Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14

Total number of words is 3942
Total number of unique words is 2365
31.6 of words are in the 2000 most common words
45.1 of words are in the 5000 most common words
52.1 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Балтаның əлгіндегі өз машинасына мінген сəттегі қуанышы су
сепкендей
басылды.
Өзі
қаламағанды
зорлап
жасататын
"нағашысының" мықтылығы жігіттің көтеріңкі көңілін күйген терідей
бүрістірді де жіберді.
Қаланың сыртына шығып, рульге отырып машинасын жүргізуді
үйренгенде де көңілдегі кірбең ажырамады. Аяқ-қолдың кəнігілігі
ұмытылмапты. Колхоздың машина, тракторының құлағында ойнап
өскен Балтаға лыпып тұрған "Жигули" тізгінін тез ұстатты. Бірақ ауыр
ой кешкен жігіт қуаныш күйге құлықсыз еді.
— Гаражың, не стоянкаң бар ма? — деген Магомедтің сұрағы оқыс
естілді. Балта ажырая қарап біраз отырды.
— Жоқ...
— Енді бұны қайда қоясың?
— Аулада... есік алдында тұрады.
— Бір-ақ түнде тонасын да кетсін дейсің ғой.
— Неге?
— Бүгінде "Жигулидің" шины дефицит. Алдыңғы шыны-терезесі
дефицит. Мынау радиосы жастарға тапқызбайды.
Балтаны жекеменшіктік сезім билей бастады.
— Милиция қайда? Ұрыларды қаптатып жіберген!
— Милиция... Олар ақмақ деп пең. Осындай суықта кімнің
бүрсеңдегісі келеді. Оның үстіне олардың да өңеші тесік. Семьясы,
бала-шағасы бар. Ал, айлығы... умора. Əне, қайда компромистің көкесі...
Магомед бірді айтып бірге кетсе де, көп жағдайдың шетін қылтитып
кетті. Милицияңа сенің машинаңның аман-саулығы, барлығы,
бүгіндегі керек емес сияқты. Милицияға суыққа тоңбауы, балашағасын қатардан қалдырмай тоғайтып, молайтып қою қана керек
сияқты. Бір ұққаны осы болғанда, бүкіл милицияға деген наразылығы
өре түрегелді. "Арамтамақтар! Қылмыскерлерді бүркеушілер!
Қолдаушылар! Қорғаушылар!" Осы ұйғарымға тірелгенде ызадан
жарылып кетердей булығып, тілі күрмеліп шықты.
— Милиция — құдірет деп сенсек... Ұрылардан өздері бетер...
Магомед Балтаны иығынан қақты.
— Сен оларға жөнсіз тиіспе. Милициямен қатынас бұзуға болмайды.
Оларда да сөз түсінетін жақсы адамдар бар. Гаражды... стоянканы
жасаймыз. Қалтанда жүз елу сом бар ма?
— Жо-оқ...
— Əй, Əй, инженеришка!.. Бес жыл оқығандағы түрлерің осы!
Неменеге бас қатырғансыңдар... Жарайды, жүз елу сомды мен қарызға
берем. Қарызға! Естимісің? Мен Бəкең емеспін!
— Иə.
— Онда бүгіннен бастап ашық алаңдағы ақша төлейтін стоянкадан
бір орынға ие боласың.
Магомед оны да бір сағаттың мөлшерінде бітіріп, "Жигулиді" қойып,
орынның номерін де, машинаның кілтін де Балтаға ұстатты.
— Үйге кірелік Магомед.
— Рақмет. Бізге Бəкең ондайға көп рұқсат ете бермейді. Ал, сен ертең
қай кезде боссың?
— Кешкі бестен кейін.
Бес жиырмада мені стоянканың алдында күт. Ертең екі сағат
жүргізсең, менен де мығым боласың. Ал, анау көше тəртібінің
ережелерін жаттап алу өзің үшін қажет. Онсыз қалада жүре алмайсың.
2
Балта Майсараға сюрприз жасамақ болды. Машинаны есік алдына
қойып, есік қоңырауын ұзақ басты.
Майсара күн сенбі болған соң түшпəра дайындап жатқан. Қолының
қамырын да сүртпестен есікті ашып, электр қоңырауынан саусағын
алмай тұрған Балтаға состия қарады.— Не болды, Бал? (Соңғы кезде
бірі Балға, Бірі Майға айналған).
— Тез киін, Май! Машинамен қыдыртам! — Балта машинаның
кілтін саусағында ойнатып, Майсараның көз алдына тоса қойды.
— Бұ не?
— Машинаның... менің машинамның кілті!
— Оны қайдан алдың?
— Сатып алдым!
Енді Майсара таңданды. Əдемі иілген жіңішке қара қастарының
арасы дүңкиіп, екі ұшы жоғары шапшып кетті.
— Сатып алдым деймісің? Қашан? Қалай? Кезегің келіп... Кезекте
бар ма едің?
Балта күлді. Ештеңеге онша таңырқай қоймайтын Майсараның
мына абдыраған түріне сүйсіне күлді.
— Кезегім де, ақшам да жоқ болатын. "Өлмегенге əлі балық
кездеседінің" кері келді. "Дүние бір қисық жол бұраңдаған" рас екен.
Бақ қонса, үйіліп-төгіліп басып кетеді екен.
— Кірші өзің. — Майсара Балтаның білегінен тартты. Қолын
алжапқышына сүртіп, екеуі залға кірді.
