Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21

Total number of words is 4003
Total number of unique words is 2338
30.9 of words are in the 2000 most common words
43.9 of words are in the 5000 most common words
51.6 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қарашы!" "Мынау ақшамен біздің көмейімізді бітемек болған ғой!"
"Жыртыңдар! Өртеңдер!" "Жо-жоқ! Жыртпаңдар - айғақ бұл, айғақ!"
деп қыздар гу-гу. — Хайролла Балтаға бұрылды. — Балтажан, көп
сөйлеп жібердім бе, тамағым құрғап кетті... сəл тамызып қоясың ба
мынадан... Келінжан, өзіңмен де дұрыстап сөйлесе алмай жатырмын.
Аяқ астынан Гүлбаданды ұзатамыз деп өстіп жұмысты боп
қалғанымыз. — Балта ұстатқан Рюмканы аузын кең ашып, көмейге
бірден төңкере салды. — Содан, Мəке, ақшаны қаттап жинап, санап, акт
жасады. Өздері шетінен пысық. Əйтеуір Рысты екеумізге тиіекен жоқ.
Күйеубалада сиық қалмады. Алба-жұлба. Ойма тазы керемет терлейді
екен.
— Əй, Хайролла, малтаңды қашанғы езесің! – Мақан өзін əрең-əрең
тежеп отырғанын Балта сезді. Бірақ ішінен "шоқ, шоқ!" деп отыр.
Қобландының Гүлбаданды сүйетінін білмейтін. Мына Хайролладан
естігені көп жайдың бетін ашқандай болды. Қобланды өлімінің бас
себебі — екеуінің, Гүлбадан мен Қобландының қосылған көңілдерінде
жатқан боп шықты. Мақан — үлкен есеп, мықты шешімнің адамы.
Мəпелеп өсірген қызын ауылдың қарабайыр механизаторына
ұстатпайды. Негізді, текті, мықты араның ең болмағанда бір есегіне
қосақтайды. "Күйеубала" — сондай биік астаудың иесі. Ендеше
Мақанға сол керек. Жатқанынан тұрмасын.
— Апырай, Мəке, сөзімді бөле бердіңіз ғой, — деп Хайролла ренжіді.
— Иə, Мəке, сіздің сөзді бөліп, килігуіңіз көп екен, деді Балта əдейі.
Соны арқа тұтқан Хайролла мүлде есірді.
— Күйеубаланың ойма тазы терлеп, қамыт аяғы дірілдеп, ұсқыны
əбден қашып кетті. Өзі ауру болса керек екі иығынан дем алып,
алқынды да қалды. Көздері меңдуана жеген адамның көзіне ме, əлде
оқалақ тиген сиырдың көзіне ұқсай ма, бұрынғы бадырағы бадырақ па
— құдай басқа бермесін, шарасынан бері ытқып шығып, домалапдомалап түсіп кетердей. Қыздар гу-гу. Ақыры күйеубаланы сорлатып
суық бөлмеге қамап тастады. "Милицияға береміз. Сотқа береміз. Қыз
алып қашпақ. Сүймеген қызды зорлап алып қашпақ" деп бір акт
жасады.
— Гүлбадан қайда? Таптыңдар ма?
— Ойбай-ау, Мəке, Гүлбадан тұрмақ күйеубаладан да айрылып келіп
отырғам жоқ па? Айтпадым ба Гүлбадан ұшты-күйлі жоқ деп. Қыздар
гу-гу. Жөнін айту қайда. Күйеубала құсатып жұлқыласа қайтер едік.
Əйтеуір бізге тиіспеді. Əй, беттері жаман! Күйеубаланы не өлтіріп
қоюы мүмкін, не тарттырып жіберуі мүмкін. Қорқам-ау, Мəке, қорқам,
— деп Хайролла қопаңдап қойды.
Мақан орнынан тұрды. Майсара ізет білдіріп қоса түрегелді... Мақан
Хайроллаға шұқшиды.
— Неғып омалып отырсың?
— Сіз, Мəке, қазақтың əдемі дəстүрлерін сақтағыш едіңіз. Ac
қайыруды ұмыттыңыз. Сонсоң келінжан тұрып ізет көрсетіп еді, оны
да елемей, маған дүрсе қоя бердіңіз. Мен ежелден қолыңыздағы
қолжаулықпын. Бірақ топас қылық көрсете берсек қалалықтар бізден
əбден жериді ғой, — деп Балтаға көзін қысып қойып Хайролла шалқая
түсті.
— Ə, рас, рас! Үбірлі-шүбірлі болыңдар. Дастарқандарыңнан ырыс
кетпесін, жамандық жетпесін. Əумин! — деп асығыс бет сипаған Мақан
Майсараны жіпсік көздерімен ішіп-жеп аймалады. — Келінжан,
алдаразы болсын. Жағың түспей жамандық көрме... Хайролла! Бол енді.
Шалжиып отырысың қалай?
— Мен дайынмын ғой.
— Мəке, тамақ пісіп қалды. Неге асықтыңыз?
— Асықпай... Біз өзі... Дастарқаныңнан дəм таттық қой. Рақмет,
ұлықсат етіңдер... Хайролла, сен немен келдің?
— Таксимен...
— Ол қайда, тұр ма?
— Қараған жоқ. Таксистер — құдай бізге. Менсінбейді.
— Қап! Заказ береміз енді. Телефон бар ма үйде, келінжан.
— Бар ғой, Балта, сен машинаңмен апарып саларсың, — деп Майсара
Балтаға қиыстады.
