Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24

Total number of words is 3955
Total number of unique words is 2377
31.5 of words are in the 2000 most common words
43.6 of words are in the 5000 most common words
51.8 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
жүрген біреу.
— Жоқ, Балта! Мен ешқашанда шатастырмаймын. Адасқан да,
адастыратын да сіз! Ех, Сəуле! Сіз мына кісінің қандай адам екенін
білмейсіз. Білмейсіз! — Қадірбек бұрылып төмен түсіп кетті. Біраздан
соң Сергей де сыртқа шықты.
— Не бітірдің, Қадірбек. Босқа нервіңді бұздың.
— Жоқ. Олай емес, Сережа! Олай емес. Мен жауызға жауызсың дедім.
Бетіне айттым.
— Одан не шықты ал. Балта Мұқатович: "Ой, Қадірбек бауырым,
қателескен екем, жаздым, жаңылдым" деп қайта оралды ма? Жоқ.
Қайта ол одан сайын құтырды.
— Бəрібір ол өзінің жауыз екенін бір адамнан естіді. Біз... біз айта
алмаймыз... айтудан кеткенбіз. Егер бəріміз əрқайсымыз жауызды
жауыз десек арамды арам десек арсызға арсызсың десек олар ойланар
еді. Қорқар еді... Ал біз үндемейміз... Көрсек те, сезсек те — үндемейміз.
Ал маңайымызда біздің үнсіз келісіміміздің арқасында күн сайын
қаншама қылмыс болып жатыр, Сережа. - Қадірбек аяқ астындағы
кесек мұзды теуіп жіберді. — Оның мұрнын бұзу керек!
— Ал, ол сені милицияға ұстап береді.
— Бере берсін.
— Онда не түседі, Қадири? Ол жазықсыз жəбірленген болады. Ал сен
не штраф төлейсің, не кесік аласың.
— Қандай эгоист! Василий Сергеевич... Вася атай əлі... Ал, ол пəтерді
иемденіп алған. Анау атайдың тіпті көңілін де сұрамайды, — деп
Қадірбек ызадан ішіне симай келеді. Алғаш Балтаны туған ағасындай
сыйлайтын. Сол ағасындай адамның қазіргі адамдық қасиетті
табанымен жаныштаған қылығын көргенде шарасыздықтан құр
жыларман халге түсті. — Əй, анау Сəуле! Сондай жап-жас. Балтаны
білмейді. Ішін көрмейді!..
— Жарайды, Кадири. Сен бекер қиналма. Əрине Майсара
Тілеуғариновнаға қиын. Маған əсіресе ол аянышты. Бірақ біз не
істейміз?... — Сергей де тұйыққа тіреліп, бас шайқады. — Біз Василий
Сергеевичке барайық, ə?
— Барамыз! — Қадірбек Сергейдің білегінен ұстай алды. —
Барамыз, Сережа. Адамзат Балта Мұқатовичтан ғана тұрмайды. Біз
атайды... атайдың көңілін жұбатамыз...
Содан екеуі де шешелеріне тамақ пісіртіп бүгін арнайы келіп еді,
қарияның Балтаны іздеген, Балтаны аңсаған көңілін əрі түсінеді, əрі
аяйды.
— Ертең мен оған айтам, — деді Сережа. — Егер ол Василий
Сергеевичті түсінсе, барып тұруы керек. "Əй, ол бармайды. Ол пəтерді
өзіне алып алмақ. Пəтерден айдап шықса!.. Соны кімге айту керек?
Горисполкомға ма? Райисполкомға... əлде домоуправлением ме?
Шіркін қысасқа қысас жасаса ғой сөйтіп. Адам өлейін деп жатыр. Бір,
екі айлық ғұмыры қалған. Ол соған шыдамайды. Шыдамайды".
3
— Сəулетай, паспортың қайда?
— Сумкада. Оны қайтесің, Балта?
— Үндеме, Сəулеш. Қажеті болып тұр. Мен саған, білемісің, Сəулеш,
экстравагантный сюрприз жасаймын. Қане, паспортыңды берші, —
деп Балта Сəуленің паспортын алып алды.
— Ол не сюрприз? — Сəуле кəдімгідей ынтығып тұр.
— Кейін білесің, Сəулеш. Қазір естіп қойсаң, қызығы қалмайды. О-о,
сен, Сəулетай, сұмдық кулинар боларсың, ана жақтан керемет ғажайып
дəмді иіс келіп жатыр ғой мұрынға, — деп Балта танауын
жыбырлатты. Соны көрген Сəуле күліп жіберді.
— Сен, Балта, комик артист сияқтысың құдды бар ғой. Танауың
сөйлеп кетті ғой.
— Танауды сөйлетпеуге еркіне қойдың ба, бүкіл үйді тəтті тағамның
иісі жайлап алып, шегімді тура шұрқыратып барады.
— Əлгі жігіт неге келді? Не айтпақ?
— Əй, ол менің лаборантым. Əкесі – шишка. Содан соң кеудесіне нан
пісетін көкірек. Ішіп алған. Ішіп алған кісі не айтпайды. Ох, Сəулеш,
анау тамағыңды тездетіп түсірмесең — ұлтабарымды бөлінген сөлі
тесіп, жарадар етіп жүрер, — деп Балта Сəулені икемдеп құшақтамақ
болып еді, қыз сытылып шығып кетті.
