Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13

Total number of words is 3979
Total number of unique words is 2256
32.4 of words are in the 2000 most common words
46.0 of words are in the 5000 most common words
53.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Мынау ақша маңдай сəнінен, өңінен айрылады. Майсара ортасынан...
мəдени ортасынан айрылады. Майсарасыз астана тағы бір əсемдігінен
айрылады.
Майсара кəдімгідей ырзалық пейілмен іштей масайрады. Үлкен
кісінің өзі мұның сұлулығына ден қойғанда мəртебесі асып, көңілі
шалқып жүре берді. Сол алыстағы ауданға өзінің де барғысы жоқ.
Қалай еткенде астанада қалар екем деп далбасалап жүргенде көктен
іздегені жерден табылғалы отыр. Алдындағы асыл ағаның ықыласы
ауғаны рас болса... Майсара күлімдеді. Майсара күлімдегенде екі
бетінің ұшындағы шұңқырларға еркектің ындынын құртатын ерекше
сұлулық орнады. Ғазиз Құлтановичтың көздері ұшқын шашты.
Рюмкаларды тағы толтырды.
— Алматыда қалып, өзің қалаған жұмысыңа тұруың үшін, қалқаш!
"Қалқаш!" Осы "қалқаш" Ғазиз Құлтановичты биігінен құлдыратып
əкеліп, Майсараның етектегі, жердегі қасына қарапайым еркектің
біріндей етіп қондыра салды.
Екінші Рюмка оңай кетті. Шашалған да, жөтелген де жоқ. Көңілі
кəдімгідей көтеріліп, мынау əсем бөлменің ішіне мойнын бұрып
қарауға жарап қалды.
— Қай орынға барғың келеді, қалқаш?
"Қалқашымен" қыз кеудесіне жол тапқанын сезеді. Сезеді де сол
тұзағын ыңғайлап жан-жақтан тастай береді.
— Білмеймін, аға-а...
— Ғазиз дей бер, қалқаш!.. Маған сенің ашықтығың ұнап отыр.
Қысылып-қымтырылу — мəдениеттілік емес. Құлдық дəуірдің,
феодалдық қоғамның сарқыншағы ол. Сонымен қайда баруды
білмейсің, ə. Онда, Майсара, сен қаладағы бір базардың... ресми айтсақ,
рыноктың директоры болуға қалайсың?
Майсара көзін төмен сап отырған, жалт қарады. Жүзінде таңдану ма,
қуану ма — болмашы жымиыс білінді.
— Мен бе?..
— Иə, қалқаш! Қорықпа, өзім тапсырам. Тəжірибелі жігіттер
жеткілікті. Бəрін үйретіп шығарады.
Майсара қуанды да, жүрексінді де. Рынок директоры қарапайым
халық үшін онша кісі қызығарлық дəрежелі орын болмаса да, сауда-
саттықпен айналысатын адамдар үшін министріңнің орнынан да
артық.
Кооперативтік институттың студенті оны біледі. Себебі сырттан
оқитын кейбір рынок директорларын ректордың өзі зыр жүгіріп жүріп
қарсы алады. Емтихан, зачет алатын доцент, профессорларға өзі ертіп
барып, қадағалап тапсыратын. Ректор тапсырмаса да əлгі мұғалімдер
директорға құрақ ұшатынын, бəйек болатынын, иіліп-бүгілетінін
Майсара талай көрген. Сол армандаған биікке... қайдағы арман?!
Армандауға да қорқатын шыңға мына Ғазиз Құлтанович... Ғазиз
зымыратып апарып қоя салмақ.
"Маған неге сонша мейірі түсті екен? Менен сонда қандай тілегі
бар?"
Осы бір ой Ызыңдап оралды да, лез ғайып болды.
— Сонымен келістік қой, қалқаш?
— Білмей отырмын...
— Ойланатын түгі жоқ. Дайындала бергін. Рюмкалар тағы
қақтығысты. Директордың денсаулығы үшін, жаңа қызметінің жайлы
болуы үшін, мына əсем сұлулықтың əрдайым көз қуантуы үшін...
Рюмка сыңғырлау үшін сылтау табыла береді екен.
Бір кез Майсара өзінің Ғазиз Құлтановичтың құшағында отырғанын
көрді. Алғаш денесі дір ете қалған, бірақ ыңғайсызданғаны көпке
ұзамады. Құшағы қарулы екен, жауырынын күйретіп жіберердей
қысып алып, ернімен ерініне қадала төнді.
Орнынан тұрып, иығынан демей тартып Майсараны да тұрғызды.
Сол қаусырған бойы өзі кірген есікке беттеді.
"Қайда барам?"
Дəл қазір қайда барса да бəрібір. Мынау үлкен адам енді Майсара
үшін қол жетпес биіктегі дөкей əкім емес, өзінің.... иə, өзінің Ғазизы
ғана. Өйткені жаңа ернінен сүйе бергенде: "Майсарам! Сүйіктім менің!"
деп еншілеп алған. Ендеше Майсара да мұны еншілеуге тиіс.
Кіргендері жатын бөлме екен. Кəлдей кереуеттің жаймасын салып
жата кетерлік етіп дайындап қойыпты.