Балтаның қабағы түсіп кетті. Мақанды бұрын да суқаны сүймейтін.
Манадан құтылғанша асық боп отыр. Майсараның қыстырылмас жерге
қыстырылғанын жақтырған жоқ.
— Жердің түбіндегі стоянкаға бару үшін де такси шақыру керек қой,
Майсара-ау. Соны білмеуші мең.
— Жə! Жүр, Хайролла! Көшеден-ақ ұстаймыз.
Хайролла мынау бөтелкелер самсаған жерден кеткісі келмей,
"құйсаңшы!" дегенді көзі-қабағымен ишараттап Балтаға жапақ-жапақ
қарады. Балта сезе қойды да ыдыстарды толтырды.
— Ал, Хайреке, онда өзіңіз бірдеме деп жіберіңіз.
Хайролла Рюмкасын уыстады.
— Балтажан, келінжан! Ойда жоқта отауларыңның есігін ашып
қалдым. Сондай қуанып отырмын. Ауылымыздың бір үйі, міне,
Алматының төрінде қоныстаныпты. Анау Қатира шешең сенің үй
болғаныңды естігелі сондай қуануда. Сенен басқа оның қандай
қуанышы бар еді.
— Хайролла, қысқарта, қысқарта сөйле! — деп Мақан тықақтады.
— Мəке, мен өзі онсызда сөзге жоқ адам едім. Міне, жаңылып
қалдым... Ə-ə, Қатира шешеңдей жан жоқ! Нағыз азамат ана ғой.
Марқұм Мұқаттың артын сыйлағаны қандай. Ер қадірін құрметтеген
бір əйел сондай-ақ болар. Сен де азамат болдың, Балтажан. Орнында
бар оңалар деген осы. Шаңырақтарың биіктей берсін. Келші, келінжан,
ұялма, соғыстырып, ташлап жіберелік — деп орнынан қопаңдап тұрып
Майсараға Рюмкасын созып, ернеулете тиістірді де, əлгіндегі қимылын
айнытпай қайталап, апандай ашылған ауызға төңкере салды. Содан соң
қимылсыз қалған Балтаға тесірейді.
— Сен неге алмадың, бауырым?
— Хайреке, сіз апамды періште қылып жібердіңіз. Өтірік мақтау —
қылмыс жасырудан да жаман. Менің шешем, қолыңызды көкірегіңізге
басып тұрып адалыңызды айтыңызшы, шынымен ың-шыңсыз өсек
жоқ, таза періште ме? — деп Балта жалынғандай көзден көз айырмады.
Хайролла атып тұрды.
— Əй, Балта бала! Сен... сен ақымақ, Қатираға қара тырнақтай күмəн
келтіретін болсаң, ондай анадан тумай кет!
— Хайролла, тым қызынба... Қысқарта, — деген Мақанға да қолын
сермеп қалғанын Хайролла байқамады.
— Қатирадай адал əйел жоқ. Болмайды! Бұ заманның Қозысы мен
Баяны Мұқат пен Қатира! Қатира тірі Мұқат түгіл өлі Мұқаттың
əруағына шаң жуытпайды. Бүкіл ауыл анаңды əулие тұтатынын сен...
Балта шікірейіп алып білмейсің. Еще Мəскеуде оқығансың! Сен... сен
қағаз кемірген оқымысты, ана сыйламауды қайдан үйреніп жүрсің?
Өткенде келіп алып, Қатираны неге жер қылып кеттің? Əттең
дастарқаныңда отырмын, əйтпесе бар ғой, тілім-тіліміңді шығарар
едім. Сен ақымақ болмасаң қызғаншақ қатынның... Айғаншаның жел
сөзіне сенер ме едің? Ал ол əйелге... ол шүйкебас қатынның қолтығына
су бүріккен біреу бар. Əрине мен Бектемірді ит етінен жек көрем. Шөп
қорыған төбет қой ол. Өзі де жемейді, өзгені де жолатпайды. Ал
Бектемір Мұқат үшін, Қатира үшін жанын да аямайды. Достықты жұрт
дəл сондай қадірлесе... дүниеде иттік қалмас еді. Құй, қане, анауыңнан
сараңданбай! Сен өртеген өзегіме оймақпен болса да у себейін! — деп
ыдысын тосты. Балта коньяктың шынысын Хайролланың қолына
ұстата салды да, орнынан тұрып, мойнын созып, столдың екінші
жағындағы Мақанның дəл төбесінен төніп барды.
— Ал, Мəке, бұған сіз не айтасыз? Сенің шешең ардан безіп
Бектемірмен тамыр боп алды, ауыл түгел үрікті деп құлағымның
құрышын жеп едіңіз əлгінде ғана. Қайыссыңыздыкі рас. Шындықты
қайсыңыз айттыңыз. Сіз бе? Хайрекең бе?
Мақан жүз тайсақтатпады. Төменнен Балтаға қабағын тік серпе
қадалды.
— Мен естігенімді айттым. Естіген құлақта жазық жоқ.
Хайролла қалшылдап кетті.
— Мəке! Мақан! Сен мені құл қылып алдың... Шоқпарың болдым!..
Болып келем. Бірақ Қатираға тіл тигізбе! Сен! Сен екенсің осы
қауесетті таратқан! Ойлаушы ем кім деп? Неге деп? Сен Бектемірді
қаралаймын деп жазықсыз Қатираны жараладың! Сен Мақан!
