Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33

Total number of words is 1243
Total number of unique words is 856
41.2 of words are in the 2000 most common words
55.7 of words are in the 5000 most common words
63.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бикештер қауымы бұлданып бітеді". — Мен сені сондай көргім келеді,
Ритуля.
— Бүгін бе?.. Жо-жоқ! Мүмкін емес. Үйде кісілер бар. Қонақтар...
— Ендеше ертең! Рита, сен маған сондай керексің. Керексің,
Маргарита — Рита! Өтінем!
— Жарайды...
— Онда "Алматы" ресторанының алдында сағат үште.
— Жұмыс ше?
— А-а!.. Иə, ертең жұмыс күні екен ғой сендерге... Беске келе аласың
ба?
— Көрейін... — Телефон үзіліп кетті.
Балта өзіне-өзі ырза. "Ұшып келеді. Білем ғой оларды. Ол
дегендерің, бикештер қауымы, еркектер сияқты емес, тұрақты. Бір
ұнатқанын ғұмыр бойы ұнатып өтеді."
Балта лаборатория меңгерушісі болғаннан бері жұмыста көп
отырмайды. Енді оның кітапханада белгілі орны бар. Сол сылтаумен
түстен кейін институттан табылмайды.
Кешкі Маргаритамен кездесуге қатты дайындалды. Шаштаразға
кіріп прическа жасатты. Майсараның жабық магазиннен əперген
шетелдік жилеті мен костюмін киді. Арнайы тіккізген жұқа пальтосын,
пальто түсіне сəйкес шляпасын киді.
"Қайда апарсам екен? Мұнда — əкелсем, сөз жоқ, мұртты апай көріп
қояды. Оның сергектігі ғаламат. Қайда апару керек ə. Ғазиз
Құлтановичтың "Саятындай" қаланың сыртынан саяжай салғызсам...
Несі бар, салғызамыз. Майсараға құлаққағыс етсем... көңілімді табу
үшін өзі-ақ орындатады. Ал, бүгін, қараңғы түскенде Ритуляны
жетектеп жетейін..."
Ресторан алдында біраз тосып қалды.
"Əй, бұл неге кешікті. Бұлданғаннан сау ма? Өзіне көзім түскеніне
қуанудың орнына, кергіп, кердеңдік танытпақ па. Ерегіскенде көрген
бойда "рақмет, енді уақытым жоқ!" деп тайып тұрсам қайтеді. Əй,
жүгірер еді соңымнан. Мен оның өзіме деген ынтықтығын білем ғой.
Сүйек дəметкен иттей мөлиеді ол сонда. Не дегенмен тұлғасы керім
өзінің. Əсіресе аяқтары түп-түзу! Серпіні қатты болар!"
— Көп күтіп қалдың ба, Балта Мұқатович? Сəламатпысыз. —
Маргаританың қай жақтан сап ете түскенін байқамай қалған Балта
қыздың сондай өзгеріп, көріктеніп кеткеніне қатты қайран қалды.
— Ə-ə, сə-ə-лем, Рита-Маргарита!.. Мен бе? Жоқ. Көп күткен жоқпын.
Өзіңді көп күтсе несі бар. Сендей сұлу қызды үнемі тосуға бармын.
— Керек емес, Балта Мұқатович.
— Не керек емес?
— Мұндай əңгіменің енді маған қажеті жоқ.
— Неге, Рита? Мен сені... сені түсімде де көретін боп жүрмін. —
Балта қыздың қолынан ұстамақ болып еді, анау тартып əкетті.
— Себебін білесіз, Балта Мұқатович. Ал, мен керісінше, түсімде сізді
көрмеймін.
— Көзден кетсе, көңілден болар ғайып демексіз ғой...
— Білмеймін... Ендігі көңілімде басқа адам...
— Ол басқа — анау сүмелек Қадірбек пе?
— Иə, Балта Мұқатович! Сіздің оған тіл тигізбеуіңізді өтінем, — деп
Маргарита қадала қалды. Көзі ұшқындап, танаулары қусырылып,
қаймыжықтай жұқа еріндері сəл ашыла аппақ тістерін жарқыратты.
Тартынған сайын, шегінген сайын Балтаға ұнап барады.
"Тап бүгін төсіме баспасам ба!.. Əй, менде де көз бар деп... Ай қарап
жүргем бе? Мынау мынау түс, мынау тұлға шынымен-ақ Қадірбекке
бұйыра ма? Аузының салымдысын шіркіннің! Қимылда, Балта! Бас
шабуылға! Қыз бен қамалды төпелеп алатын!"
