Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18

Total number of words is 3968
Total number of unique words is 2252
33.3 of words are in the 2000 most common words
48.2 of words are in the 5000 most common words
55.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
дүкенінің екінші... бесінші сатушысы. Майсараның баруы мүмкін емес.
Əй... қазір кімді кім түсініп болғандай. Бүгінде иек қағу, қабақ керу
сияқты құдіреттер көп. Телефон арқылы бұлтартпай келетін бұйрық
тағы бар. Бұрын телефон бұйрықты тек астында тағы бар дөкейлер
беруші еді. Енді, міне, қолында тоқпағы бар жасырын топтың əкімдері
де беретін бопты. Қиқаңдай алмай, қинала ересің, қиралаңдап
томпаңдайсың... Əрине, ол Майсара?"
Балтаның көз қиығы "Волганың" терезесін аңдумен болды. Озып
кетуге, не кейін қалуға болмайды. Ал қатардағы əйнектің мұзы түртүсін ажыратқызбайды.
Шеру кең көшеге шықты. Сол-ақ екен əртүрлі дауыспен машиналар
боздасын. Машиналар жиырма тоғызда қазаға ұшыраған сатушыны
безілдей жоқтасын. Машиналар сатушы қазасын бүкіл қалаға азынай
хабарласын. Күркіреп жеткізсін!
Балтаның қолы клаксонға жабысып қалғандай, айырылмайды.
Құлағы бітеліп қалғандай. Қатарындағы "Волганы" да, "Волгадағы"
əйелді де ұмытты. Мынау алпыс-жетпіс қаралы жеңіл машиналардың
бір деммен, бір леппен аңырағаны барлық хор, бар жылау, бар дауыс
қоюдан да асып түседі екен, клаксонды одан сайын екілене басады.
"Қалай ойлап тапқан, ə! Нағыз какафония! Реквием ғой мынау! Бүкіл
қаланы аяғынан тік тұрғызған жоқ па! Жұрт біткен анау жас
жігіттердің иығындағы табытта жатқан сатушының кім болғанын,
қайда істегенін, неше жаста қайтыс болғанын еріксіз сұрап біледі ғой...
Қалай əдемі ойлап тапқан! Адам ғұмыры таусылып, анау зират
басындағы мəңгі жайына ақтық жолын шалқалап қана жүріп барады
ғой. Көрсін ел, білсін жұрт. Аза жолы — ақтық жолы. Бұдан кейін
мынау көшені, анау күнді көрмейді ол. Көрмейді.
Мəңгі көрмейді! Шалқалап иықтан иыққа ауысып табыт ішінде
жатқан адам ақтық жолында бүкіл əлеммен қоштасып келеді. Жарық
дүниемен бақұлдасып келеді. Ендеше дəл осындай құрмет бүкіл
мəйітке, бүкіл құрбанға, бүкіл өлген адамға алаланбай жасалуы керек.
Мынау какафония, мынау реквием соны талап етеді. Соны!..."
Саусақтары
клаксонға
жабысып
қалды.
Зират
басында
Мақсұтбектің, өзімен ауруханада бірге жатқан адамның əйелін көрді.
Барып амандасты. Мақсұтбекті бұлар да жерлеп жүр екен. Небəрі
оншақты-ақ адам. "Қандай аянышты!" Қайран Мақсұтбек аға! Сен де
кеткен екенсің өмірден. Бірақ сені шығарып салушылар аз. Өте аз".
Балта солқылдап жылады.
Зират басында сонсоң Майсараны көрді. Майсара бұны көрген жоқ.
Жарқын Балтамен үнсіз сəлемдесті де, лəм деместен екінші
қабаттағы кабинетіне өтіп кетті. Сухоруков қол ұсынып амандасты да,
басын шайқады.
— Балта Мұқатович, шеф сізге ренжулі. Жаңа жылдан бері он шақты
күнде үш рет жұмысқа шықпадыңыз. Ең болмаса телефон шалып, келе
алмайтыныңызды айтпайсыз ба?
— Кешіріңіз... Есіме келмепті. — Балта сылтау таба алмай күмілжіді.
— Кеше жолда пробка болып...
Сухоруков қолын сермеді.
— Мафия жоқ дейді. Көрсетті кеше өздерін. Бір адамды жерлеймін
деп бір адамды қағып кеткен... Милиция қайда қарайды?
— Бір адамды қағып кеткен деймісіз? — Балта Сухоруковке
жақындай түсті. Ентіге дем алып, бозарып кетті.
— Ауруханаға түсіпті. Домалап жығылып жатқан адамға тоқтап
қарамапты да дейді. Қандай мейірімсіз жандар еді. Боздатып,
безілдетіп елдің зəре құтын алмады ма. Тас жүрек қой олар. Жолында
анасы тұрса да басып езіп өте беруден, Əй, тайынбас. Не боп
барамыз! Шетелдегі бүкіл бұзақы тірлік — мафия, ұйымдасқан
қылмыскерлер тобы, алып-сатарлық, пара алушылық бізге де ауысып
бітті. Кім тыйым салады? Кім?
Сухоруков кілт тоқтады.
— Сіз, Балта Мұқатович, бүгін эксперименттің жаңа циклын
бастаңыз. Енді фосфориттың негізінде жүргізесіз тəжірибені. Кеше
фосфорит келген. Лаборанттарыңыз уатып, майдалап, окатыш жасап
жүрген. Өзіңіз тексерерсіз, — деп Сухоруков та кетіп қалды.
