Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 23

Total number of words is 4051
Total number of unique words is 2294
33.0 of words are in the 2000 most common words
46.5 of words are in the 5000 most common words
53.0 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
сенің мені бауыздағың келеді емес пе?
Сені мен бауыздай алмаспын, - деп жауап берді Левий тісін
қайрап жымиып қойып. - Сені өлтіруге есеп жасайтындай онша
ақымақ адам емеспін, ал Кириафтан келген Иуданы міндетті түрде
бауыздаймын, соған қалған ғұмырымды арнаймын.
Бұл жолы прокуратордың көзінен бір рақат шаттығы білініп,
саусағымен ымдап Левий Матвейді өзіне жақындатып алды да,
былай деді:
Саған олай жасаудың сəті түспес, оған бола алаңдама. Иуданы
бүгін түнде бауыздап та тастаған.
Левий үстелден ыршып кетіп, алақ-жұлақ етіп алая қарап, жан
дауысы шықты:
-
Оны жасаған кім?
Қызғаншақ болма, - деді тісін қайрап Пилат, сосын қолын уқалап,
- оған табынушылар сенен басқа да біраз болған-ау деп қорқамын, деді.
-
Оны жасаған кім? - деп сыбырлай қайталады Левий.
Пилат оған:
-
Оны жасаған мына мен, - деп жауап берді.
Левийдің аузы ашылып қалды, прокураторға адырая қарады, ал ол
болса еш қысылмастан:
Əрине, бұл жасалғаннан əлі де азырақ, əйткенмен мұны істеген
мен өзім, - деді. - Ал енді ол-пұл бірдеңе аласың ба?
Левий ойланып қалды, сəл иілейін деді, ақыры:
-
Маған бір буда таза пергамент берсін деші, - деді.
Бір сағат өтті. Сарайда Левий болған жоқ. Енді күн шығар алдындағы
тыныштықты бақтағы күзетшілердің жүрісі бұзды. Айдың өңі шапшаң
солып, аспанның басқа бір шетінен таңғы жұлдыздың ақтаңдағы
білінді. Ложеде прокуратор жатыр. Қолын бетінің астына басып, үнсіз
ғана тыныстайды. Қасында ұйықтап жатқан Бангасы бар.
Он бесінші нисанның шығар күнін Иудеяның бесінші прокураторы
Понтий Пилат осылай қарсы алды.
Жиырма жетінші тарау
№ 50 ПƏТЕРДІҢ АҚЫРЫ
Маргарита тараудың “...он бесінші нисанның шығар күнін Иудеяның
бесінші прокураторы Понтий Пилат осылай қарсы алды” деген соңғы
сөздеріне жеткенде таң да атты.
Ауладағы боз тал мен жөке ағашының бұтақтарынан шымшықтардың гүжілдеген көктемгі көңілді əңгімесі естілді.
Маргарита орнынан көтеріліп керілгенде ғана денесі салдырап
сынып бара жатқанын, ұйқысы келгенін сонда сезді. Ал
Маргаританың көңілі сергек, қаз-қалпында екені қызық. Ойлары да
шашырамаған, түнді табиғи жағдайда өткізбегені мүлдем əсер
етпеген сияқты. Шайтанның балында болғаны, бəз-бір ғажайыппен
оған шебердің оралуы, күлдің арасынан романның шыға келуі, шолақ
көшедегі Алоизий Могарыч деген өсекші қуып шығарылған
подвалдың қаз-қалпына түсуі туралы естеліктер де оны толқыт-пады.
Бір сөзбен айтқанда, Воландпен таныстық оған ешқандай
психологиялық залал тигізген жоқ. Барлығы да осылай болуға
тиістей орын-орнында тұр. Ол көрші бөлмеге кіріп, шебердің тыныш
қалың ұйқыда жатқанына көз жеткізді, қажетсіз үстел шамын
сөндіруді, өзі қарсы қабырғаға тақай қойылған ескі жыртық жамылғы
жабылған диванға көсіліп жата кетті. Бір минөттен соң ұйықтап кетті,
бұл жолы ешқандай түс көрген жоқ. Подвалдың барлық бөлмелері
үнсіз, үй салушының шағын тұрғынжайы да үнсіз, меңіреу көше
құлаққа ұрған танадай.
Алайда осы кезде, яғни сенбінің күні шығар алдында Мəскеудің бір
мекемесінің үйінде тұтас бір қабат көз шырымын алған жоқ, оның
асфальт құйып тастаған үлкен алаңға шығатын терезелерінің түбінде
арнаулы машиналар əрлі-берлі баяу жылжып гүрілдей жүріп
шөткемен көшені тазалады, оның жарығы шығып келе жатқан күннің
сəулесіне жол бергісі келмегендей жарқырады.
Күллі қабат Воланд ісі жөніндегі тергеумен шұғылданды, түні бойы
табаны күректей он кабинеттің шамы жарқырады да тұрды.
Былайша алғанда, іс кешегі жұма күні-ақ əкімшілігі ұшты-күйді
жоғалып кетіп, атақты қара магияның сеансы кезінде белең алған
бейбастықтыққа орай Варьетені жабуға тура келгенде айқын болған.
Алайда ұйқысыз қабатқа жаңа материалдар үсті-үстіне толассыз
түсіп жатты.