— Хайролла! Көп іштің. Артық іштің, Хайролла. Енді ішпейсің. Іше
алмайсың, Хайролла! — деді Мақан.
Хайролла сылқ түсті. Əлгінде ғана əділет тілеп шоқ шашқан қара
көздер заматта иесінен сүйек дəметкен иттің көзіндей мөлиді де
қалды.
— Ə, Мəке!.. Артық ішкенім рас енді. Тек сіз тыйым салмаңызшы. Бұ
шіркінсіз бола ма... Бас ауырады дегендей... Не істесеңіз де, Мəке, тек
ішпе деп тыйым салмаңыз!..
Балта орнынан шығып, Мақанның қасына барды.
— Жауыз! Шық! Құрт қараңды, жауыз!
Майсара Балтаның қолына жармасты.
— Қой, Балта! Ұят болады, Бал. Қонақ қой...
— Қонақ емес бұл, жауыз! Қанішер! Қобландыны өлтірткен сен!
Сенсің, жауыз! Сенің бүкіл қылмысыңды білетін ол. Сенің қызыңды
сүйетін ол. Сен қылмысыңды бүркемек болдың. Қобландыны
өлтірттің! Сен қызыңды бергің келмеді. Қобландыны өлтірттің. Адам
қаны мойнында! Шешемді қараладың. Адам ары, анам ары мойнында!
Шық үйімнен, жауыз!
Мақан ысылдады.
— Күші-ік! Балтырымды қанатпақ болдың ғой. Тісіңді түгел
шағармын! — деп Мақан есікке ұмтылды.
Хайролла бүкеңдеп артынан ілесті.
— Əу, Мəке! Қайтесің баланың сөзіне бола бүлініп. Адам сыйлап
көрмеген шіркіндер ненің парқын білуші еді. Оймақпен арақ бергендеақ көңілім шошыған. Өкпе тұратын жер бар ма бұларда...
Мақандар кеткеннен кейін де Балтаның ашуы, реніші біразға дейін
тарқамады.
— Əй, неткен жауыз! Жүзі бүлк етпейді. Туған қызын саудалаған соң
одан не қайыр...
— Босқа таусылма, Бал. Маған Хайрекең мінезі ұнады. Жағымпаз
болса да, жандайшап болса да, бір адалдығы бар. Арын жоғалтпаған. Ал
біз... əй, біз ондай да əрекетке бара алмаспыз-ау. Жалтақтауымыз көп...
"Иə, жалтақтауымыз көп. Хайролла құрлы кейде əділет деп дауыс
көтеруге жарамаймыз. Ол неліктен? Əлде қулық-сұмдықты тым ерте...
тым ерте біліп, сезіп, үйреніп шығатын буынға айналдық па? Бектемір,
Хайроллалардың адалдық дейтін бір елгезек қылы бар жүректерінде.
Біз ондайдан мүлде мақұрымбыз. Есепшіл, пайдашыл, сақ боп
қалыптасқанбыз. Жалаңтөс жауға шабу жат бізге. Əлгінде Мақанға құр
зіркілдеуден басқаға шамам келген жоқ. Əйтпесе шықшыттан бірді
қонжитсам, анамның дақ түскен арын тазартар ма едім. Тіпті анам
үшін де аттандап шыға алмағаным ғой. Майсара дұрыс айтты. Жан
күйттеген, жылы жерге тұмсық тығуға дəніккен ұрпақпыз біздер.
Бізден күрескер шықпайды. Қолы шорқақ, тілі мақау, басы изелгіш,
кеудесі иілгіш жағымпаздармыз. Шетімізден. Ал, бірімізді біріміз
күндегішпіз. Анау неге озып кетті. Мен одан кеммін бе? Маған да
жайлы орын, биік дəреже, жеке машина, дербес хатшы қыз керек. Міне,
бəріміздің күйттейтініміз. Бақастық балалаған заман кеудеде орден
болмаса, баста бедел болмаса сені азамат түгіл адам санатына да
қостырмайды.
Иекпен
нұсқап,
көзбен
ымдап,
сыбырлап
дағдыланғанымыз сондай, дауыс көтерудің не екенін ұмытқанбыз.
Бəрін, бəрін ұмытқанбыз. Ұмытпағанымыз бас қамы".
***
"Күшік қыңсылатып аяғымды жалатпасам ба?"
Дəл осы зұлым тілек Мақанның бүкіл ойын, санасын кернеп алды.
Ендігі жауы — Балта ғана. Бектемірдің жарасы жеңіл. Ол қолдағы
қояны. Көкірегін құрттан да жаман дерт кемірген дімкəс. Тірі өлік.
Көпке ұзамайды. Қатирамен əмпей екен дегенді анау Қобланды өлетін
күні Бектемір Қатира үйінен табылғанын естіген соң өзі таратып
жібергені рас болатын. Өйткені Мақан Айғаншаның қызғаншақ ұрғашы
ғана екенін білетін. Өз үйінде берекесі болмаған еркек еркек емес.
Қарап жүріп жүнжіп кетеді. Бектемір де жүнжісін. Қобландының кегін
қумақ түгіл өз басымен қайғы болсын. Сонда құда да тыныш, құдағи да
тыныш дегенге сайған. Бүгін Балтаны үйіне іздеп келіп, Бектемірді
шешесінің тамыры деп көрсетіп, көзі ашық, үлкен жерде оқыған жігітті
Бектемірден бездіруді көздеген-ді. Оған сенімі де күшті болатын.