— Кешір, Маргарита! Ол жігітте жұмысым жоқ. Бірақ, менің өзіңді
еш ұмыта алмайтынымды білесің ғой. Дүниенің бəр-бəрі алдамшы
екен. Өзгермейтін сезім ғана! Сенің қимылың, сенің бейнең, Ритуля,
сенің тұлғаң, сенің мінезің, Ритуля, үнемі көз алдымда тұрады да
қояды. Сенің жымиғаның, Рита, сенің күлімсірегенің, Рита, сенің
күлгенің, Рита, ешкімге ұқсамайды. Сенің туралығың, Рита, сенің
максималистығың, Рита, сенің ақжүректігің, Рита, еш адамда
кездеспейді. Өкінішім, Рита, осының бəрін кеш сезіп, кеш ұғуым. Бірақ
сезімім, өзіңе деген ұмтылуым алдамайды.
Маргаританың ұзын кірпіктері жыпылық атып кетті. Саусақтары
сəл дірілдеді. Ақ сұр жүзге қызыл толқын жүгірді. Соларды қапысыз
дəл баққан Балта, қыздың қолтығына жармасты да ерте жөнелді.
"Қолымды қаққан жоқ. Ресторанды қайтем. Онан да бірден үйге
əкетейін. Міне, қараңғы түсіп те кетті. Əй, оңбай түсірдім! Буын-буыны
босап сала берді-ау! Əлі де үмітті екен менен. Жол болды!".
Қараңғы көшеге жете бере тоқтады да, кілт Маргаританы қаусыра
құшақтап, ерніне ернімен жабыса бергені сол еді, кеудесінен қыздың
жұдырығы түйіп кеп жіберді.
— Жауыз! Жыртқыш! Айуан!
— Оу, Рита, саған не болды?!
— Мен сенің аярлығыңды сезбеді, білмеді деп пе едің, Балта
Мұқатович! Əлде сенің бұлбұлдай сайрағаныңа сеніп қалды деп пе
едің? Сенің қап-қара жүрегіңді мен баяғыда-ақ көргем. Сен — нағыз
алаяқсың! Сен — тасжүрек опасызсың! Саған қасиетті ештеңе жоқ. Сен
анаңды да саттың. Сен махабатты да саудаладың. Сен достықты да
айырбастадың. Сен, реті келсе, отаныңды да оп-оңай сатып кете
бересің! Сенің өзіңнен басқа сыйлайтын да, қадірлейтін де,
қастерлейтін де адамың жоқ, Балта Мұқатович! Сондықтан да сен
мəңгілік жалғызсың. Сенің дертің, сенің жауың — жалғыздық болады.
Сен де дос та, туыс та, сүйіктің де қалмайды. Ал, енді, cay бол, Балта
Мұқатович!
Маргарита тық-тық басып ұзап барады. Сілейіп тұрып қалған Балта
анау қызбен тазалық пен адалдық енді біржола бірге кеткендей
қынжыла күрсінді.
Көше кезіп келеді. Осыдан бір жылдан сол көптеу бұрын дəл осылай
көше кезгенде анау терезелерге қызыға қарайтыл, қызғана қарайтын.
Қазір өзінде бəрі бар. Пəтері бар, ордерға тіркелген заңды пəтер
жалдаушы. Машинасы бар. Ғылым кандидаты дейтін атағы бар.
Қызметі өсті. Ақшасы жетеді. Əне, тумай жатып аты қойылып та
қойған баланың əкесі де болғалы тұр. Бірақ көңілі неге қоңылтақсып
келеді? Неге жаны тызылдап ауырып келеді? Əлде Маргаританың
шындықты бетке айтқаны шымбайына батты ма? Анасы қайда? Енді
қайтып маңдайынан сипап, еркелете алмас сол ананы тəрк етіп кеткені
өтірік пе еді? Əлде шешесінің дүниеден ертерек көз жұмуына бұның
өзі себепші болған шығар? Кешірім сұраған əлсіз үні жер астына жетер
ме енді?
Жарқын қайда? Қол ұшын созып, туған ағасындай қамқор болмап па
еді. Онымен де жауығып кеткені рас қой.
Василий Сергеевич... Вася атай. Орны бөлек-ау. Адам адамға дос,
туыс дегенді танытқан үлкен жүректі қарияны да жерге қаратып, қақ
жүректен қанжар салғандай болыпты.
Сергей, Қадірбек Маргарита... Үнемі шұғыла шашатын жазғы шығыс
көкжиектей-ау! Сол көкжиекке де бұлт шақырған əбестігін кім
кешірер.
