Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17

Total number of words is 4004
Total number of unique words is 2250
32.8 of words are in the 2000 most common words
48.1 of words are in the 5000 most common words
56.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
бар. Ол қайтсе кетеді. Қашан арылады. Оны өзі де білмейді. Бірақ
Бектемір ағаға жауап беруі қажет. Өзін өзі кемірген ананы сабасына
түсіруі қажет. Өзінің де өксігі тыйылуы қажет. Балта күрсінді. Кірпігін
көтерместен даусын жай шығарды.
— Не дейін, Бектемір аға. Сəлем айтыңыз. Мені уайымдай бермесін.
Дені-басым сау екенін көрдіңіз. Қал-жағдайымның қандай екенін де
байқадыңыз. Балаңыз сізді қадір тұтады деңіз, Бектемір аға.
— Осы ма бар айтарың?
— Осы. Қазбалай беріп қайтеміз.
Тасыр-тұсыр басып кеп əлдекім Балтаның көздерін баса қойды.
Жіңішке жұмсақ қыз саусақтары екен. Əлгіндегі баяулап қалған жүрек
соғысы үдеп ала жөнелді.
— Сəуле!! Сəулетай, сенбісің?
Сəуленің сыңғыр күлкісі вокзал ішін алып кетті.
— Нағашыларым ұрланып кетіп бара жатқан соң, артынан қуып
келіп қырық серкешімді даулайын деп едім. — Сəуле белін
қылдырықтай етіп буған тон киіп алған екен, кəдімгі көрсе көз
алғысыз бойжеткенге айналыпты. Қыз ажарына Балта да, Бектемір де
қызыға қарап қалыпты.
— Сəулетай-ау, бізден қашан көңілің қалып еді, — деп Бектемір
жиенін бауырына тартып, маңдайынан сүйді. — Мана кіріп
шыққанымда үйде жоқ екенсің. Өкпелеп қалдың ба, айналайын.
— Сабақта болғам. Мамамнан поезға мінетініңізді естіп, асығып
жеткен бойым. Жер тайғақ, троллейбустар əрең жүреді.
— Сəуле, қырық серкештің жиырмасы менің мойнымда ғой, ə. Əлде
бəрін мына Бектемір ағаға жүктеп қойып пең, — деп Балта Сəулені
қасына отырғызды.
— Бектемір аға бес-алты жылда бір келеді. Қырық серкешті
нағашымнан түгендегенше не заман. Оңда жақсы болды. Барлық
салмақты, Балта нағашы, сізге салам-ау деймін.
Бектемір күлді.
— Сəулетай, тауып кеттің. Мойны жуан. Көтереді бұл.
Сол екі ортада поезды бірінші жолға қойып, жолаушыларды
отырғызу басталды. Сəуленің ақжарқындығы, көңілді жымиысы Балта
кеудесіндегі тонды жібітті ме, бүкіл күдігі су сепкендей ыдырады.
Бектемір ағаның жүгін полканың астына салып беріп, қасына
қатарласа отырды да, Балта аузын құлағына тоса сыбырлады.
— Бектемір аға, менікі əрі балалық, əрі шалалық бопты. Апамнан
мен үшін көп-көп кешірім сұраңыз. Апамнан ардақты ешкімім жоқ...
Баласының бір ерке тентектігі деп ұқсын да, бəрін ұмытсын. Осымды
жеткізіңіз.
Бектемір Балтаның басынан ұстай алып, кеудесіне құшырлана
басты да, бұйра шашына емірене ернін тигізді. Ештеңені түсінбеген
Сəуле екі еркектің балаша аймаласқанын көргенде сақылдап күліп
жіберді.
— Өлəй, нағашыларым қандай тату! Бірін-бірі қимайтын тəрізді.
Бізде қазір қыздар да бүйтпейді.
Қызарып кеткен Балта атып тұрды.
— Аға, біз түсейік. Мына жиеннің қалжыңы бітпес. Айғанша тəтеме,
Алпамысқа сəлем айтыңыз. Анау қағаздарды өзім қадағалаймын.
— Жақсы... Сау болыңдар. Ой, поезд қозғалды. Сəулетай, байқа!
Байқап түсіңдер!..
— Сау болыңыз, нағашы.
Қол бұлғап тұрған екеуі вокзал айналып, алаңға шықты. Аялдамада
халық біраз екен. Тайғанақтаған троллейбус тебеген аттай бөксесін
қиралаңдатып, оңға-солға кезек лықсып, қарға адым жерге жете алмай
жатыр.
— Жаяу кетейік нағашы.
— Жаяу кетуге болар еді, Сəулетай. Машинаны қайтеміз?
— Не машина?.. — Сəуле енді ғана түсініп, қуана күліп ала жөнелді.
— О-о, Балта нағашы, сізде машина бар ма? Жүріңіз, жүрші тез.
Машинаңызға бір мінгенім бір серкеш алғаным болсын!
— Серкештің бəсін тым арзандатып жіберген жоқсың ба, жиен?
— Жоқ! Балта аға, менің машинаға мінуді, емін-еркін сайраңдауды
қанша армандағанымды білсеңіз... Ой, оны айтып тауыса алмаймын. —
Сəуле Балтаның қолынан тартқылады. — Көрсетіңізші! Рас қой?
Машинаңыз шынымен бар ғой?