Бастан-аяқ былық, оның үстіне қайдағы бір көзбаушылық гипноз
араласқан, қылмысты əрекеттер менмұндалап тұрған оғаш іс
жөніндегі тергеуге енді Мəскеудің əр тұсында болып жатқан сан
түрлі, шатасқан оқиғалардың басын біріктіріп, тұтас қарау қажет
болды.
Электр шамымен жарқыраған ұйқысыз қабатта болуға тура
келгендердің біріншісі акустикалық комиссияның төрағасы Аркадий
Аполлонович Семплеяров еді.
Жұма күні түскі астан кейін Тас көпірдегі үйге орналасқан оның
пəтеріне телефон соғылып, бір еркек даусы Аркадий Аполлонович-ті
шақырды. Аппаратқа келген оның зайыбы тұнжырап, Аркадий
Аполлонович сырқат, көз іліндіргелі жатып қалды, телефонға келе
алмайды деді. Алайда Аркадий Аполлоновичтің трубканы алуына
тура келді. Аркадий Аполлоновичті қайдан сұрап жатыр деген
сауалға телефондағы дауыс қажет жерінен деп қысқа жауап
қайтарды.
Бір секөнт шыдаңыз... қазір ғана... бір секөнт... - əдетте өте
өркөкірек акустикалық комиссияның төрағасының зайыбы апалақтап,
Аркадий Аполлоновичті төсегінен көтергелі жатын-жайға жебедей
ұшты. Төраға кешегі сеанс пен саратовтық жиен қыз пəтерден
қуылған түнгі жанжал еске түсіп тозақ азабын тартып, шынында да
басы сынып ауырып жатыр еді.
Рас, бір секөнтта емес, тіпті бір минөтте де емес, ширек минөтте
Аркадий Аполлонович сол аяғындағы жалғыз кебіспен, ішкиімшең
аппаратқа келіп, оған бірдеңелер міңгірлеп жатты:
-
Иə, бұл менмін... Тыңдап тұрмын, тыңдап тұрмын.
Оның зайыбы бейшара Аркадий Аполлоновичтің əшкере болған
адалдыққа қарсы жиіркенішті қылмысын бір сəтке ұмытып,
үрейленген жүзбен дəліздің есігінен сығалап, кебісімен ауаны
түрткілеп, күбір етті:
Кебісіңді ки, кебісіңді. Аяғыңа суық тиеді. - Оған Аркадий
Аполлонович айуанша алая қарап, жалаң аяғын сілтеп, телефонмен
мылжыңдаса берді:
-
Иə, иə, иə, өйтпегенде ше, түсініп тұрмын. Қазір-ақ шығамын.
Бүкіл кешті Аркадий Аполлонович тергеу жүріп жатқан қабатта
өткізді. Əңгіме ауыр да қиын əрі жағымсыз болды, өйткені сұмпайы
сеанс пен ложедегі төбелес жөнінде тіптен ашық əңгімелеу былай
тұрсын, жол-жөнекей Милица Андреевна Покобатько, саратовтық
жиен қыз, тағы осы тектес көптеген мəселелер жайында айтуға тура
келді. Бұл əңгімелер Аркадий Аполлоновичке айтып бітпестей азап
əкелді.
Зиялы да мəдениетті кісі Аркадий Аполлоновичтің жауабы тергеуді
ілгері жылжытуға септігін тигізгені өз-өзінен белгілі, өйткені ол
сұмпайы сеансты көзбен көріп, маскадағы құпия сиқыршының өзін,
оның екі жексұрын көмекшісін, тіпті сиқыршының фамилиясы Воланд
екенін есінде тамаша сақтаған, оларды ғажап сипаттап берген білікті
де білімді куəгер еді. Аркадий Апполоновичтің жауабын
басқалардың, атап айтқанда, олардың арасында сеанстан кейін жапа
шеккен кейбір бикештер (мəселен, Римскийді қайран қалдырған
күлгін ішкиімді келіншек сияқты көптеген əйелдер), Садовая
көшесіндегі №50 пəтерге жіберілген курьер Карпов бар,
куəліктерімен салғастыра келгенде, осынау еренсіз оқиғалардың
бəрінің кінəлі айыпкерін іздейтін жер анықталды.
№50 пəтерінде бір емес, бірнеше рет болып, оны аудара қарап,
ақтара тексеріп, мейлінше мұқият тінтіп қана қоймай, қабырға-ларды
тоқылдатып, пештердің мұржаларына үңіліп, жасырын жерлерді,
құпия орындарды іздеді. Алайда бұл шаралардың бірде-бірі
ешқандай нəтиже бермеді, пəтерге қанша келгенмен бірде-бір тірі
пенде табылған жоқ, бірақ пəтерде біреу-міреу бары айдан айқын
еді. Ең қызығы Мəскеуге келген шетелдік əртісерді білуге тиіс
адамдардың бəрі астанада ешқандай қара сиқыршы Воланд деген
жоқ, болуға да тиіс емес деп үзілді-кесілді батыл дəлелдеді.