"Наташаны" қайтадан дайындап, Футеровкасын жамап-жасқап
жатқан Сергей мен Қадірбек Балтаға жымыңдаса амандасты.
— Қалай, Балта Мұқатович, сізге пылесос, шаңсорғыш қажет емес
шығар. Біраз сілкіледі-ау, ə! — Сергейдің қуақылығы қалмайды.
— Кейін, Сережа, кейін!.. Қадірбек окатыштар қайда? Қалай
дайындадыңдар?
— Өзіңіздің айтуыңыз бойынша, ағай. Бір де бір бұлжытқан жоқпыз.
— Балта Мұқатович, сонда бүгін əзіл-қалжыңға От ворот поворот па?
Мен, кешіріңіз, шеф, мына Қадір ибн Бекке де тіс жармауым керек пе?
Шеф, онда ішіме симай жарылып кетсем, оған кімді кінəлаймыз?
Балта үндеген жоқ. Жайшылықтағыдай күлген де жоқ. Анандай
жерде өзіне қадалған Маргарита-Ританың көзіндегі шыдамсыз
сұрақты көріп еді, бірақ аңғармаған кісідей көзін төмен салып, сылбыр
басып, киім ауыстырар жерге кіріп кетті.
— Маргарита-Рита, селяви, өмір деген осы. Анау ананы, мынау
мынаны түрткілейді. Жүйке солай жұқарады. Немесе анау ананы
ұнатады. Мынау мынаны жақтырмайды. Тірлік заңы осылай. Жүрек
солай ауырады. Солай сыздайды. Содан барып түптің түбінде инфаркт
алады. Мұңайма, Ритуля. Сен бізге қара, бізге! Кадир ибн Бек нағыз
жігіт. Түр қандай! Дауыс қандай! Тұлға қандай! Ал, гитарамен əн
салғанда!.. Владимир Высодкий өзі келгендей сезесің. Ал, шеф... Бүгін
сол аяғымен тұрған болуы керек. Əйтпесе, ол Маргоны, королева
Маргоны сөзсіз көретін еді. Оған бола өкінбе, — деп Сережа шұбырта
жөнелді.
Маргарита бөксесін бұлтылдата тық-тық басып тайып тұрды.
— Қалай ойлайсың, Қадірбек Балта Мұқатович меніңше, өзгеріп
бара жатқан жоқ па?
Қадірбек иығын қиқаң еткізді.
Бүгінгі тəжірибе жұмыстары еш бөгетсіз ойдағыдай өтті. Балта
жұмысқа барын салды. Бет-аузында күйе болмаған жер қалмады.
Сорғалаған тер əлгі күйені айғыздай тілгіледі.
— Шеф, осы күйіңізде Майсара Тілеуғариновнаға көрінсеңіз, жүрегін
ұшырар едіңіз, — деп Сережа айтып қалды да, таңертеңгі ескерту есіне
түсіп, тілін тістей қойды.
Балта күнұзын ой құрсауында жүрген-ді.
"Мен де кінəлі болғаным ғой. Анау процессия ирелеңдеген алып
жылан ғой... Иə, жылан ол. Соның бір буыны менмін! Ендеше, анау
жазықсыз жапа шеккен, машина қағып кеткен адам үшін жауап беруім
керек..."
Көз алдына бордюрға соғылып шаң-шаң боп қанға бөгіп домалап
жатқан əлдекім елестеп кетпей қойды. Неге шаң-шаң болғанын да
сезбейді. "Қазір шаң жоқ қой. Жоқ!" дейтін ішкі ілгешек іздегіш
түйсіктің жауаптан қашыртқыш əуенін де тыңдамайды. "Құлады ғой.
Майып болды ғой. Өлген біреуді...қылмыскерді жерлейміз деп
соншама тыраштанып жүріп жазықсыз адамды жаралағанымыз қай
жосыққа сияр? Қайдағы жосық! Жауыздық қана ол. Жауыздық! Шектен
шыққандық! Қоғамдық тəртіппен санаспағандық! Сенің қоғамдық
тəртібіңе пысқырады деген... Əне, қойныңда жатқан Майсараны да
жете білмейсің. Білмейсің. Ештеңе көрмегендей, ешқайда бармағандай
болды кеше. Машина шоферларының көшені кернеп, азан-қазан
шулатқан қылығын өзінше кінəраттап, біраз кейіді де ғой. Ал, өзі қабыр
басына да барды. Мүмкін топырақта салған болар. Ал, Балтаның
жалғыз шешесін көргісі де келмейді".
Жұмыстан шыққанда Маргарита бұның машинасының қасында тұр
екен.
— Отыр, Рита. Апарып тастайын.
Маргаританың жасыл көздеріне көгілдір ұшқын тұтанып шыға
келген екен. Білегіне іліп алған сумкасын бұлғаң еткізді.
— Рақмет, сізге... Машинаңыздың терезесін сындырайын деп едім...
— Неге? Не үшін?
— Мен кеше сізді көргем...
— Қайдан? Қашан?
— Түскі үзілісте... Сіз... сіз... Аналармен... Солармен бірге болдыңыз.
Қалай дəтіңіз барды? Ex, Балта Мұқатович! Мен сізді жақсы көруші едім
ғой...
Маргарита бетін басып өксіп жіберді де, бұрылып алып жүгіре
жөнелді. Балта сілейіп тұрып қалды.

