Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05

Total number of words is 3967
Total number of unique words is 2376
30.3 of words are in the 2000 most common words
43.7 of words are in the 5000 most common words
51.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қою қасынан, жігерлі қарасы бет қаратпайтын өткір көздерден, төменгі
ерні сəл салбыраған ат жақты жүзден көз айырмайды.
— Ой, Гүлбадан, келгенің қандай жақсы болды!.. Сенімен ақылдасып
алатын бір шаруа бар еді... Қазір қолың бос па?..
— Бос. Өзіңді іздеп шыққам.
— Жарадың, Гүл!
Гүлбадан өзін Қобланды ''Гүл'' деп атағанды іштей сұмдық ұнатады.
Қобланды Гүл деген сайын өзін осы жігіттің еншісіне балап, екеуінің
қосылып, отау көтерер күнін құмарта аңсайды. Өзінің Қобландыны
сүйетініне, Қобландының мұнсыз тұра алмайтыныңа көзі анық жеткен
соң, сөзсіз болатын үйлену тойының тезірек жасалғанын қатты
армандайтын. Сол себепті де Қобландыға оқуымды сырттай
жалғастырсам қайтеді деп құлаққағыс еткен.
— Жүр, онда былай баралық.
Екеуінің мектепте оқып жүрген кездерде-ақ жиі баратын көк терегі
болатын. Қазір бойлай өсіп, жапырағын кең жайған ағаш екі жасты
суылдай қарсы алды.
Қобланды Гүлбаданға Мақанның соңғы кездердегі бүкіл қылмысын
айтып берді. Есепте жоқ екі жүз сиыр, мың қойдың өсімі жыл сайын
колхоз есебіне кірмейді. Қосып жазу, өсіріп айту ез алдына. Солардың
есебінен Мақанның төңірегіндегілердің көтерме сыйлықтан аяқ алып
жүре алмайтының, тіпті ең берісі: колхозшыларға босататын
күнделікті азық-түлікті де Мақанның өзі қадағалайтының түгін
жасырмай мəлімдегенде, Гүлбадан бір қызарды, бір бозарды. Əкесін
бұрын да сүттен ақ, судан таза көрмейтін қызы қатал сұсынан сескеніп
ылғи сырттап жүрсе де, көп мінезі мен қылығынан жаны түршігетін.
Бірақ жарық дүниеге келуіне себепкер əкеге қарсы не істей алар. Кейкейде Мақанның көрінгенге қамшы үйіріп, қаңар шашып қарадай
шүйілетінін көргенде он екі бөлмелі қаңыраған үйде бас сұғар қуыс
жер таба алмай, жаны құлазып, үнсіз көгеріп, оңаша солқылдап
жылайтын.
“Əкем, əкем — дейтін, жайшылықтағы "папасын"ұмытып, — Неткен
қатыгез едің! Адамды мал ғұрлы көрмейтін кеудемсоқ жуандықты
қайдан алғансың? Жазықсыз адамдарды дірілдетіп жалындырғанда
айызың қана қуанатын жауыздықтың төркіні қандай? Партбилетті
қалтасына салып алып бұрынғының байларындай қол астындағы
колхозшыларды малайындай сабайтын тағылықты мақтаныш
көретіні қалай? Озбырлықтың несі мақтаныш? Несі дəреже?
Коммунистің сиқы осындай болса, онда оған жұрт неге құмартады?
Анау райком секретарының көзінше Бөрікталдағы шопанды тартыптартып жібергенде, секретардың лəм демегені қалай? Əлде бірін-бірі
қолдаудың нағыз дөрекі түрі осы ма? Олай болса СалтыковЩедринның озбыр чиновниктерінен бұлардың қандай айырмасы бар?
Əкем ғой десем де, қиянатшыл үстемдігін кешіре алам ба? "Бəрі сен
үшін, сендер үшін" дегенде қанталаған көзіне неге қарай алмаймын?
"Арамнан жиған дүниеңнің қажеті жоқ!" деп те өре түрегелуге шамасы
келмейтін біз сияқты шалажансар комсомолдар кімге керек?"
Гүлбаданның көзінен жас парлады. Жауабы табылмас сансыз сұрақ
кеудесін шабақтады. Күйініш , үстінде əлгіндегі балбұл жанған кескіні
де жүдей өзгеріп кетті.
— Не болды? Неге сонша жыладың, Гүл? — Қобыланды үнемі
жарқылдап жүретін қыздың дəл қазіргі екі оттың ортасында қиналған
халін сезбеп еді, таңданып тұр.
— Əкем ғой ол... Мен... мен... содан тудым ғой. Ішімнен бар қылығын
кешпесем де, мына, тап мына тұста оған деген... əкеге деген сезім бе...
борыш па — бір түйнек жатыр ғой, Қоблан. — Қара көздің жасы көп пе,
əлде Гүлбаданның жылағаның алғаш көргені осы ма, Қобландының
орамалы сығып алардай су болды. Сүртіп те жатыр, жұбатып та жатыр.
— Жыламашы, Гүл! Əкесі үшін баласы жауап бермейді.
Гүлбаданды одан сайын өксік буды.
— Бəрібір ол менің əкем ғой, Қоблан. Мына кеудемдегі күйінішті
ешкім... ешкім баса алмайды. Неге, неге ол сондай? Неткен ашқарақ
тойымсыз. Əрі озбыр!..
