Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01

Total number of words is 3934
Total number of unique words is 2458
30.0 of words are in the 2000 most common words
45.3 of words are in the 5000 most common words
51.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Роман

 

АЛҒЫСӨЗ ОРНЫНА
ТҰСАУ КЕСЕР
БІРІНШІ ТАРАУ
ЕКІНШІ ТАРАУ
YШІНШІ ТАРАУ
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
БЕСІНШІ ТАРАУ
АЛТЫНШЫ ТАРАУ
ЖЕТІНШІ ТАРАУ
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
ОНЫНШЫ ТАРАУ
ОН БІРІНШІ ТАРАУ
ОН ЕКІНШІ ТАРАУ
ОН ҮШІНШІ ТАРАУ
ТҮЙІН

АЛҒЫСӨЗ ОРНЫНА
Бұл романымды 1987 жылы жазып бітіріп, "Жазушы " баспасына
тапсырған едім. Романды тура бір жыл ұстаған баспадағы "достарым"
— директоры, бас реакторы, бөлім меңгерушісі бар, бəрі жиналып
отырып, қолжазбамды қолыма ұқсастық қоя берген-ді. Шығармаң,
əрине, аса актуальді. Бірақ, Софыжан, Дəл қазір неге қайтарып
отырғанымызды өзің сезесің ғой. Оның үстіне оқырмандарыңның
көптеген сұраныстарын ескеріп, "Елім-айыңның" екі томын жоспарға
кіргізіп отырмыз" деп Қалдарбек Найманбаев уəж де айтқан. Сөз
арасында айтып кетейін, əлгі жоспарға кіргізіп қойдық деген "Елімайдың" екі томын сол "Жазушы" баспасы содан бері өткен тура он
алты жыл ішінде бір рет те шығарған жоқ.
Содан бұл "Біз — құлмыз ба, кімбіз?" романымды "Жалын"
баспасына берейін. Сейдахмет Бердіқұлов ағама біраз шет жағалап
айтып едім, Сəкең ұшқыр ғой, жанып түсті. "Ой! Мұндай роман дəл
қазір өте қажет! Анау Мəскеу "Арбат балаларын" тағы басқаларын
шығарып жатқанда, біз неден үркектейміз. Шығарамыз!" деп төбемді
көкке жеткізгендей болған.
Бірақ... Екі жыл бойы дайындаған редакторым да (К.Құдабаева),
бөлім бастығы да (Е.Əкімқұлов), редензентімде (Т.Нұрмағанбетов)
"Коммунисте партияның басқарушы пəрменін жоққа шығарып,
советтік жасампаз тұрмысымызға қара бояуды аямай жағып,
социалистік қоғамымызды құбыжық етіп көрсеткен нағыз зиянды
роман" деп, өзімді автор ретінде, романымды шығарма ретінде мүлде
іске алғысыз етіп тастап еді.
Қолжазбаның бір данасын "Жұлдыз" журналына тапсырған
болатынмын. Бұл екі ортада оның бас редакторы ауысып,
редактордың орынбасары Ғафу Қайырбековтың аса қатты
қолдауымен журнал бетінде енді жарияланғалы тұрған шығармамның
жаңа бас редактор жолын қиып-ақ тастағаны ғой. Редактор екеуіміздің
аман-сəлеміміз бұрыннан түзу еді. Дос көңілдеріміз бұрыннан жақсы
еді. Сол түсінікті сақтай отырып: "Əу, Софы! Сен мынау романыңды
əзірше бізден алып кет. Бұны басудың уақыты əлі келе қойған жоқ.
Басқа бір шығармаңды бер. Кешіктірмейміз" дегені.
Содан кейін "Жалын" журналынан да қолдау таппай, маңдайы тасқа
соғылған осы шығармамның ұзақ жатып қалғаныңа өзім мен уақыт
қана кінəлі шығар деген оймен бір де бір сөзін өзгертпестен, бір де бір
жаңа сөз қоспастан алдарыңызға ұсынып отырмын, қадірменді
оқушым!
Бұл романның жарық көруіне Министрлік тарапынан да,
баспалардан еш мүмкіндік жасалмағандықтан, соңғы жылдары тиынтебендеп жинаған бар қаражатымды, балаларымның тапқантаянғаның жинақтап, өз қаржыммен шығаруға ниет етіп отырмын.
Ендігі сынаушысы да, қадірлеушісі де өздеріңсің, ағайын-жұртым,
қалың елім, қазағым!
Автор
2005 ж
ТҰСАУ КЕСЕР
Есіктің дəл алдынан жол өтеді. Даланың бұралаңы мол қара жолы
ол. Шатырсыз тоқал үйдің терезесі қысқы аязда қырауытқан
шыныларымен, жазғы аптапта көгілдір əйнектерімен қара жолға
үнемі мөлие қарайды да тұрады. Шұбатыла созылған қара жол болса,
бірде еңістен төмен құлдилап, бірде адырға қарсы атыла шапшып,
ілгері сұғына береді. Қос терезенің оң жақ шеткі əйнегінің аясындағы
қара жолдың соңғы таспасы қалың зираттың тұсынан əрі өрге тік
қайқаңдайды да, кішкене төбеден асып өтіп, көзден ғайып болады. Бірақ
жол жоғалмайды. Қыбырлаған тірлік иесінің табан мөрімен,
зырылдаған доңғалақтың жолақ ізімен ғасырлар қойнауынан бастап
алған шежіре-сырын күні бүгінге дейін күбірлеп айтып жатыр.