Тар дүниенің тауқыметін көрген тесік қалталы кешегі студент ері
сыпырылып, жүгені босап, тақырға аунаған торы төбел құнандай
құнжыңдап қалған еді, сол көңіл қуантар тірлікке қол жеткізген
Майсарасын бақыт құсына баламағанда қайтеді. Қазіргі желпінуі
Майсараға деген бар алғыс-құрметті білдірудің бастамасы ғана.
— Ал, енді айтшы...
— Айтатын түгі жоқ. Нағашың қолқалап қоймаған соң, үлкен кісінің
көңілін қалдырып, қолын қақпайын деп келісе кеткенім. Дұрыс етіппін.
Машина дегенің — нағыз мүлік Май. Міндің — кеттің. Міндің — жеттің.
Транспорт тоспайсың, суыққа ұрынбайсың. — Балта Майсараның екі
иығына қолын салып, мұрнының ұшынан шөп еткізді. — Солай, Май!
— Тоқта, тоқташы, Балта! Нағашы дегенің сенікі ме, менікі ме?
Дұрыстап ести алмай қалдым, — Майсараның жүзінде мазасыздану
нышаны білінді.
— Сенің нағашың, əрине. Бəкең!
— Бəкең?! Ол кім?
— Барақ! Туған нағашысын білмейтін адам болады екен, ə.
Менің ондай нағашым жоқ.
— Не-ме-не?!
Енді Балтаның көздері бадырайды. Жүрегі лоблып, құсқысы келді.
Жүзі құбыла толқып кетті. Соны көргенде Майсара қаусыра құшақтай
алып, бетін бетіне жақындатты.
— Айтшы, Бал, түсіндіріп айтшы.
— Түсіндіретін не бар. Алдапты. Оңдырмай алдады. Бірақ неге
алдады? Не үшін?
Майсара теңселіп кеткен Балтаны сүйеп əкеп диванға отырғызды.
— Кім ол? Қандай адам?
— Сенің нағашыңмын дегенде сеніп қалдым ғой. Оның үстіне...
(саған тез үйлен деп айтты демекші болды да, кідірді) іші-бауырыма
кіріп кетті-ау. Бөтен адам мені қайдан таниды деген оймен...
Машинаны сыйлығым деп... — Балта əлі де айран-асыр.Алданғаны
Жанына батып барады.
— Өзінің түр-түсі қандай?
— Қандай болсын, адам. Кавказдық тəрізді түрі. Қазақшасы сені мен
мені жаңылдырады.
— Басқа белгісі бар ма?
— Екі-ақ рет көрдім... Онда да екеуінде де машина де отырғанында...
Айтпақшы оң қолының шынашағының бір буыны жоқ.
Майсара ішегін тартты.
— Сол!..
— Не дедің?
— Жай, əшейін... — Майсара диваннан тұрып кетті. Балтаның бетіне
тура қарамай, терезеге бұрылып тұр.
— Сол дегенің кім?
Майсара үндеген жоқ.
Орнынан атып тұрған Балта Майсараның иығынан бүріп ұстап,
жұлқып-жұлқып жіберді.
— Сен неге жасырасың менен. Біліп тұрсың ғой ол қуаяғыңның кім
екенін! Бұның сенің қай қиқаңың? Балта сарқыт пен қалдыққа əбден
мелдектеп болды. Енді шыдар төзімі жоқ. Ақырғы рет қайталаймын.
Сол дегенің кімің?
Майсара ышқына айқайлады.
— Сол дегенім — сен ойлағаннан басқа. Басқа! Əнеукүнгі ақшаны
берген адам!
Майсара солқылдап жылап жіберді. Қанша қиындық көрсе де, дəл
бүйтіп қиналмайтын. Мөлт-мөлт аққан көз жасы кесек-кесек. Ішкі
күйігі домалап тасығандай. Балта аяп кетті.
— Жə, Май! Кім екенін түптедік қой. Ұрлаған жоқпыз. Тонаған
жоқпыз ешкімді.
Жүдей қалған Майсара сұлу Майсарадан мүлде бөлектеніп, көңіл
жабырқатады екен. Соны көріп көңілін бөлгенсіп Балтаның əлгісі
сылтауратқаны еді. Майсара басын шайқады. Қолымен көзін, мұрнын
сүртіп отырды да, орнынан тұрып барып серванттан бір қорапшаны
алды. Диванға əкеліп əлгіні төңкере салды. Ақша, бір-екі алтын сақина,
жүзік сағат шашылып түсті. Диванның алдына тізерлеп отыра қалып,
ақшаны қаттай бастады. Əлгіндегі көз тоймас қарашықтары күл сеуіп
тостағандай көмескіленіп, жылу шашып тұратын жанарын мүлде
салқындатып жіберіпті. Балта ақша санаған қолдан гөрі анау суық
тартқан жүзге жиі қарайды. "Əттең-ай, ə! Адамды бұзайын десе, оңай
екен-ау. "Алтын көрсе періште жолдан таярды" бабалар қалай дəл
тауып түйіндеген. Ол кезде де мен сияқты көз сатқандар болған да.
