Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22

Total number of words is 4061
Total number of unique words is 2377
30.8 of words are in the 2000 most common words
44.6 of words are in the 5000 most common words
52.2 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
Ғазиз Құлтанович орнынан қалай атып тұрғаның білмей қалды.
— Оу, Зүбайда ханум! Мынау Мақан ғой. Бөлем ғой! Танымай
жатырсың-ау, ə... Сен аздап сырқаттанып қалған соң... Ə-ə, сəл
дауысымызды қаттырақ шығарып алғанымыз рас... Мақан, Зүбайдахон
өзіңді бик ұнатады, — деп екеуіне кезек-кезек қарап қипақтап қалды.
Мақан Зүбайда ханумнан айылын да жиған жоқ. Тек ішінен: "Əй,
Ғазиз, Ғазиз! Күнің құрсын! Əйелдің уысындағы тірлігіңнің анау
даладағы дардай атағыңнан садағасы кетсін. Əбден бітіпсің ғой, байғұс.
Мынау тік бақай қатынын ерттеп мінген-ақ екен. Енді түсе қоймас" деп
көпе-көрнеу бөлесіне мүсіркеп қарады.
— Шушы қайным бик тəкаппар. Исенбісің, Мақан. Ғазиз, сен, и-и
пақырым, домбырада, мынау одна палка две струныда ойнағансың
бит. Ал менің басым ауыра... — деп Зүбайда жеңгей жақындап келіп
журнал столының бетін аппақ саусағымен сипап өтті. — И-и, скатертни
салмаған!..
— Жеңгей, басыңыз ауырғаны қиын боп қалған екен. Сіз олай-бұлай
боп кетсеңіз, мына бөлемнің күні не болар еді?" Өйтпе, бүйтпе, одна
палка две струны тартпа, қазақни малай булма" дейтін шешесіндей
өбектейтін жаннан айрылып, құрып кетер еді... — деп сəл бөгелді де,
қалтасынан алып, Балта қайтарған төрт елу сомды столға тастай
салды. — Мынау скатертни салмаған айыбымыз үшін, Зүбайда
жеңеше.
Зүбайда күліп, Мақанды арқаға қақты. Еңкейіп барып ақшаны іліп
алды.
— И-и, қайным, бəрекелде! Сен, Мақан, биік мырзасың. И-и жаным,
шушылай уыстап шаша бересің ақшаны. Ғазиз, сен шушы қайныма
коньяк құймағансың бит?
— Рақмет, жеңеше, ішіп жүрміз ғой. Өзіңіз барып, дем алыңыз, — деп
Мақан Зүбайда хануымды иығынан демеп есікке дейін жеткізіп салды.
Ғазиз Құлтанович қайтадан нығыздана қалыпты.
"Ой, порымыңды... Қатынға қабақ көрсете алмай жүріп, қай жерінен
паңданады. Əлгінде ғана əйелінің аяқ сүртетін шүберегі болғанын мен
көрмегендей мына шікіреюі қай шікірею. Əй, тексіз! Қолдан құдірет
жасаймыз-ау!"
— Ғазеке, осы Зүбайда тым еркінсіп бара жатқан жоқ па? "Баланы
жастан, қатынды бастан" деп еркек емессіз бе. Мен — өзіңізбін. Басқа
жерде дəл бүйтсе, не беделіңіз қалады? — деп Мақан намыс жыртты.
— Жə! Сен ауылдық бөспелігіңді салма бұл араға. Шаңыраққа қара!
Кіммен сөйлесіп отырғаныңды біл! — деді Ғазиз Құлтанович зілденіп.
Даусында адамды қарадай қалшылдататын қаталдық па, қатқылдық
па, əйтеуір, ес тұсайтын қуат бар екен. Мақан сүмірейді де қалды. —
Сен Зүбайданың Зайра ханумның туысы екенін білемісің? Білмейсің!
Ендеше, бұдан былай оның алдында тапсынып қыртуыңды қой!
— Солай меді, Ғазеке! Ə-ə, білмеген у ішеді деген осы. Бəсе! Бəсе!
Зүбайда ханумның бойынан бір сес тарағандай болушы еді, Заира
жеңгеміздің жақыны екен-ау. — Мақан шын бас ұрды. "Бөлемнің тасы
өрге қалай домалады десем, осындай бір кілтипаны бар екен-ау. Əй,
əйелдер, əйелдер! Билік бүгінде сендерде ғой. Сендердің адам түсінбес
еріктерінде ғой. Сендерге жағу да оңай, жақпау да оңай. Əй, Ғазиздің
бір ені ішінде екен ғой. Осы уаққа дейін бұл сырды менен неге бүгіп
келді екен? Бүгін неге айтты? Əлде анау тірегінің... а-а-на-ау тəңрінің
мызғымас құдіретіне көзі жетіп, өзінің де кішігірім тəңірге айналғанын
білдіргені ме? Мына нығыздануы соны айғақтағаны ғой. Ендеше мен
неге шаптан түртем. "Бөле, бөлем!" деп емешем құрығанын
жақтырмай, ішінен: "Қап, бəлем!" деп отырмасын. Бүгінде туыс туыс
емес, сыбайластар туыс. Ыңғайына жығыла берейін де".
— Жарайды. Сен əлгінде Балтаны біраз жерге апарып тастадың-ау.
Өйтпесек қазақ боламыз ба. "Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дер.
