Latin Common Turkic

Майталман шебер мен маргарита - 06

Total number of words is 4275
Total number of unique words is 2183
34.2 of words are in the 2000 most common words
49.6 of words are in the 5000 most common words
55.7 of words are in the 8000 most common words
Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
аянышты-ақ еді: ол келісім-шарт жөнінде түк те есіне түсіре алмады,
өлтірсең де кеше бұл Воландыңды көрген жоқ. Рас, Хустов болды, ал
Воланд болған жоқ.
Келісім-шартты көруге рұқсат етіңізші, - деп баяу ғана өтінді
Степа.
-
Мінекейіңіз, мінекейіңіз...
Степа қағазға қарап қалтырап кетті. Бəрі орынды-орынды.
Біріншіден, Степаның төлтаңбалы айдақтаған қолы! Финдиректор
Римскийдің əртіс Воландқа алда көрсететін жеті ойынының төленетін
отыз бес мың сом есебінен он мың сом беруге тура рұқсат еткен
қиғаш жазуы шарттың бір бүйірінде тұр. Оның үстіне Воландтың он
мың сомды алғаны туралы қолхаты да қоса тігілген.
“Бұл не өзі?!” ден ойға батқан Степа бейбақтың басы айналды. Естен
адасып, жадынан айырыла бастағаны ма?! Алайда келісім-шарт
көрсетілгеннен кейінгі жерде одан əрі таңырқағаныңды байқату əбес.
Степа қонақтан бір минөтке шығып келуге рұқсат сұрап, алдыңғы
бөлмедегі телефонға жүгірді. Жолай асүй жаққа:
-
Груня! - деп айғай салды.
Бірақ ешкім үн қатқан жоқ. Осы арада ол алдыңғы бөлмеден
шығатын Берлиоз кабинетінің есігіне көзі түсіп, қалшиып қатты да
қалды. Есіктің тұтқасынан ол жіпке ілінген үп-үлкен пешат-талған
сорғышты көрді. Степаның басында біреу “Аман бол! Жетпей
тұрғаны осы еді!” деп шаңқ еткендей болды. Сол сəт Степаның
ойлары қосарланған рельс жолымен жүйтки жөнелді. Əдетте апат
кезінде осылай болатыны бар, қайда апарарын сайтаның білсін,
əйтеуір бір жақты бетке алып тарта берді. Степаның басындағы
қойыртпақты енді айтып жеткізу қиын. Суық арақ пен ақылға
сыймайтын келсім-шарт ұсынған қара беретті бəлекет те осында.
Оған қоса сорғышқа басып есікке ілген мөр де осында. Былайынша,
Берлиоз бірдеңе бүлдіріп қойды деп кімге айтарсың, айтсаң да ешкім
сенбейді емес пе. Алайда бадырайта басылған мөр əне тұр! Иə
десеңізші!..
Дəл осы тұста Степаның миын бəз-бір мақала туралы рабайсыз
ойлар түрткіледі. Сол бар болғырды қас қылғандай журналына
бассыншы деп Михаил Александровичке тықпалап еді. Өз арамызда
айтсақ, мақала лақпа бірдеңе. Болмашы нəрсенің ақшасы да
болымсыз...
Мақаланың еске түсуі мұң екен, ізінше Степа асүйде Михаил
Александровичпен бірге кешкі ас ішіп отырғанда айтылған бəз-бір
күмəнді əңгіме ойға оралды. Əрине, сөздің толық мəнінде ол əңгімені
күмəнді деп санауға да болмайтын еді (Степа ондай əңгімеге
бармайды ғой), алайда оның қажетсіз бір тақырыпта өрбігені анық.
Ол туралы тіпті сөз қозғауға да болмайтын еді. Мөрлеуге дейін ол
əңгімені ештеңеге арзымас дүние санауға сөз жоқ болатындай да, ал
мынау мөрден соң олай деу қиын..
“Аһ, Берлиоз, Берлиоз! - деп Степаның басында бірдеңелер қыз-қыз
қайнады. - Мынау тіпті басқа келер, миға сияр іс емес қой!”
Бірақ ұзақ уайымдауға мұрша болған жоқ, Степа варьетенің
финдиректоры Римскийдің кабинетіндегі телефонның нөмірін терді.
Степаның жағдайы да шетін: біріншіден Степа келісім-шартты
көрсеткеннен кейін де сенбей тексеріп жатыр деп шетелдік ренжіп
қалуы кəдік, екіншіден финдиректормен ол жайында сөйлесудің өзі
өте-мөте қиын. Шын мəнінде “Кеше қара магияның профессорымен
отыз бес мың сомға шарт жасадым ба?” деп одан қалай сұрарсың.
Олай сұраудың жөні де, жолы да жоқ қой!
-
Иə! - трубкадан Римскийдің қатқыл, сүйкімсіз даусы естілді.
Сəлеметсіз бе, Григорий Данилович, - деп сөзін баяу бастады
Степа, - бұл Лиходеев қой. Мəселе міне мынандай... ім... ім... менде
əлгі... иə... əртіс Воланд отыр. Міне былай... сұрайын дегенім бүгінгі
кештің жайы.
Аһ, қара маг, сиқыршы ма? - деп трубкадан үн қатты Римский. Афишалары қазір əзір болады.
-
Аһа, - деді əлсіз үнмен Степан, - жарайды, əзірше...
-
Ал өзіңіз тез келесіз бе? - деп сұрады Римский.
Жарты сағаттан кейін, - деп жауап қатқан Степа трубканы іліп,
қолымен ып-ыстық басын сығымдады. Аһ, қандай келеңсіз жағдай
тап болды. Жадыма менің не болған, азаматтар? Ə?
Алайда алдыңғы бөлмеде одан əрі кідіру ыңғайсыз, сондықтан Степа
табан аузында жоспар жасады: бар мүмкіндікті пайдаланып, өзінің
естір құлаққа ерсі ұмытшақтығын жасыру шарт, ал қазір бір бастан
қулық жасап, шетелдіктен Степаға сеніп тапсырған варьетеде бүгін
не көрсетпек ниеті барын сұрап алу қажет.
