Latin Common Turkic

Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07

Total number of words is 3986
Total number of unique words is 2435
29.1 of words are in the 2000 most common words
43.0 of words are in the 5000 most common words
50.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
қадалған жан қалай төзсін, Балтадан береке қашты. Тұс-тұстан
дұшпан-ойлар аңдыздады.
"Нем бар? Əу, сүйем ғой оны. Сүйсем, неге кінəрат іздеймін? Неге
исінбеймін? Ол анда айра-жайра жатыр. Мен мұңда шоқиып отырмын.
Неге отырмын. Не бітіріп отырмын. Алғашқы неке түні емес пе?
Атаңның басы неке түні! Қашан, қай жерде некелеріңді қиғызып
едіңдер?
Сондай сұлу, бірақ сондай алыс. Ынтығуымның бар жеткен жері —
жалғыз-ақ түннің еншісінде кеткені ме? Неге секемдене берем? Мүмкін
қызметі мығым шығар? Айлығы көп шығар? Жақсы пəтерде жақсы
тұрмыс кешсе, несі айып оның. Бірақ іш неге иланбайды? Неге
сезіктене береді?"
Балта орнынан тұрып, асүйге жақын есікке бас сұқты. Кең зал
бөлмесі екен. Бөлме емес — мебелі мен кілем дүкені дерсің. Биік тұтас
жылтырауық сервант-шкаф бүкіл бір қабырғаны алып тұр. Сервант
толы сервиз. Паркет еден (əу, осы бөлмемен қабырғалас Василий
Сергеевичтің пəтерінде жай ағаш еден емес пе?). Паркет еденге кілем
төсеп тастапты. Төбеден салпыншағы мол чех люстрасы салбырайды.
Түрлі түсті жапон телевизоры, жапон магнитофоны.
"Міне, байлық қайда! Əу, институт бітіргеніне көм болса үш-төрт-ақ
жыл. Мынаның бəрін сонда қай жалақысымен алып жүр?"
Кеудеге енді басқа күдік ұрандатып енді. Сол-ақ екен жүрегіне əлде
тікен қадалғандай, əлде пышақ салғандай шаншып ала жөнелді.
"Сонда... сонда Майсара еркектермен... басқа қалтасы қалың
еркектермен ермек құрып... Əй, ылжырамай, ермегі болып,
қуыршағына айналып мынау жарқыраған, жалтыраған дүние-мүлікті
арын жалдап табады демеймісің!"
Бұйыққан қан қайта өрекпіді. Басқа шапшып, шекеде ұрғылады.
Қарауытқан көздер бұлдырап, тістер шақыр-шұқыр егелді.
Сарт-сұрт балталағысы келді. Сатыр-сұтыр уатқысы келді. Мынау
алдамшы тірліктің алданыш мүлкін қиратса, бəр-бəрін тазартып
алардай көрді. Майсараны жаңартардай сезді.
Асықты. "Тағы бір бөлме бар емес пе? Онда не бар екен? Мүмкін
қиратуды сол жерден бастаған дұрыс болар". Адымдап екінші бөлмеге
кіріп келді. Кіріп келді де, аңтарылып тұрып қалды. Кеудеде ширыққан
ашу да, өрекпіген қан да сап тыйылды.
Балтаны жуасытқан... Балта еді. Өзі еді. Өзінің қарсы алдында
күлімдеп тұрған үлкен портреті еді.
"Майсарам! Майсарам менің!"
Тереңнен ризашылық сезім оянды. Сəл нəрседен үркіп, сəл нəрседен
нəр алып, тасып-төгіліп, не тартылыл-суалып тұратын адам көңілінің
табиғатын кім егжей-тегжейлі ашып салып еді? Кім адам болмысының
құпиясын ақтарып тастап еді? Балтаның кеудесінде оянған сезім анау
алтын жалатқан əсем рамадағы қараған сайын енді Майсараға деген
құмарту, аңсау, құштарлану сезіміне ауысып, бойын ду-ду қыздырды.
"Сонау күндері... мен балконнан кистіні алатында салған екен-ау!
Көрмей, қарамай өз ойынан салған. Қалай дəл келтірген! Бұ да мендей
іздеген, аласұрған екен-ау. Мынау соның айғағы ғой! Майсарам!"
Майсараның келесі бөлмеде жатқаны есіне енді ғана түскендей жалт
берді. Иықтан сыпырылып түскен халатқа да қараған жоқ, жалаңаш
денесі ағараңдап жатын бөлмеге кіріп келіп, ақ кереуетте аппақ
сазаңдай керіліп жатқан келіншекке сəл-сəл ғана құмарта, қызыға
тамсана қарап тұрды да, бүкіл денесін қалшылдатқан асау желікті
аңсар буымен қомағайлана төсекке бір-ақ атылды.
Жалаңаш денесімен етпеттей құлап, жалаңаш тəнді жауып қалғанда,
Майсара шошып оянды. Өң мен түстің арасында, есін жия алмай құп-қу
боп көзін кең ашып қолдарымен əлсіз қарсылық жасаған болып еді,
Балтаның ештеңені елемес дəл қазіргі ашқарақ күйі тыңдайтын емес.
Қайта бауырындағы салқын да жұмсақ дененің тыпырлай қарсыласуы
ішкі желікті одан сайын ереуілдете қоздырып, жігітті қалшылдатып
əкетіп барады. Құп-қу жүздің бүкіл-бүкіл жерін — қасын, қабағын,
көзін маңдайын сүйіп-сүйіп өткен еріндері бір кез жұмсақ қызыл ерінге
қадала жабысты. Қызусыз, жалынсыз жатқан денеге əлгі еріннен ток
жүргендей, қан тарағандай, шоқ түскендей... Майсара ес жиды. Сол
сəтте өз бойында лап етіп тұтанған алау жалынмен демде күйіп-жанып
аяқ-қолдарымен Балтаның селкілдеген шымыр денесін жыланша
оратылып, сығымдап қысып алды. Кең кереуеттің үстіне ыстық шоқ
шашып тастағандай. Сол шоқтар екі кеудеде лапылдаған алауға
айналып, ыстық еріндер бір-біріне айрылмай жабысып, термен
шыланған шаштар беттерін жауып кетті. Төске төс тигенде қос
томпақты кирелеңдей умаждаған кеуденің қимылы, шірене тіренген
қос тізенің серпіні ағаш кереуетті, ағаш еденді, ағашы мол бөлмені
"əндетіп", "сайратып" мынау махаббат күйінің некесіз-ақ жарасқан қос
тілектің қызулы шарпуымен шертілгенін куəландырып жатыр.