Алғаш рет жиіркенген көңілмен əкеден қатты түңілді. Алғаш рет
əкесі мен баласы арасындағы өткелсіз шыңырау түпсіз тереңдігімен
қорқытты. Алғаш рет Қобландысына — өзінің осы өмірдегі ең жақын
адамына, қорғаныңа жанашырлық тілеген өксікті көңілдің
жалаңаштанған жанын жайып салды. Осы өксік жасы ішін тазарта
жуды ма, біраздан соң солығы тарқап, кеудесі босап, тынысы кеңіп,
қайтадан Қобландының ыстық құшағына сүңгіп, бауырына тығыла
түсті.
— Қоблан! Сен мені ұмытпайсың ғой?
— Неге ұмытайын, Гүл-ау.
— Кейін... мүмкін əкесі жауыз деп... Күңкіл сөзден қашып... Өзің
айттың баласы жауап бермейді деп...
— Айтпа мұндайды. Мен сенің əкеңе емес, саған... мына саған
үйленем, — деп Қобланды даусын қатайтты.
Гүлбадан шоқтай қызарды.
— Рас па!? Үйленем дедің бе? Тағы айтшы!
— Иə, мен тек саған ғана үйленем, Гүлім!
— Қашан?
— Саспа, оқуың бітсін.
— Ой, оған дейін əлі екі жыл бар.
— Сен, Гүл, əлгіге жауап бермедің ғой. Комсомол дарға айтайын ба
предеедательдің қитұрқыларын.
— Əрине, айту керек! Қылмысты біліп тұрып үндемей қалу —
қылмыс істегенмен бірдей! Маған, Қоблан, сенің адалдығың,
тазалығың керек.
— Ой, Гүлім! Қандай қайрат қосқаныңды білсеңші жаныма! Түу,
неден қорыққам! Қайта коррупционерлер бізден қорықсын, бізден!
— Коррупция деймісің? — Гүлбадан үрейлене сұрады.
— Иə. Нағыз коррупция! Сенің көкең... папаң, солардың мықты
ұйтқысы.
Гүлбадан ойланып қалды.
— Сен сонда Тұрған ағаға бар. Ақылдас. Əй, бірақ... қыздың
қиналғаны анық білінді.
— Неге қиналдың?
— Тұрған аға папамның айтқанынан шықпайды. Ол оның
шабарманы... мені папамның атынан деканға барып босатып алған сол.
— Онда тұрған не бар, Гүл. Сен босқа күдіктенбе. Тұрған аға,
меніңше, адал адам, шын коммунист.
— Солай болғанын тілейік. Мен кеттім.
— Кешке кездесеміз ғой... Осында, Гүл.
Тұрған Қобландыны жадырай күліп қарсы алды.
— Салем, комсомол-жастар көсемі! Төрлет! Жай келмеген
шығарсың. Мында жайғасып отыр да, кебіңді шерт, Қобланды батыр.
Партком хатшысының үнемі күлімдеп тұратын жылы жүзі бүгін де
əдеттегісінен айныған жоқ. "Жолым болады екен" деп іштей қуанған
Қобланды көптен бері Мақанның өзі білетін барлық қылмысын, дөрекі
мінезін, адамды адам деп сыйлау түгіл, жан иесі деп қарамайтын өктем
озбырлығын түгел айтып шығып, Мақан колхоз басқармасының
предцедателіне лайықсыз ғана емес, түрмеде көзі жылтырайтын
қылмыскер екенін де мықтап шегеледі. "Апырай, ə! Шынымен солай
ма?" "Қой, Қобланды батыр, мынауың рас болса, нағыз мафия", "Тағы
не білгенің бар?" "Бəсе, комсомолдың көсемі осындай болуы керек
қой". "Əбден дұрыс ойлағансың, жиналысты өткізу қажет. Одан нəтиже
шығармайтын болса, Мақан болмақ түгіл одан да зорғысы болса да
партия жиналысына салып, сілкпесін шығарамыз". "Өзің көп нəрсені
байқап жүреді екенсің. Қырағылығың жақсы" деген сыналарын нықнық қадап ұрғыштап, Тұрған Қобландының ішегінің қырындасына
дейін ақтарып шықты. Басын шайқады. Қабағын шытты. Көзін
алартты. Азуын егеді. Кіжінді. Тіксінді. Шошынды. Жағасын ұстады.
Көгерді. Бозарды.
— Қап! Ой, сұмдық-ай! Ол сұмырайдың дөрекі мінезінен сескенсем
де, жұмыс үшін сөйтеді ғой деп кешіріммен қараушы ем. Бұл дегенің
дөрекілікті озбырлыққа жеткізіп, қоғам қалтасын өз қалтасымен
шатастырып жүр екен-ау! Коммунистік ұждан қайда? Азаматтық ары
қайда! Бəрін анау арам пиғылмен былғап, нəжіс табанымен езіп өте
бермек. Жоқ! Өткізбейміз! Демократия дегеннің не екенін білмейді
ғой. Білгісі келмейді ғой. Білгіземіз. Көзін шұқып көрсетеміз.
Партияның алғыр басшылығымен бұқараның жеңімпаз айбынды күш
екенін танытамыз. Сілкілеп-сілкілеп алып өркендеген социализм
дəуірінен аластап, тарихтың қоқысына лақтырып тастаймыз! — деп
желпінген Тұрғанға қарап отырған Қобландының кеудесі тулап кетті.