Майсара жас бала емес. Майсара қалада оқыған соң, əрине жол
көрген, бəрін түсінді. Түсінген кезде кеудесін үрей... жо-жоқ кеудесін
қуаныш толқыны соғып өтті. Тұлабойын діріл буып ала жөнелді. Енді
ұрыста не тұрыс бар дегендей, шұғыл бұрылып, шапшып барып
Ғазизының ерніне ернімен жабысты. Көзі тұманданып, бүкіл денесін
бұған дейін болмаған ғажап бір құмарлық билеп қалшылдатып барады.
Ғазиз Құлтанович Майсараны тік көтеріп бауырына қысып алды. Ол
да дəл сол сəтте алапат қызулы желік еркінде еді. Ерін мен ерін
жанасқанда Майсараның тəп-тəтті тілін көмекейімен қоса суырып
алардай сорды кеп, сорды кеп...
Киімдерін шешіп ентіге қызуланып төсекке жатқандары сол еді...
Ғазизы... Ғазиз Құлтанович сылқ жантая кетті...
Ентіге сыбырлады.
— Қазір... қазір... Сəл шыда...
Күйіп-жанған Майсара тығыршықтай жалаңаш денесімен сүйкене
жанасып, Ғазизының бауырына кіріп кетті. Екі аяғымен еркектің екі
аяғын орап алып, қызулы бойынан əл-қуат бергісі кеп барынша
қимылдады.
— Қазір... қазір...
Ғазиз Құлтановичта одан басқа сөз жоқ. Майсара шалқайып барып
"Ғазизының" бетіне қадалды. Көздер... күнұзын күлген, ұшқын шашқан
көздер күлгін тартып қалған екен. Қыздың да денесі суып сала берді.
— Қазір, қалқаш. Қазір...
Дауыста үздіккен діріл жоқ. Мосқалдығына, дəрменсіздігіне, дəл
мына ыңғайсыз халіне кешірім сұраған жасқаншақ қырыл бар. Сол
жасқаншақ көзінен де білінді. Жан дəрмен сұп-суық алақанымен
Майсараның тып-тығыз анарын уыстап сығып... уыстап сығып жатты
да... кенет кеудесін көтеріп, ернін кегжите ысылдап, қыздың тік
шаншылған төсінің үшкір ұшына... қара қоңыр ұшыла аузын салып кеп
жіберді. Пысылдай сорды.
— Байқаңыз... сүт шығып кетпесін...
Сіз деп қалғанын да, зілсіз шағып алғанын да сезді. Сезсе де, дəл
қазір өкінген жоқ.
Ғазиз Құлтанович аузын да, құшағын да босатып, шалқалап жата
кетті.
— Киін!..
Жалғыз-ақ сөз. Бірақ айтылу екпіні, дауыс ырғағы, қатқылдығы
бөтен еді. Майсара өзінің "Ғазизының" Ғазиз Құлтановичқа
айналғанын ұқты.
Төсекте жатқан жалаңаш адамға бір қарауға батылы жетпей, өзінің
жалаңаш тұрғанынан қатты қысылып, тез-тез киінді. Анау бағып
жатты ма, Майсара киініп болысымен:
— Бара бер. Кездескенше сау бол, — деді.
Майсара есірік халде есіктен қыбырлап əрең шығып кетті.
Өзін алып келген жігіт залда екен. Тіл қатпай соңынан ілестіріп
машинаға дейін шығарып салды.
Майсара институт бітірер-бітірместен рынокқа директор болып
сайланды. Сайланған күннің ертеңінде қара "Волга" мұны тау
бөктеріндегі саяжайға алып барды. Саяжайды Ғазиз Құлтанович
"Саят" деп атайды екен. Бұл жолы өз "Ғазизына" айналып, кең төсекте
емін-еркін қосылды.
Содан бергі ерік-ырқы Ғазиз Құлтановичтың қолында.
Алғаш рынокта тəртіп орнатам деп Майсара біраз əуреленген.
Өйткені рынок прилавкасының əр шаршы метрі үшін талас күшті
екен. Селоның еңбекші қауымын əлгі прилавкаға жолатпау үшін
алыпсатар қулардың жасамайтын қулық-сұмдығы болмайды екен.
Майсара алдымен күресті осы алыпсатарлардан бастамақ болды. Бір
күні Ғазиз Құлтановичтың қара "Волгасы" келісілген уақыттан тыс
жетіп келіп, Майсараны салып ала жөнелді.
— Майсара, сен ақылдаспадың ба? — Ғазиз Құлтановичтың түсі
суық екен, көз таластыра алмады.
— Ақылдасқанда... анау саудагерлер... алыпсатарлар...
— Сені де, мені де... бəрімізді де сол саудагерлер асырайтынын
ескер. Əйтпесе, бұ заманда айлықпен күн көрген адам көтерем боп тез
солатынын есіңе тағы салайын.
Майсара бас изеді. Сонда мынау үлкен адамның өзі ұрлыққа,
арамдыққа жол беріп, сол қылмысты жапқаны, көрмегені үшін, тіпті
қорғағаны үшін пара алмақ па. Ішінен қарсы дау айтып өре түрегелген
бір əлсіз қарсылығы Ғазиз Құлтановичтың айбарынан сескенгендей
бір сілтеуге келмей үні өшті.
— "Сен — маған, мен — саған" дейтін тірлік ережесі — бүгінгі
күннің қағидасы, қалқаш.
"Қалқашы" іш жылтты. Өз қатарына икемдей жақындатты.