Балта Сəуленің ынтыққанына мəз. Не нəрсеге де бар көңілімен құлай
берілетін осы қыздың бүкіл мінез-қылығы сондай ұнайды,
табиғилықтың өзімен бетпе-бет кездескендей ықыласы ауып барады.
Бұл да күліп, Сəуленің жып-жылы саусақтарын алақанымен жайлап
қысып қойды.
— Былай қарай, Сəулетай. Жеңіл машиналар сол жақта. Байқа, менен
мықтап ұстап ал. Мынау нағыз каток қой! Жығылып қалма.
— Нағашы, қайта сіз маған сүйеніңіз. Табаныңыздың бүрі жоқ
сияқты.
— Қайдан біліп қоя қойдың, жиен.
— Жан-жағыңызға тым көп жалтақтайды екенсіз.
"Жигулиді" көргенде есі шыққан Сəуле, отырғанша асықты. Отырып
алып та ана жерін, мына жерін алақанымен сипалап, асып-тасып болар
емес.
— Əй, көрмейді-ау! Менің машинада шіреніп отырғанымды көрсе
ғой!..
— Кімді айтасың, Сəуле?
— Анау біздің домның балаларын. Көбісі папаларының
машиналарымен, біразы өз "Жигулиларымен" адамды менсінбей зыр
еткізіп жүргені... Міне, енді мен де "Жигулимен" зырылдатып жетіп
барам. Oh, Балта аға, ə-ə, нағашы, вы просто настоящий клад!
Машинаңыз бар! Ал, мен ылғи ойлаймын... И мечтаю, и мечтаю. Білесіз
бе менің "алыс парусам" — "Жигули" ғой! И, вот, чудесное исполнение
желания! — Сəуле клаксонга қол созды. — Сигнал берейін бе?..
Болмайды, ə! Рульді былай ұстап, өзің жүргізіп отырсаң ғой!
— Жүргізесің, Сəулетай!
— Мен бе?
— Сен, Сəулетай! Өзім үйретем.
Сəуленің көзінде от ұшқындады. Қуанған көздің, үлкен көздің нұры
құдды машинаның фарындай. Кішірек шалқақ... əлде тəкаппар бастың
жуан қара бұрымы желкесінде шоқтанып түйіліпті. Шоқпардай.
Тонының күлəпарасы сыпырылып тасталған.
— Оңай ма? Жүргізе алам ба? Рас па, Балта?
Бұл жолы "ағасын" да, "нағашысын" да қоспады.
— Жүргізесің. Еш қиындығы жоқ.
— Со кезде мен оларға... — Кішкене жұдырық түйіліп барып
көтерілді де сылқ түсті. — Да, ну их! Мне без них лучше! Көрмей-ақ
қойсын.
Машина сырғып кейін шегініп барды да бұрылып көшеге шықты.
Сəуленің жүзінде нұр ойнады. Оң жағындағы терезенің қырауын
сүрткілеп, одан алдына еңкейе қадалып, көшенің екі жағындағы
жағаларын көтере бүрсеңдеп кетіп бара жатқандарға бір шекеден
қарайды.
— Ə, қалай екен! Солай жаяу бүрсеңдеңдер! — Шаттана айқайлап
жіберді.
— Сəулетай-ау, ол байғұстардың кінəсі қанша?
— Бұрын мен де солай бүрсеңдейтінмін... — Сықылықтап күлгені
күй иіріміндей... — Иə оларға да обал. Əттең, жұрттың бəрінің қолы
жете бермейді. Бəрінде машина болса ғой шіркін. Ешкім ешкімді
күндемес еді.
— Неге күндейді?
— Жо-жоқ, нағашы. Мен емес күндейтін. Мен тек қызығам. Машина
мінгім келеді. Кең, жарық, биік пəтерде тұрғым келеді. Мамамның
кеткенін тілеймін... Бірақешкімді күндегім жоқ. — Сəл күрсінді.
Күрсінгенде қабағы кірбің тартты. — Кейде "Адамдар неге əртүрлі?
Неге бірінен бірі бөлектенеді? Социалиста қоғамда да бай мен кедей
болғаны ма? Біздің үйде екі-ақ адам бес бөлмелі пəтерде тұрады. Біз
үшеумізде ең болмаса ескі үйдің босаған бір бөлмесі де жоқ. Сол
неліктен?" деп ойға батам. Нағашы, осы əділетсіздіктің жойылар күні
бар ма? Леонид Ильич біле ме? Əлде ол кісіге маңайындағылар
сездірмей ме екен? Өңі жылы, иі жұмсақ. Білсе, жояр еді теңсіздікті.
Сонда шіркін əлгі екі кісінің ең болмаса бес бөлмесінің екеуін бізге
алып берсе... мен тіпті күн сайын солардың да үш бөлмесін жуып,
тазалап беріп тұрар едім...
— Жоқ, Сəуле! Жумайсың! Сен неге олардың бөлмелерін жууға
тиіссің! Керек болса жусын өздері. Былғама қолыңды. Олар əбден
жаман үйренген. Бес бөлмеде екі-ақ бас! Ұяттары жоқ! Ардан безген
олар!
— Ой, Балта аға! Сіз ашулысыз ғой.
— Оларды біздің... бəріміздің жуастығымыз, көнбістігіміз жаман
үйреткен. Əбден басынтып, төбемізге шығарып алғанбыз. — Машина
солқ ете қалды. Түтігіп отырған Балта сəл кешігіп тормоз басқан еді,
сырғанаған "Жигули" екпіндеп келіп алдында тоқтап тұрған "
Волганы" сүзе тоқтады.
