Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29

Total number of words is 4074
Total number of unique words is 2334
32.0 of words are in the 2000 most common words
47.0 of words are in the 5000 most common words
55.3 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бері тартқа салғандай. Қай қақпаға қол созып, қай өткелге тірелер ол
таңдау Қатира еркінен тысқары бір құдірет уысында сияқтанып,
еріксіз жүрек суылдатты. Дəл қазір күнəға батқан міскін жанның сол
күнəсі кешікпей жалпақ жұртқа жария болатынын сезінуден ауыр жан
азабы қалмап еді. Содан ба өмір-өлім табалдырығында тұрғандай өз
арымен бетпе-бет келіп, сол шаң жұққан, кір басқан арын тазалай алар,
арашалай алар қауһар таба алмай қатты күйзеле жүрексініп, ағыл-тегіл
еңіреді. Арқа сипар алақан іздеген баладай қыстыға жылап, бар ашуын
көз жасынан алатын ұрғашылығына бағып, айдалада дауыс сала
аңырады.
Қатира жылап-жылап басылғанда, қарсы алдындағы бұтада
қонақтап отырған торғайды көрді. Кіп- кішкентай екі нүктекөздерімен үркіп-сескенбестен бұған қадалып қалыпты.
Қатира алғаш онша мəн бермеп еді, сəлден соң анау өзіне кəдімгідей
тесіле қараған жұдырықтай жан иесінен əжептəуір ыңғайсыздық
сезінгендей болды.
"Неге қадалып отыр? Жылағанымды қызық көре ме? Жылағанымды
қаламай ма? Шынымен осы торғай да бірдеме сезіп, түйсіне ме?"
Қатира қолын көтеріп сес білдіріп еді, торғай мыңқ етпеді. Қайта
кішірек қара көздері одан сайыл үлкейіп, енді буған бажырая
қарайтын сияқтанды. Қатираның кеудесіне күдік енді.
"Əй, мынау тегін емес. Торғай — үркек құс қой. Бұл неге үшпайды?
Əлде бұл құс емес пе?"
"Құс емес пе?" Діни наным-сенімдерден бұрын аулақ болатын.
Əлгіндегі өлім-өмір айырығында тұрғандай жат сезімнен əлі де айыға
қоймағандықтан ба, ойында əртүрлі ертегі-елестер дүркіреп өте
шықты. "Адам өлгенмен рухы, жаны өлмейді екен. Ұшқан құс, жүгірген
аңға ауысады екен" дейтін бір наным бой көрсетті. Сол-ақ екен енді
торғайға қадалған көзде басқаша қарас тірілді.
"Құдай бар ма екен? Бар болса мынау торғайды маған əдейі жіберіп
отыр ма екен? Əй, жіберуі де мүмкін-ау. Қиналған, жүдеген, тарыққан
əйелге жебеуші болсын десе, сол нəрседен ексім етіп, нышан білдіретін
шығар. Мынасы онда анық сол белгісі. Қарашы, нүкте-көздері кісіге
сыр шерткендей қадалады-ау. Тегін емес. Құдайтағала бар! Бар!"
Қатираның денесі дірілдеді. Аптабы қуырған далада отырып
қалшылдағанына өзі де қайран болса да, енді мынау шексіздікте өзінің
жалғыз емес екенін сезінді. Өзінің панасыз, қорғансыз қалмағанына
көзі анық жеткендей біртүрлі арқаланды. Сонау сұрғылт аспанда
шаңытқан жалқын күнге сығалай қараған көздерде үміт сəулесі
жылтырады.
"Көрген де шығар қасіретімді. Жеткен де шерім Жасағанға. Қашанғы
жылата берсін. Жасымды ием десе қиын ба тəңірге. Жіберді де бір
періштесін торғай қылып. Разымын, хақтағала! Алданған бір
күнəкарыңды өзің кеш, өзің қолда. Өлімнен қорықпаймын. Өмірден де
онша түңіле қойғам жоқ. Қия алмаймын. Жарық дүниенің жұғым
ауасын қиып кете алмаймын".
Торғайға қадалған көздері кең ашылып, үміт пен күдік тайталасына
айналған кеудесінің толқынын баса алмай қыбыр етпей қалыпты.
Өмірдің мəн-мағнасынан адасып, ыстық-суықты ажыратпас мəңгүрт
күйге түскенде, саңлауланып елес берген тірлік майшамындай болып
қарсы алдында қонақтап отырған титімдей ғана құс ой-бойдың
қарманған талшыбығына айналды.
Не істеу керек? Не істеу керекті енді Қатира шешпейді. Қатира үшін
қаракет ететін құдірет бар екен. Шырылдаған жанын енді күнге
қақтап, аязға тосып, өзін-өзі жазалап əуре болмайды бұрынғыдай.
Ендігі сиынары да, сүйінері де, сүйенері де бөлек. Бөлек! Аяқ астынан
ғайып сынды белгісіздіктен ишарат білдіріп, көрініс берген мына
қайырымдылыққа ғұмыр бойы бас шұлғып өтер. Өзгерді-ау! Бүкіл ішкі
дүниесі жаңғырғандай, жаңарғандай сезіліп, түнегі түріліп сала берді
емес пе. Енді мүлде басқаша тірлік кешіп, мүлде басқаша жақтан үміт
саууы қажет.
"Бар екен-ау, құдірет! Тыңдамай, көрмей əрі саңырау, əрі соқыр боп
келіппін. Ашылды-ау көзім! Өзімізді өзіміз алдап... Неге алдаймыз?