Өспес елдің баласы бірін-бірі қатын дер". Балта — жаңадан қаулап келе
жатқан өскін. Болашақ кадрымыз. Тамырына балта шап дейсің, Мақан.
Сонда құйрықсыз, шоп-шолақ боп қал деймісің? — Адамға өңменін
тесіп өтердей шаншыла қадалуды үйренгені сондай, Мақанның
ештеңеден қайтпас жүзі бет қарауға шыдамады.
— Оныңызды білмедік қой... Анау Бектемірге қол ұшын бергенге...
— Бектемірге де шұқшия бермегін. Ал, анау арыздарды түгел
жапқызам. Одан қам жеме. Ал, əлгіндегі "қазақ малай, домбырасомбыра" сияқты шолақ пікірлерден аулақ бол. Қазақты сен түзеп, сен
бұза алмайсың. Босқа күйіп кетесің. Сен өзіңнің жасырын фермаңды,
пияз-сиязды ғана біл. Халық қамын сенсіз де жейтіндер табылады.
Мақан шыдай алмады.
— Тіліміз құрып барады ғой. Шүлдірлектер көбейді. Қазақша
мектептерді жауып жатыр, жауып жатыр...
— Жалғыз бізде емес ол тірлік. Украина мен Беларуссияда ұлт
тілінде бір де мектеп жоқ. Отыр ғой ештеңесі құрымай. Ал, сен Мақан,
өзіңше намыс жыртқыш халықшыл болып көрінгенді қалайсың. Сенің
арзан атақ жамылғың келерін мен білмейді деймісің, —деп Ғазиз
тұқырта түспек болып еді, Мақанды түлен түртті. Домбыраны жұлып
алып, құлақ күйін қайырды да белгісіз бір адуын əнді шырқай жөнелді.
Атқам жоқ, мен халқымды ата алмаймын!
Сатқам жоқ, ұлтымды мен сата алмаймын!
Сыртымнан мені біреу "сатқын!" десе,
Көрімде тыныш ұйықтап жата алмаймын!
Домбыра буырқанды. Əн кек қайрады. Жаралы жүректің семсердей
сертін айтты. Лапылдап жанып, өртеніп күйіп айтты. Содан соң
домбыра тыншып, он тыйылды.
Ғазиз Құлтанович Мақанның білегінен ұстай алды.
— Қайдан білесің? Кімнен естідің?
— Бұл əн — Бектемірдің əкесінікі. Əлгі репрессияға ұшыраған
ақынның соңғы əні. Соңғы сөзі екен! Біздің ауылдағылар тегіс айтады.
Шіркін мықты ақын ғой! Соларды түртпектеп, соларды қаралаған біз,
қазақ, қайдан оңармыз.
— Не деп оттап отырсың!? Не былшылдайсың сен?! Қайдағы бір
заржақ үшін жаны ауыра қалыпты. Еще бүкіл қазаққа тіл тигізесің. Əй,
сен кімсің сондай-ақ? — деп қалш-қалш еткен Ғазиз Құлтановичты
көргенде Мақанның құты қашып, едірейген құлағының ұшына дейін
бозарып бара жатты.
— Не оттайын, Ғазеке?.. Осы əнді бүкіл ауыл, аудан айтқан соң...
жаман ақын болса, кітабын қайта-қайта шығарып... мектепте оқыта ма?
Анау жаман Бектемірдің содан туғанына қорланам. "Қасқа айғырдың
құлыны қасқа тумаса да төбел туар" деп... Негізіне тартпаған... Ə-ə,
оттамай қалайын, — деп Мақан сасқалақтады.
Мына алақтаған бөлесіне орынсыз киліккенін сезді ме, Ғазиз
Құлтановичтың дауыс екпіні бəсеңдеп шықты.
— Бектемірдің əкесі де... Сотқарлығы қайдан десем, түбі тереңде
жатыр екен-ау. — Ғазиз Мақанға сығалай сынай қарады. Ананың дəл
қазір бар қулық-сұмдықтан айрылып қалып, дел-сал отырғанын
байқап, қыбы қанды. — Сен, Мақан, Бектемірдің соңыңа мықтап түсіп
алғанын сезесің.
— Оу, сезгеніңіз не, білем! Ол сұмырай аянбайды. Аямайды. Бүкіл
қалған ғұмырын мені əшкерелеуге... сізді əшкерелеуге салады. —
"Сізді" қасақана қосып айтты. Ғазиз Құлтановичтың жүзі жыбырлап
кетті... "Ə, қорқамысың! Құдайға да жан керек екен,ə!"
— Маған не деп тиседі ол?
— Сіздің менімен бөле екеніңізді білсе... — Мақан қипақтады.
"Жатқан жыланның құйрығын басып нем бар еді?" — Ол қарап жүрген
адамға тісінің қанын жағып жүретін дəукес емес пе...
— Бектемірдің əкесін білетін, сыйлайтын азаматтар көп. Соларға
арқа сүйесе, Мақан, сен су түбіне кеттім дей бер. Онда менің де шамам
келмейді.
Мақанның көзі бақырайды. Иегі босап қайтып, босап қайтып өксіген
баланың түріне ұқсап қоя берді.
— Ға-ға-а-зе-ке! Сонда мені су түбіне батырып қойып қол қусырып
отыра бересіз бе, — деп Мақан енді түгін бетіне шаншып, түтігіп алды.
"Жалғыз кетпеспін! Ала кетермін талайыңды құрдымға!" дегені
шатынаған көздерден білінді.