Күңіреніп шертіп жатыр.
Алысқа жетелеп, болашаққа бастаған қара жол жалғыз
жолаушыны болсын мейлі, дүбірі мен дүрмегі көп керуеншілерді болсын
мейлі зират маңындағы трактордың шынжыр табаны қиқалап, ауыр
МАЗ-дардың абажадай баллондары осып кеткен ойқы-шойқы тұсында
еріксіз кібіртіктете бөгеп, өмір мен өлім туралы мəңгілік ұғымды
кеудеңнен үнсіз аулатып қалып, ақырын ғана əрі аяңдайды.
Қара жол сондайда қай-қайдағыны есіңе түсіреді.
Бұрынғы шап-шағын зират бүгінгі үлкейіп, көбейіп биіктеген сұсты
аумағымен сондайда балалық шағыңа қайта оралтып, жол жиегінде
алыстап қалып бара жатады.
Қос терезе - өмір көзі болатын. Қос терезеден тысқа үңілген сары
балаға ирелеңдеген қара жол Уақыт пен Болмыстың ауысып, өзгеріп
тұратынын, Болмыс пен Уақыттың өзгеріп, ауысып тұратынын
алғаш сездірген болатын. Шуақты көктемді ыстық жаз алмастырсын
мейлі, қыраулы күз келсін, қысқы аяз жетсін мейлі — бəрібір жол
үстінен жолаушы үзілмейтін. Қара жолдың жазда қою шаңы шұбырып,
қыста алақаншықтанып сұйық қары жүйткитін.
Сары баланың еміс-еміс есінде қалғаны: аязды күні жұрттың көкесін
үйінен шалқалатып көтеріп шыққаны; өзінің қалың қырау басқан
жамау-жамау əйнекті тырнағымен сүңгілеп, сыртқы дүниені
бақылайтын саңлау жасағаны. Еміс-еміс есінде қалғаны: терезенің дəл
түбінен өтетін айдын мұздай айдау жолмен қарауытқан қорымға бет
алған жалғыз ат-шананың үстінде ораулы жатқан көкесінің соңынан
жан біткеннің ілби шұбырғаны. Есінде қалғаны: ыстық демінен, қызулы
маңдайынан əлгі саңлау-тесіктің үлкейгені. Сол тесік-саңлаудың бір
кезде айдау жолмен тырнадай тізіліп кері оралған, аңырай
"бауырымдаған " жұртты қарсы алдына тоса қойғаны.
Қос терезенің дəл түбінен өтетін қара жол сары баланы ертегілер
еліне, ғажайыптар əлеміне еркінен тыс ертіп əкететін. Сондайда
жолдың борпылдақ сары топырағы жалаңаш табанын кəдімгідей
қытықтай аймалайтын. Қос қапталындағы бойлап өскен шөпқурайының ғаламат жұпары кішкене кеудесінде сайрандайтын. Жол
бітпесе, көз бітелмесе, Күн сөнбесе, өсімдік біткен қурамаса — Мəңгілік
атты ұлы құдірет сары бала тəрізді адамзаттың əр ғасырлық, əр
мекендік өр нəсілдік буының көк аспанға құмартқызып, қара жерге
кіндігімен матап, қарапайым сұлулыққа еліктіріп, йен түздің иесі
екендігін жүрегіне сіңіруден еш жалыққан ба.
Жол шежіресі əрқилы. Ол бір басталмайды. Бір басталса, ешқашанда
таусылмайды. Көлді шөлге сабақтайды. Даланы тауға тірейді. Өзенді
орманға жетектейді. Уілдеген үнімен əркімге əртүрлі сыр
шерткенімен, мəңгілік күйінен ғұмыры ажырамайды. Дала таңы ұзақ
баптанып атады. Атқан таңға жұдырықтай бозторғай мадақ əнін
айтады. Сол атқан таң, шыққан күн, сайраған əн бұрын да болған, бүгін
де бітпейді, ертең де жоғалмайды. Əйтпесе өмір үзіледі, сүрлеу
таусылады. Жер жарылады. Олай болуы мүмкін емес. Е-мес! Ананың
күсті алақаны кекіл сипауынан жаңылғанша, ананың еміренген əлдиі
мен бесік жыры уілінен ажырағанша, ананың əжімді жүзіндегі ыстық
мейірім бір тамшы жаста дірілдеуін тоқтатқанша, Жер жоғалмайды,
Күн сөнбейді. Өмір үзілмейді. Қара жол таусылмайды. Жол тіліп өткен
балғын бөктерді көктем сайын қызғалдақ көмкереді. Сол қызғалдақты
сары баланың əлденешесі тереді əлі. Сол сары баланың əлденешесі
баяғыдағыдай жалаңаяқ жар ысады əлі. Сол жалаң аяқтың ізі қалған
жолмен бүгін де темір көлік зымырап астық тасиды, адам тасиды.
Төрт тұлпар тұяқ шаңдата құйғытып өте шығады. Төрт тұлпар
тұяқ құйғытып соғыс хабарын да, жеңіс хабарын да, жақсылық пен
жамандықтың тегіс хабарын да жеткізе бермек.