Құдіретке сенбей, жақсылыққа иланбай, шарапат күтпей, бір-бірімізді
жұлмалап жеп, көзбен атысып сұп-суық боп өткенде не табар едік?
Құдіретті жоғалтқанда, жоқ еткенде мынау арамдық, жауыздық
қаптаған төңіректің сескенер, үркер ешкімі қалмасын, ұры ұрлығын,
жауыз қастандығын, һаяр алдауын, сұмырай сұмдығын жасай берсін.
Ештеңеден алаңсыз ешкімнен, еш құдірет-тəңірден, еш сенім-пиғылдан
тайсақтамасын дей ме екен? Ондай үрдістің қажеті қанша? Өзіміз
келдік қой ештеңеге иланбай, сенбей. Мазақтарымыз — молда,
сынарымыз — дін. Сонда адам ойын екшеп, тежеп, реттеп отырар
сенім-нанымнан ажыратқан құбылыстың пəрменділігін кім анықтар?
Шынымен пəрменді ме?
Жоқ! Құбылам өзгерді! Бар екен құдірет! Бар екен!"
Кішкене торғайдың құлағына ештеңе барған емес. Ыстықтан
шаршап келіп, көлеңкеде саялап отырысымен-ақ бір адамның бүкіл
ішкі əлемін төңкеріп тастағанымен мүлде шаруасы жоқ еді. Бірақ
Қатира көзіне... жаны шырылдап өлім-өмір шекарасында тұрған əйел
көзіне ол Құдірет-тəңір, əлде Құдырет-болмыс, əлде Құдірет-табиғат
нышанындай болып көрініп еді. Одан сайын барлық жан дүниесімен
емінген əйел сəт сайын бойын құрсаған азабы мен дозағынан
айрылып, ажырап, босап бара жатқанын сезінгенде, біртүрлі
есеңгіреген күймен өзі де атап айта алмас, бірақ қуаныш, сенім жəне
үміт атты үнемі аңсар адамзат ынтығының өз ішінде туып, ұлғайып
бара жатқанын қапысыз білді. Суық шалған жүрек тоңы жібігендей
шүп-шүп мейірімге толды.
Күдігі құрысын. Өзін-өзі жегідей жегізетін арадай ызыңдаған
азапты ойлар əдірем қалсын.
Қажытқан күндердің есесін шел далада бой жазған көк теректей
жан тыныштығы ғана толтырсын. Алдан адам тек үміт күтуі керек. Сол
үміт - Құдірет пен пенденің арасын жалғар жіп, қосар көген. Тəңірдің
өзі адамға қол созса, онда үміттің үзілмегені, сенімнің жоғалмағаны.
Аясы кең алақанымен пендесінің жанын сипаған Құдіреттен көз жазуға
болмайды. Ендігі іздері, аңсары, тілері осы тілек қана. Адаспас. Мақаны
да, Мақан зорлығы да тоқтата алмас. Ерік-ырық бұдан былай
Құдіреттің қолында. Не істесе де, өзі бұйырады.
Торғай пыр етіп ұшып кетті. Орнынан жалма-жан атып тұрған
Қатираның екі қолы ілгері шошаң еткен еді, аттай берген аяғының
тізесі бүгіліп, қиралаң етіп құлап түсті.
Əйел есінен танып қалды.
2
Қызыл велюр көйлегін, қызыл атлас астарлы ақсұр пальтосын,
ақсұр шляпасын, ақ сафиян жұқа жеңіл етігін киіп есік алдына шыққан
Майсараны көргенде Балтаның аузы ашылып қалды.
"Түу, сұлу, сұлу-ау, Май! И вкусы қандай! Нағыз королева! Одан да
артық! Қандай кербез! Өзіне ғана жарасатын əсем жүрісін айтсайшы!"
Балта машинасынан түсіп қарсы алды. Қолын ұсынып амандасты.
— Сəлем, Май.
— Есенбісің, Балта. Отыр. Кешігіп қаламыз.
Майсара жол бойы ыңғай білдірген жоқ. Кеше кешке дейін
Майсараның үйін төңіректегенін Балта, əрине, айтпайды. Сəулемен
кешке Ленин сарайының алдында кездеспек болғанын, бірақ қызға
кездесуге бармағанын əрине айтпайды. Алдыңғы күні Ғазиз
Құлтановичке барамыз дегеннен бері ол мықтымен не туралы
сөйлесуді Майсарамен ақылдаспақшы болғанын да айтпайды. Айта
алмайды. Өйткені мынау Майсараның айбыны асқақ, мысы басым. Қол
жетпес биікте тұрғандай. Қайта-қайта ұмсынғанымен əңгімені неден
бастаудың жөнін таппай өзіне өзі іштей ұрсып келеді.
Қаланың сыртына шыға берістегі айналма бұрылыста Майсара
"ілгері тарта бер" деген еді, Балта соны ілгешек етпек болды.
— Ілгері тартармын-ау, мен, Май. Түптің түбінде жалғыз қалып
жүрмеймін бе?
Майсара жігітке бұрылып, қысылып-қымтырылмай ұзақ қарады.
— Ол өзіңе байланысты. Серік іздеген адам ұзақ дайындалады. Ұзақ
ойланады. Ұшып-қонбайды.
"Ұшып-қонбайды" дейді. Сонда мені көбелек демексің ғой гүлден
гүлге ұшып қонған. Оның да рас. Енді өйтпеспін".
— Енді өйтпеспін... ұшып-қонбаспын, Май.