"Əй, мынау қайтеді? Тұп-тура адамға шабатын көкжалдың
қарасындай екен!" деген шұғыл ойдан сескенген Ғазиз Құлтанович
жанарынан суық сəуле ұшқындап əлгі қарасты шімірікпей қабыл алды.
Арбасқан көздер көпке дейін бірін-бірі жеңісе алмап еді. Мақан кішілік
танытты ма, ірге салыстыра алмады да, ығып кетті.
— Бектемірді онда темір тордың арғы жағынан сығалату керек
екен...
Мақан отырған жерінде қопаң етіп, енді ырза болған түрін түгел
көрсетіп, жадырай қарады.
— Ойбай-ау, Ғазеке-ау, ағатай-ау, ол темір торға бір түссе, одан
кейін жауға жылқы алғызам ба, жағама қол жағалатам ба. Жығылмай
жығамды жыққызам ба! Күткенім осы еді ғой манадан.
— Былай болсын, Мақан. Сен енді оған сыр берме. Қайта түк
білмегенсіп, оң қабағыңды берген бол. Қапыда қансыратайық. Мен
облыстық милиция мен прокурорға тапсырып қоям. Қалай, қайтып істі
қылуды олар өздері біледі. Сонымен Бектемірің отыратын... мықтап
отыратын болады. Ол үшін əлгілерге, облыстағыларға...
— Оған табам, Ғазеке! Оның төлемі бөлек! Аянам ба. Соңымнан
сұғын қадаған сұғанақ төбетті шынжырлап байлап тастаймын
дегендерден немді аяйын! — деп Мақан Ғазиз Құлтановичтың
емеурінін айтқызбай түсініп, құрақ ұшты. Өзінің көздегені осы емес пе.
Бектемірден құтылса, онда басқа майда-шүйделер өздері де жым
болады. Онда ол төңіректе Мақанның алдына келмек түгіл маңайынан
жүретін жан табылмайды. Онда Мақан мыңды да айдайды. Ысқырығы
да жер жарады. Əрине, біраз шығындалуына тура келеді. Онсыз іс
бітпейді. Бүгінде көмей көмей — емес апан. Арбалап толтыра
алмайсың. "Камазбен" аударып тастамасаң — бітеу қиын. Одан арғысы
Мақанға көз қысқандай-ақ. Кəріс диханшыларға он бес — жиырма
гектар жерге жылдағыдан артығырақ пияз ектірсе — кетік те
тегістеледі. Қойын-қонышы да сықалады. Ең алдымен бас амандығы
керек. Шошақай қыздың жер сипатып қашып кеткені болмаса, əзірге
Бүліне қойған ештеңе жоқ екен-ау. Қанша дегенмен түбі бірге
түтпейтіні рас. Ғазиз қарын бөлелігін жасады. Жақындығын ақтады.
Бектемірдің басын бір шырмап берсе, асығы алшысынан түсіп, дүниені
шайқап тастамас па.
— Онда, Мақан, ұзатпайық. Əлгі "төлемді" тездетіп əкеліп тастағын,
— деп Ғазиз орнынан тұрды.
Атқам жоқ — мен халқымды ата алмаймын,
Сатқам жоқ — мен ұлтымды сата алмаймын.
Сыртымнан мені біреу "сатқын" десе,
Көрде де тыныш ұйықтап жата алмаймын.
Айтқан екен, ə. Айта алған екен. Қазір сондай ақындар бар ма,
Мақан?
Мақан, о да түрегелген еді, төменнен иек көтере, көз
жыпылықтатты. Қай ақынның жақсы екенін білмек түгіл бір ақынның
өлеңін білмейтін шіркін дəл осы арада құлағына дейін қызарды.
— Оқымаймыз... Өз ақын-жазушыларымызды білмейміз. Сөйтіп
жүріп ұлт қамын жегенсиміз. Ақын, жазушыларды білу керек. Олар
елдің намысы, ары ғой, — деп Ғазиз Құлтанович бөлесіне бас изеп те
қоштаспастан шығып кетті. Мақанның осында келгенде өзі түнеп
шығатын бөлмесі бар, дəлізден солай қарай бұрылды.
Ғазиз Құлтанович көпке дейін төсегінде дөңбекшумен болды.
Қатқан қан, қайтпас кек кеудеде ұйып жатыр. Жүрек сыздатқан бітеу
жара болып, міне, аттай жиырма бес жылдың ішінде көңіл тоңына
айналды. Жібіте алар ма? Жібіте алмаса, əке аманатын орындай алмай
өмірден өгейсіп өтер ме? "Айтыс-тартысты алауыздықты еш адам
қаламайды. Соған тірлік болмыс, жағдаят итеріп апарады. Еріксіз даудамайға түсіреді. Топ құрғызады. Қатар көбейткізеді" деп өткенде
қабылдауында болған бір белгілі жазушы айтып еді. Сол рас тəрізді-ау.
Қазақтың қанына сіңген қырсық əдет — бірін бірі түртпектеу, біріне
бірі ор қазу, бірінің аяғынан бірі шалу, əй, ақырзаманға дейін өзіңмен
бірге кетер. Оған ешқандай құдірет, ешбір билік еш кеңес өтпейді. Енді,
міне, өзі де бармақ тістеумен іштей кіжініп келіп еді, ақыры, аяқ
астынан көз көрмес, қол жетпеске жөнелген жауының қарасын шалып
қалды. Баласы бар екен. Баласы тірі екен. Əкесі үшін баласы күймейді
деу бекер. Əке кегін баласы қайтарады. Əкесі үшін баласы отқа түседі.