— Керек емес, Балта. Мен... мен осындайды жақтырмаймын. Біздің
группада қолы жүрдек бір бала бар еді. Əлгіні Асқар тəубесіне келтірді.
— Асқар?! Ол - кім? — Балтаның түсі қуқыл тартты.
— Асқар ма? Ол — группа старостасы. Сондай интеллигент жігіт!
Тұрпайылық пен дөрекілікке төзе алмайды. Группадағылардың бəрі
сыйлайды оны. — Сəуле қыза сөйледі. Көзіне нұр жүгіріп, беті дуылдап
алаулады. — Асқар сондай шыншыл! Ешқашанда өтірік айтпайды. Ой,
анау күйіп барады!
Сəуле асүйге жүгіре жөнелді.
"Асқар дейді. Бұны түптеу керек. Оны Сəулеш жек көрмейтін сияқты.
Өзіңмен тайталас түсетін біреудің болғаны онша тиімді емес. Əй, ол
менімен иық теңестіре алмас. Сəулетайды осы пəтерге тіркетіп алсам...
Оһ, сонан кейін мұртымды балта шабар ма!.. Бір үйдегі екеу, қыз бен
жігіт ерлі-байлы деген сөз. ЗАГС-ке отыру қашпайды. Отырсақ —
отырамыз. Сəуле жас. Əйел болуға лайық. Əрине Майсарадай көрік пен
тұлғаға ие емес. Майсара — ардакүрең ғой нағыз! Онымен де
арақатынасты біржола үзбеу керек. Сəуле — жар болса, Май —
любовница. Несі бар. Бүгінде жұрттың көбі сөйтеді.
Ал, Сəулештің паспортын қалай тіркетуге болады? Магомедпен
кездесу дұрыс шығар. Ол жасайды.
Василий Сергеевич күте тұрар. Жаңа ғана өліп, оң босағаға қойылған
жоқ. Оған бола күйзелудің қажеті жоқ. Туған ұлынан опа көрмегенде,
мен не істей қоям оған. Мен өз шешемді-ақт жарылқап алайын... Əй,
осы парыз, қарыз дейтін пəлелерді кім ойлап тапты екен. Адамның
аяқ-қолын шырмайтын шарттылық қана ғой олар. Мойнына тұзақ боп
түсіп, еңсеңді көтертпей жаныңды жегідей жейді-ау. Тапқанына,
туғанына ғұмыр бойы борышты боп жүргенің. Жануарды... малды неге
көрмейді. Туды, аяқтандырды - бітті. Ешкім ешкімге борышты емес.
Қарыз да емес. Адамдар неге сөйтпейді?".
***
Магомед Балтаның өтінішін зер сала тыңдады. — Сəуле дұрыс қыз,
Балта. Талғамың жаман емес... Ал, мынау тапсырмаңды жасауға
болады... Ал, бірақ шал əлі тірі ғой, ə?
— Тірі... Бірақ рак. Операция жасатам дейді. Операция үстінде кетуі
де мүмкін.
— Тоссақ қайтеді?..
— Неге?
— Тіркету оңай бұл қызды. Пəтерді біржола алып қалу керек
біржола.
— Маған да сонысы қажет, Магомед! — деп Балта ентіге қалды.
— Сондықтан да тоса тұрамыз. Жəне, Балта, оған дейін бір
дөңгелекті дайындай бер.
— Қандай дөңгелек?
Магомед жатып кеп күлді. Көзінің жасын сүрткілеп, қоймай күледі.
— Дөңгелек деп Балта, бір мың сомды айтады. Арада дөңгелектер
домаламаса болмайды. Дөңгелесе-ақ іс бітіп жүре береді.
— Жарайды, Магомед.
— Паспортты маған беріп қой...
Магомедтен шығысымен Балтаны енді бір мың сомның қайғысы
буды. "Қайдан табам? Əрине, Майсара бір мың емес, бірнеше мыңды
лақтырып тастар еді, мынау болашақ құтханамды арамнан түскен
ақшамен былғамайын. Қарызды кімнен алуға болар екен? Бірақ оны
қай кезде өтей алам? Айлық шайлыққа да жетпейді. Сəулемен қосыла
қалсақ -бұрынғы Майсарадағыдай аста-төк тұрмыс көзден бір-бір
ұшады. Жағдай біршама қиындайды...
Əу, апама неге хат жазбаймын? Екі сиырдың бірін сатса, бір мыңды
таппай ма? Баласының қамын жемесе несіне жүреді? Қысылған
кезімде қол ұшын бермесе, анам деп несіне үздігем онда...
Тездетіп хат жазайын... телеграмма берсем ше? Оны да берейін, хат
та жазайын. Əй, ақыл таптым-ау. Бір сиырда не тұр. Қайта шаруасы
жеңілденеді. Түу, басым істеп кетті-ау! Мынау бір сəтімен бітейін деп
тұрған нəрсе болды-ау. Енді шалдың тезірек мүрдем кеткенін тілейін.
Кейде осындай ешкімге керексіз жетім, жесірлердің ілініп-салынып
жүріп алатыны бар. Құдай сондайынан сақтасын.
Сəулетайды кеше бір аймалап сынап көру керек еді. Мысы баса
береді. Əлде тазалықтың өз періштесі болатыны рас па екен? Анау
Асқарын барып көру қажет. Қыстырылып жүрсе, қыстырылмайтындай
қылу дұрыс. Күржік-Коляны неге пайдаланбасқа.