 
АЛТЫНШЫ ТАРАУ
1
Майсара Балтаны ұзақ тосты. Тамақты қайта-қайта жылытты. Вася
атайдікіне де кіріп шықты. Онымен де хабарласпапты.
"Неге кешікті? Соңғы күндері кешігетінді шығарды. Əлде маған
өкпелі ме? Кеше залда жеке жатты. Бұрынғы өліп-өшуі жоқ. Қай жерде
көңілін қалдырдым екен? Неге маған біртүрлі қарайтын болып жүр?
Тым сезіктене берсе, онда екеуміздің бір-бірімізге деген қадірімізден
не қалады? Өзімде де бар? Көп нəрсені жасырам одан? Білдірмеуге
тырысам. Кеше анау үйге, зират басына бармаған болдым...
Барғанымды жасырдым. Барайын деп бардым ба? Ғазиз
Құлтановичтың пəрмені қатты. "Бар! Кіріп шық. Бəріміздің атымыздан
көңіл білдір" деп телефон шырылдатты ғой... Сонау көп машинаның
бірінде"...
Майсараның жүрегі зырқ ете қалды. Өткен түндегі телефон
қоңырауы есіне түсті.
"Сол! Барақ! Қалмайды ол қыр соңынан. Əрине Балтаны шақырған.
Машинаңмен кел деген... Балта мені көрген. Көрмесе, маған сезіктене
қарамайтын еді. Əй, өтірік айта алмайтыным бар, неге даурықтым
соншама?
Келмейді. Енді ол келмей кетуі де мүмкін. Магомед оның бір жас
қызбен кетіп бара жатқанын көріпті. Əдемі екен дейді. Əрине, Балтаға
анау-мынау қыз қызықпайды. Балтаға көзі түспейтін қыз болмас. Əлде
бүгін де сонымен жүр ме екен?"
Майсара шыдай алмай сырт киімін киіп, далаға ұмтылды. Аяз буып
тұр екен. Үй сыртындағы көшемен ерсілі-қарсылы екі-үш жүріп
өткенде сүйек-сүйегін суық қарып өтті.
"Соншама неге Бүлінем? Маған десе он қызбен жүрсін. Некелі əйелі
емеспін ғой..."
Айтуға ғана оңай. Қызғанышы тұтанған
жиілегенде өкпе ауызға тығылып, жүрек
тыпырлайды да қалады екен.
кеуденің тынысы
қапастағы құстай
Аяз қатайып барады.
Əлгінде асығыс шығам деп жеңіл киінген еді, пальтоның етегінен
жел үрлеп, қойны-қонышын суық алып кетті. Тістері сақылдай
бастады.
"Ауырып қалармын".
Осы ойдан үрейі ұшып үйге қарай дедектей жөнелген. Екінші бір ой
аяғын тұсағандай болды, "Аялайтындай жалғызбасты тірліктің несі
қадірлі. Ауырғаның жақсы емес пе. Тіпті өліп кетсең, бар азаптан
құтылар едің".
— Майсара-а!.,
Дауыс дəл құлақ түбінен естілді.
— Ə-ə.„ — Тілі икемге келмей, Майсара ұстай алған Балтаға алақтай
қарап, жылап жіберді.
— Неғып жүрсің?
— Сені... өз-і-ің-ді тосып,.. — Майсараның кезі Балтаның жанында
тұрған қызға енді ғана түсті. Босаған жүйке бірден шиыршық атты. —
Қыдырып шыққам. Бара бер. Жүре берінде-ер.
Балта Майсараның халін түсіне қойды.
— Ой, əбден қатып қалыпсың ғой! Соншама тоңғанша жүре
бергенсің! Мені тосып... Күнде тосатындай... — Балтаның
абдырағанынан Сəуле сезіктенді.
— Нағашы!... Мынау сіздің үйдегі жеңгем бе?
— Иə! Майсара ғой. Арғы қолтығынан ұсташы, Сəуле "нағашы"
дегенде Майсараға қайтадан жан бітті. Запы болған жүрегі
жаманшылыққа ауа бастап еді, қаршадай қыздың "нағашы" дегені,
одаң соң жан ұшыра қолтығына жармасқаны бүкіл күдікшіл ойын
түріп тастады. Əлгіндегі қызғаныш та, өкпе де зым-зия жоқ болды.
Ештеңені бүркей алмайтын ашық қабақпен күлкі реңін танытты.
— Балта, сені тосам деп.., қайдағы жоқты бастап көшеге шықпайын
ба... — Иегі-иегіне тимей, тісі-тісіне сақылдады. — Келіп қа-а-лармен...
жау-ра-ағанымды байқамаппын. Жүріңде-е-ер.
Екі қолтықтан сүйрете жөнелген екеуі Майсараны тез үйге əкеліп,
диванға жатқызды.
— Əй, қатып қалыпсың ғой. Ауырып қалмасаң жарар еді. Спиртпен
ысқылайын. Сəуле, жеңгеңді тез шешіндіріп жібер, — деп Балта асүйге
кетті.
— Майсара тəте, түу, мұз бопсыз ғой. Мен сіз құсап шыдай алмас
едім, — деп Сəуле басын шайқап, таңдайын қақты. Капрон шұлықты
жылан қабығындай өңін айналдыра сыпырып тастап, кішкене
алақандарымен қып-қызыл боп құсеттеніп кеткен екі санды, жұмыр
балтырды сипалауға кірісті. — Қандай түп-түзу еді аяғыңыз, тəте!
Аямайсыз... Өзіңізді аямайсыз.
