты. Жақтырмай,
жатырқап айтты. Сүйіспеншілік жоқ жерде есепқорлық бастау алса,
ондай тіршіліктің несі сəн. Несі қадірлі? Несіне қызығады? Ең бір аялап
ұстайтын нəзік сезімді саудалаған жанның жүрек бұлқынысына сенуге
бола ма дейтін күдік өз көңілінде де бұлқынып қалатын боп жүр. Сəуле
Балтаның қолын қоя берді де, ілгері жүріп кетті.
— Ертең "Алатау" поезымен жүреміз, — деді үйдің қасына
тақалғанда. — Балта, осы арадан қайт.
— Неге? Мамаң ба?..
— Жоқ! Мамам білмейді. Мамам менің еркімді тұсап көрген емес.
Сенеді ол маған.
— Енді кімнен қорқасың?
— Қорықпаймын. Бірақ ыңғайсыз.
— Немене ыңғайсыз?
— Анау постыда...
— Серегин бе?
— Иə. Сол сені біледі. "Майсараны алдап жүр. Сені мен алдап кетуі
мүмкін" дейді. Балта, сен мені алдайын деп жүрсің, ə? — Сəуле
жымиды.
— Мен сенің ол Митя — Дмитриіңнің жағын айырып берем əлі. Неге
ол итаршыланады? Əлде саған?..
— Мүмкін. Жігіт емес пе?... Арамдықпен өш.
Балта не дерін білмей, ыза боп тығылып қалды.
Сəуле сықылықтап күліп жіберді.
— О-о, Отелло двадцатого века! Бірақ мен Дездемона емеспін ғой.
Мүмкін болмаспын да.
— Неге? Неге, Сəулетай? — Балта күйіп кетті.
— Өзім де білмеймін. Мүмкін сенбейтін шығармын. Мүмкін... —
"сүймейтін шығармын əлі" дегенді бүгіп қалды.
— Жарайды, Сəуле. Оныңды да көрейін. Түбінде бір сенетініңе еш
күмəнім жоқ. Ал, анау Серегиніңе айтып қой, егер саған ендігəрі
жақындайтын болса, аяғын сындырам.
— Ал, ол сенің машинаңды күзеткен. Тентек-телілерді жолатпаған.
Сонда сенікі жақсылыққа жамандық қой, ə.
—Сен құсап сөз бақпаймын мен. — Балта бұртиды. Балтаның
бұртиғаны Сəулеге ұнайды. Сондай сəтте Балта шешесіне өкпелеген
ерке балаға ұқсап кетеді.
"Əй, бала сияқты. Бүкпесі жоқ. Бірақ Майсарамен бірге тұрады. Мені
шын сүйсе, іргесін неге аулақтамайды. Əлде келіншекті аяй ма? Онда
мен кінəлі болмаймын ба? Мүмкін екеуінің арасына сына боп кірген
мен шығармын? Бүтін көңілді жарым қып, жалынды жүректі жаралап,
от түтеткен екеудің жас отауына бүлік салған мен шығармын? Онда
неге некеге отырмаған? Некеге тіркелмесе, шаңырақ көтерілмес пе
еді? Қай қазақ ЗАГС-ке отырып, некесін қидырып, куəландырып
қосылушы еді. Көңілдері жараспаса қандай куəлік біріктіре алар?
Менікі қиянат емес пе?"
Осы күдік тағы да сап ете қалды. Балтаны ұнататынын біледі. Əдемі
жігіттің түр-тұлғасы ешкімде жоқ. Қасында қолтықтасып көшемен
жүріп өтсең, сенен бақытты жан болмастай. Көз біткеннің Балтаға
қадалып, кірпік біткеннің шаншылары анық. Бірақ ұнату бар да, үздігу
бар. Махаббат бар. Олардың төбесі əзір көрінбей тұр ғой. Ендеше
Балтаны неге үміттендіре береді. Күдерін үздірсе, өзіне де тыныш,
өзгеге де тиімді болмас па? Өзімшіл тілек қайда соғар? Соғары ақиқат".