— Тұрған аға! Қандай жақсы адамсыз! Нағыз коммунист дəл сіздей
болар! Түу, дүнием жайнап сала берді-ау! Ал, онда мен жерде айқай,
көкте айқай дегендей комсомолдарды сақадай сай əзірлейін. Барлық
қылғаның бір-ақ қайтарып, домалатып төңкеріп тастайық Мақанды.
— Қызба, қызынба, Қобланды. "Батыр — аңғал" дегенді ескер.
Мақан — тегін адам емес. Ақылмен қимылдамасақ, ол бізге
оңайлықпен ұстатпайды. Айқай-ұранның күні өткен. Көкте айқай,
жерде айқайың асса, тентектің дауындай, əйтпесе бұралқы күшіктің
шəуіліндей жүрек түгіл құлаққа жетпей жүрмесін, — деп Тұрған жігітке
ұзақ көз тоқтатты. Осы қамқор қарастан Қобландының бүкіл зор
тұлғасы кішірейіп, шөгіп кеткендей сезілді. Маңдайдан суық тер шыпшып шықты.
"Тайызбын. Бетінен қалқимын. Тұрған аға тырп еткізбей дəл басты.
Ал, шуылдатып таратып жібердім. Мақан сонда қарап отырмақ па.
Қайдағы! Ол бір талапқа он пəлемен, он сұмдықпен, жиырма себеппен
дайындамай ма. Аршып көр сонсоң, дəлелдеп көр мықты болсаң. Əй,
Тұрған аға, көпті көргеніңізді жасап отырсыз ғой. Ендеше, ұғындыра
беріңіз, үйрете беріңіз. Соңыңыздан томпаңдап еруге, пионерше
айтсақ, "Əрқашанда дайынбыз!"
Іштегі осы оймен Қобланды қайта-қайта бас изеді.
— Рас айтасыз, Тұрған аға! Шулатуға болмайды екен. Ол... ол залым!
"Балта шапқанша дөңбек жал табады". Онда ың-шыңсыз əзірлік
жасаймыз.
Тұрған екі көзін айырмай, Қобыландыға қадалып еді.
— Түсінгеніңе қуанам. Əрине, сен Мақанды менен де жақсы білесің.
Жаңадан келген адам болғандықтан маған оның əлі де жұмбағы көп.
Маған өзі онша ашылмай сыртын суық ұстап отырушы еді, Мақанның
осындай бар екен-ау! Ал, сен, шырақ, жан адамға енді тіс жарма. Сақтық
керек бауырым. Ондай опасыз адамдар қылмыстың басқа түрінен де
тайынбайды. Босқа арандап қалмайық.
2
— Отыруын омалып. Қызың қайда?
— Жүр де қыдырып.
— Қыдырып жүр де. Кіммен қыдырып жүр? Сен, салдақы соны
білемісің?
Күйеуінің шатысып кеткен көздерінен долырған ашуға мінгенін
сезіп үндемей құтылғысы келген Рысты жауап қайырған жоқ.
— Əй, тілің байланып қалды ма, неге үндемейсің?
— Енді маған не ғыл дейсің. Бойжеткен бала қашанғы үйде отыра
береді. Келгені кеше, құрбыларына барып жүрген шығар, — деп
мəймөңкеледі.
— Барып жүр құрбыларына! — Мақан əйелін теуіп жіберіп
домалатып түсірді. — Сенен бəрі! Жатырыңнан қағынған сен
салдақының өнегесі! Қызың тапа тал түсте анау Бектемірдің боқмұрын
баласына аш кенедей жабысып аузы-басын жалап жатыр көшеде.
Рысты түк болмағандай орнынан тұрды.
— Соншама неге бүліндің. Қобландымен Гүлбадан бір мектепте
оқыған.
— "Бірге оқыған, бірге оқы-ға-ан!" — Мақан əйелінің даусын
мазақтап салды. — Сен енді ол екеуін бірге де жатқызарсың!
— Е, жастар бірін-бірі ұнатса...
— Əй, не көкітіп барасың?! Əй, өзіңнің есің дұрыс па? Əй, сенде бір
шайнам ми бар ма? Бірін бірі ұнатсаң не, ей, сен, миғұланың? —
Құтырынған Мақанның көзінің аласы қанталап, қарасы жоғалып кетті.
Жұдырығы кішігірім тоқпақтай боп Рыстының құс төсінен шаншыла
қадалды. Мұндай тоқпақтың əлдене саның көрген соң еті өліп кете ме,
əлде қызы үшін ышқынған жаны ауруды елетпеді ме, ыңқ етіп қинала
дем алған əйел бедірейе қалды.
— Сонда немене, қызыңды қырқына дейін қолыңда ұстайын деп пе
ең? Жасы жеткен соң болашағын ойлайт та.
— Ой, ше-еркен-нің ақылдысын! Кеңкелес-ау, "қызға қырық үйден
тиюды" неге ұмыттың. Бо-ла- шақ! Ойлайды деген бүгінгінің қыздары
болашағын. Ертең етегіне салып іңгəлатып келсе, қайтесің ей, сен
жетесіз. Сені де ана дейді-ау! Ұнатады дейді бір-бірін. Ойбай-ау, жаман
Бектемірдің мазут сасыған тракторисі кім? Мақанның институт
бітіргелі жүрген ақборықтай Гүлбаданы кім? Сен соны ойладың ба,
сумый-ау! — Тоқпағын тағы бір түйіп өтті кеудеден.