— Оңға бұрыл.
— Ə-ə!.. Оңға бұрыл деймісің? Иə-иə. Түу, өтіп кете жаздағаным-ай!
Май, қай нəрседе де керекті жерінде тоқтап, керекті тұсында бұрыла
білуге не жетсін. Өзің сияқты жөн сілтеп отыратын қасыңда ғұмырлық
серігің болса ғой сондайда, - деп енді Балта қырындай қадалды.
— Көзіңе қара! Шлагбаум болады қазір.
— Шынын айтып отыр! Əй, Бал, Бал! Мен сені түсінем ғой. Əйел
жолы — жіңішке. Шыдаймын əлі. Шыдай тұрам. Тек өзің енді
айнымашы. Азбашы, Бал! Енді адассаң, онда мүлде адасасың. Жолымыз
ешқашанда түйіспейді онда, Бал! Мен саған жол сілтемей-ақ, етегіңнен
ғана ұстап ілесіп өтсем, армансызбын дер едім-ау, Бал! Енді қинамашы!
Қинамай ғана өзіме біржола оралшы, Бал! Оралсаң ғой, Бал!"
Машина шлагбаумға жетіп кідірді. Машинадан басын шығарған
Майсараны таныған милиционер шлагбаумды көтерді. "Жигули"
бірнеше тосқауыл, қақпадан өтіп екі қабат үйдің есігіне жетіп тоқтады.
— Соңымнан ілес, — деп Майсара ілгері озды.
Бір есіктен бір есік. Бір бөлмеден бір бөлме. Бірінен бірі өтеді. "Мың
бір түннің" ертегісіне кіріп кеткендей болдым-ау. Неткен байлық. Аяқ
астындағы қалы кілемнің түгі тобығыңды сипайтындай-ау! Хрусталь
люстралар! Хрусталь бралар! Əй, Ғазиз Құлтановичтың саяжайы
мынандай болғанда, басқа дөкейлердікі қандай болды екен, ə? Ғазиз
Құлтанович не дер екен? Мен не дер екем? Осы кездесу — менің
ғұмырымның ең бетбұрыс кезеңі. Не олай, не бұлай шығаратын
жолайырық. Құлдырасам да, шарықтасам да - бүгіннен басталады сол
өзі. Адам үмітпен семіреді. Жақсылыққа көрінгей. Менен де нашарлар
шіреніп-ақ жүр ғой жер құдайыңдай боп. Солар қай бір асқан білімімен,
орақ ауыз, от тілімен озып жүр. Ғазиз Құлтанович сияқты "домкрат",
"крандарымен" көтерілгендер ғой. Маған да кран керек. Бір ғана
екшеп, қолтықтап жіберсе... Майсара -мықты қатын... Əй, Қуандық
ақынның осы өлең жолы аузыма қайдан сап ете қалды? Əрине мықты
келіншек ол. Ақыл да, көрік те, мінез де бар өзінде. Бұрынғысын
тексеріп қайтем, ал менімен кездескеннен бері маған адал. Оған көзім
жеткен. Əлі де солай. Бірақ өкпесі бар ма, суықтау. Ал Ғазиз
Қултановичпен кездестіруі..." Майсарамен соқтығысып қалды.
— Еңсеңді түсірме, — деді Майсара жымиып. — Қазір, мына кең
бөлмеде кездесеміз онымен...
Жарма есік сықырсыз ашылды. Екеу ішке кірді. Кең ас бөлме —
қонақ бөлме екен. Көзге ортадағы ұзын стол мен, төбедегі үш үлкен
хрусталь люстра бірден шалынады екен.
Майсара столдың бір шетіне жайғасты да, қасына Балтаны
отырғызды.
Сəлден соң ішкі жақтан есік ашылды да, Ғазиз Қултановичтың өзі
кіріп келді. Балта, əрине, оны қапысыз таныды. Газеттегі суреттерінен,
теледидардағы бейнесінен гөрі жастау, сымбаттылау көрінді.
— Ассалаумағалайқум, Ғазеке!
— О-о, нағыз қазақ! Сəлем, Балта, сəлем, — деп Ғазиз Құлтанович
қарсы ұмытылып қос қолын бірдей созған жігіттің алақандарының
арасына оң алақанын сұқты да, сол қолымен иығынан қақты. - Қане,
қане, көрсетші өзіңді! Біздің Майсараға лайық па екенсің? Иə-иə... Бірбіріңе сай екенсіңдер. Тату-тəтті болыңдар. Осылай біздерді үнемі
сүйсінтіп өтіңдер. Ал, отыр, Балта.
Стол үстін жасап қойған екен. Сөйткенше даяшы келіп əрқайсының
алдындағы үш кішкене Рюмкаға коньяк құйып, тəрелкелерге тамақ
салып кетті.
Ғазиз Құлтанович ыдысын көтерді.
— Еңбекшілердің... дүниежүзілік еңбекшілердің бірлігінің
символындай май мерекесінің үстінде отырмыз. Мейрам құрметіне
ырым жасайық, - деп ыдысын ілгері ұсынды. Майсара мен Балта
ыдыстарын қағыстырды.
Сəлден кейін-ақ Балта алғашқы қысылуынан арылды.
"Əй, алды кең адам-ау! Қандай кішіпейіл! Ешқандай тікірею,
шікірею жоқ. Үйіріп-ақ алды. Жақсыда жаттық жоқ рас-ау. Əйтпесе,
мынандай биікке көтеріліп, билік құра ала ма".
Балтадан не істеп, не қойғанын сұрастырып, көп жайды біліп алды.