Өйткені Балта шешесінен түңіліп, үйіне де қонбай кетіп қалыпты
дегенді естіген. Бектемір мен Балтаны бір-бірінен ажыратса, Мақан
Бектемірдің сағын сындырады, қаруын алады. Одан кейін Бектемір
ағаш оғын мың жерден ата берсін. Мақанның мұрты да қисаймайды.
Жап-жақсы боп иіліп, шеңберленіп келе жатқан түйінді мына Хайролла
ит кесті де жіберді.
"Күшік шəуілдеген болады. Шəуілдетермін айға! Қаңсылатармын
тұмсығыңнан соғып. Қыңсылатып аяғымды жалатармын сонсоң".
Азу тіс егелді. Шықшыт жүгірді. Соны көргенде Хайролланың
мастығы тарқап кетті. Көшеден ағылып жатқан көп машинаның
арасынан бос таксиды қалай тапты, қалай келісті — ол өзіне ғана аян
— Мақанның, Мəкесінің алдына сары "Волганы" көлденеңдете тосты.
Екі-үш квартал шыққанда Мақанның көзіне əлдебір милиционер
шалынды. Жұмыстан қайтып бара жатты ма, əйтеуір жалғыз екен.
— Тоқтата тұрыңызшы, — деп Мақан машинадан түсе сала
милиционерге жетіп барды. Не сөйлескені, не деп келіскені белгісіз,
əйтеуір милиционер Мақанға еріп келіп, таксиге отырды.
Хайролла жымыңдады. "Əй, Мəкем! Басың бас-ау! Милиционер
дікіңдеп жетіп барса, гу-гу қыздар пе бітірсін, ойма таз күйеу бала суық
бөлмесінен сопаң етіп шыға келеді. Əй, азамат! Əй, Мəкем! Бір он
сомды қалтасына тыға салдың-ау!"
Хайролла милиционерді бүйірден түртіп қалды. Анау жалт қарады.
Жалт қараған милиционерге ақырған арақ исі мен қуақы күлкілі көз
қысуын жолдады. Тақалып құлағына жəне сыбырлады:
— Қанша таптың?
— Ə-ə... Сіз массыз, — деді милиционер.
— Маспын, Ал, сен сыбайласымсың! — Сыбырын кеңк-кеңк
күлкімен аяқтады.
— Жайыңа отыр, Хайролла! — деп артына алара бұрылған Мақан
тыйып тастамағанда, қолына оп-оңай мықтап түскен тəртіп қорғағыш
қызметкерді Хайролла біраз əурелейтін еді.
Көп жылаған ба, Рыстының көзі қызарып кетіпті. Мақанға тура
қарауға дəті шыдамай, дəлізде тұрған бес-алты қызға қолын нұсқады.
— Аналар... қызды да құртқан. Күйеубаланы да қамап қойған.
Мақан милиционерге ым қақты. Сол-ақ екен анау дереу түсін
суытып, папкасын ыңғайлап, іске кірісті де кетті.
— Бұл не тəртіпсіздік! Заңсыздық! Совет азаматын прокурордың
санкциясынсыз қамауға сіздерге кім рұхсат етті? Заңсыздық
жасағандарың үшін жазаға тартылатындарыңды білесіңдер ме? Қане,
қайсың ұйымдастырушы болған? Фамилияларыңды атаңдар! Тез!
Қыздар күбір-күбір өзара сөйлесті де, əлдебіреусі бөлменің есігін
ашып, дірілдеген күйеубаланы сыртқа шығарды.
— Біз... ойнап едік. Жезде болған соң...
— "Күйеу атымен күл тасы" демей ме...
— Біздікі қалжың ғой...
— Мынау ақшасы! Үш жүз сом... Түгел.
Ақшаны алып, күйеубаланың алба-жұлба түрін көрген Мақан
милиционерге:
— Акт жасаңыз. Мынау бейбастақтық! Қол жұмсаған. Киімін
жыртқан, — деді.
Милиционер қағазын жая бастады. Хайролла манадан талдырмаш
қылша бел, қарақат көз қызға қызығып тұрған, өндіршектеп шыға
келді.
— Жолдас милиционер! Мынау азаматша бəрінің бастаушысы! Дем
берушісі! — деп əлгі қызды көрсетті. м Осы азаматша! Ешкімді
тыңдамайды өзінен басқа. Алғаш қол жұмсаған да өзі. Мен куəмін ғой!
— Фамилияң кім? — Милиционер рөлін ұмытып, шындап кірісті.
— Мен бе? Ағай... ағай... Мен əлгінде ғана келгем. Бүгін подругамның
туған күні боп... Соның үйінде болғам, — деп қыз жыламсырады.
— Тануын! Сенбеңіз жолдас тергеуші! — деп Хайролла одан сайын
қыт-қыттады.
— Фамилияң кім? — деп милиционер қатайды.
— Менің бе? Ағатай-ау, менің кіргеніме он-ақ минут болды. Мына
ағайды көргенім осы. — Қыз жылап жіберді.
Мақан қолын сермеді.
— Бара бер, қызым. Ал, сендер айтыңдаршы, Гүлбадан қайда?
— Гүлбадан кетіп қалған.
— Кеткенде... шын кетті ағай. Сіздер келді дегенді естіген соң,
осында бір жігіт келіп жүретін өзіне. Гүлбадан сонымен...
Ну что ж, махаббат үшін бəріне баруға болады!
— Жоқ, Бақыт. Гуля, Гүлбадан ол жігітті онша ұнатыңқырамайтын.