Əділет деп шырылдаған Бектемір, қапастан шуаққа талпынған
Сəуле. Тұңғиықтан қол созған біріне бұрылмай өтіпті. Бірін тұңғиыққа
итеріп кетіпті.
Қара түнектен Барақ, Магомед, Мақан, Ғазиз Құлтановичтар қапқара боп серейеді...
Балта ілбіп басады. Қылауытқан түйіршік қар бетіне, мойнына
қарып қадалады.
Таразының қос табағы. Бірінде Вася атай, Бектемір аға, Жарқын мен
Сергей, Қадірбек пен Маргарита. Олардан да ап-айқын жетімсірей
күлімдеген мұңлық анасы. Екінші беттен Ғазиз Құлтановичтың
жымысқы күлкісі шалынады. Мақанның қалың қабағы, Барақтың суық
отты қарасы, Магомед, Кержік-Коля, Уайстердің сұлбалары төнеді.
Етекте төменде Сəуле мен Майсара қалғандай. Осы екеуі қай тұсқа,
қай табаққа жүз бұрар деп əуестене көз тіккен өзін екі табақтан таба
алмай əлек.
Қылау — өткір. Ашық жерге тіліп тиеді. Жағасын көтеріп еді,
болмады. Енді дəл маңдайдан ескен желмен көз аштырмастай.
Балта үйіне əрең жетті.
Есіктен кіргені сол еді, телефон, жүз жиырма сомның аппақ
телефоны мияулап қоя берді.
Трубканы асығыс көтерді.
— Алло!.. Майсара керек!
Ғазиз Құлтановичтың даусын таныды.
— Сəламатсыз ба, Ғазеке! Майсара жоқ.
— Ол қайда-а? — Дауыста бұрынғы зіл жоқ, дауыста бұрын
кездеспеген діріл бар екен.
— Майсара ауруханада.
— Солай ма? Сен Балтамысың?.. Əй, Балта, айрылып қалдық қой!..
Леонид Ильичтен айрылдық қой!..
— Кімнен? Кімнен дейсіз?
— Брежневтен! Леонид Ильичтен!.. — Дауыстағы дірілдің өксік
екенін Балта енді ғана ажыратты.
— Қалай?
— Бүгін қайтыс бопты. Енді не істейміз???
"Енді не істейміз?" деген үлкен үрейлі сұрақпен трубкадағы дауыс
үзіліп кетті.
"Енді не істейміз? Маған бəрібір" деп Балта состиып тұрып қалды.
ТҮЙІН
Даланың бұралаң-бұлтарысы мол қара жолы ащы ішектей
шұбатылып жатыр. Жоғалмайды ол. Жазда шаң шұбыртып, қыста қар
үйіріп өрден ойға еңістейді, ылдидан беткейге шапшиды. Талай
ауылдың үстінен, талай қыстақтың ортасынан, талай зираттың
қасынан өтеді. Даланың кедір-бұдырлы қара жолына талай əйнек
сығырая қадалады. Талай терезе мөлие тесіледі. Талай бала үміттене
қарайды.
Табан таңбасы, дөңгелек ізі, тұяқ мөрі қара жолдың таусылмас,
үзілмес шежіре əнін айтып жатыр, шежіре сырын шертіп жатыр. Ол əн,
ол сыр — Мəңгілік жыры. Ал мəңгілік жырының алтын арқауы —
еркіндік пен теңдік тазалық пен сұлулық.
Даланың қара жолына кешегі сарыбала — бүгінгі жігіт Балта шыға
алама? Атқан таңға мəдақ айтқан бозторғай əнін тыңдай алар ма? Сол
атқан таң, шыққан күн, сайраған əн — мəңгілік өмір симфониясы
екенін түсіне алар ма ол?
"Біз — құл емеспіз!" дейді даланың қара жолының үстіндегі адам.
"Біз — құл емеспіз!" дейді дала төсін тіліп өткен қара жолмен
жүйткіген жолаушы.
"Біз — құл емеспіз " дейді даласындағы қара жолымен маң-маң
басып бара жатқан қарапайым қазақ.
"Біз — құлмыз ба, кімбіз?" дейді мəңгі таусылмас сұрақ.
Даласының сол қара жолымен Балта енді жүре алар ма? Қара
жолдан ауып кеткен табаны қайтадан майда топырақты
жалаңаштанып баса алар ма?
Август 1985 жыл —
январь 1987 жыл, Алматы.

You have read 1 text from Kazakh literature.
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33