— Тақырыбың жоқ дейсің əлі. Ол болмаған екен. Жарайды, Балта. Ол
енді жөнделетін шаруа. Академия президентімен сөйлесейін. Сенің
салаң бойынша дайын тұрған диссертация болса, саған бергізейін.
Қорғау қиын емес.
Балтаның аузына сөз түспеді. Басын құр изей берді.
— Тез қорғап алсаң, жаңадан бір лаборатория ашармыз, соған
меңгеруші етіп тағайындаймыз. Ал, докторлықты қолға алу, өзің...
өзіңнің бұдан былайғы əрекетіңе қарай бола жатар, Балта. Келістік пе?
— Ке-ке-келістік...
— Кел, оңда, уəдені хрусталь сыңғырымен бекітелік.
"Сонда қалай, дайын диссертациялар болғаны ма?
Апыр-ай, менің əлі де білмейтін нəрсем көп екен ғой. Ғазиз
Құлтанович неткен алғыр. Менің жеті қырдың астында жер түбінде
деп жете алмай жүрген арманымды оп-оңай қолыма ұстата салды-ау.
Бəрі Майсараның арқасы ғой. Екеуің бақытты тұрыңдар деді. Мынау
соның кепілі емес пе. Əй, Майсара! Сен менің алтын құсым, бақыт
құсым екенсің! Қанша дегенмен үлкен кісінің мысы басады-ау, тілім
күрмеліп, кекештеніп қалғаным ұят болды-ау. Алғысымды да
дұрыстап айта алмадым".
Майсара мен Ғазиз Құлтанович сөйлесіп отыр екен. Балта зейнін
бұрды. Соны көріп үй иесі тың əңгіме бастады.
— Мен кеше бір оқиғаға кездестім... Адам тағдырының кейде
кездейсоқтықтан кілт өзгеретініне көзім жеткендей болды, — деп
Ғазиз Құлтанович кідіріп қалды. — Зұлымдықпен бетпе-бет
ұшырастым! Əй, бірақ, кешігіп қалдым. Кеш жеттім! — Қинала басын
шайқады. — Жарты сағат бұрын кездессем, жауыздықтың мерейі
үстем болмас па еді.
Майсара Ғазиз Құлтановичке көздерін кең ашып, əрі таңырқай, əрі
мүсіркей қарап қапты. Қанша көріп жүріп, діні қатты осы адамның дəл
мынадай толқығанын байқамап еді. Еңкейе түсіп ерекше бейіл
білдірді.
— Жауыздық иек астында жүреді екен. Онымен қанша күрессең де,
адам санасындағы тағылық пен жыртқыштықты жоймай, ештеңе
тындыра алмайсың. — Ғазиз Құлтанович күрсінді. Сонысын өзі де
байқап қалып, күрт мойығанын сездіргісі келмегендей қатайып алды.
— Жап-жас қызды екі адам, екі айуан зорлап жатыр екен. Үстінен
түстік. Əттең тау-тас, ұстай алмадық. Қыз талып қалған. Осында алып
келдік. Түнімен дəрігер шақыртып, укол бергізіп... жүйкесін емдетіп,
ұйықтатып жəрдемдескен болдық. Сіздер келердің алдында сөйлескем,
көп қиыншылық көрген бала екен. Үй жағынан көмек бермек болдым.
Əй, бірақ анау оқиғадан кейін біразға дейін жөнделіп кете қояр ма
екен. Масқара зорлық адам психикасына, əсіресе уыздай жас, əрі таза...
таза — екінші "тазаға" екпін бере сөйледі. — Қызға қатты өсер ететінін
дəрігер түнде маған біршама айтып еді. Сол рас болар, байғұс баланың
мінезінде... психикасында əлден-ақ өзгеріс білінеді. Əрине, жігіті де
анау екі сұм бүлдіріп кеткен қызға жуи қоймайды. Өйткені көңілінде
ғұмыр бойы дақ қалады ғой. Шіріген алма жегендей əлдебір жиіркеніш
сезімінен арыла алар ма екен...
Балтаның аяныш сезімі оянды. Іштей байғұс қызды мүсіркеп отыр.
"Əрине жігіті болса қиын-ақ. Таза дейді. Енді Бүлінген... Сынған... Дақ
қызға емес, жігіт жүрегіне түседі. Түспей... көз алдында тұрып алмай ма
келеңсіз көрініс. Өзі аңсаған сəтті өзі емес басқа көрсе... біреу емес, екеу
қызықтаса... Жоқ, ондай қыздың ендігі тірлігін басқа бермесін.
Ғазиз Құлтанович нағыз азамат екен! Арына сүйеу, Жанына медеу
болған! Бұ кісі болмаса бишара қыз қорлыққа шыдай алмай өзін-өзі
қиып жіберуі де мүмкін-ау. Үй алуына көмектесем дейді. Ертегіде
кездесетін Қыдырдай болды ғой. Қыдырдан несі кем. Мені де
жарылқап тастамады ма?"
— Майсара, сен орныңда көп отырып қалған жоқсың ба?
Мына сұрақ Майсараны да, Балтаны да елең еткізді. Əрине Ғазиз
Құлтанович бекер сұрамайды. Көздеген ойы, сайлаған пікірі дайын
тұрса керек. Майсара əсем жүзінің əдемі жымиысын көлденеңдетіп,
үнсіз ғана екі алақанын жайды.
