Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09

Total number of words is 3932
Total number of unique words is 2428
28.3 of words are in the 2000 most common words
40.4 of words are in the 5000 most common words
47.5 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
отырған тəртібін ыдыратам, қиратам дейтін сен сияқтылардың
тыраштанғанына, күлем Бектемір.
Мақан "Мальборо" қорабын қалтасынан шығарып, Бектемірдің көз
алдына тоса қойды. Бұл сигареттің жəшігі Мақанға арнайы
жіберілетінін Бектемір білетін.
— Шекпейсің, ə. Ұзақ ғұмыр сүргің келеді. Итшілеген тірліктің кісі
қызығарлық несі бар екен? Соны бір түсінбей келем.
— Итшілеген тірліктің қасиеті — адалдығында, тазалығында.
Мақан қарқ-қарқ күлді. Келемеж күлкі, мазақ күлкі аузын ашса,
көмейден гүрілдей төгілуге дайын тұратын тəрізді.
— Оның бəрі сөз. Сөз ғана, Бектемір. Адалдықпен пен тазалық
Сталин кезінде жоғалған. Хрущев тұсында кқмілген. Қазіргі Леонид
Ильич дəуірінде оның қабірі түгіл, исі де жоқ. Əйтпесе ол анау төсінде
саусылдаған салмағы бір пұттан астам темірлерді адалдықпен алып
жүр деп пең. Ал бізге сонысы керек. Өйткені өзі былғанған басшы
өзгеге батырып айта алмайды. Сондықтан менің жаным қатты ашиды
саған. Астында тақ-креслосы бар чиновниктердің бір де біреуінен
тілектестік... қайдағы тілектестік... құлақ асар ілтипат көре алмай көзге
түрткі боп, мүжіліп, үгітіліп таусыласың-ау! Өйткені сендейлерді
инфаркт, инсульт тəрізді аурулар қуалап жүреді. Ал олар да жұлып
түсе алмаса, онда дымыңды мүлде өшіртіп, тордан сығалатқызып
қояды. О-о, ол əлгі бірін-бірі қолдаған, бірін-бірі асыраған, бірін-бірі
құрметтеген, бірін-бірі өсірген сыбайлас-сыбағалас əкімшілік
басшылық үшін түкіріп тастаудан да жеңіл. Ойға сіңбес, миға қонбас
қайдағы бір желеуді мойнына... мен сені сендейлердің мысалы ретінде
ғана айтып отырмын... мойнына бұғалықтай сарт еткізеді де,
бұлқынтпастан, шырылдағанына мəз болып, күлкісі шырайланып, он,
он бес жылға тұқыртып қа-ма-ай салады! Ал желеу ме... Желеудім небір
адам сенбестік түрін ойлап табу мынау заң қорғау органдарындағы
кейбір қомағай өңешті тергеушілер, соттар жəне прокурорларға түк
емес. Мəселен, осы мына біздің "Коммунизм шапағы" колхозынан
мыңдаған шақырым жердегі бір жап-жас қызды əлдекім зорлап кетсін
дейік. Ал саған жала жабу қажет пе... яғни сенің көрмейтінді көргіш
көзіңді құрту жоспарланды ма, онда осы "Коммунизм шапағы"
колхозынан аттап шықпаған сен анау жарылмаған бүрді, ашылмаған
гүлді таптаған, жұлып түскен жауыз боп шыға келесің. Немесе біздің
"Коммунизм шапағынан" түу-түу қияндағы Қиыр Шығыстағы бір
қалада автобус авариясы болды дейік. Сол аварияда бес, он совет
азаматы опат болған дейік. Совет азаматтары өліп жатса, айыптыны
іздемей, таппай, жазаға тартпай селт етпей отыратын советтің əділ
заңы жоқ қой. Сарт еткізіп сені ұстайды да əкетеді. Əйтпесе, əлдебір
адам нанғысыз жағдаяттардың əсерінен мынау біздің "Коммунизм
шапағы" колхозындағы жасырын ферма ашылсын, жария болсын
дейік. Əрине ол дəл осы заманда ақылға сиғысыз фантастика ғой.
Жарайды, дүниеде не болмайды, осы қылмыс ашылсын дейік. Сонда
оның кінəлысы кім? Сен, Бектемір! Сен — қылмыскер! Себебі қазіргі
уақытта екі-үш куə табу — оңайдың оңайы. Ал əлгі куəлар сенің қызды
зорлағаныңды да, аварияны жасағаныңды да, басқарманың басын
шырмап, қолын байлап, жасырын ферманы ұйымдастырғаныңды да
мойнына төндіріп қойып береді.
Ұзақ сөйлеп кеткен Мақан өзінің қызынып, артықтау айтып
салғанын сезді ме, əлде тамағы кеберсіді ме, бір сигаретті ерніне
қыстырып, француз оттығынан тұтатты. Сигаретті ысылдай сорып,
көк түтінді көмейлеп жұтты. Содан соң тұншыға жөтеліп, көк түтінді
мұржасы бітелген пештей аузы-мұрнынан бықсытты. Орамалын алып
жас аққан көзін сүртті. Əлгіндегі қызулы екпін тұсында жіпсік
көздерде көкшіл жылт ойнақшып еді, орамалмен сүртіп өткенде, əлгі
жылтты да қоса сыпырып əкеткендей көздері мүлде күлгін тартып,
бозарып қалды.