Мен білем ғой. Мынау Карлик ностан куда лучше болған соң тайды да
тұрды қол ұстасып! Молодец, Гуля!
— Сүймеген біреуге қосақтар болса, мен де сүйтер едім...
— Сіздер... сіздер еще ата-ана аталасыздар! Балаларыңызды, Гуляны
сатпақ болғансыздар... Сіз Қарабайдан да пасықсыз! Вот менің сізге
айтарым. Жолдас тергеуші, протоколға жазыңыз. И везде и всюду
қайталаймын. Қарабай надан, қараңғы болған. А этот новоявленный
Қарабай занимает руководящий пост, iu-рховодит людьми и играет
судьбой своей собственной дочери. Нағыз феодалсыз! Вот! — Қос
бұрымы тілерсегін соққан бойжеткен Мақанға төніп келіп, жиіркене
қарап тұрды да, Рыстыға бұрылды. — Ал, сіз, Анасыз! Жаныныз
ашымай ма? Мынау жених екі есе үлкен емес пе? Ех сіздер... сіздер.
Гуля жоқ енді əуре болмаңыздар.
Мақан лəм деген жоқ. Гүлбаданды басқа білмесе де өзі біледі. Алған
беттен қайтпайды ол. Жер соқтырған екен ақыры қу қыз. Өкінгенмен
не шара. Мақан бұрылып алды да, есікке қарай бүкеңдеп жүріп кетті.
Бір ғана сəтте кеудесі еңкейіп, жауырыны бүкірейіп шыға келген
күйеуін Рысты қатты аяп кетті. Асыға басып кеп, қолтығынан сүйеді.
— Ұстама! — деді Мақан тістене ысылдап.
Мақанның көрген құқайы бұл ғана емес. Бірақ туған қыздан дəл
осындай опасыздық күтпеп еді. Ашынған, ашуланған жаны қатты
ышқына тулап, көзінен алғаш рет жас ыршытты. Елу жылдай құмыр
кешіп жүріп, белінен басқан дүниеден осындай маңдайдан соғар,
Жанына тиер соққы көрмеп еді. Есеңгіреп қалғандай ес жия алмай
келеді. Іштен шыққан шұбар жылан. Бірақ мойнында өсірген жалғыз
қызы еді ғой. Қалай қиған? Аямаған. Жөнін, жолын білдірмей тайып
тұрған. Күші қайтты ма, сесі азайып əруағы қашқаны ма? Қалаға келсеақ құты қашып, берекесі кететіні қалай? Алдымен анау күшік шəуілдеп
балағына жармасты. Енді мынау қаншық ұйлығып қашып тынған. Ел
бетіне, жұрт көзіне қарағысыз етіп қаралап кеткен. Əлгі шоштақайлар
табалады-ау ең əрісі. Өзімшіл жанның өзгені кінəлайтын əдеті ғой. Кім
білсін
кейбіреулер
өзімен
бірге
тұратын
жақындарының
сүйіспеншілігі мен рақымын таба алмай, қуыс кеудесінің суық
ызғарына өзін де, өзгелерді де тоңғызатын болар. Содан да барып
бала-шағасының ішіндегі бұған деген аяусыз қыжылын, жек көруін
сезіп, сол қатаң кесікті жуып-шаю үшін жұрттың алдында мейрімді һəм
қайырымды болып көрінуге тырысатын болар. Сол үшін өзінде жоқ
жылылықты суық кеуденің аңыраған қуысынан таппақ боп
тыраштанар, мейірім түнемеген жүректен ізгілік іздеп əуреленер.
Кейде тіпті солай көрініп, жақсы аталып та қалар. Бірақ түптің түбінде
əлгі шіркін өз қатыгездігінің шырмауынан құтылмай, жат пен
жақынның бəріне де сырын алдырып, сыртынан жүргізбес сұмырайға
айналар. Содан кейін төңірегін қоршаған тіршілік иесінен тек
жамандық күтіп, опасыздық тосып, ел ішінде отырып та жалғыз қалар.
Жаны құлазып, көңілі суып, кеудедегі қытымыр ызғарды тоңға
айналдырар. Құлазыған жанның қыжылын енді бала-шағадан алуға
жанталасар. Суыған көңіл мен мерез іштің кегін жақын мен жаттан,
көрші мен қолаңнан қайтаруға кірісер. Содан кейін-ақ əйелінің көзінен
жас кетер ме, балалар еркелік дегеннің не екенін білер ме. Көршіқолаң, туыс-жақын салқын қабақ, сатулы қабақ, суық көңілден бас
көтерер ме.
Мақан дəл осындай адам еді. Қазіргі ауырлаған көңіл күйіне Балта
да, Гүлбадан да, қыздар да, бүкіл əлем де кінəлі еді. Аязы қатая
бастаған түнгі қаланың қай тұсына келгенін пайымдағандай кілт
тоқтап жан-жағына қаранды да, артына бұрылды. Соңында үнсіз ілесіп
келе жатқан əйелін, Хайролланы жəне күйеубаланы (енді ол күйеубала
емес, бола алмайды. Өйткені бір қызда екі күйеу болмайды ғой) көрді.
Шытынып күйеу балаға атырына қадалды.
— Сен, шырақ! Такси ұста да үйіңе қайт. Бізді құдалар... Ə-ə...
ағаларың тоспасын. Қайта берсін. Жағдайды білесің. Түсіндіріп айтқын.
Бар.