— Əділет деп сен шырылдағанмен басқалар жабылып қоштап
əкетпесе, онда босқа арамтер боласың. Əділетіпіл жалғыздың аузын
жапқыза салу оңай. Оның əдісін тапқан. Үстіңнен "пара алады, мыңмыңдап алады" деп домалақ арызды айдайды да жібереді. Сон-соң
шақты куə табыла кетеді. "Қорықтық — бердік. Жұмыстан қуам деді —
бердік. Сөгіс жариялаймын деді — бердік" деген пəле-сұмдықтарын
төндіреді. Ал сен, Майсара, босқа күйме. Ағымнан жəне жырылма.
Көптің бірі болғаннан ұтылмайсың. Бергеннен ал. Алғанға бер. Іскерді
аяқтан шалма. Ол тапса, сен де табасың. Майлы ас қарынға жақсы.
Түсіндің бе? Тек сақ бол. Бергеніңді де, алғаныңды да көретін куə
болмасын. Куə болмаса — сот та, біздің прокурор да түк істей алмайды.
Майсара түсінді. Мықтап түсінді. Кассир, қоймашы, контролер...
базардағы толып жатқан қызметкерлер ай сайын жүз сомнан
директорына сыйлық береді екен. Əрине оның біразы қалалық
рыноктар бастығының кең қалтасына түседі. Бірақ қалғаны да қарын
майлауға да, иінге жабуға да, кассаға салуға да жетіп жатыр.
Ал, Майсараның өз Ғазизына жаққаны сондай істегеніне жыл
толғанда қалалық колхоз рыноктары басқармасының бастығы боп өсіп
шыға келді. Енді рынок директорлары ай сайын Майсараның
кабинетіне келіп, "қол беріп" шығатын болды. Қол бергенде "мол
беретіні" сондай жалғызбасты əйелдің қалай шайқауына да қомақты
"сыйлықтың" мұрты да қисаятын емес.
Мынау үш бөлмелі пəтер де Ғазиздың... Ғазиз Құлтановичтың
арқасы. Бірақ Майсара екі жылдан бері Ғазиз Құлтановичтың жеке
тапсырмаларын орындайтын да болып жүр. Ол тапсырмалардың түптүбі қандай, немен байланысады, кімдер айналысады? — бірін
білмейді. Əйтеуір өзінің лас іске, былық кəсіпке араласқанын сезеді.
Осыларды Балтаға қалай айтады. Пара-пайданы сықап, кім
көрінгенді əке-көкелеп келгенін, "өз Ғазизына" соңғы екі айға дейін
апта сайын барып тұрғанын қалай ашады. Мынау төбесіне үйірілген
қара бұлтты қайтсе түріп жібере алады. Ешкімді менсінбей бір
шекелеп қарайтын тəкаппар сұлу Майсара мына жүз жиырма сомдық
айлығы бар темір-терсек инженерінен соншама жасқанып, неге
кіріптар күйге түседі. Түспей қайтеді, Балтасыз Майсараға ендігі ғұмыр
ғұмыр болар ма? Болмайды. Көктемде көрінген қызғалдақтай қыз
дəуренін қолымен ұстатып, көкірегіне басқызып па еді. Əрине жоқ.
Жұлынған гүлді, иісі қашқан қызғалдақты Балта несіне қадірлесін. Сол
гүлді өзі иіскелеп, бүрін өзі ашса, онда Майсара қалай еркелесе де,
ерікті болар еді. Жоқ, өйте алмайды. Ұйпалап тастаған гүлді Ғазиз
Құлтанович одан сайын илеген. Үйтілген терідей боп Балтаға
ұшырасқан күйін өзі де біледі. Ендеше, жыласын, сықтасын бірақ
Балтасының көңілін ауласын, етегінен айрылмасын. Уланған жүректі
шипалап емдер Балтаның құшағы ғана. Аялауы ғана. Аймалауы ғана.
Жо-жоқ, болары болып, бояуы сіңген, Майсара емес. Майсара қайта
түлейді, қайта жаңғырады. Қайта бүр ашады. Өйткені ол шын
махаббаттың ыстық сезіміне, міне, енді ғана жолықты. Ол бəрінен баз
кешуге даяр, тек Балтадан айрылмайды. Балтадан айрылғанша жарық
дүниемен біржолата қоштасу оңай".
Өксік буып, екі иығы солқылдап диванда отырған күйі көп
жағдайды... Ғазиз Құлтановичтың атын атамай түгел дерлік айтып
берді.
— Мынау ақша соныкі. Өткенде де екі-үш рет алып, апарып бергем...
Бұл ақшаны анау неге берді, білмеймін.
Балта Майсараның шын сырын естіген соң жібиін деді. Бірақ көз
алдында бұл аты-жөнін білмейтін, бірақ құдіреті мен айбыны мықты
дөкейдің тұлғасы елестеп тұрып алды. "Сонда қалай, Майсараны қай
жеңгеніміз иеленетін боламыз ба?"
— Ол... əлгің саған... сенімен кездесіп... кездескенде... болып тұра ма?
— Қылғынып əрең айтты.
Майсара Балтаның нені сұрап тұрғанын бірден ұқты.
— Жоқ. Ол енді болмайды. Өзіңді көргеннен бері мен бірден үзілдікесілді айтқам. Имандай шыным! — Майсара қызарған көздерімен
Балтаның бетіне тура қарады.