Жол шежіресі бітпейді. Төсінде қыбырлаған жолаушысы бар да жол
əуені үзілмейді. Көкорай шалғынға сүңгіп, жалбыз исіне елітіп, қара жол
ауылдан ауылға озады. Газ бен түтінге тұншығып, асфальт пен
бетонға көміліп қаладан далаға асығады. Жан иесін шу мен шуылдан,
тарсыл мен гүрсілден аулақтатып, қатыгездік пен қарбаластықтан
ала қашады. Тыныштықпен оңашалық əуезін ыңылдап, кейде ылдилай
жөнеледі. Кейде алқына тау бөктерлейді. Бейбіт саздың əуенін бір сəт
бұлақ сылдырына ұластырып, өзен жағалап кетеді. Одан əрі өрлік пен
қайсарлыққа басқан қара жол көгілдір таудың зəре-құтыңды қашырар
асуына тік шапшиды.
Қос терезе əлі де сол күңгірт жанарын қара жолдан айырмайды.
Тоқал үйдің дəл іргесінен басталатын қара жолдың үстінде кешегі
сары бала — бүгінгі жігіт Балта тағы да баяғысындай жаяу кетіп
барады. Артынан анасы — Қатира мен досы — Қобланды үнсіз қарап,
қыбырсыз тұрып қалыпты.
Əлгінде Қобланды құрдасы қатты ашуланған.
— Атасына нəлет, біз Мақанның құлақ кесті құлы емеспіз!
Машинасын бермесе, бермесін, бірақ мазақ етпесін! Балта — Москвада
институт бітірген тұңғыш жерлесіміз! Оны неге қорлайды?
Мақтаныш етудің орнына, мазақтайды. Стансаға жеткізіп салудың
орнына "жесір əйелдің жетімегі жетілген екен" деп келемеждейді. Біз
— құл емеспіз! Басынбасын өйтіп!
"Біз — құл емеспіз" Балтаның табанын жалаған қара жол дəл осыны
мүлгіген сабырлы тыныштығымен қайталап жатқандай. Дəл мынау
жол үстінде Балтаның кешегісі мен бүгіні, бүгіні мен болашағы
тоқайласқандай. Балалықтың аяз бүрістірген шуағы, жетімдіктің
аптап шыжғырған ызғары ұмытылмайды екен. Туған үйдің іргесінен
басталып, ілгері тартар қара жолы — дала жолы табанының
астында тұрғанда Балта ешкімнің "газик", "волга", "жигулилеріне"
қызықпайды. Бірақ анау Берден мен Хайролла ағаларына əрине өкпесі
қара қазандай. Мақан бөтендігін жасасын, əлгі екеуі əкесінің көзін
көргендігін істемей-ақ қойсын, мұны жабылып жасқап, жабылып
мошқағандары қалай?
"Найманқұл — Мақанның нағыз сойыл соғары болыпты-ау. Есті
жігіт сияқты еді, есерлікке басқаны несі? Мақанның езуі қисайса,
Найманқұлдың дырау қамшысы неге оңға да, солға да сілтене жөнеледі?
Мақанға тиген шексіз биліктің құдіреті ақшасының көптігінен бе екен?
Сонда құдіретін өсіру үшін ақша жасау қажет пе? Біз — құл емеспіз ғой.
Бірақ көкіректе бұлқынған бұлалықты басқа-көзге төпелеп ұрып, сол
тұлданған көкірекке қайта қуып тығатын Мақан, Берден,
Хайроллаларға кім тыйым салады? Аудан ба? Облыс па? Республика,
Одақ па? Тыйым салар болса, неге салмайды? Əлде тыйым сала алмай
ма? Онда... онда..."
Қара жол ащы ішектей шұбатылады, Шытырман ой меңіреуге
тіреледі. Балта дүр сілкініп қап, иығындағы қапшығын дұрыстап
қойып, ілгері адымдайды.
Қора жолдан табаны аумайды. Қора жол түбінде бір жерден —
жарқын əлемге шығарары хақ. Өйткені қара жолды ең алғашқы жалғыз
аяқ сүрлеуімен əділет іздеген АДАМ бастаған. Сол ізді ізгілік пен
мейірім, достық пен туысқандық аңсаған АЗАМАТ жалғастырған.
Адамзат үні қуаныш əнін қоңырлата созып тұрғанда үміт жолы тек
жақсылыққа қана бастауға тиіс. Даланы көктей өтіп, тоғайды тіліп
өтіп, өзенді кешіп өтіп бағзы күннің тілеулес жаңғырығын кеудеңде
тірілткен қара жол табаныңның астында жатқанда, Мақандар
ешкімді құл ете алмайды.
Балта станцияға қарай адымдай аттап барады.
БІРІНШІ ТАРАУ
Москваның болат институтын бітірген Балта жолдаманы Тула
қаласындағы металлургия зауытына алған еді. Домна цехының екінші
пешіне ауысым шебері етіп тағайындаса да, өзі тілегімен сол пешке
горншы — яғни қарапайым жұмысшы боп орналасты. Ондағы ойы —
теориялық білімді тəжірибемен ұштастыру үшін шойын балқытудың
əліппесін күрек пен сүймен ұстап бастамақ болған талабынан
туындаған-ды.
