Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20

Total number of words is 3984
Total number of unique words is 2288
31.6 of words are in the 2000 most common words
44.4 of words are in the 5000 most common words
51.4 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
— Сережа, кешіріңіз сізді Сережа деп жатқанымды.
— Айта беріңіз, Майсара Тілеуғариновна! Əсіресе сіз Сережа дегенде
маған бейіс үні естілгендей сезіледі, — деп апельсиннің мөлтегін
аузына тастап жіберген Сергей рақаттана тамсанды.
— Сережа, дау айтам. Меніңше, адам ештеңені таңдамайды.
Таңдайтын да, талғайтын да тағдыр болса керек. Сірə, тағдырдың
талғамы біздікінен гөрі күштірек сияқты-ау. Ал басқаны бақытты
санайтындардың өздері бақытты ғой деймін, — Майсара көз астымен
Балтаға қарап қойып, фин колбасасы туралған тарелкені Қадірбекке
қарай ысырды. — Тамақ алыңыз.
— Рахмет, жеңеше. Мен айтсам... бақыт — өмірден өз орныңды
тауып, өзіңе де, өзгеге де пайда келтіру. Күйкіліктен арылу. Ондай
бақыт — өнер адамдарында, творчество қайраткерлерінде мол болса
керек — деді Қадірбек.
Балта екі лаборантына əрі сынай, əрі таңырқай қарады. Күнделікті
жұмыс барысында екі жас жігіттің ой-өрісіне, тіршілік болмысына
онша мəн бермейтін.
Қандай интеллектуалдар! Əрқайыссының өз пайымы бар. Өз түйсігі
бар. Жəне соны пікір таласында қорғай алатын пəрменділік
танытатын сияқты. Бірақ Қадірбектің пікіріне өзі келіспей отыр еді.
— Сонда творчество адамдарынан басқаларда шынайы бақыт онша
кездеспейді деймісің, Қадірбек? Қарабайыр жұрт жайылып кеткен
малмен тең болғаны ма?
— Балта аға, мен ондай салыстыруға барғам жоқ. Айтарым,
искусство, яғни көркем өнер — адамзатты тəрбиелеудің бірегей
құралы. Сондықтан да ол қоғам өмірінде, əлеуметтік күресте үлкен
роль атқарады. Ендеше творчество адамдарының жауапкершілігі де
күшті, сол жауапкершіліктен туындайтын бақыты да ерекше, — деп
Қадірбек кенет өзіне қадалып қалған Маргаританы көріп қызарып
кетті.
— Е, жоқ, шырақ! Қателесесің. Искусство — творчество адамының
ішкі жан дүниесінің сəттік күйін, өзіндік "менін" көрсететін əдісі мен
құралы ғана. Басқа түк те емес. Адамзатты тəрбиелейді дейсің. Бoc сөз
ол. Насихат қана ол. Ешқандай шедевр ешқашанда зұлымды мейірбан,
қорқақты батыр еткен емес. Ете алмайды да.
— Сіз... сіз, Балта Мұқатович, адамдарға неге сенімсіз көзбен
қарайсыз? Көзіңізде күдік тұрғандай болатыны қалай? Күдіктің
артында... — Маргарита кібіртіктеп тұрды да, басын сілкіп қалды. —
Күдіктің артында жек көру бар той.
— О-о, Маргарита Батьковна! Мен сізден тап осындай тұтқиыл
шабуылды күтпеп едім, — деп Балта əзілдеген болды.
— Ох, королева Марго! Бас қарқынға! Осылай серме əрқашан! Иə,
адам — құдірет! Ал, жазушы, Балта Мұқатович, құдіреттің құдіреті! Ол
жылатады, жұбатады! Иландырады. Сендіреді! Қадир ибн Беқ сен де
осылай ойлайсың ғой?
— Иə, Сережа.
— Жоқ! Максималист жастар! Максималист достар! Эмоцияға
берілмеңдер. Сендер құдірет санаған отызыншы жылдардың
искусствосы культ машинасының қанды дөңгелегін тоқтата алмаса да,
ең болмаса неге кідіртпеген? Білмейсіңдер. Босқа таласасыңдар. Онда
да, ол кезде де əркім, жаңағы сен, Сережа, сен, Қадірбек құдіреттің
құдіретіне
балаған
жазушыларың,
ақындарың,
артистерің,
суретшілерің көркемөнердегі өз орнын, өз карьерасын ғана ойлаған.
Қазір олар карьеристердің көкесіне айналды. Сережа, сенің тəсіліңмен
дəлелдеп берейін. Себебі ме? Себебі: осы отырған бəріміз "Кіші жерді"
де, "Қайта өрлеуді" де, "Тыңды да" оқыдық. Қандай шығармалар екенін
шамалай аламыз, ə. Ал осыларды жер-көкке сиғызбай мақтайтындар
кім? "Құдіретті" жазушылар! "Құдіретті" творчество қайраткерлері.
Неге мақтайды? Леонид Ильичтың көзіне түскісі келеді. Құлағына
жеткісі келеді. Қазақшаласақ, сый мен сыбаға дəметеді. Ал өнер
осындай саудаға түскен жерде оның Жоғары жауапкершілігінен не
қайыр.
— Е, жоқ, Балта Мұқатович, сіз жекені көппен, көпті тақпен
алмастырмаңыз. Мақтаса, бесі, оны мақтады. Ал анау, мыңдаған
жазушы мүмкін басқаша қарар, басқаша айтар.