"Шыны екен!.. Майсарам, осы тура мінезің-ақ жақсы. Жасырмағаның
дұрыс болды. Біраз сырдың беті ашылды. Тек əлгі дөкейіңнің атыжөнін айтпағаның бекер болды. Шын ашылған соң түк жасырмау
қажет еді. Əй, бірақ... мен де көңілдегіні түгел ақтарам ба? Апам туралы
ғой лəм демейтінім анық"...
— Бар, жуын!
Осы екі сөз Майсараға əлемнің бүкіл асылынан, бар байлығынан
қымбат еді. Қожасы, тəңірі — Балтасы кеңшілік беріп кешірім етті.
Қайтадан бақтылы, базарлы қыз күйіне көшірген осы əсерлі екі сөз
Майсараны балбұл жандырды. Диваннан атып тұрған бойда Балтаның
мойнына асылып бетінен, көзінен... аузы тиген, жеткен жерінен сүйе
берді. Балтаның да Майсарасына деген бар өкпесі сəскедегі тұмаңдай
ыңырады. Екі қолымен Майсараның екі бетінен уыстай ұстап, басын
шалқайта берді де аппақ тамағына еміне жабысты... Біраздан соң
ентіктерін басып, қатарласа жатты. Балтаның термен шыланған бұйра
шашын саусағымен салалауды Майсара сондай ұнатады. Қазір де
қайта-қайта сипалайды.
— Неге ерте қайттың?
Дəл осы сұрақтың қойылары да, соған басқаша жауап дайындап
қоюдың қажеттігін де Балта ойлаған-ды. Тосын естілген сəтте түсі
бозарып кетті.
— Сен оны енді сұрама, Майсара...
— Жарайды. — Майсара басын көтерді. Екі шынтағын бүлкілдетіп
қобыраған шашын түзеді.
"Əңгіме мен жайында болған ғой. Шешесі, сірə, жақтырмаған шығар.
Осы біз неге той жасамаймыз? ЗАГС-ке барып тіркелсек... Балта бұрын
менің сырымды білмей қуыстанатын... күдіктенетін. Бүгін айттым.
Əлде ол енді тіпті суықтартып кетпесе..."
— Шай қояйын.
Ac үйге шығып кетті.
"Өз үйім — өлең төсегім". Балтаның айтқысы-ақ келеді. Айта
алмайды. Мынау үш бөлмелі пəтерде не керектің бəрі бар. Соның бəрі
анау Майсарасымен қоса мұның жолына құрбандыққа да дайын. Бірақ
көңіл жылтпайды. Жылыту қайда, үнемі қоңылтақсыған көңілдің бабы
бір табылмайды-ау.
БЕСІНШІ ТАРАУ
I
— Қал қалай, бауырым?
— Жаман емес, Жарқын аға.
— Жаман емесің жақсы ма сонда?
— Солай шығар.
— Ау, өзің соңғы кездері ұнамай барасың, бауырым. Қоныстойыңда
мені төрағасы да, асаба да етпек боп уəде бергенсің. Енді естуімше,
жұбайлы да, үйлі де болыпсың. Бірақ соның бірін мына жаман ағаңа
сездірмеуің қалай? — Қалжыңдаса да қалжыңның тасасында өзімсіне
көлденеңдеп тұрған өкпе сызы леп берді. Балта қызарақтады.
— Жарқын аға, ол жағынан, ия, ұяттымыз... Уəде... Əлбетте уəдені
орындаймыз ғой. Өзіңізді неге ұмытайын.
— Жə,жə. Балта. Менікі ойын. Бірақ келінді көрсетпей қойма. Мүмкін
сен сұмдық қызғаншақ боларсың, ə...
— Көресіз, Жарқын аға, от басымды көресіз...
Жарқын кетсе де, Балта əлгі əңгіменің шырмауынан арыла қоймады.
"От басымды көресіз... Меншіктеніп қалғаным ба?.. Келініңіз деуге
правом бар ма? Мен тіпті ол үйге пəтерші... квартирант та емеспін ғой.
Василий Сергеевичтың Майсарадан гөрі маған билігі өтімді болса
керек. Себебі мен сол пəтерге тіркелгем. Ал... шақырам дедім. Кім боп,
Майсараның кімі боп шақырам? Қандай моральдық қақым бар? Қайта
сожительство жасағаным үшін заң алдында жауап беруім керек шығар.
Со-жи-тель-ство. Қазақша не деп айтады екен осы сөзді? Бірге тұру
десек маған əбден қолайлы. Онда ыңғайыма икемделіп шыға келеді-ау.
Əй, бірақ аты жаман. Анау қиыр мен мынау қиырдан табылып əлдебір
пəнəйі себептермен бір шаңырақ астында тұрып жатқан қан-жыны
араласпас екі пенденің тірлігін айтақтап тұрған сияқты-ау осы
сожительствоң. Əлде Майсара екеуміз арамызды тезірек заңдандырсақ
па екен... Мені сүйетініне... маған адалдығына көзім əбден жеткен
тəрізді. Тəріздім не... Жеткен. Ал, мен ше? Ұнатам, сондай ұнатам. Əрі
қызғанам. Кейде ұнатуымнан қызғануым асыл кетеді".
Осы аяаңшыл ой мазалап бітті. Тұнжыраған жігіттің тағы да
күдікшіл ойға шомғанын Майсара да сезеді. Бірақ Балтаның сол
күдігінің тамырын тап басып, тіл қатуға қорқақтай береді. Ақыры бірде
шыдамады.