Ата-бабасынан қалған мұрадай əркімнің сыбағасына бір сүзілген соң,
сүйек тастағыш бір қол тоқпақ жілікті майымен алдыма лақтыра салды
ма екен? Енді міне... "жаманнан — кесапат" дегендей Майсараны да
күйзелтіп қойдым. Соған қарағанда Барақ немең нағыз кісəпірдің өзі
болды-ау. Болды-ауым не!.. Анау машина дүкеніндегі, маңайындағы
сауда-саттықты өзі жатқызып-өргізіп отырған ол шетелдік мафиядан
бір де кем емес қой".
"Мафия!" деген ұғым миына оралғанда Балтаның көзі шарасынан
шығып кете жаздады. Бір пəлеге мықтап ұрынғанын, құтыла алмастай
батпақтағанын сезгенде жүрегі қатты соғып, жүзі қуарып, боп-боз боп
сала берді.
Ақшаны алақанына салып, Балтаға бетін бұрған Майсара жігіттің
қан-сөлсіз түрінен шошып кетті.
— Не болды?! Өңің қашып кетіпті ғой!..
— Жүрегім... жүрегім қысылып барады...
— Жатшы! Қисайшы... — Майсара диван үстіндегілерді еденге
білегімен ысырып тастады да, Балтаны сүйемелдеп диванға
шалқасынан жатқызды. Пиджагы мен жейдесінің түймелерін ағытып,
жүрек тұсын қолымен басып массаж жасай бастады.
Біраздан соң Балтаның өңі кіріп, бетіне қан жүгірді. Майсараның да
жанарына жылу оралды. Еңкейіп келіп Балтаның бетіне бетін тигізді.
— Жаман қорқыттың-ау, Бал!
— Ештеңе етпейді. Мен барда түктен сескенбе.
Майсара жерге қоя салған ақшаны алып:
— Міне, екі мың бес жүз. Ақшасын да қайтар, машинасын да қайтар.
Керек болса, өзіміз-ақ, жаңасын аламыз. Кезегіміз жақындап қалған.
— Мен оның адресін де білмеймін. Аты да Барақ емес шығар.
— Табасың... өздері табады сені.
— Айтпақшы, Магомед ертең кешке келеді екен-ау. Соған беріп
жіберсем қайтеді? — Балта шешесіне еркелеген баладай жатқан
жерінде мойнын сырғаната бұрды.
— Жоқ! Барағыңның өз қолына тапсыр. Ондай адамдардың
төңірегінде жүретіндер тым жылпос болатын. Оларды мен білем ғой...
— Майсара кідірді.
"Алмадым, көрмедім!" деп танып кетуі ғажап емес. Өзіне ғана
тапсыр.
— Қап, оның уəдесін орындай алмайтын болдым- ау...
Ақша мен машинасын қайтарып, бас бостандығын қайтадан сатып
алғандай Балта кəдімгідей қутыңдады.
— Ол не уəде?
— Бұл машинаны маған сен екеуміздің жаңа жылға дейін үйленіп
алуымыз үшін сыйлаған...
Майсара диванның бас жағындағы креслоға сылқ отыра кетті.
"Ғазиз Құлтанович екен ғой... Бəсе, бəсе!.. Осылай да омыртқа
опырардай əрекет жасайды екен-ау. Əй, Ғазиз Құлтанович! Ғазиз!
Дүниеде сатылмайтын, сатып алмайтын сіз үшін ештеңе де, еш қасиет
те қалмаған-ау. Махаббатты да сатып алуға болады деп ойлайды
екенсіз ғой... Əрине, ойлайсыз. Сізге... сіздің ақшаңызға, алтыныңызға
сатылмаған кім бар? Əй, жоқ қой ондай жан... Сатылмасам, мен
мойнымнан тұзаққа ілінер ме едім. Бұлқынған сайын, міне, тұншығып
қылғына түсем. Əй, Ғазиз! Ғазиз... "қорқыт-қорқыт дегенде осылай
қорқыт деп пе едімнің" керін келтірдің-ау. Бұдан кейін Балта менен
тіпті алыстап, тіпті суып кетсе қайтем. Ол түгіл өзім безініп жүргем
жоқ па арзан алтыныңнан. Арам ақшаңнан".
Балта əлі де кеудесін көтеруден қорқып (жүрек ауырғанда
қимылдамау керек дегенді естіген), иегін шошайта бас жағында
отырған Майсараға шалқалап қарады.
— Жай ма? Сенің де жүрегің бе, Май?..
— Жо-жоқ! Əншейін бас айналғандай болған соң...
— Сонда... сенің құсқың келмей ме? Тəбетің қалай?
Майсара жымиды. Бұл сұрақтың төркіні белгілі.
Жоқ! Майсара ондай арамдыққа баспайды. Əзір...некесіз тұрған
кезде екікабат болмайды. Сондықтан құспайды да, тəбеті бұзылып
жерік те болмайды. Бетіне шоқтай қарып басатын ар ұялар іске
бармайды.
Балта күрсінді. "Неге бала көтермейді? Маған сенбей ме? Əрине,
сенбейді. Ертең кетіп қалардай болсам, жетім бала, жесір əйел кімге
керек. Əй, бірақ неге далбасаламайды? Бала — дəнекер ғой. Одан
сайын бір-бірімізге кірігіп кетпес пе едік. Сонда мынау белгісіздік
жоғалар еді".
Балтаны өзіне деген, бас жағында бүрісіп отырған Майсараға деген
аяныш сезімі иектеп алды. Күн сайын күшейе ме дейтін екеуара
ықыластың бұл жағындағы табағы ауырлар емес. Себебі жəне белгісіз.