— Неге үндемейді онда? Неге шындықты батыл айтпайды? Құдірет
болса неге тайсақтайды? Тайсақтайтындардан құдірет шыққаның
көрдің бе?
— Мүмкін айтып жүрген шығар... — деп Маргарита батылсыздау тіл
қатты. — Білмей, көрмей қалған болармыз. Өзім жазушыларға сенем.
Өйткені қоғамдық пікірді бəрібір солар қалыптастырады.
— Сені, Марго, дұрыс айттың деп қоштауға да болады. Бірақ...
мəселенің түп негізіне үңілер болсақ, онда əр индивидум өзінше ойлап,
өзінше əрекет етуі қажет. Егер əркім дайын ой, дайын пікір, сара
бағытпен қимылдап, сап құрып, қатар түзеп, лек-лек қозғалар болса, ол
тобыр ғана боп қалады. Ал тобырдың табыннан айырмасы шамалы.
Сондықтан əркімнің өз ойы, өз пікірі, өз өресі, өз межесі, өз бағыты
болғаны жөн. Тіпті, керек десеңіз, əркім өзінше күле білсін. Өзінше
жылай білсін. Біреуге ұқсады дегенше индивид жоғалады. Ерекшелік
құриды. Айырмашылық азаяды. Ал мен, құрметті ва гиззатлу
жолдастар осындағы əр индивидтің денсаулығы үшін көтеріп
қоюларыңызды сұраймын, — деп Сергей Рюмкасын көтеріп, Майсараға
ілтипат білдірді. Хрусталь сыңғыры кезек алды да, көмейлерге күрең
қоңыр, аққайран шараптар құйылды.
— Тамақ алыңдар. Рита, сіңлім-ау, түк алмай отырсың ғой. Мынау
қуырылған каштан. Мынау бұзау еті.
Əлде голланд сырын жерсің. Жігіттер, суық қазы жүрекке тимейді.
Əне, Балта құсап асаңдар... — деп Майсара қонақжайлық танытты.
Балта аузындағысын асықпай шайнап отырып, толғап жұтып
жіберді де, шүберек салфеткамен ернін бипаздап сүртті.
— Өз қабығыңды өзің сүйреп өт дейсің, Сережа, ə. Бірақ сен өмірдің
өте күрделілігін ескермей отырсың ғой. Мəселен мына скумбрияны
алайық. Қай жердікі? Шетелдікі! Бұрын осы скумбрия Қара теңіздің
атын əлемге жайған. Неге соңғы он шақты-ақ жылдағы экологиялық
өзгеріс індетке айналып барады? Сол індет Қара теңіздегі балықты
ғана емес, Жер бетіндегі адамзатты да жайлап барады. Сондықтан,
Сережа, сенің өз қабығыңды өзің сүйретіп, өзіңше жылап, өзіңше күл
деуіңе күлкім келеді. Бүкілпланеталық қасірет пен катаклизм алдында
ерекшелік сақталсын деу — шектен шыққан донкихоттық.
— Сонда, Балта Мұқатович, сіздіңше не істеу керек? — деп
Маргарита тесірейді.
— Өмірдің лəззатын татуға ұмтыл, Рита-Маргарита! Дəмдіні татып,
сəндіні ки, Ритуля! Қызықты белшеден кешіп, рахатта ғұмыр өткіз,
Марго!
— Жоқ, Балта Мұқатович! Жоқ! Сіз мына скумбрияны... өзіңіз айтқан
шетелдік скумбрияны қайдан тапқаныңызды, қалай тапқаныңызды
өзіңіз ғана біліңіз. Бізге ол қажет емес. Біз... біз кешіріңіз, катаклизм
бүгін келсе де, ертеңгі күннің əдемілігі үшін, тазалығы үшін,
экологиялық індеттің болмауы үшін күресетін, өзінше жылай білетін,
өзінше күле білетін азаматтары болуға тырысып жүрген жастармыз.
Максималист жастармыз!
Сережа орнынан атып тұрып Маргаританың иығынан бүре ұстай
алды.
— Ай да, Марго! Коммунарка Марго! Жарайсың! Өмірдің мəні
күйкілік емес. Емес, Балта Мұқатович!
Дефицит те, байлық та емес. Өмірдің мəні — қуаныш.
Азаматтығыңды ақтаудың қуанышы. Вот қайда жатыр гəп! Ал, əйтпесе,
қаншама кабинет бар. Қаншама кеңсе бар, мекеме бар! Соларда
қаншама чиновник бар! Кешір, Қадірбек сенің папаң да солардың
ішінде!.. Айтыңдаршы, кімге қажет солар?
Қадірбек қабақ астынан Маргаритаға қарады. Маргарита Сережаға
бейіл қойып бас изеп отыр еді. Қадірбек орнынан көтерілді.
— Менің папам чиновник емес. Мен папамды білем, Сережа. Бірақ ол
да чиновниктерді жаратпайды. Ол: əлгілерді "креслоларына екі
қолымен жабысып қалған арамтамақтар" деп отырады. Кешіріңіз,
Балта Мұқатович, кешіріңіз, Майсара Тілеуғариновна, біз аздап қызып
кетіппіз. Туған күніңізбен құттықтаймыз деп келіп дискуссия жасап
жібердік... Егер рұхсат болса, Майсара тəте, сіздің денсаулығыңыз үшін
деп... сонсоң тұрсақ...