— Неге жүдеп жүрсің?
— Əбден шаршадым. Апам болса анау... — Тілін тістей алды да,
асүйден шығып кетті. Сəлден соң Майсара залға кіріп еді, Балта
диванда теріс қарап жатыр екен. Қасына отырып шашынан сипады.
Балта кенет атқып тұрып құшақтай алды.
— Тезірек ЗАГС-ке отырайықшы, Майсара! Мынау бейтараптық
қажытты ғой мүлде. — Көзінде мұң, даусыңда жалыныш дірілі бар.
— Жарайды.
Майсараның сарыла күткені дəл осы сөздер болса да, Балтаның бұл
шешімге жүйкесін жұқартып, жанын жеп барып, қиналып қана
тірелгенін ұғып еді. Осы сөзді естір болсам жүрегім жарылып кетер-ау
деп жүретін. Жүрегі жарылған жоқ. Қуаныш сезген жоқ. Қайта белгісіз
бір реніш туғызған салқылдықты кеудесінен аулап қалды.
— Жарайды... — Осы сүлесоқ бас изеуі іштегі салқын сабырмен
естілгенде, Балтаны да сылқ түсірді.
Ертеңінде Ғазиз Құлтанович Майсараны "Саятқа" алдыртқан. Сонда
жергілікті өнеркəсіп министрінің орынбасары отыр екен. Майсара оны
жақсы таниды. Қалалық советтің сессиясында кездескен сайын əзіл
айтқан боп Майсараға үйір боп қалған.
Ғазиз Құлтанович екеудің бірін-бірі білетінін көрген соң, іске бірден
кірісті.
— Сөз əлгіндегі. Цехты тездеттіресің. Бір үлеске Майсараны аласың.
Бір-біріңді таниды екенсіңдер, түсінулерің де оңай болады. Биыл,
əрине, өнім бере алмайсыңдар. Ал, мартқа қарсы мына Майсара жаңа
цехтың шубасын киетін болсын.
— Шубам да, дубленкам да бар ғой.
— Сөздің мысалы ретінде айтам. Бар болса да, қаракөл тонның
артықтығы болмайды. Естідің бе, Қайырбек?
— Ойбай-ау, оған сөз бар ма, Ғазеке! Өзіңіз айтқан соң... Майсара
қарындасқа, əрине, образцовыйын береміз ғой.
Қайырбекті қайтарып жіберіп, Ғазиз Құлтанович ас алғызды.
— Өзіңмен көптен бірге отырып тамақ ішпеппіз. Уақыт бар шығар?
Майсара бас изеді. Бірақ іштей күдіктеніп отыр. Соны жүзінен,
қуқыл тартқан жүзінен оқып қойғандай жымия күлді.
— Жə! Енді ондаймен əуре болмаймыз. Вкусың тəуір екен,
Майсаражан. Мына жігітке екеуміздің бұдан былай қиянат
жасауымыздың қисыны келмес.
Алдында жатқан конверттен Балтаның əр түрлі форматта, əр
қырынан түсірген фотосуреттерін алып көрсетті.
— Қалай, өзіңе үйленетін түрі бар ма?
— Білмеймін... — Майсара жыламсырады. Дəл қазір мына адам
ағасындай, əкесіндей қамқорлық иесі болып көрініп кетті. —
Білмеймін. Əрі-сəрі сияқты.
— Жарайды, одан қам жеме. Əлгі Қайырбектің не өзіне, не сенімді
адамына қырықмың бергін. Мехкомбинатта жаңа цех ашады. Əрине
жасырын цех ол. Құрал-жабдыққа көп қаржы керек. Кейін қосқан
жарнаңды бес, он есе қайтарып аласың. Ал, Балта... Балта енді əрі-сəрі
болмайды.
Майсара бұл "шаруаны" Қайырбекті көргенде-ақ сезген. Қазіргі
Майсара бұдан төрт жыл бұрынғы Майсара емес. Tic қағып, əккіленген
тəжірибелі "бизнесмен".
— Рақмет, Ғазиз Құлтанович...
— Бір ғана өтініш сенен, Майсара. Мені бұрынғыңша оңашада Ғазиз
деп атасаң болғаны.
— Ол өтінішің оңай ғой, Ғазиз.
Майсараның сыңғыр-сылқым күлкісі сыңғырлай беріп, үзілді. Осы
күлкісі-ақ Ғазиз Құлтановичқа қатты ұнайтын, елеңдеп қалды да тез
тиылды.
— Тамақ суып барады, Майсара...
***
Қас қылғандай күткенде трамвайдың кешігетін əдеті ғой. Киімі
қанша жылы болса да аялдамада біраз күтіп қалған Балтаның аяғы
тоңа бастады. Тарс-түрс адымдап, табандарын тарсылдатып мұзды
тротуарға соққанмен башпайлары сыздап барады.
"Бұл арамен такси да жүрмейді. Ертерек шыққанда ілігетін едім, дəл
отстой кезіне тап болғанымды қарашы!" Ызалана шалқайып аспанға
қарады. Декабрьдің ерте түсетін түні аяздата түнеріп тұр. Бет
қаратпайды. Сықыр-сықыр басқан жаяулардың асыққан жүрістері жанжақтан көбейіп кетті. Мына үскірікте тыпырлаған, тыншымаған жан
ғана жан сақтайтын тəрізді.