— Мен ойлағам, баяғыда ойлағам. "Теңін тапса тегін бер" деген.
Қобланды кімнен кем. Гүлбадан Қобланды десе ішкен асын жерге
қояды. Жылатпаймын қызымды. Жылата алмаймын. Өзімнің де
жылағаным жетер.
— Қалай-қалай сайрайсың, ей, мұңлығым! Қапаста тұншығып, торда
торығып жүр екенсің ғой. Бəлкім сен анау құнсыз немеңді əлі күнге
дейін ойлайтын шығарсың, ей, ə! Бишарам-ай, зорлап алып қашып
келіп обалыңа қалған екем-ау!
— Иə! Ойлаймын! Жүрегімнің жұлқына іздеп бұлқынары əлі де сол!
Жанымның зары мен шерін үнсіз тыңдайтын да сол! Сол ғана!
Мақан көгерді. Қос шеңгелін тарбайтып əкеліп, Рыстының
алқымынан қылғындыра қысты да, алып ұрып, тізерлей бастады.
Қырылдаған əйел бұлқынған да, дыбыстаған да жоқ. Зердесінде:
"Өлсем, өлейін- ақ, ит қорлық тірліктің мен қимайтын несі қалып еді?"
деген шешімі қылаң берді де, өшіп кетті. Жұтым ауасы азайып,
кеудедегі жаны мұрын ұшына тақалып қалған-ды. Мақанды əлдебір
соққы жалп еткізді. Жалмажан атып тұрған Мақан қолындағы оқтауын
сойылдай ғып тағы сермегелі келе жатқан Гүлбаданға ақырып жіберді.
— Тоқта əкеңе қол сілтейсің, ə! Кəпірдің бедіреюін қарашы! Шыққан
қабың мынау ғой. Сен қайдан оңарсың!
— Көке, осы үркітіп-қорқытуыңызды қашан қоясыз? Қылдан тайсақ,
төбемізден əңгір таяқ ойнатасыз. Адамбыз ғой біз де... Мамамның не
жазығы бар? Қашан келсем, қашан көрсем, домалатып бүресіз де
жатасыз.
— Ə-ə тілің шығайын деген екен, қызым! Онда , түйреп қал! Шағып
қап!
Рысты ыңыранып қалып, есін жиды.
— Гүлбадан, сен... сен қашан келдің?
— Əлгінде мынау жауыз əкем өзіңді қылғындырып өлтірейін деп
жатқанда келгем...
— Көріп қойған екенсің ғой... Бекер келдің-ау, бейбақ балам! Қолын
сен бе қаққан?
— Иə! Əттең...
Рысты мойнын уқалап отырып күйеуіне енді ғана көз салып еді, дір
ете қалды. Мақанның шекесінен аққан қан бетін жуып, үстіндегі ақ
жейдеге тамшылап тұр екен.
— Оқтаумен ұрдың ба?
— Иə! Қолыма басқа үлкен нəрсе түспеді!
— Басын жарыпсың ғой əкеңнің...
— Жарылған бас жазылар мама, жанымды тілім-тілім жаралап
бітпеп педі! Ол жазылмайды, мама! Жазылмайды!
— Əй, Рысты! Жеттің дегеніңе! Ақыры қызыңа тілдеттің де,
сабаттың да! Сенде не арман бар енді? Қайтардың кегіңді. Өз қызымды
өзіме жау қып салған соң, ұпайың түгел.
— Мама, кетейікші!..
— Қайда, күнім-ау?
Осы үйден... мынау азап ордасынан безейік те. Несін қимаймыз?
Қадір тұтар не қалды? Папа деуші ем бұрын. Бірер күн көрмесем
сағынып қалушы ем. Енді ше? Қай қасиетіне бас ием? Қай қылығына
сүйінем? Қиянатшыл зорлығына ма, адам біткенді аяқ асты еткен
қорлығына ма?
Мақан ұмтылып келіп қызының қолынан оқтауды жұлып алды да,
шапалағымен бетінен тартып-тартып жіберді.
— Кеткішін бұлардың! Мен сені кеткізем, кəпір! Бетімен
кеткендігіңді бұл үйде жасай алмайсың! Сенің папа дегеніңді сондай
қатты іздеп отыр едім. Естімесем өле қалайын деп басымды жаман
қатты-ақ тау мен тасқа соғып жүр едім!
— Папа, сен менің еркіме жармаспа!
— Өйдөйт! Сенің еркің түгіл өмірің мына қолымда! Əй, Рысты! Сен
мені білесің, қызыңа бүгіннен бастап тыйым сал! Табалдырықтан
аттап шығушы болмасын!
Гүлбадан екі мықының таянып əкесінің қарсы алдына тұра қалды.
— Мен сенің құлың да, пұлың да емеспін! Балиғатқа толған совет
азаматымын! Қайда барам, қайда жүрем — өз еркім!
— Иə, балиғатқа толдың! Осыншама мойныма мініп келгенің жетеді.
Онда дайындала да бер, қызым! Тап ертең күйеуге беріп, тойынды
жасаймын!
— Кіммен? — Гүлбадан үрейлене қалды.
— Қорықпа, қызым, Бектемірдің жермай жұққан Қобландысы емес,
жігіттің сырттаныңа берем. Сен мені іске алғысыз етіп, шығарып
тастасаң да, əкелік парызымды мен еш уақта ұмытпаймын.