Сəулеш сүйісу біле ме екен? Бояусыз-ақ еріндері қып-қызыл ғой,
қып-қызыл! Сілемді қатырып жүр бəлекей қыз".
***
— Ертең операция жасаймыз. Көңіл күйіңіз қалай, Василий
Сергеевич? — деді қасына бірнеше дəрігерді ертіп ауруларды қарап
жүрген бас дəрігер.
— Көңіл күй өздеріңе байланысты. Жақсы болады деп алдымнан
шырақ тұтатып, сəуле түсіріп қойсаңдар, менен үмітті, менен сенімді
адам табылмайды. Соны өздерің айта аласыңдар ма? — деп Вася атай
бас дəрігердің бетіне сынай қадалды.
— Көңіл күйді көтеріңкі ұстаған дұрыс. Біз бе?.. Сенбесек əрине,
операция жасамас та едік. Жылтыраған шырақ бар-ау, Василий
Сергеевич, тек соны сөндіріп алмасақ. Сенімсіздік дейтін өкпек жел
жаман, — деп түсін бұрып, көрші жігітке қарап кетті. — Сіз, қалайсыз?
Шығуға дайындалып жатырсыз ба? Емнің толық циклын алғансыз.
Василий Сергеевич бас дəрігердің тез бұрылып кетуін өзінше
топшылады. "Əй, əрине, ракты жеңді, жеңіпті, жазыпты дегенді естігем
жоқ. Бұлар, азар болса аурудың бетін сəл бөгер. Бөгесе, басқасын
қайтем. Бөгесін. Ал, алда-жалда... Балтаға айтайын ба... Ол, ол уайымдап
азып бітеді, естісе. Сондай жаны нəзік... Əй, осы қылмыс жасағандай
қуыстанатынын жаман екен. Айту қиын-ау. Қатты жасып қалады
Балтажан. Ол маған, мен оған мықтап бауыр басып кеттік. Майсарамен
бірге тұрса да, күніне бір рет кіріп менің хал-жайымды білмесе көңілі
көншімейтін. Ұлыма хабар бермей-ақ қояйын. Қолы да тимей,
келіншегі де ұрсып, мазасын алар. Несіне əурелеймін. Əйтеуір
немеремді көре алмадым демесем... Танымай да қалармын. Студент. Ең
болмаса суретін салып жіберсе... Тұрып кете алсам... Мүмкін тұрармын.
Бас дəрігер алдамауы тиіс. Шырақ... қалт-құлт жанған əлсіз шырақ.
Менің қазіргі халым да дəл сол шырақ... жел өтіндегі шырақтай ғой.
Пана болар, қалқан болар не бар? Хирургтың скальпелі ме? Қалқан
бола қояр ма екен?
Балтаға қалай айтсам екен? Əй, өз-өзіңнен қуыстанғаның жаман-ау.
Өзіңнен гөрі өзгенің қиналғанын көргің келмейтін адам табиғаты-ай!
Қандай нəзіксің! Қандай қымбатсың! Бір-бірімізді аяу, бір-бірімізді
аялау барда қоғам берік жұмыр жер — жылы бесік алтын ұя боп тұра
береді. Адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі атом, нейтрон
бомбаларынан да құдіретті-ау!
Нотариусқа барғаным жөн болды. Дұрыс жасадым. Əйтпесе... Не
онда. Не мұнда жоқ болар еді.
Бүгін келіп қалар... Білдіргенім абзал шығар. Алдын ала
дайындалып отырар еді. Айтайын. Ауруымның қандай екенін
Балтажаннан жасырмайын".
— Неге бастың дауысын, Серікжан?
— Сіз ұйықтасын деп...
— Көтерші. "Бір бала" тоист "Угай-ай" ғой. Ришат сондай жақсы
айтады, ə! Халық əндеріне, шіркін, не жетсін! — деп Василий Сергеевич
кеудесін көтеріп, əн тыңдауға кірісті.
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
1
Қатира хатты да, телеграмманы да бір-ақ күнде алды. Балтаның
мүлде хабарласпай кеткеніне көнді құлазып, жүрегі сыздап, оңаша
үйде кей түндері танды таңға ұрғызып дөңбекшіп шығатын. Туған
ұлдан торығып, жөн таппай қиналғанда ақылдасар адам болмай
сенделетін. Тас емшегін жібітіп, тар құрсағын кеңітіп еміренткен
Балтасы тістеуік аттай кіржіңдеп ауылдан тұра қашып, сонау
Алматыда əдемі келіншек алып, үн-түнсіз жатып алғанда, Қатира не
істерін білмей қатты дал болған. Адалдығын, жазықсыздығын енді
қанасынан шыққан өз баласына дəлелдеп, шаршап-шалдығуы керек
пе? Сонда мынау кінəмшіл, шамшыл дүниенің қай пұшпағынан
мазасыз Жанына тыныштық табар. Таба алар ма. Жастай жесір қалған
келіншектің тəубəшіл көңілінің жұбанышы — ұлы еді. Қандай бір нəпсі
желігі жас қанын дуылдата тасытып, еркін алса да, бауырына басқан
баласына еміренген мейіріммен өзіне өзі тыйым салушы еді. Енді міне
сол жалғызы өз қолы өз аузына жеткен кезде анасына орынсыз кінə
тағып, ел-жұрттың бетіне қарағысыз етіп кетті.