— Ой, Балта-а! Ой, соқтық!
— Еһ, тағы біраз бөгелетін болдық!
Алдындағы "Волгадан" айқайлап-аттандан шыққан адам кабинаға
төніп келді де, кілт үні өшті.
Балта басын шайқады.
— Е-е, Магомед, выходит, сен кінəлісің. "Каков поп, таков и приход".
Мені үйреткен өзіңсің.
Магомед қолын сермеді. Төмен еңкейді.
— Хал қалай?
— Бəрі ойдағыдай... Қалай, қатты соғыппын ба?
— Жоқ! Сенің вамперің сəл майысыпты. Оны Коля түске дейін
жөндеп береді. — Магомед жақындап келіп, ішке үңіле қарады. Жалғыз
емес екенсің ғой. Өзім де солай ойлап ем. Əлбетте мұндайға əрқашанда
бикештер қауымы кінəлі. Есенбісіз, қарындас. Əрине қасында сіз
сияқты магнит отырғанда Балтаның көзі жолға... алдына түсе
бермейді. Сондықтан əбден кешіруге болады.
— Ал, қайда барамыз, Сəулетай?
Сəуле əлгіндегі оқиғадан əлі де арыла алмай отыр еді, басын
шайқады.
— Үйге қайтайық...
— Неге? Біраз сайрандамаймыз ба?
— Жол тайғақ... Мынау машинаның осындай осал жағы болатынын
ұқтым. — Сəуле жуасып, бір уыс боп қалыпты. Балта аяп кетті. Осы түрі
өзі іздеген, өзі аңсаған қиялдағы қарындасына ұқсап сала берді.
"Қарындас! Қандай аяулы сөз. "Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар
қарындас". Жаңағы сəл бейқамдыққа бола жүдей қалған, ə. Əлде мені
аяй ма? Аяйтын шығар. Шынымен аяса ғой".
— Неге жүдеп отырсың, Сəулетай?
— Абайламаса машина қауіпті екен-ау. Мен сізді... — Сəуле оң
жақтағы терезеге бұрылып, саусағымен мұзын тырналады.
— Неге бөгелдің? Мені қайтпек едің? — Балта тақымдағандай
сұрағын төпеледі.
— Сізді аяймын... Сапырылысып жатқан машина көп.
"Аяймын!" Əй, айналайын қарындасым! Тілеулесім! Қамқоршым!
Мені ғой Майсара осылай бір аяп көрді ме екен? Əй, қайдам? Ал бұл
Сəулетай қарындас, аяйды. Маған бола жаны күйзеледі. Жүдегені
содан екен-ау!"
Тормозды оқыс берді. "Жигулидің арты бөкселей ілгері лықсыды.
Бір жақсысы маңайда машина жоқ, тыныш көше еді. Қызыл жарықты
масайрап отырып кеш байқап қалған Балтаның оқыс тормоз бергені
содан еді.
— Ой!
— Қорықпа, Сəулетай! Ештеңе болған жоқ. Қызыл жарыққа өтіп кете
жаздағаным... Сен əрі қарап отырмағанда бұлай болмайтын еді.
— Неге?
— Мен саған қараймын деп, бұрылмас едім. Ал, сен маған қызыл
свет жанып тұр деп айтар едің.
Сəуле күлімсіреді. Машинаның бұлталақ-бұлтарыстарына үйрене
бастаған тəрізді.
— Қайда бара жатырмыз?
— Қаланың шетіне. Қазір мен саған елканың көкесін көрсетем.
Аппақ тонға оранып, маршалы боп тұр ол бар шырша атаулының.
Қала сыртының саф таза ауасы мас қылардай. Қол созымдағы тау
аппақ, етектегі дала аппақ. Аппақ қарға оранған көк жасыл шырша да
аппақ. Айнала аппақ дүние.
— Əппақ əлем! Ақ əлем! — Сəуле екі қолын көкке көтере айқай
салды. — Əппақ, əппақ ақ дүние, ақ əлем!
Содан кейін қалың қарды омбылап барып-барып күмп етіп құлады.
Шалқасына аунап екі құлашын жайып жіберді. Жас баладай мəз.
— Əппақ əлем, ақ дүние!.. Алатау асқақ, бақ дүние!
Балтаға Сəуле өлең оқып жатқандай сезілді.
Кенет ата-бабадан жіберген бейпіл боқтық жүректерді қарып түсті.
Аппақ дүниенің ортасында аппақ көңілдің қуанышын лекілдеткен
аппақ қыздың үні өшті. Орнынан атып тұрды. Мына жақтан Балта бопбоз боп қуарып кетіп, анадай жерде ебіл-дебіл қыршаңқы торысын
тебініп, əлі де балағаттауын үдеткен адамға қарсы жүрді.
— Ақсақал, соншама неге айқайлайсыз?
— Ой, атаңа нəлет! Кет! Кетіңдер деймін!
— Ақсақал, үлкен басыңызбен осыншама дөкір болу ұят емес пе?
Анау балаңыздай қыздан ұялсаңызшы.
— Ұят, ұят! Əкеңнің қатқан қақ шекесі! Сендерге деген ұят! Кет
дедім ғой сендерге! — Шолақ қамшысын сілтей бастады.