Балта құты ұстап кірді.
— Маған беріңіз, нағашы, сіз шай қойыңыз. Бал бар ма?
— Бар ғой.
— Онда сүт ысытып, бал салыңыз. Неғып тұрсыз?
Балта Сəуленің еркін қимылына, жатырқау білмейтін мінезіне
қызығып еді, тұра жөнелді.
— Нағашым да, сіз де қызық адамдар екенсіз.
— Неміз қызық?
— Апам... Мамам айтатын. Көкесінің... мамам папасын көке деп
атайды. Көкесінің немере інісі болған. Сол кісінің оң қолының мына
төрт саусағы екі буынынан жоқ екен. Ерте кезде қыстауға қыс түскенде
көшеді екен. Сонда жаңағы кісі түйенің үстіндегі кебежеден (жемді
көріп отырам деп төрт саусағын шығарып, темір шеңберден ұстап
отырған деседі. Қыстауға келгенше төрт саусағы үсіп түсіп қалыпты.
Сіздер де бір-біріңізді сəл көрмесеңіздер сағынып... аязға үсіп
жүрсіздер.
Майсара күлімсіреді. "Бала ғой əлі. Осыдан да қызғандым-ау. Туыс
адамдар екен. Аты Сəуле ме еді? Қандай таза! Əй, бірақ еркекке дауа
жоқ. Төсіне басып, жұмарлай салса, тазаны кірлету қиын ба?"
Өз ойынан өзі шошыды. Аяғын көтеріп қалды.
— Ауыртып алдым ба, тəте?
— Жоқ! Жоқ, Сəулетай!.. Қолың сондай майда. Сондай жұмсақ. Сені
алған жігіттің бағы жанар-ау...
Сəуле қып-қызыл боп, Майсараның бетіне көз тікті. Құралайдың
жанарындай үлкен қара көздер пəк мөлдіреп: "Қалай айттыңыз, тəте?
Неге айттыңыз? Жақсы тілеумен айтқаныңыз ба, сынағаныңыз ба?"
дейтіндей кірпік қақпайды.
— Сəулетай, кешір айналайын. Сүйгенін — шұнағым дегендік пе...
тілімді тістей алмай қалдым.
— Ой, тəте! Оған бола ренжімеңіз. Мамам да кейде "бағыңа қарай
жақсы адам кездессе екен" деп отырады... Ал мен... Мен бар ғой... —
Сəуле күлімсіреді. Ысқылап отырған қолдарын босатып, кеудесіне
қысып ала қойды. — Мен бар ғой, тəте!..
— Иə! Айта ғой, Сəулетай!
— Мен Гринның "Алқызыл желкеніндегідей" шаһзада күтетінмін!
Иə-иə! Күлмеңіз... Көзімді жұмсам, аппақ-аппақ лимузиннен сұңғақ
бойлы қап-қара костюмды, қып-қызыл бабочкасы мына жерінде көз
тартып "Мың бір түн" елінің шаһзадасы түсіп жатады... — Сықылықтап
күліп жіберді. — Қалай, тəте, қиялым онша ұшқыр емес, ə! Жұпар...
Жұпар менің əпкем... Жұпар: "сенде түк фантазия жоқ. Сен ертегі
бойынша қиялдайсың. Ал, мен профессордың ұлына тұрмысқа шығам...
Не академиктің баласына" дейді... Ал маған бəрібір өзімнің
шаһзадамнан артық ешкім жоқ. Ой, мен ысқылауды ұмытып кетіппін
ғой!.. Қалай, тəте, сыздатып ауырмай ма?
— Жоқ, Сəулетай. Ауырмайды.
Балта кірді. Қолында буы бұрқыраған кесе.
— Қайнатып əкелдім.
Сəуле Майсараның мойнынан құшақтап, сүйемелдеп отырғызды.
Балтаның қолынан кесені алып, келіншекке ұстатты.
— Ыстық-ыстық ұрттаңыз. Мамам бізді осылай емдейді. Ешқандай
суық жоламайды сонсоң.
— Өзің бəрін білесің-ау, Сəуле, — деп Балта отыра беріп еді, Сəуле
оған қолын безеді.
— Отырмаңыз, нағашы. Дереу ваннаға су құйыңыз.
— Оны қайтеміз?
— Тəтем енді соған кіріп, азырақ булансын. Əйтпесе, болмайды. Ой,
тəте, неге ұрттамай отырсыз? Тамағыңызды күйдіре жұтыңызшы,
іштегі суықты айдап шықсын.
Балта алақанын алақанына сарт еткізді.
— Майечка, мынау біздің жиен бəрін бастан оқып туған. Сұмдық
білгір. Айдан ұл, Күннен қыз туғызатын сиқыршылар біздің Сəуленің
қасында жіп есе алмай қалады.
— Барыңыз, нағашы, барыңыз. Мен онда сізді есекке айналдырып
жіберермін ашулансам, — деп Сəуле екі қолын көз алдында ербеңдетіп
сиқыршының кейпіне түскен болды да, тағы сақылдап күліп ала
жөнелді.
— Əй, Майсара тəте, мен ғой бұрын ешқайда шықпайтынмын.
Тығылып алып, кітаптан бас алмайтынмын. Енді, міне, нағашымды,
сізді таптым. Өмір сондай көңілді! Мен былтыр оқуға түскенде
сельхоз-работаға барғам. Сонда даланың таңын алғаш көргем. Таң
білініп, төңірек бозамықтана бастаған кезде жалғыз өзім
жатақхананың қасындағы аласа төбеге шыққам. Теріскейден салқын
самал есті. Шығыс жақ қып-қызыл! Тура дала өртеніп жатқандай!