Хат сөздері жылы екен. Тандыр боп кеудесін күйдірген азабына
"апам-ау, жағдайың қалай? Денсаулығың жақсы ма? Ауырып жүрген
жоқпысың?" сияқты ұлының бұрынғыша елжіреуік тіл қатуы сəуір
жаңбырындай əсер етті. Көзіне жылу, жүзіне нұр жүгірді. Өз күйігіне
өзі өртеніп, өзін өзі қинайтын оңашалықтан əп-сəтте босап, Алматыдан
хаты емес, Балтаның өзі келгендей жадырады.
"Тəуба! Жалғыз емес, ел ішінде отырмын. Бас ауырып, балтыр
сыздағанда ғана демесем, ешкімнен кем емеспін. Тиыннан теңге
үнемдеп, əне, ақыры жалғызды жеткіздім. Əйтеуір, қара шайға күдік
қосып ұрттаудан сақтасын. Қолыңды жылы суға салам деу... — арман
ғой, арман. Арманның да бары жақсы-ау. Күрсінгенмен кеудең
босамаса, жылағанмен жасың таусылмаса, күйбеңдеген тірліктен опа
көрмедім деп қайда безіп кетерсің. Өзіңді өзің жұбатпасаң — алдыартыңнан түгел үңірейіп тұрған қуыс-қуыстан ескен суық ызғар
Жанына жай таптырмас. Далбаса дəмеден бəрібір айырылуға
болмайды. Қыбырлап қыр аса берсең - артта қалған азап алыстай
түсер. Осыған көңіл ұйытайын да. Анау "апалап!" қол созған
жалғызымның қараңдаған көлеңкесі дəтке қуат қой. Назарын неге
төмендетейін. Медет тұтып алақан жайғаны көкірегімді исінтіп сала
бермеді ме. Менен басқа арқасынан қағып, маңдайынан сипар кімі бар.
Садағаң кетейін, Балтажан! Құрбандығың емеспін бе мен. "Апа, айыпқа
бұйырма, қысылып тұрмын" дейді. Жалғызымды айыпқа бұйырардай
маған не бопты. О несі, ей. Сен қысылғаннан кейін маған дүниенің
кеңдігінен не пайда? Жалғанның жалпақтығынан не қайыр? Өмір
сүріп, ауа жұтып жүріп жатқаным сенің арқаң ғой, ұлым. "Орнында бар
оңалардың" бір өтірігі болсайшы. Аумаған əкең болып барасың.
Қабағын кере, жымиып күлгені-ақ керемет. Дəл Мұқат марқұм тіріліп
келгендей елестейді-ау сонда...
Қасқа сиыр енді бұзауламайды. Екі жыл қатарынан қысыр қалды.
Жануар екеш жануар да қартаяды екен, ə. Шуын сыпырып, аузынан
үрлеп, қолда өсірген мал демесем... Əй, Балтажаным қысылмасын..."
Таңертең ерте тұрған Қатира Тұрғанның үйіне тура тартты. "Бір
күнге босатар. Қашанғы демалыссыз салпақтағанымды бір ескермес.
Мақаннан гөрі дұрыстау өзі". Осы сеніммен есікті батылдау қақты.
— Бұл кім? — деген əйел даусы шаңқ етті.
— Ə-ə, Нəзия!.. Мен ғой... Парторгта шаруам боп тұрғаны...— деп бер
жақтан Қатира күмілжіді.
— Таң атпай мазалайды. Əй, колхоз, колхоз! Мəдениеттен де,
өнегеден де, тəртіптен де жұрдайсың-ау! — Нəзия есікті ашып қалды.
Халатын желбегей жамыла салыпты. Іш көйлек кимей ме, мəдениетті,
зиялы қалалықтың салты ма, төсіндегі жəне мықынындағы бір елілері
аппақ денеден бөлектеніп көрініп тұр.
— Сəлеметпісің, Нəзия.
— Шаруаң қандай?
— Тұрекеңе айтсам ба деп ем...
— Тұрекеңсіз болмай ма. Ол шіркінің менен де артылмайды. —
Нəзия еп-ерсі күлді. — Өзің түсіңнен шошығаннан саумысың, Қатира?
Қатира мына бетсіздіктен сасып қалды. Тіл қатуға шамасы жоқ. Сол
кезде Тұрған көрінді.
— Ə, Қатира, сəлəмат па? Бері өт.Табалдырықта тұрып қапсың.
— Түреке...— Даусы қарлығып шықты. Қатира жөткірінді. — Сізде
шаруам боп.
— Таң атпай іздегеніне қарағанда, Түрекесі, өзінде бұйымтайы көп
болса керек. Əй, бірақ... қалжаңды білем ғой сенің, — деп бөксесін
бұлтыңдатқан Нəзия бөлмеге кіріп кетті.
— Қандай шаруа еді? Мына араға отыр.
Қатира құйрық басты. Нəзия кеткен соң сабасына түсті.
— Балтама, балама біраз қаражат керек боп қалған екен. Соған қасқа
сиырды базарға апарсам ба деп... Егер мүмкіндік болса, бүгінге
босатсаңыз... Бір-ақ күн ғой. Балтажан қысылып тұрған соң... — деп
бұрқыраған балапан шашын шəлісінің астына саусақтарымен
тыққыштады. — Өзіңізге сеніп келдім, Түреке...
— Сен былай істе, Қатира. Бүгін Бектемір ауданға барады. Сен өзің
əуреленбей сол Бектемірге тапсыр. Мен айтты де. Асықпасын. Қоңыр
төбелді мінсін, ұшқыр ат ол.