"Күйеубала" ешкіммен қоштаспастан пальтосының салақтаған
жеңін бір қолымен қыса ұстап, жыртылған балақтан балтыры
ағараңдап көрініп бүкеңдей жөнелді.
"Əй, анаған ақ борықтай Гүлбаданымды қор ете жаздадым-ау!..
Надан екен ғой. Мылқаудан да бетер. Өгіз ғой, өгіз" деп Мақан іштей
жирене ұзатып салды да, енді Хайроллаға тақалып келді.
— Ой, атаңа нəлет! Ой, араққа батыл өлгір! Ой, малғұн! Құдай-ау,
осындай жітікке саяқтардан құтқаратын күнің бола ма бір. Не əжетке,
не қажетке жарамас бұл арақ құяр тірі шөлмектен не қайыр. Не сөзі, не
бөзі, не дұспанымды көрер көзі жоқ. Бəрі сенің кесірің. Анау күшікке де
табалаттың-ау, сен сүмелек!
— Мəкесі, ауыз не демейді, ит не жемейді. Ұрсаң - аузым міне, мінсең
— желкем міне! Көк есекке көп өсектің керегі не, көп есептің керегі не.
Анда-санда бір ақырғанын кешпесең, мықтылығың неге сеп. - Хайролла
"ұсынған басты қылыш кеспесті" əбден тұтынған екен, тағы да сол
тəсілін көлденеңдетті. Мақан бір адамды есек қып тұқыртқанға
кəдімгідей əсерленді де, іштегі кернеуді біраз босатты.
— Рысты! Сендер үйге қайтыңдар. Мен бөлеме кіріп шығам. Мүмкін
сонда қонып қалармын.
— Жарайды, — деді Рысты аман құтылғанына қуанып.
— Мынаған бүгін бір грамм татырма!
— Оу, Мəкесі! Онан да мені қуыр да шыжғыр. Пісір де қайнат! Дəл
мынау жазаңды қайтып ал!
Мақан қараған жоқ. Адымдай басып жүріп кетті.
"Үйінде ме екен? Үйінде шығар. Газеттерде бір жаққа кетті деген
хабар жазылмап еді ғой".
Он бес минуттан кейін тыныш кең көшеге түсіп, төмен аяңдады.
Əне, үйі көрінді. Терезелерінде жарық бар екен. Ешқайда кетпепті.
Кетпесін. Дұрыстап бүгін бір сөйлесер емін-еркін. Бұны тыңдамаса да,
сауылдап қалтасына құйылып жататын ақшасын тыңдар. Бөле
дегенмен кейде жаттан да жаман бөтенсірететіні бар. Қара шалдың бір
қызынан ол туса, бір қызынан бұл туғанын білмейтіндей шіренетінін
қайтерсің. Қабағынан мұз тоңдырып, креслосында шірене шалқайып,
тап бүгін бірінші рет көргендей сыздана қалғанда, кəпірдің мысы баса
ма, қол жетпес биігі жүрек суылдата ма, арқасы мұзда-ап, жауырын
ортасы жыбырлап сала береді-ау. Сол кезде анау қарсы алдында ауыз
кергілеген тірі құдайдың бұны арқалағаны, еркелеткені бəрі-бəрі
ұмытылады. Тек кресломен бірге туғандай, креслоға жабысып
қалғандай құдай-мүсін, мүсін-тəңір ғана көз алдында айдындана
мызғымай отырады-ау.
Мақан шырт еткізіп түкіріп тастады да, милиция постына
жақындады. Сыңғыр еткен қыз күлкісін естіді. "Гүлбадан емес пе?"
Кеудеде күдік оянды. "Бəсе, ол қыз кетпесе керек еді. Ақылды еді ғой
Гүлбадан. Мынау бөлеге келген шығар".
Милиционер алдын кескестеді.
— Тоқтаңыз, азамат!
— Мен ғой бұл, менмін, — деді Мақан милиционерден гөрі оның
тасасында тұрған қызға көбірек мойнын созып.
— Мен деген кім?
Қыз тағы сықылықтады.
— Митя, білмейсің бе, мен деген — "Мен!"
— Сəуле, қоя тұр. Азамат, бұл үйге кіруге болмайды. Ертең келіңіз.
— Неге? Мен бұрын кіретінмін. Мұнда менің туған бөлем тұрады.
Бөлем! — Мақан кеуделеді. — Əу, жолдас, сіз маған дұрыстап қараңыз...
Мен туысы, бөлесі болам.
— Митя, бөлесін кіргізбе деген заң бар ма еді, — деп Сəуле тағы да
күлді. Күлкісі Гүлбаданның күлкісінен аумайды екен. Бірақ Мақан
теткіп қалды. "Əй, күлегеш шіркін! Немеңе жетісесің? Мынау орыс
жігітімен ойнағаныңа мəзбісің? Бұл шіркін үйленсе жақсы, əйтпесе
аунатып, умаждап тастап, тайып тұрса қайтесің. Үйленсе жақсы
деймін. Оның несі жақсы болсын. Онсыз да əр ұлттың ішіне бір сіңіп
кеткен қазақтың басын көбейте алмай, барының өзін қазақша өз
тілінде сөйлете алмай жүргенде, көзін көкшитіп... қазақ туатын
пəтшағар-ау... көзін көкшитіп орыс тауып діңкені құртасың ғой.
Жыртақта, жыртақтай бер. Сен түгіл туған қыздан не опа көріп келем.
