Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10

Total number of words is 4026
Total number of unique words is 2419
30.8 of words are in the 2000 most common words
44.5 of words are in the 5000 most common words
51.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Ауыр күрсінді. Маңдайдағы көлденең сызықтары тереңдеді. —
Еңсемді басқан бір күдік... жүрегімді азаннан бері шабақтауда... Əй,
содан қорқам! Əбден қорқып біттім бүгін.
— Ол не? Неге мүжисің өзіңді? Еркек емессің бе, сендер босасаңдар,
біз кімге сүйенеміз?
— Сыйынатын пір, сүйенетін тəңір бар ма? Қалды ма солар? Пірің де,
тəңірің де қазір — Мақан. Мақанның қолдаушылары болып тұр ғой. —
Бектемір кесесін төңкерді. Кейін сырғып жотасын қабырғаға сүйеді.
Дəл сол кезде сырттан шаң-шұң еткен тəрізді, дауыстап жылаған
тəрізді үн... жан шошытар дыбыстар естілді. Бектемір дір-дір етіп, түсі
бозарып, ұмсынып тұра алмай, ұмтылып тұра алмай жатып күбірлей
берді:
— Əй, болды-ау!.. Ақыры болған екен-ау! Өшірген екен-ау...
— Не? Немене, Бектемір?! — Қатира ұшып тұрып Бектемірді демеп
көтерді.
— Қобландыжан, балам!.. Ұлым! — кемсеңдеп жылап жіберген
Бектемір сылқ шөкті.
Үйге тасырлатып əлдекім кіріп келді.
— Ау, Бектемір! Бүкіл ауылды шарлап іздеп жүрсек!.. Жалпиып
отырысың мынау... Ана жақта... балаң!... — Келген адамның үні өшті.
Бектемір лезде қатайды. Орнынан ширақ атып тұрды. Келген
адамның ендігі сөзін тыңдауға ықылас білдірместен сыртқа ұмтылды.
3
— Бектемір, ауыр қаза, жас қазасы иығыңа батты. Қайтесің,
күйінесің де көнесің. Көтересің. Дəл бұлай болар деп, əрине, кім
ойлаған? Бірақ біреудің қазасы оттан, біреудікі судан дегендей... əуелде
жазуы осылай болған соң кімді кіналағандаймыз. — Малдасын құрып
алып, қоңыр шляпасын шаңырақтай ғып төбесіне төңкерген Рахметбек
шал — Сүйменқұлдың əкесі есіп сөйлеп отыр. — Көз алдында кеше
ғана жүрген ұлыңның жансыз денесін көруден қиын не болсын,
шырағым. Бəріміздің де қабырғамыз сөгіліп-ақ отыр. Қобланды бала
сенің ғана емес, ауылдың маңдайына симай кеткен қыршын...
Рахметбек кəдімгідей егілді.
Бектемір қатайып алған, көзінен жас шыққан жоқ. Ана жақтағы
Айғаншаның əрнені бір айтып дауыстап жылағанын естіген сайын
бүкіл денесі сіресіп, санасында тек қана "Кек алу! Мақанды өлтіру
керек!" дейтін жалғыз ғана тілек тұрып қалған. Бірі кіріп, бірі шығып
жатқан кісілерге анда-санда ерінді қимылдатып қана ырым байқатады
да, тас құдайға айналғандай бедірейген қалпын өзгертпей сұсты жүзін
есіктен айырмайды.
"Келе ме, келмей ме Мақан? Əй, бар сұмдық содан. Өзімді... мені
атпай өзегімді суырғанын қарашы. Қансырап өтсін дейді-ау. Айтты ғой,
мана. Əлсіретіп, қансыратып, майыстырып сындырам деп. Сындырды,
міне. Нем бар енді мен қимайтын бұл тірлікте. Қобландыжанды қалай
қиды екен? Адалдық осылай опырыла бергені ме? Келе ме, келмей ме,
Мақан?"
Мақан түсін төменшіктендіріп кіріп келді. Қасында Найманқұлы да,
Бердені де, Хайролласы да жоқ. Мақан қасында еңіреген Гүлбадан бар.
Мақан қасында еңіреген Гүлбаданды сүйеген Рысты бар... "Гүлбадан!..
Мақанның ақборықтай мəпелеген Гүлбаданы?! Неге жылайды?.. А-а?!
Сонда... Қобланжанның қазасы қабырғасына батқаны ма?"
Егілген, еңіреген Гүлбаданның нəзік даусы кенет "Қобландым!" деп
шыңғырып жіберді. Гүлбадан шыңғырып жібергенде Бектемірдің
ширыққан жүйкесі, қатайған денесі бой-бой босады. Көзден жас
парлады, кеудеден өксік атылды.
Рысты Бектемірді бас салды. Рысты дауыс қылды. Рысты
Қобландыны жоқтады. Шын көңілден жоқтады. Өз ұлындай... немесе
күйеу баласындай қайғырды.
Шерлі жүрек қасіретке ортақтасқан қамкөңіл жанды қапысыз
ажыратады. Бектемір Рыстының құшағында ағыл-тегіл жылады. Иығы
селкілдеп, кесек-кесек жастары тоқтаусыз домалап, қапыда қазаға
ұшыраған ұлын аңсап... іздеп... жоқтап жылады.
Мақан Рыстыны ауыстырды. Төсін Бектемірдің төсіне тигізді.
— Берік бол, Бектемір!