Гүлбаданның жаны түршікті. Көзі жасаурап шыға келді.
— Мама, рас айта ма? Сен неге үндемейсің? Адамды адам құрлы
көрмей, ылғи осылай басып-жаншып өте бере ме?
— Жə, қызым! Мені, Мақанды алған бетінен қайтарар жан туған жоқ
əлі. Көр жыла, жер жыла, кеудемнің тоңын жібіте алмайсың! Озбыр
десең — озбырмын! Жүрегі жоқ мейірімсіз қара тас десең — қара
таспын!
— Мама! Мен оны сүйем ғой! Сүйемін! Неге бірдеме демейсің?
Мақан кеңк-кеңк күлді. Қан жуған беттің күлкісі жүрек шошытардай
репейсіз болады екен.
— Сүйем деймісің? Мамаң да сүйген. Өліп-өшкен. Бірақ сол өліпөшкен жігітіне тимей мына маған... сенің қаныпезер əкеңе күйеуге
шыққан. Адам ойы орындала берсе, дүниені жылбысқылар мен
сүмелектер алып кетер еді. Себебі ме? Себебі, көздеген мақсаты басты
жарып, көзді шығаратын, қасының жұлынын үзіп, өңешін суырып
алатын мен сияқты озбырлар болмас еді онда. Табиғат заңы — қызым,
мəңгілік күрес. Сондықтан табиғат аясында тек тістілер мен
күштілердің ғана ұрпағы өмір сүріп, солардың ұрпағы ғана өсіп-өнеді.
Мамаң, мына мəңгіріп отырған бір кездегі сұлу бикеш, мені қалаған.
Мені!
Гүлбадан əкесіне аса бір жиіркенішті қараспен ұзақ шаншыла
қадалып тұрды да, бүрісіп қалған шешесін бас салды.
— Сүйгенің рас па? Басқа жанды... АДАМДЫ сүйгенің рас па, мама? —
дегенде адамға ерекше мəн берді.
— Рас, ботам! Сүйгем, əлі де жаныма шуақ құятын, қараңғы түнегімді
сəулелендіріп тұратын алданышым мен жұбанышым сол.
— Ой, мама! Маматайым менің! Жаны — меңіреу, кеудесі саңырау ма
деуші едім, алданғанымды енді біліп қуанып тұрмын. Сенің нəзік
жанын мынандай дүлей қапасқа қызықпауы керек еді, соны бүгін ғана
түсіндім, мама!
Гүлбадан Рыстыны сүйеп көтеріп, орындарынан қозғала беріп еді,
Мақан айқай салды.
— Қаншық! Үлде мен бүлдеге орап қойғанымды көре алмасаң, онда
құрым шоқпытты иығыңнан түсірмейтіндей Құралға қосақтап берейін!
Міне менің кесігім! — Түкірігі шашыраған Мұқан ысылдап келіп,
Гүлбаданның шашынан уыстай алды да, дедектетіп сүйрете жөнелді.
— Қаны сұйық қаныпезер-ау! Балаң емес пе, аясаңшы!
Соңынан ұмтылған əйелін қайырыла беріп бір теуіп, жалп еткізді.
— Үйім деп келдім-ау! Осы да үй ме, нағыз мола ғой! — деп еңіреген
қызын Мақан бөлмесіне қамап тастады.
Коридорда аяқкиімін шешіп жатқан Тұрғанмен бетпе-бет кездесіп
қалды.
— Жай ма?
Тұрғанның көздері бақырайып кетіпті.
— Əй, неге үндемейсің? Мен сенен сұрап тұрмын ғой!
— Қан!.. Түріңіз біртүрлі болғанға, Мəке, — Тұрған есеңгірегендей
үзіп-жұлып сөйледі.
— Немене, қан көрмеп пе ең? Неге келдің дедім ғой саған? Бостан
босқа келе бермеңдер деп қашанғы құдайдың зарын қылам сен
кеңкелестерге. Өт былай!
Екеуі Мақанның кабинетіне кірді.
— Мəке, сұмдық! — Тұрған тағы тығылды.
— Əй, өзің нағыз сорлы екенсің! Ит көрген текедей үрпиіп...
— Анау Қобланды ше... Бектемір бригадтың баласы. Сол өзі
комсомолдардың жетекшісі ғой... Түрі жаман!
— Əй, қырт! Мен оның түрін езіп ішпеймін. Қызымды да бергелі
отырғам жоқ, — деп Мақан сигаретінің бір талын Тұрғанға ұстатты, бір
талын өзі алды.
— Түрі жаман дегенде, Мəке, мен оның айтқандарынан қатты
шошыдым-ау! Өзінің білмейтіні жоқ. Жиналыс шақырып, Мақанның
қылмыстарын əшкере етем дейді. — Тұрған маңдайдан сорғалаған
ащы терді сұқ саусағымен сылып алып, сілкіп тастады.
— Менің қай қылмысымды көріпті? — Сақиналата будақтатқан
көкшіл түгін тасасынан қанталаған көздер сығалай тесілгенде, бір жақ
бетін түгел жаба ұйыған қоңыр қожыр қан дағы суық жүзді тіпті
сестендіре түседі екен. Тұрған тайсақтап, басын төмен тұқыртты.
— Қылмыс дегенде... Ол бəрін біліп отыр. Сіздің бүкіл жасаған, ə-ə...
жасырын істеріңіздің мəліметі барлық айғағымен қолында.