Шынтуайттап келгенде, ол ешбір жерде тіркелмеген, келгенін ешкімге
хабарламаған, төлқұжатын, шарт, келісім-шарт сияқты қағаздарын
көрсетпеген, тіпті ол туралы ешкім ештеңе естімеген. Ойын-сауық
комиссиясының бағдарлама бөлімінің меңгерушісі Китайцев
ешқандай Воландтың ойын көрсету бағдарламасын Степа
Лиходеевтің оған бекітуге жібермегенін, Воланд дегеннің келгенін де
ешкім телефон соқпағанын айтып, ант-су ішті. Демек оған, яғни
Китайцевқа Степаның Варьетеге бұл сияқты сеанс жіберуі мүлдем
түсініксіз. Аркадий Аполлонович сеанста ол сиқыршыны өз көзімен
көргенін айтқанда Китайцев қолын жайып, көзін аспанға қадады. Сол
көзіне қарап-ақ Китайцевты сүттен ақ, судан таза адам деп батыл
айтуға болар еді.
Ал анау басты ойын-сауық комиссиясының төрағасы Прохор
Петрович ше...
Айтқандай, ол өз кəстөміне кабинетке милиция кіріп келген бетте-ақ
оралған, бəлкім торыққан Анна Ричардовнаның қуаны-шына,
милицияның керемет таңданысына орай қайтып келген болар ол.
Тағы бір қызығы, өзінің орнына, жолақты сұр кəстөміне оралған
Прохор Петрович өзі қысқа мерзімге жоғалып кеткенде кəстөм қол
қойған күллі қаулы-қарарларды мақұлдады.
...Міне, осылай анау Прохор Петрович ешқандай Воланд туралы да
мүлдем ештеңе білген жоқ.
Осыдан келіп қалай десеңіз де түкке тұрмайтын бытбырақ бірдеңе
шығарды: мыңдаған көрермендер, Варьетенің бүкіл құрамы, ақыр
аяғында аса сауатты білімпаз азамат Семплеров Аркадий
Аполлоновичтің өзі көзімен көрген əлгі сиқыршы мен оның құдай
қарғаған үш ассистентін ешбір жерден табудың ешқандай мүмкіндігі
болмай-ақ қойды. Осы арада мынандай бір сұрақ туады: ол не, өзінің
сұмпайы сеансынан кейін табанда жер астына түсіп кетті ме, əлде
кейбіреулер айтып жүргендей, Мəскеу-ге жалпы келген жоқ па? Егер
бірінші болжам дұрысқа шықса, ол жер астына түсіп бара жатып
Варьете əкімшілігінің бүкіл басшы-лығын өзімен бірге ала кеткен
болды, ал екіншісіне сенсек, бейбақ театрдың əкімшілігі алдын ала
бір былық жасап (кабинеттегі сынған терезе мен Тузабубенің тəртібін
еске түсіріңіз), Мəскеуден із-түзсіз ғайып болған.
Тергеуді басқарған адамға əділ бағасын берген абзал. Жоғалып
кеткен Римскийді таңдай қақтырарлық шапшаңдықпен іздеп тапты.
Тузабубеннің киноматограф маңындағы таксомотор аялдамасындағы жүріс-тұрысын уақыттың сеанс қашан бітіп, Ленинградқа
жеделхат жөнелтуге Римский қашан кеткен сияқты мезеттерімен
салыстырса-ақ жетіп жатыр екен. Бір сағаттан кейін (жұманың кешіне
қарай) жауап та келді. Римский “Астория” мейманха-насының
төртінші қабатында төрт жүз он екінші нөмірінде жатыр екен. Оған
көршілес алтындаған көгілдір-сұр жиһазы мен ғажайып ванна
бөлімшесі бар нөмірде сол кезде Ленинградта гастрольде жүрген
Мəскеу театрларының біреуінің репертуар меңгерушісі тоқтапты.
“Асторияның” төрт жүз он екінші нөмірінде көйлек-көншек шкəбінде
тығылып тұрған жерінен табылған Римский табан аузында
тұтқындалып, Ленинградтың өзінде жауап алынды. Тергеуден соң
Мəскеуге жеделхат келді, онда Варьетенің фондиректорының есі
дұрыс емес екені, сұрақтарға жартымды жауап бермегені, жалғыз-ақ
тілегі оны броньды камераға жасырып, қарулы күзет қою екені
хабарланды. Мəскеуден жөнелтілген жеделхатта Римскийді күзетпен
Мəскеуге жеткізуге бұйрық берілді де, ол сондай күзет-пен жұма күні
кешкісін кешкі пойызбен шықты.
Жұма күні кешкісін Лиходеевтің де ізін тапты. Лиходеевті сұрастырып
барлық қалаларға жеделхаттар жөнелтілген еді, Ялтадан ғана
Лиходеев осында болды деген хабар алынды, бірақ ол аэропланмен
Мəскеуге ұшып кетіпті.
Жалғыз-ақ Варенуханың ізіне түсудің ыңғайы келмей-ақ қойды. Бүкіл
Мəскеуге мəшһүр театр əкімі суға батқандай із-түзсіз жоғалды.
Бұл тұста Мəскеудің Варьете театрынан тыс басқа орында-рында
болып жатқан оқиғалармен əуреленуге тура келді. “Даңқты теңізді”
шырқаған қызметшілермен болған айрықша жағдай (айтқандай,
профессор Страдвинский оларды терінің астынан себетін бір дəрі
арқылы екі сағаттың ішінде қаз-қалпына түсірді), басқа адамдар мен
мекемелерге ақша деп əртүрлі қағаз ұсынған адамдар, олардан
зардап шеккендер туралы мəселелерді де айқындап, жеріне жеткізу
керек болды.