"Əй, мынада бір шайнам ұят қалмаған бе? Ең болмаса осы қазір
үндемей-ақ отыра кетсе ғой... Құлақшекеден қонжитып, сонан соң
бəкіммен тамағынан орып жіберсем бе?.."
Көзі оң жақта не отырмай, не ешкіммен көрісе алмай солықтап,
жанымен күрсініп, өксіп тұрған Гүлбаданға түсті.
"Менен де гөрі сенің қайғың қатты болғаны ма, қызым? Мынандай
тас бауыр əкеден жанын нəзік боп қалай тудың? Қобланжан енді маған
да, саған да бір рет қарай алмайды, қызым! Аңырап артында қалдық,
қызым. Обалын əкеңнен көр, қызым. Еңірегенде етегіңді жасқа
толтырған əкеңнің қатігездігіне, қанішерлігіне қарғыс айт, қызым!"
Кімді құшақтап, кіммен көрісіп тұрғанын ұмытты. Кəдімгідей дауыс
шығарып солқылдай булықты.
"Мынаған не болған? — деп Мақан құшақтан құтыла алмай,
айыратын адам іздеп Бектемірдің иығында жатқан басын бұрғыштап,
алақтап қаранды. — Есінен адасып-ақ қалғаны ма? Əлгінде соншама
неге қорықтым? Бектемір емес — тұп-тура ажал аранына кіретіндей
есіктен əрең аттап ем, бəрі бос əурешілік екен-ау. Мынау боркемік екен
ғой".
Мақан Бектемірді итеріп тастап, төрге озды да, ысырылған
шалдардың жуан ортасына барып, құйрық басты.
Мақан тамағын кенеді.
— Қобланды желкілдеп келе жатқан келешегіміз еді. Мынау
колхоздың ертеңгі басшысы еді. Тағдырға не шара... — деп күмілжіп
қалды. Сол кезде көзі Бектемірге түсіп кетіп еді, ананың қосауыздың
ұңғысындай қадалған көздеріндегі ызалы кек улы жиіркеніш
тұлабойын шымыр еткізді. Тайсақтап жүзін бұрып əкетті. — Қобланды
сондай еді... Арыс еді... Мен ауданға телефон соғып, прокурорға,
милицияға хабарладым... Жазым оқ па... басқа оқ па — тексерту керек...
Рахметбек шал қайта-қайта бас шұлғыды:
— Жөн... жөн, Мақанжан. Тексергені дұрыс.
Шуылдап біраз дауыс қосылды.
— Қобландыны жоқтаусыз қалдырмаймыз!
— Бір емес екі бірдей оқ жазымда оқыс тимейді.
— Гəп бар!
— Кəдік бар, кəдік!
— Найманқұлдың жүрген жеріне шөп шықпайды!
— Хайролла да сау сиырдың жапасы емес.
Мақан қатуланды. Езуі қисайды.
— Жə! Көп шуылдаудан не шығады. Бас жоқ, көз жоқ айқайлап
қалған халықпыз. Ақ-қарасын айыратын орын бар, орган бар.
Бектемір!.. — Тура қарауға бата алмай, бетін бұрған болды. —
Бектемір, қабырғаңды қайыстырған қазаңа ортақпын. Біз емес...
балалар бірін-бірі ұнатқан екен. Амал не, олар да, міне айырылды.
Гүлбаданның жылауы, солықтауы күшейді. Бектемірге Гүлбадан
Қобланжанның аманатындай сезілді. Тұрып барып иығынан құшақтап,
маңдайынан сипап жұбатқысы келді.
— Бектемір! — деді сөзін жалғаған Мақан даусын мүлде қатайтып.
Өзіне өзі келе бастаса керек. — Бір-біріне қарайласу — ата салты. Міне,
мынаны аз көрмей, қажетіңе жұмса.
Мақан манағы буманы Бектемірге қарай сілтеп ортаға тастай салды.
Қызылала он сомдықтың бір бумасын көрген жұрт біресе Мақанға,
біресе Бектемірге жалтақ-жалтақ қарасты.
Рахметбек шал милығын басып кеткен қоңыр шляпаны кейін
шалқайтып, тершіген маңдайын кір орамалымен сүртіп өтті де,
алдына келіп түскен буманы еңкейіп барып, іліп алды.
— Бəсе, Мақанжан, жөн білгеніңді көрсеттің. Қазақ қайғыны
қауымдасып, қаумаласып көтерген. Бір тоқтыны мен де бердім. Мə,
ұста, Бектемір! — деп буманы ұсынды.
Бектемір қолын от қарығандай ақшаны ұстаған бойда Мақанның
бетіне жіберіп ұрды.
— Қан! Қолың қан!.. Ақшаңмен жумақсың! Сатып алмақсың! Шық
үйден!
Мақан Бектемірдің бар ызғарын бетіне жиып алғанын көргенде
орнынан қалай атып тұрғанын байқамады. Түсі құп-қу боп, басын
шұлғып, еріндері күбірлеп берді.
— Шы-ға-йын... Ақша дегенде... Қаражат таппай қысылып қала ма
деп... шығайын. Түгің жоқ қу тақыр болған соң...
Гүлбадан əкесіне жиіркене қарап тұрып:
— Ұялсаңызшы!.. — деді. '
Біреу бір жеріне біз сұғып алғандай дір еткен Мақан сығылысқан
жұрттың арасынан есікке əрең жетті.
Көп ұзамай ауданнан сау етіп жеткен милиция, прокурор, сотмедициналық экспертиза адамдары Қобландының мəйітін олай
қарады, бұлай қарады. Содан соң аңға шыққандарды топтап алып
сөйлесті. Жекелеп сөйлесті. Тіпті Найманқұл мен Тұрғанды машинаға
отырғызып алып, аң атқан жерге де барып қайтты.