Бектемір Мақанның айтқандарына қарсылық қарсылық білдірген
жоқ. Қайта бастығының дəл қазіргі жағдайды қолмен құйғандай
суреттеп бергеніне таң қалды. Өзінің шарасыздығын ұқты. Үңірейген
қуыс кеудесінің бүгінгі үрейлі, сезікті, күдікті əлсіреуімен ұғынғанда,
жер бетінен шынымен-ақ, əділет, адалдық, тазалық біржола
жоғалғандай күйзелді. Мынау алдында тұрған адам аздаған билігіменақ анау ту сыртындағы арқа сүйер сұрғылт жартастай еңселенген
əкімшіліктің, бюракратияның қолдауымен еш уақытта жеңілмес... тіпті
қылшығы да қисаймас жауыздық өкіліндей көрінді. Көк түтіннің
арасынан сығалаған көздер əрі менмен, əрі тəкаппар. Тəңір көзі!
Тағдыр көзі!..
"Өлтірсе қайтер еді!?"
Дір еткен денесі жүрек бұлқынтты. Соны бағып қалды ма, Мақан
даусын кенеді.
— Қалай, айтқаным бойыңа сіңді ме, Бектемірім. Сен екеуміз бірбірімізге мықтап байланғанбыз. Бір медальдің екі жағымыз. Ақ пен
қарамыз. Күн мен түнбіз. Ал, сол медальдың қай жағы екенімізді
ажырату — ең басты мəселе. Мен мысалы анау мықтылар қоғамы үшін
əрқашанда медальдың өңі болам. Түстің ағы болам, тəуліктің күні
болам. Қалғандары — сен, Бектемір. Өйткені бүгінгі тірліктің,
тіршіліктің, қаракеттің, ағымның, əлеуметтік ортаның ұйғарымы
солай. "Күлшелі бала сүюге жақсы" дегенді ерте-ерте ертеде бүгінгі
сыбайлас сыбағаластықтың түпкі атасы шегелеп айтып кеткен. Біз —
қарапайым орындаушылар ғанамыз. Қалыптасқан жүйе — экспресс,
немесе заводтағы поточная линия — ағынды сызық. Ал, сен, Бектемір,
зуылдаған экспресті құр кеудең тосып тоқтатуға болмайтынын
түсінбейсің. Ал алда-жалда ал тоқтады дегенше бүкілелдік авария,
апат басталады. Онда қаншама қырғын, қантөгіс болады. Сенің
отызыншы жыңдардың репрессиясын қайталатқың бар ма?
Түртпектеп-түртпектеп күл астындағы қоздан всемирный пожар
тұтатпақсың ба əлде? Бүкіл елімізді, өркендеген социализмді қандай
катастрофаға, қандай катаклизмге ұшыратқалы отырғаныңды
білемісің? —
Мақан қайтадан ағындап енді философиялық жүйткулерге де шебер
екенін танытқысы келгендей, философиялық сөздіктен жаттап алған
терминдерімен қарсыласының шекесінен жаңғақпен ұрғандай
солқылдататын əдетін тапқан еді. Бектемірге ентелей төнгені сондай,
түкірігі бетке шашырады. Темекінің иісінен де бөлек сасық иіс
қолқасын қапты.
"Бауыры əлде асқазаны ауырмай ма екен? Əлде осыншама
білгішсінгенде аузын күнделікті тіс пастасымен жууды ескермегені
ме? Жүрек айнытар иіс өзіне сезілмей ме? Əй, бұл не сезуші еді?
Дүниеде құдайымсынған пенделердің көрсоқырлығынан сақтасын!"
— Сен тыңдамай тұрсың ғой, Бектемір...
— Баяғы белгілі əлəулайыңды қашанғы тыңдай береміз. Сендердікі
"қорыққан бұрын жұдырықтардың" кебі, Мақан. Дүниеде өзгермейтін,
құбылмайтын ештеңе жоқ. Бəрі өзгереді. Ендеше сен сенген, сен арқа
сүйеген, сені тайраңдатқан мына əкімшілік жүйең де быт-шыт болады.
Себебі бір ғана құдірет, шын құдірет — халық. Халық — алып. Ол бір
сілкінбесін. Сілкінсе, сенің тақ-креслоларыңда тəңірім деп тəлпіштеніп
отырған əкімсымақтарыңды тымақтай лақтырады. Анау... өзің айтқан
а-на-ау жағыңдағы мықтыларыңнан... төсін саусылдатып орденмен
сығыстырған тірі құдайларыңнан бастайды сілкуді. Дəл сол кезде
менің қолым жағаңа жармасады, Мақан! — Бектемір бірте-бірте үдеп,
даусын күшейте, денесін дірілдете бітірді сөзін.
Мақан тағы да қарқ-қарқ күлді.
— Ал мен сенің жағаңнан, міне, қазір алып, алқымыңды сығып
тұрмын, Бектемір. Ақыры, ішкі қоябаңды ақтарып, қоғамға нағыз қас,
зиянкес адам екеніңді өзің əшкереледің. Тіліңнен таптың, Бектемір! Ел
билеген ұлы азаматтарға, партия, мемлекет қайраткерлеріне
сенімсіздік білдірдің... сенімсіздік қана емес, саяси қателік жіберіп,
оларды қылмыскерге баладың. Міне, сенің мойнына түскен тұзақ! —
деп Мақан қойнынан кішкене магнитофонын суырып алды. Суырып
алды да, қарақұстан соққылайтын қарқ-қарқ күлкіні қырылдап
лықсытты.
Бектемір ыққан жоқ. "Түу, мынау нағыз саппас екен! " түңіле басын
шайқады.