Ұнататыны, қасында жүрмесе өліп-өшіп сағына бастайтыны рас. Бірақ
ертегідегідей ынтызар бейнеге немесе бүкіл ой бойын шырмап
өзіндегі өзіндей болып кетер Майсараға айнала қойған жоқ əлі. Бірақ
дəл қазіргі аянышы еріксіз тіл қатқызды.
— Май, жаңа жыл қарсаңында ЗАГС-ке отырайық...
Майсара іле жауап бере қоймады.
— Асықпайық, Бал.
— Қашанғы күтеміз?
— Сен өзіңе өзің сенімдімісің?
— Бұл не сұрақ?
— Кейін өкінбеймісің? Өкініп жүрмейсің бе?
— Өкінер болсам, айтам ба?
— Сенікі, Бал, аяушылық қана. Махаббат сезімі аяушылықтан биік
тұруы шарт.
Балтаның үні өшті.
***
Балта не ақшаны, не машинаны қайтара алған жоқ. Қайта Барақтан
біраз қоқанлоққы көрді. "Бала, асар тауың, жасар жасың алда екенін ұқ.
Құдай бұйрығындай бұйрығым барын сезбепсің əлі. Бұлқынсаң — не
басың байлауда кетеді, не жанын жаһаннамдағы жайлауға кетеді.
Арымды ақтап, абыройымды сақтап аман қалам дейсің-ау" деді ме
біраз бүлкектеді. "Мен былғанған дүниеден сен таза кетем деп
тыраштанғанмен түк өнбейді. Себебі сен де былғандың, мықтап
былғандың, күйеужан" деп күш білдірді. "Үйіріңді қайта табу жоқ.
Күдеріңді үзе бер. Мөңкимін дегеніңше, мойнындағы бұғалық
алқымыңнан сығып дүниенің тарлығы мен жалғандығын, бекерлігі
мен өткіншілігін көз алдыңа бір түйір көз жасыңа сіңіріп əкеледі" деп
өзеуреді. "Екі жарым мың сомға екі жыл мінген су жаңа машинаны
қулық-сұмдық, арамдықпен тапқан сенен басқа біреуді көрсетіпі.
Ендеше, сен де сау сиырдың жапасы емессің. Мына Барақтың көп
жандайшаптарының біріне айналдың. Милицияда саған папка
ашылды. Қылмысың тіркелді" деп қайдағы пəлені төндірді. "Тірлігің
таусылған жанша адал өлімге бас тіксең, онда əңгіме басқа, күйеужан.
Əлдебір елеусіз авариядан мүрдем кетіре саламыз. Онда құда да
тыныш, құдағи да тыныш", деп төтелей тартты. "Ал, еңсеңді көтеріп,
ентігіңді басам десең, талпын да талап қыл, оң қабағым да, оң қолым да
дайын онда. Жиын топта иығың да асып жүреді, мерейің де үстем боп
жүреді" деп аузын аштырмаған.
Бірақ "үйлен, тіркел!" дегендерді де қайталамаған.
Машинаға Балта əбден бауыр басып алды.
Кеудесі кеңіп, жүрегін бір рет зырқ еткізген күдік арылып, ойкүмəннан кəдімгідей айықты. Байлықтың арты бір тұтам болса, сол бір
тұтам байлықтың тез келуінен сескенген көңілдің уайымы — бір-ақ
елі. Жан азабы кеткенде, жадыраған көңілдің бір сілкуінен қалмайды
ол. Балта Барақты да, Барақпен арадағы əңгімені де ұмыта бастады.
Завод цехындағы жұмысы ыңғайланып, "Наташада" өткізілетін
тəжірибе бір қалыпқа түсіп, Жарқынның күлімдеуі де көбейді.
Шешесінен келген екі хатты да ашпастан жыртып-жыртып
тастаған.
"Əркім өз қызығын өзі көре берсін. Менде енді ана жоқ. Сенде бала
жоқ".
Өкпесі қара қазандай. Жапырайған жаман үй, жаман төртқұлақ
бейіт, мекер шеше бұның мына қалыптасқан тыныш та жайлы өміріне
жамау боп түсер жасқаулардай көрінеді. Осы бастан іргені бөлектеу
қажет. Жүдеу тірліктің жоқшылығының үзілмес исі, оңбас бояуы
қашанғы соңынан ілесе берер. Жо-жоқ, енді бұл қорлыққа төзбейді,
əділетсіздікке көнбейді.
Жаңа жылда Жарқынды жұбайымен ресторанға шақырды. Аста-төк
қылды. Мұндай қонақасыны Жарқын түгіл шетелдік министр де
көрмеген шығар.
Майсара — қайрап салған алмастай. Көркімен де, мінезімен де,
қылығымен де, тəжірибелігімен де Жарқынның ауылдың бетбасар
ұяңдығынан арыла қоймаған əйелін жеті қырдың астына тастап кетті.
Шіреніп, сызданып отырған кейбір сығайлар бірер рюмка көтеріп
алған соң көрші столдардан мойындарын созып, Майсараға өздерінше
ілтипат білдіре бастады. Ісік кеуденің де кейде сұлулыққа ұмтылып,
əсемдіктен дəмеленетіні болады. Көз біткеннің өзіне қадалғанын
сезбейтін Майсара можантомпай əлдекім емес, қаланың бүкіл қасқабақпен ымдасатын, тілдесетін оқу-тоқуын əбден өткерген бикесі.