— Сөз баққан басқа да, Балта, ой баққан басқа. Мен сені жазғырайын
дегем жоқ. Естігенімді ғана айттым. Серегин жақсы азамат. Одан өзің
алыс жүр. Əйтпесе ол соғып тастауы мүмкін.
Балта қалт тоқтады. Тіл қатпай Сəулеге бастан-аяқ сүзе қарады да,
бұрылып алып, адымдай жөнелді.
"Ойлансын. Ойланғаны жөн. Өкпе сызды өткізбеймін. Терім қалың".
Іштей осыған бекінсе де, Сəуленің көзіне мөлт-мөлт жас үйірілді.
Ертеңінде вокзал басында Сəуле алақтаумен болды. Балта көрінер
емес. Поездың жүруіне бес минуттай уақыт қалды. Сəуле тағы да
перронға түсті.
— Ахметова, сен неге шошаңдап кеттің, — деген кураторының
ескертуіне де қараған жоқ.
"Келмей ме? Шынымен өкпелегені ме? Кететін уақытымды айттым
ғой. Қолы тимей қалды ма екен? Балтаның қанша өкпелесе де келмеуі
мүмкін емес. Емес... Əй, келмегені де жақсы болды. Бір жағына шығуы
керек қой... Майсараны бəрібір қимайды. Ал мен Майсарамен
таласпақпын.
Неге келмеді? Келмесе келмесін".
— Сəуле, неге жүдедің? — Группа старостасы Асқар екен. Артынан
ілесе шығып тұр. — Біреу келем деп пе еді? Мамаң ба?
— Жоқ! Ешкім де келмейді. Жүр. Тəтей ренжіп жатқан шығар, — деп
Сəуле вагон есігінің жақтау ағашына қол созды. Асқар қолтығынан
демеп жіберді.
— Сен, Сəуле, уайымдама. Уайымдағаныңды көргім келмейді, — деп
ілесе көтерілген Асқар қыздың құлағына сыбырлады.
***
Аяқ астынан машинасы қызбай қойды.
Жұмыстан мініп келген. Үйге кіріп, тамақ ішіп шыққанша не боп
қалғанын білмеді. Стартерді қайта-қайта басқанымен мотор от алмай
гүр-гүр етті де, ақыры шырылдап, шиқылдап қалды.
" Қой аккумуляторды босқа отырғызып тастармын" деген Балта
машинасын кілттеп, троллейбус аялдамасына жүгірді. Артынан
көлеңкесіндей ілесе келген екеу, ілбіп бара жатқан троллейбустың
есігінен Балтаны ішке кеуделей енді. "Мыналар қайтеді? Баса-көктеп
жаман үйреніп қалған əдетін жасайды-ау! Қандай нахалдар! Кешірім
сұраудың орнына көзімен мазақтап тұр". Балта бұрылып кетті.
Асыққан адамға троллейбустың жүрісі өнбейтіндей болады екен,
аялдамасы да көбейіп, тұрысы да ұзарып кетеді. Ақыры жетті. Есіктен
сығылысып түсе бергені сол еді, əлгі екеу тағы да кимелеп, кеуделеп
қағып қақпақылдап əкетті.
— Жігіттер, жетті ғой!
— Жетпесе, не істейсің?
— Кешірім сұратқызып, етігімді сүйгізем.
— Оһ, умора! Мына жаман қайтеді ей! Уайс, не ғып тұрсың? Бол,
тезірек кешірім сұра, əйтпесе етігін сүйгізіп жүрер, — деп төртпақ
денелі шойқара Балтаның қолынан шап беріп, қайырды да,
троллейбустың соңғы аялдамасының оң жағындағы қарағай шарбақ
тасасына қарай итере жөнелді. Қарсыласам деген Балтаның қолын
жоғары лықсытып еді, жаны көзіне көрінді.
— Жігіттер, жіберіңдер, — деп жалына бастады.
— Жо-оқ, Балтажан, күйеужан, азырақ сөйлесіп алу керек боп тұр
өзіңмен.
"Мені біледі. Əдейі іздеген болды ғой. Күйеужан дегендеріне
қарағанда Барақтың кісілері-ау. Бұларға менен не керек екен?" деп
алғаш шошып кеткен Балтаның жүрегі орнына түсе бастады.