Степа аппараттан бұрылған сəтте алдыңғы бөлмеге қойылған,
жалқау Груня атамзаманнан бетін бір сүртпеген сатпақ айнадан бəзбір оғаш тұлғаны көрді - өзі сырықтай ұзын, көзінде пенсне бар (еһ,
шіркін осы арада Иван Николаевич болса ғой! Ол бұл сүмелекті
жазбай танитын еді). Ал ол айнадан көрінді де, замат жоқ болды.
Степа үрейленіп алдыңғы бөлмеге жітірек үңілді, ол екінші рет
тəлтіректеп қалды, өйткені айнадан тайшадай дəу қара мысық өтті,
ол да əлгіндей əп-сəтте ғайып болды.
Степаның жүрегі үзіліп аяғының басына түсіп; шайқалақтап қалды.
“Бұл не пəле өзі? - деп ойға шомды ол; - мен осы есімнен танайын
дегенмін бе? Мынау бейнелер қайдан жүр? - Ол алдыңғы бөлмені
тағы бір барлап, үрейлене айғай салды.
Груня! Мында біздің үйде тентіреп жүрген қайдағы мысық?
Қайдан келген өзі, оның қасында тағы да кім бар?
Алаң болмаңыз, Степа Богданович, - деген үн шықты, дауыс
Грунянікі емес, жатынжайдағы меймандыкі екен. - Мысық менікі. Ал
Груня жоқ, мен оны Воронежге, отанына жібердім, өйткені ол сізден
көптен бері демалыс бермей жүр деп шағымданды. Оған бола
жүйкеңізді тоздырмаңыз!
Бұл сөздердің күтпеген əрі келеңсіз болғаны сондай, Степа оны
құлағынан ағызып жіберуге тырысты. Ұнжырғасы түсіп; жатынжайға
қарай жүгіріп, табалдырықта сілейіп тұрды да қалды. Төбе шашы тік
тұрып, маңдайынан шып-шып тер шықты.
Қонақ жатынжайда жалғыз емес, тобымен отыр. Екінші мамықтақты
алдыңғы бөлмеде айнадан көрінген ұзынтұра отыр. Енді ол айқын
көрінді: құс қауырсынындай мұрты бар, пенснесі жалт-жұрт етеді, ал
екінші көзі жоқ. Жатынжайда одан да сорақы нəрсе бар екен, зергер
бикенің жұмсақ тағында көсіліп үшінші жəне шалжияды, онысы
алдыңғы бір аяғымен арақ құйған стопка ұстаған, екінші аяғында
шанышқысы бар, онымен тұздалған қозықұйрықты бір-бірлеп
шаншып көріп жатқан сұмдық жуан қара мысық.
Жатынжайдың онсыз да əлсіз жарығы жалпы өшуге айналып,
Степаның көзінде жылт-жылт етті. “Е, есінен осылай адасады екенау” деп ойлаған ол маңдайшадан ұстай алды.
Байқаймын, сіз аз-кем таңырқап тұрған сияқтысыз, ардақты
Степа Богданович? - деп сөз тартты Воланд тісі сақылдап тұрған
Степадан. - Ал шынтуайтына келсек, таңданатын да ештеңе жоқ. Бұл
менің нөкерлерім.
Сəл сəт мысық арақты қағып салды да, Степаның маңдайшадағы
қолы төмен сырғыды.
Ал өрен-жаран болған соң бұлар орын талап етеді, - деп сөзін
жалғастырды Воланд. - Сондықтан бұл пəтерде біздің бəз-біреуіміз
артық болармыз. Маған сол артық жан нақ өзіңіз сияқты көрінеді.
Бұлар, бұлар! - деп текеше бақылдаған алабажақ ұзынтұра
Степаны көптік жалғаумен айтты да: - Бұлар соңғы кезде жалпы
сұмдық ластап жүр. Маскүнемдікке салынып, қызмет бабын
пайдаланып əйелдерге барады, бітіріп жүрген ештеңесі жоқ жəне
қолдарынан түк те келмейді, өйткені жүктелген жұмыстан ешқандай
түсінігі жоқ. Тек басшылықтың көзін бояйды.
Қазынаның машинасын босқа айдайды! - деп сумаңдады
қозықұйрық шайнап тұрған мысық.
Осы арада пəтердегі төртінші, соңғы құбылыс төбе көрсетті, ол кезде
сырғып еденге түскен Степа əлсіз қолымен жақтауды тырналап
жатқан-ды.
Тура трюмоның айнасынан кішкентай ғана, бірақ иығы əдеттен тыс
кең, басына бақырашқа ұқсас қалпақша киген, аузынан азуы ақсиып
тұрған, онсыз да бет əлпеті жексұрын біреу шықты. Өзі жəне өрттей
қызыл, жирен.
Мен, - деп сөзге араласты əлгі жаңа келген, - жалпы мұның
директорлыққа қалай ілігіп жүргенін түсінбеймін, - деп жирен барған
сайын мұрнынан сөйлеуін үдетіп, мыңқылдай түсті: - мұның
директорлығы менің архиерейлігім сияқты.
Сен архиерейге ұқсамайсың, Азазелло, - деп қағытты тəрелкесін
шұжық салып жатып мысық.
Мен де соны айтып тұрмын ғой, - деп мыңқылдаған жирен
Волондқа бұрылып, ілтипатпен сөз қосты: - Мессир, мұны тұрым-тай
тұсына деп Мəскеуден қаңғыртып жіберуге рұқсат етіңізші.
-
Пірс!! - деп ыр ете қалды кенет мысық жүнін тікірейтіп.
Сонда жатынжай Степаның төңірегінде шыр айналып, ол жақтауға
басымен соғылып, есі ауып бара жатып, “өлді деген осы шығар...”
деп ойлады.