— Немене мені қорқытпағың осы ма? Шындықты айтқаннан
қорықсам, баяғыда-ақ сенің тобыңа кірмес пе едім. Əй, Мақан, Мақан!
Мынауыңа қарап, тышқаншалап қалғаныңды ұқтым. Сен мені
қорқытам деп баланың ісін жасасаң, онда саған бір тықырдың
таянғаны анық болды.
Мақан шімірікпеді.
— "Ұра берсе, құдай да өледі" деген. Сен менің ең бір кеуделі
қарсыласымсың, Бектемір. Мен сені, əрине, əл-əзір аренадан
тайдырмаймын. Тартыс-күрестен мақұрым болған соң онда мынау
ғұмыр мен үшін біраз мəнін жоғалтар еді. Сондықтан мен сені
əлсіретіп, жіңішкертіп барып, майыстырып сындырам. Сол үшін де
тоқпақтауды да, төмпештеуді де, қорқытуды да, үркітуді де, шантаж
жасауды да тоқтатпаймын. Тоқтата да алмаймын. Мен саған тəжірибе
жасап жүрмін, былайша, ғылым тілімен айтсақ, сен менің, Бектемір,
подопытный кролигімсің. Сен шырылдағанда менің жаным əндетіп
тұрады. Сен қылмыскер деген сайын мені құрметтеушілер көбейе
түседі. Сенің қалтаң тесілген сайын, менің жүз мыңдарым еселей
түседі. Оу, сөйткен сенен мен өлерде айрылып, есектің миын жеді ғой
деп пе едің.
Бектемір мына тəжікелесуден шаршайын деді. Жерге тастаған
мысықтай қалай лақтырса да, Мақан аяғымен дік ете түсіп жауырынын
жерге бір тигізбей барады. Қандай əккі, қандай маймақ! Бірақ қандай
жауыз, қандай зұлым! Қалай ұстарын да, қалай шаларын да, қалай
алқымдарын да жəне қай кезде, қай жерде езгілерінде бұлжытпайдыау бір. "Құдайдан қорықпағаннан қорық". Бектемір жүзінде жасқаншақ
күлкі тірілді. Кірпігі жыпылықтап, көзі тайсақтады.
"Өлтірсе қайтер еді?"
Осы бір өлермен ой тағы оралды. Оралды да, бұған дейінгі бүкіл
ерегіс қайратты, бұлқыныс жігерді, қатулы қабақты ой-бойдан қуып
шықты. Жасқаншақ күпкі ғана дел-сал болған дененің құрсауы босаған
жүзінде қалқып тұрып қалды.
"Өлтірсе қайтер еді?.."
Кімге ақыл салғаны? Өзіне ме, өксіткен өміріне ме, өгейсіткен
шарасыздығына ма? Ол арасын əлі түптей қойған жоқ. Түптеуге
шамасы да, уақыты да бола қоймап еді. Өйткені жоңышқалы даланың
алыс-алыс гүлінен адасып келген əлдебір жалғыз бал арасының
ызыңындай бұл ойдың миына қадалғаны əлгінде ғана. Оны қалай
өрбітеді? Қайтіп билік шығартар құдіретке айналдырады? Ол əлі
белгісіз. Бүкіл айқас-шайқастан, күрес-тартыстан түк шығара алмай,
мына Мақанның үнемі күш ала бергенін көрген соң, Мақанды Мақан
еткен арамдықтың бел алғанын көрген соң осы бұлдыр ойы ең соңғы
далбасасы — қарманар талы болмақ еді.
Жүзінде кілкіген жасқаншақ күлкі кілт жоғалып, енді аяушылық
қарас оянды. Əлгі миды шаққан қасіретті ойдың түптің түбінде аяусыз
кесік жасайтынына сене бастағаны сонша, енді Мақанға деген
өшпенділігі солқылдай түскен тəрізденді.
— Аяймын сені, Мақан! — Іштегі күй еріктен тыс тілінен шығып
кеткенін байқамады.
— Ал, мен аямаймын. Себебі ме, Бектемір? Себебі, "жауды аяған
жаралы". Əр нəрсеге де табандылық сондай қажет. Жауластың ба,
өшпенділігіңді азайтпа. Өтіңе қатқан қанды жібітпе. Былқылдадым
дегенше, жеңілдім де де, қол қусыр.
Мақанның жіпсік көздері індете қадалды. Бектемір əжептəуір
қуыстанды. "Əй, мынаның көріпкелі бар ма? Адамның ішіндегісін оқып
тұрғандай сөйлейді. Аямаймын дейді. Əрине, аямайды... Апырай,
Қобланжанға осының назары түсті ме, түспеді ме? Манаты жүрегімнің
сезіктене шоршуы тегін емес".
Бектемір кетуге асықты. Енді мынау Мақанға қарайлауға да, кідіруге
де болмайтын тəрізді. Əлденеге шыдамсыз асығуы бар. Бұған
дейінгінің бəрі болымсыз ғана нəрсе сияқтанды да, ендігі алдағы
болатын, күдікпен күткен қорқынышы бүкіл ой-дəрменін билеп алып
кетті.
Мақан бригадирдің соңғы құбылысын да аңдап қалған-ды.
Бектемірдің сұрғылт жүдеу жүзіне қадауланып өсіп кеткен сақалмұрттың екі күндік тікенекті қылына қарап тұрды да, басын шайқады.
— Ия, Бектемір! Сақал-мұртыңды неге қырып жүрмейсің?
— Ə-ə?!
— Сақал-мұртыңды неге қырмағансың?