— Ақсақал, бізде неңіз бар? Қарап жүрген адамды да қаралайтын
болғансыз ба?
— Əй, найсап! Тіліңді сүйреңдетпе. Мен білем сендердің қалай қарап
жүргендеріңді. Бұл сендерге айдала емес. Бұл ара — леспромхоз!
— Леспромхоз болса қайтеді?
— Ой, атаңа нəлет! Сен өзің не деп шəлдіректейсің, ə! Қабырғаңды
сөгіп, өтінді жарып алайын ба осы! Леспромхоз — запрет зона. Бөтен
адам аяқ басуға болмайды. Қара тырнағыма дейін күйіп тұрсам, тəлкек
қылмақсың-ау. Қандай найсап едің. Ояқ-бұяқта тап сендей, сен иттей
найсап болмас!
— Ақсақал, жөнге көшіңіз. Бұныңыз жарамайды.
— Əй, сен маған ақыл үйретесің бе. Өткенде ғой елканы қиып
əкеткенсің. Əлде мен сені танымайды деп пең, кəззап неме! Мына
машинаң да, анау шүйкебас шүлдірлегің де сол. Кəне, танып көрші,
тілім-тіліміңді шығарайын! — деп қорықшы адам бұжыр бетін қызыл
дақпен шұбарлап ат үстінен төніп келіп, қамшысын сілтей бергенде,
өрімнен шап берген Балта жұлқып кеп қалды. Əлде еңкейген екпінімен
сыпырылып түсті ме, əлде тақым қыспай бейқам отырды ма, қорықшы
атынан домалап түсті. Балта қамшымен арқадан екі тартты.
— Жазықсыз адамды бекер жазғырма. Қазақ қызын əрқашанда
сыйлаған. Қыз баланың көзінше бейпіл сөйлемеген. Мə! Мынау
дөкірлігің үшін! Мə, мынау найсаптығың үшін!
Қамшыны құлаштап лақтырып жіберді.
— Сəуле, жүр. Надандық осындай əсем табиғат аясында да
кездесетінін көрдің. Есіңе тұтып ал.
Сəуле қорықшының қолтығынан көтерді.
— Ағатай, бізді біреумен шатастырдыңыз. Біз бүгін мұнда алғаш
келіп едік. Кешіріңізші нағашымды.
Қорықшы Сəуленің бетіне жапақ-жапақ қарады.
— Сен қазақшаны қайдан білесің?
— Қазақ болсам, неге білмеймін.
— Ə-ə, онда мен... Қап! Сендерді солар ғой деп... Əй, "ашу — дұшпан"
деген рас-ау. Қызым, сен түсінбейді ғой деп. Əнеукүнгі екеу шүлдірлеп
жүрген соң... Апырай, менен бір білместік кеткен екен. Əй, жігітім,
қолың қатты тиді-ау. Өзіме де сол керек. Көзім қарауытып, жау
көргендей екіленіп нем бар еді. Осы бір тыз етпе мінезден-ақ көресімді
көріп келем.
Қорықшы қызарақтады. Үстінің қарын қаққан болды. Сəуленің
тауып əкеп берген қамшысының сабын тізеге ұрып қақ бөлді де,
қайтадан лақтырып жіберді.
— Атасына нəлет осы қамшының кесірі бəрі! Қолыма ұстадым
дегенше, айбалта не найза ұстағандай дүрлігіп шыға келем. Қызым-ай,
қара басып... сенің құлағың естімес жаман сөздерді айтып қалғаным, ə...
Рас, рас... Қазақ бар кезде қыз баласын сондай сыйлаған. Қадірлеген...
Əй, жігітім! Машинаңды қыздыр! Мына төбенің астында үйім бар.
Қонақ боп кетіңдер.
— Ағасы, ниетіңізге рақмет. Қараңғы түсіп барады. Жол тайғақ.
Түнге қалуға болмайды.
Сəуле Балтаның қасында көпке дейін үнсіз отырды.
— Неге жым-жырт қалдың, Сəулетай?
— Екі кештің арасында қаншама оқиғаға душар болдым. Анау
машинасын соққызған адам ғой... қандай кеңпейіл! Қабағын да шытқан
жоқ. Ал, жаңағы кісі... Əрі жылатты, əрі жұбатты. Бəрібір алғашқы
адамдай кең емес.
Балта іштей мырс етті. "Сəулетай, сен Магомедтің кім екенін
білмейсің. Білмегенің де дұрыс. Менің орнымда басқа біреу болғанда
Магомедтің басқаша өнерін көрер едің. Ал, қорықшыны бекер
жазғырасың. Бекер, Сəулетай. Əрине бейпілауыздануға болмайды.
Бірақ жаны күйген адам тəңірісін де қарғайды. Қаладан машинамен
келіп шырша ұрлайтындар көп. Өзіне тапсырылған шаруашылықты
қорғау оның міндеті. Шырылдағаны да, қамшы үйіргені де жөн. Жоқ!
Оны Магомедпен мүлде салыстыруға келмейді. Жаны таза!"
— Жаны таза!
— Кімнің?
— Əлгі қорықшының, Аппақ дүниенің ортасында қара көңіл жан
жүрмесе керек.
— Балағаттады ғой. Қамшы сілтеді. — Сəуле сұрауы бітпес əуесқой
баладай қадала түсті.
— Жаны ауырады. Əркім бір ағаштан қиып əкете берсе, қорықтан не
қалады. Ал, ашу билеген адам, кейде сабырдан айрылып қалады.