Бірақ ол өлген жоқ, көзін жайлап ашып, өзінің тас тəріздес бірдеңеде
отырғанын көрді. Айналасында бірдеңелер шуылдайды. Көзін
анықтап ашқанда ол теңіз шулап, ол аз болса толқындар тулап
мұның аяғына соғып жатқанын, қысқартып айтқанда, өзінің айлақ
аузына салынған құрылыс - молдың ең шетінде отырғанын, астында
жарқыраған көгілдір теңіз, артында таудағы əсем қала екенін көрді.
Мұндай жағдайда не істеу керегін білмеген Степа тəлтіректеп
аяғынан тік тұрып, молмен қозғалып, жағаға беттеді.
Молда тұрған бір кісі шылым шегіп, теңізге түкіріп тұр. Степаға ол
алара қарап түкіруін тоқтатты. Осы арада Степа бір өнер шығарды:
Бейтаныс шылымшының алдына тізерлеп отыра қалып:
-
Айтыңызшы, бұл қандай қала, жалынамын! - деді.
-
Алайда! - деді мейірімсіз шылымшы.
Мен мас емеспін, - деді қырылдап Степа, - мен аурумын, маған
бірдеңе болды, аурумын. Мен қайдамын өзі? Бұл қандай қала...
-
Ал айталық, Ялта...
Степа баяу күрсініп, бір бүйіріне сылқ ете қалды, басын молдың
қызған тасына соғып алды.
Сегізінші тарау
ПРОФЕССОР МЕН АҚЫН АРАСЫНДАҒЫ
ЖЕКПЕ-ЖЕК
Ялтада тура Степаның есі ауысқан тұста, яғни күндізгі сағат он бір
жарым шамасында ұзақ та терең ұйқыдан оянғаннан кейін Иван
Николаевич Бездомныйдың ақыл-есі оралды. Біраз уақыт ол мынау
қабырғалары аппақ, бəз-бір ашық металдан жасалған тамаша түнгі
үстелі бар, ақ перденің аржағынан күннің нұры сезілетін беймəлім
бөлмеге қалай түскенін ой елегінен өткізді.
Иван басын сілкіп қап, оның ауырмайтынына көз жеткізіп, емханада
жатқанын есіне түсірді. Осы ой өз соңынан Берлиоздың ажалы
жөніндегі естеліктерді туындатты, бірақ ол бүгін Иванды онша қатты
қобалжытқан жоқ. Ұйқысы қанған Иван Николаевич байыптырақ боп,
айқынырақ ойлай бастады. Тап-таза, жұмсақ та қолайлы серіппелі
кереуетте жатып Иван өз қасынан қоңырау түймесін көрді. Заттарды
қажетінсіз-ақ қозғап көретін əдетімен ол түймешені басты. Түймеше
басылғаннан кейін бір сылдыр немесе басқа құбылыс болар деп
күткен еді, мүлдем басқа нəрсеге тап болды. Иван төсегінің аяқ
жағынан күліңгір цилиндр жанды, оған “Ішу керек” деп жазылыпты.
Біраз уақыт тұрып цилиндр айнала бастады да, “Няня” деген жазу
шыққанда ғана тоқтады. “Няня” сосын “Докторды шақырыңыз” деген
жазумен алмасты.
Ім... - деді Иван мынау цилиндрмен одан əрі не істерін білмей.
Алайда оның ыңғайы кездейсоқ келді: Иван “Фельшер бике” деген
сөзге түймешені екінші қайта басып еді, цилиндр баяу сыңғырлап,
тоқтады да сөнді. Сосын бөлмеге таза ақ халат киген толықша
сымбатты бір əйел кіріп, Иванға:
-
Қайырлы таң! - деді.
Бұл сəлемді дəл қазіргі жағдайда орынсыз деп санаған Иван жауап
қайырмады. Шынтуайттап келгенде сап-сау адамды емханаға салып,
мұның өзі осылай болуы керек те деген сыңай танытады.
Осы екі ортада əйел жүзінің жылы шырайын жоғалтпай түймешені
бір басу арқылы терезе пердесін жоғары ысырды, іле кең ілгекті,
еденге дейін жететін тортемірден бөлмеге күн сəулесі лап қойды.
Тортемірдің аржағынан балкон, одан бұрала аққан өзеннің жағасы
көрінді, келесі жағада сыңсыған қарағайлы орман тұр.
Кəнекей, ванна алыңыз, - деп шақырды əйел, оның қолының
астынан ішкі қабырға ысырылып, аржағынан ванна бөлімшесі мен
тамаша жабдықталған киерхана шыға келді.
Иван əйелмен сөйлеспеуге бекінсе де, жалтыраған краннан
сарылдап ваннаға судың қалай құйылып жатқанын көріп шыдай
алмай:
-
Қарай гөр! “Метропольдағыдай” ғой өзі, - деді қулана.
О жоқ, - деп масаттана жауап қатты əйел, - одан əлдеқайда
жақсы. Мұндай жабдық ешқайда, тіпті шетелдерде де жоқ. Ғалымдар
мен дəрігерлер көріп танысу үшін арнайы келеді біздің клиникаға.
Бізде шетелдік туристер күн сайын болады.
“Шетелдік турист” деген сөзді естігенде Иванның ойына заматта
кешегі консультант түсті. Иван түнеріңкіреп, қабағының астымен
қарап тіл қатты:
“Шетелдік туристер... Шетелдік туристер десе ғой ішкен
астарыңды жерге қоясыңдар. Ал олардың арасынан алуан түрлісі
табылады. Мəселен, мына мен кеше сондай біреумен танысып,
оным өзіме қымбатқа түсті.
Енді болмағанда Понтий Пилат жөнінде көйіткелі шақ қалды, əйтеуір
өзін-өзі ұстап, əйел адамға ондай əңгіменің еш қажеті жоғын,
айтқанмен де ол бұған көмектесе алмайтынын ұқты.