Бектемір иегін сипады. Апырақтап Мақанға қарады. Санасына енді
ғана жеткендей иек қақты.
— Алмаппын, ə...
— Əр нəрседе ұқыпты болған дұрыс, бригадир жолдас.
Колхозшылар бізден үлгі алады. Бригадирдің жақ жүні үрпиіп, түгі
бозарып жүрсе, несі бригадир,несі тəрбиеші. Сен бұдан бұлай
сақалыңды қырып жүргін, Бектемір.
Досына, не інісіне ақыл үйреткендей сабырлы. Досының не, інісінің
қамын жегендей мейірбан қарас жұмсақ дауыспен үйлесті.
— Жүр, біздікінен шай ішіп шық
— Ə-ə, шай деймісің?
— Ернің кеберсіп кетіпті. Соған қарағанда бүгін нəр сызбағаның
анық, Бектемір. Бұл жаққа... біздің көшеге көп келе бермеуші ең,
осындай реті келгенде ағаңдікіне бас сұққанның айыбы жоқ.
"Бұл қай қыры? Ойыны ма, шыны ма?" Əрине, табақ аттайтын қазақ
аз. Оның үстіне мына Мақанның жұбайы — Рысты Бектемірмен он
жыл бір партада отырған кластасы. Ниеті сондай адал. Көкірегі таза.
Мақанға қалай тап болғанына бəрі əлі күнге қайран. Рыстының осы
Мақанды сол кезде-ақ суқаны сүймейтін. Мақан Рыстыға əйел деп қана
қарайтыны, жұбай деп санамайтыны ауылға түгел белгілі. Жесір əйел,
жеңілтек қыздармен оңаша кездесу, оңаша қонып қалу Мақанның
машығына айналған əдет. Дəл сол оңаша кездесулерге арналған
"Рахатхана" саяжайы бар. Ол — кеңсе тілінде "резиденция" аталады. Аң
аулауға, дем алуға, көңіл көтеруге ауылға шығатын аудан, облыс, кейде
республика мықтыларына арнап əлде колхоз, əлде аудан, əлде облыс
салғызған. Дөкейлер қашанғы сабылсын. "Рахатхананың" рахатын
көретін Мақан. "Рахатхананың" рахатын көретіндер — Мақанның
сыбайластары. Мақан осыдан төрт-бес жыл бұрын Қарағандыға
барған. Қаракөл терісін содан бері өкіметке жоспармен бір өткізсе,
бұрын Қарағандыдағы мехкомбинаттағы "тамырына", қазір сол
"тамырдың" басқа жердегі тамырына екі өткізіп, табыс көзінің тағы
бірін тапқан.
Жə, ол тірлігі, Мақанның ол "іскерлігі" өз алдына. Оған Бектемір
мүлде қол сілтеп қойған. Себебі Мақан жоспардағы өткізілетін қаракөл
терісін бұлжытпай орындайды. Ал, қаракөл егіз қоздамай ма, қозы
өспей ме, жоспар көбеймей ме. Əрине, егіз де туады, қой басы да
көбейеді. Бірақ колхоздың елтірі беру жоспары жыл сайын бір
мөлшерінен артпайды. Арттырмайтын құдірет сонда Мақанда ма?
Мақанның
аудандағы,
облыстағы...
əлде
астанадағы
алқалаушыларында ма... Дəл ажыратып атау Бектемір түгіл КРУ
қызметкерлеріне де қиын тиер-ау.
Əй-əй, жүйткіген ой бірден бірге секіргіш-ақ. "Рахатхана" демекші,
Қарағандыға барып келгеннен кейін осы Мақан ерекше өнер бастады.
Сол-ақ екен, қара "Волгалар" сенбі, жексенбіде "Рахатхананың" кең
ауласында қаңтарылатын болды. "Рахатхананың" маңайынан
қарапайым халық жүре алмайтын болды. Тас жолдың бұрылысындағы
"Рахатханаға" тік тартар қара жолдың үстінде де милиция тұратын
болды. Біреу емес, бірнешеу. Сол түсі суық, сөзі аз сақшылар анаумынау жүргінші, жолаушы, малшы, аңшы тəрізді... аяғы бар, аяңы бар,
алаңдатар шаруасы бар жан аз ба... қараңдағандарды қалпағына
қадалып барып қайтқан оң қолдың қимылымен шақырып алып,
"Рахатханадан" оқ бойы қапталдастырмай қайырып, қайтарыл
тастайтын болды.
Бектемірге "Рахатханаға" барудан, Айға бару оңайлау... Əрине, Айға
бару да қиял ғана ғой. Сол себепті "Рахатхананың" рахаттарын біле
бермейді ол. Алыпқашпа сөздер əлі күнге асырып айтса да, көпіртіп
жеткізсе де, дүңк-дүңк тарап жатады.
"Рахатхананың" атшаптырым моншасында атақты-атақты адамдар
жалаңаш жүреді екен, жалаңаш отырады екен. Жалаңаш жантайып
жатып ас-су ішеді екен!"
"Рахатханада" жалаңаш жүретін жалғыз атақтылар... дөкейлер ғана
емес екен, аппақ денесін шашымен жапқан жалаңаш қыздар да бар
екен. Апырай, ə, сонда бұрымы тірсегін соғатын сұлуларды қайдан
десеңші? Бүгінде шашы сексиген, көзінің асты көгерген сұмпайылары
көбейіп кетпеді ме?"