Əрине, балағаттауы жөн емес.
— Сіз неге ұрдыңыз? — Сəуленің осы сұрағының боларын білсе де,
қоймаса екен деп отырған, жалт бұрылды. Қыз кінəлі күлімсіреді. Сол
түрі: "Екеуміз де оған ойламаған жерден кездестік. Бірақ мен əлі де
дел-сал келем. Түсіндірсеңіз екен" дейтіндей.
— Неге ұрдым ба? Үлкен кісіге қол көтергенімді əрине ағаттық
санаймын, Сəулетай! Бірақ зорлыққа екі бетімді кезек тосатын
всехрестианское милосердие менің бойымнан табыла қоймас. Шын
мəніне үңілетін болсақ, семсерге қалқан тосу, қаруға қарсы қару сілтеу
қанға сіңген əдет. Мүмкін мен сол əдетті ұстанған шығармын. Мүмкін
мені саған деген аяныш, сенің ұжданыңды қорғау қажет деген сенім
солай əрекет жасатқан болар. Дəл сол қимылыма əрі қиналам, əрі
қуанам, — деді Балта.
Сəуле жігітке енді басқаша көзбен қадалды.
— Оу, нағашы, мынауыңыз философия!.. Əрине, үлкен кісіге қол
жұмсау ағаттық екені рас. Бірақ сіз қимылдамасаңыз, ол сізді ұрып
тастайтын еді... Əй, бүгін менің көп нəрсеге көзім ашылды... — Сəуле
тағы күрсінді.
— Сəулетай, сенің күрсінуің көбейіп кетті-ау.
— Мамам өмірдің ащысы да, тұщысы да болады. Ащысына мойыма,
тұщысына құнықпа деп отырады ылғи. Əй, бірақ... қашанғы қараңғы
подвалдан шықпай тығылып жүрерсің.
Балта Сəуленің не ойлап келе жатқанын түсінді. Алғаш серуендеп
шыққанда-ақ əртүрлі адамдардың əралуан мінезін көріп, нəзік
жанының қыл пернесін дірілдетіп алғанын сезді. Сол қыл перне бұдан
былай күй шерте ме, мұң шерте ме — Балтаның да жүрегі шымырлап
қоя берді.
4
Телефон ұзақ безілдеді.
Майсара ұйқылы-ояу Балтаны жұлқылады.
— О не?
— Телефонды алшы!..
Балта бас жағындағы шамды жақты. Майсара ашық-шашық жатыр
екен, жалаңаш төсі бұрынғыдай ындын құртқан жоқ. Қайта:
"Ұялмайды, ə!" дейтін қыжырту кеудесінде аунап түсті.
Телефон безілдеуін қояр емес. Балта трубканы жұлып алды.
— Алло! Бұл кім түн ортасында мазалап тұрған?
— Шырақ! Балта! Сен онша кісімсінбе, естіп тұрмысың? Ширықпай
сөз тыңда.
Балта Барақтың даусын бірден таныды. Бірақ таныдым деген жоқ,
қитығып пысылдап жауап қатпады.
— Балта! Шаруаның реті қинағанда, күндіз яки түн деген уақыт
мөлшері болмайды бізде. Естіп тұрмысың? Неге жауап қатпайсың?
— Ə, иə... Естімей, мұнда керең адам жоқ!
— Керең болмағаның жақсы. Дұрыстап тыңдап ал. Ертең, азанмен
машинаңа мін де, тұп-тура маған кел.
— Жұмысым ше?
— Шырақ, мен саған азанмен кел деп тұрмын ғой. "Жұмыс — қасқыр
емес, орманға қашып кетпейді" дейді орыс мақалы. Ал, мен саған
əзірше наз ғана айтып отырмын. Менің даусымнан əлдебір қатқылдық
сездің бе?
— Жо-оқ...
— Сезбегенің, шырақ, саған жақсы. Адамды бекерге сабасынан
шығара бергеннен түк өнбейді. Босқа көңіл қалады. Ал қалған көңіл
кешірмейді. Кешірмесе, жаулыққа жол береді.
— Сонда да тығыз шаруаның қандай шаруа екенін білуге болмас па,
Бəке?
Манадан "Бəкені" айтпай сіресіп отырған, аузынан шығып кетісімен
екеуі де, сым желінің екі ұшындағы басыңқы мен бағыныңқы екеуі де
сылқ түсті. Құлақ ұрғылаған қатқыл дауыс кілт жұмсарды. Барақ
елжіреді.
— Балтажан, қадірлі бір азаматтан айрылып, қайғырып отырмыз.
Сондайда қасында қас-қабағыңды түсінетін адамның болғаны керек те.
— Жарайды, Бəке. Барам ғой.
— Майсаражанға сəлем де... — трубкадағы үн өшіп кетті.
— Кім ол? — деп Майсара бері лықсып жалаңаш денесімен жанаса
тығылды. Даусында еркелік пе, өзімсіну ме, əйтеуір, тітіркеніп тұрған
жігіт Жанына түрпідей тиер жасандылық бар. Ашық жатқандықтан ба
қатты тірелген қос анары сұп-суық екен, Балта алғаш рет қолтығына
кірген келіншектен жерігендей көңіл теткуін пайымдады.
— Жапсаңшы үстіңе!..
— Нені жап дейсің?
— Жамылғыңды!.. Əйелге тырдай жалаңаш жату неме керек.