...Екеуі де қатты шаршапты. Майсара Балтаның иығына басын
салып, дүрс-дүрс атқылаған жүрек соғуын байыпты ырзалықпен
тыңдап, жайдары рахат тыныштыққа бөкті.
"Бақыт деген осы-ay! Қандай жақсы еді өмір! Бүкіл армандаған
нəрсең... орындалған тəрізді! Қой, қой, Майсара, күпірлік жасама.
Кесірлік танытпа... Қуанғаннан айтам да".
Бота көзден мөлт-мөлт жас ақты. Мөлт-мөлт сорғалап, жігіт кеудесін
тырс-тырс ұрғылады. Балта шошып кетті.
— Неге жыладың, Майя!
Оң қолымен қапсыра құшақтап, жұмыр иықты алақанымен қыса
келіншектің бетін бұрды.
— Қуанғаннан, шаттанғаннан жылаймын. Əйел халқы — көңілі тез
босағыш, жылауық халық қой, Балташ. Осы күнді сондай аңсаушы ем...
Қиялдаушы ем. Енді, міне. Өзің қасымдасың. Ойлағанымнан да,
күткенімнен де асып түстің.
— Неммен... Қалай?
— Жанымды түсіндің... Жағдайымды түсіндің. Дəл бүгінгідей сəтте
əрі керексіз, əрі пайдасыз сұрақтарды қойған жоқсың. Соныңа сүйіндім.
Оған қайтарар алғысым мен құрметімді сөзбен жеткізе алмасымды
білгенде, дымым құриды. Бірақ өзіңе сендім, Балта. Ғұмыр бойы енді
тек бір өзің... бір өзің ғана əміршім... жаным мен тəнім əміршісі
боларсың.
Көңілдегі тікендей бір түйткіл тырнап қап, қадалып қап мазалап
тұрушы еді, Майсараның мына ашылуы, ақтарылуы əлгі тікенді
кеудесінен жұлып тастады. Жұлып тастады да сүйген көңілдің ұялшақ
мұңымен, əйелдің өткенінен бет басып, өзін өзі жерлер, өзінен өзі
жиренер нəзік жанының бір ғана ие іздер, соған тəңірдей табынар
жанкештілігіне тəнті болды. Өзі ше? Еркектер ше? Өткен күндер
еншісінде қалған айып-күнəларынан қуыстанар ма? Сонысынан
жиіркеніп, арына жүгініп, кінəсін мойындап, келешек күндер аясына
əйелдерше тазарып, сауығып аттауға ұмтылар ма? Əй, қайдам! Қайта
қаншама ұрғашыны осындай жан талқысының қысымына салғанын
өздеріне мəртебе санап сол өзімшіл қылығын өзгеге мақтан ғып
езеуреп отыратының қайтерсің. Ал, мынау Майсара... Көз жасымен
бұған дейінгі күнə-жалаларын біржола ақтарып тастамақ. Көз жасымен
айыбын азабымен ұғынған жүректің кешірім өтінген жалынымен
білдірді. Көз жасымен болашағынан күткен сенімі мен үмітіне деген
əйел жанының ырзалығын танытады.
Майсарам! Майя! Қандай жақсы едің! Қандай адал едің! Саған енді
қандай өкпе артармын. Айта алармын ба! Дəл мынау адалдықпен қолаяғымды тұсап тастадың. Еркімде, жүрегім де, жаным да сенде... өзіңде
болар. Мені əміршім десең, сен менің бұдан былайғы періштем бол,
қорғаушым бол! Табынарым бол Майсара!
— Жоқ! Жоқ! Мен ондай емеспін... Мен, менен періште шықпайды. —
Майсара солқылдап бетін иыққа төсей тұншыға жылады.
Ішкі құрсау босаған сайын солқылдауы азайып, біраздан соң
Майсара əбден тыншыды.
— Жыламайсың ғой енді! — Балта екі алақанымен Майсараның ың
екі шекесінен уыстай ұстап бетін көтерді. Бота көздері қуана күліп тұр
екен. Көздің қуана күлгенін рет көріп еді, жадырай исінді. Уысыңдағы
бетті ерніне тақап əкеп, əлгі күліп тұрған, қуанып тұрған көздерге
кезек-кезек қадала сүйді. — Жылама енді, жарай ма?
— Жарайды. — Майсара уыстан босаған күйі екі қолымен Балтаның
екі иығынан шірене итеріп басын шалқайта кеудесін көтергенде, шай
кесенің аумағындай қос анары шыбыштың желініндей салбырапсалбырап тұра қалды. Қатты елтіген Балта мойнын үзердей жұлқына
созып, əлгі салбыраған екі желіннің арасына тұмсығын көме сұғып
жіберіп, ақ төстің таңсық иісін құныға сіңірді.
— Қыты-ғым! — Майсара сылқ-сылқ күлді. Сылқ-сылқ күлгенде
буындары босады ма, кеудесімен Балтаның бет-аузын тұншықтыра
жаба құлады. Құшақтар тағы айқасты. Денелер, жалаңаш денелер тағы
жабысты. Төсектің кеңдігі қандай жақсы. Жалаңаш аяқтардың
серпініне төтеп беріп, дөңгелегі болса зымырап кетердей ырғақты
қозғалыс тапқан.