Бірақ талап басқа да, дəрмен басқа екен. Алдымен қаланың шет
жағына орналасқан зауытқа жұмысшылар поселкасынан қатынап істеу
үлкен қиыншылық туғызса, от пен шоқтың арасында түтін мен газды
көмейлей жұтып шойын ағызу қара жұмысқа көндікпеген кешегі
кірпияз студентке кəдімгідей-ақ салмақ түсірді. Барып-келу жолын
қосқанда тəуліктегі он екі сағатын зауыттағы қарбаласы қамтып,
қалған он екі сағаты тұп-тура ұйқыға кетіп, былайғы өмірдің ащытұщысынан Балта мүлде айрылып қалды.
"Қыз — қызық"дейтін елеңшіл көңілі, "жастық — қиял" дейтін
арманшыл кеудесі аяқ-қолды құрсаулаған дəрменсіздікті сезіне
бастады. Жатақхананың кір сабын сасыған жаймасына жамбасы тиді
дегенше-ақ қор ете түсетініне бүкіл жан дүниесімен қарсылық
көрсеткісі бар. Омбылатқан ойды да, сенделткен түсті де сағынады
екен. Құлайды — қорылдайды. Қорылдайды — тұрады. Тұрады —
киінеді. Ілбіп басып шолақ поезге мінеді. Қалғып-шұлғып вагонда
отырады. Есінеп жүріп киімін ауыстырады.
Содан соң сауылдаған терден тұлабойыңда шылқымаған құрғақ жер
қалмай отпен алысып, шоқпен шайқасып кетеді. Сол кездерде
кеудесінде еріксіз уытты қыжыл тұтанады. Қоңылтақсыған көңілдің
өгейситіні — еркіндігі, іздейтіні — курстас достары. Өзгерісі де,
ерекшелігі де жоқ іш пыстырар мынау бірқалыпты жаңа тіршілігі
студенттік өмірдің бүкіл қызығын бар бояу-бедерімен көз алдына
жайнатып сала беретін болды. Бір пештегі алты адамды
əрқайсысының меншіктенген өз жұмыс орны, өз қаракеті бір-бірімен
кездестіре де, шүйіркелестіре де бермейді. Оған тіпті мұршалары да
келмес еді. Бір балқымадан соң бір балқыманы құйып алуға
дайындалып, шойын ағатын арықтарды жаңартып, металл
қалдықтарынан тазартып, құм төсеп, сода алғызып, жанталасып
жатқандары. Қол сəл босап кетсе, кезектесіп асханаға жүгіріп барып,
тамақтанып үлгеруге тырысады.
Балтаны осы оқшаулану қатты қажытты. Жүйкені жүндей тұтетін
берекесіз ойлар қамауында жүріп алғашқы айды да өткізді. Əйтеуір,
шешесіне хат жазуды ұмытпайды. "Бəрі жақсы. Бəрі ойдағыдай" тəрізді
тыншу сөздерді қағаз бетіне түсіргенімен тыншу тапқан өз көңілі жоқ.
Ауысымды аяқтап, киініп жатқан, бөлмелес көршісі едіреңдеп жетіп
келді.
— Боря (Балтаны мұндағылар солай атайтын), мен зауыт
басқармасынан əлгінде бір қазақты көрдім!
Балта сенер-сенбес қана бас изеді. Көршісі одан сайын өзеуреді.
— Рас айтам! Көзі қара, қысықтау. Шашы қара-қоңыр... Бір сөзбен...
саған ұқсайды.
— Жарайды, Коля. Рахмет.
— Ну, сен қуанбайсың ғой.
— Несіне қуануым керек!?
— Жерлесің... əлде туысың шығар... Өзің алыста жүргенде... Мүмкін
ол сені іздеп келген болар, — деп Коля сасқалақтады. Іштей байқаусыз
бөтенсіретіп алмадым ба деген қаупі бетіне қалқып шыға келді. Балта
күліп жіберді.
— Əй, Коля — Николаша! Алыста жүргенмен елімде жүрмін ғой. Сен
досым емессің бе...
— Оған сөз бар ма! — Николай Балтаны құшақтады. — Əрине,
доспыз.
Зауыт басқармасы ғимаратының алдындағы аланда Балта біраз
қыдырыстады. Əлгінде: "Кім екен? Таныс біреулерді іздеп жүр ме?
Тілдесіп қалайын" деген тілекпен келген еді. Кенет ту сыртынан
əлдекімнің жөткірінген даусы естілді. Балта жалт қарады. Орта
бойлыдан сəл биік ашаң жүз, қысық көз жігіт күлімсіреп қарап тұр
екен. Басын изеді де:
— Сіз қазақ емессіз бе? — деді.
Балта қос қолын қуана ілгері созды.
— Қазақпын, аға...
Екеуі қалаға жаяу тартты.
Жаңа танысы — республика Ғылым Академиясының Металлургия
институтының лаборатория меңгерушісі екен. Белгілі құрамдағы
домна қоқысы тəжірибе жұмысына қажет боп, соған зауытқа тапсырыс
бере келіпті. Балтаның жай-жапсарымен танысқан соң жатып
жабысты.
— Оу, Балта маған сендей доменщик сондай қажет. Біздегі тəжірибе
пеші шахталық пештің режимінде жұмыс істейді. Ал, бізде... маған сені
тағдыр ұшырастырды. Алматыға барысымен академияның атынан
Москваға... министрлікке сені сұратып қатынас қағазын жөнелттірем.
— Рақмет, аға! — Балта ыржиды.
— Сен мені ағалауды доғар! Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегі
"жəке, əкені" білмейді. Мен саған бүгіннен бастап Жарқынмын!