Зыр етіп келіп сұр "Волга" тоқтай қалды. Тоқтай қалды да, есігінің
қырау басқан əйнегін төмен түсіріп əлдекім бас қылтыйтты.
— Жігітім, сағатыңыз қанша? — Бас Балтаның жүзіне үңіле қарады.
— Оу, сіз Балта емеспісіз?
— Балтамын... — Балта аң-таң. Сағаттың қанша екенін айтуды да
ұмытып кетті.
— Онда не ғып тұрсың? Бол, отыр! — Артқы есік сарт ашылды. —
Жаурадың ба?
— Иə! — Балта мыналарды өзі танымаса да, өзін танып тұрған соң
бөтенсіремеді. Ішке сүңгіп мінді. — Түу, рақат мында екен ғой!
— Көп тостың ба көлікті?
— Трамвай келмей қойды ғой. Аяқтарым қатып қала жаздады.
Алдыңғы орындықтағы адам сол иығынан иегін қылтитып, оң
қолын созды.
— Танысып қоялық, Балта. Мен Майсараның туған нағашысы болам.
Атым — Барақ. Мынау екеуі досым.
Балта ұсынған қолды қысты да, шофер мен қатарында отырған
мұртты жирен жігітке басын изеді. Ішінен "Майсара əке-шешем
самолет апатыңда қаза болған, басқа жақын туысым аз демеп педі. Аяқ
астынан пайда бола кеткен бұл қайдан шыққан нағашысы? Тіпті түрі
де еш ұқсамайды. Қазақша сөйлемесе, кавказдық біреу ғой деуге болар
еді" деп қуыстанып қалды.
— Жігітім, онша қуанбадың ғой. Қазақтың: "жігіттің үш жұрты
болады, өз жұрты күншіл, нағашы жұрты сыншыл, қайын жұрты
міншіл" дейтінін білсең, бізге мін таққызбай, өтірік те болса мезіреті
жасамайсың ба? Асың болмаса, пейілің бар емес пе, күйеужан.
Қара сөзді судай сапыратыны көрініп тұр. Кім білсін, нағашысы
болса болар да. Майсарадан бұл өзі кімің бар, қандай туғаның бар деп
қадалып сұраған емес. Мұның өзін бірақ бірден таныды. Мүмкін бұл
жоқта үйде болып, Майсара салған портретін көрген шығар. Əйтпесе,
қарап жүрген менде не əкелерінің құны бар.
— Қуануға мұрша бермедіңіз ғой! Аяз бір буып, нағашым екі
табылып, есім шығып кетпеді ме?
Барақ та, жолдастары да қарқ-қарқ күлді.
— Е, бəсе, тегін адам таз бола ма дегендей Майсаражан біздің анау-
мынауды ұнатпайды. Солай ғой, Күржік?
Шофер кеңк-кеңк күліп бас шұлғыды.
— Ал, онда, күйеужан, таныстықты бекемдеу керек. Сен пейіліңді
шын берсең, менің онда өзіңе түскен мейірімімді де көр. Қазір тұп-тура
"Алматының" этаждарына барамыз. Жақсылап отырамыз.
— Соған бүгін несіне асығамыз, Бəке... — деп Балта сасқалақтады.
Майсараның нағашысы екеніне сене бастағанымен бірден келісе
кетуге де көңілі дауаламай отыр. Əрине, шақыру мұның реті. Үйге
апарып, дұрыстап қонақ қылып жіберсе, Майсара екеуіне де аброй. —
Кейін, жеңгейді ертіп, үйде кездессек қайтер еді?
— Оныңа лəппай деп құлдық ұрғаннан басқа не айтам, күйеужан-ау.
Бірақ сен үйге деп қопақарлатқаныңмен, əзірше сол үйге қожа бола
қойған жоқсың ғой.
— Енді оныңыз рас... — Балта күмілжіді. "Апырай, Майсара
нағашысына айтып қойған екен ғой. Айтпай... кімге айтады. Шынында
да ыңғайсыз болды. Үйге деп... өз үйімдей-ақ. Кінə тағуы орынды" —
Күнде ертең деп жүріп кешіктіріп алғанымыз да рас тіркелуді.
— Ал, айыбыңды өзің мойындадың, күйеужан. Есті, білікті
екендігіңді таныттың. Көзді-құлақтыларға пыш-пыш сөз болуды қашан
тиясыңдар? — Орындығының арқалығынан асыла қараған Барақ
табжылтар емес. Дəл мына бастырмалатуында іш тартуы да, зорлығы
да қабат түйдектелді.
— Енді онша ұзатпаспыз...
— Сен өйтіп бұлталақтатпа, Балта шырақ. Бүгін он бесі. Енді он алты
күннен кейін жаңа жыл туады. Ал бұл жылдың несібесін келер жылға
жырмалама. Əр күннің, əр жылдың өз үлесі бар. Солай ғой.
— Солай шығар.
— Күйеужан, өзіңнің "шығарың" көптеу екен. Табаныңда əлден
бұдыр қалмаса, бара-бара жығылып-сүрінуден көз ашпассың. Жə,
көңіліңе ауыр алып қалма. Өзімсінгенімді сен де түсін. Былай болсын.