Майсара басын жұлып алды. Қара көздері кең ашылып, аппақ мойны
əсем иіліп Балтаның бетіне үңілді. Дəл қазір өз құлағына сенбей, əлгі
қатқылдықты, қаталдықты жігіт жүзінен көргісі келгендей кірпік
қақпайды.
— Бұл не? Салаң-салаң еткізіп...
Майсара аунап түсіп, бетін жастыққа көміп, тығылып, тұншығып ал
кеп жыласын. Аппақ иық, ақ мəр-мəр иық бүлк-бүлк. Бүрісіп, бір-ақ уыс
боп, панасыз, иесіз жапан түзде жалғыз қалған міскіндей жан ауырта
өксіді. Балта шалқалап біраз жатты. Мойымаймын, жібімеймін десе де
көз қиығы əппақ иық, сұлу қаз мойынды қалт жібермейді. Шамды
өшірді. Бірақ бəрі-бір əппақ иықтың бүлк-бүлк қимылын сезіп жатыр.
Тұншыға жылаған келіншектің жан азабын сезіп жатыр. Ақыры
шыдамады. Аунап барып иығынан ұстады. Желкесіне тұмсығын көмді.
Тұмсығын көмді де қолаң шаштың əйелге тəн жұпар иісін құныға
иіскеді...
***
Барақтың үйінің жанында Кержік-Коля жүр екен, қол бұлғап
тоқтатты. Дүрсе қоя берді.
— Неге кешіктің?
— Коля, сен алдымен адамша амандас. Екіншіден, мен саған отчет
беретін қызметшің емеспін. Үшіншіден, сен неге дүрсілдейсің! —
Машинасынан түсіп алақанын ұсынған Балтаны анау шап берді де,
қолын қайырып, бүк түсірді.
— Біріншіден, бұдан былай айтқан уақыттан кешігуші болма.
Екіншіден, сен инженеришка и альфонс, менің, мына көкеңнің именно
қарауындасың! Сондықтан өзің айтқан отчетты талап етем!
Үшіншіден, сен бикеш емессің қатты сөйлесе талып түсетін! — КержікКоля тізесімен кеудеден түйіп жіберді. — Тұр! Менің машинамнан
қалма! Əй, сен мынау, тракторыңды қашан жуғызып едің?
— Қол тимей жүр, — Балта міңгірледі.
— Əне, анау колонка! Қазір бес минут уақыт берем! Тез жу!
Жалтырайтын болсын. Əйтпесе шефтен сен де, мен де дүмпу көреміз.
Суық су алақанын қарыды. Мұздай темір қолына жабысты.
Əрқайсысы қып-қызыл сосискадай барбиған саусақтары сəлден соң
икемге келмей қалды.
— Бол! Тездет! Сен үшін сөгіс естір жайым жоқ.
Кержік-Коля мүлде мəтіби болып алыпты, Балтаның сəл кідіргенін
қалт жібермейді.
— Əй, сен заводта істеп пе едің?
— Əлі де істеймін.
— Жоқ! Сенің жұмыс істейтінің өтірік. Себебі ме, себебі сенің,
иждивенец богатой молодухи, қара жұмысқа түк икемің жоқ екен.
"Иждивенец богатой молодухи"... Балтаның ашуы қозды. Мынау
сұрғылт "Жигулиді" де, анау Кержікті де балталап-балталап ит
сарыған намысты тазалағысы, шайғысы келді. Келіншектің... бай
келіншектің нансоғары... аталғысы келмеді. Бірақ... бай келіншектің
нансоғары екені де рас. Қара жұмысқа икемсіз екені де рас. Мынау
машинаны қимайтыны да рас. Балталамақ түгіл, міне, суық су сорған
қып-қызыл саусақтарымен Майсараны да дəл осылай аялай
сипамайтын шығар. Коляға да қабақ түйіп, сызданып қарай алмай,
қипақтап жүр.
— Кеттік. Қалып қойма!
Коля-Кержік машинаның құлағында ойнайды екен. Анау жерден бір
шаң боратып, мына тұстан бір сумаң етіп жүйткітіп бергенде Балтаның
көзі атыздай боп кетті. Қайдағы ілесу! Коля арылдаған "Камаздың"
алдынан кесе көлденең қызыл жарыққа өтіп кеткенде, тормозын əрең
басып үлгерген Балта жағасын ұстады. "Мынау қайтеді? Өле алмай жүр
ме? Анау "Камаз" соққанда ғой..." Суық тер маңдайынан бұрқ ете қалды.
Жауырын ортасы жыбырлап қоя берді.
Көшенің қиылысынан өтіп, қызыл "Жигулиді" іздеп алақтап келе
жатыр еді, қатарынан қуып жеткен Коляның даусы естілді.
— Неге қалып қойдың?
— Əй, Коля, сен сияқты классный жүргізуші емеспін. Егер мені
шефқа апарғың келсе, асықпай, жайлап жүр.
Коля сақ-сақ күлді.
— Бұның дұрыс. Енді адасып қалма.
Бес минуттен кейін бұлар жекеменшік үйлер орналасқан көшеге
бұрылып кетіп, еңселі үйдің қасына тоқтады. Ығы-жығы адам, қаптаған
машина.
Барақ Балтаға анандайдан бас изеді де өтіп кетті. Коля "ешқайда
кетуші болма" деп ол да тайып тұрды. Балта машиналардың нөмеріне
көз тікті. Мəссаған!