"Аһ, сайтан! Қандай көркем! Таң қалғаны да, қуанғаны да өзге
ешкімге ұқсамайды-ау! Қылығы артық-ay. Мына жігітін қосақтап
жіберсем... Майсараға билік те, ерік те жүрмейді. Өзі илікпесе, амал
жоқ".
— Қалалық сауда басқармалығына... Жарайды, ол жеке мəселе, —
деп Ғазиз Құлтанович стол астындағы қоңырау түймесін басты.
Жарма есік сықырсыз ашылып, босағада қара киімді адам қалшиып
тұра қалды да, басын иіп ілтипат жасады. Əлгі үнсіз қимыл, əмірге
мойынсұнған кішілік мінез Балтаға енді ғана Ғазиз Құлтановичтың
бүкіл құдіретті лауазымын қара сұр жартастай серейтіп қондыра
салды. Сол-ақ екен қарауытқан лауазым еңсе басар əсерімен белгісіз
қасиетке ие болып, қарапайым тобырдың өзіне еріксіз бас шұлғытар,
көз мөлитер жағымпаздығы мен жарамсақтығының ұшқынын
Балтаның кеудесіне түсіріп, тұла бойын билеп ала жөнелді. Бұл
лауазым — иығы түсіңкі тобыр үшін əкімшілік биліктің шыңы боп
көрінер еді. Лауазым иесі еш күнəсіз, титтей кінəсіз, қателеспейтін
періштеге айналар еді. Лауазымның құдіреттілігі сондай, лауазым
иесінің əр қимылы əр сөзі, əр əрекеті сондай бір терең мағналы боп
көрініп, жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысы қасиет белгісіне айналар еді.
Содан кейін-ақ лауазымды кісінің аузынан шыққан əрбір сөз азандай
ұйытып, əрбір бұйрығы заңдай орындалар еді. Биік лауазымның көз
байлайтыны сондай, лауазымды қанның аузынан шыққан небір адам
нанғысыз өрескел ойлар, келеңсіз пікірлер ғажайып данышпандық боп
көрініп, тез атқарылып жатар еді. Өзінен бір елі жоғары тұрғаннын
аузына қарап, бас шұлғып "тəртіп! тəртіп!" деп қалған чиновниктер
"лауазым" деген сиқырлы сөздің əсерімен қыбырлап қозғалып, сонсоң
зымырап елбелектеп кетер еді. Содан кейін зыр қаққан орындаушылар
ар мен ұятты кейде ұмытып орнында қалдырып кеткенін де елең
қылмай, мемлекеттік басқару машинасының əлдебір темір тетігіне
айналып, лауазымдының қас-қабағын қапысыз бағар еді.
Балта лауазым құдіретін дəл қасынан сезгенде жон арқасын жуып
өткен суық тердің төмен сауылдағанын білдіргісі келмеді. Енді Ғазиз
Құлтановичке сүйек дəметкен күшіктің жансебіл қарасын ғана
көрсетуге тырысты.
Ғазиз Құлтанович есік көзінде тұрған қара киімді адамға иек қақты
да:
— Алып кел! — деп екі-ақ сқз айтты.
Жарма есік сықырсыз жабылды.
— Неге тамақ алмай отырсыңдар? Балта, сен, бауырым, тым сыпайы
екенсің, ə.
— Жо-жоқ, Ғазиз Құлтанович!.. Ə-ə, Ғазиз Құлтанович, алам ғой...
Алмай. Сіз ал деген соң...
Майсара стол астындағы қолымен Балтаның санынан шымшып
алды. Балта сасқалақтап тоқтады. Майсараға бұрылды. Майсара паң
отыр екен.
"Əй, Майсара керім! Еш қысылмайды. Маған не болды?.. Абдырап...
абдырамай, мысы басып барады. Бір жерімнен ши шығарып алмай
аман-есен шықсам екен. Əй, Майсара неге тұрып кетті?"
Балта еріксіз артына бұрылып қарап... Тұра беріп кілт шөкті. Əлгі
қара киімді адам есіктен Сəулені ертіп кіріп еді.
Майсара тұрып барып Сəулені құшақтай алды.
— Сəуле! Сəулетай!..
Майсара тəте!
Екі əйел, екі ұрғашы бірін-бірі осы бір-бір ауыз сөздерімен-ақ
ұғылды. Екі иық селкілдесті. Екі мұңлық шер бөлісті.
Ғазиз Құлтанович Балтаны үнсіз бағып қалған еді. Жігіт жүзіндегі
əлденеше өзгерген бояудан, көзіндегі құбылыстан ішкі сырын
сезгенімен, Балтаның қызға деген аяушылығын таба алмады. Анау
əдемі жүздің өзгерген реңкінде, күлгін тартқан көздің назарында
өзімшіл жігіттің өкпесі, өкінуі ғана бар. Ширығуы, бармақ тістей сан
соғуы ғана бар. Мұң бөлісу, қайғыға ортақтасу, көңіл көрсету жоқ еді.
"Əй, қатыгез боларсың. Сəулеге енді жуымассың. Жуымайсың.
Майсара енді ештеңеден тарыға қоймас. Ал, мен ше?.. Өзім ше? Сəуле
жас қой. Жас иіс қой. Қол қақпас. Қақпайтыны сезіліп те қалды əлгінде.
Енді тек дұрыстап қолбала ете білу керек. Ал екеу..." Ғазиз мырс-мырс
күлді. Сол күлкісін біреу көріп қалды ма дегендей сезіктеніп дереу
тыйды.