Қасты керіп, кірпікті қайшылап, қарашықты ойнатып, қарақат көзді
төңкеріп қарағанда, жүрегі бары да, жоғы да төсін ұрғылап дүрсілдетіп
бара жатқаң дыбысты кеуделерінен анық аңғарар еді.
Жарқын Майсарамен билегеніне мəз. Ұршықтай ирілген
тығыршықтай
келіншектің
құшағындағы
денесін
осында
отырғандардың ұстағаны да арманда, ұстамағандары да арманда
екенін ұққанда, Майсараны қаусыра түсіп, төбесі көкке тигендей
масайрайды.
— Ойпыр-ай, Майсара қелін-ай, сұмдық билейді екенсіз-ақ!
Салмағыңыз тіпті бір мысқалдай сезілмейді-ау!
Майсараның сыңғыр күлкісі залдың ішін кернеп кетті. Кеуде
тіктеген
еркектердің
ындыны
құрыды.
Жарқынға
деген
қызғаныштары көкірек қыжылдатты.
— Сіз де ешкімнен кем емес тəріздісіз. Босқа кемсіне бермеңіз.
Жұбайыңыз да бір көрмеге тəп-тəуір.
"Бір көрмеге тəп-тəуір", Қалай айтты? Əдейі айтты ма, сөз реті солай
келді ме? Жарқыңның тасыған көңілі сап басылды. "Өзіңді көр, əйеліңді
көр. Маған қара да, Балтаға қара" дегені ме?
Жарқын аяқ астынан ырсылдай қалды. Бойдағы жеңілдік жоғалып,
түріне де, қимыл-қозғалысына да кекселік оралды. Екі иінінен дем
алып, басы сəл айналған сияқтанды.
"Əркімнің соңына салып қойған өз бағы, өз соры бары рас-ау.
Біреудің қоры, басқаға зор, Қомсынғаның қол жетпеске балайсың. Ал,
сенің соңыңнан ілескен тағдыр атты сыңарың торуылдап ізіңнен
қалмайды. Шалқыдым, тасыдым, көсілдім деп көңіліңді көлдей тұтқан
кезіңде адасқаныңды, əлсіздігіңді, міскіндігіңді көлденеңдете қойып,
жағаңа жармасады. Сор мен бақ? Неге тең бөлінбейсің елдің бəріне.
Біреуге бағын үйіп-төгіп беріп, екіншісін сормен көміп тастайтын
əділетсіз тағдырдың түп-тамыры неде? Еңбекте ме? Нəсілде ме?
Кездейсоқтықта ма? Еңбекте болса мен еңбектенбей жүр ме екем? О-о,
мендей-ақ болсын тырбаңдаған жан".
— Жарқын аға, неге ойланып кеттіңіз?.. — Майсараның сыңғыр
күлкісі өзіне шақырды.
— Ойланып кетіппін бе? Ой, айналайын Майсаражан, ағаңның
осындай да өнері бар... — деп Жарқын жуып-шаюға тырысты.
Би біткенде Жарқын əлгіндегі елгезек қунақылықтан айрылып
келді. Əйеліне қабақ астынан қарап еді, анау да бұған қадалып, ернін
тістеп қалыпты. Құлағына еңкейе түсіп сыбыр етті.
— Қанатып алма... Аман-cay келдім. Жеп қойған жоқ.
Əйелінің түсі бұзылып кетті.
Балта сергек. Рюмкаларды жағалатты.
— Енді дəл осы тосты Жарқын ағаның үйіндегі жақсы жеңгеміз —
Үміт үшін ішеміз. Ерлер орнынан тұрады, — деп өзі орнынан көтеріле
ыдысын ілгері созды.
Хрустальдар сыңғырлады. Дəл осы сəтті аңдып отырғандай екі-үш
көрші столдан да Рюмкалар сыңғыры жарыса естілді.
— Сіздердің... сіздің денсаулығыңыз үшін! — Үш-төрт дауыс
Майсараға қарай бағытталып қосыла жамырады.
Енді Балтаның қабағы түсіп кетті. Соны тез аңғарған Майсара
даяшыны шақырды, Майсараны мұндағылар жақсы таниды. Елпілдеп
жетіп келді.
— Біз көп отырып қалдық қой деймін. Əлде əлі де отыра тұрамыз
ба? — деп Майсара Жарқын мен Үмітке бұрылды.
— Үйде балалар өздері қалған. Қайтқанымыз дұрыс, — деп Үміт
əрең шыдап отырғанын сездіріп алды.
— Балта, есеп айырысып жібер онда.
Балта қалтасына қол салды. Майсара ақшаны өзіне беріп қойған.
Есіктен далаға шыға бергенде əлгі көршілес столдағылар келе
килікті.
— Əй, жігітім! Сұлуды көрмек үшін деген. Мына келіншекті жалғыз
иемденгенің обал емес пе. Асықпа қайтуға.
— Нағыз эгоист болар.
— Шіркіннің үзілейін деп тұрған белін-ай, салмақты бөксесін-ай!
Балта алғашқы жуанның жағасынан қылғындыра бүрді де, ысылдай
сөйледі.
— Сен жүн тыққан қанар! Өзіңе ылайық сұлулықты іздесеңші! Мə,
мынау тасырлығың үшін! — Маңдайдан жұдырықты сарт еткізді. Анау
арбадан тастаған қаптай сұлады. Қалған үшеу Балтаны ортаға алып
қалды.