... Қимылдауға дəрмені жоқ Майсара талықсып жатыр. Күнделікті
қалжыратқан ой мен күдіктің бірі де жоқ. Бар ынтызары: қазір тұрып
барып, ана жақтағы ас үйде əлденені көңірсіту. Сол көңірсітіп пісірген
тағамын мына əміршісі, мына падишасы, мына (қосағы... əй қосағы
болды ма? тəні мен жанын аялаушысының алдына көлденең тарту.
Ой — жүрдек күдік — болжамсыз. Ой қылаң бергенде, ұрымталдан
ұры күдік сойыл сілтейді. Майсара тағы да ой иіріміне сүңгіді.
"Қосақ, жар"... "Қосақ" екеу қосылды, қос тағдыр қосақталды
дегеннен шықса, біздің тағдырлар қосақталды ма екен? "Бəрін ұмыт,
өткенді ұмыт, алдан ғана жақсылық тілейік" дегенді мегзеді Балта.
Бірақ өткен ұмытылар ма? Айналып, аттандатып алдымыздан шығып
тұрса ше? Қызғаныш оты күл астындағы қоз тəрізді не сөнбес, не
лапылдамас түссіз шоқ емес пе. Кеудесіне бір кірсе, күйдіріп, қарып,
жүрек берекесін алып бітпей ме? Ондайда Балта шыдар ма? Шыдамаса,
мен не істеймін? Балтасыз ғұмырдың бір күні жылға айналмай ма?
Əлде өткен түн екеумізді шын қосты ма екен? Тағдырымызды
ажырамастай шырмады ма екен? Дəл осындай еміренуді, елжіреуді,
елжіретуді бұрын көрмеп, сезбеп едім ғой. Онда да, əрине, ыстықыстық сүйіс болатын. Аймаласу, айқаласу болатын. Бірақ жан рахаты
сезілуші ме еді? Жүрек лүпілі қан тасытушы ма еді? Бүкіл ғұмырыңды
пида етіп, мынау жігіттің жолына басынды тігердей түгел ашылған,
түгел ақтарылған шынайы пейіл болушы ма еді? "Жеттім, көрдім,
сезіндім!" дейтін тəубашыл ырзалықты кеудемнен тапсам да, сол тəтті
лəззаттың ыстық толқының қайта-қайта кешсем, қайта-қайта
кездессем дейтін түпсіз тілек ой-бойымды баурап алғаны қалай?
Саусақ іліккенде уысқа түспей кететін жерік асы сияқты көзден бір-бір
ұша ма əлде? Солай болатыңдай үрейшіл сезік ішімді əлден-ақ кернеп
бара жатқаны қалай?"
— Майым, неге үндемей қалдың?
Майсара бүйіріне аунап, Балтаға жабыса жатты.
Еркек исінің дəл осындай қасиетін бұрын неге сезбегеніне таң. Ол
иіс — қандай иіс, оны қазір ажыратып əуре болмайды. Əйтеуір осы
иістің танауына бүкіл жұпар мен əтірден артық тиетінін түйсінеді.
Балтаның тер шылаған шашы бұйралана ширатылып құлағын,
маңдайын жауып кетіпті. Көзі елжірете алмайды.
— Неге үндемейсің?..
— Не айтам Балташ. Ештеңені айтпа деген өзің. Мен сенің
жүрегіңнің дүрсілін тыңдадым. Қан соғуын сездім. Солармен үнсіз
тілдестім. He айтайын, Балташ? Өгейсіткен өксігімді... өткен кезді
айтайын ба?
— Сенің даусыңды сағындым... — дей берді де, оқыс бұрылды. — Не
дедің?! Өткенді еске түсірме демеп пе |ем. Ол жоқ енді. Олар тас
қабырға, темір қақпа тасасында қалған. Біз ақ қағазға таза беттен,
ғұмыр жолының жаңа сүрлеуін салдық. Екеуміз салдық. Ол сүрлеуге
өткеннің өксігін, арамын, қоқсығын, лай-батпағын жолатпаймыз!
Жолатпауға тиіспіз, Майсара. Мен өткендегің үшін жазғырмаймын
сені, Майсара. Біз мына жаңа сүрлеудің ендігісіне кір жұққызбасақ, дақ
салмасақ болғаны. Оған сен жауаптысың! Оған мен жауаптымын!
Майсара Балтаның қолтығына тығыла түсіп, бүрісіп барады. Мынау
қолтық, мынау кеуде, мынау кеуде ішіндегі азамат уəдесі ендігі
тірлігінің берекесі, қорғаны, тірегі екен. Сақтай алса, ұстай алса,
қадірлей білсе бастағы бақ, іштегі бақыт ұзағынан, ұза-ғы-нан
сүйіндірер еді-ау.
"Қой, бұ жатысым не? Тамақ істейін".
Орнынан тұра беріп, қайта еңкейді.
— Əрі қарашы, Балта!.. Киінейін деп едім...
Балта миығынан күлді. Келісті де теріс айналды.
"Мұнен ұялады, ə! Ұялғаны жақсы... жақсы-ақ! Əйтпесе... Ұят бар
жерде сыйласу жүреді. Ұялғаны жөн екен. Мен ше?.. Əй, бұрын-соңды
жасамаған қылық жасадым. Түк көрмегендей құтырынып... Əу, мен
оны сүйем ғой... сүйем. Маған Майсараның күлгені де ұнайды,
жылағаны да ұнайды".
YШІНШІ ТАРАУ
1
Бектемір Қобландыны көндіре алмай мысы құрыды. Енді əйеліне
жапақ-жапақ қарап: "Əй, сен де бірдеме айтсаңшы!" дейтінін үнсіз
білдірді.