Жуынып шыққан Иван Николаевичке сол арада ваннадан шыққан ер
адамға не керектің бəрі берілді, өтектелген жейде, ішкиім, шұлық
дегендей. Ол аз болса, шкəптың есігін ашып, əйел оның ішін нұсқап:
-
Не кигіңіз келеді - халат па əлде пижама ма? - деп сұрады.
Жаңа тұрғынжайға зорлап бекітілген Иван əйелдің еркіндігінен қолын
сəл ғана соқпай, саусағымен күрең түсті помази пижаманы үнсіз
түртті.
Осыдан кейін Иван Николаевичті үн-түнсіз дəлізбен ертіп жүріп,
атшаптырым үлкен кабинетке алып кірді. Ғажап жабдықталған
осынау ғимараттағының бəріне келемеждей қарауға бел буған Иван
кабинетке табанда-ақ “фабрика-асүй” деп ат қойып, айдар таға
қойды.
Олай атаудың негізі де бар еді. Мұнда шкəптар мен никель-денген
құрал-саймандар салынған кішкене əйнек шкəпшалар тұр. Құрылысы
əдеттен тыс күрделі мамықтақтар, қалпақшасы жалтыраған бүйірлі
шамдар, толып жатқан шыны сауыттар, газ шілтерлер, электр
сымдары не сəн, еш пендеге белгісіз приборлар не сəн.
Кабинетте Иванды айналшықтап үш адам жүрді - екеуі əйел де,
біреуі еркек, бəрі ақ киіп алған. Əуелі Иванды бұрышқа үстелдің
басына апарды, одан бірдеңелер сұрамақ сыңайлары бар. Иван
жағдайды ой елегіне салуы керек. Оның алдында үш жол тұр.
Алғашқы жол оны айрықша баурады, ондағысы мынау шамдар мен
бас қатырған заттардың бəрін талқандап, сол арқылы бостан-босқа
қамалып отырғанына қарсылыған білдіру. Алайда бүгінгі Иван мен
кешегі Иванның арасында недəуір айырмашылық бар, соңғысына
алғашқы жол күмəнді болып көрінді, олар бұны емге көнбейтін
елірген жынды деген ой түйсе қайтті. Сондықтан алғашқы ойды Иван
сілкіп тастады. Екінші жол - консультант пен Понтий Пилат жөніндегі
хикаяны жедел баяндау. Алайда кешегі тəжірибе бұл əңгімеге ешкім
сенбейтінін немесе теріс түсінетінін аңғартты. Сондықтан Иван бұл
жолдан да бас тартты да, үшінші жолды ұстанып, томаға тұйықтанып
үндемеуге бел буды.
Бұл ойын да толық жүзеге асырудың орайы келмеді, аз да болса,
түнере отырып бірталай сұрақтарға жауап беруге мəжбүр болды.
Иванның өткен өміріне қатыстының бəрін, тіпті осыдан он бес жыл
бұрын скарлатинамен ауырғанына дейін сұрап білді. Иванның
жауабынан қағаздың бір бетін жазып бітіп, екінші жағын аударған
əйел оның туған-туыстары жөніндегі сауалға көшті. Шатақ енді
басталды: кімің өлді, ажалы неден болды, ішпеуші ме еді, тері
ауруларымен ауырған жоқ па еді? - деген тəрізді кілең бір шымшытырық сұрақтар. Қорытындысында кешегі Патриарх тоға-нында
болған оқиға жайында айтуын өтінді, бірақ қыстаған жоқ. Понтий
Пилат туралы хабарға да таңданбады.
Осы жерде əйел Иванды ер адамға тапсырды да, ол басқаша
қарады, ештеңе сұрап мезі қылған жоқ. Ол Иванның дене қызуын
өлшеп, тамыр соғысын қарап, бəз-бір шаммен көзіне үңілді. Ізінше
еркекке көмектескелі басқа əйел келді, Иванның арқасына ине
салды, бірақ ауыртқан жоқ, балғаның сабымен кеуде терісіне сурет
сияқты бірдеңелер сызды, балғамен тізені тықылдатып көріп еді,
аурудъщ аяғы ыршып кетті, саусағын тесіп, қан алды, қарын
шанышқылады, қолына бəз-бір резеңке білезік салды.
Иван бəріне іштей мырс-мырс күліп, барлығының да ақылға
сыймайтындай ерсі шыққанын ой таразысына салды. Ойлап қарашы
енді! Жұрттың бəрін беймəлім консультанттан төніп келе жатқан
қатерден сақтандырғысы келіп, оны ұстауға тырысқанда тапқаны
қайдағы бір құпия кабинетке түсіп, Вологдада ішуден көз ашпайтын
нағашысы Федор жөнінде көр-жерді шатпақтауға мəжбүр болғаны
ма?
Ақыры Иванды жіберді. Өзінің бөлмесіне қайтып əкелінді, онда оған
бір шыны кофе, шала пісірілген екі жұмыртқа жəне май жаққан ақ нан
берілді.
Ұсынған тағамның бəрін ішіп-жеп, Иван осы мекемедегі ең басты
біреуді күтті, өзге-өзге сол кісі өзіне дұрыс қарап, əділдігіне көшер
деп үміттенді.
Ертеңгілік астан кейін көп ұзамай оның күткен кісісі де келді. Иван
жатқан бөлменің есігі ойламаған жерден ашылып, ақ халат киген бір
топ адам сау ете қалды. Барлығының алдында актерлерше мұқият
қырынған, көзі уытты да сүйкімді, мінезі сыпайы жасы қырықтар
шамасындағы кісі кірді. Барлық өрен-жараны айрықша ілтипат жасап,
құрмет көрсеткендігінен болар, оның келуі мейлінше салтанатты боп
шықты. “Понтий Пилат сияқты”, - деп ойлады Иван.
Иə, бұл, сөз жоқ, бас кісі. Ол орындыққа жайғасты да, қалғандары
түрегеп тұрды.
Доктор Стравинский, - деп өзін таныстырған ол Иванға жылы
шыраймен қарады.