Сəуле сəлден кейін өксігін басып, Майсараның сүйемелдеуімен стол
басына кеп отырды. Есіктен кіргенде Майсарадан да бұрын Балтаны
көріп қап еді, қазір жігіт жаққа қарай алмай бір қырындай берді.
— Сəуле қалқа, сен Майсараларды таниды екенсің. Мен оны білмеп
едім, — деп Ғазиз Құлтанович ыңғай баққыш сұңғылалық көрсеткен
болды. — Мен сен ұшыраған кездейсоқтықты айтып едім... бір есептен
соным дұрыс та сияқты. Майсара — мен білетін адамдардың ішіндегі
ең адамгершілігі мол жан. Сені, Сəуле шырақ, жалғызсырата қоймас.
Мен өзіңді Майсараның... — сəл бөгеліп барып сөзін жалғап əкетті. —
Жəне мына Балта дейтін ағаңның қамқорлығына тапсырам. Біріне
сіңлі, біріне қарындас бол. Осы екеуінің адал семьясынан, тату
тірлігінен үлгі алатын бол. Ештеңені уайымдай берме. "Ой басқанды
қой басады" дейтін бұрынғылар. Бекер қажытпа өзіңді. Өмірің алда.
Мен көмектесем дедім. Орындаймын айтқанымды. Керек кезінде еш
ұялмай тікелей өзіммен телефон соғып хабарласып тұр.
Қонақтарын шығарып салған Ғазиз Құлтанович орнында
табжылмай отырып қалып, кешегі оқиғаны көз алдына тағы бір
елестетіп еді.
Сəуленің Ленин сарайының алдында əлдекімді (əрине, Балтаны)
тосып тұрған жерінен бұның адамдары Балтаға апарамыз деп
микроаудандағы Ғазиз Құлтановичтың бір ашнасына алып берген
төрт бөлмелі пəтеріне алып келген-ді. Сəулеге арнайы тесіктен
сығалап қараған Ғазиз Құлтановичтың назары байланып қалған-ды.
Жастықтың əсемдігі, тазалығы, күнəсіздігі қызықтырып еді оны сонда.
Еріксіз көзі жасаурап, əукесі салбырап, ындыны ауа берді. Соны көрген
серіктері дағдылы машықтарымен Сəулеге əлдебір дəрі қосылған су
ішкізіп, былқ-сылқ етіп ес-түстен айрылып сұлап жатқан қыздың
үстіне шабытты бурадай зіркілдеген Ғазиз Құлтановичты кіргізіп
жіберген болатын...
Содан кейін ұйқыдағы Сəуле-Сəулетайды машинаға отырғызып
қаланың сыртына алып шығып, дəрі иіскетіп есін жинатқызып, анау
"екеуге" жасамағанын жасатқызғандай инсценировка ұйымдастырып,
өзі үстінен шыққан боп "құтқарып" алған-ды.
Ғазиз Құлтановичтың бір ынтызар əдеті: Сəуле тəрізді шайқалмаған
ақ уыз "құрбандарының" түнгі дүрбелеңнен кейінгі халін, түрін яки
қасірет шегуін, яки көнбістік білдіруін қыз жүзінен бақылау болатын.
Одан Жанына лəззат құйылатындай, көңіліне шуақ төгілетіндей еліріп,
тіпті таңғы тəтті ұйқыны да мансұқ ететін.
Бүгін де төсектен ертерек тұрып, бөлмесіне Сəулені шақыртып
алдырған болатын. Аяғын əрең-əрең сүйрете басқан қыздың қимылқозғалысында ұшқырлықтың, ойнақылықтың лебі де қалмаған екен.
Көзінің алды күлтілдеп ісіп, жалт-жұлт ойнайтын жанары мөлиіп,
жасқаншақтанып, кірпіктері көтерілмей, төмен жапырылып, екі ұрты
суалып жүдеп шыға келіпті.
Ғазиз Құлтанович іштей өзіне-өзі ырза болды. Ұйпаланған мысық
пен қызда айбар қалмайды. Орнынан тұрып барып Сəулені бауырына
қысып, төбесінен сүйген. Дірілдеген қыз мынау атақты... беделді...
лауазымды адамның қолтығына кіре түсіп өксіп жылаған. Сол
құшақтан жылу мен нəр таппақ боп талпынған. Ғазиз Құлтановичтың
жұмсақ даусы, жылы алақаны, кең құшағы өксікті жанына шипа боп
жеткен. Жаралы жүрегіне дауа боп жанасқан. Қаралы көңіліне
жанашыр боп жылы ұшыраған. Содан... содан кең төсек... ыстық құшақ...
Лауазымды адамның мейірімі қандай көп еді! Тілегі қандай жақсы еді!
Қорыққаны бекер екен, бекер екен... Еркекпен қатынаста... өзі ыңғай
берген шарпылыста сондай бір тамаша лəззат болады екен! Рақат күй
бүкіл жанынды түгел билеп алып, барлық тамырындағы қанды бұрқсарқ тасытады екен! Бүкіл тұлабойда исінбеген, еміренбеген,
тіленбеген иненің жасуылдай да жер қалмайды екен! Əлде... əлде ол
мынау құшақ иесіне деген өз көңіл құштарлығынан ба? Анау Балта...
жоқ, енді Балта қажет емес. Мынау... мынау ағай... ой қандай ғажайып
дүние! Неткен ыстық толқын! Жүзіп бара ма? Батпайды! Бата
алмайды! Батқызбайтын қасында мықты серігі бар. Бар! Өмірдің бар
маңыз-мағынасын білмей келген екен ғой. Осы болар сол аңсау тірлігі.