— Рақмет, Жарқын аға!
Екеуі де күліп жіберді.
— Қалай, бауырым, алтын шашты, аспан түстес көзді қызың бар
шығар? Шіркін Рязань, Тула мадонналарына кім жетсін!
— Жоқ, Жəке! Шынымды айтсам, дəл мынау жолмен поселканы
бойлап бүгін алғаш жүріп келем. Шаршап шығам да, төсекке бас
қойысымен тұяқ серппеймін... Өмірден қалып бара жатқан түрім бар.
Жарқын оң жағына шұғыл бұрылып, Балтаны қолымен тоқтатып,
бастан-аяқ сүзіп шықты.
— Жоқ, бауырым! Сен мені алдай алмайсың. Бойың мынау
сырықтай, иығың кең, кеудең шалқақ — нағыз балғын балуан денелі
жігітсің. Түр-түсің де көрген жанды соңыңнан қуалай қаратардай. Қыр
мұрнын, салмақты иегің, кең маңдайың, қыран қабағың, қалың қара
бұйра шашың — бəр-бəрі шебер мүсіншінің саусағынан шыққандай.
Мынау тұлғаның қажыр-қауқары да осал болмаса керек. Сен өйтіп
өзіңді-өзің кемсітпе.
Аузын ашса жүрегі көрінетін аңқылдақ жігітті Балта үш-төрт күнге
дейін түсінде де көріп жүрді. Кеудесінде үміт шоғы тұтанғандай болып
еді, күн жүгіріп аптаға, апта жылжып айға ұласқан кезде бұрынғы
тұнжыраңқы күйге қайта оралды. Жарқыннан хабар болмады. Тілектес
дос, үндес серік іздеп талпынған көңілі шуақ көргендей ашыла түсіп,
қайтадан берік қымтанып ала қойды. Жарқыннан да, асып-төгіп берген
уəдесінен де түңіле бастады.
Сөйтіп жүргенде зауыт директоры Балтаны шақыртып алды.
— Балта Мұқатович, сізді республикаңыздың Ғылым академиясы
сұратып жатқан көрінеді. Қуанам оған. Біздің бір горновойымыз
келешекте үлкен ғалым боп шықса, мақтаныш емес пе. Сізге, Балта
Мұқатович, зор денсаулық тілеп, еңбегіңізде абыройлы бола бер
демекпін, — деп қолын қысып, есікке дейін шығарып салды. Балта
Алматыға жеткенше асыққан.
Жарқын туған ағасындай аңқылдап, құшақ жая ұмтылды.
— Өтінішіңді жазып, осы қазір институт директорына кір. Өзім
алдын ала сөйлесіп, келісіп қойғам.
Директордың кабинетіне жүрегі лүпілдеп кірген. Шығуы жылдам
болды. Өтінішінің шетіндегі "Инженер боп алынсын" деген
бұрыштаманы оқығанда Балтаның көзі жасқа толып кетті.
Енді пəтер іздеуі керек.
Жарқынның сілтеуімен көк базардың түбіндегі белгілі қара ағашты
маңайлағандардың шет жағында тұр еді, таяқ ұстаған орыс шалы
жақындап келіп, жұқа шляпасына үш саусағын тигізіп, сəл бас изеп
амандасты.
— Қонысжай іздеп жүрмісің, балам?
— Иə, ата... — Қалай "ата" деп қалғанын Балта да байқамады.
— Жалғызбысың?
— Жалғызбын.
— Жүр, балам, жүре сөйлесейік.
Екеуі Ленин көшесімен жоғары өрледі.
— Қай оқуды бітіріп едің?
Балта жағдайымен қысқаша таныстырды.
— Солай де. Дегенмен, Балта, өндірісте бірер жыл істегенің дұрыс
болғандай еді-ау... Ə-ə, ақылгөйсуге үйірміз...
Сыпайы шалдың сыпайы əңгімесі басқа арнаға ойысты. Алдына
сүйсіне көз тастаған серігінің қар жамылған Алатауға қызыққанын
байқап, шешіле сөйлеп кетті. Көркем қаланың əсем табиғаты кімді
тебірентпесін, жанарына мейірім үйірілді. Өзі Алматының төл тумасы
екен. Ұлы Отан соғысында ғана от басынан еріксіз алыстап, бақытына
қарай туған ұясына сағынып оралыпты. Одан бұрын да, одан кейін де
ешқайда аттап шықпапты. Тіпті басқа жұрт іссапар, санаторий, курорт
деп самолет пен поезға билет іздеп, тарсылып жүргенде, бұл болса
ертеректе есепшотын сартылдатып, бертінде арифмометрін
шыртылдатып қойып, миығынан күліп отыра беріпті.
— Айтпақшы, мен — Василий Сергеевич Корякинмын. Вася атай
деуіңе қарсылық білдірмеймін, — деп қуақылана күлімсірегенде
металл тістері жылтырады. Мейірімді жүзге суық темірдің ажары
үйлеспейді екен. "Кəрілік-ай!" дейтін əлде реніш, əлде күйініш сезімі
Балта жүрегін шымшып қалды.
— Вася атай, қала қалай өзгеріп кеткен!
— Иə! Қала күн сайын құлпырып та барады, ауасы бұзылып та
барады, — деп бас шайқаған Василий Сергеевичтың қабағы түсіп кетті.
— Неге?