Қандай кеңістік еді, тəте! Мына қалада көзің не тауға, не үйге тіреліп,
кеудең қамалып тұрғандай сезінесің ғой. Ал, онда, далада мүлде
басқаша. Жан-жағың, түу-түу көз ұшына дейін көсіліп кетеді. Тірелер
ештеңе жоқ. Содан қарбыздың бір тілігіндей боп көкжиектен Күн
ұмтылды. Жазық жер беті қып-қызыл дастарқан жайып жібергендей
болды да кетті. Ой, сондай қуанғаным-ай, тəте! Даланың таңы атқаны
сондай əдемі болады екен! Сондай сұлу болады екен! Ой, бозторғайдың
аспанға шаншылып алып сайрағанын естісеңіз! Мен өзі онша əн сала
алмаймын, тəте. Ал анда, төбе басында бүкіл тұлабойым, барлық жан
дүнием түгел əндетіп қоя берді. Шіркін, қалай көп нəрседен құр қалғам!
Даланың балалары қандай бақытты! Енді міне, сіздермен кездесіп,
тағы да кенеліп қалдым. — Сəуле "шыным, расым!" дегенін
ұшқындаған құралай көзімен білдірді.
— Сəулетай, сен мектепті қай тілде бітірдің?
— Қазақша. Мамам... менің мамам балалар үйінде тəрбиеленген ғой.
Қазақшасы бұрын онша болмайтын. Мамам Жұпар екеумізді қаланың
ол шетінен бұ шетіне сүйретіп жүріп оқытты. Қазір өзім мамама
сондай разымын. Анау біздің курста қазақ қыздары көп-ақ. Бірақ көбісі
қазақша сөйлей алмай ұялып, күмілжіп тұрғаны.
— Сондай таза сөйлейсің? Неге əдебиетші болмадың?
— Тəте, айтайын ба? — Сəуле сыбырлай еңкейді.
— Айт.
— Мен тоғызыншы класта өлең жазғам.
— Рас па?
— Рас. Қазір қойып кеттім. Ол кезде жас болғам...
— Қазір қартайып қалдым де.
Сəуле сықылықтап күліп жіберді. Күлкісі өзіне сондай жарасады.
— Бір бала оқыған. Кейін үйі басқа қалаға көшіп кетті. — Сəуле
тұнжырады. Қабағы жабылып барып ашылды. — Əрине, өлең көңіл
күйге байланысты.
Балта кірді. Қолын шекесіне тигізіп қалт тұра қалды.
— Бұйрығыңыз орындалды, жиен жолдас. Ваннаға су толтырып
қойдым.
— Майсара тəте, тұрыңыз. Қалай, денеңіз қалтырауын қойды ма? —
Сүйеп бар жатып, Балтаға бұрылды. — Сіз, нағашы, шайды жасап,
дайын отырыңыз. Біз он минуттен кейін шығамыз.
— Сəулетай, сен де кіресің бе? Мен өзім-ақ...
— Жоқ, тəте. Мен білем ғой...
Сəуле өз үйінде отырғандай емін-еркін. Дастарқан басында да əзілқалжыңды қардай боратты.
— Тəте, сұлулық сұқтандырады дейді. Сол рас па?
— Қайдан білейін, рас шығар солай деп жұрт айтса.
— Ал, кей сұлулық көз қарықтырады деседі ғой.
— Ол жағына жоқпын.
— Мəссаған! Жоқпын дейсіз. Жаңа мен ваннада сізден, сіздің
мүсініңізден көз айыра алсамшы!.. Нағашым қандай бақытты! Музейдің
де, антиканың да қажеті жоқ. Бəрі өз үйінде, өз қасында.
Майсара қызарды. "Мына бəлекей қыз шымшып алғаннан сау ма.
Қай-қай тұсқа тапырақтап барады. Адамның ең бір жасырын ұстар
жеріне тайраңдатып кіргізіп жіберген соң "өр де менікі, төр де менікі!"
дейтін қызылкөздікке салынғаны ма? Неміс халқы Гетенің музейүйіндегі жатын бөлмесіне келушілерді жібермей, тек анда-санда ғана
есіктен сығалатады екен. Ал, біз төсегімізді де ашып тастамаймыз ба.
Ол аздай-ақ жалаңаш денеңді көз алдына тосасың".
Майсараның томсарып қалғанынан өзінің артықтау сілтеп кеткенін
сезген Сəуле алдындағы суып қалған шайын таусып ішті де, кесесін
алақанымен жапты.
— Ой, тəте, көп отырып қалыппын. Мен қайтайын енді. Мамам мені
жоғалтып отырған шығар.
Балта Сəулені шығарып салып келді.
Сондай ашық екен жиенің.
— Ə, иə... Кісі жатырқамайды. — Балта одан əрі сөйлескісі
келмейтінін аңғартып, тез залға өтіп кетті.
Майсара сəлден соң үстіне кірді.
— Майсара, мен бүгін біразға дейін отырам. Статья жазуға
дайындалуым керек. Жата бер.
Майсара лəм демей шығып кетті.
Содан бастап екеуі тоңторыс күйге көшті.
"Майсараға кінə артатындай немді міндет қыламын? Бар жазығы
жақсы көргені ме? Жоқтан өзгеге қитығып ілік іздеп жүрісім қалай?