Бір күн, бір түнде комиссия қорытындыға келді. Сол бір күн, бір
түнде келгендердің бір де біреуі Мақанмен жолыққан жоқ. Сөйлескен
жоқ. Сол бір күн, бір түнде ауданнан келгендер аяқ суытпай, бел
шешпей өз жұмыстарын қалай атқару қажеттігінің үлгісін
көрсеткендей болды. Ауылдың
талай адамымен кездесті.
Сұрайтындары: "Қобланды Бектеміровтың жауы — жауы дегенде өш
адамы, жек көретін жаны бар ма еді. Найманқұл əлде Сүйменқұл,
мүмкін Хайролла, бəлки Тұрған бірде болмаса бірде Қобландыға иек
кегжитпеді ме, тіс ақситпады ма, көз алартпады ма? Араларында
кикілжің тумады ма, ерегіс тұтанбады ма? Мақан Қобландыға қалай
қараушы еді?" Қойшы, əйтеуір, колхоз жұртшылығын біраз мазалады.
Колхоз жұртшылығы сол мазалағанына да мəз. "Бəсе! Əділет болуы
керек еді ғой! Құр сыртынан жамандайды екенбіз. Қобландыны əне
қалай жоқтап жатыр! Əй, өкімет-ай, турасың-ау! Қобланды сұралмай
кетсе қайтер едік? Аңға шықпай, атылмай, өлмей жатқандар жоқ па еді?
Қайдағы! Ал соларды кім жоқтаушы еді? Кім дəл бұлай тексеруші еді?
Керек десең, тіпті анау Мақанға да ауыз салды ғой!"
Тексеріс бір күн, бір түнге созылып барып, ақыры аяқталды.
Ақиқатқа көз жетті. "Жамағат бірін-бірі жазғырмайтын болсын. Жазым
оққа дауа жоқ. Атыстың дəл өтіне шыққан Қобланды Бектеміров өзі
ғана кінəлі. Əрине, тəжірибесіз жігіт киік қайырғанда алыста кейіндеп
қалып қоюы керек еді. Анды дəл бұлай аулауға болмайтынын айтып
та, айыптап та жүргендері рас. Сондықтан аңға шыққан бесеуге... Ə.ə,
енді төртеуге айып салынады. Мəйітті жерлей беруге рұхсат. Азамат
Қобланды Бектеміровтың құрметті есімі ел жүрегінде сақталады".
Бектемірдің дымы құрыды. Бір күн, бір түн тексеріс жүріп жатқанда
бір кəдіктің ашыларына сенген еді. Қорытындыны естігенде, ол сенімі
быт-шыт боп қирады. Өзі əрі-сəрі қалды.
"Қалай болды? Тағы да Мақан мыналардың да алдын орап кеткені
ме? Ау, сөйлескен, кездескен жоқ еді ғой. Əлде... сыбайласпыз демеп пе
еді. "Қарға қарғаның көзін шұқымастың" керін келтіріп, мыналар құр
көз бояды ма?"
Бектемір қиналды. Ұлының үстіне топырақ салып тұрып та осы бір
қамау ойдан құтылмады. Құтыла алмады.
"Өлтірсем қайтер еді? Өлтірем! Өзім өлтірем!"
Қабыр басынан бір байламға бекініп қайтты.
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
1
Жұмыстан ымырт жабыла оралған Балтаны Василий Сергеевич есік
алдында күтіп алды.
— Хат бар саған, Балта.
— Ə, рақмет, Вася ағай. Соған бола далада жүрсіз бе?
— Хат мамаңнан келіпті... үйге кіре ме, кірмей ме деп... — Василий
Сергеевич конвертті Балтаның қолына ұстатты. Балта əлі əрі-сəрі.
Василий Сергеевичтің пəтерінен де кеткен жоқ. Майсараның үйіне де
тұрақтаған жоқ. Екі-үш күн атасының қасында түнесе, кейде апта бойы
бас сұқпай кетеді.
Балта Василий Сергеевичпен ілесе көтеріліп, ілесе кірді де, аяқ
киімін шешіп, өз бөлмесіне кетті.
— Шай дайын тұр, Балта.
— Қазір, ата...
Балта хатты оқып шығып, тұнжырап біраз отырды. Есіктен сығалап
қарап кеткен Василий Сергеевич əлдебір жайсыз хабар естігенін сезіп,
мазаламады.
Балтаның кеудесін өксік буды. Көзіне жас үйірілді. Досы... шығарда
жанымыз бөлек десетін жан досы — Қобланды қаза бопты. Аң аулауға
шыққанда оққа ұшыпты. Жазатайым оқ қата тиіпті.
"Шіркін Қобланды! Нағыз Қобланды батырдың өзі еді-ау! Жүрегі
қандай кең еді! Əділдік рахымшылық деп соғудан бір жаңылып
көрмеген шығар. Қандай қиялшыл еді! "Бір əуеннен танбай жылжитын
өмір жоқ. Сол ғұмырды митыңдатып өткізетін пенделер ғана бар. Анау
күн мен аспан ғана, мынау жұмыр жер ғана өзгермесе, өзгермес, ал біз
тіршілікті өзгертуге, жаңартуға, жайнатуға тиіспіз", дегенде бəріміз де
бас шұлғушы едік. Енді сол дос жоқ. Айқайлап əн сала алмайды. Көңілді
күлкісімен айналасына шуақ шаша алмайды. Алып ұшқан арманы
қайда қалды? Қайда қалды? Неткен қайғылы қаза! Неткен сорақы өлім!