Қашып кетті дейді. Кіммен қашты? Қайда қашты? Қай ұлттың
баласымен қашты? Бірін білем бе? Ендеше саған неге қимам қышиды?
Қай қазақ қазір ел намысын жыртып, халық қамын ойлағандай. Бірінбірі көтке түртіп, бірін-бірі жамандаудан алдына жан салар ма. Содан
да ғой, тіпті мына араға да қыдитып көк көз шіркінді қақшитып
қойғаны".
— Сіз, азамат, ұйықтап тұрмысыз? — Дмитрий Серегин Мақанның
иығынан түртті.
— Ə-ə, иə... He?
— Документіңіз бар ма?
— Шырақ, документсіз біздің жақта шөлмек көз бичтер ғана жүреді.
Мə, Документ! Қайыссы керек? — деп Мақан паспортын, облыстық
советке депутаттығының куəлігін, тағы біразын ұсынды.
Серегин паспортты алды да, көз жүгіртіп өтіп, қайтарып берді.
— Бара беріңіз, Байдаулетов жолдас!
— Сен Сəулесің ғой, — деді бұрыла берген Мақан жілт қарап
қазақшалап.
— Иə, Сəулемін.
Сəуле болсаң, дереу қараңды құрт! Ахаху-үхаху түбіңе жетеді.
Орыстың астына жаялық болғаныңды білмей қалма.
— Сіз... сіз... қандай қатыгезсіз. Қатыгезсіз, аға...
— Мен аға емеспін! Аулақ! Мен сендей елден безген бетбақтарға аға
бола алмаймын. Сендейлер, жүзіқара, халқын сататын! Тілін жоятын,
қасиетін қашыратын!
— Аға, мен сізге... сізге не жаздым? — деп Сəуле бетін басып жылап
жіберді де, жүгіре жөнелді.
Митя Серегин айқайлады.
— Сəуле! Не болды? Тоқта!
— Саған да Сəуле керек ə! Қарашы ей, бұған да бізің дастарқаннан
дəм тату керек — деп күңкілдеген Мақан шарбақтың есігінен кіріп
кетті.
Бөлесі үйде екен. Онша қуана қоймаса да кірпіше жиырылған жоқ.
Екеуіне тамақты кабинет бөлмеге оңаша жасатты.
— Жеңгең сырқаттанып жатыр. Ертең таңертең имандасарсың.
Қашан келіп едің? Жай жүрсің бе?
— Ғазеке-ай, бүгінде бос жүріс болушы ма еді? Өзіңіз жақсы көретін
Гүлбаданды ұзатамыз ба деп...
— Пəле! Гүлбадан да бойжетіп қалған ə! Уақыт-ай, уақыт! Зымырап
барасың-ау.
— Сонда қалай, Гүлбадан сіздерге... осы үйге кірмей ме? — деп
Мақан кəдімгідей таңданды.
— Келсе келетін шығар... мен күндіз-түні жұмыстамын. Жеңгесіне
келіп жүретін шығар. Өзім көрмегеніме көп болғанын айтам, — деп
Ғазиз Құлтанович ыңғайсызданып қалды. Ішінен əйелінің кім
көрінгенді (ал Гүлбадан Зұбайда үшін кім көрінген екенін біледі)
жуытпайтынын сезіп отыр. — Құдалар кім? Мықты ма?
— Құда да жоқ, қыз да жоқ, Ғазеке. Бір кеште екеуінен айрылып,
сандалып қалдым. — Мақан тамаққа самарқау ғана қол созды.
"Менсінбейді. Əйелі тіпті амандасуды да көпсінді. Баяғыда жыртық
көйлекпен тəні ағараңдап біздің үйге келін боп түскенде шешемнің бір
қабат киімімен бой жасап еді. Сырқаттана қалыпты. Мынаусы да
тойған мысықтай пырылдайды. Сұмдығы қай тесіктен сығалап тұр
екен? Гүлбаданды есігінен қаратпаған жанға жыл сайын елу мың
сомды ұстатып келдім-ау. Əй, жегенің желкеңнен шығып, жұтқанын
жұмырыңа жұқпағыр! Мені қорғадым, қолпаштадым дейді-ау. Елу
мыңды жыл аралатпай беріп отырайыншы жеті ата тұрмақ жетпіс
атадан қосылмайтын кез келген дөкей əкім туысым боп туымды
көтеріп шыға келсін. Бұл несіне кісімсиді, ей?.. Əкесі əкемнен, шешесі
шешемнен артық па еді? Ең болмаса дастарқанын да дұрыстап жаймай,
өз берекесін өздері қашырып, шошайтып-шошайтып мына
біреусілерін əкеліпті. Ерегіекенде бір-бір асап, табағын босағаға қарай
лақтырып жіберейін бе. Осыны да ел басқарып, үкімет боп отыр деп
сырттай дəріптейміз-ау. Астына тышып қойған баладай манадан əлі
отыр жалпиып. Не жақындық, не ағайыншылық мезіреті жасаса
тағынан ұша ма, аузы қисая ма? Неменеге келдім? Қол жайып, көз сүзіп
келді деп, бəлденеді- ау. Əрине бəлденеді. Негізі болмаса да, билігі бар.
Тексіз болса да пəрмені мықты. Əй, осындай ішмерездерді қайдан
тауып, қалай өсіреді, ə? Мынау бөлем мен түгіл туған əке-шешесіне де
илікпес, елжіремес еді-ау".
— Екеуінен де айрылып қалдым...— Тағы қайталады. Ғазиз
Құлтанович еріксіз сұрауға мəжбүр болды.