— Босат қолымды. Сөйлессек сөйлесейік.
Шойқара қоя берді. Құрылыстың сыртын қоршаған шарбақтың бір
қуысынан үшеуі ішке кірді.
— Ал, не айтасыңдар?
Балта айтып аузын жиғанша болған жоқ, шойқараның қасындағы
Уайс аталған серейген арыры жұдырығын құлақшекеден сарт еткізді.
Балта қалпақтай ұшты. Содан əрі екеу сарт-сұрт тепкіледі. Екі қолымен
басын қорғаған Балтаның басқа дəрмені қалмады. Аяқ астында былғаңбылғаң домалады.
— Тоқта, Уайс! Əй, күйеужан! Біраз тыңдадың білем, ə. Құлақ сал
енді. Дұрыстап тыңда.
— Қолыма бір тү-сер-сің!..
— О, шірік! Алдында-ақ тұрмын ғой. Істеріңді істеп қал кейінге
созбай, — деп шойқара қарқылдады.
— Күлдірем əлі...
— Жə, қысқарт! Уайс, тістетші тілін!
Уайс сөзге жоқ, қимылға жылдам екен, добалдай тұмсығы бар қалың
табан етігімен бүйірінен ыңқ еткізді.
— Сен, күйеужан, бүгін менің қолымдасың, менің! Өлтірем бе,
босатам ба, майып қылам ба — ол сенің өзіңе байланысты. Ерегісем
деп өршітпе босқа. Біз сені іздеп шыққанбыз. Машинаңның неге
жүрмей қалғанынан оны сезіп жатырсың. Əңгіменің тоқ етері:
Əйеліңнен жеріп жүр дегенді естідік. Ондай бейбастақтықтан тыйыл!
От басының бірлігін, амандығын ойла. Сəуріктенгеніңді қоймасаң,
насыбайыңды шақшаңмен қоса отап тастаймын! Бұл қорқытуым емес,
сертім! Оның үстіне анау сен сауырлап жүрген шүйкебасты лақша бірақ рет бақ еткізіп бауыздап, адам түгіл шайтан таппастай жерге
тыққыза саламыз.
Балта ыңыранып басын көтерді. Кеудеге қанжар сұғып алғандай
түршікті. "Мыналар аямайды. Сөйтеді. Сəулені өлтіруі мүмкін".
Сағатына қарады. Поезд кетіп қалған екен.
— Түсіндің бе? — Шойқара үстіне төніп келіп, талтая еңкейді.
Аузынан арақтың, темекінің қолқа қабар сасық исі аңқыды.
— Неге үндемейсің? Уайс!
Уайстың қимылы белгілі. Балтаны жағадан алып тік көтеріп,
алқымынан буындыра сығып ұстап тұрды да, құлақшекеден тағы
қонжитты. Ұратын жерді, қалай ұруды біледі. Балтаның басы
дыңылдап, көз алды қарауытып, есеңгіреп қалды. Шойқараның
гүрілдеген даусынан ызыңы ғана құлағына жетіп, мағынасы санасына
өтпеді.
"Мұнан да өлтіргені жақсы еді ғой... Өлтірулері де мүмкін. Мына
құрылыс басына ертеңге дейін жан келмейді. Айқайласам ешкім
естімейді-ау!.. Өлтіреді бұлар. Түк емес... Түк емес. Өлем бе?.. Мынау
жарық дүниемен қоштасам ба?.. Не көрдім?.. Қандай қызық көрдім?"
Балтаның көзінен жас парлады. Соны көргенде шойқара Уайске қоя
бер дегендей ым жасады.
— "Ойнасақ та біраз жерге шаптық" депті біреу, күйеужан. Міне,
міне, осылай іш босатып жылап алғанын жақсы. Еркектің жылағаны —
жер болғаны, жасығаны — мойығаны. Уайс, сен енді бұл шіркінге қол
былғама. Абройдан айрылған немеге əуре боп қайтесің. Тым осал екен.
Тез сынды.
Уайс қолының қанын Балтаның үстіне сүйкеп сүртті.