Жақтырмасам, костюмымды иығыма іліп, бас иіп қоштасып неге
шығып жүре бермеймін. Қимаймын ба? Онда неменеге ши шығармақ
болам. Онсызда іштей күпті боп, жазықсыз жапа шегіп, бетіме тура
қарауға да дəті бармай төменшіктеп жүрген əйелді одан сайын
тұқыртқанда қай ұшпаққа шығам? Осы менікі не? Қасым мен қабагыма
қараған сайын Майсараны елемей бара жатқаным қалай. Сөзін
санатып, қимылын есептетіп қоятын бұрынғының қатал еркегіне
айналып кеткен сияқтымын. Неткен қатал мінез еді. Көңілге қарау
соншама қиын ба? Бір шаңырақ астында екеуден екеу тұрып, бір
бірімен сөйлеспеу — неткен зорлық. Неге ыңғай бермеймін? Жалынын
сөндіріп, көңілін суытам деген қылық па менікі? Ондай қаталдық
таныту үшін Майсараның үлкен айыбы болуы керек қой. Қандай
айыбы бар еді алдымда? Қызметі ме? Көлденең табысы ма? Одан зиян
шегіп отырсың ба? Үстіндегі қабат-қабат қабығың қайдан келер еді,
Майсара болмаса. Алдындағы сервелат, қызыл, қара уылдырық, шұжық
пен қазы, жас қияр мен помидор басқалардың түсіне де кірмейді
бүгінде. Осылардан неге безбейсің? Қара нан, сылдыр сорпа, үсіген
етке қарап отыр ел құсап, əділет деп арпалысар болсаң. Əйтпесе
қасарыса бермей Майсараға түсіңді бер. Тістенгендей боп сазарған
түсінді жылыт. Тіпті болмай бара жатса, іргеңді мүлде аулақта да, Вася
атайдың қасына кет. Жалғыздық мүжіген шалдың көңілін дауала.
Өзіңді де сөйтіп бір сына. Мүмкін қожыраған кеуденің бажы табылар.
Əлде..."
Сəуленің атын ойында да атағысы келмейді. Сəуле тазалықтың,
пəктіктің символы. Оған қарындас ретінде ғана көз салу керек. Басқаша
қарау — қылмыс. "Əй, бірақ талдырмаш қыздың бейнесі есінен бір
кетпейтіні қалай? Бүкіл ақыл-ойын билеп алған құдіретінің төркіні не?
Əттең-ай, туған қарындасы, шын қарындасы болар ма еді! Қандай
сенеді. Нағашылап үздігіп тұрады. Ойында түк жоқ. Анау папасы мен
мамасының селтекбайларынан да қорықпайды".
Ертеңінде Балта аяқ астынан мазасызданды. Дəл осы қорқынышты
күдік бұрын оралмаушы еді, тұтқиылдан сап етті де, орнынан атып
тұрғызды. Бүгін де жұмыстан келісімен статьясын сылтауратып оңаша
отырған. Бəрін жиып тастап киіне бастады. Кеше Сəуле группамызбен
театрға барамыз деген. Кеш қайтады. Жалғыз қайтады. Ал аналар...
нашақор шіркіндер ешкімді аямайды. Оларға ермек керек. Құлағына
Сəуленің шырылдаған даусы жеткендей болды. Асыға басып
коридорға шықты. Асүйден бас қылтитқан Майсараға қараған да жоқ.
Шарфын мойнына салбыратып сала салды да, пальтосының жеңіне
қолын сұғар-сұқпастан шыға жөнелді.
— Қайда... қайда кеттің, Бал? — деп артынан қолын соза ұмтылған
Майсара өкіріп жылап жіберді.
Балта асыға басып Сəуленің үй жағына тартты. Аяз сынған. Түнгі
қаланың қар бүркенген шыршалары мүлгіп қапты. Шырша шыршаның
арасындағы аласа бағанадағы ақшыл фонарь жарығы қар
жылтыратады. Тротуарға мұз қатқан. Қарсы кездескен екі-үш адам
тайғанақтап жүре алмай барады. Балтаның аяғы тайғанамайды.
Майсара табаны бұжыр-бұжыр, іші жып-жылы фин етігін алып берген.
Бірақ дəл қазір жігіт Майсараны да, қаланың түнгі көрінісін де,
тайғанақтап құлап-тұрып жатқандарды да елер емес.
Есі-дерті — нашақорлардың тəлкегіндегі Сəулені құтқару.
Үй маңы тып-тыныш. Бейсаубет жүрген ешкім көрінбейді. Сабасына
түскен Балта сағатына қарады. Сегіз жарым ғана екен. Күліп жіберді.
"Түу! Соншама еліріп... Сағатқа қарау есімнен шығып кеткенін
қарашы. Онсыз қайтпайды. Əлі бір жарым сағат бар".
Осы маңдағы кафеге кіріп отыра тұрмақшы боп кете бергенде
тұлып киген милиционердің қарасы шалынды. "Əй, Митя Серегин емес
пе екен? Хабарласпай кетті ғой. Жақсы жігіт".
Милиционерге қарай жүрді.
— Мен сізді бірден таныдым. Есенбісіз, Балта Мұқатович.
— Митя! Сəлем. Неге хабарласпай кеттің?
Серегин естімегенсіп сырт айналып, бір кісілік будкасына кіріп
кетті де, "памир" қорабын алып шығып, Балтаға ұсынды.