Қанды кектің əріден, сонау ықылым заманнан үзілмей келе жатқан
сүрлеуіне бұл неге шөп өсірмек. Жоқ! Ондай жанкештілікпен ар мен
жанды сақтамай-ақ қойсын. Алады кекті. Орындайды əкесінің
аманатын. Бектемірді темір тордың тесігінен сығалатып, сол күні ішкі
жегісінен құтылады. Құтылады!
Əй, өмір жолдары қалай тоғысады, ə. Қаншама тағдыр қым-қиғаш
шатасып, бірін-бірі сүйрелеп жатады-ау. Шытырман тірлік деген сол.
Анау Бектемір күні бүгінге дейін дүниеде бары, жоғы белгісіз,
қарапайым көптің бірі боп ғұмыр кешіп жатты. Əрине, бұның арыз иесі
Бектемірді білетіні рас. Бірақ өзімен оның тікелей қатысы болмайтын...
Ал енді ғой Бектемір бір-ақ сəттің ішінде бұның ежелгі қас жауына —
ата дұшпанына айналып шыға келді.
Бір кезде екеуінің əкелері қара столдың екі жағында бір-біріне
қарама-қарсы отырған. Қара стол — жолайырық болған. Шекара
болған. Ақ пен қараны бөлген ол стол. Күн мен түнді, бақ пен сорды,
қайғы мен қуанышты бөлген. Бір жағында əділет, адалдық, еркіндік
тілеп, кінəсіз, жазықсыз ақынның үлкен жүрегі бұлқынған. Екінші
жағында болмағанды болдыртуға, істемегенді істеді деуге, ақты қараға
айналдыруға, халық перзентінен халық жауын жасауға тырысқан
тергеушінің пəрмені бел алған. Екеуі түйдей құрдас еді. Бірі азаттық,
тендік бостандық əкелген əлеуметтік жаңа қоғамның жарқырап туған
таңын тамсана жырлап, даласын, кең даласын, кең даласының төсінде
өсіп-өнген, көшіп-қонған халқын жаңаша тірлікке жаңаша екпінмен
еніңдер деп үндеген еді. Ұлы елін сүюші еді. Елі ұлын мақтан тұтушы
еді. Ақын жүрегіндегі жалынды от халқы үшін маздайтын. Ақын
жүрегіндегі махаббат халқына арналған еді.
Екіншісі мыңды айдаған байдың еркесі еді. Жеке мұғалім жалдап
ерте оқытқан əкесі бұны Петербургтың университетіне жіберіп еді.
Жалғанды жалпағынан басты. Бай азиатты экзотикашыл талғампаз
европалықтар бірінен-бірі қызғанды. Таласып дос болды. Таласып
əртүрлі "өнеге" үйретті. Соның нəтижесінде ол елім дегенді ұмытып,
ермек іздеді. Халқынан жиіркеніп, айттырған қалыңдығынан безінді.
Сөйтіп жүргенде аласапыран тіршілік басталып, Петербургтен
жылыстады. Əкесі жер аударылып, бұл Омбыға симады. Ішкі біраз
қаланы жағалап жүріп, Сұлтан атын Құлтан ғып өзгертіп, шыққан тегін
кедей еткізген қағаз тауып алып, ақыры Алматыға келіп тергеуші боп
орналасқан. Ақынның аты дүрілдеген сайын бұның көкіректегі
қыжылы көбейетін. Ел ындыны құлаған ақынның беделі асқан сайын,
ешкім іздемес, ешкім маңайына үйірілмес мынау бұйығы тіршілігінен
жеріп, Петербургтың сəнді сарайларында ақсүйек дворянкалармен
сайрандаған кездерін өгейситін.
Əділет бар екен. Алатаудан атағы асып кеткен алақандағы ақын бірақ күнде бұның уысына түсті. Əй, содан шеңгелі бір босаған жоқ.
Езудегі ащы кекесін мысқыл бір ажыраған жоқ. Бұны мысық еткен
рақымсыз репрессия заманы тəкаппар ақынды тышқан ғып алдына
салып берді. Енді тергеушінің күні туды. Сағаты соқты. Кешегі бұны
көзіне де ілмейтін сұңқар ақын бүгін, о, жасаған, тəуба, бұның илеуінде
жатты. Ал енді аянатын не бар, жеңді түр, білекті сыбан! Қамшыңды
үйір, қабақты түй! Қайырымнан аулақтан. Бүйректі без емес, тасқа
айналдыр! Кебенек емес кебін піш! Бұрын құдай пішсе, енді өзің піш!
Іштегі барлық ыза мен күйікті ақтар! Ақынды да, ақының алқалаған
ауқымын да бүркеп көміп кетсін!
Содан ал кеп кіріссін! Елін ардақтаған ақынға елін сатқан деген
қылмысты таңсын. Халқын мадақтаған ақынға халқыңды сатқан жапон
тыңшысысың деген күйені жақсын. Таңған қылмыс жаққан күйені
сіңіру үшін, жұққызу үшін неден аянсын. Ақынның сұлу мұрты, қою
қара мұрты бір талдап жұлынсын. — Бірақ қасарысқан ақын қайыспап
еді. Ақынның қалам ұстайтын əсем саусақтарының əр буыны кезекпен
уатылсын. — Бірақ сірескен ақын майыспап еді. Қала тістері шағылып,
қызыл иегі мəймиіп, жақ сүйегі шатынасын. — Бірақ рухы жеңілмес
ақын мойымап еді. Əр тырнақтың көбесіне ине сұғылып, тепкіден
қабырғалары күйресін, — бірақ асқақ ойлы ақын иілмеп еді.