— Мынау арық бұрын дементпен шегенделмейтін. Суы мөлдіреп
тал-теректің балтырын сипап, көгалды шашып, айналасына салқын
леп, саумал иіс шашып, тынбай ағатын. Мынау қатар-қатар көшелер
Алатауға босағасын ашып тастап, таудан Ескен қоңыр самалға газ бен
түтіннен перде тұтқан тымырсық ауаны дүркіретіп қуғызатын. Ал
енді... Арықтарда су ақпайды. Көшелердің тау жағын тұйықтап үй
салып, қойнау-қойнаудан есетін жел мен самалдың жолын бөгеп
тастады. Оның үстіне жыл сайын емес, күн сайын машина көбейіп,
газды түтінімен қойыртпақ ауаны тіпті уландырып барады. Уəде
етілген метро əлі жоқ.
Сірə, соны мен көрмей кетермін... — Қария күрсінді. Таяғына
қаттырақ сүйенгенде жүрісі бұзылып, оң аяғын сылтып басатыны
байқалып қалды. Балта аяп кетті.
— Көресіз, ата. Бастап кетсе, бітіруі қиын болмас... Өзін, метроны
бастап па еді?
— Жоқ. Жə, оған бас қатырмайық. Балта, мына дүкенге кірем де
шығам. Сен осы арада күте тұр.
Сəлден соң екі пакет сүт ұстап шықты.
— Қонаққа сүт қатып шай бермесе болмайды ғой. Сен қазақ шайын
ұнататын шығарсың, ə?
Балта бас изеді. "Үйін де, бөлмесін де көрсетпей, келіспей жатып,
мені қонақ тұта бастағаны қызық-ау. Бəйбішесі жақтырмай жүрмесе...
Жамбасақысы қанша тұрады екен?"
— Қаймақ қатқан шайға не жетсін шіркін!
Балта жалт қарады.
Василий Сергеевич қазақша таза сөйлеп жіберіп еді. Күлімсіреп тұр
екен.
— Қазақ жерінде туып, қазақ арасында тұрып, қазақша сөйлей
алмасам — нағыз қорлық емес пе?
Балта ырза болғаны сондай үнсіз ғана басын изей берді, изей берді.
Екеуі бес қабат үйдің екінші қабатына көтерілді. Вася атай есігін
кілтімен ашып, Балтаны иығынан демеп, ілгері лықсытты.
— Пəтеріміз осы. Kip, балам.
Екі бөлмелі екен. Балта үй ішінен басқа тірі жанды көре алған жоқ.
Василий Сергеевич жігіттің жүзіндегі сұрақты айтқызбай білді.
— Жалғызбын, Балта. Кемпірім қайтыс болғалы үш жыл...
Былтырғы ұлы жеңістің отыз бес жылын көре алмады. Балалар... Жə,
жарайды. Жоғары шық.
— Шай үстінде Вася атай Балтаның кеудесінде кептеліп тұрған
күдіктерді ыдыратып жіберді.
— Анау бөлмеде жатасың. Күңгей жақ, əрі тыныш. Сенен, балам,
ақша сұрамаймын. Пенсиям бір басыма жетеді. Қаңыраған төрт
қабырғаның тұтқынындағы күйімді ұғып, анда-санда шүйіркелесіп
қойсаң, жетіп жатыр.
Балта ыңғайсыздана қипақтады.
Василий Сергеевич, мені инженер етіп алды ғой. Айлығым жүз
сомның үстінде. Жамбасақы төлемей... қалай тұрам.
Шал күлімсіреді.
Төлейсің, балам, төлейсің. Ертемен қазақша "армысың, ата!" десең —
төлегенің. Кешке оралғанда, қалың қалай, ата?"десең — төлегенің.
Сəтін салғанда бір қаракөзді ертіп келіп, "Ата, көрімдік бер, мынау
болашақ келініңіз болады" десең — төлегенің. Сонда үшеу боламыз.
Кейін немеремді тербетем, одан артық сенен қандай жамбасақы
алмақпын.
Балтаның көзіне жас толып кетті. Соны көрсеткісі келмеді ме, ұшып
тұрып, Вася атасын құшақтай алып, бетін қарттың кеудесіне көміп
жіберді. Шалдың алақаны арқасынан қақты.
Екі-үш күннің ішінде Василий Сергеевич аудандық ішкі істер
бөліміне Балтаны ертіп апарып, пəтеріне тіркетіп те алды.
"Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше" деген рас. Екеуі аталынемерелі жандардай. Кейде орысшалап, кейде қазақшалап сөйлесіп,
бір-бірінің жан дүниелеріне еніп кетеді. Вася атай соңғы үш жылдың
жалғыздығынан көрген көңіл тауқыметінен құтылса, Балта мазасыз
ойларына құлақ түрер тілеулес тауып еді.
***
Екі-үш тепкішектен бір-ақ аттап, екпіндеп келе жатып бұрыла
бергенде Балта əлдекімді қағып кете жаздады.
— Кешіріңіз...
— Оқасы жоқ.
Сыңғыраған дауыс сыңғыр күлкіге жалғасты.
Балтаның көз алдына алма бет, ақша маңдай, оймақ ауыз, қиғаш қас
дейтін сұлулық атты құдірет ақ маржан тістерде нұр шағылыстырып
көңілдене күліп тұр еді, күміс қоңырау күлкісін кілт үзді.