Бүкіл Мəскеуге велосипед доңғалағының сымдарындай тарамданып
тарап кеткен күрделі істің антұрған тұзағын он екі адам тергеді.
Тергеушілердің бірі профессор Стравинскийдің клиникасына келіп,
ең алдымен оған соңғы үш күннің бағдарында ауруханаға түскен
адамдардың тізімін сұрады. Сөйтіп, Никанор Иванович Босой мен
басы жұлынған бақытсыз конферансье табылды. Олармен десе де
аз шұғылданды. Енді бұл екеуі де құпия сиқыршы басқаратын
қылмысты топтың құрбаны болғаны айқындай. Ал мына Иван
Николаевич тергеушіні ерекше қызықтырды.
№117 Иванушка бөлмесінің есігі жұма күні кешқұрым ашылып, бір
жігіт кірді, дөңгелек жүзді, сабырлы, жұмсақ сөйлейтін адам екен,
тергеушілерге мүлдем ұқсамайды. Соған қарамастан Мəскеудің
маңдайалды тергеушілерінің бірі көрінеді. Ол кереуетте жатқан, өңі
бозарып, шүңірейіп жүдеген, жас жігітті көрді, көзінен айналада өтіп
жатқанның бəріне енжарлық байқалады жəне төңірегіндегілерден аса
қарап, қайдағы бір қиянға, болмаса өзінің ішкі жан əлеміне
қадалатын сияқты.
Тергеуші жылы сөйлеп, өзін таныстырды да, Иван Николаевич-пен
бұрнағы күнгі Патриарх тоғанында болған оқиғалар туралы
ақылдасқалы келгенін айтты.
О, егер тергеуші оған ең құрығанда бейсенбіге қараған түнде келсе
ғой, онда Иван Патриарх тоғанында болған оқиғаны тыңдайтын адам
таба алмай, жігері құм болды ғой, құлшына сөйлеймін деп құтырып
кете де жаздады. Енді оның консультантты ұстауға көмектессем
деген арманы жүзеге асып, жəрдем сұрап өз аяғынан таусылтпай-ақ,
өзіне арнайы келіп, сəрсенбі күні кешкісін өткен оқиға туралы
хикаяны тыңдағалы отыр.
Бірақ бір əттегене-айы Иванушка Берлиоз опат болған мезеттен бері
мүлдем өзгеріп кетті. Ол тергеуші қойған сұрақтардың бəріне
ынтамен сыпайы жауап беруге əзір, бірақ оның көзқарасында,
мақамында да енжарлық байқалмай қоймайды. Ақынды енді
Берлиоздың тағдыры толғантпайтын тəрізді.
Тергеушінің келер алдында Иванушка қисайып қалғып жатқан, көз
алдынан кейбір көріністер де көлеңдеген. Мəселен, өмірде жоқ,
түсініксіз, қашалған колоннадалар мен кесек мəрмəрден тұратын,
шатырлары жалтырап күнге шағылған, тұнжырай безерген Антоний
мұнарасы, батыс жақтағы жотада төбесіне дейін тропикалық жасыл
желекке малынған сарайы, күн байырда от боп жанатын мүсіндері
бар оғаш бір қаланы, ежелгі қаланың қабырғасы түбінде кетіп бара
жатқан бронь құрсанған кентуриларды көрді.
Қалғып жатқан Иванның көз алдына мамықтақта міз бақпай отырған,
қырынған, жүйкелеген сары өңді, қызыл астарлы ақ қаптал киген,
біреудің мəуелеген бағына менсінбей қараған кісі келді. Сондай-ақ ол
ағашсыз сарғайып күйген жотаны, одан бос тұрған белағашты
діңгектерді де көрді.
Ал Патриарх тоғанында өткен оқиғалар ақын Иван Николаевич
Бездомныйды қайтып қызықтырған жоқ.
Айтыңызшы, Иван Николаевич, Берлиоз трамвайдың астына
құлағанда өзіңіз турникеттен қаншалық қашықтықта болдыңыз?
Сəл ғана білінетін енжар мысқыл Иванның ернін жыбырлатып, ол
былай жауап берді:
-
Мен алыста болатынмын.
-
Ал алабажақ бешпентті тура турникеттің қасында болды ма?
-
Жоқ, ол орындықта алысырақ отырған.
Берлиоз құлаған сəтте оның турникетке тақап келмегенін сіз
жақсы білесіз бе?
-
Білемін, ол есімде. Жақындап келген жоқ. Шалжиып жатты.
Бұл тергеушінің соңғы сұрақтары болатын. Содан соң ол
орнынан тұрып, Иванушкаға қолын созып, тезірек жазылуын тілеп,
ұзамай оның өлеңдерін қайта оқудан үміт ететінін айтты.
-
Жоқ, қайтып өлең жазбаймын, - деп баяу жауап қатты Иван.
Тергеуші сыпайы ғана мырс етіп, ақынның қазір көңіл күйі болмай
торығып жүргенін, уақытша шер-мұңның бəрі айығып, тірлік қалыпты
қалпына түсетініне сенім білдірді.
- Жоқ, - деп тіл қатты Иван тергеушіге емес, алысқа сөніп бара
жатқан аспанға қарап, - ол айтқаныңыз енді маған ешқашан
оралмайды. Мен жазған жырлар нашар болатын, оны мен енді ғана
түсіндім.