— Иə, иə, Қадір ибн Бек, сен өзіңнің маған орынбасарлығыңды
таныттың. Сол үшін алғыс жариялаймын. Құрметті Майсара
Тілеуғариновна, əр нəрсенің шегі болатыны рас, тіпті махаббаттың да
асқазаны болады. Махаббатты қалпында сақтау үшін оның асқазаның
тықпалап толтырмау керек дегенді бір жерден оқыл едім, артық
кетсек айыл етпеңіз. Гүл нəрлі, əйел əрлі, еркек арлы бол сын деген де
бар. Сізде Майсара Тілеуғариновна, сол үшеуі де — нəр де, əр де, ар да
мол. Осы үш қасиеттің сіздің бойыңызда мəңгі сақталуы үшін! —
Сережа орнынан тұрды. Балта мен Қадірбек иық өсірді. Ыдыстар
ортада түйісті.
..."Еркек арлы болсын" неге айтты? Қалай айтты? Арсызсың дегені
ме? Ана сүті аузынан кеппей жатып ақыл үйретіп, дəріс оқымақ па? Оу,
менің беделіме қарамағаны ма? Қол астымда жүріп осыны айтады.
Көзіме айтады. Сыртымнан не демейді бұлар?" Майсараға көмектесіп
жүрген Балтаның миын шаққан осы ойлар еді. Балтаның үнсіз ойға
шомғанын сезген Майсара қыбырын білдірмейді.
"Көре алмайды. Бұл жұрт не деген қызғаншақ, ə. Қайдан алғаныңды,
қалай алғаныңды білеміз демеді ме. Əрине, өздері қаңсып отырған соң
өзгені күндемегенде қайтеді. Қуам! Ертең... жоқ ертең сенбі. Дүсенбіде
Жарқынға айтып екеуін де айдап шығам... Жарқында да кейінгі кезде
қызғанушылық пайда бола бастағандай. Əрине Майсара кім, оның анау
можан-топай қатыны кім. Майсара періште ғой. Майсараны ешкім
жамандай алмайды. Түр қандай! Мүсін қандай! Əй, мен неге жоламай
кеттім өзіне? Тұлып емеспін, күрек қаным тулайды ғой. Неге
өкпелетем?"
— Май!.. — Даусы сондай елжіреп шықты.
— Не?.. — деген Майсараның қолы дірілдеп, көтере берген
вареньені төгіп ала жаздады.
— Май! Майечкам!
Балта ұмтылып келіп құшақтады да, үлбірек ерінге ернімен
ысылдай қадалды. Майсара оттай жанып, қып-қызыл боп алаулап,
бауырына ып-ыстық боп кіре берді. Ұзақ сүйіс екеуін де еліктіріп
жіберді.
— Жүрші-і, Ма-ай!.. — деді құшағын жазбаған күйі ентіге
сыбырлаған Балта Майсараны икемдей сүйреп.
— Асықпашы, Бал!..
— Болшы-ы, Ма-ай!
3
Жарқын екеуі сөзге келісіп қалды.
— Бұл саған əкеңнің төрі емес тайраңдайтын. Бұл ара — өндіріс
орны. Керек пе, дұрыстап істе. Одан соң, Балта Мұқатович, сен
лаборанттарға əкіреңдеуді қой. Адамның қасиетін аяқ асты
еткізбеймін. Тиме намысына!
— Олар да танауларын көтере бермесін. Қайдағы бір боқмұрындар
кісіні кісі екен демейді.
— Кісі болу керек ол үшін. Лаборантқа мұрын шүйіруді қою керек.
Олар бүгін лаборант, ертең — инженер. Екеуі де сырттан оқиды.
— Маған қашан тақырып тағайындалады? Біреу үшін отқа күйіп, у
жұтқым келмейді, — деп енді Балта қабағын қатты түйіп басқа қырға
көшті.
— Асықпа. Кеше келіп, бүгін бер деуің ертерек... Мұнда кезек деген
бар. Алдымен Сухоруков қорғап алсын. Содан соң саған жол ашылады.
— Сонда мен əлдебіреу үшін жанымды неге қинаймын? Неге өліпөшем? Керек ие, Сухоруковтың өзі "Наташа" сияқты пеш жасасын.
Технологиясын өзі қарастырсын. Ал менің бүкіл еңбегім біреу үшін
кетпесін. Кеткізбеймін.
— Əй, Балта, Балта! Сен қандай жігіт едің. Қандай азамат едің
бұрын! Енді қалай өзгергенсің! Мен сені... бұрынғы Балтаны білмесем,
бұйрық шығартып, жауырыныңнан қағып, босатып қоя берер едім.
Аяймын. Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін табар деген дəмем бар
əлі, — деп Жарқын қинала қабақ шытып, басын шайқады.
— Сіз өйтіп өзіңізді өзіңіз дəмелендірмеңіз босқа. Мен бұрын да,
бүгін де сол баяғы өзіммін. Ал талабым талап. Егер майға дейін маған
диссертация тақырыбы белгіленбесе, сіздің бұйрығыңсыз-ақ шығам да
жүре берем. Аспан асты кең. Кеңқолтық ағалар да жеткілікті. Біреуге
құл, біреуге жалынышты болу жанымды жаралайды. Осыны есіңізге
мықтап түйіп алыңыз, — деді де, Балта кілт бұрылып кабинеттен
шығып кетті.