— Əй, күйеужан! Сонымен сəуріктенбеймін, əйелімнен екі елі
ажырамаймын деп уəде бересің бе?
— Жа-а-рай-ды-ы...
— Жоқ! Оның ойын баласының оттағаны. Уайс, сертін ал.
Уайс бас изеді, аяғын-аяғына сарт еткізді. Сонан соң қонышынан
əлденені суырып алды. Бір жерін бармағымен басып кеп қалып еді,
сарт етіп қанжардың суық жүзі жарқылдап шыға келді. Жарқылдаған
қанжардың үп-үшкір ұшымен Балтаның көз алдында крест сызды да,
маңдайын, мұрнын, иегін түртіп-түртіп өтіп, өндіршегіне тақай қойды.
Қимылдаса, қорс етіп қадалатын тəрізді.
— Бер сертіңді!
— Қа-ла-ай?.. — Балтаның тілі күрмелді. Көздері шойқараға жалына
жапақтады.
— Қане, қайтала онда. Сертті бұзсам, сел ұрсын! Кер дауылды жел
ұрсын! Жер тітіренткен көк ұрсын! Қанды қанжар кек ұрсын!
Балтаның күрмелген тілі "кек ұрсынды" бұратылып əрең айтты.
Қадалып барып қанжар босап кетті.
— Бұл туралы, біз туралы əйеліңе лəм демейсің. Естідің бе?
— Иə...
— Бар, жоғал, сүміреймей! Сенің қай жеріңе қызығады бұл əйел
шіркіндер. Нағыз ез екенсің!
Шойқара жиіркенгенін анық білдіріп, түкіріп жіберді. Сол түкірік
үстіне тигендей Балта ақсаңдай басып шарбақтың тесігіне жетуге
асықты.
Ерні көнтие ісіп, көзі жұмылып, өзі ақсап кірген Балтаны көргенде
Майсараның жан даусы шықты.
— Балта!? Ойпырмай, не болды, жаным?!
Алғаш рет "жаным!" деген сөз аузынан жалындай шығып еді,
Балтаны еріксіз бас идіргендей солқылдатып жіберді. "Жаны
ышқынды-ау! Жаным деді-ау, Майсара!" Көңілі алай-түлей ұйтқыды.
Көше-көшенің қараңғы тұсын сағалап үйге жеткенше Майсараға деген
өкпе қыжылы кеудесін кеміріп келіп еді, сəскенің тұманындай бой-бой
ыңырады. Кеудеде енді өзгеше құйын соқтырған күйді кешті.
— Не болды, Бал?! — Құшақтай алған Майсараның қолы бүкіл
денені тіміскілеп жүгіріп кетті. Көздегі үрей, Балтаға жаны ашып
шошыған үрей дəл қазір Балтаға сондай ыстық. Əлгінде бүкіл дүниені
тəрк еткен панасыз, əлсіз, жалғызсыраған көңілі жанашыр тапқан соң
əке құшағында елжіреген баладай арқаланды.
— Амансың ба? Сүйегің аман ба? Не болды? Айтсаңшы енді? Əлгінде
жүрегім суылдап отыра алмап едім. Əй, Бал! Кештетіп жүріп алатын
болдың ғой... — Майсараның жаны ауырған үні құлаққа майдай жағады.
Жоқ. Керексіз емес екен. Іздейтін, жоқтайтын біреу бар екен.
Көмейінен өксік төгілер, мұң сорғалар жары бар екен.
Балтаның көзінен жас моншақтады. Əлгі моншақ жасты Майсара
алақанымен сүртіп алып, өзі де селк-селк етіп егіліп тұр.
— Машина...
Машинаны неге есіне алды. Сыртта қалып қойды дегісі келді ме, өзі
де білген жоқ. Бірақ оны Майсара басқаша ұғынды.
— Аварияға түстің бе?! Сол машинасы құрғырды сатып жіберші!
Апырай, жанын қалғанын айт! Өзің жүрші! Қозғалшы былай. —
Майсара кілт кейін серпіліп, Балтаның қолынан тартқылады. — Е,
атта! Атташы тағы. Ойбай-ау, ақсап жүрсің ғой! Аяғың ғой! Қай аяғың?