— Əй, сен кімді ұрасың?
— Мəкеме жұдырық жұмсайтын кім едің сен?
— Феодал!
Жарқын "феодал" дегеннің көкжелкесінен қонжитып жібергенде,
Балта шуы көп те, ісі жоқ екеуді бір-бір ұрып бездірді.
Милиция ысқырығы естілді. Машинамен екі милиционер жетіп
келді.
— Не болды?
— Мынау екеуі нағыз баскесер!
— Əсіресе ұзыны қанішер! Əжептəуір үлкен адамды кескен
теректей сұлатты.
— Мына біреусі артынан ұрды. Мен көзіммен көрдім. Мыналар
өздерінше кетіп бара жатқан, екеуі жетіп келді де əйт-үйтке қарамай
перді кетті, перді кетті. Əйелдерін қызғанғанда кісі ұруға бола ма?
Балта бас шайқады. "Əй, бұл не қылған жұрт. Ақты қара, қараны ақ
қылмаса, ішкендері бойына тарамай ма? Неге соншама өтірік куəлік
беріп жатыр?"
Əрине, ілесе шыққандардың көбі күнұзын Майсараға қызыққан
еркек бөріктілер еді. "Тайраңдайтын неме ғой. Осылай өзін милицияға
ұстатып жіберейік. Анау əсем келіншектің қасында ылғи осының-ақ
мерейі үстем бола бере ме" деп жазықсыз екеуін жығып бере салып еді.
Милиционерлер кідіңдеп, сөз тыңдамай, екеуін машинаға қарай
жұлқылап, итере бастады.
— Əй, Степка, Степан, тоқта!
Аға сержант жалт бұрылды. Таныс дауысқа Балта да елең етті.
Магомедты танып қалды.
— Степан, қоя бер бұл екі жігітті! Сендер ана төртеуін апарыңдар.
Мен көрдім бəрін. Мен! Мыналарды... — Саусағы маңайындағыларды
наганның ұңғысындай кеуделерінен түйреп-түйреп өтті. — Мыналарға
өтірік куəлік көрсеткені үшін аты-жөндерін жазып алып, айып салу
керек. Екінші жалған сөйлемейтін болады.
Тұрғандар тез ыдырады.
Степан Магомедке қайта-қайта бас изеді. Балта мен Жарқынды қоя
беріп, оқшау тұрған төртеуге шұқшиды.
Магомед Балтаның арқасынан қақты.
— Сен бізге бүгін сондай ұнадың. Шеф сені мақтады.
Балта аң-таң. Барақты еш жерден көре қоймап еді.
— Учти! Біз сені ешкімге бермейміз.
Жарқынға басын изеген Магомед екі келіншекке кеудесін ие,
ілтипат көрсетті.
— Жаңа жылда мол бақытқа жетіңіздер.
— Рақмет...
Көшеге шыққанда да төртеуінің əңгімесі жараса қоймады. Өзінен
беделі төменнің көркі басым болғанын əйел халқы онша көтере
бермейді. Балтаны Жарқынның қол астындағы қатардағы ғана
инженер санаған Үміт осы кешкі ресторандағы асқа барғысы келмеген.
"Қайдағы бір жалаңаяқ неменің тиындап жинағанына бір-екі
шанышқылық шөп-шалам жеп, аш қайтар жайым жоқ" деп
менсініңкіремей, жаңа жылдың кешін от басында өткізем деп қиғылық
салған. Соны білгендей Балта телефон шалып, сағат төртке шақырған.
"Жеңгей кешке жаңа жылды балалармен от басында қарсы алатын
болады" деп алдын орап та кеткен.
Тиын санаған инженерсымақты емес, түр-тұлғасы келіскен қалтасы
қалың сымбатты жігітті көрді. Жасқаншақтана қарайтын арық-тұрық
емес, бүкіл залды бір өзіне қаратқан асқан сұлу əппақ періштедей
келіншекті көрді. Жігіттің де, келіншектің де мысы басып, бағынышты
олар емес, өздері сияқтанып кетті. Сол-ақ екен суық тартып, бойын
аулақ сала берді.
— Біз, міне, мына үйде тұрамыз. Кіріп шығарсыздар.
— Жо-жоқ. Əуре болмаңдар. Балалар күтіп қалды.
Үміт балкон-лоджиялары кең, кірпіштен салынып, плитамен
қапталған үйге де жауыға қарады. "Қандай ауыздары салымды. Ерекше
жобамен салынған үй ғой бұл. Кез келген түгіл, кейбір доктор,
профессорлардың қолы жете бермейді. Көшесі де тыныш".
— Онда сіздерді шығарып салайық, — деп Майсара қолтықтай беріп
еді, Үміт шоршып түсті.
— Келінжан, босқа қиналма. Бүгінгі бар сыйыңа алдаразы болсын.
Осы арадан айрылысайық.
— Айрылысайық дегеніңіз қиын болды-ау, жеңеше, — деп Балта
қалжыңдайын дей беріп еді, Жарқын əйелінің ар жағынан "Үндеме,
бүлдіресің" дегендей қолымен ишарат жасады.
— Біз сөз бақпаймыз кейбіреулердей, қайным. Бүкпеміз де жоқ.
Тоқетерін бір-ақ айтамыз.