Астапыралла! Естімеген елде көп деген осы да! "Рахатханада"
шампанға шомылып, арақпен жуынады деседі! Тəңір шебер-ай, сонда
жұрт емге де таппайтын соншама шампанды қайдан алады екен, ей!"
"Рахатханада" өткенде побірді сон-а-ау Мəскеуден алдырған
көрінеді. Сол пөбір бір тағамды пісіру үшін керек-жарақты Алматыдан
əкелдіріпті! Əне, мықтылық!
"Ойбай-ау, біздің Мақанды білмейтін бүкіл жер-жаһанда ешкім жоқ
көрінеді. Тіпті "Рахатханаға" əлгі Желдібай дейтін жазушы да келіп
қонақ боп кетіпті. Мақан дəуірлеп тұр ғой! "Мұрның бар да сіңбір!"
деген. Не дегенмен дүние екі айналып келмейді, осы Мақандікі ақыл.
Жырғап қалғанға не жетсін".
Бектемір қалшылдады.
— Үйің де өзіңе, шайың да өзіңе... "Рахатханаң" да өзіңе!
— Əй, "шақырғанға бармасаң, шақыруға зар боларсың" демеуші ме
еді, — деп Мақан жымиды. Манадан Бектемірдің қандай ойларға
малшынғанын да қалт жібермепті. — "Рахатхананы" да көрсетейін
бүгін. Қыз-қырқынға қырсыз екеніңді білем. Мынау дегенінің білегінен
ұстатайын. Қалай, Айғаншадан қорықпайтын болсаң, келсабыңның
келі тоқпақтайтын қауқары баяғыдай ма əлі?
Бектемірдің Мақанды жатып тұрып боқтағысы келді. Бірақ
қапелімде мына тоғыз қабат торғауыт кигендей тұла бойына түк
дарытпас неменің талағын тарс жарардай дүмпулісі аузына түсе
қоймады. Жеңіл-желпісімен əуреленуді ар санады. Қолын бір сермеді
де, бұрылып жүріп кетті.
— Əй, тоқта!
Дауыс қатқыл емес, бірақ қажырлы естілді. Бектемір қайырылып
тоқтады.
— Сені іздегенімді бітірмеппін. Бері жақында. — Мақан қолын
бұлғады.
— Иə, немене?.. Əбден қадалдың ғой жаналғыштай-ақ! — Бектемір
ойындағысын айтып салды.
— Мə! — Қойнынан суырған орауды ұстата салды. Ұстата салды да,
бас изеп кейін айналды. Бектемір соңынан дауыстады.
— Бұ не, Мақан?
— Үлесің!.. Еңбегің сіңген. Қорықпа, ала бер.
Бектемір орауды ашты, қып-қызыл он сомдықтың бір бумасы,
бақандай мың сом! Дəл осындай көлемді соманы, əй, ұстап көрмепті-ау
бұрын. Қолын күйдіріп бара жатқандай қысылып, жан-жағына қарады.
Көшеде адам аяғы сирек. Сонау бас жақ шеттегі екі-үш бала демесе,
тіпті адам жоқ. Мақан үйіне жақындап қалыпты.
"Неге берді?! Үлесің деді ме? Қандай үлес? Ненің үлесі? Еңбегім
неменеге сіңіпті? Бұл Мақанның қай тұзағы"
Тұзағы... Бектемір қылғынғандай жағасының түймесін жұлқа
ағытты. Орауды қайта бүктеді.
"Үлес дейді, ə! Сонда мына мені арамына сыбағалас етпек қой.
"Аузыңа тықтым, көмейіңе кептедім, енді былқ етіп көрші, қане!" демек
қой. Əй, арамсың-ау, Мақан, арамсың-ау! Əй, зымыстансың-ау, Мақан,
зымыстансың-ау! "Алтын көрсе, періште жолдан таярды" сендейлерге
айтқан, сендейлерге ғана".
Осы пікірге тірелгенде денесі ширады. Жүрісі қарқындады.
Мақанның соңынан ентіге адымдады.
— Əй, Мақан! Уай, Мақан!
Мақан қанша көкірек кергенмен ол да адам, көшені басына көтеріп
қарапайым колхозшының даңғыраған даусымен қарапайым жандай
бұны төмендетіп, төпелеп шақырғанын, əрине, жақтырмайды.
Жақтырмаған соң, ананы бақырта беруді қолай көрмейді. Ендеше
тоқтайды. Тоқтайды да тосып алады.
— Не боп қалды, Бектемір! — Даусы шыны уатқандай шытынады.
Бектемір орауды қайта ашты. Қызылала он сомдықтың бумасын
Мақанның көз алдына тосты.
— Мынау не?
— Өй, ақша көрмеген сорлы! Сыйды білмеген, сиыр! Неменеге
өкіріп-бақырып келесің? Мен сенің құзырыңа зəру ма ем. Қажетіңе...
бүгінгі..ертеңгі қажетіңе жаратсын деп... — сөз аяғын жұтып жіберді. —
Кет!Құры! Көрінбе көзіме!
— Ақыра бер, Мақан! Мен бақырудан, сен ақырудан тыйылмайсың.
Бірақ сен менің адалымды арамыңмен сатып ала алмайсың! Мə! Өзің
қақал ауызбастырығыңмен! Өзің былған! — деп ақшаны лақтырып кеп
жібергенде қызылала он сомдықтар шашырай ұшып, Мақанды көміп
кетті.