Иванушкадан тергеуші аса маңызды материал алып кетті.
Оқиғалардың арқауын басынан аяғына дейін сүзіп өтіп, ақыры
барлық оқиғалар бастау алған қайнарды тапты. Тергеуші бұл
оқиғалардың бəрі Патриархта кісі өлімімен біткен апаттан басталғанына күмəнданған жоқ. Əрине, Иванушка да, əлгі алабажақ
бешпентті де МАССОЛИТ-тің бақытсыз төрағасын трамвайдың
астына итерген жоқ, былайынша, оның доңғалақ астына түсуіне
ешкім де ықпал еткен жоқ. Алайда Берлиоздың трамвайдың астына
гипнозбен арбалып түскеніне (немесе құлағанына) тергеуші сенімді
еді.
Иə, материал деген молшылық, енді кімді, қайдан ұстау белгілі
болды. Бірақ мəселе оларды қандай жолмен болсын ұстауға
мүмкіндіктің болмауында боп тұр. Қарғыс атқан №50 пəтерде бəзбіреудің сөзсіз болғанын қайталап айтқан артық емес. Ара-тұра бұл
пəтер телефон шылдырына бірде жарықшақ, бірде мыңқыл-даған
дауыспен жауап қатып отырды, кейде терезесі ашылып, ол аз болса
одан патефон үні естілді. Соған қарамастан арнайы барған сайын
онда тірі пенде болмай шықты. Ал онда талай мəрте, тəуліктің əр
мезгілінде болуға тура келді. Оның үстіне пəтерді ау құрып та
аралап, бүкіл бұрышты тексерді. Пəтер күдікке көптен іліккен-ді.
Аулаға қақпа арқылы кіретін жол ғана емес, жабық есік те күзетілді,
ол аз болса, шатырда түтін шығар мұржаның түбіне де күзет
қойылды. Иə, №50 пəтер əлекті біраз салды, бірақ оған жасар ешбір
лаж болмады.
Іс осылай жұманың сенбіге ауған түн ортасына шейін, кешкі киімін
киіп, аяғына жалтыраған сəнді кебіс сұғып, салтанатты түрде барон
Майгель №50 пəтерге қонақ ретінде барғанға дейін созылды.
Баронды пəтерге қалай жібергені естіліп тұрды. Тура он минөттен
кейін ешқандай қоңыраусыз пəтерге кіріп барғанда қожайындар ғана
емес, баронның өзі де жоқ боп шықты. Майгель-ден тіпті із-тоз жоқ.
Алдында айтылғандай, іс осылайша сенбі күнгі таң сəріге дейін
созылды. Осы арада жаңа, өте қызық мəліметтер қосылды. Мəскеу
əуежайына Қырымнан ұшып келген алты орындық жолаушылар
ұшағы кеп қонды. Басқа жолаушылардың арасында біртүрлі қызық
жолаушы кеп түсті. Бұл жабайы адамдай бет-аузын түк басып кеткен,
кемі үш күн бойы жуынбаған, көзі ісіңкі де үрейлі, еш жүгі жоқ, киім
киісі қызық жас жігіт еді. Жас азаматтың басында папаха, иығында
ішкиімнің сыртынан іле салған бурка, аяғында қазір ғана сатып
алынған көк былғары түнгі кебіс. Ұшақтың кабинасынан түсетін
үзеңгіден аттай бергенде оған біреулер жетіп келді. Бұл азаматты
біраздан бері күткен болатын, сондықтан сəл-пəл уақыт өтісімен-ақ
Варьетенің ұмытылмас директоры Степан Богданович Лиходеев
тергеуге алынды. Ол тың деректер себездеді. Енді Воландтың
Варьетеге Степан Лиходеевті гипноздап Мəскеуден талай шақырым
жерге тайдырып жіберіп, əртіс болып сиқырмен өткені айқын болды.
Сөйтіп, материалға материал қосылды, бірақ одан ешқандай
жеңілдік болған жоқ, қайта іс сəл-пəл ауырлай түсті, əлбетте құрбаны
Степан Богданович болғандай құқай көрсетіп жүрген тұлғаны иліктіре
қою оңайға түспесі айқын. Айтқандай, Лиходеев өз өтініші бойынша
сенімді камераға қамалды да, екі тəулік бойы хабар-ошарсыз кетіп
пəтеріне оралған жерде тұтқындалған Варенуха бірден тергеуге
алынды.
Өтірік айтпаймын деп Азазеллоға берген уəдесіне қарамастан əкім
бірден өтірік айтудан бастады. Дегенмен, бұл үшін оны қатаң
айыптаудың реті болмас. Өйткені Азазелло оның телефон арқылы
өтірік айтып, былапыт сөйлеуіне тыйым салды емес пе, ал бұл арада
əкім ондай аппараттың ықпалынсыз əңгімелесіп отырған жоқ па.
Көзін алақтатып Иван Савельевич мынаны мəлімдеді: бейсенбі күні
күндіз ол өз кабинетінде жападан-жалғыз отырып ішіп мас болыпты,
сосын бір жерден тағы да старка ішіпті, қайдан ішкені тағы да есінде
жоқ, сосын бір албардың түбінде жатып қалыпты, қай албар екені
тағы да есінде жоқ. Тек əкімге қатаң ескертіп, мынадай есуас, еренсіз
тəртібімен маңызды мəселе жөніндегі тергеуге кедергі келтіріп
отырғанын, ол үшін жауапқа тартыла-тынын қадап айтқанда ғана
Варенуха еңіреп жылап, дірілдеген дауыспен сыбырлап, жан-жағына
жалтақтап, мұндайға Воланд шайкасының кек алуынан
қорыққандықтан, олардың қолында болып көресінді көргендіктен
барып отырғанын айтып, броньдал-ған камераға қамалуды ғана
аңсайтынын білдіріп, жалынып жалпайды.