Тергеушіден ұйқы қашты, маза кетті, береке қалмады. Ақынның...
азаптағы ақынның рухы асқақтаған сайын тергеушінің жүні жығылып,
сесі де, күші де қайта бастады. Тəнді күйретуге болады екен, жанды і
үншықтыруға болады екен. Бірақ асқақ рухты жеңу, ақын ойын жеңу,
ақын жігерін жеңу мүлде мүмкін емес екен. Сол-ақ екен ақын құдіретке
айналды да,тергеуші пенделік күйді қабылдады. Бар қолынан келген
амалы: жазықсызды жазықты ғып өлім жазасына кескізіп, кебін пішіп,
тəнді жерге, жанды жаһаннамға жөнелтпек болды. Ең соңғы кездесуде
ұрты суалған, аузы опырайған, бетіндегі түк атаулысы бозарған ақын
тергеушіге сұрғылт жүзін түнерте өткір жанарын оқтай қадалта қарап
тұрып, ақырғы əнін, аққу əнін айтып еді.
Атқам жоқ — мен халқымды ата алмаймын!
Сатқам жоқ — мен ұлтымды сата алмаймын!
Сыртымнан мені біреу "сатқын" десе,
Көрде де тыныш ұйықтап жата алмаймын!
Уақыт тоқтамайды. Уақыт жүрдек. Заман өзгергіш. Əділет жерге
көмілмейді екен. Əділет ақыры жеңеді екен. 1956 жыл — тергеушіге
зауал жылы боп жетті. Жиырма жылдай есімі ел құлағынан тысқары
қалған ақын басқа ұлдарымен бірге еліне қайта оралды. Сүйікті ақыны,
ардақты ұланы боп оралды.
Елі ұлын сүйеді екен. Ардақ тұтады екен. Ел опасызды ұмытпайды
екен. Халық жады жауыздықты тергейді екен. Тергеуші соны бүкіл
босатпас азабымен сезді. Мойынға қылғындыра оралған ел
қарғысымен түсінді. Ақында дос көп болады екен. Шын талантты
халқы жоқтайды екен. Тергеушінің кабинетіне кірушілер жиіледі.
Апырай, ақынның соңғы əнін, соңғы өлеңін тек тергеуші ғана тыңдамап
па еді? Соны, сол əнді елге, халыққа жел жеткізген бе? Жер жеткізген
бе? Кірушілердің айтары осы əн! Осы өлең! Тергеушінің кесігіндей
айтылады. Тергеушінің үкіміндей естіледі! Ақында тілеулес көп
болады екен. Ақынмен сырлас көп болады екен. Ақын өлмейді екен.
Өлмейтін сөзі қалады екен. Өшпейтін рухы ел жүрегінде сақталады
екен. Ақын мен жазушы, шынайы қаламгер елінің елеулісіне,
халқының қалаулысына айналады екен. Ақынның мұңын мұңдап,
жоғын жоқтайтындар молаяды екен. Кірушілер де, көрушілер де
тергеушіге əлгі бір ауыз өлеңді бетіне соғып, маңдайына ұратын
болды. Ар кесігі, əділет кесігі, халық кесігі сот кесігінен мықтырақ
екен. Тергеуші күннен күнге жүдей бастады. Балтырдан ет қашты,
тойып ішіп, көмейлеп құсып жүрген тоқмейіл тірліктегі шартабақтай
екі беттің ұрты суалды. Бет терісі шалбарланып, қос шықшыт
шодырайып білінді. Маңдайға қатар-қатар əжім сызығы тереңдеп жол
тартты. Бұрынғы биік бойлы, кең жауырын, асқақ кеуде, жуан мойын
ақжарқын тергеуші бір-ақ айдың ішінде қалшылдап дірілдеген боп-боз
шалға айналып шыға келді. Қой көздерден бұрын күлгін от
ұшқындайтын, бір ай өтер өтпесте жанары өшіп, кірпігі сиреп, қызыл
жиектеніп қалып еді. Сол-ақ екен алыс-жақыны тергеушіні емес, тірі
өлікті көретіндей сырттап, жиіркеніп, безініп кетті.
Тергеуші өзі арыз беріп жұмысынан босап, пенсияға шықты. Енді
ақынның достары тергеушінің үйін төңіректеді. Бір ауыз өлең қыр
соңынан бəрібір қалмады. Көшеде соңынан ілесті. Пəтерінде есік
тықырлатқан балалардың қосыла əндеткен үнімен жетті.
Тергеуші төсек тартып қалды. Үй ішіндегілермен де сөйлесуді
қойып, ұзақ-ұзақ көз жұмып қалың ойға шомуды шығарды. Біреулер
есінен адасқан десті. Біреулер алжыды десті. Бірақ тергеушінің жан
азабын бөлісер адам аз болатын. Ғазиз онда отыздағы қыл-шылдаған
жігіт еді. Жоғары партия мектебінде оқитын. Каникулға келгенде
əкесін танымай қалды. Ұлын көргенде Құлтан бой-бой босады.