***
Үйіне соғып еді, Айғанша сол қырсыққан күйі əлі тұрмай жатыр
екен. Айранға нан турап жеп отырған Алпамыстың өкпесі тарқай
қоймаған ба, əкесі келіп кіргенде тостағанын көтерген бойда төргі
үйге, шешесінің қасына кетті.
Қанша дегенмен əйелі қыбырлап жүрмеген үй қаңырап қалатыны
рас. Қоқыр-соқыры, жиналмаған киім-кешегі, ыдыс-аяғы ыбырсып
араласып есіктен төрге, төрден есікке дейін шашылып жатады.
— Бұ кім, əй? — деп Айғанша жатқан жерінен ыңырана дауыс созды.
Бектемір қыңыратқыды. Əйелінің əйкəпірлігі бұның да арқасын
құрыстырып, қайдағы бір ашу-ызалы өкпесін күшейтті. Дыбыс берген
жоқ. Алпамыстан кім келгенін естіген соң, Айғаншаның əлденеге
ыңқылдауы көбейді.
"Жатысын салдақының! Неменеге кергиді? Апыр-ау, соншама не
бүлінді? Ұрсам, өз баламды ұрдым. Бүтінді бүлдірме, жаңаны
тоздырма дегенім бе? Əрине төбеден нұқығаным ағаттық болды. Бірақ
сол кезде Қобландыжанның белдігін... керексіз боп қалғандай.... Иесіз
заттай-ақ кескілеп жатқан соң жанымның күйіп кеткені рас. Əр
нəрседен секем алғыш жүрек соның өзін жаман ырымға бастайтындай
көрмеді ме? Əйтпесе Алпамысты неге ұрайын. Ал, өзі тұлыптай боп
төңкеріліп жатып алғанда, маған не істеймін дейді, ə".
Жетімсіреген көңіл əлдекімді іздейтін тəрізді. Əлдебір алақан
жылуын маңдаймен сезінгісі келетін тəрізді. Қабақпен түсінісетін
қайран жастық ұзағаның ба? Көңіл күрсінгенде кеудені бірлейтін
құрбы-құрдастың жылы жүздері енді оралмай ма? Өткені ме?
Тұстастарының үйлеріне баяғыдай ентелеп жетіп бара алмайтын
халге қалай душар болған? Бірінің есігін бірі қақпайтын оқшаулану қай
кезде пайда болған? Неге бармайды? Неге кірмейді? Неге
қашқақтайды? Неге бір-біріне сырын-шеменін ақтарып тастап, қайғымұңын бөліспейді? Өскелең мəдениет шарпуы осы ма? Əр от басында
бір-бір радио, бір-бір телевизор. Əркім радиосын оңаша тыңдап,
теледидарын оңаша көріп, өз қуыстарында тығылып-жасырылып
отырғандары. Несіне тығылады? Несіне жасырынады? Бұдан да аш
кезде, бұдан да кедей кезде, бұдан да тар кезде бірінікін бірі бөліп ішіп,
бірінің шаруасын бірі істей салып, бірінің қуанышын бəрі қуана
қызықтап, жаныңды құлазытар меңіреу жалғыздық дегеннің не екенін
білгізбеуші еді-ау! Əлде мына бір-бірінен үркуі, қашқақтауы —
Мақанның колхозшыларды бірін-біріне аңдытып, бірін-біріне салып
қойған жымысқы əрекетінің салдарынан ба екен? Солай болуы да
ықтимал-ау. Екі адамның басы қосылса, үшінші біреудің елеңдеп тың
тыңдай қалуы бұрын болмаған жəйіт емес пе еді. Кім өсекті көп тасыса,
кім кімдерді көп жамандаса, кім кімдердің қандай ойы барын Мақанға,
Мақандарға жеткізіп отырса, колхоздың бар қоймасына, бар
қазынасына таяулау болады. Ең болмағанда бармағы майланады.
Отылын өзгелерден ертерек алады. Шөбін өзгелерден ертерек
түсіреді. Зəру бұйымның сыбайластардан артылғанын қойынға
тығады. Тіпті болмаған күнде Мақанның езуі бұған қарай бүліне
қисаймайды, Найманқұлдың бүлік қамшысы арқасында ойнамайды.
Бір-біріне қатынамаудың, бірімен-бірінің араласпауының, əй, басты
себебі осында да шығар. Əйткенмен де адамдардың пиғылы өзгеріп
кеткен. Мүлде өзгерген. Күншілдік дейтін ауру мына жайын даланың
бүкіл өңірін жайлаған қан ауруынан да, рак ауруынан да, туберкулез
бен бруцеллезден де, гепатит пен анемиядан да асып түскен дертке
айналды ғой. Оған дауа жоқ. Ем жоқ. Тəн дерті жазылар-ау, Əй, жан
ауруы... уланған жанның кеселі жуық арада шипасын тапқызбас.
Бектемір Қатираның есігінің алдында тұрғанын тұтқаға қол
созғанда бір-ақ байқады. Ойланыңқырап тұрып қалды. "Неге келдім
деймін? Бүгін көрмесем, онда сөз басқа... Азанда көрдім".
Бұрыла бергенде Қатираның даусы естілді.
— Неге кірмей барасың?
— Ə-ə, иə... Кірем ғой. Кірмей...
Жоғары шық, Бектемір. Сенің де осы үйдің табалдырығынан аттар
күнің болады екен. — Қатираның қалжыңы да ширығып тұрған
жүйкені үзіп і жіберердей дың еткізді.
— Қатира-ай, енді сен де қағыттың ба?
Бектемірдің жаны ауырып келгенде, осал жерінен түртіп қалғанын
ұққан əйел жуаси күлді.