Мінекейіңіз, Александр Николаевич, - деп жинақы ғана сақалы
бар біреу бас кісіге түгел толтырылған Иванның парақшасын берді.
“Тұтас іс жасақтапты ғой!” - деп ойлады Иван. Бас дəрігер болса,
кəнігі көзбен қағазды жүгіртіп қарап шықты да “Огу, огу...” деп
күбірледі, айналасындағылармен түсініксіздеу бір тілде аз-кем пікір
алмасты.
“Пилат сияқты бұл да латынша сөйлейді екен-ау...” - деп Иван мұңға
батты. Кенет оны бір сөз дір ете қалуға мəжбүр етті, ол
-“шизофрения”, əттеген-ай, кеше Патриарх тоғанында лағынет
жауғыр шетелдіктің аузынан шыққан сөзді бүгін мұнда профессор
Стравинский қайталап тұр.
“Демек, бұл білген ғой!” - деп мазасызданды Иван.
Бас дəрігер шамасы айналасындағылар не айтса да, бəрімен келісіп,
бəріне қуануды өзіне ереже тұтатын болса керек, онысын ол
“тамаша, тамаша...” деген сөзбен білдіріп отырады екен.
Тамаша! - деп Стравинский парақшаны бəз-біреуге қайтарып
беріп Иванға қарады: - Сіз ақынсыз ғой?
Ақын, - деп түнере жауап қатты Иван жəне алғаш аяқ астынан
поэзияға деген бір жиіркенішті сезінді де, неге екені белгісіз, есіне
түскен өлеңдерінің бəрі өзіне сүйкімсіз көрінді.
-
Бетін тыржитып ол өз кезегінде Стравинскийге сұрақ қойды:
-
Сіз профессорсыз ба?
Оған Стравинский ықыласпен сыпайы ғана бас изеді.
-
Жəне сіз осындағы бассыз ғой? - деді Иван.
Стравинский бұған да бас изеді.
-
Менің сізбен сөйлесуім керек, - деді Иван.
-
Мен сол үшін де келдім, - деп үн қатты Стравинский.
Мəселе мынандай, - деп бастады Иван арыла айтар сəт туғанын
сезіп, - мені жындыға айналдырды да қойды, сөзімді ешкімнің де
тыңдағысы келмейді...
О жоқ, сізді біз зейін қойып зер сала тыңдаймыз, - деді
Стравинский жұбата сөйлеп сабырмен. - Жəне сізді жындылар
қатарына жатқызуға тіпті де жол бермейміз.
Онда тыңдаңыз: кеше кешкісін Патриарх тоғанында, шетелдік пе,
шетелдік емес пе, əйтеуір бір тылсым тұлғамен кездестім, ол
Берлиоздың өлетінін алдын ала біліпті, ал Понтий Пилатты өз
көзімен көріпті.
Нөкерлер үнсіз ғана тырп етпей тыңдады ақынды.
Пилатты ма? Пилатыңыз Иса пайғамбардың қасында болған ба
кəдімгі? - деп сұрады Стравинский Иванға көзін күзе қарап.
-
Соның өзі.
Аһа, ал Берлиоз əлгі трамвайдың астына түсіп опат болған ғой? деді Стравинский.
Дəл солай, кеше оны менің көз алдымда трамвай турап кетті ғой
Патриархта, соны əлгі жұмбақ адам...
Понтий Пилаттың танысы ма? - деп сұрады зады түсінігінің
молдығымен дараланатын Стравинский.
Дəл сол,- деп растады Иван Стравинскийді сынай отырып. -Міне,
алдын ала айтқан сол, Аннушка күнбағыс майын төгіп алды... деді
ғой. Ал Берлиоз тура сол май төгілген жерде тайғанап кетті. Сізге бұл
қалай, жаға ма? - деді Иван сөзіне көп мағына бергелі шұқшиып əрі
əсерлірек болар деп дəмеленіп.
Алайда ондай əсер болған жоқ, Стравинский оған онша мəн бермей,
əншейін ғана келесі сұраққа көшті:
-
Ал əлгі Аннушка кім?
Бұл сұрақ Иванды ептеп шамдандырды, бет-аузы жыбырлап кетті.
Аннушканың бұл арада еш қажеті жоқ, - деді ол күйгелек-теніп, оның кім екенін сайтаным біле ме. Садоваяда тұратын бір ақымақ
қатын шығар. Мұндағы маңыздысы бейтаныстың күнбағыс майын
алдын ала білуі емес пе? Сіз мені түсініп тұрсыз ба?
Тамаша түсінемін, - деп байсалды жауап қатқан Стравинский
ақынның тізесін жанап кетіп: - абыржымай, сөзіңізді жалғастыра
беріңіз, - деді.
Жалғастырамын, - деді Иван ащы тəжірибеден түйген тəліміне
орай тек сабырлылық қана көмектесетіне сеніп Стравинскийдің
ойлағанын табуға тырысып. - Сонымен əлгі жұмбақ жан консультантпын, деп өтірік алдайды, алайда əдеттен тыс тылсым күші бары
шын сияқты. Мəселен қыр соңынан қалмай қанша қусаң да жету
мүмкін емес. Онымен жəне бір екеу жүр, екеуі де барып тұрған
сұмпайы: біреуі сынық көзілдірік салған бір ұзынтұра да, екіншісі
тайыншадай үлкен мысық, онысы трамвайда өз бетімен жүре береді.
Оның үстіне əлгі бейтаныс жеке өз басы балконда Понтий Пилатпен
бірге отырыпты, - деп сөзін ешкім бөлмеген Иван зор жалынмен
сендіре сөйледі. - бірге болғаныңда ешқандай күмəн жоқ. Сонда бұл
не болғаны өзі? Ə? Оны жедел тұтқындау керек, əйтпесе сорымызды
қайнатып, дүниені бүлдіреді.
Сонымен сіз оның тұтқындалуын діттеп жүрсіз ғой? Сізді дұрыс
түсіндім бе? - деді Стравинский.