Фрунзенің, Ташкенттің, Шымкенттің, Жамбылдың номерлері бар
жиырма шақты "Волга" мен "Жигули" ентіктерін басып тұр екен.
Алматылық "жүйріктер" де отыз, қырық шамалы. Біртіндеп келіп
жатқандары да бар.
"Бір мықты азамат-ау қайтыс болған. Халық артисы, əлде халық
жазушысы ма екен? Əлде еңбек ері, не қоғам қайраткері ме екен? Бірақ
кеше газеттерде некоолог берілмеп еді ғой? Əлде көрмей қалдым ба?
Əлгі Бəкең де көрінбей кетті. Туысқандарына кіріп шығып көңіл айту
қажет шығар? Бірақ мен оларды, олар мені танымайды ғой... Қап, жаңа
Коля-Кержіктен сұрап алмаған екем? Əлде мына тұрғандардың бірінен
сұрасам, ұят бола ма? Қайда кімге келгеніңді білмесең, мұнда нең бар
десе, қайтем? Ау, өлген адамға келетіндер бəрін біле бермейді ғой".
Балта шеттеу тұрған ондатр бөрікті адамға жақындап келіп бас изеп
амандасқан нышан танытты. Анау да түсін жылытып, ишарат білдірді.
— Кешіріңіз, мынау... қайтыс болған кісіні білесіз бе?
— Жоқ. Көрген адамым емес.
— Кім болып істейді... істеген еді?
— Овощ дүкенінде сатушының көмекшісі болған деседі.
Балтаның көздері дөңгеленіп үлкейді.
— Бар болғаны сатушының көмекшісі ғана ма?
— Е, сен, шырақ, шикі екенсің. — Əлгі адам Балтаның иығынан
ұстап, оқшаулап əкетті. — Шикі екенсің, інішек. Мыналардың ортасына
қайдан тап болып жүрсің?
— Бұларыңыз кім?
— Үндеме! Дымың ішінде болсын. Сен олардың кім екенін білдім
деме. Қолыңнан келгенше олардың шаруа-тірлігіне араласпа. Аулақ
жүр.
— Бұлар сонда...
— Иə, иə! Тілің ұшындағы... Ойнайды, ұтады, ұтылады. Картасы да
бар, басқасы да... Қазір табыс көзі бұлар үшін молайып тұр ғой.
— Нешеде екен?
— Кім? Ə-ə, жиырма Тоғызда... Жас қой əлі... Бір топтың дүрі болған
деседі. Қазір барлық жерде билікке талас күшейіп тұр емес пе.
Министрлікке де, директорлыққа да, бұларда да. Содан қақас тиді ме,
қаңғып тиді ме, аңдып тиді ме, түймедей-ақ қорғасын жұлып түсіпті...
— Бізді неге шақырыпты?
— Оның мəні бар. Бүгінде бүкіл тірлікті ақша билейді. Ақшаға
иілмейтін бас, еңкеймейтін кеуде қалмады ғой. Жай адам емес,
қалталы адам қайтыс болғанын қарапайым жұртқа көрсету керек деп
ұйғарған көрінеді.
— Кімдер?
— Өздері. Бұлар əр қалада бар, əр регионда əрекет жасайды. Жəне
бір-бірімен мықты байланыста. Осындағы біздер өлген жігіттің өзі
түгіл аты-жөнін де білмейміз ғой. Бірақ, бұлардың өз арасында беделі
ғаламат деседі. Москвадан, Кавказдан, Орта Азиядан қаншама адам
келді. Бəрі осы жігітке ақтық қызмет көрсету үшін келді. Əне,
байланыстары...
Жə, жарайды... Көп ойлап бас қатырмайық. Қолдан келгенше
осылардан неғұрлым қашық жүрген абзал. Əйтпесе "айран ішкен
құтылып, шелек жалаған тұтылардың" кебін кигізе салуға бұлар
шебер-ақ.
— Біз не істейміз?
— Біз бе? Өзім де онша білмеймін. Анау айтқандай дейтін бұрын
біздің қалада жоқ еді ғой бұлар. Естуімше, мəйітті жерлеуге апарарда
машина біткен тізіліп, қаралы шеруді бастайтын болса керек.
Неғұрлым машина саны көп болса, соғұрлым беделі артатын көрінеді...
Əй, ондай бедел мəйітке енді қажет те емес қой...
Балта машинасына келіп отырды. Сəулемен кездескелі бері мазасыз
көңіліне жыртық үйдің жабығынан күн көзі түскендей болып қалып
еді, мына Барақ, Магомедтер шырмауықтай оратылып, аяқ-қолын
еркін көсілтпеуге айналды. Өз бетінше қия баса алмай, бұйдасын
ұстатып қойып, дедектеп желеді де отырады. Қашанғы сөйте берер.
Шіреніп тартылып, асаусып сіресіп босап шығар күн болар ма?
Кенет... "Əй, анау Майсара ма? Майсара ғой?! Ол мұнда не бітіріп
жүр? Əй, Майсараға қалай құрмет көрсетеді мыналар! Тап бір
Ұлыбританияның королевасын қарсы алғандай. Əне, ылғи ығай мен
сығайлар үйіріліп келіп қол қусырып жатыр. Шықсам ба екен?