— Ештеңе жоқ, Майсара... — Балта ыңғайсыздана теріс айналды. —
Жеңімді тартшы...
Майсара жапондық куртканы шешіп алды. Орындық əкеліп қойды.
— Отыршы, Бал! — Етігінің шытырашын тартып ағытып, етіктерді
сыпырып тастап, балақтарды түріп жіберді. Майсара саусақтары
бақайдан бастап сипалап, сылап, түртіп байқап жоғары өрлеп барады.
Балтаның қытығы келе бастады. Жүрелеп отырған Майсараның
халатының төменгі түймесі салынбапты, аппақ сандары бұлтиып
көздің жауын алды. "Қандай аппақ! Сонау алғашқы күннен кейін
дұрыстап қарамаппын- ау! Əй, сұлу-ау, бəтшағар! Қандай сұлу! Мен
дегенде шығарда жаны бөлек"... Еңкейіп барып құшақтай алды да,
қобыраған шашына тұмсығын көмді.
— Май, қайда жүрсің, Май?
— Осындамын... Өзіммен өзіммін.
— Не бітірдің? — Екеуіне дəл қазіргі күйлері сондай ұнайды.
— Сөйлестік...
— Кіммен?
— Өзіммен... Сенімен. Жыладық. Күлдік... Шүйіркелестік. Еске
алдық... Күмілжідік... Қайта жыладық, Бал.
— Мен ше? Мен де жыладым ба?
— Сен теріс қарап отырдың... Өткенді көп өгейсідім. Көңілім
күрсінді. Жаным жылады менің, Бал.
— Ал, мен ше?
— Сен көп сөйлемедің... Мүмкін сөйлескің, шүйіркелескің келмеген
шығар. Кейде күрсінген де жақсы... жабыққан да жақсы. Өз кемшілігіңді
өзің көресің ондайда.
— Май, адам қарбаласы, ойлап отырсам, кейде түкке тұрғысыз.
Соны сезбейміз де жанталасып тырбаңдаймыз, тырбаңдаймыз. Бəрі
өткінші! Төбеңнен əлдебір кірпіш түсіп кетсе, не машинаң тайғанап
кетсе — қарбалас та, жанталас та одан кейін қажет емес. Ешқашан да.
Сен үшін мəңгілік. Бірақ өмір өшпейді. Əлем өзгермейді. Дүние
мызғымайды... Неге, Май? Біз болмасақ, сен болмасаң — дүние
бұрынғы қалпында неге қала береді?
— Басқалар бар ғой... Адамзат...
— Адамзат... Мен ше? Адамзат емеспін бе мен? Ендеше мені керексіз
тастай лақтыра сала ма? Мен тас емеспін ғой, Май. Тас емеспін. Мен
жоқ болсам, неге бірге жоғалмайды бəрі?
— Білмеймін. Адамзат — бір адам ғана емес, Бал... Ал, адамсыз жер...
— Майсара басын жұлып алды. — Адамсыз Жер болмауы керек... Жер
адамсыз болмайды...
Майсараның көзін... құп-құрғақ көзін
абстракциялық дүниесінен бері оралды.
көргенде
Балта
əлгі
— Түймең үзіліпті...
— Ə-ə? Түйме?.. Не түйме? Қандай түйме?
— Халатыңның түймесі... Алдың ашылып кетіпті.
Майсара атып тұрды. Теріс айналып кетті.
— Ваннаға су құяйын. Жуынып ал.
Екеуі асүйдегі дастарқан басына енді отыра бергенде есік қоңырауы
шылдырады.
Майсара есік ашты.
— Кеш жарық, Майсара Тілеуғариновна!
— Жоғары шығыңыздар. Шешпеңіз. Өте беріңіз... Ə, онда мынау
жөргемді іліңіз аяғыңызға.
— Шеф үйде ме?..
— Үйде... Үйде болғанда... Екі кештің арасында аздап... Машинасы
тайғанап кеткен бе, Балта бетін соғып алыпты.
— Не? — Оқыс шыққан Маргаританың даусын танып, Балта бері
шықты.
— Оу, сіздер... сендер?.. Бірдеме болды ма?