Əй, Əй, Əй!.. Мына... ий... ағай кездеспесе ғой кеше... Тағдыры ма екен?
Тағдыры болар! Кездесті ғой. Енді ағадан айрылмас. Айрылмайды.
Мамасы жарық, кең пəтерге шығатын болды ақыры... Түу-түу! Рақатыай! Қандай қарулы! Несіне қорыққан! Қорқатын əрекет емес екен-ау.
Жалын төсек!... Осындайдан айтады екен-ау. Бір қайғының бір
қуанышы шынымен-ақ болғаны ма? Болсын да, шын болсын да сол.
Рақымы да, мейірімі де ұзаққа созылып, ұзағынан сүйіндірсін де.
Ғазиз Құлтанович қыз (қайдағы қыз енді)... Сəуле ыңқылынан,
сығымдаған құшағынан, еміренуінен осы жайды, осы тілек-арманын
қапысыз ұғып еді. Тер шылаған бұйра шашын маңдайынан қайырып
тастап сұлқ жатып, Сəуленің кішкене құлағына ернін тигізе, жан
елжіретер талай уəдені үйіп-төккен.
Қонақтарын шығарып салып, енді ұзақ отырып қалды.
***
Балта да, Майсара да, Сəуле де есік алдындағы машинаға жеткенше
бір-біріне тіл қатқан жоқ. Балта сəл ілгерірек озып кетіп, артына
бұрылып қарауға да дəті шыдамай, "Жигулиіне" жеткенше асықты. "Не
деймін? Сəуленің бетіне қалай қараймын? Менің бетіме қарай алар ма
екен? Таза дейді. Таза болмай... Қасында мен сияқты ақымақ күзетішісі
жүрген қыз таза болмағанда қайтеді. Бекер... бекер тартынғам. Ақыры
əлдекімге жемтік боп кетті. "Қызғанғаның қызыл итке"... Менікі сол.
Аузымнан қағылам да жүрем... Бір есептен арамыздың оп-оңай
шешілгені де жөн болды. "Майсараны ренжітпе" деді. Аспаннан
тілегенімді жерден басыма үйіп-төгіп бере салған Ғазиз
Құлтановичтың құлдығы болмаймын ба. Майсарамнан енді
айрылмаспын. Əй, Сəулетайдың бұйырмай кеткені демесем... "Піскен
астың күйігі жаман" деп... төрт ай тұлыпқа мөңіреген екем-ау. Осылай
боларын білгенде..."
Машинасына өзі бірінші отырып алды. Əдеттегідей қызкеліншектерге есік ашып, ілтипат танытатын серілік мінезін де
жасамады.
Бір тосқауылдан соң бір тосқауыл-қақпалар кейінде қалды.
Майсара мен Сəуле артта отырған, Майсара Балтаның иығына
алақанын төседі.
— Бізге барамыз.
Балта айнадан сұраулы жүзбен бағжаң етті.
— Сəулетайдың көйлегі жыртылып... — Одан əрі "өзің білесің"
дегендей үнсіз қалды.
Сəуле Майсараның Балтаны иемдене жөнелгенін əрине сезе қойды.
Бірақ кеудесінде еш қызғаныш оянбағанына ғана сəл таңырқады.
Кеше кеш бойы Балтаны күтіп Сарайдың алдында жүріп алғанына
ғана өкініш білдірген сезім шарпуы желпіл өткендей болды. Өзгені
кінəла мейлі, өзіңді кінəла мейлі өкінгеннен ештеңе өнбейді енді.
Болып қойған істі кері қайтару мүмкін емес. Əлде ежелде жазу осылай
ма? Кімді кім қорғап, кімді кім алқалап жүре берер. Тек алдап кеткені
ғана қинайды-ау. "Тоспа, келмеймін" десе, талақша жабыспас еді ғой.
Бірақ бүгінде ағынан жарылатын адам қалды ма? "Балтаға алып
барамыз" деген жігіттерден күдіктенсе де, өзіне қызыға, тіпті ашықтан
ашық құмарта қарағандарына мəз болып, танымайтын кісілердің
машинасына мініп жүре берген кінə өзінен ғой. Сол жерде өзінің қыз
екенін, жас екенін, сұлу екенін, сүйкімді екенін аналардың
қылмаңдаған түрлерінен, жарқ-жұрқ жылтыраған қомағай көздерінен
көріп, кəдімгідей масаттанып еді ғой. Ақыры... алды аларын.
Сəуле сəл күрсінді. Майсара иығынан құшақтады.
"Мынау келіншек Ғазиз Құлтановичты қайдан біледі? Осы тəтейдің
де танымайтыны жоқ". Сəуле иығын қозғап, тартыншақтанды.
Майсара қолын босатып ала қойды.
Сəуле əлдебір пəтерге кіргенін біледі. Төргі бөлмеден Балтаның
даусын естігендей болып еді, кəдімгідей сеніп қалды. Стол басына
емін-еркін жайғасқан. Күн ұзын далада жүріп əбден шөлдеген екен,
жігіттердің бірі құйып берген сусынды төңкеріп тастағанда,
маңдайынан тер бұрқ ете қалған-ды. Одан арғысы есінде жоқ.
Есін жиғанда далада жатқанын көрген. Қасындағы екеудің қаша
жөнелгенін, жалаңдаған фарын жарқыратып ұзын қара машинаның
жақындап келгенін, өзінің көйлегінің етегі жыртылып, ыңғайсыз
ашылып-шашылып жатқанын байқаған.