“Бұл ақылды екен, - деп ойлады Иван, - зиялылардың арасында да
бірен-саран ақылдылар кездесетінін мойындау керек.
Дұп-дұрыс! Өзіңіз ойлаңызшы, ондайларды тұтқындамасқа бола
ма?! Ал мені бұл арада күштеп ұстап отыр, көзімді шаммен шұқиды,
ваннаға сап шомылдырады, Федор нағашым туралы шұқылап
бірдеңелер сұрайды.
Олай болса, тамаша, тамаша бəрі де! - деп үн қатты
Стравинский. - Міне енді барлығы айқындалды. Шынында да
емханада сау адамды ұстауда қандай мəн бар? Жақсы. Егер сіз
маған саумын деп айтатын болсаңыз бұл арадан табанда
шығарамын. Сау екеніңізді дəлелдемей, тек айтсаңыз болды.
Сонымен, сіз саусыз ба?
Сол сəт керемет тыныштық орнады, ертеңгілік Иванды күткен
толықша əйел профессорға разылықпен көз салды, ақын тағы да
“шынымен ақылды” екен деп ойлады.
Профессордың ұсынысы оған қатты ұнады, алайда жауап беру үшін
алдымен маңдайын қырыстырып мейлінше ойланды да, ақыры
нақтап:
-
Мен саумын, - деді.
Міне енді тамаша, - деді үстінен бір жүк түскендей дауыстап
Стравинский, - олай болса, кəне, логикалық тұрғыдан ойлап
көрейікші. Кешегі күніңізді ғана алайық. - Осы арада бұрылған оған
Иванның парақшасын жедел бере қойды. Сізге Понтий Пилаттың
танысымын деп өзін таныстырған беймəлім адамды іздеп жүріп кеше
мынадай қарекеттер жасағансыз, - деп бірде қағазға, бірде Иванға
қарап қойып Стравинский ұп-ұзын саусақтарын біртіндеп бүге
бастады. - Омырауыңызға шағын иконаны түйредіңіз. Солай болды
ма?
-
Болды, - деп тұнжырай келісті Иван.
Дуалдан құлап, бетіңізді жаралапсыз. Солай ма? Қолыңызға
жанған шырақ ұстап мейрамханаға ішкиіммен ғана келіпсіз, онда
біреуді соғып жіберіпсіз. Сізді мұнда байлап-матап əкелген. Мұнда
түскен соң милицияға телефон шалып, пулеметтер жіберуін сұрағансыз. Сосын терезеден секіріп кетуге əрекеттенгенсіз. Солай ма?
Осы арада бір сұрақ туады: осылай əрекет жасай жүріп бəз-біреуді
ұстап, тұтқындау мүмкін бе, өзі? Егер сіз сау адам болсаңыз, өзіңіз-ақ
мүмкін емес деп жауап берер едіңіз. Сіздің бұл арадан кеткіңіз келе
ме? Мархабатыңызға құлдық. Алайда тағы да сұрақ қоюға рұқсат
етіңіз, бұл арадан кеткенде сіз қайда бармақсыз?
Əрине, милицияға барамын, - деп жауап қатты Иван бұрынғыдай
батылданбай, профессордың көз алдында сəл-пəл абдырып.
-
Тұп-тура осы арадан ба?
-
Огу.
-Ал өз пəтеріңізге соқпайсыз ба? - деп сұрады Стравинский.
Соғатын уақыт жоқ. Мен пəтер аралап жүргенде ол сытылып
құтылып кетеді ғой.
-
Солай делік. Ал сіз милицияға барғанда алдымен не айтасыз?
Понтий Пилат туралы айтам, - деп жауап берді Иван
Николаевич, сол сəт көзі тартып тұманданып кетті.
Жарайды, міне тамаша! - деді бағынған болып Стравинский,
сосын сақалдыға қарап бұйрық берді. - Федор Всильевич, кəнекей,
азамат Бездомныйға қалаға шығуға рұқсат жазыңыз. Бірақ мына
бөлмеге ешкімді жібермеңіздер, төсек-орны ауыстырылмасын. Екі
сағаттан кейін азамат Бездомный осында қайтып келеді. Ал енді не, деп ақынға қарады, - сізге мен табыс тілемеймін, өйткені табысқа
жететініңізге титтей де сенбеймін. Тезірек жолыққанша! - Осыны
айтып ол орнынан тұрды да, өрен-жараны түгел қозғалды.
Қалайша мен мұнда қайтып оралмақпын? - деп абыржи сұрады
Иван.
Стравинский осы сауалды күткендей-ақ жедел қайта отырды да, сөз
бастады.
Неліктен екенін айтайын, сіз дамбалшаң милицияға кіріп барып,
Понтий Пилатты тікелей білетін адаммен жолығысып едім десеңіз,
сізді сол заматта-ақ осында алып келеді, сөйтіп сіз қайтадан осы
бөлмеден бір-ақ шығасыз.
Бұл арада дамбалдың не қатысы бар? - деп сұрады Иван жанжағына абдырай қарап.
Ең бастысы - Понтий Пилат. Жəне дамбалдың да қатысы бар.
Себебі біз қазынаның киімін сізден шешіп алып, өз киміңізбен
жібереміз ғой. Сіз бізге дамбалшаң жеткізілгенсіз. Ал сіз қанша
тұспалдап айтқаныма қарамастан пəтеріңізге соғуды жалпы ойлаған
жоқсыз. Одан əрі Пилатыңыз кетеді де... шаруа сонымен бітеді.
Осы арада Иван Николаевичке оғаш бірдеңе тап болады. Оның ерік
күші тас талқан болып əлі құрып дəрменсізденіп, біреудің ақылкеңесін қажетсізденетінін сезінді.
-
Сонда не істеу керек? - деп назаланды ол мойып.
Міне енді тамаша! - деп үн қатты Стравинский. - Бұл өте орынды
сұрақ. Енді сіз не күйге ұшырағаныңызды айтуыма əбден болады.