— Көзіңіз аман ба, Балта Мұқатович? — деп Маргарита бəрін
ұмытып қасына жетіп барды. — Жұмылып кетіпті...
— Аман, Рита-Маргарита. — Балта күлген болды.
— Аса құрметті һəм қадірлі Балта Мұқатович, яғни қадірменді шеф.
Лаборатория атынан, институт атынан һəм лаборанттар атынан сіздің
құзырыңызға құдық ұрып, туған күніңізбен құттықтап қоюмызға
рұхсат етіңіз! — деп Сережа даусын салтанатты түрде созып, кеудесін
иді де, оң қолын жерге тигізді.
— О-о, мен тіпті ұмытып кетіппін. Май, Майечка! Ойпырау, біз мүлде
алаңсыз қалыппыз ғой. Бүгін менің туған күнім! Рахмет, Сережа!
Жоғары өтіңдер! Бері', мұнда! — деп Балта қалбалақтады.
— Қазір, шеф, қазір. Біз бүгін қусаңыз да кетпейміз. Қадір ибн Бек
"Наташауский!" Ендігі уа құрметлу ва ғиззатлу сөз айту, то бишь, ұлуғ
даражалы адрес папкасын тапсыру міндеті сіздің аса биік ва заңғар
особаңызға тапсырылады, — деп Сергей өкшесін өкшесіне сарт-сұрт
соғып, басын кегжең еткізді.
— Балта аға, сіздің туған күніңіз екенін əлгінде ғана естіп, құттықтап
шығайық деп... Папамның жақсы көретін мақалы "Орамал тон
болмайды, жол болады". Соны айтамыз сізге. Мынау үшеуміздің
атымыздан... Маргарита... — деп қасындағы қызға иек қаққан Қадірбек
газет орауын ашып бұлғаңдап тұратын қолды ұсынды. Маргарита
гүлін Майсараға ұстатты.
— Оһ, жігіттер! Дəл осындай қолды іздегенімді білсеңдер.
Машинаның артқы терезесінің алдына тастасаң, соңында келе жатқан
жүргізушілерге: "Байқаңдар! Асықпаңдар! Ақырын-ақырын, ағайын!"
деп жасқап тұрар еді. Рақмет.
Майсара мен Маргарита залдағы столды жайып, тез дастарқан
жасап жіберді. Сережа түгіл министрдің орынбасарының баласы
Қадірбектің стол үстіндегі əртүрлі тағам мен ішімдіктен көзі тұнды.
Сережа алақанын алақанына сарт еткізді.
— Төрелер мен бикештер! Əр тойдың асабасы, əр отырыстың
кінəгері болады. Соның екеуі де арамызда отыр. Кінəгері — Балта
Мұқатович, біздің меншікті шеф. Асабасы — Сергей, ягни мен. Олай
болса, ыдыстардың шөлпілдеп тұруын көмекшім һəм бірінші
орынбасарым — Бек ибн Кадири ғұламаға тапсырдым.
Бірінші тілек Маргаританың, то бишь королева Маргоның
денсаулығына арналады. Себеп не? Себебі: егер Марго болмағанда,
Маргоның феноменальная памяты болмағанда, біз бүгін мына Майсара
Тілеуғариновнаның бай дастарқанының басында, жеңгеміздің қолынан
дəм татып, ағамыздың туған күнін құттықтап отырмас едік. Кешігіп
келген
айыбымызды
білеміз.
Бірақ
Марго
дискотекада
отырғанымызда ғана айтты. Əрине оның да есіне кеш түскен.
Алдымен Марго үшін!
Хрусталь сыңғыры — бөгет бұзар. Хрусталь сыңғырлады дегенше,
өңештен алғашқы тілек сусыны сырғанады дегенше, көңілдер
жадырап, тілдер шешіліп, жүректер ашылып жүре береді.
— Сіз сондай бақытты адамсыз, Майсара Тілеуғариновна! Неге
дейсіз ғой маған. Жауабым даяр. Бүгінде талғамы күшті адам
таңдағаның сүйсе, таңдағанын кисе, одан өтер бақытты жан болмайды.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.