— Ой, рахмет, Түреке! Мұңсыз болыңыз!
Қатира Бектемірдікіне жасқана əрең жақындады.
Сонау Балта келіп-кеткеннен бері Айғанша мен Қатира бірін-бірі
көрмейді. Қазір Қатира Айғаншамен кездесуден тайсақтап келеді.
Бектемір албарда отыр екен. Қатирамен бас изеп амандасты.
— Оу, Қатира-ау, таң атпай неғып жүрсің? — деп көк бомази шұлғау
ораған оң аяғына керзі етігін сұқты.
— Жұмыссыз кісі жүре ме... қасқа сиырды сатам ба деп... Балтажанға
біраз қаражат керек боп қалған екен...
— Қасқа сиырды сатам дейсің, ə. Өзі қанша бұзаулады?
— Он бір бұзаулады ғой. Бұлақ қой жануар! Екі жылдан бері ту.
Қасап қып сойып сатса, мыңнан асырып түсірер еді. Оған қол қысқа.
— Оған уайымдама, Бекторы.
Бектемір Бекторы дегенде Қатира бүкіл денесімен дір етіп,
бригадирге жалт қарады. Бірге оқып, бірге өсіп, енді міне бірге қартая
бастаған құрдастардың жүрек түкпірінде, көңіл қамбасында сақтайтын
жастық шақ белгісіндей естеліктері болады. Əлдебір себеп тұнық ойды
толқытып жібергенде, бұйығып жатқан естелік кеуде түнегіне сəуле
шашып, жүдеген жанды жылытып шыға келеді.
Қатираның жүзіне лезде қан жүгірді, жанарына нұр оралды. Таңғы
шапақтың қарсы ұрған сəулесінде əсем бəден жас кездегідей
құлпырды.
— Бекторы деймісің, Алшағыр?!
— Сен де ұмытпапсың-ау, Қатира.
— Неге ұмытайын. "Перінің қызы Бекторы!" деп Мұқат екеуің мені
алғаш атап едіңдер-ау! — Даусы бəсеңдегенімен ішкі дірілді екпіні
айқын. Күнқақты бетке жылу тепкізіп, "Алшағыр" деген үні баяғы
күміс қоңырау сыңғырындай болмаса да, соның жаңғырығын тірілтті.
Бектемір исінді.
— Алшағыр... ə! Сондағы Алшағырдан, Бекторы, жұрнақ қалды ма
екен? — деп бір құлағы едірейген елтірі құлақшынын сыпырғанда,
тықырлатқан төбесінің ақшыл қылдары тікірейді. Алақанымен басын
бір сипап, Бектемір құлақшынын қайтадан құтты орнына қондыра
салды. Жүзін тайсақтата бұрып, сыздықтата күрсінді.
"Қалай тез қартайып барады. Шашы мүлде ағарып кетіпті.
Қобландыжанның күйігі мүжиді-ау. Құр құлақтары қалқиып қалыпты".
Қатира осы мүсіркеу толы ойының жетегімен бір аттап барып
Бектемірдің иығына қолын төседі. Саусақтары жыбырлап қалып
басылды.
— Жұрнағы несі... Қайта сен бұрынғыдан да мықтысың. Алшағыры
өзімен кетсін. Сен бізге Қара қасқа атты Қамбардайсың, Бектемір-ау.
Бригадирдің тұлабойы оқыс дір етті. Көзден гөрі денесі осал екен.
Соны сездірмеуге тырысты ма, назарын тіктеді. Қатираның жүзіне
қарап тұрып, ыржиып күліп жіберді.
— Əй, Қатира! Сенің бойжеткен кездегі сыршылдығың қалмапты
əлі. Тез əуесқойлана қалатын мінезің керім еді!.. — Бектемір көшенің
арғы бетінен қараңдаған əлдекімдерді көріп қалды. — Сен, қасқа
сиырды дəл қазір маған əкеліп бер. Базарға өзім апарам. Бəрібір
ауданға жүрейін деп отырмын.
— Білем. Кешке дейін асықпауыңа болады.
— Қайдан білесің?
— Тұрған айтты. Саған қоңыртөбел атты мінсін деді.
— Қоңыртөбелге мінсем, ракетаңа да пысқырам ба, — деп Бектемір
көңілденді.
— Əй, сиыр шіркін жетекке жүрер ме... Тартыншақтап əбден
қажытпаса өзіңді, — деп Қатира қипақтады.
— Ой, атты адам шаршайды деп... Əй, Қатираш- ай! Сен онда
сиырыңды алып шыға бер, тез жүріп кетейін. Зілман қасапшы сойыс
малы көбейіп кетсе, бұлданып бітеді.
Қатира қуанып кетті.
— Өлəй, Бектемір! Сонда қасап қылмақсың ба?
— Иə.
— Уай, мұңсыз бол, құрдас! Алпамысыңның қызығын көр. Айғаншаң
алақанында ұстасын. Екі дүниеде де бақытты бол! — деп Қатира риза
көңілінің алғысын жеткізе алмай ентігіп тұр.
— Біздің кластың мықты атеисі сен емес пе едің, Бекторы. Тағы
қандай батаң бар? Айтып қал, күнде мұндай мейірімің түсе бермес,
Бекторы.
"Бекторы" түсінді де жымиды. Күреңткен екі беттің ұшындағы
шұңқыры сəл білінді. Сол-ақ екен Бектемір кеудесіне жылу құйылды.