— Қылмыс-қылмыс... Жалғыз мен бе екем, мына сен де ортақсың,
оларға. Əлде тайқып шығу ойыңда бар ма?
— Қайда кетем тайқығанда... Қобландының беті жаман. Ештеңеден
тайынбайды. Бүкіл жастарды қосып алса...
— Жастар-жастар... Не келеді сонда қолдарынан ит қуған
шибұттардың. Айқайлайт-айқайлайт қояды. Оған үрейленбе.
— Əй, қайдам? Облыс пен астанадан түк шықпаса, Москваға жетем
деп отыр. Анау ма, анау Бектемірдің қуы одан да тайынбайды.
Тұрған қолында ұстап отырған темекісін езіп жібергенін байқар
емес, Мақанға жауап күтіп қадалып қалыпты.
— Əкесінің сиқы анау ғой! Тартпасын ба тегіне. Сонда білетіні көп
пе? — Мақанның даусы бəсеңдеп, жүні жығылып қалыпты.
— Ойбай, керемет көп! Көп болғанда тіпті өзі тап біздің ішімізде
отырғандай ананың қайда, мынаның мұнда кеткенін алақаныңда
жаюлы жатқандай сайратып отыр. Үрейімді ұшырғаны да сол бəрін
біліп алғаны ғой қызылкөз пəленің!
— Естігенің дұрыс болған, Тұрған. Жиналыс шақырмақ дедің бе?
— Иə! Жетінші октябрьдегі Конституция күніне жинамақ.
— Есебін қарашы қудың. Сен не дедің оған?
— Құптаған боп отырып барынша айтқыздым. Өзіңіздің үйретуіңіз
солай. Əзірше мұны енді жан адамға тісіңнен шығарма. Шығарсаң
Мақан жым-жылас қып бəрін жойып жібереді. Онан соң саған... сенің
өзіңе дауыл үйіріледі дедім.
Мақан езу қисайтты. Бірақ қасында Найманқұлы болмаса да,
қадалып отырған Тұрғанның денесі құрысып, жон арқасы мұздап қоя
берді. Дүниедегі ең бір атом бомбасы жарылуынан да қиямет нəрсе бар
болса, ол Тұрған үшін анау добал ауыздың қисайған езуі. Езу қисайды
дегенше не малыңнан, не жаныңнан баз кеше бер.
— He, Мəке-е, бірдемені бүлдіріп қойдым ба? — деп қуыстанып,
орнынан тұрып кетті.
— Отыр! Бүгін шетіңнен ақкөт торғайша қыпылдап біттіңдер ғой,
түге.
— Есім шығып... Əлгіні естіген бойда өзіңізге келейін деп... Келсем...
— не айтып, не қойғаның білмей Тұрған əбден батпақтады.
— Келсең, иə?..
— Қатты-қатты дауыстар шыққанға... Сөйтсем, өздеріңіз ғана... үйіші болған соң, сыртқа бара тұрайын деп... — ұрлығының үстінен
түскендей Тұрғанның ішіне су кетті. "Басқа бəле тілден" дегенді есіне
түсіргенде түсі тіпті қуарып кетті.
— Үй-іші дейді ғой. Шетінен жау боп шыққан шұбар жыландар ғой.
— Жейдесін шешіп, лақтырып тастады.
— Бізде де бір-бір ақырған аю босағадан аттасақ болды, бас салады.
— Тұрған Мақанның ыңғайына бақты.
— Жə! Оны қайыстай созба. Қатын ашуланса қазан қайнатар.
Алдымен жаңағы Қобланды неменің... "Жаман иттің атын Бөрібасар
қояды" деп, əй, атам қазақ тауып айтқан-ау. Сол шəуілдеген күшіктің
əңгімесін түптейік.
— Түптейтін түгі жоқ, Мəке. Ол түзелуден кеткен. Көзім жетті.
Арындап-ақ тұр. Бұл бетінде оған қарсы келер, бетін қайтарар бірдеме
бар деп айта алмаймын. — Тұрған шын қиналды. Алдындағы манғол
буддасындай жалаңаш кеудесінің жүндес омырауын тыр-тыр қасып,
малдас құрып алып, диванда шіреніп отырған иесінің не ойлап, не
көздеп отырғанын біле алмай дал. Əйтеуір анау бүлік езу манағыдан
кейін қисая қойған жоқ.
— Бар пəлені жалғыз содан күтсек оның ебі табылар-ау. Тек
сонымен бітсе...
— Бітеді, Мəке! Пəле басы — Қобланды бала. Басқалардың қасқабағын аңдудай-ақ аңдудамыз. Ол жағынан қылп етпеңіз. Қауіп жоқ,
— деп Тұрған ұпай жинауға көшті. Қарап жүрмей, қарайлап,
қарауылдап жүргенін сездіріп қойса, құны өсіп, қадірі артады. Онда
анау езу қисаймайды. Езу қисаймаса, Найманқұлдың қолындағы дырау
қамшы ысқырып келіп сауырды шықпыртып тіліп түспейді.
Қамшының ысқыруына да төзуге болады. Одан да зор зобалаңды
сыбағалап қисаятын езудің қимылы бар. Ондайда Найманқұлдың қолы
қамшыдан басқаны да құшырлана қысады...
— Қобланды! Қобланды! Қарақыпшақ Қобланды болды десейші! —
Мырс еткен Мақанның бетіне Тұрған дəмелене қарады.