Декабрьдің отыз бірі күні ЗАГС-ке отыратын болыңдар. Сонда
сендерден бақытты ешкім болмайды. Жаңа жылдың қарсаңында, ылғи
мерекелеп отырасыңдар. Қалай, келістік пе осыған?
Балтаның өзі де солқылдап жүрген. Құланның қасуына мылтықтың
басуы дөп келді. Басын құлшына изеді.
— Келістік Бəке!..
— Олай болса, менің саған свадебный подаркам... сыйлығым бар.
Машина жүргізетін правоң бар ма?
— Мектепте оқытқан. Жүргізуін білем. Правом жоқ.
— Оның жарасы жеңіл. — Қасындағы шоферын иығынан қағып
қалды. — Күржік естимісің, правоны үш-төрт күнде дайын қыласың.
— Фотосы...
— Иə, Балта, ертең фотонды ала кел.
— Ертең болмайды... ол үшін суретке түсуім керек.
— Жə, бұның да жарасы жеңіл. Менің подаркам — "Жигули". Əрине,
ұсталғаны, мінілгені. Бірақ оны мынау Коля, Кержік — Балтаның
қасындағы екінші жігітке саусағы қадалып қайтты. — Мынау Кержік су
жаңадан да артық еткізіп береді.
— Қажет емес... Керегі жоқ... — Балта безек қақты.
— Күйеужан, қол қақпа. Өзіңе аққудың көгілдіріндей жиен
қарындасымды қиғанда, екі-үш мыңның салдырағы маған бұйым боп
па? — Барақ ештеңені тыңдамас өзімбілемдікке əбден иек сүйеп
алыпты, бірдеме десе шақылдап дауласа кетуге дайын.
— Жарайды, Бəке, оны кезінде көрерміз, — деп Балта қиялатты.
— Неге кешеуілдетеміз. "Соқыр қылды бір істі, алла оңғарсын бұл
істі" деп апыр-топыр тындырғанды сондай жаным сүйеді. Сол себепті
де, Балта шырақ, тойыңа өз машинаңмен баратын боласың. Осыған
"жə!" десейік онда.
Балта құтылу үшін бас изеді.
— Əкел қолды! Қол алысып, серт байласқан аталардың дəстүрін
неге қайталамасқа. — Асылып келіп алақанын ұсынды. Алақанына
Балта алақанын тигізе беріп еді, сарт еткізіп қап, қысып алды.
— Болды! Серттен тайсаң — қанды қанжар, сертті селебе шешеді
түйінді. Ескі салт, жаңа заң да сөз жұтқанды кешірмейді, күйеужан.
Сонымен, Майсара екеуіңнің жаңа жыл қарсаңындағы кеште тойында
отыратын боламыз ғой.
— Жарайды.
— Əй, куəсіңдер ғой? — Серіктері бас изеді. "Коля —Кержіктің де
қазақшасы бар ма?" дегендей Балта қатарындағы сары шашты жирен
жігітке таңдана қарады.
— Қарамай-ақ қой оған. Төбесінің тесігі бар. Бүгінде ымы-жымы
жарасқан адамдардың тілі де жанасып жатады. Ал біз үшін... Бас жаққа
барыспалық депті ғой бір кемеңгер. Сонымен бүгін ресторанды қояйық
десең, күйеужан, оныңды да қабылдадық. Ал, онда, келіп қалдық. Бір
ғана өтініш. Арамыздағы осы əңгімені Майсараға білдіруші болма. Онда
оның көңілі сенен де қалады, менен де қалады. Білем ғой мінезін. Аяқ
астынан қарындасымды өкпелетіп алып жүрмейін.
Машина тоқтады.
— Оу, келіп қаппыз ғой. Ал, Балтажан, сау бол. Майсараға айт,
аяқкиімің жұқалау екен, ауыстырып берсін. Ал, сау бол.
"Волга" дəл подъездің алдына тоқтаған екен, "адресті де біледі.
Майсараға келіп жүреді екен-ау!" деп Балта қақаған аяздан ба, əлде
басқа бір себебі болды ма, ұзын мойнын ішіне тартып, құныса қалды.
Бір аптадан кейін телефон соғып, Барақ Балтаны "Тұлпар"
магазинінің қасында кездесуге шақырды. Сылтауратуға қаратқан жоқ,
"Екі өкпеңді қолыңа ұстап, тез жет!" — деді де, трубканы тастай салды.
Алматы қысы өткен жылдардағыдай момақансымай биыл декабрь
түсе қаңарына мініп еді, "басқан жерін сықырлатып" əлі күшінде тұр.
Бет-аузын қайта-қайта уқалап, қаптаған "Жигули", "Волга",
"Москвичтердің" арасымен келе жатқан Балтаны Барақтың дəл
қасынан шыққан дауысы селк еткізді. Сұр "Волганың" есігі сарт
ашылды да, Балтаны жұтып жіберді.
— Əй, күйеужан, күйеужан! Өзің сондай тоңғақ екенсің. Жасыңа
жетпей жатып бар жылуыңнан айрылсаң, не боласың! — Қарқ-қарқ
күлген Барақты Күржік пен Кержік-Коля шиқ-шиқ күлісіп, қоштаған
реуіш танытты.
— Былай, Балта. Мə, мынау екі жарым мың сом. Қазір мына Күржік
екеуің бір адамға барып, оның ВАЗ-2101" марқалы машинасын анау
магазин арқылы осы ақшаға сатып аласыңдар. Комиссионныйын да,
басқасын да Күржік өзі сенсіз тындырады. Ал, күйеужан, мен уəдемде
тұрдым. Сен де шегініп кетпе.