Ғазиздың білегінен тас қып ұстап алып, ал кеп жыласын. Үнсіз
солықтап жыласын. Көрген азап, тартқан күйігін шағынар жан
тапқанына сүйініп жылады ма, əлде ішкі шерді бөлісер ұлы келгеніне
жылады ма, біразға дейін нұрсыз көзден кесек-кесек жастарды
ыршытты. Əкесінің сұйық шашының арасынан жылтыраған ақ
құйқасындағы қайызғақты көргенде жігіттің жаны тызылдап кетті.
Құлтан ешуақытта қайызғақты жолатпайтын. Санкт-Петербург
тəрбиесін көрген зиялылығын бойы-басын сылап-сипау арқылы балашаға, көрші-қолаңға сездіріп отыруға тырысатын. Бір кезде бір қалада
екі кербез азамат болған деседі білетіндер. Бірі — ақын, бірі —
тергеуші екен ол екеу. Ақынның кербездігі — табиғат сыйы болса,
тергеуші кербездігі — тəрбие жұқанағы, бекзадалық тыраштану.
Ғазизге əкесінің күріс-тұрысы ұнайтын. Кірпияздығын өзі де сіңіруге
құштар еді. Сол əке міне мойны қылқиып, көзі үңірейіп, бүкіл сүйегі
арса-арса боп алдында жатыр.
— Келдім де... Қаншасы қалды?
— Əлі бір жылым бар.
— Енді оны қоя тұрарсың, балам...
— Неге, папа?
— Əй, балам-ай, "дүние — кезек" рас боп шықты ғой. Ендігі арқырау
кезегі бізден кетпеді ме. Бой тасалай тұрғаның қалай болар еді.
— Əкесі үшін баласы күймейді.
— Сол кезде де айтатын. Бірақ оны кім ескеріп еді. Əй, жетті-ау,
ақыры. Тапты-ау! — деп Құлтан қисайып бүрісіп қалды. Ендігі əңгімеге
құлықсыз тартып, көзі жұмылып, шеңгелі бүріліп бара жатты. "Əбден
жүдеген екен! Сонда бұныкі қай ауру? Дəрігерге неге көрінбейді? Мені
неге шошытты. Əлді өздері жасағанды өзгеден күте ме?"
Орнынан тұра беріп еді, сіңірлі саусақтар санынан жұлқып қалды.
— Отыр, балам. Өзіңе айтарым бар. Аманат па, өтініш пе, өксік пе, —
өзім де білмеймін. Бірақ далбасам сол. Көп күттім сені. — Кішірек
көздер шыңыраудағы жылтыраған судай тереңнен сүзіле қалды. Ғазиз
жүзін бұрып əкетті.
— Айтыңыз, папа.
— Мені бір ғана əн, бір ғана шумақ жұлып түсті. Ажалым боп тура
келген екен, енді құтқармас, — деп əкесі үшкір иегін шошайта
шалқалады. Содан үнсіз біраз жатты. "Ұйықтап қалды ма?" деп бетіне
еңкейе бергені сол еді, кірпіктері жыпылық қақты. Ерін көбесі сөгілді.
— Біреуге істеген зəбіріңнің зауалын тіріде тартады екенсің. Мен, міне,
зауалымды тартып жатырмын, балам. Мен оны бір-ақ рет өлтіріп едім.
Ол мені күніне сан өлтіріп келеді, — деп ақынның бір ауыз өлеңін
айтып, сол өлеңнің тарихын баяндап берді баласына.
— Айта берсін, онда не тұр? — деді Ғазиз.
— Не тұр деймісің, балам? Менің жан азабым тұр ғой. Анау өлең
айтылған сайын опырық ауызды, көзі ағып түскен ашулы ақын маған
осы өлеңімен қарғыс жазамды оқып тұрғандай сезіледі ғой, балам. Əр
оқылған сайын менің қазам жақындай түседі ғой, балам, — дегенде
ызалы ажардан шарасыздық білініп, танаулары қусырылып кетті.
— Мен не істейін, папа? Маған не тапсырасыз? — деп Ғазиз тері
қаптаған құр сүйек білектен ұстай алды да, тастап жіберді.
— Сенен бе? Ақынды бəрібір өлтіре алмайсың. Бір өлген жан екі
өлмейді. Өлігін қорла дейтін қабыры да жоқ. Қолыңнан келсе, осы əнін
тый, балам! Осы өлеңінің көзін жой! Жұрттың аузынан жұлып алып,
көме алсаң, қара жерге тық! Осы далбасам, балам!
Ертеңінде Құлтанның жұдырығын көкке білемдеп қатып қалғанын
бір-ақ көріп еді...
Кімге түйілген жұдырық? Талас-тартысты тағдырына ма? Аумалытөкпелі заманыңа ма? Ақынға ма? Өлеңге ме? Ғазиз көкірегіндегі
түйінін ұстатпас көп жұмбақтың бірі осы.
Əкесінің түюлі жұдырығы жазылмай, сол қалпында көрге түскен еді.
Құлтан білген екен, Ғазиз тірлігінен береке қашты. Жоқ! Ғазизды
оқудан да, жұмыстан да ешкім қудалаған емес. Ғазизды көптің ауқымы,
халықтың қаһары дейтін құдірет тұқыртты. Желкеден көз
қадалатындай көшеде жалтақтауы көбейді. Құлағына əн ызыңы
жететіндей елегізуі молайды. Əсіресе студент жастардан көресіні
көрді-ау. Ақынды əлгілер қанша ардақ тұтса, бұның əкесіне, əкесі
сияқтыларға деген жеккөрініш сондай өршитін. Сол жеккөрудің
салқыны Ғазизге де жетіп еді. Сүйіп қосылған жары безіп кетті.