— Жоқ! Рақмет. Шекпеймін.
— Мен осыны тастай алмай жүрмін.
— Дмитрий, сен жауап бермедің ғой, — деп Балта езеуреді.
— Кешіріңіз, Балта Мұқатович. Уақытым болмады, деп Серегин
қипақтап тура қарай алмай, темекісін тұтата бастады. Балта бір
шикілікті сезді.
— Жасырма, Митя... Мен көріп тұрмын қуыстанғаныңды. Сен менен
қашқақтайсың ғой сонда? Солай ғой.
— Жо-жоқ! Маған сіз ұнайсыз. Бірақ... — Милиционер тағы кідірді. —
Мен сіздердің учаскелік милиционерлеріңізді білем. Сол маған сіз
туралы айтқан...
— Не айтты?
— Айтқанда, əрине, сізді жамандамайды... Машинаны қалай
алғаныңызды... анау рэкетпен байланысқаныңызды ескерткен. О-о, сіз,
Балта Мұқатович Барақтың кім екені білмейсіз.
— Сен білесің бе?
— Білем. Бізде мəліметтер бар ол туралы.
— Онда неге еркіндеп жүр ол. Онда неге мен сияқтыларды
шырматып қоясыңдар? Неге ұстамайсыңдар?
Білесіңдер, бірақ түк істемейсіңдер! - Балта ашулана бастады.
— Ал сіз оның кімдермен байланысты екенін сезбейсіз. Біз...
милиция оны баяғыда-ақ отырғызар едік бірақ оның өз адамы бар ана
жақта... жоғарыда... — деп Серегин иегін көтерді.
— Болса ше? Соның өзін қоса қамасын.
— Мен де солай ойлағам. Стрельдовты шығарып жібергеннен бері
ол ойымнан айныдым.
— Стрельдовың кім?
— Милиция майоры. Тергеуші. Сондай принципшіл адам еді...
Аналар ақыры қуғызып тынды, — Серегин қайтадан темекі тұтатты.
— Қайда қуды?
— Алдында жұмыстан жай шығарып жіберген. Қазір пара алушы
деп өзін істі қылды. — Серегин түтінді аузы-мұрнынан ытқытты да,
күрк-күрк жөтелге басты — Организм қабылдағысы келмейді. Ал
түтінсіз қақиып тұра берсең, қабат-қабат киінсең де, сүйек-сүйегіңді
суық сындырып жібере жаздайды. Стрельцовты отырғызып қойды.
— Бұл араға пост қоймаса қайтер еді?
— Қажет. Өте маңызды адам!.. Сонсоң, Балта Мұқатович, инструкция
бойынша бізге бейсеубет адамдармен көп сөйлесуге де болмайды.
— Жарайды, Серегин жолдас. Ишаратыңды түсін- дім. Бір ғана
өтініш. Сен мынау үйдегі бір қызды... өзі студентқа, соны білесің бе?
— Бұл үйде студентка көп. Сіздің айтпағыңыз Сəуле ғой. Оны өте
жақсы білем.
Балта таңдана қарап тұрып:
— Сен оны қайдан білесің? — деп қадала сұрады.
— Сіз Сəулені екі-үш рет əкеліп салғансыз. Ал, Сəуле... сондай
тəртіпті қыз. Анау еркетотай балаларға ұқсамайды. Бұрын үйінен
шықпаушы еді... Енді...
— Немене "енді?"
— Сіз, Балта Мұқатович, Сəулені əурелемеңіз. Сəуле ондай емес.
Бекер обалына қаласыз.
Балта қалшылдап кетті.
— Оны сенен сұрамаймын. Ол — менің өз шаруам!
— Сұраймыз, Балта Мұқатович, біз сұраймыз. Сіздің жеке шаруаңыз
емес. Қателесесіз. Адам тағдыры бəрімізді де ойлантуы қажет. Ал, сіз...
— Ал, мен... Айт, бүкпе!
— Ал, сіз тіркелмеген үйде загске отырмаған əйелмен тұрып
жатырсыз. Енді мына Сəулені...
— Сен жолдас милиционер! Өте маңызды адамды қорғауыңды біл!
Басқа жерге араласпа! Адам тағдырын кейде екі-ақ адам шешеді. Екі-ақ
адам! Өздері ғана!
Балта бұрылып жүріп кетті. Қоштасқан да жоқ. Ашумен
дірілдегенде, көмейінен лықсып ауыр күрсініс ақтарылды.Науқас
жанның қиналған ыңқылындай күрсініс еді ол. Жанының ауырғаны
рас болатын. Бар шындықты өзінен жас адамның аузынан естігенде,
қарсы дау айтқан болғанмен, іштей жасып, жуасып қалғаны да анық
еді. Бірақ өзімшілдік дейтін бетпақтық ашу шақыртып, денені қалшқалш дірілмен буып алды.
"Əліне қарамай ақыл үйретпек маған. Ол кім соншама. Бар болғаны
өте маңызды адамның үйінің жел жағындағы күзетшісі ғана. Ал, ол...
жер кіндігі қолында тұрғандай шіренеді... Сəуледен аулақ жүр деуге
қандай қақысы бар? Кімнің кіммен кездесуін енді милиция шешетін
болған ба... Ақылгөйсіп, танау шүйіргішін... Тіркелмеген үйде тұрсам
ше... Сол да қылмыс па? Анау Барақтың небір махинацияларын біліп
отырып, тайраңдатып қояды. Мықтының қамқорында дейді. Сонда
мықтының қамқорындағы қылмыскер ойына келгенін жасауға рұқсат
екен ғой. Сонда милиция өте маңызды адамнан басқа жұртты қорғамай
ма? Анау Барақтардан, Магомедтерден құтқармай ма?