"Айтқаным жақсы болды. Үндемесең, желкеңе мініп алады. Бірін бірі
ауыздықтап үйренген төресымақтар жүндеуге жақсы жуас түйені
таптым дейді ғой. Жарқындыкі де белгілі тірлік. Сухоруков оның
төртінші
кандидаты
болады.
Сол
төрт
кандидаттың
диссертацияларының басын құрап монография шығарып, докторлық
қорғамақ. Сухоруковқа тездетіп қорғатудың барлық амалын жасайды.
Жарқынның ағасы атақты академик. Ақ дегені алғыс, қара дегені
қарғыс. Соны ту қылып, маған бір шекеден қарамақ. Не біледі өзі?
Ақыл-кеңес бере ала ма маған? Қайдағы берген. Тайыз. Сұмдық тайыз.
Білімі үшінші курстың студентінің білімінің деңгейінде ғана. Кеуде
кергенде керемет. Ағасы отырмасыншы, арты бір-ақ күнде ашылар еді.
Мені ана боқмұрындарға жығып бергені жаныма батады-ау. Ыза
қылғанда Майсараға анау мықтысымен неге таныстыр демеймін осы.
Жығылсаң нардан жығыл деген бар. Қашанғы итшілей берем.
Қолжаулық болмаған нем қалды. Əй, анау шөпжелке Маргарита да
мұрнын шүйіреді. Ойбай-ау, басқа басқа болсын, бұл шошақай қызға не
жоқ. Саусағымды бұлғасам-ақ жетіп келер еді баяғыда. Аяғанымды
неге білмейді-ей. Менен басқа біреу болғанда обалсынып жатпайды,
бауырына басады да, шаруасын тындырады. Ал мен... мен ғана елден
ерек сүю-күюсіз қадам баспайтын. Анау Сəулені де ұмыттым. Ай болды
көрмегеніме. Бəлсінтіп қайтем оны. Бұ шіркіндердің шетінен
əулиемситіндері несі екен, ə.... Мені көргеннің осқырынып тұратын
жыны барын білмеймін... Жоқ. Майсараны көндіруім керек. Анау
құдайымен таныстырсын мені. Бұдан əрі ешкімге қолжаулық бола
алмаймын. Сухоруков кім, мен кім, ə. Қолыма су құюға да жарамайды
ол. Шалбарының құйрығы тесіліп ертеңнен кешке дейін кітапханадан
шықпай, əркімнен бір ұрлап статья жазғаннан басқа білері бар ма?
"Наташаны" кім жасады? Жүзден аса балқыманы кім алғызды? Əртүрлі
режимді технологияны... Жаңа технологияны кім түзеді? Мен! Ал
сонда мен неге қағажу көріп, шеттеп қалуым керек. Менің үлесімді неге
басқа біреу күйсеуі керек. Қазіргі өмір заңы осылай дейді бөрі. Ендеше
менікін емес, мен басқаныкін неге асамаймын? Жауырыныма мен ер
салғызбай, қайта сол ерді басқалардың арқасына мен неге салмаймын?
Ауыздығын қаршылдатып, тізгінмен тұқыртып мен иеге екі өкшемді
өкпесіне қадап қонжиып алмаймын? Қонжиям! Себебі менде сондай
алғырлық бар. Іскерлік мол. Қажыр күшті. Мен көрінгенге көз сүзіп,
қолын жалап, құйрық бұлтаңдатар Сухоруков емеспін. Мен сыбағаның
майлы тұсын берсе қолынан, бермесе жолынан тартып алатындардың
сапынанмын. Бонапарттың: "Солдаттар, сендерде түк жоқ, жауда бəрі
бар!" деген ұраны менің де ұраным. Əзімде жоқты өзгеден алам. Ол
үшін ештеңеден де тайсақтамаймын".
Бəрі өзін өзі қайрау ғана. Əрине көп мықтылардың алдында, тіпті
Барақ емес Магомедтің алдында күмілжіп, жағалатып қана сөйлейтінін
өзі де аңғарады. Соны сезгенде іштей қорланып, күйіп кетеді. Кешке
қатуланып келді.
— Майсара, əбден титықтадым. Өзіңнен төмендер төбеңде
ойнақтағаны жаман екен. Шыдай алар түрім жоқ. Анаусы бір
тұқыртып, мынаусы бір данышпансып өлтірер болды. Қашанғы
итшілеймін. Мені мықтыңмен бір таныстыршы. Аржағын өзім көрем
сонсоң, -деп төте тілек білдірді.
Майсара сылқ түсті. Ғазиз Құлтановичтың ауқымы күшті, тегеуріні
қатты. Тілек те, талап та, қалау да соның тарапынан ғана шығуы тиіс.
Басқалар бас шұлғушы, орындаушы, бармақ жалаушы ғана. Ол
кішірейгенді кісі тұтып, еңкейгенді еркелететін тəңір. Тəңірге талап
қою — қиямет. Түсінер ме? Түсер ме биігінен қатарыңа? Ақыл таппас
ағайынды екінші сонсоң маңына жолатар ма? Қалай айта алады?
Жеткізе алады? Балтаға онша ықыласы ауа қоймаған еді əуелден-ақ.
Енді мүлде тулап, мөңкіп шыға келсе, қайтеміз. "Сырымызды білді.
Құпиямыздың кілтін ұстағандай болды. Көп білгені қауіпті" дегенді
сездірді өткенде. Тайғанақ машинаны қаттырақ сырғанатып жіберсе...