Жаны жадырап, əсем күйге бөкті. Жауыз жанның əлдекімге жамандық
жасап, қыбы қана масайрайтын мейрімсіздігі болады. Ал ізгі адамның
үндес, тілектес қайырымдылықтан лəззат алып, бар болмысымен
жаңғыра түлейтіні жəне ақиқат.
Қасқа сиырды Бектемірге жетектетіп жіберіп, сиыр қорасындағы
жас бұзауларға сүт беріп, астын жайлап болып Қатира үйіне қайтты.
Азаннан бері нəр сызбағандықтан ба басының сақинасы ұстады. Үйіне
тақала бергені сол еді, көрші үйдің ауласын бөліп тұрған ағаш шарбағы
гүрс етіп құлады. Состиып тұрып қалған Қатира сəлден соң ес жиды.
Бой созып, көршісі Сүйменқұлды көрді.
— Əй, шырағым, мынауың не? — деп Қатира көршісіне жақындады.
Сүйменқұл қолындағы үшкір күрегіне сүйенді. Басын көтерді. Қос
танауды таңырайтып ілгері созды.
— Бұ кім шырақ деп сызылып қалған?
— Сүйменқұл-ау, не қылғаның?
Сүйменқұл қалтасынан "Беломорын" шығарды. Асықпай бір талын
ерніне қыстырды.
— Қапталдаспа! Қатын шешетін шаруа емес.
— Қарағым, өзіңнің есің дұрыс па? Шарбақты неге құлаттың?
— Құлатсам — орнатам. Жұмысың болмасын, - деп Сүйменқұл
көкшіл түтінді Қатираның бетіне үрледі.
— Жұмысым неге болмайды. Бұл шарбақты марқұм Мұқат өзі
жасаған.
— Мұқат... Мұқат! Немене сенің Мұқатың əулие ме еді сондай-ақ. Сол
Мұқатың колхоз меншігіне кимелеп кіріп кетіп, артық жерді қосып
алған. Сендердің кесіріңнен мен өзі үлесімнен қағылып келіппін, — деп
Сүйменқұл бейпілденіп боқтап салды. Содан соң түсініксіз
бірдемелерді мұрын астынан айтып бұрқылдап тұрды да темекі
тұқылын шиырыа жіберді. Жерде сұлап жатқан ағаш шарбақтан бері
аттап түсті де, шекара сызықтан екі адым ілгері озып, күрек қадады.
— Шырағым Сүйменқұл, не істемексің? Сонда шарбақты біздің
аулаға қарай екі адым ысырмақсың ба? — деді Қатира əлі де сенерсенбес.
— Дəл үстінен түстің. Əділетті сөйтіп орнатам. Жерді иесіне
қайтарам! — деп Сүйменқұл алақанына кезек түкірді.
— Иесі — кім?
— Егесі — мен! Мен! Соншама жыл жамбастап келгендерің жетер.
Енді бір метр түгіл жарты метрді өзгеге билетпеймін,— деп Сүйменқұл
күректі аяқпен басып, қара жерге бойлата батырып жіберді.
— Қарағым Сүйменқұл, жөнге келсеңші. Бізге бұл жерді ауылсовет
өзі бөліп берген. Метрлеген қағазы да бар, — деп Қатира көршісіне
ентелей тақалды. — Жолсыздық жасама, балам. Балтам бəрің бірге өсіп
едіңдер ғой.
— Əй, қатын! Мен саған шырақта, қарақта емеспін! Жəдігейленбе
өйтіп. Қайқай əрі! Жер — менікі. Ауылсоветте, колхоз бастықта солай
деп отыр. — Ырсылдаған Сүйменқұл қаданың орнын тізеден келтіріп
қазып тастады.
— Əй, Сүйменқұл! Сен Қобландыны өлтіріп Мақанға өткеніңді маған
жасай алмайсың. Қолың қан сенің! Жалғызбасты əйел деп əлімжеттік
жасап, тапа тал түсте зорлық жасағаның ба, əдірем қалғыр! — деп
Қатира күрекке жармасты. — Кімді басынбақсың, əй! Мен сонда
сендердің шаңырақ түйелеріңе мініп келіппін бе.
Сүйменқұлдың танауы шуылдап, көзі аларып, түсі өзгеріп кетті.
Қатираның қолын қайыра күректі жұлып алды.
— Ей, қатын! Тағы айтам, қан болмай тұрғаныңда жөніңді тап.
Қаусап тұрған сүйектеріңді жинай алмай қаларсың, — деп ысылдады.
— Неге кетем, ей! Шырағым-ау, өзіңнің есің дұрыс па? Шарбағымды
бір құлатып, жерімді екі қазып, қайдан келген құдай едің, ə! Қане,
қазып көрші, қолында ғана өлейін! — деп күрекке қайтадан
жар¬масты. Сүйменқұл үндеген жоқ, сүзеген бұқаша мойнын
күжірейтіп, дəу жұдырығын əйелдің өңменінен тық еткізе қадады.
Қатира сылқ жығылды. Көзден жас ыршығанда, кеудесінен ыңқыл
атылды.
Сүйменқұл опырылып түскен көршісіне қайрылып қарамастан
екінші шұңқырды қаза бастады. Керзі етіктің табаны күректі қара
жерге бойлата-бойлата сүңгіткенде, əп-сəтте жерошақтай жерді
төңкерді де тастады.