Шыққанда не бітірем? Бай келіншектің нансоғары деп мазақтап
күлетіндер мені қайтсін. Майсара, əне, үйге кіріп кетті. Қошаметшілері
де ілесіп кетті. Бедел деген не сонда? Ақша ғана ма? Байлық қана ма?
Абырой ше? Атақ ше? Бас пен білім ше? Өнер адамдарының бойында
кездесетін талант пен дарын атты құдіретті қасиет ше? Олардың бəрін
тəрік ететіндей байлыққа соншама құнығып барамыз ба? Оның себебі
неде? Мынау дүкен, анау универмаг, универсамдардағы қаңырап
жатқан бос сөрелердің кесірі ме? Содан да болар... Əй, тап содан-ау.
Дүкенде жоқтамақты, универмагта жоқ дефицитты қалталы саудагер,
ақшалы бизнесмен қайдан болса да табады. Содан соң олардың
салмағы артпағанда қайтеді. Сенің атақты ақыныңа, белгілі ғалымыңа,
дарынды артисіңе пысқырсын ба... Əне, гəп қайда"...
Машинаның төбесін əлдекім тоқпақтап жіберді. Балта атып шықты
сыртқа. Магомед екен дүмпілдетіп тұрған.
— Есің дұрыс па? Майыстырдың ғой!
— Ə, шырылдайды екенсің! Өзімдікі үшін өзгенің өндіршегін жұлып
алам дейсің, ə! — Магомед сақылдай күлді. — Оның ұнайды маған,
Балта, ұнайды.
Балта сақылдап күлген Магомедтің күжірейген кеудесіне, жуан
мойнына жақтырмай қадалды.
— Есінде болсын, Магомед. Кім көрінгенге төбемнен тоқпақтататын
мен сендерге ойыншық емеспін. Тыңдамасаңдар, онда Барақтың
алдында сөйлесеміз.
— Əй, дос, сен ойынды түсінбей... Соншама неге ашуланасың. Əне,
машиналар тізіліп қалды. Айқайласам естімейсің. Содан... ұйықтап
қалған шығар деп... Төбеңнен қашан тоқпақтадым? — деп Магомед
жуасып қалды.
— Мен ешкімнің дүмпуін жаратпаймын, — деп Балта машинасын от
алдырып, ей қатар боп тізілген "волга", "жигулилердің" оң жақ легіне
қосылды. Дəл осы қос лек машиналарды басқарып жүрген ұзын бойлы,
қаракөл жағалы пальто, қаракөл бөрік киген кавказдық адам Балтаның
терезесіне еңкейді.
— Бұрын бұндай шеруде жүріп пе ең?
— Жоқ.
— Онда алдындағы машина не істесе, соны қайтала. Дистанция бес
метр. Клаксоның қалай?
— Істейді...
— Өзгертпеп пе едіңдер?.. Əй, сендер жаңа туған бала сияқтысыңдар
шеттеріңнен. Қазір Кавказда машина сиренасын музыкалы етіп
ауыстырып алу модаға айналған. Ал, сендер!... — Қолын ызалана
сілтеп бұрыла берді де, қайта кідірді. — Өкірте бас! Аяма даусын!
Нағыз симфония... какафония болсын!
Балта алдыңғы жаққа мойын созып қанша қараса да екі қатардағы
ұзын саны қырықтан асып кеткен темір "тұлпарлардың" керуен басын
көре алмады. Артына бұрылып еді... жаңағы екі ортада жиырма
шақтысы иін тіресе тізіліп қалыпты.
"Қалай көп? Мынаның бəрі тек осы қаладан болса, əбден еркіне
жіберіп алған екенбіз-ау! Сырттан келгендер де біраз... Əу, сонда мен
де осылардың қатарына қосылғаным ба? Қосылғаным ғой. Мынау
шашпау көтергенім — біргемін, іргем қосылды дегендік емес пе".
Балта есікті ашып бір аяғын жерге түсіріп иығын өсіріп алдыартына қарады. Иін тірескен үй, иіні тірескен машина, ығы-жығы
халық. Сытылып кетер жол жоқ. Еріксіз орнына отырды.
Кенет... артындағы машина сигнал берді. Сөйтсе алдындағылары
қозғалған екен. Балта да ілесті. Арақашықтық — бес метр. Бес метр.
Мынау ілбумен зират басына қай кезде жетеді. Неге
жылдамдатпайды? Əлде кең көшеге шыққанша сол болып жатыр ма?
Оу, мына процессия тар көшені кернеп, бір бағытпен келе жатқаны
қалай? Сонда қарсы беттегі қозғалысты тоқтатып қойғаны ма? Солай
ғой... Əне, жолдың шетіне шығып, ұйлығып тұрған автобус,
машиналар...
Балтаны мына жүріс еліктіріп əкетті. Сапта келе жатқан
солдаттарда болатын біртұтастық сезім мұның да кеудесін жайлап
алды. Мұрнынан ыңылдап, ыңыранған мотор əуеніне үн қосты.
Бұнымен қатарлас екінші лекте "Волга" келеді екен. Қырауытқан
терезесінен əйелдің сұлбасы білінді. Қоңыр пальто, ақ жаға, ақ қоқима.
Майсара киімінен аумайды. "Майсара емес пе?" Осы күдік кеудесіне бір
оралды да, босатпай орнап, ұлғайып алды. "Əу, ол қабыр басына
неменеге барады? Екі туып, бір қалғаны емес... Қайдағы бір овощ
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.