Сəулені менен айырмақ... Əу, мен оны сүйсем ше?"
Балта қалт тоқтады.
"Сүйем бе?!"
Осы ойынан əрі қорықты, өрі қуанды. Өзінен де, өзгеден де жасырып
жүрген сыры осылай оп-оңай ашылар деп күтпесе керек енді жүрегі
атша тулап, əлгіндегі бар ашудан ада болды. Сол-ақ екен көз алдына
Сəуленің кең үлкен көздеріндегі қуақы күлкі елестеді. "Нағашы, түн
қатып неғып жүрсің? Жеңгем жалғызсырап қалды ғой". Сəуле айта
берсін. Сəуле қағыта берсін. Балта бұдан былай бəріне де төзеді.
Бəріне де көнеді. Өйткені Сəуленің осы дүниеде барлығы, мынау
əсем қаланың сызды, иісті техникалық қабатыңда тұруының, өмір
сүруінің өзі жүректі реніштен құтқарып, шарқ ұрып аласұрған көңілді
рахат күйге бөлейді.
Балта қафені де ұмытты. Дмитрий Серегинді де, оның ақылын да
ұмытты. Ерсілі-қарсылы көше кезіп, түнгі қысқы қаланың аяқ астынан
өзгеріп, асқақтап, əдеміленіп кеткен көркінен көз айырмайды.
Түн дыбысы əрқилы. Күндізгі шудан мүлде өзгеше. Түн қимылында
қарбаласы аз. Бұлтсыз қаракөк аспанға бойлай серейген биік үйлердің
əр түспен көз ашқан терезелері — тілеулес жанарлардай. Дəл осы іңкəр
түнді бұрын қалай байқамағанына таңырқаған Балта қар бүркенген
шыршалардан соншалық бір тазалық сезіп, жарық шағылыстырған
бұтағына мейірлене қадалады.
"Қандай əсем! Əрі тыныс кеңітердей таза ауа! Таудан жұпар
құйылғандай! Түнгі Алматы мүлде өзгеріп, мүлде əйбаттанып, нəзік
көркемдікпен құлпырып кетеді екен-ау! Мəн бермейміз. Көз
алдымыздағыны көрмейміз. Елемей асығып жүргеніміз".
Əрине, қала өзгерген жоқ еді, өзгерген Балтаның өз көңіл күйі еді.
Көкірекке қуаныш əкелген жанға деген ындыны ауған, көңілдің
құлаған бейілі еді.
— Нағашы! Əу, нағашы, ұйықтап кеткеннен саумысыз?
Сəуленің ашық үнін, ашық үніне ілесе шыққан сыңғыр күлкісін
естігенде, Балта ұшып кете жаздады.
— Сəуле! Сəулетай! Өзіңбісің?! — деп қуана қарсы жүрді.
— Енді кім деп едіңіз, өзім болмағанда. Мұнда не ғып тұрсыз,
нағашы-ау?
— Өзіңді тосып... Тосқанда... бұзақылар көп, — деп Балта
күмілжігенімен көзі Сəуледен айрылмайды. Сəулені көргеніне де,
Сəуленің жалғыз келгеніне де мəз. Сəл қызарған екі беттің ұшы өзіне
қызыға қадалған көздерден қымсынып, алаулап кетті. Қос
самайындағы будырап шығып тұрған балапан шашын екі алақанымен
сипалап, Сəуле жігіттің əлгі сөзіне енді ғана мəн беріп, тылсым
қуанышқа шым-шым шомды.
"Мені тосып тұр. Мені! Бұрын ешкім тоспайтын. Бұзақы балалар көп
дейді. Бұрын да көп болатын. Бірақ бұрын мені ешкім күтпейтін.
Іздемейтін. Ал бұл... Нағашым!.. Нағашы ма? Нағашы ғана ма?.. Əлде тек
нағашылық ретпен қамқорлық танытатын шығар. Жұбайы сұмдық
керім! Еркектер түгіл мен түр-тұлғасына ғашық бола жаздағам.
Майсара тұрғанда"...
Майсара асу бермес бөгетке ұқсап кетті. Қыз жүзі əп-сəтте жабырқау
тартып, қызғылт түс лезде өшіп, жабығыңқы өң суық сорғандай бозара
қалды.
— Сəулетай, не болды? Жаурадың ба? Түсің қашып кетті ғой, — деп
Балта өзгерісті қапысыз байқады.
— Сіз сонда мені тосып жүрдіңіз бе? Əлде күзетіп жүрдіңіз бе?
Сіздікі соның қайыссы, нағашы?
— Сəулетай-ай, адамды қинадың-ау. Күзетті дейтінді қайдан
шығардың... Өзіңді... тентек балалар мазалай ма деп... Олар ештеңеден
тайынбайды. Əйтпесе күзетшідей бағып қайтем...
— Тентек балалар болмаса, келмейді екенсіз ғой, Нағашы.
— Жоқ, Сəулетай! Сенің жалғыз жүргеніңді ойлағанда... Қазір
қыздарға түнде жалғыз жүру қауіпті... Ойлағанда жаным түршігеді. —
Балта абдырады. Екі қолы жазыла əуеде асылып қалыпты. Жігіттің осы
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.