— Ғафу етіңіз. Ойда жоқта аварияға ұшырамай аман қалғанымызға
қуанғаннан күлдім білем, — деп ару келіншек ыңғайсыздана абдыраса
да өзіне құмарта қадалған жігіттің бас-аяғын ұрғашыға тəн
əуесқойлықпен тез шолып өтті. — Сіз... сіз біреуді іздеп жүрмісіз?
Қатты абыржыған Балта сыңғыр күлкіден кейін ілесе шыққан əсем
үннің жаңғырығын ғана естіді, мағынасын зердесіне сіңірген жоқ.
Аппақ арудың беті бетіне тиердей. Жұқа жеңіл көйлектен сұлу əйелдің
тəнінен ғана жететін хош иіс мұрнын жыбырлатып жіберді. (Ол иістің
француз духиының исі екенін Балта, əрине, жобалайтын). Шашының
түбіне дейін қып-қызыл боп кетті.
— Бұрын мен сізді көрмеп едім...
— Иə-иə, көрген жоқсыз. Жақында ғана қоныстанғам.
— Жақында ма... Мен қалай білмегем?.. — деп бойжеткен Балтаға
көз тоқтата қарады.
— Осында жұмысқа... қызметке орналасқам, — дегенде даусының
дірілі азайды. Соны сезген Балта батылдыққа басты. — Сіз осы үйде
тұрасыз ба?
— Иə, осында тұрам.
— Онда көрші болдық! — Балтаның қуанышы жүзіне ойнап шыға
келді. Көлденең көздің өзіне қызыға, құмарта қарағанын қай
бойжеткен жек көруші еді.
— Солай деңіз... Пəтеріңіздің нөмірі қандай? — деп ықыластана
бейіл білдірді.
— Мен... мен Василий Сергеевичтің пəтерін жалдап... Сонда тұрам, —
деген Балтаның көзі жыпылықтап, мынандай сұлу періштенің
алдында өзінің əлдебір пəтерші ғана болғанына кінəлі жандай
ұнжырғасы түсіп кетті. Жігіт жүзіндегі өзгерістің себебін ақ ару
түсінген жоқ, бірақ екі қастың арасы дүңкие қосылғанда, нəзік пішіннің
еркектік қажырға толы сұлу сұс табатынын тез аңғарды. Сонымен
бірге қалың қабақтың астынан мөлдіреген жанардан тазалық көріп,
іштей құмарту ма, ұнату ма — əйтеуір бір тілектің туып келе жатқанын
пайымдап қалды.
— Вася атай жақсы адам. Мінезі тік болса да өте əділ. Кейде... —
сөзінің соңын жұтып қойды. — Ал, көрші жігіт, сау болыңыз.
— Сау болыңыз. — Балта бұрылып жол берді.
Тық-тық басқан биік өкшенің тықылы саты қуалап барып үзілгенше
орнынан қозғалған жоқ.
Қандай əсем!... "Ажарың ашық екен атқан таңдай"... Күлкісі неткен
ғажап!
Қап! Танысуды да білмеппін. Атын сұрағанда ғой... Қандай керім!
Қасы, көзі, кірпігі — өзгелерде дəл əлгі арудікіндей əрі көркем, əрі
əдемі боп үйлесіп тұрмайтыны неден екен? Бір кемшіні болсайшы!
"Оймақ ауыз" деп осындайды атайтын шығар!"
Жоғарыдан түсіп келе жатқан жуан бөксе əйел Балтаны иығымен
қаға-маға тоқтады.
Қалшиып неғып тұрсың?
— Ə-ə, маған айтасыз ба?
Балта мұрнының астындағы бір тиынның көлеміндей қара менде
төрт-бес тал қылы бар əйелге таңырқай қарады. Əлгіндегі сүйкімді
келбет пен мына жирен мұртты сұрықтың адам нанғысыз
алшақтығынан күрегі шайлыққандай еріксіз кейін ығысты.
— Саған айтам, саған! Пəтерге тіркелдің бе?
— Иə. Василий Сергеевичтың өзі көмектескен. — Мына тас кенеше
қадалған əйелдің осы үйдің тұрғындары сайлап қойған қоғамдық
старостасы екенін Балта енді ғана есіне түсірді. Пəтерлеріне бір-екі рет
кіріп Вася атайды "кім көрінгенді ертіп келгенін" бетіне басып, біраз
сөгіп алған. Вася атай пəтершісінің "кім көрінген" емес инженер екенін,
онда да Ғылым академиясында қызмет істейтінін айтып қас
кергенімен "тəртіп пен уставты" мықтап қадағалайтын қырағы
старостаны онша сендіре алмаған. "Подъезге темекі тұқылы мен
сіріңкенің шиін тастап, балконнан қоқыс лақтыратын сыбайсалтаңдарды бес саусағындай білетінін" тəптіштеп ондай
"жауапсыздық пен бейбастақтық көріне қалса", аямай айып салып,
ақшадан жұтатып қоятынын жəне мəлімдеген.
— Мұнда неге қалшиып тұрсың? — деп сұрағын тағы қайталады.
Сатының жақтау тақтайына кеуделей асылып, төменге көз жіберді. —
Анда не тастап жібердің?
— Қайда? — Балта сасып қалды.
— Қайда болушы еді, төменге, сатының астына.
Анау жылтырап жатқан темекі ғой. Сен өрт шығарайын дедің бе
енді!
— Мен темекі тартпаушы едім... Ал, төменге ештеңе тастағам жоқ, —
деп Балта жалына мөлиді.