— Бектемір-ай, осы сенің кейде бостан босқа қырсығып қалатын
мінезің-ай! — деп Айғанша кейіді. — Қыз емес кірген-шыққанын
аңдитын. Соқталдай жігітті қашанғы үйде қаңтарып ұстайсың. Əне,
мұрты қияқтанып, бойы өзіңнен басып озды. Енді біреуді ертіп келіп,
қолыма келін ғып түсіріп берсе, одан өзгені қайтем.
— Түу-түу-түу, ақылы қысқа шіркін! Мен бала деп өбектеп
отырғандай... Мен Қобландыжаннан анды қызғанады деп пең. Əрине,
даланың тағысы десек те, бүгінде киік байғұсқа да күн жоқ. Төрт
аяқтыдан гөрі екі аяқты бөрісі көбейіп тұр ғой.
Бектемір лажы құрып босағаға сылқ етіп отыра кетті. Қобланды
көкесінің бүгінгідей мойығаның көрмеп еді, жүрегі шым етіп, түзелді.
— Көке, есік алдында отырғаныңыз не?
— Балам-ау, есігі не, төрі не. Аяғым былғаныш болған соң...
Көз қиығы баласынан айрылмайды.
Қобланды тіксінді. "Арақ ішкеннен сау ма? Татып алмаушы еді ғой.
Соншама неге жалынды. Аңға шыққанымды жақтырмай отыр. Бұрын
ондайы жоқ еді. Қайда бардың, қайдан келдің демейтін. Тұрған аға
қандай азамат кісі! Өзі баяңдама жасамақ. Колхозшыларға кішігірім
той жасап бермек... Əрине, аңшылықтың өз желігі бар. Құтырынып
қызынып кеткеніңді байқамай қаласың. Бірақ, жазықсыз жануарды
босқа қыра беретін браконьер емеспіз ғой. Тұрған ағаның аң аулауға
рұхсат етілген лицензия қағазы бар.
Ал, көкем... Көкеме тап бүгін бірдеме көрінген. Мына отырысы не
жетім баладай мөлиіп. Тіпті менен көзін айырмайды. Неге сонша
қадалды екен? Адамға ыңғайсыз болатынын сезбей ме. Өзіне біреу дəл
осылай қадалып қараса, қайтер еді?"
іш болса, етігіңізді шешіңіз. Қане,
— Көке, бəрібір мына отырысыңыз ұнамайды. Аяғыңыз былғаныш
болса, етігіңізді шешіңіз. Қане, тартып жіберейін.
— Жоқ, жоқ! Қобланжан, қолыңды былғама. Қазір сыртқа шығам.
Сонымен барасың ғой?
— Ия. Тұрған ағаға уəде беріп қойғам.
— Айғанша, анау сиыр неге өкіріп-бақырып кетті. Шықшы, баршы!
— Ол неменеге өкіріп-бақырады? Мен түк естісем бұйырмасын, —
деп көпірте жаққан сабынды қасына еденге қойып, əйелі астаудағы
кірін салдырлатып жуып ала жөнелді.
— Беу, Айғанша! Буынып өліп бара ма, отырып алдың ғой.
Айғанша күйеуіне жақтырмай қарап, ернін сылп еткізді. Бірақ сөзін
екі еткен жоқ. Қолын алжапқышына сүртіп, алақанының сыртын
шоңданайына төсеп ұйыңқырап қалған аяғын ақсай басып шығып
кетті.
Қобланды жол қапшығын толтырып, енді салмақтай ұстап тұрған,
əкесі даусын кенеді.
— Қобланжан... — қырылдаған үні көмейінде булықты.
— О не, көке? — Қобланды түгел денесімен бұрылды.
— Қобланжан, сен анау Мақанның шикілігін білетініңді біреуміреуге айтпап педің? — Жай сұрау емес əкесін қатты қобалжытқан
сұрау екенін қаны қашқан өңінен анық таныды.
— Жоқ! Тек Тұрған ағаға шет жағасын жеткізгем.
— Тұрған біртоға, дұрыс адам. Оған сенуге болады. Бірақ "адам
аласы іште" деп... Сырттан келген, сырын м.і қойған жоқпыз... —
Бектемір еденге алақаның тіреп, орнынан түрегелді. Қазір ғана жаны
жайланғандай жүзіне қан жүгірді. Баласына иықтаса жанасты. —
Шынында бойың біраз бар екен, Қобланжан.
Шешеңнің сүйінгеніндей екенсің. Келін түсіріп берсең... Əлгіні...
Мақан хақысында тісіңнен еш адамға шығарушы болма. Сақ бол, балам.
Қобланды ақ тістерін көрсете ақсия күлді. Күлген ұлының бір
кездегі бүлдіршін пішіні қайталанып Бектемірдің көз алдына елестеп
тұра қалды. Күн иісі сіңген кекілден емірене сүюді ұнатушы еді. Сол
əдеті ұстап кетті ме, Қобландының басын төбеден басқан алақанымен
иіп əкеліп, маңдайынан ұзақ иіскеп сүйді.
— Əу, көке-ау, мені бүгін көргендей... — Қобланды ыңғайсыздана
сəл бұлқынды. Бірақ ол да əке ернін сағынған ба, шіміркенген денесінің
ысып ала жөнелгенін сезді. Сезді де, əкесін құшақтай алды. — Көке!..
— Бар! Бар енді, балам! — Бектемір қолын босатып, ұлының
иығынан жайлап итерді. — Жолың болсын. Қанжығаларың
майлансын!
Осы кезде сырттан тасыр-тұсыр еткізіп Алпамыс тентек кіріп келді.
Еркелеп ағасының мойнына асылды да, қыңқылға басты:
— Ағатай! Мені де ала кетіпі! Ала кетіпі, ағатай! Иə, ма? Ертіп кетесің
бе?
Бектемір Алпамыстың ту сыртынан өзіне тартты.
— Болмайды, балам! Сен əлі кішкентайсың. Аң аулаған адам алысқа
кетеді. Күндіз-түні жүреді. Шаршайды, шөлдейді. Оның үстіне мылтық
атылады...Байқаусызда... — кілт үні өшті. Күн ұзын кеудесін кернеп,
жанын мүжіген бар күдігі осы тарс-тұрс атылатын көп мылтықтың
байқаусыз оқталуы еді адамға. Қай адамға, қалай, кім сөйтеді — онда
жұмыс жоқ.