— Бір ойдың... ой болғанда бір амалдың басыма келіп тұрғаны,
Мəке... — деп Тұрған рұқсат сұрағандай аз кем бөгелді.
— Айтсаңшы онда! Неге діңкелете бересіңдер.
— Əлгінде асығып келем деп... Кірген бойда Гүлбаданжанның сөзін
естіп ем... Екі жастың сауабын алса деп Қобланды сіздің балаға құмарта
қарайды дегенді бұрында естуші ем...
Мақан жаратпай қалды.
— Малтаңды езе бермей тоқ етеріне көш!
— Сол екеуін... Гүлбаданжанды көңілін қалдырмай... іштен шыққан
шұбар жылан емес пе... Тойларын жасап жіберсек күйеу бала қайын
атасының қылмысын...
— Не оттап барасың, қылмысың не? Күйеуің не? Қылмысты десең,
бірігіп жасағамыз. Бəріміз! Əлдебір боқмұрыннан қорқып, қызымды өз
қолыммен салып беруім керек екен ғой. Қыз сенде де бар. Аузын
жабам десең, бауырына басқызып, мауқын басқыз. — Мақан
қимылдағанда диван селкілдеді.
— Мəке, енді далбасаламасақ бола ма? Жастардың обалына
қалмайық деп бір жағынан...Екіншіден...
— Жə, жап аузыңды! Үйірімнен тай алдырмаған құтпан
айғырлығым өтірік болмаса бір күшікке бола үрпиетін түгім жоқ.
Табан тіреп тартысқа түсетін ол кім, мен кім?
— Мəке, оны айбындандыратын қолындағы мəлімет! Айғағы!
— Айғақ! Айғақ! Немене айғақты езіп іше ме, басына құя ма? Ақша
мен алтыныңнан құдіретті ме екен сол айғағың? — деп қатайған əлпет
танытқанымен солқылдап кеміп бара жатқаның өзі де сезді. — Ендеше,
саған тапсырам, Тұрған! Қобландыдан сен құтқарасың! Сен!
Тұрған Мақанның ар жақ ойын аңғармаса да, қыл мойынға қыл
арқанды бұлқынтпай тастай салғанын анық ұғынды.
— Қалай, Мəке?
— Несін қазбалай бересің. Етегі жабылмаған бала емессің, азу тісің
сарғайған бəлекейсің. Ретін тап!
— Əй, ол көне қояр ма?.. Сыңар езуленіп жұлқынып жарға жығады
ол.
— Ез екенсің былжыраған! Сылап-сипайтын, мəймөңкелейтін
ұрғашы ғой деп пе едің оны. Толтыр көмейін! Қақалт арам аспен! Жақ
қараны ағына! Сөйтіп батыр былыққа. Мыңқ етер ме екен сонсоң! деп
қайрай түсіп, қажалай қытықтады. Тұрған бірақ босамады.
— Əй, Мəке, Мəке! Сіз елдің бəрін құлқын қамы мен есептейсіз.
Қобландының жөні мүлде бөлек. Ол түспейді бұл ауға. Жемтік қабатын
қомағай емес, — деп бас шайқағанда ілгері бір-ақ ұмтылған Мақанның
қолы Тұрғанның жағасынан сығымдап ұстай алды.
— Мен саған тапсырдым емес пе?.. Сатып алмасаң, атып ал.
Қолыңды кім қағады?
— Атып деймісіз?! — Тұрғанның даусы қылғына шықты.
— Немене, ол соншама əулие ме еді? Не ол, не біз!..
— Сонда қалай, кісі өліміне де барғанымыз ба? — деп сенер-сенбесін
білмей, алқымын сығып бара жатқан саусақтарға еңкейіп көз қиығын
жүгіртті.
— Кісі өлімі!.. Кісің кім, ей сенің! Кісі емес ол — жауың! Алдын
алмасаң, өзің өлесің. Өзің! Бəріміз! Жауды аяған жаралы. Ол бізді
аямаса, оны біз неге аяймыз. Орындаймысың айтқанды? — Мақан
саусақтарын сығымдай түсіп Тұрғанның бетін бетіне тақап əкеліп,
қарашығын сұйылта ананың алкүреңденген жүзіне тінте қадалды.
— Оры-ын-дай-ын...
Мақан қолын босатып, Тұрғанды нұқып қалып, орнына отырғызды.
Кілт енжар тартқан түрмен сабырлы кейіп танытты.
— Онда тездет, Тұрған. Көп созуға болмайды. Отыз тістен шыққан
сөз отыз рулы елге тарайды. Таратып үлгертпейік.
Тұрған үнсіз ғана бас изеуден аса алмады.
— Конституция күні дегенді пайдаланған жөн. Жиналысты да
тағайындай беріңдер. Сезік алмасын. Жай жиналыс қана етпей, сол
күнді кəдімгідей атап өту жайын ескріңдер. Колхозшыларды кейде
сүйек-саяқпен алдап қоюды ұмытып барамыз. Он шақты грамота, алты
адамға жиырма-отыз сомнан сыйлық əзірле.
— Ол дұрыс екен. Əзірлейміз, Мəке.
— Ең негізгісі сойыс жағы. Бірер қой бөлінсін. Қалған етті киік атып
табасыңдар. Ол үшін аңға шығасыңдар! Аңға!
Тұрғанның қаперіне түйсік кіре бастады. Мақанның қандай "аңды"
астарлап отырғанын да ұқты.