Бұлардан бəрін күтуге болады. Ал, Балта... Қайтадан икемделіп беті
бері қараған көңілін тағы суытып алса, онда мүлде қайрылмай кетеді.
Біржола кетеді. Онда бұл тірліктің несіне қызығады? Несін қимайды?
Айт пен тойдан не қалады?"
Майсараның тоқырап қалғанын Балта өзінше ұғынды. "Əрине,
қатынға күшік күйеу керек. Менің дүрілдегенім бұған қолайсыз. Өз
қолым өз аузыма жетсе, тастап жүре береді дейді ғой. Ол да мүмкін.
Апа қылам ба? Өткелден бір өтіп алсам... Əй, бұ не тірлік біреудің
тағдырын біреудің қолына ұстатып қойған? Жауға жалын, қатынға
жалын — қайда барып оңасың. Əй, қор қылған өмір-ай!"
Жасап қойған дастарқанға қарамай, залға барды да диванға теріс
қарап жатып қалды.
Майсара көп отырды, Көп ойланды. Ақыры Ғазиз Құлтановичтан
қол үзсе де, Балтасынан бір елі ажырамауға бекінді. Бірі ине, бірі жіп —
сабақталған өмір ескіні жамаса да, жаңаны жөргесе де, ажыратпаса,
айырмаса болғаны екеуін.
Майсара залға кіріп Балтаның қасына отырып, иығына бетін төседі.
— Бал!.. Ə, Бал!
— Немене?
— Қай жерде жүрсің? Қай тұсқа барып қалдың?
— Жете алмайсың, əуре болма.
— Өткел салсам ше?
— Онда сөз басқа, Май. — Балта бері аунады. Бері аунады да,
Майсараны ұмар-жұмар бауырына қысты.
— Байқа, Бал! Көпірді сындырып алармын.
— Сынбайды. Сен айтқан соң сынбайды ол, Май. Түу, несіне
Бүлінгем. Ашылды ғой тынысым! Май - сен екенсің сол тынысым!
Барым!
Нəсір-нəсір жаным-ай,
Жаны құрғыр фəни-ай! —
деп əнге басты. Майсара іліп əкетті:
Ине өткеннен жіп өтер,
Бұл жалғанның қызығына кім жетер?
— Біз жетеміз, Май. Біз. Екеуміз жетеміз. Есік қоңырауы безілдеп ала
жөнелді.
Майсара залға тасыр-тұсыр басқан əлдекімді ертіп алып кірді.
— Оу, алыстан ағаң келгенде шалжиып жатысың қалай? Не күтіп алу
жоқ, не қарсы алу жоқ, — деп сызданып кірген Мақан екен. Балта
орнынан тұрып қол ұсынып амандасты.
— Жоғары шығыңыз, Мəке.
— Шығам. Əдейі келген соң асықпаймын. Мынау келін бе? Сəламат
па, келін шырақ. Аяғың құтты болсын, қарақ. Мен мынау Балтаның
ауылдасы болам. Ағасы десе де артық емес. — Жан-жағына сүзіліпсүзіліп көз тастады да, таңдай қақты. — Тұрмыстарың жаман емес
екен. Көрініп тұр. Ауылдан келген соң бір қойды үйтіп əкелу керек еді.
Бүгінде бірдеме көтеріп жүру де қиындап барады. Əй, ақша болса, қой
түгіл одан зорғысы да табылады. Келінжан, мынау отауларыңның
көрімдігі. Базардан таңдап қой сатып алыңдар, — деп Мақан көкала
елу сомдықтың төртеуін пол үстіне бір-бірлеп карта құсатып
тарсылдатып ұрды.
Майсара қып-қызыл боп кетті. Соны көргенде Балтаның "ағасына"
ашуы қозып, ит арқасы құрысты.
— Мəке! Ел өлетін аштық жоқ. Қаладағының қазаны қаңсығыш
дегенді қашан қоясыздар. Есіктен енбей жатып, еңбегімді оярдай
столды дүрс-дүрс тоқпақтағаныңыз қалай. Қоян соямыз ба, қой соямыз
ба — əркімнің еркі өзінде емес пе. Қазанымызға сіз ас салып беріп жүр
ме едіңіз бұрын. Əлде қонақасы тауып бере алмайды деп қорқасыз ба
бізден, — деп Балта зіркілдегенде, бір езуден мысқыл күлкіні бүлк
еткізген Мақан ақшасын жинап алып, қалтасына жытырды.
— Қайтқан малда қайыр бар деген. Оқасы жоқ. Ұсынған қолымды
серпісең, "аға бордан, іні зордан" шығар. Бірақ, Балта шырақ, тез
тасыдың. Мен — өзіңмін. Өзгенің алдында мұндай күйгелектік
жасама.Онда омақа асасың. Келінжан, ұятың бар жан екенің бетіңнің
қызылынан көрініп тұр. Қалада өскен тəріздісің. Бұдан былай ауыл
əдетінен сен де аттама. Қалған көңіл сүйек-саяқпен алданар бұралқы
күшік емес. Соны мықтап ескер, келінжан.
Айтпақшы, Балтажан, шешең күйлі. Сау-саламат. Жағдайы жақсы
деуге да таяу. Осылай жүрерде кіріп шығайын өзіңе қандай бұйымтай
айтар деп бір оқталдым да, тез айныдым. Сенің өз қолың өз аузыңа
жеткенін көрген соң шешең өзінше тірлік өзгеше тірлік бастады.