Тіфу бетіңе, сайтан! Бұндайларға қор болған броньдалған
камера-ай! - деп бұрқылдады тергеу жүргізушілердің бірі.
Əлгі жексұрындар бұларды өлердей қорқытқан, - деді жаңа ғана
Иванда болып қайтқан тергеуші.
Варенуханы мүмкін-қадерінше жұбатып, ешқандай камерасыз-ақ
қорғайтындарын айтты, осы арада оның ешқандай албардың түбінде
ескі орыс арағын ішпегені, ал оны екі адамының: бірі азуы сойдиған
сары, екіншісі бір жуантық екені айқындалды.
-
Аһ, əлгі мысыққа ұқсас па?
Иə, иə, иə, - деп сыбырлады, қорыққаннан демін ішіне тартып
жан-жағына алақтаған əкім одан əрі №50 пəтерде екі күн қалай ізге
салушы қанішер болғанын, финдиректор Римскийдің ажалына
себепкер бола жаздағанын егжей-тегжейлі баяндады.
Осы тұста Ленинград пойызымен жеткізілген Римскийді кіргізді.
Алайда үрейден дірілдеп-қалшылдаған, жүйкесі əбден тозған ақбас
шал, бұрынғы финдиректор деп айтудың өзі қиын тірі аруақ қалай
қуалағанмен де ақиқатын айтқысы келмеді, бұл тұрғыдан тіптен
табанды болып шықты Римский түнде өз кабинетінде терезе
алдында тұрған ешқандай Гелланы, сондай-ақ Варенуханы да
көргенім жоқ деп салды, тек жағдайым нашар болған соң, есімді
білмей Ленинградқа кетіп қалыппын деді, өз жауабын сырқат
финдиректор броньды камераға қамаңыздар деген өтінішпен
аяқтағанын айтпаса да болады.
Аннушка Арбаттағы əмбебап дүкенде кассирге он долларлық жасыл
қағазды өткізуге əрекет жасап тұрған жерінен ұсталды. Аннушканың
Садовая көшесіндегі үйдің терезесінен ұшып шығып жатқан адамдар
туралы жəне, өз сөзі бойынша, милицияға апарып беру үшін жерден
көтерген таға туралы əңгімесі ынта қоя мұқият тыңдалды.
Таға шынында да жауһар зерленген алтын ба екен? - деп
сұрады Аннушкадан.
-
Жауһарды мен білмегенде кім біледі! - деді Аннушка.
-
Ал ол, өзіңіз айтқандай, шеруон берген жоқ па?
Шеруонды мен білмегенде кім біледі! - деп жауап қатты
Аннушка.
-
Жарайды, сонда ол қашан долларға айналып кетіп жүр?
Доллар-моллар деген ештеңені де білмеймін, ешқандай доллар
дегенді көргенім де, ұстағаным да жоқ, - деп шырылдай жауап қатты
Аннушка. - Өз құқығымыз өзімізде. Бізге сыйлық берген екен, оған
сиса сатып аламыз... - Осы арада ол қайдағы бір мылжың
сандырақты гөйітіп, бесінші қабатта жын-шайтанның ойнағын
жасауға рұқсат берген үй басқармасы үшін жауап бермейтінін,
солардың қырсығынан күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылғанын
айтып, біраз жерге барды.
Осы арада тергеуші Аннушкаға қаламын сілтеді, өйткені ол осы
арада тұрғандардың бəрінің мазасын кетіріп, мезі етті. Сондықтан
оған жасыл қағазға рұқсат жазып берді де, содан кейін, жаппай
таңданысқа орай, Аннушка ғимараттан ғайып болды.
Содан соң бірқатар адам тізбек-тізбегімен өтті: олардың ішінде
қызғаншақ зайыбының байым ұшты-күйді жоғалып кетті деп
милицияға таң алдында телефон соққан ақымақтығынан ғана
тұтқындалған Николай Иванович бар. Николай Иванович түнді
шайтанның балында өткізді деген мазақ анықтаманы үстел үстіне
қойып тергеуді онша таңдандырған жоқ. Ауада ұшып жүріп
Маргарита Николаевнаның үй қызметшісін тыржалаңаш өзенге
шомылуға тасығанын, оның алдында жалаңаш Маргаританың өзін
терезеден көргенін жырдай ғып айтқанда шындықты түгел ақтарып
салған жоқ. Мəселен, Николай Иванович лақтырып тасталған
жейдені қолына ұстап жатынжайға кіргенін, Наташаны Шолпаным
дегенін іркіп қалды. Оның сөзіне қарағанда, Наташа терезеден
жалаңаш атып шығып, мұны ерттеп мініп Мəскеуден аулақ алып
кеткен сияқты.
Зорлыққа төтеп бере алмай, бағынуға мəжбүр болдым, - деп
əңгімесін тəмамдаған Николай Иванович өз сөзін бұл туралы
зайыбына тіс жармауды өтінумен бітірді. Оған уəде де берілді.