Айрылысып тынды. Қатыгез қайын-атадан аяулы ақынды артық
санады. Ар сотына жүгінді де, филолог келіншек опасыздықты
кешірмейтін тазалық дейтін кеселге салынып, Ғазизді тастады да кете
барды.
Ғазиз келіншегіне жан теңгермеуші еді. Содан ба, есеңгіреді де
қалды. Жоғары партия мектебіндегі оқуын да жалғастырған жоқ.
Жұмыстың да тиімдісі кездеспей, Мақанның əкесінің үйінде (өз үйін,
əкесінің пəтерін ауыр машина жасайтын заводтың бір жұмыскеріне
аударып берген-ді) жарты жылдай тұрып қалған-ды. Обалы нешік
нағашы апасы да, жездесі де Ғазиздің түскен еңсесін көтеруге,
жабылған қабағын ашуға барын салып еді. Ақыры мынау Зүбайдаға
теліген де солар. Бір қырсықтың бір пайдасы бар болатыны ақиқат.
Кейін Зүбəйда бұның құтыла айналды. Немере əпкесінің күйеуінің тасы
өрге домалап кеп беріп еді, Ғазизді де қоса сүйрете жөнелді. Алдымен
аудандағы партия жұмысынан бастатты. Содан обкомға апарып, төртбес жыл тəжірибе жинақтатты. Кейін астанаға ауыстырып,
министрліктерде сыннан өткізіп алды да, аса жауапты, биік креслоға
сарт еткізді.
Содан бері Ғазиз Құлтанович атанды.
Содан бері Құлтан аты ешкімнің құлағына қырнап тимейтін болды.
Содан бері Ғазиз Құлтанович қол жетпес тұғырдан түспей келеді.
Содан бері ақынның соңғы əні, соңғы өлеңі ұмытылып еді. Халық
жадынан, ел есінен жұлынып алынып тасталып еді. Ақын аты, ақын
атағы көмескіленіп бара жатқан еді. Енді міне, əлдебір ауылда, əлдебір
аймақта əні айтылады екен. Ол ол ма, ақынның баласы бар екен! Тірі
екен!
Ғазиз Құлтанович ұзақ дөңбекшіді. Кірпігі кірпігіне жабыспай, талай
ойдың басын шалғызды. Келіншегінің... алғашқы келіншегінің мөлдір
қара көздері елестеді. Майсарадан аумайтын. Адамға адам ұқсай
береді, ə. Алғаш Майсараны көргенде, келіншегін көргендей боп,
аудиторияда өзін өзі əзер тежеп еді... Енді Майсара да жоқ...
Жастық дымқыл тартты. Саусағымен сипап еді, көзі жасаңғырапты.
Əнді жоя алмайды екен-ау. Жойдым, ұмыттырдым дегені
бекершілік екен. Құдіретке айналмапты өзі. Айнала алмапты. Сонда
ақынның сол өлеңін бір ауыл емес, басқа ауыл да айтатын шығар.
Білетін шығар. Білсе білсін. Енді бұл əке аманатын орындайды.
Мықтап орындайды. Бектемірді... ақынның белбаласын ақынның өзі
құсатып темір тордың арғы жағынан телміртіп қояды.
Осы ойдан... осы зұлым ойдан Ғазиз Құлтанович жұбаныш тапты.
Жүзінде рақат күй қалқыды. Əлгіндегі дымданған көз құрғады. Анау
жазықсыз, кінəсіз адамды бұнда жатып бес, он жыл еркінен айыруға
бекінуін өзіне зор бедел тұтты. Азаматтың жайын, күйін, жағдайын
қаперіне алған да жоқ. Жазықсыз жапа шегіп, кінəсіз зəбір көрер-ау деп
қиналған да жоқ. Өлі ақын тірі əкесін жеңіп еді, енді əкім ұл ақын ұлын
жеңеді. "Дүние — кезек" осы. Əткеншектің екі басы кезек көтеріледі.
Ретімен биіктейді. Биіктегеннің мерейі үстем. Дегені болады. Əмірі
жүреді. Ендеше бұл бұйырады. Бұл нығарлайды. Бектемірдің ежелден
тағдырына осылай жазылған. Ғазиз соны орындаушы ғана.
Орындаушы ғана.
Миығынан күлді де іргеге аунап, сəлден соң жаны жайланып қор ете
түсті.
Бұл кезде екінші бөлмеде Мақан да ұйықтай алмай, жастықты
бүктеп бауырына басып алып, қалың ойдың шиырын кезіп кеткен-ді.
"Көн қатайса қалыбына..." деп... əй, Зүбайда, Зүбайда! Сен ғой сол
кезде... алғаш күйеуге шыққан кезінде-ақ сұғанақ едің-ау. Апамның
жүзігін, шкатулкадағы жүзігін жымқырып жатқан үстіңнен түсіп
қалғанымда... Əй, Зүбайда ханум! Онда сен жай ғана Зүбайда едің-ау...
Сонда, Зүбайда, мені шап беріп құшақтап... Тіліңді... тəтті тілінді
көмекейіңе дейін аузыма сүңгітіп. Тапа-тал түсте оңаша бөлмеге
сүйрелеп... "И-и, жаным! И-и, матур малайым!" деп... əңкі-тəңкімді
шығарып ең-ау! Сол сен ауыздандырғаннан бері ұрғашыға деген
құштарлықтан бір арылмай келем... Əй, Зүбайдахан! Зүбайда ханум!