Кеше біреу сізді қатты қорқытқан, Понтий Пилат жайында əңгіме
айтып, жəне басқа бірдеңелермен үрейіңізді ұшырған. Сосын сіз
күйіп-пісіп, жүйкеңіз құрып, жұлқынып, Понтий Пилат туралы əңгімені
өршітіп қала кезіп кеткенсіз. Сондықтан сізді жұрттың есі ауысқан
жынды деп қабылдауы əбден орынды. Қазір бұдан құтылуыңыздың
жалғыз-ақ жолы бар, ол - толық тыныштық. Сол себепті сізге сөзсіз
осында қалу қажет.
Ал, оны ұстау қажет қой! - деп енді жалбарынғандай болды
Иван.
Жақсы, бірақ ол үшін өзіңнің қара тер боп жүгіруіңнің қажеті
қанша? Ол кісіге деген күмəн-күдігіңіз бен айып-кінəңізді қағазға
түсіріңіз. Өтінішіңізді тиісті жеріне жіберуден оңай ештеңе жоқ. Сіздің
топшылауыңыздай мəселе шын қылмыскерде болып тұрса, барлығы
жедел де шапшаң айқындалады. Алайда бір шартым бар: басыңызға
күш түсірмеңіз, Понтий Пилат жөнінде азырақ ойлауға тырысыңыз.
Айта берсе, əңгіме деген аз емес қой. Оның бəріне бірдей сене
беруге болмайды.
Түсіндім! - деп батыл мəлімдеді Иван, - Маған қағаз бен қалам
берулеріңізді сұраймын.
Қағаз бен қысқантай қарындаш беріңіз, - деп бұйырды
Стравинский толықша əйелге, ол Иванға былай деді: - Бірақ бүгін
жазбауға кеңес беремін.
Жоқ, жоқ, бүгін, міндетті түрде бүгін жазамын, - деп ышқына
айғайлап жіберді Иван.
Онда жақсы. Тек миға салмақ салмаңыз. Бүгін шықпаса, ертең
шығады.
-
Ол кетіп қалады ғой.
О, жоқ, - деп сеніммен қарсылық білдірді Стравинский, - ол
ешқайда да кетпейді, оған кепілдік беремін. Жəне есіңізде болсын,
мұнда сізге жан-жақты көмек береді, онсыз сізден ештеңе де
шақпайды. Сіз мені естіп тұрсыз ба? - деп сұрады сөзіне баса мəн
беріп, сосын қос қолдап Иванның қолын уыстай ұстап, өзіне тартып,
оның көзіне тесіле қарады да əлгі айтқанын қайталады. Мұнда сізге
көмек береді... естисіз бе сіз мені?.. Мұнда сізге көмек береді.. көмек
береді... Бойыңыз жеңілдеп көңіліңіз сергиді. Мұнда тыныш, барлығы
бар, алаңсыз. Сізге мұнда көмек береді...
Иван Николаевич күтпеген жерде есінеп, жүзі жылып, жұмсарайын
деді.
-
Иə, иə, - деді ол баяу ғана.
Міне енді тамаша! - деп өз əдетімен əңгімені түйіндеп
Стравинский орнынан көтерілді. - Жолыққанша! - деп Иванның қолын
қысты сосын шығып бара жатып, сақалдыға бұрылып тапсырма
берді: - Иə, кислородты байқап көріңіздер... Сосын ванна...
Бірер сəттен кейін Иванның алдында Стравинский де, оның өренжараны да болған жоқ. Терезедегі тордың аржағында талма түстегі
күннің нұрына малынып басқа жағада көктемгі көңілді орман
көлеңдейді, ал берірек өзен жарқырап жатыр.
Тогызыншы тарау
КОРОВЬЕВТІҢ ҚЫЛЫҚТАРЫ
Мəскеудегі Садовая көшесінде марқұм Берлиоз тұрған №302 үйдің
тұрғынүй серіктестігінің төрағасы Никанор Иванович Босойдың
сəрсенбіден бейсенбіге қараған түннен бастап шаруасы бастан асып
кетті.
Түн ортасында үйге Жалдыбин қатысатын комиссия келіп Никанор
Ивановичті шақырып алып оған, Берлиоздың ажалы туралы
хабарлап, онымен бірге №50 пəтерге тартты.
Онда марқұмның қолжазбалары мен заттары пешатталды. Келіпкетіп жүретін үй қызметшісі Груня да, жеңілтек Степан Богданович те
ол кезде пəтерде болмады. Комиссия Никанор Ивановичке
марқұмның қолжазбасы талдап сұрыптау үшін алынатынын, ал
тұрғын алаңы, яғни үш бөлме (бұрынғы зергер бикенің кабинеті,
қонақжайы мен асханасы) тұрғын үй серіктестігінің қарауына
өткізілетінін, ал заттары алда мұрагерлері табылғанша аталған
тұрғын алаңда сақталатынын хабарлады.
Берлиоздың ажалы туралы хабар бүкіл үйге адам айтқысыз
шапшаңдықпен тарады да, ертеңгі сағат жетіден Босойға бейсенбі
күні дамылсыз телефондады да жатты, сосын марқұмның тұрғын
алаңына көз алартқандардан арыз түсе бастады. Екі сағаттың ішінде
ғана Никанор Иванович ондай өтініштердің отызын алды.
Оларда жалыну, қорқыту, өсек-аяң, шағым дегендер жыртылып
айырылады, өз есебінен жөндеу жүргізетіні жөнінде уəделер, тар
бөлмеде тұрудың қиындығы, бандиттермен бір пəтерде өмір сүрудің
мүмкін еместігі туралы жанайқайлар да жеткілікті. Сондай-лардың
арасында өзінің көркемдік күшімен қайран қалдыра-тындары да бар:
біреу бешпентінің қалтасында тұрған тұшпарасы-ның ұрланғанын
жазса, №31 пəтерден өзіне қол жұмсап өлетінін хабарлайды, ал енді
біреу жүкті екенін мойындайды.