— О, жеңеше, сол дұрыс. Мəймөңкелеп жатуды мен де ұнатпаймын.
Айтқаныңыз болсын деп қол қусырып, бас шұлғимыз онда Майсара
екеуміз.
Екінші этажға көтеріліп келе жатып, Балта Василий Сергеевичтің
есігінің алдына кідірді.
— Кіріп, құттықтап шығайық атамызды.
— Тоқтай қал, мен шампан əкелейін.
— Əкел, мен онда кіре берейін.
Есік ашқан Василий Сергеевич Балтаның бетіне айрықша сазарып
үнсіз қарады. Əдеттегі елпелек қағып құрақ ұшатын əдетінің бірі жоқ.
Мейірленіп тұратын көкшіл көздерде де адамды қалтыратып
жіберетін суық ызғар пайда бопты.
— Вася ата... Атажан, өзіңді жаңа жылмен құттықтағалы...
— Жə, төрге шық! Төбеңді көрсетпей кетіп едің... Маған да өкпелеп
жүрген боларсың.
Балта шалдың сөз астарын түсінбей бетіне қарай беріп, ілгері жүрді.
— Уһ, келдің бе, Балтажан!
Диванда отырған əлдекім... Бектемір қарсы ұмтылып, қолын
ұсынды. Дəл осы үйден дəл бүгін Бектемірді көрем деп ойламаған жігіт
тіл қата алмай үнсіз қол беріп амандасты.
— Шаруаның ыңғайымен екі-үш күнге келіп қалдым... Ауыл... апаң...
аман-есен. Сəлем айтты.
Балта ернін жыбырлатты.
— Келем деп-ақ жүруші ем. Бірде босатпай, бірде иіні келмей...
əйтеуір екі-үш мереке күнін сылтауратып. Апаңның сəлемдемесі бар
еді беріп жіберген...
Бектемір үнсіз сіресіп қалған Балтаға жаутаңдап қарап қалды да,
жауап болмаған соң Василий Сергеевичке жапақ-жапақ етті.
Осы кезде Майсара кіріп келді.
— Василий Сергеевич, ататай, Сізді... — диванда бүрісіп отырған
бөтен адамды көріп сөзін кілт үзді. Бас изеп амандасқан нышан
танытты. Қолындағы шампан бөтелкесі мен қораптағы конфетті стол
үстіне қойды.
— Сəламатпысың, шырағым! — Бектемір
жасқаншақтана кірпік қадады. — Келін болар...
Балтаға
тағы
— Иə-ə...
Василий Сергеевич меңіреуленіл отырған Балтаның жер астынан
шыққандай міңгірлеген даусын естігенде басын көтеріп, жігітке оқыс
бұрылды.
— Сен, Балта! Сен нағыз тас жүрек екенсің! Мен айтам. Айтам саған.
Ақылсызсың! Дүниедегі ең асыл адам — ананы ренжітудің не екенін
білесің бе өзің? — Балтаға шақшия қарап тоқтады.
— Ақсақал, сабыр етіңіз, — деп Бектемір қипақтады.
— Сабыр... сабыр... Қылмыс істесек те — сабыр. Күнəға батсақ та —
сабыр. Кісі өлтірсек те — сабыр. Соншама сабыр сақтай беретін не
еткен халықпыз. Туған анасын ұмытқан балаға да ақыл айта алмасақ,
несіне адам аталып жүрміз. Азамат дейді-ау. Ахахумен күн өткізеді.
Болдым-толдым дейді. Хат-хабарын да білдіргісі келмейді. Əй, Балта,
ты мне стал роднее родного сына. У меня к тебе убедительная просьба
— вернись к матери. Əйтпесе, мен жалғыздыққа үйренген адаммын.
Мен саған Вася атай емеспін деймін де навсегда теріс айналам.
Атасына нəлет мынау жиырмасыншы ғасырдың тасбауырлығы!
Бойкүйездігі! Разобщенность!
Шал көп сөйлеп қойғанын сезді ме, əлде жүрегі қолайсыздандыма, ас
үйге шығып кетті.
Қалған үшеуде үн жоқ. Əрқайсысы өзін кінəлі санап, мынау
ыңғайсыз үнсіздікті бұзудың амалын таппай отыр. Бектемір түрегеп
тұрған Майсараға иек көтерді.
― Келінжан... отырсаңшы... отыра ғой, қарағым.
― Рахмет...
― Əу, Балта, сен мені жазғырма! Ішіме симай келіп ем, Василий
Сергеевичке бəрін қалай ақтарып салғанымды да білмеймін. Сен
бекер... бекер күмəндандың, Балта. Қатира ― нағыз əулие. Əулиден де
ардақты. Жаман долы қатынның шайпау қатынның сөзіне бола қосыла
кір жаққаның қалай? Қайтып қана сендің. Өмірден көрген зəбірлері аз
ба еді анаңның. Соның бəрін бір сен деп көтеріп жүргенде... сұмдық
қаталдық іс еттің, Балта. Айтуға ауыз бармайтын нəрсе Қатираның
түсіне де кірмейтінін білмесең, сен анаңның сырын ұқпай өскен
екенсің, Балта. Қоштаспай кетіп, жүрегін жаралағаныңды өзің
сеземісің. Мен ұлымнан өлі айрылғанда да, дəл Қатирадай... сенің
анаңдай күйзелген жоқ едім. Қатыгез екенсің... балам. Мен осыны саған
əдейі айтқалы келгем. Сені аяп қалсам, айтпай қалсам, анаңа да, өзіме
де, саған да қиянат болар еді. Шырағым, қажыған жүйке жəракімаллаға
да зəру. Жаман сырын айтам деп шынын айтады. Мен Қобландымның
өлгенін сол өлген... атылған сəтінде, секундында білгем... сезгем. Құдай
ма... басқа бір ғалымға белгісіз құдірет пе... бір нəрсе сездірген.