— Қалай айрылып жүрсің?
— Өзіңіз ғой Гүлбаданды тегін жерге берме деп... Содан облыстағы
Əлекеңе...
— Əлиханға ма? Ау оның баласы, ұлы бар ма еді? Ой, сол шіркінде ұл
түгіл қыз да жоқ. Бауыры құтсыз сəурік емес пе. Інісіне айттырып
қоймаған соң, қашанғы қасарысам, осы демалыста тойын жасамақ
болып Əлекең бар, інісі бар бəріміз сау етіп келе қалмаймыз ба.
— Ол Əлиханның інісінің əйелі бар еді ғой. Əлихан екеуміз обкомда
істеп жүргенде інісі облфинотделде істейтін. Жасы біразда ғой оның,
— деп Ғазиз Құлтанович ежірейді. — Кейде Мақан, не қабатыныңды да
білмей қаласың-ау.
— Енді қайтейін, бөлем алғаннан басқаны білмейді. Үстімнен арыз
төпелеген жауым қасымнан табылды. Жандəрмен далбаса жасамаса
бола ма. Əйелі өлген, өзі кəртамыс Əлиханның інісі Гүлбаданнан
басқаға көз салмаса, қайда қашып құтылам, — деп Мақан шабуылын
бастады.
— Қысқарта айт, — деп Ғазиз Құлтанович қабақ шытты.
— Қысқарта айтсам, Гүлбадан жер сипатып əлдекіммен қашып
кетіпті. Қайда барды, кімге барды? Құдам кім? Бірін білмеймін. Ол енді
басқа əңгіме, Ғазеке, мені басқа жағдай қинап келді, өзіңізге. Анау
Бектемір деген...
Ғазиз Құлтанович ыңыранды. Домбырасына қол созып алдына
өңгерді. Он саусақ баяу қимылдады. Бипыл əуен бөлмеде тыпырлады.
Сағақтан темен кенет бес саусақ құлындай ойнақтады. Сол-ақ екен
дүлей дауыл серпіні шанақтан шапшып төгілді. Аспандап атылды.
Жартасқа соғылды. Төрт қабырғада атойлаған үн жаңғырды.
Əйнектерде, кітап сөрелерінің шынысында діріл жаңғырды. Мақан
кеудесін өкініш толқыны ұрғылады. Мақан кеудесінде іле өксік
туындады. Дүниенің жалғандығы, дүниенің баянсыздығы, дүниенің
опасыздығы екі ішектің бебеуімен көкірегінде сарнады. Көкірек
сарнағанда жүрек бұлқынды. Қиналды, тулады, өрекпіді. Ақыры
баяулап тыншыды. Сабыр тауып байырқалады. Саусақтар кібіртіктеді.
Майда бипыл бебеуін азайтты. Уілін күшейтті. Кейуананың қоңыр
кештегі немересін əлдилеген мұңлы көйгөйіндей. Таусылмас
уілдеуіндей.
Ғазиз Құлтанович домбырасын іргеге сүйей салды.
— Білем. Оның Мəскеуге де, Орталық комитетке де жазған арызы
қолымда... Көп біледі жазған кісі. Жəне деректері де айғағы да мол.
Дұрыс тексеретін комиссия шықса, шаңыңды бұрқ еткізеді.
Мақан əлгіндегі сесінен айрылып мөлие қарады.
— Ұлында нең бар еді? Өлтірмесе болмас пед?
— Ойбай-ау, бүкіл қылмысымды ақтаратын болмады ма. Іштен
шыққан жау жаман деген рас. Басқа амал қалмады ғой, — деп
шырылдады.
— Бектемірің қандай адам? Орысша оқыған ба?
— Қайдағы. Əкесі отыз жетінші жылы сотталған. Өзі атылып кеткен
ақынның баласымын дейді.
— Арыз мықты жазылған.
— Оны жазған біздің ауылдың осындағы бір шелтірегі. Жесір
əйелдің баласы еді. Бай келіншектің қолына күшік күйеу боп кіріп
алып, болдым-толдым деп қалыпты. "Жаман атқа жол бітсе, Жанына
торсық байлатпас" дегенді айналайын бұрынғылар қалай біліп айтып
кеткен. Қазір жал біткен жаман аттар мүлде көбейіп кетті ғой, — деп
сөз аяғын екіұштылау қайырды.
— Сенің ол жігітіңнің аты Балта емес пе? — деді бөлесінің қызыл
көзденгеніне де мəн бермегенсіп.
— Дəл соның өзі. Кесіп алса қан шықпас безбүйрек! Туған шешесін
көрмей кетпеді ме. Анау Бектемірге жел беріп, арызын жазып жөн
сілтеуші сол! Сол бəлекет! — деп Мақан енді қызынып, Ғазиз
Құлтановичке деген өкпе сызын да ұмытыл, елеуреп сөйлей бастады.
— Ғазеке, осы жігітті ебін тауып тəубесіне бір келтіріп беріңізші.
Əлгінде тіпті өзіме де тіл тигізіп, сүтке тиген күшіктей етті.Сол мінезін
өлсем ұмытармын ба! Өлсем кешермін бе!
Кабинеттің есігі сарт етіп ашылды да, ұзын атлас жапон халатының
етегі шұбатылған Зүбайда жеңгей кіріп келді.
— И-и, тəңір! Шушы қазақлар тозақлада айқайлап сүйлеседи бит.
Бик ғажап миллəтсіңдер!
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.