— Білем сендейлерді, білем. Жасайтыңдарың бейбастақтық. Есі
дұрыс адам екі этаждың ортасында тектен текке қалшиып қарап
тұрмайды. Мен сені ана-а-ау бесінші қабаттан көріп келдім. Ештеңе
тастамасаң, онда бұл арада не бітіріп қалшиып тұрсың?
Балта не дерін білмей ыржиып күле беріп еді, "тəртіп пен устав"
сақшысы айқайға басты.
— Мен сені күлдірем! Мен саған келемеждетем! Мен саған көрсетем!
Бандит! Қарақшы! Бейбастақ! Подъезды былғағанымен қоймай, еще
мені, старостаны, тəлкек еткісі келеді.
Бес қабаттағы есік біткен ашылып, əр қабаттан əртүрлі басты
төменге үңілте салбыратты. Ұрлығының үстінен түскендей сүмірейген
Балта иін көтере алар емес.
— Не болды, Гаэне Рашидовна?
— Не бүлдіріп қойыпты?
— Бөтен ғой! Кім екен? — дескен дауыстар жоғарыдан қардай
жауды. Мұртты апайдың іздегені сол екен, дауыс тембрі одан сайын
қатқылданды.
— Кім көрінгенді пəтерге жібергеннің пайдасы!.. Мынау зиянкес
анау төмендегі қоқсық-бықсық аздай-ақ темекісінің тұқылын
сөндірмей лақтырған... Ол ол ма, анау қағаздарға ше... анау шұрымбұрым макулатураға сіріңкенің шиін бірінен соң бірін жағып тастап,
тұп-тура өрт салып тұр мынау Корякинның жаңа квартиранты!
— Апай-ау, мен өмірі темекі тартып көрген емеспін. Темекім де,
сіріңкем де жоқ, — деп Балта жыларман болды.
— Сен өйтіп ешкімді алдай алмайсың. Мен өз көзіммен көрдім ғой.
Өз көзіммен!
— Сіздің нені көргеніңізді білмеймін. Бірақ мен ешкімді алдап
тұрғам жоқ. Темекі тартпайтынымды Василий Сергеевич растайды.
— Растайды ол. Иə, растайды. Екі сыңар — бір етік. Сенің Василий
Сергеевичың сайтанға да жанын бере салады. Білем мен сендерді. Сені
де, оны да. Растайтын кісіні тапқан екенсің.
Мұртты апай — Гаэне Рашидовнаның ашуы енді қоза бастаса керек
өз сөзіне өзі сенгені сондай, "бей-бастақ өрт қоюшыны" тап қазір
милиция шақыртып, он бес тəулікке қаматып қоймақшы болды.
— Милиция! Милицияны шақырыңдар! Анна Викентьевна,
айналайын көгершінім, телефон шала қойыңызшы!.. Aһ, Анна
Викентьевна, Анна Викентьевна! Бұзақыға мейірімді болмақсыз ғой..
Жарайды. Сізді де көрермін. Мағрипа, Маша, сен елгезек едің ғой,
милицияға хабарлай қойшы, сүйіктім. Ə-ə, қазағыңа жанын ашып
қалды ма...
Төмен тұқырған бастар əлде подъезды басына көтере даңғыраған
əйелдің мінезін біле ме, əлде бейтаныс жігіттің айтқанына сенді ме,
əлде милициямен байланысқылары келмеді ме, бір де біреуі қыбыр
еткен жоқ. Ту сыртынан естілген дауыс Балтаны селк еткізді.
— Не болды? Балта, сен неғып тұрсың?
Василий Сергеевичтың сыртқы есіктен кіріп келе жатқанын
көргенде Балта əкесі тіріліп келгендей қуанды.
— Вася атай, айтыңызшы... Мына апайға... тəтейге менің темекі
шекпейтінімді түсіндіріңізші. Темекі тұқылын тастадың, подъезды
ластадың деп түк сенбейді маған.
Василий Сергеевич ашынған жігітке қатарласып келді де, қолынан
жетелей жөнелді.
— Жүр, балам. Түсінбестерге түсіндірем деп босқа арамтер болудың
қажеті жоқ. Арың таза болса, басқаның түкірігі бетіңе мың жерден
шашырағанымен кір жаға алмайды. Əрине, бетіңе түкірік тигізудің де
еш жақсылығы жоқ. Жүрегіңді айнытады ол.
Гаэне Рашидовна Василий Сергеевичке қарсы лəм дей алмады.
Ысырылып жол беріп, алдынан өткізді де, жоғары көтерілген екеудің
жотасына оқты көзін кезек-кезек қадады.
"Жазықсыздан жазықсыз тиіскені қалай? Не істеп тұрсың дейді.
Əлгіндегі періштенің... сұлулық тəңірісінің еркімді билеп алғанын
кімге жаярмын? Оны тіпті өзіме өзім айта алмастай қысылам ғой.
Көңіліме құйылған шуақты су құйып сөндірмек болған ниеті қандай.
Дүниеде əртүрлі жандар кездесе береді екен-ау! Тіпті бір подъезде бірбірінен сондай алшақ періште мен пері тұрады, ə. Қалай сиысады?
Бүкіл болмысы нəзіктік пен пəктік тазалық пен сұлулық тəрізді
үйлесімдерден жаралған анау періште мынау дөрекілік пен
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.