Жанымды... тызылдаған жанымды қоярға жер таппай дəру іздеп
Қатираға... сенің анаңа кіргем, Балта. Осы жұбаныш аңсап кіріп,
жылаған көңілімді күнəкарлық көрсең, өзің біл шырағым. Бар адалым
осы. Ал, шешеңнің адалдығына иненің жасуындай кір жұққызар болсаң,
бет жүзіңді көрмей кетем. Əдейі келгенде айтпағым осы еді. Ауыр
алсаңда, ішіме симай, анау қайғымен мүжілген анаңның күйігін сəл
азайтайын, сөз ұқса баласын бауырына бастырайын деп келгем...
Кешір, кешірме басқа өтініш жоқ.
Есік көзінде тыңдап тұрған Василий Сергеевич əлі де ашулы жүзде
ызғар ойнатты.
― Сен мұны маған айтпадың ғой, Бектемір. А еще анасын кіналайды!
Как ты посмель подумать токое про свою родную мать, Балта! Мать ―
это святое из святых на свете. Не нам осуждать ее. Мать ― бог! Ал сен...
сен! ― Василий Сергеевич жүрегін басып теңселіп кетті. Орнынан атып
тұрған Балта атасын құшақтай алып, диванға сүйей жөнелді.
― Ата-а-а...
Кеудесін ашыл жүрек тұсын уқалады.
― Майсара, кухняда валидол...
Дəрі ішіп барып Василий Сергеевич тынышталды.
― Бұл жүректің осындайы бар... Бектемір сен шалға ренжіме, мынау
екі балам шалдың жайын біледі...
Василий Сергеевич жайбарақаттық сездірген соң, үй іші əлгіндегі
жайсыздықтан арылып жүре береді.
― Ата қазанға ас салайын.
― Сөйт. Сөйте ғой, Майсара. Қонақты қашанғы аш қаңтарамыз. Ал,
сен Балта, магазинге...Ə-ə кеш екен ғой. Майсара ет балконда.
― Білем ғой, ата.
Бектемірдің өңіне қан жүгірді. Екі айдан бері кеудесін сықаған бір
күдік жүрегіне тікендей қадалып сыздатып тұрушы еді, қазір босатқан
тəрізді. Балта ақмақ жігіт емес ― түсінді. Бəрін түсінді ол. Бірақ жүз
сайыстырған да қиямет-ау, əне, Вася атай ұшып түсті. Əтеуір бұлт
ыдырағандай болғанына дəтке қуат.
― Келінжан, анау шешеңнің сəлемдемесі бар еді, содан саларсың.
Соғымнан сыбаға дей ме, тапсырып жатқан.
Майсара шығып кетісімен Бектемір Балтаға иек қақаты.
― Əй, баламысың деген, үйленгеніңді де жасырасың. Мынадай əпəдемі келінді шешеңе көрсетсең ғой... Жə... əлі де кеш емес. Құсың
қайырлы болсын. Ұзағынан сүйіндірсін.
― Бұл Балта сендер айтатындай «қарғайын десем ― жалғызым,
қарғамайын десем ― жалмауызым». Вот он кто. ― Василий Сергеевич
кеікəлдей күлді. ― Все такм молодец.
― Ойпырмай, Бəке, біраз қорқыттыңыз-ау бізді. ― Бектемір Василий
Сергеевичке əлі де күле түсіп емірене қарады. — Жүрегіңіз бұрыннан
аурушы ма еді?
— Жүрек шіркіннің жамау-жасқауы көп қой. Бір тігісі сəл ыдыраған
шығар. Ол сөз емес. Бектемір тамыр-ау, бəрінен де сенің мені Бəке
дегенің жаныма жағып кетті ғой. Бір талай жылдан бері естімей кеткен
атым еді. Алты рудың ақсақалы жиналып, ақ киізге көтеріп хан
сайлағандай бір көтеріп тастадың-ау, — деп мырс-мырс күлгенде,
Бектемір мен Балта қарқылдап күлді.
Үш еркектің күлкісі асүйден Майсараны да қуып келді. Күлу себебін
естігенде Майсараның көзіне жас үйірілді.
— Осы қызым сезімтал! Жақсы адамның көзі алдамайды, Бектемір.
Майсараның жанарында жаны мөлдіреп тұрады. Əрине, кейде... На
работников торговли сама специфика профессии, по-моему, в
последние годы отрицательно влияет. Но... Майсара — умница. Ондай
емес.
Майсара қызарып кетті. Атасы неге жақтырмайтынын ақыры, міне,
айтып салды. Кінəсі — сауда қызметкері болғандығы. Сол сауда
қызметкерлерінің соңғы кездердегі кердеңдей қалған ірі кеуделігі,
паңдығы, менменсуі. Сол сауда қызметкерлерінің, əрине бəрінің емес,
көпшілігінің жүз, жүз жиырма сомдық айлықпен емес, мыңдап кіретін
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.