Келген адам тік көтеріп алып еді. Əлдилегендей əлденелерді айтып
жұбатып еді. Сол жылы сөз, ыстық əлди көңілін бой-бой босатты ма,
əлгі адамның иығынан құшақтап өксіп-өксіп жылап еді.
Мүмкін сол өксікте пəктігін жоқтаған жан ыңқылы болған да шығарау. Мүмкін сол өксіктен тазалығынан жұрдай болғанын сезінген кінəсіз
қыздың аңырауы айтылған да шығар-ау. "Арман қайда, алыс қиядан
ару күндей толықсып туып қол бұлғайтын əдемі арманым қайда? Сол
толықсыған күнге қол ұстасып бірге келе жатқан Балтам қайда?"
дейтін жан аңсауы сол өксіктен шырылдаған да болар-ау. "Тазаны неге
былғайды? Пəктікті неге өлтіреді? Жас ғұмырдың келешегін құрбан
ғып шалардай озбырлық неткен жауыз?" дейтін өкініші сол өксіктен
запыран боп құйылған шығар-ау.
Сəуле көп өксіген. Сəуле бірақ дауыс қылмаған. Жақсы аға, бір
жанашыр аға тапқанын жұмсақ алақан, жылы сөз, ыстық əлдиден
ұғынғандай болған. Өксіген жанның өзегін өртеген күйігі жұбаныш
əлдиінің, жанашыр сөзінің ызыңын ғана жеткізеді, мазмұнын
қабылдамайды. Қабылдай алмайды.
Көп қақпа, көп бөлмелерден өтіп, жарығы мол жайға кіргенде Сəуле
өзі құшағында жүрген адамды сонда ғана таныған. Суретін газеттен,
бейнесін теледидардан көріп, сөзін радиодан еститін құдіретті аға,
мықты аға, əкім аға қандай мейірбан еді! Анау екі жауыздан құтқарып
алды ғой. Сондай биік дəрежесіне қарамай бұның қамқорына айналды
ғой.
Екеуі оңаша қалған. Көп сөйлеген, көп сұраған, жай-күйге қанған
жақсы ағасы Сəуленің жағдайына қатты күйзелген. Мамасының аурулы
екенін естігенде көз шарасына жас толған. Үй тимей, шардактан
нашар қуыста тұратындарын естігенде көп созбай пəтер алуларына
көмектеспек болған. Жұбатқан да əлдилеген. Əлдилеген де жұбатқан.
Азанда ағасына қайта оралған. Таңғы табиғи жарықта əкім ағасы
көзіне сондай əдемі, сондай ыстық көрініп еді. Соны сезді ме, Ғазиз
Құлтанович түрегеліп келіп құшақтап, маңдайынан емес, төбесінен
сүйді. Сол сəт аға ернінен тұлабойына дірілді ток жүгіріп өткендей
болды. Кеудесінде ыстық толқын шалқыды. Ырзалық танытқан қапқара көздер ағасын елжірей шарпып еді. Аға құшағы қысып ала
жөнелді.Ал, бұл... бұл сол құшақтың сығымдауын тіледі. Неге тіледі?
Əлі де жауап қата алмас еді. Бірақ сондағы құшақ құрсауында тұрып
өзінің ағаға деген, əкім ағаға деген өзгеше құштарлығын байқап қалған.
Сол сезім бəлки жүзіне қалқып шықты ма, көзінен аңғарылды ма... екеуі
кең төсекте табысқан.
Сəуле тағы күрсінді. Балтаның желкесіне қадалып өтіп терезеге
мойын бұрды.
"Өзім көндім. Тез көндім. Неге? Неге тез көндім? Кеше ғана анандай
жағдайға душар болсам да, оп-оңай ұмытқаным ба? Əлде базарлай
алар қымбаттымнан айрылған соң бəрібір деушілік пе? Жоқ! Ағаны
қалағаным рас... Əй, сынған бүтінделмес-ау, кір тазармас-ау. Көңілді
жаңғыртам деп бекер далбасаламадым ба? Атақ, лауазымына төтеп
бере алмадым ба екен?"
Терезеден салынып жатқан он екі қабат үйдің қаңқасы көрінді. Сəуле
əлгі үйге мойнын қисайта ұзақ үңіле қарады.
"Қандай биік үй!.. Сатылары бар ма екен? Ең жоғары қабатынан
құласа... анаған... жоғарысына шығу да қиын-ау. Ал шыға алса... төмен
қарай бір аттау түк емес".
Денесі дір ете қалды. Майсара құшақтай алды.
— Не болды, Сəулетай?
— Жай... Əлдененің ойыма түскені.
Сəулеге Майсараның құшағынан суық, Майсараның құшағынан жек
көрінішті ешнəрсе жоқтай сезілді. Тағы да жақтыртпағанын айқын
танытып иықтағы қолды серпіп тастап, есікке қарай ығысып отырды.
"Əй, мынаған не жоқ. "Сиыр судан, су сиырдан жериді" дегендей
айра-жайра болғанын менен көре ме..."
Майсараның жүрегі солқ етті. Енді ғана түйсігіне əлдене жеткендей
болды. Сол-ақ екен оң жағындағы қызға қарай алмай бүрісе берді.
"Əрине, мен кінəлі. Мен! Ғазиз Құлтанович менің тілегімді
орындамақ болып, бəрін ұйымдастырған. Сол! Əйтпесе, қарап жүрген
қызға кім көрінген ұрынбайды. "Балтаға апарамыз" десе, дəл осылай
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.