Бейбіт күнде, тыныш заманда оққа ұшқан. Сұп-суық қорғасын есіл
азаматтың кеудесіне қадалып, қыршыныңнан қиып түскен, арманүмітін үзіп кеткен"...
Балта оңаша бөлмеде тарыға, таусыла ойлап, отырып қалды.
Ac үстінде шешімге келді.
— Барып қайтам. Ауылға, апама барам. Қобландының қабырын
көрмей, көңілім тыншымайды.
Василий Сергеевич үнсіз құптап қайта-қайта бас изеді.
Октябрь мерекесінде үш күн дем алады. Соған дейін апасына
бірдеме алып қою керек.
"Не алам?"
Бəсе, не алады. Екі алған айлығы қалтасында. Тамақ пен киімге
шығындалған жоқ əлі. Бəрі Майсараның мойнында. Шыттай қып
киіндіріп, түлетіп қойған келіншектің əзір қолын қаққан емес. Модалы
көйлек модалы галстук модалы куртка Балтаның үстінен ғана
кездеседі. Осындай модалы "жабулары" жаңарған сайын Сергей Туров
пен Қадірбек таңдайларын қағысып, "шефтеріне" сүйсіне қарасады.
Өз еңбегінің қызығына бөлегісі келді апасын. Қуантқысы-ақ бар.
Жұмыстан ертерек шығып, Орталық универмагқа тартты. Ығыжығы адамнан бас айналардай. Астыңғы қабатта сенделіп ұзақ жүрді.
Кілем түскен бе, бірін-бірі жұлқылап итеріп-таласып жатқан халықтың
мына əрекетінен жүрегі айныды. Эскалатормен екінші қабатқа
көтерілді. Еркектер киімін сатады екен бұнда. Қызықтап ұзақ аралады.
Қайдағы бір ұсқынсыз, солбырайған өңсіз киімдер. Бағалары да тұздай.
Бірен-саран ауылдан келген адамдар болмаса əлгілерді алушылар аз.
Үшеу-төртеуден үймелеген сатушы əйелдер ғана мəз. Жарқылдап
күліп, анау əр костюмді бір ұстап, кеңес сұрар адам таппай жалтақтаған
бөрікті қазаққа мұрындарын шүйіре қарайды.
"Əй, сонда мына шіркіндер жоспарын қалай орындайды? Жоспар
орындалмаса, айлығын, қосымша сыйлығын қалай алады? Несіне
жетісіп, несіне жыртаңдайды?" Балта дүкеншілерге ыза болды?
Үшінші қабаттағы əйелдер киімін сататын жерден де шешесіне
лайық түк таппады. "Апырау, осы Майсара сонда табылмайтын
заттарды қайдан алып жүр? Мынау Орталық дүкеннің түрі осылай
болғанда, басқалары не оңып кетті дейсің? Не болғанбыз? Адамның
тұтынар затына дейтін қатаң талап қоюды ұмытып кеткенбіз бе? Əу,
адамның ойы да бойы да, киімі де əдемі болсын дегенді мектеп
қабырғасынан оқып шыққандағы жеткен жеріміз мынау егіс
басындағы қарақшыға кигізетін олпы-солпы нəрселер ме? Анау
шетелдік киімдер неге ұнамды? Неге қонымды? Біздікі неге қораш?
Неге сұрықсыз? Өркендеген социализмде өмір сүріп, коммунизмнің
табалдырығынан сығалап тұрған кезіміздегі сиқымыз осы болса, біз
қызығатын тұрмыс салтымыз қашан оңалар? Қашан əсемдік көркін
табар? Қашан ғана эстетикалық талап дəрежесінен табылатын жеңіл
өнеркəсібімізді дамытамыз?"
Балта ызалана мырс етті.
"Дамытамыз, атаңның басы. Анда-санда бір бас сұққанда көретін
осындай келеңсіздікке сен сияқты азу егейтіндер аз ғой деп пең. Солар
түк бітірмегенде сен жапыра қоярсың. Онан да апаңа аларыңды
тездетіп ал да, жөніңе қайқай. Əйтпесе, əне үстіндегі үйлесімді
киімдеріңді көзімен ішіп-жеп қараушылар көбейіп барады".
Ақыры шəлі сатып алды. Мүмкін Людмила Зыкина айтқанда
сүйсініп тыңдайтын "Орынбордың түбіт шəлісі" дейтін əннің əсері
болды ма, əлде басқа ыңғайлы зат кездеспеді ме, қызылала сыған
шəліні қолтықтап қайтты. Əттең, түбіт шəлі емес. Түбіт шəлі Алматыда
ырымға да табылмайды екен.
2
Қобландының жетісі берілді. Жетісі өтісімен Гүлбадан да жоғалды.
"Мақан туған қызын жылатып күйеуге беретін болыпты".
"Жоқ! Қыздың өзі келісімін берген көрінеді".
"Келісімін берген қыз ауласына өзін-өзі өртемек бола ма. Рысты
көріп қалып, əрең аман қалыпты. Енді болмаса үстіне құйған бензинге
от қоймақшы екен. Өзін өзі өлімге қиса, байғұс бала əбден түңілген-ау".
"Мақан ісімді де болса, өмірден түңілтеді. Осы Гүлбадан қыз кешегі
Қобландымен сөз байласқан көрінеді. Амал не, қос баланың бірінен өлі,
бірінен тірі айрылдық".