Мамамның сол жүзігі қайда екен? Əлі өзіңде ме? Əлде біреуге өткізіп
жібердің бе?.. Көзі еді-ау шешемнің!.. Не қылар еді сұрасам? Əлде
сондағысы есіне түсіп шаңымды қағар ма? Əлде сонысын қайталар
ма?.. Зүбайда хануммен əмпей болу шіркін...
Əй, екі жүз соммен көмейіне құм құйылды ғой. Анау Балтаның
келіншегі құрлы болмады-ау...
Балта... Балтырдан қабам дейді күшік. Қапқызам оған мен! Ендігі
ұстасарым сен боларсың. Мақан шəуілдегенді кешірмейді. Шешесін
жерге қаратып кеткен де өзі. Сол шешесін қызғыштай қорғайтын да
өзі. Саспа, бəлем. Дəл сол шешенді қаралап... айтқанымды растап
көзіңді жеткізермін. Əулие тұтасыңдар ғой. Періште санайсыңдар ғой.
Қатира — періште де, əулие де емес əйел, қар екенін көздеріңе күйік
қылып дəлелдермін..."
Мақан шалқасына аунап түсіп, сырттағы көше жарығының төбеде
ойнаған дірілді жарқылына назар тіктеді. Анау дірілдеген жолақ
сəуледен Қатираны, абыройдан айрылған Қатираны көргендей
көздері кең ашылып барады. "Несі бар, бітеу емес. Ақшаға қызығатын
біреу табылады. Əлі тұғырдан тая қойған жоқ. Бөденді əйелге ақшасыз
да бір шөгіп кетуден тайқымайтын көрсеқызар қалалықтар жеткілікті.
"Рахатханаға" бір жеткізіп берсем...
Aһ, Балта! Содан кейінгі əуселеңді көрсем-ау!"
ЖЕТІНШІ ТАРАУ
1
Сəуле Балтаны сағына бастады.
"Мен оны шын ұнатам-ау, шамасы... Неге жоламай кетті? Өкпесі
қатты екен өзінің. Тіпті сонда шығарып салуға да келмеді-ау!"
Бірақ Магомед Сəулені ол ойынан тез айнытты.
Университеттен шығып келе жатқан. Кешке сегізінші марттың
құрметіне дискотека болады. Соған дейін үйіне барып, мамасына
айтып, киімін ауыстырып шығуы керек. Қас қылғанда бос такси
кездеспей, басқа жеңіл машиналар тоқтамай қойып еді. Кенет сұр
"Волганың" құдай тоқтай қалғаны. Бергі есігін ашқан шофер:
— Келіңіз, отырыңыз, Сəуле, — деді.
Танымайтын адамның өзін танып тұрғанын Сəуле онша жақтырмаса
да, асыққан соң амалсыздан отыруға мəжбүр болды.
— Сіз мені танымадыңыз, ə?
— Танымадым.
— Балта екеуіңіз "Жигулимен" машинамды соғып едіңіз ғой.
— Ой, сол сіз бе едіңіз?! — Сəуленің əрі таңданған, əрі қуанған даусы
сыңғырлап шықты.
— Менмін. Балта екеуіңіз сонда кешірім де сұраған жоқсыз, — деп
шофер күлген болды.
— Ə, кешіріңіз...
— "Ештен кеш жақсы" деген. Енді көңлім жайланды. Айтпақшы
менің атым — Магомед.
— Танысқаныма қуаныштымын, Магомед.
— Балта анада сізді шығарып салам деп жүріп таяқ жеген бе?
— Не? Не дедіңіз? — деп Сəуле Магомедгің қолынан шап бергенде,
"Волга" бұлғаң етті.
— Ой, Сəуле, байқаңыз! Аварияға ұшыраймыз.
— Кешіріңіз... Балтаны ұрды деймісіз?
— Бəле, сіз немене?.. — Білмейсіз бе? Балта айтпаған ба? Түрінен
көрмедіңіз бе?..
— Айтқан жоқ... — деді Сəуле жай ғана.
— Сірə, сіздің ухажеріңіз қызғаншақ болар. Вокзалда Балта сізді бір
жаққа шығарам деп жүргенде екі адам ұстап алып... Өлтірмеген, бірақ
аямаған.
— Өзі қалай? Балта қалай? Аман ба?
— Əй, сендер көрмейсіңдер ме бір-біріңді? — Енді Магомед таң
қалды.
— Ол... ол — нағашым... Каникулден кейін көргем жоқ, — деп Сəуле
шынын айтты. — Рахмет, мен үйге келдім...
Кешке Сəуле университеттегі дискотекаға барған жоқ. Балтаның
үйін төңіректеумен болды. Пəтеріне баруға Майсарадан именді, əрі
сылтаусыз кіріп баруды ыңғайсыз көрді.
Балтаның машинасын Сəуле көшеден аулаға бұрыла бергенде-ақ
байқады. Қарағайдың тасасынан ілгері шықты. Сəулені машинадағы
Балта да таныса керек қасына келіп машинасын тоқтатты. Есігін ашып
еді, қаракөлеңкеде бетін таңып алғандай боп көрінді Сəулеге. Сол-ақ
екен есікке бір-ақ ұмтылды.
— Сіз... сіз, Балта! Айтпайсыз!.. Өзіңіз... өзің амансың ба? Қол-аяғың
сау ма, Балта? — деп есіктен ішке бас сұға Балтаның денесін сүзіп өтіп,
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.