"Өлерменін қаншықтың! Жер менікі" дейді. Бұрын оныкі болса, енді
менікі. Тегін алып отырғам жоқ. Мақанның аузы маған қарай бір
қисайғаннан кейін бұл шешімді жердегі адам түгіл көктегі құдай бұза
алмайды. Жолымды кескестемек. Күрегіме жармаспақ".
Сүйменқұлдың ту сыртынан кенет азынаған ащы дауыс сұңқылдап
қоя берді.
— Уай, жұртым-ау! Көрнеу көзге зарлатып қоясыңдар ма осылай.
Қорлықты Сүйменқұлдан көрдім ғой! Қолы етіме, сөзі сүйегімнен өтті
ғой! Халқым-ау, қайдасың?
Сүйменқұл танаулап қарқ-қарқ күлді.
Шықты бір ел тұтқасы. Халқын шақырады. Жер — бетінен мен
сияқты күнəкарларды жоғалтып жібермек. Ой, хатун, жетті деймін
саған. Шегім түйіліп қалар.
Қатира сап тыйылып, көгеріп отырып қалды. Əр тұстан бір
қараңдаған кісілердің өліп жатса да жанына жоламасын сезді ме,
алақанымен жер тіреп орнынан тұрды. Үстіне жұққан шаң-топырақты
да сүртпестен колхоз басқармасының кеңсесіне қарай ентелей басып
жөнелді. Жол-жөнекей кездескендердің сəлем, сұрағына да жауап
қатуға мұршасы болған жоқ. Іштегі ашулы ыза, ашынтқан кекті өкпе,
қорғалатқан мүсəпірлігі дірілді өксікті алқымына кептеп, алқынтып
келеді. Көз алды бұлдырап табан жолдан басқаны көрмей, екі-үш
сырлас абысын, құрбыларының қасынан қайырылмай өте шықты.
"Мына байғұсқа не болған?"
"Əй, мына асығуы тегін емес! Балтасы аман ба екен?"
"Торпақ сүзді ме, тайып жығылды ма, бишараның етегін қағуға да
шарасы болмаған-ау!"
"Əй, осы тікбақай Қатираның өзінде де бар. Қашан көрсең, басын
қақайтып алып, одан басқа ұрғашы жоқтай-ақ, аспанды төбесімен
тірегендей анау-мынауды менсінбейді", дескен күбір-сыбырды
соңынан ілестіріп, кеңсе ауласына кірді. Еңселі үйдің табалдырығына
жеткенде кеудесіне сескену енді ме, сəл кібіртіктеді. "Қорқам ба? Иə,
қорқам. Мақан сұсымен-ақ қалшылдатады. Ау, сонда көрінгеннің
тепкісін көріп, таяғын жеп, жерімнен тағы айрылып қалам ба?" Осы
қыжыл батылдандырса керек бірінен бірі ауыр бірнеше есікті сартсұрт ашып, атшаптырым кең бөлменің босағасында бір-ақ тоқтады.
Төрге көз салғанда қара креслоның білек қойғышына екі қолының
салмағын түсіре қонжиып отырған Мақанның тышқан көздері бұған
жылтырай тесілді. Басқа қыбыр да, қимыл да білінген жоқ.
Қатираның табаны паркетке желімдей жабысып қалды. Иіні
салбырап, кірпіктері жыпылықтап кетті. Көз жанары күл сепкендей
салқын тартты. Əлгіндегі ашулы ыза да, ашынтқан қорлығы да зымзия жоғалды. Жылан арбаған бозторғайдай анау жылтыраған қос
тесікке назар тіктей алмай бір уыс боп бүрісіп барады.
Кресло шайқалды. Креслоның сықырлаған
жаңғырды. Ыңыранған дауыс көмейде қырналды.
дыбысы
төбеде
— Ал, иə!..
Зейін аударып, ілтипат танытқан белгі де, "Неңмен келдің? Қалай
келдің? Бұйымтайыңды айт!" дейтін бұйрық тіксіну де осы екі
дыбыста екенін мынау босағада талай көз мөлиткен Қатира жақсы
біледі.
— Мəке, жесірді желкелей берсін деген заң бар ма? Қашанғы
қайғыма көме береді? — деп тығылып қалған Қатира еңіреп қоя берді.
"Қандай көрікті, пəтшағар! Əлі нұры таймаған. Дұрыстап киіндіріп
қойса..." деп ойы бұзыла бастаған Мақан алғашқы сесінен айнымай
ақырып жіберді.
— Жөн сөйле, қатын! Сораңды үйінде ағыз! Бұл ара — кеңсе. Көп
созба, уақыт тығыз.
Мақан алдындағы əсем темекі салғыштан қос саусақтың
ұзындығындай жіңішке сигареттің біреуін алып, асықпай тұтатты.
Қырылдай кекіріп, көк түтінді көмейден лек-лек ытқытты.
— Зорлыққа тыйым бола ма? Əлде "бассыз үйдің иті осырақ"
дегендей колхоз мүшесін əркім өзінше билеп, илеп өте бере ме?
— Қысқарта айт! — Кресло сықыры күшейді. Шынашағымен тісін
шұқылаған бастық аяғын ілгері соза шалқалап, майлы шүйдесін
жұмсақ арқалыққа сұлата салды.
— Айтсам, өзіңізден, Мəке, көмек сұрай келдім, — деп Қатира бірер
аттап ілгері озғанын байқап қалып, сасқалақтап тоқтады.
— Кім ол?