Келінжанның құлағына алтын сырға, жасырған сыр жатпайтыны
белгілі. Құдайдан жасырмағанды адамнан несін жасырамыз. Қатира
бике Бектемірмен əмпей. Алғаш ауыл боп үрпиісіп қалсақ та, ет
үйренеді екен, қазір кəдімгідей кендігіп кеттік. Тек басқа адам
табылмағандай
анау
Бектемір
итпен
шатасқаны
көңіл
қоңылтақсытады. Нағыз дəукес те, нағыз дінсіз де, нағыз қызылкөз де
қазір ауылымызда сол Бектемір боп тұр бүгінде. "Мұқаттың əруағын
сыйла, бейбастағыңды тый" деп оңаша да, правление мəжілісінде де
айтып көріп едім, содан менімен ұстассын. Үстімнен жазбаған жері
қалмады. Мешкей деген жақсы ат емес. Онда шақырып, мұнда
шақырып мазалағаны аздай, аулымызда күнде тергеу, күнде тексеріс...
— Мақан күрсінді. Сонысынан ұялғандай, серпіліп күлімдеген рай
танытты. — Аққа құдай жақ деген. Адалдығымды арқа тұтам,
Балтажан. Сонда да ішіне қан қатқандай соңыма түсіп алды. Анау
Қобланды құрдасыңды тап бір мен өлтіргендей-ақ бір қоймайды. Əу,
аңға шыққан басқалар, қаңғыған оқ қапыңа тиді деп анықтама жасаған
аудандық комиссия. Сонда бұл Бектемірдің "бүк түссе де менікі, шік
түссе де менікі" деуі қай зорлық... Ə-ə, əркім қышыған жерін қасиды деп
мұңымды шағып кеттім бе. Өзіңді өзімсініп жатқаным ғой. Иə, солай.
Ауыл өзің көргендей. Бəрі орнында. Айтпақшы сен ноябрь тойында
келіп-кетіп едің-ау. Біздің парторг өзіңді көрдім деген. Сен, Балта
шырақ, Тұрғанды бекер кіналағансың. Бекер.
— Оны сізден сұрамаймын, — деп манадан тығылып отырған
Балтаның талағы тарс айрылды. — Тұрғаның да, Тұрғанның əйелі
Нəзияң да бар болсын. Адам қанын жумастан арам қолымен... қанды
қолымен қалай тамақ жейді. Қалай есіреді. Қалай той тойлайды.
— Оу, Балта! Бала екенсің ғой əлі. Дүниеде үш арсыз бар. Ұйқы —
арсыз, күлкі — арсыз, тамақ — арсыз. Соны ескер. Тұрған менікі-ақ
болсын. Нəзияң не?.. Ал Тұрғанның мылтығының оғы тисін-ақ. Бірақ ол
неге кінəлі болмақ? Ақымақ болмаса өзі қайырған аңның өзі өкпе
тұсында оққа кеудесін тосып неге жүреді. Аңшылықтың не екенін
білесің бе өзің? Ол да азарттың бірі. Еркіңді баурап, көзіңді байлап
тастайды. Оның үстіне ажалдың қанды қақпаны құрылып қойса,
Қобланды сол күні шешесінің арқасында отырса да өлер еді. Соны
пайымда, шырақ. Ə-ə, келінжан, рұхсат, рұхсат, бара бер. Ас-суыңа
суыға бер. Кейде есіліп кеткенде байқамай қалатыным бар.
Майсара шығып кетті. Майсараның артынан қысылыпқымтырылмай қызыға қарап қалған "қайынаға" Балтаға бұрылды.
— Жесір келіншек пе еді?
— Кім?
— Əлгі келін ше? Жесір ме еді?
— Жоқ.
— Қалай? Сонда мынаның бəрін күйеусіз өзі жалғыз жинаған ба? Əй,
пысық болар онда. Жөн-жөн, Балта. Тырбаңдағаның дұрыс. Өйтпесе
болмайды бұ заманда. Шаңның арасында көзіңді аша алмай, тұралап
қаласың. Өзі сенен үлкендеу ме, қалай? — Мақанның көздері індете
қадалды.
— Үш жас үлкен...
— Қой, одан көп болар. Əйел шіркіндер отызға дейін оңайлықпен
өңін бермейді... Жə, тұз-дəмдерің жарасса, біз не дейік. Тұра бер.
Шешеңнен енді қайыр жоқ. Ол да өз қызығымен өзі, — деп Мақан
орындығына шалқайды.
— Қоясыз ба, жоқ па? Сүйінші сұрағандайсыз ғой тіпті, — деп
шатынаған Балта атып тұрды. Бұндай тыпыршуларды талай көрген
Мақан айылын да жиған жоқ.
— Отыр! Көргенсіздік жасама. Мен — қонақпын. Қазақ қонағын
құдайдай сыйлаған. Қайта-қайта айтсам, күйгендігімнен айтам. Кешегі
Мұқат досымның атын, орнын жоқтап айтам. Мен сенімен ақымақ боп,
аңғал боп тілімді тістеп сөйлескенде не шығатын еді. Бір шəугім
шайынды онсыз да бересің. Бірақ шындықты жасыр деуің қалай? Анаң
екені рас. Ал сол ана елуге тақалғанда еркексірегені қалай? Бүлінгені
қалай? Соны ойлаймын мен. Соны сенімен бөліскім келеді. Ал, сен
жатып тулайсың. Мен бе екем мекерлік еткен, зинақорлық жасаған.