"Анау берген жері де бір мықты жер тəрізді-ау. Бай байға құяды
деп... Мақан осал жерді менсінсін бе... Алды да талай мыңды. Қысқы
каникулде қосады дейді екеуін".
"Мақанға талай мың бұйым болып па, сол қызын беріп, онда да
мықтыға беріп, тағы да кеудесін кергілейді десеңші".
Осындай алды-қашты сөздер əр жер əр жерде Бектемірдің құлағына
тие берді. Ауыл арасын əртүрлі дақпырт алып барады. Біреулер əдейі
қоздыра ма, əлде олардың да өзегін өкініш ширықтыра ма, Қобланды
қазасын жұмбақ қаза, оқыс қаза көреді де, көп-көп түптейді бəрі.
Жоқтаусыз, сұраусыз кеттіге жориды. Аудандық комиссия тексерісі өз
алдына. Қарыстап, қадамдап өлшеп, тəйірі, не шешуші еді. Ой сала
барлаған жанға шындық мен мұндалап айқайлап тұрған жоқ па? Бəрі
баяғы Мақаннан! Қобланды арамдық көрсе аттандай шабатын
жалаңтөс болатын. Ол айғайшыл, байбайшыл қорушыны Мақан неге
кешіре қойсын. Оның үстіне жіліктің майымен асыраған сұлу
Гүлбаданның май-май тракторшыға өліп бара жатса ұстатар ма.
Ендеше, бар пəле Мақаннан. Шиелеп байлады да, ұшын тапқызбай
құрдымға тастады. Қызын да көп ұзатпай апыр-топыр жөнелтіп
жібермек.
Бектемірді осы жорамал көбірек иландырды. Өз ойынан, өзі
шарлаған тұстан шаң бергендіктен, көптің ұйғарымы көңіліндегі күпті
жайдың дəл үстінен түскендей көріп, осы шешімге ойыса берді. Енді
бұрынғы кекке Гүлбаданның ызасы қосылып, қанына əбден қарайып
алған-ды.
"Рахатханадан" Мақанның кейде жалғыз қайтатын кездері болатын.
Осы сенбінің кешінде Мақанның "Рақатханаға" баратынын
Рахметбектен естіген. Себебі Рахметбек шал аңға барып келгеннен
бері баласының Сүйменқұлдың мүлде бұзылып бара жатқанын кім
көрінгенге зарлап айтатын. Бүгін де есік алдында ұзын орындықта
үнсіз отырған Бектемірге келіп зарын шаққан.
— Əу, Бектеміржан, сен мынау отырысты таста, шырақ. Өлім
артынан өлу жоқ. Қайғыға беріле берме. Қашан көрсем, осы арада
шоқиып отырғанын. Əрине, Қобландыдай баладан айрылу, күйігін
тарту қиын. Ой соңына көп түсе берме, қарағым, — деп біраз ақыл
айтып, ақыры өз мұңын ақтарған.
— Бектеміржан, бүгінде қуыс кеуде жанның қай бірінің айы оңынан,
күні солынан туып тұр еді. Сен бармен қара. Мен үлкенмін. Руымыз
бөлек болғанмен, ағаңмын. Сөгілме босқа. Қайта сөгілсем, мен
сөгілейін. Жеті қыздан кейінгі кенжем Сүйменқұл еді. Тілеп алғаным
еді. He көрсетіп жүр бұл шіркін. Ішкені — арақ, іздегені — шатақ.
Ажалымнан бұрын осы қу содыр көрге тыға ма деп қорқам. Анау
ше...Əлгі аңға барып келгеннен бері ше... бұл бала тіпті бүлінді.
Бүлінгенде не дейсің ғой... арақтан бас алмайды. Бұрын да ішетін. Əй,
ендігісі жосықсыз... Демалыс, үзіліс жоқ. Апырымның іші қалай
шыдайды? Уланбай қалай жүр, таңым бар.
Айтпағым мынау еді, Бектеміржан. Осы Сүйменқұл қалай ішіп
алады, солай Қобландыжанның атын атап, өңі бұзылып, өз-өзінен
сөйлеп, бұлқынып, жұлқынып шыға келеді. Қатар ойнап-күліп өскен
соң бірін-бірі қимай, іздей ме... Əйтеуір жаны бəйек таппайды. Көз
алдында өлгенге қиналады-ау дейім, ондайда бетіне адам қарағысыз,
бұзылып кетеді-ау, бұзылып кетеді. Кемпіріміз екеуміздің шықпаған
жанымыз ғана. Бұл тентек көресіні əбден көрсетті бізге. Əлгі Мақан...
— даусы сыбырға көшті. Өзі жан-жағына алақтап қарап алды. — Əлгі
Мақан Сүйменқұлшыл боп барады. Қит етсе, Сүйменқұлды шақырады.
Ол шіркіннің қайбір жақсылығы болушы еді. Кенжемді бірдемеге
ұрындырайын деп жүр ме... былықтырайын дей ме... жүрегім
суылдайтын болды.
Рахметбек орамалымен көзін басты, сіңбіріп тастап, мұрнын
саумалады. Бектемірге құйрығымен тақала жылжыды.
— Бұл Мақан — жылым ғой. Жақындап кеткен адамын бір пəлеге
ұшыратады да қояды. Өзіне адамның да, құдайдың да сұғы өтпейді
екен! Əлгінде ғана əнебір жандайшабын жұмсапты.
Манадан мізбақпай отырған Бектемір салқын тіл қатты.
— Жандайшабың кім?