Алпамыс қыңқылдағаның қойса бала бола ма, əрі ерке тентек атана
ма, əкесінің құшағында аяқ-қолы тырбаңдап жатыр.
— Иə саған кішкентай! Кеше Асқардың үйінен қара кетпенді əкел
деп жұмсағанда мені үлкен болды дегенсің. Мен үлкенмін. Иə, ағатай,
мен үлкенмін, ə. Əнеукүні маған Гүлбадан тəтей "Мишка косолапый"
шоколад конфетін бергенде, "ой, Алпамыс, сен тіпті дөкей жігіт
болыпсың" деді ғой.
Қобланды аяқ астынан жүдей қалды.
Əкесі мен інісінің дауы құлағына енер емес.
"Гүлбадан неге үйінен шықпай қойды? Əлде маған өкпеледі ме?
Өкпелеткен жерім жоқ еді ғой".
Сырттан шелегін салдырлатып шешесі келді. Қобландыжан-ау,
шықсаңшы! Аналар машинамен есік алдында күтіп тұр өзіңді.
Қобланды ойынан тез сергіді.
— Қазір, апа! Алпамыс, Əй, батыр, сен үлкен болдың. Енді еркелікті
таста. Көкең жұмыстан шаршап келді. Ал сен мойнына мініп алыпсың.
Аямаймысың көкеңдіді!
— Аяймын. Дəу болғанда көкемді өзім арқалап жүрем. Ал, сен мені
ерткің келмейді. Асқардың ағасы Асқарды ылғи қасынан тастамайды.
Ылғи кабинасына отырғызып алады. Ал, ағатай, сен мені тракторыңа
екі-ақ мінгіздің. И то тогда, когда было грязно. До школы меня довез.
— Əй, Алпамыс, сен неге орысша сөйлеп кеттің. Біз сенімен қазақша
сөйлесіп тұрмыз ғой. Əлде сен мына көкеңді, апаңды сыйламайсың ба?
— деп Қобланды көтере берген қапшығын қайтадан жерге қойды.
Қаладағы қазақ балаларының өз тілін білмей орысша сөйлейтіндерін
көргенде қарны жаман ашатын. Енді байқаса, өз тілін ұмыттыруға
балалар бақшасы-ақ қатты əсер етеді екен. Колхоздың балалар
бақшасына барғалы осы Алпамыс қойыртпақтап сөйлейтін əдет тауып
алды. "Дəл осы балабақша тəрбиесіндегі ана тілін үйрету мəселесін
комсомол жиналысының кезекті бір отырысына салса болады екен"
деген ой келді.
— Тамағың жеткілікті ме, балам?
— Жетеді, апа.
— Ал онда жолың болсын, құлыным. Балаға суық Айғанша
жасамаған əдетін жасап, Қобландының екі бетінен қос алақанымен
қысып ұстай алды да, төмен еңкейген ұлының маңдайынан қадалып
сүйді. Бектемір теріс айналып кетті. "Екеуміз бірдей қайдағыны
қайдан шығардық бүгін? Баланың көңілін жасытып... Əй, анасы ғой.
Ана көкірек еміренсе несі бар. Əлі күнге апамның ернін аңсаймын".
Қобланды күлді.
— Апа, бүгін көкем екеуіңіз сүюдің тұп-тура бір жылғы нормасын
орындадыңыздар. Ендеше, мен мына тентекке үлКеңдік көрсетейін.
Кел, ей, бері кел, Алпамыс! Қане, бетті əкел!... Енді ана бетті!..
Мұрынды!.. Маңдайды!.. Ал, енді сен мен келгенше қозы-лаққа қарап,
қолқанат бол.
Алпамыс сықылықтады.
— Пəле, ағатайым біздің үйде лақ бардай-ақ, қозы-лақ дейді. Лақ
түгіл ешкі жоқ.
— Келістік пе, Алпамыс?
— Иə, ағатай...
Қобланды қайрылып қарамай есікті сарт жапты.
Үнсіз қалған əке-шешесін Алпамыс тентектің өксігені елең еткізді.
— Əй, неге жыладың?
— Не болды?
Алпамыс екі көзін сұқ саусақтарымен сұққылап, бетінің шаңын езіп
тастады.
— Ағатайы-ы-ым, ылғи апарам дейді... Сонсоң апармайды-ы-е. Тағы
да жалғыз тастап кет-ті-е...
Бектемір баласын бауырына басып, маңдайынан сипалағанда,
Айғанша май құйрықтан шапалақпен салып-салып жіберді.
— Жоқтан өзгеге жылап... Басыңа көрінгірдің бейуақта
сұңқылдауын! Əлгі екеуің осыны еркелетіп жаман үйреткен, — деп
күйеуіне де тиісіп өтті.
Бектемір лəм деген жоқ. Енжар тартқан күйі ішінің тірек құрсауы
түгел босағандай опырылып бара жатқан бір күйректік барын сезді ме,
тіс жарып тіл қатса, өзінің де бауырындағы баласынан бетер ағылтегіл еңірей жөнелерін ұқты.
— Анау Сүйменқұл кімнің шікіресі еді. Шіреніп болып қапты əлденақ. Амандассам, теріс қарайды пұшық ит. Соны кім ерітті екен. Адам
сиқы жоқ кісəпірдің. Əркімге бір шəуілдей беруші еді, Мақан қарғыбау
тағып, енді колхозшыларға арсылдатайын деп жүр ме екен?
Астауына қайта отыра беріп, Айғанша бұл неге үндемейді дегендей
күйеуіне бұрылып бір қарады да, ернін сылп еткізді.