Алақаныңдағы ақша от боп қарып барады. Балта терлеп кетті.
— Бəке, мен мұншама ақшаны... Қалай алам? Не деп алам?.. Қарыз
болған күнде де жуық арада өтеуге, қайтаруға мүмкіндік...
Барақ қолын сермеп, кимелеп кетті.
— Əй, қаспақшыл қазақ-ай! Аузыңа қаймақ салсам да жүрегің
айниды-ау! Туыс-жегжат адамдардың арасында жорға мен дорба
қатынамаушы ма еді. Бүгінгінің жорғасы — "Жигули" болса, тіфу
дейтін түкірігімнің бəсіне татымайтын азынаулақ тиын-тебенді сенің
мойнына қарыз етіп қарғыбаулап қояды деп педің мені. Өйтіп адамды
бекерге ренжітпе, күйеужан.
— Əй, білмеймін. Сіздікі, Бəке, "бүк түссе де менікі, шік түссе де
менікі" деген əндемді баланың əлімжетілігіне ұқсап барады-ау, —
дегенде Барақтың күлкісі машинаның ішіне симай кетті.
Күржік тысқа шыққанда Балтаның қолына шоферлық куəлігін
ұстатты. Фотосы, мөрі, бəрі орын-орнында. Балта еріксіз бас шайқады.
Бір сағаттан кейін екі жарым-ақ мыңға сатып алған "жигулиінің"
ішінде отырды.
— Əлгінде анау кісі... машинаның бұрынғы иесі неге шырылдады?
— деп Балта рульдегі Күржікке бұрылды.
Күржік шиқ-шиқ күлкісін қайталады.
— Ол шырылдамағанда мен шырылдаймын ба? Барақ, Бəкең оған
магазин бағасынан бөлек үстеме үш мың сом бермек болған.
— Иə!
— Үш мың сомды берсе, Бəкең Барақ бола ма?
— Сонда анау адам ала алмады ғой.
— Иə. Машинасын магазин арқылы заңды бағасына сатты, бітті. Сот
та, милиция да ештеңе істей алмайды. И то Бəкеңді бəрі сыйлайды. О-ого, Бəкең керемет адам! Ал сен Бəкеңді білмейсің...
"Иə, білмеймін. Менің білмейтінім көп. Тым көп. Барақты білмеймін.
Барақ түгіл əлі күнге шейін қасымда жатқан Майсараны да ұға қойғам
жоқ. Барақты білмейсің деп қиналады. Оны неге білуім керек? Оу,
білмегендіктен мынау былығына ұрынып қалмадым ба? "Бұл не
қылған батпан құйрық, тегіннен тегін жатқан құйрық?" десем, осындай
кілтипаны бар екен де"?
— Ал, Күржік...
— Мен Күржік емеспін! — Шофердың даусы өктем шықты. Мен
Күржік емеспін! Учти! Оны тек Бəкең ғана айта алады. Мен —
Магомедпін!
— Сонда сен де қазақ емеспісің?..
— Сен, Балта, тұп-тура баланың сөзін сөйлейсің. Ал, өзің Москвада
институт бітірген инженерсің. — Магомед кəдімгідей ренжіп қалды. —
Ойлау керек қой.
— Иə, ойлау керек. Қатты ойлау керек... Магомед, мына машинаны
мен алмағанда, сендер оны не істейтін едіңдер?
Магомед қутың-қутың етті.
— Бəкең оны кем дегенде алты мыңға жытырады.
— Сұмдық қой! Милиция қайда қарайды? Тапа-тал түсте қылмыс
жасатып қоя ма сонда?
— Бəкеңді милицияның бəрі біледі. Əрине, қазақтың "майламасаң
арба да жүрмейді" деген мақалы дұрыс. Бəкең кімді қалай майлауға
шебер. — Магомедтің құшыры қанғанда шиқылдайтын əдеті болса
керек шиқ-шиқ етіп рахаттана күлді. — Машина — зверь! Жүйткіп тұр.
Үш күн қасыңда болып, үйретіп шығарам. Бəкең солай тапсырған.
Балтаның ойы ауырлап отыр. Қайда батпақтап бара жатқанын
пайымдамайтын ақымақ емес. "Түбінің қайыры бола қойса, жақсы-ау...
Əй, бірақ... қиналтпай, сенделтпей өздігінен оралып жатқан батпан
құйрықтардың сұрауы болмас деймісің? Пəтер анау... жұбай... иə, енді
жұбай болады ол... Жұбай анау! Машина мынау... Тырнағым
қимылдаған жоқ. "Мың бір түн" ертегісінің оқиғасындай топырлап өзі
келіп жатыр. "Алма иіс, аузыма түспен" мен жүрмін. Тайраңдата берер
ме?.. Əлде қыл тұзақ мойныма түсті ме екен? Heге сезбеймін? Мүмкін
мына тызылдауым соның алғашқы белгісі шығар?.. "Қарыз етіп
қарғыбау тақпаймын" дегенімен, Əй сол Барағы бар болғыр салып-ақ
жіберді ғой бұғалығын. Қай қылуам өтіп еді мынау машинаға тегін
мінетіндей? Гəп бар-ау, гəп бар!"..
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.