— Оу, Бектемір-ау, Найманқұлды білмеуші мең. Ол Мақанның əрі
жендеті, əрі жандайшабы емес пе? Сол келе дікілдеді? "Бол! Тұр! Жүр!"
Өзінің сөзі де келі түйгендей дүңк-дүңк екен. "Қасқа айғырдың баласы
қасқа тумаса да төбел туады" дейтін бекер. Əкесі Мұстафа қандай
азаматым-ақ еді. Мынау немесі тартпаған əкесіне. Қамшысы шолтаңшолтаң! "Рақатханаға бар!" деп алды да кетті. Енді содан таң алдында
сүріне-қабына əрең оралады. Анау келіннен де береке қашты. Қашпай...
"Рахатхана" деген пəлесі "Харамхана" боп тұр ғой...
Бектемір елеңдеді. "Сəті соғайын дегені ме? Мынау Рахметбек
қарияны құдай айдап келді-ау. Бүгін орайын келтірмесем, сірəда
келмес".
— "Рахатханаға" кетті деңіз...
Шал Бектемірдің бетіне үңіле қарады. Тамсанып кейін сырғыды.
— Кетті ғой... Осы Сүйменқұлды қалай тоқтатсақ деп өзіңмен
ақылдаспақ ем... Бұл қалпында түрі жаман. Мықтап ұрынады.
— Ақылдасамыз, Раха...
— Қашан?
— Кейін. Кейін, Раха...
Бектемір кілт өзгерді. Орнынан тұрып кетті. Əлгіндегі тұнжыраған
түсі, сұлқ қалпынан елес те қалған жоқ. Сергек. Қимыл-қозғалысы
ширақ. Аулада шашылып жатқан кəкір-шүкірді енді көргендей, бірін
олай, бірін былай сүйретіп тастап, сүйеп қойып, тірлік қаракетіне
араласып кетті.
Рахметбек көршісіне таңдана қарап біраз отырды да, мысы құрып,
үйіне қарай аяңдады.
Рахметбек
кетісімен
Бектемір
шөп
қораның
іргесіндегі
жаңғырықтың астынан аңшы қанжарын суырып алды. Өткенде
ауданнан келген тексерушілердің бірі осы пышақ-қанжардың сабына
қайта-қайта əлдебір сұйық зат жағып, сол сапқа жылтыр қағаз
бастырып, "қолдың ізін, саусақтың ізін түсіріп алдым" деп қасқыр
соққандай дүрілдеген. Содан осы қанжар елеусіз қалған. Бектемір
тығып қойып еді. Зират басынан қайтып келе жатып бір байламға нық
бекінгенде, неге екені белгісіз көз алдында осы қанжар-пышақ елестеп
тұрып алған. Соны өзі Қобланжанының өсиет бұйрығына сайған.
Қосауызын Айғаншаның тығып қойғанын сезеді. Жоқ, мылтықтан
мынау артық. Кеудеден қадағанда қыбың қанады. Кегің қайтады.
Шарық қайрақтың жарты айдай сынығына пышақты ұзақ қайрады.
Одан майда қара қайраққа тағы біраз жаныды. Жарты метр бомази
шұлғаумен жүзін орады да, бір мойын пештің желкесіне қоя салды.
Айғанша екеуі көп сөйлеспейді.
Қобландының қазасын бұл Айғаншадан, Айғанша бұдан көреді.
Бұныкі белгілі: босқа сұңқылдап жылап жамандық шақырды деген
сылтау. Айғаншаның кінəсіз екенін де ұғады. Бірақ қалған көңілді ортақ
қайғы да иліктіре алмады.
Айғанша ана ғой. Ана мұңы — жүрек жарасы ғой. Қобландысын
ойлаған сайын жүрек жарасын одан сайын ұлғайтып, өзін-өзі ұмытып
дауыс қып зарлап, сарнап ала жөнеледі.
Əйтеуір, көрші-қолаң кіріп-шығып, көңіл алаңдатып жатады.
Алпамыс балада ойынын азайтып, кəдімгі естияр қараспен əкешешенің қабағын бағуды тауып алды. Ойын баласының осы бір тым
ертерек кекселік көрсеткені Бектемірдің онсыз да шабақталған жанын
осып түскендей тызылдатып еді. Ендігі тұлдыры — Алпамысы
өгейситін, өкситін болса, онда мынау жұтым ауаның не қадірі қалды.
Итшілеген ғұмырдың бəсі көк тиын бақыр емес пе. Жүрекке уын
жайған зұлымдық енді анау жұдырықтай баланы да уысына бүрсе, бұл
тірліктің адам қызығарлық қандай қасиеті бар.
Бектемір өмірден қай уақытта артық сыбаға, бөлек үлес талап етіп
еді... Оның бар тілегі: мынау қоңыр-төбел тірлігінің бұзылмауы,
аспанын бұлт торламауы, бейбіт болуы, тапқаны жұтқанына жетуі,
ешкімге көз алартпай, ешкімнің көз алартқанын да көрмей екі ұлын екі
үй ғып шығарып, жарық дүниенің маңдайға жазған ырыс-несібесін
теріп жеу еді. Бірақ сол тілегін де көпсінген Мақан... Мақандар
тағдырын тəлкек тірлігін қорлыққа айналдырмады ма. Адалдық деп
соғатын жүрегін арамдықтың гүрзісімен тоқпақтаумен келеді.