Бектемір əйелінің кейде жұрттың түсіне де кірмейтін кей жағдайды
оп-оңай айта салатын мінезіне қайран. Ойланып та жатпайды. Арсыгүрсі сөз арасында ақтара салады да, артынша-ақ сол пікірін өзі де
ұмытып кетеді.
"Расында да Мақан Сүйменқұлды басқаларға құс қып салайын деп
жүр ме екен? Сүйменқұлда пір жоқ. Кесіп алсаң қан шықпас нағыз
кісəпірдің өзі. Мақан екеуі қосылса, əй, одан əрі келісер. Екінші
Найманқұл болар. Қайда, Найманқұл содыр шоқпар ғана.
Сүйменқұлдың қаныпезерлігі ғаламат. Туған шешесін тік тұрғызып
қойып бауыздаудан тайсалмайды ол. Найманқұл Сүйменқұл деп
екеуінің аттарының ұқсап қосылғанын қарашы. Бекер жібердік-ау
Қобланжанды. Етегіне оралып жалынып-жалбарынсам, көңілімді
қалдырмас еді. Қобланжан сондай. Аңқаулығы да бар. Бірақ жаны таза".
— Көкесі-ау, андағы тентегің ұйықтап қалыпты ғой, — деген
Айғаншаның даусы жұмсақ естілсе де, бүгінгі мазасыз ойлардың
шиырынан суырып алды. Бұрын "көкесі" демейтін. Əлде қартая
бастағандары анық болғаны ма. Қартаюдың аулы алыста емес пе əлі.
Елуге де жеткен жоқ. Оған бес жыл бар. Бірақ "көкесі" дейтін жыпжылы ат қойды-ау. Несі бар қос құлынының əкесі. Қобланды мен
Алпамыстың арасы он бес жас. Айғанша Қобланды туғаннан кейін
қатты ауырып, он төрт жылдан кейін екінші рет құрсақ көтерген.
"Бүкіл батырларды жинай бер, Бектемір! Енді бір он жылдан кейін
Қамбарды əкеліңдер!" деп Ескен құрдасы қоймайды. Əрине Бектемірге
салса Ер Тарғынды, Орақты шұбыртар еді-ау. Айғанша шіркіннің
денсаулығы көтермейді. "Жə, бергенінен жарылқасын. Осы екеуі аманесен жүрсе, Бектемір дүниенің басқа асылына таласпайды. Қайтеді
оларды. Мақан дейтін жер тəңірісі" шығып төбесінен тоқпақтап отырса
да, мына екі құлыншағы көз алдында тұрғанда жалғанның жарығына
жетер не бар. Тəубешіл көңілдің берекені кез келген нəрседен таба
қояр ырзалығы жоғалмасын. Ол жоғалса, пенденің ашқарақ дəмесі
араның апандай ашып, қомағай іштің құрдымын бір толтыртпай
жалақтап жалмауызданып бітер. Анау Мақан, Берден шіркіндердің
тірлігі сол. "Асап қалайын, тістеп қалайын, тырнағымды іліндіріп
қалайын" дейтін жыртқыштық адал мен арамды талғатпайды. Қой,
олар өзімен кетсін. Əй, өзімен ғана тыныш кете қойса, құдайыңа ма,
құдайдай сиынатын іштегі құдіретіңе ме құлшылық етпейсің бе. Олар
қоймайды ғой, қалмайды ғой соңыңнан. Сұғын қадап, сойылып көтеріп,
əрі тонайды, əрі талайды. Əрі кірпігіңді до қимылдатқызбай кіріптар
етіп, ділің мен тіліңді кесіп тастайды".
Бектемір ауыр күрсінді.
***
Хайролла асықтырды.
— Болсаңдаршы! Əй, Найманқұл! Көнің көпкір-ау, үйіңнен шықпай
жатып үңіреңдеп қалғанбысың. Уақыт өтіп барады. Дəл қазір қимылдап
қалмасақ, ақбөкендер жатағынан басқа жерге ауып кетеді.
Тұрған қоржынынан тағы бір көкмойынды суырып алды да,
Сүйменқұлға ұстатты. Хайролланың көзі аларды.
— Əй, Тұрған! Сен мыналардан да өткен ақмақ екенсің ғой! Ойбайау, ішіп алған адам аң ата алушы ма еді. Тоқта, Сүйменқұл! Ашпа енді
аңдағыны, — деп қолын созып бөтелкені жұлып алмақшы болып еді,
Найманқұл білегінен салып кеп қалды. — Ойбай, қолым, қолым сынды!
Мына дүлей қақ бөлді! — деп қақсап ала жөнелгенде, Найманқұл
үндемес жанның əдетімен бүкіл денесін селкілдете кеңк-кеңк күлді.
— Саспа, Тұрған! Құдайыңның алдына да барарсың. Сонда көрермін
не дегеніңді! — деп Хайролла қайта құйрық басты. Төрт ыдысқа ғана
арақ құйған Сүйменқұлға мөлие қарап, үсті-үстіне қақырынды. Анау
Хайролланың қақырынғаның естімегендей, өзін көрмегендей əлпет
танытып, ыдыстарды Тұрғаннан бастап Қобланды мен Найманқұлға
ұстатты да, төртіншісін өзі алды.
— Құй! Қалғанын Хайрекеңе түгел құй!
Хайролла Тұрғанға риза боп, бас шұлғып қалды.
Қобланды ауыз тиді де, стаканың қара жерге төселген газеттің
үстіне қоя салды. Серіктес төртеудің əр қилы мінез-қылықтарын
бұрыннан білем десе де, бұл аша қоймаған жұмбақ қырлары əлі де мол
екен. Əсіресе Қобландыны "Тұрған ағасының" түсініксіз əрекеттері
қатты қайран қалдырды.
"Араққа əуес екен-ау! Қоржыныңа тек арақ салып əкелген бе, міне,
үшінші шыныны аштырды. Партком секретары емес пе? Араққа өзі
cyapca, былайғы жұртқа не жорық. Мынау Хайролла бұған неге
дікілдейді?