— Түу, Бектемір, өзімсініп жатқаным да өзіңді. Өкпені əйтпесе кім
көрінгенге айта беруші ме еді. Келгенің жақсы болды. Балқаймақ
қайнатып жіберейін. Ал, сен, Бектемір-ау, менің бір тілегімді орында.
Бектемір əйелдің бетіне бақырайып қарады. Қасына жанасып
кетсең, желкеңе шығып алуға тырысатын осы ұрғашылар қауымының
сырын алудан қиын не бар екен? Күліп тұрып та жұлып тұратын
сығыр-ау шетінен.
— Немене, шошып кеттің бе? Шошыма, Бектемір.Сенің домбыра
тартқаныңды көптен бері көргем жоқ. Адам көңілі кейде əлдекімді
аңсап, сағынып тұрады. Əлдебір мейірімді іздеп бұлқынады. Сондайда
мен сенің домбыраңды естігім келеді, Бектемір.
Бектемірдің жүзі жылыды. Ішінен: "Дəл менің бүгінгі халімді айтып
отыр. Бұл да күйзеледі екен-ау. Е, күйзелмей... Жиырма екісінде жесір
қалған, содан əлі жалғыз. Ешқандай өсек-шуы білінген емес. Неткен
төзім! Анау төсектің ызғары-ақ аласұрған жүректі мұздатып бітті де.
Қайта өзі мықты. Балтаны жалғыз өсіріп, əне, Москвада оқытып
шығарды. Ал, біздің Айғанша..."Көңілі бұзылып барып, қайтадан
сабасына түсті. Қатираға күлімсіреп бас изеді.
— Рас, рас, Қатира. Көңілдің қобалжитыны болады. Жалғызсыраған
көңілден жаман нəрсе жоқ. Əкел, берші домбыраңды.
"Күні бойы домбырам ойыма қалай келмеген?"
Құлақ күйді тез қайырған Бектемір қалақшадай ғана аспапты
күмбірлетіп сөйлетіп бір кетіп еді... Аһ ұра күрсінген кейуана шерлі
көкіректен зарын төкті Уілдеген сəби ақ бесіктен былдырлап дыбыс
берді. Еңіреген жар ботакөзден сыққан жасымен жап ыңқылын кең
даласына таратты. Сақалы желбіреген аппақ қудай қария қарлыққан
үнмен басу айтып, кəрі кеуденің дірілді батасын ағытты.
Мынау "ə" деп жүйткіген күй, өзге күй, тосып күй... əлде Бектемірдің
дəл қазіргі ширыққан көңілінен ақтарылған төлтумасы... Қатираға ана
зарымен, сəби уілімен, жар ыңқылымен, қария сабырымен құлақтап
кіріп, бойын билеп алды. Дүниенің мəңгілік дүниенің өткіншілігін
баяндады. Мəңгіліктің адам санасында түнейтінін, өткіншіліктің адам
күйігімен қоса жүретінін сездірді. Мəңгілік үні — домбыра ызыңы енді
тұтас сарынға əлгі зар мен уіл, ыңқыл мен дірілді дыбыстардың бірігіп
ышқынған хорына айналып дүбірлеп кетті де, қиялап барып-барып,
дөң асқандай жоғалып, өшіп кетті.
Қатира сұқ саусағымен көзінің алдын сыпырып сүйкеп алды.
Саусаққа дымқыл білінді.
Тынши қалған саусақтар қайтадан сағақтан шанаққа, шанақтан
сағаққа құлдилап атылды, жүгіріп-ойнақтады, ілбіп-баяулады.
Домбыраның шанағынан өткен күндер елесі тірілді. Өткен күндердің
лебізі төгілді. Өгейсіді, өксіді, өкпеледі. Күңіренді, күйзелді, қамықты.
Шамырқанды, ширықты, шарықтады.
Қарағай тақтайға тағылған екі ішек замана үні боп сөйлеп кетті,
сайрап кетті, шешіліп кетті. Бойға қуат берді, жанға жігер құйды,
жүректі жалынға араластырды. Қатулы қабақтың астынан бұлттан
шыққан күндей боп жылыған көздің мейірлі ұшқыны ойнады.
Еміренген жүзде байырқанған көңілдің тəубасы қалқып шыға келді.
Он саусақ — құдірет. Дүние дүние боп жаралғалы қайғы мен
қуаныштың егіздігін, күн мен түннің егіздігін, өмір мен өлімнің
егіздігін, жақсылық пен жамандықтың егіздігін, ізгілік пен
жауыздықтың егіздігін көлденең тартты. "Бүгінгі мұңың ертеңгі
қуанышыңмен алмасар, уайымыңды шаттығың қуып тастар,
ешуақытта үміт үзбе, сенімнен айрылма, жігерді жасытпа дейтін
қайрауын кеудедегі жүрек дүрсілімен үйлестірді.
Қатира Бектемірге қарады. Бригадирдің қой көздері күлімдеп отыр
екен. Бір кездегі Мұқатына ұқсап... ұқсап қоя бергені... Дəл сол боп, сол
өзінің Мұқаты боп көзі күлімдеп қарсы алдында отыр!
“Не болды маған? Сайтан азғырып, көңіліме желік кіргізгеннен cay
ма? Бектемір ғой... Мұқатым емес. Бірақ неге ұқсап кетті? Неге
ұқсайды? Мұнда қандай гəп бар? Бұрын онша ұқсамаушы еді ғой.