— Сүйменқұл ғой тулақтай сабаған... Ұлымнан сəл- ақ үлкен еді. Қол
жұмсағаны-ақ жанымды күйдірді-ау бəрінен бұрын.
— Сен, Қа... қатын, сөзді сапыра бермей, тоқ етеріне көш. Қарап
жүріп тиіспейді ол ешкімге. Колхоздың айтулы маманы.
— Маманнан садаға кетсін ол қаныпезер. Қобландының қаны соның
мойнында. Тапа-тал түсте шарбағымды құлатып, жерімнің жартысын
өз үлесіне қосып алмақ. Тыйыңыз жауызды! Жауыздықты
ауыздықтаңыз!
"Əй, əлі де көз қарықтырады-ау. Көзінің от шашуын қарашы!
Қобландыны əлі дауламақ!"
Мақан екі-үш ырғалып барып, креслосынан əрең босанып, орнынан
тұрды. Езуіндегі темекі тұқылын үш саусағымен іліп алып, кенет
Қатираның бетіне қарай шиырып жіберді.
— Маманды қаралама!
тілдетпеймін! Білгін соны!
Мен
сендей
сайқалдарға
азаматты
Сигарет тұқылынан жасқанып жалт бұрылған Қатира Мақанның
бетіне шаншыла қарап, қанталаған көзі мен қызара бөрткен жүзінен
секем алды. "Mac екен-ау! Əй, бір cay күні болар ма екен? Енді кімге
мұңымды шағам?"
— Мəке, енді не істеймін? Марқұм Мұқат үй салып, шарбақ
орнатқанда Сүйменқұл жалаңбұт жүгіріп жүретін. Колхоз бен
ауылсовет бөліп берген жерге неге таласады ол? — деп бəсеңси сөйлеп
бастықтың көңілін бұрмақ болды.
— Əкеңнен қалған жер емес. Үлес-үлес деп безек қаға берме, сен
сайқал. Қомағай ашқарақ сүмелек Мұқатың кезінде колхоз жерінен
артығымен қосып алған. Əділетсіздікке мен жол бермеймін! — деп
Қатираға жақындады. Төртпақ дененің салмағы аяқ басқан сайын
жалтыраған паркетті сарнатып қоя берді.
— Мəке, сонда сіз... сіз Сүйменқұлды жақтап тұрмысыз? — Кейде
шарасыз халдің ішкі толқыны бетке ұрып, қорғансыз жанды ұяң
мұңмен құлпыртып жіберетіні болады. Дəл қазір Қатира əлгіндегі
түтіккен жүзден айығып, өзгеріп сала беріп еді, Мақан енді мүлде
қызыға қарап қалды. Ашулы сесі жоғалып, жіпсік көздерде өзгеше
жылт тұтанды. "Мынау əйелде еркекті өзіне тартатын құдірет бар.
Қандай көрік! Кермеқастың өзі! "Рахатханаға" апарып біреуге төсеп
бергенше, өзім неге қызығын көрмеймін. Баласы соншама əулие тұтып
еді. Əулие ме, пері ме, əуселесін көрейін. Бір илеп алсам, одан кейін өзі
тіленіп тұрар. Іздегенім осы!" Мақан жалпақ алақанын əйелдің
желкесіне тастап кеп жіберіп, икемдей тартып, Қатираның бетін
кеудесіне басты.
— Өзің əлі де... əлі де тұғырдан тая қоймапсың... Қырық алтыға
шығасың, ə. Сені Бекторы дейді ғой, ə... — Енді екінші қол ту сыртынан
орай жанасып, сығымдай қысып, содан соң тік көтеріп бұрыш жақтағы
диванға ала жөнелді.
— Оу, Мəке, бұныңыз не? — Қатираның булыққан үні мен қоса
аяқтары ғана тыпырлады.
— Шұрқ етпе, Бекторы. Сауабыңды ғана алам. Сүйменқұлды да,
басқасын да аяғыңның астына тастаймын... Кім көрінгенге көңілім
құлап, көзім түсе бермейтінін білгін.
Екеуі де диванға дүрс етіп құлады. Үстінен тау басқандай талықсып
кеткен Қатира жан ұшыра жұлқынды. Бірақ екі қолы темір құрсаудан
босар емес. Тұншыққан демі де, үні де шықпастай. Бір ышқынғанда
кеуде астынан беті босап еді, ысылдай сөйледі.
— СІЗ...СІЗ кімді тəлкек етпексіз. Тұрыңыз! Босатыңыз! Əйтпесе...
— Немене əйтпесе? — деп Мақан қарысып жатып кеңк-кеңк күлді.
— Аттан салам. Абройыңызды босқа айрандай төкпеңіз. Мынауыңыз
— нағыз айуандық! Бастықсыз, коммуниссіз! — деп бұлқынып еді,
қарулы құшақ одан сайын сығымдап, сөлекет қимылын күшейтті.
— Даусың ашуланған сайын əдемілене түседі екен, көгершінім.
Аттанда, аттанда онда. Мүмкін мені саған бүгін тəңірім кездестіріп
тұрған шығар, сұлуым. Бастықсың дейсің, ə. Əу, бастықта аусар,
коммунисте желік пен сезім болмайды деп саған кім айтты?
Тыпырлама, бикешім. Ентігіп тұрған еркектің денсаулығы зораяды.
Манаурап тұрған əйелдің мейманасы тасиды. Шоршыма, қалқашым.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.