"Құдайдың алдына барғанда көресің" дейді. Құдайы Мақан ба?
Сонда Тұрған аға да осылардың жемтіктестері болып шыққаны ма?
Сүйменқұл түпсіз құйма екен ғой. Шишалар қолына тиген соң өзіне
баса-баса лекілдетеді. Əй, "адам аласы іште" деген рас болғаны-ау.
Тұрған аға, Тұрған аға..."
Тұрған ағасы бұл кезде төртінші шыныны Сүйменқұлға қарай
домалатып тастап, Қобландыға шаншылып отыр еді.
— Неге алып қоймадың, Қобланды шырақ?
— О-о! Бұл комсомолия ішпейді. Жастардың нағыз иде басшысы!
Арақ көрсе, анадайдан қашады. Ішпе, ішпей-ақ қой, идейный
пайғамбарым! Осы арада екі комсомол отыр екенбіз. Сенің үлесіңді
өзім-ақ орындап тастауға тырысам ғой. Əйтпесе комсомол деген
атымыздан ұят-тағы! — деп қарқ-қарқ күлген Сүйменқұл кесек етті
аузына тастап жіберіп, көмейлете шайнағанда, екі құлағы шықшыт
қуалап, билеп кетті.
— Тұрған аға, аңға шықтық па, арақ ішуге келдік пе түсінбей
отырмын.
— Қобланды шырақ, сен түсінбейтін нəрсе көп қой. Қайсыбірін
түптей бересің, — деп Тұрған өзгерген үнмен аяғын көсіле бергенде,
Найманқұл басын шұлғып кеңк-кеңк күлді.
Бұл жігітіміздің жаттанды үгіті дайын тұрады. Былтырдан бері,
бізге хатшы болғалы, құлағымыздың құрышын жеп бітті, — деп
Сүйменқұл бөтелкенің ақ қаңылтыр қақпағын тісімен тістеп ашып,
түкіріп тастады. — Өзіне қимағанды өзгеге де қимайтын нағыз сығыр
емес пе. Осыларды қара жер қалай көтереді екен?
Хайролланың əлгіндегі ішкен арағы жанды жеріне түсіп кеткен бе,
мүлде жуасып, енді араққор жанның аңдығыш əдетімен Сүйменқұлдың
қимылын бағып қапты.
Тұрғанға серіктерінің ішкені, сілтеп ішкені қажет. Mac адамға
Сырдың суы сирағынан келмейтіні белгілі. Не болып, не қойғаның
білмейтіні өз алдына, тасқа жұмсасаң, тау əкелетін елпілдектігін
қайтерсің! Бүгін түнде жасалатын "жұмысты" осылар тындырарда
"обал-сауап" дейтін ой қозғап, қол байлар бөгетті елемейді де. Ал
Қобландының тіксіне қалғаны, əрине қолайлы емес. Əй, бірақ бірер
сағаттық ғұмыры қалған "əділетіпіл" шіркіннің өзі кім, сөзі кім.
— Сүйменқұл, біздің Қобланды өзіңді əбден иықтап тастаған-ау,
шамасы. Байқаймын, тіпті бетіне тура қарауға да тайсақтайтын
тəріздісің.
Сүйменқұл сазарды. Машина фарының сарғыш жарығында көзінде
көкшіл от тұтанды. Газет үстінде жатқан пышақты оң қолына қысып,
бір түйір етті шаншып алды да, аузына тығып жіберді. Ұзақ
шайнаңдамай, төрт-бес толғап, қылғына жұтты.
— Қыршаңқы емес пе бұл. Су патшасы Сүлеймен де осы. Төбеме құй
ғана қазбады, басқасын түгел жасады. Ішсем — ішті деді. Сөйлесем —
бөсті деді. Жүрсем — ізімді аңдыды. Көктегі құдайым да осы болды.
Жердегі құмайым да осы Қобланды болды! — дегенде шықшыты
жүгіріп кетті.
Тұрған басын шайқады.
— Оу, Қобланжан-ау, бай болған адам бақырып бола ма дегендей
сенің оның жарамайды. Əркімнің соңына түсіп, қарауылын
қыдыңдатып қойсаң — ішкені бойына тарар ма. Мынау біздің
социалистік қоғамдағы баға жетпес, ең қымбат заттың не екенін
білесің бе? — деп көздерін шұқшитты. — Білмейсің.
— Əрине, білмейді! — деп Сүйменқұл қосарланды.
— Ең қымбатты нəрсе — адам! А-да-а-ам! Ал сен, жолдас комсорг,
сол адамды қуыршаққа айналдырмақ болғансың. Тағдырын уысыңда
ұстамақшы болғансың!
Қобланды мырс етті. Сөзі көп, тындырары жоқ басшылардың неге
көбейіп кеткенін бұрын түсінбеуші еді. Осындай көзбояушылығын,
сұрқия арамзалығын, арандатушылығын бүркеу үшін көлгірсиді екенау.
— Мынау несіне жетісіп күледі, ей? — Сүйменқұл ашу буғандай
селкілдей бастапты.
— Сендерге күлем.
— Немене біз артымызды ашып отырмыз ба?
— Оны ашсаңдар, түк емес қой, мен сендердің сасып, бықсып кеткен
іштеріңді көрдім.
— Сасып, бықсыған біздің ішіміз бе?
— Дəл солай, Сүйменқұл!
— Сонда арамыздағы жалғыз əулие, жалғыз тазамыз сен болдың
ғой?
— Иə, тазаң менмін. Сондықтан жаным да, тəнім де сендерден
алапес көргендей жиіркенеді.
— Оу, мынаның тілі де, түгі де тікірейе бастапты. Кəдімгідей
шақылдайды өзі — деп Сүйменқұл алдымен Тұрғанға, содан кейін
Хайролла мен Найманқұлға кезек-кезек көз тоқтатты. Тұрғанның
кірпік қақпай қарсы қадалған түрінен дес алғандай еңселеніп еді,
қырық жылғы аштан келгендей суық етті екі танауын шуылдата
қарбыта асаған Найманқұлды, дірілдеген қолымен қысып алған
стаканына үңілген Хайролланы көргенде қабағы салбырап түсіп кетті.