Мүлде ұқсамайтын. Бүгін ұқсады. Өзім ұқсатып отырмын ба? Еркек
аңсаған тұл дененің дəмегөй талабы шығар. Қарайған көздің
шатастырғаны болар. Қой, қой, Қатира! Соншама жыл тас боп келіп,
енді жібігенде табарың не? Неге бұзылдың, неге бүліндің бүгін? Күй
ме? Күйші ме тас қорғанымды быт-шыт қиратқан? Кеудемнің тас
қақпасы құлап түскені ме? Неге ұқсайды? Тіпті күлімсірегені, көзінің
қиығымен жалт еткені айнымайтыны қалай? Неге қарай берем? Анау
Мұқатымның бір кездегі өңінен... қайталанып, елестеп көрініп тұрған
кескінінен көз аудармауым қалай? Əлде өзімді-өзім алдаймын ба?
Шынымен алдап отырмын ба? Бірақ неге ұқсайды? Кəдімгі тірі Мұқат
боп... соның риясыз күлімсірегеніндей боп неге елжірейді? Күй тілімен
кеудемді ұрғылап, сол бұрынғы жабық кеудемнен неге тілеулестік
іздейді? Тапқан сияқты ғой. Неге қақпаймын түртінектеген саусағын?
Сабырсыз, ұятсыз жыбырлақ саусағын? Соншама үздіккенім қалай?
Өзім... өзім емеспін бе өңмендеп тұрған? Əй, еркімді түгел билеп алдыау мына бір күй! Жылайын ба? Ағыл-тегіл жыласам ба екен? Жас
шайтан іштің жаңғыруы мүмкін-ау. Күлкім келеді ғой. Сақылдап бір
күлсем... бүкіл мұз боп... тоң боп қатқан қайғы-шерді айдап тастар ма
ем. Буып əкетіп барады!.. Калшылдатып əкетіп барады!.. Неге ұқсайды?
Мұқатым ба мынау? Бектемір ме? Неге ажырата алмаймын.
Ажыратқым келмейтіні қалай? Аяқ астынан дəл осылай өзгере
қалуымның себебі не? Жұбату күткен жарты көңілдің жасқаншақ
əдетінен бе? Мен... мен мынау Бектемірдің де бүгін жасып, жабырқап
келгенін сездім ғой. Сездім. Дəл өзім сияқты бұның да қоңылтақсыған
көңілін сипап жадыратар жылы қабақ, мейірлі алақан іздегенін көзінен
ұқтым ғой. Мүмкін содан да мынау қалжыраған өз ішім Бектемірдің
бүгінгі күйімен үндес боп, қоса үйлесіп кеткені. Əлде мына сиқырдай
арбаған он саусақтың құдіреті ме? Күймен буып тастайды дейтін
қауесет рас-ау. Рас! Еркімді мүлде байлап алды-ау. Əйтпесе Мұқатқа
мынау Бектемірдің қай жері ұқсайды? Бəрі-бəрі ұқсайды! Күлгені
ұқсайды. Жымиғаны, томсырайғаны ұқсайды. Адалдығы, ақ көңілділігі
ұқсайды. Тіпті домбыраны алдына өңгергені де бірдей... Бірдей
болмай... Бəрін, оқушыларын: Бектемірді де, Мұқатты да марқұм
Балмағамбет мұғалім үйретпеп пе еді. Мектеп оқушыларынан ол
құрған хор, ол ұйымдастырған домбыра оркестрі ауданда бірінші
орынды ешкімге бермеуші еді-ау. Қазіргі жастар домбыраға онша əуес
емес... Бір кезде гитараны дарылдатушы еді, енді оны да қойды... Ал,
мынау Бектемір Мұқатқа ұқсайды... Шіркін-ай, бір ғана сəтке соның,
Мұқатымның өзі болар ма еді. Зарымды, сырымды айтар едім.
Мұңымды, шерімді айтар едім. Күйімді, күйігімді айтар едім... Жоқ, жоқ!
Айтпас едім бірін! Қуаныштан гүл-гүл жайнап, əн шырқар едім!
Кеудемнен шуақ төгер едім! Кеудеме шуақ құяр едім! Аймалап,
аймалатып... мына іштегі тоңды... мұз тонды жібітер едім... Мұқатым!"
— Мұқаты-ым!..
Күй үзілді. Саусақтар тыншыды. Бектемір Қатираға жалт қарады.
Қатира күрсінді. Жылармандай боп күлімсіреді.
— Қап, бекер тоқтаттың-ау!.. Көңіліме көп нəрселер оралды... Жожоқ, көңілім бұзылған жоқ. Қайта іңкəрлік таптым. Ойбүй, саған
балқаймақ қайнатып берем деп... Өзім əлі отырмын.
Дастарқан басында да енді екеуі онша көп сөйлескен жоқ.
Қаймақтан да Бектемір жарытып жеген жоқ. Тəбеті ашылмай, сұйық
шайды ғана ысылдай сораптайды.
Екеуінің бірін бірі түсінетіні сондай, тіпті біріне-бірі қарамай-ақ не
ойлайтындарын, не ойлағанын сезіп отыр.
— Əй, Бектемір, сен бекер жүдей берме. Адамды ой қажытады.
Серпілмесең — босатпайтын ұйық ол.
Бектемір бас изеді. Қатирамен күдігін бөліскісі келді. Жан азабын
түсінетін де бөлісетін біреу табылған тəрізді.
— Дұрыс айтасың, Қатира. Бірақ ойламайын десең де, қойлықонышыңа кіріп алып, соңыңнан қалмайды.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.