— Болды! Сізді енді тыңдар шамам жоқ. Доғарыңыз! — деп Балта
қалшылдады. Дəл қазір қасында болса Бектемірді де, шешесін де түтіп
жердей түтігіп алыпты. Мынау жіпсік көзді жерлесін де қолынан
жетектеп, есіктен шығарып жібермек боп тұра беріп, қайта отырды.
— Үйінде темекі тартуға да болмайтын шығар?
— Неге?
— Күлсалғышты көрмей отырмын. — Мақан "Мальборасын"
суырып, Балтаға ұсынды.
— Шекпеймін.
— Жөн. Арақ та ішпейтін шығарсың?
— Сіз мені тергеуге келдіңіз бе осы? — Балта журнал столының
астынан ауыр үлкен хрусталь күлсалғышты əкеліп қойды. Мақан əлгіні
қолына ұстап, салмақтап көрді.
— Ауырын... Күл салуға да қимайды екенсің мынаған... Бекер
тарыласың, Балта, бекер. Темекі тартпасаң, арақ ішпесең, өмірдің қай
қызығын көрдім дейсің. Одан соң ойнап-күлу бар...
Мақан кеңк-кеңк күлді. Көкала түтінді ернінен сақиналата ытқытты.
— Сіздің "Рахатханаңызды" сала алмаймыз бəрібір, деп Балта
қонағының көзіне шаншыла қарады. Жіпсік көздер өткір екен. "Келсең
кел!" дейтін жекпе-жек мінез танытты. Балтаның кірпіктері
жыпылықтады.
— Қолыңнан келсе сен де жаса. Кешегі Салғаралар құрлы жоқсың ба.
Дүниені былғап өт. Жиырма бесті қор қылма. Сұлулардың қасына
жамбастаудан жалықпа...
Майсара жылжымалы стол-арбаны сүйретіп кірді.
— Оу, келінжан, жылдам екенсің... Əу, өздерің мықтысындар ғой, ей.
Мына тағамдар министріңнің дастарқанына да жоламайды... "Варциха"
ма мынау?.. Əй, келінжан, менің дəл осылы жақсы көретінімді
Балтажан айтып қойған-ау өзіңе. Краб, креветки дегендерің көзді
қызықтырып тұра берсін демесең, мына қазы-қарталардың қасында,
бұйым ба. Балтажан, "жаман үйдің қонағы билейді" болып бара ма...
Қане, дөңгелетіп жібер өзің.
Шай жинала бере есік тарсылдады.
— Қоңырауды неге қақпайды, ей... Апырау, қалада да топас жұрт
болады екен-ау. Тоқпақтауы жаман ғой, Балтажан, сен есікті аша
қойшы, — деп Мақан "келінін" қас қағымға болса да оңаша алып
қалғысы келді.
Майсара бірақ оны түсінбеді. Есікке өзі жүгірді.
— Балтаның үйі осы ма? — деген дүңкілдеген дауыс естілді.
— Осы! Жоғары шығыңыз..
Залдың есігінен Хайролла кіріп келді.
— Мəке! Таптым-ау сізді.
Балта орнынан ұшып тұрып, қолын ұмсына ілгері аттады.
— Ассалаумағалайкүм, Хайреке! Танымай қалдыңыз-ау, шамасы.
Əйтпесе, сіз қаланың кейбір топас жұртыңдай емес сияқты едіңіз.
Хайролла жапақ қақты.
— Уағалайкүмсəлам... Ə, байқамай... Балта екенсің ғой...
— Отырыңыз.
Мақан қаһарға мінді.
— Əй, сүмелек! Ел ішінде өспеп пең! Үйге сəлем беріп кіріп,
қоштасып шығатын атаң қазақтың əдемі дəстүрін неге ұмытасың!
Асыр-тасыр жау қуғандай. Мəдениетке қашан жетесіңдер осы?
Сендерді үйрете-үйрете əбден шашым ағаратын болды ғой.
Балта мен Майсара бір-біріне қарап жымың- жымың етісті.
— Шай алыңыз, Хайреке! Мынадан... ə? Онда мен үлкендеуіне
құяйын. Оу, ауылдан бүкіл туыстарым келгенде, Майсара, біз де аздап
ұрттайық, — деп Балта ыдыстарды толтырды. — Қане, Хайреке,
суықтан келдіңіз, тартып жіберіңіз.
Хайролла коньякты көмейіне төңкере салды. Əлгіндегі "үлкен"
ыдысы осы ма дегендей алақан қуысындағы оймақтай Рюмкаға тесіліп
қарап отырды да, Мақанға бұрылды. Сол-ақ екен келген шаруасы есіне
түсті ме, орнынан атып тұрды.
— Ойбай, Мəке! Құрыдық!
— Əй, немене дейсің? — Мақан шатынады.
— Құрыдық, Мəке!
— Есің дұрыс па өзіңнің? "Құры-ды-ыек!" деп құр қылғына
бергенше, айтсаңшы адам құсап.
— Құрыдық дегенде... Мəке-ау... жоқ қой ол... Жоқ!
— Кім?
— Қыз... Қалыңдық!.. — Хайролла бөтелкені өзі алып, стол үстінен
үлкендеу ыдыс іздеді де, таппай фужерге құйды. Фужерді аузына
апарып қылқ-қылқ жұтты. Ернін алақанымен уыстай сүртіп, "жан
шақырды". — Қыз дегенде... өзіміздің Гүлбадан ше... Жоқ!