Жапырып істеген жұмысының ақысын сықпалап қысып жарытып
ұстатпайды. Қос шырағының бірін сөндірсе де, жазасыз кетті. Енді
мына шүйкедей ұлды ойбасты ғып, қайғымен шегелемек. Бір кездегі
қиял қайда? Тəтті арман қайда? Қиял қирап, арманды сағым жұтты.
Бəрінің құрдымы — Мақан! Мынау ауылдың патша, құдайы боп алған
соң, сораңнан сом жинап, қаныңнан алтын құяды. Əділет деп
талпындың, Əділет тағы да анау Мақанның уысында, Мақанның
аудандағы, облыстағы, республикадағы сыбайластарының шеңгелінде
шырылдап жатыр. Суырып, шығарып алып, əділетті бұрынғы биіктегі
орнына қондырар жан табылар ма? Табылмаса, ел ішінде, жұрт
арасында отырып та мүлде жалғызсың. Қол ұшын созар ешкім
шықпайды. Шыққан жанның қолын кесіп, тілін тістетер Мақандардың
сойылы ұзын, шоқпары зілді.
Ендеше жалғыздың жекеге қарсы тұруы керек. Жекені жалғыз өзі
жəукемдеуі керек. Өзекті жанға бір өлім. Күн сайын қор болып, табанда
езілгенше, зұлымдықты алқымдап, сол жантəсілім еткен зұлымдықпен
қоса сөнгенің артық.
Бектемір үйге кірді. Алпамыс дөңгелек үстелдің шетінде сабағын
дайындап жатыр екен. Алпамысты бірінші класқа биыл алып барған
да, əріптерді дірілдеген қолдарымен жазғанына қуанатын да
Қобланды еді. Баланың оқуын қадағалайтын енді ешкім жоқ.
Айғанша тағы да салдыратып кір жуып жатыр. Ішке кірген
Бектемірге аларып бір қараған. Үстелдің шетіне жасап қойған дайын
асты "тамағыңды іш!" деп те айтпастан, алдындағы астауды
сындырып жіберердей екі білегін сыбана еңкейді.
"Бəтшағардың кірі таусылмайды екен. Жу, жу! Ақыр-тақыр ет
маңайыңды!"
Күрсіне бергенін сезді де, аузын басып есінеген сыңай танытты.
Үстел басына құйрық басып, баласының дəптеріне көз салды. Əлдебір
иректер, сызықтар түсіпті. Алпамыс көкесіне бұрылып қарады.
Бұрылып қараған баланың көзінде мұң кіреукесі тұр еді. Бектемірдің
жүрегі ал кеп бұлқынсын!
"Саған да тырнағын салды-ау! Сені де аямады-ау, құлыным!
Қаршадайыңнан қиянат көріп, зəбір шегіп, жас жаныңды жаралап
алдың-ау, құлыным!"
Қолын созып Алпамыстың маңдайынан сипады. Кекілі алақанын
қытықтады. Еңкейіп барып емірене сүйгісі кеп кетті. Сол тілектен
қашқақтап, еңсесін тіктеді.
— Жақсы оқы, балам!..
Қолымен жер тіреп, орнынан тұрды. Көз қиығы Айғаншаға тіреліп
еді, бір қырын отырған əйелдің жүзінде ызғар ғана жатыр екен.
Жылылық, жақындық, жуастық сезілмеді.
"Сен де сау бол, Айғанша!"
Бұны ол ішінен айтты. Сылбыр басып, табалдырықтан аттады. Ту
сыртынан есік сарт жабылды.
"Кетті! Тағы кетті тамырына! Ойнас сұлуына! Ұлы өлсе де, желігі
таусылмайды".
Айғанша іштей ұстасып қалды. Қобланды өлген күні Бектемірдің
Қатира үйінен табылғанын Мақанның тапсырмасымен Хайролланың
жеңіл ауыз əйелі Айғаншаға аттандап жеткізген. Ұстап алмаса да,
ұстап алғандай ғып, болмаса да, болып қойғандай ғып төндіріп айтқан.
Содан бері ұлының қазасынан да ерінің опасыздығы Айғаншаны қатты
күйзелтіп жүр еді. Қара тастай қатаюы — Бектемірге деген некелі
жардың ашу білдіруі болатын.
Бектемір пештің желкесіндегі пышақ-қанжарды күпəйкесінің
қалтасына сұға салды да, ауласынан шықты. Ешнəрсе жөнінде
ойлағысы келмей, ілгері жүріп кетті. Ауыл оттары бүгін күндегіден де
жиірек көрінген тəрізденді. Əр терезеден əртүрлі түспен құйылады.
Өмір көзі, тірлік көзі секілденіп, анау əрқилы шаңырақтың кідірмес,
тоқталмас тіршілігінен хабар беріп түр.
Сыртқа ұзаған сайын түнгі таза ауада кеудесі кеңігендей болды. Көз
алдына Алпамыстың мұңды қарасы елестеді.
"Неге сүймедім маңдайынан? Қаталдықты қайдан тапқам? Əлде
қытымыр өмірдің өзі қаталдыққа ұмтылта ма? Айғаншаға да тіс
жармадым. Көңілінде дық қалады енді. Əй, қайсы бірін ойдағыдай
етерсің... Тек əйтеуір, өзіңді өзің алдау ғана... Солай болса да
Айғаншаны енді көрмейтін болған соң, кешу сұрап... Бір ауыз тіл қатып
кетуім, əй, керек еді. Жетім бала, жесір əйел... Əй, жалғыз солар ғана
ма?.."
Басын шайқап-шайқап жіберді. Өзектегі ойдан, қажытқан мүжілуден
арылғысы келгені ол.