Николай Ивановичтың куəлігі Маргарита Николаевна мен оның
үй қызметшісі Наташаның із-түзсіз жойылып кеткенін анықтауға
мүмкіндік берді. Енді оларды іздестіруге шара қолданылады.
Осылай сенбі күннің ертеңгілігі бір сəт те толастамаған тергеу-мен
аталып өтті. Бұл кезде қалада мүлдем мүмкін емес өсек-аяңдар
туындап, кең етек жайды, оларда шындықтың шөкімдей үлесі
өтірікпен батпита боялды. Варьетедегі сеанстан кейін екі мың
көрерменнің күллісі анадан жаңа туғандай тыржалаңаш көшеге
шығыпты, Садовая көшесіндегі баспахананы сиқырлаған жалған
қағаз ақшалар басып қалыпты, бəз-бір шайка ойын-сауық
секторының бес басшысын ұрлап əкетіпті, оларды милиция қазір
тапқан көрінеді десті. Тағысын тағылар тіпті көп, оларды қайтала-ғың
да келмейді.
Сонымен, түскі астың да уақыты таяп қалды, дəл осы кезде тергеу
жүргізіліп жатқан жерде телефон шылдырлап қоя берді. Садовая
көшесінен қарғыс атқан пəтер тағы да тіршілік нышанын байқатты
деп хабарлады. Терезе іштен ашылып, одан пианиноның үні мен
шырқалған əн естілді, терезенің жақтауында күнге жылынып дəу қара
мысық отырды деп соқты.
Сағат төрттердің шамасында күн қайнап тұрғанда қарапайым киінген
еркектердің үлкен тобы үш машинамен Садовая көшесіндегі №302бис үйге сəл ғана жетпей тоқтады. Келген соң үлкен топ шағыншағын екі топқа бөлінді де, біреуі қақпа арқылы аулаға кіріп, тура
алтыншы подъезге тартты, екіншісі əдетте шегелеп қойылатын
кішкентай қақпақты ашып, жабық есіктен кірді, сонымен екеуі де
бөлек баспалдақтармен №50 пəтерге көтерілді.
Бұл кезде Коровьев пен Азазелло, фрак емес жай киіммен ас үйде
ертеңгілік асты ішіп тауысуға жақын еді. Воланд өз əдеті бойынша
жатынжайда болатын, ал мысықтың қайда екені белгісіз. Алайда ас
үйден естілген кəстрөлдің даңғырына қарағанда Бегемот та əдеттегі
сайқымазағына салып сонда жүрген болуы керек.
Ал мынау баспалдақтардан естілген аяқ дүсірі не? - деп сұрады
Коровьев шынаяқтағы қара кофені қасықпен бұлғап отырып.
Бұлар ма, бізді тұтқындауға келе жатыр, - деп жауап қатқан
Азазелло бір стопка коньякты қағып салды.
-
Қой, қой, қой, - деді оған Коровьев.
Бас баспалдақпен көтерілгендердің алды бұл кезде үшінші қабаттың
алаңқайына келіп те қалған еді. Онда су өткізетіндердің екеуі жылу
беретін батареяларды қараған. Келе жатқандар су өткізетіндерге
жылы шыраймен қарады.
Барлығы үйде, - деп сыбырлады су өткізетіндердің бірі балғамен
тұрбаны ұрып қойып.
Алда келе жатқан пəлтесінің астынан қара маузерін ашық суырып,
онымен қатар келе жатқан қайқы кілтті ұстады. Жалпы №50 пəтерге
келе жатқандардың бес қаруы сай болатын. Екеуінің қалтасында
оңай ашылатын жіңішке тор-тұзақ. Енді біреуінде -арқан, екіншісінде
- дəке маска, хлороформ құйылған құты болатын.
№50 пəтердің сыртқы есігі қас қағымда ашылды да, келген-дердің
бəрі алдыңғы бөлмеге кірді, ас үйдің сарт жабылған есігі жасырын
жақтан өткендердің дер уағында келгенін көрсетті.
Бұл жолы толық болмағанымен де, бəз-бір сəттілікке қол жеткендей
еді. Бөлмелердің бəріне шашырап, бір кезде тінтуге кіріскен кісілер
ешкімді таба алмады, оның есесіне жаңа ғана ішілген ертеңгілік
астың қалдықтарын көрді, ал қонақжайда пештің сөресінде хрусталь
көзенің қасында дəу қара мысық отыр. Ол аяғынан ұстаған примусын
босатар емес.
Қонақжайға кіргендер үн-түнсіз мысыққа недеуір ұзақ қарап таңданып
тұрды.
-
М-да... шынында да тамаша! - деп күбір етті келгендердің бірі.
Қияңқылық жасап отырғаным жоқ, ешкімге де тимей, жай ғана
примус жөндеп отырмын... - мұрнын тартып қойып ренжи сөйледі
мысық, - тағы да мынаны ескертуді борыш санаймын, мысық деген
ешкім тиіспейтін ежелгі хайуан.
Кереметтей таза жұмыс, - деп сыбырлады кіргендердің бірі,
келесісі дауыстап айқын айтты:
Ал енді ешкім тиіспейтін, гүмбірлеп сөйлейтін мысық, кəне, бері
келші.