"Е, бəce! Жалғыз менің басымды тігіп берді ме деп едім. Бар
салмақты бөліп жіберген соң, ешкімге дес берем бе! Ой, Мақан-ай!
Тереңсің-ау! Жазатайым қаза тапқан аңшыны кім іздей қойсын.
Жазымға не дауа баp!"
Тұрғанның бетіне қан жүгіріп, өңі кірді. Соны байқағанда Мақан
қатулы жүзінің тоңын сындырып, күлімдеген сыңай білдірді.
— Құлағыңа жағып кетті-ау, Тұрған, ə!
— Мəке-ау, енді өзіңіз солай топшылаған соң, орайласпайтын дүние
бол ар ма. Күнұзын қалай болар екен əр саққа бір жүгірген ойды
тиянақтай алмай отырғаным рас еді. Ұзын құрық бердіңіз. Ендігісі бір
шөкім насыбай атқаннан қиын емес, — деп кəдімгідей жадырап, анау
шиелене байланған сұмдық кесім — кісі өлімі емес, жайшылықтағы
тоқты-торымның төңірегіндей тартыс көре ме, қысылып-қиналмайды.
— Жə, қутыңдама! Қутыңдама танауыңды желпілдетіп. Алдымен
өткелден өтіп алып мақтан, — деп серігінің орынсыз желпінгенін
ұнатпаған Мақан сызды қабақпен тұқыртып тастады.
— Өтеміз, Мөке! Өтпей... Өзіңіз шылбыр тастаған соң қияметтің қыл
көпірі де бұйым болмайды.
— Тоқтат былшылды! Аңға кім-кім баратындарыңды осы бастан
ойланғанымыз жөн.
— Оныңыз рас, рас, Мəке! Əбден қадағаламасақ, əрине, болмайды, —
деп Тұрған құрақ ұшты. Алғаш тапсырманы жалғыз орындаймын ба
деп секем алған кеудесі, бұл қатерлі істі төрт-бесеумен еншілес боп
тындыратының естіген соң, сотта ақталған адамдай түгел босаған. Сол
қуанышынан əлі арыла алмай отыр.
— Найманқұлды, Хайролланы ерт. Қобланды боса болмаса...
Аттандатпай-шуылдатпай бітіріңдер.
— Берден ше?
— Көрінген жерге тықпалай берме оны. Оның үстіне ол барса, баяғы
белгілі бекбикелер дейтін қауесет тарайды. Анау Сүйменқұлды қосып
ал.
Тұрған ыршып түсті.
— Ойбай-ау, ол нағыз қызыл көз пəленің өзі емес пе. Жиналыс
сайын əрқайсымызды бір түртпектеп тиісіп отырғаны.
— Сонысы керек. Сонда айтқандарыңа жұрт сенеді.
— Қалай сенеді? Сүйменқұл бізге ауыз аштыра ма?
— Əй, қырт! Үшеуің бір адамды қорқыта алмайсыңдар ма? Жəне
оған көрсетіп, білдіріп жасайсыңдар ма? Зуылдаған оқ қағыс тимей ме?
Сүйменқұл тулайтыңдай болса, қағыс оқ оған да өтетінін құлаққағыс
қылмайсыңдар ма! Мен білем ол Сүйменқұлыңның қай қамырдан
иленгенін. Негізі қорқақ, ниеті бұзық, көмейі — апандай. Май берсең де,
лай берсең де жұта береді.
Тұрған əбден тыншыды. Мына басы жарылып, өңі қашып, жүндес
кеудесі қарауытып отырған "Мəкесінің" түпқазығы мықты екенін
біледі. Содан да ғой қаладағы жұмысын тастап, осында "сырттан
келген қалыс адам" боп хатшылыққа келіскені. Жұрт көзіне адал, таза,
принципті боп көрінуге тырысып, Мақанды онша жақтырмай, жүре
тыңдайтыңдай болып көрінуге шебер-ақ. Сонысына көп адам сеніп те
жүр. Қобыландының да құпия сырын колхоз партия ұйымының
секретары — Тұрғанға ашуының осындай мəні бар болатын.
Тұрғанның бүгінде асығы алшысынан түсіп тұр. Қаладағы айлығы
шайлығына да жетпеуші еді бұрын, енді міне Мəкеңдікі сияқты
арыстан үлес алмағанымен қасқыр үлесі де — бүкіл қалта-қонышын
сықап бітеп тастады. Ақша мен алтынның буын айтпаңыз! Бүгінгі
Тұрған ақшаның бетіне қарамайды. Кешегі өр тиының санайтын
қалтылдақ күйін көз көрмес, құлақ естімеске кеттіге балап қойған.
Кетпей ше. Мынау Мəкең жиен барда, ана-о-оу жақта, ойпырмай, бөрі
жоқ деме бөрік астында, біреу-міреу естіп қоймасын, ана-ау жоғарыда
Ғазиз Құлтанович есен-сау тұрғанда Архимедке тимеген Жердің
тұтқасы бұлардың əрқайсысының саусағына, əй, ілініп қалмады ма.
Дүниеде ең ыстық нəрселер — байлық, билік ақ жаулық болса, сол
сиқырлы үш ыстықты бауырына басып, шеңгеліне қысып, қойнына
толтырған, өр көкіректе нан емес тас ерткен "тəңірлер" сол үш
ыстықтан өлмей айрылар ма. Ендеше Қобланды сияқты етекке
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.