Никанор Ивановичты пəтерінің алдыңғы бөлмесіне шақырып алып,
жеңінен ұстап əлденелерді сыбырлап, көз қысып, қарыздар боп
қалмайтынын айтып жалынады.
Бұл азап күндізгі сағат бірге дейін созылды, Никанор Иванович өз
пəтерінен қашып кетіп, қақпа аузындағы басқарма үйіне барып
тығылғанда ғана құтылды одан, ұзамай арызшылар ол кеңсені де
тори бастаған соң одан да қашты. Қырсоңынан қалмағандардан
əупірімдеп құтылып, асфальт ауласы арқылы қашып Никанор
Иванович алтыншы подъездге жасырынып, №50 пəтер орналасқан
бесінші қабатқа көтерілді.
Алаңда ентігіп əрең басып етжеңді Никанор Иванович былықпай
пəтердің қоңырауын басып еді, жауап қатқан тірі пенде болмады.
Қайта-қайта қоңырау шалып бұрқылдап, баяу балағаттап та алды ол.
Сонда да есік ашылмады. Төзімі таусылған Никанор Иванович
қалтасынан кілт дубликаттарының үй басқармасына тиесілі
байламын алып, өктем қолымен есікті ашып, ішке кірді.
- Ей, үйкүтуші! - деп айғайлады Никанор Иванович қаракөлеңке
алдыңғы бөлмеде. - Атың кім еді Груня ма? Сен де жоқсың ба?
Ешкім дыбыс берген жоқ.
Сосын Никанор Иванович кабинетінің есігіндегі мөрлі сорғышты
сыпырып тастап, портфелінен жиналмалы метрлігін алып ішке кірді.
Аттап басып ішке кіруін кіргенмен есікте аңтарылып тұрып қалды,
тіпті қалтырап та кетті.
You have read 1 text from Kazakh literature.
Next - Майталман шебер мен маргарита - 07
  • Parts
  • Майталман шебер мен маргарита - 01
    Total number of words is 4188
    Total number of unique words is 2185
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.3 of words are in the 5000 most common words
    53.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 02
    Total number of words is 4307
    Total number of unique words is 2150
    32.9 of words are in the 2000 most common words
    47.6 of words are in the 5000 most common words
    54.9 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 03
    Total number of words is 4145
    Total number of unique words is 2321
    32.0 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 04
    Total number of words is 4091
    Total number of unique words is 2369
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    52.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 05
    Total number of words is 4231
    Total number of unique words is 2275
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    47.4 of words are in the 5000 most common words
    53.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 06
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2183
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    49.6 of words are in the 5000 most common words
    55.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 07
    Total number of words is 4179
    Total number of unique words is 2056
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 08
    Total number of words is 4162
    Total number of unique words is 2288
    32.8 of words are in the 2000 most common words
    46.8 of words are in the 5000 most common words
    53.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 09
    Total number of words is 4284
    Total number of unique words is 2258
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    52.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 10
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2360
    33.1 of words are in the 2000 most common words
    48.1 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 11
    Total number of words is 4101
    Total number of unique words is 2204
    32.5 of words are in the 2000 most common words
    47.8 of words are in the 5000 most common words
    55.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 12
    Total number of words is 4159
    Total number of unique words is 2334
    32.2 of words are in the 2000 most common words
    46.9 of words are in the 5000 most common words
    53.7 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 13
    Total number of words is 4076
    Total number of unique words is 2131
    32.7 of words are in the 2000 most common words
    46.7 of words are in the 5000 most common words
    54.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 14
    Total number of words is 4303
    Total number of unique words is 2195
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    47.7 of words are in the 5000 most common words
    54.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 15
    Total number of words is 4283
    Total number of unique words is 2173
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    50.8 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 16
    Total number of words is 4122
    Total number of unique words is 2215
    33.8 of words are in the 2000 most common words
    47.2 of words are in the 5000 most common words
    54.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 17
    Total number of words is 4222
    Total number of unique words is 2274
    34.0 of words are in the 2000 most common words
    48.8 of words are in the 5000 most common words
    55.8 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 18
    Total number of words is 4328
    Total number of unique words is 2150
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    49.7 of words are in the 5000 most common words
    56.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 19
    Total number of words is 4242
    Total number of unique words is 2195
    33.9 of words are in the 2000 most common words
    48.3 of words are in the 5000 most common words
    55.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 20
    Total number of words is 4323
    Total number of unique words is 2138
    34.2 of words are in the 2000 most common words
    48.9 of words are in the 5000 most common words
    56.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 21
    Total number of words is 4279
    Total number of unique words is 2228
    35.8 of words are in the 2000 most common words
    49.9 of words are in the 5000 most common words
    57.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 22
    Total number of words is 4275
    Total number of unique words is 2177
    35.3 of words are in the 2000 most common words
    49.8 of words are in the 5000 most common words
    57.6 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 23
    Total number of words is 4051
    Total number of unique words is 2294
    33.0 of words are in the 2000 most common words
    46.5 of words are in the 5000 most common words
    53.0 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 24
    Total number of words is 4132
    Total number of unique words is 2321
    32.6 of words are in the 2000 most common words
    45.3 of words are in the 5000 most common words
    53.4 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 25
    Total number of words is 4367
    Total number of unique words is 2146
    34.9 of words are in the 2000 most common words
    51.1 of words are in the 5000 most common words
    58.2 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 26
    Total number of words is 4184
    Total number of unique words is 2326
    33.3 of words are in the 2000 most common words
    47.5 of words are in the 5000 most common words
    54.1 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.
  • Майталман шебер мен маргарита - 27
    Total number of words is 2124
    Total number of unique words is 1367
    38.1 of words are in the 2000 most common words
    52.0 of words are in the 5000 most common words
    58.3 of words are in the 8000 most common words
    Each bar represents the percentage of words per 1000 most common words.