Жібек тұзақ желп етіп ашылды, алайда оны тастаушы тұрған-дарды
таңдандырып мүлт кетті, оған тек көзе ғана ілесіп жерге сарт етіп,
быт-шыты шықты.
Ура, қапы кетті! - деп алақайлаған мысық примусты тастай беріп,
арқа жағынан браунингті суырып алды. Оны ол таяу тұрғандардың
біріне кезеді, алайда ол мысықтан бұрын атып үлгеріп, қолында от
жарқырады. Маузердің атылуымен бірге мысық төрпештің сөресінен
еденге сұлап түсті де браунингі мен примусынан айырылып қалды.
Бəрі бітті; - деді əлсіз үнмен мысық, сосын көлкіген қанға көсіле
жатып: - менен əрмен кетіңдерші, жермен қоштасуыма мүмкіндік
беріңдер. О менің достым Азазелло! - деп өксіді қан-жоса боп жатқан
ол. - Қайдасың сен? - Мысық сөніп бара жатқан жанарын асүйдің
есігіне аударды, - Тең емес шайқаста сен маған қол ұшын бермедің
ғой. Бейшара Бегемотты бір стақан, рас, жақсы коньяққа айырбастап
кеттің-ау. Енді амал қанша, менің ажалым сенің арыңда, мен саған
өзімнің браунингімді өсиет етемін...
Тор, тор, тұзақ қайда? - деп əбігерленді мысықтың айналасындағылар. Алайда тұзақ, неге екені белгісіз, біреудің қалтасына
ілініп қалып, сыртқа шықпай қойды.
Өлімші болып жараланған мысықты құтқаратын жалғыз ғана ем бір жұтым бензин, - деген мысық алас-күлес сапырылысты
пайдаланып, примустың бұрандалы дөңгелек тығынын ашып,
бензинді қажетінше сімірді. Сол-ақ екен, құлан-таза айығып, ойнақтап
шыға келді, примусты қолтығына қысып, төрпешке қайта қарғып, сол
тұстан тұсқағазды дар айырып, қабырғаға өрмеледі де, екі секөнтта
келгендердің бəрінен биік көтеріліп металл карнизге шығып алды.
Замат қолы гардинге ілігіп, оны карнизбен бірге тартып алды да,
қаракөлеңке бөлмеге күн жарығы лап қойды. Алайда айлакерлікпен
сауыққан мысық та, оның қолындағы примус та төмен құлаған жоқ.
Мысық примустан айырылмай ауада қарғып бөлменің ортасына
ілінген люстраға барып қонды.
-
Сатыны əкеліңдер! - деп айқайлады төменнен.
Жекпе-жекке шақырамын, - деп бақырады люстрада тербетіліп
жүріп мысық, қолына тағы да браунинг ұстап алыпты, примусты
люстра сабақтарының арасына орналастырған. Келгендердің
төбесінде маятник құсап тербетіліп жүріп оқ жаудырды. Қатты гүрсіл
пəтерді шайқалтты. Еденге люстраның хрусталь сынықтары
шашылып, төрпештің үстіндегі айна жұлдыздай боп шұрқ-шұрқ
тесілді, босаған гильзалар жерде секіріп жатты, терезелердің əйнегі
шатынады, оқ тескен примустан бензин шашырай бастады. Енді
мысықты тірідей қолға түсіру мүлдем ұмыт болып, оны маузерден,
басқа да, ішке де, кеудеге де атқылады. Атыс ауладағы асфальтта
жұрттың үрейін ұшырды.
Алайда бұл атыс онша ұзаққа созылмай, өз-өзінен бəсеңдей
бастады. Мəселе мынада: мысыққа да, келгендерге де ешқандай
залал тиген жоқ. Ешкімнің өлмегені былай тұрсын, бірде-бір жан
жараланған жоқ. Келгендердің біреуі бұны түбегейлі тексеру үшін
мысықтың басына бес оқ атты, қарғыс атқан хайуан оған браунинг-тің
бір дүркін оғын бір-ақ жіберді. Баяғысындай, бұл да ешкімге
ешқандай əсер еткен жоқ. Мысық люстрада тербетіле берді, неге
екені белгісіз браунингтің аузын үрлеп, табанына түкіріп, құлашын
кеміте бастады. Төменде тұрғандардың жүзінен аң-таң таңданыс
байқалды. Мұның өзі атыс əсер етпеген бірден-бір жағдай болса
керек. Əрине, мысықтың браунигі ойыншық деуге болар, ал
келгендердің маузерлері жөнінде мұны айтуға болмайды, олар нағыз
əскери қару. Мысықтың алғашқы жаралануын көзбояушылық, жалған
тəлімсушілік екенінде енді титтей де күмəн жоқ, бензин ішуі де тап
сондай.
Мысықты ұстау үшін тағы бір əрекет жасалды. Арқан лақтыры-лып,
ол шырақтардың біреуіне түсіп, люстра үзіліп кетті. Тұрған-дарды
əйнек сынығы басып қалды. Соққыдан бүкіл үй шайқалды, бірақ одан
нəтиже шыққан жоқ. Мысық болса ауамен ұшып барып, төрпештің
үстіндегі айнаның алтынданған рамасына төбеге тақау отырып алды.
Оның ешқандай қашпақ ойы жоқ, қайта қауіпсіз жерге қонжиып алып,
тағы бір сөз бастады.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 24
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.