— Түгім денеңе қадалғандай шоршыдың ғой. Қадалса, қадалар əлі,
— деп Қобланды айылын жимады.
— Мə, ендеше!
Сүйменқұл ұмтылып жұдырық сілтеген. Отырған бойы жалт берген
Қобланды екпінімен етпетінен түскен Сүйменқұлды желкеден бүріп
көтерді де, шықшытынан соғып жіберді.
— Қой, ей, Қобланды! Өлтіремісің? Найманқұл! Шайнаңдамай
айырсаңшы. — Тұрған құйрығымен шаңдата кейін жылжып, безек
қақты.
Найманқұлға керегі төбелес. Қонышынан бір кетпейтін қамшысы
ысқыра суылдап Қобландыны да, Сүменқұлды да осып-осып түсті.
— Қап, əкеңнің ғана аузын... Мына дүлей кімді ұрарын білмейді екен
ғой! — Қылғынған Сүйменқұл жанұшыра түрегеліп Найманқұлдың
қолына жармасқанда, қарулы еркектің тізесі екі бұтының арасынан сақ
ете қадалып, Сүйменқұлды домалатып түсірді.
Хайролла қолындағы арағын шашала-қақала сіміріп, енді анау аяқ
астында қалып бара жатқан бөтелкені бас салды. Машина жарығына
тосып қарап еді, онша төгіле қоймапты. Ыдысына төңкере құйды.
Ыдысындағыны жалма-жан көмейіне лекілдетті.
— Жə, жə! Қойыңдар енді. Əй, бəтшағарлар ауыздарыңа тиді
дегенше, жұдырықтарың жүгіріп ала жөнеледі-ау. Арақ ішу мəдениеті
жоқ сендерде Жастарда. Арақ ішуді əбден мақтан көріп, у-шуи еттерің
үйреніп кеткен. Найманқұл, жина! Əй, мен мына дастарқаныңды жина
деймін, есуас-ау! Сүйменқұл! Əу, көтер басыңды! Өй, ез неме! Топшысы
қиылып топ етіп аспаннан құлаған қарақұстай қиралаңдауын.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
  • Parts
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 01
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2458
    30.0 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 02
    Total number of words is 3956
    Total number of unique words is 2419
    31.3 of words are in the 2000 most common words
    45.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 03
    Total number of words is 3936
    Total number of unique words is 2387
    30.2 of words are in the 2000 most common words
    44.1 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 04
    Total number of words is 3832
    Total number of unique words is 2295
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 05
    Total number of words is 3967
    Total number of unique words is 2376
    30.3 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    51.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 06
    Total number of words is 3918
    Total number of unique words is 2403
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    43.2 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 07
    Total number of words is 3986
    Total number of unique words is 2435
    29.1 of words are in the 2000 most common words
    43.0 of words are in the 5000 most common words
    50.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 08
    Total number of words is 3934
    Total number of unique words is 2457
    29.3 of words are in the 2000 most common words
    41.9 of words are in the 5000 most common words
    49.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 09
    Total number of words is 3932
    Total number of unique words is 2428
    28.3 of words are in the 2000 most common words
    40.4 of words are in the 5000 most common words
    47.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 10
    Total number of words is 4026
    Total number of unique words is 2419
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.5 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 11
    Total number of words is 4006
    Total number of unique words is 2374
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 12
    Total number of words is 4053
    Total number of unique words is 2280
    33.7 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    54.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 13
    Total number of words is 3979
    Total number of unique words is 2256
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.0 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 14
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2365
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    52.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 15
    Total number of words is 4033
    Total number of unique words is 2354
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.4 of words are in the 5000 most common words
    53.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 16
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2412
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    45.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 17
    Total number of words is 4004
    Total number of unique words is 2250
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 18
    Total number of words is 3968
    Total number of unique words is 2252
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    48.2 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 19
    Total number of words is 3924
    Total number of unique words is 2238
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    46.1 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 20
    Total number of words is 3984
    Total number of unique words is 2288
    31.6 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 21
    Total number of words is 4003
    Total number of unique words is 2338
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    43.9 of words are in the 5000 most common words
    51.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 22
    Total number of words is 4061
    Total number of unique words is 2377
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 23
    Total number of words is 3988
    Total number of unique words is 2208
    31.7 of words are in the 2000 most common words
    44.6 of words are in the 5000 most common words
    51.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 24
    Total number of words is 3955
    Total number of unique words is 2377
    31.5 of words are in the 2000 most common words
    43.6 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 25
    Total number of words is 3942
    Total number of unique words is 2338
    32.4 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 26
    Total number of words is 3886
    Total number of unique words is 2328
    30.8 of words are in the 2000 most common words
    43.7 of words are in the 5000 most common words
    49.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 27
    Total number of words is 4011
    Total number of unique words is 2372
    32.3 of words are in the 2000 most common words
    45.5 of words are in the 5000 most common words
    52.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 28
    Total number of words is 4127
    Total number of unique words is 2313
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.5 of words are in the 5000 most common words
    55.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 29
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2334
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    47.0 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 30
    Total number of words is 4074
    Total number of unique words is 2419
    31.2 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.5 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 31
    Total number of words is 3992
    Total number of unique words is 2326
    30.9 of words are in the 2000 most common words
    44.7 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 32
    Total number of words is 4039
    Total number of unique words is 2436
    30.4 of words are in the 2000 most common words
    44.4 of words are in the 5000 most common words
    51.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Біз - құлмыз ба, кімбіз - 33
    Total number of words is 1243
    Total number of unique words is 856
    41.2 of words are in the 2000 most common words
    55.7 of words are in the 5000 most common words
    63.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.