Анау бұрылыстан сай табанына қарай тіп-тік қара жол кетеді.
Қаражолдың тірелері — "Рахатхана"... "Рахатхана" қалың бақ арасында.
Бақтың ылдиы көлшікке жалғасады. Ауаның тазалығы енді анық
білінді.
Бұрылысқа жетіп, қарағашқа арқасын сүйеп сəл тыныстады.
Алдынан "Рахатхананың" оттары жылтырады.
"Аз-кем дамылдайын. Анау шарбақтың тұсынан жақындасам, арғы
жағы тиіп тұр. Шарбақ іші иесіз... Тек əлгі Найманқұлы демесем. Ол
немесі арақ ішіп лəйлімесе, иттен де сақ. Апырай, осындай жетесіз
жансебілдерді Мақандар қайдан тауып алады. Қалай тауып алады?
Найманқұл ғой Мақан үшін жан беруге даяр. Құдай сүйер қылығы жоқ
Мақан бұған қай қылуасын өткізіп қойды екен? Əлде ақша —
құдіреттің ықпалы ма?"
Бойы тоңазыды. Октябрь түні салқын. Етектен сызды леп жетіп тұр.
Қаракөк аспанның жұлдызы жиі. Суық жылтырап, жыбыр-жыбыр
қозғалады.
Бектемір сыбдырсыз жайлап басып, шарбаққа жақындады. Тұтас
тақтайларда жік жоқ, биіктігі кісі бойы қол ұсыным. Ол бұйым емес.
Қол ілінетін, аяқ тірелетін бұдыр болса, асып түседі. Тек мынау аяқ
астынан дүрсілдеп ала жөнелген жүректің аптығын басу керек...
Шарбақ іші қаңырап тұр. Адам аяғы білінбейді. "Рахатхананың" үшақ терезесінде жарық бар. Бектемір сақтықты ұмытты. Ентелеп кеп
терезеге төнді... Төнді де, сылқ шөге кетті.
"Əй, рас екен ғой... Бəрі шындық екен ғой..."
Үш терезесінің де пердесін жаппаған кең бөлменің ішінен
Бектемірдің көзіне жалаңаш Мақан мен тырдай жалаңаш əйел
шалынған. Жалт-жұлт мөлдіреген люстраның шақырайған жарығында
жалаңаш денелер еп-ерсі көрінеді екен, Бектемірдің жүз тайсақтатып
шөге кеткені сол еді.
"Тұрпайылық па, жабайылық па?.. Əлде шектен асқандық па мұныкі.
Апырау, ең болмаса анау перделерді жаба салса ғой... Əйел неткен
көргенсіз!.."
Əйел... Бектемірдің ұғымында ұрғашы жынысы əдептілік
сыпайылық, тазалық, көргенділік жəне тұрақтылық жиынтығындай
көрінетін. Анау жалаңаш əйелдің опасыздығы (əйелдің жеңілтектігі —
опасыздық емес пе) жүрегін осып жіберген, өзінің не үшін келгенін де
ұмытып кетіп еді. Сүт пісірім отырып барып, мекерліктен жиіркенген
жүрегін басып, өзін өзі күшпен қозғап, қайтадан елеусіз ғана терезеден
үңілді. Жалаңаш тəнді қара шашы жауып кеткен əйел кенет қарқылдап
күліп "Мың бір түндегі" һамбал əңгімесіндегі жалаңаш қыздардың
ерсілеу қимылымен атып тұрып, бері бұрылғанда...ойпыро-ой,
Бектемір Тұрғанның келіншегін, жас келіншегі — Нəзияны таныды.
Төбесінен біреу мұздай су құйып жібергендей сүмірейіп, көздері
бақшиып, анау Нəзияға — Алпамысының сүйкімді мұғалимасына,
қарақат көздері күлімдеп тұратын сыпайы да кішіпейіл мұғалімге
жын-шайтан көргендей қадалып қалыпты.
"Əй, əй, сұмдық! Сұмдық!"
Осы сөз ғана сескенген жүректің, шошынған көңілдің тағар кінəсі,
айқындар белгісі. Бүкіл өтірік атаулының, жалған атаулының,
күнəқарлық атаулының, сатқындық атаулының қарғыс үкіміндей —
"сұмдық" дейтін жарымжан сөзден басқа атқан оқтай қадалар ештеңе
таба алмай қалш-қалш дірілдеп жалғыз сөзді қайталай берді.
"Сұмдық! Неткен сұмдық!"
Тұрған үшін де, бүкіл еркектер қауымы үшін де масқара боп, арын
аяққа таптатқызып алғандай жаны ышқына қиналды. Əйелдің... күйеуі
бар некелі əйелдің дəл осындай көрнеу көзге жасаған мекерлігі...
опасыздығы бұған дейінгі барлық жəбір-жапасынан да асып түсті. Күн
мен желдің өтінде жалаңаш қалған өзі тəрізденді. Жалаңаш ана екеуі
емес... Ұятсыз жандардың жасырар қасиеті жоқ. Оларға жалаңаштану
түк емес. Жалаңаштанған, қорғансыз, қалқансыз, лыпасыз бүрсектеген
Бектемір ғана. Ұяты жоқтар иманды жүздің арын тонайды.
Нəзия — көрген жанның көзін суаратын періште еді ғой.Тұрған
парторгтың һалал жүптісі еді ғой. Мынау енді сол періштенің қай
құбылысы?
"Тұрғанды оп-оңай парторг сайлап ала қойып еді, Мақанның түпкі
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.