— Қайда жоқ? Қай жерде жоқ? Неге жоқ? — Мақан дегбірден айрыла
бастаса керек сұрағы тақыл-тұқыл шықты.
— Жоқ болғанда əлгі күйеу бала... — Хайролла ыржиды. — Күйеу
бала дейміз. Менен де үлкен. Мəке, сол өзі сіз құралыптас болар...
— Оттама босқа! Гүлбаданды айт.
— Айтсам, Рысты жеңгей сіздің бұйрығыңыз бойынша күйеу баланы
Гүлбаданға көрсетуге маған апарамыз деді... Апарсақ апарайық деп...
Обшыға келсек қыздар гу-гу. "Күйеу бала мынау ма?" деп біреулері
мазақтап... біреулері жыртыңдап...
— Əй, күйеу баланы қой дедім ғой саған!
Қыздар гу-гу... Ол жерде де Гүлбадан жоқ. Ұшты-күйлі жоқ. Олай
күттік - жоқ. Былай тостық - жоқ, деп Хайролла орнына сылқ отырып,
суық қазының дөңгеленген түйірін аузына тастап жіберді.
- "Олəй күгтік - жоқ, бұлəй тостық — жоқ!" Қайда жоқ? Қашаннан
жоқ? Қайда жүр? Оу, сұрамайсыңдар ма, қос кеңкелес-ау? — Мақан
бүкіл маңғаздануын ұмытып, күйгелектеніп шыға келді.
— Үшеуміз... үш кеңкелеспіз... Күйеу баламен...
— Əй, сенің де, күйеу балаңның да тап қақ шекесін... Ə, келінжан, сен
отыр екенсің ғой... Осыларға адам тұтып бірдеме тапсырсаң,
жасайтындары осы ылғи. Сонда Гүлбадан жатақханада жоқ болып
шықты ғой... Оу, сұрамайсыңдар ма. Мүмкін басқа бөлмелердің бірінде
шығар.
— Сұрадық... кетіп қалған дейді.
— Қайда?
— Оны білмейді. Қыздар гу-гу. Күйеу баланы жабыла қуып, жабыла
мазақтап, "Қыз көретін жігітті біз көрелік" деп... Қыздар гу-гу.
— "Қыздар гу-гу". Ой атаңа нəлет! Содан басқа сөз аузыңа түспей ме
сенің. "Қыздар гу-гу". Олар гуілдемегенде мен гуілдеймін бе. Күйеудің
қойын-қонышын тінткіледі ме? Көрер ем сонан кейін гуілдегендерін.
— Ойбай, Мəке! Жұлмалап өлтіріп қоя жаздады. Күйеу баланы біреуі
олай тартып, біреуі бұлай тартып... Өзіне де сол керек деп мен
болысқам жоқ... Күйеу бала деп... Қайдағы бала? Шашы түсіп, ойма таз
боп қалған... Мұрны картопиядай, өзі бұжыр-бұжыр. Бұқа мойын.
Бадырақ көз. Біздің Қобланжанның садағасы кетсін!..
— Əй, қырт, Қобландың не, ей сенің?
— Пəле, Мəке, сіз білмейді екенсіз ғой. Біздің Гүлбаданжанның
Қобланды дегенде шығарда жаны бөлек еді ғой. Қобланды да
Гүлбадан дегенде ішкен асын жерге қоятын. Əй, не керек... тағдыр
жазбады ғой, — деп түсі өзгеріп, ерні кемсеңдеп Хайролла коньякқа
тағы жармасты. Мақан жұлып алды.
— Көнің кепкір-ау, таң атқалы ішудесің ғой. Жетер! Не болды
сонсоң?
— Күйеу бала ше? Əлгі бұқамойын мыртық...
— Мен саған күйеубаланы қой дедім ғой. Қыз қайда? Гүлбадан
қайда? — деп Мақан шыж-быж болды.
Хайролла екі алақанын жайып Балтаға қарады. Майсараға қарады.
Сонсоң иығын қиқаңдатты.
— Оу, Мəке-ау! Ол сорық дейді мен қырық дейміннің кері болды.
Айтқызбайсыз ғой аузымнан қағып... Əлгі күйеубала ше...
Балта мен Майсара теріс айналып, иықтары селкілдеп, бүйірлері
бүлкілдеп күлкіден өлді де қалды. Бірақ оны естіп те, елең қылып
отырған да Хайролла жоқ. Көрген-білгенін ақтарғанша асық.
— Əлгі күйеубала ше? Соны қыздар жұлмалап, жұлқылап бой
бермей қойды. Қыздар гу-гу... Өздері қандай көп, Мəке. Қыздардың
басы құралғаның көруім сол ғой. Бірінен бірі өткен сұлу. Бірақ
қыздардың ашуланғаны жаман болады екен, Мəке! Сізге өтірік маған
шын əрқайсысы бір-бір қаншырдай атылғанда, күйеубаланың бұтын
бұт, қолын қол қыла ма деп ем, əйтеуір костюмының жеңін жұлып
алып, шалбарының балағын қақ айырып шат-шəлекейін шығарды.
Содан, Мəке, қойны-қонышы дегеніңізден шығады. Күйеубаланың
əлдебір қалтасынан бір бума үш сомдық төгілсін. Шашылсын! Ой-баай! Қыздар одан сайыл гу-гу! "Махаббатты сатып алмақ болған ғой!"
"Бойы бір қарыс, сақалы қырық құлаш шал-шауқанның дəмесін
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.